13.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 13 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 3

ЖОЛДАУҒА - ҚОЛДАУ!

Талапты жастарға

қолдау бар

- Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың

«Әділетті мемлекет. Біртұтас

ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан

халқына Жолдауында айтылған

тың өзгерістер легі бойынша

тоқтала айтсаңыз...

- Қазақстан Республикасы

Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының

2022 жылғы Жолдауы

жаңа, әділетті Қазақстанды құруға

бағытталған. Мұнда еліміздің

барлық салаларына жаңа міндеттер

қойылып отыр. Әсіресе, ғылым мен

жоғары білім үшін іске асырылатын

тың бастамалар бар. Мәселен,

Педагогикалық жоғары оқу орындарын

аккредитациялаудың жаңа

стандарты қабылданатын болады.

Қазақстанда жұмыс істейтін аккредитациялау

ұйымдары педагогикалық

университеттердің болашақ

мұғалімдерді дайындаудағы

ерекшелігін ескере отырып, жаңа

қағидаттарды әзірлеуі тиіс.

Биылғы Жолдауда Президент

тағы да университет ғылымына

көңіл бөлді. 2023 жылы

қабылданатын Салық кодексінде

технологиялық жаңғыруға және

ғылыми әзірлемелерге салынатын

корпоративті табыс салығын

төмендету немесе одан босату

тәсілін енгізу керектігі айтылды.

Бұл отандық инновациялық ғылыми

зерттеулердің тәжірибеге енгізуіне

жаңа серпіліс беретін болады.

- Сіздің ойыңызша, кәсіби

білім беруде қандай өзгерістер

керек?

- Болашақта кәсіби білім алу

толығымен тегін жүргізілуі қажет.

Президент 2021 жылғы Жолдауында

«Тегін техникалық және

кәсіби білім беру» жобасын іске

асыруды ұсынған. Бұл жобаның

іске асуы жастарды кәсіби біліммен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан

халқына Жолдауында еліміздің болашақ дамуы мен

ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Білім

күні мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа

саяси кезең орын алды. Соның ішінде жоғары оқу

орындарының білім сапасы, мемлекеттік гранттардың

бөлінуі және өзге де игіліктер жайлы айтылды.

Осы тарапта Павлодар педагогикалық университетінің

халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры

Бауыржан Есенгелдинді сөзге тарттық.

толықтай тегін қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді.

- Кәсіби білім беретін оқу

орындары еңбек нарығының

нақты сұранысына бейімделуін

қалай түсінесіз?

- Цифрландыру үдерісі еліміздің

барлық дерлік салаларын қамтып

жатыр. Болашақ мамандықтарының

көпшілігі IT-мамандандырумен тікелей

байланысты, бірақ технологиялық

үдеріс өмірдің барлық деңгейлеріне

әсер етеді. Сондықтан кәсіби

білім беретін оқу орындары еңбек

нарығының сұранысына қажетті

мамандарды жаңа бағдарламалар

арқылы оқытуға және кездейсоқ

өзгерістерге дайын болуы қажет.

- Жоғары оқу орындарындағы

білімнің қолжетімділігі

неде деп ойлайсыз?

- Көптеген мектеп бітірушілер

өзінің қалаған мамандығына емес,

білім беру гранты көп бөлінген

мамандықтарға құжаттарын тапсырады.

Кейіннен олар алған

мамандығы бойынша жұмысқа

тұрмайды. Менің ойымша, Жолдауда

қарастырылған 2-3 пайыздық

жеңілдетілген несие беру жоғары

білімнің қолжетімділігін арттырады

және мектеп бітірушілерге

қалаған мамандығына түсуге мүмкіндік

береді.

- Оқу гранттары бойынша

алдағы өзгерістер жайлы

айта кетсеңіз...

- Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне

және басқа да көрсеткіштерге

қарай білім беру гранттары 30-дан

100 пайызға дейінгі аралықта

берілетін болады. Менің ойымша,

грант көлемі ұлттық бірыңғай тестілеу

нәтижесіне ғана тәуелді болмай,

сонымен қатар студенттің ағымдық

оқу үлгеріміне байланысты болуы

тиіс. Бұл өз кезегінде студенттерді

үздік оқуға ынталандырады.

- Студенттердің жатақханамен

қамтамасыз ету

мәселесі қалай болмақ?

- Студенттерді жатақханамен

қамтамасыз ету - басты мәселелердің

бірі. Менің ойымша, жоғары оқу

орындары, құрылыс компаниялары

және мемлекет атынан «Қаржы

орталығы» арасында келісімшарттар

жасаудың жаңа тетіктерін әзірлеу

арқылы жүзеге асырылатын шығар.

- Жоғары оқу орындарындағы

эндаумент-қорлар деген

не? Ол қалай жұмыс істейді?

- Жолдауда жоғары оқу орындарында

эндаумент-қорларды ашу

керектігі айтылды. Бұл қорлар

жанашыр адамдардың немесе

ірі меценаттардың қайырымдылық

жарналары қаражаттары арқасында

құрылады. Қорда жинақталған

қаржы жұмсалмайды, тек одан

алынған инвестициялық табыстар

ғана университеттің білім және

ғылыми жобаларын қаржыландыруға

бағытталады.

- Білім алуға жеңілдетілген

жылдық өсім бойынша несие

беріледі екен. Бұл қалай іске

асырылады?

- Менің ойымша, жеңілдетілген

несиені беруді екі бағытта іске

асыруға болады. Біріншіден, талапкер,

жоғары оқу орны және екінші деңгейлі

банктердің келісімшарттары арқылы

жүзеге асырылады. Мұнда екінші

деңгейлі банктер жеңілдетілген

білім несиесінің таратушы қызметін

көрсету үшін лицензия алады. Олар

үшжақты келісімшарттарды жасау

арқылы мемлекеттен бөлінетін

жеңілдетілген несиені жоғары

оқу орнының есепшотына әрбір

оқу семестрінде жіберіп отырады.

Екіншіден, талапкер мен екінші

деңгейлі банктер арасында ғана

келісімшарттар болады. Қаражат

талапкердің жеке шотына жіберіледі.

Бұл қаражат тек жоғары білім

алуға ғана жұмсалады.

- Әңгімеңізге рахмет. Болашағымыз

– жастардың білімі

бәсекеге қабілетті болсын!

Сұхбаттасқан -

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Суретті түсірген –

Есенжол Исабек.

ДЕНСАУЛЫҚ

Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту аса

маңызды. Бұл орайда Денсаулық сақтау министрлігі

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық

жобасын әзірледі.

Ұлттық жоба

әзірленді

Жобаның мақсаты - барлық

ауылдық елді мекендерді бастапқы

медициналық-санитарлық көмек

ұйымдарымен қамтамасыз ету,

сондай-ақ ауыл халқына шұғыл

медициналық көмек көрсету тиімділігін

арттыру есебінен қалалық

және ауылдық денсаулық сақтау

арасындағы теңгерімсіздікті

қысқарту.

Жоба шеңберінде ауылдарда

655 алғашқы медициналықсанитарлық

көмек объектілерін

салу, реконструкциялау, қосымша

жарақтандыру, соның ішінде

700 мыңнан астам ауыл тұрғынын

медициналық көмекпен

қамтуға мүмкіндік беретін жаңа

228 және жұмыс істеп тұрғандарының

орнына 427 объект салу

жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ауылдардағы

медициналық және фельдшерлікакушерлік

пункттер, дәрігерлік

амбулаториялар заманауи жабдықтармен

жабдықталады,

сондай-ақ тіркеу орны мен күту

бөлмесі дизайнының бірыңғай

тұжырымдамасы пайдаланылатын

болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің

хабарлауынша, республикада

алғашқы медициналық

санитарлық көмек көрсететін

нысандардың тозуы 51,6%-ды

құрайды. Қазіргі уақытта

33 апатты нысан бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің

алдын ала бағалауы

бойынша, бұған шамамен

126,5 млрд теңге, оның ішінде

бастапқы медициналық-санитарлық

көмек көрсетуге 9,16 млрд

теңге қажет.

Жаңа медициналық нысандарды

кадрлармен қамтамасыз

ету үшін еліміздің 61 медициналық

колледжінде 16 570 медбике мен

17 585 фельдшер дайындалады

деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмыс істеп

тұрған 12 орталық аудандық

аурухананы жаңғырту және

20 жаңа көпбейінді орталық аурухананы

ашу жоспарлануда, олар

«алтын сағат» қағидатын сақтай

отырып, инфаркт, инсульт, ауыр

жарақат және басқа да жағдайлар

кезінде шұғыл медициналық көмек

көрсете алады.

Нәтижесінде қан айналымы

жүйесі ауруларынан болатын

өлім-жітімді 100 мың тұрғынға

шаққанда 226,9-дан 134,85-ке

дейін төмендету, 4 млн-нан астам

ауыл тұрғынын сапалы, жедел

және жоғары технологиялық медициналық

көмекпен қамтамасыз

ету күтілуде.

Өз тілшіміз.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Тариф шегін

тұрғындар

бекітеді

«Үйлерді басқарудың жаңа түрі - мүлік иелерінің

бірлестігі немесе қарапайым серіктестікке көшу

жөніндегі реформаны» жүзеге асыру шеңберінде

жыл соңына дейін басқарудың жаңа формасына

өңірдегі 2214 көппәтерлі тұрғын үйлер өтуі тиіс.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен баспасөз жиыны барысында айтылды.

Қазіргі таңда облыс бойынша

1375 жаңа басқару формасына

көшкен нысандарды тіркеу бойынша

жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде меншік иелерінің

бірлестігін – 151, қарапайым

серіктестікті – 1224 тұрғын үй

таңдады. Бұл жалпы көрсеткіштің

59,4 пайызын құрайды. Павлодар

қаласы тұрғын үй инспекциясы және

коммуналдық шаруашылық бөлімінің

басшысы Нұрлан Рашитовтың

айтуынша, облыс орталығындағы

1265 көппәтерлі тұрғын үйлердің

767-і жаңа басқару формасына

көшіп үлгерді. Оның ішінде 47-сі

меншік иелерінің бірлестіктерін

(МИБ) және 720-ы қарапайым

серіктестік (ҚС) басқару нысанын

таңдаған.

- Бүгінде қала аумағында меншік

иелерінің бірлестіктеріне қатысты

енгізуді жоспарлап отырған ең

төменгі шығындар бір шаршы

метрге 29 теңгені құрайды. Тұрғын

үй неғұрлым ескі болса, соғұрлым

көп қаражат құю қажет. Осыған

байланысты коэффициенттер де

артады. Мәселен, 60-80 жылдары

салынған құрылыс нысандарында

тариф бағасы шамамен

50 теңгені құрайды. Ал қазіргі

таңда орташа есеппен қаладағы

тариф құны - 35 теңге. Тариф

құнын тұрғындар жиналыста өздері

бекітіп, қабылдай алады, - деді

Нұрлан Рашитов

Сондай-ақ, бөлім басшысы

облыс орталығында тұрғын үйді

басқарудың жаңа формасына

көшпеген 400-ден астам үй бар

екенін атап өтті. Бүгінгі таңда

сол үйлердің тұрғындарымен

түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

- Қарапайым серіктестікке және

меншік иелерінің бірлестіктеріне

өткен тұрғын үйлер 59 пайызды

құрайды. 400-ден астам үй әлі

жаңа форманы қабылдамаған, яғни

пәтер иелері кооперативінде жүр.

Көп пәтерлі тұрғын үй басқарудың

жаңа түріне көшпеудің басты

себебі - қаражат, тарифтердің

артуы. Бірақ әрбір үйде өзінің

сметасы болу керек. Жылына

қанша қаражат керегін тұрғындар

өздері шеше алады. Алайда тариф

депутаттар бекіткен ең төменгі

сомаға негізделуі керек, - деді ол.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!