22.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 22 сәуір, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 22 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл 19

ҚҰНДЫЛЫҚ

Батаңыз қабыл болсын!

Павлодарда ақсақалдар арасында «Аталардың ақ батасы» атты бата беру сайысы

өз мәресіне жетті. Қазақтың шешендік өнерін серік еткен және ұлттық салтдәстүрді

әрдайым ұлықтап жүретін қариялар батаның түр-түрін дайындап

келіпті.

Тілеуберді САХАБА

Бата беру сайысы облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту

басқармасының қолдауымен және

облыстық ардагерлер кеңесі мен

«Ақсақалдар тағылымы» ҚБ-нің

ұйымдастыруымен өтті. Байқауға

Павлодардан Даниял Әсенов, Ақсудан

Қаршыға Шаяхметов, Екібастұздан

Жұматай Паруов, Ақтоғай ауданынан

Совет Әмірханов, Аққулыдан

Қабидолла Әлібаев пен Қадыр

Әжімұратов, Май ауданынан Рашит

Бектеміров, Шарбақтыдан Ерболат

Дәуенов, Баянауылдан Наурызбай

Кірмаңдаев, Успен ауданынан Санаш

Мұхаммедұлы, Железин ауданынан

Ыбырай Шайдуллин, Павлодар ауданынан

Құралай Уақбаева, Тереңкөл

ауданынан Бақытжамал Елеукенова

қатысты.

Сайысқа қатысушыларға үш тап-

Хабарландыру

Жаңа түрік шебері, колорист Якуп

Шашыңыздың түсін жаңартқыңыз немесе

шаш үлгіңізді өзгерткіңіз келсе, қоңырау шалыңыз.

Тел.: 8-707-439-52-04

colorist_hair_pavlodar (1)

Бектұрғанова Раушан Қапашқызын

еске аламыз

Аяулы да ардақты анамыз Бектұрғанова

Раушан Қапашқызын еске аламыз.

Адамның жан дүниесінің сұлулығы балаға

ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің

жылуынан басталары хақ. Былтыр Жеңіс күніндегі

мерекелік көңіл күй қайғыға ұласты. Үлкенге

құрмет, кішіге ізет көрсетіп, жетімге қамқор,

әлсізге пана, жығылғанға тіреу, сүрінгенге

сүйеу бола білген асыл анамыз Бектұрғанова

Раушан Қапашқызы 73 жасында фәниден

бақиға аттанып кете барды. Иманы кәміл,

пейілі кең, ниеті түзу, жарқын жүзді анадан

туғанымызды Жаратқанның сыйы деп білеміз.

Тіршіліктегі өсек-аяң мен қулық-сұмдықтан

аулақ жүріп, балаларын бақыттың айдынына

шомылдырған абзал анамызға мәңгілік

қарыздармыз! Жаратқан ие, аяулы анамыздың

жатқан жерін жарық қылып, ұрпағының ғұмыр

керуенін ұзақ қылуды нәсіп еткейсің!

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,

Дұға етумен қарсы аламыз әр күнді.

Алтын сарай алмастырмас ешқашан

Пейілі ақ «Ана» деген алтынды.

Сені ойлаумен өтіп жатыр сағым жылдар,

Шуақ шашқан нұр келбетің сағындырған.

Жатқан жерің жайлы әрі жарық болып,

Саған орын бұйырсын жаннат нұрдан!

Марқұмның жылдық асы (сырттан келгендерге) 1 мамыр

күні сағат 12.00-де Баянауыл ауылы Бектұров көшесі, 4-үйде

беріледі. Ал сол күні ауызашар уақытында Баянауыл ауданының

жамағатына Мұса мырза мешітінде дастарқан жайылады.

Еске алушылар: балалары және туысқандары.

ЖАРНАМА

66-15-40

сырмадан берілді. Бірінші бөлімде

ел ішінде кең таралған көпшілік

қауымға арналған баталар, екінші

бөлімде белгілі бір салт-дәстүрге

немесе жекелеген адамдарға

қатысты баталар айтылды.

Екінші тапсырма бойынша кейбір

қатысушылар қоныс той, тұсаукесер,

тілашар, тоқымқағар, сүндеттой

сынды отбасылық салт-дәстүрге

арналған баталар жаттаса, енді

біреулері мектеп бітіруші түлекке,

әскерге аттанып жатқан азаматқа,

жол жүретін жолаушыға және ел

басқаратын әкімге арналған баталарын

берді.

Ертіс ауданынан келген Ермек

Жұматов ақсақал әкімге арнаған

батасында:

Алдағы жол жіңішке,

Қызықпа алтын-күміске,

Жемқорлармен келіспе.

Ерегесіп қасарма,

Көмек жаса нашарға.

2021 жылғы 23 сәуірде Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның

халық алдындағы «Павлодар қаласының 2021 жылғы I тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге

арналған жоспарлар туралы» брифингі өтеді.

Кездесу онлайн-форматта Zoom-конференция арқылы өтеді. Конференция

деректері: конференция идентификаторы - 345 130 9209. Кіру

коды – 7182.

Брифинг «Ертіс» телеарнасында, сондай-ақ, Павлодар қаласы

әкімдігінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми

парақшаларында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Тұрғындардың сауалдары Павлодар қаласы әкімінің ватсап нөмірі

+7 (778) 598-49-48 және 32-55-05 телефон нөмірлері бойынша

қабылданатын болады.

Павлодар қаласының тұрғындарын кездесуге қатысуға шақырамыз.

66-15-42

Халқың мұқтаж болмасын,

Ораза ауыз ашарға.

Қарсы қойма өзіңе,

Қарапайым халықты.

Ел сенімін ақтасаң,

Боласың сонда даңқты, - деген

өсиет-тілегін жеткізді.

- Сайыс деңгейі тым жоғары

болды деп айта алмаймын. Себебі,

дайын мәтінді толық жаттамай

келгендер де болды. Яғни, сахнаға

шығып бата айтқан кезде сөздерінен

жаңылып, мүдіріп қалғандар болды.

Бір қуантарлығы, осы жолғы

байқауға облысымыздың барлық

аудандары мен қалаларынан

ақсақалдар келді. Алдағы уақытта

осы кемшіліктер бойынша жұмыс

жүргізіп, бұдан да жоғары деңгейде

ұйымдастырамыз деп ойлаймын, -

дейді ҚР Мәдениет қайраткері,

«Ақсақалдар тағылымы» ҚБ-нің

мүшесі Балтабай Сыздықов.

Бата сайысының қорытындысы

бойынша, бірінші орынды Павлодар

қаласының тұрғыны Даниял

Әсенов жеңіп алды. Екінші орын

ақсулық Қаршыға Шаяхметовке,

үшінші орын Аққулы ауданы атынан

қатысқан Қадыр Әжімұратовқа

бұйырды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер

арнайы дипломдармен марапатталып,

ақшалай сыйлықтар берілді.

Павлодар қаласының тұрғындары мен басшылығының

назарына!

«Павлодарские тепловые сети» ЖШС 2021 жылдың 26-нан 30-ші сәуірі

аралығында «Казахстан Алюминийі» АҚ ЖЭО-нан, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

ЖЭО-3-тен қуатталған жылу тасымалдағыштың ең жоғарғы температурасын

есептеуге, жылу желілерін сынақтан өткізеді.

Осыған байланысты 2021 жылдың 26-нан 30-ші сәуірі аралығында Павлодар

қаласының мына көшелер шегіндегі тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су болмайды:

Оңтүстік бөлігі: 29 Ноябрь – Естай – Абай - Кривенко – Малайсары батыр -

Қамзин, 2 Павлодар, Шығыс шағын ауданы, Зеленстрой кенті, Саяжай шағын

ауданы, Усолка шағын ауданы.

Солтүстік бөлігі: Лермонтов – Ген. Дюсенов – Торайғыров – Мир к-сі –

Айманов – Астана – Набережный – Ак. Сәтбаев – Естай – Ак. Марғұлан, Лесозавод

кенті, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ Келтірілген қолайсыздықтар үшін

кешірім сұраймыз.

Көрсетілген кезеңде белгіленген жылу жүйелері аумағында сақ болуды

өтінеміз.

Ескертулер мен құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда мына телефон

нөміріне қоңырау шалыңыз: 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчер қызметі); 57-01-13

(оңтүстік эксплуатациялық аудан), 55-24-61, 55-28-91 (солтүстік эксплуатациялық

аудан). (2062)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны

32-35-35.

Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №708/3 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға

байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы

20 маусымдағы Жер Кодексінің 84-бабына,

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару туралы» Заңының 31-бабына,

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы

1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»

Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы

12 маусымдағы «Павлодар облысы Павлодар

қаласының бас жоспары туралы» №337

қаулысы негізінде, «Павлодар қаласындағы

«Достық» шағын ауданында №6 КСС (көтергіш

сорғы станциясы) (43-ЖМ-да) құрылысы»

жобасын іске асыру мақсатында Павлодар

қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес, жер телімдерін

мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен

шығару басталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен

кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп

иеліктен шығару күні бастау күні болып

белгіленсін.

3. Келісу рәсімдерін келісуді жүзеге

асыру үшін Павлодар қаласы, Кривенко

көшесі, 25, 619-кабинет мекенжайы

бойынша орналасқан «Павлодар қаласы

жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік

мекемесіне хабарлассын.

4. «Павлодар қаласы жер қатынастары

бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен

белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан

уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

осы қаулының әділет органдарында тіркелуін,

ресми жариялануын қамтамасыз етсін

және оның орындалуы бойынша қажетті

басқа да шараларды қабылдасын.

5. «Павлодар қаласы жер қатынастары

бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық

уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп,

Қазақстан Республикасының қолданыстағы

заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын

қажетті шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау

қала әкімінің орынбасары Д.Қ.Сақановқа

жүктелсін.

Павлодар қаласының әкімі

Е.ИМАНСЛЯМ.

Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы «20» сәуір №708/3 қаулысына қосымша

№ Кадастрлық нөмірі Жер телімінің Жер телімінің заңды мекенжайы Жер телімі иесінің

р/с көлемі, га

аты-жөні

1. 14-218-145-163 0,0600 Павлодар қаласы, «Энтузиаст» Яновский Владимир

бау-бақша серіктестігінің тұтыну Петрович

кооперативі (бұдан әрі - БСТК),

Восточная көшесі, 264-үй

2 . 14-218-145- 0,0600 Павлодар қаласы, «Энтузиаст» Құқық тіркелмеген

БСТК, Восточная көшесі, 266-үй

3 . 14-218-145-847 0,0600 Павлодар қаласы, «Энтузиаст» Давыденко Надежда

БСТК, Сосновая көшесі, 261-үй Васильевна

4 . 14-218-145-272 0,0600 Павлодар қаласы, «Энтузиаст» Заворина Татьяна

БСТК, Сосновая көшесі, 263-үй Викторовна

Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы қабырғалы

қаламгер, талантты аудармашы, журналистика ардагері, Қазақстан Жазушылар

одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Виктор Гаврилович Семерьяновтың

қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына

қайғырып көңіл айтады. Бұл - өңір әдебиеті үшін, ақынның шығармаларын

сүйіп оқитындар үшін орны толмас қаза. Виктор Гавриловичтің жарқын

бейнесі, нұрлы жан дүниесі жүрегімізде жасай береді. Ертіс-Баян өңірін

жырлаған өресі биік өлеңдері, том-том туындылары көңіл төрінде сақталады.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет:

сейсенбі, бейсенбі және сенбі

күндері шығады, апталық

таралымы 8433 дана,

бүгінгі көлемі 5 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 657

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!