23.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

ҚҰНДЫЛЫҚ 23 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл 17

Қара шаңырақ

кенженікі ғана емес

САНАДАҒЫ САН САУАЛ

Ғалымбек

ЖҰМАТОВ,

жазушы

«Қазақтың танымында қара шаңырақты үйдің кенже ұлы ғана басуы керек деген

түсінік бар. Бірақ, қатып қалған қағида емес, қалыптасқан дәстүрге де жатпайды.

Себебі, қазір кенжелердің барлығы бірдей қара шаңырақты иеленіп, қартайған

әке-шешенің көңілін тауып, жағдайын жасап отыр деп айта алмаймыз».

Редакциямызға телефон шалған Ерлан

Сыдық есімді оқырманымыз осылай

деп пікірімен бөлісті. Өзін Павлодар

қаласының тұрғынымен деп таныстырған

ол газетімізде кенже баланың рөліне

қатысты басылған мақалаларды оқып

шығыпты. Оқырманымыз әрі қарай

ойын былайша сабақтады:

«Бұл - негізі әрбір отбасының

әлеуметтік жағдайына қарай реттелетін

мәселе. Содан кейін ұлдардың бастапқыда

меңгерген мамандықтарына және істейтін

жұмыстарына байланысты. Мәселен, бір

отбасында екі ұл бар делік. Үлкенінің

оқыған мамандығы бойынша ауылдық

жерде, кішісі меңгерген мамандығына

қарай қалалық жерде қалып қойды. Ондай

жағдайда ата-ана қара шаңырақтың

«кілтін» үлкеніне ұстатуға тура келеді.

Себебі, дәл қазіргідей нарықтық заманда

қара шаңырағым иен қалды деп, істеп

жүрген жұмысын тастап, ауылға тартып

кететін жігіт жоқ деуге болады. Ал

жасы келген үлкендердің дені кейінгі

қалған ғұмырларын кіндік қаны тамған

қара мекенде өткізуді армандайды.

Сондықтан, қара шаңырақ кенже ұлға

тиесілі деп кесіп айтуға қарсымын. Қазір

қолға үлкен ұл мен келінді қалдырып,

тату-тәтті өмір кешіп жатқан отбасылар

айналамызда да жеткілікті. Бұл

жерде босағаға бұйырған келінге де

көп нәрсе байланысты. Кенже ұл қара

шаңырақта қалғысы келгенімен, ондай

қарапайымдылықты қаламайтын келіндер

көп. Сондықтан, қартайғанда келіннің

қабағына қарап отыруды қаламайтындар

ондай ұл мен келінге еншісін бөліп

беріп, бөлек отауға шығарып жіберуге

асығады. Ал жалғыз ұл болса, амал

жоқ, не көрсе де бір шаңырақ астында

көруге тура келеді. Бұл – бір.

Екіншіден, Алла барлық отбасына

БОЛАШАҚ

Жастарға мүмкіндік

көбейді

Әлемдік еңбек нарығына NEET жастарының санының күрт артуы өз әсерін тигізуде.

Әсіресе, пандемия кезеңінде бұл мәселе ушыға түскендей-ақ. Қазіргі таңда елімізде

230 мыңнан аса NEET жас бар.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Оқымайтын, жұмыс істемейтін, өзге

де қызығушылықтармен айналыспайтын

жастарды ғылымда NEET терминімен

түсіндіреді.

Қазіргі таңда еліміздегі NEET категориясына

жататын жастарды бірнеше

топқа бөліп қарастырамыз. Алғашқысы -

«алма, піс, аузыма түс» дейтін жастар.

Яғни, білімі болса да, ынта-жігерсіз,

тәжірибесіз, жұмыс істеуге деген

құлшынысы жоқ жастар. Оған қоса,

үй шаруашылығындағы жас аналар

мен «Өзім – би, өзім – қожа» дейтін

феминистер де санатқа енеді. Тіпті,

өзін-өзі қинағысы келмейтін эгоист

жастар мен мүмкіндігі шектеулі әрі

денсаулығына байланысты жұмыстан

шеттетілген жастар категориясы NEET-ке

жатады. Әлеуметтік жағдайы төмен

отбасы балалары және бейәлеуметтік

топ пен ауыл жастары да осы құрамда.

- Менің есімім – Ермек. Шындығында

NEET деген ұғым жайлы алғашқы естуім.

Өзімді не оқымайтын, не жұмыс істемейтін

жастар қатарынан екенімді айтудың өзі

қиынға соғып отыр. Себебі, ауыл тұрғыны

болғандықтан, күндегі шаруашылықтың

шекесі торсықтай ұл бере бермейді.

Кілең қыз өсірген ата-аналар үшін «қара

шаңырақты кенже басуы керек» деген

түсінік жүрмейді. Олар қартайғанда

бөлек үйдің түтінін тұтатып кеткен

қыздарының қайсысы жағдайын жасай

алады, соның қолына кіреді. Одан

басқа таңдау қалмайды. Міне, осындай

жағдаймен жастары келгенде қыз бен

күйеудің босағасын паналауға мәжбүр

болады.

Біздің бір жақын апамыз бен

жездеміздің шаңырағына бір атұстар

бұйырмады. Кейін жездеміз ауыр

науқастан қайтыс болды. Апамыздың

қыздардың қолына өтуден басқа амалы

қалмады. Бүгінде бес қыздың үйіне

кезек барып, күнін өткізіп жатыр. Балалары

кішірек кезде көп ағайындарымыз

ұл бала асырап ал деген ақыл-кеңес

қамымен жүріп, қоғаммен араласудан

қалғандығым жасырын емес. Жалпы,

мектеп бітірісімен оқу орнына түсуді

көздемедім. Үйдегі анам жоғары оқу

орнына түсуімді қалаған еді. Дегенмен

де, жалғыз анамды қинамайын деп

бұдан бас тарттым. Жалпы, оқудың

ерте-кеші жоқ екендігін білемін. Әне-міне

деп оқуға тапсыруға ниеттенемін де,

сол күйі анамды ойлап, тағы да қалыс

қаламын. Ал жасым болса отызда.

Дамудан кенже қалып бара жатқанымды

мойындаймын. Жоғары білім мен

тұрақты жұмыс орным болмаса да,

күндегі қарбалас тірліктен уақыттың

зырғып жатқанын аңғармай қалдым, -

дейді ауылдық жерде тұратын NEET

жастардың бірі Ермек. Оның айтуынша,

ауылда қалуының басты себебі - оқығысы

келмегеннен не болмаса жұмыс істеуден

бас тартудан туындамаған. Материалдық

жағдайдың негіз екенін алға тартты.

Елімізде мұндай жастар саны қаншама.

Осы олқылықтың алдын алу үшін Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында

NEET жастарды басты назарға алу

керектігін атап өткен болатын. Аталған

мәселені шешу жолында кәсіптік біліммен

тегін қамтудың өзекті екенін де алға

тартты. Павлодар облысы ақпарат

Коллажды жасаған - Н.Жанарбаев.

берді. Бірақ, ол кеңестерінің бірін де

құптаған жоқ. «Өзгенің баласы ешқашан

өзіңнің туғаныңдай болмайды» деп

отыратын. Бір ағайынның ұлын қолына

салған күннің өзінде, есейген шағында

ол туған әке-шешесін тауып кетсе,

асырап-баққан адамға одан асқан

ауыр соққы болмас.

Жалпы, басты мәселе шаңыраққа

кімнің емес, қалай ие болғанында ғой.

Себебі, қанша перзент өсіріп, ұлын ұяға,

қызын қияға қондырып жіберіп, шошайып

жалғыз қалып қойған әке-шешелер де

бар. Алла ондай перзенттен сақтасын.

Қазақ: «Бала бер, бала берсең сана

бер» дегенді осындайда айтқан болса

керек».

Жазып алған –

Тілеуберді САХАБА.

және қоғамдық даму басқармасының

жастар және отбасы істері бөлімінің

басшысы Дәурен Абдрахманов Президент

ұстанымын қолдайтынын жеткізді.

- Жалпы NEET-жастардың облыстағы

көрсеткіші 4,9 пайызды, ал республика

бойынша 6,7 пайызды құрап отыр.

Қазіргі таңда көрсеткіш бойынша өңіріміз

3 орында. NEET жастармен күресу

ісі аса қарқынды жүруде. Мысалға,

аймағымызда соңғы 5-10 жылдықта

сұранысқа ие мамандықтарды игеру

үшін әзірленген «Өңірлік атлас» жобасы

аясында арнайы 40 мамандық ашылды.

Республикалық «Жас маман» жобасының

бағдарламасы арқылы облыстағы

10 колледж заманауи үлгіге сай

жабдықталып, мықты мамандарды

оқытуда. Оған қоса, қазіргі уақытқа

дейін 110 маман өз біліктілігін арттырды.

Бұл – облыстағы NEET жастарының

санын азайтумен күрес әрі сұранысқа

ие салаларды қамту тұрғысында өз

жемісін беруде, - дейді Д.Абдрахманов.

Оның пікірі бойынша, Қасым-Жомарт

Тоқаев осы Жолдау арқылы сапалы

біліммен қатар мамандарды даярлау,

жұмыс орнына орналастыру маңызды

екенін көрсеткен.

Ақ барыс

Алтайдың Моңғол жағына ауған таулы өлкесінің

табиғаты өзгешелеу. Тауы да, тасы да болғанмен,

жасыл желекке жұқалау. Солай десек те, қай өңірде

де сирек кездесетін қар барысы аңшыларға өзге

өңірден гөрі көбірек жолығады екен. Оны тілге тиек

етіп отырғанымыз, бүгінде аңшылар барыстың бар

ерекшелігін ұқыпты түрде зерттеп, оның табиғатпен

байланысын қадағалаудың арқасында жетіп отырғанын

білеміз. Жалпы, ол да әлемнің әр аймағында өзіндік

тіршілігімен танылған мысықтардың бірі ғой. Алайда

барыстың жасырын тіршілігін жылдар бойы аңдып

түсірген теледеректерден болмаса, басқадан көреміз

деп талпынған да жоқ едік. Бір телетүсірілімнен биік

таудың құзында ақ барыс арқардың бір үлкен құлжасына

жармасты. Ол да оңай беріле ме, жұлқынып, тартынамын

деп биік құздан құлады. Барыс кеңірдегіне жармасып

алған. Екеуі тастан-тасқа соғылып, құлдырап келеді.

Жоқ дегенде 500-600 метр биіктіктен құлаған екеуінің

сау–тамтығы қалмаған болар деп ойлайсың.

Сол құлдыраған күйлерімен жыра арасына жоқ

болып кетті. Бір уақытта құлжаны сүйрелеп, барыс

тастақты беткейге көтерілді. Қарап отырып жағамызды

ұстадық. Тамақ үшін, тіршілік үшін адамның жаны

түршігер жанкештілікке барады екен-ау. Осы аңның

кезінде қазақ тауларын да мекендегенін қазір ертегідей

айтамыз. Табиғатты өз тіршілігімізден бөлектеу сезінетін

біз қоршаған ортадан көп үйренуіміз керек екенін

енді біліп жүрміз. Жанкештілік, жүректілікті табиғат

берген дейміз. Ал бірлікте, ынтымақта қимылдайтын

арыстандардың, өзгелер былай тұрсын, тіпті пілді

де, жирафты да құлататынын көріп жүрміз. Сол аң

патшасы арыстанның шидей ғана сирағында тұра

алмай, дірдектеп жүгірген еліктің кішкентай лағын

ұстап алғанын көрдік. Ол титтей лақты екі шайнап,

бір-ақ жұтар еді. Жоқ, ботадай боздап маңыраған

лақты қоя беріп, өзге арыстандардан қорғап, ұзақ

жүрді. Аңның мейрімділігі қандай десеңізші. Еріксіз

еске саналы деген адамның жауыздығы уақыт алға

жылжыған сайын асып бара жатқаны ойға түседі.

Шіркін, Табиғат-Анадан үйренеріміз көп қой.

Вегетариандар

Дүниеде ет жемейтін адамдардың бар екенін білеміз.

«Жалпы ет жеуден қасқырдан кейінгі орынға бізбен

кім таласады», - деп мақтанып жүргенімізде еттен

аузымыз қағылатын да жай бар екен. Мәселен, жыл

сайын жер әлеміндегі тұрғындардың саны бірте-бірте

өсіп келеді. Біраз жылдардан кейін жалпы адамзаттың

саны он миллиардқа жетіп қалуы мүмкін. «Қытайлықтар

бақаны шампурға тізіп алып, шашлықша жейді екен.

Жыланды тірідей жұтатындар бар» - деп күле сөйлеп

жүргенімізде, бара-бара халық көбейіп, жейтін еттеріміз

азайып, тырбиған бақаға таласып қалмайық деген

күпті ойлар да келеді санамызға. «Жел болмаса,

шөптің басы қозғалмайды» дегендейін, босқа айтылатын

сөз жоқ кейінгі заманда. Өзге былай тұрсын,

шылқыған байлықтың үстінде отырған Американың

бірқатар жұртшылығы тек ұннан ғана емес, өзге де

химиялық құрамы көп нанды жей бастағаны көшілікке

таңсық дүние емес бүгінде.

Химиялық құрамды арзан нан шығарып, пайданың

көзін көбейтуді көздегендер «әй, осы дұрыстап жейтін

тағамның төресіне зар болып қалмайық» деген ойлар

санасына келгендерді көріп, зәрелері ұшқан шығар.

Тауықсыз-ақ жұмыртқа жасап, топырақсыз қияр өсіріп

жатқан жұртқа: «Әй, бұларың қалай?» - деп құйтырқы

сұрақ қойып, жақтырмай қарауды қойдық. «Аналар

жылқының етін жемейді екен, мыналар ежелден сиырдың

сүтін ішпейді екен», - деп жан-жағымыздағыларға

мысқылдай қарап жүрсек, шындығында есімізді жиып,

олардың тіршілігіне ойлана қарау керек екен. Мәселен,

жылқыны, ірі қара малды асырау үшін шөп керек,

жем керек. Батыстағыларымыз биыл шөпке қатты

зәру болып, біраз малын аштықтан қырып алды. Ал

Ертістің маңындағылар кейінгі жылдары шабындыққа

дұрыс шалғы салуға ерініп, көп аймағымыз құрғақ

қамысқа айналып барады. Өзгеге азықтан көмектескені

былай тұрсын, өз малын қыстан шығарар азыққа да

байлық таныта алмай отыр. Бара-бара сиырдан да

айырылып, сүт-айраннан қағыларымыз ғажап емес.

«Не жейміз, не ішеміз?» деп тамақтың молдығынан,

таңдауымыздың көптігінен айтушы едік, алдағы уақытта

«не жейміз, не ішеміз?» дегенді жоқтықтан айтудан

сақтанайық. Жарға жығар жалқаулық секілді қыңыр

әдеттер де көп қазірде.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!