07.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 7 қазан, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ОНЛАЙН ЖЕЛІ 7 қазан, бейсенбі, 2021 жыл 5

Жеке кәсіп ашудың

жолдары қандай?

ОНЛАЙН ЖЕЛІ

Бүгінде бизнес бастап, кәсіпті кеңейтуді қалайтын тұрғындар банкке бара қалса, бірқатар кедергі кесе-көлденең

шығады. Қаржылық институттар кепілге қояр мүлікті талап етіп, несиені жоғары пайыздық мөлшерлемемен

береді. Сондықтан кей азаматтар бастапқы идеясынан бас тартып жатады. Мұндай жағдайда мемлекеттік

бағдарламаларға иек артқан жөн. Сол тұста жеңілдетілген несие, тіпті миллиондаған қайтарымсыз қаржы

алу мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін қайтпек керек? Жеке кәсіпті ашудың амалдары қандай? Бұл мәселе

облыстық «Saryarqa samaly» газетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өткен «Онлайн желі»

барысында талқыланды. Шараның қонағы - облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының бөлім басшысы Дархан Ермағамбетов көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Тілші сауалы:

- Дархан Нұрлыбекұлы,

алдымен кәсіп ашуды қалайтын

тұрғындарға арналған мемлекеттік

бағдарламалар туралы

айтып өтсеңіз...

Дархан ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Жеке ісін бастауға ниетті

тұрғындарға «Бизнестің жол картасы-2025»

бағдарламасы аясында

қаржылай және қаржылай емес көмек

көрсетіледі. Өңірлік кәсіпкерлер

палатасының мамандары кәсіпкерлік

негіздерін үйрету, сервистік қызмет

көрсету, кеңес берумен айналысса,

облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасы мемлекеттік гранттар

алуға, инфрақұрылымды жүргізуге

қатысты құжаттарды қабылдайды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры

несие алған кәсіпкерлерге субсидия,

кепілдік беру мәселелерін қарастырады.

Яғни, бұл бағдарлама

бірнеше бағытты бір-ақ қамтиды.

Сондықтан, бүгінгі күні «Бизнестің

жол картасы-2025» бағдарламасына

қатысуға ниет танытатын азаматтар

қатары қалың.

Тілші сауалы:

- Бұл ретте мемлекеттік грант

алуға асық тұрғындар саны көп

болар...

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Дәл солай. «Бизнестің жол

картасы-2025» бағдарламасы жаңа

бизнес идея ұсынған азаматтарға

2-5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз

қаржы беруді көздейді.

Жыл сайын шамамен 150 өтініш

қабылданып, арнайы құрылған комиссия

оның әрқайсысын сараптан

өткізеді. Айталық, биыл 21 жоба

мақұлданып, оларды іске асыруға

мемлекеттік қазынадан 102 млн

теңге бөлінді.

Малика, Павлодар қаласы:

- Мемлекеттік гранттар

конкурсына қатысудың белгіленген

нақты уақыты бар ма?

Өтінішті қашан және қалай

тапсыруға болады?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Мемлекеттік грант конкурсы

жылына екі рет ұйымдастырылады.

Биыл бөлінген қаражат толығымен

игерілді, сол себепті енді өтініштер

қабылданбайды. Ал келесі жылы

бірінші және үшінші тоқсанда өтетін

байқауға қатысып, бағыңызды

сынауға мүмкіндік бар. Өтініштерді

қабылдаудың нақты мерзімі алдын

ала жергілікті бұқаралық ақпарат

құралдары мен @uppir_pavlodar

парақшасында жарияланады.

Бизнес жобаны, жалдамалы

қызметкерлердің орташа саны

туралы анықтама мен грант

сомасының 10 пайызын қосымша

қаржыландыру мүмкіндігін растайтын

құжатты qoldau.kz порталына жүктеу

қажет. Бұған дейін құжаттардың

барлығын қағаз жүзінде тапсыруға

тиіс болса, биылдан бастап өтініштер

электронды түрде қабылданатын

болды. Бұл тұрғындардың уақытын

үнемдеуге әрі аталмыш портал

арқылы комиссия мүшелері қойған

бағаны көруге мүмкіндік береді.

Әлия РҮСТЕМОВА, Аққулы

ауданы:

- Қайтарымсыз қаржы бай-

қауы барысында көпбалалы

аналарға қандай да бір жеңілдіктер

қарастырылған ба?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- «Бизнестің жол картасы-

2025» бағдарламасының талабы

бойынша, қатысушылар грант

сомасының 10 пайызын қалтасынан

шығаруы тиіс. Яғни, жобасын жүзеге

асыруға 5 млн теңге қаржы алса,

өзі де кемінде 500 мың теңге

инвестиция салуы керек. Бірақ

бұл талаптың әлеуметтік осал топ

өкілдеріне және жастарға қатысы

жоқ. Көпбалалы аналарға жасалған

жеңілдік - осы.

Бағдат, Екібастұз қаласы:

- Мен 2018 жылы «Бастау»

бойынша оқудан өтіп, сертификат

алған едім. Сол сертификатпен

келесі жылы мемлекеттік

гранттар конкурсына қатыса

аламын ба?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Бұған дейін конкурсқа қатысуға

ниетті тұрғындар «Бастау», «Бизнес-

Кеңесші» курстарынан өтуге міндетті

еді. Оқуды сәтті аяқтағаны туралы

сертификат құжаттар тізімінде

белгіленді. Бірақ осы жылдың

ортасынан бастап мемлекеттік

гранттар конкурсына кәсіпкерлік

негіздері сабақтарынан өтпеген

азаматтар да қатыса алады. Ал

«Еңбек» бағдарламасы бойынша

шамамен 600 мың теңге көлеміндегі

грантты алуды қалайтындар

жоғарыда аталған курсттардың

сертификатын қоса тапсыруы

тиіс.

Тілші сауалы:

- Кейбір тұрғындар қаржылай

қиындықтарға, басқа да

себептерге байланысты қайтарымсыз

қаражатты бизнес

бастауға жұмсамай жатады.

Оларға қатысты қандай да бір

шаралар қолданыла ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Грант сомасын игеруге 18 ай

уақыт беріледі. Егер осы

уақыт аралығында кәсіп ашуда

қиындықтар туындаса, кәсіпкер

басқармаға ескертуі тиіс. Арнайы

комиссия жағдайды қарастырып,

мерзімді ұзартуы мүмкін. Алайда

кей азаматтар грант сомасын

жеке мақсатына жұмсап, ешқандай

кәсіп түрін ашпайды.

Мұндай жағдайда ауызша және

жазбаша түрде ескерту жасаймыз.

Алған соманы ерікті түрде

қайтарудан бас тартса, сотқа

жүгінуге тура келеді. «Даму»

қоры және басқарма тарапынан

әр теңгесінің тиімді пайдаланылуы

бақыланады.

Мөлдір ТӨЛЕУОВА, Павлодар

қаласы:

- Мен биыл колледж бітірдім,

бірақ мамандығым бойынша

жұмыс істегім келмейді. Маникюр

студиясын ашуды қалаймын.

Еңбек өтілім болмаса да, грант

немесе жеңілдетілген несие ала

аламын ба?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Алдымен жеке кәсіпкерлік

немесе жауапкершілігі шектеулі

серіктестік ашқаныңыз дұрыс.

Заңды тұлға ретінде ресімдеуден

өткен соң ғана мемлекеттік

бағдарламаларға қатыса аласыз.

Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы

бойынша 600 мың теңгеге

дейін грант немесе 20 млн

теңгеге дейін шағын несие алуға

мүмкіндік бар.

Азамат, Тереңкөл ауданы:

- Бүгінде несие алып, бизнес

ашайық десек, банктердің

барлығы бірдей кепілзат

сұрайды. Ал ауылдағы мүлікті

мүлде есепке алмайды. Сонда

қайтпек керек? Ауыл жастарына

арналған, кепілсіз несие беретін

бағдарлама бар ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Өкінішке қарай, кепілсіз несие

бағдарламалары жоқ. Десе де,

«Атамекен-Павлодар» микроқаржы

ұйымына өтініш берсеңіз әбден

болады. Өңірлік кәсіпкерлер

палатасы жанынан ашылған бұл

ұйым елді мекендегі жылжымайтын

мүлікті кепілдікке алып,

оны жоғары бағалайды. Ауыл

азаматтары жергілікті жердегі

кәсіпкерлер палатасына барып,

өтініш беріп, 7,2 млн теңгеге дейін

несие ала алады.

Мақсат, Екібастұз қаласы:

- Осыдан біраз уақыт бұрын

«Zhas-Halyk.Ertis» бағдарламасы

бойынша жастарға кепілсіз несиелер

берілетінін естіп едім. Қазіргі

кезде бұл бағдарлама бар ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Павлодар облысының әкімдігі

мен «Halyk Bank» АҚ елімізде

алғаш болып арнайы бағдарламаны

қолға алып, жастарға 5 пайыздық

мөлшерлемемен 7 жылға дейін

кепілсіз зат беруді бастаған еді.

Өтініштер өткен жылдың қазан

айынан осы жылдың наурызына

дейін қабылданып, шамамен 35

жоба мақұлданды. Бұл ретте

жобалар екінші деңгейлі банк

есебінен қаржыландырылғанын

атап өткен жөн. Оларды іске

асыруға 400 млн теңгеге жуық

қаржы қарастырылды. Әзірше бұл

бағдарлама тоқтады. Әрі қарай

жалғасын табар-таппасы - банк

құзыретіндегі мәселе.

Тілші сауалы:

- Екінші деңгейлі банктер

кәсіпкерлерге несиені жоғары

пайыздық мөлшерлемемен

береді. Оны төмендетудің

амалы бар ма?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- Екінші деңгейлі банктер

несиені кем дегенде 15 пайыздық

мөлшерлемемен беретіні рас.

Дархан Ермағамбетов

Бұл кәсібін жаңадан бастаған

тұрғындардың қалтасына айтарлықтай

салмақ салады. Тіпті, мұндай

несие тиімсіз болып, соның салдарынан

бизнес өкілдері табыстан

қағылып, тақырға отыруы әбден

мүмкін. Осы орайда кәсіпкерлерге

ыңғайлы жағдай жасау мақсатында

«Бизнестің жол картасы-2025»

бағдарламасы аясында субсидиялау

тетігі қарастырылған. Бұл

кәсіпкер несиені қанша пайызбен

алса да, оның тек 6 пайызын

төлейтінін білдіреді. Қалған бөлігін

мемлекеттің өзі өтейді. Бағдарламаға

енгізілген соңғы өзгерістерге

сәйкес, қарыз сомасы 20 млн

теңгеге дейін болса, субсидиялауға

қатысты шешімді банк бір апта

аралығында қабылдайды. Егер

несие сомасы 7 млрд теңгеге

дейін болса, «Даму» қоры 2-3 апта

дересінде субсидия беру туралы

өтінішті қарастырады. Атап

өтер маңызды жайт, өткен жылы

пандемияға байланысты «Бизнестің

жол картасы-2025» бағдарламасындағы

салалық шектеулер

алынып тасталды. Яғни, кез

келген бағыттағы кәсіпкерлік

нысаны субсидияға иек арта

алады.

Тілші сауалы:

- Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында

«Қарапайым заттар экономикасы»

бағдарламасын ұзарту

туралы тапсырма берген болатын.

Аталмыш бағдарлама Павлодар

облысында қалай іске асуда?

Д.ЕРМАҒАМБЕТОВ:

- «Қарапайым заттар экономикасы»

халықтың күнделікті

тұрмысында қажет тауарларды

шығаратын кәсіпорындарды

қаржылай қолдауға бағытталған.

Атап айтқанда, 10 млрд теңгеге

дейінгі несиені 6 пайыздық

мөлшерлемемен береді. Соңғы

2 жыл аралығында барлығы 201

жоба қолдау тапты. Биылдың өзінде

45 жоба мақұлданды. Сондықтан

бұл бағдарлама біздің аймақта

сәтті жүзеге асып жатыр деуге

болады.

«Онлайн желі» барысында байқағанымыздай, тұрғындар

тарапынан мемлекеттік гранттар конкурсына қатысты

сұрақ көп. Кей тұрғындар жеңілдетілген несиені алудың

жолдарын, қарыздың бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі

барын біле бермейді. Тікелей эфир барысында осы және

өзге де мәселелерге қатысты нақты жауап берілді. Бизнес

бастаудың тиімді тетіктері алдағы уақытта да газет

бетінде көтеріледі. Сондықтан, сауалдарыңыз болса,

редакциямызға жолдауды ұмытпаңыздар, оқырман

қауым!

«Онлайн желіні» жүргізген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суретті түсірген - Тілеуберді Сахаба.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!