15.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 15 қыркүйек, бейсенбі, 2022 жыл АЛАҢ

SARYARQA SAMALY

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Жаңа

басшыдан

жаңалық

күтеміз

Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының

жаңа президенті болып

белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn

Qyran Foundation қоғамдық қоры

қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Исламбек Салжанов сайланды.

Бұл туралы Қауымдастық құрылтайшыларының

онлайн және офлайн форматта өткен жиналысы

барысында белгілі болды. Айта кетейік,

Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу,

тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлерін біріктіреді.

Бұған дейін ұйымды Мәжіліс депутаты, өнер

қайраткері Бекболат Тілеухан басқарған болатын.

«Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін

насихаттау және дамыту бағытында айтарлықтай

жұмыс атқарылды. Жарыстар республикалық

және халықаралық деңгейде өткізілді, қажетті

инфрақұрылым пайда болды. Бүгінде Қауымдастық

алдында жаңа міндеттер тұр, оларға қол жеткізу

үшін барлық тараптардың күш-жігерін біріктіру

қажет», – деді жиын барысында Мәдениет және

спорт министрі Дәурен Абаев.

Өз кезегінде Исламбек Салжанов жиынға

қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

«Біздің Қауымдастық балалар спортына

ерекше назар аударуы қажет. Бұған қоса, ұлттық

спорт стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды

енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, ұлттық

ат спортын жаңғырту өте маңызды», – деп атап

өтті Исламбек Салжанов.

Қатысушылар Қауымдастықтың бұрынғы

басшылығы атқарған жұмыстарды және ұлттық

спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесін ерекше

атап өтті.

Сондай-ақ құрылтайшылардың жалпы жиналысы

барысында Ұлттық спорт қауымдастығының

2019-2022 жылдары атқарған қызметі туралы

есеп тыңдалып, бірлестіктің жаңа басшылық

құрамы сайланды.

Өз тілшіміз.

Бағдарлама

жабылмайды

Жан басына шаққандағы қаржыландыру

жүйесі арқылы балаларды

спорт секциялары мен шығармашылық

үйірмелермен қамту жұмысы

жалғаса береді. Бұл туралы ҚР

Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері

комитетінен хабарлады.

Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының

жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар

шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетсек,

бұған дейін «жеткіншектердің тегін спорттық

үйірмелеріне қаржы бөлу мәселесі тұйыққа тірелді,

ондай үйірмелер енді жұмысын тоқтатады» деген

қауесет тараған болатын.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі

уақытта уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс

істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша

жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды

барынша кең қамтуға бағытталған, олардың

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық

схемалардың жолын кесуге және алдын алуға

бағытталған талаптар енгізілуде.

Бірқатар өңір әкімдіктері бағдарлама аясында

қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті

өтеу үшін қажетті қаражат іздестіру жұмыстарын

жүргізіп жатқанын атап өту қажет.

Өз тілшіміз.

Елімізде көлік жүргізушілерінің жасына қатысты заңнамалық

талаптар жоқ. Сондықтан 18 жасқа толғандар да,

жасамыс та темір «тұлпарды» басқаруға құқылы. Атап

өтерлігі, жыл басынан бері облыста 65 жастан асқан көлік

жүргізушілерінің қатысуымен 11 жол–көлік оқиғасы

орын алды. Қоғам талқысына түскен бұл оқиғалардан

соң павлодарлықтардың пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер

қартайған кезде рөлге отырмаған жөн дейді. Себебі бүгінде

жол қозғалысы барысында оқыстан қимылдау, тез шешім

қабылдау жағдайлары туындайды. Ал енді бірі қауіпсіздік

ережелерін егде адамдарға қарағанда жастар жиі туғызады

деп санайды. Осыларды ескере отырып, көлік жүргізушісінің жасын шектеу керек пе деген

мәселені «Алаңның» талқысына салып көрдік.

Көлік жүргізушілерінің

жасын шектеу керек пе?

- Қазақстанда жүргізуші куәлігін

18 жастан бастап алады. Ал автомобильді

қай жасқа дейін жүргізуге болатыны

толық көрсетілмеген. Басқару

құқығының тоқтатылуы және жүргізуші

куәлігін беруден бас тарту медициналық

қарсы көрсетілімдер бойынша немесе

сот шешімі бойынша болуы ғана мүмкін.

Осы орайда кез келген шешім деректерді

талдау негізінде қабылдануы керек. Яғни,

жүргізушілердің жасы, жүргізушілер

қатысуымен болған жол-көлік оқиғалардың

саны негізгі фактор болмауы тиіс. Өйткені

біздің елімізде мұндай апаттық жағдайлар

себептерінің статистикасы жүргізілмейді.

Ал авария асфальттағы шұрық тесіктің,

нашар көрінудің немесе ауа райы жағдайларының салдарынан

болуы мүмкін.

Қанат ҚАБЖАМИТОВ,

автокөлік саласының сарапшысы:

- Елімізде көлік жүргізу куәлігі 18 жасқан асқан азаматтарға

берілетіні баршаға мәлім. Ол үшін теориялық, тәжірибелік сынақтардан

өтіп, емтихан тапсырады. Әр 10 жыл сайын білімі мен біліктілігін

дәлелдеп, құжатты жаңартуы тиіс деген де талап бар.

Ал жүргізушілердің жасына келер болсақ, бұл мәселе әлі де

жан-жақты саралауды қажет етеді. Себебі тек қарттар немесе

жастар ғана көлікті жақсы жүргізеді деген қағида жоқ. Барлығы

адамның қабілетіне, оның денсаулығына байланысты. Иә, уақыт

өте келе қарттардың денсаулығы сыр беріп, көзі көрмей, рөлді

басқару кезінде өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Көлікті жүргізіп келе

жатып жүрегі қысып, қысымы көтерілетін жағдайлар да кездеседі.

Дегенмен, мұндай бірнеше оқыс оқиғаларды ғана негізге алып,

жүргізушінің жасына қатысты шектеу қою дұрыс бола қоймас.

- Кейбір елдерде көлік құралын

басқаруға жас шектеуі бар. Көбінесе

70 жасқа толған жүргізушілер көлік

жүргізе алмайды, өйткені олардың

құқықтары жойылады. Көлік жүргізу

құқығын қайтадан алу үшін қарт адам

көлікті басқаруға «жарамдылығын»

дәлелдейтін тиісті құжаттарды толтыруы,

сынақтан өтуі қажет. Мәселен, Жапонияда

заң қатаң сақталған. 70 жастан

асқан жүргізушілерге рөлге отыруға

заң жүзінде тыйым салынған. Меніңше,

мұндай норма дұрыс.

Десек те, жасы келгеннен кейін көру

қабілеті, ширақ қозғалысы, реакциясы

төмендейді. Күнделікті жүріп жүрген жолдарын да ұмытып қалуы

Эдуард ЭДОКОВ,

«Тәуелсіз автокөлік одағының» төрағасы:

Әрине, жас ұлғайған сайын адамның көлікті басқару

қабілетін төмендететін аурулар жиі пайда бола бастайтыны

бәрімізге белгілі. Бірақ олардың жинақтаған білімі мен

тәжірибесі барын да ұмытпаған дұрыс. Әртүрлі жүргізушілер

қауымдастығының статистикасы бойынша, дененің функционалдық

мүмкіндіктерінің төмендеуіне қарамастан, егде

жастағы көлік жүргізушілері жастарға қарағанда апатқа

ұшырау ықтималдығы әлдеқайда аз. Сондықтан жасқа байланысты

шектеу енгізуді қисынсыз деп санаймын. Қарттар

қосымша медициналық тексеруден өту керек шығар. Бірақ

мен жалпы тыйым салуға немесе шектеуге қарсымын.

Мақсат СЕРІКБАЙҰЛЫ,

Павлодар қаласының тұрғыны:

әбден мүмкін. Сондай-ақ, жүргізуші жеке басының саулығына

ғана емес, жанындағы жолаушылардың өміріне де жауапты.

Сол себепті көлік жүргізушілеріне жас шектеуін енгізу керек

деп ойлаймын.

Мәселен, жақында 85 жастағы көлік жүргізуші облыс

орталығында басқа көлікпен соқтығып, апаттық жағдайды

тудырған еді. Ол жерде көлік емес, бала болса ше? Сондықтан

осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілердің

жасын заң жүзінде шектеу керек.

«Алаңды» үйлестірген – Айдана БОРАНБАЕВА.

Кәсіпкерлер бас қосты

Өңіріміздің Инвесторлар үйінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер

палатасының тоғыз жылдығына арналған «Кәсіп Talks»

кездесуі болды. Жиын бейресми TedX форматында өтті.

Шара Ертіс өңіріндегі бизнесін жаңадан

бастаған және тәжірибелі кәсіпкерлерді,

«Атамекен» палатасымен, оның ішінде

оның әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

орта-лығымен тұрақты түрде жұмыс

істей отырып, кеңестік, құқықтық және

ақпараттық қолдау алатын, сондай-ақ

өз үлгісімен бизнестің дамуына үлес

қосып келетін адамдарды біріктірді.

- Осыдан 9 жыл бұрын Павлодар

облысында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер

палатасының алаңы құрылды. Біздің

негізгі мақсат – кәсіпкерлердің құқығын

қорғау және олардың дамуына үлес

қосу. Кездесуге тәжірибелі кәсіпкерлер

шақырылды. Олар жұмысты жаңа бастап

жатқан кәсіп иелерімен өзінің жүріп

өткен жолы туралы бөлісіп, өркендеуге

қажетті ақыл-кеңестерін айтты, - деді

кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің

басшысы Мүбәрак Жақыпов.

Бизнес-тренер, IPACT жаттықтырушылар

халықаралық қауымдастығының

мүшесі, Павлодар облысы «Атамекен»

ӨКП жанындағы «Әйелдер кәсіпкерлігін

дамыту орталығының» тәлімгері Жәмиля

Себебі 18 жаста жүргізуші

куәлігін қалтасына салып, жылдамдықты

ескерместен желдей

жүйткитін жастар да жетерлік. Олар

да апаттық жағдайлардың орын

алуына себепкер бола алады. Бұл

ретте мәселе жүргізушінің жасында

емес. Оның көлікте өзін-өзі қалай

ұстауы мен темір «тұлпарды»

басқару қабілетіне байланысты

болып отыр. Қарттардың барлығын

жолдан «алып» тастап, тек жастар

мен орта жастағы азаматтарды

қалдырсақ, жол-көлік оқиғасының

бірден азаярына кім кепілдік бере

алады? Сондықтан, мәселені әлі

де елеп-екшеп алған жөн.

Ерназарованың айтуынша, «Атамекен»

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен

облыс бойынша диалог алаңы

ұйымдастырылды. Олардың қатарында ісін

жаңа бастаған кәсіпкерлер де баршылық.

Сондай-ақ, аудиторияға түрлі қызмет

көрсету салаларына қатысы бар жандар

шақырылды.

- Аталған іс-шараның мақсаты - өңірдің

кәсіпкерлік қоғамын қаржылық емес

қолдау көрсетіп, сапалы іскерлік нетворкинг

жасау болды. Бұл тұрғыдан алғанда

тәжірибелі және жас кәсіпкерлер қажеттіні

ойға түйді деп ойлаймын, - дейді Жәмиля

Ерназарова.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!