07.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қазан, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

14

7 қазан, бейсенбі, 2021 жыл ТАҒЫЛЫМ

SARYARQA SAMALY

ТАҒЗЫМ

Біздің жерімізді сыртқы жаулар баспасын деп, ерлеріміз атқа

қонып, найзасына үкі тағып, жанқиярлық танытып, әлемге әйгілі

болған. Кешегі 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерен

ерліктің үлгісін көрсеткен де - қазақ жауынгерлері. Ол жөнінде

ағылшын журналисі Александр Вера өзінің ғұмырнамалық

кітабында былай деп жазады: «Ұлы Отан соғысында қазақ

жауынгерлері ең мықты соғысқан. Олар өздерін ең жақсы

жағынан көрсетті» дейді.

Өнегелі ғұмыр

сүрген қария еді

Осы Ұлы Отан соғысына елін қорғауға

19 жасар азамат Сембай Темешев

те аттанды. «Елім үшін, Отан үшін

жаным құрбан!» деген ұранмен ұрысқа

Батыс Украин Майданының құрамында

кіреді. Украина астанасы Киевті азат

етуге қатысады. 1944 жылы болған

сол шайқаста ауыр жараланып, әскери

комиссия оны соғысқа жарамайды, екінші

топтың мүгедегі деген анықтамамен

елге, тылда жұмыс істеуге қайтарады.

Сембай Темешев елге оралғаннан

кейін шаруашылық жұмысында аянып

қалмады. Ақсу ауданы Қызылжар

ауылында қызу еңбекке араласты.

Осында отау құрып, жұбайымен өмірге

12 бала әкелген әке атанды. Бүгінде

одан өрбіген ұрпақтары - тіршіліктері

түзу, мәуелі шаңырақ иелері. Жастар

атасының өнегелі әңгімелеріне қанық

болып жетілді.

Осы асыл текті азамат Сембай

ақсақал биыл 2021 жылдың 28 тамызында

100 жасқа бірнеше ай жетпей

қайтыс болды. Ол 1922 жылдың 22

ақпанында дүниеге келген екен.

Мен бұл ақсақалмен 2015 жылы

Ардагер шипажайында демалып

жатқанымда танысқан болатынмын.

Жақсыда жаттық жоқ дегендей, екеуіміз

аралас-құралас болдық. Күнара телефонмен

қауқылдасып, әңгімелесетін

едік.

2017 жылы Сембай ақсақалдың 95

жасқа келген мерейтойын балалары

арнайы атап өтті. Сол дастарханның

қатысушысының бірі едім. Бұл өмірде

не қымбат? деген сауалға біздің ұлы

тұлғаларымыз былай деп жауап берген

екен:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке - атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тау - әкең қымбат,

Ар мен ұят қымбат,

Кіндік қаның тамған жерің қымбат.

Сембай ақсақал тілегі қабыл болып,

биылғы 30 тамызда өзінің кіндік қаны

тамған жері - Ақсу қаласы Қызылжар

ауылы маңынан мәңгілік тыным

тапты.

2018 жылы Украина мемлекетінің

Қазақстан Республикасындағы Төтенше

және өкілетті елшілігінің өкілдері

С.Темешевке «Киев қаласын жаудан

азат етуде көрсеткен ерлігі үшін»

медалін табыс етті. Бұл шын мәнінде

ұлықтауға, бас июге тұратын ерлік

еді. Украин халқы өз жерін жаудан

босатуға қатысқан ерлерді түгендеп,

осындай құрметке бөледі. Сембай

ақсақал бұған балаша шаттанып,

өзінің табан ізі қалған Киев қаласын

тағы бір мәрте көруді армандайтынын

айтқан еді.

Ақсақалмен әңгімелесуден түйгенім,

оның өмірде көргені мен түйгені көп.

Айтатын әңгімелері ғибратты, өнегелі.

Өзінің айтуына қарағанда, ауылда

соғыстан келгеннен кейін экономикалық

дамуына зор үлес қосқан, мал дәрігері

болып қызмет істеген. Х ғасырда ғұмыр

кешкен даналардың данасы Жүсіп

Баласағұни екі дүниеде екі нәрсе

керек екен деп айтқан екен:

Біріншісі, игілікті іс, әзиз мінез.

Екіншісі, ұят.

Үшіншісі, әділдік.

Осы үш қасиетті орындаған адам

Сембай ақсақал десем қателеспеспін.

Қазақ халқында «ардагер» деген

атаудың мәні жоғары, қоғамның алтын

қоры. Ардагер атану - үлкен мәртебе,

абыройлы атақ. Жақсылар жақсымын деп

айта алмайды, Жамандар жақсымын деп

айқайлайды демекші, қазіргі жақсылар

кімдер? Ақсақал өзінің адамгершілік

қасиетімен балалары мен немерешөберелеріне,

ағайын-туыстарына

сыйлы бола білді.

Өкінішке қарай, Сембай Темешев

ақсақал ғұмырында қандай қарапайым

адам болса, дүниеден көшкенде де

ешкімді әбігерге салмай, тыныш жағдайда

өтті. Ешкімге салмақ артпады.

Әдетте Ұлы Отан соғысының ардагері

қайтыс болғанда облыс, қала әкімдері

газет-журналға көңіл айту беріп, отбасына

кіріп шығып, қайғысына ортақтасып

жататын. Сембай ақсақал дүниеден

көшкенде билік өкілдерінің ештеңе

болмағандай, үнсіз қалуы жарасымсыз

әрекет болды. Қайтыс болған адамға

мұндай мәртебенің қажеті шамалы. Бұл

ең алдымен кейінгі ұрпаққа, өскелең

қоғамға өнеге болуы керек. Осы жайтты

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Рымтай Шөкеевке айттым. Бірақ ол:

«Сембай ақсақал қайтыс болғанда көңіл

айтып, кіріп шықтық» деп жауап берді.

Іс жүзінде олай болмағанын туыстары

айтып, мені қамықтырып қойды. Сонда

біз кімді алдаймыз? Әбу Сәрсенбаев

ақын айтқандай: «Сен құрметті оны,

қарағым! Тізеден кесіп сатқан жоқ

ол аяғын. Кешегі сұм соғыста жау

жалмамақ болғанда, Өр кеудесін

тосты, Денесін оқ пәршеледі». Осы

аз ғана сөздерде қаншама мән жатыр

десеңізші. Айтпасымызға болмайды.

Қазақ айтпақшы, айтпаса сөздің атасы

өледі емес пе.

Облыс-қала басшыларына хабар

беріліп, облыстық, қалалық ардагерлер

кеңесінен өкілдер жаназасына қатысуы

керек емес пе.

Шын мәнінде, бүгінгі бақытты

өміріміз үшін біз Ұлы Отан соғысына

қатысқандардың алдында қарыздармыз.

Бұл қарызымызды еш уақытта

ұмытпауымыз керек дегім келеді.

Ұрпақты патриот етіп тәрбиелеу

жолында аталарымыздың кешегі ерлігі -

нақты өнеге, мысал, үлгі.

Сембай ақсақалдың жатқан жері

жарық, топырағы торқа болсын. Алла

тағала алдынан жарылқап, пейіштің

төрінен орын беріп, нұрына бөлегей

деп тілейміз!

Махмет ДЕМЕСІНОВ,

Павлодар қаласының

Құрметті азаматы,

еңбек ардагері.

Бір жолыққанда Сембай аға «Әй, Қайролла,

сен келген сайын әркімдерге арнап өлең

оқисың, мына 90-ға не айтарың бар?» - деп

жымиды. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна»

деген сөз бар қазақта. Сол әңгімеден кейін

дүниеге келген мына бір өлең шумақтары:

Сембай ағаға

Тарқаса да жастығының базары,

Тоқсанда да солмай өңі, ажары.

Жүре берші ортамызда, ағатай,

Бата беріп жастарыңа саналы.

Қан майданнан от пен оққа оранған,

Аман-есен туған жерге оралған.

Азамат ең, енді міне тоқсанда,

Шал болдың-ау, үйге жалғыз

қамалған.

Ақыл кіріп, ойға толып санамыз,

Біз де мына егде тартып барамыз.

Көрген кезде өзіңізді аман-сау,

Кішірейіп бала бола қаламыз.

Шежіресің, сырсандықсың, сарайсың,

Тоқсаныңда сыр бермедің,

жарайсың.

Қосан балаң қалың малын төлейді,

Бір кемпірді алып берсек, қалайсың?

Бұлт сейіліп, көңілге нұр шашқан күн,

Керек емес пенсияңның, ақшаңның.

Түріп тастап кәріліктің түндігін,

Желпілдетті шымылдығын

тоқсанның.

Таңатардың ішінде Жәметені,

Айта берсең сөзіңнен мән кетеді.

Өкірешті дүниеге Наймандардың,

90-да туды деп әндетеді.

Мамыр, 2012 жыл.

Кереку-Қызылжар

Осы өлеңді жазып, Сембай ағаның үйіне

барып оқып бердім, ақсақал қуанып қалды,

жібермей шай қойып, үстелге шақырды.

Шайды өзі құйып, елдің бұрынғы өткен

адамдары туралы көп әңгімелер естідім.

Шай ішіп отырып, ойыма келген мына

бір шумақты үйге келе қағазға түсіре

қойдым:

Толқынына бір батып, бірде шығып,

Тарих деген шежіре дарияның.

Тоқсан жаста сыр бермей жүрген күліп,

Шай іштім-ау қолынан қарияның.

2013 жылдың күзінде Қызылжар елінде ел

азаматтарының басы қосылған үлкен жиын

болды. Жиынға алыс-жақыннан есімдері

Республика, облыс көлеміне кең танымал

небір абзал азаматтар жиналды. Бұрынғы

өткен бабаларымызға арналып ас беріліп,

дұға оқылды, елдің тарихы, ата-бабалар

туралы жазылған шежіре кітаптың тұсаукесері

болды. Сол жиында төрде отырған Сембай

аға менен: «Мына жиналған азаматтардың

Аманат

2011 жылы елге қарай

жақындайын деп

Екібастұз қаласынан

Керекуге көшіп келдім.

Елдің іргесіне келген

соң, елде болатын

жаназа, жабдық,

той-томалаққа жиі

араласатын болдым.

Сондай көпшілік жиналатын

жерлерде, ел

адамдарына қимас

жолдас-жораларға,

ағайын-туғанға

жүрекжарды екі-үш

шумақ өлеңдер оқып

жүрдім.

ортасында Ахметбектің Қайырбайының баласы

бар ма?» - деп сұрады. Азаматтардың

ортасында отырған облыстық соттың

қызметкері Сағит Қайырбайұлын шақырып

алып ақсақалға жолықтырдым. Сембай аға

Сағиттан: «Анаңның аты Биқауа ма?» - деп

сұрады. «Сенің анаң екеуіміз Жданов колхозында

мектепте бірге оқып едік. Биқауа

анаң жасында оқуға өте зерек, озат оқушы

болды. Кейіннен де сырттай естіп жүрдім,

істеген қызметінде абыройлы, елге сыйлы

деп. Иә, балам, істеп жүрген қызметтерің

жемісті болып, мерейлерің үстем, абыройатақтарың

асқақтай берсін», деп батасын

берді.

Сәлем бере келген Екібастұз қаласының

азаматы Ешімов Асхат Түлкібекұлына:

«Е, қалқам, өзімнің жұрағатым екенсің

ғой, атаң Ешімді көзім көрді, соғыстан оралмады,

әжең Жәмилә ер азаматқа бергісіз

қайратты жан еді. Жалғыз тор биесін колхозға

өткізіп, колхозға мүше болды. Соғыс жылдары

мына Бөрікталда қой базында қой өсіріп,

сүтінен майданға брынза (ірімшік) қайнатып,

қарт енесі Сәлима мен кішкентай Түлкібегін

ешкімге жаутаңдатпады. Әкең Түлкібек жақсы

азамат болып өсіп еді, атағы дүйім елге

танылған сыйлы, қадірлі еді, әттең, ғұмыры

қысқа болды. Артында қалған сендер аман

болыңдар, ғұмырларың ұзақ болсын», - деп

ризашылығын білдірді.

2014 жылдың наурыз айында Сембай

ағамен кездескенде есіне түскен тағы бір

қызықты әңгімесін айтты:

- 1959 жылғы сәуірдің аяғы, мамырдың

басында денсаулығымды түзейін деп

Талдықорған облысы, Арасан-Қапал деген

жерге курортқа жолдама алдым. Ол кезде

елдегі аузы дуалы көнекөз қарттардың

қатары сиремеген кез. Жастайынан орыс

байларына жалданып ел-елді, жер-жерді

көп аралаған Сүлейменнің Сыздығы деген

ақсақалға сәлем бере барып, жол жүретінімді

айттым. Арасан-Қапалға қалай барған жөн

деп сұрадым. Ол кісі мені тыңдап болып,

күлді. «Ой, аға, неге күлдіңіз?» деп сауал

қойдым. Сондағы Сүлейменнің Сыздығының

айтқан әңгімесі:

«Арасан-Қапал мына тұрған жер емес пе?!

1912 жылы Зайцев деген орыс көпесінің үш

мың өгізін бағып, айдап отырып сол Қапал

деген жеріне үш айда жеттік. Наурыздың

18-де елден шығып, маусымның 18 күні,

жаңағы сен айтқан Қапалға ат басын

тіредік.

Жазғытұрым кез, қар еріген, жердің оты

мол, жол бойы бағып барған малымыз семіріп

барды. Күніне 15-20 шақырым жүреміз, далада

қонамыз. Қапалдан әрі 25-30 шақырымдай

жерде шекара бар екен, ол жерде бізді

тексерді, аман-есен өттік. Содан кейін, жат

ел, танымайтын жерден жөн білетін бір

қазақ іздедік. Жігіт ағасы жасына жеткен

бір азаматқа жолықтық. Жаркент жақтың

қазағы, өзі кезінде болыстық қызметте

болған екен, жөн сұрастық, таныстық. Біздің

қай елден екенімізді білген соң, «Ертіс

бойында Бәсентин елінің Хангелді күшіктен

Оразбайдың Сүлеймені жайлы не білесіңдер,

артынан ерген тұяғы бар ма?» деп сұрады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!