23.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 23 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл 3

ТАРТУ

Жаңа нысандар -

жұртшылық игілігіне

Өңіріміздің ауылдық аймақтарында жөндеуден өткен балабақша мен жаңа

дәрігерлік амбулатория ашылады.

Жаңартылған балабақша Успен

ауданының Константиновка ауылында,

ал, жаңадан салынған дәрігерлік

амбулатория Ақсу ауылдық аймағының

Қызылжар ауылында іске

қосылмақ.

Константиновка ауылындағы

балабақша ғимараты күрделі

жөндеуді 30 жыл бойы күтті.

Жергілікті мектептің үш қабатты

қосалқы ғимаратының бір қабаты

ғана жұмыс істейтін. Мұнда тек

25 бүлдіршінді қабылдау мүмкіндігі

болды. Жаңғыртудан кейін бақшаға

тағы да 25 бала келе алады.

Осылайша, елді мекенде балаларды

мектепке дейінгі тәрбиемен

қамтамасыз ету мәселесі толық

шешіледі. Сонымен бірге, бақша

ғимаратында бұрын мектепте

орналасқан мектепалды даярлық

тобы да қоныстанады.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК

Мәшһүр Жүсіп көшесіне

тікелей жетеді

Павлодардың Нұрсұлтан Назарбаев және Ломов көшелерінің қиылысында салынып

жатқан трамвай жолының жаңа тармағы апта соңында іске қосылады. Соның

нәтижесінде алдағы дүйсенбіде қалада екі жаңа трамвай маршруты пайда болып,

Усолка мен Дачный шағын аудандарының тұрғындары Мәшһүр Жүсіп көшесіне

тікелей жетуге мүмкіндік алмақ.

«Павлодар қаласының трамвай

басқармасы» АҚ рельс бағыттарының

өзгеруіне және Ломов көшесінен

«Дачный», «Усолка» шағын аудандары

бағытында жаңа трамвай

тармағының ашылуына байланысты

2 жаңа негізгі маршрут іске

қосылатынын хабарлады. 27 қыркүйек

күні Усолка - Вокзал, Дачный -

Вокзал бағытында трамвай бағыттары

ашылады. Усолка бағытында

№12, ал Дачный бағытында №14 трамвайлар

жолға шығады. Екі маршрут

та Мәшһүр Жүсіп көшесі арқылы

өтеді. Маршруттағы вагондардың

арасындағы қозғалыс ұзақтығы -

20 минут.

«Дачный» және «Усолка» шағын

аудандарынан қозғалыс сағат 07.00-

ден 22.00-ге дейін ұйымдастырылады.

Жолаушыларға ыңғайлы болу

үшін қосымша екі аялдама пункті

қарастырылған. Біріншісі Н.Назарбаев

даңғылы бойымен Ломов көшесі

бағытында. Екіншісі Ломов көшесімен

жүргенде Мәшһүр Жүсіп көшесі

бағытында орналасқан.

Трамвай басқармасының барлық

қолданыстағы негізгі және қосалқы

маршруттары өзгеріссіз қалды.

№12 және №14 маршруттың

қозғалыс кестесі бойынша толық

- Реконструкциялау бойынша

барлық жұмыстар жобалау-сметалық

құжаттамаға сәйкес аяқталды.

Балабақша ғимараты Успен

ауданының білім беру бөлімінің

балансына аударылған соң балаларды

қабылдауды бастаймыз,-

дейді Равнополь ауылдық округінің

әкімдігіндегілер.

Ашылуға тиіс тағы бір әлеуметтік

нысан Ақсу ауылдық аймағындағы

Қызылжар ауылында орналасқан.

Бұған дейін ауыл тұрғындары амбулаторияға

бейімделген екіпәтерлі

үйдің ғимаратында орналасқан еді.

Енді ауылдық дәрігерлердің кішігірім

стационары бар өз ғимараты пайда

болады. Сонымен бірге, амбулатория

жаңа құрал-жабдықтармен

толығады.

Облыстың құрылыс

басқармасы.

ақпаратты 8 (7182) 33-38-14 телефон

нөмірі арқылы (анықтама қызметі

тәулік бойы жұмыс істейді) немесе

Go2bus қосымшасы арқылы біле

аласыздар.

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

COVID-19

20-шы қыркүйектен бастап облыстағы өндірістік

кәсіпорындардағы коронавирусқа қарсы екпе

салдырмаған қызметкерлер жұмыс орнына

кіре алмайды.

Жұмысқа

кіргізілмейді

Олар әрбір 7 күн сайын

ПТР-сараптамасын тапсыруы тиіс.

Мұндай қаулыға облысымыздың

бас санитарлық дәрігері Батырбек

Әлиев қол қойды. Оның айтуынша,

КВИ-ге қарсы екпе алудан

денсаулығында препаратқа қарсы

көрсетілімі бар адамдар, соңғы

3 айда қауіпті індетпен ауырған

тұрғындар ғана босатылған.

Жаңа қаулыда адам көп жиналатын

шаралардың өткізілуіне

тыйым салынған. Театр, кинотеатр

мен концерт залдары жұмыс

істемейді. Спорттық шаралар

көрерменсіз өткізілмек. Халыққа

қызмет көрсету орталықтары

штаттық режимде жұмыс істейді.

Бас санитарлық дәрігер

аймақ тұрғындарына маскалық

режим мен әлеуметтік арақашықтықты

сақтауды ескертеді.

Коронавирустың белгілері пайда

болғанда дереу жедел жәрдем

қызметін шақыруға кеңес береді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Екпе алып,

індетті

ауыздықта!

ӨЗЕКТІ

Әлемді жайлаған пандемиядан құтылудың

бір-ақ жолы бар. Ол – вакцинаны қабылдау.

Жұртшылық түбі шикі, теріс болжамдарға

емес, нақты ресми ақпараттарға сенуі қажет.

Екпе алуда жұртшылықтың

белсенділігін

арттыру – «Ел үшін

егілемін» азаматтық

штабының басты мақсаты.

Облысқа келген

республикалық штабтың

өкілдері үкіметтік емес

ұйымдары және вирусология

саласы мамандарымен

кездесуде

осы мәселеге баса

назар аударды. Достық

үйінде өткен жиынға заңгер,

Қазақстан Заңгерлер одағы

Нұр-Сұлтан қалалық филиалының

төрағасы Серік Берқамалов,

Санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау комитетінің ресми

өкілі, ҚР Премьер-Министрі

орынбасарының баспасөз хатшысы

Ержан Байтанаев қатысты.

Республикалық азаматтық

штаб өкілдері жиында коронавирус

жұқтырушылар және

оның зардаптары туралы ой

қозғап, ұжымдық иммунитет

қалптастыруға барынша күш салу

қажеттігін баса айтты. Ұжымдық

иммунитет қалыптастырудың

басты тетігі тұрғындардың

жаппай екпе алуы болып отыр.

«Ел үшін егілемін» республикалық

азаматтық штаб

өкілдерінің айтуынша, елдегі

эпидемиологиялық ахуал жақсарып

келеді. Қазақстан бойынша

екпенің І компонентімен екпе

алуға жататын халықтың

73,2 пайызы, ІІ компонентімен

61,8 пайызы қамтылған. ҚР Денсаулық

сақтау министрлігінің

мәліметіне сәйкес, біздің облыста

екпенің бірінші компоненті

тұрғындардың 65 пайызына

салыныпты.

Серік Берқаламовтың сөзіне

сүйенсек, жастар арасында

екпе алушылар көрсеткіші

төмен. Вакцина алуға тиісті

жұртшылықтың ішінде екпе

алмағандар қатарында өңірдің

ірілі-ұсақты кәсіпорындарында

жұмыс істейтін 30 мыңнан астам

адам бар. Сонымен қатар қырық

жасқа дейінгі жүз мыңнан астам

жастар өкілі екпе алмаған. Қазіргі

таңта облыста 2776 адам емделуде,

оның 92-і - жансақтау

бөлімінде жіті бақылауда.

- Жыл соңында жүкті әйелдер

мен 12 жасқа толған балаларға

америкалық Pfizer вакцинасы

салына бастайды, - деді

Санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау комитетінің ресми

өкілі, ҚР Премьер-Министрі

орынбасарының баспасөз хатшысы

Ержан Байтанаев.

- Балаларға екпе ерікті түрде,

ата-аналардың рұқсатымен ғана

салынады. Екпе алмаған балалар

мектепте оқуын жалғастыра

алады, - дей келіп, спикер

ата-аналарды мессенджерлер

арқылы тарап жатқан теріс

ақпараттарға сенбеуге және

оларды ары қарай таратпауға

шақырды.

Республикалық штаб өкілдері

пандемиядан сақтанудың

жалғыз жолы екпе алу

болғандықтан, ұжымдық иммунитетті

қалыптастыруға бір

кісідей атсалысу керектігін баса

айтты. Жиында пандемиямен

күресті күшейту мақсатында

республикалық штаб пен

облыстық штабта атқарылып

жатқан жұмыстар тілге тиек

етілді.

Т.ОРАЗАЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!