28.12.2020 Views

"Сарыарқа самалы" 1 қыркүйек, сейсенбі 2020 жыл №97 (15567)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 1 қыркүйек, сейсенбі, 2020 жыл 3

ДҮНИЕ-ДУМАН

Ата Заңға арналды

Аймағымызда ҚР Конституциясының 25 жылдығы

өз деңгейінде атап өтілді. Атаулы мерекеде мәдениет

саласының қызметкерлері онлайн режимде концерт

ұйымдастырып, жұртшылық назарына көрме ұсынды.

Тұрғындар қашықтан қойылым тамашалап, Ата Заң

мерекесіне арналған арнайы бағдарламаларды көру

мүмкіндігіне ие болды.

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдайдың

тұрақталуына байланысты карантин шаралары тағы

да жеңілдеді. Кешеден бастап өңірде қалааралық және

ауданаралық жолаушылар тасымалына рұқсат берілді.

Сонымен қатар, мәдени және діни нысандардың жұмысы

қайта жанданды.

Автобус қатынасы

қалпына келді

Тәуелсіздігіміздің тірегіне

айналған Конституция күнінде

Иса Байзақов атындағы облыстық

филармонияның шығармашылық

ұжымы 10 күндік мерекелік

ән-шеру ұйымдастырды. Филармонияның

бас редакторы

Сәуле Мұқаеваның айтуынша,

көрермендер жергілікті әншілердің

өнерін әлеуметтік желі арқылы

тамашалады. 20 тамызда бастау

алған әсем кештің қорытындысы

30 тамызда өткізілді.

- 10 күнге созылған ауқымды

шара арқылы жастарды

патриоттыққа, салт-дәстүрді

сақтауға, туған тілді құрметтеуге

шақырдық. Адамгершілікке,

ұлтжандылыққа тәрбиеледік.

Отан тақырыбында шырқалған

әндерді онлайн тамашалаған

көрермен көп болды. Өнерпаздар

туған елге деген махаббаттарын

әнмен жеткізуге тырысты, -

дейді ол.

Облыстық көркемсурет музейі

көрерменге ерекше тарту жасады

десек, қателеспейміз. Мекеме

ұжымы «Еліміздің танымал адамдары»

атты көрме ұйымдастырды.

Облыстық көркемсурет музейінің

басшысы Айгүл Нұрғамысованың

айтуынша, онлайн көрмеде

көрермен назарына 25 танымал

тұлғаның портреті ұсынылған.

ҚҰҚЫҚ

Мұғалім мүддесі

қорғалады

Қазақстанда педагогикалық этика және мұғалімдердің құқығын қорғау

кеңесі құрылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі мәлімдеді.

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов Facebookтегі

парақшасында педагог

мәртебесін көтеру бойынша

қандай жұмыстар атқарылатынын

айтып берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев министрлікке

«Педагог мәртебесі туралы»

заң нормаларын іске асыру

бойынша атқарылып жатқан

жұмыстарды жалғастыруды

тапсырды. Аталған құжаттың

маңызды ережелерінің бірі –

педагогті міндетіне жатпайтын

функцияларға тартудан қорғау,

орынсыз есептіліктен босату.

Бұл нормалар жаңа оқу жылы

қарсаңында өте өзекті», - деп

жазды министр.

Министрліктің осыған қатысты

қатаң ұстанымдарына қарамастан,

министр бұл ережелерді бұзу

фактілері әлі де кездесетінін

айтты.

Жалпы осы қысқа уақыттың

өзінде Білім саласында сапаны

қамтамасыз ету жөніндегі

аумақтық департаменттерге

жүзден астам өтініш келіп

түсті. Нәтижесінде лауазымды

тұлғаларға да, оқушылардың

ата-аналарына да қатысты

30-дан астам әкімшілік жаза

- Еліміздегі пандемияға

байланысты мекеме барлық

шараны қашықтан ұйымдастырып

келеді. Бұл бағытта әлеуметтік

парақша арқылы көп жұмыс

жүргізілді. Оқырман қатары да

күн сайын көбейіп келеді. ҚР

Конституциясының 25 жылдығы

аясында музей қорында

сақталған, елімізге және шетелге

танымал суретшілердің қолынан

шыққан ұлы тұлғалардың суретін

ұсындық. Құнды дүниелер 56

жыл бойы музейде сақталып

келеді. Туындылар майлы бояумен

салынған. Бұл ретте тұрғындар

Әбу Насыр әл-Фараби, Абай

Құнанбайұлы, Кенен Әзірбаев,

Дина Нұрпейісова сынды танымал

тұлғалардың портреттерін тамашалады,

- дейді ол.

Мереке күні Бұқар жырау

атындағы әдебиет және өнер

музейінде «Ата Заң – Тәуелсіздік

негізі» тақырыбында көрме

ұйымдастырылса, Г.Н.Потанин

атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейінде «Ата Заңым –

айбыным» тақырыбында дәріс

өтті. Ал Аймауытов атындағы

облыстық қазақ музыка-драма

театры «Youtube» арнасы арқылы

Е.Төлеубайдың «Оян, қазақ...

Ойлан, қазақ!» қойылымын

ұсынды. Естай атындағы мәдениет

қолданылды. Бұл жұмыс

тұрақты түрде жүргізіледі.

Заңсыздыққа жол берген

жауапты тұлғаларға қатысты

шаралар мұнымен шектелмейді.

Әкімшілік жазалардан бөлек,

жұмыстан босату туралы

шешімдер де қабылданады», -

дейді ведомство басшысы.

«Мұғалімдердің құқығын

қорғау – жергілікті аумақтық

орган басшыларының да,

мектеп директорларының да

тікелей міндеті. Педагогтардың

құқықтарын қорғау туралы

айтқанда, мұғалімдер өз

міндеттерін адал орындау

мәселесін де есте сақтауы қажет.

Өйткені жаңа Заңның талаптары

да жаңа. Педагогикалық

қызметпен айналысатын әрбір

жан жас ұрпаққа үлгі болып,

өз жұмысында адамгершілік

қағидалары мен моральдік

құндылықтарды басшылыққа

алуы тиіс. Мінез-құлық

мәдениеті, әдептілік, адалдық,

адамның ар-намысы мен

қадір-қасиетін құрметтеу –

педагогикалық этиканың негізі.

Осы қағидалардың сақталуын

бақылау үшін біз мұғалімдерге

қатысты құқықбұзушылықтар мен

педагогикалық этиканы өрескел

сарайында «Ұлы елді асқақтатар

Ата Заң» концерті мен «Мен

Қазақстан Республикасының

азаматымын» тақырыбында

флешмоб өтті.

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың ұжымы

жұртшылық назарына келелі

сұхбат ұсынды. Мекеменің

өлкетану және цифрлық технологиялар

бөлімінің жетекшісі

Марал Тәженованың айтуынша,

ауқымды шара қонақтары ҚР

Конституциясы, азаматтардың

құқығы, жастарды отансүйгіштікке

тәрбиелеу, қоғамда сыбайлас

жемқорлықты жою мәселелерін

сөз еткен. Бұл ретте кездесуге

«Ертіс – адалдық алаңы»

жобалық кеңсесінің жетекшісі

Ризабек Исабеков пен Павлодар

мемлекеттік педагогикалық

университетінің профессоры,

заң ғылымдарының кандидаты,

доцент Виктор Жамулдинов

келген.

Атап өтерлігі, Конституция

күніне арналған мерекелік шара

өңіріміздің барлық қалааудандарында

да аталып

өтті. Жұртшылық өнерпаздар

ұсынған патриоттық

тақырыптағы әндерді тыңдап,

рухани ләззат алды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

бұзу туралы даулы мәселелерді

қарастыратын арнайы алқалы

орган құруды қарастырудамыз.

Бұл – педагогикалық этика

және мұғалімдердің құқықтарын

қорғау жөніндегі кеңес.

Мұндай институт алғаш

рет пилоттық режимде осы

жылдың тамыз айынан бастап,

Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс

істей бастады. «Болашақта этика

бойынша Кеңестер еліміздің

барлық аймағында құрыла

алады. Олар білім беру саласында

сапаны қамтамасыз ету

департаменттері жанында жұмыс

істейтін болады. Барлығымыз

мемлекеттік қызметкерлердің

Әдеп жөніндегі кеңесінің тиімді

жұмысының куәсі болдық. Біздің

жаңадан құрылған Кеңестеріміздің

қызметі соның үлгісі бойынша

ұйымдастырылады. Мұның бәрі –

үлкен бастама: әр мұғалім

өзінің мәртебесін мақтан тұтуы

керек. Ыңғайлы жағдайда

жұмыс істеп, сапалы білім

беруі керек. Өйткені біздің

балаларымыздың әл-ауқаты мен

білімі - ұстаздардың қолында», -

дейді Білім және ғылым министрі.

Әзірлеген - Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.

Бұл туралы онлайн форматта өткен

брифинг барысында облысымыздың

Бас мемлекеттік санитар дәрігері

Батырбек Әлиев мәлім етті. Бұл

ретте қаулыға бірқатар өзгертулер

мен толықтырулар енгізілген. Оған

сәйкес, 31 тамыздан бастап қала және

ауданға қатынайтын жолаушылар автобусы

қызметіне кірісті. Кітапханалар

мен музейлердің де жұмысына рұқсат

берілді. Бірақ театр, концерт залдары

және көрме көрермендерді қабылдай

алмайды. Мешіт, шіркеу сынды діни

нысандар да ашылды. Мұндай орындарда

ұжымдық шараларды өткізуге

тыйым салынған. Қызметін қайта

жандандырған нысандар санитарлық

талапты қатаң сақтауы тиіс.

- Қаулыға енгізілген толықтыруларға

сәйкес, бассейндердің

жұмысына рұқсат берілді. Бірақ

адамдар алдын ала жазылуы тиіс.

Бір адамға кемінде 5 шаршы метр

аумақ берілуі қажет. Жеке және

топтық жаттығуларды жасауда спорт

кешендерінің қызметі де басталды.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің,

қорықтардың жұмысына да рұқсат. Бірақ

келушілердің саны 15 адамнан аспауы

керек. Сонымен қатар, сыныптағы

балалар саны 15-тен аспайтын,

ата-аналардың өтініші бойынша кезекші

сыныптың жұмыс істеуіне рұқсат

берілді. Қашықтан өткізуге мүмкіндік

болмаған жағдайда отырыстарды

ұйымдастыруға болады. Облыстағы

эпидемиологиялық жағдайды ескере

отырып, «Балдәурен» республикалық

Сақтықта

қорлық жоқ

Карантиндік шектеулердің алына бастағанын желеу

етіп, санитарлық талаптарға атүсті қарайтындар аз емес.

Мұны қаперіне алған еріктілер «Жақыныңа жанашыр

бол!» акциясын жиі өткізіп, тұрғындарға үгіт-насихат

жұмыстарын жүргізуде.

Жансері СЪЕЗБЕК

Еріктілер орталығының жетекшісі

Жанар Әйткенованың айтуынша,

мұндай шаралар мамыр айынын

бастап ұйымдастырылып келеді.

Тіпті, аптасына 2-3 мәрте өткізіліп

те жүр.

- Қоғамдық орындарда тұрғындардың

тығыз шоғырланатынын көріп

Сурет газет мұрағатынан алынды.

білім беру-сауықтыру орталығының

қызметіне рұқсат берілді. Қаулыдағы

талаптарды сақтай отырып ерекше

білім беруді қажет ететін балаларға

арналған арнайы, мамандандырылған

ұйымдардың, арнайы мектепинтернаттардың,

жалпы типтегі мектепинтернаттардың,

дарынды балаларға

арналған мектеп-интернаттардың да

жұмысы басталды, - деді Батырбек

Әлиев.

Атап өтерлігі, аймағымызда

демалыс және мереке күндеріне

арналған шектеу шаралары жалғасын

таппақ. Бірақ қоғамдық көліктердің

қызметіне рұқсат беріледі. Кеше

облыс орталығында барлық автобустар

мен шағын автобустар толық

қатынаған жоқ. Өңірдің бас санитар

дәрігері олардың қызметіне рұқсат

бергенімен, қоғамдық көліктердің

жұмысқа шығуын не шықпауын тасымалдау

ұйымы шешеді екен.

Демалыс және мереке күндері

азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды

қоспағанда, сауда және ойын-сауық

орталықтарының, сауда үйлерінің,

сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады.

Жабық базарлар тұтынушыларды

қабылдамайды. Сұлулық салондарының,

шаштараз, косметологиялық

қызмет көрсететін объектілердің

жұмысына да рұқсат жоқ. Фитнес

орталықтары, сауна, бассейндер де

жұмыс істемейді. Тұрғындар діни

объектілерге де бара алмайды.

Айдана АСҚАРҚЫЗЫ.

жүрміз. Қауіптісі сол, қарапайым

санитарлық талаптарды сақтамай,

бетпердесіз жүретіндер қаншама?

Осы ретте, волонтерлік орталықтың

еріктілері акция шеңберінде қоғамдық

орындарды аралап, павлодарлықтарға

жеке қорғану шараларын

сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде.

Жақында Орталық жағажайда

болып, демалушыларға үнпарақтар

тараттық, - дейді Ж.Әйткенова.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!