18.12.2020 Views

17 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 17 қараша, сейсенбі, 2020 жыл ИІРІМ

SARYARQA SAMALY

БІР ЖӘДІГЕР

Майданда

жазылған поэма

Баянауыл. 1918 жылдың көктемі.

Бестөбенің жап-жасыл бетегесі, сылдырай аққан Мойылды

бұлақтың жағасы.

- Сүрт көзіңді, қорқақ екенсің ғой өзің?!

- Қорқақ емеспін. Қасқырды көргенім осы еді, аға. Түсі қандай

суық, көзі, көзі... - деп мұң шағып жыламсырап жіберді.

«Алашордалықтармен байланыста болды»

деп алымы зор, әдебиет майданының

өрен жүйрігі Дихан Әбілевке жала да

жабылды, ақ пен қарасы таразыланды.

Сөйтіп жүргенінде екінші дүниежүзілік

басталып, 1942 жылы қаламын қару етіп,

майданға аттанды. Осы жылы, жүріп жатқан

барлық майданда қазақ тілінде бірнеше

газеттер шыға бастады. Дихан Әбілев

«Алға - жауға қарсы» газетіне тілші болып

орналасып, соғыстың қауырт уақиғаларын

бейнелеп, майдандағы қаһарман қимылдар

мен жауынгерлердің ерлік образын жасауда

поэзия әлемінде зор қызмет атқарды.

Жау жасағы қара бұлттай түнеріп, оқ

қардай бораған сол оттың ортасында жанын

шүберекке түйіп, қазақ жауынгерлерінің

рухын көтеруде газет беттерінде халық

әндері мен халық композиторларының

әндерін, елден келген хаттарды, қазақтың

ақын жауынгерлерінің жырларын жариялады.

Өзінің шығармаларын да жиі беріп

тұрды. Төрт ай ішінде жазылған үш мың

жолдан тұратын «Майданбек» поэмасы

ойламаған жерден ақынның басына қара

бұлт үйірді. Көлемді поэманың басты

кейіпкері - жылқышы Майданбек. Ақын

өзінің кейіпкері арқылы адамзат баласының

жан түршігерлік тебіренісін жеткізеді:

«...Не сұмдық? Адам. Иә, екі-үш адам...

Адамды өлтіргенше мына маған».

Кең дүние, келешегім болсын қараң, -

деп Майданбек жанындағы жауынгер

жолдастарына ағынан жарылып, әрбірінің

басынан өткізіп жатқан ауыр халді жасырмайды,

ол тіпті:

«Қалтқысыз достарына айтты адалын,

Өлімге қимайтынын адам жанын!»

деп жырлады. Осыдан кейін «ақын Дихан

Әбілев кеңес жауынгерлерін ерлікке

тәрбиелеп, рухын көтерудің орнына,

фашист басқыншыларына оқ атпаңдар

деп үгіттеп жүр. «Ол - неміс тыңшысы»

деген жала жабылды.

1943 жылдың маусым айы. Дихан Әбілев

жазушы жауынгер Мәлік Ғабдуллинмен

кездес- кен соң, тағдыры аяқ асты өзгеріп

сала береді. М.Ғабдуллин жанындағы қарулас

жолдастарымен өмірі қыл үстінде тұрған

ақынның шығармасын бір түнде орыс тіліне

аударып, онда ешқандай да саяси қате

жоқ екенін дәлелдейді.

Сөйтіп, әскери басқарманың шешімімен

Д.Әбілев ақталып, «Майданбек» поэмасын

кітапша етіп шығару үшін бір айға Алматы

қаласына іс сапарға жіберіледі.

Қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің

ерекше күш салуының арқасында ақын

Дихан Әбілев бір сұмдықтан амал қалды.

Әйтпегенде, саяси сенімсіз адам ретінде

ату жазасына, не он жылға сотталуы да

ғажап емес еді?! Бір поэманың осылайша

қазақтың рухани бай, дарынды ұлының

тағдырын күл-талқан ете жаздады.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің қорында 1942 жылдан

1945 жылдар аралығында шыққан «Алға -

жауға қарсы» газетінің жинағы сақталып

отыр. Соның ішінде ақынның 1942 жылы

жарияланған «Майданбек» поэмасы да

бар. Ал, мына әскери планшетте қан

майданда оқ пен оттың ортасында жүріп,

«Майданбек» поэмасының қолжазбасын

сақтаған.

Ақберен, алғыр мінез,

Дихан менмін!

Кәрілігім болмаса, кімнен кеммін?!

Тоқсанды тобығыма

атқосшы етіп,

Келеді жыр сұңқарды

Сілтей бергім, - деген ақынның рухы

қазынамыздағы, халықтың жадындағы өмірі

тым ұзақ, ол өлмейді. Қайта уақыт өткен

сайын тұлғаланып, өсе бермек.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет және

өнер музейінің қызметкері.

БОЛАШАҚ

Әлем

чемпионымен

кездесті

Облыс орталығындағы дарынды

балаларға арналған Абай

атындағы гимназияның

ұстаздары игі бастаманы

қолға алды. Білім ошағының

педагогтары оқушылардың

елге танымал адамдармен

жүздесуіне мүмкіндік жасап

отыр.

Өткен демалыс күндері гимназия

оқушылары қол күресінен екі дүркін әлем

чемпионы, 7 дүркін Азия чемпионы, әлем

кубогының иегері Мағжан Шәмиевпен

мектептің Инстаграм парақшасында

онлайн кездесу өткізді.

Гимназия директорының дарынды

балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары

Бағдәулет Нұрмат әлем чемпионы

Мағжан Шәмиев оқушылармен кездесуге

еш ойланбастан келіскенін атап өтті.

- Әлем чемпионы оқушыларды ынталандырып,

ауқымды істерді жүзеге

асыруға жігерлендірді. Бұл бастама

балалардың тоқсандық демалысын

тиімді өткізу үшін арнайы жоспарланған

шараның бір парасы ғана. Бұдан

бөлек, гимназия қабырғасында «My

first LAB» оқушылардың эксперимент

жасау байқауы мен «IQ БАЛА»

интеллектуалдық жобалары жүзеге

асырылуда. Балалардың кітап оқуы

үшін де ерекше бастамалар қолға

алынған, - дейді Б.Нұрмат.

Айта кету керек, биыл Абай атындағы

гимназия Павлодар облысының ең

үздік мектебі ретінде 34 млн. теңге

грант жеңіп алған еді.

Диляра

жеңіске

жетті

Бүкілресейлік «Голос-

России» вокалдық байқауына

қатысып, бақ сынаған

жерлесіміз Диляра Асаинова

жүлделі орынға ие болды.

Бұл туралы облыстық білім беру

басқармасы мәлім етті. Диляра Асаинова -

Павлодар қаласындағы музыкалық

колледждің 2-курс студенті. «Голос

России» вокалдық байқауында жүлделі

2-орынға ие болған арудың жетекшісі -

Малика Қазмағамбетова. Ол өз шәкіртінің

талантын шыңдап, дарынын танытуда

барлық күш-жігерін салуда.

- Диляра - талантты әнші әрі

мінезі де көркем. Бала кезінен көру

қабілетінде қиындықтар туындағанына

қарамастан, үлкен сахнада өнер

көрсетіп, елдің бағасын алып, өз

көрерменін қалыптастыруды армандайды.

Болашақта талантымен талай

белестерді бағындырып, елімізді әлемге

танытатын өнерпаздардың бірі болатынына

сенемін, - дейді жетекшісі.

Жүлделі орынға ие болған әнші

музыка арқылы әлемді танып, білуге

болатынын айтады.

- Музыка маған өз ойларым мен

сезімімді жеткізуге үйретті. Ал халық

күйлері эмоциялардың тереңдігін

түсінуіме жол ашты. Әсіресе қобыз

аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын.

Бұл жеңіс менің өнер айдынында бекер

жүрмегенімнің айғағы іспетті. Болашақта

ұстазыммен бірге әлі талай белесті

бағындыратыныма сенемін, - дейді

Д.Асаинова.

Қанатың талмасын, Диляра!

Әзірлеген -

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!