23.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 23 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

АҚОРДА

Баға саясаты -

басым бағыт

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді

қабылдады. Мемлекет басшысы тұрғын

үй, құрылыс материалдары, әлеуметтік

маңызы бар азық-түлік өнімдері,

жанар-жағар май нарықтарындағы

бағаларды тұрақтандыру жөніндегі

агенттіктің жұмысы туралы есепті

тыңдады.

Агенттік төрағасының айтуынша, аталған салалар

бойынша монополияға қарсы қабылданған шаралардың

нәтижесінде бірқатар ірі құрылыс компаниялары

бастапқы тұрғын үй бағасын маусымтамыз

айларында орта есеппен 7-20 пайызға

төмендеткен, құрылыс материалдары бағасының

өсуі сәуір айындағы 10,9 пайыздан, тамыз айында

3,2 пайызға дейін, бензин бағасы сәуір айындағы

8,4 пайыздан, мамыр айында 0,2 пайызға дейін

арзандаған. Бүгінгі таңда осы бағалар сақталып

отыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері

бағасының апта сайынғы қымбаттау көрсеткіші сәуір

айындағы 0,6 пайыздан 0,1 пайызға дейін азайған.

Мемлекет басшысына тауар биржаларындағы

коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасының барысы

туралы баяндалды. Онда жергілікті операторлар

отынды шағын партиялармен тікелей сатып алуға

мүмкіндік алады.

Президентке агенттіктің дәрілік заттардың

бағасын қайта реттеу, радиожиіліктерді аукционға

шығару арқылы мобильді байланыс нарығында

бәсекелестік қалыптастыруға жағдай жасау, жолаушылар

тасымалы 2 миллион адамнан асатын

әуежайлардағы жерде қызмет көрсету түрлеріне

тәуелсіз тасымалдаушылардың қол жеткізуін

қамтамасыз ету, сондай-ақ фармацевтика, жол

құрылысы, медицина салаларында жүргізіп жатқан

монополияға қарсы бақылау шаралары туралы

мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Серік Жұманғарин Мемлекет

басшысына агенттіктің кедергілер жөніндегі кеңес

алаңдарында бәсекелестікті дамытуға қатысты

шектеулерді жою қызметі, бәсекелестік мәселелері

жөніндегі заң жобасы, бәсекелестікті дамыту

тұжырымдамасының әзірлемесі, Экономикалық

ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі

бәсекелестікті дамытудың соңғы үрдістері туралы

айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік

азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда

ұстауды тапсырды.

Басы 1-бетте

Павлодар облысының әкімі

Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында

жоспарды іске асыруға

дайындық туралы айтып берді.

Аймақ басшысы атап өткендей,

кеншілер шаһарының кешенді даму

жоспары экономиканың нақты

секторы, тұрғындарды жұмыспен

қамту, қаланың әлеуметтік және

инженерлік инфрақұрылымын қолдау,

экологиялық проблемаларды шешу

сияқты төрт негізгі блоктан тұрады.

Жоспарланған міндеттерді шешу

үшін 933 миллиард теңге қажет.

Қаржыландырудың басым бөлігін

яғни, 90%-ға жуығын жеке инвестициялар

құрайды.

- Кешенді даму жоспарының

негізгі міндеті көмірге деген

сұраныстың азаюына байланысты

қала экономикасын әртараптандыру

болып табылады. Жеке инвесторлар

үшін индустриялық аймақ

құрылады. Әлеуетті жобалар пулы

Екібастұз: жаңа

даму белестері

дайын. Қолданыстағы және

жаңа өндірістерді қажетті

қуат көзімен қамтамасыз ету

үшін екі энергия блогының

құрылысы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, көмір өндірісін ары

қарай дамыту үшін көмір-химия

ғылыми-зерттеу орталығы іске

қосылды, - деп атап өтті өз

баяндамасында Әбілқайыр

Сқақов.

Жоспарда әлеуметтік

мәселелерді шешу блогы

да қамтылған. Денсаулық

сақтау саласында кадрлық

әлеуетті арттырып, қалалық

емхананың материалдықтехникалық

базасын нығайту

көзделуде. Ал, білім беру саласында

жергілікті 20 мектепке

күрделі жөндеу жүргізіп, балалар

шығармашылығы орталығын

салу жоспарланып отыр.

- Біз дене тәрбиесі мен

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

спорт саласында да қосымша білім беруді

дамытамыз. Мұз айдыны мен 30 спорт

алаңын салу жоспарлануда. Мәдениет

саласы нысандарының күрделі жөндеуі

мен құрылысы күтілуде. Сондай-ақ,

Екібастұздың ауылдық аймағында

мәдениет үйлері бой көтереді, - деп

жалғастырды сөзін аймақ басшысы.

Стратегиялық құжаттың барлық

тармақтарын орындау Екібастұздың

отын-энергетика кешеніне тәуелділігін

12,1%-ға төмендетуге және қаланың

негізгі капиталына 737 миллиард

теңге қаржы тартуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 триллион

теңге деңгейінен артып, шағын

және орта бизнес нысандарының саны

10 мыңға дейін көбейеді. Сонымен

бірге, орташа айлық жалақы 321 мың

теңгеге дейін артады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

ОРАҚ - 2021

Экспортқа

бағытталмақ

Бүгінде республика бойынша барлығы

15,1 млн гектар дəнді жəне дəнді-бұршақты

дақылдар жиналды. Бұл - елдегі

жалпы егіс алаңының 95%-ы. Орташа

түсімділік гектарына 9,4 центнерді

құрауда.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша,

дәнді дақылдарды жинау жұмысы ауа райының

қолайсыздығымен және соның салдарынан бидай

өнімділігінің төмендеуімен күрделене түскен. Канадада

бидай жинаудың 34,5%-ға, Ресейде 15%-ға,

АҚШ-та 7%-ға төмендеуі күтілуде. Қазақстанда дәнді

және майлы дақылдардың жалпы көлемін 18 млн

тонна деңгейінде, оның ішінде 16 млн тонна

дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинауды

қамтамасыз ету көзделген. 14,3 млн тонна астық

және шамамен 200 мың тонна майлы дақылдар

бастырылды.

- Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай

көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі

қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5 млн тоннаға

жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз

бар», деді А.Мамин Үкімет отырысында. Жаңа

егіннің сапалық көрсеткіштері айтарлықтай өсті.

Дән маңызы 28%-дан асатын жоғары сапалы Hi-Pro

бидай көлемі жиналған астықтың жалпы көлемінің

74%-на жетті. Бұл санаттағы бидай әлемдік нарықта

жоғары сұранысқа ие.

Әзірлеген -

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

Суреттер газет мұрағатынан алынды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!