28.12.2020 Views

"Сарыарқа самалы" 1 қыркүйек, сейсенбі 2020 жыл №97 (15567)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

МӘСЕЛЕ

ҚҰҚЫҚ-АҚПАРАТ

Үй ішіндегі үрей

Аймағымызда тұрмыстық-отбасылық жанжал ушығып тұр. Әр

күнін үреймен өткізетін әйелдердің қатары артуда. Оған полицейлерден

көмек сұрап, қоңырау шалғандардың жиілегені дәлел. Тәртіп

сақшылары жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекетіне

барған 2500 адамды әкімшілік жазаға тартқан. Аталған статистикадан

мыңдаған шаңырақтың шайқалатынын анық көруге болады.

Қоғамда тұрмыстық зорлықзомбылық

мәселесі өзекті тақырыптардың

қатарында қалып отыр.

Ішімдікке салынып, жанұясында

жанжал шығаратындар көбеюде.

Жыл басынан бері Павлодар облысында

2500 әкімшілік құқықбұзушылықпен

қатар, 42 қылмыстық

іс те тіркеліпті. Оның 18-ін ащы

суға тойып алған жасаған.

Облыстық полиция департаменті

басшысының бірінші орынбасары

Жасқайрат Қайыровтың

айтуынша, учаскелік инспекторлар

өздері жауапты аумақтағы отбасылар

арасында профилактикалық

шараны тұрақты түрде жүргізіп

келеді.

- Жыл басынан бері 3607 адамға

қорғау нұсқамасы ашылды.

Шаңырағының шырқын бұзған

387 адам ауыр жазаға тартылды.

Мұндай жағдайдың тіркелуіне

себеп көп. Ерлі-зайыптылардың

түсініспеушілігі, туысқандардың

араласуы, материалдық жағдай

да әсер етуде. Құқық қорғау

органдары осы бағытта түскен

арыз-шағымдарды жіті тексеріп,

мәселені бақылауға алуда. Өңірде

жанұясынан тыныштық таппай,

қорлық көрген жандар облыс

орталығындағы әйелдер мен балаларды

әлеуметтік-психологиялық

бейімдеу және оңалту орталығын

паналайды. Аталмыш мекемеде

тұрып жатқан келіншектің бірі

күйеуінің туыстарының қорлығына

шадамағанын айтып шағым түсірді.

Қазір үш баласымен бірге мекемеде

тұрып жатыр, - дейді Ж.Қайыров.

Жасқайрат Иманбекұлының

айтуынша, жанұядағы жанжалға

жұмыссыздық, психологиялық

күйзеліс, қаражаттың жетіспеушілігі,

ішімдік сынды жағдайлар

да себеп. Құқық қорғау органдарына

арыз түсіріп, кейін шағымын

кері қайтаратын әйелдер де бар.

Тәжірибе барысында отбасынан

қашқан келіншектердің 60 пайызы

өз жолдастарымен табысады немесе

өзгемен тұрмыс құрады екен.

Облысымызда қиын жағдайға

тап болған жандар Бақытжан

Турсаринованың есімін жақсы біледі

десек қателеспейміз. Ол - Павлодар

қаласы полиция басқармасы

әйелдерді зорлық-зомбылықтан

қорғау тобының аға инспекторы,

полиция майоры. Білікті маман

биыл отбасындағы жанжалдың

артуына елдегі пандемия әсер

еткенін жасырмайды. Карантин

режиміне байланысты үйде отырған

ерлі-зайыптылар арасында ұрыскеріс,

түсініспеушілік жиі орын

алған.

- Осы мәселенің алдын алуға

жауапты мамандардың күнделікті

қызметі оңай емес. Ал коронавирус

індеті таралған кезде жұмыс

екі есе ауырлады. Өйткені біз

күні-түні тынымсыз еңбек еттік.

Хабарласқан әйелдердің саны тым

көп болды. Жылап, көмек сұраған

келіншектерді орналастыратын орын

таппадық. Психологиялық тұрғыдан

көмек беріп, учаскелік инспекторлармен

бірлесіп, жанұяларды

бақылау арқылы мәселені шешуге

тырыстық, - дейді ол.

Бақытжан Турсаринова

сенбі-жексенбі күндері қоңырау

шалатындардың саны көбейетінін

айтады. Бірақ әрбір шағым, өтініш

жіті тексеріледі. Мамандар көмек

сұраған жандарға қолдау көрсетуді

міндеті деп санайды.

Жуырда облыста тұрмыстық

зорлық-зомбылықтың алдын алуға

мүмкіндік беретін дәстүрлі «Тұрмыс»

жедел-профилактикалық шарасы

өткізілді. 3 күн ішінде мамандар

172 адамды жауапқа тартқан.

7 адамның ішімдік ішуіне тыйым

салынды. Құқық қорғау органдары

435 жанұяны есепке алған.

- Өкінішке қарай, шағымданған

әйелдердің 40 пайызы өз арыздарын

қайтып алып жатады. 1-2 күн

сабырға келген соң, балалары үшін

күйеуіне қайтып қосылатындар көп.

Бірақ ерлі-зайыптылар арасындағы

ұрыс-керістен балалар көп жапа

шегеді. Психологиялық тұрғыдан

соққыға ұшырайды. Соның салдарынан

санасында тек жанжалдың

бейнесі жатталады. Бұл жағдайлар

жасөспірімдердің қатыгез болып

өсуіне әкеледі. Әкесіне, анасына

деген сыйластығы азаяды. Бала

үшін отбасын сақтап қалудың да

өзіндік кері әсерлері бар, - дейді

Ж.Қайыров.

Бұл пікірді Бақытжан

Турсаринова да қолдайды. Оның

сөзінше, отбасында ері тарапынан

зорлық-зомбылыққа, соққыға

ұшыраған жандар көп.

Күйеулерінің қызғаныштан қол

көтергенін, жағдайдың орын

алуына өздері кінәлі екендерін

айтып, ақтап шығатындар да

жиі кездеседі. Бірақ кез келген

әйел заң аясында оларды тәртіп

сақшылары қорғайтынын білулері

керек.

Павлодар қалалық әйелдер мен

балаларды әлеуметтік-психологиялық

бейімдеу және оңалту

орталығының маманы Күләйім

Нұрғалиева қиын жағдайға тап

болған жандарға мекемеде барынша

қолдау көрсетілетінін айтады.

- Қазіргі уақытта орталықта

25 адам күн кешуде. Оның

ішінде 8 әйел және 17 бала бар.

Келіншектерді жұмысқа орналастырып,

балаларды мектепке

немесе балабақшаға жібереміз.

Жыл басынан бері 100-ге жуық

адамға көмек көрсетілді. Мекеме

мамандары полицейлермен бірге

тығыз байланысты еңбек етіп

келеді. Әйелдерді жаңа өмірге

бейімдеп, кеңес береміз. Бізге

тек облыс аумағында ғана емес,

мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде

тұратын әйелдер хабарласады.

Әзербайжан мемлекетінен қашып

келген әйел де бар. Отбасында

қорлық көргендердің құжаттарын

да рәсімдейміз. Жыл басынан

бері 20 адамның құжаты қайта

жасалды. Осылайша, жан-жақтан

жәрдем көрсетеміз, - дейді ол.

ТҮЙІН:

Отбасы – Отанның тірегі. Бала - еліміздің болашағы.

Тұрмыстық жанжал кезінде ерлі-зайыптылар да,

жасөспірімдер де жапа шегеді. Мұндай мәселеде

мемлекетіміздің келешегі болып саналатын ұрпақтың

болашағы алаңдатады. Шаңырақтың шырқын

бұзғандардың қорлығына көну арқылы ажырасу

көрсеткішін азайту нәтиже береді деп айта алмаймыз.

Бәлкім, қаскүнемдерге қолданатын жазаны күшейту

қажет пе? Үй ішіндегі үрейден балалар жапа шекпесе

екен дейміз...

Әлеуметтік желіде «Бала жоғалды» деген хабарламаны

жиі көреміз. Күн сайын тәртіп сақшылары

үйінен шығып, оралмаған жасөспірімдерге

қатысты кемі 5 фактіні тіркейді.

Бала неге

бақылаусыз?

Жыл басынан бері мамандар

үйінен кетіп қалған 71 баланы

тауып, әке-шешесімен қауыштырған.

Облыстық полиция департаментінің

басшысы Нұрлан

Мәсімовтің айтуынша, жасөспірімдерді

іздестіру жұмыстары

оңай емес. Өйткені ата-аналар

баласының жоғалып кеткені

туралы хабарды тым кеш

айтады. Яғни, ұл-қызының

үйінен шығып кеткеніне 10-12

сағат болғаннан кейін ғана

арызданады.

- Жоғалған 71 жасөспірімнің

33-і бір сағаттың

ішінде табылды. 5 баланы

бір сағаттан артық уақыт

іздеді. 28 жеткіншекті бір тәулік

ішінде анықтадық. 4 бала

24 сағаттан көп іздестірілді.

Бұл жағдайлардың тіркелуіне

ата-аналардың салғырттығы,

баланы бақылаусыз қалдыруы

себеп болып отыр. Мәселен,

жуырда күндізгі сағат 11.30-да

6 жастағы бала облыс орталығындағы

Целинная көшесінен

шыққан.

Тексеру кезінде жасөспірім

өгей әкесі ұйықтап жатқан

кезде үйден шығып кеткені

анықталды. Анасы сағат 16.00-де

жұмыстан оралғанда баласын

үйден таппаған. Бірден полицейге

хабар берді. Қуантарлығы,

бала көрші ауладан табылды, -

дейді Н.Мәсімов.

Көлік тонаған

Павлодарда қымбат автокөліктерді тонаумен

айналысатын қылмыстық топ құрықталды.

2019 жылдың наурыз айынан

бастап бағалы көліктерді ұрлау

фактілері жөнінде шағым көп

түсе бастаған. Барлық техника

түнгі уақытта және аулада

ұрланған. Аталмыш іспен айналысу

үшін криминалдық полиция

басқармасының бөлім басшысы

Жасұлан Танжановтың бастамасымен

тәжірибелі полицейлерден

құралған арнайы топ құрылды.

Мамандардың бірлесіп әрекет

етуі нәтижесінде 4 жыл бойы

Жалпы, 10 жастағы балалардың

үйден кетіп қалуына атаанасы

мен достары арасындағы

түсініспеушілік себеп болады екен.

Мәселен, Екібастұз қаласының

тұрғыны 17 жастағы ұлының

ренжіп, үйден шығып кеткенін

айтқан. Әлгі жасөспірімді полицейлер

тек 6 күннен кейін ғана

тауып, отбасымен қауыштырған.

Сондықтан тәртіп сақшылары

балаларды көзден таса қылмай,

бақылауды барынша күшейтуді

ескертеді.

көлік ұрлаумен айналысқан

6 адам ұсталды. Олар қылмыс

жасау кезінде ұялы телефонды

қолданбаған. Барлығы бұған

дейін түрлі қылмыс жасағаны

үшін істі болғаны анықталды.

Ұрланған көлікті қарақшылар

бөлшектеп сатқан. Кейбірінің

нөмірін ауыстырып, саудалаған.

Мұндай қылмыспен республика

аумағында айналысқан. Аталмыш

іске қатысты тергеу амалдары

жалғасуда.

Бетті үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!