22.04.2021 Views

Сарыарқа самалы, 22 сәуір, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 22 сәуір, бейсенбі, 2021 жыл АЛАҢ

SARYARQA SAMALY

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Біріккеннен

іс бітер

Ауыл шаруашылығы саласы

дамыған көптеген елдерде

шаруалардың бірігіп,

нәтижелі жұмыс атқаруға

ынтасы зор. Осыдан төрт жыл

бұрын елімізде де шағын

шаруашылықтар кооператив

құрамына кіріп, мемлекеттік

бағдарламалардың игілігін

бірге іс қылуға серттескен еді.

Не өзгерді?

Кооператив құру идеясының түпкі мақсаты

мал және өсімдік шаруашылығын кәсіп

еткен ауыл жұртының өз еркімен кооператив

құрамына кіріп, өнімдерін делдалдарға жем

қылмай, өздері құрған кооператив арқылы

нарыққа шығару еді. Сөйтіп, шағын шаруалардың

жағдайларын түзеп, сол арқылы ауыл еңсесінің

көтерілуіне ықпал ету болатын.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының

бөлім басшысы Төлеген Көшербаевтың

мәліметінше, бүгінде аймағымызда 120-дан

астам ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі

тіркелген.

- Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасына сәйкес, өндіріс тиімділігін

арттыру мақсатында кооператив құрудың екі

механизмі қарастырылған. Көлденең және тік

(зәкірлік). Алғашқысында шағын және орта

шаруашылықтар бірігу арқылы өнімді өндіру

және өткізу кезіндегі шығындарды азайтып,

табысын арттыра алады. Зәкірлік кооператив

біріккен шаруалардың өңдеуші және

жүйе құраушы кәсіпорындармен серіктестігін

көздейді. Кооперативтердің қауымдастық

немесе одан да ірі кооператив құруына

мүмкіндігі бар. Бұл ретте, жергілікті шаруалар

соңғы жылдары өндірген өнімдерін үлкен

көлемде өткізуге мүмкіндік алды. Айналым

құралдарын тиімді пайдаланумен қатар,

жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыш,

тұқым және тағы басқа қажеттіліктерді төмен

бағамен сатып алуға жол ашылды, - дейді

басқарма басшысы.

Бірігудің, әсіресе егін шаруашалығында

жүргендерге, тиімділігі мол. Бұрындары шағын

шаруашылықтар көктемгі егіс науқанында

да, жиын-терім жұмыстары кезінде де

қиыншылықтарға тап болатын-ды. Бірде ескі

техникасы істен шықса, бірде қаражаттың

аздығынан сапалы тұқым сатып алуға мүмкіндік

жоқ еді. Енді техника іздеп қиналмайды, өнімді

қайда өткіземін, қалай жинап аламын, қайда

сақтаймын деп ойға-қырға шапқылап жүрмейді.

Кооператив көмегіне жүгінеді, оның мүшесі

болғандықтан барлық мүмкіншілікті пайдалана

алады. Ең бастысы, біріккен шаруашылықтар

мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өндірілетін

өнім көлеміне субсидия ала алады. Қорыта

айтсақ, біріккендер мемлекеттік қолдаудан

құр қалмайды.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Елімізде жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар

жетерлік. Мәселен, «Дипломмен - ауылға!», «Жастар

практикасы», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», т.т. Осы бағдарламаларды

іске асыру мақсатында жыл сайын ел бюджетінен

миллиардтар жұмсалады. Бірақ, әлі де үй-күйсіз, жұмыссыз

жүрген жастар Қазақстанда жетерлік. Жуырда депутаттар осы

мәселені талқылап, бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін

тағы бір рет жан-жақты қарастыру қажеттігін алға тартты.

Сонымен, халық қалаулылары айтқандай расымен де жастарға

арналған бағдарламалардың еш пайдасы жоқ па? Тақырыпты

«Алаңның» талқысына салып көрдік.

Жастарға арналған

бағдарламалардың

пайдасы қандай?

- Жаңа бизнес идеяларды дамытуға

200 АЕК шамасында яғни 600 мың

теңгеге жуық өтеусіз гранттар беріледі.

Бүгінде елімізде аталған гранттарды

11 мың жас адам пайдаланып, өз

кәсібін бастаса, көбі ашылмай жатып

жабылып қалған. Демек, бұл гранттың

пайдасы жоқ деуге болады. Жастар

үшін нәтижесі аз бағдарламаның тағы

бірі - «Жастар практикасы». Мұнда

белігілі бір ұйымдардың жобаға қатысушыларды

қабылдауға өтінім беретіні

белгілі. Бірақ олар практиканттарды

жұмысқа орналастыруды қамтамасыз

етпейді. Яғни бұл ұйымдар жоба

Гүлнұр БЕКМҰХАМБЕТОВА,

жас кәсіпкер:

- Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар талай

замандасымның белін буып, іске кірісуіне мүмкіндік беріп отыр.

Өзім де осы бағдарламалардың игілігін көріп, бүгінде жеке

кәсібімді бастадым. Қазіргі жастар біреуге қызмет еткеннен

гөрі, өзі үшін жұмыс істегенді жөн көреді. Мен де сондай

жанның бірімін.

Алғаш 2019 жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қатысып,

505 мың теңгенің грантына қол жеткізген едім. Кейіннен былтыр

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты

(пікір ғаламтордан алынды):

қатысушыларын тегін жұмыс күші ретінде пайдаланады.

Бізде жоғары оқу орнын бітірген жастардың

41 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Сонда «жастардың 96 пайызы тұрақты жұмыс істейді»

деген дерек қайдан шыққан? Елімізде 100 жастың тек

үшеуі ғана мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр.

Сондықтан жастарға арналған барлық бағдарламаларды

қайтадан сараптан өткізіп, қолжетімділігі мен тиімділігін

саралау қажет.

«Бизнестің жол картасы 2020»

мемлекеттік бағдарламасы

аясында 5 млн. теңгенің

грантын алып, оған бастаған

ісімді алға жылжыту үшін

қажетті құрал-жабдықтар сатып

алдым. Меніңше, бұл - кез

келген жас үшін үлкен қолдау.

Сондықтан жастарға арналған

мемлекеттік бағдарламаның

еш пайдасы жоқ дегенге

келіспеймін.

Сүлеймен ШАЙХИСЛАМҰЛЫ,

қала тұрғыны:

- Негізі, өте орынды көтерілген

мәселе деп ойлаймын. Себебі, жастарға

арналған аты дардай мемлекеттік

бағдарламаның игілігін кез келген

жас көре алмайды. Оның да белгілі

бір талап-шарттары бар. Орынды

шығар. Бірақ соны неге жеңілдетіп,

жастардың жағдайына қарамасқа?

Жасыратыны жоқ елімізде дипломын

сандық түбіне салып қойып, қала

кезіп, жалданып жұмыс істеп жүрген

жастар аз емес. Осы бағдарламалар

аясында үлестірілетін қайтарымсыз

гранттар мен пайызы төмен несиелер

кімдерге берілетіні беймәлім. Біздің қоғамда

қолынан іс келетін, алайда қалтасының жұқалығы

қанатын қайырып тұрған замандастарымыз аз емес.

Мемлекеттік бағдарламаларды жастардың мойнына өсімі

бар несиені 10-15 жылға қамыт етіп кигізбей, аяғынан

нық тұрып кетуі үшін жасау керек.

«Алаңды» үйлестірген – Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

ЕРЛІК - ЕЛГЕ ҰРАН

Павлодардағы Әскери

Даңқ музейінде Ұлы

Жеңістің 76 жылдығына

орай «Ұмытылмаған

қаһармандар» атты

құжаттар мен суреттер

көрмесі ашылды. Оған

елімізге белгілі тарихшы

Берік Әбдіғалиұлының

«Ұмытылған қаһармандар»

кітабына есімдері жазылған

жерлестеріміз туралы материалдар

қойылды.

Олар кезінде «Кеңес Одағының

батыры», «Халық Қаһарманы» сынды

жоғары наградаларға ұсынылып, белгілі

бір жайттарға байланысты жауапсыз қалған

еді. Көрмені облыстық ардагерлер кеңесі

мен облыстық білім беру басқармасы және

Әскери Даңқ музейі бірлесіп ұйымдастырды.

Мақсаты – Ұлы Отан соғысында өшпес

Олардың есімдері ұмытылмайды

ерлік көрсеткен, бірақ сол ерліктері

уақытында бағаланбай қалған батырларға

құрмет көрсету. Музей қызметкерлерінің

айтуынша, аймағымызда лайықты атақдәрежелерін

ала алмаған он шақты соғыс

ардагері бар. Оның жетеуі «Ұмытылған

қаһармандар» кітабынан алынған болса,

қалған үшеуі басқа да іздеу жұмыстарының

нәтижесінде белгілі болыпты. Атап айтсақ,

Қабыш Көктаев, Зейтін Байжанов, Абдылахир

Жүнісов, Қайыржан Оспанов, Уақас

Алтаев, Қабден Әзімжанов, Павел Дубовой,

Тимофей Гончаров сынды жерлестеріміз.

Олардың аттарын жұрт жақсы біле

бермейді. Облыс орталығын айтпағанда,

туған ауылдарынан да мекеме, көше бұйырмай

қалған. Сондықтан сол майдангерлердің ерлігін

дәріптейтін уақыт келді және ол жұмыс биыл

ғана қолға алынып жатыр. Яғни, облыстық

ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен

«Ұмытылмаған қаһармандар» арнайы жобасы

басталып, кешенді жоспар әзірледі. Осы

мақсатта облыстық білім беру басқармасы

да мүдделес екенін білдіріп, өз үлестерін

қосуға әзірленіп отыр. Басқармаға қарасты

аймақтық «Оқу-тәжірибелік, дене шынықтыру

және алғашқы әскери дайындық орталығының»

басшысы Бақтияр Түсіповтің сөзінше, облыс

орталығындағы мамандандырылған әскеритехникалық

мектебінде бірқатар патриоттық

іс-шаралар жоспарланған.

- Бұл батырларды насихаттауда бір

шарамен ғана шектелмейміз. Яғни, аймағымызда

тәрбиелік, патриоттық бағытта

өтетін іс-шаралар мен жарыстардың барлығын

осы батырлардың есімімен байланыстырамыз.

Атап айтсақ, 30 сәуірде

облыстық мамандандырылған әскери

мектебінде «Айбын» әскери спорттық

жарысы өтеді. Онда болашақ сарбаздар

әскери спорттың 7 түрінен шеберлік сынасады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге

«Ұмытылмаған қаһармандардың» құрметіне

арналған арнаулы жүлделер беріледі.

Бұдан бөлек әскери мектеп ауласында

«Батырлар» аллеясын ашуды жоспарлап

отырмыз. Осы шара барысында әр батырдың

құрметіне бір-бір ағаш отырғызылады.

«Батырлар» аллеясын күтіп-баптау әскери

мектеп оқушыларының еншісіне беріледі, -

дейді Бақтияр Сүйіндікұлы.

Бұл шараның тағы бір миссиясы -

«Ұмытылмаған қаһармандар» жобасының

кейіпкерлерін ұлықтауды кейінгі ұрпаққа

аманаттау. Осы ауыр жүкті кейінгі жастар да

жанымен сезінсін деген мақсатта генерал

Дмитрий Фалеев әскери мектеп оқушысы

Бауыржан Саябековке қаһармандардың

есімдері мен ерлігі көрсетілген қызыл

кітапты табыс етті.

Тілеуберді САХАБА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!