25.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Екпе алу - елдің амандығы

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

25 қыркүйек, сенбі

2021 жыл

№110 (15728)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

Санақшының

міндеті қандай?

Нақпа-нақ

Алдағы екі

жылда әскери

қызметшілердің

жалақысы орта

есеппен

60% -ға

өседі

SMS-пен

ескертеді

EGOV

Бұдан былай елімізде азаматтарды

тіркегеннен кейін

үйдің иесіне тіркелген адамның

деректері жазылған

SMS келеді. Үйден тіркеуден

шығарылғанда да әлгіндей

хабарлама жолданбақ.

1 қазаннан бастап дәстүрлі форматтағы халық санағы өз жұмысын

бастамақ. Яғни, интервьюерлер тұрғын үйлерді аралап, бетпе-бет

кездесіп, санақ жұмысын жүргізеді. Облыс көлемінде 870 санақшы

дайындықтан өтті. Солардың бірі – Ғарифулла Мұсахан. Естеріңізде

болса, қазіргі кезде санақтың электронды, яғни онлайн кезеңі

өткізілуде.

«Ainalaiyn»:

БАЛАНЫҢ БАҚЫТЫ - ОТБАСЫНДА

Жалғасы 4-бетте

Баланы тәрбиелеу еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа

үйретуден тұрады. Осы қасиеттің барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке

айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Халқымызда «Адамнан адам тәлім алады, ағаштан

ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

Толығырақ 8-бетте

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің баспасөз қызметінен

хабарланды.

Жаңа қызметті «Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясы

енгізді. Цифрлық даму министрі Бағдат

Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар

бөтен адамдар әлдебір делдалдардың

көмегімен жасырын тіркелген кезде

мәселені шешеді.

«Қазақстандықтар әлдебіреулер

бейтаныс адамдарды менің үйіме тіркеуге

қойыпты деген сарындағы хаттарды жиі

жазады. Жаңа сервис осы мәселені

шешеді. Егер біреу сіздің рұқсатынсыз

ХҚКО арқылы иелігіңіздегі баспанаға

адамды тіркеуге тырысса, бұл туралы

SMS-хабарламаның арқасында бірден

біле аласыз. Бұл қызмет ақша үшін

тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы

күресте көмектеседі», - деді хабарланған

министрліктің жазбасында.

Айтып өтелік, «Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019

жылдан бастап азаматтарды тіркеуді

ресімдеуге мүмкіндік алды. Бұған дейін

бұл қызметті ХҚКО-да орналасқан

көші-қон қызметінің қызметкерлері

көрсеткен болатын.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша

eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге

немесе тіркеуден шығаруға болады.

Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген

адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы

(ЭЦҚ) болуы керек.

Өз тілшіміз.


2 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ЖИЫН-ТЕРІМ – 2021

Өнімді өткізуге

қамдануда

Аймағымызда жиын-терім жұмыстары аяқталуға

жақын. Соңғы күндері өңірде қалыпты

ауа райының сақталуы өнімді шашпай-төкпей

жинауға мүмкіндік беруде. Ендігі жерде шаруалар

астықты өткізуді ойластырып жатқаны анық.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы ұсынған мәліметке

сүйенсек, 23 қыркүйектегі жағдай

бойынша дәнді дақылдардың

653,7 мың гектары орылып,

787,7 мың тонна өнім жиналыпты.

Өнімділігі – гектарына

12 центнер. Биыл дәнді дақылдар

873,2 мың гектарға егілгенін

ескерсек, диқандар науқанды

аяқтауға біртабан жақын қалғанын

есептей беріңіз.

Биыл өңірде картоптың түсімі

жақсы. Кез келген шаруашылыққа

ат басын бұрсаңыз, минералды

тыңайтқыштардың нәтижесінде мол

ТАҒАЙЫНДАУ

Май ауданының

әкімі ауысты

Павлодар

облысының әкімі

Әбілқайыр Сқақов

жергілікті активке

Май ауданының

әкімі болып

тағайындалған

Ағыбай Әміринді

таныстырды.

Аталмыш ауданды екі

жылдан астам уақыт

басқарған Марат

Ақтаевқа атқарған

еңбегі үшін алғыс

айтты.

Аймақ басшысы Ә.Сқақов жаңа

әкімнің алдына бірқатар міндеттер

белгіледі. Олардың қатарында

ауданның инвестициялық әлеуетін

арттыру, бизнесті қолдау, мал

шаруашылығы мен суармалы

егіншілікті дамыту, ауыл жастарына

көмек көрсету және тағы

басқалары бар.

- Ауыл тұрғындары коммуналдық,

тұрмыстық және әлеуметтік

салалардың іс жүзінде жақсарғанын

сезінуі керек. Сонымен қатар,

олардың өңір кәсіпкерлерінен

жұмыс пен қолдау табуы да

маңызды. Басым міндеттердің

тағы бірі - ауданның инвестициялық

мүмкіндіктерін арттыру. Май

ауданындағы ауылдардың барлығы

дерлік Ертіс өзенінің жағасында

орналасқан. Ауданда теміржол

желісі бар. Ауыл шаруашылығын

жүргізуге қолайлы жер учаскелері де

жетерлік. Яғни, инвестиция тартуға

барлық жағдай жасалған. Сол

мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану

қажет. Оған қоса, мамандар мен

жастардың ауылдарда тұрақтамау

мәселесіне ден қойған дұрыс.

Адамдардың не себепті көшіп

жатқанын анықтауымыз керек.

Бұл - аудан басшылығының басты

міндеті, - деді Ә.Сқақов.

Ағыбай Әмірин 1972 жылы

Баянауыл ауданында дүниеге

келген. Әр жылдары Павлодар

педагогикалық институтын «Математика

және информатика мұғалімі»,

Қазақ гуманитарлық заң

өнім жинағанын айтады. Айтпақшы,

оны қолданғаны үшін мемлекет

тарапынан субсидия да беріледі.

Зор қолдауды сезінген шаруалар

өнімді жергілікті тұрғындарға

арзан бағамен босатуға кетәрі

емес. Облыс әкімдігі мен шаруалар

арасындағы меморандум –

соның дәлелі. Бүгінде 16,1 мың

гектардан 499,4 мың тонна картоп

жиналған. Өнімділігі – гектарына

310 центнер.

Аймағымызда көкөніс, майлы

дақылдарды жинау да жүйелі

жалғасуда. Жаңа техникаң болмаса,

жиын-терім жұмыстары кезінде қор

болатынын шаруалар әлдеқашан

түсінген. Бұл ретте, биыл өңірде

18,1 млрд теңгеге 671 техника

сатып алынған.

университетін заңгер, Инновациялық

Еуразия университетін «Экономика

және бизнес», «Құқықтану»

мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы

Павлодар қаласындағы №3

гимназия-интернатында математика

және есептеу техникасы пәнінің

мұғалімі болып бастады. 2003

жылы Ақсу қаласының құрамына

кіретін Ақжол ауылының әкімі болып

тағайындалды. Кейін облыстық

мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

басқармаға кеңесші ретінде ауысып,

мемлекеттік қызмет және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес туралы

заңнамалардың сақталуын бақылау

бөлімін басқарды.

Әр жылдары Павлодар облысы

әкімі аппаратында ұйымдастыруинспекторлық

бөлімнің басшысы,

облыс әкімі аппараты басшысының

орынбасары болып еңбек етті.

2016 жылы Ақтоғай ауданының

әкімі болып тағайындалды.

2018 жылы Павлодар облысы

әкімінің аппаратына оралып, осы

мемлекеттік мекемені басқарды.

2020 жылдан бастап аппарат

басшысының орынбасары лауазымына

тағайындалды. 2021 жылдың

сәуір айында Шарбақты ауданы

әкімінің орынбасары қызметіне

ауысып, экономика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы

салаларына жетекшілік етті.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

ӨҢІР

Май ауданы Кеңтүбек

ауылындағы мектеп

ғимараты жарамсыз

болып, жылдар бойы

қаңырап бос тұрған

еді. Сондықтан

балалар оқу орнының

жанындағы қосымша

ғимаратта білім

алуға мәжбүр болды.

Биыл «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасы

аясында білім

ордасының бұрынғы

ғимаратын жөндеу

жұмыстары басталды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

Май ауданындағы үш ауылға барып,

ауданда спорт секцияларын жан

басына қаржыландыру бағдарламасын

іске асыру мен елді мекендердегі

инфрақұрылымды қалпына келтіру

барысын бақылады.

Аймақ басшысы жұмыс сапарын

аудан орталығы – Көктөбе ауылындағы

балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінен бастады. Бүгінгі

таңда аталмыш спорт мектебі және

оның ауылдық бөлімшелеріндегі

секцияларында күрес, үстел

теннисі, футбол және басқа да

спорт түрлері бойынша 600-ге жуық

бала жаттығады. Былтыр мұнда

жүгіру жолы мен толық көлемді

футбол алаңы жөнделген болатын.

Қазіргі уақытта балалар ғана емес,

ересектер де жаттығады.

Әбілқайыр Сқақов ауылдық

жерлерде шаһарлардағы тәжірибе

бойынша спорт секцияларын жан

басына қаржыландыру жүйесін енгізу

қажеттігін атап өтті. Алайда бұл

жобаны іске асыру үшін білікті

мамандар қажет.

- Қазіргі кезде мемлекет тарапынан

балалардың спортпен шұғылдануы

үшін қажетті қаражат қарастырылып

Ауылда іргелі

істер бар

отыр. Жаттықтырушылар мен спорт

нұсқаушыларына осындай оңтайлы

жағдайлар туралы айтып, олардың

басым бағыттарын түсіндіру керек.

Сол кезде ғана үйірмелер саны

көбейіп, спортпен шұғылданатын

жеткіншектер саны көбейеді. Бұл

өз кезегінде жас спортшыларды

жаттықтыратын мамандардың

жалақысын арттыруға мүмкіндік

береді. - деді Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы

аудан орталығында «Нұрлы жер»

бағдарламасы бойынша салынып

жатқан екіпәтерлі үйлерді қарап,

тұрғын үй құрылысының сапасын

бақылауды тапсырды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы жұмыс

сапары барысында Кеңтүбек ауылында

20 жылдан астам уақыт бос тұрған

Жалтыр орта мектебіне барды. Осы

уақыт аралығында балалар жақын

жердегі қосалқы ғимаратта білім

алған. Биыл «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы бойынша қаржы

бөлініп, бос тұрған ғимаратты

жөндеу жұмыстары басталды. Аудандық

балалар және жасөспірімдер

спорт мектебінің елді мекендегі

спорт залын жөндеу жұмыстары

да жүргізілуде.

Аймақ басшысымен кездескен

жергілікті тұрғындар көптен бері бос

тұрған ғимаратты қалпына келтіру

ісі қолға алынып, ауыл ішіндегі жеті

көшенің жолына асфальт төселуі

елді мекеннің дамуына оң ықпал

етерін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Ә.Сқақов Малайсары

ауылында «Туған жерге тағзым»

акциясы аясында жергілікті мектеп

түлектерінің есебінен орнатылған

шағын футбол алаңында болды.

Алаңда ауыл балалары жүгіріп,

футбол ойнап жүр.

- Ауылдар осы іспетті

мемлекет қаржысының, жергілікті

қауымдастықтың, ауылдан шыққан

жомарт жандардың демеушілік

қаражатының есебінен де дамуы

тиіс. Бюджеттен әлеуметтік нысандар

мен ауылдық инфрақұрылымдарды

жөндеу жұмыстары қаржыландырылса,

тұрғындар мен мүмкіндіктері бар

азаматтар туған ауылын абаттандырумен,

көгалдандырумен,

балалар және спорт алаңдарын

орнатумен айналысса, жақсы болар

еді. Бұл бәріне үлгі болуы тиіс, -

деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «AgroExport-

Pavlodar» шаруашылығының өкілдерімен

де тілдесті. Аталмыш

қожалық мал шаруашылығымен

айналысып, таза, асыл тұқымды

малды жеткізу бойынша операторлық

қызметтер көрсетеді. Биыл кәсіпорын

өз қажеттіліктері үшін 1000 бас ірі

қара мал мен басқа шаруаларға

1200 бас ірі қара әкелді.

Бұл ретте шаруашылық өкілдері

аналық мал басын көбейту жоспарымен

бөлісті. Ірі қара санын арттыру

үшін жем-шөп қоры мол болуы керек.

Кәсіпкер бұл мәселені шешу үшін

қосымша шабындық жерлерді жалға

алуға ниетті. Әбілқайыр Сқақов

фермерлерге қолдау көрсетіп,

шетелден мал жеткізу аясында

серіктестікпен ынтымақтастық

мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 3

БАҒА САЯСАТЫ

COVID-19

МЕРЕЙ

Көктемде картоп

болады

Аймағымызда маусымаралық кезеңде жергілікті

нарықты арзан картоппен қамтамасыз ету

туралы меморандум жасалды Жергілікті билік

пен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер

жасасқан келісімге сәйкес көкөніс қоймаларынан

тікелей жеткізу үшін 30 мың тонна картоп пен

6 мың тоннадан астам сәбіз сатып алынады.

Облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақовтың қатысуымен өткен

кеңесте екіжақты құжатқа қол

қойылды. Көкөніс өсірушілермен

кездесу барысында аймақ басшысы

қазіргі таңда фермерлер кәсібін

дамыту үшін мемлекет тарапынан

зор қолдау көрсетіліп жатқанын

атап өтті. Қолдау инвестициялық

субсидиялар, арзандатылған жанаржағармай,

тыңайтқыштар мен су үшін

қаржылық өтеу түрінде көрсетілуде.

Сондықтан өңір басшысы кәсіпкерлерді

бизнестің әлеуметтік

жауапкершілігін танытуға шақырды.

- Тұрақтандыру қорына салынған

әрбір килограмға белгіленген баға

бойынша ақы төленетін болады.

Ең бастысы, меморандумға қол

қойғаннан кейін өнімді жөнелту

бойынша өз міндеттемелеріңізді

орындауда жауапкершілік танытсаңыздар

болғаны, - деді Ә.Сқақов.

Құжатқа сәйкес, облыстың 33

ірі ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілері өздерінің көкөніс

қоймаларына 30 мың тонна картоп

және 6,1 мың тоннадан астам

сәбізді сақтап қояды. Қыс-көктемге

ауысатын және көкөністер дәстүрлі

түрде қымбаттайтын кезеңде

бұл өнімдер тұрақтандыру қоры

желісі арқылы тікелей әлеуметтік

дүкендерге және ауыл шаруашылығы

Павлодар облысының әкімі

Әбілқайыр Сқақов Токиодағы

Паралимпиаданың күміс жүлдегері

Зарина Байбатинамен кездесті.

Аймақ басшысы өңірдегі спорт

мектептерінің түлектері көптен

бері халықаралық жарыстарда

мұндай жоғары жетістіктерге

жетпегенін атап өтіп, спортшыға

сәтті өнер көрсеткені үшін алғыс

айтты. Сонымен қатар, «Облыс

жәрмеңкелеріне жеткізілетін болады.

Көкөніс сақтау қоймаларынан

картоп пен сәбізді сату құны

бір килограмм үшін 95 теңгеден

аспайды. Картоп пен көкөністі

өсірумен айналысатын ірі шаруа

қожалықтары бұл бастаманы

қолдап, өз міндеттемелерімізді

адал орындаймыз деп сендірді.

Олардың қатарында «Ақтоғай Агро»

ЖШС, «Пахарь» ШҚ» ЖШС, «Тимур»

шаруа қожалығы және т.б. шаруа

Дзюдо даңқы

қайта оралады

Токио төрінде өткен жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып, күміс

медальді еншілеген Зарина Байбатина - әйелдер арасында дзюдодан

медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстандық. Әлемдік додада бақ сынап,

жеңіс тұғырынан көрінген спортшыға «Облыс алдында сіңірген еңбегі

үшін» белгісі табысталды.

алдында cіңірген eңбегі үшін»

белгісін табыстады.

- Сіздің табысты өнер көрсетуіңіз

көпшілікке үлгі болып, өскелең

ұрпақты олимпиадалық спорт

түрлерімен айналысуға ынталандырады.

Алдағы уақытта да

халықаралық ареналарда еліміздің

даңқын асқақтатып, жоғары

жетістіктерге жетесіз деген сенім

мол, - деді Ә.Сқақов.

қожалықтарының өкілдері бар.

- Сайып келгенде, біздің

өнімнің тұтынушылары өңіріміздің

тұрғындары болып табылады,

олардың арасында зейнеткерлер

көп. Сондықтан тұрғындардың осы

санатын қолдау аса маңызды.

Мен өз міндеттерімді орындауда

өнімнің әр келісін жеткізуге уәде

беремін, - деп атап өтті «Тимур»

ШҚ басшысы Равиль Мингазов.

Облыс әкімі фермерлерге қолдау

көрсеткені үшін алғыс айтып,

қабылданып жатқан шаралар тек

қалалық жерлерде ғана емес, оның

айналасындағы елді мекендерде

де көкөніс бағасын ұстап тұруға

мүмкіндік беретінін атап өтті.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Спорттағы жолын Павлодар

облысында бастаған дзюдошы

қыз өңірлік дзюдо мектебі Қазақстандағы

ең мықты орта деп

есептелгенін еске алды. Паралимпиада

жүлдегерінің айтуынша,

аймақ дзюдошыларының бұрынғы

даңқын қайтару үшін тынбай тер

төгу керек.

- Жасөспірім кезімде спортқа

ден қойған тұста «Батыр» дзюдо

мектебі өте мықты еді. 1996 жылы

Атлантада өткен Олимпиада ойындарына

бес бірдей павлодарлық

спортшының қатысуы – соның

айғағы, - деп атап өтті спортшы.

Аймақ басшысы қазіргі кезде

өңірлік дзюдо мектебінің бұрынғы

даңқын қайтару үшін жұмыс жүргізіліп

жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, Токиода

өткен жазғы ойындарда Зарина

Байбатина әйелдер арасында

дзюдодан медаль жеңіп алған

тұңғыш қазақстандық спортшы

атанды. Ол 70 келіге дейінгі салмақта

өнер көрсетіп, алтын медаль үшін

белдесуде әзірбайжандық Дурсадаф

Каримоваға есе жіберді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Сәрсенбі күні Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Айзада Құрманова Орталық коммуникациялар

қызметінде өткен баспасөз конференциясына

қатысып, өңірдегі эпидемиологиялық

ахуалды баяндады. Коронавирустың таралуына

жол бермеу мақсатында қолға алынып жатқан

шаралар мен вакциналау қарқыны жөнінде

айтып, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.

Індеттің беті

қайтып келеді

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Аймағымызда соңғы бір

аптаның ішінде коронавирус

жұқтырушылардың саны азайған.

13 қыркүйектен бастап қауіпті

кесел 1,5 есеге кеміген. Өткен

тамыз айымен салыстырғанда

науқастар аз тіркелуде. Айзада

Құрманованың айтуынша, облыста

жалпы саны 45027 адам коронавируспен

ауырған. Науқастардың

93,5 пайызы немесе 42087 адам

емделіп шыққан.

- Жұқпалы аурулар стационарында

КВИ-ден 811 адам

емделуде. Төсек-орын жүктемесі

41,7 пайызды құрайды. Жан сақтау

бөлімінде 83 науқас жатыр. Жүктеме

41,5 пайызды құрайды. Бүгінде

1567 адам амбулаторлық деңгейде

емделуде. Емханаларда

160 мобильді бригада жұмыс

істейді. Жыл басынан бері

мамандар 95 мыңнан астам

шақыртуға барып, үйдегі науқастарға

көмек көрсеткен. Аудандағы

ауруханаларда жоспарлы емдеу

шарасы қайта жүргізілуде. Ал

облыстық ауруханада тұрғындар

ортопедия және кардиология

бағыттары бойынша стационарлық

ем ала алады. Сонымен

қатар, психикалық денсаулық

орталығының қызметі қайта

жанданды. Жүкті әйелдер мен

балаларға көмек көрсетуге арналған

төсек-орындар қалыпқа келтірілді.

Өңірде 394 өкпені жасанды

тыныс алдыру құрылғысы бар.

Оттегімен қамтамасыз ету нүктелерінің

саны 1,5 мыңға жуықтайды.

11 оттегі станциясы, 11 компьютерлік

томография, 82 рентген

құрылғысы бар. Сонымен қатар,

109 реанимобиль сатып алынды, -

деді А.Құрманова.

Айзада Амангелдіқызының

сөзінше, облыста ПТР-сараптамасын

жүргізетін 8 зертхана бар.

Мұндағы мамандар тәулігіне

4 мыңнан астам адамға сараптама

жасайды. Стационарларда

дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті.

Облыста коронавирусқа қарсы

ұжымдық иммунитет қалыптасу

үшін халықтың кем дегенде

60 пайызы екпенің екі компонентін

салдыруы тиіс. Өңірде

аталған көлемнің тек жартысы

орындалған.

- Аймағымызда 750 мыңнан

астам адам тұрады. Ұжымдық

иммунитет қалыптасу

үшін 450 мың 412 адам КВИ-ге

қарсы вакцина алуы керек. Бүгінде

екпенің алғашқы компонентін

өңір тұрғындарының 65,3 пайызы

алды. Ал екінші дозаны 57,5 пайызы

қабылдаған. Қыркүйек айында

екпенің алғашқы компонентін

салдырған адамдардың саны

25 мыңға көбейді. Ал екінші

дозаны қабылдағандардың саны

30 мыңға артты, - дейді

А.Құрманова.

Бүгінде екпе салдыру бойынша

Успен ауданының жұртшылығы

ерекше белсенділік танытып,

көш бастап тұр. Сонымен

қатар, Железин, Ертіс, Павлодар

аудандарының тұрғындары да

екпе егу науқанына белсенді

қатысуда. Облыста 167 екпе егу

бөлімшесі, 67 арнайы бригада

жұмыс істеуде. Шалғайдағы

ауылдарда жылжымалы медициналық

кешендер қызмет

көрсетуде.

Қазіргі уақытта өңір жұртшылығы

екпенің 3 түрін салдыра

алады. Оның ішінде ресейлік

«Спутник V», отандық «QazVac»

және қытайлық «Vero Cell» екпелері

бар. Жыл соңында америкалық

«Pfizer» препараты жеткізілмек.

Айзада Амангелдіқызы өңірде

6556 бизнес субъектісі «Ashyq»

жобасына қатысу үшін QR-код

алғанын мәлімдеді. Бүгінде

213 қатысушы көш бастап тұр.

Сонымен қатар, 1558 қатысушы

QR-код қолданбағаны үшін бір

аптаға жобадан шеттетілді. Қазір

талапқа бағынбағандар арасында

мониторинг топтары түсіндіру

жұмыстарын жүргізуде.

- «Ashyq» жобасына қосылған

326 нысанда сары және қызыл

түсті мәртебесі бар 1675 адам

кіргізілмеді. Оның ішінде

1451-і – облыс тұрғыны. Жеке

тұлғаларға қатысты 225 әкімшілік

хаттама толтырылды, - деді

А.Құрманова.

Өңірде 176 мониторинг тобы

жұмыс істейді. Жыл басынан бері

6636 рейд шарасына қатысып,

40 мыңнан астам нысан жұмысын

тексерген. Нәтижесінде 297 нысан

иесі әкімшілік айыппұл арқалаған.

Баспасөз конференциясында

журналистер қауымы вакцина алу

бойынша жалған құжат жасату

фактілеріне қатысты сұрақ қойды.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшысы бұл

бағыттағы құқықбұзушылық саны

әзірге белгісіз екенін, тергеу

жұмыстары жүргізіліп жатқанын

жеткізді.

- Коронавирусқа қарсы вакцина

алу жөнінде жалған құжат жасау

фактілері бойынша қылмыстық

іс екі ұйым бойынша қозғалды.

Тергеу шаралары жүргізілуде.

Шешімді сот шығаратын болады.

Қазір құқықбұзушылыққа барған

медицина қызметкерлері вакцина

салудан босатылып, басқа

жұмысқа тартылған, - деді ол.

Айдар Сейітқазинов бұған

дейін вакцина алу жөнінде жалған

құжат жасатқан тұрғындардың

екпе ала алатынын мәлімдеді.

Ол үшін медициналық мекемеге

жүгінсе болғаны.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық

дәрігерлер вакцина салу

жөнінде 200-ден астам жалған

құжат жасап, сатқан деген

дерек пайда болған. Аталмыш

іс бойынша мекеме меңгерушісі,

жалпы тәжірибе дәрігері және

2 медбике күдікке ілінді.


4 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Заңсыз кескенге –

жаза қатаң

Ауылдағы ағайын суық күнде бүрсең қақпас үшін

қойманы отын ағашына толтыра бастады. Бұл ретте

кейбір тұрғындардың орман, тоғайлардағы ағаштарды

заңсыз кесіп, оларды табыс көзіне айналдырып, табиғатқа

залал келтіретіні жасырын емес. Мұндай жағдайда

ережелерді белшесінен басқан азаматтар қандай

жауапкершілік арқалайды? Арнайы рұқсатқағаздарды

алудың жолы қандай? Осы және өзге де сауалдарға

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы

Руслан Төлепбаев жауап берді.

- Руслан Мәлікұлы, білуімізше,

тұрғындар ағаш кесу

үшін арнайы рұқсатқағаздар

алуы тиіс. Мұндай құжаттарды

кім және қалай береді?

- Жалпы, орман алқаптары

аумағындағы ағаштарды әркім өз

қалауынша кесіп ала алмайды.

Орманшылар өрт, жел, зиянкестер,

басқа да қолайсыз жағдайлардың

салдарынан зақым келген, қураған,

ауруға шалдыққан, ғимараттар салу

мен инфрақұрылымдық желілерді

тарту кезінде шабуға тура келген

ағаштарды анықтап, оларға арнайы

белгі қояды. Сондай талдарды

ғана отын ретінде пайдалануға

болады. Ал ол үшін тұрғындар

тұрғылықты мекенжайындағы орманшылықтарға

ауызша немесе жазбаша

түрде өтініш білдіруі керек. Кейін

орманшы кесуге болатын ағаштар

орналасқан аумақты көрсетіп,

олар үшін төленуі тиіс ақыны

қабылдап, арнайы құжатты қолына

ұстатады. Мұнда билеттің нөмірі,

ағаштың түрі, көлемі мен бағасы

көрсетіледі. Ерекше қорғалатын

табиғи аймақтарда, атап айтқанда,

«Ертіс орманы» резерваты мен

Баянауыл ұлттық табиғи паркінде

ағаштар тек өндірістік аумақтардан

босатылады.

- Кей кездері тұрғындар

орманшы белгілеген аумақтың

ауылдан алыс екенін алға

тартып, шағымдарын білдіріп

жатады. Бұған қатысты не

айтар едіңіз?

- Бірнеше адамға ыңғайлы болу

үшін ауылдың іргесінде жайқалып

тұрған жасыл желекті отынға бере

ҚЫС - ҚЫР АСТЫНДА

алмаймыз. Әйтпегенде, орман қоры

айтарлықтай сиреп қалады. Бұл –

бір. Екіншіден, отын ретінде

пайдалануға тек қураған, әрі қарай

өспейтін ағаштар белгіленеді.

Біздің инспекция орманшылар

белгілеген бұл талдарды шынымен

шабуға болар-болмасын тексереді.

Кейін құзырлы комитетке кесуге

болатын ағаш көлемін бекіту үшін

құжаттар жібереді. Яғни, бұл –

оңай шешілетін шаруа емес.

- Жоғарыда тұрғындар

белгіленген көлемдегі ағаштың

ақысын төлеуі тиіс екенін

айттыңыз. Биылғы баға

қандай?

- Отын ретінде пайдаланылатын

ағаштың бағасы «Салықтар

мен бюджетке төленетін басқа

да міндетті төлемдер туралы»

Кодекске сәйкес түріне, орналасқан

аумағына қарай белгіленеді.

Орманшылардың қураған ағашты

қалаған бағасына сатуға құқығы

жоқ. Айталық, Железин және Ертіс

аудандарында бір текше метр

ағаштың бағасы 1850 теңге тұрады.

Ақтоғай, Успен және Тереңкөл

аудандары аумағындағы қайың -

1600 теңге, терек - 1500 теңге.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының

ауылдық аймағы, Май,

Аққулы аудандарындағы бір

текше метр терек пен тал үшін

2 мың теңге төлеу керек. Баянауыл

ауданындағы қарағай 4243 теңге,

көктерек 3873 теңге, қайың

3981 теңге тұрады.

- Тұрғындар орманшылардан

бірден 100-200 текше

метр ағашты кесуге рұқсат

алып, кейін оны сата ала ма?

- Жоқ, бір үйге тек 4-5 текше

метр көлеміндегі ағаш беріледі.

Одан артық алуға болмайды.

- Бұл көлемнен артық

отынды заңсыз алған адамдарды

қандай жаза күтіп тұр?

- Әкімшілік Кодекстің 381-бабына

сәйкес, заңсыз ағаш кесіп, оларды

жойған немесе зақым келтірген

азаматтар 100-1000 айлық есептік

көрсеткіш көлемінде айыппұл

төлейді. Егер заң бұзушылық ерекше

қорғалатын табиғи аумақтарда

орын алса немесе тұрғын бір

жыл ішінде бірнеше рет заң

бұзса, 150-1500 АЕК көлемінде

айыппұл салынады. Бұл ретте

заңсыз кесілген ағаш, оны кесуде

пайдаланылған құралдар, көлік –

барлығы тәркіленеді. Оған қоса,

табиғатқа келтірілген шығын көлемі

өтеледі. Өткен жылдың соңында

өтемақы көлемі айтарлықтай

өзгерді. Бұған дейін ағашты

кескен соң оның әрі қарай тамыр

жаюына зиян келтірілмесе, тек

4 АЕК көлемінде айыппұл салынатын.

Соңғы өзгерістерге сәйкес,

өтемақы көлемі 125 есеге өсіп,

500 АЕК-ке жетті. Талды тамырымен

жұлып алып, оның әрі қарай

өсуі мүмкін болмаған жағдайда

6 АЕК көлемінде өтемақы төлесе,

енді 166 есе көп, яғни 1000 АЕК

теңге беруге міндеттеледі.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Жеңілдікке ие болады

Екібастұздық кәсіпкерлер жылу үшін павлодарлық әріптестерімен салыстырғанда

бір емес, бірнеше есе көп төлейтініне қапалы болып жүрген-ді.

Олардың қуанышына орай, биыл қазан айынан бастап тариф 35 процентке

арзандамақ. Бұл облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасынан кейін

мүмкін болды.

Санақшының

міндеті қандай?

Басы 1-бетте

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Биыл жоғары оқу орнын

тәмамдап, қолына диплом

алған Ғарифулла Мұсахан

10 жылда бір рет жүргізілетін

халық санағының ойдағыдай өтуіне

өз үлесін қоспақ. Бірнеше күннен

соң тіркеуші ретінде жұмысын

бастайтын ол үй-үйді аралап,

оффлайн түрде сауалнама өткізеді.

Яғни, Павлодар қаласындағы

тұрғындарға санақ парақтарында

көрсетілген сұрақтарды қойып,

жеке мәліметтерді толтырады.

Ғарифулла Мұсаханның айтуынша,

халық санағы планшеттегі

арнайы бағдарлама арқылы

жүргізіледі. Алынған ақпарат

бірден бірыңғай мәліметтер базасына

енгізіледі. Бір толтырылған

ақпараттың қайта қайталануына

жол берілмейді.

- Бүгінде санақшылар сақадай

сай отыр. Маған жүктелген міндет -

Химқалашық ауданында санақ

жүргізу. Бұл жұмыс қиындық

тудырады деп ойламаймын.

Бір адамға 10-15 минут уақыт

жұмсалса, ай көлемінде санақ

жұмысын толық аяқтаймын, -

дейді Ғ.Мұсахан.

Санақшы халық санағының

символикасы бар көк түсті сөмке

мен мойынорағыш, сонымен

қатар бетперде, антисептик,

кеңсе тауарларымен қамтамасыз

етілгендігін атап өтті.

- Егер де тіркелген әрі санақтан

өткен тұрғындар санақ парағына

өзгеріс енгізуді қаласа, 1446

байланыс орталығына хабарласып

немесе үй-үйді аралаушы

санақшыларға хабарлауына

болады. Біз қашанда өз көмегімізді

көрсетуге дайынбыз, - дейді

Ғ.Мұсахан.

Облыстық статистика департаменті

басшысының орынбасары

Жанар Мағзамова дәстүрлі

форматтағы халық санағының

өту барысы туралы мәліметпен

бөлісті.

- Қазіргі таңда аймақ бойынша

халық санағын жүргізетін 870

интервьюер бар. Әр санақшы

бір айдың ішінде кемінде 833

тұрғын үйді аралап шығуы қажет.

Санақ жүргізетін интервьюердің

аумақтық статистика органы

берген жеке куәлігі болады.

Халық санағының символикасы

бар көк түсті сөмкемен және

мойынорағышпен қамтылады, -

деді Ж.Мағзамова.

Павлодар қаласы бойынша

санақшылар саны 414 болса,

нұсқаушы-бақылаушылар – 60

адам. Интервьюерлердің санақ

жүргізу уақыты еркін. Басым бөлігі

студент әрі жұмыс істейтін жастар

болғандықтан, бір айдың ішінде

белгіленген адам санын тексерістен

өткізіп, санақты аяқтауы қажет.

Бұл туралы қалалық статистика

басқармасының басшысы Дархан

Қыздарбеков атап өтті.

24 қыркүйек пен 7 қараша

аралығында жұмыс істейтін

нұсқаушы-бақылаушының

еңбекақысы міндетті төлемдерді

есепке алмағанда 125014 теңге,

1-31 қазан аралығындағы интервьюердің

жалақысы 104125

теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта облыстық статистика

департаментінде халық

санағы бөлімінің қызметкерлері

аймағымыздағы мемлекеттік

мекемелер мен білім беру және

денсаулық сақтау ұйымдарында,

ірі кәсіпорындарға санақ бойынша

оқыту жұмыстарын өткізіп жатыр.

Қала тұрғындарына ақпараттық

парақшалар таратылып, трамвайлар

мен автобустарда берілуде.

Әлеуметтік желілерде де санақ

бойынша ақпараттар жариялануда.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Соңғы жылдары жылу маусымы

басталған уақытта көмірлі шаһардың

кәсіпкерлері жылу тарифы

мөлшерінің тым жоғары екенін айтып,

дабыл қағып жүр. «Жығылғанға

жұдырық» демекші, карантиннің

салқыны да оңай тимеуде.

Бизнесмендердің жиі шағымдануына

байланысты облыс әкімі Әбілқайыр

Сқақовтың тапсырмасымен ҚР ҰЭМ

Табиғи монополияларды реттеу

комитетінің Павлодар облысы

бойынша департаменті екі ай барын

арнайы сараптама жұмыстарын

қолға алыпты. Оның қорытындысын

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен онлайн брифингте аталған

ведомствоның басшысы Ибрагим

Тангиев айтып берді.

- Тексеріс жұмыстары кезінде

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС

басшылығының инвестициялық

жобаларды орындауға жұмсалуы

тиіс 192 миллион теңгеден астам

қаражатты игермегені анықталды.

Тұтынушылардың құқығын қорғау

мақсатында «Екібастұзжылуэнерго»

серіктестігінің жылу энергия

сын өндіру, беру және тарату

қызметтеріне уақытша өтемдік

тариф бекіту туралы бұйрық

шығарылды. Яғни, игерілмеген

қаражат есебінен тариф бағасын

арзандатуға мүмкіндік туды.

Оған сәйкес, жылу энергиясын

өндіру және беру тарифі 17,3

процентке (әр Гкал үшін 5191,46

теңгеден 4 295,60 теңгеге) төмендетілді,

- дейді Ибрагим Тангиев.

Осылайша, кәсіпкерлер

35 проценттік жеңілдікті сезіне

алады. Атап айтсақ, заңды тұлғалар

үшін қосымша құн салығын қосқанда

бір Гкал үшін тариф 14462 теңгеден

9400 теңгеге дейін арзандап отыр.

Ал бюджеттік мекемелер мен жылу

есептеуіш құрылғысын орнатпаған

тұрғындар үшін 2 проценттік

жеңілдік қарастырылған.

Жиынға қатысқан облыс

әкімінің бірінші орынбасары Олег

Крук Павлодар мен Екібастұз

қалаларындағы жылу тарифы

мөлшерін салыстыру ақылға

сыймайтынын айтты. Мәселен,

облыс орталығындағы жылу-электр

стансалары электр энергиясын

өндіру арқылы шығындарын

азайтуға мүмкіндік алса, Екібастұз

қаласында тек қана жылу энергиясы

өндіріледі. Сәйкесінше, ондағы

жылу тарифы бағасының жоғары

болуы заңдылық, дейді О.Крук.

Ол екібастұздық кәсіпкерлерге

орталықтандырылған жылу жүйесіне

қосылғаннан гөрі жеке қазандыққа

сенім артқан тиімді екенін де

жасырмайды.

- Дифференциалды тариф

мәселесін мықтап қолға алу керекпіз.

Менің пікірімше, 1990 жылдары

көмірлі шаһарда бұл бағыттағы

жұмыстар дұрыс жүргізілмей, бар

ауыртпалық заңды тұлғаларға

түсті. Оның ішінде бюджеттік

мекемелер де бар. Бүгінде жылу

жүктемелігі бойынша проблема

жоқтың қасы. Сондықтан да,

кәсіпкерлер орталықтандырылған

жылу жүйесіне біртіндеп көшуі

қажет. Бұл – тариф бағасының

төмендеуіне әсер ететіні сөзсіз, -

деді О.Крук.


SARYARQA SAMALY

25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл

5

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

Құрметті балалар! Сендерді жаңа оқу жылының басталуымен

құттықтаймыз. Әр адам үшін жаңа оқу жылы - жаңа білім, жаңа табыс,

жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Мектеп табалдырығын енді аттаған

бүлдіршіндер үшін бұл - сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына

жасайтын маңызды қадам. Білім ошағындағы әр сағат қызықты сабақтармен,

таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын!

Биыл дәстүрлі форматта ұстаздарыңмен қайта қауышқандарыңа қуаныштымыз.

Жаңа оқу жылы жаңа табыстар әкелсін!

«Ainalaiyn»

БАЛАЛАР ҚАЛАЙ ДЕМАЛДЫ?

Ўстаз -

мектептіѕ жїрегі

«Ұстаз» деген сөз біз үшін қашанда қадірлі,

қасиетті саналады. Небір данышпан да,

қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан

өтеді. Ал, ұстаз болу - кез келген адамның

қолынан келе бермейтін іс.

Редакциямызға жазғы демалысын қызықты өткізіп, жаңа

оқу жылына күш-жігер жинаған балалардан көп хат түсті.

Оқушылардың мақалаларын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

«Ата-анама арнадым»

Оқу жылы аяқталғанда балалар

жазғы демалысты өзге

қалаларда өткізуді қалайтыны

белгілі.

Биыл мен жазғы уақытта ата-анамның

жанында болдым. Себебі оқу күндері

әке-шешеме қолғабыс ете алмаймын.

Олар менің жақсы оқығанымды қалайды.

Сондықтан сабаққа ерекше көңіл бөлемін,

қосымша оқу курстарына қатысамын.

Ата-анамның қасында болуға әлемдегі

індет те себеп болғанын жасырмаймын.

Отбасымызбен алысқа бармай, өз

қаламызды – Павлодарды араладық.

Ертіс жағалауында серуендеп, таза

ауамен тыныстадық. Жазғы демалыс

тез өтіп кетті. Оған уайымдамаймын.

Себебі мектебіммен, ұстаздарыммен,

достарыммен қауыштым.

Фотоэтюд

Таудай болса талабым,

Таудай бала боламын.

Білім жүгін арқалап,

Мен мектепке барамын!

Жансая ТӨЛЕГЕНОВА,

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің

3 «Б»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Ауылда демалдым

Жазғы демалысым өте көңілді өтті. Достарыммен

бірге қыдырып, түрлі ойындарды

ойнадық.

Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар

саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге

аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес.

Сондай жандардың бірі, менің аяулы анам - Алтынгүл

Тәкиеваны тәжірибелі ұстаз, асыл жар, аяулы ана ретінде

жақсы көремін.

«Шәкіртсіз ұстаз - тұл» демекші, мен осындай ұстаз анамның

баласы болғанымды мақтан тұтамын. Мектебіміздің білікті

мұғалімі, ұжым мақтанышына айналған анам оқушыларды

тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап

өткім келеді. Сондықтан, білім саласының артуына өз

үлесін қосып, талай жыл талмай–қажымай, отбасымызда

да, мектепте де еңбек етіп келе жатқан анамды ерекше

құрметтеймін. Барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының

дәстүрлі форматта басталуымен құттықтаймын.

Жанәлі МҰХАМЕДМАНСҰР,

Қалижан Бекқожин атындағы

орта мектептің 7 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Інім мектепке

барды

Тағы бір жаңа оқу

жылы басталды.

Жазғы демалысымыз

аяқталып,

ойымыз бен

бойымыз өсіп,

сүйікті білім

ордамызға

асықтық.

Айзере АСҚАРОВА,

6 жаста, Павлодар қаласы.

Жаздың алғашқы айында мектептегі

лагерьге бардым. Түрлі экскурсияларға

қатысып, көрме, мұражайларды

араладым. Ауылдағы әжеме барып,

табиғат аясында демалдым. Отбасымызбен

өзен жағасында демалып,

тамақтандық. Әкем маған жүзуді үйретті.

Ауылда достарым өте көп. Жыл сайын

олар мені асыға күтеді. Кешке велосипед

теуіп, жарысамыз. Жазғы демалысымды

өте көңілді өткізіп, жаңа оқу

жылына күш жинадым. Мектебімді

сағынғанымды жасырмаймын.

Іңкәр САПАР,

3 «А»-сынып оқушысы,

Жетекші ауылы, Павлодар ауданы.

Биылғы мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің

«Әліппе» оқулығын қолдарына алғаны ерекше қуантты.

Себебі менің інім Санжар 1-сыныпқа барды. Ата-анам

үлкендерден бата алып, тілашар жасады. Ініме Әліппедегі

әріптерді өзім үйреттім. Барша оқушылар «Тәуелсіздігімізге -

30 жыл» атты тәрбие сабағына қатысты. Достарымызбен

көрісіп, жазғы демалысымыз туралы әңгімелестік. Екінші

анамыз, ұстазымыз Жанаргүл Зорькийқызымен қауыштық.

1 қыркүйекті сағына күткеніміз рас. Барша оқушыларға

сабақты жақсы оқып, жетістіктерге жетулерін тілеймін.

Аңсар СЕРІК,

Б.Момышұлы атындағы

орта мектептің 3 «Ж»-сынып оқушысы.


6 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл

SARYARQA SAMALY

Сұлужон жалпы

орта білім беру

мектебінде

ҚР Тәуелсіздігінің

30 жылдығына

орай, «Тәуелсіздік

жетістіктері» атты

тәрбие сағаты

өткізілді.

Өздерің жазған хаттардан...

Қашықтан білім алудың

пайдасы көп

Биыл 7-сыныпқа көштім. Сабақтың дәстүрлі форматта өтетініне ерекше

қуандым. Себебі мектебімді, ұстаздарымды, достарымды сағынып қалғанымды

байқадым.

Оқушылармен бірге ойнап-күлу

шынымен бақыт екен ғой! Қазіргі

күнде сабақтағы түсінбеген тақырыпты

мұғалімнен тікелей сұрап алатын

болдым. Көзбе-көз түсіндіргені

қалай айтса да жақсырақ. Өткен

оқу жылында карантинге байланысты

қашықтан оқу біраз қиындықтарын

көрсетті. Сыныптастарымызбен көрісе

алмай қалдық. Енді күнде көрісіп,

бір-бірімізге сабақта да көмектесіп

жүрміз. Өз басым бізге қашықтан оқуды

да, жұмыс істеуді де үйрену қажет деп

санаймын. Алыста, яғни басқа қалада,

т.б. орналасқан адамдардың білімін

«ZOOM» сияқты бағдарламалар арқылы

қашықтан меңгеру де - таптырмас

мүмкіндік.

Қашықтан білім алуға мүмкіндік

беретін бағдарламаларды меңгеру де -

үлкен жетістік. Себебі шет

елдің озық университетіндегі

ұстаздардың дәрісін тыңдап,

тәжірибе алмасуға болады.

Онлайн форматтағы оқудан

осыны түсіндім.

Лейла ДӘУЛЕТОВА,

Қалқаман орта мектебінің

7 «А»-сынып оқушысы,

Ақсу қаласы.

Тәуелсіздік

жетістіктері

Тәрбие сағатының шымылдығы Әнұранмен ашылды.

Балаларға Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктері,

мемлекетімізді нығайтып, халқымызды әлемге танытып,

абыройын асқақтатқан Елбасы мен оның отбасы, өмір

жолы бейнеленген видео көрсетілді.

Рәміздерді таныстыру мақсатында Отанымыздың көк

байрағын бояу тапсырмасын оқушылар өте жақсы орындап

шықты. Білім алушылар «сандықтағы сұрақ» ойыны арқылы

сабақта түсінген ойларын қорытындылай білді.

Бақыт БАГИСОВА, мұғалім,

Сұлужон ауылы, Баянауыл ауданы.

Тіл – адам

өміріндегі

ең маңызды

құралдардың

бірі. Себебі

тілдің қолданыс

аясы

өте кең. Әрбір

ел, әрбір

ұлт өз тілін

қадірлейді,

құрметтейді.

Ұлттық

құндылық

Ана - шынында да

өмір гүлі, күннің

нұры екен. Әрбір

ана сәбиінің дені

сау болып, жақсы

азамат болып

өскенін қалайды. Түн

ұйқысын төрт бөліп

оянатын ананың

сенімін ақтау қажет.

Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі

тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі

жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек.

Мен анамды сыйлаймын, жақсы көремін.

Ол балабақшада қазақ тілі пәнінің

мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның

жұмысы өте қиын әрі қызықты.

Балабақшадағы әр баланың мінезқұлқын

танып-білуге тырысатын анам

маған қатал талап қояды. Біз анам

Аймағымыздың

оқушылары ҚР

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

арналған

«Бояулар құпиясы»

атты жас суретшілер

байқауына белсене

қатысты. Шараға

14 көркемсурет мектебі

ж әне өнер ме к т е п т ері н і ң

көркемөнер бөлімдерінің

30-дан астам оқушысы

қатысты.

Ґмірімніѕ мəні

екеуіміз түрлі тақырыпта әңгімелесеміз.

Мен қандай сұрақтар қойсам да,

анам жауап береді. Әсіресе мен

кішкентай кезімдегі қылықтарымды

еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені

еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан

иіскейді. Ұйықтар алдында мен одан

Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың

балалық шақтары жайлы сұрай беремін,

ол жауап беруден жалықпайды. Мен

анамның әрқашанда көңілді жүруін

тілеймін!

Ал мектептегі ардақты ұстаздарым

екінші анамдай болып кеткен жандар.

Сандуғаш Қамзина, Гүлнәр Әйтімқызы,

Алтынгүл Тәкиева бізге тәлім-тәрбие

беріп келеді. Түрлі мерекелерде біз

қызықты ойындар ойнап, би билеп,

ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып

ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне

қатысамыз. Барлық ұстаздарымыз

- өте мейірімді жандар, біз ол

кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса

екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста

мұғалім бізді мұражайларға,

қалаға серуенге, кинотеатрға алып

барды. Осындай мейірбан ұстаздардың

еңбектері естен еш кетпейді

және де біз әрқашан да жадымызда

сақтаймыз.

Кәмила ҚҰНАНБАЕВА,

Қ.Бекқожин атындағы

орта мектептің

7 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

БАЙҚАУ

Ќазаќстанды бейнеледі

Суретті салған – Дамира БАЗАРБАЙ.

Қазақ тілі - Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының

рухани, мәдени байлығы, баға

жетпес қазынасы. Сондықтан

әрбір азамат тілімізді дамытып,

сақтап, құрметін арттырса,

ұлтымыздың болашағы зор

болады.

Мемлекетіміздің кез келген

оқу орнында қазақ тілі ана

тілі және мемлекеттік тіл

ретінде оқытылады. Бүгінгі

күні оқушыларымыз сауатты

сөйлейді, өз ойларын ашық

жеткізуге тырысады, сөздік

қоры мол, ой–өрістері кең.

Павлодар қаласындағы

№15 орта мектеп Қазақстан

Республикасы халқының тілдері

күніне орай қыркүйектің

5-22-сі аралығында

10 «Г»-сынып оқушыларының

қатысуымен

«Тіл – ұлттық құндылық» тақырыбы

бойынша шара өткізді.

Сабақ барысында оқушылар

мемлекеттік тіл жөнінде

ойларын орта салып,

пікір алмасып, сұрақтарға

жауап берді. Оқушылар -

Ангелина Табола, Владислав

Кузнецов, Жанасыл Туранов,

Алексей Тарасов тіл туралы

өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар, сабақ барысында

берілген тапсырмаларды

да өз деңгейлерінде

орындай алды.

Гүлсия УӘЛИХАНОВА,

№15 орта мектептің

мұғалімі,

Павлодар қаласы.

Суретті салған – Азиза БАУЫРЖАН.

Байқау шарты бойынша 10-17 жас аралығындағы жас

суретшілер «Тәуелсіз Қазақстан - балалар көзімен» суреттер

көрмесінде 2 бағыт бойынша жұмыстар орындады. Суреттердің

салынуы электронды форматта ұсынылды.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 9 оқушының

жұмысы үздік деп танылды. Оның ішінде Павлодар қаласының

4 жас суретшісі бар.

Облыстың көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында

«Туған өлке» суреті үшін Азиза Бауыржан жеңімпаз атанды.

Азиза 2020 жылғы республикалық, халықаралық байқаулардың

жүлдегері екенін атап өткен жөн.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабын иллюстрациялағаны

үшін Юлия Пайчук II орынды иеленді. Ол «графика»

техникасында орындаған суретін «Туған жер» деп атады.

«Коллаж» техникасын қолданған Дамира Базарбай

«Жайлаудағы көктем» жұмысы үшін III орынды иеленді.

«Бояулар құпиясы» номинациясын «кескіндеме» техникасында

орындаған «Натюрморт» жұмысы үшін Ділнәз

Жиенбекова да жеңімпаз деп танылды. Балалар арнайы

марапатқа ие болды.

Балжан ӘДІЛХАНОВА,

Павлодар қаласы.

Суретті салған – Юлия ПАЙЧУК.


SARYARQA SAMALY

25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 7

ЭССЕ

Редакциямызға Павлодар қаласы №19 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары тырнақалды

туындыларын жолдапты. Оқушылардың әсерлі эсселерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Тіл ғұмыры -

ұлт ғұмыры

Тіл - қоғамдағы басты қатынас құралы. Себебі

адамдар өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі,

пікір алмасады, тілдеседі. Сонымен қоса, Мұқағали

атамыздың үш бақытының бірі болған тіл - ұлт

байлығы.

Менің ана тілім - қазақ тілі.

Қазағымның қазақтығын және

азаттығын танытқан қазақ тілі екені

айдан анық. Ана тілінің қадірқасиетін

түсіне білген халқымыз

оны ұлттың рухына, қазынабайлығына

балаған.

Қазіргі таңда әлемде жеті

мыңдай тіл бар. Оның көбіне жойылу

қаупі төніп тұр. Бұл - бұрыннан

келе жатқан тарихи тілдер жоғалып

бара жатыр дегенді білдіреді. Бұдан

не байқауға болады. Тіл қорғауды

қажет етеді.

Қазіргі таңда тіл мәртебесі

жоғары орынға қойылуда. Оны

Қазақстан Республикасының

Президентінің жақында ғана халыққа

жолдаған Жолдауынан байқауға

болады. Жолдауда «Болашағын

Отанымызбен байланыстыратын

әрбір азамат қазақ тілін үйренуге

ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың

басты белгісі деуге болады» деп

айтылды. Сонымен қоса, жастардың

өзге тілдерді де меңгеріп, заман

талабына, бәсекелестікке қабілетті

болу маңызды екені белгілі. Әсіресе,

өскелең ұрпақтың, біздің, алдымызда

бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Тіл өмір сүрсе ұлт та өмір сүреді.

Ұлттың ұлт екенін танытатын тіл

мен дәстүр екені белгілі. Ендеше,

тілге қандай құрмет көрсетсек те

лайық. Ал оның тапталмай биікке

көтерілуі біздің, болашақ ұрпақтың

қолында. Тіліміздің ғұмыры мәңгі

болғай!

Менің өлкем

Сезім МЕЙРАМБЕК,

2 «Б»-сынып оқушысы.

Мен Павлодар қаласында тұрамын. Жыл сайын

жазғы демалысымды Баянауылда өткіземін.

Баянауыл – еліміздің көрікті аймақтарының бірі.

Онда мал шаруашылығы, туризм жақсы дамыған.

Табиғатында сирек кездесетін

аңдар мекендейді. Баянауылда

менің ата-әжем тұрады. Олар

мен келгенде қуанып, бар тәттісін

дайындап қояды. Көкжал және

Тарзан атты иттерім де менің

алдымнан жүгіріп шығады.

Ауылда уақыт көңілді өтеді.

Әсіресе, ойнағанда, уақыттың

қалай тез өтіп кеткенін білмейсін.

Мен ата-әжеме үй шарушылығына

көмектесемін. Күндіз су тасып, бие

сауысып, кешкісін бұзау бағып,

сиыр айдап әкелемін. Кешке

таман отбасымызбен кезектесіп,

күбідегі қымызды пісеміз. Оған

қоса шілде, тамыз айларында

қарақат, итмұрын тереміз. Бос

уақытта иттермен ойнап, тауларға

шығуға болады. Қалаға келісімен,

ауылымды сағындым. Келесі жазғы

демалысты асыға күтемін.

Әкежан ҚАДЫРКЕШ,

4 «А»-сыныбы.

ҚЫЛҚАЛАМ

Мультфильмдегі сүйікті кейіпкерлер!

Суретті салған - Әлихан НЫҒМАН, №24 орта

мектептің 3-сынып оқушысы.

Денсаулық – зор

байлық!

Әр адам салауатты өмір

салтын ұстану керек. Ол

үшін тек қана пайдалы

тамақты тұтыну қажет.

Фаст-фуд дегенді қойып,

құрамында дәрумендері көп

жеміс-жидектерді көбірек жеу

қажет. Қазір балалар мен бірге

ересектер де тез дайындалатын

өнімдерді жеуге құмар. Бірақ

оны көп мөлшерде тұтыну

ағзаға зиян екенін ұмытпау

керек. Әсіресе, жылдың күз

және көктем мезгілдерінде

дұрыс тамақтанудың пайдасы

зор. Иммунитетті түсіріп алмау

керек. Сонымен қатар, адамдар

таза ауамен

тыныс алуы

қажет. Бүгінде адамдардың

көбі телефонға үңіліп отырады.

Ол да денсаулыққа өте зиян.

Оның орнына серуенге шығу

немесе спортпен шұғылдануды

әдетке айналдыру керек.

Мен салауатты өмір салтын

ұстанамын!

Мектебіммен

мақтанам!

Суретті салған – Нағима ДРАГОНОВА, №24 орта

мектептің 3-сынып оқушысы.

Кәусар СЕРІК,

4 «А»-сынып оқушысы.

Биыл бастауыш сыныпты тәмамдап, келесі

жылы орта сыныпқа көшемін. Білім алатын

мектебім - Павлодар қаласындағы үздік білім

ошақтарының бірі.

Алтын ұямды жақсы

көремін. Күн сайын қуана

сабаққа барып, достарыммен,

ұстаздарыммен көрісіп, мәресәре

болып үйге ораламын.

Білім беретін ұстазымыз

Эльмира Қабиденқызы - біздің

ақылшымыз. Өте бауырмал,

ақкөңіл адам. Екінші анамыздай.

Тәжірибелі ұстаздан тәлім алып

жүргенімізді мақтан етемін.

Тоғжан АЙТПАЙ,

4 «В»-сынып оқушысы.

БАЛАПАН ЖЫР

Анашым

Шыққанда жарқын күн,

Жанарың шашып нұр.

Иіскейсің жақындап кеп,

Төгілтіп ән мен жыр.

Бағымсың, анашым,

Мәпелеп өсірген.

Алдыңда боташың,

Қатесін кешірген.

Бойыңда бар қасиетті

Мұра ғып бересің.

Жақсылық ниетті

Мақсат қып келесің.

Айналып-толғанып

Атады әр кез таң.

Анашым, ардақтым!

Арнадым өзіңе ән!

Саяжан САҒДИЕВА,

№32 орта мектептің

6 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

ЭССЕ

Ана –

өмірімнің

мәні

Ана - жер бетіндегі ең

әдемі сөз. Бала айтқан

алғашқы сөз және ол

барлық тілдерде бірдей

нәзік естіледі. Ананың ең

мейірімді жүрегі, бәрін

жасай алатын ең

нәзік қолдары

бар. Адал және

сезімтал

жүректе

ананың

ұлы

махаббаты

ешқашан

өшпейді.

Әлемде көптеген аналар бар және олардың

бәрі әртүрлі. Бірақ оларды біріктіретін

нәрсе бар, бұл - бізге берген махаббат.

Мен үшін анамдай жақын адам жоқ. Ол -

менің досым, ұстазым. Ол мені көп

нәрсеге үйретті. Ол - менің қуанышым.

Бақыт ананың алғашқы сүйіспеншілігінен

басталады, бізді құшақтап, сүйген алғашқы

адам – біздің анамыз. Мен анама көп

қарыздармын. Маған қамқорлық жасай

отырып, осы әлемде өмір сүруді үйретті.

Аналарымызды ешқашан ренжітпейік!

Нұрия ҚАЙЫРГЕЛДИНОВА,

№14 орта мектептің

9 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.


8 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл

SARYARQA SAMALY

6

Оқушы

Ученик

Pupil

Сөмке Рюкзак

Schoolbag

Желім

Клей

Glue

Қалам

Ручка

Pen

Қарындаш

Карандаш

Pencil

Сызғыш

Линейка Rule

Қоңырау

Звонок

Bell

4

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде сөйлеп

үйренейік!

Емтихан

Экзамен

Exam

Сабақ кестесі

Расписание

Timetable

Мектеп Школа School

2

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы –

сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Ainalaiyn» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі маманы,

тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова үш тілде сөйлеуді

үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз мектепке, оқуға қатысты атауларды

үйренеміз. Ендеше, іске сәт!

1

3

5

Оқулық

Учебник

Book

Дәптер

Тетрадь

Copybook

Қағаз

Бумага

Paper

Баға

Оценка

Mark

Мектеп директоры

Директор школы

Principal

Мұғалім

Учитель

Teacher

Тақта Доска

Board

Бор

Мел

Chalk

Парта

Парта

Schooldesk

Сынып

Класс

Class

Бақылау жұмысы

Контрольная работа

Test

Сөзжұмбақ!

1 Мектептің

жүрегі?

2 Ең үздік баға?

3 Баға қайда қойылады?

4 Оқушылар мектепте қайда отырады?

5 Ең нашар баға?

6 ... білім бұлағы

Білім - өмір шырағы

Құрастырған – Мейіржан АЙТПАЕВ,

Павлодар қаласы №38 мектептің 4-сынып

оқушысы, Мойылды ауылы.

ТӘРБИЕ

ҚАЗЫНА

Кітап - үнсіз мұғалім...

«Кітап- ақылыңа ақы сұрамайтын ең құнды қазына»

деген түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер

Науаи. Кітап туралы көп нәрсе айтып, жазуға болады.

Қазір қоғамда қаншама технология шығып жатыр.

Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық.

Оқыған адамның күні қашан да жарық.

Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызықты

өткізу ғана емес, сонымен қатар, тұлға

болып қалыптасуға орасан зор көмегі

тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық

жинақтаған білімін, жаңа ұрпаққа кітап

арқылы таратады. Олар әр адамның

өміріне енген заңдылық десе де болады.

Қазіргі кезде керек ақпарат табу үшін,

аудио, видео, ғаламтор секілді жеңіл жолдар

тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық

азайып кетті. Заманауи технологияларды

меңгереміз деп, ең бастысы, тілімізді

жоғалтып бара жатырмыз. Ол тек қана

кітап оқу арқылы дамитыны анық.

Кітап оқу сөздік қорды байытады және

жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.

Кітап оқудың еш кеші жоқ.Қай заманда

болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы

мұрат–міндеттердің ең бастысы – салауатты,

саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың

талабын қанағаттандыру, рухани байлығын,

Балалар – еліміздің болашағы. Оларды

оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып,

осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың

міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын

қарым-қатынасы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр

осылардың бәрі - адамның дүниетанымын,

сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын

тәлімдік мұра.

Қазақстанда салауатты өмір салтына

қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен

нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала

құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы

күрес жүргізу. «Ата көрген оқ жонар, шеше

көрген тон пішер» демекші, балаға отбасы

тәрбиесінің әсері мол.

Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз

Әбу-Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім

емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген

білім - адамзаттың қас жауы» - деген болатын.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлықзомбылықтың

алдын алуға бағытталған

профилактикалық сипаттағы шараларды

жүргізуде ақпараттық жұмыстарды өткізу қажет.

Зорлық-зомбылық оқиғалары баланың мінезқұлқына

әсер етіп, психикасын бұзады. Көп

жағдайда әйелдер мен балалар, мүгедек жандар

зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады.

Зорлық-зомбылықпен күресу үшін бірінші

кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын

өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың

абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл

тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар

жекелеген әрбір адамның міндеті.

Осы өзекті мәселені ортаға салып, ой

қозғау үшін «Зорлық-зомбылықсыз және

қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық

акциясы аясында №32 орта мектебінде

ауқымды шара өтті. Павлодар қалалық

полиция басқармасының полиция майоры

Сұлтан Ахметов, әйелдерге арналған облыстық

оңалту орталығы директорының әлеуметтік

мәселелер жөніндегі орынбасары Фарида

Белгібаева, психолог Дана Жанәлиева, қалалық

білім беру бөлімінің қызметкері Сағындық

жалпы ой-өрісін дамытуда,

талап талғамын

қалыптастыруда ең

үлкен де ұлы тәрбие

құралы - кітап деп

айтсам, артық болмас

еді.

Қазіргі таңда

мектептерде болып

жатқан «Сыныппен бірге оқимыз!», «Менің

үстелімдегі кітаптар» атты челленджі бұл

оқушыларды кітап оқуға тартудың игі

бастамасы деп ойлаймын.

Кітаптарға сену керек! Оқу керек!

Олардан артық жақынды таппассың. Атааналар

балаларымен бірге кітап оқып,

мазмұнына талдау жасауы қажет. Бұл

да - тәрбиенің бір түрі.

Б.САДЫҚОВА,

№24 жалпы орта мектебінің

мұғалімі, Павлодар қаласы.

Баланың бақыты -

отбасында

Баланы тәрбиелеу еңбекке, әдептілікке,

инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа

үйретуден тұрады. Осы

қасиеттің барлығын балалардың бойына

сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру

тәрбиенің басты мақсаты болмақ.

Халқымызда «Адамнан адам тәлім алады, ағаштан

ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

Шәкенов «Бақытты отбасы - бақытты бала»

тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шарада мектеп директоры Бақыт

Жұмашқызы қатысушылар алдында бала

тәрбиесінде өскен ортаның маңызы зор

екенін атап өтті. Нашақорлыққа, темекіге,

ішімдікке үйір баланың болашағына балта

шабылатынын жеткізді.

Сұлтан Ахметов балаларды қорғау -

алдымен ата-ананың міндеті, екенін атап

өтті. Оның бос уақытын тиімді қамту, көзден

таса қылмау отбасы мүшелеріне жүктелген.

Фарида Шарапқызы орталықтың қызметі

туралы және өмірлік қиын жағдайда қалған

әйелдерге көмек көрсету, отбасындағы зорлықзомбылық

туралы айтып береді.

Отанға деген ыстық сезім жақындарына,

туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен

бастау алса, отбасында адам бойындағы

асыл қасиеттер жарқырай көрінетіні сөзсіз.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар балаға

бақытты болашақ қалыптастыру мәселесін

сөз етіп, өз ойларын ортаға салды.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда

қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып

шығып, шалғындардан, орманнан өткенде,

тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді

жаны сүйген. Оның жүрген жерлеріне мезгілі

келгенде керемет гүлдер өсіп шығады екен.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері

көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен

сол жердегі сұлулық әлемі, әсемдік әлемі

байыды. Балаларымыздың өмірі зорлықзомбылықсыз

болса, адамзат дүниесі сұлу

да әсем болар еді.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі тәртіп пен

мәдениет күллі адам атаулының күнделікті

әдеттеріне айналған кезде, біз мейірімі мол

қайырымды қоғамды құрып қана қоймай,

зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың

шаңырағын биіктете түскен болар едік!

Райгүл ЖАЙДАҚБАЕВА,

№32 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Павлодар қаласы.

«Айналайын» қосымшасының үйлестірушісі - Айдана ҚУАНЫШЕВА.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 9

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Су құбыры салынуда

Ақсу қаласына қарасты Қызылжар ауылдық округінің құрамына

кіретін Сарышығанақ ауылында орталықтандырылған су

желісі жүргізілуде.

Мердігер компания - «Ай-Су-

Мелиорация» ЖШС су құбырын тарту

жұмыстарын осы жылдың сәуір айында

бастады. Ауылды таза ауызсумен

қамтуы тиіс құбырдың жалпы ұзындығы

15 шақырымнан асады. Оны тартуға

мемлекеттік қазынадан 457 166 850

теңге бөлінді.

Учаске басшысы Руслан Қатаровтың

айтуынша, бүгінде

тиісті жұмыстардың

барлығы дерлік

аяқталды. Елді

мекендегі 200 ауланың 180-і мен мектеп,

шағын орталық сынды әлеуметтік нысандар

орталық желіге қосылды.

Сонымен қатар, жобаны жүзеге

асыру барысында ауылдың екі тұрғыны

жұмыспен қамтылды. Олар алдағы

уақытта арнайы оқудан өтіп, тұрақты

жұмыс орнына алынады.

Г.ӨЗКЕЙ.

Суретті түсірген –

Ернұр Жұмаділов.

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Мерзімнен кешігуде

Екібастұз қалалық ауруханасы жанынан салынып жатқан

инфекциялық бөлімнің құрылысы белгіленген мерзімнен

кешіктірілуде. Бұған қаржының кеш бөлініп, тиісті құралжабдықтардың

уақытылы жеткізілмеуі себеп болып отыр.

Павлодар облыстық мәслихатының

бір топ депутаты инфекциялық бөлімнің

құрылыс барысымен танысты. Қазіргі

уақытта мұнда 50 адам еңбек етуде. Ішкі

және сыртқы желдеткіштерді орнату, төбені

жабу, электр және басқа да желілерді

тарту, ғимараттың сыртын қаптау бойынша

жұмыстардың 90-95 пайызы атқарылды.

Бірақ күрмеулі мәселелер де жоқ емес.

Мәселен, плиталарды төсейтін маман

тапшы. Ресейден жеткізілген аппараттардың

бірі де екібастұздық емханаға орнатуға

келмейді. Электр, жылу және су желілеріне

қосылуға рұқсат беретін құжаттар да әлі

мақұлданбаған көрінеді.

Осының барлығын назарға алған

депутаттар инфекциялық орталықтың

маңыздылығын алға тартып, жұмыс қарқынын

күшейту қажеттігін айтты. Аталмыш емдеу

мекемесі жыл соңына дейін қолданысқа

берілуі тиіс.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

-

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Дайындық тыңғылықты

-

ЕРТІС АУДАНЫ

Автожолдар жаңаруда

Ертіс ауданы аумағындағы автожолдардың жалпы ұзындығы

820,1 шақырым. Оның 134,7 шақырымы (Ленинский–Ертіс–Русская

Поляна) – республикалық, 152,6 шақырым (Панфилов–Бестөбе,

Ертіс–Пятирыжск) – облыстық, 247,2 шақырымы – аудандық

маңызы бар жолдар.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында

аудандық маңызы бар И.Байзақов –

Майқоңыр жолының 16,68 шақырымына

орташа жөндеу жұмыстары жүгізілуде.

Ұлттық қордан 2021 жылға 124,2 млн.

теңге, 2022 жылға 240 млн теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі – екі жыл.

Мердігер ұйым – «Ай-Су Мелиорация»

фирмасы ЖШС. Ағымдағы жылы автожолдың

6,236 шақырымы жөнделуде.

2010 жылдан бастап жөндеу көрмеген

жолдың жұмыстары 25 қыркүйекте

аяқталмақ.

Шекараға жақын орналасқан Майқоңыр

ауылының тұрғындары әкім есебінде жиі

көтеретін жол мәселесі шешілуде. Ауылдың

байырғы тұрғыны А.Мұсабекованың айтуынша,

мәселенің оң шешімін тапқаны

тұрғындарды қуантып отыр. Биыл проблемалы

жолдың бес шақырымы жөнделген.

Келесі жылы жөндеу жұмыстары одан

ары жалғасады.

Шалғайдағы Қызылағаш ауылына

баратын аудандық маңызы бар Сілеті-

Қызылағаш жолының 12,2 шақырымы,

Голубовка–Қызылқақ жолының 16,8 шақырымы

жөнделуде.

Ертіс ауданының ауылішілік жолдарының

қашықтығы 285,6 шақырымды құрайды.

Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында «Нұрал» ЖШС

мердігер ұйымы Қызылжар ауылының

тоғыз көшесіндегі 5,415 шақырым жолға

орташа жөндеу жүргізіп, асфальт-бетон

жабыны төселді. Жобаға 179,6 млн теңге

қаражат бөлінген.

Өз тілшіміз.

Дала төсінде жұмыс қызу

Береговой ауылындағы егін шаруашылығымен айналысатын

«Жакупов» шаруа қожалығында жұмыс қызу. Қожалық көктем

мезгілінде иелігіндегі 1200 гектар алқаптың 250 гектарына

арпа, 450 гектарына күнбағыс еккен.

Жиын-терім жұмыстарымен өз ісін

білетін механизаторлар – Сергей Коваленко,

Владимир Плотницкий, Игорь

Сокатунов сынды тәжірибелі азаматтар

айналысуда. Қожалық иесі Әлихан

Нәбидің сөзінше, шаруашылықта «К-700»,

3 «Белорусь» және жақында сатып алған

«Вектор-410» комбайны бар. Күнбағыс

қыркүйек айының соңында жиналмақ.

Аталмыш өнім май зауытына жөнелт і л е д і .

Бүгінде жоғары өнім беріп отырған арпа

гектарынан 9 центнерден алынуда. Ауа

райы қолбайлау болмаса, шаруашылық

бекітілген жоспарды уақытылы аяқтамақ.

Г.ЖАЯБАЕВА.

Ауданда жылу маусымы бағытындағы жұмыстар тұрақты

бақылауға алынып, нысандардағы жөндеу жұмыстары толық

аяқталған.

Қазіргі уақытта әлеуметтік және

мәдени ошақтардың көмірге деген

қажеттілігі 8060 тоннаны құрайды. Оның

ішінде мәдениет 1389 тоннаны, ауылдық

аймақтардағы әкімшілік 238 тоннаны, білім

беру мекемесі 4329 тоннаны, денсаулық

сақтау саласы 1377 тоннаны қажет етеді.

Аталған ұйымдар көмір тасымалымен

айналысатын мердігермен келісімшарт

жасаған. Қатты отын ағымдағы жылдың

1 қазанына дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан орталығында

УСПЕН АУДАНЫ

Тротуармен жүрген тамаша!

Биыл Успен ауданында атқарылып жатқан игі істер аз емес.

Қуантарлығы, тұрғындардың өтініші жерде қалмай, жоспарға

сай жүзеге асуда. Мәселен, жақында аудан орталығындағы

Гагарин көшесінің бойына жаңа тротуар төселді.

Аудан орталығы болғандықтан, мұнда

жаяу жүргіншілердің қарасы қалың

екені түсінікті. Жұмыс күндері шалғай

ауылдардан тұрғындар қатынайтынын

ескерсек, негізгі көшелер былай тұрсын,

кез келген көшеде абыр-сабыр тіршіліктің

белгісі байқалады. Мұндайда тротуар

болмаса, ары-бері жүйткіген көліктердің

ортасында қалып қоюың әбден мүмкін.

Жаңбыр жауса, ми батпаққа айналатын

жолдың тауқыметін тартасыз тағы. Сол

себепті, жергілікті тұрғындар аталған

-

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Тұрмыстық дүкен ашылды

Аққулы ауданы орталығында тұрмыстық және цифрлы жабдықтар

сататын дүкен ашылды. Енді ауыл тұрғындары тұрмыстық

заттар сатып алу үшін қалаға бармайтын болды.

Шараға Аққулы ауылдық округінің әкімі

Әсет Желдібаев, аудандық ішкі саясат

бөлімінің басшысы Ерболат Шакиров

және тұрғындар қатысты. Тұрмыстық

техника дүкенінің директоры Д.Яворскийдің

айтуынша, ауданда мұндай тауарларға

деген сұраныс мол. Жаңа дүкен сөресіне

ірі және ұсақ тұрмыстық техникалар,

смартфондар мен ноутбуктер және түрлі

электр жабдықтары сияқты күнделікті

тұрғындар үшін көмір сатумен айналысатын

25 жеткізуші бар. «Кукузов», РООТ»,

«Тукенев» жеке кәсіпкерліктерінде қатты

отын сақтайтын қойма да бар. Сондықтан

мамандар жұртшылық арасында отын

мәселесі туындамайды деген сенімде.

Көмір 15300-18000 теңге аралығында

сатылмақ.

Ауданда барлығы көпқабатты 21 үй

бар. Олардың барлығы жылу маусымына

100 пайыз дайын.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

көшеге тротуар қажет екенін жиі айтатын.

Биыл сәтін салып, ұсыныс қолдау тапты.

Құрылыс жұмыстарын «ПФК Гордорстрой»

ЖШС қолға алып, 1,975 км жолға

тротуар төселген. Ені – 1,5 метр. Тротуар

бойында 12 орындық, 12 қыш құмыра

және 12 қоқыс жәшігі орналасқан. Көлік

тұрағы да қарастырылған. Жергілікті

тұрғындар бұл іске атсалысқан барша

азаматтарға алғыстарын жаудыруда.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

өмірге қажетті заттар қойылған. Бағалары

да қолжетімді.

- Тұтынушыларға барлық жағдай

жасалған. Егер қолма-қол ақшасы

болмаса, әртүрлі банктер арқылы бөліп

төлеуін рәсімдеуге болады. Сонымен

қатар, түрлі акциялар мен жеңілдіктер

де бар, - деді дүкен иесі.

З.ОРАЗБАЕВА.


10

МЕРЕЙ

25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

ЕРТЕҢ – ЕҢБЕК КҮНІ

Жақын досым Күлжанов Төлеген

Мұқатайұлына арналған осы мақаламда

оның өмірбаяны мен адами қадірқасиеттері

туралы қысқаша айтып

берсем деймін. Бұларды Төлегеннің

үлесі мен еселі еңбегі туралы айналасында

жүрген жандар, әрине, жақсы

біледі. Сонымен бірге оны енді танитын

жандарға да пайдалы әрі қызықты

болады деп ойлаймын. Оған қоса

мұнда сөз болатын дүниелер газеттің

жас оқырмандарына ой салып, өскелең

ұрпақты ынталандырады, сондай-ақ,

Күлжановтар әулетінің жастарын әрі

мақтаныш, әрі жауапкершілік сезімге

бөлейді деп ойлаймын. Себебі қоғамда

жауапкершілік пен қызметтік аманатты

ақтап, достық пен туыстық қарымқатынасты

сақтайтын жандардың

ғибратты ғұмыры туралы мысалдар

мен шабыт сыйлайтын оқиғалары

көп болуға тиіс.

Төлеген Мұқатайұлы - тәжірибелі

өндіруші, мемлекеттік және жеке

сектордағы көптеген жауапты лауазымдарда

ел игілігі үшін жұмыс істеген

жоғары азаматтық жауапкершілігі бар

маман. Қазақстан Республикасының су

пайдаланушылары, су тұтынушылары

және су көлігі қауымдастығының сарапшысы.

Жоғары кәсібилігі, өндірістегі

үздік жетістіктері және заманауи өндіріс

индустриясын дамытуға қосқан зор

үлесі үшін «Тау-кен ісінің үздігі» Құрмет

белгісімен марапатталған.

Өндірістік және басқарушылық

тәжірибесі мол. Қазақстанның

барлық өңірінде кәсіпорындармен

және ұйымдармен іскерлік байланыс

орната білді. Әріптестер мен сала

мамандары арасында лайықты бедел

мен құрметке ие.

Досымның үздіксіз еңбек өтілі

35 жылды құрайды, оның 22 жылын

су және жер ресурстары саласына

арнаған. Қарап тұрсақ, 35 жыл

дегеніңіз – тұтас дәуір.

Төлеген Мұқатайұлы Баянауыл

ауданының Біржанкөл ауылында

1961 жылы 25 қыркүйекте дүниеге

келген. 1986 жылы жұбайы Үміт

Теміршотқызымен отау құрған. Биыл

шаңырақ көтергендеріне 35 жыл толып

отыр. Осы тұста олардың Баянауыл

ауданы Егіндібұлақ ауылындағы орта

мектепте 1 сыныптан бастап бірге

оқығанын айта кету керек. Содан

бері кездескен қуаныш пен бақытты

кездерде бірге шаттанып, қиындық

пен сынақ сәттерін бірге еңсеріп

келеді. Бүгінде екі бала тәрбиелеп,

төрт немересінің қызығын көріп отыр.

Төлегеннің жиен ағасы – белгілі

гидротехник, Қазақ КСР Мелиорация

және су шаруашылығы министрі Сұлтан

Момынұлы Баянауыл өңірінен шыққан

алғашқы министр еді. Сол кісінің ақылкеңесі

мен қажыр-қайраты бозбала

Төлегеннің су шаруашылығына деген

қызығушылығын оятып, болашақ

мамандығын таңдауына ықпал етті.

Баянның жас өркенін жиен ағасының,

әсіресе, «Ертіс-Қарағанды» каналының

құрылысы туралы әңгімелері қатты

Еселі еңбек иесі

Бүгін сырлас досымыз, ақылшы ағамыз, су шаруашылығы саласының білгір маманы

Күлжанов Төлеген Мұқатайұлы 60 жасқа келеді. Алпыс – асқаралы белес. Сол белеске

досым өзіндік терең ақыл-ойы мен шығармашылық шабытының, адамгершілік

қасиеті мен ар-ожданының, игі істері мен қажыр-қайратының арқасында абыроймен

көтеріліп отыр.

әсерлендірді. Бұл – Қаныш Сәтбаевтың

тікелей жетекшілігімен аймақтың

экономикалық және экологиялық

жүйесіне жаңа дем бітірген жоба

болатын.

Төлеген 1984 жылы Жамбыл

гидромелиоративтік-құрылыс институтын

«гидромелиоративтік жұмыстарды

ұйымдастыру» мамандығы

бойынша тәмамдаған. Бұл білім

ордасының сол жылдары осындай

қажетті мамандық бойынша сапалы

мамандар даярлайтын жалғыз жоғары

оқу орны болғанын біреу білсе, біреу

біле бермейді.

Еңбек жолын 1984 жылы Семей

қаласында бастады. Оның одан

кейінгі бүкіл қызмет жолы Ертіс

өзенімен байланысты болды. Ол

алғаш рет ПМК-129 «Семсовхозводстрой»

тресінде еңбекке шынықты.

Еңбек жолын өндірістік-техникалық

бөлімнің маманынан бастап, кейін осы

кәсіпорынның бас механигі болды.

Су шаруашылығы министрлігінің

Су ресурстары комитеті жанындағы

Семей облысының су шаруашылығы

жүйелері басқармасында жұмыс

істеді. Осы басқарманың «Кубань»

учаскесінің бастығы бола жүріп, 1990

жылға дейін мелиорация жобаларымен

айналысты.

Өндірісте қол жеткізген жетістіктері

үшін Семей қаласының су ресурстары

комитетінің Су шаруашылығы

жүйелері басқармасы бастығының

орынбасары болып тағайындалды.

Кейін Павлодар облысы әкімдігінің

жер пайдалану және су шаруашылығы

департаменті бастығының орынбасары

лауазымында еңбек етті. Сондай-ақ

төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік

қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау

басқармасында жұмыс істеді.

Төлегеннің жеке секторда да

айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар.

Кәсіпкерлік қызметпен де табысты түрде

айналысқан. Мысалы, «Павлодартұз»

ААҚ президенті лауазымында Қазақстан

аумағында ғана емес, Ресей Федерациясында

да азық-түлік, техникалық

тұз, өнеркәсіптік тұтыну үшін тұз

сатумен айналысқан.

Онымен бірге «Ай-Су» концернінде

еліміздің және Павлодар облысының

су шаруашылығына байланысты

объектілерді салу бойынша жобаларды

бірге іске асырдық.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа

дейін «Павлодар өзен порты» АҚ

басқарма төрағасының орынбасары

лауазымында еңбек етуде. Ертіс өзені

аумағындағы арналарды, Усолка

өзенінің, Баянауыл ауданындағы

Ащысу өзенінің арнасын тереңдету

және тазарту жөніндегі жобаларды

іске асыруға, Тюлька өзені арнасын

қайта жаңартуға қатысты.

Өз мансабының барлық лауазымдарында

ол жоғары нәтижелерге қол

жеткізіп, үлкен жауапкершілік танытты.

Қоғамдық жұмыстарға, қаланың

мәдени-ағартушылық өміріне белсене

қатысады. 2018 жылы Күлжановтар

әулеті Павлодар облысы бойынша

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында

үшінші орын алды. Қаз КСР Халық

әртісі Жабай Тоғандықовқа арналған

шығармашылық кештің бастамашысының

бірі болды.

Жұмыстан бос уақытында

Төлеген Мұқатайұлы немерелерімен

шүйіркелесіп, бірге еңбек еткен достарымен

кездеседі, мақалалар жазады.

Мысалы оның Кеңес және

Қазақстанның мемлекеттік және

саяси қайраткері, Қазақ КСР еңбек

сіңірген гидротехнигі, Қазақ КСР

Мелиорация және су шаруашылығы

министрі болған Сұлтан Момынұлы

Сәрсембаев туралы жазған «Өзендерді

кері ағызған» атты мақаласы Қазақстан

тарихының ұлттық порталы «e-history.

kz» сайтында жарияланды.

Досым әр жылдары республиканың

су шаруашылығы саласындағы танымал

тұлғалармен және ардагерлермен

кездесіп, пікірлес болды. Олардың

бірқатарын атап өтсек: гидроресурстарды

кешенді пайдаланудың ірі

мамандары мен сарапшыларының

бірі Жақсылық Ысмағұлов; Қазақ КСР

еңбек сіңірген гидротехнигі, 1981

жылдан 1990 жылға дейін Қазақ КСР

Мелиорация және су шаруашылығы

министрі Нариман Қыпшақбаев; ҚР

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су

ресурстары комитетінің бұрынғы

төрағасы Анатолий Рябцев; аты

аңызға айналған, есімі Қаныш Сәтбаев

атындағы каналдың тағдырымен тығыз

байланысты тұлға Леонид Баталов.

Құрылысының барлық кезеңдерінде,

канал құрылып, топыраққа алғаш күрек

салынған сәттен бастап жұмыс істеді.

Экскаваторшыдан бастап, кейін 35 жыл

бойы кәсіпорынды үздіксіз басқарды.

«Ұлы Ертіс – Великий Иртыш» су

пайдаланушылар қауымдастығының

төрағасы Жанайдар Рамазановты,

«Ай-Су» Концерні» ЖШС басшысы

Зоя Литвинованы, «Ай-Су» Концерні»

ЖШС бас инженері Кәкім Саринді

құрметпен еске алады. Бұл азаматтар

ҚР «Құрметті су маманы» атағына

ие болған.

Досымның әкесі – Баянауыл

ауданының Құрметті азаматы Мұқатай

ата мен Тұрмыс анамызды айтпай

өтуге болмайды. Олар Қазақстанның

түкпір-түкпірінде еңбек етіп, білім

алып жатқан 8 бала мен 17 немересін

еліне елеулі, халқына қалаулы азамат

етіп тәрбиелеп өсірді. Үлкен әулеттің

дана ақсақалы мен қамқор анасы

бүгінде арамызда болмағанымен,

олардың үлкен ұлын мақтан тұтарына

сенімдімін.

Барлық замандастарымның ортақ

ойын түйіндей келе, Төлеген Мұқатайұлы

сияқты жақсы адамның, адал азаматтың,

нағыз кәсіпқой маманның досы болу

біз үшін үлкен мәртебе екенін айтқым

келеді. Оны өзгелерден әрдайым

ерекшелеп тұратын бірнеше қасиет

бар: ол достарын бағалап, төңірегіне

адамгершілігі мол, достыққа адал, мәрт

әрі рухы мықты, жақсы-жайсаңдарды

жинай біледі.

Су ресурстарының тапшылығы

және оны ұтымды пайдалану мәселелері

теңізге шыға алмайтын біз үшін әрқашан

өзекті бола береді. Сондықтан су

саласындағы мамандар мен өмірін

халық шаруашылығының осы саласына

арнаған адамдардың маңызы

ерекше. Мерейтой иесін тағы да

құттықтай отырып, оған амандық,

зор бақыт және жан жылуын тілейміз!

Біз сені мақтан тұтамыз!

Достардың, әріптестердің және

барша жақын жандардың атынан

Төлеген Мұқатайұлын 60 жылдық

мерейтойымен шын жүректен

құттықтаймын! Ұзақ өмір, зор денсаулық,

сарқылмас қуат тілеймін

Қонақбай СӘПЕНОВ,

Қазақстан Республикасының

Құрметті құрылысшысы,

«Ай-Су» корпорациясының

президенті.

Кейінгі ұрпаққа ауырдың үстімен, жеңілдің

астымен жүруге машықтанған жылпостардың

тірлігі емес, жыл-он екі ай ауыр жұмысқа жегілген

қарапайым еңбеккерлердің өмірі көп насихатталуы

керек. Міне, сондай еңбекқорлығымен

өнеге болған жандардың бірі – Павлодар ауданына

қарасты Жаңақала ауылының тұрғыны

Қайрат Асайынов. Ол жастайынан трактор

жүргізіп, отбасын асырап жүр.

Тракторшы

Қайрат

Бұрын балалардан: «Өскенде

кім боласың?» деп сұраса,

«шахтер боламын», «жүргізуші

боламын», «ұшқыш боламын»

деп қарапайым жұмыскер

адамдардың өміріне еліктеп

өседі екен. Ал қазіргі балалардан

сұрасаңыз, бірден

«Президент боламын» деп,

айды аспаннан бір-ақ шығарады.

Ал барлығы солай айға қолын

созса, жердегі жұмысты кім

істейді? Біздің кейіпкеріміз

Қайрат Асайынов қарапайым

жұмыскердің отбасында өмірге

келіп, жасынан трактор

тізгіндеуді армандап өсіпті.

Ол 1977 жылы Павлодар

ауданының Григорьевка

ауылында туған. Бар болғаны

10 жылдық мектеп бітіріп,

еңбекке араласты. 1994 жылы

17 жасында Чернорецк кеңшарында

механизатор болып

жұмыс істей бастады. 1998

жылдан бері Павлодар ауданындағы

«Жаңа қала» шаруа

қожалығында тракторшы болып

жұмыс істейді.

- Біз отбасында төрт

ұлмыз. Барлығымыз осы

ауыл шаруашылығы саласында

жұмыс істейміз. Әкем

малшы, анам бұзау бағушы

болған. Сондықтан, жасымыздан

қара жұмыс істеген

адамдарды ғана көріп өстік

және өзіміз де солай еңбек

етуге дағдыландық. Ал бүгінде

екі ағам - тракторшы, бір

ағам - малшы. Жалпы, бұл

шаруашылықта 70-80 адам

жұмыс істесе, соның жартысынан

көбі - жастар. Яғни,

соңғы уақытта жастардың қара

жұмысқа деген қызығушылығы

артып келеді. Соған қарағанда,

олар тек жұмсақ орындықта

отырып қана емес, қолға айыркүрек

ұстап та мол табыс тауып,

күн көруге болатынын түсінген

сыңайлы. Сондықтан болашақта

өзімнің балаларым да менің

жолымды таңдап, шаруашылық

мамандығын меңгеремін десе

қарсы болмаймын, - дейді

тракторшы Қайрат.

Тракторшының айтуынша,

мұндай шаруашылықтарда

қалыптасқан бір жұмыс режимі

деген жоқ. Сегіз сағат жұмыс

істеп, үйге келу, сенбі және

жексенбі күндері демалу деген

түсінік жүрмейді.

- Біздің жұмыс көктем мен

күзде қыза түседі. Себебі, бұл

мезгілдерде жер жырту, тұқым

себу, жазда егін алқаптарының

арамшөбін арылту, күзде егін

ору, өнімді қоймаға жинау,

шөп шабу, оны ауылға жеткізу

секілді жұмыстары үздіксіз

жалғасады. Осы жұмыстар

аяқталғанша, егін басынан

бір елі алыстамаймыз. Күн

райы бұзылып, жаңбыр жауған

кезде ғана бір-екі күн демалыс

беріледі. Ал еңбек демалысына

жұмыс саябырлаған желтоқсан

айында ғана шығамыз.

«Сонда қай уақытта ел

қатарлы той-томалақ қызықтап,

демалыс жерлеріне барасыздар?»

деген сауалға: «Өз

басым ондай жеңіл-желпі

дүниеге көп қызыға қоймаймын.

Қыста ғана қалаға барып,

бірнеше күн қыдырып қайтамын»

деп күлді кейіпкеріміз.

ҚР Тұңғыш Президенті,

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

бір сөзінде: «Қазір жұмысты

қаладан емес, ауылдан іздеу

керек, дағдарыс жағдайында

бізді асырайтын – ауыл», –

деген еді. Ал өнімі көл-көсір

ауылдың ажарын ашып,

шаруашылығын дөңгелетіп

тұрған - осы Қайрат секілді

қайратты жігіттер. Ендеше,

осындай қара жұмысшылардың

қадірін асырып, олардың еңбегін

әрдайым жоғары бағалауымыз

керек.

Тілеуберді САХАБА.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл 11

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Жылу неге кеш

беріледі?

Павлодар қаласында 23 қыркүйек күні тұрғын

үйлерге жылу беріле бастады. Екі күн аралығында

облыс орталығындағы көпқабатты 327 тұрғын үй

ғана орталық желілерге қосылды. Ал 922 үйдің

тұрғындарына бір апта аралығында бүрсең қағуға

тура келеді.

«Павлодар жылу желілері»

ЖШС бас инженерінің орынбасары

Павел Плетухов Өңірлік

коммуникациялар қызметінде

өткен брифинг барысында

16 маусымда әлеуметтік нысандарда

жылу маусымы басталғанын

хабарлады. Бір апта дересінде

67 балабақша, 38 мектеп,

63 оқу орны, 38 емдеу мекемесі,

барлығы 206 бюджеттік ұйым

жылумен қамту желісіне қосылды.

Тағы бес балабақша орталық

құбырлар арқылы жылытудан

бас тартқан көрінеді.

Бұл ретте Павел Плетухов

жеке сектордағы тұрғын үйлердің

жылуға бәрінен кеш қосылатынын

атап өтті. Себебі олардың басым

бөлігінде дайындық актісі жоқ.

- Жеке үйлердің дені жазғы

уақытта дайындық жұмыстарын

жүргізбейді. Оған қоса, ешқандай

рұқсатсыз орталық желілерге

қосылып, апаттық жағдайлар

тудырады. Айталық, күні кеше

Юннатов көшесінде орналасқан

бір баспананың иесі құбырларға

өздігінен қосылды. Кейін үй ішіндегі

желілерде ақау бары анықталып,

осы аумақтағы бірнеше көпқабатты

тұрғын үйді орталықтандырылған

желіден ажыратуға тура келді.

Осындай жағдайлар орын алмас

үшін үй иелері ерте қамданып,

тиісті құжаттарды алуы қажет, -

деді П.Плетухов.

Сонымен қатар, Сарыарқа,

Достық шағын аудандарындағы

ҚАМҚОРЛЫҚ

Облыста 117 мыңнан астам

зейнеткерлік жастағы азаматтар,

оның ішінде 24 Ұлы Отан соғысының

қатысушысы тұрады. Ағымдағы

жылдың қазан айында ең қарт

ардагер 103 жасқа толады (Петренко

Ефим Емельянович, 1918 жылы

туған, Шарбақты ауданы, Шарбақты

ауылында тұрады).

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылды-ғына

орайластырылған «Игі істер марафоны»

акциясы аясында «Қамқорлық»

қайырымдылық айлығы өткізіледі.

Оның аясында қарт азаматтарға

(жалғызбасты және жалғыз тұратын,

аз қамтылған) ірі кәсіпорындардың,

шағын және орта бизнес, үкіметтік

емес сектор өкілдерінің демеушілік

қаражаты есебінен түрлі әлеуметтік

қолдау көрсетілетін болады.

Жыл сайын осы мереке

қарсаңында зейнетақының ең

төменгі мөлшерін немесе ең төменгі

жаңа үйлер қазан айының алғашқы

күндері ғана жылытылуы мүмкін.

Себебі қазіргі уақытта құбырлар

ешқандай мекеменің балансында

жоқ. Құрылыс бөлімі мен жауапты

мекемелер арасында тапсыруқабылдап

алу актілері әлі күнге

дейін жасалмаған.

Ал «Павлодар Энерго» компаниясының

ресми сайтында кейбір

мекенжайлардағы үйлердің жылуға

қосылу мерзімі көрсетілмеген.

Сондықтан тұрғындар пәтерлерге

жылудың қашан жететінін білмей дал.

Павел Плетухов мұндай жағдайда

көршілес жатқан үйлердің желіге

қосылар мерзімін қарауға кеңес

берді. Сондай-ақ, тұрғындар пәтер

иелері кооперативтерінің дайындық

барысын бақылауда ұстауы керек

екенін атап өтті.

Айта кетелік, биылдан бастап

«Павлодар жылу желілері» ЖШС

облыс орталығындағы көпқабатты

5 тұрғын үйге қызмет көрсетуге

көшті. Кәсіпорын өкілдері бұл

баспаналарда жылу маусымы

барысында қиындық болмайды

деген сенімде.

Жалпы, облыс орталығындағы

тұрғын үйлердің 99,5 пайызы

1 қазанға дейін жылумен қамтылады.

Ал дайындыққа салғырт

қараған көпқабатты үйлер мен

жеке сектордағы баспаналар одан

да кеш қосылуы ықтимал.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Назардан тыс

қалмайды

1 қазанда елімізде Халықаралық қарттар күні атап

өтіледі. Біздің аға буын азаматтарымыз осындай

мерекеде назардан тыс қалмайды.

мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге

1,2 АЕК (3500 теңге), ал

80 жастан асқан (одан жоғары)

азаматтарға - 2,9 АЕК (8459 теңге)

мөлшерінде материалдық көмек

көрсетіледі. Ағымдағы жылы әлеуметтік

көмекпен жалпы сомасы

35,6 млн теңгеге 9 мыңнан астам

адамды қамту жоспарлануда.

Айлықты өткізу кезеңінде

әлеуметтік қолдаудың барлық

түрлерімен халықтың әлеуметтік

осал топтарынан 25,0 мыңнан астам

азаматты, оның ішінде 10,0-ға жуық

аға буын азаматтарын қамту жоспарлануда.

Павлодар облысының

жұмыспен қамтуды

үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы.

«Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ ұжымы жаратылыстану

Жоғары мектебінің деканы Алиясова Валентина

Нурмагамбетовнаға анасы

Поздеева Люция Петровнаның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20169)

Жалған екпе құжатын жасатқандарға екпе алуға

мүмкіндік беріліп отыр. Бұл туралы облыстық

денсаулық сақтау басқармасының басшылығы

мәлімдеді.

Екпе алуға

мүмкіндік берілді

Облыс бойынша коронавирустық

инфекцияға қарсы вакцинаның

1-компонентін 290598 адам,

2-компонентті 260338 адам алған.

- Вирус жұқтырған жүкті әйелдердің

48-і ем қабылдау үстінде.

Сонымен қатар, өңір бойынша

205 бала коронавирус инфекциясын

жұқтырды. Олардың арасында 33-і -

мектеп жасындағы оқушылар және

6 студент бар, - дейді облыстық

денсаулық сақтау басқармасы

мекемелерінің стратегиялық дамыту

және инновациялық технологиялар

бөлімі бастығының міндетін атқарушы

Ерғалы Асылбек. Оған қоса, облыс

аумағында маусымдық тұмауға қарсы

екпе алу басталғанын атап өтіп,

8872 адам бұл екпені алғанын айтты.

- Вакциналау бойынша жалған

құжат жасатқан адамдар өздері

ХАБАРЛАНДЫРУ

COVID-19: ВАКЦИНА

тіркелген емханаға барып, өтінішке

себепті көрсету арқылы екпені қайта

алуға мүмкіндігі бар. Жалған құжатта

қайдан, кімнен жасатқаны жөнінде

ақпарат сұралмайды, - деді Е.Асылбек.

Ол бұл мәселеде адам денсаулығы

бәрінен маңызды екенін атап өтті.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды

дайындау кезіндегі негізгі критерийлер

Аграрлық саланың тиімділігі көбінесе жер ресурстарының

айналымы мен ұтымды пайдаланылуының даму

деңгейімен байланысты.

Жер учаскелерін айналымға

толыққанды тарту үшін қалалар

мен аудандардың жер қатынастары

бөлімдері тұрақты негізде конкурстар

өткізеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік

меншіктегі және жер пайдалануға

берілмеген жер учаскелерін шаруа

немесе фермер қожалығын, ауыл

шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға

алу) құқығымен беру Қазақстан

Республикасы Жер кодексінің 43-1-

бабында және 2018 жылғы

20 желтоқсандағы №518 «шаруа

немесе фермер қожалығын, ауыл

шаруашылығы өндірісін жүргізу

үшін уақытша өтеулі жер пайдалану

(жалға алу) құқығын беру жөніндегі

конкурсты ұйымдастыру мен өткізу

қағидаларының» белгіленген тәртіппен

және шарттарда шаруа немесе

фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы

өндірісін жүргізу үшін уақытша

өтеулі жер пайдалану (жалға алу)

құқығын беру жөніндегі конкурс

негізінде жүзеге асырылады.

Сауда-саттықта құжаттарды дұрыс

дайындау үшін азаматтар келесі

критерийлерге назар аударуы керек:

- Толық емес құжаттар пакетін

қабылдау және жіберу (конкурсқа

қатысуға өтінімде ІШЖ жобасын

жасау және игеру, ауыл шаруашылығы

инфрақұрылымын дамыту жөніндегі

іс-шараларды орындау туралы

міндеттемелер, Ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану

қағидаларын қоса алғанда,

Қазақстан Республикасы жер заңнамасының

талаптарын орындау

жөніндегі міндеттемелер бар

конкурстық ұсыныс қамтылуға тиіс);

- Кем дегенде екі өтінім түскен

кезде конкурсты өтті деп тану,

(конкурсқа шығарылған әрбір жер

учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға

кем дегенде екі өтінім келіп түскен

кезде конкурс өтпеді деп танылады;

егер конкурсқа шығарылған әрбір

жер учаскесі бойынша конкурсқа

қатысуға кем дегенде екі қатысушы

жіберілсе);

- Үлестес қатысушылар туралы

мәліметтерді ұсынбау – (өтінімде

келесілер болуы тиіс: Қазақстан

Республикасының мемлекеттік емес

заңды тұлғалары үшін – заңды

тұлғаның атауы, оның орналасқан

жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік

тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы

мәліметтер, жарғылық капиталдағы

(жарғылық капиталдың жалпы

мөлшерінен) үлестерінің мөлшері

көрсетіле отырып, өтініш беруші -

заңды тұлғаның басшылары мен

қатысушылары немесе акционерлері

туралы мәліметтер, өтініш берушінің

үлестес тұлғалары туралы мәліметтер).

- Жер учаскесін тіркеудің болмауы:

1) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркемеу, ҚР «Жылжымайтын

мүлікке құқықтарды мемлекеттік

тіркеу туралы» Заңының 9-бабының

1-тармағы. (тұлға құқықтың (құқық

ауыртпалығының) туындауына негіз

болып табылатын заңды факті

басталған, оның ішінде шартты нотариалды

куәландыру, сот шешімі күшіне

енген, өзге де құқық белгілейтін

құжаттар берілген кезден бастап

6 айдан кешіктірмей мемлекеттік

тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге

міндетті).

Барлық сұрақтар бойынша жер

қатынастары басқармасының сайтына

және әлеуметтік желілеріне (pvl_obl_

jer_baskarmasy Instagram әлеуметтік

желісі және pvl jerkatynasy baskarmasy

в Facebbok) хабарласуға болады.

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің

2-қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімдік, орталық

саябақ пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

«Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ ұжымы Павлодар

педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры

Жанбол Октябрьұлы Жилбаевқа күйеу баласы

Шаймарданов Сапар Амангелдіұлының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(2016)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8245 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1673

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

МӘШҺҮР ЖҮСІП ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ – 20 ЖЫЛ

Елді ұйытқан

имандылық ордасы

Биыл облыстық

Мәшһүр Жүсіп

орталық мешітінің

ашылғанына - 20 жыл.

Содан бері бұл ғибадат

үйі Ертіс-Баян өңірінің

ең үлкен рухани-ағарту

орнына айналды.

Орта Азиядағы ең

көрікті әрі сәулетті

мешіттерінің

қатарынан орын

алып, шеттен келген

туристердің де

таңданысын оятты.

Тілеуберді САХАБА

Ал қасиетті Құран мен азан үні

әуелеген мешіт ауласы бүгінде қала

тұрғындары үшін серуендеп, балаларын

ойнататын демалыс аймағына

айналып үлгерді.

Адам баласына жақсы мен жаманды,

арам мен адалды үйрететін және

қоғамға адамгершілік құндылықтарды

дәріптейтін орындардың бірі – мешіт.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне де

күніне жүздеген адам келіп, ондағы

имамдар мен ұстаздардың ақылкеңестерін

тыңдап, еңселерін тіктеп

кетіп жатады.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің құрылысы

1999 жылы басталып, оған ҚР Тұңғыш

Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

арнайы келіп, алғашқы іргетасын

қалаған. Содан кейін құрылыс

жұмысы екі жылға жалғасып, 2001

жылдың қыркүйек айында ашылды.

Ғибадат үйінің алғашқы имамы -

Жұмабай қажы Ықылас. Ол орталық

мешітті 2001-2009 жылдар аралығында

басқарды. 2009 жылы Жолдас қажы

Қоспақұлы келіп, 2011 жылға дейін

қызмет етті. Ал, 2011-2018 жылдар

аралығында Нариман қажы Исенов

басқарса, 2018 жылы бас имамдық

міндетті қайта Жолдас қажы Қоспақұлы

қолға алды.

- Біздің облыстағы мешіттердің ең

көнесі облыс орталығындағы «Ақмешіт»

мешіті. Ол 1905 жылы ашылып, 1925

жылы Кеңес билігінің пәрменімен

жабылып қалады. Одан кейін 1944

жылы «Бижан» мешіті салынған екен.

Жалпы, Тәуелсіздік алғанға дейін

жергілікті мұсылман жамағаты үшін осы

«Бижан» мешіті ғана қызмет көрсеткен

ӨНЕР

болса, ел Егемендік алғаннан кейін

«Ақмешіт» қайта ашылды. Еліміз жеке

шаңырақ құрғаннан бастап жергілікті

халықтың жүрегі дінге бұрылып, ғибадат

үйлеріне көп келетін болды. Әсіресе,

жастар жағы Алланың ақ жолына түсіп,

мешіттеріміз жамағатқа толды. Тіпті,

жұма намазы уақытында қаладағы

бірнеше мешітке адам сыймай қалатын

жағдайға жеттік. Сондықтан, жергілікті

тұрғындардың өтінішімен және облыс

әкімдігінің қолдауымен бүгінгі орталық

мешіт салынды, - дейді Жолдас қажы

Қоспақұлы.

Мәшһүр Жүсіп мешітіне содан

бері екі рет күрделі жөндеу жұмысы

жүргізілді. Атап айтқанда, 2015 жылы

ғибадат үйінің ішкі бөлігіне және асханасы

қайта жаңарған болса, өткен

жылы ауласы қайта құрылып, қосымша

ғимараттар салынды.

- Жалпы, бүгінгі күнге дейін қызмет

еткен имамдардың барлығы мешіт

жұмысының бір жүйеге түсуіне ықпал

етіп, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Мысалы, Жұмабай қажының тұсында

асханада жабдық өткізу мәселесі

бір жүйеге түсті. Атап айтар болсақ,

сол кезден бастап қонақтарға етті

турап тарту үрдісі қалыптасты. Ал

Нариман қажының тұсында ас мәзірі

қайта құрылып, жабдық және дұғалық

астарына салынатын тағам түрлерінің

тізімі бекітілді. Яғни, жабдыққа той

сияқты аста-төк тамақ алып, дастарқан

жасауға тыйым салынды. Сонымен

қатар, ол кісінің тұсында баспасөз

орталығы ашылып, ақпараттық-насихат

жұмысы жанданды. «Әбу-Ханифа» қоры

құрылып, имамдарға тұрақты айлық

беріле бастады. Ал одан кейінгі кезекте

«Зекет» қорының жұмысы күшейіп,

«Ел үлесі – пәтерге» жобасын қолға

алдық. Осы жобаның арқасында

көптеген мұқтаж жандар баспаналы

болды. Біз жамағатпен әрдайым

біргеміз. Ай сайын қайырымдылық

шараларын өткізіп, аз қамтылған және

көпбалалы отбасыларға материалдық

көмек беруді дәстүрге айналдырдық, -

дейді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Бүгінде Мәшһүр Жүсіп орталық

мешітінің жалпы сыйымдылығы 1,5 мың

адамды құрайды. Ғибадат үйінде үлкен

үш асхана, кітапхана, неке бөлме,

ерлер мен әйелдер сыныбы, құран оқу

бөлмесі, баспасөз орталығы жұмыс

істейді. Болашақта жеке студия ашып,

уағыздарды мешіт жанындағы «mazhab.

kz» сайтының әлеуметтік парақшасы

арқылы таратуды қолға алмақшы. Яғни,

алдағы уақытта мешіт жамағаттарына

имамдардың уағыздарын тікелей эфир

арқылы тыңдау мүмкіндігі болады

деген сөз.

Отбасы бақыты – балалар көзімен

2001 жылы шаһарымызда бой көтерген

зәулім мешіттің ашылу салтанатына белгілі

қоғам қайраткерлері, елге танымал ақынжазушылар

қатысып, жергілікті азаматтарға

алғыс айтып, ақ баталарын беріп

еді. Соның бір-екеуін назарларыңызға

ұсынып отырмыз.

Тарих

қатпарынан

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы,

сол кездегі ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Аспаннан Алланың шарапатты нұры түсіп,

Рахманның шарапатты тамшысы тамып тұрған

мынау шапағатты күнде жақсы шаруаның басықасында

бастарымыз қосыла қалыпты. Ортамыз

толсын, тілектеріміз қабыл болсын. Кәрі Ертістің

жағасында күннен-күнге жасарып жатқан көрікті

қаланың көркін одан сайын асыратын, рухымызды

аспандатып, пейілімізді оңға бастайтын мұндай

сәулетті ғимараттың бітуі, Құдай үйі-құтхана

мешіттің біздің ортамызды толтыруы бәрімізге

деген әрі заманның, әрі жаратушының жақсылығы деп

түсініп тұрмыз. Бұл - бәрімізді қатты тебірентетін

оқиға. Оның сыры көп. Соның ішінде мұндай игілікті

істің тарықтырып та, талықтырып жеткен

Тәуелсіздігіміздің он жылдығында бітуі өте ғанибет

іс болды. Осындай істің іс болып тұруына қайрат

еткен барша қауымға, жекелеген азаматтарға,

мұндай игілікті істің басы-қасында болып, ойдағыдай

ұйымдастыра білген біздің ардақты азамат

бауырларымызға шын жүректен алғыс айтып,

бас иеміз. Біздің Тәуелсіздігіміздің туын ұстаған

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

баршамызға барымызды бағалауға, жоғымызды

түгендей білуге, кешегі кемшіліктерді түзетіп, болған

қиянаттардың зардаптарын түзеуге шақырып келе

жатқанын білесіздер. Бүгін мынау Ертіс жағасында

еңсесін көтеріп тұрған, болашағымызға ескерткіш

болатын сәулетті ғимарат соған лайық жауап болды

деп есептейміз.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, Қазақстанның Халық

жазушысы, сол кездегі ҚР Парламенті Мәжілісінің

депутаты:

- Аса қадірлі жақсылардың көзіндей ағаларымыз,

апаларымыз, бауырларымыз, ел азаматтары!

Халқымыздың тарихына есімдері алтын әріппен

жазылып қалған, ұрпақтарымызға өнегелі өмірі

әркез ұлағат болатын қасиетті өңірде Алла үйінің

осыншалық сәулетті түрде бой көтеруіне құтты

болсын, қайырлы болсын айтқым келеді. Бұдан он-он

бес жыл бұрын біз осындай сәтке жетеміз деген ой

түсімізге де кірмеген еді. Бұл біздің тәй-тәй басқан

азаттығымыздың салтанаты екенін әрқайсымыз

сезініп қана қоймай, айта жүруіміз керек. Қазір

байлыққа араны ашылған, билік үшін бауырымен

бәсекелескен бақталастар, ұятты ұмытқандар,

Құдайдан қорықпайтындар, дінін сатқандар көбейіп

жатыр. Осындай заманда шындық пен адалдықты

өміріне ту етіп өткен аруақты ақын Мәшһүр Жүсіп

бабамыздың есіміндегі мешіттің киелі Кереку

топырағында ашылуы – бұл аймақтағы рухани

тазалықтың, адамгершіліктің, халыққа қуаныш

әкелген жарқын істердің басы болғай деп тілеймін.

2001 жыл, қыркүйек.

Ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығы мен Отбасы күніне

орай «Үміт үзбеу» қоғамдық

қоры «Мейірімді істер марафоны»

жалпыұлттық жобасы

аясында «Бақытты отбасы -

балалар көзімен» суреттер

байқауын өткізді. Оған 4-11 жас

аралығындағы балалар

қатысты.

- «Бақытты отбасы - балалар көзімен» суреттер

байқауына облыс бойынша 41 баланың туындылары

қабылданды. Байқаудың басты мақсаты – балалар

мен мектеп жасындағы оқушыларға отбасы құндылығының

маңызын түсіндіру. Бұл мақсат бүгінде

орындалды деп сенеміз, - дейді «Үміт үзбеу» қоғамдық

қорының басшысы Гаухар Омарова.

Байқау қатысушысы Айжан Самратова Ленин кентінің

№33 мектебінде білім алуда. Ғаламтор желісінен

ақпаратты көзі шалған оқушы қыз бірден қатысуды жөн

санап, отбасының бір күндік демалысын қағаз бетіне

түсірген. Бүгінде жас суретшінің еңбегі бағаланып,

байқаудың жүлдегері атанды. Оған қоса, ол «Үміт үзбеу»

қоғамдық қорының басшылығы мен ұйымдастырушы

топқа алғысын білдірді.

14–30 тамыз аралығында өтініштер мен суреттерді

қабылдаған байқау 3 номинация бойынша өтті. 4-6

жас аралығындағы жас суретшілер арасынан Александра

Рубан үздік атанды. 7-8 жас бойынша 1-орынға

Альбина Бузутанова лайықты деп танылса, 9-11 жас

аралығы бойынша Саша Левашова жеңіске жетті.

Барлық жүлдегерлерге демеушілер атынан самокат

пен велосипед табысталды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!