23.01.2021 Views

23 қаңтар сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY АУЫЛ-АЙМАҚ 23 қаңтар, сенбі, 2021 жыл 5

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Мәселелер

шешіледі

Екібастұз қаласына қарасты Төртқұдық, Бәйет ауылдарында

көптен бері көтеріліп жүрген мәселелер -

тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту, мәдениет

үйін салу биыл шешімін табады. Қазіргі кезде

жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

20 қаңтар күні Екібастұз

қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев

Шідерті кенті, Төртқұдық және

Бәйет ауылдық округтерінің

тұрғындарымен онлайн форматта

кездесті. Әр кездесуде ауылдық

аймақ әкімдері, жергілікті полиция

басқармасы басшысының

бірінші орынбасары өткен жылдың

қорытындылары туралы баяндады.

Шідерті кентінің әкімі Мұрат

Қақожановтың айтуынша, былтыр

кенттегі 9,2 шақырым жылу

желілері күрделі жөндеуден

өтті. «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы аясында

6 көшедегі 4,3 шақырым жол

жөнделді.

Ал Төртқұдық ауылында биыл

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

орталықтандырылған су жүйесі

жүргізіледі. 2019 жылы тиісті

құжаттар әзірленген болатын.

Құрылыс осы жылы басталып,

ауылдықтар таза ауызсумен

қамтылуы тиіс.

- Бәйетте мәдениет үйін салу

мәселесі бірнеше рет көтерілген

болатын. Тұрғындардың тілегі

ескеріліп, таяуда ауылдық клубтың

типтік ғимаратының құрылысына

қатысты жобалық-сметалық құжаттама

әзірлеу жұмыстары басталды, -

деді А.Қаңтарбаев.

Шаһар басшысы есептік

кездесулер барысында ауыл

тұрғындарынан келіп түскен

барлық сұрақтар назарға алынатынын

айтты.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Таза ауызсуға

жарымай отыр

Жақында Павлодар ауданына қарасты Заря

ауылында орталықтандырылған су құбыры

тартылған болатын. Бірақ таза ауызсу желісі

қатты аяздың салдарынан қатып қалған көрінеді.

Тұрғындар бұл мәселені

аудан әкімі Жанат Шұғаевтың

есептік кездесуі барысында

көтерді. Эпидемиологиялық

жағдайға байланысты «Zoom»

алаңында ұйымдастырылған бұл

жиынға аудандық мәслихаттың

жаңадан сайланған депутаттары

да қатысты.

Заря елді мекенінің тұрғындары

өткен жылдың желтоқсан

айында ғана іске қосылған

орталықтандырылған су жүйесінің

қатып қалуынан бөлек, сапасы

нашар әрі жағымсыз иісі бар

екенін айтты. Әрі кешенді блокмодульді

алып тастаған соң таза

ауызсуды қайдан аларын білмей

отырғанын бүгіп қалмады.

Есептік кездесуден соң судың

сынамалары алынып, сараптамаға

жіберілді. Жақын күндері

оның сапасына қатысты қорытынды

шығуы тиіс.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Көшелерге жарық

тартылады

Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арыновтың

кезекті есептік кездесуі Қараоба ауылдық округі

тұрғындар алдында өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған

жиында қараобалықтар ауылдың

дамып келе жатқанын атап өтті.

Әсіресе, ауыл шаруашылығы

саласында оң өзгерістер байқалады.

Округ аумағында 3 ЖШС,

50 шаруа қожалығы және

33 кәсіпкер еңбек етуде. Олар

мемлекеттік бағдарламаларға

белсенді атсалысып, шаруаларын

дөңгелетуде. Мәселен, былтыр

«Еңбек» бағдарламасы арқылы

мал шаруашылығын дамытуға

18 адам 200 АЕК көлемінде

грант ұтып алған. Жеті азаматқа

жалпы көлемі 31 миллион теңгенің

шағын несиесі үлестірілген.

«Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасы аясында

«Қасенов» шаруа қожалығы

17,2 миллион теңгеге ірі қара мен

жылқы сатып алыпты. Кейбірі өз

қаражаттарына техника паркін

жаңартып жатқанын атап өткен

жөн.

Былтыр Әуелбек ауылындағы

Қ.Ыдырысов атындағы орта

мектепке жалпы сомасы 33 млн.

теңгеден астам сомаға күрделі

жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ

Қараоба орта мектебінде аудандық

бюджет есебінен 1,2 млн.

теңгеге жылы дәретхана салынған.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы

шеңберінде мектептерге

3 мұғалім қабылданған.

Аудан әкімі биыл округке

қарасты елді мекендерде ұялы

байланыс мәселесін шешу,

көшелерге жарықдиодты шамдар

орнату ісі қолға алынатынын

сүйіншіледі. Қараоба ауылында

дене шынықтыру-сауықтыру

кешенін салудың жобалықсметалық

құжаты әзірленбек.

Тұрғындар өз кезегінде Өтес

ауылының кіреберіс жолына орта

жөндеу жұмыстарын жүргізуді,

интернет мәселесін шешуді

сұрады.

Жансері СЪЕЗБЕК.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Футбол алаңы салынады

Ауданда ауыл әкімдерінің халық

алдындағы есептік кездесулері

жалғасуда. Осы аптада Новомир

ауылдық округінің әкімі Темірхан

Шайықов онлайн форматта

жұртшылықпен жүздесті.

Ауыл әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды

баяндап, 2021 жылы жүзеге асырылатын істерге

тоқталды. Оның сөзінше, ауылдық округ аумағында

10 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Қожалық

иелері «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы

арқылы мал санын арттырған. Өткен жылы

көшені жарықтандыру, абаттандыру бойынша

жұмыс жүргізілген. Новомир және Церковное

ауылдарының халқы ұялы байланысқа қол жеткізген.

Бұдан бөлек, Церковное ауылына су құбыры

тартылып, тұрғындар таза ауызсумен қамтылды.

Биыл аталмыш елді мекендегі 3 көше орташа

жөндеуден өткізіледі деп күтілуде. Ағымдағы жылы

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде

Новомир білім беру мектебінің терезелері

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

УСПЕН АУДАНЫ

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Бұл ауылдық округтің құрамына

Малыбай, Қазантай, Қазы ауылдары

қарайды. Өткен жылы бұл елді

мекендерде ауқымды жұмыстар

атқарылды. Ең негізгісі, аудан

орталығынан округ орталығы

Малыбайға дейін тақтайдай тас

жол салынып, ауыл тұрғындары-

ауыстырылады деп жоспарлануда. Сонымен

қатар, Новомир ауылындағы мәдениет үйінде

де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Балалар үшін

шағын футбол алаңы да салынбақ. Биыл «Бастау

Бизнес» курсы арқылы 2 адам арнайы оқудан

өтеді. Онлайн режимдегі кездесу соңында ауыл

тұрғындары әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған

отбасыларды және мүгедектерді көмірмен қамту

бойынша талаптарды түсіндіруді сұрады.

Ауылда қажеттілік көп

Байланыс жақсарды

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Апта басында Байқоныс, Песчан, Тереңкөл, Береговой, Бобровка және Октябрь

ауылдық округтеріне қарасты шағын ауылдарда барлығы 10 кездесу өтті.

Оның 8-і онлайн форматта

ұйымдастырылса, Луговое және

Юбилейное шағын ауылдарындағы

жиындар тұрғындардың қатысуымен

өтті. Санитарлық талап

қатаң сақталды. Байқоныс ауылдық

округіне қарасты Тілеубай ауылында

өткен есептік кездесуде ауыл

тұрғыны Ш.Кәрімов жұртшылықты

таза ауызсумен қамтуды сұраса,

Қызылтаң ауылындағы мектептің

мұғалімдері салынып жатқан

су құбырларының әрбір үйге

Бағдарламалар жемісі

Былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Успен және Галицкое

ауылдарындағы жолдар жөнделген. Жеті бірдей әлеуметтік нысан жаңартылып,

ажарлана түскен.

Успен ауданының әкімі Николай

Дычко тұрғындар алдында онлайн

форматта есеп беріп, алдағы

жоспарымен бөлісуде. Былтыр

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында көп игіліктер орын алды.

Бағдарлама биыл да жалғасын

тауып, Константиновка ауылындағы

балабақша қайта жаңартылмақ.

Сөйтіп, мектепке дейінгі

тәрбие және оқытуды жүзеге

жеткізілуін қадағалауды өтінді.

Сондай-ақ, елді мекен тұрғыны

А.Нұғманова балабақша қажет

екенін айтты. Тереңкөл ауылдық

округіне қарасты Ынталы ауылының

тұрғыны Б.Ыбраев ауылға кіреберіс

жолды асфальттау керектігін

жеткізсе, З.Аюпова ауылдағы

қаңғыбас иттерді жоюды с ұ р а д ы .

Ал Береговой ауылдық округіне

қарасты Луговое ауылының

тұрғыны Қ.Құсниденов көше

шамдарының санын арттыруды

асыратын қосымша 2 топ ашылмақ.

Былтыр «Жұмыспен қамтудың

жол картасы» бағдарламасы

аясында «Қаратай-Богатырь» бағытындағы

аудандық маңызы бар

жолдың 5 шақырымы жөнделіпті.

Қалған 18,8 шақырымын жөндеу

үшін 722,8 миллион теңгеге жоба

әзірленіп, биыл іске аспақ.

Тұрғындарды сапалы ауызсумен

қамтамасыз ету мақсатында

Малыбай ауылдық округінің әкімі Асқарбек Айғазинов

ғаламтордың көмегімен тұрғындармен онлайн

байланысқа шығып, 2020 жылдың қорытындысы

туралы есеп берді.

ның орталыққа қатынауына

жағдай жасалды. Сонымен қатар,

Теlе-2, Altel және Beeline ұялы

операторларының құрылғылары

орнатылып, байланыс жақсарды.

- Осы жылы да көп жұмыс

жоспарланған. Мысалы, Малыбай

ауылы бойынша 4 көшеге

асфальт төсеу, мектеп пен

ауыл клубын күрделі жөндеуден

өткізу, көшелерді толықтай қайта

жарықтандыру керек. Сол секілді

өтінді. Бобровка ауылдық округіне

қарасты Жасқайрат ауылының

тұрғыны С.Дүйсембеков ауылдағы

мектептегі бала санын арттыру

үшін оңтүстік өңір тұрғындарын

ауылға тартуды сұрады. Октябрь

ауылдық округіне қарасты Первомайское

ауылына дәрігер қажет.

Тұрғындар тарапынан түскен

сауалдар мен өтініштерді тыңдаған

ауыл әкімдері мәселені бақылауға

алатындарын жеткізді.

Өз тілшіміз.

«Нұрлы жер» бағдарламасы

шеңберінде былтыр Тобылжан

ауылында орталықтандырылған

сумен қамту жүйесі іске қосылған.

Биыл Лозовое, Ковалевка, Қозыкеткен

және Белоусовка ауылдарындағы

жобалар аяқталады

деп күтілуде.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Қазы ауылында да осындай

нақты істер атқарылады, - дейді

Асқарбек Айғазинов.

Су құбырын тарту, ұялы

байланыс орнату және көшелерді

толықтай қайта жарықтандыру

кезегі биыл Қазантай ауылына

тиеді. Мұнда салынып жатқан

жаңа клубтың құрылысы да осы

жылы аяқталады деп күтілуде.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!