15.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 15 қыркүйек, бейсенбі, 2022 жыл ТАЛБЕСІК

SARYARQA SAMALY

ӨҢІР

Түгін тартсаң майы

шыққан Майқайың

Биыл Баянауыл ауданы, Майқайың кентінің құрылғанына

90 жыл толып отыр. Осыған орай елді мекенде ұлан-асыр

той ұйымдастырылып, оған осы ауылдың тумалары мен алысжақын

өңірлерден мәртебелі меймандар жиналды. Ел мерейін

өсірген мерейтой аясында кент әкімі Ербатыр Молдатаевпен

жол-жөнекей әңгімелесіп үлгердік. Сонымен, ғасырға жуық

тағылымды тарихы бар кенді өлкенің бүгінгі тыныс-тіршілігі

қандай?

Майқайың кентінің 90 жылдық тарихы

небір сырлар мен сындарға толы шежіре

секілді. Ғасырларға иек артқан бұл өлкенің

тарихы сұрапыл соғыс жылдарын да, қуғынсүргін

мен ашаршылықты да, мұңға толы

тауқыметті де, түрлі машақатты да басынан

өткерді. Бүгінде соның бірін көрмегендей,

бар сырын ішіне бүгіп, үнсіз ғана мызғып

тұрғандай көрінеді. Иә, Майқайың кентінің

тарихы – еліміздің тарихы. Өйткені тарихтың

үлкен-кішісі болмайтыны - заңдылық.

Сондықтан аталған той бар қазақ баласы

үшін де үлкен маңызға ие. Бұл Майқайың

ауылы тұрғындарының ғана емес, жалпы

облыс үшін айтулы мереке болғаны анық.

Майқайың кентінің төл құрдасы, төбелі

90 жасқа келген Мұхтар Әбенов ақсақалдың

айтуынша, бұл өлкенің тарихы тереңде

жатыр. Оған көнекөз қарияның өзі жинаған

2 мың фотодан астам сурет-галлереясынан

кем түспейтін мұражайы куә.

- Бұл өлкенің тарихы көз алдымда.

Аталарымыз бен әжелеріміз маңдай терін

төгіп тұрып еңбек еткен жер ғой бұл.

Күні кеше іргетасы қаланып, мұржасынан

түтін будақтап шыға бастаған ауылдың

бүгінгі күні көңілге медет ұялатады. Қазір

ынтымағы жарасқан, бірлігі мен іргесі

бекем елге айналдық. Бір ауылдың тарихымен

бір мемлекеттің тарихы басталады.

Майқайың кентінің жерасты байлығы алтын

болса, жерүсті байлығы халқым болмақ, -

дейді ақсақал.

Еңсесі биік елді мекеннің тағылымды

тарихқа айналған кешегі күндеріне қанық

болып, бүгінгі күндеріне бағыт алдық.

Майқайың кентінің әкімі Ербатыр Молдатаев

ағымдағы жылы кент бойынша абаттандыру

жұмыстары қарқын алып, елдің әлеуеті

артып келе жатқанын жеткізді.

- Майқайың кенті жыл сайын жаңарып,

жанданып келеді. Ауылдың шаруашылығы

дамып, экономикалық бағыттары арта түсті.

Инфрақұрылымы да жақсарып келеді. Тоқсан

жылдық тарихы бар Майқайың кентінде

бүгінде тоғыз мыңға жуық адам тұрып

жатыр. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш жыл

сайын жас мамандармен толықтырылуда, -

деді Ербатыр Ғинаятұлы.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, биыл

Майқайың кентіндегі орталық саябақта

көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Саябақта

жаяу жол, гүлзарлар және жаттығу-спорт

алаңы мен балалар алаңқайы салынды.

Бұл мақсатта 43 млн 120 мың теңгеге

«Дисконт» ПК-мен шарт жасалып, қосымша

14 млн 88 мың теңгеге жобалық сметалық

құжатқа түзетулер енгізілді. Сондай-ақ,

«Дисконт» ПК-мен Астана көшесіне

абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін

33 млн теңгеге келісімшарт жасалды.

Нәтижесінде, Астана көшесінің бойында

әкімшілік ғимараттың жанында алаң

салынып, асфальт жол төселді. Орталық

алаңға кеспе тастар төселді. Сонымен

қатар, алаңға сәндік мүсіндерден тұратын

асық, гүлзарлар орнатылды. Бұдан бөлек,

биыл Гагарин көшесінде балалар ойын

алаңын салу жұмыстарына 9 млн 982 мың

теңгеге «STRONG SERVICE» ЖШС-мен

және де сметалық құжаттың дұрыс орындалуын

қадағалау мақсатында «Сахл

Строй» ЖШС-мен 154 мың 955 теңгеге

келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, «Абдирова

А.Қ.» ЖК-мен 4 млн 309 мың теңгеге

келісімшарт жасалып, қоқысқа арналған

52 дана контейнер Майқайың кентінің

орталық көшелеріне орнатылды. Елді

мекенді көркейту мақсатында «Рассвет

880» ЖШС-мен 2 млн 50 мың теңгеге

келісімшарт жасалып, 155 дана сібір шыршасы

кент әкімі аппараты ғимаратының ауласына

және Қазақстан Республикасы мемлекеттік

туы орналасқан «Рәміздер алаңына»

отырғызылды. Сонымен қатар, ағымдағы

жылы «Айхом Эк» ЖШС-мен Майқайың

кенті бойынша 11 дана бейнебақылау

камералары орнатылды. Бейнебақылауды

қадағалау камерасы Майқайың кентінің

полиция бөлімшесінде тұр. Сондай-ақ,

«СтройЛЭПмонтаж» ЖШС-мен 3 млн 24 мың

теңгеге келісім шарт жасалып, кент бойынша

107 жарықшам ауыстырылды.

Бұдан басқа, збиыл Майқайың кентінде

футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын

жүргізуге 11 млн 704 мың теңгеге «FERRAGE-

30» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

Сметалық құжат бойынша жұмыстар 2022

жылдың 16 қыркүйегіне дейін аяқталуы

керек. Бүгінгі таңда спорт алаңында қызу

жұмыс жүргізілуде. Онымен қоса, Майқайың

кенті әкімі аппаратының «Кенші мәдени–

сауық орталығы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорнына қарасты Майкөбе

ауылдық клубының ғимаратына ағымдағы

жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 млн

355 мың теңгеге келісімшарт жасалып,

мәдени ошаққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ауылдық клуб ғимаратының

қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын

жүргізу үшін «Жилспецстрой» ЖШС-мен

2 млн 953 мың теңгеге келісімшарт жасалды.

Мәдени нысандағы қазандыққа ағымдағы

жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ,

Майқайың кенті,

Баянауыл ауданы.

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА

«Ауыл» халықтық-демократиялық

патриоттық партиясының

өкілдері Шарбақты ауданының

шалғай жатқан ауылдарына

арнайы ат басын бұрып, жұртшылықпен

жүздесті. Кездесу

барысында Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан

халқына жасаған Жолдауында

көтерілген мәселелер

талқыланды.

Ауылдың

әл-ауқаты

артады

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші

орынбасары Төлеутай Рақымбеков

Шарбақты ауданы азаматтарымен

кездесу барысында Жолдауда айтылған

негізгі тапсырмалар - медициналық

нысандарды салу, игерілмей жатқан

ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару,

кооперацияны дамыту мен су саласын

қайта жаңғыртуға қатысты бастамаларды

түсіндіріп, оларды іске асыру

арқылы күтілетін нәтижелерге тоқталды.

Мәселен, Галкин тұрғындарымен

кездесу кезінде Президент тапсырмасымен

қайта жасалатын бюджет пен

салық кодекстері ауыл проблемаларын

нақты шешіп, аграрлық салаға деген

көзқарасты түбегейлі жақсартатынын

атап өтті. Сонымен қатар, Төлеутай

Рақымбеков үй шаруашылықтарын кооперациялау

тақырыбы Жолдауда көрініс

тапқанын бұл бағыттағы бастамалардың

ауыл әлеуетін ашып, халықтың тұрмыстіршілігін

жақсартуға мүмкіндік беретінімен

байланыстырды.

- «Ауыл» партиясы Президенттің осы

бағыттағы тапсырмаларын тиімді іске

асыруға мүдделі. Себебі партияның

ауыл шаруашылығы саласын толығымен

салықтан босату, төртінші деңгейдегі

бюджетті ұлғайту бойынша нақты

ұстанымдары мен ұсыныстары бар, -

деді Т.Рақымбеков.

«Ауыл» партиясынан сайланған

Павлодар облысының мәслихат депутаты

Нағимаш Жүсіпова «Халық қатысатын

бюджет» жобасының ауқымын кеңейтіп,

оған аудандық маңызы бар қалалар мен

ауылдарды тарту жөніндегі тапсырма

өзекті екенін айтты. Оның пайымынша,

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

қаржысының кемінде 10 пайызының

қайда әрі қалай жұмсалатынын қоғамның

өзі айқындауы - қазіргі уақыт талабы.

Галкин ауылының тұрғындарымен

кездесу барысында партия активі

2021 жылы өзінің тізімімен сайланған

ауыл әкімдері мен аудандық мәслихат

депутаттарының жұмыс нәтижесін

талқылады. Әсіресе, олардың сайлауалды

бағдарламарында өзіне алған

міндеттемелерінің орындалу қарқыны

қарастырылды. «Ауыл» партиясының

Павлодар облысындағы филиалының

төрағасы Николай Арсютин партиялық

бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін

әрі партия тарапынан тиісті әдістемелік,

әкімшілік қолдау көрсетілетінін айтты.

Жиын соңында партия активі Президент

Жолдауынан туындайтын міндеттер

бойынша өңірлік филиал жұмысының

басым бағыттарын айқындады.

«Ауыл» партиясының жылжымалы

отырысы «Жаңа Қазақстанға - жаңа

ауыл» жобасының аясында өткізіліп

отыр. Бұл жоба 2022 жылдың мамыр

айында басталған еді. Жыл соңына

дейін жалғасатын кешенді шаралар

партия мүшелерінің, депутаттары мен

меценаттарының арнайы жобаларын

ұйымдастыруды көздейді және республиканың

барлық аймақтарында ұйымдастырылатын

болады. Оның басты мақсаты

– ауылдық аймақтарды дамытудың

тың моделдерін іске асырып, Мемлекет

басшысының ауыл тұрғындарының

әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын

жақсарту бойынша жасаған бастамаларына

партия тарапынан үн қосып,

қолдау көрсету.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!