02.03.2021 Views

2 наурыз сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

БАҒА САЯСАТЫ

АЙНА 2 наурыз, сейсенбі, 2021 жыл 3

COVID-19: ВАКЦИНА

Бензин қымбаттады

Өткен аптаның соңында облыстағы жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы

бензин бағасы бірден бірнеше теңгеге бір-ақ өсті. Көлік отынының орташа

есеппен 2-6 теңгеге қымбаттауының өзі көлік тізгіндегендердің қалтасына

кәдімгідей салмақ салуда. Қарапайым тұрғындар мұның соңы жолақы құнының

қымбаттауына әсер ете ме деп қауіптенеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Өткен аптаның басында павлодарлықтар

АИ-92 маркалы бензиннің

бір литрін шамамен 152 теңгеге сатып

алса, апта соңына қарай 154-160

теңгеге алуына тура келді. Мәселен,

жүргізушілер жиі ат басын бұратын

«Монолит» желілерінде жанармайдың

бір литрі 152 теңгеден 154 теңгеге,

«Газпром», «Helios» бекеттерінде

154 теңгеден 156 теңгеге дейін қымбаттады.

Бұл бекеттерде бензиннің қоспа

қосылып, байытылған түрінің бағасы

да бірнеше теңгеге өскені байқалады.

Ал «Pegas», «Bip» жанар-жағармай

желілерінде баға әзірше тұрақты.

Алғашқысында АИ-92 маркалы жанармай

152 теңге, соңғысында 150 теңгеден

саудалануда. Бұл бекеттердегі баға

бірнеше күн дересінде өзгеруі әбден

мүмкін.

Кейбір бекеттерде АИ-95 маркалы

бензиннің бағасы да өсті. Бұған дейін

литрі 170-172 теңге болса, бүгінгі күні

174-178 теңгеден сатылады.

Сатушылардың өздері жанармай

бағасының қымбаттауын жеткізуші

компаниялардың сұйытылған отын

құнын өсіруімен байланыстырады.

ҚР Энергетика министрлігі департамент

директорының орынбасары

Талғат Құрманбаевтың айтуынша, бұған

жанармайға деген сұраныстың артуы

себеп болып отыр.

- Қазіргі уақытта пандемиядан зардап

шеккен экономиканың негізгі салалары

қайта жанданып келеді. Сондықтан

сұраныс өсті. Жанармайдың көтерме

саудадағы бір литрінің бағасы 7 мен

15 теңге арасында болса, ол литрге

шаққанда 6 мен 10 теңгеге сәйкес

келеді. Яғни, жанармай бағасы орта

есеппен алғанда 8-10 теңгеге өсті.

Нарықтағы мұндай өзгеріске мұнай

бағасы қымбаттауының тікелей әсері

жоқ, - дейді Т.Құрманбаев.

Сарапшы Тоқтамыс Меңдібаевтың

пайымынша, елімізде жанар-жағармай

бағасының құбылуына Ресей нарығы

әсер етуде.

- Еуразиялық экономикалық одақ

құрамына кіретін елдерге қойылған

КАРАНТИН: ТӘРТІП

Сабақ алмаған тәрізді

Облыс орталығындағы «Mojo» түнгі клубы карантин талабын тағы бұзды. Бұған

дейін мониторинг тобының мүшелері түнгі уақытта аталған клубтың жұмыс

істегенін анықтап, жауапты органдар әкімшілік жауапқа тартқан еді. Алайда, клуб

басшылығына ол сабақ болмаған тәрізді.

28 ақпан күні Торайғыров көшесі, 51-үй мекенжайында

орналасқан мекемеде түнгі уақытта даңғырлап

әуен ойнағанын байқапты мониторингтік топ мүшелері.

Келушілер клубқа қосалқы есік арқылы кірген. Полицейлерді

көрген бойда клуб иесі есікті іштен бекітіп алған. Тәртіп

сақшылары мекемені торуылдап, бірнеше сағат өткеннен

кейін іштегілердің сыртқа шыға бастағанын байқапты.

Түнгі клубта сол уақытта 20 адам демалған екен. Олардың

барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Павлодар қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы

Арман Қаптаевтың айтуынша, аталмыш фактіге қатысты

іс материалдары облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментіне жолданады. Тәртіп бұзушылар ҚР

Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 425-бабы бойынша

жауапқа тартылуы тиіс. Түнгі клуб иесі мекеменің таңғы

сағат 4.30-ға дейін жұмыс істеп, карантин режимін бұзғаны

үшін жауапқа тартылады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

бір талап – бензин бағасының

Ресейдегі нарықтағы жағдайға

қарай икемделуі. Бүгінде көршілес

мемлекетте бір литр жанармайдың

бағасы бізден 70 теңгеге қымбат.

Сондықтан жергілікті кәсіпорындар

үшін отандық бекеттерге қарағанда

сыртта сатқан әлдеқайда тиімді. Табыс

табуды көздегендер жанармайдың

заңсыз саудасын «қыздырмас» үшін

қазақстандық нарықтағы баға әлі де

өсетін сыңайлы, - дейді экономист.

Қазақстанда 2015 жылдан бастап

жанар-жағармай бағасы мемлекет

тарапынан реттелмейді. Тек өткен

жылы Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты

сұйытылған отын бағасын 2021 жылдың

1 наурызына дейін бақылау жөнінде

тапсырма берген болатын. Бақылау

мерзімі аяқталды. Енді жанармай

саудасы еркін нарыққа шығарылды.

Яғни, қай маркалы бензинге қандай

бағаны белгілеу керек екенін өндірушілер

мен сатушылардың өздері біледі.

Ал бұл ретте «Бензин бағасы

бақылаусыз қалған соң тіпті

қымбаттайды» деген әңгіме ел арасында

желдей есіп жүр. Сондықтан тұрғындар

жол, коммуналдық шығындар, басқа

Сурет газет мұрағатынан алынды.

да қызмет көрсету түрлерінің ақысы

өседі деп қауіптенеді.

- Жанармай бағасының бірнеше

теңгеге өсуі жолаушылар тасымалымен

айналысатын кәсіпорындар,

такси қызметтері үшін тиімді. Жолақы

құнын өсіруге негіз болатын себеп

табылды. Электр, жылу энергиясымен

қамтитын монополист компаниялар да

бағаны көтере ме деген ой бар. Отын

құнының құбылуы азық-түлік нарығына

да кері әсер етеді. Сондықтан жанаржағармай

бағасы қайтадан мемлекет

тарапынан реттелсе жақсы болатын

еді, - дейді Павлодар қаласының

тұрғыны Серікбай Тасболатов.

Сарапшылардың болжамы бойынша,

жыл соңына дейін АИ-92 маркалы

бензиннің бағасы 170, АИ-95 маркалы

жанармайдың бағасы 200 теңгеге

дейін жетеді. Десе де, Энергетика

министрлігінің өкілдері алаңдауға

негіз жоқ екенін алға тартады. Себебі

жанармайға қатысты шекті бағаны

ведомствоның өзі белгілейтін болады.

Бекеттер бағаны заңсыз өсірген

жағдайда монополияларды реттеу

агенттігі іске кірісіп, тиісті шараларды

қолға алады.

Екпе салу -

ерікті шара

Аймағымызда коронавирусқа қарсы вакциналаудың

бесінші аптасы басталды.

Қазір екпе алған 1200 дәрігер препараттың

екінші дозасын салдыруда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Аурудан сақтануға арналған ресейлік «Спутник-V»

вакцинасы Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық

компанияның базасында жасалғанын атап өту керек.

Екі мәрте екпе алған ақ желеңділердің жағдайымен

танысқан болатынбыз. Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша,

қазіргі уақытта 600-ге жуық дәрігер вакцина

алған.

- Алғашқы екпені 1 ақпанда алдым. Арада

21 күн өткеннен кейін, екінші дозаны қабылдадым.

Қан қысымым, дене қызуым көтерілген жоқ. Жағдайым

жақсы. Жағымсыз әсерлер болған жоқ. Иммунитет

қалыптасқан соң, ағзам коронавирусқа қарсы тұра

алады деген сенімдемін. Екінші доза субстанция ретінде

келіп, Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық

компанияның базасында өндірілді. Яғни, алғашқы

«Спутник-V» вакцинасы толығымен Ресейде жасалды.

Ал екінші дозаның құрамы Ресейде жасалып, Қарағанды

қаласындағы арнайы кәсіпорында шыны құтышаларға

құйылған. Келесі кезеңде мұғалімдер, кейін күштік

құрылымдар екпе алатын болады. Егер артық вакцина

қалып жатса, екпе алғысы келетін өзге адамдарға да

салатын боламыз. Бұл ретте екпе кабинеттері дайын, -

дейді А.Сейітқазинов.

Екінші дозаны алғандардың қатарында Тереңкөл

аудандық аурухананың аға медбикесі Гүлбақыт Бүркітбаева

да бар. Ол вакцинадан кейін өзін жақсы сезінгенін

айтты.

- Дәрігерлер қауымы өз еріктерімен екпе алуда.

Коронавируспен күресу үшін өңір тұрғындарына дұрыс

шешім қабылдау керектігін айтқым келеді. Жаппай

иммунитет қалыптасқанда ғана біз індетті толық жеңіп

шығамыз. Екпе алған дәрігерлердің жағдайы жақсы.

Бастысы, алдағы уақытта өз өміріміз үшін қорықпайтын

боламыз, - дейді аға медбике.

Шарбақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы Гүлайна Қойбағарова

ауданға 10 препарат жеткізілгенін баяндады. Барлық

дәрігердің жағдайы қалыпты. Ешқайсысында жағымсыз

әсер болмаған.

- Облыс орталығынан тасымалданған вакцина

ережеге сай жеткізілді. Екпе алған ақ желеңділер

өздерін жақсы сезінеді. Оның ішінде өзім де

бармын. Бұдан кейінгі вакциналау науқаны кезеңкезеңімен

талапқа сай жүргізілетін болады. Екпе

алу – ерікті түрде өткізілетінін еске салғым келеді, -

дейді Г.Қойбағарова.

Елімізде жаппай егу басталғанда вакцинаға қарсы

көрсетілімдері болмаса тек 18-65 жас аралығындағы

адамдарға егіледі делінген еді. Енді 65 жастан

асқан адамдарға да вакцина салынбақ. Бұл туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Екпе кезінде

зейнеткерлердің денсаулық жағдайы қатаң ескеріледі. Яғни,

олардың медициналық қарсы көрсетілімдері, бойында

созылмалы аурулардың, аллергиялық реакциялардың

бар-жоқтығы назарға алынбақ.

Айтып өтейік, өткен аптаның соңында өңірімізге

коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші партиясы

жеткізілді. Кеше «Спутник-V» препараттары емханаларға

таратылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының

мәліметінше, вакцинаның 4050 дозасы бірінші компонентке

жатса, 2850 доза екінші мәрте егуге арналған.

Препараттар Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың

қоймасына орналастырылған.

Кеше аймағымызда мұғалімдер қауымы да коронавирусқа

қарсы екпе ала бастады. Вакцинаны алғашқы

болып облыстық білім беру басқармасының басшысы

Дінислам Болатханұлы салдырды. Өңірде COVID-19-ға

қарсы екпені қабылдауға 1140 педагог келісім берген.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!