23.01.2021 Views

23 қаңтар сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12 23 қаңтар, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

Д.БАГАЕВ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ - 30 ЖЫЛ

Фотожылнамашы

Биыл танымал фотосуретші, Павлодар өңірінің фотожылнамашысы

Д.П.Багаевтың мемориалдық музей-үйінің ашылғанына

30 жыл толып отыр. Атақты фотосуретшінің нысанасына ілінген

фотосуреттердің арасында қазақ тарихынан сыр шертетін құндылықтар

қаншама? Мерейтойға орай, Д.Багаевтың тұтынған заттары

мен оның құнды заттарын сақтап отырған мекемеге арнайы бардық.

ЖАҢА ЖОБА

Енді павлодарлықтар

қазақ тілін үйренетін сайттарды

ғаламтордан іздеп

жүрмей-ақ, QR кодпен тауып

алуына болатын мүмкіндік

туды. Облыстық мәдениет,

тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасы мен облыстық

«Ана тілі» орталығы

мамандары «Қазақ тілі QR

код» жобасын іске қосты.

«Қазақ тілі

QR код»

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Д.Багаев атындағы музей-үйі 2001 жылы

30 қаңтарда ашылған. Музей үйінің өзі XIX

ғасырдың соңындағы мещан тұрмысының

тарихы және сәулет ескерткіші болып табылады.

Музей үш экспозиция бөлмесінен,

фотопавильоннан және қорықты мекеннен

тұрады. Бүгінде оның қорында 146 құнды

жәдігер бар. Музей-үйінің маманы Гүлнәр

Ізтулинаның айтуынша, Дмитрий Багаев

Г.Потанин атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейінің негізін қалаушы және

тұңғыш директоры болған.

- Бұл үйде Д.П.Багаев 1905-1958

жылдары тұрды. Осы үйде ол Павлодар

қаласындағы алғашқы фотосалонын ашты.

Небары 16 жасында қолына фотоаппарат

ұстап, фотоға түсіру өнерін меңгерген. Ол

барлық бос уақытын фотоға түсіру ісін

зерттеуге жұмсайды. Қолға алған ісін терең

меңгеру үшін 1903 жылы Омбы қаласында

тұратын Батыс-Сібірдің белгілі фотографы

Коркинге хат жазып, фотосуреттерін салып

жібереді. Көп уақыт өтпей-ақ оқуға шақырған

жауап хат келеді. Сөйтіп екі жыл бойы

жәрдемші ретінде Коркиннің шеберханасында

оқып үйренеді, - дейді Г.Ізтулина.

1905 жылы Багаев Павлодарға қайтып

келіп, осы үйде фотосалон ашады. Кейіннен

Багаев Семей генерал-губернаторының

фотоға түсіруге берген рұқсат қағазын

алып, адамдарды фотосуретке түсіре

бастайды.

- Дмитрий Багаев фотосуретке түсірумен

қатар, қаланың саяси өміріне де араласып,

Борис Гильманның социал-демократиялық

үйірмесіне кіреді. Ол Павлодардан

Семей түрмесіне барып, саяси тұтқындарды

жасырын түсірген. Ол суреттер

«Советский Союз» журналында орыс,

ағылшын тілдерінде басылып, бүкіл әлемге

танылады, - дейді ол.

Д.Багаев музей-үйі

Жаншу станогы

Фотосуретшінің жазу үстелі

Музей-үйінің бірінші залынан шебердің

күнделікті өмірде, жұмыста қолданған

жеке заттарын көруге болады. Яғни, жазу

үстелі, вена орындықтары, майданнан қызы

Валентина әкеліп берген портативті жазу

машинкасы, қабырға бойлай қойылған

екі шамшат кресло, ұзынша үстел, оның

қарсысында Багаевтың салонында түсірілген

көптеген фотосуреттер ерекше сән беріп

тұрған жұмсақ кресло, қызы Валентина

музейге сыйлаған заттары бар.

- Фотосуретші өмір бойы ғылымизертеу

жұмыстарымен айналысқан. Салт

атпен, кейде жаяу жүріп, өлкеміздің

барлық жерінде болды. Көп жылдар бойы

халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын

суретке түсірген. Музейіміздің 3-залынан

Багаевтың түпнұсқалық фотосуреттерін,

соның ішінде «ХХ ғасырдың басындағы

қазақ халқының өмірі мен тұрмыс салты»

фотокөрмесін тамашалауға болады.

Мұнда қазақ халқының тарихы, этнографиясы,

бейнеленген. Мәселен, «Ошақ

қасындағы әйел», «Айырбас алаңы»,

«Орақ», «Кеңбайтақ дала», «Су тасушылар»,

«Көш», «Мал суару», «Бақташы», «Кең

даладағы ұлдар» суреттері бар, - деді

музей-үйінің маманы.

Фотопавильонның басты экспонаты -

Д.Багаев 1928 жылы Мәскеуден алып келген,

Австрияда жасалған «Voigtlender & sohn»

бірегей фотокамерасы. Сонымен қатар,

шебердің алғашқы фотоаппараттарының

бірі «Фотокор», құрастырмалы тағанды

Д.Багаев қолданған фотоаппараттар

жол камерасы, әйгілі «Кодак» фирмасының

фотоаппаратын да көруге болады.

- Д.П.Багаевтың жұмыстары Қазақстанда

ғана емес, өзге де елдерге кең танымал.

Уақыт өткен сайын оның фотосурет

мұрасының құндылығы мен оған деген

қызығушылық арта түсуде. Мемориалдық

музей-үйі еліміздегі жалғыз фотосурет

музейі болып саналады, - дейді Г.Ізтулина.

Айта кетелік, Дмитрий Поликарпович

өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған

облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры

болып қызмет етеді. Багаевтың

жұбайы Марина Степановна 5 ұл мен

1 қызды өмірге алып келеді. Әйелі өмірден

өткен соң балаларын өзі тәрбиелеп өсірген.

Д.Багаев 1958 жылы 23 шілдеде қайтыс

болады.

Фотосуретшінің барлық фотосуреттері

топтастырылған «Уақыт кестелеген суреттер»

атты кітап 2018 жылы 3 тілде жарық көрді.

Суреттерді түсірген – автор.

Жоба авторы - «Ана тілі» орталығының

директоры Шолпан Кинжикова. Мақсаты –

қазақ тілін үйренуге ниеті бар тұрғындарға

қолайлы жағдай жасау. Яғни, QR код

белгісін смартфонға сканерлеу арқылы

«Ана тілі» орталығының әдістемелік

сайтына бірден өтеді. Ол сайттан күнделікті

тіршілік барысында жиі кездесетін

сөздіктерді жаттап, тапсырмаларды

орындауға болады. Тапсырмалардың

соңында әр адам өз нәтижелерін де

тексере алады. Егер теріс орындалған

тапсырмалар болса, соңында автоматты

түрде дұрыс жауабы келеді. Сонымен

қатар, тіл әдіскерлерінің онлайн семинарларын

тыңдауға және басқа да

қажетті электрондық оқулықтармен

танысуға мүмкіндік бар.

- Ақпараттық технологияның дамыған

заманында QR код мүмкіндігі мен

тиімділігін барлық жерде көріп жатырмыз.

Сондықтан, қазақ тілін үйрену жолында

неге пайдаланбасқа деген ой келді.

Мысалы, кейде бір мекемеде, ауруханада

кезек күтіп сағаттап отырып қаламыз.

Сондай уақытта қолыңыздағы ұялы

телефонмен осы код арқылы тіл үйрету

сайтына өтіңіз де, қажетті сөздерді

жаттай отырыңыз. Онда медицина,

сауда және басқа да тақырыптарға

арналған ауызекі стильдегі көптеген

сөздер мен сөйлемдер бар, - дейді

Шолпан Кинжикова.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасының хабарлауынша,

алғашқы күндері ХҚКО, теміржол

вокзалы, «Халық банкі» бөлімшелері,

«Трамвай басқармасы» сынды мекемелер

мен «Batyr mаll», Орталық әмбебап

дүкен сынды сауда орындарына 30-дан

астам QR коды бар плакаттар ілінді.

Алдағы уақытта бұл жаңашылдық өзге

қала-аудандарға да таратылады. Жалпы,

жыл соңына дейін облыс бойынша

1000-ға жуық QR код плакатын ілуді

жоспарлап отыр.

Т.МАРХАБА.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Еріктілер игі

іс жасады

Аудандық жастар бастамаларын

дамыту орталығының

жанынан құрылған

«Добродей » клубының

еріктілері игі істер жасауда.

Олар ауданда тұратын

жалғызбасты қарттарға

барып, көмек қолын созуда.

Жастар «Ардагер TIME» жобасы аясында

аудандағы жалғызбасты қарттардың

үйіне барып, көмектесуде. Бұл

ретте «Добродей» клубының еріктілері

жалғыз тұратын Тамара Евдокимова

әжейге барып, ауласының қарын күреп,

отын-суын реттеп берген.

- Жастардың үлкендерге қарайлап,

әркез қамқор болатыны ерекше қуантты.

Өз басым мұндай жақсылықты

күтпеген едім. Міне, аулам қардан

тазарып, кіріп-шығуға қолайлы болып

қалды. Балаларыма аналық алғысымды

білдіремін, - дейді Т.Евдокимова.

Ал еріктілер болса, көмек сұрап

хабарласқан кез келген жанның тілегін

қабыл алуға дайын екендерін жеткізуде.

Қ.МҮСӘЙІП.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!