18.12.2020 Views

17 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Ауылдық жерді

таңдайтындар көп

Биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша еліміздің оңтүстік

және батыс облыстарынан өңірімізге 1 мыңнан астам

адам қоныс аударып келіп, тиісті өтемақыларын алды.

Жұмыс күші толық аймақтардан біздің өңірге қандай

мамандық иелері көп келіп жатыр? Осы және өзге де

сауалдарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Альмира Дюсуповаға жолдаған едік.

- Альмира Аманқызы, биылғы

карантиндік шектеулер

көп жоспардың жүзеге асуына

қолбайлау болғаны анық.

Дей тұрғанмен, оңтүстіктен

көшіп келіп жатқандарды

қабылдау жұмысы тоқыраған

жоқ. Өңірге қанша отбасы

көшіп келді?

- Биыл біздің облысқа

459 отбасыға, яғни 1837 адамды

қабылдап алуға квота бөлінген.

Бүгінгі күнге дейін өңірімізге

1283 адам (281 отбасы) көшіп

келіп, мемлекет белгілеген

көмектерін алды. Оның 689-ы

еңбекке қабілетті болса, 538-і -

балалар мен жасөспірімдер.

Сонымен қатар, көшіп келгендер

ішінде зейнет жасына жеткен

18 адам бар. Келген адамдарды

бірден жұмысқа орналастыруға

әрекет жасаймыз. Соның нәтижесінде

538 адам жұмыспен қамтылса,

тұрақты жұмысқа кіргендер саны –

524. Яғни, қоныс аударған ағайындардың

77,7 пайызы жұмыс істеп

жүр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты –

өңірге аса қажетті мамандарды

тарту. Бізге қажетті кадрлардың бірі –

педагогтар. Соған сәйкес білім

саласы бойынша 82, денсаулық

сақтау саласы бойынша 33, ауыл

шаруашылығы саласы бойынша

50 адам, қоғамдық тамақтану

Баянауыл ауданының әкімі

Қанат Кәрімов онлайн брифинг

барысында атап өткендей, осы

жылы 12 жобаны іске асыру үшін

мемлекеттік қазынадан 3 млрд.

теңге қаржы қарастырылды.

Соның нәтижесінде елді мекендерде

15 желтоқсанға дейін

орталық су құбыры іске қосылып,

1594 үй таза ауызсуды пайдаланатын

болады. Ал Торайғыр

ауылындағы су желісін жобалау

кезінде қателіктер кетіп, ауылдың

ерекшелігі ескерілмегендіктен,

жұмыстар келесі жылы аяқталмақ.

Баянауыл ауылындағы орталық су

құбырына қосылмай қалған 168 үйге

қатысты жаңа жоба жасалып, жыл

соңына дейін мемлекеттік конкурс

жарияланып, желілерді жүргізу

тек 2021 жылы басталады.

Биыл көпшілік назарын аудартқан

аудандағы тағы бір мәселе –

Майқайың кентіндегі жылу желілерін

жөндеу. Бастапқыда жұмыстар

кестеден кешігіп, кедергілер

болғанмен, 25 қыркүйекте барлық

әлеуметтік нысандарға, 1 қазанда

тұрғын үйлерге жылу берілген

көрінеді. Аудан басшысының

айтуына қарағанда, қазір жылуға

қызметін жүргізетін 39, техникалық

мамандықтарды меңгерген 81 адам

келді.

- Біздің өңірге келуге негізінен

қай облыстың тұрғындары

ынталы?

- Қоныс аударушылардың

көбі Алматы облысынан болды.

Ол жақтан 500-дей адам келді.

Сонымен қатар, Түркістан және

Жамбыл облысының тұрғындары

да көп қызығушылық білдіреді.

Көбі негізінен ауылдық жерлерге

барып, жұмыс істеуге құлықты. Тіпті,

алыс-жақындығына да қарамайтын

азаматтар бар. Мысалы, 26 адам

Ертіс ауданының Северное ауылына

қоныстанды. Сонымен қатар,

Май ауданының Баскөл ауылына

25 және Тереңкөл ауданының

Жаңабет ауылына 23 адам барып

орналасты. Ал 37 отбасы облыстың

ең үздік тірек ауылдарын таңдады.

- Мемлекеттік бағдарлама

аясында өзге өңірлерден көшіп

келген азаматтарға нақты

қандай жәрдем беріледі?

- Келген ағайындардың бір де

біреуі мемлекеттік ынталандыру

төлемдерінен тыс қалмайды. Яғни,

тұрғылықты жерге орналасқан

соң барлығы рәсімделеді. Атап

айтқанда олардың отбасылық

жағдайына қарамастан жанұяның

әрбір мүшесіне 35 АЕК көлемінде

бір реттік көмек беріледі. Егер

бірден үй алуға жағдайы келмесе

мемлекет бір жылға дейін үй жалдап

бере алады. Оның шарты мынадай:

қалалық жерге қоныстанғандарға

отбасының бір мүшесі үшін

20 АЕК мөлшерінде жалдау ақысы

төленеді. Ал бір шаңырақта 2-4 аралығында

адам болса 25 АЕК көмек

берілсе, мүше саны бес адамнан көп

отбасыға 30 АЕК көлемінде төленеді.

Егер ауылдық жерді таңдасаңыз,

үй жалдауға бір адам үшін

15 АЕК көлемінде көмек аласыз. Сол

секілді жанұя мүшесі 2-ден жоғары

болса – 18 АЕК, 5-тен жоғары болса

21 АЕК көлемінде қосымша тағы

төленеді. Бүгінгі жағдай бойынша

көшіп келген 281 отбасының 71-і

өздеріне баспана сатып алды. Ал

басқалары мемлекеттің көмегімен

уақытша жалдап тұрып жатыр. Айта

кету керек, біздің мамандар биыл

Нұр-Сұлтан қаласына және Түркістан

мен Алматы облыстарына барып,

тұрғындарға осы жобаны түсіндірді.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелеcкен –

Тілеуберді САХАБА.

ӨҢІР

Келесі жылға шегерілді

Биыл Баянауыл ауданының тұрғындарын таза

ауызсумен қамту мәселесінде бірқатар қиындық

туындады. Әу баста жобаның дұрыс жасалмауы

салдарынан кейбір ауылдарды орталықтандырылған

су жүйесіне қосу ісі келесі жылға қалып отыр.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

қатысты жағдай тұрақты. Алайда,

бас мердігер компания жөндеу

жұмыстары кезінде еңбек еткен

адамдардың жалақысын әлі күнге

дейін төлемей келеді.

- «Ишим Строй Инвест» компаниясы

мен жұмысшылар арасында

еңбек келісімшарты жасалмаған.

Сондықтан қос тарап арасында

қиындықтар туындап отыр. Біз

қызметкерлерге қолдан келген

көмекті көрсететінімізді айтып,

сотқа жүгінуге кеңес бердік, -

дейді Қ.Кәрімов.

Баянауыл басшылығы «Мырзашоқы»

тау-шаңғы базасын сенімді

басқаруға алған «Қаражар-Мырзашоқы»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігіне де кеңес берумен

шектеліпті. Аталмыш базада әзірше

су жоқ. Бұл демалыс орнының

дамуына кері әсерін тигізетіні белгілі.

- Сол себепті Қаражар ауылында

салынып жатқан орталықтандырылған

су желісінен 1,7 шақырым

су құбырын тарту қажеттігін айттық.

Ол үшін «Бизнестің жол картасы-

2025» бағдарламасына қатысып,

мемлекеттің қаржылай қолдауы

арқылы сумен қамту мәселесін

шешуді ұсындық. Бірақ базаны

сенімді басқаруға алған бизнес

өкілдері әзірше бұл тетікті қолданбай

отыр, - дейді аудан әкімі.

Жергілікті биліктің «Мырзашоқыны»

дамытуға қосар

жалғыз үлесі – туристерді аудан

орталығынан тау-шаңғы орнына

дейін жеткізетін автобус қызметін

ұйымдастыру. Туристер демекші,

биыл пандемияға байланысты

Баянауыл баурайында тынығатын

мол мүмкіндік болған жоқ.

Карантин шектеулеріне байланысты

14 тамыздан 25 қыркүйекке

дейін ғана жалғасқан туристік

маусым кезінде Жасыбай көлінің

жағасындағы 29 демалыс үйінде

5500-ден астам адам демалды.

Сонымен қатар, Қанат Сәрсенұлы

ауданда атқарылған басқа да

жұмыстарды қорытындылады.

Айталық, «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы бойынша

жалпы сомасы 788 млн. теңгені

құрайтын 15 жоба жүзеге асты.

Атап айтқанда, төрт мектеп мен

екі мәдениет үйі, Қоңыр әулие

үңгірі, Сұлтанмахмұт Торайғыров

кесенесі мен Сабындыкөл көліне

апаратын жолдар жөнделді. «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы арқылы

Майқайың кентінде жол, жарық және

орталық алаңды жаңартуға қатысты

жұмыстар жүргізілді. «Нұрлы жол»

бағдарламасы Торайғыр ауылына

кіреберіс жолды қалпына келтіруге

мүмкіндік берді.

Айта кетелік, көктем мен

жазда Баянауыл ауданында

43 адам коронавирустық инфекцияны

жұқтырып, барлығы емделіп

шықты. Қуантарлығы, күз келгелі

ауданда қауіпті індетке шалдыққан

тұрғын жоқ.

109 ҚЫЗМЕТІ

Мобильді

қосымша іске

қосылды

109 бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын

ресми түрде осы жылдың наурыз айында бастаған

болатын. О баста Павлодар қаласында тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша

қоңыраулар қабылдаған. Кейін пандемияға

байланысты елімізде төтенше жағдай режимі

жарияланған кезден барлық консультациялық

бағытта ақпарат беруге көшті.

Орталық директоры Абзал

Қабдраштың айтуынша, бірыңғай

диспетчерлік қызметке облыстың

үш қаласы - Павлодар, Екібастұз,

Ақсу шаһарларымен қоса

аудандар мен ауылдар да

қосылған. Тәулік бойы қызмет

ететін мекемеде арнайы оқудан

өткен 40 маман жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта операторлар

өмір сүру сапасын арттыруға,

тұрмыс-тіршілікті жақсартумен

қатар, өзге де салаларға қатысты

сұрақтарға жауап беруде. Айтуынша,

қатаңдатылған карантин

режимі тұрғындарды алаңдатып

отыр. Бүгінде облыс аумағында

блок-бекеттердің қайта қойылуына

байланысты тұрғындар тарапынан

109 нөміріне елді мекендер

арасында жүріп-тұруға байланысты

сауалға ресми қаулыға

сәйкес айтты.

- Біз Павлодар облысының

бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің соңғы қаулысына

сүйенеміз. 6 қарашадағы №13

қаулыда көрсетілгендей, блокбекеттерден

денсаулығына байланысты

емделуге бара жатқан

азаматтар, жұмыс орнына немесе

тұрғылықты жеріне бара жатқан

адамдар тиісті құжаттары,

анықтамалары болған жағдайда

Олардың қатарында 632 заңды

тұлға, 3555 шаруа мен фермерлік

қожалықтары, 2396 жеке кәсіпкер

бар. Ал үй шаруашылықтарының

жалпы саны – 66 435.

2020 жылғы 1 қарашадағы

жағдай бойынша 6108 өндіруші

ғана тұрақты жұмыс істеп

келеді. Яғни, 549 заңды тұлға,

2149 жеке кәсіпкер, 3410 шаруа

немесе фермерлік қожалық ауыл

шаруашылығы өнімдерін шығарады.

Гауһар МҰСА

кедергісіз өтуіне рұқсат. Ал,

рұқсат алу үшін pvlinfo.kz сайты

арқылы тіркелу шарт - дейді

Абзал Қабдраш.

Төтенше жағдай режимі

кезінде байланыс орталығы

тәулігіне 4000-ға жуық қоңырау

қабылдаған. Бүгінде бұл жүктеме

азайған. Мамандардың айтуынша,

күніне 2000-нан аса қоңырау

келіп түседі. Қазан айында

8000 тұрғынның сауалына жауап

берсе, осы айда бұл норманы

12 күннің ішінде орындаған. Бұл

дегеніміз келіп түсетін хабарлама

санының 2,5 есеге артқанын

көрсетеді. CаlI-орталықтың

109 нөмірінен бөлек телеграм-бот

каналы арқылы да ақпарат алуға

мүмкіндік жасалған. WhatsАрp

мессенджеріндегі 8747 7 901

109 нөміріне өз сауалыңызды

жолдай аласыз. Рavlodar komek

порталы бойынша да өтініш беруге

болады. Бұған қоса «Павлодар

109» мобильді қосымшасы іске

қосылған.

Айтып өтейік, бірыңғай

байланыс орталығына стационарлық,

ұялы телефондармен

кез келген байланыс операторы

арқылы тегін хабарласуға

болады.

СТАТИСТИКА

Ең көбі – Баянауылда

Агроөнеркәсіптік кешен – өңір экономикасының

негізгі бағыттарының бірі. Облыстық статистика

департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, облыста

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 6583

кәсіпкерлік нысаны тіркелген.

Бұл ретте ең көп шаруа және

фермерлік қожалықтар Баянауыл

ауданында тіркелген. Аталмыш

ауданда 528 шаруашылық

бар, ол - облыстағы барлық

шаруашылықтың 14,9 пайызы.

Ал Павлодар қаласына қарасты

ауылдық аймақтарда орналасқан

82 бизнес нысаны облыстағы

шаруашылықтардың 2,3 пайызын

құрап отыр.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!