01.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 1 мамыр, сенбі

  • No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 1 мамыр, сенбі, 2021 жыл ҚҰНДЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

Ынтымақ, бірлік, келісім -

ҚҰРМЕТ

Тіліміз

қазақша

шықты

Түрі басқа болса да жүрегі

бір, тілі басқа болса да тілегі

бір көп ұлтты Қазақ елін

мекен еткен әр этнос өкілі

ел дамуына барынша үлес

қосып келеді. Себебі олар

қиын кезде құшағын айқара

ашқан қазақ халқының

дархандығын ұмытпақ

емес. Міне, сондай азаматтың

бірі – «Шешен-ингуш»

этномәдени бірлестігінің

мүшесі Гилани Садулаев.

Гилани Садулаевтың ата-анасы -

өздерінің тарихи Отанынан еріксіз

жер аударылғандардың бірі. Олар -

1944 жылы Ингушетиядан еріксіз

көшіріліп, қазақ жеріне түпкілікті

қоныстанған 85 мың отбасының бірі.

- Депортация басталған уақытта

әкем 20 жаста, ал анам небары

15-16-да болған. Оларды тек қазақ

отбасылар ғана тұратын Аққулы ауданы,

Қызылқоғам ауылына қоныстандырады.

Отанына сыймай, жолда небір азапты

бастан кешкендер үшін қазақ халқының

жылы жүзбен қарсы алып, бір үзім

нанын бөліп беруі теңдессіз құрмет

еді. Әкем азаматтық борышын өтеп

келгеннен кейін, 21 жасында анаммен

отау құрады. Өз Отанынан таппаған

тыныштық пен бақытты Қазақ жерінен

тапқан олар 10 перзенттің ата-анасы

атанып, ғұмырының соңына дейін

Қызылқоғам ауылын мекен етті. 1995

жылға дейін ауылда тұрып, кейін

облыс орталығына көшіп келдік.

Бірақ әлі күнге дейін ауылдастарымыз

қалаға келгенде біздің үйге

ат басын бұрмай кетпейді. Біз де

ауылымызға жиі барып тұрамыз, -

дейді Г.Садулаев.

Қазақ ауылында кіндік қаны тамып,

былдырлаған сәби тілі қазақша шыққан

Гилани ағаның отбасы толығымен

мемлекеттік тілді жетік біледі. Тіпті,

қазақ тілінде тіл қатпайтын жастарға

ескерту айтудан жалықпаймын дейді.

Қазір аймағымызда шешен-ингуш

халқының 4 жарым мыңға жуық өкілі

тұрып жатыр. Олар барлық салада

қызмет етіп, Қазақстанның дамуына

өз үлестерін қосуда. Тіпті, қазақ тілін

меңгеріп, кей отбасының салт-дәстүрді

өз қолданысына енгізуінің өзі табан

тіреген жеріне деген құрметі болса

керек. Бұдан бөлек, «шешен-ингуш»

этномәдени бірлестігі жыл сайын

қайырымдылық шарасын өткізуді

дәстүрге айналдырған.

- Біз бірлігі жарасқан, тату

елде тұрып жатқандықтан оның

тыныштығын сақтауға, халықтың

жағдайымен санасып, аз қамтылған

отбасыларға көмектесуді парызымыз

деп білеміз. Осы мақсатта

жыл сайын бірқатар отбасыларға

азық-түлік себеттерін үлестіріп, тіпті,

кейбір кезде өзге де көмектерді

көрсетеміз. Жақсылық жасау, біреуді

қуанту, қолындағысын бөліп беру

қазақ халқына тән қасиет болса, бұл

қасиетті біз де өз бойымызға сіңіре

білдік. Болашақта да бұл дәстүр өз

жалғасын таба беретін болады, -

деді Г.Садулаев.

«Қызылқоғамым» деп ауылға

аңсары ауып, ауылдастарының берекебірлігін

аузынан тастамай отырған

Гилани мырза елдің бірлігі қазақ

жерін мекен еткен әрбір азаматтың

қолында екенін атап өтті.

Қ.ХАШЫМ.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Волонтерлер жылы болып белгіленген 2020 жыл еріктілердің қоғамдағы маңыздылығын

анық ұқтырды. Жақсылық жасап, көмек қолын созуға ұмтылған жандар медициналық

қызметкерлер, құқық қорғаушылармен қатар көзге көрінбейтін вирусқа

қарсы күрестің алдыңғы шебінен табылды. Игі істер қазақстандықтарды

ұлтқа, жасқа, әлеуметтік топқа, қызметке, жұмысқа, тұрғылықты

мекенжайына қарамастан ұйыстырып, біріктіре білді. Осы

орайда жерлесіміз, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық

волонтерлер желісінің жетекшісі Вера Киммен аз-кем әңгіме өрбіттік.

Жақсылық жасау

ұлтқа бөлінбейді

- Вера Александровна,

елімізге келген кесел ешкімге

оңай тиіп жатқан жоқ. Бұл

ретте жауапкершіліктің зор

жүгі еріктілерге жүктелді.

Күрделі кезең көпшіліктің

волонтерлерге деген көзқарасын

да өзгерткен сияқты.

Солай ма?

- Біз осыдан 20 жылдан астам

уақыт бұрын павлодарлық қарттар

мен жетім балаларға көмек қолын

созып, оларға қолғабыс жасай

бастағанымызда кейбіреулер

бізге алаяқтар, ұрылар, тіпті жат

ағымды уағыздаушылар ретінде

қарап, бойын алшақ ұстауға

тырысатын. Жалғыз тұратын

ата-әжелердің ауласын, үй ішін

тазалап беру үшін барсақ, есік

ашпай, кері қайтарып жіберетін.

Себебі ол кезде жастардың тегін,

еш ақысыз көмек көрсетуі ойға

қонымсыз дүние болып көрінді.

Уақыт өте келе біздің ниетіміздің

дұрыс екеніне көз жеткізіп,

көмек сұрай келгендердің де,

волонтерлердің де қатары көбейе

бастады. Бір кездері еріктілерге

«флэш-мобтарда билеп, адам

санын көбейтетін жастар» деп

қана қарады. Бұл стереотипті

де бұзып, біздің қолымыздан

игі іс жасау келетінін көпшілікке

дәлелдедік. Ал төтенше жағдай

жарияланған тұста волонтерлер

қоғамға қажет екенін ұқтырды

деп ойлаймын. Карантинге байланысты

үйден шыға алмай қалған

отбасыларға азық-түлік апару,

дәрі-дәрмектер жеткізу, апталап

ауруханада болған орта және

кіші медициналық персоналдың

балаларына қарайласу сынды

көп жұмыс атқарылды.

Бұл ретте коронавирустан

басқа сырқат түрлері бар екенін

әсте естен шығаруға болмайды.

Қалалар арасындағы жолдар

жабылып, блок-бекеттер қойылған

тұста қатерлі ісік, жүрек, қан тамырлары

жүйесі сияқты сырқаттарға

шалдыққан науқастарға уақыт

оздырмай ота жасау қажет болды.

Сол кезде еріктілер оларды бекеттерден

алып өту, ауруханаға

апару сынды жұмыстарды өз

мойнына алды. Мұны да ерекше

атап өту керек.

Жалпы, соңғы бір жыл жақсылық

жасаудың ұлтқа, жасқа, тамыртанысқа,

қаржыға және тағы басқа

да факторларға бөлінбейтінін

анық көрсетті. Қиын кезеңде барлығы

жұмылып, шама-шарқынша

көмек көрсетті. Бұған дейін волонтерлікке

араласпаған адамдардың

өзі триаж орталықтарда

кезекшілікке шығып, медициналық

бетперделерді тегін таратып,

блок-бекеттерден өткендерді

тіркеді. Осы уақыт аралығында

өмірлік қиын жағдайға тап болған

1,5 млн азаматқа көмек

көрсетілді. Қысқасы, біз біріксек,

мықты күш болатынымызды іс

жүзінде көрсете білдік. Сәйкесінше,

кей адамдардың еріктілерге

деген көзқарасы оң бағытқа

өзгерді.

Сонымен қатар, биыл ел тарихында

бірінші рет қазақстандық

7 волонтер Біріккен Ұлттар Ұйымы

құрылымындағы жұмыстарға араласты.

Олар Иордания, Тайланд,

Түркия мен Кения азаматтарына

көмектеседі. Меніңше, мұның өзі

қайырымдылық істердің шекарасы

жоқ екенін білдіреді.

- Білуімізше, қазіргі уақытта

волонтерлік қызмет пен қайырымдылыққа

қатысты заңнамалық

актілерге өзгерістер мен

толықтырулар енгізу мәселесі

қаралуда. 2015 жылы бұл заңды

дайындаудың жұмыс тобында

өзіңіз де болған едіңіз.

Биыл құжат қай бағытта жетілдірілмек?

- Бұған дейін Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев

волонтерлік қызмет еріктілер

жылымен аяқталып қалмайтынын

айтқан еді. Яғни, бұл саланың

дамуына тың серпін беруіміз керек.

Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігі волонтерлік ұйымдар

орналасқан ғимараттардың жалдау

ақысына жеңілдіктер жасау,

оқуға түсу, жұмысқа орналасу,

зейнеткерлікке шығу кезінде

еріктілік еңбектің өтілін есепке

алуға қатысты ұсыныстар білдірді.

Оны әріптестеріммен бірге күзде

талқылайтын боламыз.

Ал бұған дейін Мәжіліс депутаттары

қашықтан жұмыс істеу,

жекелеген әлеуметтік топтарды

қорғау, инклюзивті білім беруге

қатысты жобаларды қарастырып,

сын-ескертпелерін айтты.

- Әріптестеріңіздің арасында

үш партия өкілдерімен

қатар Қазақстан халқы Ассамблеясынан

сайланған депутаттар

бар. Оларға Парламент

мәжілісінен 9 орынның берілуі

Ассамблеяның қоғамдық институт

ретіндегі маңыздылығын

көрсететін сияқты. Сіз қалай

ойлайсыз?

- Қазақстан халқы Ассамблеясы

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

жарқын бастамаларының бірі.

Кең байтақ даламызды мекендеген

жүздеген ұлт пен ұлыс

өкілінің басын біріктіріп отырған

ұйымның атынан сөз сөйлейтін

білімді, тәжірибелі, жан-жақты

азаматтардың Мәжілісте болуы

дұрыс жасалған қадам деп

ойлаймын. Әріптестерім заң

жобаларын талқылау барысына

белсене араласып, көпшіліктің

мұң-мұқтажын жоғары мінберден

айтып жатады.

Жалпы, мен үшін Ассамблея –

үлкен отбасы. Ол ұлттық құндылықтар,

мәдениет, тіл, өнер арқылы

бәріміздің басымызды бір арнаға

тоғыстырады. Бір-бірімізді

сыйлауды, құрметтеуді, түсінуді

үйретеді.

Менің атам мен әжем

репрессияға ұшырап, сонау Қиыр

Шығыстан Қызылорда өңіріне, кейін

Павлодар облысының Шарбақты

ауданына қоныс аударды. Әжем

қазақ тілін жетік білетін. Орта

білімі ғана болса да бас есепші

қызметін атқарды. Жұмыспен

қатар, үйдің шаруасына үлгерді.

Қонақжай болғаны соншалық,

үйімізден адам үзілмейтін. Мен

әжеме қарап, бой түзеп өстім.

Жақыныңа жәрдемдесу, жылулық

сыйлау, қамқорлық таныту сынды

қасиеттерді бойыма сіңіру арқылы

волонтер болдым. Үйдің үлкендері

«Қиын-қыстау кезеңде пана

болған, бір үзім нанын бөліп

берген қазақ халқына мың алғыс.

Қазақтардың кеңпейілдігі, дархан

көңілі талай ұлттың ашық аспан

астында тату-тәтті өмір сүруіне

мүмкіндік берді. Біз осы барымызды

бағалап, бірлік, достық,

ауызбіршіліктен арылмауымыз

керек» дегенді жиі айтатын. Бұл

оймен толық қосыламын. Біздің

ең қымбат қазынамыз – татулық.

Қиын кезеңдердің барлығын бір

жағадан бас, бір жеңнен қол

шығарып жеңдік. Пандемия әкелген

күрделі кезеңнен де бәріміз бір

кісідей өтерміз деген үміттемін.

Бірлігіміз жарасып, достығымыз

нығая берсін деп тілеймін.

- Әңгімеңізге рақмет! Мереке

құтты болсын!

Әңгімелескен –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!