15.12.2020 Views

12 желтоқсан сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 12 желтоқсан, сенбі, 2020 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Тозығы жеткен

лифтілер жаңара ма?

- Қанат Жамалиденұлы,

жалпы, бүгінде Павлодар

қаласындағы көппәтерлі

тұрғын үйлерде қанша жеделсаты

бар?

- Бүгінде облыс орталығында

1264 көппәтерлі тұрғын үй

орналасқан. Оның ішінде

327 көппәтерлі тұрғын үй күрделі

жөндеуді, атап айтқанда инженерлік

желілерін, шатырларды, қасбеттерді,

кіреберістерді, кіру топтарын қайта

жаңартуды қажет етеді. 420 тұрғын

үйде орналасқан 1552 жолаушылар

лифтісі бар. Өкінішке қарай, бізде

жеделсатылар арасында тозығы

жеткен, ауыстыруды талап ететіні

әлі де баршылық.

- Сонда оларды жаңасына

ауыстыруға не кедергі?

- Көп жағдайда лифтілерді

жаңасына ауыстыруға тұрғындар

тарапынан қарсылықтар туындап

жатады. Себебі оны ауыстыру үлкен

жауапкершілікті әрі мол қаржыны

талап етеді. Осыған сәйкес, елімізде

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Иә, қос бүйірден нарық қысқан

уақытта басын тәуекелге тігіп,

шаруашылық құруға талпынғандар

көп болған жоқ. Қорадағы азынаулақ

малдың жем-шөбін жеткізе

алмай жатқанда ферма ашу

үш ұйықтаса, түске кірмейтін

тірлік еді. Мақсатына өз маңдай

терімен жете білген Павлодар

ауданында орналасқан «Болат»

шаруа қожалығының басшысы

Серік Сүлейменовке әлі күнге дейін

таң қалатындар көп.

- Шаруашылық құруды қолға

алған кезде қазіргідей «ҚазАгро»,

субсидия, лизинг, жалпы мемлекеттік

бағдарламалар атымен жоқ. Екінші

деңгейлі банктен несие алып,

қаладан кірпіш тасып, мал тұрағын

сала бастадым. Электр жүйесін

тарттым. Кейін Тарбағатай елді

мекенінен 3 мың бас асыл тұқымды

қазақтың қылшық жүнді құйрықты

қойын әкелдім. Осылайша, мал

санын арттырып, 3 жылдың ішінде

несие берешегінен құтылдым.

Асылтұқымды қойдың басын

12 мыңға жеткіздім. Бұл – сол уақытта

республика бойынша рекордтық

көрсеткіш. Субсидия 2008-2009

Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің

лифтілеріне қатысты шағым соңғы кезде жиі айтылып

жүр. Ресми деректерге сүйенетін болсақ, шаһардағы

жеделсатылардың 70 пайызы ескірген. Оларды жаңасына

ауыстыруға мүмкіндік бар ма? Жергілікті билік

бұл тарапта қанадй көмек бере алады? Осы және өзге

де сауалдарымызға Павлодар қаласының тұрғын үй

инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдібаев

жауап берді.

«Тұрғын үйлерді жаңғыртудың жол

картасы» бағдарламасы аясында

несиеге жаңарту жұмыстары

жүргізіліп жатыр. Мәселе осында.

Көбі артық қаржы шығындағысы

келмейді. Лифтілер сол үйде

тұратын тұрғындардың ортақ

меншігі болып саналатындықтан,

біз рұқатсыз ауыстыра алмаймыз.

Алдымен үй тұрғындары несие

төлеуге келісім беруі керек. Ал

төлемақы үйдің шаршы метріне

байланысты жүргізіледі. Сәйкесінше,

пәтер иелері ай сайын шамамен

1500-3000 теңге аралығында төлем

жасауы керек болады. Несие

7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге

бөліп төлеу әдісі арқылы жүргізіледі.

Бүгінгі күні көпқабатты 27 үйдің

тұрғындары лифтілерді жаңартуға

келісті. Құжаттарды рәсімдеу

жұмыстары жүріп жатыр.

- Биыл қанша лифті жаңартылды?

Жалпы, олардың

техникалық қызметіне кімдер

жауап береді?

- Ағымдағы жылы Назарбаев

даңғылы, 89 мекенжайы бойынша

жалпы сомасы 19 млн. теңгеге

2 лифті ауыстырылды. Тозығы жеткен

құралдарды анықтау бағытында

жұмыстар жалғасуда. Осы ретте

атап өтерлігі, жеделсатының

техникалық қызметін тексеретін

біздің шаһарда 12 кәсіпорын бар.

Егер, тұрғындар жеделсатының

техникалық қызметіне көңілдері

толмайтын болса, өз мекенжайы

бойынша қызмет ететін серіктестік

өкілдеріне хабарласып, шағымын

айта алады.

- Келер жылы қанша лифтіні

жөндеу жоспарлануда?

- Бүгінгі күні жүргізілген техникалық

тексерулердің қорытындысы

бойынша пайдалану мерзімі

өткен 61 лифті анықталды. Оларды

жаңасына ауыстыру бойынша қорытындылар

шығарылды. Лифтілерді

ауыстыруға шамамен 610 млн.

теңге көлемінде қаржы қажет. Бұл

жұмыстар келер жылдың еншісіне

қалып отыр.

- Жалпы бір құралды

қалыпқа келтіру үшін қанша

қаржы керек?

- Жеделсаты қызметін әзірлеуді,

мемлекеттік сараптамадан өту

және бөлшектеу мен монтаждау

жұмыстарын жүргізуді ескерсек,

1 лифтіні орнатуға қазір 10 млн.

теңгеге дейін қаражат қажет.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

Ащы тердің жемісі

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыл шаруашылығы саласы қиын-қыстау

кезеңді бастан кешіргенімен, қазір агроөнеркәсіп кешені ел дамуының басты

бағыттарының біріне айналып үлгерді. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде

шаруалар еңсесін тіктеп, жыл сайын өнім көлемі артып келеді.

Оралхан ҚОЖАНОВ

жылдардан бастап беріле бастады

ғой. Мемлекеттік бағдарламалар да

іске қосылды. Сөйтіп, мемлекеттің

зор қолдауын сезініп, Канададан

герефорд тұқымды ірі қара әкелдім.

Содан бері ет бағытындағы мал

шаруашылығын дамытуды мықтап

қолға алдым. Қазір герефорд және

қазақтың ақбас сиырын қосқанда,

иелігімде 1200-ден аса ірі қара

бар. Техника паркі жаңа. Малдың

жем-азығы жеткілікті. Қиын кезең

келмеске кеткендей. Әрине, игіліктің

барлығы Тәуелсіздіктің жемісі деп

Сурет газет мұрағатынан алынды.

білемін. Еліміз жасай берсін! -

дейді С.Сүлейменов.

Бүгінде «Болат» шаруа қожалығында

12 отбасы тұрақты еңбек

етіп, нәпақасын айырып отыр.

С.Сүлейменов қайырымдылық

шараларынан қалыс қалмайтынын

да атап өткен жөн. Себебі, қиынқыстау

кезеңді бастан өткізгендіктен,

«тығырыққа тірелгендердің» жағдайын

жақсы түсінеді. Бейнетінің зейнетін

көріп отырған іскер басшының

облыстағы үздік шаруалардың

қатарынан табылуы - заңдылық.

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ

90-шы жылдардың

басында дүниеге

келген ер балалардың

есімдері арасында ең көп

қойылғаны – Нұрсұлтан.

Ол түсінікті де. 1991 жылы

ҚР Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуелсіз Қазақстанның

тізгінін қолға алды.

Ырымшыл қазақ халқы

өз ұландарының

Елбасындай ірі тұлға

болсын деген ниетпен

есімін қоя бастады.

Мамандығым -

мақтанышым!

Нұрсұлтан есімін арқалап жүргендердің бірі болашағын құқық

қорғау саласымен байланыстырып, облысымыздың тыныштығын

күзетуде. Нұрсұлтан Ахметжанов 1991 жылы Ертіс ауданы, Ынтымақ

ауылында дүниеге келген. Елді мекендегі мектепті тәмамдаған соң,

облыс орталығындағы қазіргі Павлодар мемлекеттік пдагогикалық

университетінің мәдениет және спорт факультетіне оқуға түседі.

Жоғары оқу орнын аяқтап, мектепте алғашқы әскери дайындық

пәнінен сабақ берді. Бұл ретте оқушыларға әскери-патриоттық

тәрбие беріп, төтенше жағдайларда қорғану жолдарын үйретті.

2015 жылы бала күнгі арманы орындалды. Нұрсұлтан құқық қорғау

саласына қызметке орналасады.

- Есімімді ата-анам мен әжем ақылдасып қойыпты. ҚР Тұңғыш

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлындай елі үшін аянбай еңбек еткен

азамат болсын деп ырымдады. Елбасымен аттас болу - мақтаныш

әрі жауапкершілік. Оған лайық болу үшін мектепте озат оқушы

болдым. Жоғары білім алып, мамандық меңгердім. Қазір қоғамның

қауіпсіздігі үшін жауап беремін. Отан сақшысымын.

Нұрсұлтан Ахметжанов - облыстық полиция департаменті патрульдік

полиция ротасының қызметтік инспекторы. Республикалық маңыздағы

жолдағы тәртіпті қадағалайды. Осы салада еңбек етіп жатқанына -

5 жыл. Қызметіне де жауапкершілікпен қарайтын Нұрсұлтанға жолаушылар

тарапынан түскен алғыс көп. Ол жұмыс барысында талай

мәрте жолда қалып қойған жолаушыларды қауіпсіз орынға жеткізіп,

жолда сынып қалған көліктердің жүргізушілеріне де жәрдемдескен.

- Қызметтік формамыз жауапты қызметті атқарып жүргенімізді

көрсетсе де, адамдарға қол ұшын созуды да міндетім деп білемін.

Әсіресе, жолда қалып қойған көліктер мен жолаушыларға көмек

көрсетуді де қызметтік парызым деп санаймын. Қазір әлемді жайлаған

пандемия кезінде де біз арқалаған жүк зор. Республикалық маңыздағы

жолдарда қатынайтын көліктерді тексереміз. Елімізде қиындық

туындаған шақта қызметім арқылы коронавирусты жеңуге көмек

көрсетіп жатқанымды мақтан етемін, - дейді Нұрсұлтан Ахметжанов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

НАРЫҚ

Қаржыны

қайтарады

Павлодар қаласының тұрғындарын жылумен және

сумен қамтамасыз ететін монополист компаниялардың

«басы бәлеге қалды». Олар тегін көрсетілуі

тиіс қызметтердің орнына абоненттерден ақы алып,

тарифтерді негізсіз өсірген. Енді заңсыз жолмен

тапқан миллиондаған қаржыны қалалықтарға

қайтаруы қажет.

«Павлодар-Водоканал» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

ақпасуды сараптау қызметін 20 мың

теңгеге бағалаған екен. Нысанды

тексеретін комиссияның жұмысы

үшін де дәл осы соманы сұраған.

Ал шын мәнінде бұл қызметтер

монополистің міндеті болып саналады.

Сәйкесінше, тұрғындарға тегін

көрсетілуі тиіс. Облыстық табиғи

монополияларды реттеу департаменті

павлодарлықтардың шағымынан

соң компанияның әрекеті

заңсыз екенін анықтап, монополист

тұрғындарға 30 млн. теңгені қайтаруы

қажет деген шешім шығарды. Сумен

қамтушы кәсіпорын осы уақытқа

дейін абоненттердің есепшоттарына

6 млн. теңге аударды.

Жылу беретін компанияға да

қаражатты қайтаруға тура келді.

Белгілі болғандай, монополист ай

сайынғы төлемдерді есептеу кезінде

тиісті құралдардың көрсеткіштерін

ескермей, тұрғындардан

коммуналдық төлемді анағұрлым

артық алған. Облыстық табиғи монополияларды

реттеу департаменті

бұл әрекетті әшкерелеген соң

жылумен қамтушы компания

абоненттерге 28,6 млн. теңгені

беруге міндеттелді. Нәтижесінде

бұған дейін ай сайынғы төлемді

артық төлегендер бірнеше айға

коммуналдық төлемнен босатылды.

Жалпы, өткен жылы облыстағы

монополист компаниялар негізсіз

тапқан табыстың 6,5 млн. теңгесін

абоненттердің шоттарына аударып,

қалған бөлігін тарифтерді төмендетуге

бағыттауы тиіс. Мәселен,

«ПавлодарЭнерго» АҚ-ның 972 млн.

теңге, «ПЭТК» АҚ-ның 1,6 млрд.

теңге көлемінде қосымша табысы

тарифтерді қарастыруда ескеріледі.

Облыстық табиғи монополияларды

реттеу департаменті

анықтаған заңбұзушылықтың нәтижесінде

монополистер 48 млн.

теңге айыппұл төлеп, бір жыл

ішінде 39 әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ, тұрғындардың жалпы

сомасы 4 млрд. теңгеге жуық

мәселелері қорғалды.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!