23.01.2021 Views

23 қаңтар сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 23 қаңтар, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақсу қаласының

әкімі ауысты

Кеше Ақсу

қаласының

әкімі ауысты.

Металлургтер

шаһарының

тізгіні Нұржан

Әшімбетовке

сеніп тапсырылды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қаланы бұған дейін екі

жылдан астам уақыт бойы басқарған Балғабай Ыбыраевқа

адал қызметі үшін алғысын білдірді.

- Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізіліп, көптеген ірі

әлеуметтік жобалар іске асырылды. Сіздің тәжірибеңіз бен

біліміңіз біздің өңір тұрғындары үшін пайдалы болады деп

сенемін. Сізге алдағы жұмыстарыңызға табыс, отбасыңызға

амандық және зор денсаулық тілеймін, - деді аймақ басшысы.

Ақсу қаласының әкімі лауазымына ұсынылған Нұржан

Әшімбетовтің кандидатурасын қалалық мәслихат депутаттары

бірауыздан қолдады.

- Өнеркәсіп өндірісінің, электр энергиясының өсуін, өңдеу

өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ

экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті,

шағын индустриялық аймақтарды дамыту және жеке инвестицияларды

тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет.

Ақсу ауылдық аймағының әлеуеті зор. Бұған назар аудару

керек, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Ақсу қаласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге

асу барысы мен тұрғын үйлер құрылысының аяқталуы облыс

басшылығының ерекше бақылауында болмақ.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі

ауданы Черное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын

1993 жылы Павлодарда «Сәуле» концернінің қызметкері

болып бастаған. Кейін жергілікті жердегі мемлекеттік мүлік

жөніндегі аумақтық комитетте, Лебяжі ауданындағы өндірістік

кооперативте қызмет атқарған. Біраз жылдар жеке компанияларда

жұмыс істеді. Одан кейін Ақтоғай ауданы әкімінің

орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, облыстық ауыл

шаруашылығы басқармасының басшысы, ҚР Президенті

Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Әр жылдары Петропавл, Павлодар, Екібастұз қалаларына

басшылық жасады. 2012-2016 жылдары Павлодар облысы

әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Осы қызметке дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымындағы

депутаты болды.

Жаңа жетекші

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасын Марат Зенов басқаратын

болды. Марат Балтабайұлы жаңа қызметке

тағайындалғанға дейін Павлодар қалалық

мемлекеттік сатып алу бөліміне жетекшілік

еткен еді.

Марат Зенов 1983 жылы

Ертіс ауданында дүниеге келген.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетін,

2010 жылы Инновациялық Еуразия

университетін бітірген. Инженерэкономист

және жергілікті мемлекеттік

басқару магистрі.

2006-2009 жылдары Павлодар

облысының жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары департаментінде

автомобиль жолдары

техникалық бөлімінің бас маманы,

2009-2012 жылдары осы бөлімнің

басшысы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы

және инвестициялық жобалар департаментінде, Павлодар

облысы бойынша тексеру комиссиясында, облыстық ауылшаруашылық

басқармасында сарапшы, жетекші, бас маман,

бөлім басшысы, басшы орынбасары қызметтерін атқарды.

2016-2019 жылдары Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

бөлімін басқарды. 2019-2020 жылдары Тереңкөл ауданы

әкімінің орынбасары болды.

2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Павлодар

қаласының ТКҮШ, жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөліміне басшылық етті. Бүгінгі күнге дейін облыс

орталығының мемлекеттік сатып алу бөлімін басқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

«Өткен жылы не тындырылды?». Бұл – қазіргі уақытта барлық деңгейдегі әкімдердің

жиі еститін сауалы. Бүгінде аймағымызда әкімдердің тұрғындар алдындағы есептік

кездесуі кестеге сай өтуде. 19 ақпанға дейін барлығы 501 есептік жиын ұйымдастырылмақ.

Әр сауал жауапсыз

қалмайды

Оралхан ҚОЖАНОВ

Оның 151-і - қалалар мен аудандардың,

ал 349-ы - кент, ауылдық округ

және ауыл тұрғындары алдындағы

есептік кездесулер. Эпидемиологиялық

ахуалға сәйкес, әкімдердің есеп беруі

онлайн форматта өтуде. Десе де,

ғаламтор жылдамдығы төмен, халық

саны аз кейбір шалғай ауылдарда

әкімдер бұрынғыша есеп берді. Әрине,

барлық санитарлық талаптар қатаң

сақталуда. Ал онлайн форматтың

есептік кездесулері «ZOOM» платформасы

арқылы ұйымдастырылуда.

Қала берді, әкімдердің әлеуметтік

желілердегі парақшаларынан тамашалап,

сауалдарыңызды жолдауға

мүмкіндік зор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері жөніндегі

облыстық комиссияның онлайн отырысында

осы және өзге де мәселелер

сөз болды. Жиынға облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов қатысты.

Облыстық жер қатынастары

басқармасының басшысы Руслан

Дәуітбаевтың мәліметінше, саланы

цифрландыру үшін геоақпараттық

портал әзірленуде. Қазірдің өзінде

сервис арқылы Павлодар, Екібастұз

және Ақсу қалаларында сұранысқа

ие 5 мемлекеттік қызмет түрін

алуға болады. Былтыр өңірде жер

қатынастары саласында 14 мыңға жуық

мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның

54 пайызы - электрондық форматта.

- Тұрғындар жиі көмегіне жүгінетін

жер қатынастары басқармасы үшін

Десе де, «Ғаламтордың көмегіне

жүгіне алмайтын жалғызбасты

зейнеткерлер, өзге де әлеуметтік

топ өкілдері сұрағын қалай қояды?»

деген сауал туындауы - заңдылық.

Мұндайда мәселеңізді қағазға түсіріп,

жергілікті әкімдік ғимаратындағы

пошта жәшігіне қалдыруыңызға

болады. Оның жауабы да жазбаша

түрде келмек. Ұялы телефоны жоқ

жандар жай телефон арқылы да

хабарласа алады.

Өзге де себептермен онлайн

кездесуге қатыса алмайтындар

тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

ұсынған мәліметке сүйенсек, қала

және аудан әкімдерінің қорытынды

есептік кездесулерінен бір күн бұрын

әкімдер азаматтарды онлайн форматта

жеке қабылдайтын болады. Қабылдау

азамат таңдаған кез келген онлайн

жүйеде өткізілмек.

Биылғы жылдың тағы бір

ерекшелігі – Павлодар және

Екібастұз қалалары әкімдерінің

қорытынды есептік кездесулерін

«Тікелей желі» форматында жергілікті

телеарналардан көрсету көзделген.

Осылайша, тұрғындар телефон

арқылы байланысқа шығып, сауалдарын

жолдай алады.

Аймағымызда 15 қаңтарда

басталған әкімдердің есептік

кездесуі 19 ақпанда облыс басшысы

Әбілқайыр Сқақовтың қорытынды

есептік кездесуімен түйінделмек.

Облыс әкімінің есептік кездесуі

қарсаңында өңірдің әрбір тұрғыны

өзіне ыңғайлы байланыс арнасын

таңдап, сауалдарын қоюға, ұсыныстар

енгізуге немесе онлайн қабылдауға

жазылуға болады.

Өтінішті:

1. Қазақстан Республикасының

www.egov.kz «электрондық үкімет»

порталы арқылы;

2. Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев

көшесі, 49-үй мекенжайы бойынша

облыс әкімдігінің ғимараты жанындағы

арнайы жәшікке конвертпен тастауға;

3. Облыс әкімдігінің www.pavlodar.

gov.kz сайтындағы «Open Dialog» блогтұғырнамасына;

4. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар

мен мессенджерлерге:

- Instagram - @pavlodar_region,

- Facebook – Pavlodar Region,

- Telegram - Pavlodar_region_bot,

- WhatsApp +77021661661;

Сондай-ақ (87182) 65-10-50, 65-10-46,

66-39-25 байланыс телефондарына

қоңырау шалу арқылы жолдауға болады.

Өтінішті толтыру кезінде өтініш

берушінің толық деректерін (аты-жөні,

пошталық мекенжайы, байланыс телефондары)

және мәселенің/ұсыныстың

қысқаша мазмұнын көрсету қажет.

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Электронды үлгі маңызды

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі форматтағы жобалар

жүзеге асуда. Мәселен, тікелей қарым-қатынасты жою үшін қызметтерді электронды

үлгіде ұсыну ісі қолға алынған болатын. Өкінішке қарай, аймағымыздағы

кейбір басқармалар бұл бағытта көш соңында қалуда.

электрондық форматта көрсетілген

мемлекеттік қызметтер өте аз. 2021

жылдың соңына дейін көрсеткіш

90 пайыздан жоғары болуы тиіс.

Қызметшілер мен қызмет алушылар

арасындағы байланысты барынша

болдырмай, процесті электрондық

форматқа көшіру маңызды, - деді

аймақ басшысы Ә.Сқақов.

Жиын барысында ҚР Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаментінің басшысы

Айдар Тастеміров «Transparency

Kazakhstan» қоғамдық қорының

елімізде сыбайлас жемқорлық

бойынша жүргізген әлеуметтік

мониторинг нәтижелерімен таныстырды.

Зерттеу тұрғындар мен

кәсіпкерлер арасында сауалнама

жүргізу, сондай-ақ «Ашық диалог»

порталындағы шағымдар негізінде

жасалған.

- Сауалнама нәтижесіне сәйкес,

мемлекеттік органдарға жүгінген кезде

сыбайлас жемқорлыққа тап болған

адамдардың үлесі 11,3 пайызды құрады.

Әсіресе, мемлекеттік медициналық

мекемелер, полиция, жер қатынастары

басқармалары, ХҚКО, мемлекеттік

балабақшалар мен жоғары оқу орындары

парақорлыққа біртабан жақын

екені анықталды. Десе де, 2019

жылмен салыстырғанда көрсеткіш

2,1 пайызға төмендегенін атап өткен

жөн, - деді А.Тастеміров.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

зерттеу нәтижелерін өңірдің мемлекеттік

органдары басшылыққа алу керектігін

атап өтті.

О.ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!