25.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

12 25 қыркүйек, сенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

МӘШҺҮР ЖҮСІП ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ – 20 ЖЫЛ

Елді ұйытқан

имандылық ордасы

Биыл облыстық

Мәшһүр Жүсіп

орталық мешітінің

ашылғанына - 20 жыл.

Содан бері бұл ғибадат

үйі Ертіс-Баян өңірінің

ең үлкен рухани-ағарту

орнына айналды.

Орта Азиядағы ең

көрікті әрі сәулетті

мешіттерінің

қатарынан орын

алып, шеттен келген

туристердің де

таңданысын оятты.

Тілеуберді САХАБА

Ал қасиетті Құран мен азан үні

әуелеген мешіт ауласы бүгінде қала

тұрғындары үшін серуендеп, балаларын

ойнататын демалыс аймағына

айналып үлгерді.

Адам баласына жақсы мен жаманды,

арам мен адалды үйрететін және

қоғамға адамгершілік құндылықтарды

дәріптейтін орындардың бірі – мешіт.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне де

күніне жүздеген адам келіп, ондағы

имамдар мен ұстаздардың ақылкеңестерін

тыңдап, еңселерін тіктеп

кетіп жатады.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің құрылысы

1999 жылы басталып, оған ҚР Тұңғыш

Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

арнайы келіп, алғашқы іргетасын

қалаған. Содан кейін құрылыс

жұмысы екі жылға жалғасып, 2001

жылдың қыркүйек айында ашылды.

Ғибадат үйінің алғашқы имамы -

Жұмабай қажы Ықылас. Ол орталық

мешітті 2001-2009 жылдар аралығында

басқарды. 2009 жылы Жолдас қажы

Қоспақұлы келіп, 2011 жылға дейін

қызмет етті. Ал, 2011-2018 жылдар

аралығында Нариман қажы Исенов

басқарса, 2018 жылы бас имамдық

міндетті қайта Жолдас қажы Қоспақұлы

қолға алды.

- Біздің облыстағы мешіттердің ең

көнесі облыс орталығындағы «Ақмешіт»

мешіті. Ол 1905 жылы ашылып, 1925

жылы Кеңес билігінің пәрменімен

жабылып қалады. Одан кейін 1944

жылы «Бижан» мешіті салынған екен.

Жалпы, Тәуелсіздік алғанға дейін

жергілікті мұсылман жамағаты үшін осы

«Бижан» мешіті ғана қызмет көрсеткен

ӨНЕР

болса, ел Егемендік алғаннан кейін

«Ақмешіт» қайта ашылды. Еліміз жеке

шаңырақ құрғаннан бастап жергілікті

халықтың жүрегі дінге бұрылып, ғибадат

үйлеріне көп келетін болды. Әсіресе,

жастар жағы Алланың ақ жолына түсіп,

мешіттеріміз жамағатқа толды. Тіпті,

жұма намазы уақытында қаладағы

бірнеше мешітке адам сыймай қалатын

жағдайға жеттік. Сондықтан, жергілікті

тұрғындардың өтінішімен және облыс

әкімдігінің қолдауымен бүгінгі орталық

мешіт салынды, - дейді Жолдас қажы

Қоспақұлы.

Мәшһүр Жүсіп мешітіне содан

бері екі рет күрделі жөндеу жұмысы

жүргізілді. Атап айтқанда, 2015 жылы

ғибадат үйінің ішкі бөлігіне және асханасы

қайта жаңарған болса, өткен

жылы ауласы қайта құрылып, қосымша

ғимараттар салынды.

- Жалпы, бүгінгі күнге дейін қызмет

еткен имамдардың барлығы мешіт

жұмысының бір жүйеге түсуіне ықпал

етіп, өз қолтаңбаларын қалдырды.

Мысалы, Жұмабай қажының тұсында

асханада жабдық өткізу мәселесі

бір жүйеге түсті. Атап айтар болсақ,

сол кезден бастап қонақтарға етті

турап тарту үрдісі қалыптасты. Ал

Нариман қажының тұсында ас мәзірі

қайта құрылып, жабдық және дұғалық

астарына салынатын тағам түрлерінің

тізімі бекітілді. Яғни, жабдыққа той

сияқты аста-төк тамақ алып, дастарқан

жасауға тыйым салынды. Сонымен

қатар, ол кісінің тұсында баспасөз

орталығы ашылып, ақпараттық-насихат

жұмысы жанданды. «Әбу-Ханифа» қоры

құрылып, имамдарға тұрақты айлық

беріле бастады. Ал одан кейінгі кезекте

«Зекет» қорының жұмысы күшейіп,

«Ел үлесі – пәтерге» жобасын қолға

алдық. Осы жобаның арқасында

көптеген мұқтаж жандар баспаналы

болды. Біз жамағатпен әрдайым

біргеміз. Ай сайын қайырымдылық

шараларын өткізіп, аз қамтылған және

көпбалалы отбасыларға материалдық

көмек беруді дәстүрге айналдырдық, -

дейді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Бүгінде Мәшһүр Жүсіп орталық

мешітінің жалпы сыйымдылығы 1,5 мың

адамды құрайды. Ғибадат үйінде үлкен

үш асхана, кітапхана, неке бөлме,

ерлер мен әйелдер сыныбы, құран оқу

бөлмесі, баспасөз орталығы жұмыс

істейді. Болашақта жеке студия ашып,

уағыздарды мешіт жанындағы «mazhab.

kz» сайтының әлеуметтік парақшасы

арқылы таратуды қолға алмақшы. Яғни,

алдағы уақытта мешіт жамағаттарына

имамдардың уағыздарын тікелей эфир

арқылы тыңдау мүмкіндігі болады

деген сөз.

Отбасы бақыты – балалар көзімен

2001 жылы шаһарымызда бой көтерген

зәулім мешіттің ашылу салтанатына белгілі

қоғам қайраткерлері, елге танымал ақынжазушылар

қатысып, жергілікті азаматтарға

алғыс айтып, ақ баталарын беріп

еді. Соның бір-екеуін назарларыңызға

ұсынып отырмыз.

Тарих

қатпарынан

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы,

сол кездегі ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Аспаннан Алланың шарапатты нұры түсіп,

Рахманның шарапатты тамшысы тамып тұрған

мынау шапағатты күнде жақсы шаруаның басықасында

бастарымыз қосыла қалыпты. Ортамыз

толсын, тілектеріміз қабыл болсын. Кәрі Ертістің

жағасында күннен-күнге жасарып жатқан көрікті

қаланың көркін одан сайын асыратын, рухымызды

аспандатып, пейілімізді оңға бастайтын мұндай

сәулетті ғимараттың бітуі, Құдай үйі-құтхана

мешіттің біздің ортамызды толтыруы бәрімізге

деген әрі заманның, әрі жаратушының жақсылығы деп

түсініп тұрмыз. Бұл - бәрімізді қатты тебірентетін

оқиға. Оның сыры көп. Соның ішінде мұндай игілікті

істің тарықтырып та, талықтырып жеткен

Тәуелсіздігіміздің он жылдығында бітуі өте ғанибет

іс болды. Осындай істің іс болып тұруына қайрат

еткен барша қауымға, жекелеген азаматтарға,

мұндай игілікті істің басы-қасында болып, ойдағыдай

ұйымдастыра білген біздің ардақты азамат

бауырларымызға шын жүректен алғыс айтып,

бас иеміз. Біздің Тәуелсіздігіміздің туын ұстаған

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

баршамызға барымызды бағалауға, жоғымызды

түгендей білуге, кешегі кемшіліктерді түзетіп, болған

қиянаттардың зардаптарын түзеуге шақырып келе

жатқанын білесіздер. Бүгін мынау Ертіс жағасында

еңсесін көтеріп тұрған, болашағымызға ескерткіш

болатын сәулетті ғимарат соған лайық жауап болды

деп есептейміз.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, Қазақстанның Халық

жазушысы, сол кездегі ҚР Парламенті Мәжілісінің

депутаты:

- Аса қадірлі жақсылардың көзіндей ағаларымыз,

апаларымыз, бауырларымыз, ел азаматтары!

Халқымыздың тарихына есімдері алтын әріппен

жазылып қалған, ұрпақтарымызға өнегелі өмірі

әркез ұлағат болатын қасиетті өңірде Алла үйінің

осыншалық сәулетті түрде бой көтеруіне құтты

болсын, қайырлы болсын айтқым келеді. Бұдан он-он

бес жыл бұрын біз осындай сәтке жетеміз деген ой

түсімізге де кірмеген еді. Бұл біздің тәй-тәй басқан

азаттығымыздың салтанаты екенін әрқайсымыз

сезініп қана қоймай, айта жүруіміз керек. Қазір

байлыққа араны ашылған, билік үшін бауырымен

бәсекелескен бақталастар, ұятты ұмытқандар,

Құдайдан қорықпайтындар, дінін сатқандар көбейіп

жатыр. Осындай заманда шындық пен адалдықты

өміріне ту етіп өткен аруақты ақын Мәшһүр Жүсіп

бабамыздың есіміндегі мешіттің киелі Кереку

топырағында ашылуы – бұл аймақтағы рухани

тазалықтың, адамгершіліктің, халыққа қуаныш

әкелген жарқын істердің басы болғай деп тілеймін.

2001 жыл, қыркүйек.

Ел Тәуелсіздігінің

30 жылдығы мен Отбасы күніне

орай «Үміт үзбеу» қоғамдық

қоры «Мейірімді істер марафоны»

жалпыұлттық жобасы

аясында «Бақытты отбасы -

балалар көзімен» суреттер

байқауын өткізді. Оған 4-11 жас

аралығындағы балалар

қатысты.

- «Бақытты отбасы - балалар көзімен» суреттер

байқауына облыс бойынша 41 баланың туындылары

қабылданды. Байқаудың басты мақсаты – балалар

мен мектеп жасындағы оқушыларға отбасы құндылығының

маңызын түсіндіру. Бұл мақсат бүгінде

орындалды деп сенеміз, - дейді «Үміт үзбеу» қоғамдық

қорының басшысы Гаухар Омарова.

Байқау қатысушысы Айжан Самратова Ленин кентінің

№33 мектебінде білім алуда. Ғаламтор желісінен

ақпаратты көзі шалған оқушы қыз бірден қатысуды жөн

санап, отбасының бір күндік демалысын қағаз бетіне

түсірген. Бүгінде жас суретшінің еңбегі бағаланып,

байқаудың жүлдегері атанды. Оған қоса, ол «Үміт үзбеу»

қоғамдық қорының басшылығы мен ұйымдастырушы

топқа алғысын білдірді.

14–30 тамыз аралығында өтініштер мен суреттерді

қабылдаған байқау 3 номинация бойынша өтті. 4-6

жас аралығындағы жас суретшілер арасынан Александра

Рубан үздік атанды. 7-8 жас бойынша 1-орынға

Альбина Бузутанова лайықты деп танылса, 9-11 жас

аралығы бойынша Саша Левашова жеңіске жетті.

Барлық жүлдегерлерге демеушілер атынан самокат

пен велосипед табысталды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!