13.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 13 қыркүйек, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 13 қыркүйек, сейсенбі, 2022 жыл 5

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА

ҚҰНДЫЛЫҚ

Мемлекет жұмыссыз қалған азаматтарға тұрақты жұмыс тапқанша,

әр ай сайын белгілі бір сомада қаржы төлейді. Азаматтың не

себептен жұмыстан шыққаны маңызды емес. Ең бастысы, жұмыссыз

екенін растау үшін egov.kz сайтында тіркелсе болғаны. 2005 жылдан

бастап ҚР жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың

қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

Президент биылғы Жолдауында әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы

орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі деді.

Төлемақы қай сала өкілдеріне төленеді? Ал бұл төлем белгілі бір

топ өкілдеріне бағытталған ба? Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры

Айгүл Қапенова айтып берді.

Әлеуметтік төлемақы

мөлшері көбеймек пе?

- Айгүл Әбутәліпқызы, төлемақы

белгілі бір сала иелеріне бағытталған

ба?

- Қазақстанда міндетті әлеуметтік

сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап

енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс

берушілердің жұмыскерлер үшін, сондай-ақ

дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен

айналысатын адамдардың өздері

үшін төлейтін әлеуметтік аударымдары

есебінен қалыптастырылады.

Ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды

жұмыс берушілер өздерінің жалдамалы

жұмыскерлері үшін Мемлекеттік әлеуметтік

сақтандыру қорына (МӘСҚ) қірісінің 3,5%-ы

мөлшерінде кемінде бір ең төменгі жалақы

(ЕТЖ) және 7 ЕТЖ-дан аспайтын мөлшерде

төлейді. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар

жұмыскерлердің жалақысынан міндетті

зейнетақы жарналары сияқты ұсталмайды,

ол жұмыс берушілердің қаражаты есебінен

төленеді.

МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер

адам қандай салада жұмыс істейтініне

қарамастан, МӘСҚ-ға әлеуметтік қатер

туындағанға дейін әлеуметтік аударымдар

түскен міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесінің қатысушыларына тағайындалады.

- Жұмыссыз адамдарға мемлекеттік

сақтандыру қорынан қанша қаражат

бөлінді?

- Өткен жылы МӘСҚ-тан жұмысынан

айырылу жағдайына байланысты Павлодар

облысы бойынша әлеуметтік төлемді

123,4 млн теңге сомасына 3 570 адам алды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының

қорытындысы бойынша МӘСҚ-тан жұмысынан

айырылу жағдайына байланысты

8,3 млн теңге сомасына 2 106 адам әлеуметтік

төлемді алды.

- Төлемақы қанша уақыт көлемінде

төленеді?

- МӘСҚ-тан жұмысынан айырылған

жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне

қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға

дейін тағайындалады:

1 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 6 айдан 1 жылға дейін түссе;

2 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 1 жылдан 2 жылға дейін түссе;

3 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 2 жылға 3 жылға дейін түссе;

4 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 3 жылдан 4 жылға дейін түссе;

5 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 4 жылдан 5 жылға дейін түссе;

6 айға - егер әлеуметтік аударымдар

МӘСҚ-ға 5 жыл және одан көп түссе.

- Жеке меншікте жұмыс істейтін

азаматтар бұл төлемақыны алуға

құқылы ма?

- «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»

ҚР Заңына сәйкес экономика секторына

қарамастан, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер

алуға еңбекке қабілеттілігінен айырылу,

асыраушысынан айырылу, жұмысынан

айырылу, жүктілігіне және босануына байла-

нысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға

дейін оның күтіміне байланысты кірісінен

айырылу жағдайларына әлеуметтік қатер

туындағанға дейін МӘСҚ-ға әлеуметтік

аударымдар жүргізілген жеке тұлғалар

ғана құқылы.

Бұл ретте, жұмысынан айырылған жағдайда

төленетін әлеуметтік төлем үшін

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші жеке

тұлғалар жүгіне алмайды.

- Егер олар ала алмаса, қалай

қадағалайсыздар?

- Жұмысынан айырылған жағдайда

МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан

шығу себептеріне қарамастан, тағайындалады.

Төлем құқығы Халықты жұмыспен

қамту орталығы немесе «Электронды еңбек

биржасы» порталы (enbek.kz) арқылы жұмыссыз

ретінде тіркелген күннен бастап туындайды.

Осылайша, жұмыстан шыққаннан кейін

жұмыссыз ретінде тіркелуді созбай және

өзіне МӘСҚ-ға төленген әлеуметтік аударымдарды

egov.kz порталы немесе Халыққа

қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) немесе

МӘСҚ филиалдары арқылы тексеруді

ұсынамыз, себебі әлеуметтік төлемнің

мөлшері МӘСҚ-ға түскен әлеуметтік

аударымдарға тікелей байланысты болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен

бастап пилоттық режимде Отбасының

цифрлық картасын енгізу басталды.

Іс жүзінде Карта:

- бұл әлеуметтік мәртебесіне байланысты,

кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың

қандай да бір түрін алу құқықтары туралы

ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы

«электрондық жаршысы»;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтің

проактивті форматының жаңа құралы.

Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы

азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ

мемлекеттік қолдаудың қандай да бір

түрін алуды өзі ұсынатын болады.

Бұл бүгінгі таңда аймақтың және тұтастай

елдің әлеуметтік портретін қалыптастыруға

ғана емес, сонымен бірге халықты әлеуметтік

қорғау шараларын іске асыруға бағытталған

мемлекеттік бюджет пен МӘСҚ қаражатын

пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік

береді.

Сонымен қатар, азаматтар ХҚКО арқылы

дәстүрлі әдіспен төлем алуға өтініш білдіре

алады.

Осылайша, жұмысынан айырылған

жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алу

үшін жұмыссыз ретінде тіркелу маңызды

болып табылады.

- Президент өз Жолдауында жұмыссыз

қалған азаматтарға орташа айлық

табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі

деді. Осы жайлы толығырақ

түсіндіріп өтсеңіз...

- Бүгінгі күні осы әлеуметтік төлемнің

мөлшері өтініш берушінің орташа айлық

кірісінің 40% деңгейіндегі кірісті ауыстыру

коэффициенттеріне және қатысу өтіліне

көбейту жолымен айқындалады. Осылайша,

адамның жалақысы мен еңбек өтілі неғұрлым

көп болса, оның төлем мөлшері мен жиілігі

соғұрлым көп болады.

Бұл ретте Халықаралық еңбек ұйымы

кірісті алмастыру коэффициентін 45% деңгейінде

қолдануды ұсынады. Сондықтан халықаралық

стандарттарға сәйкес келу мақсатында

жұмысынан айырылу бойынша төлем тағайындау

үшін кірісті алмастыру коэффициентін

40%-дан 45%-ға дейін ұлғайту көзделеді.

Қайта есептеу тағайындалған төлем

мөлшерін 40%-ға бөлу және 45%-ға көбейту

арқылы 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай

бойынша жұмысынан айырылу бойынша

төлем алушылар болып табылатын тұлғаларға

жүзеге асырылатын болады. Қайта есептеуге

өтініш берудің қажеті жоқ, өйткені

ол автоматты режимде жасалады.

Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап

азаматтарға жұмысынан айырылған жағдайда

арттырылған мөлшерде (орта

есеппен 13%-ға) әлеуметтік төлем алуға

мүмкіндік береді.

Сұхбаттасқан –

Айдана БОРАНБАЕВА.

Ұлттық ойын -

тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ - қызықты және

пайдалы спорттық үстел ойыны.

Бұл ойын адамға тапқырлықты,

шыдамдылықты, байсалдылықты

арттырады. Ұмыт болып

бара жатқан ұлттық ойыннан

бірнеше шәкірт тәрбиелеген

ұлтжанды азаматтардың бірі -

Наурызбай Ахтанберов.

Наурызбай Ахтанберов – Успен

ауданы, Қаратай ауылында 1957 жылы

ақпан айында дүниеге келген. Лозовой

атындағы орта мектепті 1974 жылы

тәмамдап, 1975-77 жылдары Мәскеуде

әскерлік борышын өтейді. Екі жылдан соң

Құлдиған Арын-Рашид ағаның қызымен

отау құрды. Жұбайы 1976 жылдан 2012

жылға дейін ұстаздық ете жүріп, оқу ісінің

меңгерушісі қызметін атқарды. Дүниеге

келген Жанар, Анар атты екі қызын

қияға қондырды. 40 жылға жуық татутәтті

өмір сүрді. 1983 жылы Наурызбай

Сіләмұлы Красноармейка техникумында

техник-механик мамандығы бойынша

білім алды. Араға 15 жыл салып Лозовой

мектебі директоры Боранбай Исимовтың

ұсынысымен машинатанудан сабақ берді.

Кейін білімін жетілдіріп, сол мектептің

директоры лауазымына тағайындалып,

17 жыл табанды еңбек етті.

1999 жылы мектепте тоғызқұмалақ

ойынынан сабақ өткізу керек болады. Сол

кезде мектеп директоры болған Боранбай

Исимов оқушыларға тоғызқұмалақ

ойынын насихаттауға мұғалімдерге

бірнеше тапсырмалар жүктеді. Наурызбай

Сіләмұлы ұлттық ойынның қыр-сырын

ауыл тұрғыны Қапсалам Смағұловтан

қосымша сабақ алып, бірнеше шәкірт

тәрбиеледі. Тәрбиелеген оқушылары

Успен ауданының намысын қорғап,

үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрді.

Мәселен, 2008 жылы шәкірттері Анар

Наурызбайқызы мен Уәлихан Қапсаламұлы

облыстық тоғызқұмалақ ұйымына мүше

болып, республикалық жарысқа қатысуға

мүмкіндік алды. Қаншама оқушы басқа

ауданның ойыншыларымен тәжірибе

алмасты.

Алғаш облыс бойынша тоғызқұмалақ

ойынын жарыққа шығарған Аққулы ауданы,

Қарақала ауылының тұрғыны Исатай

Қапаев болған. Оның Арман, Арыстан,

Дастан және Саян атты ұлдары әке

жолын қуып, ойынды халық арасында

жоғары деңгейде насихаттап жүр.

Биыл Наурызбай Сіләмұлы Павлодар

қаласындағы №8 ауданының зейнеткерлері

арасында тоғызқұмалақ ойынынан

жүлделі 1-орынға ие болды. Ол ұлттық

ойынның насихатталуына зор еңбек

етті. Мұндай азаматтар көп болса нұр

үстіне нұр болар еді.

Мектептерде тоғызқұмалақ секілді

ұлттық ойындарға көңіл бөлініп, шахмат

секілді ойындар қосымша факультативті

сабақ ретінде өткізілсе, оқушылар үшін

тәрбиелік маңызы зор болар еді.

Ләйла НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Павлодар қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!