01.05.2021 Views

Сарыарқа самалы, 1 мамыр, сенбі

  • No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY АУЫЛ-АЙМАҚ 1 мамыр, сенбі, 2021 жыл 7

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Аулалар көркейеді

Екібастұз қаласында ойын алаңы әбден ескірген аулалар аз

емес. Олардың кейбірі өткен ғасырдың жартысынан бері жөндеу

көрмеген. Сондықтан қалалықтар балалардың асыр салып

ойнап, спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасауды сұрайды.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Көшелер жарық болады

Ақсу қаласында көшелерді, әлеуметтік нысандардың аумағын

жарықтандыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылмақ.

Ақсу қалалық тұрғын үй–коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі

бойынша, сәуір айында «Хлебстрой»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен

келісімшарт жасалды. Соған сәйкес,

мердігер компания көше бойындағы

300 шамды жарықдиодты шамдарға

ауыстыруы тиіс. Тұрғындардың өтініштері

бойынша аулалардағы тағы 300 шам

жөнделеді. Сонымен қатар, жарық желілерінің

5 шақырымы қалпына келтіріледі.

Сала мамандарының айтуынша,

85 аумақта электр қуатын тарататын тіреулер

қойылады. Олардың ішінде 40 тіреу білім

беру мекемелерінің маңына орнатылмақ.

Мәселен, №7, 2, 4 мектептер мен №2,

«Балдырған» балабақшаларының аумағы

жарықтандырылады.

Мердігер компания бұл жұмыстың

барлығын осы жылдың соңына дейін

аяқтауы тиіс.

Өз тілшіміз.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Асфальт төселді

Кеншілер шаһарындағы ойын алаңдарының

дені өткен ғасырда салынып,

орнатылған. Сол уақыт аралығында олардың

тоз-тозы шығып, балаларға керісінше қауіп

төндіре бастады. Тұрғындар әткеншек

тебудің соңы жазатайым жағдайларға

апаруы мүмкін екенін алға тартып, жергілікті

биліктің алаңдарға назар аударуы қажет

екенін бірнеше рет білдірді.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ

Қаңтарбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы

жұмыс тек 4 жыл ішінде толығымен

шешіледі.

- Өткен жылы 50 ауланы реттеп,

тұрғындардың демалуына, спортпен

-

ЕРТІС АУДАНЫ

Әскер – әліміз

шұғылдануына, балалардың ойнауына

жағдай жасадық. Биыл мұндай жұмыстар

тағы 50 аулада атқарылатын болады.

Жалпы, Екібастұз қаласында барлығы

279 аула бар. Олардың барлығын абаттандыру

үшін шамамен 6 млрд теңге

керек. Жыл сайын қаржы көлеміне қарай

50-60 аулада тиісті жұмыстар жүргізсек,

2025 жылға дейін бұл мәселені толығымен

шешеміз, - дейді шаһар басшысы.

Биыл абаттандырылатын аулалардың

тізімі жақын уақытта әкімдіктің әлеуметтік

желілеріндегі ресми парақшаларында

жарияланады.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

Северный орта мектебінде Отан қорғаушылар күніне орай

жастармен кездесу өтті. Жиында «Отан», «ар-намыс», «парыз»

сияқты қасиетті ұғымдардың маңыздылығына назар аударылды.

Павлодар ауданындағы Новочерноярка ауылында «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар мен жолдар

жөнделуде.

Ауылдағы мәдениет үйін күрделі

жөндеу жұмыстары наурыз айының

соңында басталған болатын. Осы уақытқа

дейін мердігер – «Электросервис» ЖШС

ғимараттың ішін айтарлықтай өзгертті.

Ендігі ретте шатырдың тозығы жеткен

жерлерін ретке келтіріп, терезелерді,

мәжіліс залы мен кітапхананы жөндеу

керек. Жұмыс барысымен танысқан

аудан әкімі Жанат Шұғаев белгіленген

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

істердің сапалы әрі уақытылы жүргізілуін

талап етті.

Сонымен қатар, Новочерноярка ауылындағы

Мир көшесінде жаңа асфальт

төселді, ал Эксперименталды көшесінде

жөндеу жұмыстары әзірше аяқталған жоқ.

Мердігерлер жол белгілерін орнатуы тиіс.

Жақын күндері Садовая көшесінің жолын

қалпына келтіру жұмыстары басталады.

5 мың ағаш егілді

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Ауданда республикалық «Бір отбасынан – бір тал» акциясы

аясында 5000-нан астам көшет егілді. Олардың ішінде 1200-ге

жуығы демеушілер тарапынан отырғызылды.

Шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке

тәрбиелеу мен әскери мамандықтарды

насихаттау. Жастармен кездесуге

аудандық қорғаныс істері жөніндегі

бөлім басшысы, майор А.Баймұса,

«Ертіс» шекара заставасының басшысы

Қ.Сәбитбек, шекара катерлерінің командирі

М.Қадырбаев және онлайн «Қазақ ұлттықмәдени

орталығы» аймақтық қоғамдық

ұйымының президенті Ж.Бекмағамбетов

пен ресейлік батыр Д.Перминов қатысты.

Басқосуда әскери мамандар жастарға

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Макаров тапаншасын, Калашников автоматын

жинау мен бөлшектеудің практикалық

дағдыларын көрсетіп, өзін-өзі қорғау

түрлері мен қоян-қолтық ұрыс ережелерімен

таныстырды.

Жиын соңында жастар мен әскери

қызметкерлер Ұлы Жеңістің 76 жылдығына

орай «Даңқ аллеясына» 80-ге жуық қайың

мен қарағайдың көшеттерін отырғызды.

Қ.МҮСӘЙІП.

Акцияға аудан әкімдігінің, аудандық

мәслихаттың және ауылдық округ

әкімдіктерінің ұжымы, аудандық ақсақалдар

алқасы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері

белсенді қатысты. Сонымен қатар,

барлық мектептердің ауласында «Түлектер

аллеясы» пайда болды. Бұдан бөлек аудан

орталығындағы «Мәңгілік ел» саябағына

көшет отырғызу жұмысы жүргізілді. Онда

аудан әкімі Қанат Кәрімов, аудандық

қоғамдық кеңестің төрағасы Теміржан

Жанысов, Павлодар облысының және

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы

Қорабай Шәкіров тал отырғызды.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Зейнұр

Зекебайдың сөзінше, «Бір отбасынан –

бір тал» акциясы ауылдарда да белсенді

жүзеге асырылуда.

- Құндыкөл мәдениет үйінің алаңына

және Ә.Марғұлан мектебінің маңына

620 түп көшет отырғызылды. Акцияға

300-ден астам ауыл тұрғыны қатысты.

430 түп көшет ауылдық бюджеттен

бөлінген қаражатқа сатып алынса, қалған

көшеттер демеушілер тарапынан жеткізілді.

Айта кету керек, былтыр отырғызылған

40 көшет бүгінгі күні тамырын тереңге

жайып, жайқалып өсіп келеді, - дейді

З.Зекебай.

Т.МАРХАБА.

Шалдай ауылы көркеюде

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Шалдай ауылында

бірқатар ауқымды істер атқарылуда. Жаңадан балалар ойын

алаңы салынып, дендрапарк бой көтеруде.

Бұл туралы аудан әкімі Әзілхан Әбеуов

мәлім етті.

- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында Шалдай ауылында 7,5 шақырым

жол тегістеліп, мәдениет үйі күрделі

жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 250 млн

теңге бөлінді. Сонымен қатар, мұнда

«Ертіс орманы» резерватының бастамасымен

тың жобалар қолға алынды, -

дейді Ә.Әбеуов.

Аудан әкімінің айтуынша, «Ертіс

орманы» резерваты ауылды абаттандыру

жұмысына да белсенді араласуда.

Мәселен, олар ауылға жаңа паркті

сыйға тартпақ.

- Ауылда өрт сөндіру кезінде қаза тапқан

6 азаматтың ескерткіші орналастырылған

саябақ бар. Қазіргі таңда осы саябақ

толықтай абаттандырылу үстінде. Сонымен

қатар, оның жанынан 12 түрлі ағаш

көшеті отырғызылған, субұрқағы бар

дендрапарк салнуда. Ол 9 мамыр Жеңіс

күні қарсаңында қолданысқа беріледі,

- деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек, «Ертіс орманы» резерваты

биыл экологиялық таза өнімдер

өсіруді қолға алған. Бір ерекшелігі бұл

бақ жыл бойы жұмыс істейтін болады.

Айта кетелік, Шалдай ауылына 2019

жылы таза ауызсу тартылған болатын.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Ауыл жолы жөнделуде

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Ауыл – ел бесігі» жобасы

шеңберінде Ямышев ауылдық округінің 5 көшесі бойынша жөндеу

жұмысы басталды. Олардың жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды

құрайды. Екінші тоқсанда аудандық маңызы бар жолдардың

5 мың шаршы метр шұңқырларын қалпына келтіру жоспарланған.

Аудан әкімі Абзал Балғабаевтың

сөзінше, өңірдегі 77,7 шақырым жолды

жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама

әзірленген. Ол жоба 2022-2023 жылдары

жүзеге аспақ.

- Бүгінде «Ауыл - ел бесігі» жобасы

аясында Ямышев ауылында 250 орынға

арналған мәдениет үйінің құрылысы

жүргізілуде. Сонымен қатар, Бесқарағай

ауылдық округінде кешенді жобалар

жүзеге асырылады деп күтілуде. Яғни,

2022-2023 жылдары ауылдың мәдениет,

білім саласындағы нысандар жөнделіп,

жол мәселелері шешімін табады, -

деді А.Балғабаев.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!