28.12.2020 Views

"Сарыарқа самалы" 1 қыркүйек, сейсенбі 2020 жыл №97 (15567)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Білім күні құтты болсын!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

1 қыркүйек, сейсенбі

2020 жыл

№97 (15567)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Ең бастысы –

астық сапасы

ӨҢІР

Нақпа-нақ

Ел бойынша

талшықтыоптикалық

байланыс желісімен

828 ауыл

қамтамасыз

етілмек

ПАРТИЯ

Көшбасшылар

таңдалуы

керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

төрағалығымен Nur Otan

партиясы Саяси кеңесі Бюросының

отырысы өтті. Басқосуда

Бюро мүшелері «Сенім. Диалог.

Болашаққа нық қадам – Nur Otan

партиясының 7 серпіні» атты

партия жұмысын «қайта жандандыру»

бағдарламасының жүзеге

асырылуын және партияішілік

сайлау өткізуді талқылады.

Облыстың астықты өңірлерінде бүгінде жиын-терім жұмыстары

қызу жүргізілуде. Ала жаздай еткен еңбектің өтеуін көретін мезгілде

астықты шашпай-төкпей жинап алу аса маңызды. Фермерлердің

науқанды қалай жүргізіп жатқанымен таныспақ ниетте облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл және Железин аудандарына жұмыс

сапарымен барды. Сондай-ақ жергілікті ауызсумен қамту жобаларын

тексеріп, ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады.

Сұхбат:

Жалғасы 2-бетте

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ДА ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫ БАР»

Бүгін еліміз жаңа оқу жылын қарсы алып, оқушы біткен білім айдынына қарай құлаш ұрды.

Биыл мектептегі білім беру үрдісі тарихта алғаш рет екі түрлі форматта басталмақ. Жаңа оқу

жылына қаншалықты дайынбыз? Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам

Болатханұлын әңгімеге тарттық.

Толығырақ 4-5-беттерде

Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген

сөзінде Елбасы қазіргі уақытта қоғам

тарапынан праймериздерге үлкен қызығушылық

байқалып отырғанын атап өтті.

– Адамдар елдің қоғамдық және

саяси өміріне белсенді қатысқысы

келеді. Біз партияны қайта жүктеудің

дұрыс векторын таңдадық. Ел проблемаларын

бірлесіп шешу үшін ашық диалогты

қамтамасыз ету маңызды. Праймериздің

міндеті – халықтық партиялық тізімдерді

қалыптастыру. Бәсекелестік негізде

жоғары қоғамдық қолдауы бар, нақты

жағдайды білетін беделді көшбасшыларды,

белсенді адамдарды таңдау керек, –

деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Nur Otan партиясының төрағасы праймеризге

қатысушылар жергілікті жерлердегі

күрмеуі қиын мәселелерді ашық көтеріп,

кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер

ұсынуы тиіс екенін атап өтті.

– Біз өз өңірін және елін дамытуға

іс жүзінде атсалысуға дайын барлық

адамдарға арнап «әлеуметтік лифт» құрдық.

Қыркүйек айында жергілікті бағдарламалардың

барлық 216 жобасы жарияланатын

болады. Кеңінен талқылау электоралдық

міндеттерімізді халықтың сұраныстары

мен мұқтаждықтарына сәйкес

келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ

бес жылдық мерзімге арналған бағдарламалар

халықтың пікірін ескере отырып

қайта пысықталады, әр аудан, қала және

облыстың бюджеттік мүмкіндіктерімен

үйлестіріледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы партияішілік іріктеу кезеңдерін

жүзеге асыру бойынша сапалы ұйымдастырылған

жұмыспен қамтамасыз етудің

маңыздылығына назар аударды.

Әзірлеген – М.ҚАПАНҰЛЫ.


2 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Ең бастысы – астық сапасы

Басы 1-бетте

Тереңкөл ауданында Әбілқайыр Сқақов

бірнеше шаруа қожалықтарының – «Лысов»

ШҚ, «Алекпаров» ШҚ, «Алтай» ШҚ, «Команов»

ШҚ және «Вильгельм» ШҚ алқаптарында

болды. Фермерлердің көпшілігі өткен

жаздағы жауын-шашынның жоқтығы егін

көлеміне әсер еткенін атап өтті. Бүгінгі

таңда жергілікті диқандар әр гектардан

10 центнерге дейін өнім жинап жатыр.

Дей тұрғанмен, шаруалардың айтуынша,

олар бидайды тартымды бағамен сату

мүмкіндігіне ие. Облыс әкімі қолда бар

астықты сақтап қалу қажеттігіне назар

аударды.

- Жұмыстарды агротехникалық мерзімде

атқарып үлгеру маңызды. Ең бастысы -

астықтың сапасын қамтамасыз ету, бидайды

уақытында жинап, кептіру, астықты ереже

бойынша сақтау, - деді өңір басшысы.

«Алекпаров» шаруа қожалығының

алқаптарында Әбілқайыр Сқақов кәсіпорынның

механизаторы Александр Кучуркинмен

сөйлесті. Ол аталмыш шаруа қожалығында

10 жылдан бері жұмыс істеп келеді және

«John Deere» егін жинау кешенін басқарады.

Өкінішке қарай, ауылда заманауи комбайндармен

жұмыс істей алатын механизаторлар

жетіспейді. Облыс әкімі механизаторларды

даярлау және қайта даярлау

облыстағы техникалық және кәсіптік білім

беруді дамытудың бір бағыты болуы мүмкін

екенін атап өтті.

Өңір басшысы Львовка ауылында

жергілікті «Вильгельм» шаруа қожалығының

есебінен салынған балабақшаға барды.

Жобаның құны меценатқа 40 миллион

теңгеге түсті. Бүгінде 30 балаға арналған

бөбекжайға ауылдың 2-ден 5 жасқа дейінгі

24 баласы барады. Сондай-ақ кәсіпкер

Александр Вильгельм ауылда тұрып қалған

ғимаратты қайта қалпына келтіріп, қонақ

үй кешенін ашты.

Байқоныс ауылында Әбілқайыр Сқақов

мәдениет үйінде болды. Биылғы жылы

мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы»

бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу

жүргізілді. Ауыл тұрғындары жөндеу сапасына

риза екендіктерін айтты. Облыс әкімі

құрылысшылар мен мемлекеттік органдардың

жұмысына тұрғындар баға беруі тиіс екенін

еске салды. Өңір басшысы сондай-ақ

«Иларбек» шаруа қожалығының шұжық

өнімдерін өндіретін жергілікті цехында

болды. Мұнда 80-ге жуық өнім шығарылып,

бүкіл облыс бойынша жеткізіледі.

Тереңкөл ауылында Әбілқайыр Сқақов

балалар, оқушылар үйінде, музыка мектебінде

және дене шынықтыру-сауықтыру

кешенінде болды. Аудан әкімі Ернұр Әйткенов

аудан орталығында биыл 20 көше жөнделгенін

айтты. Ауылда үш шақырымнан аспайтын

ауылішілік көшелерді абаттандыру қалды.

Келесі жылы оларды аудандық бюджет

есебінен жөндеуге уәде берген екен.

Қызылтаң ауылында өңір басшысы су

құбырының құрылысын тексерді. Орталық

сумен жабдықтауға барлық 107 ауланың

тұрғындары қосылуға дайын. Алайда,

құжаттамаға сәйкес, жоба келесі жылы,

су тазарту станциясы орнатылған соң ғана

аяқталу керек. Әбілқайыр Сқақов ауыл үшін

өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдық

жобалардың мұндай жоспарлануын сынға

алды.

- Орталық сумен жабдықтауға байланысты

жоба бір жылдан екінші жылға

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

ауыспауы керек. Адамдарды күттірмеу үшін

бізге жедел шешімдер қажет, - деді әкім.

Железин ауданының Башмачное ауылында

да осындай жағдай орын алыпты. Мұнда

су құбырын салу жобасы 13 айға есептелген.

Мердігер нысанды биылғы жылы

тапсыруға дайын, бірақ оған деген қаражат

келесі жылға ғана жоспарланған. Өңір

басшысы жобаны осы жылдың соңына

дейін аяқтау мүмкіндігін қарастыруды

тапсырды. Жаңа су құбырынан басқа

Башмачноеда жаңартылған мәдениет

үйінің ашылуы күтілуде.

Башмачное-Озерное тас жолында

Железин ауданының басшысы Қанат

Қашкиров жол төсемінің жөнделуі туралы

баяндады. Ауыл тұрғындары бірнеше рет

шағымданған проблемалық учаске бүгінде

ресайклинг технологиясы бойынша абаттандырылуда.

Бұл жолдың беріктігі мен

сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Уәлиханов ауылында Әбілқайыр Сқақовқа

тағы бір жобаның жүзеге асырылуы туралы

баяндалды. 150-ден астам жеке аулалар

мен нысандарды орталық сумен қамтамасыз

ететін су құбырын іске қосу-реттеу қазан

айының басына жоспарлануда. Қараша

айының ортасында ауыл тұрғындары сапалы

ауызсу алады деп күтілуде. Уәлиханов

тұрғындары облыс әкімінен басқа мәселені

шешуді сұрады - жергілікті фельдшерлікакушерлік

пунктте медицина қызметкері

жоқ. Алдыңғы медицина қызметкері өткен

жылдың соңында зейнетке шықты. Өңір

басшысы бұл мәселені бір айлық мерзімде

шешуді тапсырды.

Железинка ауылында Әбілқайыр

Сқақов үшінші жыл жұмыс істеп келе

жатқан «Кукузов» ЖК-нің жол бойындағы

кешеніне кірді және «Витковский» ЖК

шұжық цехының жұмыскерлерімен сөйлесті.

Сондай-ақ әкім өткен жылы «Ауыл - ел

бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі

жөндеу жұмыстары жүргізілген аудандық

мәдениет үйінде болды. Мәжіліс залында

өңір басшысы жергілікті волонтерлермен

және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен

кездесіп, оларды Конституция күнімен

құттықтады.

- Біз биылғы жылы еріктілердің үлкен

еңбек атқарғанын көріп отырмыз, - Бұл -

біздің зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері

бар адамдарға және әлеуметтік осал

топтарға көрсетілген көмек. Сіздердің

қатарларыңыз әлі де толыға түсіп, біздің

облыста волонтерлер қозғалысы одан әрі

дами береді деп үміттенемін, - деді әкім

еріктілерге.

Железин ауданында Әбілқайыр Сқақов

бірнеше шаруа қожалықтарының – «Agro

Capital» ЖШС, «Алтын жер» ШҚ және

«Пахарь» ШҚ алқаптарында болды. Жергілікті

фермерлер де осы жазда жаңбырдың

болмағанына назар аударды. Қазір мұнда

ауыл шаруашылығы өндірушілері бір

гектардан 11 центнерге дейін бидай алады.

«Agro Capital» ЖШС-де дәнді дақылдардан

басқа, суармалы жерлерде картоп өсіріледі.

Компания қазірдің өзінде танымал бөлшек

сауда желісіне шамамен 5 мың тонна картоп

жеткізу келісімшартына ие. Облыс әкімі

жергілікті картоп өсірушілерге маусымаралық

кезеңде - қаңтардан сәуірге дейін ішкі

нарық үшін қажетті сапалы өнім көлемін

сақтау қажет екенін атап өтті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

ҚАУІПСІЗДІК

Біздің батырлар!

Жұма күні облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

жергілікті волонтерлермен және меценаттармен

кездесті. Оларға пандемиямен күрес

кезінде павлодарлықтарға көрсеткен көмегі

үшін алғыс білдірді.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің

мамандары жылу маусымы кезінде өрт фактілерінің

алдын алу мақсатында ауқымды жұмысты қолға

алған. Бұл ретте өңірде «Өрт қауіпсіздігі» айлығы

өткізілуде. Мамандар жеке сектордағы үйлерді

аралап, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 2 мың

отбасыны есепке алған.

Маусым

аяқталды

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов облысымыздағы еріктілер

қозғалысы мемлекеттік

органдардың қолдауына сенім

арта алатынын айтты.

- Ертіс-Баян өңірінің халқын

қиын кезде қолдаған барлық

еріктілер мен меценаттарды

жинау мүмкін болмады.

Қиын кезде волонтерлердің

көпшілігі өз денсаулықтары мен

жақындарының денсаулығына

қауіп төніп тұрғанына қарамастан,

алдыңғы қатарда болды.

Блокпостарға ыстық тамақ

апарып, провизорлық госпитальдарда

жұмыс істедіңіздер.

Тіпті, мұқтаж адамдарға дәрідәрмек

те тасыдыңыздар. Кейде

еріктілер мен меценаттар

бүкіл мемлекеттік аппаратқа

қарағанда тиімдірек жұмыс

істейтінін мойындау керек.

Сіздерді батырлар деп атаса

да болады, - деді Ә.Сқақов.

Жиында сөз алған «Клуб

Добряков Павлодара» ұйымының

жетекшісі Асхат Құсдәулетов

Covid-19-бен күрес кезінде

белсенділердің қалай еңбек

еткенін айтты.

- Біздің орталықтың құрылғанына

4 жылдан асты. Осы

уақыт аралығында біз ауыр

дертке шалдыққан 100-ден

астам баланың еміне шамамен

250 млн. теңге жинадық. Мұнда

барлық жерлестеріміздің қосқан

үлесі бар. Ал пандемия кезінде

облыс орталығында көпқабатты

үйлер екіапталық карантинге

жабылғанда біздің команда

олардың тұрғындарына азықтүлік

жиынтықтарын жеткізуді

өз жауапкершілігіне ала

білді. Жалпы осы кезеңде

4 мыңға жуық адам көмекпен

қамтылды. Ең бастысы -

жабық үйлерден карантин

алынып тасталғанда, олардың

тұрғындары біздің клуб арқылы

басқа павлодарлықтарға көмектесе

бастады. Бұл «жақсылық

бумерангы» деп аталады, -

деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар

өңір басшысына өздерін

толғандырған сұрақтарын қойса,

жиынға келе алмаған шалғай

елді мекендегі белсенділер өз

ризашылықтарын бейнеүндеу

арқылы жеткізді. Сонымен қатар

бірқатар волонтер мен меценат

облыс әкімінің Алғыс хатына

ие болды.

Бұл туралы онлайн форматта

өткен брифинг барысында

облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің басшысы Ернұр

Өтегенов мәлім етті. Оның айтуынша,

аталмыш шара кезінде

қызметкерлер жеке сектордағы

үйлерді аралап, пешті дұрыс

жағудың тәсілдерін үйретуде. Өрт

қауіпсіздігін сақтаудың ережелерін

түсіндіруде. Сонымен қатар, есепке

алынған отбасылардың үйлеріне

өрт қаупі төнгенде дабыл қағатын

арнайы датчиктерді орнатуда. Өткен

жылы аймағымызда жылу мауымы

кезінде 362 өрт тіркелген. Оқыс

жағдайларға адамдардың пешті

дұрыс қолданбауы, қауіпсіздік

ережесін қатаң сақтамауы себеп.

Сонымен қатар, темекі тұқылының

қызыл жалынға ұласу фактілері

де орын алған.

Ернұр Сапарұлы 31 тамыздан

суға түсу маусымы аяқталғанын

айтты. Биыл облыста 20 адамның

ажалы судан болған. Өкінішке

қарай, бақилық болғандардың

қатарында 3 бала бар.

- Биыл елдегі пандемияға

байланысты тұрғындар суға түсе

алмады. 15 тамыздан бастап

Баянауыл ауданында суға түсуге

рұқсат берілді. Аталмыш орында

ерікті құтқарушылармен қатар,

6 маманды арнайы жіберген едік.

Олар 31 тамызға дейін Торайғыр,

Жасыбай, Сабындыкөл көлдеріне

суға түскен адамдардың қауіпсіздігін

бақылады. Сонымен

қатар, тауға өрмелеп шыққан

альпинистердің жағдайын назарға

алуда. Соңғы күндері суға түсуге,

таудағы туризмге қатысты оқыс

жағдайлар тіркелмеді, - дейді

Е.Өтегенов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 3

ДҮНИЕ-ДУМАН

Ата Заңға арналды

Аймағымызда ҚР Конституциясының 25 жылдығы

өз деңгейінде атап өтілді. Атаулы мерекеде мәдениет

саласының қызметкерлері онлайн режимде концерт

ұйымдастырып, жұртшылық назарына көрме ұсынды.

Тұрғындар қашықтан қойылым тамашалап, Ата Заң

мерекесіне арналған арнайы бағдарламаларды көру

мүмкіндігіне ие болды.

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдайдың

тұрақталуына байланысты карантин шаралары тағы

да жеңілдеді. Кешеден бастап өңірде қалааралық және

ауданаралық жолаушылар тасымалына рұқсат берілді.

Сонымен қатар, мәдени және діни нысандардың жұмысы

қайта жанданды.

Автобус қатынасы

қалпына келді

Тәуелсіздігіміздің тірегіне

айналған Конституция күнінде

Иса Байзақов атындағы облыстық

филармонияның шығармашылық

ұжымы 10 күндік мерекелік

ән-шеру ұйымдастырды. Филармонияның

бас редакторы

Сәуле Мұқаеваның айтуынша,

көрермендер жергілікті әншілердің

өнерін әлеуметтік желі арқылы

тамашалады. 20 тамызда бастау

алған әсем кештің қорытындысы

30 тамызда өткізілді.

- 10 күнге созылған ауқымды

шара арқылы жастарды

патриоттыққа, салт-дәстүрді

сақтауға, туған тілді құрметтеуге

шақырдық. Адамгершілікке,

ұлтжандылыққа тәрбиеледік.

Отан тақырыбында шырқалған

әндерді онлайн тамашалаған

көрермен көп болды. Өнерпаздар

туған елге деген махаббаттарын

әнмен жеткізуге тырысты, -

дейді ол.

Облыстық көркемсурет музейі

көрерменге ерекше тарту жасады

десек, қателеспейміз. Мекеме

ұжымы «Еліміздің танымал адамдары»

атты көрме ұйымдастырды.

Облыстық көркемсурет музейінің

басшысы Айгүл Нұрғамысованың

айтуынша, онлайн көрмеде

көрермен назарына 25 танымал

тұлғаның портреті ұсынылған.

ҚҰҚЫҚ

Мұғалім мүддесі

қорғалады

Қазақстанда педагогикалық этика және мұғалімдердің құқығын қорғау

кеңесі құрылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәлімдеді.

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов Facebookтегі

парақшасында педагог

мәртебесін көтеру бойынша

қандай жұмыстар атқарылатынын

айтып берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев министрлікке

«Педагог мәртебесі туралы»

заң нормаларын іске асыру

бойынша атқарылып жатқан

жұмыстарды жалғастыруды

тапсырды. Аталған құжаттың

маңызды ережелерінің бірі –

педагогті міндетіне жатпайтын

функцияларға тартудан қорғау,

орынсыз есептіліктен босату.

Бұл нормалар жаңа оқу жылы

қарсаңында өте өзекті», - деп

жазды министр.

Министрліктің осыған қатысты

қатаң ұстанымдарына қарамастан,

министр бұл ережелерді бұзу

фактілері әлі де кездесетінін

айтты.

Жалпы осы қысқа уақыттың

өзінде Білім саласында сапаны

қамтамасыз ету жөніндегі

аумақтық департаменттерге

жүзден астам өтініш келіп

түсті. Нәтижесінде лауазымды

тұлғаларға да, оқушылардың

ата-аналарына да қатысты

30-дан астам әкімшілік жаза

- Еліміздегі пандемияға

байланысты мекеме барлық

шараны қашықтан ұйымдастырып

келеді. Бұл бағытта әлеуметтік

парақша арқылы көп жұмыс

жүргізілді. Оқырман қатары да

күн сайын көбейіп келеді. ҚР

Конституциясының 25 жылдығы

аясында музей қорында

сақталған, елімізге және шетелге

танымал суретшілердің қолынан

шыққан ұлы тұлғалардың суретін

ұсындық. Құнды дүниелер 56

жыл бойы музейде сақталып

келеді. Туындылар майлы бояумен

салынған. Бұл ретте тұрғындар

Әбу Насыр әл-Фараби, Абай

Құнанбайұлы, Кенен Әзірбаев,

Дина Нұрпейісова сынды танымал

тұлғалардың портреттерін тамашалады,

- дейді ол.

Мереке күні Бұқар жырау

атындағы әдебиет және өнер

музейінде «Ата Заң – Тәуелсіздік

негізі» тақырыбында көрме

ұйымдастырылса, Г.Н.Потанин

атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейінде «Ата Заңым –

айбыным» тақырыбында дәріс

өтті. Ал Аймауытов атындағы

облыстық қазақ музыка-драма

театры «Youtube» арнасы арқылы

Е.Төлеубайдың «Оян, қазақ...

Ойлан, қазақ!» қойылымын

ұсынды. Естай атындағы мәдениет

қолданылды. Бұл жұмыс

тұрақты түрде жүргізіледі.

Заңсыздыққа жол берген

жауапты тұлғаларға қатысты

шаралар мұнымен шектелмейді.

Әкімшілік жазалардан бөлек,

жұмыстан босату туралы

шешімдер де қабылданады», -

дейді ведомство басшысы.

«Мұғалімдердің құқығын

қорғау – жергілікті аумақтық

орган басшыларының да,

мектеп директорларының да

тікелей міндеті. Педагогтардың

құқықтарын қорғау туралы

айтқанда, мұғалімдер өз

міндеттерін адал орындау

мәселесін де есте сақтауы қажет.

Өйткені жаңа Заңның талаптары

да жаңа. Педагогикалық

қызметпен айналысатын әрбір

жан жас ұрпаққа үлгі болып,

өз жұмысында адамгершілік

қағидалары мен моральдік

құндылықтарды басшылыққа

алуы тиіс. Мінез-құлық

мәдениеті, әдептілік, адалдық,

адамның ар-намысы мен

қадір-қасиетін құрметтеу –

педагогикалық этиканың негізі.

Осы қағидалардың сақталуын

бақылау үшін біз мұғалімдерге

қатысты құқықбұзушылықтар мен

педагогикалық этиканы өрескел

сарайында «Ұлы елді асқақтатар

Ата Заң» концерті мен «Мен

Қазақстан Республикасының

азаматымын» тақырыбында

флешмоб өтті.

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың ұжымы

жұртшылық назарына келелі

сұхбат ұсынды. Мекеменің

өлкетану және цифрлық технологиялар

бөлімінің жетекшісі

Марал Тәженованың айтуынша,

ауқымды шара қонақтары ҚР

Конституциясы, азаматтардың

құқығы, жастарды отансүйгіштікке

тәрбиелеу, қоғамда сыбайлас

жемқорлықты жою мәселелерін

сөз еткен. Бұл ретте кездесуге

«Ертіс – адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің жетекшісі

Ризабек Исабеков пен Павлодар

мемлекеттік педагогикалық

университетінің профессоры,

заң ғылымдарының кандидаты,

доцент Виктор Жамулдинов

келген.

Атап өтерлігі, Конституция

күніне арналған мерекелік шара

өңіріміздің барлық қалааудандарында

да аталып

өтті. Жұртшылық өнерпаздар

ұсынған патриоттық

тақырыптағы әндерді тыңдап,

рухани ләззат алды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

бұзу туралы даулы мәселелерді

қарастыратын арнайы алқалы

орган құруды қарастырудамыз.

Бұл – педагогикалық этика

және мұғалімдердің құқықтарын

қорғау жөніндегі кеңес.

Мұндай институт алғаш

рет пилоттық режимде осы

жылдың тамыз айынан бастап,

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс

істей бастады. «Болашақта этика

бойынша Кеңестер еліміздің

барлық аймағында құрыла

алады. Олар білім беру саласында

сапаны қамтамасыз ету

департаменттері жанында жұмыс

істейтін болады. Барлығымыз

мемлекеттік қызметкерлердің

Әдеп жөніндегі кеңесінің тиімді

жұмысының куәсі болдық. Біздің

жаңадан құрылған Кеңестеріміздің

қызметі соның үлгісі бойынша

ұйымдастырылады. Мұның бәрі –

үлкен бастама: әр мұғалім

өзінің мәртебесін мақтан тұтуы

керек. Ыңғайлы жағдайда

жұмыс істеп, сапалы білім

беруі керек. Өйткені біздің

балаларымыздың әл-ауқаты мен

білімі - ұстаздардың қолында», -

дейді Білім және ғылым министрі.

Әзірлеген - Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

Бұл туралы онлайн форматта өткен

брифинг барысында облысымыздың

Бас мемлекеттік санитар дәрігері

Батырбек Әлиев мәлім етті. Бұл

ретте қаулыға бірқатар өзгертулер

мен толықтырулар енгізілген. Оған

сәйкес, 31 тамыздан бастап қала және

ауданға қатынайтын жолаушылар автобусы

қызметіне кірісті. Кітапханалар

мен музейлердің де жұмысына рұқсат

берілді. Бірақ театр, концерт залдары

және көрме көрермендерді қабылдай

алмайды. Мешіт, шіркеу сынды діни

нысандар да ашылды. Мұндай орындарда

ұжымдық шараларды өткізуге

тыйым салынған. Қызметін қайта

жандандырған нысандар санитарлық

талапты қатаң сақтауы тиіс.

- Қаулыға енгізілген толықтыруларға

сәйкес, бассейндердің

жұмысына рұқсат берілді. Бірақ

адамдар алдын ала жазылуы тиіс.

Бір адамға кемінде 5 шаршы метр

аумақ берілуі қажет. Жеке және

топтық жаттығуларды жасауда спорт

кешендерінің қызметі де басталды.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің,

қорықтардың жұмысына да рұқсат. Бірақ

келушілердің саны 15 адамнан аспауы

керек. Сонымен қатар, сыныптағы

балалар саны 15-тен аспайтын,

ата-аналардың өтініші бойынша кезекші

сыныптың жұмыс істеуіне рұқсат

берілді. Қашықтан өткізуге мүмкіндік

болмаған жағдайда отырыстарды

ұйымдастыруға болады. Облыстағы

эпидемиологиялық жағдайды ескере

отырып, «Балдәурен» республикалық

Сақтықта

қорлық жоқ

Карантиндік шектеулердің алына бастағанын желеу

етіп, санитарлық талаптарға атүсті қарайтындар аз емес.

Мұны қаперіне алған еріктілер «Жақыныңа жанашыр

бол!» акциясын жиі өткізіп, тұрғындарға үгіт-насихат

жұмыстарын жүргізуде.

Жансері СЪЕЗБЕК

Еріктілер орталығының жетекшісі

Жанар Әйткенованың айтуынша,

мұндай шаралар мамыр айынын

бастап ұйымдастырылып келеді.

Тіпті, аптасына 2-3 мәрте өткізіліп

те жүр.

- Қоғамдық орындарда тұрғындардың

тығыз шоғырланатынын көріп

Сурет газет мұрағатынан алынды.

білім беру-сауықтыру орталығының

қызметіне рұқсат берілді. Қаулыдағы

талаптарды сақтай отырып ерекше

білім беруді қажет ететін балаларға

арналған арнайы, мамандандырылған

ұйымдардың, арнайы мектепинтернаттардың,

жалпы типтегі мектепинтернаттардың,

дарынды балаларға

арналған мектеп-интернаттардың да

жұмысы басталды, - деді Батырбек

Әлиев.

Атап өтерлігі, аймағымызда

демалыс және мереке күндеріне

арналған шектеу шаралары жалғасын

таппақ. Бірақ қоғамдық көліктердің

қызметіне рұқсат беріледі. Кеше

облыс орталығында барлық автобустар

мен шағын автобустар толық

қатынаған жоқ. Өңірдің бас санитар

дәрігері олардың қызметіне рұқсат

бергенімен, қоғамдық көліктердің

жұмысқа шығуын не шықпауын тасымалдау

ұйымы шешеді екен.

Демалыс және мереке күндері

азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды

қоспағанда, сауда және ойын-сауық

орталықтарының, сауда үйлерінің,

сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады.

Жабық базарлар тұтынушыларды

қабылдамайды. Сұлулық салондарының,

шаштараз, косметологиялық

қызмет көрсететін объектілердің

жұмысына да рұқсат жоқ. Фитнес

орталықтары, сауна, бассейндер де

жұмыс істемейді. Тұрғындар діни

объектілерге де бара алмайды.

Айдана АСҚАРҚЫЗЫ.

жүрміз. Қауіптісі сол, қарапайым

санитарлық талаптарды сақтамай,

бетпердесіз жүретіндер қаншама?

Осы ретте, волонтерлік орталықтың

еріктілері акция шеңберінде қоғамдық

орындарды аралап, павлодарлықтарға

жеке қорғану шараларын

сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде.

Жақында Орталық жағажайда

болып, демалушыларға үнпарақтар

тараттық, - дейді Ж.Әйткенова.


4 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл БІЛІМ

SARYARQA SAMALY

Оқу көпке жеткізеді,

Білімі сапалы, тәрбиесі саналы елдің болашағы жарқын. Ұрпақтың рухани

кемел болу жолында ұстаз, ата-ана және оқушы үшеуі бірдей жауапты. Ендеше

жаңа оқу жылы сәтімен басталып, табыспен аяқталу жолында әркім өз үлесін қосса

игі. 1 қыркүйек - білім күніне арналған айқарманы назарларыңызға ұсынамыз.

ЖЕТІСТІК

№1 Майқайың жалпы қазақ

орта мектебі - дарынды

ұл-қызды тәрбиелеп келе

жатқан іргелі білім ордасы.

Мектептің іргетасы сонау

1930 жылы алтын өндіру

кенішінің ашылуымен бірге

қаланған. 90 жылдық тарихы

бар қарашаңырақ 2014 жылы

жаңадан бой көтеріп, заманауи

ғимаратқа айналды.

90 жылдағы

қуаныш

Биыл Павлодар облысындағы мектептер

арасында «Орта білім беретін үздік ұйым»

байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау

қорытындысы бойынша Самал Мәжитова

басқарып отырған №1 Майқайың орта

мектебі 90 жылдық мерейтойы және жаңа

оқу жылының басталуы қарсаңында үздік

деп танылып, 50 миллион теңге көлеміндегі

грантқа ие болды. Еңбекпен келген қомақты

сома мектептің материалдық-техникалық

базасын нығайтуға, жарықтандыру жүйесін

жақсартуға және білім беру саласын ғылымиәдістемелік

тұрғыдан қамтамасыз етуге

жұмсалады. Осы жеңіске жету жолында мектеп

педагогтері мен оқушылары жылдар бойы

аянбай тер төкті. Мәселен, министрліктің

«Білім беру мазмұнын жаңарту» пилоттық

жобасына қатысып, толағай табысқа жетті.

Жыл сайын «Алтын белгі» иегерлері мен

мемлекеттік грантты жеңіп алғандардың саны

артуда. Ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым

министрлігінің және Павлодар облыстық білім

беру басқармасы басшысының Құрмет

грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталып

келеді. Жаңартылған білім беру

мазмұнын меңгеруде еліміздегі мектептердің

алдыңғы қатарынан көрініп, ҚР Білім және

ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік

білім беру сайты» облыстық байқауының

«Ең мазмұнды сайт» номинациясын ұтып

алды.

Мектеп тарихында алғаш ие болған

жүлдемізге ұжым ерекше қуанышты.

Болашақта биік белестерді бағындырып,

ауданымыздың мәртебесін көтеруде талмай

еңбек етуге дайынбыз!

№1 Майқайың орта

мектебінің ұжымы,

Баянауыл ауданы.

«Қашықтан оқытудың да

пайдалы тұстары бар»

Бүгін еліміз жаңа оқу жылын қарсы алып, оқушы

біткен білім айдынына қарай құлаш ұрды. Биыл

мектептегі білім беру үрдісі тарихта алғаш

рет екі түрлі форматта басталмақ. Жаңа оқу

жылына қаншалықты дайынбыз? Облыстық

білім беру басқармасының басшысы Дінислам

Болатханұлын әңгімеге тарттық.

- Дінислам Болатханұлы,

биылғы оқу жылында қанша

оқушы мектеп табалдырығын

аттауы тиіс еді? Дайындық

қалай жүріп жатыр?

- Жаңа оқу жылының

дайындығы өз деңгейінде атқарылуда.

Жалпы, аймағымызда

357 мектеп жұмыс істейді, оның

біреуі – жекеменшік мекеме.

Болжамды мәліметтерге сүйенсек,

оқушылар контингенті

112 мыңды құрайды. Тек бірінші

сыныпқа 13 мыңға жуық бала

барады деп жоспарлануда.

Еліміздегі эпидемиологиялық

ахуалға байланысты жаңа оқу

жылы екі форматта бастау

алады. Біріншісі қашықтан

оқыту болса, екіншісі – штаттық

режимде білім беру. Біз үшін

балалар мен педагогтардың

денсаулығы бірінші орында.

Оны ата-аналарға да дұрыс

жеткізіп, олар да дұрыс түсінулері

керек. Уайымдап отырған атааналар

көп, өзімізде де бала

бар. Жалпы, мектеп балаларды

қабылдаудан ешқашан

қашпайды. Бірақ, білім ордаларын

COVID-19 жұқпалы індетінің

таралу ошағына айналдырып

алмауымыз керек. Қашықтан

оқыту негізінен қала мектептеріне

қатысты. Ал шалғай ауылдардағы

шағын жинақты мектептер

дәстүрлі түрде сабақтарын

бастайды. Мұндай мектептерде

санитарлық талаптардың

қатаң сақталуын қадағалап

отырмыз. Өзіміз алгоритмін

әзірледік, министрліктен де

нұсқаулықтар келді. Бұл ретте

мұғалімдерге де көңіл бөлеміз.

Егер мұғалімнен қандай да бір

ауру белгісі байқалса, баламен

қарым-қатынас жасауын бірден

тоқтатамыз. Яғни, қашықтан

жұмыс істеуге көшіреміз. Бұл

мұғалімнің міндеті азайып,

айлығы қысқарып қалады

деген сөз емес.

- Өткен жылдың төртінші

тоқсанында қашықтан

оқыту жүйесіне алғаш бет

бұрған кезде ата-аналар да,

ұстаздар да көп қиындыққа

тап болды. Себебі, біз

мұндай жағдайды алғаш

бастан өткердік. Биылғы

жаңа оқу жылының басталуына

орай сол проблемалар

қаншалықты шешімін

тапты?

- Негізі, қашықтан оқыту форматының

жақсы жақтарын да

көрдік. Яғни, білімді бетпе-бет

отырып қана емес, қазіргі технологияны

пайдаланып, үйде

отырып та оқуға болатынына көз

жеткіздік, оқушылар да түсінді.

Сонымен қатар, оқушылар мен

мамандарды компьютермен

қамтамасыз ету мәселесін

шешуді бірден қолға алдық.

Иә, кейбір мұғалімдердің өзінде

не компьютер, не интернет

болмай қалған жағдайларды

кездестірдік. Дегенмен, өзіміздің

ішкі ресурстарды толық пайдалана

отырып, бұл мәселені шештік.

Облысымыздағы барлық

мектеп қашықтан оқыту форматына

көшті. Тағы бір айтарым,

қашықтан оқу дегеніміз – онлайн

оқу емес. Тек интернетте ғана

отыру керек деген сөз жоқ.

Оның әртүрлі тәсілдері бар.

Біз соның барлығын пайдалана

білдік. Міне, сол кездегі

уақытында қабылданған шешімдердің

арқасында біздің балаларымыз

аурудан аман өтті.

Жұқпалы індеттің кең таралып

кетуіне ешқандай себеп

қалдырған жоқпыз. Негізі,

Павлодар облысының барлық

мектептері интернетпен қамтылған.

Облыстағы 357 мектептің

33-інде интернет жылдамдығы

4-тен 6 Мб/с-қа дейін жетеді.

Онда 1858 оқушы және

522 мұғалім бар. Бұл мектептер

штаттық режимде жұмыс істейтін

болады.

Қазіргі уақытта аудандардың

жергілікті атқарушы органдары

интернет провайдерлермен

бірлесіп елді мекендерді

толыққанды интернетпен қамтамасыз

ету мәселесін пысықтауда.

Аsтеl, Индустрия связи,

Қазақтелеком, Зебра Павлодар

провайдерлерімен интернет

жылдамдығын арттыру бойынша

келісімшартқа қол қойылуда.

Өкінішке қарай облыста 28 елді

мекенде ұялы байланыс жоқ.

Осы мәселені біржақты ету үшін

жергілікті билік орындарымен

бірлесіп шаралар қабылдануда.

Ал, мұндай мектептер санитарлық

талаптарды қатаң сақтай отырып,

штаттық режимде жұмыс істейтін

болады. ҚР Цифрлық даму,

инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігіне 28

ауылдың тізімін бердік. Алдағы

уақытта сол ауылдарға ұялы

байланыс орнату мәселесін

шешеді деп сенеміз.

- Штаттық режимде

жұмысын бастайтын мектептердің

дайындығы қалай?

- Жалпы саны 11 мыңнан

аса оқушыны құрайтын шалғайдағы

шағын жинақталған

183 ауылдық мектепте оқу

жылын штаттық режимде

бастау жоспарланған. Мұнда

санитарлық нормалар қатаң

сақталады. Жұқпалы аурудың

алдын алу мақсатында мектепте

тек негізгі пәндерді оқытуды

көздеудеміз. Сондай-ақ, «бір

сынып – бір мұғалім» қағидасын

іске асыру ұсынылады. Негізгі

көңіл аударатын мәселе - жаңа

оқу кезеңіндегі қауіпсіздік.

Барлық мектептерде санитарлық

қауіпсіздік шаралары

барынша күшейтіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық

талаптарды

күшейту және дезинфекциялау

үшін білім беру

бөлімдері мен ұйымдары 30,4

млн. теңгеден астам сомаға

СҰХБАТ

қажетті қорғаныс құралдарын

сатып алды. 1 қыркүйекке

дейін 100,0 млн. теңгеден

астам сомаға дезинфекция

құралдарын қосымша сатып

алу жоспарлануда.

- Оқушыларға компьютер,

ноутбук, планшеттер

беру кезінде олардың әлеуметтік

жағдайларына қарайсыздар

ма?

- Біздің мақсатымыз –

барлық санаттағы балаларды

оқуға қажетті құрылғылармен

қамтамасыз ету. Ешқайсысын

жасы мен әлеуметтік жағдайына

орай бөліп-жармаймыз.

Бірақ, қазіргі уақытта кез-келген

отбасында компьютер бар деп

ойлаймын. Республикалық бюджеттен

қажет құралдармен

қамтуға мақсатына 2 млрд.

600 млн. теңге бөлінді. Сондайақ,

15 мыңдай компьютер

және 12 мыңнан астам ноутбук

беріледі. Бұдан бөлек, жеткілікті

деңгейде планшеттер алынады.

Оның мақсатты жұмсалуын,

шын мұқтаж балаларға берілуін

ерекше қадағалаймыз. Осы

бағытта жұмыс істейтін арнайы

комиссия бар. Комиссия төрағасы

болып «Ертіс – адалдық

алаңы» кеңсесінің жетекшісі

сайланған. Сонымен қатар,

«Nur Otan» партиясының және

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының

өкілдері де барлық жұмыстарды

бастан-аяқ бақылап отыр.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.


SARYARQA SAMALY

БІЛІМ 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 5

өнер көкке жеткізеді

Оқушының ойында жүрсін!

Құрметті оқушылар, сіздерді алдағы Білім күні мерекесімен

құттықтаймын! 1 қыркүйек күні мектеппен қауышатын оқушылардың

назарына қашықтан оқуға байланысты бірер кеңесімді

ұсынуды жөн санадым. Иә, алыстан білім алу жүйесі біз үшін

әлі қиындау дүние болып көрінетіні рас. Дегенмен, оны үйрену,

меңгеру – бізге міндет. Енді қашықтан білім алу кезінде неге мән

беру керек? Осыған тоқталайын.

Көптен күткен

білім ордасы

Павлодар қаласының Затон шағын ауданында құрылысы аяқталып

қалған жаңа білім ордасы – «Заманауи мектеп» бағдарламасына

сай салынған облыстағы алғашқы оқу орны. Аталмыш аудан

тұрғындары дәл осындай мектептің қажеттілігін біраз жылдан

бері көтеріп келген еді. Енді оқушылардың да, ата-аналардың

да тілегі орындалып, соңғы талаптарға сәйкес жабдықталған

мектеп қолданысқа берілмек.

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов таяуда алдағы оқу

жылына қатысты өткен брифинг

барысында облыста «Заманауи

мектеп» бағдарламасы басталғанын

айтқан еді. Соның

аясында мектеп ішіндегі оқу

жабдықтары, іргелес аумақтарды

абаттандыру, логотиптер

жүйесі мен мектептердің

фирмалық стилі, құрылыс материалдары

мен жиһаздардың

сапасына қойылар талаптар

күшейе түседі.

- Біз білім беру ұйымдарын

жөндеу және жабдықтау

тәсілдерін өзгерттік. Менің

тапсырмам бойынша «Заманауи

мектеп» бағдарламасы

іске асырыла бастады. Заманауи

мектеп дегеніміз не? Бұл –

балалар міндетті болғандықтан

емес, қалағандықтан баратын

жер. Осындай оқу орны жылы

және жайлы ғана емес, үйдегідей

ыңғайлы болуы керек.

Баланың оқуға, құрдастарымен

қарым-қатынас жасауға

және мектеп қабырғасында

уақыт өткізуіне жақсы жағдай

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРХАНА

жасалуы тиіс, - деген еді

Ә.Сқақов.

Затон шағын ауданындағы

жаңа оқу орны дәл осындай

мектеп болмақ. «ГСУ

Құрылыс» ЖШС білім ордасының

құрылысын былтыр қараша

айында бастап, бүгінде аяқтап

қалды. Құрылыс учаскесінің

басшысы Виктор Задворовтың

айтуынша, жоспарға сәйкес

350 орындық мектеп келесі

жылдың қаңтар айында

қолданысқа тапсырылуы керек

еді. Жұмыс жүйелі ұйымдастырылып,

құрылыс материалдарын

жеткізуде еш қиындық

болмағандықтан, нысан ертерек

ел игілігіне берілмек.

- Әуелде құрылыс алаңында

150 адам еңбек етсе, бүгінде

70 қызметкер жұмыс істейді.

Ішкі әрлеу жұмыстарының

барлығы дерлік аяқталды. Енді

жиһаз-дардың келуін ғана күтіп

отырмыз. Олардың барлығын

орнатып, қыркүйек айының

соңына қарай пайдалануға

беру ойда бар. Бұл мектеп

жаңа дизайнға сәйкес боялып,

жабдықталатындықтан, өзгелерден

ерекше. Мәселен, бірінші

қабатта қызғылт сары, екінші

қабатта көк және үшінші қабатта

сары түске басымдық берілген,

- дейді В.Задворов.

Аймақ басшысы брифинг

барысында атап өткендей,

Затон шағын ауданындағы жаңа

Тапсырмаларды берілген күні

немесе берілген мерзіміне қарай

жасап, аяқтауға тырысыңыз. Келесі

күнге қалдырмаңыз. Себебі, орындалмаған

тапсырмаларға келесі күннің тапсырмалары

қосылып, Сіздің оқуға деген

ынтаңыз бен күш-жігеріңізге кері әсерін

тигізуі мүмкін. Мұғалімге жіберу керек

жұмыстарды міндетті түрде өзіңізге

белгілеп, жіберілген жұмыстарды сызып

отырыңыз. Сол арқылы келесі күннің

жұмыс барысы айқындалып, жұмысыңызды

реттей аласыз.

Оқу арасында үзіліс жасап отырыңыз.

Мысалы, 30 минут сабақ оқысаңыз,

5 минут үзіліс жасаңыз. Көзіңізді

компьютерден, оқулықтан, жазудан алып,

су ішіп, қол-аяғыңызды жазып алыңыз.

Сізді алаңдататын заттарды өзіңізден

алыс ұстаңыз. Мысалы, ұялы телефон,

музыка, интернет, «дәл қазір, осы

жерде» болуға кедергі жасайтын әртүрлі

ойлар, т.с.с.

Барлық онлайн сабақтарға қатысыңыз.

Себебі, бұл сыныптастармен

кездесіп, ақпаратты тереңірек түсінуге,

мұғалімге сұрақ қоюға, қарым-қатынас

жасауға мүмкіндік береді. Міндетті

түрде тапсырмаларды орындау сапасына

оң әсерін тигізеді.

ЖАҢА НЫСАН

мектепте сабақтар қазақ және

орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қашықтан оқу аяқталған соң сол

аудандағы №13 орта мектептің

5-11 сынып оқушылары дәл

осы білім ордасында баратын

болады. Сонымен қатар, жақын

аумақта орналасқан қазақ тілді

мектептердің оқушылары өтініш

негізінде қабылданады.

Оған қоса, облыс әкімінің

тапсырмасы бойынша жаңа

мектепке қосымша ғимарат

салу үшін жобалық-сметалық

құжаттама әзірленді. Соның

нәтижесінде №13 мектептің

бастауыш сынып оқушыларының

да жаңа оқу орнына баруына

жағдай жасалып, мектептің

қуаттылығы 600 орынға дейін

ұлғаяды.

Онлайн этикетті сақтаңыз. Бас әріптерді,

леп белгілерді қолданбаңыз,

ашуланшақ адам ретінде қабылдауы

мүмкін. «Өтінемін», «кешіріңіз», «рахмет»

деген сөздерді әрқашан қолданыңыз.

Оймен келіспейтіндігіңізді сыпайы жеткізіңіз,

ойды аяғына дейін тыңдаңыз. Мәтіндік

немесе аудио жазбаңызды жібермес

бұрын қайта оқып, тыңдап, қатесін,

дауыс ырғағын, темпін тексеріп, қатені

түзей аласыз.

Көмек сұраңыз. Белгілі тақырып аясында

мәселелер, қиындықтар, түсінбеушіліктер

туындаған кезде Жалғыз

емес екеніңізді ұмытпаңыз, мұғалімдеріңізден,

сыныптастарыңыздан көмек

сұраңыз, олар кез-келген жағдайда Сізге

қол ұшын беріп, түсіндіруге тырысады. Сұрап

алғаныңыз өзіңізге жақсы, себебі терең

түсіндірулер Сіздің тапсырмаларды орындау

сапаңызды арттырып, жоғарырақ балл

алуға мүмкіндік береді.

Суретті түсірген - Константин Шелков.

Айман ИБРАЕВА, «Педагогикалық

шеберлік орталығының» Павлодар

қалалық филиалының тренері.

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

Сұлтан

мектепке

барады

Білім күні – мектеп оқушылары

үшін асыға күтетін айрықша

мереке. Үш айлық демалыста

тынығып алған балалар осы

күн оқу-құралдарын арқалап,

мектептеріне асығады. Қаншама

шәкірт бірінші сынып табалдырығын

аттап, әліппе бетін ашады,

мұғаліммен танысады. Міне, солардың

қатарында дарынды

балаларға арналған №8 лицеймектебінің

1 «ә» сыныбының оқушысы

атанғалы отырған Сұлтан

Жанболат бар.

Тілеуберді САХАБА

Сұлтан Жанболат – батырдың ұрпағы.

Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр

жерлесіміз Сембай Темешевтің шөбересі.

Оның алдағы арманы асқақ. Тіпті, мектеп

табалдырығын аттамас бұрын әртүрлі

үйірмелерге барып, өзінің өнері мен

дарынын көрсетуде.

- Менің сүйікті немерем Сұлтан - өте

зерек бала. Әліппе оқулығын қолына ерте

ұстады. Тілі де ерте шықты. Сәл өсе келе

кітаптағы суреттерді атап, әріптерді оқи

бастады. Ұйықтар алдында үнемі қазақша

ертегілер айтып беретінбіз. Қазақы жолмен

тәрбие беруге тырысамыз. Мысалы, үйде асқа

отырарда дастарқан басына батыр атасын

да бірге шақырып, өзі бірге отыратын, -

дейді Сұлтанның әжесі Сәуле Темешева.

Сұлтанның спортқа да икемі бар. 5

жасынан бастап спорттық үйірмелерге

қатысты. Атап айтқанда, таэквондо спортымен

шұғылдануды жақсы көреді. Биыл

дарынды балаларға арналған №8 лицеймектебінің

1-сыныбына қабылданды.

Сынып жетекшісі Жанат Темірболатқызы

да оқушысының болашағынан зор үміт

күтеді. Кішкентай Сұлтан есепті де жақсы

шығарады. Телеарнадан аспан, жұлдыздар

туралы бағдарламаларды қызығып қарайды.

Енді мектеп қабырғасында робототехника,

шахмат және басқа да үйірмелерге

баруға әзірленіп жүр.

- Сұлтан бауырмал, мейірімді бала

болып өсіп келеді. Өзінен кіші бауырларын

жаксы көреді. Қаладағы №6 балабақшада

тәрбиеленді. Алғашқы білім нәрін сепкен

тәрбиешілерге де ризамыз. Алдағы уақытта

ол білім биігіне шығып, өзінің ата-аналарымен

қатар білім мен тәрбие берген

ұстаздарын да қуантады деп сенеміз, -

дейді әжесі.

Қадамың құтты болсын, Сұлтан!


6 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

МӘСЕЛЕ

ҚҰҚЫҚ-АҚПАРАТ

Үй ішіндегі үрей

Аймағымызда тұрмыстық-отбасылық жанжал ушығып тұр. Әр

күнін үреймен өткізетін әйелдердің қатары артуда. Оған полицейлерден

көмек сұрап, қоңырау шалғандардың жиілегені дәлел. Тәртіп

сақшылары жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекетіне

барған 2500 адамды әкімшілік жазаға тартқан. Аталған статистикадан

мыңдаған шаңырақтың шайқалатынын анық көруге болады.

Қоғамда тұрмыстық зорлықзомбылық

мәселесі өзекті тақырыптардың

қатарында қалып отыр.

Ішімдікке салынып, жанұясында

жанжал шығаратындар көбеюде.

Жыл басынан бері Павлодар облысында

2500 әкімшілік құқықбұзушылықпен

қатар, 42 қылмыстық

іс те тіркеліпті. Оның 18-ін ащы

суға тойып алған жасаған.

Облыстық полиция департаменті

басшысының бірінші орынбасары

Жасқайрат Қайыровтың

айтуынша, учаскелік инспекторлар

өздері жауапты аумақтағы отбасылар

арасында профилактикалық

шараны тұрақты түрде жүргізіп

келеді.

- Жыл басынан бері 3607 адамға

қорғау нұсқамасы ашылды.

Шаңырағының шырқын бұзған

387 адам ауыр жазаға тартылды.

Мұндай жағдайдың тіркелуіне

себеп көп. Ерлі-зайыптылардың

түсініспеушілігі, туысқандардың

араласуы, материалдық жағдай

да әсер етуде. Құқық қорғау

органдары осы бағытта түскен

арыз-шағымдарды жіті тексеріп,

мәселені бақылауға алуда. Өңірде

жанұясынан тыныштық таппай,

қорлық көрген жандар облыс

орталығындағы әйелдер мен балаларды

әлеуметтік-психологиялық

бейімдеу және оңалту орталығын

паналайды. Аталмыш мекемеде

тұрып жатқан келіншектің бірі

күйеуінің туыстарының қорлығына

шадамағанын айтып шағым түсірді.

Қазір үш баласымен бірге мекемеде

тұрып жатыр, - дейді Ж.Қайыров.

Жасқайрат Иманбекұлының

айтуынша, жанұядағы жанжалға

жұмыссыздық, психологиялық

күйзеліс, қаражаттың жетіспеушілігі,

ішімдік сынды жағдайлар

да себеп. Құқық қорғау органдарына

арыз түсіріп, кейін шағымын

кері қайтаратын әйелдер де бар.

Тәжірибе барысында отбасынан

қашқан келіншектердің 60 пайызы

өз жолдастарымен табысады немесе

өзгемен тұрмыс құрады екен.

Облысымызда қиын жағдайға

тап болған жандар Бақытжан

Турсаринованың есімін жақсы біледі

десек қателеспейміз. Ол - Павлодар

қаласы полиция басқармасы

әйелдерді зорлық-зомбылықтан

қорғау тобының аға инспекторы,

полиция майоры. Білікті маман

биыл отбасындағы жанжалдың

артуына елдегі пандемия әсер

еткенін жасырмайды. Карантин

режиміне байланысты үйде отырған

ерлі-зайыптылар арасында ұрыскеріс,

түсініспеушілік жиі орын

алған.

- Осы мәселенің алдын алуға

жауапты мамандардың күнделікті

қызметі оңай емес. Ал коронавирус

індеті таралған кезде жұмыс

екі есе ауырлады. Өйткені біз

күні-түні тынымсыз еңбек еттік.

Хабарласқан әйелдердің саны тым

көп болды. Жылап, көмек сұраған

келіншектерді орналастыратын орын

таппадық. Психологиялық тұрғыдан

көмек беріп, учаскелік инспекторлармен

бірлесіп, жанұяларды

бақылау арқылы мәселені шешуге

тырыстық, - дейді ол.

Бақытжан Турсаринова

сенбі-жексенбі күндері қоңырау

шалатындардың саны көбейетінін

айтады. Бірақ әрбір шағым, өтініш

жіті тексеріледі. Мамандар көмек

сұраған жандарға қолдау көрсетуді

міндеті деп санайды.

Жуырда облыста тұрмыстық

зорлық-зомбылықтың алдын алуға

мүмкіндік беретін дәстүрлі «Тұрмыс»

жедел-профилактикалық шарасы

өткізілді. 3 күн ішінде мамандар

172 адамды жауапқа тартқан.

7 адамның ішімдік ішуіне тыйым

салынды. Құқық қорғау органдары

435 жанұяны есепке алған.

- Өкінішке қарай, шағымданған

әйелдердің 40 пайызы өз арыздарын

қайтып алып жатады. 1-2 күн

сабырға келген соң, балалары үшін

күйеуіне қайтып қосылатындар көп.

Бірақ ерлі-зайыптылар арасындағы

ұрыс-керістен балалар көп жапа

шегеді. Психологиялық тұрғыдан

соққыға ұшырайды. Соның салдарынан

санасында тек жанжалдың

бейнесі жатталады. Бұл жағдайлар

жасөспірімдердің қатыгез болып

өсуіне әкеледі. Әкесіне, анасына

деген сыйластығы азаяды. Бала

үшін отбасын сақтап қалудың да

өзіндік кері әсерлері бар, - дейді

Ж.Қайыров.

Бұл пікірді Бақытжан

Турсаринова да қолдайды. Оның

сөзінше, отбасында ері тарапынан

зорлық-зомбылыққа, соққыға

ұшыраған жандар көп.

Күйеулерінің қызғаныштан қол

көтергенін, жағдайдың орын

алуына өздері кінәлі екендерін

айтып, ақтап шығатындар да

жиі кездеседі. Бірақ кез келген

әйел заң аясында оларды тәртіп

сақшылары қорғайтынын білулері

керек.

Павлодар қалалық әйелдер мен

балаларды әлеуметтік-психологиялық

бейімдеу және оңалту

орталығының маманы Күләйім

Нұрғалиева қиын жағдайға тап

болған жандарға мекемеде барынша

қолдау көрсетілетінін айтады.

- Қазіргі уақытта орталықта

25 адам күн кешуде. Оның

ішінде 8 әйел және 17 бала бар.

Келіншектерді жұмысқа орналастырып,

балаларды мектепке

немесе балабақшаға жібереміз.

Жыл басынан бері 100-ге жуық

адамға көмек көрсетілді. Мекеме

мамандары полицейлермен бірге

тығыз байланысты еңбек етіп

келеді. Әйелдерді жаңа өмірге

бейімдеп, кеңес береміз. Бізге

тек облыс аумағында ғана емес,

мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде

тұратын әйелдер хабарласады.

Әзербайжан мемлекетінен қашып

келген әйел де бар. Отбасында

қорлық көргендердің құжаттарын

да рәсімдейміз. Жыл басынан

бері 20 адамның құжаты қайта

жасалды. Осылайша, жан-жақтан

жәрдем көрсетеміз, - дейді ол.

ТҮЙІН:

Отбасы – Отанның тірегі. Бала - еліміздің болашағы.

Тұрмыстық жанжал кезінде ерлі-зайыптылар да,

жасөспірімдер де жапа шегеді. Мұндай мәселеде

мемлекетіміздің келешегі болып саналатын ұрпақтың

болашағы алаңдатады. Шаңырақтың шырқын

бұзғандардың қорлығына көну арқылы ажырасу

көрсеткішін азайту нәтиже береді деп айта алмаймыз.

Бәлкім, қаскүнемдерге қолданатын жазаны күшейту

қажет пе? Үй ішіндегі үрейден балалар жапа шекпесе

екен дейміз...

Әлеуметтік желіде «Бала жоғалды» деген хабарламаны

жиі көреміз. Күн сайын тәртіп сақшылары

үйінен шығып, оралмаған жасөспірімдерге

қатысты кемі 5 фактіні тіркейді.

Бала неге

бақылаусыз?

Жыл басынан бері мамандар

үйінен кетіп қалған 71 баланы

тауып, әке-шешесімен қауыштырған.

Облыстық полиция департаментінің

басшысы Нұрлан

Мәсімовтің айтуынша, жасөспірімдерді

іздестіру жұмыстары

оңай емес. Өйткені ата-аналар

баласының жоғалып кеткені

туралы хабарды тым кеш

айтады. Яғни, ұл-қызының

үйінен шығып кеткеніне 10-12

сағат болғаннан кейін ғана

арызданады.

- Жоғалған 71 жасөспірімнің

33-і бір сағаттың

ішінде табылды. 5 баланы

бір сағаттан артық уақыт

іздеді. 28 жеткіншекті бір тәулік

ішінде анықтадық. 4 бала

24 сағаттан көп іздестірілді.

Бұл жағдайлардың тіркелуіне

ата-аналардың салғырттығы,

баланы бақылаусыз қалдыруы

себеп болып отыр. Мәселен,

жуырда күндізгі сағат 11.30-да

6 жастағы бала облыс орталығындағы

Целинная көшесінен

шыққан.

Тексеру кезінде жасөспірім

өгей әкесі ұйықтап жатқан

кезде үйден шығып кеткені

анықталды. Анасы сағат 16.00-де

жұмыстан оралғанда баласын

үйден таппаған. Бірден полицейге

хабар берді. Қуантарлығы,

бала көрші ауладан табылды, -

дейді Н.Мәсімов.

Көлік тонаған

Павлодарда қымбат автокөліктерді тонаумен

айналысатын қылмыстық топ құрықталды.

2019 жылдың наурыз айынан

бастап бағалы көліктерді ұрлау

фактілері жөнінде шағым көп

түсе бастаған. Барлық техника

түнгі уақытта және аулада

ұрланған. Аталмыш іспен айналысу

үшін криминалдық полиция

басқармасының бөлім басшысы

Жасұлан Танжановтың бастамасымен

тәжірибелі полицейлерден

құралған арнайы топ құрылды.

Мамандардың бірлесіп әрекет

етуі нәтижесінде 4 жыл бойы

Жалпы, 10 жастағы балалардың

үйден кетіп қалуына атаанасы

мен достары арасындағы

түсініспеушілік себеп болады екен.

Мәселен, Екібастұз қаласының

тұрғыны 17 жастағы ұлының

ренжіп, үйден шығып кеткенін

айтқан. Әлгі жасөспірімді полицейлер

тек 6 күннен кейін ғана

тауып, отбасымен қауыштырған.

Сондықтан тәртіп сақшылары

балаларды көзден таса қылмай,

бақылауды барынша күшейтуді

ескертеді.

көлік ұрлаумен айналысқан

6 адам ұсталды. Олар қылмыс

жасау кезінде ұялы телефонды

қолданбаған. Барлығы бұған

дейін түрлі қылмыс жасағаны

үшін істі болғаны анықталды.

Ұрланған көлікті қарақшылар

бөлшектеп сатқан. Кейбірінің

нөмірін ауыстырып, саудалаған.

Мұндай қылмыспен республика

аумағында айналысқан. Аталмыш

іске қатысты тергеу амалдары

жалғасуда.

Бетті үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.


SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 7

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ

Тікелей сауал –

төте жауап

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»

АҚ облыстық филиалында көрсетілетін

қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа

көшірілді. «Ашық есік күні» шарасы да дәл

осы режимде ұйымдастырылды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Салымшылардың онлайн түрде қатысуымен өткен

шара барысында зейнетақы қорының мамандары шотта

қаржы жинаудың жолдары, оны мерзімінен бұрын алу үшін

қойылатын талаптар мен басқа тақырыптарды қаузап,

тұрғындардың сауалдарына жауап берді. «Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалы директорының

орынбасары Нұржамал Дүйсембаеваның айтуынша, бұған

дейін тұрғындар зейнетақы шотын ашу үшін кеңселерге

келіп, құжаттар тапсыруы тиіс болса, бүгінде шоттар автоматты

түрде ашылады. Яғни, жұмыс беруші еңбекақының

10 пайызын қорға аударған тұста бірыңғай мемлекеттік база

негізінде қызметкердің шотына түседі. Бұл ретте бүгінде

еңбек өтілі зейнетақы шотына аударылған айларға сәйкес

есептелетінін атап өткен жөн. Мәселен, жұмыс беруші бір жылда

10 рет қана аударым жасаса, қызметкер сол жылы 10 ай

ғана жұмыс істеді деп есептеледі. Сондықтан қор өкілдері

тұрғындарға «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының»

ресми сайты, арнайы мобильді қосымшасы арқылы аударымдарды

тұрақты түрде тексеруге кеңес берді.

- Салымшылар ай сайын жалақыдан ұсталатын

10 пайыздық жарнадан бөлек, ерікті шот ашып, зейнетақысын

жинай алады. Қанша соманы қай уақытта салатынын өзі

белгілейді, - деді Н.Дүйсембаева.

Бір күнде өткен үш бірдей онлайн «Ашық есік күні» шарасында

тұрғындар көкейде жүрген сан сауалын жолдады.

Мәселен, Динара есімді павлодарлық кімдер және қандай

жағдайда зейнетақы шотындағы қаржыны ерте алуға құқылы

екенін сұрады. Ал Ризабек Дакауовты үшінші топ мүгедектерінің

жинақ қаржысын мерзімінен бұрын алу мәселесі қызықтырды.

Бұл сауалдарға жетекші маман Сұңғат Тасжанов жауап берді.

- Зейнетақы шотындағы қаражатты бірінші, екінші топ

мүгедектері, шетелге тұрақты түрде көшу үшін қоныс аударатын

азамат және салымшы өмірден өтсе, оның мұрагерлері

ала алады. Үшінші топ мүгедектерінде мұндай мүмкіндік

жоқ, - деді С.Тасжанов.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарын алғашқы жарнаны

аудару, болжамды зейнетақы көлемін есептеу, аймақта

жұмыс істейтін шетелдіктердің зейнетақы шотын ашу сынды

мәселелер толғандырды. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қоры» АҚ облыстық филиалы өкілдері тікелей эфирде барлық

сұраққа тұшымды жауап қайтарып, кеңес берді.

ҚОБЫЗ САРЫНЫ

Мұндай акция KOICA бағдарламасы

бойынша кореялық жоғары оқу орындары

түлектері Ассоциациясының

мұрындық болуымен ұйымдастырылып

отыр. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Светлана Гладышеваның айтуынша,

гуманитарлық көмек шаһардағы

барлық 42 мектепке бөлініп бермек.

- Біз Ұлттық еріктілер желісіне өтініш

қалдырған едік. Ондағылар кореялық

демеушілермен байланыс орнатыпты.

Жалпы, карантиндік кезеңде еріктілер

желісі арқылы көп көмек көрсетілді, -

дейді С.Гладышева.

Пейіште нұрың шалқысын

Есейе келе ол орта бойлы, кең

иықты, аздап толған бидай өңді

жүзі күле қарап тұратын. Ұмытпасам

3-сынып оқып жүргенде

сынып жетекшіміз Гүлбарам

Мұқанқызы қара тақтаға ақ бормен

«Мен кім болам?» деп жазып,

«Кәне, кім қандай маман иесі

болады?» дегенде бәріміз үндемей

қиял құшағына еніппіз.

Сонда Руслан атып тұрып:

- Мен дәрігер боламын! - деген

еді. Кейбіреулер таң қалса, кейбірі

күліп жіберді. Себебі ауылдағы

дәрігер Бақыт есімді әйел

адам болатын. Одан басқа

дәрігер жоқ деп ойлайтынбыз.

О.АХМАДИЯ.

Есіме балалық шағымыз түссе, көз алдыма алдыңғы партада бар ынта-жігерін сабаққа

салып, томпиып отырған қара торы, томаға тұйық бала келе қалады. Ол - Руслан

Тұрғынбаев. Руслан бақытты балалық шағында нағашы атасы мен әжесінің қолында

тәлім-тәрбие алып, аздап ерке өсті.

Өмір атқан оқтай зулап өтті.

Біз өмірдің ағысымен әр жаққа

кеттік. Руслан тәжірибелі маман,

танымал тіс дәрігері атанды.

Жарқын жүзімен, жомарттығымен,

сабырлы, салиқалы мінезімен

ел есінде қалған ол өз

ісінің білгірі еді. Семей қаласындағы

медицина академиясын

тәмамдап, сонда алғашқы еңбек

жолын бастаған. Кейін Павлодар

қаласына келіп, облыстық балалар

тіс емханасында стоматологхирург

қызметін атқара жүріп,

білімділігі мен іскерлігінің арқасында

сол емхананың бөлім

меңгерушісіне дейін көтерілді.

Кәсіби шебер, жетекші маман,

жоғарғы санаттағы тіс дәрігері

атанды. Қосымша облыстық

полиция департаментінің емханасында

стоматолог және дәрі

герлік комиссия мүшесі болып,

адал қызмет атқарды.

Жиырма жылдан астам адал,

мінсіз еңбегі үшін 2015 жылы

Павлодар облысының «Жылдың

үздік дәрігері» атанса, биыл

Денсаулық сақтау министрлігінің

Құрмет грамотасымен марапатталған

еді.

Алайда тағдырдың жазғанына

ӘРІПТЕСТІК

Кореядан көмек

Корея Республикасының елшілігі павлодарлық оқушыларға

демеушілік есебінен 416 санитайзер үлестірді.

Ескерткіші жаңғыртылды

шара бар ма... Ақ адал досымыз,

абзал жан Руслан Әшімұлын сұм

ажал 44 жасында ортамыздан

алып кетті. Марқұмның қайтпас

сапарға аттанғанына қырық күн

толып отыр. Қимас досымыздың

артында өнегелі ісі мен ұрпағы –

екі ұлы, бір қызы, ардақты анасы,

сүйікті жары қалды.

Тосыннан келген қайғы марқұмның

туыстары мен достарына,

әріптестеріне ауыр тиді. Русланның

ұстазы әрі туысы, Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі,

ақын, қарт ұстаз Зекебай

Солтанбаев Русланның анасы

Жания Әшімқызына мынадай

ағалық көңіл айту хатын жолдаған

екен:

Жатырмын жер шетіне

жетер-жетпес,

О дүниеге жақындап

кетер-кетпес.

Алланың жазған сызық,

дәм-тұзы бар,

Ерінге тиер-тимес,

бітер- бітпес.

Руслан Әшағам мен

Орынтайдың

РУХ

Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген нақыл бар. Жуықта

қазіргі Аққулы, бұрынғы Лебяжі ауданының Қызылқоғам ауылында жерленген

Ғибадолла Ғабзакырұлының ескерткіші жаңғыртылды.

Тұрсынбай ИБАДУЛЛИН.

Ұрпағы ед аманатын

орындайтын.

Қағынған «қара вирус»

қағып алды,

Қазаққа бұйырмады

бейбіт ай-күн.

Жәния, қолдан қойдың,

қара жердей,

Қажыма, қайғы жұтып,

от кемірмей.

Көргенің, бар қызығың

осы ғана,

Тастай қат, мұздай суы,

бол темірдей.

Суретті түсірген - Қаракөз Тұрсынбайқызы.

Амал қанша, осындай асыл

да нар досымыздан ерте айырылып

қалатынымызды кім білген!?

Руслан тірісінде үнемі

сыныптастарының басын қосып,

ауылға ат ізін жиі салатын.

Ортамыздан ерте кеткені қабырғамызды

қайыстырды. Марқұмның

отбасына, туған-туысқандарына

қайғысына ортақтасып,

көңіл айтамыз.

Еске алушылар -

Таңат АХАТОВ,

Мейрам ТӨЛЕГЕНҰЛЫ.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Азамат БАЙТЕНОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9473 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1662

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл СТАТИСТИКА

SARYARQA SAMALY

Павлодар облысындағы

орта білім

Инфографиканы жасаған - Нұрбек Кожиков.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!