Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі

PavlodarNews

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

21 қыркүйек, сейсенбі

2021 жыл

№108 (15726)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Шаһардың дамуына

не кедергі?

ӨҢІР

Нақпа-нақ

«Еңбек»

бағдарламасы:

еліміз бойынша

328,5 мың

адам жұмысқа

орналасты

АСТЫҚ

Ішкі

қажеттілік

өтеледі

Өткен жылдан қалған астықты

қоса есептегенде, елімізде

шамамен 18,8 млн тонна астық

бар. Бұл көлем ішкі қажеттілікті

толығымен қамтамасыз

етеді.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен

Павлодар облысында болды. Жоғары лауазымды тұлға

«Галицкое» ЖШС-ндегі ферманың жұмысымен, Павлодар - Семей

автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен, «Достық»

шағын ауданындағы тұрғын үйлер құрылысымен танысып, жылумен

қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жылыту маусымы мәселелері

бойынша кеңеске қатысты.

Жол:

АСТАНА КӨШЕСІ ЖАЙНАЙ ТҮСПЕК

Жалғасы 2-бетте

Павлодар қаласындағы бірнеше көшеде көлік кептелісі толастар емес. Таңғы және кешкі уақытта

қала ішіндегі жол кептелісіне көз үйреніп қалды. Жергілікті тұрғындар үшін жұмысқа жетудің

өзі де - үлкен машақат. Астана көшесіне (Ломов көшесінен бастап Торайғыров көшесіне дейінгі

аралықта) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ 3-бетте

Өңірімізде жұмыс сапарымен болған

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол

Қарашөкеев осылай деп мәлім етті.

Министр облыстағы егін жинау барысымен

танысып, бірақатар ауыл шаруашылығы

кәсіпорындарын аралады.

Ербол Қарашөкеев жел генераторы

жүйесінің жұмысымен танысты.

Одан кейін тауарлы сүт фермасына,

әлеуметтік нысандар мен ғылыми

зертханаға, облыстағы жылыжай мен

көкөніс қоймаларына барып, шаруалармен

кездесті. Сондай-ақ, жұмыс

сапары аясында картоп, көкөніс және

дәнді дақылдар өсірумен айналысатын

«Тимур» шаруа қожалығының алқаптарын

аралап көрді.

Павлодар өңірінің картобы республикамызға

танымал. Бұл бағытта соңғы

жылдары шаруаларда көп тәжірибе

жинақталған. Аймақта картопты қайта

өңдеу мәселесі шешілмеген.

- Қазіргі уақытта елімізде 14,6 млн

га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл

жиналды. Орташа өнімділік гектарына

9,3 центнерден айналды. Өткен

жылдан қалған астықты қоса есептегенде,

шамамен 18,8 млн тонна астық

бар, оның 13,3 млн тоннасы бидай.

Қазақстан ішкі қажеттілікті бидаймен

толық қамтамасыз етеді, - деді министр.

Ведомство басшысына жылыжай

өнімдерін өндірудің қазіргі жағдайы

мен одан әрі даму перспективалары

ұсынылды. «Инвестициялық субсидия

бағдарламасы аясында жылыжай салуға

кеткен шығындар өтеледі», - деп атап

өтті Е.Қарашөкеев.

Вируссыз картоп тұқымын өсіруге

арналған биозертхананың жұмысымен

танысқан министр жалпы ауыл шаруашылығы

жүйесінің тиімділігі дақылдарды

өсіру мен мал шаруашылығын

дамытудың ғылыми әдіс-тәсілдеріне

негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

СПОРТ

Жергілікті волейбол клубтарының құрамы бүгінде

тек жергілікті спортшылардан құралған. Облыс

әкімі, өңірлік волейбол федерациясының басшысы

Әбілқайыр Сқақов командалардың ойыншыларымен

және қызметкерлерімен кездесті.

Барлығы - өз

түлектеріміз!

Басы 1-бетте

Шаһардың дамуына

не кедергі?

«Павлодар» ерлер клубы өз

қатарына толықтай жергілікті

тәрбиеленушілерді қабылдаған.

Ал «Ertis» әйелдер клубында

Ресейден шақырылған бір волейболшы

қыз бар. Ол спорттық

ережелерге сәйкес легионер

болып есептелмейді.

Аймақ басшысы ерлер

мен әйелдер командаларының

жаттығуына барды. Биыл клуб

құрамы жаңарып, павлодарлық

волейболдың тәрбиеленушілеріне

зор үміт артылып отыр. Спорт

мамандары командаға еліміздің

өзге өңірлерінің намысын қорғап

жүрген павлодарлықтарды да

алып келді.

- Біз жылдар бойы өзге клубтар

үшін ойнаған спортшылардың

қайта оралғанына қуаныштымыз.

Осы құраммен команда ел

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ

чемпионатының медальдері үшін

күресе алады деп ойлаймын, -

деді облыстық волейбол федерациясының

вице-президенті

Аманжол Әубәкіров.

Спортшылар мен клуб

қызметкерлері турнирлік жарыстар

көрермендердің қатысуымен

өтеді деп үміттенеді. Әбілқайыр

Сқақов мұндай жағдайда қалада

өтетін ойындарды трибунадан

тамашалауға уәде берді. Әкім

ерлер мен әйелдер командаларына

табыс тілеп, қолдау

көрсететінін айтты. Волейболшылар

өз кезегінде аймақ басшысына

барлық ойыншылардың

қолтаңбасы бар доп сыйлады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

«Галицкое» ЖШС-нің базасында

Премьер-Министрдің

орынбасары кәсіпорынның

тауарлы сүт фермасында

болды. 1000 бас ірі қара

малға арналған ферма ең

заманауи технологиялармен

жабдықталған. Өткен жылдың

өзінде серіктестікте 6 мың

тоннадан астам сүт пен

580 тоннаға жуық ет өндірілді.

Облыс орталығында Роман

Склярға Павлодар мен Семей

арасындағы республикалық

тас жолды реконструкциялау

барысы туралы баяндалды.

Жолдың 10 шақырымын жаңарту

көзделген. Мұнда Павлодардың

батыс және шығыс айналма

жолдарын жалғайтын «беде

жапырағы» үлгісіндегі көлік

айрығының құрылысы жүріп

Сындарлы кезең

Кеше өңір мектептерінде «Тәуелсіздік жетістіктері»

тақырыбында ашық сабақтар өтті. Оған аймаққа

белгілі қоғам белсенділері шақырылып, Тәуелсіз

Қазақстанның 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері

туралы дәріс оқыды.

Аталған жоба бойынша облыс

әкімінің орынбасары Айзада

Құрманова Ыбырай Алтынсарин

атындағы облыстық гимназияға

арнайы барып, 11-сынып

оқушыларына сабақ өткізді.

- Қазақстанның Тәуелсіздіктен

кейінгі дамуын үш кезеңге

бөліп қарастыруға болады.

1991 жылы еліміз алғаш Тәуелсіздігін

жариялаған кезде мен студент

едім. Павлодар мемлекеттік

педагогикалық институтының

4-курсында оқып жүрдім. Ел экономикасының

құлдырап тұрған

уақыт, қайда барып, қандай

жұмыс істейміз деген сұрақ

мазалады. Бір сөзбен айтқанда,

болашағымыз өте бұлыңғыр еді.

Соған қарамастан, ауыл мектебіне

барып жұмысымды бастадым, -

деді Айзада Амангелдіқызы.

Жалпы, Қазақстан халқы

үшін Тәуелсіздіктің алғашқы

он жылдығы өте күрделі әрі

тұрақсыз болғаны белгілі.

Бірақ, соған қарамастан батыл

COVID-19: ВАКЦИНА

70 пайызы

екпе алды

Вакциналау қарқыны жөнінен облыстағы аудандардың

арасында Успен ауданымен қатар, Железин

де көш бастап тұр.

Аталмыш өңірдегі халықтың

70 пайызы екпе алған. Аудандық

аурухана бас дәрігерінің орынбасары

Сағира Екидинаның сөзінше,

бүгінде КВИ-ге қарсы вакцинаның

алғашқы дозасын 6846 адам алса,

екінші компонентті 6040 адам

салдырған.

Бұл – халықтың 70 пайызын

құрайды. Жалпы, ауданда 9 мыңнан

астам адамның денсаулығы

коронавирусқа қарсы екпе

алуға жарамды. Бұл тізімге жүкті

шешімдер қабылданып, халықтың

әл-ауқатын арттыру жолында

нақты қадамдар жасалды.

- 1993 жылы ҚР Тұңғыш

Президенті, Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев алдағы 30 жылға

арналған ұлтаралық саясаттың

негізгі идеяларын құрып, тұжырымдама

қабылдады. Бұл

Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет

ретінде қалыптасып, дамуына

үлкен серпін берді. Ал, 1997 жылы

Қазақстан халқына арналған

алғашқы Жолдауын жариялады.

Міне, Елбасының сарабдал

саясаты мен батыл шешімдерінің

нәтижесінде ел экономикасы

қайта нығая бастады, -

деді ол.

«Тәуелсіздік жетістіктері»

тақырыбындағы ашық сабақтарға

барлығы 1000-нан аса спикер

шақырылып, мектептер мен

колледждердің 100 мыңнан

аса оқушысы мен студенті

қатысты.

Т.МАРХАБА.

әйелдер, медициналық анықтамасы

барлар, онкологиялық

індетке шалдыққандар, бала

емізетін әйелдер де енеді. Қазіргі

уақытта әлі де екпе салдыру

бойынша түсіндіру жұмыстары

жүргізілуде. Екі арнайы бригада

ауылдарға шығып, вакцина салдырғысы

келетін тұрғындарға

қызмет көрсетеді. Ауданда ұжымдық

иммунитет қалыптасқан.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

жатыр. Мердігер жобаны келесі

жылы аяқтауға ниеттенген екен.

Дегенмен Р.Скляр учаскені биыл

толық ашуды тапсырды. Сонымен

қатар, ол «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдеріне

республикалық маңызы бар жолдарды

ағымдағы күтіп ұстауды

күшейтуді тапсырды.

- Нұр-Сұлтан - Павлодар және

Павлодар-Семей трассалары

бойынша жол қозғалысы қысы-жазы

қамтамасыз етілуі тиіс. Жолдарды

күтіп ұстау нормативтерін орындау

және трассалар бойында қар тоқтату

мәселелерін ойластыру қажет, -

деді Премьер-Министрдің орынбасары.

«Достық» шағын ауданында бес

көпқабатты тұрғын үй салынып

үлгерген. Павлодар қаласының әкімі

Асайын Байханов жобаның алғашқы

кезегі аясында 2022 жылдың соңына

дейін 2215 пәтер салынатынын

хабарлады. Вице-премьер тұрғын

үй салуға жеке меншік иелерін

белсенді тарту және оларға жағдай

жасау қажеттігін атап өтті.

- Павлодарда жеке инвестор өз

қаражатына үй тұрғызып, соңынан

оны «Нұрлы жер» мемлекеттік

бағдарламасы шеңберінде сатпақ

болғанын жақсы білеміз. Алайда

соңында инвестордың ойлағаны

іске аспай, ол бюджет есебінен

мердігерлік жұмыстарды ғана атқарды.

Осылайша біз жеке бастамаларға

тежеу саламыз. Қазір заңнамаға

тиісті түзетулер енгізілуде және

біз тұрғын үй құрылысы саласында

реформа жүргізіп жатырмыз. Бұл

құрылыс компанияларын консорциумдар

құруға және ұзақ мерзімді

келісімшарттар негізінде осындай

үлкен аудандарды игеруге ынталандырады,

- деді Р.Скляр.

Вице-Премьер Павлодар облысының

жылу беру маусымына

дайындығы талқыланған кеңеске

қатысты. Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақов Павлодарда жыл сайын

орталықтандырылған жылумен

жабдықтауға дайындық кезінде

жергілікті мекемелер тозған желілер

мен энергия көздерінің тапшылығына

тап болып жататынын мәселе

етіп көтерді. Бұл облыс орталығының

дамуын тежеуде.

- Павлодар бүгінде жылумен

жабдықтау бойынша техникалық

шарттарға арналған жаппай лимитпен

«өмір сүруде». Бұл келеңсіздіктің

салдарынан қалада жаңадан ірі

объектілер салу және қолданыстағы

нысандардың қуаттылығын кеңейту

мүмкін болмай отыр. Сондықтан бұл

проблемаларды шешу үшін монополистер

тарапынан инфрақұрылымды

дамытуға инвестициялар салу

бойынша қысқа мерзімді және

орта мерзімді шаралар қажет, -

деді аймақ басшысы.

Р.Скляр жағдайды өзгерту үшін

республика деңгейінде жұмыс тобын

құруды тапсырды. Павлодар шаһары -

бүкіл еліміз үшін аса маңызды

екенін, сондықтан қаланың одан

әрі өсу мүмкіндігі болуы тиіс деп

атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев,

Ілияс Қанат.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 3

ЖОЛ

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Астана көшесі қаланың қақ ортасында

орналаспаса да, 15 көшемен

қиылысады. Бұл көшемен бірнеше

бағытта қоғамдық көлік қатынайды.

Қазіргі уақытта аталмыш көшеде жол

жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мердігерлік ұйым – «Аза» ЖШС.

Келісімшарт сомасы 569 млн теңгені

құрайды.

- Қазір Толстой көшесінен

Есенәлиев көшесіне дейін жиек

тастарды орнату бойынша жұмыстар

атқарылуда. Дәл сондай жұмыстар

Есенәлиев көшесінен Луначарский

көшесіне дейінгі учаскеде жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ак.Шөкин көшесінен

Толстой көшесіне дейін жолдың

жүру бөлігін фрезерлеу, яғни ескі

асфальт төсемін алып тастау

жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы

уақытта толықтай асфальттау, жаяу

жүргінші жолдарын салу және жол

белгілерін орнату сынды жұмыстар

жүргізіледі. Жалпы, күрделі жөңдеу

жұмыстарын ағымдағы жылдың

Астана көшесі

жайнай түспек

Павлодар қаласындағы бірнеше көшеде көлік кептелісі толастар емес. Таңғы

және кешкі уақытта қала ішіндегі жол кептелісіне көз үйреніп қалды. Жергілікті

тұрғындар үшін жұмысқа жетудің өзі де - үлкен машақат. Астана көшесіне (Ломов

көшесінен бастап Торайғыров көшесіне дейінгі аралықта) күрделі жөндеу

жұмыстары жүргізілуде.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Ақсу қаласы әкімінің міндетін

атқарушы Мұрат Әбілқалық пәтер

иелеріне жылы лебізін білдіріп,

кілттерді табыстады.

- Мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін

пайдалана отырып,

Ақсу тұрғындарының тұрғын үй

мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп

келеді. Жақын уақыттарда жаңа

Елімізге белгілі көркемсөз оқу

шеберлерінің басын қосқан байқау екі

күнге жалғасты. Әр облыстан келген

қатысушылар алдымен Торайғыров

университетіне, С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапханаға және ақын

ескерткішіне барып, гүл шоқтарын

қойды.

- Бұл көптен бері көкейде

жүрген дүние еді. Басқа өңірлер

жергілікті ақын-жазушыларын дәріптеп

жатқанда, бізде неге Торайғыровтың

республикалық оқулары өтпейді дейтін

едік. Біз Сұлтанмахмұтты «Абайдан

кейінгі классик ақын» деп айтамыз.

Бірақ, көрнекті ақынның шығармаларын

оқушылар мен студенттер

арасында жеткілікті деңгейде дәріптей

15 қазанына дейін аяқтау жоспарланып

отыр, – дейді Павлодар қаласы

әкімінің баспасөз қызметі.

Астана – Ертіс өзені жағалауына

жақын көше. Саябақтар, сауда

үйлерімен қатар, оқу орындары

бар. Жергілікті билік тұрғындардан

алмай келеміз. Сондықтан мұндай

байқауды жылда өткізіп, дәстүрге

айналдырсақ деген тілектеміз, -

деді қазылар алқасының мүшесі,

айтыскер ақын Асығат Тұрғанбек.

Үміткерлер бірінші кезеңде ақынның

поэмаларынан үзінді оқыды. Екінші

кезеңде ақынның шығармалары

бойынша сахналық көрініс ұсынса,

үшінші кезеңде жеребе тартып, сол

бойынша кездескен өлеңді оқуы керек

болды. Қатысушылар соңғы кезеңде

ақынның өмірі мен шығармашылығына

қатысты викториналық сұрақтарға

жауап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша

бас жүлдені павлодарлық Расул

Темеш жеңіп алды. І орын Нұр-Сұлтан

сабыр сақтап, жөңдеу жұмыстарына

түсіністікпен қарауды сұрап отыр. Бір

айдан соң тұрғындар көшемен еркін

серуендеп, автокөлік жүргізушілері

жаңа жолмен жүйткиді.

Суретті түсірген - автор.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ақсу қаласының

60 жылдығына орай металлургтер шаhарында «Жұмыспен

қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында

салынған екі тұрғын үй қолданысқа берілді.

Жаңа пәтерлер алды

бірнеше тұрғын үйдің құрылысы

аяқталады деп күтілуде. Бұл ықшам

аудан әлі де кеңейтіліп, дамитын

болады, - деді ол.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

ата-ананың қарауынсыз қалған және

жетім балаларға, көпбалалы, асырау

шысынан айырылған отбасыларға,

әлеуметтік жағдайы төмен және

мүгедек жандарға пәтер кілті табысталды.

Оған қоса, баспанасы апаттық

есепте тұрған тұрғындар да жаңа

пәтерлерге қол жеткізді.

- Алты баланың анасымын. Осы

уақытқа дейін жалдамалы үйде

тұрдық. Бес жыл кезегімізді күттік.

Отбасымыздағы бұл қуанышты сөзбен

жеткізу мүмкін емес. Ұл-қыздарымның

жеке бөлмелері болатындығына

әлі де сене алар емеспіз, - дейді

көпбалалы ана Жанар Қожанова.

Шара соңында Ақсу қаласының

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Залмұхан Арынов қазақы дәстүрімізге

сай бата беріп, көпбалалы отбасына

тоңазытқыш сыйға тартты.

Торайғыровтың

туындыларын дәріптеді

БАЙҚАУ

Биыл аймағымызда алғаш рет республикалық Сұлтанмахмұт Торайғыров оқулары

өтті. Шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

қолдауымен Баянауыл ауданының Торғайғыр ауылында өткізілді.

қаласының үміткері Ғылымқал Манайға

бұйырса, ІІ орынды павлодарлық

Диана Қабылқайыр еншіледі.

ІІІ орынды Батыс Қазақстан облысынан

келген Айдос Исекенов қанжығалап

қайтты. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров

қорының арнайы сыйлығы Шығыс

Қазақстан облысынан келген Ержан

Ахановқа берілді.

Барлық қатысушылар арнайы

дипломдармен, Алғыс хаттармен

және ақшалай сертификаттармен

марапатталды. Іс-шара

соңында қонақтар Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың мұражайына және

кесенесіне барып, ақын рухына

құран бағыштады.

Өз тілшіміз.

Президенттік жастар кадрлық резервінің өтінім

беру кезеңі аяқталуға жақын. Бұл кезеңнен

соң білімі мен біліктілігі, ұшқыр ойы мен әр

жағдайға саналы түрде сын тұрғысынан қарай

алатын, қабілеті жеткен жастар 50 үміткердің

қатарына ену үшін өзара сайысқа түседі.

Жас келсе – іске!

Болашақта мемлекетке пайда

әкелсем деген мақсатта Беслан

Уюкбаев та биылғы іріктеуге

қатысып, бағын сынамақ.

Ақтоғай агро-техникалық

колледжі басшысының орынбасары,

аудандық мәслихат

депутаты Беслан Уюкбаев

2019 жылы Президенттік кадрлық

резервіне қатысқан. Ол

алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп,

ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі

тағылымдама кезеңіне

дейін жеткен.

- Менің ойымша, әрбір

мемлекеттік қызметші мемлекеттік

тілді еркін меңгеруі

және білуі тиіс. Себебі, Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың өзі мемлекеттік

саясаттың басым бағыттарының

бірі ретінде қазақ тілін дамыту

деген еді. Сондықтан да осы

жылғы кадрлық резервке

қойылған басты талаптардың бірі –

қазақ тіліне деген басымдылық

берілгенін естіп, іріктеуге қатысуға

бірден шешім қабылдадым деп

атап өтті ол.

Ситуациялық мәселелерді

шешу үшін аймақтық даму

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

- Біз маусымды детектив,

комедия, мелодрамаға толы туындымен

ашқанды жөн санадық.

Сол себепті, көрерменге ұнайды

деген сеніммен Клода Маньенің

«Оскар» комедиясын таңдадық, -

дейді А.П.Чехов атындағы

облыстық драма театрының

басшысы әрі қоюшы-режиссері

В.Аввакумов.

Ұжым жетекшісінің айтуынша,

театр ұжымы әр ай сайын

көрерменге жаңа қойылымдар

ұсынбақ. Биылғы театрдың

77-маусымы қызықты, әсерлі

және ерекше жобаларға толы

болатындығын алға тартты.

- Театр - шын мәнінде,

өмір айнасы. Қазақ және

орыс театрының да тұрақты

көрерменімін. Бүгінгі қойылым

көңілден шықты. Халықтың

ықыласының өзінен-ақ көпшілікке

бағытын таңдаған ол, бұл ретте

қазіргі таңда жаңа инновациялық

жобаларды енгізу керектігін де

алға тартты. «Жобаға қатысудағы

басты мақсатым – мемлекетке

пайда әкелу» деп сөзін

тәмамдаған Беслан Уюкбаевқа

алдағы үлкен сында сәттілік

тілейміз!

М.ТӨЛЕБАЙ.

ТҰСАУКЕСЕР

«Оскар» – театр

сахнасында

А.П.Чехов атындағы облыстық орыс драма

театрының жаңа маусымы шымылдығын түрді.

Шытырман оқиғалар мен түрлі түсініспеушілікке

толы К.Маньенің «Оскар» қойылымы жұртшылықтың

жүрегіне жол тартты.

ұнағаны байқалды. Виктор

Аввакумов бастаған ұжымға

шығармашылық табыс тілеймін, -

деді зейнеткер Жарылқасын

Жанахметов.

Театрдың тұрақты көрермені

Ольга Платонова

«чеховтықтардың» жаңа маусымының

ашылғандығын асыға

күткен екен.

- Театр – нағыз мәдениеттің

ортасы. Жыл сайын театрдың

репертуары кеңейіп, сахналық

образдары әсерлене түсуде.

Бұл көрермен қауымды

қуантуда. Бүгінгі қойылым

шытырмандығымен ерекше

есте қалды. Сол себепті, барша

әртістерді театрдың ашылу

маусымымен құттықтаймын.

Барша жерлестерімді театрға

шақырамын, - дейді О.Платонова.


4 21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Қоныс аударушылар

аз емес

Елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға

арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде

жұмыс күші мол аймақтардан өңірге көшіп келіп

жатқан отбасылардың жай-күйі туралы облыстық

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы Альмира Дюсиповамен

әңгімелескен едік.

- Облысқа қоныс аударушылар

саны қанша? Негізінен

қай өңірлерден келуде?

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

іске асырылған сәттен

бастап облысқа барлығы

8140 адам (1863 отбасы) келді.

Оның 3737-сі еңбекке қабілетті

жаста, 122 зейнеткер, 4281 бала

(2244 мектеп жасындағы және

2037 мектеп жасына дейін).

Биыл облысқа қоныс аударушыларды

қабылдауға 2600 адамға

өңірлік квота берілді. Қазіргі

таңда өңірге жұмыс күші мол

аймақтардан 2 013 адам (427

отбасы) көшіп келді. Облысқа

негізінен Алматы, Түркістан, Жамбыл,

Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан,

Нұр-Сұлтан, Алматы және

ҚЫС - ҚЫР АСТЫНДА

Барлық үйлер әзір емес

Облыстың энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы

Ержан Салхановтың айтуынша,

20 қыркүйекке дейін әлеуметтік

нысандар жылуға қосылады. Бұл -

мектеп, балабақша, ауруханалар

және т.б. Ал, көпқабатты үйлердің

тұрғындары үшін биыл жылу беру

маусымы 23 қыркүйектен басталады.

Сондай-ақ, басқарма басшысы

200-ге жуық тұрғын үй ПИК-тің

кесірінен қысқа дайын болмай

шыққанын мәлімдеді. Қазір ол

үйлерде құбырлардағы қысымды

сығымдау және жуу жұмыстары

жүргізіліп жатыр. Демек, ыстық

су мен жылу барлық үйге бір

мезетте берілмейді.

- Бүгінгі таңда магистральдік

желілердегі жөндеу, жаңарту жұмыстарының

95 пайызы аяқталды.

Қалған жерлерде күрделі жөндеу

жалғасуда. Алдағы үш апта ішінде

Шымкент қалаларынан қоныс

аударған. Әсіресе, Алматы және

Түркістан облыстарынан көшіп

келгендер көп.

- Көшіп келушілердің тұрғын

үй, әлеуметтік мәселелері

қалай шешілуде?

- 2020 жылы қоныс аударушыларды

жаңа тұрғылықты жерден

бейімдеу мақсатында 307 пәтер

сатып алынған. Бүгінгі таңда

292 пәтерге қоныс аударушы отбасылар

орналасты. Бұл тұрғын

үйлер 20 жылға жалға беріледі.

Қоныс аударушыларға 5 жылдан

кейін тұрғын үйді қалдық құны

бойынша жекешелендіріп алуға

мүмкіндік беріледі.

- Көшіп келушілер облыстағы

мамандар тапшылығы

гидравликаны қалыпқа келтіріп,

тұрғындар сапалы жылумен қамтамасыз

етіледі. Дачный және

Усолка шағын аудандарында жылу

мәселесі оң шешімін табады.

Аталған аудандарды жылумен

қамтамасыз ететін ТМ-42 жылу

магистралінің құрылысы аяқталды, –

деді Е.Салханов.

Ал «Қазақстан алюминийі» АҚ

№1 ЖЭО басшысы Илья Рожков

станция алдағы күзгі-қысқы

кезеңде максималды жүктемелерге

толығымен дайын екендігін айтты.

- Қазіргі уақытта №5 қазандықта

орташа жөндеу жұмысы жалғасып

жатыр. Аяқталу мерзімі – осы

жылдың қараша айы. Жылу беру

маусымы кезеңінде станция

толығымен дайын болады. Былтыр

№2 қазандық орташа жөндеуден

өтті. Дайындық жұмыстарын толық

көлемде іске асыруға 877,9 млн

теңге бөлінген. Бұл станция

мәселесін шешуге септігін

тигізіп отыр ма?

- Қоныс аударушылар қатарында

88 тамақтандыру, 73 білім беру,

57 медицина, 48 ауылшаруашылығы

саласының мамандары,

117 техникалық сала маманы

және т.б. бар. Еңбекке қабілетті

3737 адамның 2916-сы жұмыспен

қамту шараларына тартылды.

Нақтылай айтқанда, оның 2716-сы

жұмысқа орналастырылса, 129-ы

кәсіпкерлік қызметпен айналысады,

71-і кәсіби оқуға жіберілген.

- Көшіп келушілер есебінен

облыста бала саны қаншалықты

өсті?

- Бағдарлама қолға алынғаннан

бастап өңірде бала саны біршама

артып, барлығы 4281 бала (2244

мектеп жасындағы және 2037 мектеп

жасына дейін) келді. Мәселен,

биыл көшіп келген 2013 адамның

1003-і еңбекке жарамды, 26-сы –

зейнеткерлер, 984-і балалар (505-і

мектеп жасындағы балалар). Жас

ерекшеліктеріне қарай мектептер

мен балалабақшаларға орналастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар

одан әрі жалғасады.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан -

Т.ОРАЗАЛЫ.

Алты ай қысы бар Ертістің Павлодар өңірінің тұрғындары үшін жылудың ертерек

берілуі маңызды. Биыл облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар кешегі

күннен бастап, ал тұрғын үйлер 23 қыркүйектен жылытыла бастамақ. Табиғи

монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің ұйымдастыруымен

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның №1 жылу-электр орталығына (ЖЭО) және «Павлодарэнерго»

АҚ-ның №2 ЖЭО, №3 ЖЭО-ларына баспасөз туры ұйымдастырылды.

жабдықтарының сенімділігін арттыруға

мүмкіндік береді, – деді

И.Рожков.

«Павлодарэнерго» АҚ басшысының

орынбасары, бас инженер

Вадим Лесин кәсіпорынға

қарасты №2 және №3 жылу

орталығындағы инвестициялық

жобалардың қалай жүзеге асып

жатқандығы туралы айтып берді.

2021 жылы екі станцияның даму

бағдарламаларын іске асыруға

1,1 млрд теңге жоспарланған.

Бүгінгі күні оның 668,9 млн

теңгесі игерілді. №2 ЖЭО-ның күл

үйіндісінің 2-ші кезегінің бөгеттері

күшейтілді. Бұдан басқа, станцияда

№2 қазандық агрегатының ауа

жылытқыштарын қайта жаңарту

жүргізілуде. Сондай-ақ, №3 ЖЭО-да

түтін шығару мұржасы салынуда.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Ұл-қызын мектепке жіберген ата-аналар балаларының

денсаулығы үшін алаңдап отыр. Әлеуметтік

желідегі парақшаларда 12 жастан асқан балалардың

тізімі сұратылған хат тұрғындар арасында түсініспеушілік

тудыруда. Тіпті, «WhatsApp» қосымшасы

арқылы балаларға тұмауға қарсы екпенің орнына

коронавирустан қорғайтын вакцина салынады

деген аудиожазбалар да тарап кетті. Мұндай

мәлімет шындыққа сәйкес келе ме?

Балаларға

қандай екпе

салынады?

Түйткілді мәселенің шындығына

көз жеткізу үшін облыстық

денсаулық сақтау басқармасына

хабарластық. Аймағымыздың

бас дәрігері Айдар Сейітқазинов

ата-аналарға алаңдауға негіз

жоғын айтады. Олардан жалған

ақпараттың жетегінде кетпеуді

сұрайды.

- Әлеуметтік желідегі балаларды

егуге қатысты тарап

жүрген ақпарат шындыққа

сәйкес келмейді. 12 жастан

асқан балаларға КВИ-ге қарсы

екпе салынбайды. Вакцина жасау

күнтізбесіне сәйкес, балаларға

манту сынамасы жасалуда. Бұл -

жыл сайын жүргізілетін дәстүрлі

шара. Тұмауға қарсы вакцина да

ата-аналардың келісімі бойынша

ғана егіледі. Рұқсатсыз ешкімге

екпе салынбайды. Ал КВИ-ге

қарсы вакцина 18 жастан асқан

адамдарға салынады, - дейді

А.Сейітқазинов.

Тәжірибелі педиатр манту

сынамасы 1-сыныпта оқитын

балаларға жасалатынын айтады.

Бұл арқылы туберкулезге қарсы егілетін

БЦЖ екпесін алатын оқушылар

анықталады. Егер манту сынамасы

оң нәтиже көрсетсе, аталған екпе

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

салынбайды. Сондықтан манту

сынамасы диагностикалық тест

үшін жасалатынын есте ұстаған

жөн. Мұндай сынама диспансерлік

есепте тұрған балаларға,

ата-анасы немесе туыстары туберкулезбен

ауырған жасөспірімдерге,

бронх демікпесімен ауыратын

балаларға да жүргізіледі. Бұл

да ата-ананың рұқсатымен жасалады.

Елімізде БЦЖ-ға қарсы

екпе 2 жастан бастап салынады.

Тұмауға қарсы екпе де

ата-ананың келісімімен егіледі.

Бірінші кезекте диспансерлік

есепте тұрғандар, өкпе, бүйрегі

ауыратын жасөспірімдерге салынады.

Аталған вакцина балаларға

6 айдан бастап салынады.

- Коронавирус індеті өршіп

тұрған кезде тұмауға қарсы

екпені алудың маңызы зор. Күз

мезгілінде ауа райының құбылуына

байланысты ауру-сырқау

түрлері көбейетінін білесіздер. Сол

себепті дәрігерлердің кеңесіне

құлақ асып, маңызды шешімді

дұрыс қабылдаған абзал, - дейді

А.Сейітқазинов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

СЕНБІЛІК

«Таза жағалау»

Павлодардың Усолка шағын ауданында сенбілік

өтті. Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткен

шараға мемлекеттік ұйымдар, жастар орталығы,

еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.

Табиғатты аялау, қоршаған

ортамен үндесе күн кешу – бүгінгі

күннің бас тақырыбы. Өскелең жас

ұрпақтың бойында экологиялық

мәдениет қалыптастыру да аса

маңызды. Осы ұстаныммен

жергілікті «Жасыл ел» штабы

«Eсо – Tеаm» атты тимбилдинг

ұйымдастырды.

- Биылғы сенбілік ерекше

форматта өтіп жатыр. Жиылған

қоқыстардың барлығы сұрыпталып,

5 фракцияға бөлінеді. Яғни,

пластик, қағаз, шыны, темір және

қайта өңдеуге келмейтін тұрмыстық

қалдықтар бөлек контейнерлерге

жиналады. Біздің «Жасыл ел» эко

жасағы мен еріктілер апта сайын

Ертіс өзені жағалауынан 150 қап

қоқыс жинайды. Өкінішке қарай,

бұл - жергілікті тұрғындардың

экологиялық мәдениет көрсеткіші.

Сол себепті, жастарға табиғатты

сыйлау, қадірлеу, қоршаған ортаға

зиян келтірмеу сияқты тәрбиелік

сағаттарды жиі жүргізу керек, -

дейді Палодар облыстық «Жасыл

ел» штабының командирі Русана

Сәмекова.

Сенбілік барысында облыстың

жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары

басқармасы басшысының

орынбасары Медет Шұлақов қала

тұрғындарын тазалық шарасына

белсене қатысуға шақырды. Оның

айтуынша, мұндай іс-шара жыл

сайын ұйымдастырылып отырады.

- Өткен жылғы сенбіліктердің

нәтижесінде 900 тоннаға

тарта күл-қоқыс қала сыртына

шығарылған. Ауқымды тазалық

шарасына табиғат мәселесіне

бей-жай қарамайтын 9 мыңға

жуық адам қатысты. Сондай-ақ,

биыл қыркүйектің 18-нен 18 қазан

аралығында «Таза жағалау» айлығы

өтеді, – деді басқарма басшысының

орынбасары.

Сенбілік акциясында барлық

жұмыстар санитарлық–

эпидемиологиялық талаптарды

сақтай отырып орындалды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде,

Усолка өзені жағалауынан

200 қаптан астам күл-қоқыс

жиналды. Мұндай тазалық сенбілігі

облысқа қарасты барлық аудан,

ауылдарда да жалғасын таппақ.


SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ 21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 5

Тарихтың талай

сыры – музейде

Жуырда Баянауыл ауданы Майқайың кентінде «Өлкетану» музейі ашылған болатын.

Онда осы өңірдің дамуына атсалысқан, есімдері тарихқа алтын әріптермен жазылып

қалған тұлғалар мен осы мекенде өткен тарихи сәттер қамтылған еді. «Өлкетану»

музейін ашуды өз мойнына алған, ұйымдастырған және жәдігерлерді жинақтаған -

тыл ардагері, кенші, «Құрмет белгісі» ордені, «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері,

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Әбенов Мұхтар Зәпішұлы болғанын атап өту керек.

Мұхтар Зәпішұлы музейдің ашылу салтанатында жәдігерлерді жинау ісіне қалай араласқаны

туралы кеңінен айтып берген болатын. Ендігі сөзді еңбек ардагерінің өзіне бердік.

Бұл оқиға Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

мен туған ауылымыз Майқайыңның

90 жылдық мерейлі мерекесі

қарсаңында іске асырылған елеулі

шара болды. Майқайың кентінде

алғаш рет өлкетану музейі ашылды.

Музей – өшкеніңді жандырып,

өткеніңді тірілтетін киелі орын.

Кереку-Баянауыл өңіріндегі ірі кен

орны Майқайың - әртүрлі тарихи

сәттерге бай өлке. Сол тарихи

оқиғалар ауыздан-ауызға жетіп,

кейбір сәттері қағаз беттеріне

түскенімен, дәл бүгінгідей ортақ

бір жүйеге келтірілмеді. Саналарда

ғана сансырап ұмытыла

бастаған жәдігерлер мен тарихи

бейнелерді кейінгі жас буынға

жеткізіп, қалдырып кету сіз бен

біздің ағалық парызымыз болды.

Сол себепті, «Майқайыңалтын»

мекемесінің 90 жылдығы, кентіміздегі

білім ордаларының 90 жылдығы,

мешітіміздің 25 жылдығы қарсаңында

музей ашсақ деген тілегімізді

Баянауыл ауданының сол кездегі

әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке

жеткізуді жөн көрдік. Оған ауылымыздың

ардагерлері мен зейнеткерлері

атынан: «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында Майқайың

кентінде музей ашу үшін қаражатпен

көмектесіп, музей ісін жүргізетін

қызметкерлер тағайындауыңызды

өтінеміз» деген хатпен 2019 жылы

5 қаңтарда шыққан едім.

2019 жылы 22 қаңтарда

Майқайыңда өткен есептік кездесуде

Оразгелді Қайыргелдинов:

«Биылғы жылы да Майқайың

кентінде атқарылатын іс-шаралар

көп. Соның ішінде ауданымыздың

Құрметті азаматы Мұхтар Әбенов

ақсақал көтеріп отырған өлкетану

музейін ұйымдастыру мен кент

мешітінің асханасының кепілдігін

шешу мәселесіне көмектесуге

дайынмын» деп айтты. 1 қазанда

кент мешітінің имамы Бодаубек

қажы екеуіміз аудан әкімінің

қабылдауына бардық. Оразгелді

Әлиғазыұлы бізді жылы қарсы алып,

қарттар күнімен құттықтап және

Майқайың мәдениет үйінің ішінде

өлкетану музейін ашуға қаржы

бөлінгендігін, әрі бұл жұмыспен

қандай мамандар айналысатынын

тәтпіштеп айтып берді.

Өмірдің заңымен елге еңбегі

сіңген, Майқайыңның іргетасын

қалаған, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес

қосқан қаншама азаматтарымыз

ортамызда жоқ, Майқайыңның

90 жылдық тарихын білетін тірі

куәгерлеріміз де азайды. Осы

жайт көңілімізге кірбің түсіріп,

жүрегімізді ауыртты. Ауылда қалған

үлкендермен ақылдаса келіп,

осылай музей ұйымдастырып,

небір ізгі жандардың жарқын

бейнелерін жаңғыртып кету

азаматтық парызымыз деп санап,

осы бір істі бастадық. Сіздердің

қолдауларыңыздың арқасында

жұмыс жүргізіп, жәдігерлерді

іздестіріп, қаншама отбасына бас

сұқтық, жүздеген жандармен тікелей

жүздесіп, қаншама жандармен

телефон, әлеуметтік желілер

арқылы ақпарат алмастық. Тек

Майқайыңда ғана емес, кезінде

«Майқайыңалтын» комбинатының

құрамында болған Александровка,

Найзатас, Қарасор, Майкөбе, ЦЭС,

Керегетас, Үшқұлын, Шөптікөл,

Төртқұдық, Жосалы, Алпыс ауылдары

мен кеніштеріне қатысты

материалдар жинастырып, ауыл

адамдарымен жүздесіп, оларды

фотоларға түсіріп және өткен

тарихи деректерін іздедік.

Біз, Майқайың мешітінің

имамы Бодаубек қажы, «Кенші»

мәдениет үйінің директоры Анар

Сағындыққызы осы музейді

ұйымдастыру үшін тәжірибе

жинақтауға Баянауылда Қаныш

Сәтбаев музейінде болдық. Екі

рет Торайғыр ауылындағы музейде

болып, сол музейдің негізін

қалаушы Шолпан Жақыповамен

жолығып, пікір алмастық. Сонан соң

Павлодар қаласындағы көркемсәулет

мекемесінің басшысы Александр

Пархоменкомен кездесіп ақылдастық.

Алдында Майқайың туралы кітап

шығару жұмысын қолға алғаны

себепті бұл азаматта да әжептәуір

фотомұралар сақтаулы еді. Ол

музейді әшекейлеп, фотосуреттерді

өңдеп, реттеп қоятынын айтты.

Музейдің ішкі жөндеу жұмыстарын

атқаруға баянауылдық

Көбешев Қуанышпен келісімшарт

жасалды. Музейге қойылатын

жиһаздарды жасау жұмысын

тендер бойынша талдықорғандық

кәсіпкерлер ұтып алды. Кен минералдары

коллекциясына арналған

жиһаздарды майқайыңдық кәсіпкер

Бекенов Асылхан жасап, сыйға

тартты. Музейдің кен-минералдар

коллекциясын «Майқайыңалтын»

АҚ Бас кен барлаушысы, геолог

Стебнев Владимир Михайлович

жинақтап берді. Ибраев Бекболат

бауырымыз да Баянауылда бірнеше

жерде музей жасағанын айтып,

Майқайың музейінің макетін

дайындап, жеткізіп берді.

Майқайың кенті Ардагерлер

кеңесінің мүшелері Никишов

Вячеслав Иванович, Бейсенбаев

Жақсылық, Төрегелдинов

Қайыртай, Абдрахманов Қабдыл,

Әшімова Бағаш, Жасылғұсова

Шолпан, Қуанбаев Әлжан, мешіт

имамы Солдат Бодаубек, мектеп

басшылары Мәжитова Самал,

Сүлейменов Ержан, Бейсенбаева

Жаннұр, Батталова Әлия,

мекеме басшылары Ботин Қуаныш,

Сәдуақасов Мағжан, Омаров Серік,

Омаров Арыслан, Зверев Сергей,

Шәріпжанов Өміртай, Бектемір

Қанат, Қабылбеков Еркін, Бекенов

Асылхан, Тайлақов Рахмет, Мақатаев

Рафаэль, Тоқпаев Қанат, Тоқпаева

Гүлнәр, Қамашев Қосмабек,

Қамашев Айдынбек, Қабдулов

Тимур, Қонай Ербол, Досов Ербол

сынды азаматтар жәдігерлердің

ұйымдастырылуына қолғанат болып,

көмектерін жасады.

Біз, Пархоменко А, Бодаубек

қажы, Анар Сағындыққызы Үшқұлын

ауылында болып, ол жердегі

мектеп, балабақша, мәдениет

үйі қызметкерлерімен, ауыл

тұрғындарымен, зейнеткерлермен

кездесіп, фотосуреттерге түсіріп,

ескі суреттерді жинақтадық. Одан

ары Үшқұлын теміржол станциясында

басшылары мен қызметкерлерімен

жолығып, фотосуретке түсірдік.

Одан кейін Қамашев Қосмабектің

кәсіпорнында болдық, бізді Қамашев

Айдынбек қарсы алды, сол мекемеде

де фотосуреттер түсірдік. Бектемір

Қанаттың шаруашылық мекемесінде

болып, фотоға түсірдік. Одан кейін

Тоқпаев Қанаттың дүкендерінде

болып, фотоға түсірдік. Одан кейін

кәсіпкер Қабылбеков Еркіннің

дүкендерінде болып, фотоға түсірдік.

Одан кейін Бодаубек қажы, Анар

Сағындыққызы үшеуіміз Қарасор

кенішінде болып, Майқайыңда өсіпөнген,

мешітіміздің ішін жөндеп

қолғабыс жасаған Омаров Асқар

бауырымызбен баласы, Қарасор

мекемесінің қазіргі директоры

Арыслан Асқарұлымен жолықтық,

фотомұралар алдық.

Одан кейін Майқайыңдағы

кен байыту фабрикасы, автокөлік

бекеті, жер асты шахтасы, Өрт

сөндіру бөлімі, Төтенше жағдайлар

бөлімшесі, «Гравилит» мекемесі,

Құрылыс мемлекеттік коммуналдық

мекемесі, аурухана бөлімшесі,

поликлиникасы, мектептер,

балабақшалар, мешіт, жөндеу

шеберханаларының фотошежірелері

іздестіріліп, фотоға түсірілді. «Кенші»

мәдениет үйінің басшысы Анар

Сағындыққызы фотограф Нәзгүл

Серікқызымен ЦЭС, Шөптікөл,

Сұлужон ауылдарында болып,

ауыл тұрғындарымен кездесіп,

суретке түсіріп әкелді. Осы орайда

музей жәдігерлерін жинақтап,

ретке келтірген Мәдениет үйінің

қызметкерлері Бейсембекова Арай,

Мұқанова Күлмайда, Нұрмақова

Арай, Сатыбалдинова Майгүл,

фотографтар Усейнов Айдос,

Серікқызы Нәзгүлдің жасаған

істері де бір төбе.

Осында аталған көптеген

мекемелердің тарихи жәдігерлері

мен фото шежірелері менің

жеке архивімде сақтаулы еді.

«Майқайыңалтын» мекемесінің және

Майқайыңның тарихын жүйелеу

үшін көп уақыт бойы бұл фотоларды

мен өзім сақтап келген едім,

мұражайды ұйымдастыруға бұл

іс-әрекетім пайдалы да қайырлы

болды деп ойлаймын. Бұған

дейін мен 2001 жылы «Баянаула»

кітабында «Майқайыңалтынның»

және Майқайың кентінің тыныстіршілігі

мен тарихын жазған едім.

Жоғарыда аттары аталған

азаматтарымызға және үнемі

қолдап-қолпаштап, істің сәтті

аяқталуына мұрындық бола білген

Баянауыл ауданының әкімі Кәрімов

Қанат Сәрсенұлына, Майқайың

кентінің әкімі Молдатаев Ербатырға,

мешітіміздің бас имамы Солдат

Бодаубек қажыға, істі нақты

атқарған «Кенші» мәдениет үйінің

директоры Анар Сағындыққызына,

музей ісін жүргізген Бейсембекова

Арай мен Мұқанова Күлмайдаға

және осы істің басталуына ерекше

жігер бөлген асыл азаматымыз,

сол кездегі аудан әкімі Оразгелді

Әлиғазыұлына алғыс айтамын.

10 мыңға жуық халқы бар,

90 жылдық тарихы бар Майқайыңның

барлық жеңістері мен жетістіктерін,

қуаныштары мен өкініштерін және

осыларды жасаушы Майқайыңның

еңбекшілері мен жарқын жүзді

азаматтарын осы музейде толық

көрсеттік деп, әрине, айта алмаймын.

Әлі де атқаратын жұмыстар көп.

Дегенмен, біраз шаруалардың

атқарылғанын бүгінде көріп отырсыздар,

өмірден өтіп кеткен қаншама

ардақтыларымыз бен қазір ортамызда

жүрген жасампаз азаматтарымыз

бен жастарымыздың

мыңдаған фотосуреттері мен

өндіріс, өнеркәсіп саласындағы

жетістіктері қамтылып отыр.

Музейді ашу туралы басты

мақсат орындалды. Кем-кетігін,

жетіспейтін жерлерін келешек ұрпақ

өзі толтырады. Ал, сіз бен біз бүгін

осы жас ұрпаққа өмірден өтіп кеткен

аға буынның өнегесін, солардың

бейнесін жеткізіп, тапсырып кетіп

отырмыз. Сондықтан ісіміздің

осылай іске асып жатқанына мен

шын жүрегімнен қуанып отырмын.

Аталары мен әжелерінің, ағалары

мен апаларының ізгі ісін көріп жас

ұрпақ үлгі алсын, ең бастысы -

өзімнің алдымда иық тіресіп бірге

жүрген аға-бауыр, апа-қарындастарымыздың

аруағы разы

болсын демекпін.

Мұхтар ӘБЕНОВ,

тыл және еңбек ардагері,

кенші, облыс дәрежесіндегі

зейнеткер, Майқайың кенті

ардагерлер кеңесінің Құрметті

төрағасы, Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы.


6

АЙБЫН

21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

ЕРЕЖЕ

Әлкен Бужанов Куйбышев ауданы

(қазіргі Ақтоғай ауданы) Қожамжар

ауылында 1911 жылдың наурыз айында

туған. Әлкеннің еңбек жолы бұрынғы

Қызылағаш болысының №1,3,5 ауылдарында,

1933-1935 жылдары ауылдық кеңес

хатшылығынан басталады.

Қанды майдан

қаһарманы

1936-1937 жылдары Сілеті

совхозында ауылдық кеңес

төрағасы ретіндегі еңбек жолы

сабақталады. 1938 жылдың

наурыз айында Куйбышев

аудандық қаржы бөлімінің

төрағалығына ауысады. Ал 1941

жылы Отанымызға гитлерлік

Германия соғыс ашқанда ол

қолына атыс қаруын алып,

майданға аттанады.

Ұлы Отан соғысының

шешуші, аса қауіпті қанды

майдандарында қазақ жауынгерлері

гитлерліктермен хас

батырларша арпалысқан.

Қазақ солдаттары алдымен

Мәскеуді, соңынан, Сталинградты

да, Ленинградты да

қорғады.

Кавказды, Қырымды жау

шеңгелінен азат етуге

қатынасып, жау оғын өр

кеуделерімен қаққан. Міне,

осындай ұрыстардың бел

ортасында, алдыңғы шепте,

артиллерист, лейтенант

Әлкен Бужанов басқарған

рота жүрген. Бұл рота

қаһармандары Орел-Курскі

иініндегі тарихи шайқастарға

да қатынасады. Днепрден

соғыспен өтіп, Румыния,

Венгрия, Чехословакия

елдерін фашистік бұғаудан

құтқарысады. Ол артиллерия

полкі құрамындағы рота партия

ұйымының хатшысы ретінде

де жауынгерлерді жеңісті

жорықтарға бастаған. Полктің,

тіпті, Кеңес әскерлерінің соғыс

қимылдарынан қатардағы

жауынгерлерді тәулік сайын

хабардар етіп отырған.

Соғыс жылдары, қанды

майдан жолдары онсыз да

отыздан асқан жігіт ағасы,

биік парасат иесі Ә.Бужановты

шынықтырды, ержүректілік

бойға қалыптаса берді. Себебі,

көз алдында жау оғынан мерт

болған қаруластар қазасы

Әлкендей өр тұлғаны ерекше

қаһарландырған, намыс отын

лаулатқан. Осындай, қыр

қыраны Әлкен қысылтаяң,

шешуші ұрыстарда талай

ерліктер жасаған.

Немістің танк шоғырларымен,

өздігінен жүретін басқа

да атыс қаруларымен бетпебет

шайқастарда қазақ солдаты

Ә.Бужанов орыс, украин,

грузин, басқа да ұлт өкілдерімен

қатар жүріп арпалысты.

Екі мәрте «Қызыл жұлдыз»

орденімен, «Ерлігі үшін»

(«За отвагу»), «Берлинді

алғаны үшін» медальдарымен

марапатталған ол

еліне аман оралды. 1945

жылдың күзінде туған жер

топырағын басты. Көппен бірге

Еуропа жерінен жеңіспен елге

оралған майдангер Куйбышев

аудандық партия комитеті

І хатшысының көмекшілігі

қызметіне қабылданады.

Соңынан, аупарткомның үгітнасихат

бөлімін де басқарады.

1949 жылы Октябрьдің

25 жылдығы совхозы партия

ұйымының хатшылығына

тағайындалады. 1951-1952

жылдар аралығында аудандық

сүт өнімдерін дайындайтын

мекеме басшылығы қызметін

атқарады. Кейін еңбекшілер

депутаттары аудандық кеңес

төрағасының орынбасары,

аудандық жоспарлау бөлімінің

төрағасы қызметіне ауыстырылады.

1963-1973 жылдарда

ауыл шаруашылығы аудандық

басқармасында экономист, бас

экономист секілді жұмыстарды

атқарып, зейнеткерлікке

шығады. Отбасында бес бала

өсіріп, тәрбиелеп, артына

ұрпақ қалдырған аға ұрпақ

өкілі – Ұлы Отан соғысы мен

бейбіт еңбек майданының

ардагері Әлкен Бужановтың

өмір өткелдері осындай еді.

Еркін МУНДУИНОВ,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі,

Ақтоғай ауданының

Құрметті азаматы.

Қазақстанда

тауарларды таңбалау

Тауарларды таңбалауды үйлестірумен бүгін ҚР СИМ айналысады және қазіргі

уақытта Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау тек темекі өнімдері мен

терілерге ғана енгізілді, онда салалық уәкілетті орган ҚР ҚМ болып табылады.

1 қарашадан бастап бұл шара аяқ

киім тауарларына енгізіледі. Дәрілік

заттарды таңбалау бойынша пилоттық

жоба аяқталды, алкоголь және сүт

өнімдері, қапталған су және алкогольсіз

сусындар мен жеңіл өнеркәсіп тауарлары

бойынша «пилоттарды» іске асыру

жалғасуда. Тауарлардың осы топтарына

міндетті таңбалауды енгізу 2022

жылға жоспарланып отыр. Әлемдік

тәжірибені терең талдауға негізделген

талдау агенттіктерінің деректері

бойынша тауарларды міндетті

таңбалауды енгізу тауар нарықтарын

«ақтау» үшін триггер болып табылады

және тауарлардың көлеңкелі

айналымын 70-80%-ға қысқартуға

мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже

Тауарларды цифрлық таңбалау

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)

аумағында іске асырылатын ұлтаралық

жобалар болып табылады. Міндетті

таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі

айналым үлесінің едәуір төмендеуі

күтілуде, ол Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп

нарығында жалпы айналымның

63%–на, аяқ киім нарығында – 48,5%–ға,

алкоголь нарығында-25%-ға, фармацевтикада

12%-ға жетеді.

Тауарлардың көлеңкелі айналымын

70-80%-ға қысқарту

адал өндірушілер мен импорттаушылар

үшін 900 млрд теңге

сомасында қосымша өткізу нарығын

құруға мүмкіндік береді. Адал бизнестің

кірісі 11,3%-ға артады, бұл ретте

өндірушілердің тауарларды таңбалауға

арналған жабдыққа жұмсалатын

бір жолғы шығындары жылдық

түсім сомасының 0,5-тен 0,9%-на

дейін құрайды. Осылайша, тауарларды

міндетті таңбалауды енгізу

нәтижесінде адал ниетті қазақстандық

өндірушілердің кірістерінің ұлғаюы

жылына 10%-дан астамды құрайды.

Тиісінше, мемлекеттік бюджеттің

кірістері салық түсімдері түрінде

жылына 100 млрд теңгеден астам

өседі.

Бизнес өнімділікті арттыра алады,

логистикалық схемаларды жетілдіреді,

нарық үлесін арттырады және сайып

келгенде кірісті арттырады.

Бұдан басқа, таңбалау жүйесін

енгізу IT-нарығын, қаптама, жабдық

өндірушілер үшін сервистерді дамытуға

серпін береді. Тауарды сәйкестендірудің

негізі, демек, оның әр бірлігін бүкіл

тауар өткізу тізбегі бойымен бақылау

мүмкіндігі. Осылайша, таңбалау мен

қадағалаудың бірыңғай ақпараттық

жүйесінің көмегімен қабылдау-беру,

қайтару, ақаудан шығару, тауар айналымынан

шығару және т.б. сияқты

процестерді растайтын ақпарат пен

құжаттарды жедел алмасу үшін цифрлық

орта құрылатын болады.

Цифрлық орта тауар қозғалысының

жылдамдығын және бүкіл есепке

алу процесін арттыруға ықпал етеді,

шығындарды азайтады.

Сонымен қатар, әрбір тұтынушы

Naqty Onim мобильді қосымшасының

арқасында өнім туралы шынайы

ақпаратқа әрдайым қол жеткізе

алады. Яғни, цифрлық таңбалау

халықтың саналы тұтыну мәдениетін

дамытуға да ықпал ететін болады.

Темекі өнімдері

Темекі өнімдері 2020 жылдың

1 қазанынан бастап ҚР-да екі өлшемді

Data Matrix кодымен таңбалана бастады.

Бұл ретте, таңбаланбаған темекінің

қалдықтары 1 жылдың 2021 қазанына

дейін сатылуы мүмкін. Бірақ осы өтпелі

кезеңнен кейін дүкендердегі барлық

таңбаланбаған темекі өнімдері сатылмайды.

Бүгінгі таңда темекі өнімдерін

өндірушілер мен импорттаушылар

1 миллиардтан астам қорап темекіні

таңбалаған.

Аяқ киім

2021 жылдың 1 қарашасынан

бастап ҚР-да міндетті цифрлық

таңбалау аяқ киім тауарларына

енгізіледі. Атап айтқанда, биылғы

жылы таңбаланбаған аяқ киімді өндіруге

және ҚР аумағына әкелуге тыйым

салынады. Көлеңкелі аяқ киім нарығы

жалпы көлемнің 48,5% құрайды. Аяқ

киімнің сандық таңбалануы нарықты

«ақтауға» және оны контрафактіден

тазартуға ықпал етеді.

Дәрі-дәрмектер

ҚР-да дәрілік заттарды цифрлық

таңбалау бойынша пилоттық жоба

аяқталды. «Пилоттың» қатысушылары

арасында - «СК-Фармация», бес дәріхана,

сегіз медициналық мекеме, екі

импорттаушы, екі дистрибьютор және

төрт отандық дәрі өндіруші бар.

Пилоттық жоба фармкомпанияларға

дәрілерді сәйкестендіру және бақылау

құралдарымен таңбалау процесін

апробациялауға, желілердің қуаттылығына

байланысты оңтайлы таңбалау

жабдығын анықтауға мүмкіндік берді.

«Пилотта» таңбаланған дәрілердің

арасында - обырды емдеуге арналған

препарат Трастузумаб, С гепатитін

және АИТВ инфекциясын емдеуге

арналған препараттар-Софосбувир

және Эмтрицитобин, урсозим гепатопротекторы,

аллергияға қарсы

препарат Кетотифен, ресейлік

«Натальсид» препараты, жүрек ауруларын

емдеу үшін қолданылатын

Бисопролол. Барлық таңбаланған

препараттар медициналық ұйымдар

мен дәріханаларға жеткізілді.

Бүгінде «пилот» шеңберінде

3 мыңнан астам дәрі-дәрмек

өндірушілерден бастап Нұр-Сұлтан,

Алматы және Алматы қалалары

облысының медициналық ұйымдары

мен дәріханаларына дейін тауарларды

таңбалау жүйесінде қадағаланудың

толық жолынан өтті.

Алкоголь

өнімдері

Алкогольді цифрлық таңбалау

жөніндегі «пилотқа» 3 қазақстандық

өндіруші және 4 импорттаушы қатысады.

Олардың арасында «Көкшетау минералды

сулары», «Бахус», «Натур

продукт» зауыттары, сондай-ақ

«Перно Рикар Казахстан», «Альди

и К», «Қазақстан Вайн энд Спиритс»,

«Мартини Бакарди» импорттаушылары

бар. Пилот шеңберінде Data

Matrix кодымен 200 бөтелке «QAZAQ

ELI» арағы, 841 бөтелке «Айдабол»

арағы, 360 бөтелке «Ballantine’s Scotch

Whisky» виски, 300 бөтелке «Chateau

Minvielle» шарабы және басқа да

өнімдер таңбаланған.

Жеңіл өнеркәсіп

тауарлары

«Пилот» 2021 жылғы 31 желтоқсанға

дейін іске асырылатын болады. Қазіргі

уақытта жобаға 26 компания қосылды,

олардың арасында киім, соның ішінде

сырт киім және тоқыма өндірушілері

мен импорттаушылары бар. «Пилотқа»

қатысушылар арасында – «Семирамида»,

«Большевичка», «KAZTEX»,

«Әлем-БТ», «Техноавиа-Қазақстан»,

«АГФ Групп», «Glasman» қазақстандық

тігін фабрикалары бар. Пилоттың

әрбір қатысушысы үшін таңбалау

процестерін енгізу бойынша жеке

жол картасы әзірленетін болады.

Сүт өнімдері

Сүт өнімдерін таңбалау бойынша

«пилоттық» жобаға 7 қазақстандық

өндіруші – «Raimbek-agro», «Эмиль»,

«ДЕП», «Шин-лайн», «Бурный сүт

компаниясы», «Adal сүт», «Бейсерке

Агро» компаниялары қатысуда. Сынақ

режимінде олар сүт пен кілегейді,

йогурт, айран, май, ірімшік, сүзбе,

балмұздақты DataMatrix кодымен

белгілейді.

Сүт өнімдерін цифрлық есепке

алу 13%-ы көлеңкелі нарықты ақтауға

мүмкіндік береді, бұл Қазақстанда

сатылатын әрбір сегізінші сүт өнімі

тұтынушының денсаулығы үшін әлеуетті

түрде қауіп төндіретінін білдіреді.

Болашақта DataMatrix коды мерзімі

өткен тауарлардың кассалық

шығарылуын блоктайды, дүкендер

мен дистрибьюторлар сандық кодтағы

жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты

өзгерте алмайды. Таңбаланған өнімді

сатып алушы Naqty Onim мобильді

қосымшасының көмегімен өндірушіге

және мемлекеттік органдарға

бұзушылықтар туралы сигнал бере

алады. Крипто қорғау және цифрлық

кодты қолдан жасау мүмкін еместігі,

бұл да жалған өнім жасауды мүмкін

емес етеді.

Қапталған су

және құрамында

қанты бар

сусындар

2021 жылғы 1 шілдеден бастап

қапталған су мен құрамында қант

бар сусындарды цифрлық таңбалау

бойынша пилоттық жоба басталды.

Жобаға өндірушілер, импорттаушылар,

дистрибьюторлар және бөлшек сауда

дүкендері қатыса алады. Бүгінгі таңда

«пилоттың» қатысушылары TASSAY

сауда маркасы бар «Юникс» ЖШС

және TURAN және BURABAY сауда

маркасы бар «Көкшетау минералды

сулары» АҚ және т.б. компаниялар

болып табылады.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша

Қазақстанда бірыңғай таңбалау

операторы болып «Қазақтелеком» АҚ

(ЕК–«Цифрлық экономиканы дамыту

орталығы» ЖШС) тағайындалды. Елдегі

цифрлық таңбалау процесін үйлестіруші

мемлекеттік орган Сауда және

интеграция министрлігі болып табылады.

Бірыңғай оператор есептеу

инфрақұрылымына жауап береді,

тауардың әрбір бірлігіне қолданылатын

Data Matrix екі өлшемді кодын

генерациялауды және эмиссиясын

қамтамасыз етеді, деректерді сақтауды,

өңдеуді, таңбалау жүйесінің жұмыс

қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Тауарларды цифрлық

таңбалау мәселелері бойынша бірыңғай

оператордың байланыс орталығы

8 800 080 65 65 тәулік бойы бизнеске

кеңес береді.

ҚР Сауда және интеграция

министрлігі

Техникалық реттеу және

метрология комитетінің

Павлодар облысы

бойынша департаменті.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл 7

ӨНЕР

Есімі - елдің

жадында

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға

алынғалы жоғалып бара жатқан асыл мұралар

жаңғырып, ұмыт бола бастаған есімдер елмен қайта

қауышып жатыр. Елге еңбегі сіңген азаматтарға

ескерткіштер ашылып, олардың есімдерін өміршең

ету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Музыкалық колледж – балаларға

арналған мектеп интернат кешенінде

ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек

Омаровтың шығармашылық мұрасы

кабинетінің ашылуы осы игі

бағдарламаның бір тамаша көрінісі

болды. Салтанатты шараға республикалық

«Рухани жаңғыру» қазақстандық

қоғамдық даму институтының

өкілдері, өнертанушылар қатысты.

Біртуар тұлғаның Алматы қаласында

тұратын қызы Қарлығаш

Рүстембекқызы шараны тікелей

эфир арқылы тамашалады.

Музыкалық колледждің топтық

сабақ беру кабинеті ethno fusion

стилінде жабдықталып, көрнекті

домбырашы, виртуоз, ҚазКСР

Халық әртісі Рүстембек Омаровтың

өмірі мен шығармашылық мұрасы

жинақталған бірегей заманауи кабинетке

айналып отыр.

Біртуар өнер қайраткерінің мәденирухани

мұрасы кеңінен қамтылған

кабинетте Рүстембек Омаровқа

қатысты мол тарихи деректер сақталған.

Өнер майталманының музыкалық

мұрасымен интерактивті түрде, QR

код арқылы танысуға мүмкіндік жасалған.

Сонымен қатар әр өңірдің күйшілік

мектебі туралы толық

мағлұмат беретін қазақ күй өнерінің

интерактивті картасы орнатылған.

Қазақ КСР халық әртісі, күйшідомбырашы

Рүстембек Бейсенұлы

Омаров 1919 жылы 7 қыркүйекте

Павлодар облысы Лебяжье (қазіргі

Аққулы) ауданының Шарбақты ауылында

туған. Домбыра тартуды әкесінен

үйренген. 1934 жылы А.Жұбановтың

жетекшілігімен құрылған халық аспаптар

оркестрінде домбырашы, кейін

домбыра тобының концертмейстері

және жеке домбырашы қызметін

атқарады. 1937-39 жылы қазіргі

Санкт-Петербург қаласындағы музыкалық

училищеде оқиды. Ұлы Отан

соғысына қатысқан Рүстембек Омаров

1946 жылы Алматы консерваториясында

білімін жалғастырады.

ОҚЫС ОҚИҒА

Шығармашылық қызметін ұстаз

ретінде консерваторияда, домбырашы

ретінде Құрманғазы атындағы халық

аспаптар оркестрінде қатар жүргізеді.

Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров сынды

күйші-домбырашыларды тәрбиелеген

ұлағатты ұстаз. Рүстембек Омаров –

қазақ халқының күй мұрасын,

әсіресе, Құрманғазы күйлерін, оның

орындаушылық дәстүрін жетік

меңгерген шебер күйші. 1976 жылы

Қазақстанның халық әртісі атанған.

Күйші-домбырашы Рүстембек

Омаров 1988 жылдың 6 маусымында

дүниеден өткен.

Музыкалық колледж директоры

Серік Сыздықовтың айтуынша, күйшідомбырашы

Рүстембек Омаров

атындағы кабинеттің ашылуы –

өңіріміз үшін елеулі оқиға.

- Қарлығаш Рүстембекқызы

біртуар тұлғаның 100 жылдық мерейтойына

келгенде мәдени нысандарға

Р.Омаров есімін беру туралы ұсыныс

айтқан болатын. Кабинетті жабдықтау

үшін Алматы қаласына арнайы сапар

ұйымдастырылып, ауқымды жұмыс

атқарылды. Өнер қайраткерінің

өмірбаяны, фотосуреттері, барлық

құжаттарының көшірмесі, белгілі

музыка зерттеушілері, ғалымдардың

пікірлері, өз орындауындағы күйлері

QR код жүйесінде беріліп отыр.

Сонымен қатар қазақ күй өнері

мектебінің интерактивті картасы

орнатылды. Арнайы код арқылы

қажетті ақпаратты алуға болады.

Колледждің үш жүзден астам шәкірті

сабақ барысында еркін пайдалана

алады, - дейді Серік Сыздықов.

Салтанатты шарада республикалық

байлаулардың жеңімпазы, жас

дарын Әмір Қайыр Рүстембек

Омаровтың төлтуындысы «Жастық

шақ» күйін орындаса, «Қаған» этнофьюжн

тобы (жетекшісі – Рысгүл

Сабекова) Ерасыл Нұрбектің «Шашу»

күйімен шашу шашты.

Торғын ОРАЗАЛЫ.

Трамвай өртенді

Павлодарда трамвайдың төбесінен от шықты. Оқыс

жағдай қоғамдық көлік Мәшһүр Жүсіп көшесі бойымен

қозғалып бара жатқан уақытта орын алған.

Трамвайдың төбесінен от шыққаны

туралы бейнежазбаны куәгерлер

түсіріп алған. Павлодар қалалық

трамвай басқармасы төтенше

жағдайды растады. Облыстық төтенше

жағдайлар департаменті өрттің

электр сымдарының тұйықталуынан

шыққанын мәлімдеді.

- 18 қыркүйек күні түскі сағат 14.30

шамасында Лермонтов - Мәшһүр

Жүсіп көшелерінің қиылысында өрт

шыққаны туралы хабар келіп түсті.

№5 бағыт бойынша қатынайтын

№166 вагонның шатырында электр

сымдары жанған, - деді департаментте.

Трамвай тіркемеге алынып,

депоға жеткізілді. Жалын мамандар

келгенше өрт сөндіру құралымен

сөндірілген.

Ішімдік себеп

Екібастұз қаласында жұмысшылар мен жастар арасындағы

төбелестің себебі анықталды. Бұзақылыққа

барғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы

мүмкін.

Қазіргі уақытта төбелеске қатысы

бар адамдардың барлығы қолға түскен.

Облыстық полиция департаментінің

мәліметінше, кеншілер шаһарындағы

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің

қызметкерлері мен ішімдік

тұтынған жастар арасында түсініспеушілік

туындаған. Олар әлгі мамандардың

жұмысын істеуіне кедергі

келтірген. Аталған факті бойынша

ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының

2-ші тармағы бойынша іс

қозғалған.

Топпен бірге бұзақылыққа барғандар

5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде

айыппұл арқалап, 1200 сағатқа

қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.

Тіпті, 5 жылға бас бостандығынан

айырылмақ.

Еске сала кетейік, аталмыш факті

18 қыркүйек күні күндізгі уақытта орын

алған. Куәгерлер оқиға барысын

видеожазбаға түсіріп алған. Олар

бұзақылыққа барғандардың ішінде

колледж студенті барын да айтқан.

Өз тілшіміз.

Құттықтаймыз!

СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМЫЗҒА

МЫҢ АЛҒЫС!

Қашан көрсең күнге ұқсаған

жанары,

Сәуле шашып, нұрландырар

ажары,

Мектеп көрген әдептілер

айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар

жоғары!

Ұстаз... қандай қасиетті сөз. Әр

адамның жүрегіне ерекше жылулық

нұрын себетін, шапағатын төгетін

аяулы тұлға. Ал ұстаз бола білу –

адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.

Біздің Баян Ақатайқызы Бұлхаирова –

осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық

қасиетке барынша адал, саналы

ғұмырын осы салаға арнаған аяулы жан.

Баян Ақатайқызы Павлодар облысы

Шарбақты ауданы Бауыртал орман

шаруашылығында 1951 жылдың

21 қыркүйегінде дүниеге келді. 1958

жылы Жаңа–ауыл орта мектебінің

1-сыныбына оқуға барып, 1968

жылы сол мектепті өте жақсы деген

бағалармен тәмамдады. 1968 жылы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

институтының математика факультетіне

түсіп, 1972 жылы бітіріп шығып, туған

ауылына оралды.

Сол жылы өз түлегін қуанышпен

қарсы алған мектеп директоры

Құдайберген Машрапұлы Машрапов, оқу

меңгерушісі Қаныш Рахимұлы Рахимов

ұстаздарымыз Баян Ақатайқызына

8-10 қазақ және орыс сыныптарына

сабақ беруді сенімділікпен тапсырды.

Сенімділіктері соншама, 8 А-қазақ

сыныбына сынып жетекшісі етіп

тағайындады. Сол 8 А-сыныбының

оқушылары біз едік. Өзімізден сәл

ғана үлкен, тіпті өзімізбен жасты

сияқты сүйкімді ұстазымыз Баян

Ақатайқызы бізге жақсы тәрбие

бере білді. Оқушыларды жылдам

өзіне баурап алды. Шәкірттеріне аса

мейрімді әрі қатал, сөзіне берік,

ойы өткір, өнегесі асыл, білімі ұлан–

ғайыр ұстаз бола білді.

Баян Ақатайқызы қазақ және орыс

тілін жақсы меңгергендіктен, орыс

сыныбында да сабақтары өте жақсы,

ұғынықты, тәрбиелі өтетін. Өз ісіне

адал, шыншыл, оқушыларға жанашыр,

талап қоя білетін, шығармашыл,

ұшқыр ойлы жауапты адам мектеп

ұжымында өз орнын тапты.

Баян Ақатайқызы бізге математика

пәнінің маңызын түсіндіре

отырып, бұл пәнді сүйдіре білді.

Математика пәні өте қызықты өтетін.

Логикалық тапсырмалар, әр түрлі

шығармашылық жұмыстар, деңгейлік

тапсырмалар, коллоквиум, зертханалық

жұмыстарға бай болатын. Сол кездің

өзінде бізді математика пәнінен әр

түрлі жарыстарға, олимпиадаларға,

семинарларға дайындап отыратын.

Оқушылардың ой–өрісін дамытып,

интеллектуалдық қабілетін аша білді.

Бізді жоғарғы оқу орнына түсу үшін

алдын ала дайындады. Ата–аналарымыз

алдында да сыйлы, беделді

бола білді.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ұстазымыз білімді ғана емес,

ізденімпаз, шығармашыл адам.

Жаңа-ауыл орта мектебінде

қызмет еткен он төрт жыл ішінде

ерең еңбегінің арқасында қарапайым

математика пәнінің мұғалімінен жоғары

деңгейге дейін көтерілді. Оқу ісінің

меңгерушісі, тәрбие ісінің меңгерушісі,

мектеп директоры болып еңбек етті.

1987 жылдан 1994 жылға дейін

Екібастұз қаласының №14 кәсіптік–

техникалық училищесінде математика

пәнінің мұғалімі, әдіскер, оқу

ісінің меңгерушісі, директор болып

қызмет етті. 1994 жылы училище

жабылған соң, жаңа ашылған №26

қазақ мектебінің математика пәнінің

мұғалімі болып орналасты да 2006

жылға дейін сол мектепте қызмет етті.

Баян Ақатайқызы кейінірек кездескенде:

«Ұстаз мамандығы өзге мамандық

атаулының бәрінен өзгеше. Ұстаз

әрекетінің бәрі ұрпақ тәрбиесіне, оны

тұлға етіп қалыптастыруға арналады.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие

берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім –

адамзаттың жауы, ол келешекте

оның барлық өміріне апат әкеледі», -

деген ғұлама ғалым Әл–Фарабидің

осы сөздерін мен өзімнің өмірімнің,

ұстаздық жұмысымның негізгі ұстамы

еттім», - деген еді.

Өз ісін, оқу барысын сараптай

отырып балалардың логикалық ойлау

қабілетінің дамымай қалып жатқанын

түсінеді. Сондықтан

«Логикалық есептер» деген жинақ

құрастырып, қолдануға ұсынады.

2003 жылы Алматы қаласында

ғылыми–педагогикалық кадрлар біліктілігін

арттыратын республикалық

институтында, одан кейін 2004 жылы

ұйымдастырылған дарынды балаларды

оқытатын білім мекемелеріндегі

педагог мамандардың біліктілігін

арттыру Республикалық курсында

«Оқушылардың логикалық ойлау

қабілеттерін дамытуға назар аудару

керек» деген баяндама жазады.

Республиканың болашағын құрайтын

жас ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі

жеке үлесі үшін ұстазымыз мектеп

әкімшілігінің, аудандық, қалалық,

облыстық оқу бөлімдерінің, Білім

және ғылым министрлігінің «Құрмет

грамоталарымен» және Алғыс хаттарымен

марапатталды. Біз ұстазымызбен

мақтанамыз және ерекше құрмет

тұтамыз!!!

Ұстаз еңбегі шәкірттерінің

шыққан биігімен өлшенеді ғой.

37 жылда алдынан тәлім–тәрбие

алған шәкірттері өз жолдарын

тапты. Ең алғашқы шәкірттері де

мемлекетіміздің әрбір саласында

металлургия, ауылшаруашылық, энергетика,

қаржы–финанс, педагогика,

т.б. салаларында еңбек етті.

Еңбек ардагерлері атанып ордендермен,

медальдармен марапатталып

құрметті атақтарға ие болды. Қазірде

зейнеткерлікке шығып, еңбек демалысында.

Біздің Баян Ақатайқызы өз отбасымен

де түлектеріне үлгі. Жолдасы

Амергалиев Сағындық Қайдарұлы

энергетика саласында көп жыл еңбек

еткен «Еңбек ардагері». Сағындық

Қайдарұлы ұстазымызға нағыз өмірлік

жар болып, өзінің бар көмегін тигізіп,

әрі жолдас, әрі тірек бола білді.

Ұлағатты да, тәрбиелі үш қыз

өсіріп, аяулы әке–ана, құрметті ата–

әже атанды. Қыздары: Гүлнар –

стоматолог, косметолог. Самал –

финансист. Шынар – ағылшын тілінің

маманы, экономист, заңгер.

Бес немере, 3 шөбере сүйген

әже – Баян Ақатайқызы, біздің сүйікті

ұстазымыз бүгінде 70 жасқа толып

отыр.

Құрметті Баян Ақатайқызы!!!

Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен

құттықтай отырып, зор денсаулық,

қажымас қайрат, жанұяңызға бақыт

тілейміз!!!

Сіздің алғашқы

түлектеріңіз.

(1028)

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің

2-қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімдік, орталық

саябақ пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8245 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1633

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


8

КӨРМЕ

21 қыркүйек, сейсенбі, 2021 жыл РУХАНИЯТ

«Көңіл толқыны»

Шығармашылық

адамын түрлі

тақырып шабыттандырары

сөзсіз. Сәндікқолданбалы

өнер тарихында

авторлық

қуыршақтар –

миниатюралық

мүсіндер ретінде

көп зерттелмеген

сала. Сүйкімді

авторлық қуыршақтар

көздің жауын алып,

адамға мейірім шуағын

сыйлайды.

Облыстық көркемсурет музейінде

ашылған мүсінші Пернегүл Омарованың

«Көңіл толқыны» көрмесі – осының дәлелі.

Автордың жаңа көрмесінде қуыршақтар

тақырыбының саналуандығын паш ететін

ретроспектива мен болашаққа көзқарас,

ұлттық нақыштағы қуыршақтар, авторлық

ізденістер, дәстүрлі бейнелер мен батыл

эксперименттер көрініс тапқан.

Пернегүл Омарова – авторлық қуыршақтар

жасау өнерінде танымал қазақстандық суретші.

Кәсіби мүсінші, Санкт-Петербург қаласында

И.Репин атындағы Өнер академиясының

түлегі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық

өнер академиясында ұстаздық етіп, шәкірт

тәрбиелеген. Ол – Қазақстанда тұңғыш

«Ғасырлар бесігі» шағын мүсіндер (қуыршақтар)

тарихи-этнографиялық музейдің идея авторы

әрі негізін қалаушы.

Пернегүл Омарова аз қамтылған

отбасылардың балаларымен, мүмкіндігі

шектеулі жеткіншектерге арналған көптеген

әлеуметтік шығармашылық жобаларды

ұйымдастырушы ретінде танымал. Оның

еңбектерінде тарихи тұлғалардың бейнелері,

қазақ халқының аңыздары мен ертегілерінің

кейіпкерлері, халықтың тұрмысын, салтдәстүрін

көрсететін көріністер, поэтикалық

образдар шебер орындалған.

Пернегүл Омарованың төлтуындылары

отандық және шетелдік көптеген көрмелерге

қойылған. Жұмыстардың басым бөлігі

Қазақстан, АҚШ, Франция, Финляндия,

Италия, Германия, Канада, Жапония, Катар,

Ресей және т.б. елдердің жеке коллекцияларында

сақтаулы.

Белгілі жерлес ақын Мұзафар Әлімбаевтың

келіні Пернегүл Омарованың Ертістің Павлодар

өңіріне деген құрметі ерекше.

- Павлодар өңірін жақсы көремін.

Сондықтан «Көңіл толқыны» атты көрмемді

өңір жұртшылығына арнап отырмын. Пандемиядан

кейін өмірге деген көзқарасым

өзгерді. Айналамыздағы қаншама адамдар

коронавирус құрбаны болды. Өмірде ең

маңыздысы жүрек жылуы деп ойлаймын.

Адамзат өлшеулі ғұмырды дүние жиюға

емес, өмірден рухани ләззат алуға жұмсауы

керек», - дейді Пернегүл Омарова.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан

«Самал» сауықтыру орталығының директоры

Зинаида Багненко, М.Әлімбаев атындағы

мектептің директоры Дастан Мұхтар Пернегүл

Омарованы құттықтап, гүл шоғын табыстады.

Балалардың ғана емес, ересектердің де

қызығушылығын оятатын ерекше көрмені

3 қазанға дейін тамашалауға болады.

Т.ӘБІЛДА.

SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

Тәжірибе

алмасу –

кәсіби

қажеттілік!

Естай атындағы

мәдениет сарайында

ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығы мен

Иса Байзақов

атындағы облыстық

филармонияның

75 жылдық мерейтойына

орай «Хор

музыкасының

аңыздары»

атты алғашқы

республикалық

фестиваль өтті.

Фестивальге Нұр-Сұлтан, Алматы,

Ақтөбе филармонияларынан арнайы

келген хор дирижерлері қатысты.

Шара басында Алматы қаласынан

Б.Байқадамов атындағы хор капелласының

көркемдік жетекшісі және

бас директоры Бейімбет Демеуов

іс-шараны ұйымдастырған барша

мәдениет өкілдеріне өз алғысын

білдіріп, қатысушыларға сәттілік

тіледі.

Ғалымның атын

хаты шығарар

Облысымызда Мәшhүр Жүсіп бабамыздан қалған мұраның

ағартушылық дарындығын дәріптеу мақсатында ақынның

туған жері Ескелді мекенінде «Мәшһүр Жүсіп мұрасының

жаңғыруы» атты республикалық ғылыми конференциясы

өтті.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

ХХ ғасырдағы ұлы Абайдың ізбасары,

даңқы алты Алашқа мәлім Мәшһүр Жүсіп

есімін білмейтін адам кемде-кем. Ғұлама

ғалым ретінде ол талғамы бөлек терең

білімге ие. Тіл, философия, жаратылыстану,

медицина, дін бағыттарымен қатар өлең,

поэма, әңгіме, шежіре, педагогика, публицистика

саласында жазған шығармашылық

мұралары жан-жақтылығымен қашанда оқ

бойы алда.

Академик Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық

музейі мен М.Ж.Көпеев мемориалдық

музейінің ұйымдастырылуымен өткен

конференцияның мақсаты - М.Ж.Көпеев

бабамыздың құнды қолжазбалары мен

ғылыми еңбектерін, өмір жолын, өлеңдері

мен ауыз әдебиеті үлгілері жинақтарын,

шежіре мен айтыс, жинақтаған тарихи

жырларын өскелең ұрпаққа насихаттау.

М.Ж.Көпеев шығармашылығының бағалы

мұраларын кең ауқымда зерттелуіне жол

ашу - негізгі мақсат-міндеттің бірі.

«Ғұламаның бізге қалдырған мол мұрасын

зерттеп, келешек ұрпаққа мирас ету – азаматтық

парызымыз» деп конференцияның алғы сөзін

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасының

басшысы Самал Бегалинова бастады.

Ол өз сөзінде шараға қатысушылар мен

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан келген

қонақтарға алғысын білдірді.

Сирек кездесетін қолжазбалар мен алуан

түрлі басылымдардың түпнұсқалары – құнды

жәдігер. Бұл тарихтан сыр шертетін көне

басылымдарды сақтап қалу мен қалпына

келтіру жұмыстары тұратын «Қолжазбалар

және сирек кітаптар ұлттық орталығы»

мамандары конференция барысында өз

ұсыныстарымен бөлісті. Реставрация және

конвервация бөлімінің жетекшісі Сырым

Ботабектің айтуынша, заманауи технологиямен

жабдықталған орталық мұрағаттар

мен мұражайлардағы түпнұсқасы бар құнды

жәдігерлерді реставрациялау маңызды.

Қағаздағы жазуға жарық, ылғал, бөлме

температурасының әсері тиетіндіктен, уақыт өте

келе музейде немесе халық қолында белгісіз

күйде қалып жатқан сирек қолжазбаларды

сақтап қалудың шешімі – реставрация.

Осы мақсатта конференцияға «Қолжазбалар

және сирек кітаптар ұлттық орталығы» арнайы

«Ұлы дала тарихының жазба мұралары»

атты көрмені ұсынды.

- Біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Қолжазбалар

және сирек кітаптар ұлттық орталығы»

атынан Мәшhүр Жүсіп атамыздың конференциясына

орталықта сақталған «Ұлы дала

тарихының жазба мұралары» атты көрмемізді

қоса алып келдік. Бұл көрмеде ерте орта

ғасыр мен тоғызыншы ғасырлардан бастау

алатын құнды еңбектер жинақталған. Бұл

еңбектердің маңыздылығы түпнұсқалығы мен

құндылығы жағынан тек Европа елдерінде

ғана бар жәдігерлер мен сирек кітаптар

болып табылады, - дейді тарихшы, сарапшы

маман Мұхамеддияр Аңкабай. Ол 1074 жылы

жарық көрген Махмұд Қашқари ұсынған

дөңгелек әлем картасын конференцияға

арнайы әкелгенін айтып өтті.

Аталған шара барысында Мәшһүр Жүсіптің

шөбересі, М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің

меңгерушісі Әсет Пазыловтың «Алты Алашқа

жайылып кеткен атым» және «Степной провидец

Машхур Жусуп» атты жаңа кітаптардың тұсауы

кесілді. Әсет Пазыловтың айтуынша, Мәшһүр

Жүсіпті жалпы ғалым, ақын, философ деп

жатамыз. Алайда әулиелігі жеке-дара қалып

жатады. Сол себепті де,

ғалымның болжағыштығы

бар, шежірешілігі мен

тұлғатануы, хандығы

туралы жөнінде айтып,

ғұмырнамасынан сыр

шертіп, әулиелік қырын

баяндауды мақсат қылған

екен. Бұл кітаптарда

жиналған еңбектердің

барлығы Мәшһүртану

естеліктері мен архивтерден

алынған құжаттар

негізінде жазылған.

- Бүгін мына Ескелді жеріндегі мұражайда

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларын жаңғырту

жөнінде үлкен іс-шаралар өтіп жатыр. Мұның

бастауы Павлодарда «Көне ғасыр күмбірі» атты

жыршы-термешілер байқауымен басталған

болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген

термешілер ғұлама ғалым бабамызды жырлап,

Мәшһүр Жүсіптің образдары мен өзге де

қырларын ашты. Қазіргі уақытта «Мәшһүр

Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты конференция

өтті. Баянауыл ауданының Құрметті

азаматтары Мұрат Рахметов, Қорабай Шәкіров

ағаларымыз ең алғашқы мүсіндер қалай

жасалды, одан кейін мұражай қай кезде

құрылды деген сынды сауалдарға байланысты

құнды мәліметтер берді. Сонымен

қатар, Нұр-Сұлтан қаласынан келген меймандарымыз

өз баяндамаларын таныстырды.

Сондықтан да бүгінгі іс-шара өз мақсатына

жетті деп ойлаймыз. Мәшһүр Жүсіп мұраларын

зерттеу мұнымен тоқтамақ емес, - деп

шара соңын Мәшһүртанушы, Торайғыров

университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы Айтмұхамет Тұрышев

қорытындылады.

Артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырған

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың құнды еңбектерінің

бізге және келер ұрпаққа берері мол екені

анық.

Ескелді шатқалы,

Баянауыл ауданы.

- Еліміздің әр өңірінде филармонияда

хор дирижерлері өз жұмыстарын

атқаруда. Дегенмен өнер

майталмандарының басын біріктіріп,

әсіресе хор дирижерлерінің кәсіби

тәжірибе алмасуы аса маңызды. Осы

тұста, «Легенды хоровой музыки»

атты фестивальдің ұйымдастырылып,

шеберлік сабағының өткізілгендігіне

қуаныштымыз, - дейді «Қазақконцерт»

мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты

«Астана мюзикл» мемлекеттік театрының

хормейстері Алмат Әбішев.

«Қазіргі заман жағдайында хор

ұжымымен жұмыс істеу ерекшеліктері»

атты «choir session» шеберлік сабағын

Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық

филармониясының қазақ камералық

хорының көркемдік жетекшісі Мербол

Құспанов, Алматы қаласынан Бейімбек

Демеуов, Нұр-Сұлтан қаласынан Алмат

Әбішев сынды кәсіби мамандар өткізді.

Шеберлік сабағына аймағымыздағы

өнер колледжі мен музыка мектептерінің

педагогтары, хормейстері де қатысты.

Фестивальге қатысушыларға сертификаттар

табысталды.

Шара соңы Иса Байзақов атындағы

Павлодар облыстық филармониясы

камералық хорының «Дала үні» атты

гала-концертімен жалғасты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

More magazines by this user
Similar magazines