01.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 1 мамыр, сенбі

  • No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 1 мамыр, сенбі, 2021 жыл 3

ЕЛ ЕКПЕ АЛУДА

Аймағымызда

тұрғындарды коронавирусқа

қарсы егу

аясында жылжымалы

медициналық кешендер

қызу жұмыс істеуде.

Бұған дейін облыс

орталығындағы ірі сауда

орындары мен вокзал

жанында құрылған

жылжымалы кешендер

құрылғаны туралы

хабарлағанбыз. Апта ортасында

тағы бір кешен

Орталық жағалауда

ашылды.

Павлодарда жылжымалы медициналық

кешендер қаланың 6 аумағында

жұмыс істеп тұр. Вакцина салуға

арналған уақытша орындар халық көп

жүретін жерлерге қойылған. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасының

денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру

және мемлекеттік қызметтерді

мониторингілеу бөлімінің басшысы

Эльмира Темірғалиеваның айтуынша,

бұл тұрғындардың екпе алуы үшін

емханаларға барып, кезекте тұруын

жояды.

- Қазіргі таңда аймағымызда 39 мың

адам вакцинаның бірінші компонентін

алса, екінші компонентін 10 мыңнан

астам адам салдырып үлгерді. Бүгінде

облыс орталығының 6 аумағында

яғни Манақбай, Артур, Квазар, Batyr-

Mall сауда орындары мен вокзалда

және орталық жағалауда жылжымалы

медициналық кешен жұмыс істеп

тұр, - деді Э.Темірғалиева.

Облысқа отандық «QazVac»

вакцинасының алғашқы партиясы

жеткізілген. Екпе жасалатын кабинеттерге

препараттың бірінші және екінші

компоненттері толығымен бөлінген.

- Алдағы уақытта екпе егу пункттерін

көбейту жоспарлануда. Қала тұрғындары

қоғамдық орындарға, әлеуметтік

нысандарға, сауда үйлері мен жылжымалы

медициналық кешендерге барып,

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің бөлім

басшысы Ғизат Әбешев онлайн брифинг

барысында шектеу шараларының

күшейетінін хабарлады. Облыс ішінде

қатынайтын автобустардың жолаушыларды

тасымалдауына тыйым салынады.

Қала ішіндегі қоғамдық көліктердің

қозғалысы мен жұмыс режиміне қатысты

әзірше өзгеріс енгізілген жоқ. Сонымен

қатар, дүйсенбіден бастап қоғамдық

тамақтану орындары 20.00-ге дейін ғана

жұмыс істейді. Демалыс күндері сауда,

ойын-сауық орталықтары, спорттықсауықтыру

кешендері, бассейндер

мен фитнес клубтар жабық болады.

Ал театр, кинотеатр, боулинг пен

компьютер орталықтары толығымен

жұмысын тоқтатады.

Бірақ бұл шектеулердің «Ashyq»

жүйесін қолданушыларға еш қатысы

Әскерилер вакцина салғызды

Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінің 190 офицері мен келісімшарт бойынша

еңбек ететін қызметшілер отандық вакцинаны қабылдады.

6679 әскери бөлім командирінің

орынбасары Рустам Мұқановтың

пайымынша, өзіңді және өзгелерді

қауіпті індеттен қорғау үшін вакцина

салған дұрыс.

- Әскери қызметшілердің міндеті

қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етумен

тікелей байланысты. Бұл ретте біз

адам денсаулығына қауіп төндіретін

коронавирустық инфекцияның таралуына

Кешендер

саны артуда

екпе салдыра алады. Егу пунктіне

барған тұрғын қандай вакцина түрін

салдыратынын өзі таңдайды. Бірінші

компонентте алған вакцина түрін екінші

компонентте де салдыра алады. Оған

вакцина жеткілікті, - дейді ол.

Тұрғындарға вакцина алуда кезек

күттірмеудің оңтайлы жолын ұсынған

жергілікті билік өкілдері бизнес

құрылымдарымен өзара келісімге

келген. Павлодар қаласы әкімінің

орынбасары Светлана Гладышеваның

айтуынша, Орталық жағалау қаланың

аумағына жататындықтан, арнайы рұқсат

қажет емес. Ал ірі сауда орындарының

басшыларымен келісім жасалған. Екпе

алу кабинеттері Павлодар қалалық

әкімдігінің ғимаратында да ашылды.

Осылайша, мемлекеттік қызметшілер

жұмыс орындарында вакциналаудан

өту мүмкіндігіне ие болды.

Бұл ретте қала тұрғындары да

жылжымалы кешеннің ыңғайлы екенін

да жол бермеуіміз керек. Сондықтан

індеттің беті қайтып, жақындарымызды,

әріптестерімізді қорғау үшін отандық

«QazVac» вакцинасын қабылдауды

ұйғардық, - дейді Р.Мұқанов.

Павлодар қалалық теміржол

ауруханасының бригадасы әскери

қызметшілерге екпе салу үшін

бөлімге арнайы барды. Медициналық

қызметкерлер алдымен екпе

айтуда. Қасен Балтаевтың айтуынша,

ол өзі жұмыс істейтін мекеме жанында

ашылған егу пунктіне келіп, вакцина

алған.

- Иммунитетті көтеріп, коронавирустан

қорғайтын екпені алудан

қорқуға негіз жоқ. Біз отбасымызбен

алдық. Таңдауымыз «Спутник V»-ға

түсті. Күнделікті ақпараттардан көріп

жүргеніміздей, әлем елдерінде вакцина

алу үшін апталап кезек күтуге мәжбүр.

Ал бізде бәрі оңтайлы шешімін тапқан.

Жерлестерімді жаппай екпе алуға

шақырамын, - дейді Қ.Балтаев.

Айта кетелік, жылжымалы кешендер

күн сайын сағат 10.00-20.00

аралығында жұмыс істейді.

Карантин күшейеді

Өз тілшіміз.

Суретті түсірген -

Айбек Жұматов.

3 мамырдан бастап облыстағы сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді.

Облысаралық және облысішілік жолаушылар тасымалы тоқтайды. Тек Павлодар-

Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағытындағы автобустарға жол ашық.

Оқушылардың бір бөлігі қайтадан қашықтан оқуға көшеді.

жоқ. QR-код алған қызмет көрсету

орындары жұмысын қалыпты режимде

жалғастыра береді. Өңірлік кәсіпкерлер

палатасы директорының орынбасары

Серік Әубәкіровтің айтуынша, бүгінде

59 кәсіпкерден өтініш түсіп, олардың

55-іне тиісті кодтар үлестірілді.

- Тұрғындар қандай нысандардың

«Ashyq» жүйесіне қосылғанын облыстық,

қалалық әкімдіктің сайттарынан біле

алады. Бір-екі күн дересінде қосымшаны

пайдаланатын қоғамдық орындардың

тізімі ақпарат құралдарында жарияланады.

Тұрғындар нысандардың

кіреберісінде QR-кодтың болу-болмауынан

олардың жұмысына қатысты

шектеудің бар-жоғын анықтай алады, -

деді С.Әубәкіров.

Сондай-ақ, 300-ден аз оқушы білім

алатын мектептердегі оқу процесі

штаттық режимде жалғасады. Ал

шәкірт саны 300-ден көп мектептердің

6, 7, 8, 10-сынып оқушылары қайтадан

қашықтан білім алатын болды.

Балабақшаларда 15 бүлдіршіннен

жасақталған кезекші топтардың жұмыс

істеуіне ғана рұқсат бар.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде

146 адамнан коронавирустық инфекция

белгілері байқалды. Қазіргі уақытта

Павлодар қаласы, Павлодар және

Май аудандары - «қызыл аймақта».

Баянауыл ауданы «жасыл», басқа

аудан-қалалар «сары аймақта»

белгіленді. 12-18 сәуір аралығында

сырқатқа шалдығу өсімі 1,5 пайыз

болса, соңғы аптада өсім 2 пайызға

жетті. Сондықтан эпидемиологиялық

жағдай тұрақтанғанға дейін жоғарыда

аталған күшейтілген карантин шаралары

сақталады.

алушылардың денсаулығын жіті тексерді.

- Отандық «QazVac» вакцинасының

айырмашылығы - бір ампуладан

ғана тұрады. Оның екінші

компоненті ресейлік «Спутник V»

вакцинасы сияқты 21 күннен кейін

салынады. Сол кезде әскери бөлімге

қайта келеміз, - дейді дәрігер Гүлжан

Әлиханова.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ТАҒАЙЫНДАУ

Жасұлан Жұмашев Павлодар облысының

төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне

жетекшілік ететін болды. Жаңа басшыны

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

таныстырды.

ҚҰҚЫҚ

Басшы ауысты

Юрий Ильин Жасұлан

Жұмашевтің төтенше

жағдайлар саласындағы

жұмыс тәжірибесін атап

өтті. Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов жаңа басшының

жұмысына сәттілік тілеп,

аймақта екі жылдан астам

уақыт қызмет атқарған

облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің

бұрынғы бастығы Ернұр

Өтегеновке Құрмет грамотасын

табыстады. Кадрлық

ротацияға сәйкес, Ернұр

Сапарұлы енді Батыс Қазақстан облысындағы департаментті

басқарады.

1968 жылы Оралда туған Жасұлан Жұмашевтің мамандығы

- телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану

инженері, жоғары әскери білімі бар офицер. Еңбек жолын

«Уральсксельстрой» тресінде бастап, әр жылдары ҚР

Республикасы Ішкі әскерлері жүйесінде қызмет атқарды.

Батыс Қазақстан, Атырау облысындағы төтенше жағдайлар

департаментіне жетекшілік етті. ҚР Төтенше жағдайлар

министрлігінің бірнеше департаментін басқарды. 2014-2016

жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар

комитеті төрағасының орынбасары болды. 2016 жылдан

бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Батыс

Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің

бастығы болып жұмыс істеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

МАРАФОН

Арнайы трамвай

жолға шықты

Кеше Павлодар қаласында «Қайырымдылық

трамвайы» акциясы басталды. Еріктілер

жолаушыларға тәттілер таратып, мерекелік

көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар ай

сайын ұйымдастырылмақ.

Павлодар қаласының әкімдігі мен «Трамвай басқармасы»

АҚ «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық

акциясы аясында игі бастаманы қолға алды. Мереке

қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының трамвайында

әртүрлі этномәдени бірлестіктер өкілдерінің

қатысуымен концерт өтті. Қоғамдық көлікпен қатынаған

қала тұрғындары мен қонақтарына «Қазақстан» шоколады

мен шарлар сыйға тартылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Отан қорғаушылар,

Жеңіс күні қарсаңында да әр түрлі акциялар өтеді. Сонымен

қатар, еріктілер COVID-19-дың алдын алу мақсатында

жолаушыларға медициналық бетперделер, антисептиктер

береді.

Жалпы, «Қайырымдылық трамвайы» жыл соңына дейін

әр мерекеде жолға шығатын болды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Оқу-жаттығулар

өткізілді

Кеше Павлодар қаласының «Каустик» АҚ

аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар

өтті.

Оқу-жаттығуды мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы

органдардың террористік көріністерге шұғыл ден қою,

терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және жою

жөніндегі міндеттерді орындауға күштері мен құралдарының

практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында терроризмге

қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық жедел

штабы өткізді.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Павлодар облыстық жедел штабы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!