18.12.2020 Views

17 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

17 қараша, сейсенбі

2020 жыл

№130 (15600)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Мектептер «бұлтты»

жүйеге көшеді

БІЛІМ

Нақпа-нақ

Жыл басынан

елімізде

10,7 млн.

шаршы метр

баспана

пайдалануға

берілді

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

Бұл –

ауқымды

реформа

Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

төрағалығымен қазақ тілі

әліпбиін латын графикасына

көшіру мәселесі

бойынша кеңес өтті, деп

хабарлады Президенттің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

Сурет ғаламтордан алынды.

Осыған дейін елімізде жариялылықты талап ететін күрделі салалардың

қатарына білім саласы да жатқызылып келген еді. Ендігі жерде

осы олқылықтың орны толтырылмақ. Яғни, барлық мектептерде

«Бұлтты бухгалтерия» жүйесін енгізе бастайды. Айта кетерлігі,

аталмыш жүйе Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысындағы

білім беру ұйымдарында пилоттық жоба ретінде апробациядан өтті.

Бір жәдігер:

МАЙДАНДА ЖАЗЫЛҒАН ПОЭМА

Жалғасы 5-бетте

Бала Диханның түз тағысы қасқыр мен адамзаттың арысы, тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған

Сәкен Сейфуллинді алғаш көруі осы еді. Кейін Сәкеннен тәлім-тәрбие алды, Мағжан Жұмабаевты

өнерде де, өмірде де ұстаз тұтты.

Толығырақ 8-бетте

Жиында Мәдениет және спорт

министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және

ғылым министрі Асхат Аймағамбетов,

лингвист-ғалымдар мен сарапшылардың

қазақ тілі әліпбиін латын графикасына

көшіру жұмыстарының нәтижесі

бойынша баяндама жасады.

Ақтоты Райымқұлова ғылыми тұрғыдан

зерделенген әліпби жобасын ұсынды.

Жетілдірілген әліпби халқымыздың жазу

дәстүрінде орныққан «бір дыбыс –

бір әріп» принципіне толық сәйкес

келеді, диграфтар, яғни бір дыбысты

екі немесе одан көп таңбамен белгілеу

принципі қолданылмайды. Бұл әліпби

жобасында қазақ тілінің 28 дыбысы

толық қамтылған.

Білім және ғылым министрі Асхат

Аймағамбетов жаңа әліпбидің мектептер

мен білім беру ұйымдарына жүйелі

түрде енгізудің алдын ала дайындық

кезеңдері, ұстаздарды, оқулықтарды

даярлау мен әдістемелік құралдарды

жаңарту мәселесі бойынша ақпарат

берді. Оның айтуынша, барлық шаралар

кешенді түрде кезең-кезеңімен, алдын

ала толық дайындық жүргізілгеннен

кейін ұйымдастырылатын болады.

Мемлекет басшысы кеңесте қаралған

мәселелер бойынша бірқатар тапсырма

берді. Атап айтқанда, әліпби жобасы

ғалымдармен бірге толық зерделеніп,

Үкімет жанындағы Қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі

Ұлттық комиссияның кезекті отырысының

қарауына енгізуді тапсырды.

Аталған комиссия отырысының

қорытындысы шыққаннан кейін Үкімет

жетілдірілген әліпбиді бекіту туралы

Жарлық жобасын Президент әкімшілігіне

енгізуі тиіс.

Жалғасы 2-бетте


2 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Бұл – ауқымды

реформа

Мердігерлер

неге сылбыр?

– Жаңа әліпби бастамасы – күрделі әрі шетін

мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы

енгізу бір күнде я болмаса, тіпті бір жылда іске

аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе асығыстық

бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға

зиян келтіруі мүмкін.

Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда

емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы

деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек.

Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге

асуы керек. Негізінде бұл графика жас ұрпаққа

арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең

алдымен, солар көруі керек. Сондықтан бұл үрдіс

жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет, –

деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт,

Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму

министрліктеріне ғалымдарды, сарапшылар мен

зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, жаңа әліпбиді

халыққа жан-жақты түсіндіруге бағытталған кешенді

ақпараттық жұмыс жүргізу туралы тапсырма

берді.

«Egemen Qazaqstan».

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

Құрмет

көрсетілді

Ауыл шаруашылығы

қызметкерлерінің

күніне орай Павлодар

облысының әкімдігінде

онлайн режимде салтанатты

кездесу өтті. Шарада

кәсіби мерекеге орай жыл

сайын ұйымдастырылатын

байқаудың жеңімпаздары

аталды.

«Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі

үшін» номинациясында 1-орынды Павлодар

ауданы, 2 және 3-орындарды Тереңкөл және

Ертіс аудандары иеленді. Сондай-ақ Павлодар

облысында астық өндіру, суару, сүтті және етті

мал шаруашылығы, қой және жылқы шаруашылығы,

өңдеу кәсіпорындары бойынша үздік шаруашылықтар

анықталды. «Үздік сауыншы», «Үздік қой өсіруші»,

«Үздік табыншы», «Үздік механизатор», «Үздік

бұзау күтуші», «Үздік мал өсіруші», «Үздік құс

өсіруші», «Үздік зоотехник», «Үздік агроном»

және «Үздік комбайнер» номинацияларын жеңіп

алған агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері де

аталып өтті.

- Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері өздерінің

кәсіби мерекелерін өте лайықты көрсеткіштермен

қарсы алып отыр. Аграршылардың қажырлы

еңбегінің арқасында дәнді дақылдан 827 мың

тоннадан астам сапалы өнім алдық. 600 мың

тоннаға жуық картоп пен 230 мың тонна көкөніс

жиналды. 66 мың тонна ет және ет өнімдері,

327 мың тонна сүт өндірілді.

Ауыл шаруашылығы - экономиканың қарқынды

дамып келе жатқан секторларының бірі. АӨК-дегі

жалпы өнімнің көлемі 10 айда 5,5%-ға ұлғайып,

247 млрд. теңгені құрады. Біз ауылдағы әлеуметтік

сала мәселелерін кешенді шешу үшін сіздермен

бірге жұмыс істейміз. Мемлекеттің қолдауымен

және бизнестің қатысуымен аграрлық сектор мығым

және тиімдірек, ал ауылдағы өмір ыңғайлы әрі

тартымды болмақ, - деді облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов онлайн-кездесуге қатысушыларға арнаған

сөзінде.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне

ведомстволық және облыстық марапаттар табыс

етілді. Шаруа қожалықтарының басшылары, механизаторлар,

сауыншылар мен мал дәрігерлері,

барлығы 37 адам медальдарға, төсбелгілерге,

Құрмет грамоталарына және Алғыс хаттарға

ие болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»

бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарын

ұзаққа созған мердігерлер

жауапкершілікке тартылады. Қазынадан

бөлінген қыруар ақшаға қызығып,

артынша қолға алған ісін ақсатып

алатын құрылыс фирмалары соңғы

уақытта жиілеп кеткен. Мұндайлар

алдағы уақытта мемлекеттік сатып

алу конкурстарына қатыспауы тиіс.

Сенбі күні облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов аталған бағдарлама аясында

Павлодар қаласында іске асып жатқан

жобалармен танысты.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан

облыстық көркемсурет музейін құрылысшылар

қазан айының соңында

тапсыруы керек болатын. Алайда,

мердігерлер жабдықты жеткізу қиындығы

сияқты проблемаларға сілтеп,

жұмысты дер кезінде аяқтай алмай

отыр. Компания екі рет сотқа берілді.

- Бұл үшін мердігерлерді жауапкершілікке

тарту қажет. Мемлекеттің

ақшасын ысырап етіп жатырсыздар.

Егер құрылысқа жауапты мердігер

өз күшіне сенбесе, олар мемлекеттік

сатып алуға қатыспауы тиіс, - деді

Әбілқайыр Сқақов.

№2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған

балалар мен жасөспірімдер

мектебінде де жөндеу жүріп жатыр. Мұнда

құрылысшылар жұмысты аяқтауға жақын

қалған. Мектеп аумағында стритбол

және гандбол алаңдары бар.

Облыс әкімі көшелердегі спорт

алаңдары кез келген адам үшін ашық

болуын талап етті.

- Мектеп директорлары мұндай

алаңдарды жауып қояды. Егер жаттығуға

жағдай бар орындар құлыптаулы тұрса,

14 қарашадан бастап

өңірдегі блок-бекеттердегі

мамандар

қағаз анықтамаларды

қабылдауды тоқтатты.

Полицейлер азаматтардың

мәліметтерін рvlinfo.kz

порталындағы деректерге

сүйеніп тексереді.

COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі

облыстық жедел штабтың кезекті отырысында

облыс әкімінің орынбасары Сәкен

Шаяхметов тұрғындар блок-бекеттерден

өту үшін міндетті түрде рvlinfo.kz порта-

Әбілқайыр Сқақов Павлодарда «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» аясында жөнделіп жатқан нысандарды аралады.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

бұқаралық спортты қалай дамытпақпыз?

Біз оқу орындарының жанынан заманауи

алаңдарды тұрғындар үшін қолжетімді

болады деген шартпен ғана саламыз.

Спорт және білім беру басқармалары

бұл мәселені шешуі керек, - деді ол.

«Шахмат үйінде» әрлеу жұмыстарының

90%-ы аяқталды. «Жұмыспен қамтудың

жол картасы» бойынша балалар мен

жасөспірімдер спорт мектебінде шахматшыларды

жаттықтыруға бейімделген

астыңғы қабаттағы үй-жайлар да жөнделіп

жатыр. Аймақ басшысы абаттандыру

жұмыстарын жеделдетуді және олардың

сапасын міндетті түрде қадағалауды

тапсырды.

«Батыр» дзюдо мектебінде де

жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Құрылысшыларға қасбетті және бас

спорт залын әрлеу жұмыстарын аяқтау

КАРАНТИН РЕЖИМІ: ТӘРТІП

Электронды

анықтамаға көшті

лында тіркеуден өту керектігін еске

салды. Полиция қызметкерлері мұндағы

деректерді планшет арқылы алатын

болады. Яғни, өткен аптада қолданылған

қағаз түріндегі рұқсатқағаздар күшін

жойды.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов

қағаз анықтамаларды алып тастағаннан

кейінгі алғашқы күндері барлық бекеттердің

жұмысын мұқият бақылау қажеттігін әрі

қалған. Нысанды желтоқсан айында

тапсыру жоспарланған.

Әбілқайыр Сқақов спорт мектебін

қайта құрудан кейін дзюдоның бұрынғы

дәстүрі қайта жанданатынына сенім

білдірді.

- Павлодар әрдайым өзінің дзюдошыларымен

танымал болған еді. Соңғы

рет павлодарлықтар тек 2000-шы

жылдардың басында ғана дзюдодан

Қазақстан чемпионы атанған екен. Содан

бері өңірдің дзюдо мектебі дамымай

қалды. Осы мәселеге назар аударып,

республикалық және халықаралық жарыстарда

жоғары нәтижелерге қол жеткізуге

тырысу керек, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Күрделі жөндеу Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма театрында да

жүріп жатыр. Құрылысшылар қараша

айының соңына дейін қасбет пен ішкі

жұмыстарды аяқтауға уәде беріп отыр.

Театрға жаңа креслолар мен кілем

әкелінді. Көрермендер залы да желтоқсан

айына дейін ретке келтірілмек.

Ал Жаяу Мұса көшесіндегі №57

балабақша ашылуға дайындалып жатыр.

Мектепке дейінгі мекемеде құрылыс

жұмыстары аяқталып, жабдықтар мен

жиһаздар әкелінді. Әзірге асхана блогын

іске қосу үшін лицензия алу мәселесі

шешіліп жатыр.

Аймақ басшысы Мәшһүр Жүсіп атындағы

мешіт ауласын көріктендіру

жұмыстарымен де танысты. Құрылысшыларға

350 шаршы метр төсем төсеу,

сәндік элементтерді қойып, орнатылған

шатырлардың төбесін жабу қалған.

Аумақтың орталық бөлігінде бой көтерген

субұрқақ келесі жылы іске қосылады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

еш жерде, әсіресе қарбалас уақытта

кептеліс болмауы тиіс екенін айтты.

- Соңғы уақытта мониторингтік

топтардың жұмысында жүйелілік болған

жоқ. Сондықтан жергілікті жерлердегі

басшылар олардың жұмысын бақылауды

күшейтуі керек, - деп тапсырды

Ә.Сқақов.

Өз тілшіміз.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл 3

КАРАНТИН РЕЖИМІ: ТӘРТІП

Өңірде карантиндік

шектеулерге

құлақ аспай, түнгі

уақытта жұмысын

жалғастырған көңіл

көтеру орындары

анықталды. Мәселен,

облыс орталығында

караоке-бардың

клиенттері түнде

есікті ішінен тарс

бекітіп алып, тәртіп

сақшыларын сыртта

5 сағат бойы күтуге

мәжбүрлеген.

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі

хабарлағандай, демалыс күні

102 қызметіне сағат 22.30-да

қаладағы Астана көшесі, 16/2

бойынша караоке-бардың жұмыс

істеп тұрғаны туралы ақпарат келіп

түсті. Мекеме ішіндегілер құлыптап

жауып алып, тәртіп сақшыларына

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

онлайн брифингте облыстық білім

беру басқармасы басшысының

орынбасары Жомарт Қарамбаев

хабарлады. Оның айтуынша,

оқушылар саны 180-нен аспайтын

211 шағын жинақы мектеп бірінші

тоқсандағыдай дәстүрлі режимде

жұмыс істеуде. Ал 145 мектеп

қашықтан білім беруде. Мұндай

білім мекемелерінде 68 мыңнан

астам оқушы бар. Ата-аналардың

#BIZBIRGEMIZ

«Возрождение» қоғамының

әлеуметтік жұмыс бойынша

үйлестірушісі Марина Ангальд хабарлағандай,

бірлестіктің мүшелері

ардагерлер мен қарт адамдарға

азық-түлік пакеттерін таратып берді.

Қазіргі кезде аса қажет азық-түлік

пакеттері Павлодар және Ақсу

қалалары, Тереңкөл, Шарбақты

және Успен аудандарында тұратын

ардагерлер мен зейнеткерлерге

берілді.

- Пандемия кезінде бәріміз де

мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп,

Барда 5 сағат

жасырынған

есікті ашпай қойған. «Бардың

жанында полицейлер келушілердің

шығуын 5 сағат күтуге мәжбүр

болды. Ал мекеме әкімшілігі таңғы

3.30-да ғана есікті ашты. Жеке

тұлғаларды тексеру және анықтау

үшін полиция бөліміне 28 келуші

мен 7 бар қызметкері жеткізілді», -

делінген полиция департаментінің

хабарламасында. Қазірде мекеме

иесі карантин талаптарын бұзғаны

үшін жауапкершілікке тартылуда.

Жалпы, осы демалыс күндері

облыста карантиндік шектеулерге

қатысты 8 заң бұзушылық

анықталыпты. Мәселен, түнгі

уақытта Павлодардағы Малайсары

батыр көшесінде лаунджбарлардың

бірі жұмыс істеген.

Келушілер қорқор шегіп, 30-дан

астам адамның қатысуымен би

Рұқсат бермеді

Бұған дейін 5-сынып оқушылары екінші тоқсанды

кезекші сыныптарда бастайды деп хабарлаған едік.

Алайда, аймақтағы эпидемологиялық жағдайдың

күрделенуіне байланысты облыстың бас санитар

дәрігері бұған рұқсат бермеді. Ал 7 арнайы мектепинтернаты

осы тоқсанды штаттық режимде

бастады.

келісімі бойынша, 137 мектепте

2155 кезекші сынып өз жұмысын

жалғастырды. Кезекші топтарға

1-4-сынып аралығындағы

27 мыңнан астам оқушы барады.

Ал штаттық режимге ауысқан

7 арнайы мектеп-интернатына

820 бала бара бастады.

- 13 қарашадағы жағдай бойынша

өңірде КВИ жұқтырған оқушылар

саны 76-ға жетті. Оның 49-ы -

онлайн оқып жатқан оқушылар.

Сондай-ақ, кезекші сыныптарға

барып жүрген 19 оқушы және

штаттық режимде оқыған 8 оқушы

ауырып қалды. Бүгінде олардың

20-сы сауығып шықты, 56-сы әлі

емделуде. Мұғалімдер арасында

кешін өткізген. Қорқорға құмартқан

азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік

құқықбұзушылық туралы кодексінің

441-бабы бойынша әкімшілік

іс қозғалды. Ал мекеме әкімшісі

заңсыздыққа жол бергені

үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оған қатысты материалдар

жинақталып, облыстық

тауарлар мен қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасына жолданған.

Тәртіп сақшылары мен

мониторингтік топтар карантин

режимін бұзған мекемелерді

анықтау бойынша жұмыстарды

жүйелі жүргізуде. Мамандар карантин

талаптары мен санитарлық нормаларды

сақтауға кеңес береді.

21 жағдай тіркелді. Оқу жылының

басынан бері облыстың алты

мектебі карантинге жабылды.

4 білім мекемесі әлі күнге дейін

ашылған жоқ, - деді Жомарт

Қарамбаев.

Айта кету керек, ауыл мектептерінде

кезекші сыныптарға сабақ

беретін мұғалімдерге екі есе айлық

төленетін болып шешілді. Себебі

олар екі ауысым бойынша жұмыс

істеп жатыр. Яғни, бірінші ауысымда

сыныпқа келген балаларға сабақ

берсе, түстен кейінгі ауысымда

қашықтан оқитын балалармен жұмыс

істейді. Бұл мәселе басқарманың

бақылауында.

Т.МАРХАБА.

Қайырымдылық

жалғасуда

М.ҚАПАНҰЛЫ.

Павлодар облысы «Возрождение» немістер қоғамының мүшелері «Біз

біргеміз» республикалық акциясына қолдау көрсетті. Коронавирус пандемиясы

белең алғаннан бері қоғамдық бірлестік балалар үйлеріне, білім беру

мекемелеріне және қиын жағдайға тап болған облыс тұрғындарына «Рубиком»

және «Галицкое» ЖШС-тері демеушілігі есебінен 20 миллион теңгеден астам

сомаға көмек көрсетті.

бір-бірімізге мейірімділік танытуымыз

қажет, - дейді «Возрождение»

қоғамы төрағасының орынбасары

Ольга Литневская. – Осындай қиын

кезеңде біздің белсенділер көмекке

зәру адамдарға қаржылай ғана

емес, жылы сөзбен демеу береді.

Сонымен бірге, Ольга Литневская

ағымдағы жылдың төртінші

тоқсанында «Возрождение» қоғамы

«COVID-19 пандемиясы кезеңінде

Қазақстан Республикасындағы

неміс ұлтының азаматтарына

әлеуметтік-гуманитарлық қолдау

көрсету» жобасын жүзеге асырып

жатқанын айтты. Көмек азық-түлік

себеттері, дәрі-дәрмек алуға кеткен

шығындарды өтеу түрінде көрсетіледі.

Алғашқы кезекте төтенше

жағдай және карантиндік шектеулер

кезінде табысынан айырылған

отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға,

барлық топтардың мүгедектеріне,

мүгедек балаларды тәрбиелеп

отырған отбасыларға және зейнеткерлерге

көрсетіледі.

Өз тілшіміз.

ЭКОЛОГИЯ

Аймағымызда ірі кәсіпорындар табиғатты қорғау

шараларына белсенді атсалысып, бұл бағытқа

жыл сайын қомақты қаражат бөлуде. Бұл –

өңіріміздегі экологиялық даму жоспарының

негізгі тармақтарының бірі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте

«Казхром» ТҰК» АҚ филиалы

Ақсу ферроқорытпа зауытының

басшысы Сергей Прокопьев

аталған кәсіпорындағы қоршаған

ортаны қорғау шараларының

барысына тоқталды.

- Биыл жалпы құны 3,8 млрд.

теңгені құрайтын табиғатты

қорғаудың 18 нақты шарасы

қолға алынды. 2013 жылдан

бастап жүйелі жалғасып келе

жатқан бағдарламаға сәйкес,

газ тазалау жүйесін жаңғырту

жұмыстары жоспарға сай

атқарылуда. Мәселен, бүгінде

№ 41, 45, 46 пештерге газ тазалау

қондырғылары орнатылды. Биыл

2 газ тазалау қондырғыларының

Мониторингтік топтың құрамына

жергілікті атқарушы органдардың,

қоғамдық кеңестердің,

«Атамекен» ұлттық кәсіп-керлер

палатасының, жергілікті полиция

қызметінің және тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің мамандары

енген. Арнайы рейд барысында

топ өкілдері кәсіпкерлік

Зиянды

қалдықтар

азаюда

Жансері СЪЕЗБЕК

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның

директоры Александр Фролов

экологиялық ахуалды тұрақтандыру

шаралары жөнінде айтып берді.

- Аймағымыздағы зауыттарға

ортақ мәселе – ауаны ластайтын

заттар мен зиянды қалдықтар

мөлшерін азайту. Осы орайда,

біздің кәсіпорында арнайы жұмыс

жоспары бекітіліп, қоршаған ортаны

қорғау шаралары жүйелі іске

асып келеді. Мәселен, зауыттың

№1 пешіндегі 2 электр сүзгісі

жаңартылды. Сүзгілерді ауыстыру

жұмыстарын 2030 жылға дейін

сүзгісі жаңартылды, - дейді

С.Прокопьев.

Бұл бағыттағы жұмыстардың

тиімділігі сезілуде екен. Атап

айтсақ, биыл кәсіпорынның

санитарлық қорғау аймағындағы

зиянды заттардың мөлшері шекті

деңгейден аспаған. Кәсіпорын

басшылығы абаттандыру ісіне де

баса мән беріп, биыл санитарлық

қорғау аймағында 500 түп

тал отырғызылыпты. Табиғатты

қорғау шаралары келесі жылы

да жалғасын тауып, 3,5 млрд.

теңгеге 15 экологиялық шара

қолға алынады деп жоспарлануда.

Жалпы, аталған кәсіпорында

жыл сайын шамамен 1 млн.

тонна қож шығарылады. Осы

жылдың 9 айында 624 тонна

өнім өңделген.

Арнайы

жоспары бар

Соңғы жылдары Павлодар алюминий зауыты

қоршаған ортаны қорғау шараларын жүйелі

жүзеге асырып келеді. Сәйкесінше, зиянды

заттардың көлемі де біршама азайған. Атап айтсақ,

қалдықтардың мөлшері 2,5 мың тоннаға дейін

төмендеген.

кезең-кезеңімен атқару жоспарлануда,

- дейді А.Фролов.

Электр сүзгілерін жаңғырту

жобасының құны 34 млрд. теңгеге

тең. Осылайша, кәсіпорындағы

ахуалды еуропалық стандарттарға

сай реттеу көзделуде.

Биыл кәсіпорында 1500 түп

көшет отырғызылыпты. 841 ағаш

Ворушин саябағында тамыр жайса,

659-ы - Павлодар алюминий

зауытына апарар жол бойында.

Жалпы, осы жылдың алғашқы

9 айында қоршаған ортаны қорғау

шараларына 347,8 млн. теңге

қаражат бөлінген.

Ж.СЪЕЗБЕК.

COVID-19

Түсіндіру жұмыстары

жалғасуда

Коронавирус пандемиясының таралуын тежеу

мақсатында Май ауданында мониторингтік топтың

өкілдері бақылау жұмыстарын күшейткен. Әзірге

ешқандай ереже бұзушылық фактілер тіркелмеген.

субъектілеріне облыстың бас

мемлекеттік санитарлық дәрігерінің

қаулысындағы талаптарды

сақтауға шақырып, түсіндіру

жұмыстарын жүргізуде.

Жыл басынан бері мониторингтік

топ 1054 рейдтік шаралар

ұйымдастырғанын атап өткен

жөн.

Өз тілшіміз.


4 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Ауылдық жерді

таңдайтындар көп

Биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша еліміздің оңтүстік

және батыс облыстарынан өңірімізге 1 мыңнан астам

адам қоныс аударып келіп, тиісті өтемақыларын алды.

Жұмыс күші толық аймақтардан біздің өңірге қандай

мамандық иелері көп келіп жатыр? Осы және өзге де

сауалдарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Альмира Дюсуповаға жолдаған едік.

- Альмира Аманқызы, биылғы

карантиндік шектеулер

көп жоспардың жүзеге асуына

қолбайлау болғаны анық.

Дей тұрғанмен, оңтүстіктен

көшіп келіп жатқандарды

қабылдау жұмысы тоқыраған

жоқ. Өңірге қанша отбасы

көшіп келді?

- Биыл біздің облысқа

459 отбасыға, яғни 1837 адамды

қабылдап алуға квота бөлінген.

Бүгінгі күнге дейін өңірімізге

1283 адам (281 отбасы) көшіп

келіп, мемлекет белгілеген

көмектерін алды. Оның 689-ы

еңбекке қабілетті болса, 538-і -

балалар мен жасөспірімдер.

Сонымен қатар, көшіп келгендер

ішінде зейнет жасына жеткен

18 адам бар. Келген адамдарды

бірден жұмысқа орналастыруға

әрекет жасаймыз. Соның нәтижесінде

538 адам жұмыспен қамтылса,

тұрақты жұмысқа кіргендер саны –

524. Яғни, қоныс аударған ағайындардың

77,7 пайызы жұмыс істеп

жүр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты –

өңірге аса қажетті мамандарды

тарту. Бізге қажетті кадрлардың бірі –

педагогтар. Соған сәйкес білім

саласы бойынша 82, денсаулық

сақтау саласы бойынша 33, ауыл

шаруашылығы саласы бойынша

50 адам, қоғамдық тамақтану

Баянауыл ауданының әкімі

Қанат Кәрімов онлайн брифинг

барысында атап өткендей, осы

жылы 12 жобаны іске асыру үшін

мемлекеттік қазынадан 3 млрд.

теңге қаржы қарастырылды.

Соның нәтижесінде елді мекендерде

15 желтоқсанға дейін

орталық су құбыры іске қосылып,

1594 үй таза ауызсуды пайдаланатын

болады. Ал Торайғыр

ауылындағы су желісін жобалау

кезінде қателіктер кетіп, ауылдың

ерекшелігі ескерілмегендіктен,

жұмыстар келесі жылы аяқталмақ.

Баянауыл ауылындағы орталық су

құбырына қосылмай қалған 168 үйге

қатысты жаңа жоба жасалып, жыл

соңына дейін мемлекеттік конкурс

жарияланып, желілерді жүргізу

тек 2021 жылы басталады.

Биыл көпшілік назарын аудартқан

аудандағы тағы бір мәселе –

Майқайың кентіндегі жылу желілерін

жөндеу. Бастапқыда жұмыстар

кестеден кешігіп, кедергілер

болғанмен, 25 қыркүйекте барлық

әлеуметтік нысандарға, 1 қазанда

тұрғын үйлерге жылу берілген

көрінеді. Аудан басшысының

айтуына қарағанда, қазір жылуға

қызметін жүргізетін 39, техникалық

мамандықтарды меңгерген 81 адам

келді.

- Біздің өңірге келуге негізінен

қай облыстың тұрғындары

ынталы?

- Қоныс аударушылардың

көбі Алматы облысынан болды.

Ол жақтан 500-дей адам келді.

Сонымен қатар, Түркістан және

Жамбыл облысының тұрғындары

да көп қызығушылық білдіреді.

Көбі негізінен ауылдық жерлерге

барып, жұмыс істеуге құлықты. Тіпті,

алыс-жақындығына да қарамайтын

азаматтар бар. Мысалы, 26 адам

Ертіс ауданының Северное ауылына

қоныстанды. Сонымен қатар,

Май ауданының Баскөл ауылына

25 және Тереңкөл ауданының

Жаңабет ауылына 23 адам барып

орналасты. Ал 37 отбасы облыстың

ең үздік тірек ауылдарын таңдады.

- Мемлекеттік бағдарлама

аясында өзге өңірлерден көшіп

келген азаматтарға нақты

қандай жәрдем беріледі?

- Келген ағайындардың бір де

біреуі мемлекеттік ынталандыру

төлемдерінен тыс қалмайды. Яғни,

тұрғылықты жерге орналасқан

соң барлығы рәсімделеді. Атап

айтқанда олардың отбасылық

жағдайына қарамастан жанұяның

әрбір мүшесіне 35 АЕК көлемінде

бір реттік көмек беріледі. Егер

бірден үй алуға жағдайы келмесе

мемлекет бір жылға дейін үй жалдап

бере алады. Оның шарты мынадай:

қалалық жерге қоныстанғандарға

отбасының бір мүшесі үшін

20 АЕК мөлшерінде жалдау ақысы

төленеді. Ал бір шаңырақта 2-4 аралығында

адам болса 25 АЕК көмек

берілсе, мүше саны бес адамнан көп

отбасыға 30 АЕК көлемінде төленеді.

Егер ауылдық жерді таңдасаңыз,

үй жалдауға бір адам үшін

15 АЕК көлемінде көмек аласыз. Сол

секілді жанұя мүшесі 2-ден жоғары

болса – 18 АЕК, 5-тен жоғары болса

21 АЕК көлемінде қосымша тағы

төленеді. Бүгінгі жағдай бойынша

көшіп келген 281 отбасының 71-і

өздеріне баспана сатып алды. Ал

басқалары мемлекеттің көмегімен

уақытша жалдап тұрып жатыр. Айта

кету керек, біздің мамандар биыл

Нұр-Сұлтан қаласына және Түркістан

мен Алматы облыстарына барып,

тұрғындарға осы жобаны түсіндірді.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелеcкен –

Тілеуберді САХАБА.

ӨҢІР

Келесі жылға шегерілді

Биыл Баянауыл ауданының тұрғындарын таза

ауызсумен қамту мәселесінде бірқатар қиындық

туындады. Әу баста жобаның дұрыс жасалмауы

салдарынан кейбір ауылдарды орталықтандырылған

су жүйесіне қосу ісі келесі жылға қалып отыр.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

қатысты жағдай тұрақты. Алайда,

бас мердігер компания жөндеу

жұмыстары кезінде еңбек еткен

адамдардың жалақысын әлі күнге

дейін төлемей келеді.

- «Ишим Строй Инвест» компаниясы

мен жұмысшылар арасында

еңбек келісімшарты жасалмаған.

Сондықтан қос тарап арасында

қиындықтар туындап отыр. Біз

қызметкерлерге қолдан келген

көмекті көрсететінімізді айтып,

сотқа жүгінуге кеңес бердік, -

дейді Қ.Кәрімов.

Баянауыл басшылығы «Мырзашоқы»

тау-шаңғы базасын сенімді

басқаруға алған «Қаражар-Мырзашоқы»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігіне де кеңес берумен

шектеліпті. Аталмыш базада әзірше

су жоқ. Бұл демалыс орнының

дамуына кері әсерін тигізетіні белгілі.

- Сол себепті Қаражар ауылында

салынып жатқан орталықтандырылған

су желісінен 1,7 шақырым

су құбырын тарту қажеттігін айттық.

Ол үшін «Бизнестің жол картасы-

2025» бағдарламасына қатысып,

мемлекеттің қаржылай қолдауы

арқылы сумен қамту мәселесін

шешуді ұсындық. Бірақ базаны

сенімді басқаруға алған бизнес

өкілдері әзірше бұл тетікті қолданбай

отыр, - дейді аудан әкімі.

Жергілікті биліктің «Мырзашоқыны»

дамытуға қосар

жалғыз үлесі – туристерді аудан

орталығынан тау-шаңғы орнына

дейін жеткізетін автобус қызметін

ұйымдастыру. Туристер демекші,

биыл пандемияға байланысты

Баянауыл баурайында тынығатын

мол мүмкіндік болған жоқ.

Карантин шектеулеріне байланысты

14 тамыздан 25 қыркүйекке

дейін ғана жалғасқан туристік

маусым кезінде Жасыбай көлінің

жағасындағы 29 демалыс үйінде

5500-ден астам адам демалды.

Сонымен қатар, Қанат Сәрсенұлы

ауданда атқарылған басқа да

жұмыстарды қорытындылады.

Айталық, «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы бойынша

жалпы сомасы 788 млн. теңгені

құрайтын 15 жоба жүзеге асты.

Атап айтқанда, төрт мектеп мен

екі мәдениет үйі, Қоңыр әулие

үңгірі, Сұлтанмахмұт Торайғыров

кесенесі мен Сабындыкөл көліне

апаратын жолдар жөнделді. «Ауыл –

ел бесігі» бағдарламасы арқылы

Майқайың кентінде жол, жарық және

орталық алаңды жаңартуға қатысты

жұмыстар жүргізілді. «Нұрлы жол»

бағдарламасы Торайғыр ауылына

кіреберіс жолды қалпына келтіруге

мүмкіндік берді.

Айта кетелік, көктем мен

жазда Баянауыл ауданында

43 адам коронавирустық инфекцияны

жұқтырып, барлығы емделіп

шықты. Қуантарлығы, күз келгелі

ауданда қауіпті індетке шалдыққан

тұрғын жоқ.

109 ҚЫЗМЕТІ

Мобильді

қосымша іске

қосылды

109 бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын

ресми түрде осы жылдың наурыз айында бастаған

болатын. О баста Павлодар қаласында тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша

қоңыраулар қабылдаған. Кейін пандемияға

байланысты елімізде төтенше жағдай режимі

жарияланған кезден барлық консультациялық

бағытта ақпарат беруге көшті.

Орталық директоры Абзал

Қабдраштың айтуынша, бірыңғай

диспетчерлік қызметке облыстың

үш қаласы - Павлодар, Екібастұз,

Ақсу шаһарларымен қоса

аудандар мен ауылдар да

қосылған. Тәулік бойы қызмет

ететін мекемеде арнайы оқудан

өткен 40 маман жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта операторлар

өмір сүру сапасын арттыруға,

тұрмыс-тіршілікті жақсартумен

қатар, өзге де салаларға қатысты

сұрақтарға жауап беруде. Айтуынша,

қатаңдатылған карантин

режимі тұрғындарды алаңдатып

отыр. Бүгінде облыс аумағында

блок-бекеттердің қайта қойылуына

байланысты тұрғындар тарапынан

109 нөміріне елді мекендер

арасында жүріп-тұруға байланысты

сауалға ресми қаулыға

сәйкес айтты.

- Біз Павлодар облысының

бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің соңғы қаулысына

сүйенеміз. 6 қарашадағы №13

қаулыда көрсетілгендей, блокбекеттерден

денсаулығына байланысты

емделуге бара жатқан

азаматтар, жұмыс орнына немесе

тұрғылықты жеріне бара жатқан

адамдар тиісті құжаттары,

анықтамалары болған жағдайда

Олардың қатарында 632 заңды

тұлға, 3555 шаруа мен фермерлік

қожалықтары, 2396 жеке кәсіпкер

бар. Ал үй шаруашылықтарының

жалпы саны – 66 435.

2020 жылғы 1 қарашадағы

жағдай бойынша 6108 өндіруші

ғана тұрақты жұмыс істеп

келеді. Яғни, 549 заңды тұлға,

2149 жеке кәсіпкер, 3410 шаруа

немесе фермерлік қожалық ауыл

шаруашылығы өнімдерін шығарады.

Гауһар МҰСА

кедергісіз өтуіне рұқсат. Ал,

рұқсат алу үшін pvlinfo.kz сайты

арқылы тіркелу шарт - дейді

Абзал Қабдраш.

Төтенше жағдай режимі

кезінде байланыс орталығы

тәулігіне 4000-ға жуық қоңырау

қабылдаған. Бүгінде бұл жүктеме

азайған. Мамандардың айтуынша,

күніне 2000-нан аса қоңырау

келіп түседі. Қазан айында

8000 тұрғынның сауалына жауап

берсе, осы айда бұл норманы

12 күннің ішінде орындаған. Бұл

дегеніміз келіп түсетін хабарлама

санының 2,5 есеге артқанын

көрсетеді. CаlI-орталықтың

109 нөмірінен бөлек телеграм-бот

каналы арқылы да ақпарат алуға

мүмкіндік жасалған. WhatsАрp

мессенджеріндегі 8747 7 901

109 нөміріне өз сауалыңызды

жолдай аласыз. Рavlodar komek

порталы бойынша да өтініш беруге

болады. Бұған қоса «Павлодар

109» мобильді қосымшасы іске

қосылған.

Айтып өтейік, бірыңғай

байланыс орталығына стационарлық,

ұялы телефондармен

кез келген байланыс операторы

арқылы тегін хабарласуға

болады.

СТАТИСТИКА

Ең көбі – Баянауылда

Агроөнеркәсіптік кешен – өңір экономикасының

негізгі бағыттарының бірі. Облыстық статистика

департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, облыста

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 6583

кәсіпкерлік нысаны тіркелген.

Бұл ретте ең көп шаруа және

фермерлік қожалықтар Баянауыл

ауданында тіркелген. Аталмыш

ауданда 528 шаруашылық

бар, ол - облыстағы барлық

шаруашылықтың 14,9 пайызы.

Ал Павлодар қаласына қарасты

ауылдық аймақтарда орналасқан

82 бизнес нысаны облыстағы

шаруашылықтардың 2,3 пайызын

құрап отыр.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

БІЛІМ 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл 5

Мектептер «бұлтты»

жүйеге көшеді

Басы 1-бетте

Көп жағдайда сарапшылар

мектептерде заңнамаларды білу

жағынан сауатының төмендігінен

жаңылыс басып жататынын алға

тартады. Сондықтан мектептерге

түрлі тауарлар мен қызметтерді

сатып алулар жүйесін бірыңғай,

орталықтандырылған жүйеде

іске асыру қажеттігі ұсынылатын.

Енді 2021 жылдың қаңтарынан

бастап Қазақстандағы білім беру

ұйымдарының барлығы «Цифрлы

бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне

көшуді бастайды.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым

министрі Асхат Аймағамбетов

«Инстаграм» парақшасында мәлімдеді.

Бұл бастаманың қандай қажеті

бар? Жаңа жүйені енгізудегі мақсат –

көпшілік үшін білім саласындағы

қаржыландырудың ашықтығын және

тиімділігін бақылауды қамтамасыз

ету. Бухгалтерияны, кадрларды,

есепке алу мен бюджетті жоспарлауды

автоматтандыру сыбайлас

жемқорлық тәуекелдерін алдын

алуға және қаржыны тиімді пайдалануды

арттыруға жағдай жасайды.

Яғни мектептің бюджетіне, оның

әрбір жұмсаған теңгесіне қатысты

ақпаратқа біздің министрлік, басқа

құзырлы мемлекеттік органдар,

және азаматтық қоғам өкілдері

қол жеткізе алады. Бұл – маңызды

бастама.

Министрдің айтуынша, білім

беру саласын қаржыландыру

жылдан-жылға артып келеді.

Әрине, оның қаншалықты жеткілікті

немесе жеткіліксіз екендігі

туралы көп айтуға болады. Алайда,

сол бөлінген қаражатты тиімді

пайдалану маңыздырақ.

- Тағы бір мәселеге тоқталайын.

Көпшілік мектептерді, балабақшалар

мен колледждерді Білім

және ғылым министрлігі республикалық

бюджет есебінен қаржыландырады

деп есептейді. Одан

бөлек, жалақының уақытылы және

дұрыс есептелуі, оқулықтарды

сатып алу немесе білім беру

ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарын

да министрліктің өзі тікелей

жүргізеді деп ойлайды.Бірақ

іс жүзінде олай емес. Заңға

сәйкес, бұл жұмыс - әкімдіктердің

құзырында. Елімізде білім беруді

басқару органдарының саны

200-ден асады, яғни, қаржыландыру

да сол қалалар, аудандар

мен облыстардың бюджетінен өтеді.

Әкімшілендіру деңгейі әртүрлі

әрі көп болған соң, оларды қадағалап

отыру өте қиын

Сондықтан тіпті облыстық

білім басқармаларының өзі көп

жағдайда жалақыны уақытылы

...Жүргізілген пилоттық жобаның

нәтижесінде тек елордада бюджет

қаражатынан бірнеше млрд. теңге

үнемделіп, білім беру ұйымдарының

қаржылық қызметі

,,

реттелді...

төлеуге, оқулықтарды сатып алуға

немесе мектеп, колледждерді

жөндеу жұмыстарына қатысты

проблемаларды бұқаралық ақпарат

құралдарына шыққанда немесе

шағымдар келіп түскенде біліп

отырады. Бұл мүлдем дұрыс емес,

деп жазды министр.

Ата-аналар мен мұғалімдерге

орын алған проблемаларға «кім

жауап беретіні, неге бұлай болғаны»

емес, олқылықтардың орын алмауы

маңызды ғой. Сондықтан министрлік

жан басына қаржыландыру

механизмдерін енгізу және барлық

қаржыландыру жүйесін цифрландыру

бойынша бастаманы қолға

алып отыр.

Айтқандай, аталмыш жүйе

Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар

облысындағы білім беру ұйымдарында

пилоттық жоба ретінде

апробациядан өтті. Білім басқармаларының

басшылары мен мектеп

директорлары аталған жобаға оң

баға берді.

Жүргізілген пилоттық жобаның

нәтижесінде тек елордада бюджет

қаражатынан бірнеше млрд. теңге

үнемделіп, білім беру ұйымдарының

қаржылық қызметі

реттелді.

Бухгалтерлік және салық есебіне

алу барысында бұзушылықтар

саны едәуір қысқарып, шығындар

бойынша тәуекелдер азайды.

Аталған жоба жалақыны дұрыс

есептемеу, қаржылық бұзушылықтар,

жоспарлау, қаржыландыру

кезіндегі субъективизм сияқты

проблемаларды шешуге және білім

беру мекемелерінің қаржылық

жағдайына жедел мониторинг

жүргізуге жақсы мүмкіндік береді.

«Бухгалтериямен қоса бюджетті

жоспарлау, мемлекеттік сатып

алу, тарификациялау, жұмысқа

алу процестері де автоматтандырылады.

Бұл – білім саласына

бағытталған қаржыны ашық әрі

тиімді пайдалануды қоғам болып

қадағалауға бағытталған тағы

бір қадам», деп түйіндеді сөзін

Білім министрі.

Пандемия салдарынан елімізде білім беру саласында

компьютерлік техникаларға деген сұраныс

күрт артқаны белгілі. Білім басқармалары

техникаларға мұқтаж оқушыларды толықтай

қамтамасыз еткенін мәлімдеген. Ендігі жерде

тиісті министрлік жергілікті жерлерде әкімдіктер

министрлік қойған талаптарды бұзғанын айтып,

оның да сұрауы болатынын ескертуде.

Әр компьютердің

сұрауы бар

«Кейбір әкімдіктер компьютерлер

сатып алу бойынша БҒМ

қойған талаптарды бұзған. Осы

орайда ескертейін дегенім, әрбір

компьютерлік техниканы сатып

алу бойынша тікелей жауап

бересіздер», – деді Білім және

ғылым вице-министрі Рүстем

Биғари.

Рүстем Биғари Мемлекет

басшысы қойған міндет орындалып,

бірінші қыркүйекке дейін

оқушыларға қашықтан оқу үшін

қажет 500 мыңға жуық компьютер

жеткізілгенін атап өтті. Әкімдіктер

мектептерге компьютерлік

техниканы сатып алу бойынша

жұмысты әлі де жалғастырып

жатыр. Алайда, бірқатар өңірде

техниканы жеткізу мерзімдері,

лицензиялық қамтамасыз ету,

кепілдік беру және сервистік

қызмет көрсетуге байланысты

проблемалар туындады.

«Біз бұл мәселелерді аппараттық

жиналыста бірнеше рет

қарастырдық. Бұл – мемлекет

қаражаты. Әрбір компьютерлік

техниканы сатып алу - тікелей

сіздердің мойындарыңызда.

Ашықтықты толық қамтамасыз

ету қажет. Әрбір әкімдік алдымен

компьютерлік техниканы тексеріп

алған соң ғана оны қабылдап,

оқушыларға жеткізулері қажет.

БҒМ сатып алу процесіне

қатыспайды. Үкімет әкімдіктерге

қажет қаражатты жедел беріп,

жағдай жасады», – деп атап

өтті білім және ғылым вицеминистрі.

Вице-министрдің сөзінше,

бұрын-соңды техниканы осындай

көлемде сатып алу болған емес.

Әрине, пандемия мен логистика

мәселелеріне байланысты

кедергілер болуы мүмкін.

Жеткізушілердің мұндай сылтауларына

қарамай, олардан тиісті

жұмысты талап етуіміз керек.

Қолда бар барлық механизмді

пайдалану керек еді. Кепілдік

қызмет көрсету, сапа болуы

керек».

Білім алушыларды қажетті

ақпараттық ресурстар және

компьютерлік техникамен қамтамасыз

етуге бөлінген қаражаттың

игерілуі бойынша сыбайлас

жемқорлық көріністерін бақылау

әрі болдырмау мақсатында

«Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің

өкілдері мен Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің арнайы мониторингтік

топтары мүшелерінің қатысуымен

мониторинг жүргізу үшін 2020

жылғы шілде айында БҒМ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігіне хат жолдағанын

естеріңізге сала кетейік.

Павлодар облысы

кәсіпкерлер

палатасының

алаңында Павлодар

облысында жаңа

кәсіптер мен

құзыреттердің

атласын оқшаулау

бойынша арнайы

кеңестің отырысы

өтті. Іс-шараны BTS

Education-мен бірлесіп

Павлодар облысының

әкімдігі, Павлодар

облысы әкімдігінің

білім беру басқармасы

ұйымдастырды.

Жаңа кәсіптер атласы әзірленуде

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары

Сәкен Шаяхметов, Павлодар

облысының ірі компаниялары, атап

айтқанда, «Павлодар мұнай-химия

зауыты» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,

«Богатырь Көмір» ЖШС, «Еуроазиаттық

энергетикалық корпорациясы» АҚ,

«ERG Service» ЖШС, «Павлодар

ТЕМІРМАШ зауыты» ЖШС, «Ертіс-агро»

ӘКК және тағы басқа кәсіпорындардың

басшылары қатысты.

Отырыс барысында облыстық

білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы аталған

зерттеудің өңір үшін өте маңызды

екенін атап өтті, өйткені атласты құру

білім беру, жұмыспен қамту және

еңбек нарығы жүйесін түйістіруге және

өңірде еңбек ресурстарын сапалы

болжау моделін құруға мүмкіндік

береді.

BTS Education жетекшісі Саясат

Нұрбек жобаның негізгі мақсаттары

мен міндеттері, Павлодар облысында

жаңа кәсіптер мен құзыреттердің

атласын локализациялау мерзімі

туралы айтты. Сондай-ақ, спикер

ұлттық форсайт-зерттеудің кейбір

нәтижелерін атап өтті, оны Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі экономиканың 9 басым

саласы бойынша іске асырды.

Кездесу қорытындысы бойынша

сұрақтар мен жауаптар сессиясы

өтті, онда іс-шараға қатысушылар

спикерлерге өз сұрақтарын қойып,

өзара іс-қимылдың алдағы қадамдарын

талқылады.

Бетті әзірлеген - Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.


6 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл КОНКУРС

SARYARQA SAMALY

«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ

«Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Майра к., 41/1,

тел. 65-06-07, э/пошта: yasli_sad_5@mail.ru)

«Павлодар қаласының №7 сәбилер бақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Минин к., 31, тел.

51-80-26, э/пошта: ys_7@mail.ru)

«Павлодар қаласының № 19 сәбилер бақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., 1 Мамыр к., 36,

тел. 30-06-67, э/пошта: yaslisad19@mail.ru)

«Павлодар қаласының №40 сәбилер бақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Ген. Дүйсенов к., 15,

тел. 51-18-67, э/пошта: ys_40@mail.ru)

«Павлодар қаласының №42 мектепке дейінгі

гимназиясы " МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Ак.

Шөкин к.,33, тел. 67-61-98, э/пошта: uvk42@mail.ru)

«Павлодар қаласының №44 сәбилер бақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Ткачев к., 5/2, тел.

65-71-35, э/пошта: sad.442012@yandex.kz)

«Павлодар қаласының №46 сәбилер бақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Павлов к., 82/1, тел.

60-84-45, э/пошта: 2012_rosa@mail.ru)

«Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасы»

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Урицкий к., 76,

тел. 66-23-32, э/пошта: detki52_pvl@mail.ru)

«Павлодар қаласының № 72 сәбилер бақшасы"

МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Камзин к., 16/1,

тел. 54-21-50, э/пошта: gkkpsad72@mail.ru)

«Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі

гимназиясы» МҚКК (мекенжайы: Павлодар қ., Ак.

Сәтбаев к., 39, тел. 32-04-03, э/пошта: pavlodar122@

mail.ru) басшыларының бос лауазымына орналасуға

ашық конкурс жариялайды.

Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы –

қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі

мекеме. 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық

қуаттылығы – 320 орын.

Павлодар қаласының №7 сәбилер бақшасы –

қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі

мекеме. 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық

қуаттылығы – 320 орын.

Павлодар қаласының №19 сәбилер бақшасы –

қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын

мектепке дейінгі мекеме. 1976 жылдан бастап

жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 180 орын.

Павлодар қаласының №40 сәбилер бақшасы –

қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын

мектепке дейінгі мекеме. 2012 жылдан бастап

жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 126 орын.

Павлодар қаласының №42 мектепке дейінгі

гимназиясы – қазақ және орыс тілінде мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын

жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекеме. 1981

жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы –

275 орын.

Павлодар қаласының №44 сәбилер бақшасы –

қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі

мекеме. 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық

қуаттылығы – 320 орын.

Павлодар қаласының №46 сәбилер бақшасы –

қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

бағдарламаларын жүзеге асыратын мектепке дейінгі

мекеме. 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобалық

қуаттылығы – 320 орын.

Павлодар қаласының №52 арнайы балабақшасы –

қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын

мектепке дейінгі мекеме. 2015 жылдан бастап

жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 64 орын.

Павлодар қаласының №72 сәбилер бақшасы –

қазақ және орыс тілінде мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын

мектепке дейінгі мекеме. 1971 жылдан бастап

жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 180 орын.

Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі

гимназиясы – қазақ тілінде мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытудың бағдарламаларын жүзеге асыратын

мектепке дейінгі мекеме. 1973 жылдан бастап

жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы – 183 орын.

Біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу

орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық

жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл

мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе

жоғары біліктілік санатының немесе педагог -

сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог –

шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік

қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан

кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын,

әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті

арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық

актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие

ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады. Оқу

жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі

білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді

ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік

жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру

бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз

етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру

ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің

денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар

жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы

тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар

мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық

қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім

беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен

оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта

құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Білім беру

ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық,

шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа

да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің

контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік

қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық

ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне

ықпал етеді.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен

нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік

қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен

қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада

белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын

құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның

жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық

базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді,

санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау

және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын

қамтамасыз етеді.

Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен

(оларды алмастырушылармен) өзара байланысты

жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші

қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге

асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын

әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін

арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен

қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау)

жүргізеді. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға

негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім

беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде

балалар отбасыларының қатысуымен енгізу. Білім

беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды

және ұсынуды жүзеге асырады.

Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне

байланысты 118 260 теңгеден 148 810 теңгеге дейін.

Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы

«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын

конкурстық орналастыру және мемлекеттік

мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру

ұйымының басшысы лауазымына конкурстық

тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57

(өзгерістер енгізілген 21.05.2020 ж. №213) бұйрығы

негізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Павлодар

қаласы, Кривенко көшесі, 25, «Павлодар қаласы

білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Конкурс кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды

жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан

құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика, психология

негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені

туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру

ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу;

6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару

органдарымен келісу (республикалық маңызы бар

қалаларды, астананы қоспағанда);

7) білім беруді басқару органының конкурстық

комиссиясының отырысында әңгімелесу

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі

мен орны: Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру

шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде

бос лауазымға орналасуға құжаттар Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 мекенжайында

орналасқан Павлодар қаласы білім беру

бөлімінің кеңсесі, 10 терезе арқылы қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан

бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру

үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың

көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін

көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік

мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми

дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған

жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы

медициналық құжаттама нысандарын бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы

23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша

денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс

жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы

туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған

жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан

өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс

екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан

өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық

жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген

құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе

білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен

растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді

басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері,

біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің

педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары

туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне

қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік

қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы

ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті

құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің

(мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:

8 (7182) 32-18-77, 8 (7182) 61-60-85, электронды

мекенжайы: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz

«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ

«Павлодар қаласының Қалижан Бекхожин

атындағы жалпы орта білім беру мектебі» ММ

(мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин к., 60, тел.

50-06-86, э/пошта: school12.87@mail.ru)

«Павлодар қаласының Мұзафар Әлімбаев

атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ

(мекенжайы: Павлодар қ., П.Васильев к., 17/2, тел.

61-65-85, э/пошта: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz)

«Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру

мектебі» ММ (мекенжайы: Павлодар қ., Ломов к.,

45/1, тел. 31-65-93, э/пошта: school_13.pavl@mail.ru)

«Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім

беру мектебі» ММ (мекенжайы: Павлодар қ., Геринг

к., 79, тел. 51-61-31, э/пошта: school18pvl@mail.ru)

«Павлодар қаласының №27 жалпы орта білім

беру мектебі» ММ (мекенжайы: Павлодар қ., Павлов

к., 17, тел. 33-81-23, э/пошта: 27_school@mail.ru)

«Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім

беру мектебі» ММ (мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к.,

Макаренко к., 14, тел. 33-71-54, э/пошта: school33kz@

mail.ru) директорларының бос лауазымына орналасуға

ашық конкурс жариялайды.

Павлодар қаласының Қалижан Бекхожин атындағы

жалпы орта білім беру мектебі – мемлекеттік

тілде оқытатын жалпы білім беру мектебі. Бастауыш,

негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім

беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. 1961

жылдан бастап жұмыс істейді. Мектептің жобалық

қуаттылығы – 1230 оқушы орны.

Павлодар қаласының Мұзафар Әлімбаев атындағы

жалпы орта білім беру мектебі – қазақ және

орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру мектебі.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің

жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске

асырады. 2020 жылдан бастап жұмыс істейді.

Мектептің жобалық қуаттылығы – 650 оқушы орны.

Павлодар қаласының №13 жалпы орта білім беру

мектебі – орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру

мектебі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта

білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын

іске асырады. 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.

Мектептің жобалық қуаттылығы – 182 оқушы орны.

Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім

беру мектебі – қазақ және орыс тілінде оқытатын

жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта

және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу

бағдарламаларын іске асырады. 1972 жылдан бастап

жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы –

850 оқушы орны.

Павлодар қаласының №27 жалпы орта білім

беру мектебі – қазақ және орыс тілінде оқытатын

жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта

және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу

бағдарламаларын іске асырады. 1964 жылдан бастап

жұмыс істейді. Мектептің жобалық қуаттылығы –

924 оқушы орны.

Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім

беру мектебі – қазақ және орыс тілінде оқытатын

жалпы білім беру мектебі. Бастауыш, негізгі орта

және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу

бағдарламаларын іске асырады. 1967 жылдан бастап

жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаттылығы –

960 оқушы орны.

Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық

немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық

қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық

жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте

соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі,

орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары

лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің

бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе

педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог

- шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік

қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан

кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының

қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар)

әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының

қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік

құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік

жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық

және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске

асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті

басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы

жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің

қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс

жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын

бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды

жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына

сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және

материалдық-техникалық базасын қалыптастырады

және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік

қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың

дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар,

әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне

ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына

сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін

қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді

әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім

балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің

заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік,

тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың

туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай

жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың

(тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы

қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын

сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген

заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен

құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың

қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі

және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік

талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық

базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз

етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялықгигиеналық

режимді, еңбекті қорғау және техника

қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді

іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады,

басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық

кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді,

олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай

жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру

(растау) рәсімін ұйымдастырады. Қызмет барысында

айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру

ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне

қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады

және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің

ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде

жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің

басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, атааналармен

(немесе оларды алмастырушы адамдармен),

қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру

ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын

дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті

меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады,

оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру

ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру»

тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық

нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының

қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер,

педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында

академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім

беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек өтіліне

байланысты 124 830 теңгеден 151 353 теңгеге дейін.

Конкурс ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы

«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын

конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке

дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы

лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын

бекіту туралы» №57 (өзгерістер енгізілген 21.05.2020 ж.

№213) бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Павлодар

қаласы, Кривенко көшесі, 25, 4 қабат, «Павлодар

қаласы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Конкурс кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан

құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика, психология

негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені

туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының

қамқоршылық кеңесімен келісу;

6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару

органдарымен келісу (республикалық маңызы бар

қалаларды, астананы қоспағанда);

7) білім беруді басқару органының конкурстық

комиссиясының отырысында әңгімелесу

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі

мен орны: Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру

шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде

бос лауазымға орналасуға құжаттар Азаматтарға

арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 мекенжайында

орналасқан Павлодар қаласы білім беру

бөлімінің кеңсесі, 10 терезе арқылы қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан

бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру

үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың

көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін

көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік

мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми

дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған

жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы

медициналық құжаттама нысандарын бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы

23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша

денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс

жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы

туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған

жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан

өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс

екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан

өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық

жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген

құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе

білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен

растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді

басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері,

біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің

педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары

туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне

қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік

қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы

ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті

құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің

(мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленген жағдайда

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:

8 (7182) 32-18-77, 8 (7182) 61-60-85, электронды

мекенжайы: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл 7

72 жасында мемлекеттік

қызмет ардагері Иманбаев

Мереке Нұрғазыұлы қайтыс

болды.

М.Н.Иманбаев 1949 жылы

15 тамызда Павлодар облысы

Качир ауданы Трофимовка ауылында

дүниеге келген. Еңбек

жолын 1967 жылы Железин

ауданы Михайловка ауылында

АТП-1 слесарі болып бастады.

1968 жылы кеңес әскері қатарына

шақырылып, Беларусь

Республикасының Бобруйск

қаласына жіберілді. 1981 жылы

Алматы халық шаруашылығы

институтын экономист мамандығы

бойынша аяқтады.

25 жылдан астам Павлодар

облысы аудандарында қаржы,

партия органдарында жұмыс

істеді. 1995 жылы Павлодар

қалалық қазынашылық бөлімінің

басшысы, одан әрі облыстық

қазынашылық басқармасының

бөлім басшысының орынбасары

болып тағайындалды.

1996 жылдан Павлодар облысы

бойынша қазынашылық департаменті

басшысының орынбасары

болды. 2007 жылы М.Н.Иманбаев

Павлодар қаласының қаржы

бөлімін басқарды.

Жұмыста ол ұйымдастырушылық

қабілетімен, үлкен

еңбексүйгіштігімен және жоғары

кәсібилігімен ерекшеленді. Өзінің

қайырымдылығымен, өмірлік

даналығымен, өз ісіне берілгендігімен

әріптестері арасында

үлкен құрметке ие болды.

ИМАНБАЕВ МЕРЕКЕ

НҰРҒАЗЫҰЛЫ

Павлодар облысының Әділет

департаментінде 2020 жылғы 13 қарашада

№7024 болып тіркелді Павлодар қалалық мәслихаты

6-сайланған 71-кезекті сессия

2020 жылғы 03 қарашадағы №530/71

ШЕШІМ

2020 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне

жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері

аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын

ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан

Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және

ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының

18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі

«Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық

елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім

беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік

кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер

әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау

шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» №183 қаулысына және

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы

6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт

және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер,

ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне

әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы»

№72 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2020 жылы Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс

істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік

қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының

мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

мөлшерлері:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік

айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

2. Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 наурыздағы «2020 жылға

арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және

тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік

қолдау шараларын ұсыну туралы» №458/63 шешімінің (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6741 болып тіркелген, 2020 жылғы

13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің

эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші

жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының

экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар қалалық мәслихатының

сессия төрағасы

Павлодар қалалық мәслихатының

хатшысы

Мереке Нұрғазыұлы қазынашылық

саласындағы көптеген

өзекті мәселелердің шешілуіне

бастамашы болып, қаржы жүйесі

қызметінің тиімділігін арттыруға,

өңірдің әлеуметтік-экономикалық

дамуына қомақты үлес қосты.

Еңбек демалысында болған

Мереке Нұрғазыұлы қаланың

қоғамдық өміріне де белсенді

қатысып, жас буын өкілдеріне

тәлімгер бола білді.

Мереке Нұрғазыұлының туғантуыстары

мен жақындарының

қайғысына ортақтасып, көңіл

айтамыз. Ол туралы жарқын

естеліктер біздің жүрегімізде

сақталып қалады.

Е.ИМАНСЛЯМ,

Б.БЕКСЕЙІТОВА,

З.МҰҚАШЕВА,

А.РЮМКИН,

К.КЕҢЕСБАЕВ,

Б.ДЕМЕУОВ,

Б.ҚАПЕНОВ,

Р.ҚАСҚЫРБАЕВ.

С.ҚАЛИЖАНОВА.

З.МҰҚАШЕВА.

Түзету

«Saryarqa samaly» газетінің осы жылғы 12 қараша, бейсенбі

күнгі нөмірінің 17-18-беттерінде жарияланған Павлодар қаласы

азаматтық бюджетінің тақырыпшасы «Павлодар қалалық бюджеті.

2021-2023 жылдарға арналған жоба» деп оқылсын.

Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы

«Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Заңының

6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3)

тармақшаларына, Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 20 наурыздағы «Жасыл

екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың

үлгілік қағидаларын, қалалар

мен елді мекендердің аумақтарын

абаттандырудың қағидаларын

және «Ағаштарды кесуге

рұқсат беру» мемлекеттік қызмет

көрсету қағидаларын бекіту туралы»

№235 бұйрығына сәйкес Павлодар

облыстық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының

2018 жылғы 14 наурыздағы

«Павлодар облысының жасыл

екпелерін күтіп-ұстау және қорғау

қағидаларын, Павлодар облысының

қалалары мен елді мекендерінің

аумақтарын абаттандырудың

қағидаларын бекіту туралы»

№220/21 шешіміне (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №5927 болып тіркелген,

2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан

Республикасы нормативтік құқықтық

актілерінің электрондық түрдегі

эталондық бақылау банкінде жарияланған)

келесі өзгерістер мен толықтырулар

енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген

Павлодар облысының жасыл екпелерін

күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында:

3-тармақтың 18) тармақшасы

келесі редакцияда жазылсын:

«18) өтемдік отырғызу жоспары –

отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық

құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін,

сонымен қатар жоспарлы негізге

орайластырылған отырғызуды орналастырудың

графикалық схемасын

қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды

отырғызу жоспары;»;

28-тармақ келесі редакцияда

жазылсын:

«28. Ағаштарды кесу кезінде

ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш

көшеттерін отырғызу жолымен

жүргізіледі.»;

29-тармақ келесі редакцияда

жазылсын:

«29. Уәкілетті органның рұқсаты

бойынша ағаштарды кесу кезінде

қалпына келтірілетін ағаштарды

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына - 5 жыл

«Бес институттық реформаны

жүзеге асыру бойынша 100 нақты

қадам» Ұлт жоспарының 93-қадамын

орындау үшін Мемлекет басшысы 2015

жылғы 12 қарашада «Мемлекеттік

аудит және қаржылық бақылау туралы»

Заңын қабылдады. Бюджет қаражатын,

мемлекет пен квазимемлекеттік сектор

субъектілері активтерін басқару

және пайдалану тиімділігін арттыру

мемлекеттік аудиттің мақсаты болып

табылады.

Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясымен 2016 жылдан

бастап 2020 жылдың қыркүйегіне

дейінгі кезеңде мемлекеттік бағдарламаларды,

мемлекеттік органдардың,

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің

қызметін іске асырудың тиімділігі

сияқты әлеуметтік-экономикалық

маңызды және тәуекелге бағдарланған

бағыттар бойынша 100 аудиторлық

іс-шара жүргізілді.

Аталған кезеңде аудитпен шамамен

494,3 млрд. теңге қамтылды. Аудит

қорытындылары бойынша жалпы

сомасы 153,1 млрд. теңгеге бұзушылықтар

анықталды, оның ішінде

қаржылық бұзушылықтар – 47,8 млрд.

теңге (соның ішінде бухгалтерлік

есеп – 37,8 млрд. теңге), тиімсіз

жоспарлау және пайдалану – 29,7 млрд.

теңге. Бюджетке өтелгені және

қалпына келтірілгені - 47,2 млрд.

теңге. Тексеру комиссиясы аудит

объектілеріне және мүдделі органдарға

аталған кезеңде барлығы 2791 ұсыным

мен тапсырма жіберді, олардың

97,8%-зы орындалды.

Павлодар облысы бойынша

тексеру комиссиясы.

(20191)

Халықпен өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында

«Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінде WhatsApp аккаунты қызмет жасайды – 8 778 054 14 73,

мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы

http://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-econom, economy_gov_pvl

(Instagram) бойынша өңірдегі экономика, бюджеттік жоспарлау саласында,

«Дипломмен – ауылға!» және «Ауыл – ел бесiгi» жобаларын іске асыру

туралы сұрақтар немесе ұсыныстар бойынша хабарласуға болады.

Бұдан бөлек, басқарма басшысы мен басқарма басшысының

орынбасарларының халықты жеке қабылдаулары жүргізіледі.

Жазылу 7 (7182) 32-02-74, 32-13-84 телефондары арқылы немесе Павлодар

қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 (кіру Астана көшесінен), 2-қабат, 205-кабинетте

жүргізіледі.

Басқарма

басшысы

Басқарма

басшысының

орынбасары

Басқарма

басшысының

орынбасары

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2020 жылғы 11 қарашада №7020 болып тіркелді.

Павлодар облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

(VI сайланған ХLIII кезекті сессиясы) №525/43

Павлодар қаласы

өтемдік отырғызу он есе көлемде

жүргізіледі.»;

31-тармақ келесі редакцияда

жазылсын:

«31. Ағаштарды өтемдік

отырғызуды заңды және жеке тұлғалар

өздерінің жеке меншік жерлерінде

немесе маңындағы аумақтарда өз

беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі

түрде кесу кезінде көгалдандыруды,

жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге

асыратын ұйымды қатыстыра отырып,

жалпыға ортақ жерлерде жүзеге

асырады.

Заңды және жеке тұлғалар

ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын

аяқтаған соң ағаштарды кесуге

рұқсат алу кезінде берілген кепілдік

хатқа сәйкес уәкілетті органды

өтемдік отырғызу жоспарына

сәйкес жұмыстардың орындалғаны

туралы хабардар етеді.

Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті

орган ұласып өскен ағаштарды жасыл

екпелер тізіліміне енгізеді.»;

көрсетілген шешімімен бекітілген

Павлодар облысының қалалары мен

елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру

қағидаларында:

3-тармақ келесі мазмұндағы

1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын

орындар – халық үшін

қолжетімді немесе ашық болатын

аумақтар, объектілер;»;

3-тармақ келесі мазмұндағы

6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) халықтың жүріп-тұруы

шектеулі топтары – өз бетімен жүріптұру,

көрсетілетін қызметтер, ақпарат

алу немесе кеңістікте бағдарлану

кезінде қиындық көріп жүрген,

оның ішінде балаларға арналған

арбаларды пайдаланатын адамдар,

қарттар, мүгедектер;»;

5-1-тармақ алынып тасталсын;

20-тармақ келесі редакцияда

жазылсын:

«20. Үй иелерінің аумағында

Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика министрінің 2015 жылғы

3 наурыздағы №183 бұйрығымен

бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы

объектілерге қойылатын санитариялықэпидемиологиялық

талаптар» санитариялық

қағидаларының (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №10796 болып тіркелген)

22-тармағының және Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау

Ирина Петровна

Назарчук

Людмила Рашидовна

Курманова

Ернар Қасымханұлы

Кешубаев

2020 жылғы 30 қазаны

Павлодар облыстық мәслиха тының 2018 жылғы 14 наурыздағы «Павлодар облысының жасыл екпелерін

күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын

абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 220/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі

№187 бұйрығымен бекітілген

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын

жинауға, пайдалануға, қолдануға,

залал-сыздандыруға, тасымалдауға,

сақтауға және көмуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық қағидаларының

(Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17242

болып тіркелген) 55, 56, 57 және

58-тармақтарының талаптарына сәйкес

мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы

кірме жолдармен контейнерлерді

орналастыруға арналған арнайы

алаңдар болады.»;

31-тармақ келесі редакцияда

жазылсын:

«31. Қалалар мен елді мекендердің

аумағын абаттандыру кезінде

халықтың жүріп-тұруы шектеулі

топтарын қоса алғанда, халықтың

барлық санаттары үшін жалпыға

ортақ пайдаланылатын, тұрғын және

рекреациялық мақсаттағы орындарға,

сондай-ақ Заңның 20-бабының 23-16)

тармақшасына сай бекітілген сәулет,

қала құрылысы және құрылыс қызметі

саласындағы мемлекеттік нормативтерге

сәйкес көлік инфрақұрылымы

объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы

жағдайлармен және құралдармен

қамтамасыз етіледі.»;

32-тармақ келесі редакцияда

жазылсын:

«32. Жобалау (жобалау-сметалық)

құжаттамасында көзделген қалалар

мен елді мекендердің аумақтарындағы

абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс

түрлері бекітілген жобалар бойынша

орындалады. Аталған жұмыс түрлері

Қазақстан Республикасының сәулет,

қала құрылысы және құрылыс қызметі

саласындағы заңнамасына сәйкес

жүзеге асырылады.».

2. Осы шешімнің орындалуын

бақылау облыстық мәслихаттың

экономика және бюджет жөніндегі

тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

сәрсенбі

сағат 10:00-ден

13:00-ге дейін

бейсенбі

сағат 14:30-дан

17:00-ге дейін

сейсенбі

сағат 14:30-дан

17:00-ге дейін

Павлодар облыстық

мәслихатының

сессия төрағасы

М.БҰҒЫБАЕВ.

Павлодар облыстық

мәслихатының хатшысы

Б.БЕКСЕЙІТОВА.

205

кабинет

219

кабинет

203

кабинет

(20190)

Нотариус Рахимбергенова Жанар Каиржановна просит наследников

гр.Каиргельды Кабдачаевича Мустапенова, умершего 3 июня 2020 г.,

а также лиц, которые имеют какие-либо сведения о наследниках

подать соответствующее заявление о своих намерениях в отношении

наследственного имущества по адресу: г.Павлодар, ул. Камзина, 74,

офис 98, тел. 33-53-79. (1046)

Облыстық мәслихаттың депутаттары және аппараты облыстық

мәслихат аппаратының басшысы Айгүл Қамзақызы Мардановаға

жақын туысы, облыс қаржы жүйесінің ардагері

Мереке Нұрғазыұлы Иманбаевтың

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9407 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2221

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

БІР ЖӘДІГЕР

Майданда

жазылған поэма

Баянауыл. 1918 жылдың көктемі.

Бестөбенің жап-жасыл бетегесі, сылдырай аққан Мойылды

бұлақтың жағасы.

- Сүрт көзіңді, қорқақ екенсің ғой өзің?!

- Қорқақ емеспін. Қасқырды көргенім осы еді, аға. Түсі қандай

суық, көзі, көзі... - деп мұң шағып жыламсырап жіберді.

«Алашордалықтармен байланыста болды»

деп алымы зор, әдебиет майданының

өрен жүйрігі Дихан Әбілевке жала да

жабылды, ақ пен қарасы таразыланды.

Сөйтіп жүргенінде екінші дүниежүзілік

басталып, 1942 жылы қаламын қару етіп,

майданға аттанды. Осы жылы, жүріп жатқан

барлық майданда қазақ тілінде бірнеше

газеттер шыға бастады. Дихан Әбілев

«Алға - жауға қарсы» газетіне тілші болып

орналасып, соғыстың қауырт уақиғаларын

бейнелеп, майдандағы қаһарман қимылдар

мен жауынгерлердің ерлік образын жасауда

поэзия әлемінде зор қызмет атқарды.

Жау жасағы қара бұлттай түнеріп, оқ

қардай бораған сол оттың ортасында жанын

шүберекке түйіп, қазақ жауынгерлерінің

рухын көтеруде газет беттерінде халық

әндері мен халық композиторларының

әндерін, елден келген хаттарды, қазақтың

ақын жауынгерлерінің жырларын жариялады.

Өзінің шығармаларын да жиі беріп

тұрды. Төрт ай ішінде жазылған үш мың

жолдан тұратын «Майданбек» поэмасы

ойламаған жерден ақынның басына қара

бұлт үйірді. Көлемді поэманың басты

кейіпкері - жылқышы Майданбек. Ақын

өзінің кейіпкері арқылы адамзат баласының

жан түршігерлік тебіренісін жеткізеді:

«...Не сұмдық? Адам. Иә, екі-үш адам...

Адамды өлтіргенше мына маған».

Кең дүние, келешегім болсын қараң, -

деп Майданбек жанындағы жауынгер

жолдастарына ағынан жарылып, әрбірінің

басынан өткізіп жатқан ауыр халді жасырмайды,

ол тіпті:

«Қалтқысыз достарына айтты адалын,

Өлімге қимайтынын адам жанын!»

деп жырлады. Осыдан кейін «ақын Дихан

Әбілев кеңес жауынгерлерін ерлікке

тәрбиелеп, рухын көтерудің орнына,

фашист басқыншыларына оқ атпаңдар

деп үгіттеп жүр. «Ол - неміс тыңшысы»

деген жала жабылды.

1943 жылдың маусым айы. Дихан Әбілев

жазушы жауынгер Мәлік Ғабдуллинмен

кездес- кен соң, тағдыры аяқ асты өзгеріп

сала береді. М.Ғабдуллин жанындағы қарулас

жолдастарымен өмірі қыл үстінде тұрған

ақынның шығармасын бір түнде орыс тіліне

аударып, онда ешқандай да саяси қате

жоқ екенін дәлелдейді.

Сөйтіп, әскери басқарманың шешімімен

Д.Әбілев ақталып, «Майданбек» поэмасын

кітапша етіп шығару үшін бір айға Алматы

қаласына іс сапарға жіберіледі.

Қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің

ерекше күш салуының арқасында ақын

Дихан Әбілев бір сұмдықтан амал қалды.

Әйтпегенде, саяси сенімсіз адам ретінде

ату жазасына, не он жылға сотталуы да

ғажап емес еді?! Бір поэманың осылайша

қазақтың рухани бай, дарынды ұлының

тағдырын күл-талқан ете жаздады.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің қорында 1942 жылдан

1945 жылдар аралығында шыққан «Алға -

жауға қарсы» газетінің жинағы сақталып

отыр. Соның ішінде ақынның 1942 жылы

жарияланған «Майданбек» поэмасы да

бар. Ал, мына әскери планшетте қан

майданда оқ пен оттың ортасында жүріп,

«Майданбек» поэмасының қолжазбасын

сақтаған.

Ақберен, алғыр мінез,

Дихан менмін!

Кәрілігім болмаса, кімнен кеммін?!

Тоқсанды тобығыма

атқосшы етіп,

Келеді жыр сұңқарды

Сілтей бергім, - деген ақынның рухы

қазынамыздағы, халықтың жадындағы өмірі

тым ұзақ, ол өлмейді. Қайта уақыт өткен

сайын тұлғаланып, өсе бермек.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің қызметкері.

БОЛАШАҚ

Әлем

чемпионымен

кездесті

Облыс орталығындағы дарынды

балаларға арналған Абай

атындағы гимназияның

ұстаздары игі бастаманы

қолға алды. Білім ошағының

педагогтары оқушылардың

елге танымал адамдармен

жүздесуіне мүмкіндік жасап

отыр.

Өткен демалыс күндері гимназия

оқушылары қол күресінен екі дүркін әлем

чемпионы, 7 дүркін Азия чемпионы, әлем

кубогының иегері Мағжан Шәмиевпен

мектептің Инстаграм парақшасында

онлайн кездесу өткізді.

Гимназия директорының дарынды

балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары

Бағдәулет Нұрмат әлем чемпионы

Мағжан Шәмиев оқушылармен кездесуге

еш ойланбастан келіскенін атап өтті.

- Әлем чемпионы оқушыларды ынталандырып,

ауқымды істерді жүзеге

асыруға жігерлендірді. Бұл бастама

балалардың тоқсандық демалысын

тиімді өткізу үшін арнайы жоспарланған

шараның бір парасы ғана. Бұдан

бөлек, гимназия қабырғасында «My

first LAB» оқушылардың эксперимент

жасау байқауы мен «IQ БАЛА»

интеллектуалдық жобалары жүзеге

асырылуда. Балалардың кітап оқуы

үшін де ерекше бастамалар қолға

алынған, - дейді Б.Нұрмат.

Айта кету керек, биыл Абай атындағы

гимназия Павлодар облысының ең

үздік мектебі ретінде 34 млн. теңге

грант жеңіп алған еді.

Диляра

жеңіске

жетті

Бүкілресейлік «Голос-

России» вокалдық байқауына

қатысып, бақ сынаған

жерлесіміз Диляра Асаинова

жүлделі орынға ие болды.

Бұл туралы облыстық білім беру

басқармасы мәлім етті. Диляра Асаинова -

Павлодар қаласындағы музыкалық

колледждің 2-курс студенті. «Голос

России» вокалдық байқауында жүлделі

2-орынға ие болған арудың жетекшісі -

Малика Қазмағамбетова. Ол өз шәкіртінің

талантын шыңдап, дарынын танытуда

барлық күш-жігерін салуда.

- Диляра - талантты әнші әрі

мінезі де көркем. Бала кезінен көру

қабілетінде қиындықтар туындағанына

қарамастан, үлкен сахнада өнер

көрсетіп, елдің бағасын алып, өз

көрерменін қалыптастыруды армандайды.

Болашақта талантымен талай

белестерді бағындырып, елімізді әлемге

танытатын өнерпаздардың бірі болатынына

сенемін, - дейді жетекшісі.

Жүлделі орынға ие болған әнші

музыка арқылы әлемді танып, білуге

болатынын айтады.

- Музыка маған өз ойларым мен

сезімімді жеткізуге үйретті. Ал халық

күйлері эмоциялардың тереңдігін

түсінуіме жол ашты. Әсіресе қобыз

аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын.

Бұл жеңіс менің өнер айдынында бекер

жүрмегенімнің айғағы іспетті. Болашақта

ұстазыммен бірге әлі талай белесті

бағындыратыныма сенемін, - дейді

Д.Асаинова.

Қанатың талмасын, Диляра!

Әзірлеген -

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!