22.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 22 сәуір, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

18 22 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл ЗЕРДЕ

SARYARQA SAMALY

САНАДАҒЫ САН САУАЛ

Ғалымбек

ЖҰМАТОВ,

жазушы

Ескіден - естелік,

жаңадан -

жарқын жол

Бізде ескі мен жаңаны үзеңгілестіре сөйлеу

ежелден бар. «Ескі ай, есірке, жаңа ай, жарылқа»

немесе «Ескіден ептеп келеді, жаңадан беттеп

келеді» дегендей мәтелдер көнені күмбірлетіп,

бүгінгінің де жолынан қалмай, ғасырлар көшіне

ілесіп келеді. Ескі, көне, өткен десек те «Бұрынғының

сөздері-ай» демесімізге болмасын мойындау да -

парыз. Қазақ тілі қағидатына енбей жатып

етістіктеріміз «Барайын деп отырмыз, жүрейін

деп отырмыз» дегендерге еріншектік танытып

«жатырмызға» жайлап көшіп кеткенге ұқсайды.

«Бара жатырмыз, келе жатырмыз, тұрайын деп

жатырмыз, келе жатыр» дегендеріміз бар жатаған

тірлікке жақындығымызды меңзейтін секілді. Ол

аз болса, оңтүстіктегі ағайындарымыз «кеп атыр»

десе, ал оралдықтар «кеп атырық» дейтініне де

таңданып, талас тудырмасқа да үйрендік, өзіндік

диалектілеріміз бар, азын-аулақ жергілікті говорларымыз

бар сөздердің аздап өзгеріске ұшырауы

да заңды. Курстас әріптесіміздің бірі Дина Әбішева

«Сен «кекілді қыз» дегеннің кезінде «Көкілді»

деп те жазылатынын білесің бе?» деп сұрады,

қарсы пікірталас іздемедім. Қазақтың жалпақ

тілінен орын алар сөздер қазынаны толықтыра

берсін де. Ал енді қай жерден қылтиып шығып

тұрғаны белгісіз сөкеттеу «қылтима» деген сөздер

ғалымдарымыздың біраз шаужайына жармасып

жүріп, балкон ұғымына жарамай, сыпырылып

түсіп қалар да. Сондықтан өткен мен бүгінгіні

барынша ұштастырарға ой келді.

Тракторшы

қарындас

«Қырманшы қыз-желең, келіншек, шофермын

сендерге келімсек...» деген әнді ыңылдап болса

да айтып жүреміз. «Тракторшы қарындас,

комбайншы қыз» десек, ұртымызға жыланның

жұмыртқасы түсіп кеткендей тулайтынымыз бар.

«Дырылдаған «Тракторыңды» әнге қосу қалып

еді енді. Сырттан келген сырттан сөздеріңді

қойыңдаршы, осы» - десе бірі, «Басқаша айтар

баламаң қайсысы?» - дейді екіншісі. Түптеп айтқанда,

ауыл шарушылығында, өндірісте қазақы бұрауға

келмейтін «кірме сөздер» баршылық. Олардағы

барлығын лексикондарымызға енгізу керек деу

жөн болмас. Әрине, тіліміздің тазалығы үшін,

шұрайлылығы үшін талай тер төгілері һақ. Сол

тірлігіміздің жан-жақты болуы - уақыт талабы.

Сол ауыл шарушылығы техникаларын алайықшы.

Өзімізге жайлы термин табамыз дегенше тракторды

екі рычагпен тартқылап жүргізу артта

қалып қалды. Жүргізуші - қазір тракторшы емес,

ауыл шаруашылығы техникасының операторы.

Қазір жер жыртатын техникамыздың ішіне шаң

кірмейді, іші жылы, желдеткіші бар. Компьютерлік

жүйемен от алдырылып, рульмен басқарылады.

Шөпжелке қыздар түгілі зіңгіттей жігіттердің

қолы жетпейтін техникаға айналды. Қазірде

кей басшылардың кабинеті трактордың кабинасындай

жабдықталмаған шығар. Егін орағы

науқаны кезінде жолым түсіп Ертіс ауданының

қыр шаруашылықтарына бардым. Гүрілдеген,

гүжілдеген техниканы меңгергендердің ішінен

менің тілімді жақсы ұғатын бір адам таппадым.

Олар қалада терминологияны жетілдірушілердің

ортасында жүрген болар деп ойладым. Ауыл

мәселесі жайында екпіндете сөйлей алатындардың

көбі облыс орталықтарында ғой. Трактор кабинасындай

мінбері сөйлеуге қолайлы болса болды.

Ел намысын

қорғағым келеді

Ерболат Аралбаев 1991 жылы Ертіс

ауданы И.Байзақов ауылында дүниеге келген.

Осыдан 21 жыл бұрын облыс орталығына

отбасымен қоныс аударып, орта білімді

Павлодар қаласындағы №21 жалпы орта

мектебінде алады. Сол жерден 2010 жылы

түлеп ұшқан жас жігіттің алғашқы таңдаған

мамандығы өнерден алыс болған.

- Мектеп бітіргеннен кейін Торайғыров

атындағы университетті «аспап жасау»

мамандығы бойынша тәмамдадым. Бірақ

университет қабырғасында жүрген кезде

өнер әлеміне біртіндеп ене бастадым.

Сөйтіп жүріп, 2012 жылы студенттермен

бірігіп «Низам» квартетін құрдық. Оқу

бітіргеннен кейін бірден мен Отан

алдындағы азаматтық борышымды өтеуге

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Мемлекеттік

күзет қызметіне» бардым. Осыдан

кейін топтың жұмысы тоқтады. Десе

де, біз 2 жылдың ішінде түрлі концерттерге

шақырту алып, республикалық,

халықаралық дейгейдегі ән додаларында

бағымызды сынап үлгердік. Бұл біздің

өнер айдынына өз желкенімізді тігуімізге

жол ашты, - дейді Е.Аралбаев.

Әскерден оралғаннан кейін бірден

облыстық И.Байзақов атындағы филармонияның

камералық хорына жұмысқа

қабылданады. Жас өнерпаздың шығармашылыққа

білек сыбана кірісуі осы кезден

бастау алды. Ол - филармонияда хорда

өнер көрсетуден бөлек, жеке орындаушы

және «Самьян» вокалдық тобының мүшесі.

- Менің жеке орындаушы ретінде

қатысқан байқауларымның көбі 2014-

2017 жылдар аралығында болды. Мәселен,

2014 жылы «Тұлға» халықаралық ән

байқауында және «Ертіс жұлдызы» конкурсында

гран-приді еншілесем, осы жылы

Е.Хасанғалиевтің VII халықаралық «Атамекен -

2014» және Шәмші Қалдаяқов атындағы

«Менің Қазақстаным - 2016» байқауларының

дипломанты атандым. Кейіннен «Самьян»

вокалдық тобымен де түрлі жарыстарға

қатысып, үздіктер қатарынан көріне білдік.

Карантин кезінде де тыныш жатпай, онлайн

өткен халықаралық және республикалық

сайыстарға қатысып, жүлделі болдық.

Мұның барлығы үлкен ізденіспен келеді, -

дейді өнерпаз.

Тәуелсіздік құрдасы 2017 жылдан бері

«Славян базары» ән байқауына қатысып,

бағын сынап келеді. Биыл жылдың басында

аталмыш байқаудың ұлттық іріктеуінен өтіп,

2 жолдама жеңіп алған. Бүгінде Болгария

мемлекетінде өтетін ән байқауына шақырту

күтіп отырған жігіттің басты мақсаты -

«Славян базарының» сахнасында өнер

көрсетіп, Димаш Құдайбергеннің жеңісті

жолын қайталау.

- Әр байқаудан өзіме тәжірибе жинаймын.

Тіпті, өнер жолында болсын, өмір жолында

болсын кездескен әр адамның бойындағы

«Енем тірлігіме араласа береді»

атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан

Енемді бағалаймын

Құрметті облыстық «Saryarqa samaly»

газетінің ұжымы, сіздер бүгінгі қоғамның

дертіне айналған үлкен мәселені көтеріп

отырсыздар. Себебі, ене мен келін

арасындағы мәселе бұған дейін де

болған, бола да бермек. Менің келін

болып осы әулетке келгеніме биыл 10

жылдан асты. Ақ босағаны аттамас

бұрын отағасы біздің қарашаңыраққа ие

болып, ата-анасымен бірге тұратынымызды

ескертті. Жасыратыны жоқ, әуелгіде

қарсы болдым. «Жеке тұрсақ болмай

ма? Сенен басқа да ұлдары бар ғой»

деп қиғылық салып көрдім. Бірақ ол

кісі «мен үйдің кенжесімін, барлық

жауапкершілік менде. Әкем бала күнімнен:

«мына шаңырақ сенікі. Сен ие боласың

дейтін», - деп қысқа қайырды. Сөйтіп

мен 18 жасқа толған күннің ертеңінде

құда түсіп барып, алып кетті. Алғашында

үлкен әулетке келін болып келгенімді

ұқпадым. Кейіннен мен босағасын аттаған

қарашаңырақ осы әулеттің ата-бабасынан

бері келе жатқан киелі орда

екенін енемнен естідім. Тәртібі қатал,

үлкенге бағынатын отбасының алғашқы

кезінде заңдарын қабылдай алмадым.

Үйдегі ер адамдардан кейін жатып,

бәрінен ерте тұру, күн сайын нан жабу,

қолдан кеспе кесуден бөлек, бір жерге

қыдыратын болсақ үйдің үлкендерінің

бәрінен рұқсат алу керек. Бұлардың

мен үшін жат болып көрінгенін мен

Ол – Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Бүгінгі күнге дейін өнер саласында

жеткен жетістігі де аз емес. Қазір облыстық И.Байзақов атындағы

филармонияның камералық хорында өнер көрсетеді. Бұдан бөлек,

жас өнерпаз - «Самьян» вокалдық тобының белді мүшесі. Ол – талай

ән байқауларынан жүлдемен оралып, Ертіс-Баян өңірінің намысын

қорғап жүрген Ерболат Аралбаев.

уақыт өте келе үйрендім. Білгенімнен

білмейтінім көп, ата-анам бетімнен

қағып көрмеген мені бәрі үлкен әулеттің

тіршілігіне араласа алмайды, қаталдыққа

шыдамайды деп ойлады. Бірақ кез

келген қиын сәтте мені енем қолдады.

Жолдасыммен сөзге келіп қалсақ та мені

жақтап отыратын. Ақылын айтып, еркелетіп

жүріп-ақ қаланың тентек қызын ауыл

тірлігіне лайықтап алды. Сиырдың атын

естіп, теледидардан көргенім болмаса,

жанына барып көрмеген маған оны

сауудың өзі ерлікпен пара-пар болды.

Біз 6 адам, яғни 3 отбасы 5 бөлмелі

үйде бірге тұрдық. Менің ата-енем,

үлкен апамыз бен біз. Өкінішке қарай,

2017 жылы 83 жасында енемнің енесі

яғни үлкен апамыз өмірден өтті. Сол

кезде келін мен ененің ешкім түсіне

бермейтін сырларын байқадым. Үлкен

апамыз қатал адам болатын, бірақ келінге

жекіп, оған ауыр сөз айту, ұлдарының

отбасына араласу ол кісі үшін жат еді.

Әркез «екі жастың ортасына есі кеткен

түседі» дейтін де, артық кетіп бара

жатсақ, қатулы қабағымен бір қараса

жететін еді. Міне, қазір сол қасиетті

өзімнің енемнің бойынан көремін. Бұл

жақсы қасиетін алуға тырысамын. Қазіргі

таңда аталмыш байқауларға дайындығымды

пысықтау үстіндемін. Барлық мүмкіндігімді,

өнерімді ортаға салып, Алла сәтін салса,

келесі жылы «Славян базарының» басты

сахнасында ел намысын қорғағым келеді, -

дейді ол.

Бүгінде өнер айдынында қанатын кеңге

жайып, артынан ерген іні-қарындастарына

үлгі болуды мақсат етіп жүрген Ерболаттың

болашаққа құрған жоспары мол. Бастысы,

ол – күн санап дамып жатқан мемлекетпен

бірге өсіп, «Тәуелсіздік құрдасы»

деген атқа сай болуды қалайды. Үлкен

жауапкершілік жүктеген бұл мадақты

лайықты алып жүру - азаматтық міндетім

деп санайды.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Естеріңізде болса, газетіміздің осы жылғы 1 сәуір, бейсенбілік санында

«Енем тірлігіме араласа береді» деп хат жолдаған павлодарлық тұрғын

Айнұрдың жанайқайымен бөліскен болатынбыз. Дәл осы ене мен

келін ара қатынасы турасында редакциямызға оқырмандардан

хаттар келіп түсуде. Соның бірнешеуін жариялауды жөн деп шештік.

әулеттің менен өзге тағы 3 келіні бар.

Енем ұлдарының отауына қыдырып

кетіп, ұзақ жатып қалса қызғанамын.

Екі күннен артық кетсе сағынып жүрем.

Бұл сөздеріме көбі сенбеуі мүмкін. Бірақ,

бұл - менің және отбасымның шындығы.

Енемнің балаларының басы қосыла

қалса, ең бірінші айтатын сөзі «келін де -

адам. Ол да - біреудің аялап өсірген

баласы. Оны қорлауға, оған тіл тигізіп,

күн бермеуге ешкімнің де құқы жоқ»

десе, келіндеріне «отбасында береке

болсын десеңдер, әйел адамның оң көзі

көрмеуі, сол құлағы естімеуі керек және

тілден шыққан әр сөзге абай болуы

міндетті. Осыны өз бойларыңа сіңіре

алсаңдар, керемет келін боласыңдар»

деп отырады.

Менің байқағаным, барған әулетіңнің

заңына бағынып, ол отбасын төркініңдей

қабылдасаң, шынайы әрі ізетті болсаң,

ешкім де келінге кесірленіп қарамайды.

Сондықтан келген жерімізге балдай

батып, судай сіңуді қаласақ, әуелі өзімізді

тәрбиелеуіміз керек. Ешкімге ақыл айтып,

біреуді кінәлаудан аулақпын. Десе де,

ене өзінің көрегендігін танытса, келін

де ізінен еріп, мерейін асырады.

Ақмарал ҚҰСАЙЫНОВА,

Ақсу қаласының тұрғыны.

Осы күні қоғамда ене мен келін қатынасына орай айтар ойыңыз

болса, редакциямызға жолдауыңызға болады. Электронды

пошта: ssamaly29@gmail.com

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!