15.12.2020 Views

12 желтоқсан сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ӘЛ-АУҚАТ 12 желтоқсан, сенбі, 2020 жыл 5

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

Бір үміт - зейнетақы жинағы – 2

Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша талаптар ережесі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа зейнетақы

жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік

беру туралы тапсырмасын орындауға мұрсат беретін

заңдық норма Мәжілісте қабылданғанын жазып едік.

Осы құжатта көрсетілгендей, зейнетақы жинақтарын

төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту

тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі бекітуге тиіс болатын. Аталмыш

ведомство 4 желтоқсан күні «Біржолғы зейнетақы

төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту

мақсаттарына пайдалану қағидаларының жобасын»

талқылауға ұсынды. Жоба бойынша көпшілік талқылауы

2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін жалғасады.

Аталмыш мәселенің жұртшылық үшін өзектілігін

ескере отырып, «Saryarqa samaly» газеті ережелердің

негізгі тұстарына тоқталып, түсіндіріп өтуді жөн

көрді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Қандай

мақсаттарға

пайдалануға

болады?

Президент айтқандай, зейнетақы

жинақтарының бір бөлігін берудің

мақсаты азаматтардың әл-ауқатын

көтеру. Осы орайда маңызды бағыт -

тұрғын үй жағдайын жақсарту.

Бұл ретте салымшылардың жинақ

көлемі олардың жасына қарай

жеткілікті мөлшерден артық болса

ғана берілетінін ескеру керек.

«Жеткіліктілік шегі» жайлы біз

газетте бұрын жазғанбыз.

Сонымен, бұл ережелер бойынша

зейнетақы жинақтарының бөлігі

баспаналы болуға жұмсалады.

Нақтыласақ, азаматтарға үлескерлік

құрылысқа қатысу, жекешелендіру,

бөліп төлеу, тұрғын үй жағдайын

жақсарту мақсатында айырбастау

арқылы баспаналы болуды

көздейді.

Сатып алу құқығымен жалдау

шарты бойынша пәтер алғандарға

берешекті ішінара/толық өтеуге

мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ жеке тұрғын үй

құрылысына және (немесе) жер

учаскесін сатып алуға (нысаналы

мақсаты – жеке тұрғын үй

құрылысы немесе жеке қосалқы

шаруашылық) рұқсат етіледі.

Зейнетақы жинақтарын бастапқы

жарна ретінде пайдалануға да

ерік беріледі. Атап айтқанда,

екінші деңгейдегі банктерден,

ипотекалық ұйымдардан тұрғын

үй сатып алуға, оның ішінде тұрғын

үй құрылысына үлестік қатысу

туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй

жағдайларын жақсарту мақсатында

сатып алу құқығымен жалдау,

жекешелендіру, бөліп төлеу, тұрғын

үйді айырбастау, жеке тұрғын үй

салу және (немесе) жер учаскесін

сатып алу (нысаналы мақсаты –

жеке тұрғын үй құрылысы немесе

жеке қосалқы шаруашылық) үшін

ипотекалық тұрғын үй қарызын

алу үшін бастапқы жарна ретінде

салуға болады.

Бір банктік қарыз шарты

шеңберінде тұрғын үй сатып алуға

және оны жөндеуге ипотекалық

тұрғын үй қарызын беруді жүзеге

асыруға жол беріледі.

Сондай-ақ, жинақты ипотекалық

тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру

мақсатында тұрғын үй

құрылысы жинақ ақшасы туралы

шарт бойынша салымды толықтыру

үшін бағыттай аласыз. Бұл жерде

ескеретін мәселе, зейнетақы

төлемінен құралған тұрғын үй

жинағын тек тұрғын үй жағдайын

жақсартуға ғана ұстай аласыз.

Бұрын алынған ипотекалық

қарызды қайта қаржыландыру

мақсатында да өзіңіздің жинағыңызды

пайдалануға болады.

Осыған дейін баспана жағдайын

жақсарту мақсатында ипотекалық

несие, аралық заем, үлескерлік

құрылыс, т.б. тұрғын үй алу шартын

жасаған болсаңыз, зейнетақы

жинағы есебінен бөлшектей және

толық өтеу қарастырылады.

Жұбайыңыздың

жинағын да ала

аласыз

Ереженің басты ерекшелігі,

баспана жағдайын жақсарту үшін

отбасы мүшелерінің зейнетақы

жинағының бөлігін пайдалана

алуда. Яғни, зейнетақы төлемдерін

алушыға оның жұбайының (зайыбының),

жақын туыстарының,

оларға тиесілі зейнетақы жинағын

тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін

беруіне рұқсат етіледі. Бұл ретте

келісілген адамдардың жинақтары

бір арнайы есепшотқа аударылады.

Ол азамат жинақтарды тек

тұрғын үй жағдайын жақсарту

мақсатында ғана (арнайы баптар

бойынша) пайдалана алады.

Құжатта жазылғандай, «егер

баспананы сатып алу құқығымен

жалдау шартымен алсаңыз, ол

бойынша берешекті ішінара/толық

өтеу Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес бірыңғай

тұрғын үй құрылысы операторымен

немесе «Samruk Kazyna

Construction» акционерлік қоғамымен

жасалған шарттар бойынша ғана

жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте,

алушылар сатып алу құқығымен

жалдау шартын ішінара төлеуге

біржолғы зейнетақы төлемдерін

пайдалана алады».

Үлескерлік

қатысуға

мүмкіндік

беріледі

Бір ерекшелік - тұрғын үй

құрылысын үлескерлік жолмен

алу. Егер зейнетақы жинағыңызды

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

осы жолға пайдаланғыңыз келсе,

оның да тәртібі қарастырылған.

Яғни, үлескерлік қатысу шартымен

рәсімделген адам пәтерді көпқабатты

тұрғын үйлерден ала алады. Бірақ

ол үйдің құрылысының қолданысқа

тапсырылу мерзіміне Қазақстан

Республикасының бірыңғай тұрғын

үй құрылысы операторы кепілдік

беруі керек.

Айта кетерлігі, зейнетақы жинағын

алушылар рұқсат етілген мөлшердегі

қаржысын шектеусіз рет, ережеде

көрсетілген мақсаттарға ала береді.

Алайда баспананы өзіңіздің

туысыңыздан, жұбайыңыздан сатып

алу үшін зейнетақы жинақтарын

пайдалануға жол берілмейді.

Бес жыл бойы

сата алмайсыз

Біржолғы зейнетақы төлемдерін

пайдалану арқылы жылжымайтын

мүлік сатып алған азамат пәтерін/

баспанасын жеке меншік құқығына

рәсімдегеннен бастап 5 жыл бойы

сата алмайды (меншік құқығын

өзгерте алмайды). Бұл ретте 2021

жылдың 1 қаңтарына дейін сатып

алынған, оның қарызы толық немесе

бөлшектей зейнетақы төлемдері

есебінен өтелген баспана аталған

міндеттен босатылады. Аталмыш

шектеу қарыз алу туралы келісім

құжатында көрініс табады.

Ескеретін жайт, тұрғын үй

жағдайын жақсарту мақсатында

біржолғы зейнетақы төлемдері

қолма-қол емес түрде пайдаланылады.

Яғни, азаматтың

өтініші бойынша тиісті шешім

қабылдағаннан кейін мақсатына

сәйкес өкілетті мекеме арқылы

аударылатын болады. Қолыңызға

тимейді.

Зейнетақы төлемдері арқылы

сатып алынған немесе салынған

жылжымайтын мүлік алушының

және (немесе) оның жұбайының

және/немесе жақын туысының

меншігіне ресімделуі мүмкін.

Өтініштер

қалай

қарастырылады?

Жоғарыда түсіндірілген ережелерге

сәйкес азаматтардың өтініштерін

қабылдау жүзеге асырылады.

Сонымен, тәртіп мынадай:

Зейнетақы төлемін алушы азамат

Электронды цифрлық қолтаңба

арқылы (ЭЦҚ) интернет ресурста

тіркеледі (авторизация), онда

өзінің «жеке кабинетін» ашады.

Соның ішінде біржолғы зейнетақы

төлемдерін алу туралы өтініш

...Егер жұбайыңыздың, жақын туысыңыздың жинағын қоса

пайдалануды ойласаңыз, олар да әрқайсысы осындай рәсімдер

,,

жасайды...

толтырады, мәтінде төлемді пайдалану

туралы ақпаратты (оның ішінде

сомасы және мақсаты айқын жазылады)

көрсетеді. Өтінішті ЭЦҚ

арқылы растайды.

Егер жұбайыңыздың, жақын

туысыңыздың жинағын қоса

пайдалануды ойласаңыз, олар

да әрқайсысы осындай рәсімдер

жасайды.

Одан әрі қарай электронды

өтініш Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы қорына (БЖЗҚ) түседі.

Өкілетті орган мен БЖЗҚ арасында

ақпарат алу өзара жүйелердің

біріктірілуі негізінде іске асады.

БЖЗҚ өтінішті 5 жұмыс күні

ішінде қарастырып, сұралған соманы

(шектілік мөлшерден аспайтын)

алушының арнайы шотына аударады.

Егер алушы жұбайының, жақын

туысының жинағын пайдаланатын

болса, тараптар «жеке кабинетте»

біржолғы зейнетақы төлемдерін

беру туралы келісім жасасады,

ол ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Алушы өкілетті операторға ішкі

тәртіптік құжаттарға сәйкес төлемді

мақсатты пайдалану жөніндегі

құжаттарды ұсынады. Шектеу

құқығындағы пәтер болса, өтем

жасауға өтініш беру үшін анықтама

ұсыну керек.

Өкілетті орган-оператор зейнетақы

төлемін алушының өтініші

мақұлданып, қаржысы арнайы

шоттан аударылған соң мақсатына

сай жұмсағанын тексеретін болады.

Бұл жерде арнайы шоттан төлемді

мақсатты орынға аудару қызметі

ақылы және ол сіздің есебіңізден

төленетіні айтылған. Жалпы

алғанда, төлемді алудың сұрауы,

жауапкершлігі бар екенін ұмытпаған

абзал. Бұл жауапкершіліктің,

міндеттемелердің барлығы Сіз

бен өкілетті орган арасында

бекітілетін шартта көрініс табады.

Барлық тексерулерден кейін

құжаттардың нақтылығына көз

жеткізген соң, өкілетті орган

3 жұмыс күні ішінде мақсатты

аударым жасайды.

Ережеде көрсетілгендей,

зейнетақы төлемін алушының

меншігінде баспананың, жер

учаскесінің болуы біржолғы

зейнетақы төлемдерін пайдалану

туралы өтінішті қабылдамауға негіз

болмайды.

Мақұлдаудан соң арнайы шотқа

түскен төлем ақша 2 айдан астам

уақыт пайдаланылмаса, қаржы

БЖЗҚ шотына кері қайтарылады.

Ережеде өкілеті оператор мен

екінші деңгейлі банктердің қарымқатынасын,

интернет-ресурстың

қалыпты жұмысын қамтамасыз

ету, өтініштерді қабылдау кезегін

қалыптастыру мақсатында орталық

атқарушы органдармен, әлеуметтік

қорғау, салааралық ведомстволармен

ынтымақтастық негіздері

қарастырылған.

Осылайша, Президент тапсырмасына орай зейнетақы

жинағының төлемдерін біржолғы пайдалану туралы

ереже жобасы талқылауға түсті. Қазірде ол арнайы

сайтта («Открытые НПА») орналастырылған, азаматтар

өз ұсыныстарын беруде. Ереженің жалпы жобасы осындай.

Талқылау қорытындысында жетілдірілген ережені

министрлік бұйрықпен бекітеді деп күтілуде. Ереже 2021

жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!