22.09.2015 Views

ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Untitled - Сорос-Қазақстан қоры

Untitled - Сорос-Қазақстан қоры

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

ҚАЗАҚСТАН

ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ

ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Тәжиребелік нұсқаулық

Алматы, 2008

ББК 76.01

Қ17

идеяның авторы: Әділ Жәлелов

жоба жетекшісі: Әділ Жәлелов

редакциялаған: Ботагөз Жұмашева

аударған: Шынар Әлжанова

әрлендіру/қалыптау: Светлана Грудницкая

Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен: Тәжірибелік нұсқаулық.

– Алматы, 2008.

«MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы, 2008-11-04

ISBN 9965-9860-7-Х

Бұл кітапта журналистер мен редакторлардың, БАҚ жетекшілерінің, PRмамандарының,

сонымен қатар ақпараттық даулар мен заңнамалық

қызмет саласында маманданған заңгердің тәжірибелері жинақталған.

Оқырмандардың назарына Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі

БАҚ‐та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір

кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған.

Қазақстандық, ресейлік және халықаралық материалдар негізінде

жазылған кітапта журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста

қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге

ақыл‐кеңестер мен ұсыныстар беріледі.

Аталмыш еңбек жас журналистерге, журналистика факультеттерінің

шәкірттеріне, сондай‐ақ, ақпараттық сала қызықтыратын барша

адамдардың кәдесіне жарайды.

ББК 76.01

«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» атты қазақ тіліндегі

басылымның жариялануы Сорос‐Қазақстан Қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ

Орталығының қаржылық қолдауымен жүзеге асты. Осы басылымда

берілген ой‐пікір, қортындылар мен ұсыныстар авторларға тиесілі және

жоба донорларының, демеушілерінің және «MediaNet» Халықаралық

журналистика орталығының ұстанымымен сәйкес болуы міндетті емес.

П 4502020000

00(05)-08

ISBN 9965-9860-7-Х

© MediaNet ХЖО ҚҚ, 08

© Сорос-Қазақстан Қоры, 08

© Астанадағы ЕҚЫҰ, 08

© К.Аденауэр Қоры, 08

Тәжірибелік нұсқаулықтың авторлары мен

құрастырушалары ынтымақтастық пен қолдау

көрсеткені үшін, сондай-ақ Қазақстан журналистикасының

дамуына үлес қосқаны үшін Сорос

Қорына, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығына,

Конрад Аденауэр Қорына, Қазақстандағы

«Комсомольская правда» газетіне, «Эксперт-

Қазақстан» журналына, РИА-НОВОСТИ

ақпараттық агенттігіне, «Бизнес & Власть»

газетіне және басқа да әрептестері мен

серіктестеріне алғысын білдіреді.

Кіріспе

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан медиа-нарығымен біте қайнасып

жүрген журналистердің еңбектері ұсынылып отыр. Яғни, БАҚ жетекшілері,

журналистер, редакторлар, заңгер, PR-мамандары, былайша

айтқанда, «бір терінің пұшпағын илеп» жүрген жандар осы саладағы

тәжірибесімен бөліскен.

Қазақстандағы кәсіби журналистиканы дамытуға титімдей болса да үлес

қосуым керек деп есептейтін авторлар өз тәжірибесі мен кеңестерін

ортаға салды.

Бұл еңбек MediaNet Халықаралық журналистика орталығының 2006

жылы шығарған «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» атты

кітабының заңды жалғасы.

Алғашқы кітапқа деген сұраныстың үлкен болғандығы соншалық ол

бар-жоғы бірнеше айдың ішінде еліміздің барлық аймағына таралып

кеткен-ді. Осыдан кейін MediaNet орталығына осы кітапқа немесе оның

жалғасын әзірлеуді сұраған хаттар түсе бастады. Әсіресе, кітапты қазақ

тілінде шығаруды сұраушылар көп еді.

Сондықтан біз осы жолы кітапты екі тілде қатар шағыруды ұйғардық.

Бұған қарап екі нұсқа бір‐бірін қайталайды деген ой тумауы керек.

Бірнеше тараудың қазақ тіліне аударылғаны болмаса олар бір-біріне

ұқсамайды. Оның үстіне, қазақ тілді нұсқа белгілі қазақ журналистерінің

қатысуымен шығарылды.

Нәтижесінде барынша толықтырылған және тіпті өзгеше нұсқа жасалды.

Бірақ, идея өзгерген жоқ. Бұрынғыша кәсіби мамандардың басын

қосып, барынша маңызды, жас әріптестер үшін пайдалы да қызықты

тақырыптарды түсінікті тілмен беруге тырыстық.

Журналистика – түрлі-түсті мозаика сияқты, кейде өзіне өзі қайшы келіп

те жататын тұстары бар. Сондықтан да әр тарауда авторлардың стилі

мен түсіндіру әдісі толық сақталды.

Кей тарауларда нақты бір мысалдарға байланысты дәстүрлі кеңестер

берілді. Кейбірінде қазақстандық журналистика үшін соны көзқарастар

енгізілген. Енді бірі қазақстандық журналистикаға жаңа ұғымдарды

| 0 | Кіріспе

әкеледі. Олег Хенің мультимедиялық журналистика туралы пікірлерін

мысалға келтіруге болады.

Кітапты оқу құралы ретінде алып қарауға да, күнделікті жұмыс барысында

да пайдалануға болады.

Бұл кітаптан Қазақстан медиа рыногының қалай дамып келе жатқанын

аңғарамыз.

Ержан Сүлейменовтің телеарнадағы жаңалықтарды рет-ретімен

орналастыру туралы ойлары кез-келген телекомпания үшін таптырмас

кеңес болуы мүмкін. Адам құқықтары мәселесіне қалам тербейтін

журналистер Вячеслав Абрамовтың жазған бөлімін оқып шықса болады.

Радиода жұмыс істегісі келетіндер Екатерина Волкованың кітаптағы

ақыл-кеңестеріне ден қойғаны абзал. Ал, сараптама жасауды үйренгісі

келетін жас журналистер үшін Павел Грудницкий берген кеңестердің

пайдасы зор.

Өте түсінікті тілмен әрі практикалық жағынан жазылған Гүлнәр Мұқанова

мен Айбар Олжайдың тараулары телевизиядағы жұмыстың картинасын

жақсы әспеттеп, жас буынмен белгілі және нақты шеберлік кеңестерімен

бөліседі. Сондай‐ақ «Жас Алаш» газетінің қазіргі Тбилисидегі меншікті

тілшісі Мұхтар Жанұзақұлына алыста болса да, уақыт тауып, маңызды

тақырыптардың біріне қалам тартқаны үшін ризашылық білдіреміз.

Журналистік жолын енді бастаймын деген талаптыларға Жұлдыз

Әбділдәнің, Ержан Әбдіраманның неден бастап, қалай жазу қажет

екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы

жазған тараулары әбден пайдалы болады деп сенеміз.

Журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.

Сергей Власенконың жазған тарауы заңдық құқықтар мен шектеулер,

сауал жазу мен жолдау, заңды қалай тиімді пайдалануды үйретеді.

Әрине, барлық авторларды тізбектеп жатудың қажеті жоқ шығар деп

ойлаймын. Олардың еңбектерін оқып, содан ой түйген жөн.

Жоба авторлары мен бастамашылар ғылыми мақсатты немесе атақ

алуды, жұрттың мойындауын мақсат тұтпайды. Кітапта жазылғандарды

есте сақтап, жаттап алудың қажеті жоқ. Бастысы – онда жазылғандарды

түсіну және жұмыс барысында кәдеге жарату.

Біз – журналистика саласында жұмыс істеп жүрген мамандармыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 0 |

Күнделікті рынокта жұмыс жасап жүргендіктен оның қыр-сырын жақсы

білеміз және жас журналистердің кәсіпті тез меңгеріп кетуіне ықпал

еткіміз келеді.

Дегенмен, бұл кітап журналистика мэтрлері үшін де қызықсыз емес.

Себебі журналистика бір орында тоқтап қалған жоқ, ол үнемі даму

үстінде, өзгеріске ұшырауда. Сондықтан, тіпті тәжірибелі мамандардың

да рынок беталысын бағамдап, жаңаны меңгеріп отыруы қажет.

Біздіңше кешегіні үйрету емес, ертеңгіні болжай отырып, бүгінгі

жаңалықтарға ілесіп үлгеру қажет. Өйткені әрбір атқан таң жаңалыққа

толы. Мысалы, Марат Шибұтов баяндайтын блог тақырыбы біз үшін

мүлде тың дүние дер едім.

Кітап авторларының жинақтаған тәжірибесі мен көзқарастары әртүрлі.

Олардың бірі рынок адамы, сондықтан БАҚ-қа ең алдымен өнім, тауар

ретінде қарауды ұсынады. Енді бірі журналистиканың әлеуметтік

міндетін бірінші кезекке қояды. Шындықтың қай жағында екенін

бағамдау оқырманның еншісінде. Оны әр адам, әр журналист өзінше

ұғынуы тиіс. Өйткені, журналистика да өмір сияқты. Ол біркелкі емес,

керісінше, ақпарат пен ой‐пікірден тұратын түрлі-түсті әрі көп қатпарлы

бояу тақтайшасына көбірек ұқсайды.

Осы кітап оқырмандарынан бүгінгі журналистиканы сіз бен біз бірігіп

жасайтынымызды естен шығармауды сұрағымыз келеді. Оны бұрында

басқа журналистер жасаса, бүгін бұл міндет біздің еншімізге тиді.

Ендеше, осы кезең үшін қоғам мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік біздің

мойнымызда. Өйткені, бүгінгі жазылған материалдар мен сюжеттердің

астында біздің аты-жөніміз тұрады.

Соңғы мәселе. Алдарыңыздағы кітап көпшіліктің сұранысы бойынша

жарыққа шықты. Бірақ оның коммерциялық жоба еместігін атап өткім

келеді. Басылым тегін таратылады. Ерекшелеп айтып отырғанымның

себебі бар: «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» кітабының

бастапқы нұсқасын сатқандар да болыпты. Егер кітап сіздің қолыңызға

тимей қалған болса, оны кез-келген уақытта www.medianet.kz сайтынан

таба аласыз.

Әділ Жәлелов

| 0 | Кіріспе

«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы»

Қоғамдық қоры

www.medianet.kz

Құрылғын күні: 27 тамыз 2004

MediaNet – БАҚ және PR саласындағы бір топ қазақстандық мамандардың

бастамасымен құрылған.

Ақпараттық саланың кәсіби дамуына барынша атсалысуды мақсат

тұтатын коммерциялық емес ұйым.

Міндеті:

журналистика дамуына үлес қосу

Мақсаттары:

Қазақстанда жаңа журналистер толқынын қалыптастыру;

Қазақстандық және халықаралық медиа‐салаға маман дайындау;

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мен журналистік

мамандықтың беделін арттыру;

БАҚ және қоғам арасындағы тиімді қарым‐қатынас орнату;

Қазақстандағы азаматтық қоғамның әрі қарай дамуына атсалысу;

Медиа‐Мектеп – тиімді және заманауи құрылымын құру;

Қызмет түрі:

Білім беру және ақпараттандыру жобалары;

Журналистика дамуына бағытталған іс‐шараларды ұйымдастыру;

Консалтинг;

Кейбір жобалар (барлығы – 60‐тан артық)

• Медиа‐Мектеп (Қазақстандағы жалғыз тәуелсіз журналистика мектебі)

– Сорос‐Қазақстан Қорының қолдауымен

• Қазақстанның журналистеріне арналған интернет‐портал www.medianet.kz

• «Орта Азияның еркіндік дауысы» құқық қорғау порталы www.vof.kg

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 0 |

• «Парламенттік журналистика» оқу құралы

• «Қазақстандық журналистер тәжірибесінен» оқу құралы

• Журналистерге арналған «Қазақстандағы ҮЕҰ нұсқаулығы»

• Дистанциондық журналистика мектебі (Қостанай, Тараз, Қарағанды,

Жезқазған, Павлордар, Астана)

• Журналистика факультеттеріндегі медиа, еңбек және авторлық

құқық жөніндегі арнайы оқу курстары

• «ҮЕҰ БАҚ‐қа арналған ақпарат көзі ретінде» тренингтер топтамасы

(Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Атырау, Шымент, Өскемен,

Көкшетау, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және т.б.)

• Журналистерге арналған Financial Times редакторының қатысуымен

өткен қор нарығы тақырыбында жазу семинары

• РБК телеарнасы жетекшілерінің қатысуымен өткен экономикалық

журналистика семинары

• Eurolesson – Еуропалық Одақ жайында фильм дайындау мен

қазақстандық мектептердің бітіруші сыныптарына арналған арнайы

сабақ өткізу

• «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясымен бірігіп, атом өнеркәсібі

тақырыбында жазу жөніндегі іс‐шаралар топтамасы (журналистерге

арналған семинарлар, Өскеменге, Францияға ұйымдастырылған

пресс‐турлар және т.б.)

• Келесі тақырыптар жөніндегі іс‐шаралар топтамасы:

o ВИЧ/СПИД пен нашақорлық мәселелері (UNODC, UNESCO‐мен

бірігіп)

o көші‐қон мәселелері (ЕҚЫҰ‐мен бірігіп)

o әскери тематика (НАТО‐мен бірігіп)

o Орта Азия елдерінің Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы

o блогинг бойынша

o гендерлік мәселелер және т.б.

Серіктестер, донорлар:

Сорос‐Қазақстан Қоры

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы

Freedom House

Қазақстан мен Қырғызстандағы Еурокомиссия Делегациясының Өкілдігі

Конрад Аденауэр Қоры

Фридрих Эберт Қоры

Biz Media іскерлік журналистика орталығы

| 0 | Кіріспе

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі

Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі

Ресей журналистер Одағының экстремалды журналистика орталығы

(Мәскеу)

«Қазатомпром» ұлттық компаниясы

Әл‐Фараби атындағы ҚазҰУ‐дың журналистика факультеті

ҚМЭБИ журналистика департаменті

Journalists Network (Германия)

РБК

НАТО

Қазақстан журналистер Одағы мен Ұлттық баспасөз клубы

«Оазис» интернет‐журналы

Voxpopuli журналы

«Эксперт‐Қазақстан» журналы

«Қазақстандағы Комсомольская правда» газеті

«Бизнес & Власть» газеті

«Жас Алаш» газеті

«Жас Қазақ» газеті және т.б.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 010 |

РЕЦЕНЗИЯ

«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» кітабының екінші басылымы

авторлық құрамы жағынан да, мазмұндық тұрғыдан да бірбіріне

ұқсамайтын, қос тілде жазылған дүние. Әсіресе, осы жолы

кітаптың қазақша нұсқасының шығуын және оған осы саладағы кәсіби

мамандардың қатысуын ерекше атап өту қажет.

Екінші басылымға жаңа авторлардың қатыстырылуы да құптарлық жәйт.

Бұл жобаның алға ілгерілегенін, кітап бастамашыларының журналистика

саласында еңбек етіп жүрген мамандарды барынша толық қамтып, түрлі

тәжірибелер мен көзқарастарды беруге деген талпынысын көрсетеді.

Оқырмандар кітаптан тәжірибесі мол майталмандар мен жас

мамандардың ақыл-кеңестерімен таныса алады. Жалпы, жасы мен

еңбек өтілі әртүрлі авторлардың ой-пікірін қатар пайдаланған тың әдіс.

Сондықтан кітап еңбек жолын енді ғана бастаған журналистер үшін өте

пайдалы болмақ.

Авторлардың арасында Наталья Соколова, Арман Шораев, Олег Хе,

Юрий Дорохов, Мұхтар Жанұзакұлы, Вячеслав Абрамов сынды жетекші

журналистер аз емес. Сол арқылы кітапта белгілі бір бұқаралық ақпарат

құралдарын мысалға алып, оның стилі мен жанрларын меңгеруге

мүмкіндік туған. Қалай дегенмен де осы шеберлердің тәжірибесі журналистика

факультеттерінің студенттері үшін де, бұл салада арнайы білімі

жоқ адамдар үшін де пайдалы екені анық.

| 11 | Кіріспе

Кітапта берілген пікір алуандығы журналистиканың басты қағидаларының

бірі – пікір тепе-теңдігін сақтау қағидасына сай келеді. Ал, кітаптың

қарапайым тілмен баяндалғандығы оның оқырмандарының көбеюіне

ықпал етеді деп ойлаймын. Мұның екеуі де журналистика саласында

жазылған кітаптарға қойылатын басты талаптар болып табылады.

Қазіргі таңда қазақстандық журналистика ұрпақ ауысу кезеңінде тұр. Бұл

кезеңде бізге тәжірибемізбен бөлісу, сабақтастық қана емес, отандық

медиа-өнімнің бәсекеге қабілетті бола түсуін қамтамасыз ететін жаңа

идеялар, жаңа есімдер ауадай қажет.

MediaNet халықаралық журналистика орталығының бұл еңбегі, әсіресе

екінші нұсқаның мемлекеттік тілде шығарылуы – журналист кадрлар

дайындау әдістерінің жүйелі түрде қолға алына бастағанының айғағы.

Қазақстан журналистер одағы

басқарма төрағасының орынбасары

Сейтқазы Матаев

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 12 |

АВТОРЛАР:

АЙБАР ОЛЖАЙ

АЙБЫН ШАҒАЛАҚОВ

АСХАТ ЕРКІМБАЙ

ВЯЧЕСЛАВ АБРАМОВ

ГҮЛЗАТ НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

ГҮЛНӘР МҰҚАНОВА

ДАНАБЕК БИМЕНОВ

ДӘУЛЕТХАН ЖИЕНҚҰЛОВ

ЕКАТЕРИНА ВОЛКОВА

ЕРЖАН ӘБДІРАМАН

ЕРЖАН СҮЙЛЕМЕНОВ

ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ

ЖҰДДЫЗ ӘБДІЛДӘ

ИГОРЬ БРАТЦЕВ

ИРИНА СЕВОСТЬЯНОВА

КӘМШАТ ТАСБОЛАТОВА

МАРАТ ШИБҰТОВ

МАРИНА МАКСИМОВА

МАРИЯ ГЛЕБОВА

МҰХТАР СЕҢГІРБАЙ

НАТАЛЬЯ СОКОЛОВА

ОЛЕГ ХЕ

ОЛЬГА КАПЛИНА

ПАВЕЛ ГРУДНИЦКИЙ

РАСУЛ ШЫБЫНТАЙ

РАХИЛА ҚАРЫМСАҚОВА

СЕРГЕЙ ВЛАСЕНКО

ЭДУАРД ПОЛЕТАЕВ

ЮРИЙ ДОРОХОВ

ЯРОСЛАВ РАЗУМОВ

| 13 | Кіріспе

Айбар ОЛЖАЙ

1983 жылы 1 тамызда Алматыда туған. 2000-2004 жылдары Әл‐Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы

бойынша бітірген.

2002-2005 жылдары «Алматы» телеарнасында (бұрынғы «ЮСА»

телеарнасы) тілші, ақпараттық бағдарламалар редакторы қызметін

атқарған.

2005-2008 жылдары «Астана» телеарнасының Алматыдағы меншікті

тілшісі, кейіннен «Астана» телеарнасының Алматылық филиалында

жаңалықтар қызметінің шеф‐редакторы болған. 2008 жылы «ВИА

«МузАРТ» продюсерлік орталықтың режиссері.

Қазіргі уақытта «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 14 |

Айбын ШАҒАЛАҚОВ

«ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің сараптамалық ақпараттар

бөлімінің меңгерушісі.

Алматы облысының бұрынғы Шелек ауданына қарасты «Нұрлы» ауылда

туған.

Алматының №2 мектебінде, кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университетінің журналистика факультетінде білім алған. 2000 жылы

– Қазақ ақпарат агенттігінің тілшісі, қазірге дейін 8 жылдан астам уақыт

ақпарат саласынан қол үзбей істеп келеді.

| 15 | Кіріспе

Асхат ЕРКІМБАЙ

Қазақ блогшысы. Орта Азия елдеріне арналған “Neweurasia.net”

блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы.

2007 жылдан бері «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығында

«Жаңамедия технология бойынша» қазақ тілінде курстар беріп келеді.

Республикалық бірнеше басылымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс

істейді. Интернеттегі қазақ блогшыларының ішкі хат алмасу торабының

үйлестірушісі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын

жеңіп алып, Нью-Йоркта екі айлық тәжірибеден өткен (2006 жыл).

Прагада өткен “New Essential Media” семинарының қатысушысы (2007 жыл).

Ригада өткен BarCampBaltic’s 08 блогшылардың бейресми конференциясының

қатысушысы (2008 жыл).

Украинада “Mobileblogging” қалта телефон мен жаңамедияға қатысты

арнайы жобаға қатысқан. “Мәссаған” жастар порталының жыл

блогшысы.

2008 жылдың наурыз айынан бері “Жас қазақ” ұлттық апталығында

қызмет етеді. «Award.kz 2008» Ұлттық интернет жүлде байқауын ұйымдастырушылардың

бірі.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 16 |

Вячеслав АБРАМОВ

2004 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетінің

түлегі, мамандығы халықаралық журналист. Журналистика саласында

1995 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Ретро», Қазақ радиосы, «Хабар»

радиостанцияларында жүргізуші, «Таң» телеарнасының ақпараттық

қызметінде тілші, Kazakhstan today ақпарат агенттігінде редактор, арнайы

тілші, парламент тілшісі, шығарушы редактор, «Интерфакс-Қазақстан»

агенттігінің баспасөз орталығының директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар Вячеслав Абрамовтың үкіметтік емес ұйымдарда

жинақтаған тәжірибесі де мол. 2006 жылдың тамызынан бастап MediaNet

халықаралық журналистика орталығының атқарушы директоры,

MediaNet жанындағы Медиа-мектеп жетекшісі қызметтерін атқарып

келеді.

2007 жылдың маусымынан бері – Интернеттегі ақпараттық-сараптамалық

Voice of Freedom Central Asia (Орталық Азиядағы азаттық дауысы) құқық

қорғау порталының шеф-редакторы – www.vof.kg.

2000 жылдың қаңтарынан бері қарай 70-тен астам тренинг өткізді. International

Center for Journalists (ICFJ) ұйымының сертификатын алған

тренер.

2005 жылдың желтоқсанынан бастап - MediaNet халықаралық

журналистика орталығы жанындағы Медиа-мектепте тұрақты түрде

тренингтер өткізеді. Бірнеше тәжірибелік нұсқаулықтар мен оқулықтардың

редакторы.

| 17 | Кіріспе

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Үлгі ауылында

туған.

1989-1990 жылдары Жамбыл аудандық (СҚО) «Ауыл арайы» газетінде

тілші қызметін атқарған.

1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

журналистика факультетінде оқыған. 1995-1996 жылдары республикалық

«Бірлік» газетінде қызмет істеген. 1996-1997 жылдары Қазақстанның

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінде редактор болған. 1997-2006

жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінде экономика, әлеумет,

ақпарат бөлімдерін басқарған.

2006 жылдан республикалық қоғамдық‐саяси «Жас қазақ» газетінің

экономика және қоғам бөлімінің редакторы. 2000 жылы журналистикадағы

еңбегі үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 18 |

Гүлнәр МҰҚАНОВА

13 маусым, 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында

туылған.

2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін

«Халықаралық журналист» мамандығы бойынша үздік дипломмен

бітірсе, 2007 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың тамыз айына дейін

«Түркістан» халықаралық-саяси газетінде тілші; 2002-жылдың наурыз

айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін «Еларна» арнасында

«Таразы» бағдарламасының редакторы, «Хабар» арнасында «Жеті

күн» бағдарламасының редакторы, «Даму дөңгелегі» бағдарламасының

продюсері; 2004-жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қыркүйек

айына дейін «Азаттық» радиосының тілшісі, «Халық және Нарық»

бағдарламасының жүргізушісі; 2007 жылдың маусым айынан 2008

жылдың қаңтар айына дейін «Хабар» арнасында «Төртеу түгел болса»

бағдарламасының сценарисі, «Таразы» бағдарламасының продюсері.

2008 жылдың қаңтар айынан бері Тбилисидегі Зураб Жвания атындағы

грузин қоғамдық қатынастар институты, Кавказ журналистика және

медиа-менеджмент мектебінің тыңдаушысы;

АҚШ Мемлекеттік Департаменті / Сыртқы істер министрлігіне балама

Америкадағы мемлекеттік орган / ұйымдастырған «Лидерлікке

үміткерлердің халықаралық бағдарламасының» (“International

Leadership Programm”) және «2008 жылғы Америка президенттік

сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету» (2008 General Election Embed

Program”) бағдарламасының катысушысы. АҚШ президенттік сайлауы

жөніндегі мақалалары «Экспресс-К» газетіне жарияланды. «Policy.

kz» интернет-газеті мен «Экономика» газетінде және «Данай», «Dialog

Avrasiya» журналдарында мақалалары жарияланған. «Экспресс-К»,

«Ел» газеттерінде мақалалары жарияланып тұрады.

| 19 | Кіріспе

Данабек БИМЕНОВ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (бұрынғы

С.М. Киров атындағы ҚазМҰУ), мамандығы физик, ғарыш пен

радияциялық физика кафедрасының аспиранты, ядролық физика

кафедрасының маманы.

1996-2005 жылдары – Қазақстандағы Би-Би-Си (ВВС) қазақ қызметінің

тілшісі. 2006-2008 жылдары «Азаттық» радиосы (RFE/RL) қазақ

қызметінің тілшісі. Қазақстан, Украина, Пакістан, Ұлыбритания және

Қырғызстан елдеріндегі кәсіби тренингтер қатысушысы. Орталық Азия

елдерінің арасындағы Экологиялық журналистика фестивальдерінің

жеңімпазы. «Нұр Отан» партиясы сыйлығының лауреаты.

Қазақстанның Журналистер одағы сыйлығының лауреаты және одақ

мүшесі.

Қазір ҚазТАГ ақпараттық агенттігінде қазақ тілді жаңалықтарды

жауапты шығарушы, шолушы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 20 |

Дәулетхан ЖИЕНҚҰЛОВ

Алматы облысында туған. КТК, НТК халықаралық «СaspioNET», «31-

арна» арналарында қызмет атқарған. «31-арнада» «Информбюро»

жаңалықтар қызметінде редактор әрі «Тұжырым» бағдарламасын

жүргізген.

2006-2008 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасында ақпараттықсараптамалық

бағдарламалар дирекциясы Алматы бюросының

жетекшісі болған.

Қазір, КТК арнасында «Өз сөзім» бағдарламасының жүргізушісі әрі

«Репортер» бағдарламасының жауапты редакторы.

Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясындағы «Көлденең сауал»

және «Қазіргі Қазақстан» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі.

«31-арнаның» 13-жылдығына орай, тікелей эфирдегі хабарлардың үздік

жүргізушісі номинациясы бойынша күміс белгімен марапатталған.

| 21 | Кіріспе

Екатерина Волкова

Екатерина Волкованың кәсіби жолы 1996 жылы республикалық «Дружные

ребята» басылымы редакциясында жас тілші болып жұмыс істеуден

басталды. Тату, жас және бастамашыл ұжымда жұмыс істеу ол

үшін қиындық тудырмапты. Қаламдас әріптестердің ішіндегі жасы

үлкендердің үйретері көп болды. Ал, редакциядағы жастармен арадағы

достық, әріптестік байланыстар әлі күнге үзілген жоқ.

Ол ҚазМУ-дің (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітіргеннен бастап,

яғни 2000 жылдан бері қарай журналистика саласына ден қояды.

Кейін мамандандырылған салалық журналдардың редакторы қызметін

атқарады. 2001 жылы тағдырдың жазуымен «Ретро ФМ» радиосындағы

диджейлер кастингіне қатысудың сәті түседі. «Дауыспен жұмыс істеу

– менің мамандығым, менің өмірімнің мәні екенін түсіндім. Мен алты

жылға жуық уақыт бойы эфирмен тыныстадым» дейді ол. Шынында

эфир Катя үшін бір жұтым ауаға айналғандай еді.

Бірақ, жинақтаған тәжірибемен бөлісетін кез де келді. Ол 2006 жылдан

бастап MediaNet халықаралық журналистика орталығының Медиа-

Мектеп жобасында жұмыс жасап келеді. Ал, 2007 жылдан бері қарай

«Право голоса» деп аталатын авторлық тренингін өткізе бастаса,

бертінде жеке компания ашты.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 22 |

Ержан ӘБДІРАМАН

1974 жылы туылған. 2000 жылы әл‐Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің журналистика факультетін бітірген.

2000-2001 жылдары – «Жас Алаш» газетінде саясат бөлімінің тілшісі.

2001-2003 жылдары – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында саяси

сараптамашы, жауапты редактор; АСБД (Ақпаратты-сараптамалық

бағдарламалар дирекциясы) Алматы бюросы жетекшісінің орынбасары.

2003-2004 жылдары – «Айқын» газеті саясат бөлімінің жетекшісі. 2004-

2005 жылдары – «Жас қазақ» газеті бас редакторының орынбасары.

2008 жылы ақпан-маусым айларында «Жас Алаш» газеті бас

редакторының орынбасары.

Қазір тәуелсіз журналист. Орыс және түрік тілдерін меңгерген. Хобби

– сурет салу.

| 23 | Кіріспе

Ержан СҮЙЛЕМЕНОВ

Қазақстан телеарналарының ақпараттық бағдарламаларында жұмыс

істейтін танымал продюсерлердің бірі. Телеарналарда 14 жылдан

астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. 1994 жылы әл-Фараби атындағы

ҚазҰМУ-нің саясаттану факультетін тәмәмдағаннан кейін «31-арна»

телерадиокомпаниясында еңбек ете бастайды. 1997 жылы әріптестері

В.Климов және Д.Бациевпен бірге осы арнадағы «Информбюро»

жаңалықтарын эфирге шығарған. Содан бегі уақыт аралығында бұл

бағдарлама журналистика саласындағы ең жоғары «Алтын Жұлдыз»

сыйлығымен бірнеше мәрте марапатталды. 1999-2003 жылдары

халықаралық «Интерньюс Нетуорк» ұйымының Қазақстандағы

өкілдігінің продюсері қызметін атқарды. Ол қазақстандық тұңғыш «Айна»

тележурналының, «Орталық Азия» бағдарламаларының көрермен

көзайымына айналуына атсалысты. 2003 жылы «31-арнаға» қайтып

оралды. Онда сараптамалық «Состояние.kz» бағдарламасын басқарды.

Қазіргі кезде «Информбюро» бағдарламасының бас продюсері.

Тренер-кеңесші тәжірибесі бар. Ақпараттық материалдар, менеджмент

саласында бірқатар шетелдік тренингтерден өткен. Қазақстанда,

Орталық Азия елдері мен Ресейде семинарлар өткізді. «Жаңалықтар

қызметін ұйымдастыру» курсы авторларының бірі. Сонымен қатар Media

Service Agency(Almaty) компаниясында сарапшы-кеңесші.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 24 |

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Журналист, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби

атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Баспасөздегі еңбегін 1994

жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, «Алтын бесік» журналында,

Би‐Би‐Си (ВВС) радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде істеді.

Қазақ тіліндегі тұңғыш «Тарлан» интернет газетінің жауапты редакторы,

«Polisy.kz» сайтының қазақ парақшасының жүргізушісі болған.

Қазір халықаралық “Түркістан» газеті журналистер тобының жетекшісі.

«Азаттық» (RFE/RL) радиосының «Қазақтар әлемде» хабарының

жүргізушісі.

2000 жылы халықаралық «Сорос‐Қазақстан» қорының «Баспасөз және

миграция» грантын жеңіп алған. 2003 жылы Қазақстан президенті

Нұрсұлтан Назарбаевтың, 2004 жылы Білім және ғылым министрі

Қазақстанның ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғысымен»

марапатталған.

| 25 | Кіріспе

Жұддыз ӘБДІЛДӘ

1979 жылы 24 желтоқсанда туған. 2000 жылы әл‐Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін сәтті тәмамдаған.

2002 жылы журналистика факультетінің магистрі.

1997-1999 жылдары – университеттiң «Қазақ университетi» газетiнінің

тiлшiсі.

2001-2002 жылдары – «Түркiстан» газетiнің тiлшiсі.

2002 жылы «Жас Алаш» газетіне ауысып, екi жылдан кейiн жауапты

хатшы қызметін атқарған. Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының

лауреаты, «Сорос-Қазақстан» қоры грантының иегерi.

Қазір «Алқа» журналының бас редакторы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының

штаттан тыс редакторы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 26 |

Игорь БРАТЦЕВ

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы директорының орынбасары.

1972 жылы 22 қыркүйекте туылған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы

мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰПУ) филология факультетін,

«орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 1995-1996

жылдары «Тотем» телерадиокомпаниясы, авторлық деректі фильмдер

бөлімінде жұмыс жасаған. 1998 жылдан бастап КТК телеарнасында

сценарист және әлеуметтік бағдарламалар редакторы. 2000-2001

жылдары «ХитFM-Хабар» радиосының ақпараттық‐танымдық

бағдарламалар жүргізушісі. 2002‐2003 жылдар аралығында «PRmanagement»

ЖШС ұйымында копирайтер, спичрайтер қызметерін

атқарған. «Хабар» акционерлік қоғамының ақпараттық‐публицисти

калық бағдарламалар бөлімінің редакторы және сценарисі болған.

Мақалалары Қазақстандағы «Комсомольская правда» газетінде, “Gazeta.

kz” интернет‐басылымында, «Мир Евразии» сараптамалық журналында,

халықаралық БАҚ‐та – «Оазис» орта‐азиялық интенет‐журналында,

IWPR сайтанда жарыққа шыққан.

2005 жылдан бастап - MediaNet ХЖО директор орынбасары, телевизия

бөлімнің жетекшісі. MediaNet ХЖО жанындағы Медиа Мектептің тұрақты

тренері.

| 27 | Кіріспе

Ирина СЕВОСТЬЯНОВА

Ираның мамандығы «орыс тілі мен әдебиеті» маманы. Еуразия ұлттық

университетін бітірген.

Оның журналистика саласына келуін кездейсоқтық десе де болғандай.

2000 жылдан бастап Ира «ОК» жастар басылымына жаза бастаған.

Содан бері түрлі тақырыптарда қалам тербеп келеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 28 |

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

1983 жылы туған. 2000 жылы Алматыдағы № 88 қазақ орта мектебін

үздік бітірген.

2004 жылы Халықаралық Мамандықтар институтының халықаралық

журналистика факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. Қазір әл-

Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде заңгер мамандығын

игеріп жатыр.

«Қазақ Үні» газеті, халықаралық «Түркістан» апталығында қызмет етіп,

бірқатар интернет-басылымдары мен телеарналарда қосымша жұмыс

істеген. Бұл күндері республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің

тілшісі. Австрия, Түркия, Ресей, Грузия, Моңғолия, т.б. елдерде болып,

арнайы журналистік зерттеулер жүргізген. Әсіресе сырттағы қазақ

диаспорасы жайлы проблемалық мәселелер көтеріп келеді.

2007 жылдан бері «Медиа Мектеп» журналистика мектебінің тренері.

| 29 | Кіріспе

Марат ШИБҰТОВ

«Қазақстанның қолданбалы экология агенттігі» ЖШС (Алматы)

жобаларының бас менеджері, Ресейдің Қазақстандағы шекаралық

ынтымақтастық қауымдастығының (Алматы) өкілі.

1977 жылы 14-қаңтарда Қазақ КСР-ында дүниеге келген. 1992-1994

жылдары Алматыдағы Жоғарғы мектеп оқушыларына арналған

республикалық эксперименталды мектепте оқып, білім алады. 1998

жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (С.М.Киров

атындағы ҚазМУ) география факультетінің бакалавриатын тәмамдаған.

2000 жылы осы факультеттің магистратурасын аяқтаған. 2001-2004

жылдар аралығында «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік

және ақпарат орталығы» ЖШС-нің (Алматы) экологиялық жобалар

әзірлеу жөніндегі менеджері болып қызмет атқарды. 2004 жылдан бастап

бүгінгі күнге дейін «Қазақстанның қолданбалы экология агенттігі» ЖШСде

жұмыс істейді. Публицист. Үйленген, бір ұлы бар.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 30 |

Марина МАКСИМОВА

ҚазМУ-дің журналистика факультетін, ҚМЭБИ-дің саясаттану факультетін

үздік тәмамдаған.

Қаскелеңдегі аудандық газет редакторының орынбасары, республикалық

«Советы Казахстана» басылымының парламенттік шолушысы, КТК

мен «ГалаТВ» редакторы, «Оңтүстік Астана» ТРК тележобалар

жетекшісі, «Алматы» ТРК Бағдарламалар департаментінің бас

редакторы қызметтерін атқарды. Халықаралық «Бархатный сезон»

(2002, Ялта), республикалық «Жүректен жүрекке» (2003, Алматы)

байқауларының лауреаты. Есірткі және ВИЧ/СПИД проблемаларын

жазатын журналистерге көмек жөніндегі семинарлар мен тренингтердің,

Бішкектегі ЕҚЫҰ Академиясының «Журналистика және демократия»

тренингінің қатысушысы. БҰҰ ДБ-ның «Орталық Азия журналистері есірткі

проблемасы жөнінде» атты публицистикалық очерктер авторларының

бірі, www.narkotiki.ru сайтында жарияланған жасөспірімдер

нашақорлығы жөніндегі «Подранки» кітабының авторы, Орталық Азия

журналистеріне ВИЧ/СПИД проблемаларын жазу (ЮНЕСКО) жөніндегі

тұңғыш мультимедиялық кітаптың авторы. Медианет пен Қазақстанның

Медиаакадемиясы жанындағы Медиамектеп тренері. ЮНЕСКО-ның

ВИЧ-СПИД жөніндегі тренингтерінің оқытушысы. Тренер ретінде өткізген

семинарлар тізімі: 2006ж. Интерньюс, ЮНЕСКО, 2007ж.- ЮНЕСКО,

Медианет, 2007ж. – Алматы қалалық СПИД орталығы, 2008ж.- Сорос-

Қазақстан қоры, Медианет, 2008ж.- Шымкент қ. «Шығыс-Батыс» СПИДқоры.

Мастер-тренер ретінде өткізген тренингтер: 2008ж. Душанбе- ЮНЕ-

СКО, СААР, Еврозэс, 2008ж. Алматы- ЮНЕСКО, СААР, Еврозэс. 2008ж.

Душанбе- ЮНЕСКО, СААР, Еврозэс, ЮНЭЙДС. Орталық Азияның медиатренерлеріне

арналған ВИЧ-СПИД проблемаларын БАҚ-та көрсету

тақырыбындағы алғашқы оқулық авторы - ЮНЕСКО, СААР, Еврозэс.

Қазіргі кезде ««Әділет» әлеуметтік-қоғамдық құрылымы» қорының президенті.

Сүйікті ісі: саяхатқа шығу, кітап оқу.

| 31 | Кіріспе

Мария ГЛЕБОВА

«Tayniy Sovetnik Ogilvy PR Central Asia» компаниясының басқарушы

директоры. Онда корпоративтік коммуникациялар, тұтынушы маркетингі,

технология және денсаулық сақтау саласындағы консалтинг жобаларын

басқарады.

Қазақстандағы PR-агенттіктерінің біріне басшылық етті. Жинақтаған

тәжірибесінің арқасында Мария «бизнес-бизнеске» бағдарламалары

бойынша, БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ Compass,

GSM Kazakhstan, Microsoft, UNICEF және Хризотил Қауымдастығы

сынды клиенттерге әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтік маркетинг

бойынша кеңес берумен айналысты.

Alcatel компаниясының, Технодом, Мегаспорт және Спортландия сауда

желілерінің оперативтік және стратегиялық PR-қызметін қалыптастыруда

тәуелсіз кеңесші болып жұмыс істеді.

2006 жылдан бері Халықаралық Журналистика орталығы (MediaNet)

жанындағы Медиа-мектепте, сондай-ақ Халықаралық Журналистика

және ҚМЭБИ-дің Ақпараттық коммуникациялар факультетінде сабақ

береді.

ҚМЭБИ әлеуметтік ғылымдар бакалавры дәрежесін (BSS) (мамандығы

– мемлекеттік басқару және саясаттану) және мемлекеттік басқару

магистрі дәрежесін (МРА) алып шыққан.

2006 жылдан бастап Tayniy Sovetnik Ogilvy PR компаниясын

басқарады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 32 |

Мұхтар СЕҢГІРБАЙ

1979 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақ

ұлттық университетінің журналистика факультетін «Халықаралық

журналистика» мамандығы бойынша 2001 жылы бітірген. Журналистік

еңбек жолын «Түркістан» газетінде тілші болып бастаған. 2003-2005

жылдары «Хабар» агенттігінің халықаралық жаңалықтар бөлімінде

редактор болып жұмыс істеді. Қосымша “MediaNet” Халықаралық

журналистика ортылығы жанындағы «Медиа Мектеп» журналистика

мектебінде тәжірибелік дәрістер береді. 2006 жылдан республикалық

«Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.

2008 жылдың басынан бері осы газеттің Кавказ өңіріндегі тілшісі.

| 33 | Кіріспе

Наталья СОКОЛОВА

Қазақстадағы «Комсомольская правда» газетінің шеф-редакторы.

Журналистикада - 1999 жылдан бастап қызмет атқарады. “Комсомолкаға”

штаттан тыс автор ретінде 2001 жылы келген, түрлі тақырыптық бағытта

жұмыс істеген.

Сол уақыттан бері газеттегі күнделікті жұмыс пен оның форматы өз

қызықтылығын жоғалтқан емес. 2006 жылдан бері Медиа Мектеп

тренері.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 34 |

Ольга КАПЛИНА

БАҚ саласындағы жобалар үйлестірушісі. Қызметін шымкенттік

«Отырар» телекомпаниясында тілші ретінде бастаған, сол телеарна

бас редакторының орынбасары жұмысын атқарған. Кейіннен Оңтүстік

Қазақстан облысы бойынша «Хабар» агенттінің меншікті тілшісі,

агенттіктің Астанадағы бюросының продюсері болған. Ольга Каплина

Қазақстандағы «Интерньюс» тренингтерінің алғашқы қатысушыларының

бірі.

Ольганың өзі айтқандай, семинар оның өмірінде көп нәрсені өзгертті:

Ольга телевизияға ғашық болып қалды. Шетелде «Саяси PR»,

«Интернет жобалар менеджменті» атты оқу курстарынан өткен. Қазір

Ольга «Интерньюс Нетворк» Халықаралық ұйымның Өкілдігінде қызмет

атқарады, ол «ТВ-обмен» жобасының жетекшісі.

Сондай-ақ, Орталық Азия елдері мен Қазақстаннның аймақтық

телеарналарында тренер ретінде жұмыс жасайды.

| 35 | Кіріспе

Олег ХЕ

1973 жылы туған.

Білімі жоғары, әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-нің журналистика

факультетін тәмәмдаған.

1994-2003 жылдары «Казахстанская правда» басылымында, «Караванблиц»,

«Панорама» газеттерінде қаламын ұштаған.

2003-2004 жылдары ұжымдық «Инфо-телеком» газетінің, кейін «Курсивъ»

басылымының бас редакторы болды. «Эксперт-Казахстан»

журналының қаржы бөлімін басқарды.

2005 жылдың тамызынан бастап бүгінгі таңға дейін «Бизнес&Власть»

басылымы мен «РБК Центральная Азия» журналының бас редакторы

қызметін атқарып келеді.

Сонымен қатар 2005 жылдан бастап «Территория тенге»

телебағдарламасының сценариін жазумен айналысады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 36 |

Расул ШЫБЫНТАЙ

Расул Шыбынтай қазақстандық журналистикаға 90-шы жылдардың орта

тұсында келген. Аз уақыт түрлі басылымдарда штаттан тыс қызмет

атқарғаннан кейін ол күнделікті республикалық «Экспресс-К» қоғамдықсаяси

басылымының тілшісі атанады. Он жылдықтың соңына қарай кешкітүнгі

уақыттарда «Караван» апталығының шығарушы редакторы болып

істеді. Бұл оның газет дизайны мен баспасөз негіздеріне қанығуына

көмектесті. Жаңа ғасыр басында «Экспресс-К» басылымынан екі рет

«Литер» күнделігінің редакциясына ауысқан: алғашқысында ақпарат

бөлімінің меңгерушісі болса, соңғысында бас редактор қызметін атқарды.

Екі аралықтағы уақытта «Экспресс-К» газетінің жауапты хатшысы болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық ету тәжірибесін меңгерумен

қатар ол екі басылым дизайнының өзгеруіне де белсенді атсалысты.

2006 жылдың қаңтары мен 2008 жылдың қарашасына дейін «Экспресс-

К» газетінде бас редактордың орынбасары болып қызмет етті. Қазіргі

кезде Burda Kazakhstan баспа үйінің «АвтоМир», Quattroruote, Playboy

және MINI сынды журналдарының бас редакторы.

| 37 | Кіріспе

Павел ГРУДНИЦКИЙ

1975 жылы Алматыда туылған.

1997 – 1999 жылдары «КТК» телеарнасының бас редакторы қызметін

атқарды. Бірқатар ақпараттық және тақырыптық бағдарламалар авторы.

1999 - 2002 жылдары «КТК» телеарнасының «Лаборатория парадоксов»

және «Nota Bene» бағдарламаларының авторы.

2002 - 2004 жылдары «КТК» телеарнасындағы «Время покажет»

бағдарламасының, «НТК» арнасындағы «Лунные известия»

бағдарламасының шеф-редакторы.

2004 ж. – «Хабар» телеарнасындағы «60-летию победы посвящается»

бағдарламасының авторы.

2005 ж. – «Эксперт-Қазақстан» журналының шолушысы.

2007 жылдан бастап BRCA сараптама қызметіне жетекшілік етіп келеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 38 |

Рахила ҚАРЫМСАҚОВА

2003 жылдан бері «Әділ сөз» халықаралық қорының жобаларында

филолог‐маман ретінде жұмыс атқарып келеді, қазір уақытта сот

және соттан тыс лингвистикалық сараптамаларды өткізу жөніндегі

филолог‐маман. Қазақстан, Мәскеу, Украина, Қырғыстан елдерінде БАҚ

жарияланымдарын зерттеулерінің мәселелері, ар‐ожданын қорғаудағы

сот тәжірибесінің ерекшеліктері, лингвистикалық сараптама және тағы

көптеген «дөңгелек» үстелдер, семинарлар, конференциялардың

қатысушысы әрі тренері болған. Ғылыми‐әдістемелік және басқа да

басылымдар беттерінде тілге, сот лингвистикасының сараптамасы

тақырыптарына арналған елуге жуық жарияланымдары жарық көрген.

1995‐2007 жылдары ‐ «Қазақ тілі ресми қағаздар тілін оқыту» оқу

құралының, «Қазақ тілі: фразеологизмдер арқылы елтану» кітабының

және басқа бірнеше басылымдардың серіктес авторы.

1995-2006 жылдары – Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік

басқару Академиясы әділет Институты, жалпы құқықтық пәндер

кафедрасының доценті, әл‐Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

орыс тілі кафедрасының доценті. Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагокалық университеті (бұрынғы Алматы мемлекеттік университеті)

түлегі, филология ғылымдарының докторы – түрік тілдері мен орыс

тілі.

| 39 | Кіріспе

Сергей ВЛАСЕНКО

Сергей Власенко 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік

ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Мәскеу қаласындағы «Құқық және бұқаралық ақпарат

құралдары» (ММУ) орталығының Жазғы мектебінде «Бұқаралық ақпарат

құралдарының заңнамасы» бағдарламасы бойынша білім алған.

2005 жылы Босня-Герцеговинаның Сараево қаласындағы Медиаплан

институтының «БАҚ саласында заңдар әзірлеу және оны қолдану»

бағдарламасы бойынша оқыған.

1997 жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдарына заңгерлік көмек

көрсетіп келеді.

Қазақстандағы Интерньюс Нетуорк өкілдігінің заңгері, Америка

заңгерлер қауымдастығының (Орталық Еуропадағы және Еуразиядағы

құқықтық бастама (ABA/CEELI)) БАҚ-ты қолдау орталығының аға

заңгері қызметтерін атқарды. Қазіргі кезде Қазақстан Телерадиохабар

таратушылар қауымдастығының БАҚ-ын қолдау орталығындағы

заңгерлік қызмет бөлімін басқарады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына заңгерлік көмек көрсетумен қатар

ол БАҚ өкілдеріне, ЖОО факультеттерінің студенттеріне арналған

семинарлар мен тренингтердің тренері болып табылады. Қазақстанның

менеджмент, экономика және болжау институтының журналистстуденттері

үшін «Press Law» курсын оқытады.

Қазақстандағы, алыс және жақын шетелдердің БАҚ-да жарияланған

бұқаралық ақпарат құралдарының проблемаларына қатысты көптеген

мақалалардың авторы.

«Қазақстандағы журналистік қызметтің құқықтық аспектілері»

атты кітаптың авторы, бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық

мәселелеріне арналған әдістемелік оқулықтар мен кітапшалардың

авторы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 40 |

Эдуард ПОЛЕТАЕВ

Алматыда 1975 жылы туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік

университетін, «Саясаттану» мамандығы бойынша «Халықаралық

қатынас» факультетін үздік тәмамдаған.

2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін қазақстандық және халықаралық БАҚ

өкілдерімен үнемі қарым‐қатынас жүргізіп келеді. 2002‐2003 жылдары –

соғыс пен бейбітшілік туралы баяндау британдық Институтының (IWPR)

аймақтық редакторы. 2003‐2005 жылдары – соғыс пен бейбітшілік

туралы баяндау британдық Институтының (IWPR) Қазақстандағы

директоры. 2005 жылдың қазан айынан – «Еуразия Әлемі» («Мир

Евразии») ақпараттық‐сараптамалық журналдың бас редакторы.

Қазіргі кезде бірнеше қазақстандық және халықаралық ұйымдардың

шақырылған маманы, алты тілде Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан

мен Орталық Азия елдерінің БАҚ беттерінде басылған 1500 аса

жарияланымдардың авторы.

«Халықаралық журналистика: Орталық Азия авторларына арналған

навигатор» кітабының авторы, әлеуметтік‐саяси тақырыбы бойынша

жарық көрген бірнеше әдістемелік оқулықтардың, кітаптардың,

брошюралардың авторы.

Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі көптеген іс‐шаралардың

(конференциялар, семинарлар, «дөңгелек» үстелдердің)

ұйымдаструшысы.

| 41 | Кіріспе

Юрий ДОРОХОВ

1976 жылы Воронежде әскери отбасында дүниеге келген. Ата-анасының

қызмет бабымен Кеңестер одағының жартысына жуығын аралаған. Орта

мектепті бітірген соң Иркутск университетінің тарих факультетін бітіріп,

палеография (ежелгі қолжазбаларды оқу өнері), саясаттану пәндерінен

дәріс береді.

2003 жылдан бастап журналистика саласына ауысады: алдымен

телеарналарда, сонан соң «Коммерсанть», «Эксперт» тобында жұмыс

істеген. 2007 жылдың күзінде «Эксперт-Қазақстан» журналының шефредакторы

қызметіне шақырылады. Нон-фикшн (әсіресе ғылымикөпшілік)

әдебиетімен, алпинизммен айналысқанды ұнатады. Отбасында

әйелі екеуі бір ұл тәрбиелеп жатыр.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 42 |

Ярослав РАЗУМОВ

1971 жылы Алматы қаласында туылған.

Мектептен кейін 1988 жылы қазіргі әл‐Фараби Қазақ ұлттық

университетінің (бұрынғы С. Киров атындағы ҚазМУ) журналистика

факультетін оқып-бітірген.

Қазақстанның бірқатар БАҚ-ында жұмыс істеген.

1994 жылдан бастап «Панорама» басылымының шолушысы қызметін

атқарып келеді.

| 43 | Кіріспе

ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МИССИЯСЫ

Гүлнәр Мұқанова

Журналистиканың міндеті

Журналистиканың міндеті – қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өйткені, кез келген қоғам мүшесі үкіметте, парламентте, жергілікті

басқару органдарында немесе елдің өзге аймақтарында не болып

жатқанын өздігінен барып біле алмайды. Сол үшін де журналистер бар.

Алайда, қазақстандық журналистика, өзге де посткеңестік елдердегі

секілді, әлі де үгітші мен насихатшының қызметін атқарып келеді.

Сондықтан, қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуден бұрын, оқырманға

алдымен өз ойын таңуымен ерекшеленеді. Газет мақалаларындағы

алғашқы абзацта айтылуы тиіс мақала діңгегі – лидтің (lead) орнына

журналистің өзіндік ойы, пікірі, таңданысы, тебіренісі алатынын жиі кездестіруге

болады.

Бізде, газет «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» емес, керісінше

«жүрегі һәм миы» ретіндегі қызметін жақсылап тұрып иеленген.

Кез келген газетті ашып, мақаланың басынан бастап көз жүгірткенде,

журналистің жеке пікірінен аттай алмай біраз кідіріп қалуыңыз мүмкін.

Бірақ, шыдай тұруға тура келеді. Өйткені, қазақстандық журналистер

мәселенің мәнісін мақаланың ортасына барғанда түсіндіруі ғажап емес.

Мысалы, мына республикалық газеттерде жарияланған екі

мақаланың кіріспесін оқып көріңізші, мәселенің не жайлы екенін

бірден ұға алмайсыз:

1. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының шаруалары

егістік көлемін жылдағыдай азайтуға мәжбүр болып отыр. («Жас

Қазақ», 25-шілде, 2008 жыл)

2. Көршiңмен көз алартпай тату-тәттi тiрлiк еткенге не жетсiн?

(«Түркістан», 24-шілде, 2008 жыл)

Негізінен, екі мақаланың да көтергісі келген тақырыбы біреу:

Қазақстанның жоғарғы қызметтегі шенеунігінің Өзбекстанның дәл

| 45 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

өзіндей шенеунігіне жеделхат жолдауы. Жеделхатта Өзбекстанның

өз уәдесін орындап, Қазақстан аумағына босататын су көлемін арттыру.

Сіз жоғарыдағы кіріспелерден жеделхат жайлы ақпарат алдыңыз ба?

Ала-алған жоқсыз. Өйткені, кіріспесіне қарасаңыз, жеделхатқа еш

қатысы жоқ.

Әр мақаланың бірінші сөйлемі – мақаланың не туралы екенінен

хабар беруі тиіс. Ал біз оқырманды мақаланың өзегін іздеттіруге

мәжбүр етеміз.

Бұдан өзге, баспасөзде дәлме-дәл, еш бояу қосылмай жазылған

мақалалардан гөрі, журналистің өзіндік ойы, болмаған нәрсені болды

етіп көрсететін мысалдарын жиі аңдауға болады.

«Сарапшылардың айтуынша» немесе «мамандардың айтуына

қарағанда» деген сілтемелерді көзіңіз шалғанымен, оның қандай сарапшы,

қандай маман екенін білмей қалуыңыз мүмкін. Өйткені,

әлгіндегідей сілтемені анық айтуды жөн көрмеген журналист

әрі қарай өз пікірін таңады.

Сондықтан, өз мақалаларыңда ақпаратты алып отырған ақпарат

көзіне нақты сілтеме жасауды естен шығарма!

Америкалық журналист Маргарэт Фрини сілтеме жасауда және

мақалаға белгілі бір адамның пікірін қосарда мына бір ережеге сүйенуге

шақырады:

1. Ақпаратты қайдан алдың?

2. Бұл фактіні саған кім айтты?

3. Сен айтқан ақпараттың шындыққа сай екендігін оқырманың

қалай біледі?

4. Берілген ақпаратты тағы да тексеріп ал! Екінші ақпарат көзінен

ия, болмаса, үшінші ақпарат көзінен нақтылап алуға тырыс. Бәлкім,

бұл ақпарат негізсіз шығар?

Ақпараттың маңыздылығы сол – сенің жазған мақалаңнан ақпарат алу

арқылы, оқырман әрі қарай шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 46 |

АҚПАРАТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН БЕЙНЕЛЕЙТІН МЫСАЛДАР!

1. Заңгер, парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мырзагелді

Кемел өзінің «Ақпарат империясы» атты зерттеу еңбегінде қазақ

халқының бойындағы елден ерек қонақжайлық қасиетін ақпаратқа

деген қажеттілікпен байланыстырады. «Иен далада қоныстанған

көшпенді халық ақпаратты ауыл-ауылдардың арасындағы

жүргіншілерден алатындығы себепті, үйіне аялдаған қонаққа, малын

сойып, құдайындай күтетін болған» деп болжам жасайды ол.

2. АҚШ президенттігіне республикалық партиядан үміткер Джон

Маккейннің Вьетнам соғысының ардагері екені белгілі. Ол 1967 мен

1973 жылдар аралығында Вьетнамда тұтқындықта болған. Оның

автобиографиясындағы тұтқындық жылдары жайлы естеліктерінде:

«Бізге бәрінен де керегі ақпарат болды. Ешбір нәрсе дәл ақпарат

секілді маңызды болған жоқ» деген жолдар бар.

3. Ақпаратты аса қажет етудің өте бір жақсы мысалын көркем

шығармадан, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан кездестіруге

болады. Онда Әмір Темір өз құрметіне ханымының салдырған

мұнарасын көргеннен кейін, оны салған шеберді зынданға тастап, әрі

қарай, қала халқына оның ханымы мен шебер жайлы әлдебір ақпарат

таралып кетпеді ме деп алаңдауы, ақпарат жинау үшін қалаға, базар

маңына, жұрт жиналатын жерлерге жансыз жіберіп, ұзақты күнді

кеш қылып, хабар күтетіні өте әдемі көрсетілген. Бұл әрине, көркем

шығарма. Бірақ, ақпараттың алар орнынан хабар береді.

Яғни, жоғарыдағы үш мысал да ақпараттың аса маңыздылығын суреттейді.

Ақпаратпен қаруланған адам, ақпаратсыз адамның жанында көш

ілгері тұратыны белгілі. Бірақ,ол ақпараттың анық-қанығы тексерілген

болуы шарт. Бізде, өкініштісі сол, әзірше ақпараттан бұрын журналистің

өзіндік ойы жүреді.

Журналистиканың қоғамды шынайы, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз

ететін функциядан гөрі, ақыл айтушы, жөн сілтеуші, қолдағы ақпараттан

субъективті түрде қорытынды жасаушы қызметін мықтап тұрып қолға

алуын ең алдымен Кеңес Одағы идеологиясынан қалған әдет десек,

қателеспеппіз. Адамдардың өздігінен ойлауын, өзіндік позицияға ие болуын

қажет деп таппаған жүйе барлығын да бақылауда ұстаған болса,

журналистикасы да сол жүйеге сай қалыптасқан.

| 47 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Батыс журналистикасында журналист өзі жеткізіп тұрған ақпараттың

салмағын, сөздің құдыретін жете түсінеді.

АЙТЫЛҒАН АҚПАРАТЫҢНЫҢ АДРЕСАТЫН КӨРСЕТ!

Мақалаларын «мен олай ойлап едім, мен бұлай ойлап едім» деп

бастайтын журналистердің, онан қалса, «осы өзі дұрыс па?» деп

қоғамға сауал тастап, кейіннен өз сауалына өзі маман ретінде жауап

беретін әріптестерінің қолындағы «билікке» шетелдік журналистердің

таңдана қарайтыны бар. Оқиға орнына бармай-ақ, мақала жазып, сараптама

жасайтын қазақстандық журналистердің тірлігі оларды мүлде

айран-асыр етеді.

Біздің елдегі кез келген газеттің кез келген мақаласы қоғамға жөн сілтейтін

«ақылгөй» болса, америкалық немесе еуропалық газеттерде ондай

«бақытқа» тек ғана «editorials» немесе редактор бағанасының ғана

мүмкіндігі бар. Редактор бағанасындағы мақаланың өзі субъективтіліктен

гөрі, жан-жақты мәліметтерді сараптап, тепе-теңдікті сақтауға тырысып

бағады. Әрі ол міндетін жақсы орындайды да.

Барлық мақаланың ақыл айтып, тон пішіп, болжам жасап, долбарлап

кетпеуі үшін журналистиканың дүниежүзілік стандарттарында мақаланы

жазу құрылымы былай қалыптасқан:

Әр ақпарат немесе мақала Кім, Не, Қайда, Қашан, Неге және Қалай

деген сауалдарға жауап беруі керек (оны қысқаша 5 Ws және H деп

атайды).

Сонда ғана, оның мақаласы толыққанды болып шығады.

Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай

түсіндірме береді.

Ақпарат немесе жаңалық:

- Оқырманыңа қызықты,

- Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар,

- Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние.

Райзтың айтуына қарағанда, мұнан өзге,

- Бұл айтылып отырған нәрсе жаңа, тосын ба?

- Бұл нәрсе жайлы естіген адамның (оқырман) таңдайын қақтырады

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 48 |

ма? Яғни, оған әсер ете ме, таңданысын туғыза ма? - деп өзіңе сауал

тастасаң-ақ, жаңалықтың не екенін айыру жеңілдейді.

БАТЫС ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР МЫНА‐

ЛАР:

• Өз ойынды оқырманыңа таңушы болма! Сенің міндетің ақпарат беру.

Атқарушы билік, сот, заң билігі мен қоғам арасындағы модераторсың,

бірақ, сен қоғамға сабақ үйрететін мұғалім, қоғамды емдейтін дәрігер

емессің! Сен тек қана ақпаратпен қамтамасыз ететін маман иесісің.

• Дау-жанжал жайлы ақпарат таратсаң, микрофоныңды екі жаққа да

теңдей ұсын!

• Таратқан ақпаратың дәлелді болсын! Өздігіңнен тон пішпе! Болжам

жасама! Өзіңнің не ойлайтыныңды емес, өзіңнің не білетіңді

(дәлелелденген, анықталған, зерттелген, көзің жеткен

ақпаратты) ғана репортажыңа енгіз.

• Бір ақпарат алсаң, оны екінші, тіпті реті келсе, үшінші ақпарат көзінен

тексеріп ал!

• Тексерілмеген ақпаратты жазушы болма!

• Скептик бол! Таратылған ақпаратқа бірден сенудің орнына, күдікпен

қара! Бәлкім, ақпараттың сыртында бір нәрсе жасырынып тұрған

шығар!!!

• Ұялшақтықты ұмыт!

«Зерттеуге әрдайым дайын бол» дейтін Батыс журналистері кейде

ғылым мен журналистиканың зерттеу әдістерін бір-біріне ұқсатады.

Америкалық журналист Маргарэт Фрини: «журналист – ақпаратқа

әуес, табанды (төзімді), білімді, жауапкершілігі мықты, еркін (ешбір

саяси көзқарас немесе партияның қолбаласы емес), сәл нәрсеге

сене кетпейтін скептик және жаңалықты кез келген жерден аңдай

алатын қырағы һәм де ұқыпты болуы тиіс», дейді.

o Ақпаратқа әуестік немесе кез келген нәрсені білгісі келетін қасиет

| 49 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

журналистік зерттеулерге мұрындық болады.

o Төзімділік – сіздің алдыңыздағы есік жабылып, ақпараттан құр

қалдырған кезде қажет қасиет.

o Скептик болуыңыз – ақпаратты жан жақты талдауға көмектеседі.

Толық картинаға көз жеткізбейінше, әртүрлі ақпарат көздерін

қопарудан жалықтырмайды. Естіген нәрсе түгілі, көзбен көрген

нәрсенің өзін толық зерттемейінше тыным таптырмайтын қасиет.

«Ақпаратты – өсек-аяң (тексерілмеген ақпарат), пікір (әлдебір

адамның әлдекім нәрсе жайлы ойлауы), ресми ақпараттан айыра

біл. Сен сол үшін де журналиссің», дейді Маргарэт Фрини.

СОНЫМЕН, ГАЗЕТ БЕТТЕРІНДЕ ҚАТЕ КЕТУДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ

ҚАНДАЙ?

Бәлкім, тілші:

1) Естігені мен көргенін қағаз бетіне дұрыс түсірмеген болар,

2) Қадағалау, бақылау тәсілдеріне жақсы машықтанбаған болар (бір

қарағанда титімдей болып көрінетін, алайда, үлкен рөлге ие детальдарды

түйсіне білмеген шығар),

3) Ақпарат пен деректі тексеріп, нақтылап алмаған болар,

4) Алдын-ала зерттеу жүргізбеген болар,

5) Тақырыптың картинасын өзі үшін айқындап алмаған болар;

Мұндай қателер кетпесін десең, ұқыпты болуыңа тура келеді.

Питер Кларк, журналистикадағы проблемаларды зерттеп, журналистерге

ұсыныстар дайындаумен айналысатын Пойнтер институтының

қызметкері, мынадай ұсыныс айтады:

1. Мақалаңа өз ойыңнан қосынды қоспа!

2. Оқырманыңды алдама! Егер өзің оқиға орнына барып,

ақпаратты тұңғыш естігендердің бірі болмасаң, ол ақпаратты кімнен

алғаныңды оқырманға жеткізуді ұмытпа!

3. Оқырманыңның алдында жүзің ақ болсын! Сенің бұл ақпаратты

кімнің сөзіне сеніп жазып отырғаныңды оқырманыңның білуге

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 50 |

хақысы бар. Бәлкім, сен ақпарат алған адам өзінің жеке басының

мүддесіне сай саған ақпарат таратқан шығар? Бәлкім, ақпаратты

өзге арнаға бұру арқылы оның өз көздегені бар шығар?

Осы жердегі соңғы үшінші ұсыныс, негізінен өте көлемді зерттеулерде,

біраз даулы, шиеленіскен мәселеде қолданылуы мүмкін. Мәселен,

ұзаққа созылған сот, әлі соңғы нүктесі қойылмаған жемқорлық іс-әрекетті

баяндайтын мақалаларда, тағысын тағылар.

| 51 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

ЖУРНАЛИСТИКА ТІЛШІ ЖҰМЫСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Ержан Әбдiраман

Журналист мамандығын өмірге әкелген нәрсе – адам табиғатының

жаңалыққа құмарлығы. Адамзат дамып, заман өзгере келе бұл

сұранысты өтеу ісі де сан-салалы күрделі сипатқа ие болды. Баспасөз

ақпарат құралы ғана емес, күрес қаруына да айналды.

Бірақ жұртшылыққа қызықты, маңызды және пайдалы ақпарат беру

оның негізгі қызметі болып қалды. Өйткені, журналистика саласындағы

табыс жаңа бірдеңе білгісі келетін адамның сұранысына жауап беру

ісіндегі шеберлікке тікелей байланысты. Осы себепті газетте ақпараттық

сипаттағы материалдарға көбірек орын беріледі. Газетте мұндай материалдармен

тілші айналысады.

Өкінішке орай, қазақ баспасөзі ақпараттық журналистика

дәстүрін әлі қалыптастыра алмай отыр. Бізде «журналистика

– оқиғаға сараптама жасау, баға беру, азаматтық позиция білдіру»

деген түсінік басым. Оқырманға мәлімет беретін материал

жазатындар, журналистиканың басты функциясы осы екенін

түсінетіндер аз. Бәріміз «пікір айтсақ, сараптама жасасақ» дейміз.

Бірнеше сөйлемнен тұратын хабарды «өз ойымызды» білдірмей

жазғымыз келмейді. Журналистік қызметін кеше бастаған

тілші бүгін әлдебір танымал адамды немесе шенеунікті «өлтіре

сынап» жатады.

Журналист өзінің басты міндетін, ал оқырманға ең алдымен не керек

екенін білуі керек. Оқырман не болып жатқанын білгісі келеді.

Сіз жаңалықты табыңыз да, ол туралы жан-жақты мағлұмат

беріңіз. Қорытынды жасауды оқырманның өзіне қалдырыңыз.

Газетті кімдер алады? Айналаға бей-жай қарай алмайтын

қарапайым оқырман немесе зиялылар, мемлекеттік мекемелердің

қызметкерлері, студенттер – бір сөзбен айтқанда көзі ашық,

көкірегі ояу адамдар. Осы себепті «халықтың көзін ашу» деген

мәселеде журналист абай болуы керек. Өйткені, қайталап айтамыз,

журналистиканың міндеті – оқырманға қызықты, керекті

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 52 |

ақпараттар, оқиға туралы ең соңғы жаңалықтарды беру. Жұрт

баспасөзден осыны күтеді.

АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛ ДЕП ОТЫРҒАНЫМЫЗ НЕ?

Ақпараттық материал «Не болды, кім жасады, қашан, қалай, неге,

енді болмақ?» деген негізгі алты сұраққа қысқа, түсінікті жауап береді.

Ал оқиғаға қатысты пікір айту, бағалау, сынау, қорытынды жасау

– редакциялық мақаланың немесе сараптаманың міндеті.

Редакциялық мақала газеттің позициясын білдіреді. Оны бас редактор

немесе тәжірибелі шолушы жасайды. Әдетте бір нөмірде сол күнгі немесе

сол аптадағы басты оқиғаға арналған бір редакциялық мақала жарияланады.

Газетте бұдан басқа да сараптамалық мақалалар беріледі.

Оны сол салаға маманданған журналист немесе зерттеушілер дайындайды.

Ақпараттық материал мен редакциялық мақаланы бір адам жазбауы

керек.

Газетте басты мәселе материалдың қандай жанрда жазылғаны емес,

оның мәтіні, мазмұны, сапасы. Практикада есеп, репортаж, сұхбат,

мақала, очерк – бәрі «материал» немесе «мақала» деп аталады.

Тілшінің жұмысы жаңалық таба білуінен және өзі тікелей куә болған

оқиғаны жеткізуінен көрінеді.

• Ол оқиға орнына барады немесе өзі бір тақырыпты таңдап алады.

• Ахуалды мұқият бақылайды.

• Жан-жақты мәлімет жинайды.

• Қатысушыларды немесе оқиғаны көзімен көргендерді сөзге тартады.

• Сөйтіп, оқиғадан жан-жақты мәлімет беретін материал дайындайды.

Жақсы материал жазудың әбден сыналған әдісі – жұмыс процесін мынадай

бес кезең бойынша жүргізу:

1. Материалдың идеясын табу.

2. Фактілер жинау.

3. Фактілерді іріктеу, талдау және материалдың жоспарын дайындау.

4. Материалдың нұсқасын жасау.

5. Өңдеу.

| 53 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

МАТЕРИАЛДЫҢ ИДЕЯСЫН ТАБУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ЖИНАУ.

Газетке жаңа келген журналисті тығырыққа тірейтін нәрсе – жазатын

тақырып, жаңалық табу. «Мәссаған!» дегізетін ақпаратты қиналмастан

табудың рецепті бар болса, журналист мамандық болудан қалар еді.

Өйткені, журналистикадағы негізгі проблеманың өзі де осы.

Жария жасалмайынша ешқандай оқиға жаңалық бола алмайды. (Бір

кездегі ресейлік НТВ-ның «Мы делаем новости!» атты ұранының

мағынасы осында болса керек). Яғни, жаңалыққа тарта алатын оқиғаны

көріп, маңыздылығын бірден бағалап, қорыту керек. Демек, сіздің журналистік

қабілетіңіз сыналатын, тіпті біліміңіз пайдаға асатын жер осы.

Алдымен ақпарат, яғни жаңалықтың не екені туралы ойланайықшы.

Жаңалық – жұртшылықтың назарын аударатын, қызықтыратын және

пайдалы мәлімет. Жұртшылыққа сіздің таныстарыңыз достарыңыз,

отбасыңыз да жатады. Олар газет оқымауы мүмкін. Бірақ теледидардан

жаңалық қарай қалса, не нәрсеге ерекше қадалады?

1. Баршаға танымал адамға қатысты жаңалық

2. Сирек, біртүрлі немесе төтенше оқиғалар.

3. Қылмыс хроникасы.

4. Көпшіліктің мүддесіне тікелей қатысты проблема (мысалы, метро,

айналма жолдар, жаңа заңдар мен шешімдер).

5. Адам сезіміне әсер ететін жағдайлар (мәселен, ерекше тағдыр).

Жаңалықты кешіктірмей беріңіз.

Бүгінгі күн екі кісінің басы қосыла қалса әңгіме қылатын тақырып бар

ма? (Аса жоғары лауазымды шенеуніктің билікке қарсы шығуы немесе

тұтқындалуы. Олимпиада ойындарында отандасымыздың жеңуі.

Үлкен апат. Төтенше жағдай). Мұндай оқиғаға қатысы бар кез келген

ақпарат назар аудартады. Ендеше сол төңіректі айналдыра беріңіз. Ең

бастысы, жаңалықты кешіктірмей беру керек.

«Ақпарат берушілер жүйесін» жасаңыз

Ақпарат жинау үшін журналиске толып жатқан органдардың,

ұйымдардың, компаниялардың, лауазымды қызметкерлердің, танымал

адамдардың т.б. телефон нөмірлерінің тізімі қажет. Ақпаратпен айналысатын

тілші төтенше оқиғаны өзгелерден бұрын білудің сан түрлі жолдарын

табуы керек. Ол маңызды мәлімет беретін адамдармен үнемі

қарым-қатынаста болады. Журналистің «ақпарат берушілер жүйесі»

осылай қалыптасады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 54 |

Сонымен, ең басты ақпарат көзі – адамдар. Яғни мәселені білетін,

қатысы бар немесе жағдайды көзімен көрген кісілердің аузынан шыққан

фразалар. Ол саясаткердің митингідегі сөзі, тыңдаушының репликасы,

бір мәселе бойынша өзіңіз телефон арқылы хабарласқан шенеуніктің

жауабы, төтенше оқиғаға ұшыраған адамның асып-сасып айтқаны болуы

мүмкін. Журналиске керек ең басты қасиеттің бірі – тыңдай білу.

Негізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған

мәліметтерінде жатуы мүмкін.

Екінші – түрлі құжаттар мен материалдар. Яғни заңдар, жарлықтар,

қаулылар, шешімдер, сот-сараптамалық қорытындысы, куәліктер,

тергеу немесе зерттеу нәтижелері, баяндамалар ғана емес, баспасөз

мәлімдемелері мен БАҚ материалдары, қолжазбалар, редакцияға келген

хаттар.

Үшінші – өз көрген-түйгеніңіз. Қақтығыс аймағы, спорт жарысы, апат

орны, саяси партияның съезі, т.б. толып жатқан оқиғалардың ортасында

жүрген тілшінің бақылауынан туған мәліметтер. Журналист картинаны

оқырманның көз алдына әкелетін детальдарды қалт жібермеуі керек.

Ұмытып қалмау үшін диктофонға сөйлеп жаза жүрген дұрыс.

Шеберлік жетіліп, тәжірибе молайған сайын тақырып табу да

жеңілдей түседі.

«Қазір өзі жазатын нәрсе де жоқ» деп ақталып жататындар бар. Бұл

– ойдан шығарылған проблема. Өйткені, журналист тақырыпты өмірден

алады. Ал өмір газетте көрініс таба беруі тиіс.

Еңбекқор журналист редакция тапсырмасымен ғана емес, өзі таңдаған

тақырыптар туралы да материалдар жазады. Оның мынадай жолдары

бар:

1. Журналист белгілі бір проблема төңірегінде ойланып жүреді.

Фактілер жинайды. Негізгі сұрақтарды анықтайды. Тақырыптың идеясы

ақыл-ойда пісіп-жетіледі. Біртіндеп материалдың нұсқасы шыға бастайды.

Ақпараттық ілік табылған кезде жазылады.

Мысалы, жыл сайын көктем шыға елімізге Өзбекстан мен Қырғызстаннан

жұмыс іздеушілер (гастарбайтерлер) ағылады. Шамамен қанша адам

келеді? Тіркеле ме? Бір маусымда әрқайсысы қанша табыс табады?

Бәрі заң шеңберінде ме? Осы арқылы заңсыз пайда тауып отырғандар

бар ма? Елімізде құрылыс жұмыстарын шетелдіктердің істеуі бізге пайда

ма, зиян ба?

Тілші осы сауалдар төңірегінде мәліметтер жинауға кіріседі. Құрылыс

объектілерінде болады. Гастарбайтерді, жұмыс берушіні, делдалды сөзге

| 55 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

тартып, ақпарат суыртпақтайды. Үркітіп алмау үшін мүмкіндігінше журналист

екенін білдірмеген дұрыс. Тиісті орындардың қызметкерлерінен, мамандардан

сұхбат алады. Материалды берудің формасын таңдайды.

2. Журналист бір жерден оқыған немесе естіген жаңа дерек

материалға тақырып бола алады. Мысалы, «Биылғы құрғақшылықтың

салдарынан шөп шықпай қалғандықтан шаруалар малдарын арзан

бағаға сатып жатыр» деген ақпарат пайда болды. Шынымен мал басы

қатты азайып бара ма? Оның зардабы қандай? Малдың қазір жаппай

етке өткізілуі бірнеше айдан кейін ет өнімдерінің күрт қымбаттауына

апарып соғуы мүмкін бе? Осылайша бірнеше сұрақ шығады. Әрине,

шаруалардың өзімен, мал-ет сатушылармен, мамандармен әңгімелесу

керек.

3. Күнделікті өмірде өзіңіз куә болған жайтты суреттеу арқылы

қоғамымызды, бүгінгі адамды әр қырынан көрсетуге болады.

4. Күнтізбені пайдаланыңыз. Алда келе жатқан даталарды қарай отырып,

түрлі тарихи оқиғалар мен тұлғалардың оқырман біле бермейтін

жақтарына мән беру арқылы танымдық материалдар дайындалады.

Еркін тақырыптағы материал (егер танымдық болмаса) көбіне репортаж

және очерк жанрында жазылады.

МӘЛІМЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС.

Ақпаратты мүмкіндігінше мол етіп жинау керек. Оқиға орнынан келген

соң журналист ақпаратты іріктеп, талдауға кіріседі. Тастауға қимай,

тапқан фактіңіздің бәрін тықпалай берсеңіз, материалыңыз оқырманды

жалықтырады. Іске қатысы аз мәліметтерді алып тастаңыз.

Одан кейінгі жұмыс – пайдаланылатын фактілерді талдау, қорыту,

өзара байланысын табу.

• Мәліметтердің растығын міндетті түрде тексеріңіз.

(Мәліметтер алынған сәттен-ақ тексеріле бастауы тиіс). Журналистикада

көп кездесетін қателіктердің бірі – деректердің жаңсақ болып

шығатыны.

• Пайдаланылатын әр мәліметтің шыққан жерін көрсетіңіз.

Бұл материалды нанымды ете түседі. Ал «Кей мамандардың айтуы

бойынша...» немесе «Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген қызметкердің

сөзіне қарағанда...» деп басталатын пайымдаулар материал авторының

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 56 |

өз жорамалы сияқты әсер қалдырады. Басқа БАҚ-тан ақпарат алсаңыз,

міндетті түрде сілтеме жасаңыз. Өзіңіз тапқан ақпаратты өзгелердің

сілтемесіз пайдаланғанын қалайсыз ба? Бұл – журналистің этиканың

мәселесі. Журналистің жеке қасиеттері оның материалынан да көрініп

жатады. Ал өмірде сізді шыншыл, адал адам ретінде құрметтемейтін

болса, жазған материалыңыз да сенім туғызбайды.

МАТЕРИАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ.

Ақпарат дайындалып болғаннан кейін материалдың құрылысын жоспарлау

керек. Жалпы айтқанда, бұл – фактілердің берілу реті. Бірақ

материалдың сәтті шығуы оның құрылымына байланысты.

Көбіне мәселе бір ғана негізгі оқиға туралы болады. Онда әдетте алдымен

сол факті айтылып, әрі қарай қосымша деректерге орын

беріледі. Мұндай жағдайда оқиғаның хронологиясы сақталмауы мүмкін.

Сондықтан материалдың түсініксіз болып қалмауына мән бермеу керек.

Ал егер тақырыпта маңызды факт бірнешеу болса, шаруа күрделенеді.

Онда көбіне мынадай әдіс қолданылады. Фактілерді ең жаңасынан бастап

алғашқы сөйлемдерде айтып өтіп, келесі абзацтарда әрқайсысына

кеңірек тоқталады. Ең бастысы, бір-бірімен байланысты фактілер шашырап

кетпеуі керек.

Келесі кезеңде материалдың алғашқы нұсқасы жасалады. Яғни, фактілер

белгіленген рет бойынша қағазға түсіріледі.

Соңғы кезеңде «черновик» өңделеді. Алдыңғы кезеңдерде журналистің

жұмысы табысты болса, бірінші нұсқаға көп өзгеріс жасалмауы мүмкін.

ЖАЗУ ПРОЦЕСІ

«Қалай бастасам екен?», «Тәуір материал шыға ма, жоқ па?», «Қашан

аяқтап кең тыныстайтын кез келеді?». Бұл кез келген журналистің басында

болатын ең азапты сәттер шығар. Материалды кешіктірмей беру

керек. Бірақ жазарға сөз таппайсың. Кежегең кейін тартады. Тіпті шегеруге

сылтау іздейсің.

Дегенмен, бұл мехнатты жеңілдетудің жолын табуға болады.

| 57 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Материал жазуды үлкен проблемаға айналдырмаңыз. Күнделікті жұмыс

немесе хобби ретінде қарауды дағды еткен дұрыс. Және азапқа түспей,

уақытты созбай тез бастап кеткен дұрыс. Жазатын тақырып белгілі,

мәліметтер бар ғой. Ендеше бірден кірісіңіз. Ұнамаса өшірерсіз.

«Қолыңызға сеніңіз. Миды біраз демалдырып, саусаққа ерік беріңіз.

Саусақтың сүйектері мен мидың арасында байланыс бар. Мен клавишті

баспай тұрғанда не жазатыным, бұл абзацта не айтқым келетінімді

онша анық білмейтінмін» дейді Рой Питер Кларк.

Жарты сағат ойланып барып жаздыңыз не, бірден бастадыңыз не – жалпы

алғанда нәтиженің айырмасы шамалы. Бірақ уақытты «толғанумен»

өткізсеңіз, кейін материалды өңдеуге үлгеремей қалуыңыз мүмкін.

• Тілдің қарапайымдығы, түсінікті болуы – журналистиканың басты

қағидаларының бірі. Журналистика – көркем әдебиет емес.

Әдемі, сирек кездесетін сөз іздеп қиналмаңыз. Сырты жылтырағанымен,

оқырманға еш дерек бермейтін сөзге қызықпаңыз. Картинаны дәл беретін

күшті етістіктерді пайдаланыңыз. Оқиға ортасында жүргенде өзіңіз

қандай әсерде болдыңыз? Оқып отырған адам да сондай күй кешсін.

• Жақсы материал жеңіл әрі тез оқылады.

Сөйлемдеріңіз ұзын болмасын. Мүмкіндігінше сөйлемді жеті-сегіз сөзден

асырмаған дұрыс.

• Материалдың қызғылықты тілмен баяндалғаны жөн.

Юморды пайдаланыңыз. Егер әңгіме қайғылы жайт туралы болмаса,

әрине. Сын есімдерді аз қолданыңыз. «Қатал кісі» дегенше оның осы

мінезін көрсететін деталь келтірген дұрыс.

• Калькадан, таптаурын сөзден аулақ болыңыз.

Газеттерден қазақ жастарына қатысты «өзіміздің қарагөздер» деген

оңбаған тіркесті көп кездестіреміз. Көзінің, терісінің түсіне қарай ат беру

– мәдениетті адамның ісі емес. «Қалтасы қалың кісілер», «ұлт жанашыры»

деген анықтамалар да көбіне орынсыз қолданылады.

• Сәнге айналған терминдерден қашыңыз.

Олар көбіне автор білімін көрсету үшін қолданғандай әсер қалдырады.

Интеллект түсінуге ауыр терминдердің көптігінен емес, материалдың

сапасынан көрінеді.

• Цитата келтірсеңіз, екі-үш сөйлемнен аспасын.

Құлаш-құлаш цитата – өзінің жазатын нәрсесі мардымсыз, бірақ

материалдың көлемін біреудің сөзімен ұлғайтқысы келетіндердің ісі.

• Мораль оқымаңыз.

Есіңізде болсын, пікір айту, баға беру, қорытынды жасау – басқа

материалдың міндеті.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 58 |

• Жазып біткеннен кейін бірнеше рет қайталап оқыңыз.

Оқырманның көзімен қарап көріңіз. Түсіну үшін қайталап оқуға мәжбүр

етпеңіз. Ауыр сөйлемдерді басқаша жазыңыз. Шұбалаңқы болса бөліңіз.

15 сөзден құралған сөйлемнен 5 сөзден тұратын сөйлем әлдеқайда

жақсы. Артық сөздерді алып тастаңыз. (Көбіне «сонымен бірге», «сондай-ақ»,

«сондықтан», «ал», «бірақ», «себебі», «өйткені», «осыған

байланысты» деген секілді шылаулар орынсыз қолданылады).

Қайталап оқығанда материалға сөйлем қосуға емес, керексізін табуға,

кедір-бұдырын түзеуге ден қойыңыз. Газетке шыққаннан кейін де әлсіз

жерлерін табу үшін оқыңыз.

Ең бастысы, көп жазыңыз. Сонда мақала жазу үлкен проблема болудан

қала бастайды. Еңбек пен ізденіс алмайтын биік жоқ.

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭТИКА

Берген ақпаратыңыз рас болсын. Өзіңіз жақсы түсінбеген нәрсені

жазбаңыз. Оқырманды шатастыру – журналист үшін қылмысқа тең

нәрсе.

Таңдап алған кәсібіңізге, оқырманыңызға адал болғыңыз келе ме?

Онда лауазымды немесе атақты кісілермен әмпей-жәмпей қатынасқа

бармаңыз. Ертең сол кісінің қатысы бар мәселе туралы бірдеңе жазуға

тура келуі мүмкін. Қарыздар болсаңыз, тек мәлімет бергені үшін.

СӨЗ СОҢЫ

Сіз егер осы кітапты жақсы журналист болуыма көмектеседі деген үмітпен

қолға алған жас талап болсаңыз, ә дегеннен мына нәрсені ескергеніңіз

дұрыс. Шеберлікті компьютерге программа орнатқандай миға құйып

беретін оқулық болмайды. Белгілі бір мамандықты үйрететін ең жаңа,

ең үздік еңбектің өзінен үлкен жаңалық табу қиын. Кез келген практик

ақыл-кеңесін теориямен ұштастыра отырып айтады. Сол сияқты біздің

салада да мәселені бұрыннан айтылатын негізгі қағидалардан бастамау

мүмкін емес.

Сонымен мықты журналист болу үшін не керек?

• Біріншіден, мол білім.

Білімділік оқиғаны адекватты қабылдауға, астарымен түсінуге мүмкіндік

береді. Білім логиканы күшейтеді, кең және прагматикалық ойлауға

| 59 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

үйретеді. (Білімге журналистиканың теориясы да жатады. Бізде «Нағыз

журналист журфакте оқымағандардан шығады» дейтін сәнге айналған

пікір бар. Бұл – журналистиканың не екенін түсінген адам айтатын сөз

емес. Мәселен, өзімізге жақын таныс Ресейдің өзінде мұндай пікір күлкі

туғызар еді. Өйткені, журналистика – мамандық, ал мамандықтың теориясын

меңгеру керек. Сондықтан журналистиканы зерттеген адамдардың

еңбегін оқудың пайдасы зор. Әлгіндей жаңсақ пікірдің тууына көбіне себеп

болатын нәрсе журфак студенттерінің теорияны меңгерместен жұмысқа

кірісетіні). Көп оқу тілді байытады, сауатты жазуға дағдыландырады.

• Екіншіден, еңбек пен ізденіс.

Болмашы табысқа тоқмейілсіп, үйренуді тоқтатсаңыз біттім дей беріңіз.

«Тәжірибе жиналғанмен, жазу жеңілдемейді. Өйткені, сіз алдыңызға

қойған межені ылғи көтерумен боласыз. Және уақыт өткен сайын

оқиғаны көрсетудің жаңа әдістерін үйренумен боласыз». Бұл

– Дон Мюррейдің сөзі. Ал белгілі қазақ журналисі Әмірхан Меңдеке бір

әңгімесінде «Шығармашылық адамы кешегі еңбегіне бүгін сүйсінбеуі,

керісінше ұялуы тиіс. Сүйсінгені – тоқырағаны, ал ұялғаны – бүгін

кешегіге қарағанда өскені» деген еді. Бұл сөздердің мағынасы: журналист

үнемі шеберлігін шыңдаумен болуы тиіс. Өйткені, журналистиканы

меңгеріп біту мүмкін емес.

Жан-жақты білім мен шеберлік бар жерде шығармашылық өнімді болады.

Ал журналистің кәсіби деңгейі оның жұмысының өнімділігінен

көрінеді.

Сонымен.

Бойыңызда журналист үшін керек қабілеттің бар екеніне сенімдісіз бе?

Бұған дейін жиған біраз ілім-біліміңіз бар ма және оны байыта бермекке

дайынсыз ба?

Шеберлікті бүкіл шығармашылық ғұмырыңызда жетілдіруге әзірсіз бе?

Осы үш сұраққа ойланбастан және шын ниетіңізбен «иә» деп жауап

берсеңіз, онда табыстың кілті қолыңызда екеніне күмәнім жоқ.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 60 |

ӨЗІҢІЗДІ РЕДАКЦИЯЛАП ҮЙРЕН

Жұлдыз Әбділда

«Жаза аласың ба?..» – Редакцияға жұмыс сұрай келген журналистке

қойылатын алғашқы сұрақтардың бірі осындай. Жасыратын түгі

жоқ, бүгінгі күні қазақтілді басылымдардың барлығы дерлік кадр

тапшылығын сезініп отыр.

Жаза алатын журналистер саусақпен санарлық.

Журналистика факультетін бітіріп келген жас мамандардың бірден

баспасөзде жұмыс істеп кететіні некен-саяқ. Көпшілігі пісіп-жетілмеген

күйінде келеді. Үлкен материалдар дайындауды былай қойғанда,

қарапайым ақпарат жаза алмайтындары да жетіп артылады.

Мәселен, осыдан бес жыл бұрын «Жас Алаш» газетіне жұмыс істеуге

өзіміз сияқты жас маман келді. Қолында қызыл дипломы бар. Бірақ,

талабы таудай әріптесіміз журналистика факультетінің деканына «Сіздер

қандай мамандар даярлайсыздар?» деп сұрақ қойғанда, не

күлерімізді, не жыларымызды білмедік. Орыстілді газеттер үшін жауап

бере алмаймын, ал қазақ газеттерінің редакторлары көп уақытын осындай

«шикі» журналистердің «шикізатын» өңдеумен өткереді. Бұл, әрине,

міндетті түрде басылымның сапасына әсер етеді.

Қиыннан қиыстырып, әсірелеп жазуға әуес әріптестеріміз әлі де болса

көпшілік. Жасанды сөз тіркестері, «кірме» сөздер, қазақы ұғымға келмейтін

ойлар онсыз да сапасы сын көтермейтін материалдарды мүлдем

жарамсыз етіп тастайды.

Мысалы:

1) Екеуара әңгімеде «бүгін жаңбыр жауатын сияқты» дейміз. Ал онда

неге «жауын-шашын болады деп күтілуде» деп жазамыз?

2) «Ауыл шаруашылығы саласына берілетін несиенің жылдық пайыздық

ставкасы 5 пайыз екен» деп айтамыз. Немесе «менің үлесім – 25 пайыз»

дейміз. Сөйте тұра, мақала жазсақ, «менің үлесім пәленше пайызды

құрайды» деп жазып қоямыз.

| 61 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

3) Екеуара әңгімеде «үстіміздегі жылы менің ұлым мектепке барады»

дер ме едіңіз? Құдай ақы деп айтайық, олай демейсіз. «Биыл балам

мектепке барады» дейсіз. Олай болса, неге өстіп жазбаймыз?!

4) «Танысып қой, мынау менің досым» деп айтамыз да, жазғанда осының

соңына «...досым болып табылады» дегенді қосып қоямыз. Салғырттық

па, салақтық па?

Осыдан төрт-бес жыл шамасы бұрын марқұм Сейілбек Қышқашұлы

орыс тілінен тікелей аударылған осындай «бөтен сөздерді» тізіп,

«Жас Алаш» газетінің бетінде көлемді мақала жазған еді. Алайда, күні

бүгінге шейін «пәленше пайызды құрады», «болады деп күтілуде»,

«ағымдағы айда...», «үстіміздегі жылы», «аталмыш оқиға», «болып

табылады» деп жазатындар азаймай отыр.

Қазақ тілінде жазатын болғаннан кейін мүмкіндігінше қазақы ұғымнан

ауытқымауға тырысу керек. Белгілі журналист, «Жас қазақ» газеті бас

редакторының бірінші орынбасары Сәкен Сыбанбаймен бірге жұмыс істедік,

маған оның материал өңдеу тәсілі қатты ұнайтын еді.

Мәселен, ол кісі сұхбаттардың бас жағындағы «Пәленше Түгеншеұлы!»

дегенді дереу алып тастайтын. Әдет пе, басқа ма, білмеймін, біздің журналистер

сұхбатты міндетті түрде осылай бастайды. Басын ғана солай

бастаса жақсы ғой, кейде бұл әр сұрақтың басында қайталанып отырады.

Біреумен сұхбаттасып отырсыз. Әңгіме қызып барады. Қосымша

сұрақ туа қалды. Қойдыңыз. Қалай бастайсыз?

«Кешіріңіз, осы арада сөзіңізді бөлейінші» дейсіз. Немесе «Осы

жерде тағы бір сұрақтың төбесі қылтияды» дерсіз. Тіпті, сұрақты

төтесінен бастайсыз. Ал сұхбатты қағазға түсірген уақытта осы қалыпты

бұзып, «Пәленше Түгеншеұлы» дегенді қосудың қажеті бар ма? Әрине,

жоқ.

Журналистің өзінің жазған дүниесіне жанашырлықпен қарауы – шарт.

• Ол мейлі көлемді сұхбат бола ма, мейлі сараптамалық мақала

бола ма, мейлі екі-үш сөйлемнен тұратын заметка бола ма, бәрібір.

Материалыңыз дайын болғаннан кейін бір оқып шығыңыз. «Суытып»

қойып, тағы бір оқыңыз. Өзіңізді редактордың орнына қойыңыз

да, басқа біреудің мақаласын оқып отырғандай оқыңыз. Өзіңізге сын

көзбен қарауға дағдыланыңыз. Адам өзінен бұрын өзгенің кемшілігін

тез көреді. Осыны ұмытпаңыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 62 |

Ертеректе «Социалистік Қазақстан» газетінде Сәуірбек Бақбергенов деген

ағамыз жұмыс істеген екен. Макетке сыймай жатқан материалдарды

қысқартуға алып барса, Сәуірбек ағамыз ойланбастан бірінші және соңғы

абзацты алып тастайтын көрінеді. «Оқыған да жоқсыз ғой, мұныңыз

не?» дегендерге ол кісі: «Бірінші және соңғы абзац әманда су болады,

суды аяп керегі не?!» – деп жауап береді екен. Сол айтқандай, баспасөз

беттерінен күні бүгінге дейін шұбалаңқы кіріспесі бар материалдарды

көптеп кездестіреміз. Оқырманның сұранысын қанағаттандыратын сапалы

материал дайындаймыз десек, көпсөзділіктен аулақ болғанымыз

жөн.

Бірнеше мысал келтірсек.

1) «Алматы ақшамы» газетінің 12 тамыз күнгі санында «Тұрғын

үй бағасы тұрақтана бастады» деген шағын ғана ақпарат жарияланды.

Материалда тұрғын үй бағасының қатты төмендей қоймайтыны туралы

болжам айтылған, бірақ «тұрақтана бастағаны» туралы бір ауыз сөз

жоқ. Ал «төмендемейді» деген «тұрақтана бастады» дегенді білдірмесе

керек.

Дәл осы нөмірде «Шекара тарс жабылмақ» деген және бір ақпарат бар

екен. Шағын ғана материалдың ұзын-ырғасы мынадай:

2) «Қазақ-қырғыз шекарасында жүкті контрабандалық әдіспен алып

өту көрсеткіші ұлғая түсуде. Осыған байланысты бүгінде екі ел шекарасынан

44 – жасырын соқпақ пен 48 – Шу өзені арқылы айналып

өту жолы анықталған. Соған орай Қазақстан Үкіметі бұл шекараны

тарс жаппақ. Өз кезегінде мұндай қадам кәсіпкерлер арасында келіспеушіліктер

туғызуда. Өйткені олар – жүктерді кедендік тексеруден

өткізу біздің елге қарағанда Қырғызстанда арзан дейді. Және қырғыз

еліне қытай тауарлары көп әкелінеді екен. Демек, шекараны жабу

Қырғызстаннан келетін арзан импорттық тауарлардың жолын бөгеп,

елімізде инфляцияның көтерілуіне ықпал етеді деп санайды».

Материалдың редакторлық түзетуден өтпегені көрініп тұр.

Біріншіден, небәрі жеті сөйлемнен тұратын шағын ғана ақпаратта

үш бірдей басы артық сызықша бар. Автордың қандай заңдылыққа

сүйенгенін қайдам, бірақ қазақ тілінің заңдылығы бойынша сан есімнен

кейін сызықша қойылмайды.

Екіншіден, материал тым шұбалаңқы. Ұбақ-шұбақ сөйлемдер көп.

| 63 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Енді редактордың көзімен қарап, осы шағын материалды қайта жазып

шықсақ...

«Қазақ-қырғыз шекарасында жүкті контрабандалық әдіспен алып

өту көрсеткіші күннен-күнге ұлғайып барады. Ары-бері алыс-беріс

жасайтын 44 жасырын соқпақ пен 48 айналма жол бар екен. Осыған

орай Қазақстан үкіметі екі ел арасындағы шекараны уақытша жабуға

мәжбүр болып отыр. Мұндай қадам, әрине, кәсіпкерлердің наразылығын

тудырды. Себебі, қазақ кәсіпкерлері үшін жүкті Қырғыз елінен тасыған

әлдеқайда тиімді. Олай болатын себебі, біріншіден, көрші елде жүкті

кедендік тексеруден өткізу біздегіден әлдеқайда арзан. Екіншіден,

қытайдың арзанқол тауарлары бізге қарағанда Қырғызстанға көбірек

әкелінеді. Кәсіпкерлердің айтуына қарағанда, «егер шекара жабылса,

көрші елден әкелінетін арзан тауар азаяды. Ал оның кесірінен инфляция

өсіп кетуі мүмкін».

Әрине, ақпарат тек қана осылай жазылуы керек деуден аулақпыз. Дегенмен,

екінші нұсқа алғашқысына қарағанда әлдеқайда ұғынықты және

әлдеқайда жинақы.

Қазақ басылымдарына көп кездесетін тағы бір проблема – адрессіздік.

Яғни, нақтылықтың жоқтығы. Журналистің міндеті жұрттың бәрі онсыз

да білетін нәрсені тағы бір қайталап, ел аузындағы әңгімені қағазға

түсіру емес. Сын айттың ба, онда оның объектісін де көрсет. Әйтпесе,

мақалаңның құны көк тиын.

Қазақтілді басылымдарда күнделікті жарияланып жататын мемлекеттік

тіл, өнер, әдебиет, мәдениет туралы мақалалардың көбінесе бірсарынды

болып келетіні де осындай нақтылықтан жоқтығынан деп ойлаймыз.

Мәселен, «Айқын» газетінің 19 шілде күнгі санында бір мақала

жарық көрді. Тақырыбы – «Майысқақ» әншілер мен «май ішкізген» клиптер...

Авторы – Сәуле Әбединова.

Мақаланың: «Қазір не көп – әнші көп», – деп басталуының өзі адамды

біртүрлі тіксінтіп тастайды. «Кезінде «ұялмаған әнші болса»,

қазір ақшасы бардың бәрі әнші. Дүлдүлдермен бірге олардың да

бәйгеден дәмесі бар... Алып та жатыр... Танымал болғысы келеді...

«Жұлдыз» болғысы келеді... «Әу» демейтін қазақ жоқ» дегенді

алға тартып, бәрінің «әу» дегілері кеп тұрады...»

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 64 |

Арғы жағындағы он шақты сөйлем тегіс осы сарында. Қысқасы, жүйкеңіз

шыдап екі жүз жолдық мақаланы аяғына дейін оқып шыққан күннің өзінде

де бірде-бір «майысқақ» әншінің аты-жөнін таба алмайсыз. Ал мұндай

мақаланың құны нешік?! Міне, біз осындай арзанқол мақала жазудан

аулақ болуымыз керек.

Мақала жазу – жауапкершілік. Ал жауапкершілігін көтере алмайтын

болсаңыз, «көтере алмас шоқпарды белге байлап» керегі жоқ.

Қазақтілді газеттерде көп кездесетін кемшіліктің бірі – қайталау.

Сөзді қайталау, үстей түсемін деп ойды қайталау. Мұндай сарындағы

материалдарды күнделікті басылымдардан көптеп кездестіруге болады.

Бір ғана мысал.

«Түркістан» газетінің 3 шілде күнгі санында «Алматының Астанаға

тартуы» деген шағын ғана ақпарат жарияланды. Ұзын-ырғасы мынадай:

– Астанадағы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінде

саябақтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты рәсімді Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов

ашты.

«Бүгін Ұлыстың ұлы күні. Бүгін Елбасының арманы орандалып, үлкен

жеңіске жеткен күн. Елбасының жеңісі ол – елдің жеңісі, халықтың

жеңісі. Бұл бәріміздің жеңісіміз. Сондықтан құрметті халайық Елбасына

қажымас қайрат, зор денсаулық тілейік. Құрметті Нұрсұлтан

Әбішұлы, бүгінгі мерейтой күні өзіміздің Алматыдан мынау алаң, мынау

фонтандар Астанаға Алматының сыйы. Қабыл алыңыз», – деді

ашылу рәсімінде Ахметжан Есімов.

Алматы қаласының сыйын қабылдай отырып, Елбасы Астана

қаласының мерекесінің барша қазақстандықтардың мерекесі

болғандықтан, барлық облыстарға Астанаға сый ретінде бір-бір ескерткіштен

орнатуларына тапсырма бергендігі турасында да айта

кетті. Алаң мен субұрқақтар Алматының Астанаға тартуы.

«Біз Алматыны ұмытпаймыз, қастерлейміз. Оның өсіп, көркеюін өте

қалаймыз. Көп рахмет. Бүкіл алматылықтарға, қала басшыларына,

әкімдігіне және Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке үлкен

рахметімізді айтамыз», – деді Елбасы.

Шағын ғана ақпаратты оқып біткенше шаршап бітесіз.

Біріншіден, грамматикалық қате көп. Тыныс белгілері дұрыс

қойылмаған.

| 65 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Екіншіден, қайталау көп.

Үшіншіден, тым шұбалаңқы.

Төртіншіден, ой байланыспайтын, сөйлемдер қабыспайтын тұстар көп.

Бесіншіден, ауызекі айтылған әңгіме ешбір өңделместен, жөнделместен,

басы артық тұстары алынып тасталмастан, тасқа басылып кеткен.

Біздіңше, осы ақпаратты сағызша созбай, бес-алты сөйлемге сыйдыруға

болар еді. Мәселен, былай:

– Астанадағы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің

қиылысында жаңа саябақтың ашылу салтанаты болды. Оған елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов

қатысты. Астананың мерейтойы қарсаңында мемлекет басшысы

барлық облыс және қала әкімдеріне той тартуы ретінде бір-бір ескерткіш

орнатуға тапсырма берген еді. Жаңа саябақ пен оның ішіндегі

субұрқақ – Алматы қаласының Астана тойына тартуы. «Елбасының

жеңісі – елдің жеңісі» екенін алға тартқан Ахметжан Есімов Нұрсұлтан

Әбішұлына қажымас қайрат, зор денсаулық тіледі. Елбасы болса, сыйсияпатқа

ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Сондықтан, қазіргі кезде кездесетін келесі қателік пен осылдықтардан

аулақ болған жөн:

• Өкінішке қарай, журналистер қауымына әбжілдік жетіспейді.

Шапшаң, нақты бол!

• Айтылатын әңгімені бірден бастап кетпей алыстан орағытып,

алты қырды айналып келетін әріптестеріміз әлі де көп. Оқырманға

мәселенің өзегін бірден ұсына біл!

• Грамматикалық және стилистикалық қателерді былай қойғанда,

қазақ басылымдарынан қазақы ұғымға жат сөйлемдерді де көптеп

кездестіретін болдық. Неғұрлым қарапайым және түсінікті жаз!

• Тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді қалағанынша өзгертіп

пайдалана беретіндер көбейді. Орынды қолдана біл!

• Тыныс белгілеріне пысқырып қарамайтындар да баршылық. Тыныс

белгілеріне мұқият бол!

• Нақтылы мәліметтер, мамандардың сараптамасы жетпей жатады.

Ақпаратты тексер, мамандардың ой‐пікірін пайдалан!

(Бұл олқылықтардың орнын толтырудың бір ғана жолы – кәсібімізге жауапкершілікпен

қарау. Сонда ғана сапалы дүние туады).

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 66 |

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚАҚТЫҒЫС КЕЗІНДЕГІ ЖӘНЕ

БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ

Эдуард Полетаев

Қазақстанда дүниетанымы әртүрлі адамдар өмір сүреді. Олардың

көпшілігі: «бізде бәрі де жақсы, журналистерді қорқынышты дүниелер

жазуға баулудың қажеті жоқ» деуі мүмкін.

Әрине, жамандықты ешкімнің жаны қаламайды. Біз тек объективті

болуды қалаймыз. Өйткені, бұрынғы КСРО мемлекеттері мен тіпті

Қазақстанда болған қақтығыстар БАҚ-ның оған дайын еместігін көрсетіп

берді.

Лайықты цитата

«Посткеңестік журналистикада большевиктік баспасөзден қалған таңба

бар: онда репортаждан гөрі баға беру, ақылгөйсу басым; БАҚ-ындағы

әрбір материал – батыстың editorials пішініне жатады, ал әр журналист

– судья және пайғамбар».

Валерий Тишков, РҒА Этнология және антропология институтының

директоры

Біз күрделі әрі қарама-қайшылығы мол Орталық Азияда өмір сүреміз.

Мұнда қоғамдағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті бұзуға қажетті орта мен

алғышарттар жеткілікті. Оған су мен өңделетін жердің тапшылығы, шекара

және тағы басқа мәселелер жатады.

Бұлардың бәрі де табиғаты жағынан «аса қауіпті» болып есептеледі

және қолайсыз жағдай туындағанда «талас нысанына» айналып

кетуі мүмкін.

Бұдан өзге, қоғамдық тұрақтылықты авторитарлық билік арқылы ұстап

отырған белгілі бір саяси лидерлердің қызметтен кетуі де жағдайды

тұрақсыздандырып жіберуі мүмкін.

Әлемдік саясаттану қақтығыстың туындауына ықпал ететін бірнеше

ондаған факторларды алға тартады. Солардың ішінде біздің аймақ үшін

маңызды саналатын бірқатарын ғана мысалға келтірейік:

- үкіметтің тұрақтылығы

- сырттан келетін қатер

- саяси сабақтастық

| 67 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

- ұлтшылдық

- ұйымдасқан қылмыс

Лайықты цитата

«Орталық Азияда жасырын текетірестер мен жаңа қақтығыстар пайда болуы

әбден мүмкін, бұл қауіп ешқашан бәсеңдеген де емес. Қақтығыстың

нақты қай жерде пайда болатынын болжап білу басқа мәселе».

Андрей Чеботарев,саясаттанушы

Бүгінгі таңда біздің аймақ үшін ең ауыр қатер терроризм болып

отыр. Көптеген мемлекеттердегі қолайсыз менеджмент, сыбайлас

жемқорлық пен қорларды демпингтік бағамен сату (әдейі төмен бағамен

сату) терроризмге қажетті алғышарттарды туғызып береді.

Қазақстандық БАҚ әзірге тұрақсыздық пен қалыптан тыс жағдайларды

көрсетуге дайын емес. Егер олай бола қалған жағдайда қоғамдық пікір

сансырап қалады, ал журналистер болса соны көрсетеді. Бірақ дүрлігудің

қажеті жоқ.

Өйткені, қақтығыс дегеніміз (қақтығысты тудырушы террорлық акт) БАҚ

үшін негізгі ақпараттық желеу болып табылады. Қақтығыс дегеніміз

жұртты еліктірер көрініс, ал ол БАҚ үшін негізгі мәселе. Оның үстіне,

қақтығыстар көбіне жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Айталық,

оның соңы қоғамда немесе саяси өмірде айтарлықтай өзгерістерге

ұласуы мүмкін.

Журналистер қақтығысты жұртшылыққа таратуға арналған арнайы

механизмге айналып кетуі мүмкін. Ең қауіптісі осы.

Шын мәнінде, қақтығыс туралы қалай жазу керектігін ешкім нақты білмейді.

Әркім әртүрлі әрекет етеді. Әр елдің өзіндік заң нормалары мен

цензуралық талаптары бар. Осы баптарға негіз болатын жалпылама

қағидалар да бар. Оған баға жетпес журналистік тәжірибені қосыңыз.

Біз ол туралы алдағы қосымшаларда айтатын боламыз.

Қақтығыс жағдайында жұмыс істеп жатқан әрбір журналистің қасиетті

парызы - оқиғаны болған күйінде беру. Тараптардың бір жағымен

ауыз жаласып, екіншісін, «дұшпанды» «әшкерелеу» - журналистің

емес, үгіт-насихатшылардың ісі. Шындықты айту – құрбандықты талап

етеді. Ол үшін өзініңнің біреуге деген сүйіспеншілігіңнен немесе біреуге

деген жеккөру сезіміңнен, қалыптасқан қағидаларың мен кертартпа

қылықтарыңнан, әдемі сөз орамдары мен популизмнен бас тартуға тура

келеді. Журналист әрқашан ортаны, өз әрекетінің салдарын ескеріп, ол

үшін жауап беруді ойлауы тиіс.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 68 |

Мысал

2002 жылы халқының айтарлықтай бөлігі мұсылман саналатын Нигерияда,

оның үстіне Рамазан айында «Мисс Земля» байқауын өткізу туралы

шешім қабылданды. Бұл ақылға қонымсыз шешім еді. Соның салдарынан

елде жаппай тәртіпсіздік орнап, арты кәдімгі төбелеске ұласты. 200-

ден астам адамның өмірін қиған осы оқиға салдарынан ел экономикасына

миллиондаған шығын келтірілді. Оған жергілікті This Day («Бүгін»)

басылымында жарияланған мақала ықпал еткен болатын. Есі кеткен автор

байқау қатысушыларын суреттей отырып, сұлулар байқауын көрсе

«тіпті Мұхаммед пайғамбардың өзі арулардың бірін әйелдікке алар еді»

деп тамсаныпты. Осы оқиғадан кейін көптеген журналистердің кәсіби

жауапкершілік жайын ойлана бастағаны рас.

Журналистің қақтығыстарды көрсетудегі жауапкершілігі қандай? Оңын

жауабы қарапайым: журналист ақпараттың шынайы берілуін қамтамасыз

етуі тиіс.

Бірақ, шындықты айту да оңай емес!

1. Журналист ешқашан вакуум ішінде немесе қақтығыстың сыртында

жүрмейді. Қай кезде де журналисті өзінің жеке басының мақсаты

үшін қасақана пайдаланатын жандар табылады.

Әсіресе, ақылды әрі айлакер адамдар көп жағдайда журналисті өзінің

ойын жоспарын алға сүйреуге итермелейді.

Мысал

Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен елдің инвестициялық

тартымдылығын көрсету үшін билік орындары бірнеше рет батыс журналистерін

қызметке тартты. Оппозиция болса, халықаралық ақпарат

құралдарын адам құқықтары мен сөз бостандығының бұзылып жатқанын

көрсету үшін пайдаланды.

2. Журналист әрбір қақтығыста белгілі бір рөл атқарады, ол не өртке

май құяды (көбіне болатын жағдай) немесе қысымды төмендетеді

(кездейсоқ болатын жағдай).

Әрқашан мынаған сен:

- әрбір оқиға ақпарат ағынының бетінде қалқып жатқан жоқ;

- сенсацияны әрқашан мақсат тұту қажет емес;

- «шындықтың» бірнеше жағы болады;

- жалпыадамзаттық құндылықтар бәрінен де маңызды.

| 69 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Мысал

Өзбектің Әндіжан қаласының Бабыр алаңындағы митинг (2005, сәуір)

бастапқыда көптеген журналистер үшін бытыраңқы қарсылық акциясындай

болып көрінген. Алайда, уақыттың өтуімен бұның біреулер тарапынан

ұйымдастырылғаны түсінікті болды және қылмыс белгілері де

байқала бастады (түрмеге шабуыл жасап, тұтқындарды босатып жіберу,

адамдарды кепілдікке алу).

Кәсіби тұрғыдан, барынша терең және байыппен жұмыс істеңіз.

3. Журналистиканың рөлі мен жауапкершілігін ұғыныңыз.

Жұмысыңыздың әдептілік тұрғыда қалдыратын әсері туралы

ойлаңыз. Сіз шындықты жеткізуге ғана жауапты емессіз. Өз

хабарламаңыздың қалай әсер ететінін де назарда ұстаңыз. Сіз – революционер

емессіз. Сіздің қоғамда атқарар рөліңіз басқа.

Қантөгістің соңы қантөгіске ұласатынын естен шығармаңыз.

Бойыңды неден аулақ ұстаған жөн?

- жеккөрініш тудыратын цитаталардан

- зорлық-зомбылыққа түрткі болатын ойлардан

- дұшпандыққа тән лексикадан

- қанды “картиналарды” (теле-фото-репортер сияқты) түсіруден

- қақтығысқан тараптардың бір жағынан ғана болған адам шығынын туралы

айтудан

- шектен тыс эмоционалды образдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

ҚАҚТЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАҚ

Қақтығыстар туралы хабар таратуда журналист білімі мен біліктілігін

пайдаланғаны жөн. Бұған кеңестік дәстүрлер мен тайталасқа қарсы

қолданылатын тілдің әлсіздігі кері ықпал етеді.

Тығырықтан «Ешкім жеңген жоқ» деген қағида шығарады.

Ебін тауып, қақтығысқан тараптардың арасындағы үзіліп қалған байланыстарды

жалғау қажет.

Қақтығыс мәнін оңай түсіну

1. Қақтығыстың қайдан шыққанын анықтаңыз.

2. Текетірескен тараптар наразылығының түп мәнін анықтап алыңыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 70 |

3. Түсініңіз, қақтығысты көрсету сіздің наразылықты қалай

қабылдағаныңызға байланысты.

4. Қақтығысты “бейбіт зерттеулер” көмегімен жүргізілген талдау саласы

ретінде қарастырыңыз. Бұл олардың аптығын басуға көмектеседі.

Мысал

Сіз адам ағзасы туралы біліп алмай және дәрінің қалай әсер ететінін

бажайламай тұрып баспасөзге жаңа дәрі туралы хабарлама берер ме

едіңіз?

Жұмысты неден бастаған жөн?

Сіз егер жергілікті жердің тұрғыны болсаңыз да қақтығыс өтіп жатқан ел

(мемлекет, қала) туралы толық ақпарат жинауыңыз тиіс.

Оның тарихын біліп, саяси-экономикалық ерекшеліктерін ұғынуыңыз

керек және статистикалық мәліметтерден хабардар болуыңыз қажет.

Алайда, қақтығыс кезінде (әсіресе қарулы қақтығыс кезінде) шынайы

цифрларға қол жеткізу оңай бола қоймасы анық.

Кәсіби журналист оқиға орнына бара жатып-ақ өзі алдағы уақытта

жазатын қақтығыстан жан-жақты хабардар болады.

Қақтығыс туралы алдын-ала оқып, танысып алыңыз (Интернеттегі іздеу

жүйелерін пайдаланыңыз, жолға шығарда басылымдарды сатып алыңыз,

сарапшылармен және әріптестеріңізбен ақылдасыңыз, жолда серік

болған адамдармен әңгімелесіңіз). Сіздің естігеніңіздің бәрі шындық болуы

міндетті емес (жағдай өзгерді, үгіт-насихаттың әсері, кейбіреулердің

кездейсоқ әсері ықпал еткен болуы мүмкін). Және алынған ақпарды міндетті

түрде материалыңызға қосу қажет емес (кейде іріктеп қосуға болады,

бірақ тіпті сіздің алдын-ала алған мәліметтеріңіз шындыққа сәйкес

келмеуі де мүмкін).

Десек те! Бұның бірі де сіздің пайдаңызға аспауы мүмкін, бірақ бұл

жұмыс тақырыбына қатысты жүйелі сараптама жасау үшін жап-жақсы

тренинг болар еді.

Сіз оқиғаның өрбуін көзбен көресіз, ендеше болып жатқан жағдайдың

шынайы бет-бейнесін аша аласыз деген сөз.

| 71 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

ЖҰМЫСТЫ МҰҚИЯТ ЖОСПАРЛАУ

1. Материалыңызды таспаға түсіретін жерді жан-жақты барлап алыңыз

(оқиғаның дәл ортасынан түсірілген материалдың сәтті шығатыны рас,

бірақ ол өте қауіпті). Көлігіңіздің (такси) қаңтарылған жерін есте сақтап

қалыңыз. Қалада көлік каңтаруға ең қолайлы жер – жолаушы қозғалысы

қызған көшенің қиылысқа таяу тұсы (ахуал нашарлай түскен жағдайда

көлікке отырып кетуге мүмкіндік береді). Егер сіз жалғыз емес, журналистер

тобымен жүрсеңіз кездесетін жерді белгілеп алыңыз (көлікке

таяу жер болғаны абзал). Қашанда бірге болуға тырысқан жөн. Жағдай

ушыққан кезде тездетіп қоныс аудару туралы шешім қабылдаңыз.

2. Өзіңізді байланыс мүмкіндіктерімен (күштік құрылымдармен, көтерілісті

ұйымдастырушылармен, бүлікшілер басшыларымен) қамтамасыз

етіңіз. Сіздің тапсырманы орындауға жіберілгеніңізді туыстарыңыз

бен әріптестеріңіз ғана емес, жоғары лауазымды шенеуніктер де білуі

тиіс. Қиындық туса солардың көмегіне жүгінуге болады. Әрине, ондай

жағдайда материалдың шынайы шығуы екіталай. Есесіне, сіз қиын

жағдайға түсе қалсаңыз арқа сүйер адамыңыз болады.

3. Өзіңізді техникалық байланыспен қамтамасыз етіп алыңыз және оны

алдын-ала тексеріп алған жөн. Қақтығыс аймақтарында ұялы телефон

ғана емес, кәдімгі дәстүрлі телефон байланысы да үзіліп қалуы мүмкін.

Күштік құрылымдар қауіптенсе ұялы телефондар мен радио жиіліктегі

қысқа толқындарды тұншықтырып тастайды. Мұндайда ең тәуірі – спутниктік

телефон пайдаланған жөн.

4. Жеке қорғану құралдары ашық-шашық, көзге көрініп тұрмауы тиіс. Берен

мен каска кез-келген тараптың ашу-ызасын тудырып, сізге қарсы оқ

жаудыруға итермелеуі мүмкін. Өзіңізбен бірге ең қажетті дәрі-дәрмектерді:

анальгетиктер, жгут, күйікке жағатын майлар алып жүргеніңіз абзал. Көп

адамдар камуфляж кимеу жөнінде кеңес береді,. Бірақ бұл қауіптің негізі

жоқ. Әрине, Сіз комбатант емес, журналиссіз. Дегенмен жағдайға сай

киінген дұрыс. Сол камуфляждың өзі әскерилердің сізге деген сенімін

тудырады. Оның үстіне әскери киім мергендердің көзіне түсіп қалмауға

көмектеседі.

5. Журналистік куәлігіңіз бен өзге де құжаттарыңызды өзіңізбен бірге

алып жүріңіз.

6. Журналистік құралдарыңыздың жағдайды қиындатып жіберуіне жол

бермеңіз. Оқиғаға қатысушылардың көбі кадрға түсуді қаламайды.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 72 |

Кешқұрым немесе түтін кезінде камера мен диктафон қару сияқты

көрінуі ықтимал.

7. Өзіңізбен бірге камераның қосымша толтырылған аккумуляторлары

(қақтығыс аймақтарында электр желісін пайдалану мүмкіндігі бола бермейді),

таспалар, қуаттетіктер мен фотопленкалар, электрлі фонарик

пен термос, су құятын қалбыр мен ұйықтайтын қапшық, электрлі шәйнек

пен қырыну құралдарын, артық киім және т.б. алып жүруді ұмытпаңыз.

Жаппай тәртіпсіздік оқиғалары туралы ликбез

Тіпті заңды деген наразылық акциясының өзі жоспарланбаған әрекеттер

нәтижесінде әп-сәтте «көзсіз мақұлыққа» айналып кетуі мүмкін. Тарихта

бұндай оқиғалар көп болған, жеңіске жеткен спорт командасының фанаттары

жолында кездескеннің бәрін бүлдіріп жүре берген кездер де аз

болмаған. Тәртіпсіздіктің орын алу себептері өркениетті делініп жүрген

Батыста да, Африкада да бір-біріне ұқсас.

Тәртіпсіздіктердің жалпы себептері:

Әлеуметтік-саяси. Әдетте бұл биліктегілер халық наразылығын күштеп

басып тастау туралы шешім қабылдаған елдерде (Өзбекстан, мамыр,

2005) немесе билік күштік тұрғыдан шешім қабылдай алмайтындай

(Бішкек, наурыз 2005) «босаңсыған елдерде» орын алатын жағдай.

Діни және этникалық. Көптеген діндер мен ұлттар шоғырланған қоғамда

қауіп күшейе түсуі мүмкін (сенімі, ұлты басқа адамдар тұратын елдімекендерге

шабуыл жасалынуы мүмкін және оған жауап қайтарылуы да

ықтимал).

Өнеркәсіптік. Бұндай тәртіпсіздіктер белгілі бір кәсіпорынға, оның саясатына

немесе үкіметтің тұтас бір сала тағдырына қауіп төндіріп отырған

саясатына қарсы бағытталады. Оны ұйымдастыру қиындық туғызбайды,

өйткені адамдар жеп отырған нанынан айырылып қалмау үшін барын

салады.

Жоспарсыз және бұзақылық әрекеттер. Бұл кездейсоқ оқиғалар кезінде

жұртшылық көп жиналған жерлерде болуы ықтимал (кинотеатрдағы

атыс, стадион мінберінің опырылып кетуі, кез-келген команданың жеңуі

немесе жеңілуі және т.б.). Тәртіпсіздіктер бір адамның әрекетінен басталып,

артынша аяқ-астынан өршіп кетуі мүмкін.

| 73 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Ұйымдасқан. Бұны қалай анықтауға болады? Егер көп адам жиналған

жерде спортшыларға ұқсас адамдар көп болса, адамдар топқа бөлінген

болса (бұйрықтан кейін олар жұмыла әрекет етеді), рация мен курьерлерді

пайдаланып жүрген адамдар байқалса, даусы «барқыраған»

кәсіпқойлардың арандатушылық сөздері естілсе, адамдардың

қолдарында қару болса, көліктер аяқ-астынан жолды жауып тастаса,

ал жақын маңда кірпіш немесе арматура үйіндісін көрсеңіз бұның

ұйымдастырылған акция екендігі даусыз.

Тәртіпсіздікті тоқтату мемлекет басшылығы мен үкіметтің, күштік

құрылымдардың дайындық деңгейіне байланысты.

Күштік құрылымдар пайдаланатын тәсілдер:

Шектеу және тарату. Тәртіпсіздіктер ауқымы үлкейіп кетпеуін қадағалау

немесе бұзақыларды топтан алып кету, топты кішкентай бөлшектерге

бөлу немесе тобырды қудалау.

Ұстау және тәркілеу. Бүлікшілер саны күштік құрылым қызметкерлерінен

басым болған жағдайда кімді тұтқындау керектігін анықтау қиындық

туғызады. Сондықтан күштік құрылымдар кішігірім топтарды немесе жекелеген

тұлғаларды, негізгі белсенділер мен жетекшілерді тұтқындайды,

бірақ әркез солармен шектеліп қоймайды. Көбіне құқық қорғаушылардың

құрығына журналистер де түсіп жатады. Өйткені, олардың аудио және

бейне түсірілімдері, фотосуреттері немесе кәсіби құралдары бүлікке

қатысушылардың жеке басы туралы ақпарат алуға, аты-жөндерін

анықтау мақсатында қолданылуы мүмкін.

Қақтығысты талдауға кіріспе

1. Қақтығыстың міндетті түрде зорлық болуы шарт емес.

2. Әдетте, қақтығыстың табиғи және ортақ себептері болады.

3. Қақтығыс табиғи ресурсқа бай мемлекеттерде, байлық пен биліктің

тең бөлінбеуі салдарынан, қоғам ішінде ежелгі наразылықтар болған

жағдайда, ал билік текетірестің алдын алмаса немесе ол мүмкін

болмаған жағдайларда көрініс табады.

Қақтығысты реттеу ережелері

Бірден классикалық мысалдан бастайық.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 74 |

Мысал

Апельсин ағашы біреудің жеке бақшасында өсіп тұр. Алайда ағаштың ең

дәмді апельсині бар бұтағы көршінің бақшасына шығып тұр. Көршілер

сол үшін сөзге келіп қалды. Олардың әр қайсысы бұтақтағы апельсинді

өзінікі деп есептейді.

Қақтығыс әртүрлі нәтиже беруі мүмкін:

- заңдық тұрғыдан баға беруге болады, ал жеке меншік туралы заң

апельсиннің кімге, тиесілі екенін анықтайды;

- көршілер тиын лақтырып апельсиннің кімдікі екенін анықтайды;

- апельсинді көршілердің біреуі алады, бірақ екіншісіне 100 теңге

өтемақы төлейді;

- ешкімнің еншісіне тимес үшін апельсинді қоқыс орнына лақтырады;

- немесе апельсинді өтіп бара жатқан әдемі қызға береді;

- апельсинді саяси қолдау ретінде Украинаның тұрғындарының біріне

жөнелтеді;

- апельсинді қолайлы сәт туғанға дейін мұздатқышқа салады;

- апельсинді қақ бөліп жейді;

- апельсинді шырын бөлгіш құралдан өткізіп, шырынын ішеді;

- апельсиннің тұқымын алып, апельсин плантациясын ашуға, сөйтіп

ортақ бизнес құруға келіседі.

Шешімнің бұдан басқа да нұсқалары болуы мүмкін.

Басты ереже

Қақтығысты шешу жолдары қанша көп болса, оның зорлыққа

ұласып кету мүмкіндігі сонша азаяды.

Термин:

Рефрейминг — қақтығысты жағдайды жаңа өлшемдер бойынша қайта

анықтап, қайта белгілеу.

Қақтығыстарды шешудің әдетте бірлескен және бәсекеге қабілетті

әдістері болады.

Екі тарап қақтығысқа түскенде бәсекеге қабілетті әдістердің мүмкіндігі

жоғары.

Мысал

Бүгінде Ұлыбритания мен Аргентина арасында Фолкленд (Мальвин)

аралдары үшін болған жанжал ұмыт болуға айналды. Ол ешкімге

де пайда әпермейтін қақтығысқа пара-пар еді. Басқаша айтқанда,

| 75 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

қақтығыс салдарынан бір елге келтірілген шығын екіншісінің жетістігі

деп бағаланды. Онда жеңген жақ екіншісінен реванш талап етсе де болар

еді, әрине ондай жағдайда қақтығыс тамыр жая түсері анық. Текетірес

кезінде саяси амбициялар үлкен рөл атқарды: олай дейтініміз,

аралдардың экономикалық жағынан маңыздылығы шамалы болатын.

Бұл қақтығысты елдер «таздардың тарақ үшін таласы» деп те атады.

Қолында құралы бар және мәселені шешу жолдарын білетін ойыншылар

(келістіруші) пайда болған жағдайда бірлескен әдістердің мүмкіндігі

арта түседі.

Мысал

Солтүстік Ирландиядағы Еуропа үшін маңызы үлкен болған бейбітшілік

процесін мысалға алайық. Көпке дейін ол «католиктер мен протестанттар

қақтығысы» ретінде қарастырылып келді. Бірақ, «Азаткер Жұма»

Келісімі көптеген даулы мәселеге нүкте қойды. Әр тараптан шыққан сабырлы

топтардың бітімгерлік әрекеттері оң нәтиже берді. Әр тараптың

өзара сыны қақтығысқа нүкте қойды.

Зорлық-зомбылық типологиясы

Көптеген зерттеушілер зорлық-зомбылықты шартты түрде үшке бөледі:

1. Тікелей зорлық: жарақаттау, зорлау, және т.б.

2. Мәдени зорлық (зорлықты ақтау және мадақтау): әскери аңыздар

мен батырлар, діни ақталу (құдай біздің жағымызда), және т.б.

3. Құрылымдық зорлық: геноцид, апартеид, отаршылдық және т.б.

Зорлықтың көрінетін және көрінбейтін әсері болады.

Көрінетін әсері: кісі өлтіру, азаптау іздері, және т.б.

Көрінбейтін әсері: ксенофобия, өш алуды көздеу, және т.б.

Әлемдік құрылымға көмектескіңіз келе ме?

Өз жұмысыңызды дұрыс істеңіз және апельсин туралы мысалды

есіңізден шығармаңыз. Түрлердің әр алуандылығын суреттеу кәсіби міндет

болып табылады. Қақтығыс туралы материалды жазу барысында

теңгерілген құралдарды пайдаланыңыз:

- екі тараптың да пікірін беріңіз және «біздікілер» мен «біздікі еместердің»

арасын ешқашан межелеп бөлмеңіз;

- қақтығысқа себеп болған факторлар, барлық тараптардағы топтар мен

шағын топтар туралы толық баяндауға тырысыңыз. Өйткені, кез-келген

қақтығыстағы тараптардың қай-қайсысы да біртұтас блокқа бірікпеген ғой;

- сіздің бастапқы көзқарасыңызда сезімге ерік берген болуыңыз да

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 76 |

мүмкін, сондықтан қақтығысқа қатысты ұстанымыңыздың салмақты

болғаны абзал;

- тақырыптарды жұмсартып беріңіз;

- қақтығысқан тараптар арасындағы өзара байланысты көрсетіңіз, сонда

тараптардың әр қайсысы «сырттағы жамандарды» күстаналағанша

неліктен «өз ішіндегі» сондай адамдарға кінә артпағаны туралы ойланады;

- қақтығысты наразылық акциясы салдарынан туындағандай етіп емес,

керісінше, оқиға сыртындағы адамның түсінігі тұрғысынан көрсетіңіз;

- күш көрсету әрекеттерін «триумфтар» тұрғысынан бағаламай, оның

кері әсері мен жарақаттар туралы хабарлаңыз;

- қақтығысты текетірескен тараптар лидерлерінің пікіріне қарап

суреттемеңіз, керісінше, қақтығыс ықпал еткен адамдардың күнделікті

тіршілігі тұрғысынан көрсетіңіз;

- оқиғаның нақ бейнесін емес, факторлар мен пікірлердің салыстырмалы

салмағын шынайы көрсетуге тырысыңыз.

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ҚҰРАЛДАР

Ымыраға келу

Қақтығыс жағдайында тұрған мемлекеттердің екі журналисі кездесіп

қалады. Әңгімелесе келе олар оқырман назарына соғыстан гөрі бейбітшілікті

ұсынған дұрыс екенін ұғынады.

Мысал

Журналистер «өзге тарап» авторларының мақалаларын жариялау

арқылы қақтығысушы тараптар арасындағы құзды көпірмен жалғай алады.

Бірігу

Қақтығысқан елдердің журналистері бірге жұмыс істей жүріп көп нәрсеге

қол жеткізе алады.

Мысал

Айына екі рет шығатын «Оазис» интернет-журналы (www.ca-oasis.

info) барлық Орта Азия елдерінде болып жатқан оқиғаларды көрсетуді

мақсат тұтады. «Оазисте» жұмыс істейтін жас журналистер кәдімгі

кәсіби мамандардың жаңа ұрпағына айналады. Редакциялық саясатпен,

тақырыппен және стильмен шектелмеген олардың басты мақсаты

- бір-бірімен көрші мемлекеттерді өз іштеріндегі оқиғалар туралы

құлақтандырып отыру болып табылады.

| 77 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

МАҚАЛАНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ИМПЕРАТИВТЕРІ

1. Тақырып пен негізгі мәселені таңдау

Мақаланы болған оқиға жөнінде бірнеше мысал келтіруден бастаған

дұрыс. Оқырманның назарын бітімгерлік бастамаларға аударған жөн

(мәселен, бәленше түгеншемен кездесіп, келіссөздер жүргізу жөнінде

келісті).

2. Сөз таңдау

Бейтарап, біреуді кемсітпейтін сөздерді таңдап алыңыз, желігіңізді

басыңыз. «Терроршылар», «азаттықты аяққа таптаушылар» деген терминдерді

пайдалануға болмайды. Мәселен, батыстық БАҚ-ның «шешен

көтерілісшілері» деген бейтарап термині Ресей билігінің ашу-ызасын тудырары

анық.

3. Қақтығыс құрылымы

Кешенді сипаттағы қақтығысты біржақты сипаттаудан және «этникалық

жеккөрініштілік», «ежелгі қақтығыс», «мерзімсіз соғыс», т.б. тіркестерді

пайдаланудан аулақ болыңыз.

4. Адам құқықтарын бұзу

Адам құқықтары жан-жақты, сондықтан оны барлық жағынан есепке

алыңыз. Адамның қасіретіне назар аударыңыз, бұл адамдарды біріктіріп,

зорлық-зомбылық зардабының қаншалықты ауыр болатынын

көрсетеді.

5. Жараны жазу

Қақтығыста жеңімпаздар болмауы тиіс. Тіпті күш қолданып, зорлықзомбылық

жасағандармен де жұмыс істеңіз. Мүмкін ол қазір өз ісі

үшін өкініп те жүрген шығар. Өкініш көптеген жараны жазып, қарымқатынастарды

жақсартудағы маңызды қадамға айналуы ықтимал.

Пайдалы сілтемелер мен кітапнама:

Ресейдің Журналистер одағы

www.ruj.ru

Ресей Журналистер одағының экстремалды журналистика орталығы

www.cjes.ru

Соғыс пен бейбітшілік институты

www.iwpr.net

ММУ журналистика факультетінің биресми сайты

www.journ.ru

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 78 |

Андрей Бабицкий. «На войне».

www.somnenie.narod.ru

«Регнум» ақпарат агенттігі

www.regnum.ru

Мемлекеттік «Чеченпресс» ақпарат агенттігі

www.chechenpress.info

Збигнев Бжезинский. «Выбор. Мировое господство или глобальное лидерство».

Мәскеу, 2004 ж.

«Нелегальный рынок Центральной Азии» жинағы. Алматы, 2005 ж.

Алексей Малашенко, Дмитрий Тренин. «Время Юга: Россия в Чечне,

Чечня в России». Мәскеу, 2002 ж.

Александр Минкин. Журналисты на чеченской войне. Факты, документы

и свидетельства. Мәскеу, 1995 ж.

Журналистика и медиарынок, №6, 2004 ж. С. Кусова-Чухо. «Перед лицом

кавказской национальности. Ксенофобия на телеэкране и газетных

полосах».

Памятка для журналистов, работающих в горячих точках. «Защита гласности»

ҚҚ, «Сорос-Қырғызстан» қоры, Бішкек, 2000 ж.

«Диагностика толерантности в средствах массовой информации»

жинағы. Мәскеу, 2002 ж.

Валерий Тишков. СМИ и конфликты. Независимая газета, 10.04.1994 ж.

Игорь Ротарь. Кто стоит за сепаратистами? Независимая газета,

15.09.1999 ж.

| 79 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

1-ҚОСЫМША

ПРАКТИКУМ

1-Жаттығу

Мына анықтамалармен танысып шығыңыз:

1. Журналист өзі көрсететін қақтығысқа тікелей қосылмайды; олар –

оқиға туралы шынайы ақпар беретін репортерлер ғана.

2. Журналист оқиғаға ақпарат таратушы ретінде ықпал ете отырып,

қақтығыста негізгі рөл атқарады.

Ойланып көріңізші, осының екеуі де шындыққа жататын шығар? Әлде

анықтаманың бірі екіншісіне қарағанда шындыққа жақын ба?

2-жаттығу.

Әрбір журналистің әсерлі шыққан сөздерден үзінді келтіргісі келеді.

Бірақ ол көрерменге қалай әсер етуі мүмкін: шынайы репортаж ба, әлде

қақтығысты шиеленістіру ме?

Шартты түрде алынған «Абесседистан» мемлекетінде екі этникалық топ

арасындағы қақтығыс өрши түсті.

1-сценарий:

Митингте шешендердің бірі өзге этникалық топ өкілдерін «зиянкестер»

деп мәлімдеді.

Сіз осы мәлімдемені материалыңызда пайдаланар ма едіңіз?

2-сценарий:

Парламент сессиясы кезінде депутаттардың бірі өзге этникалық топ

өкілдері бірнеше жүз жыл бұрын «жәдігөй» деп аталды деген мәлімдеме

жасады.

Сіз осы пікірді айтылуына қарай (қорлау ретінде, әзіл немесе басқа

түрінде) өз материалыңызда пайдаланып немесе теледидардан

көрсетер ме едіңіз? Бұл сіздің парламент қызметі туралы

материалыңызға үйлесе ме, бұл сіздің репортажыңыздың негізгі

желісіне айналып кетпей ме?

3-сценарий:

Этникалық топ лидерлерінің бірі сізге сұхбат бере отырып

әскерилендірілген жасақтар ұйымдастыру арқылы «проблеманы біражола

шешкісі» келетінін айтты делік.

Бұл сізді еліктіріп-ақ тастады, өйткені ол бұнысын тек сізге ғана

айтып тұр ғой. Сіз бұл сұхбатты қандай күйінде жариялар едіңіз?

Сіз әлгі қауіпті цитаталарды пайдаланасыз ба? Төніп тұрған қатер

жөнінде тезірек хабарлаған жөн бе әлде, іс-әрекеттің басталғанын

(жасақтардың пайда болғанын) күткен дұрыс па? Қайсысы маңызды?

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 80 |

Әрбір сценаридегі сұрақтардың маңызы зор. Сондықтан тағы да сұрақтар

береміз.

Егер кейбіреулер кісі өлтіруге итермелейтін мәлімдеме жасаса, немесе

сондай түсініктер журналистің көмегімен қалың аудиторияға

таратылса... Осының қайсысы жаман?

Журналист қақтығыстың шиеленісуіне қалайша жол бермейді?

Журналист проблеманың бейбіт жолмен шешілуіне қалайша ықпал

етеді?

2-ҚОСЫМША

Әскери журналистерге кеңес. (Юрий Романовтың «Я снимаю войну.

Школа выживания» кітабынан. Мәскеу, «Права человека» баспасы,

2001ж.).

Репортер кәсібі жан-тәніңмен берілуді ғана талап етпейді. Сіз «кезкелген

мамандық жан-тәніңмен берілуді қажет етеді» деуіңіз мүмкін. Солай

ғой, бірақ басқа мамандықтар осынша жанкештілікті талап етпейді...

Журналистің кәсібі өмір сүру салтына, тіршілік ету амалына айналып

кетеді. Мұны күйеуінің таңдаған мамандығына құлай берілген әйел ғана

түсіндіріп бере алатын шығар.

Қанша оғаш көрінсе де, репортер – табиғатынан жалғызсырап

жүретін адам. Әрине, әйелі, бала-шағасы, отбасы бар. Бірақ, олар

басқа жерде, өзгеше өлшеммен өмір сүреді. Сен олармен өткізген қысқа

ғана демалыс сағаттарында отбасың үшін бірдеңе істерсің, бірақ сенің

миың бұл жерден алыста. Ол алдыңғы жолсапарда болған оқиғаларды

саралап жатады немесе келесісіне әзірлік үстінде болады.

Мен журналист он оқиғаның тек біреуінде ғана тағдыр тәлкегінің немесе

қатерлі кездейсоқтық құрбаны болады десем жалпы түсінікке

қарсы пікір айтқандай болатын шығармын. Шынында, қалған тоғыз

жағдайда репортер өзінің кәсіби деңгейінің төмендігінен қиындықтарға

ұрынады. Әр жұмыстың: жол қозғалысының, техника қауіпсіздігінің

сақталуы тиіс «ережелері» бар. Шыны керек, біз ол «ережелерді» алдымен

өзіміз жазып алуымыз керек.

Жону станогының айналып тұрған шпинделіне немесе арасына саусағын

тығу ешқашан ешкімнің ойына келмейді. Сол сияқты көлікке отырып

алып жолдың қарсы бетіне шығып кетуді де ешкім қаламайды.

Ендеше басыңды мемлекеттік машина доңғалағының астына

тығудың не қажеті бар? Артынан байқамай немесе қасақана басып

кетті деп байбалам салу үшін бе? Бұның бәрі «баланың» айқайы. Ал,

| 81 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

сенің қылығың кәсіпқой еместігіңнің белгісі.

Армия — мемлекеттік машинаның аса қауіпті бөлігі. Ол бірінші кезекте

өз-өзіне, барлық бөлімшелер үшін, ондағы солдаттар мен офицерлер

үшін, әсіресе сырттан келген жат адам үшін өте қауіпті. Ол тек

қырғынға ұшырататын қаруымен ғана емес, «адами факторымен» де

қауіпті. Қарудың шүріппесін немесе нүктесін адам саусағы баспаса

өздігінен атылмайды.

Жылдар бойы оқиғалар ортасында, «қауіпті аймақ» деп аталатын

жерде жұмыс істеу барысында тәжірибе жинақталады. Адам өзі

бастан кешпей тұрып, өзіне қажетті «ережелер жиынтығын» жасай алмайды.

Есіңде сақта.

Сен – әскери қимылдар аймағында жүрсің:

Қаладағы өзің білмейтін жердің топырағын баспа.

«Газондарды баспа!» Онда мина болуы мүмкін. Дұрысы – асфальт

жолмен жүр, аяғыңның астына мұқият қара.

Назарыңды аударып, тыңда. Жатқан гранатаны байқасаң одан атап

өтуге болады. Ешбір граната дыбыссыз жұмыс істемейді. Егер

жарылғыш заттың дыбысы естілсе аяғыңды дыбыс шыққан жаққа

беріп, жерге ет-бетіңнен жата қал. Егер бұл «жұмыс» гранатасы

болса жерге жата қалған адамға келетін қауіп деңгейі төмендейді.

Адамы жоқ үйге кірме. Ол үйдің есіктерінің артында мұрындығы

алынған граната болуы мүмкін.

Егер тас төселмеген жолмен жүретін болсаң танк немесе ауыр

көлік салған ізге түс. Сонда да мұқият бол, сүрлеу қазылып, беті

топырақпен жабылған болмасын.

Әрдайым қырағы бол. Егер алда-жалда мина басып кеткен болсаң, бір

орында тұра қал. Ыммен немесе айқайлап айналаңдағылардың назарын

өзіңе аудар! Жолдасыңды немесе басқа адамды қасыңа шақырма.

Өзің бүлдіргенді өзің түзе! Жаяу әскерге қарсы қойылған миналардың

басым бөлігі басқан кезде емес, аяқты көтерген кезде жарылады.

Танкке қарсы қолданылатын миналар адамның салмағына жарыла

қоймайды. Дегенмен оны баспауға тырысқан жөн.

Қандай жағдай болса да бейтаныс жерде жатқан нәрсені көтерме

(өзің қоймаған болсаң!). Қанша қауіпсіз көрінгенімен қаламсаптың да

адам өлтірерлік қауқары бар.

Снайперлерден сақтан. СВД винтовкасы бір шақырым жердегі нысананы

атып түсіре алады. Егер снайперлер бақылауы мүмкін деген

күдігің болса ол жерде тезірек жүруге тырыс, мүмкіндігінше синусоид

бойынша қозғалғаның абзал. Екпінмен алға ұмтыл: адымда - жүгір...

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 82 |

Үйде жұмыс істеген кезде (камераға түсіргенде) бөлменің түпкірінде

болуға тырыс, терезеге немесе балконның есігіне қатты жақындама.

Жарықшақ немесе оқ сенің небәрі оператор немесе фототілші екеніңді

білмейді.

Батылдық – тамаша қасиет. Бірақ ол ақымақтық пен санасыздықтан

ада болуы тиіс. Сен сюжетті түсіріп қана қоймай, оны «кеңсеңе»

әкеліп беруің қажет.

Басыңды тектен-текке оққа тікпе және өзің үшін өзгелерді қатерге

итерме. Қажет болған жердің бәрінде қорғанып жүр.

Қару мен камера бір-біріне үйлеспейтін дүниелер. Әскери қимылдар

аймағында ешқашан қаруланба. Қолыңа әзілдеп болса да қару ұстама.

Сенің мамандығың мүлдем бөлек – сен қақтығысқа килікпеуің керек.

Егер сен тараптардың бір жағына шығып қолыңа қару ұстаған болсаң,

камераны таста да, соғыс! Сонда армия қатары нашар бір жауынгермен

толығады, ал миллиондаған адамдар журналистен айырылады.

Есіңде болсын, сенің қаруың – камера (қалам, фотоаппарат) және ол

армияның қаруынан да күштірек.

Сараң болма – ақпаратты, бір үзім нан мен бір жұтым суды

әріптестеріңмен бөліс. Олар ертең бұның қарымын қайтарады.

Тіпті бәсекелес ақпарат құралында істейтін әріптесіңнің материалын

(пленкасын, таспасын) бюроға, агенттікке немесе редакцияға

жеткізіп тастаудан бас тартпа.

Кең, жомарт бол, қолыңда барды әріптестеріңнен жасырма. Бөліс.

Сараңдықтың ешқашан ұмытылмайтыны сияқты, мейірімділік те

ұмыт болмайды...

Киінгенде де снайперлердің нысанасына айналмайтындай етіп,

көпшілік арасынан аса бөлініп тұрмайтындай болып киін. Бірақ, сені

«өзіміздікі» деп қалмас үшін жақыннан қараған кезде айналаңдағылардан

ерекшеленіп тұрғаның да абзал...

Өз үстіңнен күлуді үйрен. Егер өз үстіңнен бірінші болып өзің күле

алмасаң «қауіпті аймақтарға» бармай-ақ қой.

«Тұрақты түрде» және «қарның тойғанша» тамақ ішуді ұмыт. Қай

кезде де артық бутербродтың орнына «басы артық» объектив немесе

пленка алып жүргенің жақсы. Кез-келген жерден су ішпе және

«кездейсоқ» адамдардың берген тамағын алма. Өйткені, олардың сапасы

нашар немесе уланған болуы мүмкін. Екі-үш күн аузың берік болса

ештеңең кетпейді...

«Оқиға туралы нашар сурет түсірсе де, тіпті құралақан қалса да

фотографтың (оператордың) жаны аман қалғаны жақсы...» Бұл туралы

«Ассошейтед Пресстің» мәскеулік бюросының фоторедакторы

| 83 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Лю Хенг Шинг айтқан болатын. Ол өзінің не айтып тұрғанын жақсы

білді...

«Қауіпті нүктеде» жұмыс істегенде батыл және өте сақ серігің

болғаны дұрыс. Ол сен жұмыс істеп жатқанда айналаны түгел барлап,

келіссөздер жүргізеді және айналадағылардың орынсыз сұрақтарына

жауап береді. Егер өзіңе серік таңдау мүмкінідігі болса, пысықайды

немесе күштіні емес, ең сабырлы және салмақты кісіні таңда. Ол

ешқашан өзі де қапы қалмайды, сені де қапы қалдырмайды.

«Қай жақтансыз?» деген сұраққа жауап берерде жаңылыспа. Егер телеарна

немесе басылым шектен тыс саясиландырылған болса және

қақтығыстағы белгілі бір тарапты жақтайтын болса сіздің өміріңізге

қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан ойланып жауап беріңіз.

Шексіз қарама-қайшылық ортасында, біз айтып отырған «қауіпті

аймақта» елең еткізер картинаны түсіру мүмкіндігі де, тағдыр

доңғалағының астына түсу ықтималдығы да арта түсетіні анық.

Сенің ақпаратың бейтарап сипатта болуы тиіс. Фактілер және

фактіден басқа ештеңе бермеуге міндеттісің. Қорытындыны сенің

оқырмандарың немесе көрермендерің жасасын.

Бұндай жерге бармас бұрын алдымен қақтығыстың шынайы тарихымен

танысып шық. Ақпаратты мүмкіндігінше бейтарап деректерден

алғаның абзал.

Сапарға шығар алдында камераңды әзірле. Ең бастысы, ол әзірде ғана

дүкеннен сатып алынған болмауы тиіс. Камера су жаңа болып көрінбеуі

қажет. Бұндайда изолента мен скотчтың көмегі көп. Оны камераға

көлденеңінен де, тігінен де жапсырасың. Содан соң сенің камераң әлгі

скотч немесе изолентаның арқасында ғана жұмыс істеп тұрғандай

әсер қалдырады. Үстіңдегі киіміңнің де жап-жаңа болмағаны абзал.

«Экстра-ультра» санатына жататын киім, тіпті жаңа бәтеңке де

киме. Өйткені, сені сол киімдерің үшін де атып тастауы мүмкін.

Тоғышарлардың, біздің барлық деңгейдегі басшылардың «шетелдіктерді

жағымсыз факторлар ғана қызықтырады» дегені қатер пікір.

Әрине, ілуде бір жағдай кездеседі ғой. Бірақ батыстық эфир үшін бастысы

– шындық пен дәлдік. Мен бұл сөздерім үшін толық жауап бере

аламын...

Ақылды қорқақ бол! Қорыққан адам сақтанып жүреді. Оқ пен оттың

арасында екі апта өмір сүргеннен кейін оған да етің үйренеді, содан

соң сен атыс-шабысқа көңіл бөлуден қаласың... Ондайда соғыс

қимылдары жүріп жатқан аймақтан тездетіп кетіп қал. Араға үштөрт

күн салып бойыңды қайтадан үрей билей бастайды...

Кездейсоқтыққа иек артпа! Ол – ақымақтық, дегенмен сәті түскенді

қапы жібермес үшін сенің камераң «әрқашан дайын!» болуы тиіс.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 84 |

Жауынгерлердің, қару-жарақтың саны мен сапасы сынды «тыңшылық»

мәліметтерден аулақ бол. Тіпті, ондай деректерді ұсынып жатса да

алма. Өйткені оның астарында арандатушылық жатқан болуы да

әбден мүмкін. Ондай мағлұматтарды ресми жолмен алуға да болады.

Бұл жерде: «Қанша аз білсең, сонша тыныш ұйықтайсың» деген

ұстанымды ұстанған жөн.

Соғыс қимылдары жүріп жатқан жерде қараңғы түсісімен «базада»

болуың қажет. Алдыңдағы түні сенің «базаң» қонақ үй, штаб, госпиталь

палаткасы, окоп болуы да мүмкін. Бұл қалыптасқан жағдайға

және мен сенің жолың болғыштығына байланысты нәрселер.

Мерфидің армиялық заңдары туралы:

— Елден ерекшеленбе – бұл саған қарсыластың назарын аударады.

— Өзіңе қарсыластың назарын аударма – бұл сенің айналаңдағылардың

ашуын келтіреді.

— Окопта өзіңнен гөрі батылырақ адаммен қалма.

— Төте жолға мина қойылған болуы мүмкін.

— Егер қарсылас көз жететін жерде болса, сен де сондай жерде тұрсың

деген сөз.

— Өзіңдікілердің оғы қарсыластың оғынан гөрі дәл тиеді.

— Оқ «шені жоғарының артықшылығы барынан» хабарсыз.

Ақпаратты ала отырып жұмыс істеу, баспасөз қызметіндегі шенеуніктермен

байланыс орнату «өмір сүру мектебінің» ең маңызды

бөлімдерінің бірі болып табылады.

Осы жерде сен «төртінші» деп үкілеп жүргеніңнің мүлдем билікке жатпайтынын

түсінесің. Шынында, күлкілі себеппен аккредитациясынан

айырып, кейде аккредитация бермей қоюға болатын неғылған билік

бұл...

Егер сен қызметінің маңыздылығынан кеудесін соғып, жарылып кете

жаздап тұрған шенеунікпен тіл табыса білмесең, шаруаңды шешу үшін

көлік таба алмайтын (сұрап алу немесе ұрлап кету) болсаң, егер...

Иә, материалды таспаға көшіргеннен кейін түнделетіп лас жолмен,

камераны, таспалар мен батареяларды арқалап жаяу-жалпы келе

жатқанда, ал баспасөз қызметі саған көлік жіберуге де жарамағанда

осындай мыңдаған «егерді» мысалға келтіруге болады. Оның үстіне бес

минуттан кейін сенің сюжетің эфирден өте ме, әлде жоқ па, о жағы тағы

белгісіз...

Ал, сен өз сюжетіңді көріп те үлгермейсің... Егер сен ұсақ шенеунікке

өзіңді және миллиондаған тыңдарман мен көрермен мүддесі тоғысқан

еңбегіңді сыйлата алмасаң, сенің көк тиындық құның жоқ. Жолың бол‐

| 85 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

майды...

Жоғарыда айтылғанның бәрі – бұрынғы КСРО деп аталатын елде

жинақтаған тәжірибеден туған дүниелер.

Әр елдің өз ерекшелігі бар. Жұмысқа кіріспес бұрын соны ұғынуға, адамдар

мен айналаңды түсінуге тырыс. Классиктерді есіңе түсір: «Сенбе,

қорықпа, жалынба!» және «Қарапайым болсаң халықтың өзі-ақ сенің

жаныңнан табылады...»

3-ҚОСЫМША

Қорқыныш сезімі (Александр Князевтің «Журналистика конфликта»

кітабынан, Бішкек, 2003 ж.)

Қорқыныштың не екенін білмеймін дейтіндер өз-өзін алдарқатып

жүрген адамдар. Қауіпті сәтте адам бойында болатын қорқыныш сезімі

- өзін-өзі сақтау инстинктінен туындайтын табиғи құбылыс. Адам ағзасы

қауіпті жағдайда үрей белгісін береді, қорқыныш осы белгінің санадағы

көрінісі. Егер бұлай болмаса ол организмнің дұрыс жұмыс істемейтіні.

Қорқыныштың пайдалы жағы да бар. Ол дене күшін бір жерге

шоғырландырып, мидың жұмысын тездетеді. Басқаша айтқанда,

қорқыныш бір нәрсенің шешімін тауып, бір қарағанда тұңғиықтай

көрінген жағдайдан шығу жолын табуға көмектеседі. Кей жағдайларда

қорқыныштың болмауы адамның елестету қабілетінің жоқтығымен

түсіндіріледі. Ол адам қауіп-қатер деңгейін бажайлай алмайды.

Қорқыныш негізінде мазасыздық, қалтырау, әлсіздік, қимылсыздық пайда

болуы мүмкін. Бұндай жағдай көбіне вегетативті жүйке жүйесінде

ақау пайда болған жандарда немесе әрекет жасауға қабілетсіз әрі

жағдайды дұрыс түсіне алмайтын долы адамдарда болатын құбылыс.

Жағдайды дұрыс бағалай білмеу адамның күресуден бас тартуына

әкеліп соқтырады және шарасыздық тудырады. Байбаламға салынған

адам айналасындағыларды да тез арада сондай күйге түсіреді. Бұндай

мінез-құлық өте зиянды. Бұл «Құтыла алатындарың, қашыңдар!» деген

айқайға салатын жабайы инстинкт. Дүрбелеңге түскен адамдар жеке

басының сапасынан, қадыр-қасиетінен айырылып, өз әрекетін бағамдай

алмайтын тобырдың бір бөлігіне айналады.

Дүрбелеңге қарсы күрес құралдары да әр түрлі. Онымен түсіндіру

немесе үзілді-кесілді бұйыру, қауіп-қатердің жоқтығын түсіндіру немесе

күш қолдану арқылы күресуге болады.

Бұл адам психикасының даму заңдылығы. Үнемі адамды билеген үрей

сезімі оңбағандыққа айналып кете барады.

Бұл қиындықтарды қалай жеңуге болады? Адам жоғарыдағы

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 86 |

күшке немесе өз-өзіне, әлде жасап жатқан ісінің дұрыстығына және

маңыздылығына сенуі қажет. Адам әрекетінің дәлелді болуы қиындықты

жеңуге көмектеседі. Бұған дейінгі қиындықтар, өмір сабақтары адамға

күш-қуат береді. Қиын жағдайдан шығу үшін әрқашан психикалық

тұрғыдан дайын болуың шарт. Ондай адам қандай қиындықты да

жеңеді. Төтенше жағдайларда сізге төмендегі қасиеттер қажет болады:

- тез шешім қабылдау;

- ойдан шығара білу;

- өз-өзіңді үнемі және үздіксіз бақылау;

- қауіп-қатерді ажырата білу;

- адамдарды тани білу;

- тәуелсіз және дербес болу;

- нық және қайсар, қажет болса тіпті қатал бола білу, керек жерінде

бағына білу;

- өз мүмкіндіктеріңді тани білу және жігерсізденбеу;

- кез-келген жағдайдан шығатын жолды іздеуге әрекеттену.

Ешқашан берілмеңіз, өйткені, таразының бір жағында өмір тұр.

| 87 | ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Жанрлар

ЖАНРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫ – ТЕНДЕНЦИЯ, КРЕАТИВ

Есенгүл Кәпқызы

Жалпы, шығармашылық адамының қатып қалған қағида мен ережеден

ауытқымауы мүмкін емес. Егер, сең сізге дейін бұзылмаған

болса, онда мұзжарғыш болыңыз да, жарып өтіңіз. Сол секілді

журналистикадағы жанрлардың ерекшелігі, олардың классификациясы

– негізінен ғылым үшін қажет. Ал, сіздің міндетіңіз болған

оқиға туралы дұрыс әрі мәнді ақпарат жеткізу. Сол ақпаратты талдап,

сараптау арқылы оқиғаға қатысы бар адамдардың пікірін

білу, көпшіліктің талқысына салу, сол арқылы қоғамдық пікір

қалыптастыру. Осы мақсаттың үдесінен шығу барысында сіз ол

мақалаңызда жанрларды қалай қолдануға да еріктісіз. Ең бастысы

– мақалаңыз көпшіліктің көңілінен шығатын болсын.

Бұған дейінгі қатып қалған қағидаларға мән беретін болсақ, кеңес журналистикасында

«жанрлардың араласуы» - көп жағдайда сынға ұшырап

келді. Кеңестік режимнің күні бүгінге дейін салқынын тигізіп отырған

мәселесі - белгілі бір қалыптан ауытқымау, «партия» салған сара жолмен

жүру. 1990 жылдан бері осы бір қасаң қағидаларды бұзып-жаруға

қазақстандық журналистика да, қазақ журналистикасы да қатты талпыныс

жасағаны белгілі.

Соның нәтижесінде журналистикада жаңа медиалық әдістер мен

тәсілдер өмірге келді. Журналистер жаңа медианы қалыптастыру барысында

әрбір жанрдың ерекшелігін ескеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ,

жанрларды өзара араластыруға да барын салды. Жанрлардың араласуы,

әсіресе, мерзімді басылымдарда басым орын алды. Өйткені, газет

журналистері болған оқиғаны сол сәтінде оқырманға жеткізу жағынан

электронды ақпарат құралымен бәсекелесе алмайтын дәрежеге жетті.

Оның үстіне онлайн-журналистиканың дамуы газеттердің өміршеңдігіне

қауіп төндіре бастады. Алайда, «темірді қызған кезінде соғатын» ақпарат

агенттіктері мен электронды БАҚ өкілдерінің көңіл терезесінен орын алмайтын

жайттар жиі кездесіп жатады.

Мысалы, оқиға орын алған жерден репортаж дайындау қажеттілігі

туды дейік. Сіздің электронды БАҚ-тағы бәсекелестеріңіз бұл оқиғаны

| 89 | ЖаНРлар

әлдеқашан оқырман қауымға паш етіп үлгерді. Сіз не істеуіңіз керек?

Әрине, оқиғаның мән-жайын сөйлете отырып, оның электронды БАҚ

өкілінің байқамаған өзгеше қырларын ашып бере білуіңіз керек.

Соңғы кездегі кейбір пікірлерге құлақ ассақ, «газет журналистикасының»

ғұмыры бір-ақ тұтам болып қалғанға ұқсайды. Өйткені, телевизия мен

радио, интернет журналистикасы оны барынша ығыстыруға күш салып

келеді. Дегенмен, сарабдал сараптың, мәселенің ыстығы мен суығы

басылғаннан кейінгі жұрттың көңіл күйін білгісі келетін оқырмандар әлі

де жеткілікті.

Сол себептен де, газет журналистикасында жанрлардың араласуы

болуы заңдылық. Дегенмен, жанрлардың араласуын әлі күнге дейін

«сары басылымдардың» қолданатын әдісі деп түсінетіндер де бар.

Жанрлардың араласуына деген көзқарас әр елде әртүрлі.

Батыс пен Америкада жанрлардың араласуына кәсіпқойлықтың жоғары

деңгейі ретінде қабылдаса, Ресейде бұл жөнінде әлі күнге дейін таластартыс

толастай қойған жоқ. Жаңа медиалық үрдістер жеткен соңғы

кездегі ғылыми еңбектерді ақтарып қарасаңыз да, бұл жөніндегі әртүрлі

пікірлерден аяқ алып жүре алмайсыз.

Жанрлардың араласуын ресейліктер әртүрлі қабылдайды. Бірі – саяситехнология

мен сараптамалық материалдардың бір-бірімен ұштасып

кетуінен қауіптенеді. Мәселен, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика

факультетінің деканы Я. Засурский «саяси технология

мен сараптаманың өзара араласуы – қауіпті тенденция» деген

пікірді ұстанады.

Сондай-ақ, Ресей ғалымдары пиар мен саяси мақалалардың аражігінің

ажырамай кеткендігін айтып жиі дабыл қағады екен. Ресейде

губернаторлардың өзі сайланатын болғандықтан, губернатордың немесе

мемлекет я үкімет басшысының ресми сапарларын ақпараттық

түрде берудің өзін ресейліктер саяси-пиар деп түсінеді. Дәл мұндай

тенденция бізде де қалыптасып келеді. Билік партиясы «Нұр Отанның»

іс-қимылдарын, оның басшыларының өткізіп жатқан жиындарын жиі жазып

кетуіміз де саяси-пиардың бір түрі. Демек, Ресейдегі проблема бізде

де өткір сипат алып тұр.

Жанрлардың араласуын А. Кобяков Ресей журналистикасындағы басты

кілтипан ретінде көрсетеді. Ол бұның себебін – бір мақалада ақпарат

пен автордың жеке пікірінің өзара кірігуінен іздейді. «Автордың жеке

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 90 |

пікірінің ақпараттық материалдарда орын алуы оқырманды

темірқазығынан адастыруы мүмкін. Өйткені, бұл – қоғамдық

пікір қалыптастырады» дейді ол.

Дегенмен, жанрлардың араласуы журналистикада жаңа бір тенденция

қалыптастырады деген пікірлердің де басым екендігі байқалады.

Теоретик Валентина Симатова «журналистердің жанрларды

араластыруының нәтижесінде қазіргі Ресей журналистикасында

жаңа жанрлар туып қалыптаса бастады» деген пікірде.

Сонымен жанрлардың араласуын берілу формасына қарай екі жікке

бөлуге болады. Оның бірі – жазылу формасына қарай, журналистика

жанрларының араласуы. Екіншісі – технологиялық үрдістерді пайдалануына

орай, берілу техникасының журналистика жанрларына енуі.

Айталық, егер сіз мерзімді басылымда қызмет ететін болсаңыз, өзіңіз

репортер, өзіңіз оператор, өзіңіз журналист болуыңыз қажет.

Батыста журналистерді осыған үйретеді, әрі бірнеше жұмысты

өзі артқаратын журналистерге деген сұраныс жоғары. Сіз тіпті өз

мақалаңызды өзіңіз көркемдеп, газетке өзіңіз орналастыратын болсаңыз,

бұған де ешкім қой демеуі тиіс. Ал, егер мәтініңіз интернетке қойылатын

болса, бұл жерде бейне-баянды қолдануға мүмкіндігіңіз бар. Демек,

сіз телевизия жанрының ерекшеліктерін өз мақалаңызда пайдалана

аласыз. Радио журналистика мен газет журналистикасының берілу

тәсілдерін араластыру мүмкіндігін интернетте қолдануға болады.

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДА ЖАНРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫ

Жанр дегеніміз қатып қалған дүние емес. Ол үнемі қозғалыс пен

өзгеріс үстінде болады. Жанрларды араластырып, тенденцияны

бұзудың өзі – журналистикадағы жаңашылдықтың көрінісі. Журналистің

мақалаларында бір қалыпқа соғатын стандарттың болмауы түсінікті.

Егер, математикалық формулаға салынып, сол үрдістен аса алмайтын

болсақ, оны компьютер де атқара алатындығын ұмытпауымыз керек.

Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры А. А. Тертычный

«жанр» түсінігінің үнемі өзгеріп, күрделеніп отыратындығын айтады. Сол

себепті де әртүрлі зерттеушілер «жанрдың» анықтамасын әртүрлі береді

дей отырып, өзі жанр жасаушы фактор ретінде – оқиға немесе мәселе,

мақсат және журналистің мақаланы саналы әрі еркінен тыс беру тәсілі

үшеуін атайды.

| 91 | ЖаНРлар

Соңғы жылдары демократиялық реформаларға орай, журналистикада

«өзіндік стиль», «жеке қолтаңба» қалыптасып келе жатқаны белгілі.

Журналистің кез-келген тақырыптың өзінің талғамы, мәселені түсіну

деңгейі, фактілер мен деректерді сұрыптау тұрғысынан жазуы қай

елде де құпталатын іс. Цензура жоғалғаннан бері әркімнің өзіндік жеке

стилі қалыптаса бастады. Бұл әрине, жанрлардың өзара араласуына

мүмкіндік бермей қойған жоқ. Бұл процесс бірнеше бағытта дамып келеді.

Біріншіден, жанрлардың өзара кірігуі.

Мәселен, анық әрі қысқалығы жағынан ақпараттық хабар репортажға

жақындаса, мәтінінің ауқымдылығы жағынан – кеңейтілген мақалаға да

ұқсап кетеді. Сараптамалық мақаланың комментарийге жақындайтын

тұстары болады. Корреспонденция болжам, әлеуметтік сауалнама,

тұрмыстық ахуал, эксперимент секілді жанрларға орын бере бастады.

Кейбір жанрлар газет беттерінен жойылып барады. Жаңа жанрлар пайда

болуда. Мәселен, баспасөз-мәліметі, фичерз, т.б.

АРАЛАС ЖАНРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ

Бұған дейін мамандар репортажды ақпараттық жанрға жатқызып келді.

Бірақ, қазір оның берілу формасының өзгеруіне орай, репортаждан

әртүрлі жанрдың элементтерін кездестіруге болатын болды. Репортажда

сараптамалық та, ақпараттық та, көркем-публицистикалық та

жанрлардың элементтері орын ала бастады.

Репортаж – болған оқиғаны оқырманға жеткізетін, автор оқиғаны

бақылаушы міндетін атқаратын жанр болып есептеледі. Тертычный

репортажды көркем-публицистикалық жанрлар қатарына жатқызуды

жөн дейді. Оның пікірінше, онда оқиғаны бақылаушының көркем тілмен

баяндау тәсілі қолданылады. Ал, «Основы творческой деятельности

журналиста» атты жинақта филология ғылымдарының докторы,

Воронеж мемлекеттік университетінің профессоры Л. Е. Кройчик

репортажды публицистикалық жанрлар қатарына жатқызады. Мұнда

бірінші планға ақпаратты талдау мәселесі қойылады. Бұл жанрда

«сараптама – мақсат емес, болған оқиғаның немесе айтылған

комментарийлердің нәтижесі мақсаттың үдесінен шығуы

тиіс».

Репортаждың тілі – түсінікті және журналистиканың қасаң қағидаларымен

жазылғаннан гөрі, бейнелі болғаны жөн деген де түсінік бар. Бейнелілік

– нақтылық пен көрнектілікті танытады деп есептелінеді. «Репортаж

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 92 |

– болған оқиға жөнінде журналистің ой-толғамы мен көңіл терезесінен

өткізген тұжырымдары» деген де пікірлер бар. Мұнда – баяндау әдісі, тікелей

әңгімеге тарту, мәнерлі шегініс, кейіпкерлердің мінез-құлқын сомдау,

тарихи шегініс т.б. да тәсілдер қолданылады.

Демек, бір репортаждың бойынан барлық жанрлардың элементтері

орын алатындығы айқын болды.

Болған оқиғаға орай мамандардың, оқиғаға қатысушы адамдардың пікірін

тыңдап, қорытынды жасау – сараптамалық міндетті атқарады. Ал, оқиға

жайында бірінші жақта баяндау, журналистің өз ой толғамдарының кірісуі

– көркем очеркті көз алдыңа елестетеді. Демек, репортажда – бүгінге

дейін шартты түрде журналистика жанрлары аталып келген үш үлкен

топтың да элементтері орын алатын болды.

Қазіргі халықаралық журналистикада 4 түрлі жанрға басымдық

беріледі.

• Біріншіден – ақпарат. Ақпарат – болған оқиға жайында мағлұмат

қана береді.

Егер, оған қатысты автордың өз ой-толғамдары қосылса, бұл очеркке

жақындайды.

• Екінші – сараптамалық ақпарат. Онда сарапшылардың пікірі қоса

ұсынылады. Демек, ақпарат пен сараптама кірігіп кетті деген сөз.

• Үшіншіден, очерк – автордың болған оқиғаға деген өз көзқарасы,

болжамы, ой қорытуы, мәселені өз жүрегімен екшеуі.

Онда эмоция да басым болуы мүмкін. Батыстық журналистика дәл осы

үрдістен аулақ болуға шақырады. Оқырманға көсемсіп ақыл айтпауға,

эмоциядан аулақ болуға, өзінің жеке көзқарасын таңбауға үндейді. Бірақ,

біздің журналистикада бұл үрдіс әлі де жалғасын табуда. Жаңалықтарда

да, сараптама да да очерктің элементтерін кездестірмеуіңіз сирек.

• Төртінші – пікірлер жинағы (комментарий).

Нысанаға алынған тақырыпқа қатысы бар тұлғалардың (шенеунік,

саясаттанушы және тақырыпқа мүдделі тұлға) пікірі мен көзқарасы және

автордың жеке ой түйіндері мен болжамдары, айтылған пікірлерге орай

талдап-сараптауы.

Алайда, автор өзінің жеке көзқарасын таңудан аулақ болуы тиіс.

Журналист баға беруден бойын аулақ ұстағаны жөн. Және оқырманын

шатастырмауға тырысу қажет. Сіздің көздеген тақырыбыңыздың маңызы

ашылуы үшін комментарийге де иек артатыныңыз анық. Демек, қазіргі

таңда өзекті деп танылатын журналистиканың төрт түрлі жанрын да бір-

| 93 | ЖаНРлар

біріне кіріктіріп пайдалануға болады екен.

МАҚАЛАНЫҢ БЕРІЛУ ТЕХНИКАСЫ ЖАҒЫНАН АРАЛАСУЫ

Қазіргі журналистикада бұрынғыдай фототілшіні қолтықтап жүргеннен

гөрі, өзің тілшілік әрі фототілшілік қызметті қоса атқарғаның тиімді болып

есептеледі.

Біріншіден, сіз бұл жағдайда қандай моменттерді ұстауға болатындығын

өзіңіз шешесіз. Жазғалы отырған мақалаңыздың характерін қалай ашуға

болады?

Екіншіден, қаржы және адам күшін үнемдейсіз. Бүгінгідей сандық

технологиялардың дәуірінде бұл журналиске тым қиындық тудыра

қоймайтыны ақиқат. Сіз өз материалыңызды өзіңіздің көңіл қалауыңызбен

түсірген фото суреттермен сәндей білсеңіз, тағы да ұта білгендігіңіздің

айғағы болар еді.

Жанрларды араластыруда неден сақ болу қажет:

Жанрларды асқан шеберлікпен араластыра білу – журналистік

материалдың бағасын арттырмаса, кемітпейтіндігі айқын болды.

Алайда, араластырғанның жөні осы екен деп, оны «каша» ғып жіберуден

сақтану керек. Ең әуелі, мақалаңызға нендей жанрларды араластырмау

қажеттігін баса ескеріңіз.

САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ӨЗГЕ ЖАНРЛАРДЫ АРАЛАСТЫРМАУҒА

ТЫРЫСЫҢЫЗ

Мәселен, Украинадағы сайлау кезінде украиналық саяси технологтар мен

журналистер қауымы орыс мәселесі мен украин мәселесін ұшықтырып

жіберуге күш салды. Соның салдарынан, біртұтас Украина қазір екіге

жарылудың аз алдында.

Дәл осы саяси технология біздің де сайлау науқаны кезінде орын

алды. Қазақстанда титульды емес ұлттар (оның ішінде орыс және

славян одағы өкілдері) арнайы жиын өткізіп, қазіргі жағдайының көңіл

көншітерлік екендігін айтып, аталған ұлт өкілдері атынан Назарбаевты

қолдайтындықтарын айтты.

Бұл өз кезегінде славян ұлтының өзге өкілдерінің наразылығын тудырды.

Өйткені, жекелеген қоғамдық ұйым басшыларының жалпы сайлаушылар

атынан сөйлеуге құқығы жоқ болатын. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 94 |

ұйымдары да осындай саяси технологияны жүзеге асыруға талпынды.

Сондықтан, бұндай саяси технологияларды журналистік материалдарға

араластырмаған жөн.

ПИАР МЕН ЖУРНАЛИСТІК МАҚАЛАЛАРДЫҢ ДА АРА ЖІГІ

АЖЫРАТЫЛУЫ ТИІС

Мәселен, Египетте кез-келген лауазымды шенеуніктің ресми сапарлары

мен атқарып жатқан істерін жазу пиар-мақала болып есептелінеді екен.

Сол себепті де бұндай мақалалар қаржысы төленген жағдайда ғана,

жарық көруі тиіс.

Бізде керісінше, лауазымды шенеуніктердің күнделікті ісін айғайлатып,

бірінші беттен орын беретін тенденция қалыптасқан. Дәл осы үрдістен

аулақ болу керек. Лауазымды шенеуніктің ресми сапарын қандай

жағдайда мақала ретінде беруге болады. Әңгіме мемлекеттік деңгейдегі,

ұлттық мүдделердің шешілуі жолындағы іс-қимылдарға қатысты

болғанда ғана.

Ал, кез-келген ұсақ шенеуніктің іс-әрекеті үшін үнемі газет бетінен мақала

беру, оның саяси имидж үшін ғана қызмет ететіндігін ұмытпаған абзал.

ЖАНРЛАРДЫ ТАЛҒАММЕН АРАЛАСТЫРА БІЛУ

Алдымен жазылатын мақаланың құрылымын анықтау. Оған журналистік

жанрлардың қандай түрін енгізуге болатындығын екшеу.

Мәселен, апталық газеттерде ақпараттық сипаттағы мақалалар сирек

болады. Болған оқиғаны сараптап, талдап берумен қатар, журналистер

комментарийлер жинағын беруді әдетке айналдырған. Бірақ, оның

тым ұзақ болмауын және мәселеге қатысты деген пікірлерді таңдап

алуды ескеру керек. Егер, сараптамаңыздың ішінде қажет-ау деген

мамандардың пікірі орын алған болса, комментарийлерге орын

берілмей-ақ қойса да болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік сауалнамалар сараптаманың ішінен орын алатын

кездері болады. Бірақ, мұндай да сауалнама қорытындысын толығымен

беруге ұмтылмай-ақ қойыңыз. Тек сіздің мақалаңызға қажетті тұздығын

алуға тырысыңыз.

| 95 | ЖаНРлар

Сараптамалық сұхбат барысында журналист сұхбат берушінің әңгіме

барысындағы көңіл-күйін, сұрақтарға деген реакциясын қатар беріп

отыруды да әдетке айналдыратын кездері болады. Бұл да сіздің сұхбаты

берушіңіздің характерін ашуға көмектесетін қосымша тәсіл. Алайда,

ұсақ-түйектің бәрін термелей бермеңіз.

Жаттығу:

Сіз сайлау учаскесінен репортаж беруді жөн санадыңыз делік. Бұнда

қандай жанрларды басшылыққа алуға болады? Әрине, сіздің ақпараттық

аңдатпаңыз белгілі – сайлау қарсаңы. Репортажыңыздың құрылымы

– сараптамалық-очерк.

Ең әуелі – сайлауға қатысушы бақылаушы топтың кімдер екенін

айқындап алуға тырысыңыз. Олардың да сайлау барысына деген пікірін

білуді жөн санаңыз.

Екіншіден, сайлаушыларды әңгімеге тарту. Олардың сайлау барысына

көңілдері тола ма, толса неге, толмаса неліктен? Арасында блицсауалнама

(кімге немесе қай партияға дауыс бергені жөнінде) жүргізуді

де ұмытпаңыз.

Сондай-ақ, диктофоныңызбен қоса фотоаппаратыңыз да мойныңызда

жүрсін. Сайлау барысынан фото-репортаж беру таптырмайтын тәсіл.

Егер, сайлауды бақылаушылар арасында немесе сайлау учаскесіне

белгілі бір саясаттанушы немесе сайлануға құқық алған партияның

көрнекті өкілі келе қалса моментті жіберіп алмауға тырысыңыз. Әңгімеге

тартуға әрекет етіңіз.

Демек, сіздің бір учаскедегі сайлау барысы туралы алған мәліметтеріңіз

жеткілікті. Енді нәтижені күткеніңіз жөн. Тіпті, сізге мүмкіндік тисе дауысты

санау барысын да бақылауға тырысыңыз. Ол мүмкін болмас, әрине.

Бірақ, сізде келген сайлаушылардан алған сауалнама қорытындысы

бар. Енді жазуға кірісіңіз. Жоғарыда айтқан мәліметтер арқылы оқиғаның

барысы толық сипатталмақ.

Тапсырма: газет журналдардан аралас жанрларды тауып,

сараптаңыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 96 |

ОЧЕРК ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ?

Жанрлардың араласуында очерктің де өзіндік орны бар екені айтылды.

Ендеше, оның қандай жанр екендігі жайында айта кету жөн секілді.

Очерк – Кеңес журналистикасында кеңінен тараған, журналистикалық

жанрлардың ішінде – көркем-публицистикалық жанрдың табиғатына

жатқызылып келгендігі белгілі. Журналистік жанрлардың ішінде очеркті

жазылу табиғатын мен көркем образдарды қорлдануына орай, көркемәдебиетке

жақындатамыз. Очерк – деректі фактілерді көркем тілмен

суреттеуді басты назарда ұстаса, көркем-әдебиеттің нысанасы ойдан

алынатындығы мәлім.

Очерк – адам өміріндегі шиеленісті, динамикалық жарқын эпизодтардан

тұрады. Очеркте диалог та, философиялық талқылаудар да, портрет

те, үлгі етерлік детальдар да кездеседі. Очеркке тән ерекшелік

– кейіпкерлердің өмірінің бір сәтін бейнелі баяндай білу. Оқиғалар мен

құбылыстарды баяндауда публицистикалық нәзіктік байқалады. Очеркте

жиынтық немесе типтік характер сирек кездеседі.

Очерктің ерекшелігі – шындықты баяндауда деректерге сүйенуі ғана

емес, сондай-ақ, шығармашылық ой толғам, көркем әдіс-тәсілдердің

қолданылуы да. Композиция – оқиғаның өрбуімен емес, логикалық

байымдау арқылы шиеленіседі. Очерк – белгілі бір уақыттық үрдістердің

көрінісі, сол себептен де онда өткен заман туралы тебіреніс орын алады.

Очерк те бірінші планға болған оқиға емес, адам шығады.

Очерк – саяси және экономикалық-әлеуметтік сарабдал сараптамада,

болған оқиғаны суреттеу кезінде сирек қолданылады.

Кеңес одағы күйреп, бұған дейінгі қасаң қағидалардың күлі көкке ұшқанда

журналистикадағы очерктің де көлеңкеге ысырылғаны мәлім. Дегенмен,

қазіргі қалыптасып келе жатқан тенденцияларға назар аударсаңыз,

очерк әлі де өміршең жанр екендігі айқындалып келеді. Оның үстіне

қазіргі оқырманға очерктің жаңа түрі – ағылшын журналистикасынан

келген – фичерз ұсыныла бастады.

Фичерз пен очеркті ғалымдар мен мамандар кейбір белгілеріне қарап

бір жанрға жатқызса, кейбір ерекшеліктерін ескеріп, очерктен мүлдем

өзгеше жанр ретінде қарастырады. Фичерзтің очеркке ұқсайтындығы,

онда журналистің өзіндік пікірінің басым болатындығында, әдеби-

| 97 | ЖаНРлар

көркем тілмен баяндалатындығында. Одан өзгешелейтін белгілері –

жанрлардың араласа қолданылуы. Мәселен, сараптамалық очеркті фичерзке

жатқызуға болады. Онда белгілі бір оқиғаны сараптау, баяндау,

ақпарат беру әдісі де, көркем тілді қолдану әдісі де кездеседі.

Демек, қазіргі заманғы очерк дегеніміз – белгілі бір оқиғаны көркем

тілмен баяндайтын репортаж бен сараптаманың сығындысы.

Очеркте кең көсілуге болады. Алайда, оқырманды жалықтырып алмауды

да ойластырған жөн.

Очеркке журналистер – саяси оқиғаларға шолу жасау кезінде, саяси

портрет жасағанда, жолсапар күнделіктерін жазғанда, эссе жазуда иек

артады.

САЯСИ ПОРТРЕТ – халықаралық немесе мемлекеттік саяси

шенеуніктердің характерін ашу мақсатында жазылады. Портреттік очерк

– адамның ішкі жан-дүниесін, психологиялық иірімдерін ашады. Онда

негізгі көркем тәсіл ретінде – психологизм қолданылады. Автор белгілі

бір тұлғаның мінез-құлқын оның іс-әрекеттерімен ұштастыра отырып

айқындауға талпынады.

Демек ішкі және сыртқы пішінін суреттеу арқылы кейіпкерінің бейнесін (я

жағымды, я жағымсыз) сомдау.

Көптеген сарапшылар очеркті көркем әдебиет жанрларының қатарына

да жатқызады. Алайда, қазіргі біздің қолданатын әдіс-тәсілдеріміз сәл

өзгерді. Мәселен, белгілі бір саяси тұлғаның саяси портретін жасау керек

болды дейік. Әуелі, сіз ол адам туралы, қайда қандай сөздер айтқанын,

нені уәде еткенін, жеке өмірінде қандай жетістіктер мен табысқа жеткенін,

неден сүрінгенін, неге көңілі құлағанын егжей-тегжейлі зерттеу

қажет. Содан кейін оның саяси портретін сомдауға кірісіңіз.

Бұл жерде ескеретін мәселелер фактілер айқын әрі дәлелді болсын. Онсыз

жеке басына тіл тигізді деген желеумен, сотқа тартып жүруі мүмкін.

Екіншіден, тапсырыспен портрет жасаудан аулақ болыңыз. Сіз ешқандай

саяси пиарды немесе басқа да мүдделерге қызмет етпейтін, бейтарап

тұлға болуыңыз керек. Сол кезде ғана портрет айқын болады.

САЯСИ ОҚИҒАЛАРҒА ШОЛУ – очерктің мақсаты ыстық-суығы

басылмаған жаңа ақпараттарды жеткізу емес, мұнда уақыт немесе оперативтілік

маңызды емес. Сонау жылдардың оқиғасын да оқырманға

танымдық тұрғыдан баяндап беруге болады. Мәселен, апталық басы-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 98 |

лымдар апта басындағы немесе газет шығып кеткеннен кейінгі апта

соңындағы өзекті жаңалықтар жайында оқырманнан сүйінші сұрай алмайды.

Тек оқиғаға шолу жасау арқылы, оның артық-кем тұстарын саралауға

иек артады. Бұл тұста сараптамалық очерктің оқырманға жол тартатыны

түсінікті. Айталық, Қытайдағы олимпиада тамыз айының 8-інде басталды.

Яғни, аптаның жұма күніне сәйкес келеді.

Бұндайда бейсенбі күні жарық көретін «Ана тілі» мен «Түркістан» газеті,

жұма күні жарық көретін «Жас қазақ» пен «Қазақ әдебиеті» газеті не

істеуі керек. Олимпиада басталар қарсаңда шығатын нөмірлерінде тек

олимпиаданың ертең немесе бүгін ашылу салтанаты болатындығын паш

етіп, оған қанша елден қанша спортсмен қатысып жатқандығын оның

ішінде, Қазақстанның үкілі үміттері болған спортсмендердің кім екендігін

және қандай спорт түрлерінен медальдан үміт етіп отырғандығын жазуы

керек.

Ал, бір аптадан кейін оқырманымен қайта жүздескенде, Бейжің

олимпиадасының жаңалықтары тау болып үйіліп қалатындығын ескерген

оң. Бұл жерде апталық басылымдарға олимпиаданың өту барысына

шолу жасаудан өзге амал қалмайды.

ЖОЛСАПАР ОЧЕРКТЕРІ – журналистің белгілі бір аймаққа немесе

елге сапары жайында жазбалары. Жолсапар очерктерінде журналист

эмоцияға да, көрген-білгенін сараптауға да, алған әсерін оқырманмен

бөлісуге де құқылы. Мұнда пікірлердің алуандығы маңызды емес, баланс

сақтаймын деп әуре болмайсыз. Өзіңіздің көріп-білгеніңіз бен көңіл

терезеңізден орын алған мәселелерге назар аударасыз.

Дегенмен, сіздің жазбаңыз оқырманға қызықты болуы үшін қандай жайттарды

жазуға болады. Осы жағын да елеп-ескергеніңіз жөн шығар.

ЭССЕ – бүгінгі қазақ журналистикасында кең тараған жанр. Көбінде

эссені жасы үлкен, мемлекеттік маңызы бар адамдармен бірге жүрген,

дәмдес-тұздас болған адамдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері жазады.

Эссе – яғни естеліктер жиынтығы. Шағын әңгіме десе де болғандай.

Мұнда уақыт пен дерекке иек сүйеді демесек, көркем-әдеби тәсілдер

қолданылады.

ЗЕРТТЕУ – журналистік зерттеуді сараптамалық жанрларға да, очеркке

| 99 | ЖаНРлар

де жатқызуға болады. Мұнда журналистің зерттеу барысында қандай

әдіс-тәсілді қолданғаны маңызды. Егер, журналист зерттеу нысаны

жайында өзгелердің пікірі мен деректерге иек артып қана қойса ол

сараптамаға, деректер мен пікірлерді бере отырып өз тарапынан қосары

болса очеркке жатқызуға болады.

АҚПАРАТТЫ ТАЛДАУ – журналист болған оқиғаны жеріне жеткізе талдап,

өз сөзімен жазып шығады.

БОЛЖАМ – оқиғаны кезең-кезеңімен баяндау

ПРОБЛЕМА – проблемалық мәселелердің басын ашуға тырысу

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ МӘНІНЕ ҮҢІЛУ – жасалған қылмысқа моральдықадамгершілік

тұрғыдан баға беру.

Сонымен очерк жазғанда нені ескеру керек?

- деректерді сараптау, балансты сақтау мәселесі мұнда маңызды емес

- көркем әдеби тәсілдерге көбірек иек сүйеген абзал, әрбір деректің бояуын

қалыңдатып, эмоциялық ой-түйіндерге жол беруге болады.

- Оқиғаның уақыты маңызды емес

- Очеркте ғылымның, өнердің, әдебиеттің элементтері кездесетіндіктен

оның табиғатын синтетикалық өнерге балауға болады.

- Көркем және публицистикалық тәсілдердің жаңа түрін енгізіп отыруға

болады

- Мұнда маңыздысы оқиға емес, адам

- Көлемі шектелмейді, редактордың оны қысқартуы қиындық тудырады.

Очерктің құрылымы

1. Хроникалық - оқиғаны кезең-кезеңімен баяндау.

2. Оқиғаның себебін анықтау, зерттеу тәсілімен. (зерттеу сараптау,

мақала логикалық ой-қорыту принципімен жазылады).

3. Естелік тұрғысында жазылу – шама-шарқынша еркін көсілуге болады.

Адамның өзінің ой қорытуы деңгейінде жазылады.

Жаттығу:

Еліміздегі демографиялық ахуал, «2015 жылы межелеген 20 миллионға

жете аламыз ба?» деген тақырыпта очерк жазып көрейік. Сіздің бұл

очеркіңіз екі-үш бөлімнен тұрса да жаман емес. Әрине, мұнда ешқандай

ақпараттық негіз жоқ. Тек бүгінгі проблема бар.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 100 |

Әуелі – сіз әңгімеңізді белгілі бір кейіпкерден бастауыңызға болады.

Бірінші бөлімінде, мәселен, Алматыда газет сататын дүңгіршекті паналайтын

көп балалы ана. Бұл оның күнделікті күн көріс көзі де, баспанасы

да, 7 баласымен күнелтіп жатыр.

Бірақ, оған қол ұшын созуға ешкім асығар емес. Бір ананың тағдырынан

еліміздегі жалпы жағдайға қарай ойыссақ. Демографияның ілгерлеуіне

қандай факторлар әсер етеді. Әлеуметтік, саяси, экономикалық факторларды

тізбелей отырып, бала туу көрсеткіштерін, елдегі табиғи өсімнің

деңгейін де анықтап кетуіңізге болады.

Екінші бөлімінде, Қазақстандағы көші-қон саясатымен ұштастырып, шетелден

көшіп келген оралмандардың біздің демографиямызға нақты

қандай үлесі барын айқындауға күш салсақ. Тағы да нақты бір мысалдармен

бастасаңыз, мәселен, шетелден көшіп келген көп балалы отбасы.

Олардың тұрмыс-тауқыметі. Мұнда жағдайы оңалып, түтіні түзу

ұшқан отбасын да, әлі де бейімделе алмай жүрген отбасын да мысалға

алуға болады.

Үшінші бөлімінде, ішкі көші-қон – оның демографияға тигізер әсері.

Мәселен, ішкі көші-қонның салдарынан әлі де тұрақ таппай жүрген

отбасылардың өмірін мысалға ала отырып, ауылдан қалаға ағылу

процесінің демографияға тигізіп отырған оң және кері әсерін талқылау.

Тапсырма:

Қазақтілді газет-журналдардан очеркке жататын мақалаларды тауып,

талқылаңыз.

САРАПТАМА ЖАСАУДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Жанрды ғылыми тұрғыдан айқындау сіз бен біздің еншіміздегі

дүние емес. Оған жауапты көбіне көп ғалымдар іздеуі қажет. Бірақ,

осы саланың қызметкері бола тұра қай жанрда қалам тербегеніңізді

білмеуіңіз өзіңізге сын. Сол себепті де жанрлардың табиғатымен

таныс болғаныңыз абзал.

Қазіргі журналистика ғылымы жанрларды шартты түрде 3-ке бөледі.

Біріншісі – ақпараттық, екіншісі – сараптамалық, үшіншісі – көркемпублицистикалық.

| 101 | ЖаНРлар

Жалпы, қазақ журналистикасы тарихында көркем-публицистикалық

жанрлардың басым болғаны мәлім. Күні кешеге дейін қазақ журналистикасы

сараптамалық мақалалардан бойын аулақ салып келгені белгілі.

Өткен ғасырдың 90-жылдарынан саяси өміріміздегі түбегейлі

өзгерістердің нәтижесінде біздің журналистикада да төңкеріс болды десек

артық айтқандық емес. Соның нәтижесінде қазақтілді журналистикада

сараптама туып қалыптасты. Қазір кез-келген газет-журналдардан

да, телеарналардан да сараптаманың элементтерін таба аламыз.

Газет жанрлары бір-бірінен берілу тәсілі жағынан, стилінен, тіпті

жолының санымен ажыратылып жатады. Сараптаманың анықтамасына

үңілер болсақ, қарапайым тілмен, «белгiлi бiр оқиғаны немесе мәселенi

оған қатысы бар адамдарды қатыстыра отырып, дерек пен дәлелдерді,

фактілерді араластыра талдап, сараптау» деген бір сөйлеммен жеткізуге

болады.

Сараптаманың ең басты ерекшелігі – ол ешкімнің тапсырысынсыз,

белгілі бір мүддеге бағынбайтын, обьективті жанр. Егер, сіздің

қызмет ететін ақпарат құралыңыз қандай да бір саяси күштердің немесе

мемлекеттің ықпалында болса, сараптамаңыз да біржақты болуы

ықтимал.

Қазақ журналистикасы негізінен Ресей журналистикасына қарап бой

түзеп, орыс журналистерін үлгі етуге құмар болып тұратыны белгілі.

Ал, сол Ресей журналистикасы Батыстан үйренеді. Батыстық

журналистиканың негізгі қағидасы –обьективтілік.

Демек, сараптаманың ең басты ескеретіні – сыңаржақ көзқарастардан

аулақ болу, обьективтілік және журналистің жеке пікірін білдіруден

сақтану.

Жасыратыны жоқ, қазіргі журналистиканың негізгі өзегі – журналистің

көсемсіп ақыл айтуы мен өзінің жеке пікірін көлденең тартудан тұрады.

Бұл журналистік этикаға мүлдем жат. Сол себепті де, сараптама жасауда

журналистің ең басты ескеретіні – жеке пікірін таңудан сақтану,

көсемсіп ақыл айтудан аулақ болу.

Сараптама – негізінен қоғамдық басылымға тән жанр. Өкінішке қарай,

қазақстандық журналистика тарихында қоғамдық басылым немесе телеарна

деген болған емес. Оның жақын арада дүние есігін ашуы мүмкіндігі

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 102 |

жайында жиі-жиі сөз болып жатқанымен, әзірге алғышарттары қалана

қойған жоқ.

Бірақ, бұл біздің журналистика сараптама жасай алмай отыр дегенді

білдірмесе керек. Сараптамалық мақалаларды біз кел-келген басылым

бетінен таба аламыз. Мәселе, ол сараптамалардың соңында кімнің

мүддесі тұрғандығында.

Барынша обьективтілік танытуға тырысатын телеарна ретінде «31 каналды»

атауға болатын еді. Алайда, оның белгілі бір акциясын Ресейдің

«СТС» телекомпаниясы сатып алғаннан бері, рейтингісі біршама

құлдырады. Ал, қазақтілді мерзімді басылымдар арасынан «Түркістан»,

«Жас қазақ», «Айқын», «Жас Алаш» газеттері обьективтілікті сақтауға

біршама талпынатындығы байқалады.

Сонымен жанрлардың классикалық анықтамасына тоқталар болсақ,

сараптамалық жанрға шартты түрде – мақала, корреспонденция, шолу,

сараптамалық сұхбат, әңгіме және комментарийлерді де жатқызуға болады.

КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ – дәлел мен дәйектерді сараптайды. Бұл

дәлелдерді келтіре отырып, оларды сараптау мен қорытындылаудың

нәтижесінде жүзеге асады. Корреспонденция жазуда мысалдар,

тақырыптардың айқындылығы, шапшаңдық және нақтылық аса маңызды

рөл атқаратын болады.

МАҚАЛА – болған оқиға мен дәлел дәйектердің жиынтығы. Егер, корреспонденция

жазу барысында журналист жалқыдан жалпыға ұмтылыс

жасаса, мақалада керісінше, жалпыдан жалқыға деген талпыныс

байқалады. Мақалада келтірілетін дәлел дәйектер жаһандық ауқымды

қамти отырып, оларды ғылыми деңгейде сараптайды.

Демек, біздегі сараптамалардың басым көпшілігі – корреспонденцияның

жүгін көтеріп тұрғандығы мәлім болды. Бірақ, соған қарамастан біз

кез-келген газет бетіндегі жарияланымдарды «мақала» деп айтуға

дағдыланып кеткенбіз.

КОММЕНТАРИЙ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қазір мақаланың тұздығы ретінде әртүрлі партия немесе қоғамдық ұйым

өкілдерінен сол мәселеге орай пікір сұралады. Яғни, саясаткердің не-

| 103 | ЖаНРлар

месе шенеуніктің сіз жазып отырған оқиғаға деген көзқарасын бір ауыз

сөзбен, бір сөйлеммен немесе бір ғана оймен білдіруін комментарий

дейміз.

Қазіргі сараптамалық мақалалардың басым көпшілігіне назар аударсаңыз,

«тақырыптың тұздығы» немесе «тақырыпқа орай» деген айдарлармен

сарапқа салынып отырған мәселеге орай біршама саясаткердің немесе

осы тақырыпқа қатысы бар адамдардың пікірін беру үрдісі қалыптасып

келеді.

Бірақ, сіздің пікірге шақырған адамдарыңыз алуан пікірдің, жанжақты

көзқарастың адамдары болуы керек. Жақында журналистика

факультетінің студенттерімен кездесу өткізілді. Осы кездесуде маған

бір студент «демократияны қалай түсінесіз?» деген сауал қойды. Мен

оған «Плюрализм – яғни пікір алуандығы және осы пікірлер тоғысынан

туындаған нәтиже» деп жауап бердім.

Демек, сараптама дегеніміз – демократиялық қоғам құндылықтарының

бірі – сөз бостандығының бір кепілі десек, онда кез-келген партия

өкілдеріне, кез-келген көзқарастағы адамдардың барлығына бірдей

эфир берілуі керек.

Еліміздегі оппозициялық басылымның бірі – «Тасжарған» газетінің

бас оқырманы Ермұрат Бапимен сұхбаттасып отырғанымда, ол өз басылымын

«тәуелсіз» деп атауға көбірек талпыныс білдірді. Алайда,

мен ол кісінің сөзін «оппозициялық» деген сөзбен түзеттім. Өйткені,

Қазақстан тарихында «тәуелсіз басылым» деген болған емес. Бұл біздегі

демократиялық құндылықтарды халқымыздың қабылдауына да,

тоталитарлық бұғаудан тізгінін үзген жас мемлекеттің сөз бостандығының

бұйдасын босатып жіберуге мүдделілік танытып отырмағандығына да

байланысты болса керек.

ШОЛУ

Шолу – апталық немесе айлық журналдарға тән жанр. Бұны

сараптамалық қорытынды ретінде қабылдауға болады. Апталық немесе

айлық оқиғаларға, я белгілі бір аптаның шулы оқиғасына шолу жасалады.

Шолу әртүрлі мақсатта жазылуы мүмкін. Бірі – хроникалық, яғни,

оқиғаның өрбуі, дамуы және шиеленісуі. Екіншісі – белгілі бір хроника

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 104 |

ескерілмейді, оқиғаға жылпы сипаттама беру. Үшіншісі - өзге ақпарат

құралдарында шығып кеткен мақалаларға шолу. Оны әркім әртүрлі

деңгейде қолданады.

Мысалы, сол кезеңнің ең толғақты оқиғасы басқа елдер қалай жазып

жатыр? Бұл жағдайда шетел ақпарат құралдарында жазылған ең құнды

деп есептелген пікірлер аударылып басылады. Қазір орыстілді газеттер

көбіне қазақ газеттеріндегі мақалаларға жиі шолу жасайды. Ол апталық

сипатқа ие болуы мүмкін. Қазір орыс тілінде шыға бастаған «Дайджест»

газеті қазақ газеттеріндегі мақалаларға шолу жасайтын газет болып

отыр.

Комментарий мен шолу мақаларында журналист өз пікірін айта алады.

Оқиғаға баға беруге, өз ой-толғамдарын айтуға ерікті. Бұл жағынан онда

публицистиканың элементтері кездеседі.

ПУБЛИЦИСТИКА – ҚАЗАҚША КӨСЕМСӨЗ.

Белгілі бір мәселе жайында ой толғам. Бұл негізінен очеркпен үндес.

Мысалы, журналистердің ұлт мәселесі жайындағы толғамдары, ой

түйіндері, толғаныстары жазылған мақаланы публицистика дейміз. Ол

ақпараттан да, сараптамадан да өзгеше. Мұнда субьективизм басым.

СЫН – кез-келген мәселеге немесе оқиғаға орай оған қатысы бар

адамдарды сынау. Сын ең алдымен шын болуы керек. Мәселен,

Қарағандыдағы Абай шахтасындағы жарылыс, 40 адамның өмірін

алып кетті. Бұған кінәлілер кім? Бірінші, Қарағанды шахталарының иесі

Миттал, ол қалай кінәлі. Оның кінәсі анықталды ма? Қазақстан Үкіметі,

соның ішінде төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік. Неге? Қандай

кінә қоясыз? Қояр кінәңіз орынды ма? депутаттарды кінәлі деп ойлайсыз

ба? Ойласаңыз, неге?

САРАПТАМАЛЫҚ СҰХБАТ – Екеуара әңгіме немесе тілші мен белгілі

бір саясаткердің арасындағы сұхбатты да сараптамалық жанрларға

жатқызып келеміз. Сұхбатта да сараптаманың өзегі секілді әңгіменің

өзегі болады. Ол болып жатқан оқиғаға орай, сол оқиғаға қатысы бар

адамдардың пікірі немесе мәңгілік тақырыптарға үнемі үн қатып жүрген

саясаткермен, маманмен әңгіме түрінде өрбиді.

Сұхбаттың көлемі де әрқалай. Сарапқа салынып отырған тақырыпқа

орай, егер шұғыл сұхбат болса, 50-100 жол аралығында болуы да мүмкін.

| 105 | ЖаНРлар

Алайда, маманның осы мәселеге қатысты пікірінің сөлін ғана сығып беру

қажет. Көптеген мерзімді басылымдар мазмұны терең сұхбатымен ұтуға

тырысады.

Бұл сұхбаты берушінің де, сұхбат алушының да мәселеге деген

көзқарасын, ұстанымын айқындайтындықтан да болар, сұхбат беруші

де, алушы да әңгімеге өте-мөте тыңғылықты дайындықпен келуге тырысады.

Ол үшін журналист сұхбаттасы туралы алдын-ала мәліметтер

жинап, оның бір кездері айтқан әңгімелері мен пікірлерін көлденең тарта

отырып, сұхбат берушіні жаңылдыруға дейін барады. Бұл тілшінің

алымдылығына қатысты шаруа.

Сонымен сараптама жазуда ескеретін мәселелер:

1. Сараптамалық мақаланың өзегін табуға тырысыңыз.

Мәселен, «Шаңырақтағы» қанды оқиға және ішкі көші-қоннан туындайтын

мәселелер» деген тақырыпта мақала жазу керек болды. Бұл жердегі

сараптамалық мақаланың өзегі не? Оқиға неден туындады? Әрине,

ең алдымен аңдатпа (информационный повод) – «Кім? Не? Қайда?

Қашан? Неге?» деген сауалдарға жауап береді. Әуелі «Шаңырақтағы»

қанды оқиғаны сипаттаңыз.

Осы ақпараттың негізінде сіз сараптама жасауыңыз керек.

«Шаңырақтағы» оқиғаның себеп-салдары, оның туындауына әсер еткен

обьективті және субьективті жағдайлар. Ішкі көші-қон мәселесі, оны

реттеудеің қажеттілігі.

2. Түрлі көзқарастар жиынтығына иек артыңыз.

Әрине, бұның барлығында сіз оқиғаға қатысушы адамдардың пікірі мен

дәлел-дәйектерсіз қимылдай алмайсыз. Қарапайым жұрт билікті, билік

қарапайым жұртты және оқиғаның туындауына себепші болды деген оймен

оппозицияны кінәлайды.

Мақалаңызға осы тараптың адамдарының барлығының пікірін қосуыңыз

керек. Және оқиғаға қатысы жоқ бейтарап сарапшы тартылуы тиіс. Демек,

сіз сыңаржақ пікірге бой алдырған жоқсыз. Баланстар, тепе-теңдік

сақталды. Әрі дерек пен дәйекті, дәлел мен болжамды қажетіңізге жарай

пайдаландыңыз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 106 |

Енді қорытынды жасау, ой түю ісі ғана қалды. Тағы бір есте ұстайтын

жағдай, сіз әрбір комментарийден кейін сұхбатысыңыздың пікірін «деген

ой айтты. Демек Пәленшеев осындай пікірді ұстанады екен» деген

сөздермен қорытындылай кетуді ұмытпаңыз. Егер, олай етпесеңіз, сіз

немесе сіздің басылымыңыз сұхбат берушінің көзқарасына қосылады

деген түсінік туындайды.

3. Өз көзқарасыңызды таңудан аулақ болыңыз.

Мақалаңызды бастағанда және аяқтағанда міндетті түрде өз сөзіңізді

қолданыңыз. Мақаланың кіріспесінде әрі қысқа, әрі нақты болған

оқиғаның мән-жайы суреттелетін болсын. Сіздің не айтпағыңыз яғни

көмекейіңіздің бүлкілі кіріспеде байқалып тұруы керек. Ол оқырманын

тарта білсе, мақалаңыздың көлеміне қарамай тез оқылып кетерін

ұмытпаңыз.

Ал, мақаланың соңында сіз келтірілген деректер мен дәйектерден

қорытынды жасап, ой түюіңіз керек. Ешуақытта өз пікіріңізді

оқырманға таңбаңыз. Бұл демократиялық журналистиканың басты

– қағидасы. Сіздің міндетіңіз болған оқиғаны және оған қатысы бар

адамдардың ой-пікірін оқырманға жеткізу.

4. Тақырыптың маңыздылығына басты назар аударыңыз.

Мақала жазбастан бұрын тақырыбыңызды алдын-ала терең зерттеңіз.

Оның оқырманды қызықтыра алатындай маңызы неде? Осы жағына

көбірек назар аударыңыз.

Кейде түкке тұрғысыз тақырыптардан қызықты мақала жазуға болады.

Сіз қазіргі «Хабар» арнасындағы «Таразы» бағдарламасын алып

қарасаңыз, онда сарапқа салынатын мәселелер саяси маңыздылығынан

гөрі, әлеуметтік публицистикаға көбірек келеді. Дәл осы стильді

әлемге атағы жайылған ВВС, CNN секілді атақты медиаалпауыттары

қолданады.

Аталған ақпарат құралдары журналистік зерттеуге көбірек бой ұрады.

Журналистік зерттеу біздің журналистикада тым жиі қолданысқа ене

қойған жоқ. Журналистік зерттеу жасалса да, оның нені, қандай мүддені

көздегені байқалып қалады.

Мысалы, айталық, Рахат Әлиевтің қылмысы әшкереленгенде, барлық

| 107 | ЖаНРлар

мемлекеттік телеарналар «құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды»

деген тәмсілді еске түсірді. «Жерден жеті қоян тапқандай», өзі

қарсы пікір айтуға мүмкіндігі жоқ адамды жерлеуге тырысты.

Қай басылымды алып қарасаңыз да Рахат Әлиевтің бұған қатысты

көзқарасы ескерілмеді. Тіпті соттың өзі сырттай болғандығынан шығар,

біздің журналистер оны сырттай қаралауда ұзында өші, қысқада кегі бар

адамның кебін танытты. Қай телеарна екені есімде жоқ, журналистің

«әсіресе, бұл істі ауыздықтауда Елбасы көрегендік танытты» деп

сайрағаны есімде. Сол себепті де мұндай тақырыптардан бойды аулақ

ұстаған жөн. Бұл сіздің принципшілдігіңізді танытады.

5. Сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

Ең алдымен, ақпарат көздерінің қайдан алынғандығына назар аудару

керек. Егер, ақпаратты нақты дерек көздерінен алмаған болсаңыз, оның

рас-өтіріктігіне көзіңізді жеткізуге тырысыңыз. Егер, ақпараттың қайнар

көздеріне қол жеткізе алмасаңыз, деректі қайдан алғаныңызға сілтеме

жасауды ұмытпаңыз.

Егер, сіз мақалаңызда қандай да бір журналистің немесе саясаткердің

пікірін пайдалануды жөн деп тапсаңыз, әрі ол пікірді ол адамның өзінен

емес, басқа ақпарат көзінен алған болсаңыз, сол ақпарат көзіне сілтеме

жасаңыз.

Ақпаратты интернеттен немесе ақпарат агенттіктерінен алған

болсаңыз, оны қай ақпарат агенттігі таратқан мәлімет екенін айта кетуді

ұмытпаңыз.

6. Жала жабудан аулақ болыңыз.

Ешуақытта өзіңізді жеке көзқарасыңызды кесіп-пішіп айтпаңыз. «Соған

қарағанда, пәленшенің айтуы бойынша» деген қыстырмаларды қолдана

отырып, болжам немесе қорытынды жасауға тырысыңыз.

Сіздің жеке пікіріңізден гөрі қоғамға оқиғаға қатысы бар адамдардың

пікірі маңызды болуы керек. Егер, сіз жазып отырған мақала әлі де

дәлелдеуді қажет ететін немесе күдігі мол, күңгірті басым дүниелер болса,

оны зерттеп алмайынша, жазуға асықпаңыз.

Сіздің нысанаға алған обьектіңіз қандай да бір даулы мәселелерге

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 108 |

қатысты болса, оның жеке басына жалған жала жабудан аулақ

болыңыз. Ағылшындық ВВС заңында ол адам туралы басқалардың

айтқанына да эфирден орын берілмеуі керек делінеді. Егер, сіз күдікті

мәселеге өз эфиріңізден орын беріп отырсаңыз, сол арқылы оны қолдап

отырғандығыңызды білмей қаласыз.

7. Алған бетіңізден қайтпаңыз.

Америка журналистикасында «сұрай бер, сұрай бер» деген қағида бар.

Егер сіз қандай да бір мәселе жөнінде ақпарат алғыңыз келіп, ресми

мекемелердің есігін сығалап, одан жауап ала алмай жүрсеңіз,

қамықпаңыз, сұрай беріңіз. Бірнеше рет сұраңыз. Оған қысылмаңыз.

Болмағанда диктофоныңызға бір ауыз сөзін жазып қалуға тырысыңыз.

Бұл кейін «біз паленшекеңе микрофон ұсынып едік, ол кісінің жауабы

мынау болды» деп жазуыңызға немесе айтуыңызға мүмкіндік береді.

8. Жеке эмоцияңызды ішіңізде сақтаңыз.

Біздің журналистикада журналистің жеке көзқарасы мен эмоциясы

айқын аңғарылып тұрады.

Өз эмоциясын ішке бүгіп қалу тым сирек кездеседі. Ал, сарабдал сараптамада

эмоцияға жол беруге болмайды.

Қалай болғанда да, өз толғанысыңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз.

Қазір мемлекеттік телеарналар мен басылымдардың көбі «Елбасының

сындарлы саясатының арқасында», «Елбасының көрегендігімен

қырағылығының айғағы» деген тезистерді жиі қолданады. Бұл кезінде

Кеңестік журналистикада қалыптасып қалған «Үкіметіміз бен партияның

арқасында» деген қасаң қағиданы еске түсіреді.

Сол себепті де, біреуді мақтап немесе қаралап жазудан аулақ

болыңыз.

САРАПТАМАЛЫҚ МАҚАЛЫНЫҢ ӨЗЕГІ НЕДЕ?

1. Тақырып немесе проблема, сол кезеңнің өзекті әрі көкейкесті

оқиғасы

2. Идея.

3. Түрлі көзқарастар

| 109 | ЖаНРлар

МАҚАЛАНЫ ЖАЗУ ХРОНИКАСЫ

1. Тақырыпты талдау

1.1.Тақырып таңдағанда оның өзектілігі мен маңызына және оқырман

көпшіліктің бұл тақырыпқа деген көзқарасына мән беру керек.

1.2. Таңдаған тақырыбыңызды тереңірек зерттеу керек

2. Жазу концепциясын анықтау

Мақаланың құрылымы қандай болады? Ең әуелі аталған мәселеге деген

өз көзқарасыңды анықтау. Көпшіліктің көкейіндегі сауалға жауап іздеу.

3. Факті жинау

Түрлі ақпарат көздерінен тақырыпқа қатысы бар деректерді топтастыру,

оларды жүйелеу. Тақырыпқа қатысы бар адамдармен пікірлесу, түрлі

тараптардың көзқарастарын білу цитата алу

4. Аргументтерді тізбелеп шығу, пікірді дәлелдеу мақсатында екі

немесе одан да көп топқа бөлу.

Фактілер негізінде аргументтерді жинақтау, түрлі пікірлерді таразыға

салу.

5. Жалпы идеяны ой елегінен өткізу, мақаланың өзегін анықтау,

тұжырым жасау, астарларын іздеу, болжам жасау.

Аргументтер салмақты ма? Ештеңе қалып қойған жоқ па? Қай жақтың

салмағы басым? Мақаланың айтар ойы не? Таразы басын тең ұстауды

да қадағалаңыз.

МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. Аңдатпа (ақпараттық себеп, түрткі не болып отыр)

Кім?

Не?

Қайда?

Қашан?

Неге?

Дұрыс емес үлгісі:

Р. Әлиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақ ниеті ойға аспай қалды. Құқық

қорғау орындары дер кезінде құрықтады.

Дұрыс үлгісі:

Р. Әлиев мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті деген айыппен

20 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл үкімді әскери гарнизон

шығарып отыр.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 110 |

2. Негізгі талқылайтын мәселе.

Аргументтерді топтастыру, әр аргументті фактілермен тұздықтап отыру,

қосымша сұрақтар туындаса, оларды зерттеп көру.

3. Тұжырым

4. Болжам.

ЕСТЕ САҚТАР ҚАҒИДАЛАР:

• Тақырып айқын болсын, тақырыптың өзегінен ауытқуға болмайды.

• Мәселе туралы журналист жақсы таныс болуы тиіс.

• Дәйектер көкейге қонымды, салмақты болсын

• Фактілер тұжырымдар бір-бірімен байланысып тұруы қажет.

• Журналист өз пікірін таңбай, дәйектерді саралап шыққан соң ғана

тұжырым жасауы керек.

• Обьективтілікке баса назар аудару керек. Сыңаржақ пікірден аулақ

болыңыз.

Сапалы сараптаманың жалпы заңдылықтарға бағынатыны белгілі болды.

Болған оқиғаның әртүрлі сипаты мен әртүрлі фактілердің өзара

байланысы нәзік арқау арқылы байқалады. Осы мақсатта журналистің

билігіндегі деректер әртүрлі белгілері мен критерийлеріне қарай топтасады.

Бұл деректер тұжырымдардың жиынтығы ғана болып қалмауы

тиіс.

Сондай-ақ, сіздің сарапқа салып отырған тақырыбыңызға өзек болып

отырған проблема тым ескі болмағаны жөн. Мәселен, туберкулез,

ұлтаралық татулық, терроризм деген мәңгілік тақырыптардың өзін

талқылағанда мәселеге деген жаңаша көзқарас, жаңаша мәліметтер

жинауға тырысу креек.

Қазір жаңалықтың барлығын радио мен теледидар, одан қалса

ақпараттық агенттіктер мен күнделікті газеттер паш етіп жатыр. Бұндайда

апталық газеттің тілшісіне не қалады? Әрине, талдау, тақылау, мәселеге

терең әрі өзгеше түсінік беру қажеттігі туындайды. Сізге дейінгі ақпарат

құралдары айтпаған қырларына үңілу, жаңа ақпараттарды сарапқа салу

ісі қалады.

Сараптаманың құрылымы

Жоғарыда айтып өткеніміздей, журналистің қолында фактілер мен

деректердің жинағы тау төбе боп үйілді. Енді оларды жүйелеп, топтап,

бөліп, өзара себеп-салдарларының байланысын табу керек болады.

| 111 | ЖаНРлар

Әуелі мақалаңызды әртүрлі тақырыптарға жіктеп алғаныңыз жөн. Бұл

сіздің мақалаңызды жүйелі болуына да, оқылуына да жеңілдік тудырады.

Бірақ, жеке-жеке тақырыптардың өзара байланысы үзілмеуі керек.

Айтып отырған ой мен идеядан ауытқымауды басты қадағалаған жөн.

Журналист сараптау үшін көзге көрініп, қолмен ұстар фактілерге иек

сүйегені абзал. Негізгі проблеманың жіктелуіне көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Құрылымға керегі – аргументтер. Аргументтеріңіз неғұрлым нақты,

неғұрлым жүйелі болса, сараптаманың құрылымы да көңілге қонарлықтай

болмақ.

Жаттығу: Оңтүстік Осетиядағы қазіргі ахуал. Грузияның өз субьектісіне

соғыс ашуы қаншалықты оң? Ресейдің бұған қатысы қанша?

Тапсырма: сараптаманың құрылымын жасаңыз.

Біріншіден, мұнда ақпараттық негізі айқын – Грузияның Оңтүстік Осетияға

шабуылы, Ресейдің Грузия территориясын бомбалауы.

Ең әуелі оқиғаға әсер етуші факторларды анықтап алайық.

Әрине, саяси, соның ішінде геосаяси факторлар айқын. Ресей мен

ТМД аумағындағы жас мемлекеттің территориялық тартысы. Оңтүстік

Осетияның тәуелсіздікке ұмтылуы. Грузияның территориялық тұтастықты

сақтауға талпынуы, Ресейдің Оңтүстік Осетияны өз қол астына алу

мақсаты.

Мәселенің байыбына жете үңілу үшін аздап шегініс жасап, тарихи факторларды

да сарапқа салған жөн. Соғыстың басталуына не түрткі болды?

Бұл жерде сарапшылардың пікіріне құлақ ассаңыз абзал болар еді.

Кәдімгі отандық саясаткерлер.

Сондай-ақ, бұл мәселеге әлемдік қауымдастықтың көзқарасы қалай?

Халықаралық олимпиада өтіп жатқан ресми Пекин қандай пікірді

ұстанады? Қазақстан Республикасы президентінің пікірі қалай? БҰҰ,

ЕҚЫҰ (ОБСЕ) өкілдерінің пікірін интернеттен іздестіруге болады.

Сондай-ақ, еліміздегі аталған елдердің дипломатиялық корпустарына

телефон соғып, олардың болған оқиғаға деген көзқарасын, АҚШ-тың елшілігіне

хабарласып олардың ресми пікірін білу жөн.

Аталған пікірлерді жинақтап, аргументтерді тізбелеп, фактілер

жиналғаннан кейін, осының барлығын журналист ой елегінен өткізе отырып,

қорытынды жасауы тиіс.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 112 |

Яғни: ақпараттық негіз – оқиғаға әсер етуші факторлар – тарихи шегініс

– оқиғаның барысы және сарапшылардың пікірі – қорытынды және

тұжырым. Сіздің сараптамаңыздың құрылымы осылай болмақ.

Тапсырма:

Төмендегі мақаланы оқып, жанрын анықтаңыз, сараптаманың

құрылымындағы кемшіліктерді саралаңыз, жетістіктерін әңгімелеңіз.

«ӘКІМ САЙЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГЕ СӘТСІЗ АЯҚТАЛДЫ?

2001 жылы ауыл әкiмiн сайлау тәжiрибесi қолға алынды. Республика

көлемiнде жүргiзiлген тәжiрибеге Оңтүстiк Қазақстан облысынан Төле би

ауданындағы Жоғарғы Ақсу ауылдық округi мен Мақтаарал ауданындағы

Үлгiлi ауылдық округi ендi.

Атқарушы билiктегiлер халықтың арасынан iрiктеп алған бiрнеше

таңдаушыға сайлаудың тағдыры тапсырылды. Айталық, Жоғарғы Ақсу

ауылдық округiнде тұратын 2581 тұрғынның атынан сайлауда дауыс

беру құқығына бар-жоғы 17 таңдаушы ие болды. Таңдаушылардың

талғамымен келiспей, талай адам шу шығарды. Сайлаудың өткенiнен

мүлдем хабарсыз қалғандар қаншама.

Мәслихаттан сайланған әкiмдер жергiлiктi бюджетi, басқа да билiгiнiң

жоқтығынан ауданға алақан жайып, «барып кел, шауып келге» жұмсайтын

«қолбала» болудан әрiге аспады. Олар ел мүддесi үшiн өз беттерiнше

ештеңе шешпеген күйi әупiрiммен екi жылдық тәжiрибенi аяқтады. «Ауыл

әкiмiн сайлау тәжiрибесi кезiнде кездескен келеңсiздiктердi болдырмауды

ескере отырып, аудан, қала әкiмдерiн сайлауды 2006-07 жылдардан

кешiктiрмеу керек». Бұл – президенттiң ауыл әкiмiн сайлау тәжiрибесi

бiткен соң айтқан бiр ауыз пiкiрi.

Бiрақ «ауыл әкiмiн сайлау тәжiрибесi кезiнде қандай келеңсiздiктер кездескенi»

жайлы әлi күнге дейiн билiк тарапынан елге ресми ақпарат

таратқан ешкiм болған жоқ. 2006 жылдың қазан айында елiмiздегi 49

аудан, 10 қалада әкiм сайлау тәжiрибесi басталды. Оған Оңтүстiк

Қазақстан облысынан 3 аудан, 1 қала тiзiмге кiрдi.

Әкiмдердi таңдау мәслихат депутаттарына жүктелдi. «Жергiлiктi өзiн-өзi

басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау арқылы жүзеге асыратыны» 89-

бабында «тайға таңба басқандай» көрсетiлген Конституция белiнен бiрақ

сызылды.

| 113 | ЖаНРлар

Билiктiң уәжi: «халыққа әкiм сайлату әлi ертерек. Алдымен демократия

сабақтарын санасына сiңiрiп алсын».

Адалдыққа, адамгершiлiкке, бiрлiкке баулитын дала демократиясынан

даналықты әлдеқашан үйренiп, мемлекет басшысының өзiн сайлауға

қарым-қабiлетi жеткен халық осылайша әкiм сайлауға жарамсыз болып

шықты.

Өкiнiшке қарай, билiк үмiт артып, әкiм сайлаған мәслихат депутаттары

болса, мәселенi тым ушықтырып жiбердi. Көптеген әдiлетсiздiктердiң

салдарынан әуел бастан-ақ елдiң наразылығын тудырып алған бұл

науқанның жүзеге асқанына екi жылға жуықтады. Түзелген тiрлiк те,

түзелген елдiң көзқарасы да байқалмайды. Сол кезде тұтанған даужанжалдың

жалыны әлi басылмай жатыр.

Сонымен мәслихат арқылы өткен әкiм сайлау тәжiрибесi ел өмiрiне не

өзгерiс әкелдi? Ендi осыны тарқатып айтайық. Мақтаарал ауданының

«незаменимый» әкiмi Омарбек Нұржановқа мәслихаттағы 25 депутаттың

20-сы дауыс бердi. Оған өзiнiң орынбасары Шоқан Кенжеев қарсылас

болды.

Әкiм екеуi бiрге әмпей-жәмпей болмаса, сайлаудан кейiн Кенжеев

орынбасарлық қызметiн қайта жалғастыра ма? Ол сайлау науқанында

жұртпен жүздескенде бағдарламасын таныстырудан да бас тартуы бекер

деймiсiз.

Билiктiң бүйтiп өздерiнiң тағдырымен ойыншық сияқты ойнауы елдiң

наразылығын тудырмағанда қайтсiн? Кеңестiк кезеңнен берi Мақтаарал

ауданының басшылығын әкесiнен қалған мұрадай «жекшелендiрiп»

алған Омекең билiктен сайланған әкiм ретiнде де серпiлiп жұмыс iстей

алмай келедi.

Өзгелермен салыстырғанда стратегиялық маңызы зор бай өлке бәзбаяғыша

әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiнiң төмендiгiнен көш

соңында салпақтап жүр. Есесiне сыбайлас жемқорлыққа жол беруден

Мақтааралдың аты озып тұр. Аудан орталығы – Жетiсай қаласының

әкiмi жер телiмдерiне өтiнiш жазған тұрғыннан 16 000 АҚШ доллары мен

80 мың теңге пара алу үстiнде ұсталды.

Осы оқиғаның артынша облыс әкiмi Нұрғали Әшiмов құқық қорғау ор-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 114 |

гандары басшыларының басын қосқан жиын өткiзiп, «бұдан былай

қарамағындағы қызметкерi айыпталса, оны жұмысқа алған бiрiншi басшы

да жауапкершiлiкке тартылады», деген шешiм қабылданды. Сол

жолы мұндай келеңсiздiк ендi қайталанса, сөгiс алумен шектелген аудан

әкiмiне ендi қатаң шара қолданылатыны ерекше ескертiлдi.

Көп ұзамай Мақтаарал ауданындағы Ынтымақ ауылының әкiмi жер

телiмiн 95 000 теңгеге саудаға салу үстiнде қармаққа түстi.Содан берi

бiрнеше ай өткенiмен Әшiмов жақ тым-тырыс. Әлi де ел «Ердiң екi

сөйлемейтiнiне» сенiп отыр. Қысқасы, «сайланған» әкiмнiң тағдыры

қыл үстiнде тұр деуге әбден болады. Облыстық бiлiм департаментiн

басқарған Ерғали Сармановтың қандай қызметке ауысатынын ең жақын

адамдары түгiлi, тұтас ел алдын ала естiп қоятын.

Түлкiбас ауданының әкiмдiгiне сайланар кезiнде де осы сценарий айна

қатесiз қайталанды. Түлкiбаста дау-дамайдың түңлiгi жиi түрiлiп тұрады.

Елдiң пiкiрiне құлақ түрсек, бұл әкiмдердiң расында бар-жоғы бiлiнбей

iскерлiгiмен көзге түсе алмай жүрген Ерғали Сатыбалдыұлының тiзгiндi

бос ұстауынан екен. Сайлаудың салқыны тигенi соншалық, Арыс

қалалық мәслихатының хатшысы Әбiлқасым Жарымбетов абақтыдан

бiр-ақ шықты.

Үлкен дау-дамайды бастан өткерiп, бiр ғана дауыстың басымдылығымен

әкiмдiкке сайланған Серiк Тәукебаев бiр жылдан аса уақыт елдiң

ықыласына бөленген тәп-тәуiр тiрлiк iстедi. Ойда-жоқта ол қызметiн

Астанаға ауыстырды. Сайлау өткен қай аудан, қалада болмасын «депутаттар

ақшаға сатылды» деген әңгiме ел аузында кеңiнен өрбiдi. Тойжиындарда

әзiл-шынын араластырып «балаңыз депутат болмасын,

сатылып кетедi» дейтiн құлаққа түрпiдей тиетiн сөздер сол тұста жиi

айтылып жүрдi. Ағайын-туыс, дос-жаран, құда-жекжаттардың бiрқатары

бiр-бiрiн кiнәлап жаға жыртысуға дейiн барғанынан хабардармыз.

Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда Керей мен Жәнiбек ханға

арналған ескерткiш ашылғанда белгiлi сәулетшi Аманжол Найманбаев

көпшiлiктiң көзiнше «мәслихат депуттары дауыс бергенде параға

сатылды» деп ашық айыптаған болатын. Оның таққан ауыр айыбын

естiп тұрса да, «жалған» деп ешбiр депутат жауапкершiлiкке тартпады,

ақталып та жатпады. Сондағы “пара берiп, атқа қонды” деген қауесетке

түрткi болған әкiм “пара алғаны үшiн” деп айыпталып, атынан абыройсыз

жағдайда ауып түстi.

| 115 | ЖаНРлар

Коммуналдық меншiктегi үйдi жекешелендiрмек болған бiр азаматтан

5000 АҚШ долларын бопсалап алып жатқан кезiнде қаржы полициясының

«құрығына iлiктi». Экс-әкiм 8 жылға сотталды. Бәрiнен бұрын армансыз

әспеттелген “өте сәттi саяси реформаның” “жемiсiн” осылай жеймiз дегендi

кiм ойлапты?

Соңғы 7 жылдан берi Созақ ауданын басқарған Созақбай Әбдiқұлов сайлауда

ұтылады деп ел күтпеген едi. Iскер Әбдiқұловтың әлдекiмдердiң

кесiрiнен әдiлетсiздiктi бастан кешiргенiн бәрi жақсы түсiндi. Облыс

басшылығы кеңесiп, биылғы қаңтар айының ортасында оны аудан

әкiмiнiң орынтағына қайтадан апарып отырғызғаны осыдан.

Мұндай тағайындауды күтпегендiктен, сын сағатта «ұрлықтары ашылып»

қалған ат төбелiндей топтың астыртын ұйымдастыруымен аудан

әкiмi Созақбай Әбдiқұловтың үстiнен құзырлы мекемелерге әр алуан

арыз жазу, баспасөзде жөнсiз сынау тиылмай тұр. Ауданаралық қаржы

полициясының дерегiне сүйенсек, арызданушы Сәлiм Бекбергенов дейтiн

азаматтан келiп түскен шағым тексерiлгенде ондай адамның өмiрде

жоқ екенi, яғни «жақтым күйе, жаптым жаланың» ойдан құрастырылғаны

анықталған.

Жартытөбе ауылының тұрғыны Мүтәлiп Отарбаевтың «Президентке

шағымданып, телеграмма салған емеспiн, мүлдем хабарсызбын» деген

түсiнiктемесi де қолымызға тидi. Облыс әкiмiнiң бас инспекторы

Серiк Әуесхановтың қызметтiк хатында «Созақбай Әбдiқұловты ауыз

суға, ауруханаға, жер телiмi мен тұрғын үйге байланысты айыптау»

өз дәлелiн таппағаны айтылған. 37 адамның атынан жазылған арызға

зерттеу жүргiзiлгенде тек Нышан Отаубаев қол қойғаны белгiлi болыпты.

«Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп, негiзсiз шағымды жаудыратындар

да бар.

Үкiметтiң қаулысына сәйкес аудан орталығынан қашықтығы 50

шақырымнан аспайтын, тұрғындарының саны 5 мыңға жетпейтiн

ауылдарда ауруханалар жабылып, дәрiгерлiк емханаға айналса

бұған әкiмдi жазғыру әдiлеттiк пе? Ұзақ жыл аудан әкiмiнiң орынбасары

қызметiн атқарған Сәуле Еденбаева бүгiнде жұмыспен қамту және

әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бiлiктiлiкпен басқарып келе жатса,

Анар Шәймерденоваға кәсiпкерлiк бөлiмге басшылық жасау сенiп

тапсырылған.

Олай болса, «бүкiл дүниежүзi қолға алған гендерлiк саясатты Созақ сызып

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 116 |

тастап, бiрде-бiр әйел мәселе шешетiн мемлекеттiк қызметке тартылып

отыр ма?» деп баспасөз бетiнде сауал тастау, әкiмдi сынау кiмге керек?

Жұбаныш Жексенұлы секiлдi талантты әншiлердiң шығармашылығын

шыңдау мақсатында шалғайдағы Терiскейден алдымен Шымкентке,

одан әрi Алматыға аттанғанын әкiмнiң өнердi өгейсiткенiне балау дұрыс

па? Уран өндiретiн кәсiпорындардың көмегiмен балабақшалар, мектептер,

әр қилы әлеуметтiк нысандар салынып, жолдар жөнделуде.

Әсiресе, озат оқитындар мен аз қамтамасыз етiлген, жетiмдiктiң тауқыметiн

тартқан балалардың Францияда, Ұлыбитанияда, елiмiздiң бiрнеше

қалаларында жазғы мезгiлде демалып қайтуы, мектеп бiтiргендердiң

iшiнен iрiктелгенi сол жақта студент қатарына қабылданып, мамандық

алуы толықтай кәсiпорындардың есебiнен өтелуi көңiл қуантарлық iс.

Францияға аттанған қазақ балаларының алғашқы легi жоғарғы оқу орнын

бiтiрiп, Терiскейдiң топырағына орала бастады. Демек, келешекте

уран өндiрiсiнiң қара жұмысына жегiлетiн қазақтың балалары азайып,

керiсiнше нақты мамандықты игергендердiң қатары көбеймекшi. Мiне,

осындай оң тiрлiктер Созақбай Әбдiқұловтың кәсiпорын басшыларымен

тiл табысуы, iзденiсi мен iскерлiгi, жеке басының абырой-беделi

арқасында жүзеге асып жүр.

Бұрынғы әкiмнiң кезiнде балаларды Франция оқыту бiрден күрт үзiлгенi

бiраз жайтты аңғартпай ма? Ал арызданушылардың Әбдiқұловқа алғыс

айтудың орнына «қызмет бабын пайдаланып, Францияда демалып

қайтады.Уранның пайдасын халық емес, әкiм ғана көруде» деп iлiк iздеуi

нелiктен? Созақбай Әбдiқұлов аудан әкiмi болғанға дейiн қатардағы

қызметкерден бастап барлық баспалдақтардан өттi.

Жеті жыл аудан басқарғанда Терiскейдiң тасын өрге домалатып,

оңтүстiктегi 15 аудан, қаланың iшiнде ұдай көш басынан көрiнуiне

тер төктi. Ат үстiнде жүргенде азды-көптi кемшiлiгi болған да шығар.

Қызметiне қайта кiрiскен 7 айдан берi де керi кеткен тiрлiктердiң кенеуiн

келтiрiп, әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың еңсе тiктей түсуiне еңбек

сiңiруде.

Қынжылтарлығы сол ат төбелiндей топ iлгерi басқан қадамды керi тартып,

әкiмдi «руға бөлiнедi» деп, ел арасына iрiткi салатын әдiстi қолдануда.

Өздерiнiң тұтас рудың, жалпы халықтың атын жамылып сөйлеуi түбi

жақсылыққа апармайтыны анық. «Менiң ата-бабамды, зәу-затымды,

бүкiл руымды жерге қаратып, қорлаған тiрлiкке...» немесе «кездескен

| 117 | ЖаНРлар

әрбiр әйелдiң көздерiнде жас, көкiректерiнде қаяу» деп мақала жазу

қаншалықты шындыққа жанасып, қаншалықты арға, заңға сиятынын

көзi қарақты, санасы ояу оқырман жақсы бiледi деген ойдамыз.

Шындық қуып емес, әкiмнiң соңынан жарық күнде шырақ алып түскен

«Алмас» газетiнiң сотта оңбай ұтылғаны да осыдан. «Ауру қалса да,

әдет қалмайды» демей ме? Әбдiқұловтың рушылдықпен бiр мәрте де

аты шықпапты. Ол адамдарды алалайтын әдетi болса, бұған дейiн де

айтылмас па едi.

Бiреудi даттау, бiреудi мақтау мақсатымыз емес. Мақсатымыз – әкiм сайлау

тәжiрибесi елге не әкелдi? Осыны жан-жақты, бүкпесiз баяндасақ

дедiк. Қалай десек те, «әкiмдер сайлауын өмiрге әкелу ажыраған аражiктi

жақындастырып, халық пен билiктiң арасында бiте қайнасқан байланыс

орнатады» деген үмiттi ақтаған жоқ.

Себебi, әкiм сайлауына халық қатыстырылмады. Оған қоса сайлау

өткенде әдiлетсiздiктер, бұрмалаушылықтар көп болды. Оңтүстiк

Қазақстан облысындағы сайланған 4 әкiмнiң бiреуi Астанаға қызмет

ауыстырып, бiреуi түрмеге түстi. Тағы бiреуiне қызметiмен қош айтысу

қаупi төнiп тұр. Төртiнiшiсi – елге елеусiз адам. Көршiлес Жамбыл

облысындағы сайланған 3 әкiмнiң бiреуi парламенттiң партасында отырса,

екiншiсiн облыс басшылығы басқа қызметке ауыстырды.

Түптеп келгенде, ауыл әкiмiн, аудан, қала әкiмiн сайлау тәжiрибесi

жүргiзiлгенiмен, екеуi де жалғасын таппайтынын түсiндiк. Бүгiнде

сайлаудың орнына мәслихат депутаттарының бiрауыздан келiсiмiмен

әкiм тағайындалады. Қандай әкiм, қанша әкiм тағайындалса да «тiл

алғыш», «айтқанға көнiп, айдауға жүретiн» мәслихат депутаттары әр

кезде бiрауыздан қолдайтындары таңдандырады.

Тiптi қарсы болатын, қалыс қалатын бiрдi-екiлi депутат кездеспейдi.

Ал әкiм сайлауы неге жалғаспағанын елмен кеңеспей, келiспей билiктегiлер

әдеттегiше үндемес ойнаумен шектелiп отыр. Сол әкiм сайлау

тәжiрибесiне елдiң маңдай терi, табан ақысынан құралған бюджеттiң

қыруар қаржысы жұмсалғаны белгiлi. Ендеше елге билiктiң есеп бермеуi

нелiктен?

Ғалымжан ЕЛШIБАЙ, Оңтүстiк Қазақстан облысы («Жас Алаш», №63,

07.08.08)»

(Мақаланың тақырыбы өте сәтті қойылған. Алайда, журналист өзінің су-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 118 |

бьективті көзқарасын таңуға және өз ойы мен пікірін білдіруге көбірек бой

алдырған. Кейбір айтып отырған дерек пен дәйекке дәлел бола алатындай

фактілер кездескенімен, өзі кінәлі деп тапқан адамдардың қарсы

уәжі, бейтарап сарапшы жоқ. Сондай-ақ, мақалада белгілі бір топтардың

мүддесін көздеушілік те байқалады. Демек, мақала сараптаманың жүгін

арқалағаны болмаса, сараптамаға қойылар талаптарға толықтай дерлік

жауап бере алмайды).

Пайдаланылған әдебиеттер:

• А. А. Тертычный. Жанры периодической печати. (2000 ж.)

• Л. В. Шибаева. Жанры в теории и практике журналистики (2000 ж.)

• Основы творческой деятельности журналиста, сост. С. Г. Корконосенко

(2000 ж.),

• А. И. Акопова. Аналитические жанры публицистики. (1995 ж.)

• Е. П. Прохорова. Введение в журналистику (2000 ж. қайта басылып

шыққан).

• Грабельников А.А. Работа журналиста в прессе. Учебное пособие.

М., изд-во «РИП-холдинг», 2002. – с.213

• Л. Е. Кройчик. «Основы творческой деятельности журналиста».

| 119 | ЖаНРлар

ЖАҢАЛЫҚ ЖАЗУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ

Данабек Бименов

Журналист болу әрі оңай, әрі қиын. Айтамын деген нақты ойың, не

оқырманмен бөлісемін деген тұжырымды пікірің болса журналист болу

оңай. Тіпті әлемге танымал көптеген журналистер, жазушылар журфакта

оқымаған да. Мысалы, Владимир Познердің мамандығы биолог

болған.

Сондықтан, бұл қысқаша тәсілдеме журфакта оқымағандар үшін арналар,

не журфакты бітіргендерге қосалқы көмек құрал болар деген ниетпен,

мен өзімнің он жылдан астам уақыт шет елдік бұқаралық ақпарат

құралдарында істеген тәжрибеммен бөліскенді жөн көрдім.

Біріншіден: Жаңалық дегеніміз өзінше бөлек жанр ретінде қызық.

Жаңалық дегеніміз кез келген мақаланың да, сұхбаттың да т.б. құрамдас

бөлігі. Сондықтан, журналист жаңалық жаза алатын болса, ол басқа да

жанрларда сауатты да, кәсіби шеберлік таныта алады.

Екіншіден: Кез келген жаңалық қандай да бір оқиға туралы болады. Демек

біз осыған қарап, жақсы жазылған жаңалықтың критерилерін шамалап

айтуымызға болады.

1. Оқиғаға қанықтығы

2. Дәйектілігі, деректілігі

3. Логикалық тізбекпен тарқатылуы

4. Дәлдігі және т.б.

Шартты түрде жаңалықты бірнеше түрге, мысалы, ресми, экономикалық,

спорт, мәдени, қылмыс тақырыбындағы жаңалықтар т.б. деп бөлуге болады.

Жаңалық жазу үшін бізге ақпарат керек! Ал кез келген ақпарат фактілерге

жүгінуі тиіс.

Пікір, сараптама, болжам, түсініктемелер саласы басқа жанрға жатады.

Бұл салаларға кәсіби шеберлігі шыңдалған журналист шоушылар, сарапшылар

жазады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 120 |

Оқырман бірінші кезекте деректерді күтеді.

Сондықтан репортердің бірінші парызы: деректер түсініктемелерден

маңызды деген қағиданы ұстанғаны дұрыс.

Репортердің негізгі қызметі - оқырманның миы емес, құлағы мен

көзі болу.

Оқырманға тек деректерді жеткізу керек, ал қортындыны ол өзі шығарып

алады.

Біз оқырманға «қортындыны өздеріңіз шығарарсыздар» деу арқылы

оларға деген құрметімізді білдірсек, оқырман ол үшін бізге сенімін білдіреді.

Ал біз дерек деген не екенін білеміз бе? Егер біз өзіміз қандай да

оқиғаның тікелей куәсі болмасақ біз сол оқиға туралы не айта аламыз?

Осындай кезде Би-Би-Си және басқа да шетелдік ақпараттық агенттіктер

әдетте «екі дерек көзі» деген қағидамен жұмыс істейді.

«АЛТЫН ҚАҒИДА»: Кез келген ақпарттың, деректің растығын тексеру

үшін бір-бірінен тәуелсіз, кем дегенде, екі ақпарат көзін пайдалану керек.

Ол дегеніңіз, айталық, «А» ақпарат көзі деректі «В» ақпарат көзінен

алған жоқ; «А» және «В» ақпарат көздерінің екеуі де деректі бір ғана «С»

дерек көзінен алған жоқ дегенді білдіреді.

«А» мен «Б»-ның түпкі ақпарат көзі екеніне көз жеткізіңіз, және кем

дегенде екі тәуелсіз ақпарат көзімен расталмайынша болған оқиғаны

«факт» деп қабылдамаңыз.

Бірінші мысал. Айталық, бір «N» деген қалада тәртіпсіздік орын

алды делік, және Ішкі істер министірлігінің өкілі сізге «полиция шеруге

шыққандар қатарынан оқ атылуы себепті бір полицей жарақат алды»

деп айтты. Осы оқиғаға қатысқан және бір полицей осы ақпаратты растап

отыр делік.

Бұл факты ма?

Мәселе: Қарсы тұрушы екі жақтың бір ғана жағының екі бірдей өкілі әлде

бір нені растап отыр. Бәлкім ІІМ-не осы ақпаратты беріп отырған да осы

полицей емес екенін біз қайдан білеміз? Қарсылықты күштеп басу үшін

осы ахуалды полицияның өзі ұйымдастырып отырмағанын біз қайдан

білеміз?

| 121 | ЖаНРлар

Ал не істеу керек?

«N» қаласына барып оқиға куәларыммен сұхбаттасуға, не болмаса,

сол қаладағы оқиғаға куә болған өз таныстарыңызға телефон шалып,

мән жайды сұрауыңызға болады. Жергілікті ауруханаларға телефон

шалып, «жаралы полицей қаралған жоқ па?» деп сұрау арқылы, жалпы

атыс болғанын, не болмағанын тексеруге болар еді. Оқиға орына

барып жақын маңдағы үй тұрғындарымен сұхбаттасуға болады. Шеруге

шыққандармен сұхбатқа шығып, олардың да оқиғаға қатысты көзқарасын

білуге болар еді.

Екінші мысал. Оқиға: Қазақстанда тұтқындалған бір Хизб ут-Тахрир

қозғалысының мүшесі сізбен сұхбат барысында полицейлер оны

«қамауда отырғанда өлтіреміз деп сұс көрсетті» деп айтты делік.

Және жергілікті тәуелсіз телеарналардың бірі де полиция осы адамды

«қамауда отырғанда өлтіреміз деп сұс көрсетіпті» деген хабар таратты

делік.

Бұл факты ма?

Мәселе: үкіметтік емес телеарна өз болмысымен тұрлаусыз ақпарат көзі

болып табылады да, сіз үшін «екінші дерек көзі» ретінде жарамайды.

Олар да ақпараты сол «Хизб ут-Тахрир» мүшесінен алмағанына кім

кепіл?

Шешімі:

Жекелеген полиция өкілдерімен сөйлесіп көру керек. Бәлкім, әлде біреуі,

бүркеме түрде болса да, осы ақпаратты растар. «Хизб ут-Тахрир»

қозғалысының басқа да мүшелерінен осындай оқиғалардың жиілігі туралы

сөйлесіп көру қажет.

Ал егер сіз ақпаратты түп дерек көзінен ала алмасаңыз не істеу керек?

Мұндай жағдайда батыс журналистикасы төмендегідей тәсіл ұсынады:

«Осындай оқиға болды» деп айтпаңыз, оның орнына «Х»-тың (дерек

көзі) осындай оқиға болды деп айқтанына қарағанда...» деп, не болмаса,

«Х» деген «У» деп айтты» демей, «А» деген ақпарат көзі, «Х» былай

деп айтты, дейді».

Жарайды, ары қарай кетейік... Ең әуелі журналист ақпарат жинайды.

Журналист үшін жаңалықты ғана айтып қою аз - бұл базардағы өсек

сияқты. Кәсіби журналист тағы бір нәрсені айтуы керек.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 122 |

Мысалы: «Алматы қаласының полиция бастығы «пәлен деген» полковник,

оппозициялық «Тасжарған» газетінің редакторы Ермұрат Бапиды,

полиция қызметін қаралағаны үшін сотқа берді» деген ақпаратты

қарасақ.

Бұл жаңалық па? Мұның жаңалыққа айналуы үшін көп нәрсе

жетпейді. Егер осындай мәтіндегі жаңалықты редакцияға

әкелсеңіз тәжрибелі редактор төмендегідей сауал қояр еді.

Ол қашан сотқа беріпті? Қандай мақала үшін? Мақаланың қандай жері

полиция қызметкерінің намысына тиіпті? Бұл туралы полиция өкілі не

деп отыр? Редакция не дейді? т.б.

Тура осы сауалдарға берген жауаптардан жаңалық толыға түседі. Ал

егер, репортер, соңғы кезде бұқаралық ақпараттарға қарсы қанша сот

ісі ашылғанын, оның қаншасын жеңіп шыққанын айтса, оқырман үшін

жалпы көрініс айдарлана түседі де, оқиға динамикасы ары қарай қалай

өрбитінін сезіп отырады.

Батыс журналистикасы оқиға туралы жаңалықты жазарда, репортер

«журналистиканың негізгі сауалдары» деп танылатын сіздерге белгілі

алты сауалға жауап беруі тиіс деп есептейді. «Бес W бір H» деп аталатын

кәсіби жаргонды Редьярд Киплинг деген ағылшын енгізген делінеді.

Себебі ағылшын тілінде сол алты сауалдың бесеуі W әріпінен басталады.

Олар сіздерге таныс, яғни;

1. Who – кім?

2. What – не?

3. When – қашан?

4. Where – қай жерде?

5. Why – неге, не үшін?

6. How – қалай?

Жаңалықты жазу үшін осы алты сауалға жауап алынды делік. Енді

жаңалықтағы оқиғаны қандай тізбекпен өрбіту кректігін анықтауымыз керек.

Егер бәрі түсінікті болса, жаңалықты жазуға кірісуге болады. Және

біз жаңалықты кіріспе (кейде оны лид деп те атайды) жазудан бастауымыз

керек.

Мақаланың басы Лид деп аталады. Лид – қапайым да түсінікті

жазылған ең бірінші, не алғашқы екі сөйлем. Лидтің мақсаты

- оқырман назарын баурап алу, онда «мақаланы оқиыншы» деген

| 123 | ЖаНРлар

ынта ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар

беріледі.

Сіздің жазған мақалаңыздың алғашқы жолы осы жаңалықты

оқырманға «сатуы» керек. Ол қысқа да нұсқа болуып, «екпінді»

түрде «ондыққа тиуі» тиіс.

Сіздің оқырман, не тыңдарман айтып отырғаныңызды ұғып, ары

қарай оқығысы, не тыңдағысы келіп қызығып кетуі керек.

ЛИДТІ ЖАЗУДЫҢ КӨПТЕГЕН ТӘСІЛДЕРІ БАР.

Оның алғашқы бесеуі мындай:

1. Резюме түрінде, немесе оқиғаны қысқаша баяндау

Мысалы: “Кеше қала мәслихат депутаттары аз ғана дауыс

артықшылықпен 990 млн. теңге болатын қала бюджетін бектітті. Бюджет

былтырғыдан 100 млн.теңгеге артық, демек үй меншік иелеріне салынатын

салық 350 теңгеге артады».

Лидтің мұндай түрі жаңалық материалдарына ұсынылады. Ол қысқа

сөзбен оқырманды бірден оқиғаның мәнісімен танытырады.

2. Жеке дара лид. Лидтің мұндай түрі оқиғаның бір ғана маңызды қырын

ерекше бөліп алады

Мысалы: “Егер сіз біздің қаланың қарапайым үй иесі болсаңыз, келесі

жылы сіздің салығыңыз 350 теңгеге көбейеді»

3. Сценалық, сипаттамалық, эпизодтық лид.

Мысалы: “Қала әкімінің тынысы тоқтап қалғандай көрінді. Оның бет

пішіні өзгеріп, өзі саусақтарын қатты қысып алыпты. Қала мәслихаты

оның келесі жылға деп, көп үміт артып, өзі ұсынған бюджетін дауысқа

салып жатыр. Ол, тағдарды бір ғана дауыс шешіп кететінін сезіп отыр»

Мұнда, болатын әңгіме туралы қандай да бір эпизод келтірілген. Мұндай

лид сипаттамалы мақалаға тән.

4. Цитаталық лид.

Мысалы: Үкімет алдағы уақытта да Қарулы күштерді дамыта беруді

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 124 |

мақсат етіп, атап айтсақ, техника мен қару-жарақты жетілдіре түсуді

жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге Ресей премеьері Владимир

Путин мәлімдеді.

5. Сауал түріндегі лид.

Мысалы: “Егер ұсынылған қала бюджетіне мәслихат депутаты «пәлен

деген» қарсы дауы бергенде не болар еді?»

т.б. жалғаса береді

Лидті қалай құру керек?

Алдымен алты сауалдың қайсысын мақаламызда жеке бөліп атауды

жөн деп санайтынымызды, қайсысы негізгі екенін түсінуіміз керек.

Осыған байланысты жалпылама айтқанда алты лид шығады. Лид негізгі

сауалға берілетін жауаптан басталып, мақаламызда одан әрі өрби

тусуі керек.

КІМ?

Бұл жағдайда бірінші орынға тұлға шығады. Әдетте ол танымал

тұлға - елбасы, танымал саясаткер т.б. «Қазақстан президенті

Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Мәскеуге ТМД мемлекеттері

басшыларының мерей той кездесуіне келді».

НЕ?

Бұл лид оқиға тұлғалардан маңызды болған жағдайда қолданылады.

Назар аударсаңыз, бірінші орында не болғаны тұрады.

«Шекарадан өтуді Тегеранға оппозициядағы Бен Ладенге баспана

берген этникалық топ ұйымдастырды».

ҚАШАН?

Посткеңестік журналистикада бұл лид өте кең тараған. Лидті «бүгін»

не, айталық, «14-16 қазанда» деп бастау қалыптасқан. Мұндай лид

ақпаратта оқиға болған уақыты, мерзімі маңызды дегенді аңғартса

керек. Кейбір жағдайда, айталық, кездесудің қалай өткенінен кашан

болғаны маңызды болуы мүмкін ғой...

ҚАЙДА?

Лидтің бұл түрі назарды оқиға болған жерге аударады. «Нью-Йоркте

Әулие Иоанна-кереметшінің- АҚШ-тағы ең ірі католиктік кафедралды

шіркеуі өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында 200-дей

өрт сөндірушілер мен 48 техника жұмыс істеп жатыр».

| 125 | ЖаНРлар

НЕГЕ?

Мұндай лид оқиға себебі айырықша айтылғанда пайдаланылады. «Ауа

райының қолайсыздығына қарамай Өзбекстанда мақта өнімі жаман

болмады».

ҚАЛАЙ?

«Бірнеше күнге созылған талқылаулар мен қызу пікірталастан соң Грузия

парламентінің төрағасы сайланды. Елдің жоғарғы заң шығарушы

органын Нино Бурджанадзе басқаратын болды».

Көріп отырғанымыздай, бұл жерде қалай талқыланғаны маңызды болып

тұр.

ЛИД ЖАЗҒАНДА НЕДЕН АБАЙ БОЛУ КЕРЕК?

- жалпыға белгілі нәрсе туралы лидтен

- «қайтадан», «жалғасуда» не, «бұрын хабарлағанымыздай», «... белгілі

жағдай» деген сияқты лидтерден

- жаңалық хабардың лидінде кім екенін таныстырмай тұрып, белгісіз

тұлғалардың есімін пайдаланбау керек

- оқырман қалай қабылдау керектігін нұсқап тұратын лидтерден қашқатау

керек. «...қуанышты хабар алынды» немесе «...қайғылы оқиға орын

алды» деген сияқты

МАҚАЛАНЫ

ЖИНАҚТАУ

Материалды жазудың дәстүрлі әдісі пирамидаға ұқсас. Пирамиданың

жай-жапсары - ең жаңа, ең маңызды ақпарат пирамиданың ең жоғарғы

жағында орналасады да, одан кейін маңыздылығы төмен ақпараттар

орналаса береді. Әдетте мұндай құрылым оқырманға да жеңіл, ол

оқиғаның ең негізгісін қабылдап алады.

Мұндай құрылымның бірнеше артықшылығы бар.

Біріншіден: оқырман қашан оқуды тоқтатпаса да, оқиғаның ең

маңыздысын оқып үлгереді.

Екіншіден: ол жазуды жеңілдетеді. Ақпараттарды маңыздылығына қарай

реттесеңіз болды, мақала дайын.

Үшіншіден: журналист ең маңызы төмен ақпаратпен мақаласын аяқтаса

болады.

Және, ең соңғысы, пирамида редактор үшін де керек, ол толығымен оқып

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 126 |

отырмай-ақ, бетке симай жатқан жерінен кесіп тастаса да, логикалық

тұрғыдан мақаланың бүтіндігі бұзылмайды.

Бірақ, кейбір кездері, фактілердің маңыздылығы мен оқиға тізбектерінің

хронологиясы шатасып келетін күрделі материалдарда пирамида тәсілі

журналист шеберлігіне әжептәуір сын болады.

Лид - резюме,

Ең жаңа фактілерге

негізделген

осы фактілер толығырақ

ашылатын 1-2 абзац

алдыңғы оқиғамен байланыстыратын,

не ортақ маңыздылығын сипаттайтын абзац

фактілер туралы қосымша ақпарат

оқиға тарихы туралы қосымша ақпарат не оқиғаның

қалай өрбитіні туралы

Қысқартылған бұл мақалада «БиБиСи», «Азаттық» халықаралық

радиосының радиожурналистерге арналған нұсқамалары мен

М.Григорянның «Пособие по журналистике» оқулығынан үзінділер пайдаланылды.

| 127 | ЖаНРлар

ОЧЕРКТІ (ФИЧЕРЗ) ҚАЛАЙ ЖАЗУ КЕРЕК?

Эдуард Полетаев

Бұл бөлімді очерк жанрына өзіндік кіріспе десе де болады. Өйткені,

кеңестік, посткеңестік кеңістік журналистикасы да оны халықаралық

(ағылшынтілді) журналистикадан келген фичерз жанры ретінде

қабылдады.

Негізінде бұлар әртүрлі, сонымен қатар бірдей жанрлар, екеуінің де шегін

анықтау қиын. Сондай-ақ, стиль іздеу, біртұтас жазу тәсілінің болмауы

да айтарлықтай қиындық туғызады.

Әрине, жанрлық ерекшеліктің болғаны жақсы. Дегенмен, бұл бөлімде

біз очерк пен фичерзді бір жанр ретінде біріктіріп қарайтын боламыз

(оны өзімізге таныс сөзбен – очерк деп атаймыз). Екеуінің айырмасынан

гөрі ұқсастығының көп болғаны тіпті жақсы. Оның үстіне, отандық

БАҚ жұмысына етене араласып жатқан халықаралық стандарттар осы

екі жанр арасындағы жікті біртіндеп жойып жатыр.

Сонымен, очерк дегеніміз не? Бұл көркемдеу тәсілдерін пайдалану

арқылы қызықты оқиға туралы баяндайтын репортаж бен талдаудың

симбиозы десе де болады.

Шарттары – бұл жанрда жазылған мақала ақпараттық немесе

ақпараттық-сараптамалыққа қарағанда көлемді, көркемдеу және

онда көптеген қосымша ақпар беріледі. Бірақ көлемді мақаланың да

жалықтырып жіберуі мүмкін екендігін есте ұстағаны жөн.

Мақсат – ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсермен

бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Оқырман оқиғаға сіздің көзіңізбен

қарайды. Ол құрғақ фактілерді журналистің ой елегінен өткізіп, жанымен

сезінуін, сөйтіп жүректерге жеткізуін талап етеді. Көп жағдайда

оқырманның назарын аударуға немесе көңілін көтеруге (жеңілтектік пен

үстірттік емес), тіпті бірдеңеге үйретуге талпынған жөн.

Лайықты тәсіл (мысал)

«Кірпіш қалап жатқан екі құрылысшыны жеке-жеке шақырып алып:

- Не істеп жатырсың? – деп сұрапты.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 128 |

- Тасы құрғырды қалап жатырмын, - деп жауап береді бірі.

- Мен храм салып жатырмын, - дейді екіншісі».

Екінші құрылысшы жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарайды және

өзінің алға қойған мақсатын ойлай отырып жауап берген.

Сол сияқты журналистің де мақсаты бар (қаламақы алу, тапсырманы

орындау, өзінің ақылды және талантты екенін көрсету, әділеттілікке қол

ұшын беру және т.б.)

Негізінде, алдыңдағы мақсаттың әр қайсысы болашақ материалдың

жанрын анықтауға ықпал етеді. Бәрі де бастапқы тапсырмаға байланысты.

Егер жай ғана хабарлап қойсаң – жаңалық, түсіндірсең – корреспонденция,

егер оның себеп-салдарын анықтасаң – очерк жанрын

қолдануға да болады.

Берілген тапсырманы орындауға қай жанрдың ыңғайлы екенін

біліп алғаныңыз жөн. Торғайларды зеңбірекпен атпа!

Өмірге шынайы көзқараспен қараңызшы! Өйткені, қазіргі заманғы

газеттерде сіздің «ұзын-сонар» материалыңызға орын табыла бермеуі

мүмкін. Ал, очерк пролог, түйін, шарықтау шегі, шешу мен эпилогтан

және... өмірлік тәжірибеден құралады. Шын мәнінде бұл – публицистика.

Очеркист ретінде тұрақты нан тауып жүргендер онша көп те емес.

Корреспонденция мен репортажға қарағанда очеркті жартылай ыстық,

жартылай суық өнім деуге болады. Тиісінше, очеркті жасау рецепттері

де аспаздың, яғни, журналистің шеберлігіне қарай түрлене түспек.

Очерк қызу жаңалыққа жатпайды, өйткені ол туралы автор ақпарат

алынғаннан кейін ғана ойлана бастайды. Содан соң журналист онда

қандай фактілердің, оқырмандар үшін пайдалы цитаталардың,

шындықтың жетіспей тұрғанын бағамдайды.

Очерктің өзге ерекшеліктері:

- ол фактілерді бейтарап баяндап, талдаудан алшақ;

- фактілер кезекпен түрлендіріп беріледі;

- фактілер барынша көркем, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап

беруге болады;

- мұнда уақыт факторы онша маңызды емес;

- бұл табиғаты аралас жанр, ол әдебиетпен, өнермен және ғылыммен

тығыз байланыста болады;

- үнемі көркем және публицистикалық талдаудың жаңа әдістері жасалынып

отырады;

- оқырман материалдағы басты тұлғаның адам екенін, оның желісі адам

| 129 | ЖаНРлар

төңірегінде құрылғанын сезінеді;

- очеркті қысқарту редактор үшін қай кезде де қиынға соғады.

Очерктің негізгі түрлері:

- Портрет (нақты бір тұлға туралы сұхбат түріндегі әңгімеде ол адамның

сыртқы ғана емес, ішкі жан-дүниесіндегі ерекшеліктерге, мерейтойына,

оның өмірбаянына назар аударылады);

- Жолсапар заметкалар (автордың болған жерлері туралы әңгімелер);

- Зерттеу (түрлі құбылыстар мен адам іс-әрекетінің құпия тұстарын зерттеуге

бағытталған әңгімелер);

- Егжей-тегжейлі жаңалықтар (кеңейтілген, көркемделген үлкен

ақпараттық мақала);

- Нұсқа (белгілі бір оқиғаның болған-болмағанын дәлелдейтін материалдарды

сатылап жинақтау);

- Проблема (күрделі және қарама-қайшы адами қарым-қатынастарды

ашу);

- Тұрмыстық очерк (қылмыс құрамын қайта қалпына келтіру, бұл жерде

оған құқықтық емес, ар-ождан тұрғысынан баға беріледі. Міндет –

адам қастандығы феноменін және осы қылмысты жасауға итермелеген

жағдайларды анықтауға көмектесу).

Очеркті анықтау қиын, есесіне оны өзге жанрлардан ажырату

оңай.

Жаңалықтар мен ақпараттық-сараптамалық мақалаларда «төңкерілген

пирамида» ұстанымына негізделген қатаң құрылым пайдаланылады

(ақпараттың маңыздылығы кеми түседі). Сонымен қатар, әдетте

фактілер нақты және айқын көрсетіледі де, цитаталар (пікірлер) саны

мүмкіндігінше аз беріледі.

Очеркті де осы «төңкерілген пирамида» ұстанымы бойынша жазуға болады,

алайда оның құрылымы біршама жұмсақ болуы тиіс.

Очерктің құрылымына қатысты танымал мысалдар:

СЛАЛОМ. Жоғарыда айтылғандай, ақпараттық-сараптама

мақалалары сияқты «төңкерілген пирамида» ұстанымы бойынша

жазылады. Былайша айтқанда, сіз таудың шыңынан етегіне қарай түсіп

келе жатқандай етіп, оқиғаны маңыздысынан – маңызы төмендеуіне

қарай баяндайсыз. Бірақ, сіз очеркті жазу барысында таудан шаңғымен

түсесіз, жолыңыз ирек-ирек, оңнан солға, жалаудан жалауға қарай

бұрылып отырасыз. Басқаша айтқанда, көркемдеуден фактіге, фактіден

– көркемдеуге ауысып отырасыз. Бұл дегеніңіз:

1. Көркем әңгіме-кіріспе (адам немесе зат).

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 130 |

2. Негізгі фактілер (проблеманың ракурсы мен контекстік мағынасы).

3. Қайталама суреттеу (жаңа кейіпкер, проблеманың өзге жағы, басқа

бір жағдай туралы).

4. Қайталанба фактілер (статистика, мамандардың цитаталары).

5. Есте қалатын ой немесе цитата.

БОКАЛ. Қолыңызға шампан бокалын ұстап тұрсыз. Көпіршік атқан сусын

құйылған ыдыстың үстіңгі жағы кең әрі ауыр. Ыдыстың астыңғы

жағы жіңішкеріп барып тұғырмен жалғасады.

Яғни:

1. Жанама кіріспе (адам немесе зат).

2. Тақырыптың маңыздылығын түсіндіру.

3. Алдыңғы тарихы, тақырыпты аша түсетін цифрлар, цитаталар,

қосымша ақпарат.

4. Адамға немесе затқа қайта оралу.

5. Әсерлі қорытынды ой немесе цитата.

Бұл мысалдарда очерктің құрылымдық үлгілерінің бірнешеуі ғана алынды.

Бастысы – сіз очеркте негізгі ойдың барын және оны оқырманға жеткізу

қажеттігін ұмытпаңыз.

Байқаған болсаңыз, келтірілген мысалдың екеуінде де очерк көркем

суретпен басталып, сонымен аяқталады. Оқырманның санасында

ұмытылмайтындай образ қалдыру қажет. Егер біраз уақыт өткен соң

оқырманнан очерктің не туралы жазылғанын сұраса, ол бірінші кезекте

символикалық образды есіне түсіреді. Материалдағы нақты фактілер

мен статистикалық мәліметтерді содан соң «тізбектейді».

Очерктің кейбір құрылымдық түрлері:

1. Хроникалық құрылым (уақыт тізбегі бойынша суреттеу).

2. Себеп-салдарлық құрылым (зерттеу, талдау, бұл жерде оқиға

логикалық тізбекпен баяндалады).

3. Эсселік құрылым (күрделі ұқсастық байланыстар мен образдық

түйіндеуге негізделген еркін жазу пішіні, бұнда алдыңғы түрлердің

екеуінің де элементтері қамтылады).

Тақырыпты қайдан табуға болады?

Тақырыпты кез-келген жерден: көшеден, үйден, жолдан, базардан...

табуға болады.

| 131 | ЖаНРлар

Лайықты цитата

«Тіпті көзі қарақты оқырманның да қызығушылығын тудыратын үш

нәрсе бар. Ол ақша, махаббат, өлім»

Эрнст Хемингуэй, жазушы

Очерк жаңалықты хабарлауға немесе соңғы оқиғаларға пікір айтуға міндетті

емес.

Ол бір сәттік емес, «созылмалы» сипаттағы проблемаларды

көрсету үшін қолайлы жанр.

Очерктің тақырыбы сарқылмайды. Бірақ, бұл жанрдың лайықталған салалары

бар: адамның өмірбаяны, әлеуметтік проблемалар, қоршаған

орта, денсаулық сақтау мәселелері.

Тақырыптың міндетті түрде ақпараттық желеуі болуы тиіс емес.

Маңызды мәселелерді дәл «созылмалы» тақырыптар қозғайды. Сондай-ақ,

олар адам туралы баяндайтын кіріспенің жүгін жеңілдетеді. Бұл

да очерк ерекшелігінің бірі. Олар үлкен және күрделі проблемаларды

қарапайым да түсінікті деңгейге жеткізеді, түсіндіріп береді және

оның адамға жасайтын ықпалын көрсетеді.

Очерк жазатындарға берілетін ең қарапайым кеңес (айтуға оңай

болғанымен, істеу қиын):

Оқырманның қиялындағы картинаны салыңыз. Орталық нүктені сызып,

айналасына анекдоттардан, цитаталар мен суреттеуден құралатын

шеңбер сызыңыз. Енді картина толыға түсті.

Очеркті жазар алдында өзіңізге мынадай сұрақтар қойып алыңыз:

- Менің нені айтқым келеді?

- Менің оқырманым кім?

- Басылымның талаптары мен редактордың нұсқаулары қандай?

- Очеркте негізгі, ерекше тақырып бола ма?

- Егер бір жері келіспей жатса оны очеркке айналдырудың қажеті

қаншалықты немесе жеке материал жазған дұрыс па, әлде жазбай-ақ

қою керек пе?

- Сіздің тақырыбыңыздан оқырман не түсіне алады, ол тақырыпқа сәйкес

келе ме?

- Очерктің тілі қандай болғаны дұрыс – мәнерлі, қатал және т.б.?

- Цитаталар мен диалогтар бірізділікке ықпал ете ме, олар сәтті шыға

ма?

- Очеркті бірнеше тармаққа бөлген дұрыс емес пе?

- Очеркке енгізуге болатындай өмірден алынған мысалдарыңыз немесе

анекдоттарыңыз бар ма? Бар болса, оларды пайдалануға бола ма?

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 132 |

- Тепе-теңдікті сақтау қажет пе, қақтығыстарды немесе контрасттарды

пайдаланғаннан очерк ұтымды шыға ма?

- Үшінші тұлғаның атынан жазған дұрыс па, әлде біріншінің бе? Егер

сіздің тұрақты түрде беріп тұратын авторлық бағаныңыз болса немесе

сіз маңызды оқиғаларға қатысып, сол туралы жазатын болсаңыз, бірінші

тұлғаның атынан жазылған материал әсерлі шығады. Ал, сіздің жазғы

демалысыңызды қалай өткізгеніңіз оқырман үшін қызықты бола қоюы

екіталай.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КІТАПНАМА:

Соғыс пен бейбітшілік институты

www.iwpr.net

«Медиаспрут» жобасы

www.mediasprut.ru

М.Н. Ким. Технология создания журналистского произведения. Санкт-

Петербург, 2004 ж.

Д.А. Крымски. «Основы репортажа, написания и редактирования материалов

для независимых газет». Халықаралық журналистер орталығы

(ICFJ) мен Интерньюстің журналистерге арналған нұсқаулығы. 2003 ж.

А. А. Тертычный. Аналитическая журналистика. Мәскеу, 1998 ж.

И. Ф. Волков. Теория литературы. Мәскеу, 1995 ж.

К. Г. Юнг. Психология бессознательного. Мәскеу, 1994 ж.

Д. И. Кирнос.Индивидуальность и творческое мышление. Мәскеу, 1992 ж.

Е. П. Прохоров. Искусство публицистики. Мәскеу, 1984 ж.

М. И. Стюфляева. Образные ресурсы публицистики. Мәскеу, 1982 ж.

А. Л.Андреев. Место искусства в познании мира. Мәскеу, 1980 ж.

«Журналистика и медиарынок», №10, 2004 ж. М. Шостак. «В жанре реплики.

Личностный ракурс журналистского произведения востребован

опять».

| 133 | ЖаНРлар

«Журналистика и медиарынок», №3 - 4, 2004 ж. Т. Сухановская. «Журналистика

американизировалась, а читатель остался российским».

«Журналистика и медиарынок», №2, 2004 ж. А. Рубинов. «Где растут

темы».

1-ҚОСЫМША

ПРАКТИКУМ

Бірлесіп пайымдасақ

Очерк үшін маңызды тақырыпты анықтап алайық. Мәселен,

пенитенциарлық мекемелердегі туберкулездің таралу мәселесі тым

жақсы тақырып болар еді. Өкінішке қарай, Қазақстан әлемде бұл

көрсеткіштер жөнінен алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Бұл жерде

ақпараттық желеудің болуы міндетті емес. Бұл баяғыдан келе жатқан

және әбден уақыты жеткен проблема.

Очеркті сіздің кейіпкеріңізден, түрмедегі туберкулез палатасында

жатқан тұтқыннан бастауға болады. Алғашқы жолдарды оның сырт

келбеті, палата көрінісі туралы айтып, кейіпкердің пікірін беруге болады.

Сіздің материалыңыздың «адамнан» бастау алуы дегеніміз

осы. Сіз оқырманның тұтқында отырған адамның тағдырына деген

қызығушылығын тудыруыңыз қажет. Сонда ғана ол бұл туралы көбірек

білгісі келіп, материалды соңына дейін оқиды. Сіздің алдыңызда баяндауды

әрі қарай «адамиландырудың» көптеген мүмкіндіктері ашылады.

Мәселен, камераны, тұтқындардың өмірі мен түр-келбеттін суреттеу және

т.т. Осы образдарды проблемаға қатысты статистикалық мәліметтермен

байланыстыру арқылы очерктің негізгі мазмұнын ашамыз.

1-жаттығу

Қазақстандық газеттер мен журналдардан очерк жанрына жататын материалдарды

таңдап алыңыз. Таңдау кезінде тәжірибелі журналистердің

ақыл-кеңестерін пайдаланыңыз. Бірнеше очерктік мақаланы мұқият талдап

шығыңыз. Очерктердің стилін, түрін, құрылымдық ерекшеліктерін,

жаңашылдық тәсілдерді анықтап алыңыз. Қандай абзацтардың фактіге,

қайсысының көркемдеуге жататынын анықтаңыз.

2-жаттығу

Ақпарат агенттіктерінің бірінің жаңалықтар тізбегімен (мәселен,

«Kazakhstan Today», www.gazeta.kz ) танысыңыз. Соңғы бір-екі күнге

берілген барлық ақпараттық хабарламаларды саралап алыңыз. Сіздіңше,

олардың қайсысы очерк жазуды қажет етеді, қайсыларын ақпараттық

жаңалық күйінде қалдыруға болады?

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 134 |

3-жаттығу

Бір адамды түрлі құрылымдық түр бойынша (хроникалық, себепсалдарлық,

эсселік) суреттеп көріңіз. Осының қайсысы жақсы сияқты?

4-жаттығу

Бұл «еңбек майданында жұмыс істеу» деп аталады. Алдыңа белгілі

бір міндет қой. Мәселен, базарға барып келу керек (басқа қалаға бару,

танымал адаммен кездесу, зауытқа экскурсия ұйымдастыру және т.б.).

Ол жерден ерекше, оқырманды қызықтыратындай очеркпен оралуды

алдыңа мақсат етіп ал. Атқарылатын іс-әрекеттер жоспарын құр.

5-жаттығу

Очерктің тақырыбын таңдап ал. Сіздің келешек шығармаңызды

графикалық тұрғыдан елестетуге бола ма? Мәселен, оны генеалогиялық

ағаш, диаграмма, кесте, шеңберлер мен сызықтар түрінде елестетіңіз.

Бұндай суреттер материалдың құрылымын жасауды жеңілдетеді.

СҰХБАТ АЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Гүлнәр МҰҚАНОВА

1. Сұхбат алуға бармастан бұрын не сұрайтыныңды тәптіштеп жоспарлап

ал. Ол қандай ақпарат айтқанда, сенің қандай сауалың болуы

мүмкін? Сұхбат алудың картинасын көз алдыңа елестет!

2. Сұрай бер, сұрай бер және сұрай бер! Сұрақ сұрағаннан еш

қысылма!

3. Сұрай бер дегенді, сұхбаттасымен тайталасу, салғыласу деп

түсінбе!

Газет беттерін ақтарып отырып, журналистердің сұхбаттасымен тайталасу,

салғыласу тенденциясын байқауға болады. Сұхбаттасыңа ақылды

болып көрінудің қажеті шамалы. Сен онымен білім жарыстырайын деп

емес, ақпарат алуға келдің. Тәжікелесуге уақыт зая еткенше, тағы бір

сұрақ қойғаның тиімді.

Ал екінші жағынан, тайталасу арқылы сен өзіңнің субъективті ойыңнан

хабар бересің. Субъективті мақала жазатын журналист қоғамға шынайы

ақпарат тарата алмайды.

Сұрақ қоюдан қорқып, жалтақтаудың да қажеті жоқ, сонымен қатар,

салғыласудың да қажеті шамалы. Сауатты, ақпарат ала-алатын сұхбат

жаса.

| 135 | ЖаНРлар

Сұхбатыңда өзіңді ірілетіп, сұхбаттасыңды кішірейтіп беріп, арзан абырой

жинауға ұмтылудың қажеті жоқ. Бізде сол тенденция бар. Газетке

шыққан мақаланы оқып отырып, журналистің зіркілдеген кейпін, ал

сұхбаттасының бейшара қалпын көз алдыңызға елестетесіз.

4. Сен әрине, интервью алатын адамыңның жұмыс істейтін

саласының қыр-шұқырынан барынша хабардар болуың керек.

Бірақ, ол білетін кей мәселені сенің білмеуің ықтимал болғандықтан,

еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап ал. Өйтпеген жағдайда, өзіңе

беймәлім нәрсе жайлы мақаланы оқырманыңа қалайша ұсынасың?

5. Сұхбат алатын адамыңның қызметтік шені мысыңды басып кетпесін!

Сен өз жұмысыңды атқаруың керек. Сенің міндетің – қоғамға

толық ақпарат беру. Сұрамасаң, саған ешкім ақпарат бермейді.

Керісінше, баспасөз‐хабарламасымен алдарқатып қояды. Бізде лауазымы

үлкен шенеуніктен сұхбат алса, мақтаныш кернеп, бірнеше жылға

азық болады. Саған ол шенеунікпен кездесу емес, одан алған ақпарат

маңызды болуы тиіс!

6. Қоштасар кезде, артық ақпарат керек болса, тағы да

хабарласатыныңды ескертіп қой. Қоңырау шалудан, қайта хабарласудан

еш қымсынба! «Уақытын алу ыңғайсыз» деген ойдан аулақ бол!

Түсінбеген нәрсені қайта сұраудың ағаттығы жоқ. Есесіне, газет бетіндегі

бірер қате азаяды!

7. Ақпарат көздеріне оқтын-оқтын хабарласып тұр. Хабарласқан

сайын, жаңа ақпарат алуың мүмкін. Әрі сенімді ақпарат көзіне айналады,

бірақ, ол ақпаратты екінші ақпарат көзінен растатып алуды ұмытпа!

8. Ақпарат көзімен етене араласудан сақтан! Ондай жағдайда, ол

жайлы объективті мақаладан гөрі, субъективті мақала жазасың!

9. Айтылып отырған сөздерге немқұрайлылық та танытпа!

Бізде сұхбат алушы журналистер кейіпкерінің айтып отырған әңгімесінен

гөрі, келесі сұрағын ойлап отырады. Құлағы түрік тыңдаушы әрі

қырағы бақылаушы бол!

Бір сәтке мына жайттарға көрерменнің көзімен қарауға тырыс:

‐ Көрермендер нені білгісі келеді?

- Олар ненің түсіндірілуін қалайды?

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 136 |

- Материалды оқырманға түсінікті тілмен жеткіз,

- Материалыңда бұқараның өміріне жақын мысалдарды келтір;

Егер ақпарат тарататын болсаң, оған кезек күттірмейтін нәрсе ретінде

қара! Өйткені, бәсекелестерің сені басып озуы мүмкін!

‐ Ешкімнің жолы түсе қоймаған тың нәрсеге ұрынсаң, ерекше материал

дайындауға мүмкіндік аласың!

- Ресми «қасықтағы» дайындалып қойылған «дәмді» кері итер!

‐ Көрермендер сенің бағдарламаңа немесе газетіңе сенуі тиіс. Егер

адамның аты-жөні, сан, цитатадан қате жіберсең, аудиторияңның

сенімінен айрыласың;

‐ Жауапкершілік. Сен осы не үшін журналист болғың келді? Жауапкершілікті

сезіну үшін алдымен осы сұраққа өздігіңше, жауап бер!

| 137 | ЖаНРлар

ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІКТЕР

Айбын Шағалақов

Жаңалықтарды әзірлеу мен жедел таратудың әдіс-амалдары

Бірден айту керек, ақпарат агенттігі «көп алдына шығып, көзге түссем,

елді аузыма қаратсам» дейтін және содан рухани ләззат алатын,

«жұлдыз ауруға» бейім жастардың жұмысы емес. Ондайлар ақпарат

агенттігінде бір ай тұрмақ, бір апта да тұрақтап істей алмайды.

Ақпарат агенттігінің тілшісі газет журналисі секілді дерек пен оқиғаны

қорытып, пікір қосып жаза алмайды және жазғанын ертеңінде газет бетінен

оқып, іштей рахат күйді сезінбейді. Телерадио журналистері секілді

өз дауыстарын естіп, «қалай бопты» деп елден пікір де сұрай алмайды.

Агенттік тілшісін бір ғана нәрсе марқайтады. Оқиғаны бірінші болып

хабарлау. Осыған байланысты оны агенттік жұмысында бір-ақ нәрсе

қызықтыруы мүмкін. Оның аты – жарыс. Бақталастарымен бәсекеде

озсам деген жарыс. Ал жарыс намыстың ісі. Қалсаң – нашарсың,

озсаң – мықтысың, марқаясың. Агенттік тілшісін ұстап тұратын осы

намыс.

Бүгінгі заман желден жылдам жүйіткіген жедел ақпараттар заманы.

Мойным өзгеден озық болсын дейтін осы заманның қоғамы бәсекеде

озу үшін ақпараттық тәуелсіздікке ұмтылып, толассыз ағылып жатқан

ақпараттар тасқынын сіңіріп жатыр. Яғни ақпарат тауардың күнделікті

тұтынылатын және үздіксіз сұраныс болатын түріне айналды.

Ал сұраныс ұсынысты ынталандыратындықтан, бұл рынокта да бәсеке

қалыптасып, бәсекеде бәсі озғандар әлемдік ақпарат кеңістігіндегі

алпауыттарға айналды. Оларды жіпке тізіп, бүгінгі жас журналистерге

санап жату бекер. Сондықтан біз өзіміздің Қазақстанда белсенді жұмыс

істеп жатқан отандық және шетелдік ақпарат агенттіктеріне тоқтала кеткенді

жөн көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда біздің еліміздің жедел ақпарат кеңістігіндегі бәсеке

негізінен үш ақпарат агенттігінің арасында жүріп жатыр. Олар -

«ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігі, «Қазақстан today» және

| 139 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

«ИнтерФакс‐Қазақстан» ақпарат агенттіктері. Бұлардың қай-қайсысы

да Қазақстанның ақпарат кеңістігінде өзіндік орнын иеленіп, белсенді

жұмыс істеп жатыр.

Олардан бөлек, Қазақстанда «ИТАР-ТАСС», «РИА‐Новости» секілді

ресейлік ақпарат агенттіктері мен «Reuters», «Assosiated press»,

«ФрансПресс» секілді шетелдік ақпарат агенттіктерінің тілшілер қосыны

да тіркелген.

Жоғарыда аталған алғашқы үш агенттік (Интерфакс-Қазақстан,

Қазақстан-тоday, ҚазАқпарат) те басқалар секілді ақпаратты баспасөз

мәслихаттарынан, Үкімет пен Парламенттің отырыстарынан, мемлекеттік

органдардың алқалы мәжілістерінен, форумдар мен мәслихаттардан

жасайды.

Сондай-ақ агенттік тілшісі (жеке ізденістері) өкілетті орган

қызметкерлерімен, қоғам қайраткерлерімен және саяси тұлғалармен

сұхбат ұйымдастыру, ресми сұрау жолдау арқылы да ақпараттар алып

отырады.

Үш агенттік те жаңалықтарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратады.

Осы тұста бір назар аударатын жәйт – «Интерфакс-Қазақстан»

мен «Қазақстан-тоday» агенттіктері ақпаратты әзірлеу мен тарату ісінде

ресми қалыпты көп ұстанбайды және «құпия ақпарат көздерінен» алған

жаңалықтарын жариялай береді.

Ал «ҚазАқпарат» 100 пайыз үкіметтің иелігіндегі ақпарат құралы

болғандықтан, мемлекеттік мүдде тұрғысынан бастау алатын саясатты

қатаң ұстануға тырысады. Сол себепті де «құпия ақпарат көздеріне»

сүйеніп, сілтеме жасай алмайды.

Оның аталған агенттіктерден айырмашылығы - шетелдегі

қандастарымыздың көпшілігі кириллицамен оқуға үйренбегендігін

ескеріп, қазақша жаңалықтарының латын әліпбиіндегі нұсқасын да

ұсынатындығы.

Екінші айырмашылық – «Интерфакс» пен «Қазақстан-тоday»

агенттіктерінің екеуінде де қазақ тілді тілшілер (қазақ редакциясы)

жоқ. Олардың қазақша ұсынатын жаңалықтары орысша әзірленген

ақпараттардың аудармасы болып келеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 140 |

Ал «Интерфакс‐Қазақстан» агенттігінің бір айырмашылығы – оның

көбіне экономикалық ақпаратты сараптап, беруінде.

Қазақстандық ақпарат агенттіктер қатарына жақында ғана жаңа

«бұрынғы» бұқаралық ақпарат құралы қосылды, ол – «ҚазТАГ»

ақпараттық агенттігі. Отандық ақпарат кеңістігіндегі жаңа ақпарат

құралы ‐ жаңа бәсекелес, бұл дегеніңіз ақпарат жарысының қарқынын

күшейтетіні анық, сәйкесінше «өнімнің» яки «ақпараттың» сапасына

әсер ететіні сөзсіз.

Ал жаңа «бұрынғы» деп айтып отырғанымыздың себебі, 85 жылдан астам

тарихы бар «ҚазАқпараттың» сонау құрылғандағы төл атауы дәл

осылайша «ҚазТАГ» (қазақ телеграф агенттігі) деп аталуында, демек,

«бұрынғы» дегеніміз осыдан, ал жаңалығы сонда – қазіргі «ҚазТАГ»,

бүгінгі «ҚазАқпаратпен» еш байланысы жоқ, өзінше бөлек агенттік болып

құрылды.

САУАТТЫЛЫҚ, ЗЕРЕКТІК, ШАПШАҢДЫҚ

Жас журналистердің барлығы дерлік ақпарат, жедел хабар дегеннің

қандай болуы керектігін журналистиканың жанрларынан оқыдық.

Материалды жазғанда жаңалықтың сонысын, мәйегін ең басына

шығартқызатын «төңкерілген пирамида» немесе «лид» тәсілін де санаға

құйдық. Мұның бәрі дұрыс.

Ендігі қалғаны осыны іс жүзінде қолдану және тез арада бас аяғы 15-

20 минуттан асырмай, агенттіктің интернеттегі желісіне шығару қажет.

Бұл ақпарат агенттігі тілшісінен қаптаған қалың сөздің (ақпарат көзінен)

ішінен ең маңыздысын, қажеттісін тура ұстайтын қырағылықты, дерек

пен оқиғаны ел еркін түсінетін тілмен дәл өрнектеп, қысқа да нұсқа жазатын

ерекше шапшаңдықты, әрі энциклопедиялық деңгейде болмаса да,

белгілі бір дәрежеде барлық нәрседен (оқиға, саясат, құқық, экономика,

қаржы, спорт, туризм саласының әрқайсысын жіліктеп шақпаса да,

ағымдағы реформалардан) хабардар болуды қажет етеді.

Олай дейтініміз – қоғам өмірінде қандай да бір оқиға болмасын, оның

міндетті түрде саяси әлпеті немесе экономикалық, әлеуметтік, құқықтық

сипаттары болады. Спорт пен туризмнің де қаржымен, заңмен байланысы

бар.

Газет, телерадио тілшілері кейде осы салалардың біріне ғана бейімделетін

болса, агенттік тілшісінде (штаттық бірлік тұрғысынан) ондай

| 141 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

мүмкіндік жоқ.

Жалпы жаңалықты тез берудің ақпарат агенттіктерінде қалыптасқан

екі жолы бар.

Бірі – қол компьютерін пайдалану арқылы интернетке тікелей қосылу,

екіншісі телефон (ұялы байланыс) арқылы дереу редакцияға баяндау.

Алайда біздің жағдаймызда үнемі ноутбук алып жүре алмайтындықтан

(іс сапарда болмаса, оған қажеттілік те аз), күнделікті ағымдағы ақпарат

агенттігі тілшісінің ең басты құралы – диктофон (кемінде екеу), қалам

және ұялы байланыс телефоны.

Өйткені теле, радио және газет журналистері оқиға болған жерден

алатын материалдарын алып, жаңалықтарды редакциясына барғасын

әзірлейтін болса, агенттік тілшісінің өйтуге моральдық құқығы жоқ. Ондай

болған күнде оның теле, радио және газет тілшілерінен айырмасы

жоқ болып қалады.

Ең бастысы – ақпарат кешігеді, ал кешіккен ақпараттың құны көк тиын да

болмайды. Сондықтан, телефонның маңызы агенттік тілшісі үшін диктофоннан

басым десек артық айтқандық емес. (Бірақ бұл жерде жағдайға,

ақпараттар легінің көптігіне байланысты негізгі жаңалықтарды телефонмен

хабарлап, қалғанын көп ұзатпай редакцияда жазуға болатынын ескеру

керек)

Мысалы, Үкіметтің отырысы өтіп, ондағы күн тәртібінде бірінші кезекте

Қазақстаннның экономикалық-әлеуметтік дамуының тоқсандық

қорытындысы қаралса, екінші кезекте оңтүстік өңірдегі электр

энергиясының тапшылығын азайту мәселелері талқыға салынды делік.

Сағат 10:00-де басталған мәжілісте әр мәселеге бір сағаттан уақыт

бөлініп, 12-ден аса аяқталсын. Теле арна мен радио журналистері

мұндайда түскі жаңалықтарына қысқаша хабар ғана беріп, толыққанды

материалдарын түстен кейінгі немесе кешкі қортынды жаңалықтарына

шығарса, ертең шығатын газет тілшісінде кеңінен көсіліп жазуға,

жазғанын тексеруге кемінде 5-6 сағат уақыт бар.

Сондықтан, агенттік тілшісі оқиғаның ең маңызды жаңалықтарын сол

жерден дереу телефон арқылы редакцияға, ондағы компьютерге теретін

терімшіге баяндай беруі керек. Ал тілшіден алынған жаңалықты

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 142 |

шығарушы редактор 10 минуттан асырмай көзбен сүзіп, интернеттегі

желіге салуы тиіс.

Ол үшін агенттік тілшісіне мәжілісті басынан аяғына дейін тыңдап отыру

міндетті емес. Бірінші мәселе туралы сөз болып жатқанда-ақ маңызды

деген жерлерін түртіп алып, жазып жатқан диктофонның орнына екіншісін

қойып, шығып кетуге болады.

Сосын өзі түртіп алған маңызды деген тұстарды диктофоннан қайыра

бір тыңдап, дерек пен дәйегін нақтылап алғасын, берілетін ақпараттың

нобайын қағазға түсіріп, ұялы байланыс телефоны арқылы дереу хабарлау

керек.

Мұндайда көп тілшілер ақпаратты бір сөзін қалдырмай, қағазға түсіргесін

барып, телефон арқылы жазғанын оқып беріп жатады. Ал кейбір кәнігі

тілшілер ақпараттың сұлбасын ойша құрастырып, оның кей тұстарын

ғана қағазға түсіреді де, телефон арқылы бірден баяндай береді.

Бұл жеделдік тұрғысынан әжептәуір уақыт ұтуға мүмкіндік береді. Сонда

соңғылары болмаса, алғашқы ақпараттар легі айтылған сәтінен кейінгі

20-30 минуттың ішінде таралып, халық немесе агенттік тұтынушылары

Үкімет мәжілісі бітпей жатып-ақ мәселеден хабардар болып жатады.

Байқап отырғанымыздай, мұндай жұмыста тілшіге ең бірінші –

сауаттылық, екінші – зеректік, үшінші – шапшаңдық қажет.

Сонымен бір мезгілде тілшіге қате жіберуге де үзілді-кесілді болмайды.

Теле‐, радио журналисі жаңалықтар сағатына дейін, ал газет тілшісі

нөмірге жөнелтілгенге дейін материалын бірнеше рет тексере алатын

болса, агенттік тілшісіне ондай уақыт берілмегендігін жоғарыда айттық.

Қате кетіп, оны журналистің өзі 10-15 минуттан кейін білсе, кеш болады.

Бұл уақыт аралығында жаңалық тарап кетіп, жалған дерек жалпақ

жұртты адастыруы әбден мүмкін. Ақпарат агенттігінің тілшісі қателесуге

болмайды деп отырғанымыз да содан.

Жалпы тілшінің сауаттылығы дегенімізде оның грамматикалық

қатеге ғана емес, саяси‐құқықтық жағынан, мемлекеттік мүдде мен

қарапайым әділдік, ар-ұждан мен ізгілік тұрғысынан алғандағы

ұстанымдарға қатысты қателіктерге де бой алдырмайтын жітілігі

меңзеліп отыр.

| 143 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

ТІЛШІ – АУДАРМАШЫ

Сауаттылық мәселесіне қатысты тағы бір қосарымыз – біздің

жағдайымыздағы (бүгінгі күннің) ақпарат агенттігінің қазақ тілшісіне

орыс тілін жақсы білу міндет. Ал ағылшын тілін білу артықтық етпейді.

Орыс тілін жақсы білмеген қазақ тілшісіне күн жоқ десек, өтірік

айтқандық емес. Өз елінде төл тіліміз төрге шыға алмай, еңсесі төмен

тұрғаны шындық. Оның басты себебі де мемлекеттік құрылымда тізгін

ұстағанның бәрі орысша сөйлеп, мәжілістердегі баяндамаларын орыс

тілінде жасайтындығымен байланысты.

Сондықтан, қазақ тілшісі (бұл барлық қазақ тілшілеріне тән жағдай) бір

жағынан аудармашылық қасиетке ие болуы тиіс. Бірақ мұнда да агенттік

тілшісінде асықпай аударуға уақыт жоқ. Баяндамашы орысша оқып

шыққан немесе айтқан мәтінді кәнігі ілеспе аудармашылар секілді бірден

қазақшаға аударуға тура келеді.

Былайша айтқанда, агенттік тілшісі орысша сайраған шенеунікті немесе

ақпарат берушіні туғаннан қазақша сөйлеген адамдай қылып аударуы керек.

Ал орыс тілінің құрылымы қазақшаға кереғар тізілетіндігін, орысша

сөйлемнің соңындағы сөздер қазақшаға аударғанда сөйлемнің басына

немесе ортасына шығатынын, кейде сөздің мағынасы ойнақыланып,

құйрығын ұстатпайтын дүдамал сипатта келетінін ескерсек, агенттік

тілшісінің мойнына жауапкершіліктің қандай салмағы түсетінін пайымдай

беруге болады.

Мықты аудармашының өзі тәржімалайтын мәтінді алдымен бір оқып

шығады. Күрделі, екі ұшты мағынасы бар сөздерді сөздіктен қарайды.

Агенттік тілшісінде оған уақыт жоқ. Өйткені, орыс тілді бақталас

агенттіктіктің тілшісі бұл кезде ақпаратын телефонмен хабарлап жатады.

Оған (орыс тілді тілшіге) қазаққа қарағанда оңай. Оларда, біріншіден,

ақпараттың ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қалыбы (формасы)

бар. Екіншіден, аудармаға уақыт құртпайды.

Мәжіліс пен мәслихатың да, мәден-рухани іс-шаралардың көпшілігі

де біздің елде орысша өтетінін жоғарыда айттық. Орыс тілді тілші

баяндамашының (ақпарат көзі) сөзінен қажетті тұсты ойып алады да,

ең негізгі сөйлемін ақпараттың бірінші жолына шығарып, ақпараттың

қалыбына салып құрады да, хабарлап шығады.

Ал қазақ тілшісіне «баяндамашы орысша сөйледі, аударуға уақыт ке-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 144 |

рек» деп созылып тұруға, ең бастысы бақталасынан (мейлі орыс тілді

болса да) қалуға болмайды. Өйтуге намысың да жібермеуі тиіс.

Сондықтан, қазақ тілшісі орысша айтылған ақпаратты өз сөзімен

қарапайым елге түсінікті етіп жазып, тігісін жатқыза баяндауға бейімделуі

керек. Орысша сөйлемді тікелей қазақшаға мағынасын бұзбай жылдам

аударуға машықтану қажет. Ал ақпараттан қасаң аударманың иісі

де сезілмеуі тиіс.

Өйткені, ақпарат агенттігінде қазір қолданылып жүрген ақпараттың

құрылымы орысша хабардың көшірме нұсқасына келіңкірейді. Бірақ

оны орыс нұсқасы дегеннен гөрі, әлемдік ақпарат агенттіктерінде

қалыптасқан жаңалықтың формасы деген әділірек.

Ал әлемдік агенттіктерде жаңалықтың басына мәйегін, яғни басты

оқиғаны шығарумен бірге, оны хабарлап тұрған агенттіктің атын да

ақпараттың басында беру заңдылыққа айналған. Мысалы «... об этом

сообщил Интерфакс-Қазақстан», ( ФрансПресс, ИТАР-ТАСС) деген

секілді. Әлем, жұрт жаңалықты бірінші болып кімнен естігенін біліп отыруы

тиіс. Осы заңдылықтан Қазақ ақпарат агенттігі де аттап өте алмай,

қазақ тілінің құрылымына онша үйлеспесе де, бірінші абзацтан кейін үтір

айырып, «-деп хабарлайды ҚазАқпарат», «Бұл туралы ҚазАқпаратқа хабарлады»

тіркестерін қолданып жүр.

Енді нақты мысалдарға жүгінейік.

«ҚазАқпарат» жаңалық немесе оқиға тың, маңызды болған жағдайда

дереу баян етілетін «қысқа хабар» амалын қолданады. Мұндай амалды

«ИнтерФакс-Қазақстан» агенттігі жиі пайдаланады. Аса маңызды,

тың жаңалықтарды ести салысымен аталған агенттік тілшілері оны

бір сөйлеммен ғана редакцияларына хабарлайды да, ол дереу сайтқа

шығады немесе электрондық поштамен тарап жатады. Оның артынша

5-10, 15 минуттың аралығында дәл сол жаңалық толығырақ беріледі.

Бұл тұрақты тұтынушыларды елең еткізу арқылы оқиғаның мән-жайын

да еріксіз сол агенттіктен күттіруге мәжбүрлейді. «Қазақстан today»

агенттігі де айтулы оқиғалар кезінде осы әдісті қолданып жатады. Ал

«ҚазАқпарат» агенттігі болса, бір сөйлемнен ғана тұратын мұндай жедел

жаңалықтарды сирек қолданады. Мұнда ол көбіне 2-3 сөйлем көлемінде

ғана болып, «не», «қашан», «қайда» деген сұраққа дәл, әрі нақты жауап

береді.

| 145 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

Мысалы:

Астана. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат/ -Үкімет алдағы тоқсанда

шалғай ауыл тұрғындарын кешенді медициналық тексеруден өткізу

туралы шешім қабылдады. Премьер-министр Даниал Ахметов бұл

туралы тамыздың 10-ы күнгі Үкімет отырысында мәлім етті, деп

хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, осы мақсатқа бюджеттен 1 миллиард

теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады.

ҚазАқпарат, Астана.

Жедел ақпараттың енді бір түрі бұдан гөрі толымдырақ, бірақ көлемі

шағындау келеді. (ескерту: төмендегі мысалдар агенттіктің сайтында

шығып кеткен, ескі жаңалықтар)

Қырғызстан Ыстықкөлдегі 4 демалыс нысанын Қазақстанның

меншігіне берді

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат/ - Қырғызстанның Ыстықкөл

аумағындағы курорттық демалыс нысандарына Қазақстанның меншік

құқығы танылатын болды. Тиісті Үкіметаралық келісімге бүгін

Қырғызстан Президентінің Қазақстанға ресми сапары кезіндегі

келіссөздер нәтижесінде қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Президенті

Н. Назарбаевтың мәлім еткеніндей, Қырғызстан тарапы

Ыстықкөлдегі 4 курортты-демалыс нысанын жөндеп,

қайта жаңғырту шартымен Қазақстанның меншігіне беріп

отыр. Енді қазақстандықтар бұл нысандарға инвестиция

салып, қайта жаңғырту жұмыстарына кірісетін болады.

Қырғыз Президенті Құрманбек Бакиевтың айтуынша, иелігіне алған

бұл нысандарды қазақстандық инвесторлар 3 немесе 4 жұлдызды демалыс

кешендері деңгейіне жеткізуі шарт.

ҚазАқпарат, Астана.

Ақпараттың тағы бір түрі сол күннің негізгі жаңалығына байланысты

пікірлердің төңірегінде жасалуы мүмкін. Мысалы «Асар» РСПның

«Отан» РСП-на қосылуы туралы жаңалыққа байланысты:

Д. Назарбаева: Партиялардың бір саяси күшке бірігуі уақыт талабынан

туып отыр

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат / - Партиялардың бір саяси күшке

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 146 |

бірігуі уақыт талабынан туып отыр. «Асар» РСП-ның төрайымы

Дариға Назарбаева бұл пікірін бүгін, шілденің 4-і күні Астанада

өтіп жатқан «Отан» РСП-ның кезектен тыс ІХ сьезінде

«Асар» партиясының «Отан» партиясына қосылуына байланысты

сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сьездің күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Асар» РСП-ның

«Отан» республикалық саяси партиясына қосылу туралы шешім

қабылдауына байланысты «Отан» партиясын қайта құру жөнінде

болды. Соған орай, осы мәселеге байланысты өз көзқарасын білдірген

Дариға Назарбаева бұл оқиғаны мәні мен маңызы жағынан

аса ауқымды тарихи оқиға деп бағалап, партиялардың бір саяси

күшке бірігуі уақыт талабынан туып отырғандығын айтты.

Оның айтуынша, бір партияға бірігу идеясының пісіп-жетілгеніне көп

уақыт болды. Аталған екі партия сайлау алдында бір коалицияға бірігу

арқылы елдің бірлігін сақтап қалды, ал олар қолдаған ортақ кандидат

сайлауда айқын жеңіске жетті. Бұл сайлау халықтың президенттік

партиялардан гөрі Президенттің өзіне ғана көп сенім артатынын

көрсетті. Мұндай сәйкессіздікті теңестіру керек. Жұртшылыққа

халық сеніп тапсырған жауапкершілікті толығымен сезіне алатын,

мықты біртұтас партия қажет. Жаңа партия - халықтың ерікжігерінің

партиясы болуы тиіс.

ҚазАқпара, Астана.

Мұндай ақпарат жаңалықтың мән-жайын ашып, себебін, неліктен

олай болғанына кеңірек орын береді.

Ақпарат агенттігінде қоғам мен мемлекет үшін елеулі оқиғалардан,

алқалы мәжілістерден жедел хабарлар берудің бір амалы – сондай

үлкен оқиғаларға кемінде екі тілшіні бірге жіберу. Өйткені, үлкен жиналыстарда

маңызы бір-бірінен артық болмаса, кем соқпайтын әр түрлі

мәселелер талқыға түсетіндіктен, жалғыз тілші оның бәріне үлгере алмайды.

Осындай жағдайда жаңалықтар тасқынын айтылған уағынан көп кешіктірмей

еңсеру үшін екі немесе үш тілшінің бөлісіп, бірлесе атқарғаны

тиімді. Мұны «Интерфакс-Қазақстан», «Қазақстан today» агенттіктері де

үнемі қолданады.

| 147 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

Осы жерде тоқтала кететін жәйт – тілші телефонмен хабарлаған

ақпаратты редакцияда қабылдау мәселесі. Мұнда да екі амал бар.

Бірі – тілші айтып тұрған хабарды диктофонға жазып алу да, екіншісі

– телефон арқылы айтып тұрған ақпаратты терімшінің бірден компьютерге

тергені.

Ақпарат диктофонға қабылданғасын, оны тағы қайталап тыңдап, компьютерге

басу керек болғандықтан, бұл амал екі жұмыс болып шығады

және уақытты да жоғалтады. Ең дұрысы – екінші амал. Мұның редакция

үшін қиын тұсы – байланыстың қымбатқа шығатыны ғана.

Алайда қазір ұялы байланыс нарығында да бәсеке басталып, арзан

сөйлесудің амалдарын ұсынып жатқан опероторлар да жеткілікті екенін

ескерсек, мұның да тиімді жолын табуға болады.

ОЙ‐ПІКІР

Жоғарыда айтылғандар қазақ тілді агенттік тілшісінің бойында болуы

тиіс кәсіби сапалық қасиеттер мен жаңалықтың құрылымына, оны жедел

берудің амалдарына қатысты жайттар. Ендігі мәселе ақпараттың

толыққандылығы туралы болмақ.

Мысалы, президенттің немесе бір қоғам қайраткерінің аузымен

экономикаға қатысты тың ұсыныс айтылды делік. Осыны агенттік тілшісі

ақпарат ретінде хабарлап қана қоймай, оған қатысты салалық мамандар

мен сарапшылардың да ой-пікірлерін сұрап біліп, кеңейтілген жаңалық

немесе комментарий-түсініктеме ретінде де материал жасауына болады.

Өйткені, тұтынушы үшін бастапқы жаңалыққа байланысты тиісті

мамандардың қандай көзқараста екенін білу де маңызды. Оған мысалды

ҚазАқпараттың www.inform.kz сайтының «өзекті пікір» айдарынан көруге

болады. ҚазАқпарат мұнда болған оқиғаларды қорытып, сарапшылар

мен мамандардың пікірлерін ортаға салатын көлемді талдамалық материалдарды

да жариялап отырады. «Қазақстан today» агенттігінің www.

gazeta.kz сайтында да осы секілді аналитикалық матералдарға арнайы

бөлім бар.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 148 |

ТАПСЫРМА №1

Енді тапсырмаға келейік. Агенттік тілшісіне басқа журналистер секілді

баспасөз мәлімдемелерімен де жиі жұмыс істеуге тура келеді. Ал

біздегі баспасөз мәлімдемелерде көбіне оқиғаға, жиналысқа қатысты

мәселенің құрғақ деректермен, сылдыр сөзбен өрнектелген үштен бір

бөлігі ғана беріледі.

Оның өзі көп жағдайда нені айтып тұрғаны белгісіз, шым-шытырық

стильдік, грамматикалық қателерге толы болады. Мұндай баспасөз

мәлімдемелерін өңдеу де бір өнер. Сондықтан, кез-келген редакцияның

табалдырығынан аттаған жас журналистке алғашқы тапсырмалардың

бірі сондай баспасөз мәлімдерді өңдету болады. Осы дәстүрден озбай

тапсырма ретінде біз де бір баспасөз мәлімдемесін ұсындық. Қысқа ғана

ақпарат жасап, жоғарыдағы мысалдармен салыстырып көріңіз.

Баспасөз мәлімдемесі

2008 жылдың 18-маусымында Астанада Қазақстан Республикасы

Үкіметінің төрағалық етуімен Ғарыш жөніндегі кеңес отырысы өтеді.

Онда Қазақстанның ғарыш саласын дамыту, оны қаржыландыру

мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, күн тәртібінде аталмыш саланы

басқаруды жетілдіру мәселелері де сөз болмақ.

Ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған

бағдарламасының орындалу барысында көптеген ағаттықтар мен

қателіктерге жол берілгенін білесіздер. Ол бюджетке де аз шығын

келітрген жоқ. Тиімді басқару және үйлестіру - өткен жылы наурыз

айының аяғында құрылған Ұлттық ғарыш агенттігінің маңызды

міндеттерінің бірі. Бүгінгі таңда бұрын ғарыш саласына жауапты

болған құрылымдар қызметінің жағымсыз салдарын жоюға және сала

мойнына жүктелген міндеттерді орындауға барынша күш салынуда.

Қазсат-1 жұмысы жайында

Маусымның 8-і күні, Астана уақытымен сағат 10:00-де бортындағы

сандық есептеу жүйесінің ақауына байланысты KazSat спутнигі

жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Жер серігінде штаттан

тыс жағдай қалыптасты. Қазіргі кезде «Ғарыштық байланыс»

мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері Қазақстанның республикалық

ғарыштық байланыс орталығындағы әріптестерімен бірге жер

| 149 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

серігінің жұмысын қалпына келтіруге, екіжақты ақпарат алмасуды

реттеуге талпыныс жасауда.

Спутникті жоғалтып алу қаупі де жоғары. Мамандардың пікірінше,

жер серігінде штаттан тыс жағдайдың қалыптасуының басты

себептерінің бірі - ұлттық жер серігіне база ретінде сынақтық

платформа таңдап алынғандығы болса керек. Кезінде оны таңдауға

отандық мамандар қатыстырылмаған. Ұлттық ғарыш агенттігі

ахуалды зерттеп, алдағы уақытта бұндай оқиғаларды болдырмау

шараларын пысықтауда.

Ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығын құру

туралы

Қазақстан үкіметі Ұлттық ғарыш агенттігі (ҰҒА) жанынан

Алматыдағы «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік

кәсіпорны базасында Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар

орталығын құру туралы шешім қабылдады. Ол Алматыдағы

республикалық «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік

кәсіпорнының базасында құрылмақ. Ұлттық ғарыштық зерттеулер

және технологиялар орталығын құрудағы мақсат – ғарыш саласында

жұмыс істейтін отандық ғалымдардың күшін біріктіру, ғылымизерттеу,

осы саладағы тәжірибелік-конструкторлық және өндірістікшаруашылық

жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары құрылғалы отырған Орталық

құрамына енгізілетін ғылыми-зерттеу институттарының

тағдырына алаңдаушылық білдірген болатын. Үкіметтің жуырдағы

шешімі негізінде бұл институттар «стратегиялық» нысандар

санатына жатқызылды. Сол арқылы оларды жеке меншікке айналдыру

немесе сатып жіберу мәселесіне нүкте қойылды. Институттардың

мәртебесі де өзгеріссіз қалады.

ТАПСЫРМА №2

Төмендегі ақпарат агенттігінің жаңалығын қайта өңдеп, ақпараттың ең

басына қай абзацты шығаруға болатынын ойланып көріңіз. Тақырыбын

да өзгертіңіз.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде алқа

мәжілісі өтті

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 150 |

АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат/ - Тамыздың 23-і күні ҚР Экономика

және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кезекті алқа мәжілісі

өтіп, онда үш мәселе қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілісте бірінші кезекте жергілікті бюджеттер мен Республикалық

бюджет қаражаттарының игерілу барысы қаралып, бірқатар

облыстардың өз бюджеттерін уақытылы игере алмай отырғандығы

сөз болды. Соған орай, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне нақты

тапсырмалар берілді.

Алқа мәжілісінде екінші кезекте қаралған мәселе – ағымдағы жылдың

екінші жартысынан бастап жүзеге асырыла бастайтын «топ жарар»

жобалар болды. Министрдің сөзінен мәлім болғанындай, мұндай

жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына Республика бюджетінен 3,5

миллиард теңге қаражат бөлінетін болады. Мәжілісте аталған ондай

жобалардың қатарында

Таразда салынатын әйнек шынылар шығаратын зауыт пен Астана

маңында салу жоспарланып отырған қоқысты жоғары технологиялық

өңдеу арқылы одан экологиялық таза құрылыс материалдары мен асфальт

жолдардың табанына төсейтін арнайы қоспалар жасайтын

шағын зауыт та бар.

Сөз басында тілшіні ақпарат агенттігінде ұстап тұратын бәсекеде озсам

деген жарыс пен намыс екенін айтқан едік. Әрине, екінші кезекте

ақша, еңбекақы мәселесі де тұратыны анық. Бірақ жазғанынан журналистке

тән рухани ләззат ала алмайтын жерде көп журналистер үшін

ақша да соншалық маңызды болмай қалады. Сол себепті де агенттікте

тілшілердің тұрақтап істеуі қиын. Осы айтқандардың бәрін біле тұрып,

ақпарат агенттігінде істеуге бел будың екен, жарыста намысты қолдан

бермеуге тиіссің! Жұмыс сонысымен қызықты!

Сәттілік тілеймін!

| 151 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БЛОГТАР

Марат Шибұтов

Кіріспе

Жалпы Интернетті дамытудың негізгі трендтерінің (заңдылықтарының)

бірі – Web 2.0 деп аталады. Бұнда сайтты арнайы мамандар (контентменеджерлер,

авторлар) емес, Интернетті пайдаланушылардың өздері

толықтырып отырады.

Миллиондаған роликтер шоғырланған, барлық қажетті ақпаратты табуға

мүмкіндік беретін Youtube және Rutube бейне-сервистерінің қол жеткізген

табыстары аталған үрдістің дұрыстығын дәлелдеп берсе керек. Бұл

үрдіс жақын келешекте Желіні дамытуға, сөйтіп, ақпараттық кеңістігін

дамытуға үлес қоспақ.

Естеріңізде болса, Станислав Лемнің «Непобедимый» романында

жер бетінің тұрғындары планеталардың бірінде ежелгі өркениет

машинасының қалдықтарын кездестіретін еді ғой. Ежелгі роботтар

қақтығысында күрделі машиналар қирап, қарапайым механизмдер ғана

аман қалды. Өйткені, олар қажет болған жағдайда күш біріктіріп, жеңіп

болмайтын жойқын күштерге де төтеп бере алды.

Осы мысал блоггерлерге арналғандай. Олар жеке өздері тұрғанда әлсіз,

бірақ біріккен кезде алапат күшке айналады. Сан сапаға ұласады. Орыс

тілді блог-сервистерге осындай қасиет тән. Екі миллионнан астам блоггер

(блогты жүргізуші) оқиға орнына ресми тілшілерден бұрын барып,

ақпаратты елден бұрын таратып отырады. Олар барлық салада, барлық

жерде жұмыс істеп машықтанған сарапшылар сияқты.

Қазақстандықтарға жақынырақ мысал келтірейін: Бішкектегі

«қызғалдақтар революциясы» туралы ақпаратты әлем жұртшылығы

Елена Скачилоның блогынан алып отырды. Ендеше, блогтардан еш

жерден, тіпті Интернеттен де табылмайтын қызықты дүниелерді табуға

болады.

Соңғы кезде біздің ҚазНет (негізінен Мегалайн-Хит тарифі пайда

болғаннан кейін) үлкен қарқынмен дамып келеді. Соған сәйкес блогтар

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 152 |

да, кез-келген адам пайдалана алатын осы ақпарат ортасының да асқан

жылдамдықпен алға ілгерілеуі мүмкін.

Бірақ біз орыстілді блоггер Рунетке тоқталғанымыз жөн шығар. Блоггер

ресейлік компанияларға тиесілі.

«Интернет және бизнес» конференцияясында жасалған баяндамаға

сәйкес, Ресейдегі интернет саласының беталысы мынадай:

• Рунетте 6,000,000 блог тіркелген

• Белсенді түрде жұмыс істейтін блогтар саны тұрақтанған

• Ай сайын 700 мың блог жаңартылып отырады

• Ресейлік фотохостингтерде 1 миллиардқа жуық сурет сақталған

• 2008 жылдың көктемінде әлеуметтік желілерді 45 млн адам

пайдаланған; ал, 2007 жылдың басында тұтынушылар саны

3 миллионға жуық қана болатын; яғни, әлеуметтік блогтарды

пайдаланушылар саны бір жылда 15 есе артқан

• Интернетті ұялы телефондар мен смартфондар арқылы пайдалану

мүмкіндігі артты

• Зерттеулердің қай-қайсысы да интернетті үйде отырып пайдалану

мүмкіндігінің артқанын дәлелдеп береді. Мәселен, 2001-2007

жылдар аралығында Интернетті үйде пайдаланушылар саны 9,5

есе, ал офисте қолдану тек қана 3,5 есеге артқан.

• Тұтынушылардың белсенділігі де тұрақты түрде өсуде. Бұл кең

жолақты интернетті үйде пайдалану мүмкіндігінің арттырылуы

мен пайдаланушылардың тәжірибе жинақтауы нәтижесінде мүмкін

болып отыр. Бұны барлық зерттеулер мен өлшемдер нәтижесі

дәлелдеп берді.

• GfK: күн сайын Интернетті 2001 жылы аудиторияның 14%-ы, 2006

жылы 25%-ы, 2007 жылы 37%-ы пайдаланған.

• LiveInternet сервисі:

o «қысқа» сессиялар үлесі 2,5 жылда 68%-дан 54 пайызға

төмендеген.

o тұтынушылардың 32%-ы күніне 100 хит жасайды (кук) – 2,5 жылда

15% артқан

• «Ондноклассники» мен «вКонтакте» сервистері аудиториясының

23%-ы әлеуметтік желінінің екеуін де пайдаланады.

• «Одноклассники» сервисін тұтынушылардың 63%-ы «вКонтакте»

дегеннің не екенін білмейді, ал «вКонтакте» желісінің 24%-ы

«Оподноклассникидің» не екенін білмейді.

Зерттеулерге сәйкес, Ресейде интернет-тұтынушыларының 27%-

ға жуығы блогтарды оқиды екен. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш

| 153 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

айтарлықтай төмен. Өйткені, блогтар онша беделді емес және Интернетке

деген қызығушылық аз.

БЛОГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Блог сөзі «сайттар туралы есеп» деген түсініктен (web-log) алынған сөз.

Бұл кері хронологиялық тәртіппен жазылған үздіксіз жазбалар лентасы

дегенді білдіреді. Оны бір пайдаланушы, яғни, блоггер жүргізіп отырады.

Белгілі бір блог-сервиске тіркелген блоггер тұтыну келісімшарты негізінде

жұмыс істейді.

Жазба лентасын жазу қиын емес: алдымен веб-пішін (редактор панелі

бар терезе), оған мәтін жазылып, сілтемелер, бейне-фотосуреттер салынады.

Кейін осының бәрі интернетке жарияланады. Блогты пайдаланушы

қалауына қарай әр жазбаның астына пікір жаза алады. Пікірді

бүркеншік атпен немесе өзге блоггерлердің атынан беруге болады.

Сонымен қатар әр блоггердің жеке френд-тізбегі болады. Бұл өзі

оқығысы келетін блоггерлер тізімі. Ол да кері хронологиялық тәртіппен

орналастырылады. Сол арқылы әрбір пайдаланушы өзін қызықтырған

топтамаларды оқи алады.

Көріп отырғандарыңыздай, блог жүргізудің қиындығы жоқ. Оның тиімді

жағы да бар. Өйткені:

1. Блогты жүргізу үшін компьютерді егжей-тегжейлі білудің қажеті жоқ

2. Ұсынылатын сервистердің басым көпшілігі тегін жұмыс істейді

3. Қазіргі блог-сервистер барлық саланы қамтиды. Одан Шумер тарихына

қызығатындардан бастап, «Ласковый Май» тобының фанаттарына

дейін өз іздегенін таба алады.

Қазіргі таңда орыс тілді блогтар өмірдің барлық мәселелерін талқылайтын

КСРО кезіндегі телеклубты еске түсіреді. Біздің заманымызда өз

көзқарасыңды әсіресе, саяси көзқарасыңды білдіру қиын. Ал, ондай

ойларды блогтарға емін-еркін түсіруге болады. Сондықтан, блогтарда

бүгінгі өмір шындығы түгел бейнеленеді десек те болады. Ендеше, блогтар

– барлық әлеуметтік топтар мен ағым өкілдерінің пікірлесу алаңы

болып табылады.

БЛОГ ТҮРЛЕРІ

Көптеген факторларға байланысты блогтар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Автор санына қарай

• Жекеше

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 154 |

• Топтық

2. Тегіне қарай

• Корпоративтік

• Жеке меншік

3. Орналасқан жеріне қарай

• Блог платформа

• Stand-alone блогы

БЛОГТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Блогтар бірінші кезекте жеке күнделік қызметін атқарады. Бірақ,

көптеген адамдар оны жеке пиар, саяси үгіт-насихат, хабарландыру

тақтасы, ғылыми пікірталас пен кәсіби кеңс алаңы ретінде пайдаланады.

Сондықтан оларды төмендегі санаттарға бөлуге болады:

1. Саяси

2. Пиар және жарнама

3. Кәсіби

4. Жалпы танымдық

5. Фотоблогтар

6. Әзіл-оспақтық блогтар

7. Жеке күнделіктер

Бірақ, бір ғана тақырыпты қозғайтын блогтар жоқтың қасы. Дегенмен әр

блогтың ұстанған негізгі бағыты болады.

Блогтардың атқаратын функциясы

Блогтар төмендегідей функцияларды атқарады:

1. Жеке күнделік

2. Әлеуметтік желі

3. Жеке бұқаралық ақпарат құралы

4. Пікір жинау мен сауалнама жүргізу алаңы

5. Мәліметтер жинауға арналған мұрағат

Блогтардың басым бөлігі осы функциялардың бәрін де атқара береді.

Кейде блоггердің қалауы бойынша белгілі бір тақырыпқа басымдық

берілуі де мүмкін.

Блог аудиториясы

Пайдаланушылар санының аздығы мен Қазнеттің дамымағандығы салдарынан

Қазақстандағы блоггерлердің денін жастар құрайды. Олар:

студенттер, орта буын менеджерлері, журналистер, жүйе әкімшілері

| 155 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

мен компьютер бағдарламашылары. Олардың арасында Александр Лебедев

пен Леонид Невзлин сынды миллиардерлер де, Никита Белых

сияқты саясаткерлер немесе Евгений Гришковец пен Сергей Лукьяненкодай

жазушылар да жоқ.

Бірақ, бір-екі жылдан кейін біз ресейдегі жағдайға теңелеміз деп ойлаймын.

Қазір бізде «LiveJournal» желісінде (LiveJournal.com) 100 000

адамға шаққанда 30 блогтан келеді, ал Ресейде 300-ден асады. ММУ-нің

ақпараттық-сараптамалық орталығы жүргізген зерттеулерге сәйкес, ресейлік

сарапшылардың көбі біздегі оқиғаларға қатысты шынайы ақпарат

алу үшін қазақстандықтардың интернеттегі жеке күнделіктерін пайдаланады

екен. Бұл оларға болып жатқан оқиғаларға қатысты қызықты

мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Негізгі түсініктер

Пост – блогқа жазу

Блоггер – блогты жүргізетін адам

Френд – сіздің оқу үшін жазылған блоггеріңіз

Блог-сервис немесе блог-платформа - блогтар орналастырылатын

сайт.

БЛОГТАРДЫҢ ӘЛЕМГЕ ТАРАЛУЫ

Қазіргі кезде әлемде түрлі тілдерде шығатын және түрлі блог-сервистерге

орналасқан ондаған, тіпті жүздеген миллион блог бар.

Танымал Facebook (Александр Москалюк, Facebook, Inc) әлеуметтік

желісінен мысал келтірейік:

• 67 миллион адам белсенді түрде пайдаланады (соңғы 30 жылдағы

белсенді логиндер)

• Сайтта 55 мыңға жуық желі бар (жоғарғы оқу орындары, компаниялар,

аймақтар)

• Пайдаланушылардың 45%-ы күн сайын сайтқа оралып отырады

(орташа сессия 25 минутқа созылады)

• Пайдаланушылар назарына айына 65 млрд. бет ұсынылады

• Әлемдегі ең көп пайдаланылатын 5-ші сайт (ComScore)

• Пайдаланылуы жағынан әлемде 2-ші орынды иеленетін әлеуметтік

сайт

• Пайдаланылуы жағынан 1-ші орынды иеленетін фото-сайт

• Күн сайын 14 миллион жаңа сурет беріледі

• Трафик жағынан ол № 1 сайт

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 156 |

• 20,000 қосымшасы бар

• Пайдаланушылардың 95%-ы кем дегенде бір қосымшаны пайдаланып

көрген

Рунеттегі блогтардың таралуы және пайдаланылу деңгейі

Ең танымал блог-хостингтердің ішінде (50 мың блог) мыналарды бөліп

айтуға болады: LiveJournal.com, Liveinternet.ru, Blogs.Mail.ru және Diary.ru,

Қазіргі таңда LiveJournal.com блогы көп пайдаланылады, оны ай сайын

8 млн адам пайдаланады. Бұл тұтынушылар құрамының ересектігі мен

интеллектуалдық біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар LiveJournalда

Александр Лебедев, Михаил Прохоров, Сергей Полонский және Евгений

Чичваркин сынды танымал бизнесмендердің блогтары бар.

Төменде 2007 жылы түрлі блог-сервистерге кірушілер мен посттар

жөніндегі негізгі мағлұматтар берілген.

| 157 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЛОГТАР

Қазіргі кезде Қазақстанда бірнеше блог-сервис бар. Олар:

1. Livejournal.com – орыстілді блог, SUP компаниясы қызмет көрсетеді.

Қазақстандағы юзерлерінің (пайдаланушылар) саны 6 мыңға жуық.

2. Liveinternet.ru (ЛиРу) – LiveJournal.com желісінің ресейлік баламасы.

Немесе оның жасөспірімдерге арналған нұсқасы деуге болады.

Қазақстанцда кем дегенде 4000-6000 адам пайдаланады.

3. Мэйл.Ру блогтары – бұны аталған пошта сервисін

пайдаланатындардың бәрі пайдалана алады және кейбіреулер оны

пайдаланып та жүр.

4. Neweurasia жобасы – бұл Орталық Азия елдерінде блог саласын

дамыту жөніндегі үкіметтік емес ұйымның жобасы, WorldPress платформасы

негізінде құрылған. Блоггерлердің жазбаларына қоса,

оның ағылшын тіліндегі аудармалары мен сайт қызметкерлері тарапынан

жасалған шолулар да болады.

5. Тәуелсіз жеке сайттар (мәселен, Александр Ляховтың «Блог Дяди

Шала» деп аталатын жеке сайты мен Ерлан Асқарбековтің «Первый

блог Казахстана, казахи о казахах» деп аталатын блогы бар)

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 158 |

6. Zonakz.net-тегі блоктар – аталған сайтқа тіркелген

пайдаланушыларға арнап жақында ғана ашылған; онда сілтемелермен

бірге мәтіндік хабарламалар беріледі, оған қатысты жазылған

пікірлерді сайт әкімшілері алдын-ала тексеріп, іріктеп отырады; пайдаланушылар

саны 200-300-ге жуық, бірақ күн санап артып келеді.

7. «Центр Тяжести» сайтындағы блогтар – форум қатысушыларына

арналады. Пайдаланушылар саны 300-500 шамасында, бұл да өсу

үстінде.

Соңғы екеуі негізінен аталған сайттарға пайдаланушылардың

қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар мүмкіндіктерінің

шектеулілігі мен блоггер санының аздығына байланысты маңызы

жағынан нашар. Қазір блог-сервистер саны 74-ке жетті (http://blogs.

yandex.ru/services/ ).

Қазіргі кезде Livejournal.com. желісі бұрынғы КСРО кеңістігіндегі мемлекеттердегі

сияқты Қазақстанда да жетекші блог-сервис болып табылады.

Бұның бәрі орыс тілді блогтарға арналған. Асхат Еркінбайдың

мәліметтері бойынша, қазақ тілді блогтарға қатысты жағдай төмендегіше

қалыптасқан:

• wordpress.com – 33

• blogspot.com – 29

• livejournal – 3

• blog.ru – 1

• жеке домен – 9.

Блогтардың құқықтық мәртебесі

Қазіргі кезде блогтардың мәртебесі нақтыланбаған. Олар кәдімгі

интернет-сайттар болып табылады. Ендеше, заңның нақты еместігі

салдарынан бұқаралық ақпарат құралы болып есептеледі. Сондықтан

пайдаланушы пост немесе блогта білдірген пікірі үшін байланысты

сотқа тартылуы да мүмкін. Бұған Ресейде, Қазақстанда болған оқиғалар

айқын дәлел бола алады.

Журналистерге блогтың не керегі бар?

Төменде журналистің өз блогын пайдалану жолдары келтірілді.

| 159 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

Блог журналист үшін өзіндік «жазу кітапшасы» қызметін атқарады. Оған

ойларыңды, қызықтырған фактілер мен мақалаларды орналастыруға

болады. Талқылаудан кейін толыққанды материал немесе мақалалар

циклін жазып шығуға болады. Еңбек жолын енді бастаған журналистер

одан жазу тәсілдерін үйреніп, оқырмандар бағасын алады.

Сонымен қатар, блогты жүргізетін танымал кісілерге сұрақ қойып, жауап

ала аласыз. Блогтан қажетті ақпаратты алуға да болады. Livejournalдағы

танымал адамдар тізімі http://www.livejournal.ru/celebrities сайтында

көрсетілген.

Блог – мақаланы бағалау алаңы

Блогтарға мақалалар мен сілтемелерді орналастыруға болады. Көптеген

сайттарда соған арналған арнайы пішіндер де бар: «Известия», «Ведомости»,

«Коммерсант», ал Қазақстанда – «Газета.кз».

Бұл қазақстандық сайттар үшін өте тиімді. Сол арқылы белгілі бір

мақаланы ашып оқушылар саны өсіп, автор-журналистің беделі артады.

Мақаланы талдау БАҚ сайттарына қарағанда блогтарда шынайы

көрініс табады. Өйткені, БАҚ сайттарында модераторлар жұмыс істейді.

Сондықтан блогтарда мақалаға барынша шынайы баға беріледі.

ЖАРНАМА ЖӘНЕ PR

Бүгінде интернет жарнама орналастыруға барынша қолайлы ортаға

айналуда. Ресейдің коммуникациялық агенттіктер қауымдастығы берген

мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде жалпы жарнама бюджетінің 2

пайызын интернет-жарнама құрайды. Яғни, бұл сала жылына 1 миллиард

доллар табыс әкеледі екен. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, 2012

жылы интернет-жарнама үлесі үш есе артып, 6%-ға жетпек.

Блог саласы Интернеттегі аса үлкен қарқынмен дамып келе жатқан

сектор болғандықтан, жарнама берушілер оған ерекше назар аударуда.

Блогтарға жарнаманы сервис иелері орналастырып отырады. Бірақ,

пайдаланушылардың жарнамасын орналастыратын сервистер де

баршылық.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 160 |

Блог-сервистерде жасырын жарнама (ақы төленген посттар) және вирусты

жарнама деген болады. Блогтардағы вирусты жарнамаға Тимур

Бекмамбетов түсірген «Погром в офисе» деп аталатын ролик мысал

бола алады.

Бірақ, өте танымал блоггерлер ғана жарнамадан ақша таба алады.

Блог бойынша материал іздеу

Негізінде Google сайтының іздеу жүйесі жақсы дамыған. Бірақ блогтарда

Яндекстің көмегіне жүгінген дұрыс. Онда таяуда орыс тілді блог саласы

туралы толық мағлұмат алуға болатын арнайы сервис ашылды.

Қазіргі кезде орыс тілді блогтардың 5 миллионға жуығы Яндекс тарапынан

индекстеліп отырады. Мәліметтерді http://blogs.yandex.ru/ сайтынан

іздеуге болады.

Егер жазбалар жасырын түрде жүргізілетін болса, оның толық мәтінін

Яндекс кэшінен табуға болады. Ол үшін «мәтінді толық көрсету» деген

сілтемені бассаңыз жеткілікті.

Сондай-ақ белгілі бір блоггердің барлық комментарилерін де тауып оқи

аласыз. Ол үшін http://blogs.yandex.ru/advanced.xml?ft=comments адресінен

табуға болады.

Блогтарды журналистік зерттеулерге пайдалану

Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елдімекендердің бәрінде блоггер

бар. Сондықтан аталған блогтарда куәгердің ақпарын немесе белгілі

бір оқиғаға қатысты фотоматериалдарды табуға болады. Бұл эксклюзивті

репортаж жасауға мүмкіндік береді. Әрине, материалды ұрлап

алуға болмайды, алдымен блог авторымен келісіп алған жөн.

Сонымен қатар блогтардан белгілі бір оқиға-құбылысқа қатысты қызықты

мағлұмат алуға болады. Ол келешекте пайдаға асады.

Блогтар – әлеуметтік көңіл-күй көрсеткіші

Блоггерлердің негізгі бөлігін не қызықтыратынын блог-сферадағы

тақырыптар мен сауалдарды сараптау арқылы біле аласыз.

Бұл мәліметтерді Яндекстен алуға болады:

1. Жазбалар - танымал тақырыптар (http://blogs.yandex.ru/entries/ )

| 161 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

2. Сауалдар – блогтан ізделетін мәселелер (http://blogs.yandex.ru/

rating/requests/ )

3. «Пульс блогосферы» - блоггерлердің белгілі бір мәселеге назар

аудару жиілігін есепке алу құралы. Пульс сөздер мен сөз тіркестерінің

қайталану кестесін құруға мүмкіндік береді. Оны http://blogs.yandex.ru/

pulse/ адресінен табуға болады.

Сонымен қатар сіз өз блогыңыз бен қоғамдастықтар арқылы сауалнама

жүргізе аласыз.

Livejournal-дағы танымал тақырыптарды мына жерден табуға болады:

http://www.livejournal.ru/themes

Журналист әлеуметтік желілерді қалай пайдалана алады

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар өздерінің шын аты-жөнін толық

көрсетеді. Оның блогтардан айырмашылығы да осында. Сондықтан,

әлеуметтік желілерді ақпарат жинау, сауалнама жүргізу, куәлерді іздеу

және зерттеу жүргізу үшін пайдалануға болады. Ендеше, оны қорықпай

пайдалана беріңіз.

Әлеуметтік желілерге Одноклассники, Вконтакте, МойМир, Facebook

сайттары жатады.

Блогтар – әлеуметтік-мәдени феномен

Блогтардың өздері де қызықты зерттеу нысаны бола алады. Тіпті, өзге

тақырып болмаса да ондағы субмәдениеттің қалай қалыптасқанын зерттеп

көрсеңіз болады.

Аталған субмәдениетті зерттеу үшін ең қолайлы ресурс «Луркоморье»

(http://lurkmore.ru) сайты. Посттардағы мәліметтер түсініксіз болған

жағдайда оны анықтамалық ретінде пайдалануға болады.

БЛОГ ЖАСАУ

Мен бұл бөлімде жұмысын енді ғана бастап келе жатқан журналистблоггерлерге

кеңес беруге тырысып көремін. Естеріңізде болсын, бұл

орындалуы тиіс бұйрық емес, кеңес қана.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 162 |

Блог биресми жұмыс істейді. Сондықтан сіз бен сіздің

шығармашылығыңызға қатысты сыни, жағымсыз пікірлер айтылып

қалуы заңды. Оны көңілге алудың қажеті жоқ.

Кез-келген блог-сервисті таңдап алуға болады, бірақ мен журналистерге

Livejournal.com. желісін пайдалануды кеңес етер едім.

Блогтың мазмұны

Қазіргі заманғы техникалық блогтар мәтіндерді ғана емес, интернетке

дыбыстық файлдар мен бейне жазбаларды да да орналастыруға

мүмкіндік береді.

Бірақ, блогтың мазмұны қандай болатынын пайдаланушының өзі

таңдайды (дәстүрлі БАҚ-нан артықшылығы да осы – алда сені не күтіп

тұрғанын білу мүмкін емес). Мен осы жерде журналистерге бірнеше

кеңес берер едім:

1. Өз мақалаларыңа сілтеме жасау – сіздің жұмысыңызды бағалауға,

оны талқылаушылар мен оқушылар санының артуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сіздің блогыңыз жұмыс берушілер үшін дайын портфолио

(маманның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беретін қоржын) қызметін

атқарады.

2. Жеке басыңыз бен отбасылық өміріңізге қатысты жазбаларды құпия

ұстаған дұрыс. Мүмкін сіз «ақпараттық соғысқа» қатысарсыз немесе

экран жұлдызы атанып қаларсыз. Сол кезде оның бәрі сіздің бетіңізге

шіркеу болуы мүмкін.

Френд-тізбекті қалыптастыру

Френд-тізбекті қалыптастыру сіздің жеке шаруаңыз. Френд қатарына

қалаған адамыңызды қосыңыз. Бірақ, кәсіби тұрғыдан алғанда, френдтізбекте

жүздеген қарапайым пайдаланушыдан гөрі, түрлі салалардағы

сарапшылар, өзге басылымдардың журналистері мен редакторларының

болғаны тиімдірек.

Сонымен қатар тәжірибесін енді ғана бастаған жас журналистердің

жұмыс табу мүмкіндігі артады. Әрине, егер сіз нашар жазатын болсаңыз

сізге бұның пайдасы тие қоймас.

Сонымен қатар френдтер қажет кезінде кеңес беріп, сізге тақырып табуға

көмектеседі. Қашанда саннан гөрі сапаның артық екенін ұмытпаңыз.

| 163 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

Қоғамдастықтар

Атқаратын функциясына қарай қоғамдастықтарды бірнеше санатқа

бөлуге болады:

1. Кәсіби

2. Пайдалы

3. Хоббилік

Журналистер үшін бірінші санатты журналистер қоғамдастығы (журналистер,

папарацциялар, пиар және т.б.), екіншісін – тақырыптық

қоғамдастықтар (саясат, экономика, қала жаңалықтары және т.б.)

құрайды. Ал, үшіншісінің тізімі жеке әуестік негізінде құрылады.

Қоғамдастықтарда заңнамаға, ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ақылкеңес

беруді өтінуге болады. Қоғамдастықты сауатты пайдалана білетін

журналистің жұмысы біршама жеңілдейді.

Блогтарды жүргізу ережелері

Блогты жүргізу тәртібін әдетте блоггерлердің өздері жасап алады. Дегенмен,

мен біршама пайдалы кеңестер бергім келеді:

1. Мәтіндерді, фотосуреттер мен сілтемелерді үнемі көшіріп басу

оқырмандарды мезі етеді. Олар бұны өздері де іздеп таба алады,

сондықтан өз бетіңізше ізденіп, соны материал беруге тырысыңыз.

2. Егер жазуға зауқыңыз соқпаса жазбай-ақ қойыңыз. 10 нашар пост

жазғанша 3 жақсы пост берген дұрыс.

3. Егер посттағы мәтін ұзақ немесе фотосурет көп болса, оның жартысын

жасырып тұратын арнайы функцияларды пайдаланыңыз.

4. Блогыңыздың дизайнына мұқият болыңыз. Мәселен кей түстер

көзге кері әсер етеді.

5. Сұрыптау мен материал іздегенде белгі қойып отырыңыз.

6. Егер біреу жазған постты көшіріп алған болсаңыз, оған міндетті

түрде сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

7. Біреуге ұрысып немесе біреуді мақтамас бұрын оның қандай блоггер

екенін анықтап алыңыз. Әйтпесе, түсінбестік туындауы мүмкін.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 164 |

8. Жарнама берудің қажеті жоқ. Ол дәстүрлі ақпарат құралдарында да

жетіп жатыр.

9. Бір нәрсе туралы жазбас бұрын ақпаратты тексеріп алыңыз. Немесе

оның онша сенімді еместігін айта кетіңіз.

Жалпы, блог-сферада өзіңді биязы ұстаған жөн. Онда атыңның

құпиялығына, жазадан құтылып кетуге болады деп үміттенудің қажеті

жоқ. Интернетте жазылғанның бәрі сақталып қалады.

ТАПСЫРМАЛАР

1. Жеке блогтары бар танымал журналистерді табу.

2. Журналистердің барынша танымал қоғамдастықтарын табу.

3. «Пульс Благосферы» бойынша іздеу – фильмдердің, саясаткерлердің,

мемлекеттер мен қалаларды салыстыру.

4. Блогтар мен пікірлер бойынша іздеу – кез-келген тақырыпты таңдап

алыңыз.

5. Кез-келген сервистен жеке блог ашып алыңыз.

| 165 | ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

БИЗНЕС ЖУРНАЛИСТИКА

Гүлнәр Мұқанова

Экономика тақырыбын жазу үшін бұл саладан азды-кем хабарыңың

болғаны дұрыс. Мүмкіндігіңіз болса, экономикалық білім алуға,

ия болмаса, әртүрлі семинарларға қатысқаныңыз жөн. Ең

құрығанда, мамандандырылған басылымдар оқып, осы саланың

сарапшыларымен жиі пікірлес болуға тырысыңыз.

Сонымен, экономика тақырыбында жазу үшін ең алдымен ақпараттық

дайындығың мол болсын.

Мәселен, республикалық бюджет жайлы мақала жазғың келсе, бюджетті

қабылдап қойғаннан кейін «Қабылданды. Шығыс бөлігі мынанша соманы,

кіріс бөлігі мынанша соманы құрады» деп құрғақ ақпарат бергеннен гөрі,

осы процестің басынан бастап қадағалап жүргенің абзал.

Әдетте бұл мәселемен айналысатын бюджеттік комиссия келер жылдың

бюджетін қабылдау жайлы жұмысын жаз кезінде-ақ бастап жібереді. Бұл

кезде қарапайым қазақстандықтар түгілі, бюджет заңын қабылдайтын

парламент депутаттарының өздері демалыста жүреді. Ал журналистер

бюджет қабылдап қойғаннан кейін ғана жалаң ақпарат береді.

Сен бюджет жобасын кімнің әзірлейтіндігінен кімнің атқарып, оның

атқарылуын кімнің бақылайтындығына дейін білуің тиіс. Жергілікті

бюджетке қандай түсім, республикалық бюджетке нендей түсім

түсетіндігін біл.

Мәселен, Қазақстанның мемлекеттік бюджеті мынадай үш салаға

бөлінеді:

‐ Республикалық бюджет

‐ Төтенше бюджет

‐ Ұлттық Қор;

Ұлттық Қорды да мемлекеттік бюджеттің құрамына енгіземіз,

республикалық бюджет емес, мемлекеттік бюджет құрамына... Ұлттық

қор қаржыны сақтаушы немесе жинақтаушы және тұрақтандырушы

функцияларын атқарады.

| 167 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Ұлттық қор, корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы, үстеме

құн салығы, роялти мен бонустан тұрады.

Республикалық бюджеттің қай сценарийге сай қабылданғалы жатқанынан

құлағың түрік болсын. Ең болмаса, алғышарттарын білгенің дұрыс.

Біздің еліміздің шикізат экспортына тәуелді ел екенін ескерсек, бюджет

3 сценарийге сай әзірленеді:

1. Мұнай бағасының қымбат болуына байланысты,

2. Aрзан болуына байланысты,

3. Қалыпты болуына байланысты;

Қарапайым оқырман немесе экономика саласына бейімделмеген журналист,

бұл ақпаратты білмеуі мүмкін. Бірақ, сенің білгенің абзал. Осы сценарийлерге

қарап-ақ, үкіметтің ел экономикасына келер жылы жасаған

стратегиясынан хабардар болып отырасың.

Облыстардың қайсысының республикалық бюджетке донор, қайсысының

орталық қазынадан дотация алатынын білгенің тиіс. Республикалық бюджет

негізінен салық түсімінен құралады. Сен қай ұлттық компанияның,

ия болмаса шетелдік компанияның қанша салық төлейтіндігі жөнінде де

ақпарат жинауға тырыс. Әр компания өз бухгалтерлік есебін жариялап

тұрады. Сол есепті қадағалап отырсаң, өзіңе жақсы. Көз алдыңда сол

компания жайлы картина елестейтін болады.

Ақпараттық дайындыққа әрине, ақпаратты жинау арқылы қол жеткізесің.

Ресми ақпаратты министрліктер, республикалық ведомстволардан

аласың. Бюджеттің қабылдануы жайлы мақалаң үшін бұған дейінгі тенденцияны

көргің келсе, Есеп, Салық комитетінің жарияланған есептерін

қадағалап жүр. Біраз ақпарат аласың.

Бірақ, тек ресми ақпаратпен шектелмеу керек, сұхбатқа дәл сенің

мақалаңдағы тақырыпқа тікелей қатысы бар тәуелсіз сарапшыларды

тарту арқылы, мақалаңда тепе-теңдік принципін ұстана аласың.

Баланс немесе тепе теңдік принципі дегеніміз — бір мәселеге

қатысты, ақтау не даттау пікірлерін қатар беріп, айтыстырып қою емес.

Бізде баланс жасау дегеннің мағынасын дәл қалпында түсінеді. Оны

көтерілген мәселеге қатысы бар сарапшылардың бірін бірі толықтырып

тұруы, назарға ілікпей қалған жерлеріне көңіл аударуы деп түсінгеніміз

абзал.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 168 |

Ондай сарапшыларды үкіметтік емес ұйымдардан, арнайы мамандан-дырылған

зерттеу институттарынан таба аласың. Егер, жергілікті

мамандардың айтқаны жеткіліксіз болса, Дүниежүзілік Банк

пен Валюталық Қордың осындағы өкілдіктерінен ия болмаса,

инвесторлардың Қазақстандағы қауымдастықтарынан әлемдік тәжірбие

бойынша мысал ала аласың.

Елдегі ведомстволардың баспасөз қызметіне сілтеп, баспасөз қызметінің

шапшаң қимылдамайтын мысалдарын жиі кездестіруге болады. Шетелдік

институттар ашық болуға тырысады. Тек сауалдарыңды жалпылама

емес, нақты етіп қоюға тырыс.

Банк саласында мақала жазатын болсаң, бұл саладағы монополистерден

немесе олардың өз терминдерімен айтар болсақ, «жүйе құраушы»

банктер жайлы ақпаратың толық болсын. Қай банктің жарғылық қоры

қанша, активтері қаншаға бағаланады, құрылтайшылары қандай,

т.б ақпарат бұл банктің құрылымы жайлы толық хабардар болуыңа

көмектеседі.

Шикізат саласында мақала жазатын болсаң, шикізаттың қай жылы қанша

өндірілгені, тенденцияның қандай екені, негізгі ойыншылар, ондағы сауда

келісімдері жөнінде алдын ала ақпаратың болғаны жөн. Мәселен,

бізде бір монополист компанияның құрамында 30-дан 50-ге дейін компаниялар

құрылатын мысалдар бар.

Егер компанияның құрылымын толық білуге мүмкіндігің болмаса, қор

биржаларының сайттарынан ақпарат таба аласың. IPO-ға шыққан немесе,

өз акцияларын қор биржасына орналастырған компаниялар қоғамға

барынша ашық ақпарат таратуға тырысады.

Сен экономика саласында жазатын журналист болғандықтан, бір

компанияның екіншісін сатып алуы немесе акцияларының қомақты

пайызын келесі бір компанияға, бәлкім, шетелдік компанияға сататын

сауда келісімдерін күнбе күн болмаса да, жиі естисің. Өйткені,

экономикадағағы заңдылық: сұраныс пен ұсыныстың түзілуінен сауда

келісімдері болады.

Егер де сен, елдегі әлдебір банк немесе ірі компания өз акциясын шетелдік

инвесторға сатуға шешім қабылдаса, мақалаңда «Сатылып кетті.

Шетелдіктердің қолында кетті. Қап, дұрыс болмады» деп байбалам

салғаннан, оқырманыңа жеткілікті ақпарат бере алмайсың. Мақалаң

Кім, Не, Қайда, Қашан деген сауалдарыңнан Неге және Қалай деген‐

| 169 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ге көбірек көңіл бөлсе, оқырманың да көбірек ақпарат алады.

Болмаған нәрсеге алдын ала тон пішіп, болжам жасама. Мәселен, «белгілі

бір банк банкрот болайын деп жатыр екен...» деп ұзынқұлаққа салып,

ақпарат таратсаң, ертеңгі күні ол банк салымшысыз қалуы мүмкін.

Корпоративті клиенттерінен бастап, жеке салымшыларына дейін айырылып

қалатын банк, сіздің долбарыңызда айтылғандай-ақ, шынымен

банкрот болуы мүмкін. Міне, бұл сөз құдіреті немесе лаулап тұрған отпен

ойнаумен тең нәрсе. Сондықтан, да журналист ешуақытта да өз ойын

таңбауы тиіс. Өзі берген ақпараттың адресатын көрсетуге міндетті.

Мәселен, белгілі бір компания белгілі бір инвесторға сатылды делік.

Сенің негізгі сауалдарың қалай болуы мүмкін? Әрине, сауданың қаншаға

баланғаны негізгі сауалың болса, онан кейінгі кезекте міндетті түрде сол

компанияда жұмыс істейтін қызметкерлердің жағдайының қалай болатыны

жайлы сұрауды ұмытпа!

Бәлкім, жаңадан келген инвестор жұмысшылардың санын көбейткісі

келетін шығар?! Сен қоғамның хабаршысысың. Бәлкім, сенің мақалаң

әлдебір маман иесінің сол компаниядан жұмыс табуына көмектесер.

Ақпарат – шешім қабылдауға әсер ететін күш. Ия болмаса, жаңадан келген

қожайындар қызметкерлер санын қысқарту ойында бар шығар.

Бірақ, журналистердің ол жайлы сауал қоймауына байланысты, тырс

еткен ақпарат шықпай, жұмысшылар өздерінің жұмыстан қысқарғанын,

ең соңғы күні-ақ естуі мүмкін. Ал егер сен ол жайлы ақпаратты алдын

ала таратқаныңда, жұмысшылардың балама жолды ертерек іздеуіне

мүмкіндік бересің. Уақыттың аса маңызды фактор ия болмаса ақшаға

пара пар екенін ұмытпа.

Экономика тақырыбында жазатын қазақтілді ия болмаса, орыстілді

журналистерден байқалатын тенденция – өзіндік пікірді, болжамды былай

қойғанда, мақаласында кез келген саудаға мемлекеттің араласуын

қалап тұруы. Сол арқылы, оқырманын да өзі секілді ойлауға үйретеді.

Нарықтық экономикаға көшкен мемлекетте үкіметтің, бизнестің ісіне

араласуына болмайды.

Мемлекет компанияларды тек ғана заң шеңберінде қадағалай алады.

Бірақ, ішкі ісіне араласып, бұйрық беруге еш хақысы жоқ. Бұл жөнінде,

экономикалық салаға маманданған журналист ретінде сенің хабардар

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 170 |

болуың тиіс. Өйткені, сен қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етушісің. Сен

қоғамды белгілі бір жолға өз ойыңа сай бағыттаушы емессің.

Кез келген экономикалық тақырып туралы мақала жазарда, өзіңнен

артық білетін сарапшыларды жағала. Ал сарапшылардан өзің түсінбеген

нәрсені сұрап алудан еш қысылымаңыз. Терминдер жайлы дұрыс

білмесеңіз, әрине, оны экономикалық сөздіктен қарағаныңыз абзал. Ал

егер таппаған күннің өзінде сарапшылардан сұрап алыңыз.

Мәселен, рейтинг агенттіктерікомпанияларды бағалап жатады.

Ал Қазақстан журналистері ондай ақпараттарында жәй ғана, «А рейтингінен

В рейтингіне түсірді, негативті шкаласынан позитивты шкаласына

көтерді» деп жалаң ақпарат бере салады. Бұл ақпараттан көрермен

ешқандай ой түе алмайды. Сондықтан, рейтингтердің классификациясын

түсігдіруге тырыс.

Мәселен, Standard&Poor’s рейтинг агенттігі рейтингтерді былайша

бөліп қарастырады:

Рейтинг

ААА

АА

А

ВВВ

ВВ

В

CCC

СС

С

SD

D

Мағынасы

Ең жоғарғы рейтинг. Компания өз міндетін, ия болмаса, қарызын

уақтылы төлеп отыруға толықтай мүмкіндігі бар.

Компания өз міндетін, ия болмаса, қарызын уақтылы төлеп отыруға

мүмкіндігі бар.

Компания өз міндетін, ия болмаса, қарызын уақтылы төлеп

отыратындай жағдайда, бірақ, коммерциялық, қаржы, жалпы,

экономикадағы әртүрлі жағымсыз өзгерістердің әсерін сезінеді.

Компания өз міндетін, ия болмаса, қарызын уақтылы төлеп

отыратындай жағдайы бар, бірақ, коммерциялық, қаржы, жалпы,

экономикадағы әртүрлі жағымсыз өзгерістердің әсерін тез сезінеді.

Жақын арада еш қауіпті сезіне қоймас. Бірақ, бірақ, коммерциялық,

қаржы, жалпы, экономикадағы әртүрлі жағымсыз өзгерістердің әсерін

өте тез сезінеді.

Коммерциялық, қаржы, жалпы, экономикадағы әртүрлі жағымсыз

өзгерістер тамырын байлап тастауы мүмкін, бірақ, дәл бүгінгі күні өзінің

қарыз өтеу міндетін уақтылы атқара алады.

Өзінің борышкерлік міндетін дүрыс атқара алмауы әбден мүмкін.

Өзінің борышкерлік міндетін атқара алмайды.

Бұл топтағы компанияны банкрот деп табу жөнінде шешім

қабылданды.

Компания дефолт деп танылудың алдында.

Компания дефолт деп танылды.

| 171 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Экономика дегеніміз сан. Бірақ, телевидение немесе радио журналисі

болсаң, сандарды дәл сол қалпында мәселен 5 млрд, 997 млн., 780

мың 510 деп ежіктеп оқып тұрғаннан гөрі, 6 млрд.‐қа жуық деп айтқаның

дұрыс. Егер дәл қалпында айтатын болсаң, көременің мен тыңдарманың

ол санды есіне сақтап үлгірмейді.

Экономикалық тақырып адамды бірден өзін тартып алмайтындай,

сүреңсіз болып көрінуі де мүмкін. Өйткені, сан көп. Қарапайым көрермен

мен оқырман сандар көп жазылған мақаланы немесе сюжетті көруге

аса құштар болмайды. Сондықтан, сен көрерменің мен оқырманыңды

салыстыру арқылы өз мақалаңа қарата алсың.

Сөйлемдеріңнің шорт кесілмегені де дұрыс.

«Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деген сөйлемің сол қалпында

аяқталып қалмауы тиіс. Ол қандай көрсеткішпен салыстырғанда артып

келеді? Соңғы жылмен салыстырғанда ма, жоқ соңғы бес жылмен

салыстырғанда ма? Бұл тенденция қалай байқалуда?Ол ақпаратқа қалай

қол жеткіздің? Міне, бұл сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Көрермен

сенің «жұмыссыздық артып келеді» деген жалаң сөйлеміңнен ақпарат

ала алмайды

Бизнес құрылымдарда анонимдік ақпарат беруші адам болса, өзіңе

жақсы. Батыс журналистикасында анонимдік ақпарат көзінен алыстау

жүруге кеңес береді. Бірақ, анонимді ақпарат беруші ақпарат өте керек

кезде қолғабысын беруі мүмкін.

Мәселен, егер «Үкіметтің белгілі бір мұнай кенішін игеріп жатқан

компаниямен келісім-шартты үзгендігі» жайлы су жаңа ақпарат түсіп,

сен оны зерттегің келіп, жалма-жан «неге?» деген сауалды Үкіметтің де,

компанияның да баспасөз қызметіне ала жүгіргеннің өзінде саған ешкім

де бірден ақпарат бере қоймайды.

Бұл уақытта баспасөз қызметінің телефондары бос емес болады, иә

болмаса, телефон тұтқасын ешкім көтере қоймайды. Ең құрығанда,

«бізде ақпарат жоқ, жауап беруі тиіс адам жұмыста жоқ» деген жауап

алуың мүмкін. Сондықтан, ақпарат алатын көзің болғаны жөн. Бірақ,

оның айтқан сөзін сол қалпы беруге болмайды. Бәлкім, ол сені

жаңылыстырайын деген шығар. Оны растайтын ия жоққа шығаратын

қосымша ақпарат көзің болуы керек. Анонимді ақпаратты жариялауға

аса машықтануға болмайды.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 172 |

Оқырман ия болмаса, көрерменіңнің сенімінен айырылуың мүмкін. Бірақ,

төтенше жағдай болған кезде, аса маңызды оқиғалар болған кезде

ақпараттың мүлде жоқ болғанынан, анонимді болса да, бар болғаны

дұрыс.

Экономика саласында мақала жазу азды-көпті зерттетуге итермелейді.

Тек соған дайын болсаң болғаны!

ТАПСЫРМА.

Бизнес немесе экономикалық басылымның бірнешесін ал, олар көбіне,

әзірше, орыс тілді, қазақ тілді газеттердің экономикаға арналған беттерін

ал да, оқып шық. Саған әлі белгісіз сөйлемдер ме түсініктемелерді

юөлек жазып ал, олард зертте, түбіне жет.

Экономикалық тақырыптар басқа да қандай бөлімдерге бөлінетінін зертте,

өзіңе ұнайтын тақырыптарды таңдап ал (ол қаржы, өндіріс, мұнайгаз,

т.б.), өзің талдап жазып көр.

| 173 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА

Юрий Дорохов

Іскерлік журналистика дегеніміз адамдар мен ақша туралы әңгімелеу.

Ол адамдардың ақшаны қалай табатыны және қаржы мәселесінің адамзат

өміріне жасайтын ықпалы жайын сөз етеді. Дін мен саясат сынды

ақша да адам өмірінде маңызды рөл атқарады.

Ақша нарықтық экономикада жасалады. Ол діннен де, саясат пен аса

жоғары дәрежедегі рационалдандыру өнерінен де өзгеше.

Ақша табу үшін айтарлықтай күрделі схемалар мен процестер

қолданылады. Рынокқа қатысушылардың мінез-құлқы ұзақмерзімдік

стратегиялар, коъюктураның (жағдаяттың), сұраныс ерекшеліктерінің

өзгеруі сынды көптеген факторлар арқылы анықталады. Олардың бір

бөлігі экономикадан жырақ мәселелерге (мәселен, заңдық базаны

өзгерту, саяси шешім, әлеуметтік жағдай) байланысты. Оның үстіне

иррационалдық факторлардың экономикаға тигізетін әсерін болдырмау

мүмкін емес. Бұл жағдайды сөзсіз қиындатып жібереді.

Сондықтан, іскерлік БАҚ-та жұмыс істейтін журналистердің алдында

күрделі әрі қызықты міндет тұр. Ол болып жатқан оқиғаларды жан-жақты

ұғынып, себеп-салдарын анықтап қана қоймай, өз түсінігін аудиторияға

түсінікті тілмен жеткізе білуі қажет. Оған қоса оқиға сауатты және қызықты

етіп баяндалуы тиіс.

«Сары» басылымдарға қарағанда іскерлік газеттердің аудиториясы

журналистің біліксіздігін, ішті пыстырып, мезі ететін материалды кешірмейді.

Экономика тақырыбында жазатын журналистің (бизнес-журналист)

міндеті – ақылды және еліктіретіндей етіп жаза (түсіру, айту) білу.

Іскерлік журналистика экономикалық процесс қатысушыларының

арасындағы өзара қарым-қатынастарды басты назарда ұстайды.

Оның негізгі тақырыбы – компаниялар, мемлекеттік органдар мен

адамдардың, оларға басшылық ететіндердің, меншік иелерінің, менеджерлер

мен мамандардың, бір сөзбен айтқанда шешімді шығаратындар

мен орындаушылардың ара-қатынасы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 174 |

Бұл тізімге белгілі бір шешімнің қабылдануына ықпал ететін – саясаткерлер,

экономистер мен ғалымдар да кіреді. Бұл өте ауқымды орта. Біз

сөз ететін процестердің бәрі де белгілі бір тұлға, оның ойлары мен көңілкүйіне

байланысты. Белгілі бір шешімнің қалай қабылданғанын, оның

қандай нәтиже беретінін түсіну - әрбір іскер журналистің негізгі міндеті.

ТАҚЫРЫП ПЕН АҚПАРАТ ІЗДЕУ

Бұл сұрақтың жауабын материалды (мақала, телерадиосюжет,

ақпараттық хабарлама және т.б.) дайындау барысында табамыз. Біз алдымен

осы жұмыстың негізгі сатыларын талдап алайық.

Ең бірінші тақырып ізделеді, нақтыланады. Тақырып таңдау БАҚ-ның

шығу мерзімділігіне, пішіні мен аудиториясына, редакция саясатына

және өзге де факторларға тікелей байланысты. Бірақ, қалай дегенмен

де ол аудиторияның қызығушылығын тудыратындай болуы тиіс. Бұған

соны тақырыпты көтеру арқылы немесе материал берудің ерекше

тәсілдерін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Алғашқы жағдайда

біз көрермен (оқырман) назарына ұсынылып отырған материалдың

бұрын-соңды айтылмаған, ешкім естімеген тақырыпқа құрылғанын хабарлаймыз.

Бұл жерде бір ережені естен шығармаған жөн: ақпарат қаншалықты жаңа

немесе көкейтесті болса, сонша жақсы. Көнерген ақпаратқа бола басылым

бетін (эфир уақытын) шығындап, күшіңді босқа сарпудың қажеті

жоқ. Бірақ жағдай мүлдем өзге бағытта өрбіген кезде ескірген ақпаратты

да ұтымды пайдалануға болады. Мәселен, белгілі бір оқиғаның күтпеген

нәтиже берерін ұғынған немесе жұрттың талқысына түскен мәселеге

өзге қырынан, басқаша тұрғыдан қарай білген журналист аудиторияны

ондай тақырыпқа да қызықтыра алады. Ең үздік іскерлік БАҚ-ның

редакторлары өз қарамағындағылардың алдына: тақырыптың «жауыр

болған» мәселеге негізделмеуін және оны ерекше тәсілмен беру

жөнінде екі шарт қояды.

Тақырыпты өзге ақпарат құралдарының хабарламаларынан, ең алдымен

ақпарат агенттіктерінің жаңалықтар тізбегінен іздеген дұрыс. Егер

сіз өзіңіз ақпарат агенттігінде жұмыс істейтін болмасаңыз бұл әдісті

пайдалануға болады. Алайда, сіз әлемге алғашқы болып хабарлағыңыз

келетін эксклюзивті тақырыпты (жаңалықты) бұндай жолмен таба алмайсыз.

Басқаша айтқанда, сіз сенсация атаулыдан құралақан қаласыз

және жолы болғыш әріптестеріңіздің соңында ілбіп жүре бересіз. Таны-

| 175 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

мал БАҚ-ы сізді емес, сол әріптестеріңіздің материалдарынан үзінді келтіріп,

жалақысы жоғары жұмыстарға соларды шақырады.

Ақпарат айдынындағы бәсекелестерден «ұтылмас үшін» Интернет-сайттарды

тінтіп, сізге дейін талай айтылып, жазылып қойған

тақырыптарды қазбаламаңыз. Ньюсмейкерлерге (белгілі бір оқиға туралы

айтып бере алатын бизнесмендер, саясаткерлер мен сарапшылар)

өзіңіз хабарласыңыз. Оларға бизнесі, компанияның дамуы, болашақ

жоспарлары жайында сұрақтар қоюға болады. Рынок бағытын мұқият

қадағалап, жағдайдың беталысын болжап көруге тырысыңыз.

Сарапшылармен әңгімелесе отырып өзіңіз жасаған болжамдарды

тексеріңіз. Өзіңізге ғана тән дербес дереккөздер қалыптастырыңыз.

Бұл шеңберге сізге сенетін және сізге айтқаны туралы өзге ешкімге тіс

жармайтын адамдардан құралуы тиіс. Олармен жиі-жиі хабарласып

тұрыңыз.

Бұл көп уақыт пен еңбекті қажет ететін жұмыс. Бірақ Сіз қызықты

жаңалықтан құлағдар ететін немесе оны сауатты әрі тамаша әңгімелеп

беретін ақпарат көзінсіз Сіз жақсы іскер журналист бола алмайсыз.

Баспасөз қызметі сияқты ақпарат көздерімен де абай болыңыз. Әдетте

олар өз мекемесінің ғана мақсатын көздейді. Сіздің міндетіңіз – қызықты,

дәл сол сәтте сенсация болып табылатын мағлұматтар табу болса,

баспасөз қызметі өз компаниясы (бизнесмен) үшін қажетті ақпараттық

орта қалыптастыруды көздейді. Олар сіз бен ньюсмейкердің арасына

түсуге тырысады. Әрине, баспасөз хатшыларымен кездеспеуге болмайды,

дегенмен сіз бен олардың мүддесінің бірдей еместігін естен

шығармаңыз. Сондықтан араласатын ортаңыздың баспасөз қызметімен

шектелмегені абзал.

Тақырыпты анықтау процесі біртіндеп қажетті ақпаратты жинауға

ұласады. Ақпарат көзі өте көп, бірақ журналистердің бәрі бірдей оны

оңтайлы пайдалану жолын біле бермейді. Сіз өзіңіз жазғалы немесе

түсіргелі отырған оқиғаны бүге-шігесіне дейін зерттеп, оған не себеп

болғанын, салдарының қандай болуы мүмкіндігін ұғынуыңыз қажет.

Ол үшін сіз жағдайды көз алдыңызға елестете білуіңіз керек. Оқиғаға

тікелей қатысқан адамдармен, сауатты пікір айтып, баға бере алатын

сарапшылармен әңгімелесіңіз (әдетте, бұндай жағдайда инвестициялық

компаниялар мен банктердің сарапшылары, экономистер, заңгерлер,

өзге де салалас компаниялардың өкілдерімен әңгімелесуге болады).

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 176 |

Компанияның тоқсандық және жылдық есептерін оқыңыз (жылдық,

тоқсандық есептерді талдауды үйреніңіз). Инвестициялық компаниялар

шығатын рыноктар мен салаларды меңгеру қажет. Мүмкіндігінше

сауатыңызды арттыруға тырысыңыз. Іскер журналистердің көбі биржаға

қатысады. Бұл сізге қор нарығының тетіктерін үйренуге мүмкіндік беріп

қана қоймай, жаңалықтардан шет қалмауға, конъюктураны қадағалап

отыруға жағдай жасайтын тамаша мүмкіндік (оған қоса ақша табуыңыз

да ғажап емес).

Басылымдардың көптеген журналистері қажетті ақпарат жинақталғаннан

кейін ғана материалды жазуға кіріседі. Мен келешек мақаланы немесе

сюжетті жалпы тұжырымдамасы, сұлбасы түсінікті болған кезден

бастап жаза бастауды кеңес етер едім. Мәтінді бөліп-бөліп жазыңыз,

толықтырыңыз, қажет болса қайтадан көшіріп жазыңыз. Сіз пікіріңізді

қағазға түсіре отырып, ойыңызды нақты құрап аласыз және бұрынсоңды

аңғармаған дүниені байқайсыз. Оған қоса мақаланы/сюжетті

стилистік жағынан өңдеуге уақыт табасыз және бұндай материалдың

оқырманыны/көрермені көп болатыны даусыз. Бұл экономикалық

масс-медиа үшін өте маңызды дүние. Өйткені, ондай басылымдардың

көбіне тым құрғақ жазылатыны, ішіңді пыстыратынын соншалық тіпті өз

еркіңмен оқу мүмкін емес.

Материал құрылымы сіздің бастапқы кезде жинақтаған ақпарат топтамаларына

сәйкес анықталады. Бастысы – ол қисынды жазылуы тиіс.

Ақпаратты материалдың әр жеріне шашыратып жазбаңыз. Оқырман

оны іздеп әуре болмасын. Тақырыптың біртұтастығы, баяндаудағы бір

ізділік, негізгі бір ойдың (идеяның) болуы мәтіннің тұтас әрі толыққанды

шығуына кепілдік береді. Сіз әңгімелеп отырған дүниенің бәрі де

тақырыпқа тікелей қатыстыболуы тиіс және сіз оқырманға/көрерменге

осы байланысты көрсете білуге міндеттісіз.

Өзіңізге қызықты болып көрінгеннің бәрін материалға тыға берудің қажеті

жоқ. Егер оқырманға қосымша мағлұматтар бергіңіз келіп бара жатса

оларды негізгі материалға қосымша үзінді ретінде ғана беруге болады.

Әйтпесе, мәтін (сюжет) күрт үзіліп, аяқталмай қалғандай әсер тудырады.

Оқырман/көрермен сіздің не айтқыңыз келгенін түсінбей қалады. Содан

кейін келесі жолы сіздің аты-жөніңізбен жазылған материалды оқымай

өте шығады.

| 177 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ҚҰРЫЛЫМ

Іске кіріспей тұрып, материалды ізбе-із баяндау жағын ойластырып

алыңыз. Мүмкін әртүрлі құрылым мен пішінді пайдаланған дұрыс

шығар.

Айталық, кей мақалалар кішігірім репортаждан, кейде анықтама мен

сарапшының пікірінен басталады. Автор мәтіні сұхбатқа және т.б. ұласып

кетеді. Бірақ, егер іскерлік БАҚ-та жұмыс істегіңіз келсе, мен сізге журналистік

қызметтің алғашқы сатысында стандартты схеманы ұстануды

кеңес етер едім:

- Тақырып. Әрбір масс-медиа және әр редактордың тақырып таңдауға

қоятын талаптары бар. Бастысы сіз таңдаған тақырып басылым пішініне

сәйкес болса болды.

- Көп жағдайда тақырып кішігірім тақырыпшамен бірге беріледі. Ол

оқырманды мәтіннің қандай мәселеге арналғанынан құлағдар етеді.

МЫСАЛ («Коммерсантъ» басылымы, 29.09.2008):

«Доминирующее наложение»

// «Газпром нефть» и ТНК-ВР оштрафовали за монополизм

Тақырып оқырманның назарын өзіне бұрып әкетеді, сондықтан оны

әдетте барынша ашық, көзге ұрып тұратындай етіп беруге тырысады.

Тақырыпша болса тақырыпты нақтылай түседі: мұнай-газ саласының

проблемалары қызықтырмайтын оқырман оны оқымайды.

- Кіріспе бөлімі («лид», «кіріспе»).

Ол оқырманды «іліп» әкетіп, оның алдында ақырына дейін оқып шығуға

тұрарлық мақала жатқанына сендіруі тиіс. Ақпараттық БАҚ-та әдетте

жаңалықтан бастайды. Оған қатысты проблеманы, мәтінде жауап

берілетін сұрақтар содан соң жазылады. Оны көлемі жағынан кішігірім

(бірден оқырманның ішін пыстырып алмайтындай етіп), бірақ ашық және

қызықты етіп жазу қажет.

- Бұрынғы тарихы («бэк», «бэкграунд») – жарияланым кейіпкерлерінің

бұған дейінгі тарихы, ол қатысқан маңызды оқиғалар туралы жазылады.

Оқырманның білім көлемі жағынан сізбен тең еместігін ешқашан естен

шығармаңыз. Материалды дайындап, болып жатқан оқиғаны зертте-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 178 |

ген оқырман емес, Сіз. Сондықтан бұған дейін не болғанын оның есіне

салыңыз.

Өзіңіз жазып отырған саланың ерекшеліктері, компания тарихы мен

оның төңірегіндегі жағдай туралы айтып беріңіз. Бір сөзбен айтқанда,

материалыңызды түсінуге қажетті мағлұматтар жиынтығын беру қажет.

Мәселен, егер сіз Goldman Sachs инвестициялық банкінің қарапайым

банкке айналғаны туралы жазатын болсаңыз қор нарығынан бейхабар

оқырман сіз баяндап отырған жаңалықтың маңызы неде екенін

түсінбейді.

Сіз оған инвестбанктің кәдімгі банктерден айырмашылығы жайында

айтып беруіңіз керек (егер сіз қаржы секторы мамандарына арналған

салалық басылымда жұмыс істейтін болмасаңыз). Қысқартылған

сөздерді тарқатып беріп отырған жөн. Бір адам туралы алғаш рет

айта отырып, оның қызметі мен аты-жөнін көрсетуді ұмытпаңыз. Көпке

түсініксіз терминді пайдаланбай-ақ қойыңыз.

«Бұны бәрі біледі» немесе «біз бұл туралы ылғи жазамыз ғой» деген

сияқты түсініктен аулақ болыңыз. Егер сіз үнемі тақырыпты жазып жүрген

болсаңыз сізге ұғынықты нәрсенің айналаңыздағыларға да түсінікті

екенін аңғара бастайтын боласыз.

«Бэкграундтан» кейін сіз болған оқиғаны жіктеуге: жаңалықты сипаттап,

үрдістер мен құбылыстарды талдауға кірісесіз. Бұл жерде оқиғаға

қатысушылардың пікірлерін келтіруге болады. Егер жаңалық бірнеше

тараптың мүддесіне қатысты болса маңызды деген көзқарастардың

бәрін берген жөн. Қақтығыс туралы жазғанда оған қатысушылардың

бәрінің пікірін беріңіз. Бұл қарапайым кәсіби этика талабы.

Мақаланың келесі бөлімі сарапшылардың пікірлері мен оқиғаның өрбуіне

қатысты тұжырымдарынан тұрады. Бұл жерде сіздің болжамдарыңыз

бен тұжырымдарыңыздың да маңызы зор. Ол қанша қисынды және

ерекше болса материал сонша сәтті шығады. Мақаланы «Қабылданған

шешімнің қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді» деген сияқты

мән-мағынасыз тіркестермен қорытудан аулақ болыңыз. Бұл барлық

журналист қауымы үшін маңызды ереже болса, іскерлік БАҚ журналисі

үшін ол екі маңызды. Біздің оқырмандарымыздың арасында құр сөзден

құрылған жалған әсерді қажет етпейтіндер басым. Мәтіннен «не жақсы,

не жаман» тақырыбындағы бос ойларды, айтыла-айтыла әбден жауыр

болған тіркестерді алып тастау керек.

| 179 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

«ЕҢ ЖАҚСЫ» ТІРКЕСТЕРДІ АЯУСЫЗ ҚЫСҚАРТУ

Оқырмандарыңыздың сауаты көп жағдайда сізден кем түспейтінін

ұмытпаған жөн. Оларға ізгіліктің – жақсылық, зұлымдықтың – жамандық

тудыратынын айтудың қажеті жоқ. Олар сіздің материалыңыздан әдеби

шығармаға тән көркемдік іздемейді. Әрине, қаламы ұшқыр журналист

әдебилендіріп, оқуға жеңіл мақала жаза білсе құба-құп. Алайда, басым

жағдайларда «әдемі жазу» немесе «әзілмен» жазуға деген талпыныс

салдарынан мәтінде ақсақ теңеулер мен іші қуыс тіркестер пайда болады.

Талғамы биік оқырманның одан жүрегі айниды. Барынша шектен

шықпауға тырысыңыз. Сабырлы болыңыз. «Эксперт» журналының

ғылыми редакторы Александр Привалов жазып болғаннан кейін

мақаланы қайта оқып, ең ұтымды шыққан екі тіркесті аяусыз сызып

тастауды кеңес етеді. Ресейдегі жетекші іскерлік апталығының «алтын

қауырсыны» осылай істейді екен. Одан үлгі алуға әбден болады.

Приваловтың тағы бір кеңесі туралы. Жазып біткен соң мақаланы

дауыстап оқып шығыңыз. Шаршаған жерде сөйлемдерді қысқартыңыз,

бөліңіз. Мүдірдіңіз бе, тіркестерді оңайлатып жазыңыз. Оқиға желісінен

ажырап қалдыңыз ба? Ендеше мәтінді оқуға жеңіл етіп жазыңыз.

Оқырман да дәл осындай күйге түседі. Сондықтан оны аяңыз, мақаланы

барынша қысқартыңыз.

Ол қаншалықты жинақы, ықшам болса ақырына дейін оқылу мүмкіндігі

соншалықты жоғары. Анықтамаларды, кестелер мен сызбаларды

көбірек пайдаланыңыз. Оған қосымша оқшауланған пікір түйіндері мен

сұхбаттар қосыңыз – бұдан сіздің материалыңыз ұтпаса ұтылмайды.

Кей адамдардың жолы болғыш келеді – олардың «тілдік сезімі» ерекше

дамыған. Олар стильдің шұбалаңқылығын, кей тіркестердің сәтсіз

шыққанын бірден аңғара қояды. Жазған мәтіндері жеңіл оқылады және

адамды зеріктірмейді. Егер сіз осындай адамдар қатарына жататын

болсаңыз – жолыңыздың болғаны. Олай болмаса (бізде табысқа жетуге

талпынып жүрген журналистердің көпшілігі солай) өз стиліңді түзету

үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қажет.

Сапалы іскерлік басылымдарды: «Коммерсантъ», «Ведомости» газеттерін,

«Forbes», «Эксперт», «Деньги», «Секрет фирмы», «РБК» журналдарын

оқыңыз. Сондағы журналистерден үйреніңіз. Әдеби стилі-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 180 |

мен әйгіленген жазушылар – Набоковты, Бунинді, Веллерді, Флоберді,

Стендальді, орыс классиктерінен – Пушкиннің прозасын қайталап

оқыңыз. Шын мәнінде жақсы журналист болудың бірден-бір әдісі

– барынша тәжірибе жинақтау екенін ұмытпаңыз. Және әрқашан өз

материалдарыңызды кешегіден гөрі барынша қызғылықты, үздік,

сауатты жазуды ойланыңыз. Түбінде сізден бірдеңе шығады.

| 181 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ПАРЛАМЕНТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖУРНАЛИСТ

Ирина Севостьянова,

Panorama апталығының Астанадағы меншікті тілшісі

2001 жылдан бері парламент жұмысы туралы жазады

Қазіргі Қазақстанда парламенттік журналистика жоқ. Бұл оның

жанр ретінде қызықсыздығынан емес. Мұның себебі басқаша: Астанада

негізінен тілшілер қосындар ғана қызмет етеді. Онда маман

жетіспейтіндіктен редакция тек парламент туралы жазатын тілші

ұстай алмайды.

Ал, парламент қанша ресми, іш пыстыратындай болып көрінгенімен ол

журналистерді қатты қызықтырады. Біріншіден, онда тіршілік қайнап

жатады, өзіңе тақырыпты, ақпараттық желеуді ешқандай қиындықсыз

табуға болады. Екіншіден, парламентте ел өмірінің барлық саласына

қатысты мәселелер түгел қаралады.

Мемлекеттің халықаралық байланыстарынан бастап, кішігірім ауылға

су құбырын тарту мәселесіне дейін, ел бюджетінен бастап «Үш аула»

деп аталатын ауылдағы Н. есімді зейнеткердің зейнетақысына дейінгі

мәселелердің бәрі... осында шешіледі. Бір күнде ішінде қаралатын

мәселелер тізімінің үлкендігі соншалық кейде «Шіркін, біздің редакцияны

осында алып келсе ғой» деп ойлайсың...

Ендеше парламент журналист үшін – «Клондайк». Ал, қазіргі парламент

журналистерінің үкімет үйінің де, үкімет пен президент ордасының тірлігіне

де араласа беретіні редакцияның немесе журналистердің кінәсі

емес. Қалыптасқан жағдай осындай.

НЕДЕН БАСТАҒАН ЖӨН

Әрине, парламентке барған соң нөмір сайын бірнеше материал беруді

армандаған дұрыс. Бірақ, ол журналистің қиялы ғана. Парламентке

дайындықсыз баруға болмайды.

Өз тәжірибемнен: мен парламентке алғаш келген кезде биліктің

осы бұтағы жайлы мүлдем хабарсыз болатынмын. Бірақ, өз-өзіме

сенімділігім мен тәкаппарлығымның арқасында мен бірден Мәжілістің

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 182 |

пленарлық отырысына қатыстым. Ол кезде екінші шақырылымдағы

парламент, яғни бүгінде ең даушыл деп атап жүрген парламент

жұмыс істеп жатқан-ды.

Отырыста депутаттар республикалық бюджет жобасын,

зейнетақымен қамтамасыз ету, бюджет қызметкерлерінің жалақысы

мәселелерін, жер қойнауын игеру туралы заңға түзетулер енгізу,

«қорғаныс мәселесіне» қатысты тағы бір жобаны талқылады.

Әрине, депутаттық сауалдар да көп болды. Онда мәжілісмендер

соттардағы жемқорлық, ескі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу,

«Эйр Қазақстан» әуекомпаниясының жұмысындағы заң бұзушылықтар

(бір кезде ондай компания да болған), «Қазақгейт» процесіне орай Еуропарламентте

жасалған мәлімдемелер, жанар-жағармай бағасының

қымбаттауы және ауыл тұрғындарының осыған қатысты туындаған

проблемаларын көтерді.

Нәтижесі де белгілі: екі сағаттан кейін менің «шарадай басым

шақшадай» болды. Мен депутаттардың неліктен жарыссөзді

тоқтатуды қолдап дауыс бере отырып, сол мәселені тағы бір

сағат талқылағанын, неліктен күнтәртібіндегі мәселені талқыға

салмағанын, неліктен спикер залдың депутаттарға толып

отырғанына қарамастан «халық қалаулыларының залға қайтуын»

талап етіп отырғанын... ұқсам бұйырмасын.

Келесі күні сенаттың пленарлық отырысы өтті, онда да осындай

жағдай қайталанды... Нәтижесінде парламент туралы алғашқы

материалымды мен екі аптадан кейін ғана жазып шықтым. Оның

қателері де бар еді.

Сондықтан, парламентте жұмыс істемес бұрын дайындалу қажет.

Ең алдымен Конституцияны оқып шығу, Парламент пен өзге билік

орындарының сайттарымен танысу қажет. Тиісті ақпаратты солардан

алуға болады.

Парламентте – Мәжіліс пен Сенат деп аталатын қос палата бар, оларды

«жоғарғы» және «төменгі» деп бөледі. Бірақ мәртебелері бірдей. Палаталарды

сайлау жүйесі, депутаттардың өкілеттіктері мен міндеттері, әр

палата мен парламенттің жалпы өкілеттігіне қатысты мәселелер Конституцияда

қамтылған. Оны оқып шығу пайдалы әрі аса қажет.

| 183 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Журналистке қажетті білім қаруымен қаруланып алғаннан кейін парламент

жақты бетке алуға болады.

Парламентке кіру үшін не істеу керек

Бұның ешқандай қиындығы жоқ. Парламенттік журналистер үшін аккредитация

беріледі. Ол парламент сессиясының соңына дейін жарамды.

Айтпақшы, сессия 1-қыркүйектен 1-шілдеге дейін созылады.

Аккредитациялау процесі де өте қарапайым. Әдетте, баспасөз қызметі

шілде-тамызда редакциялардың хаттарын жинайды. Хатта парламентте

аккредитацияланатын журналистің аты-жөні, байланыс телефондары

көрсетіліп, суреті қоса салынады. Осымен бітті. Күзде, сессия

ашылғаннан кейін баспасөз қызметі сурет жабыстырылып, мөр басылған

дайын карточка береді. Оны жоғалтып алуға немесе ұмыт қалдыруға

болмайды. Өйткені ол журналистің негізгі құжаты.

Қайда және кімге бару қажет

Алдымен әріптестеріңмен және баспасөз қызметімен танысып ал.

Мәжіліс пен Сенаттың әр қайсысының жеке-жеке баспасөз қызметі бар.

Баспасөз залы қай жерде, БАҚ жөніндегі бөлім қай жерде орналасқан, темекі

шегетін орын мен буфеттің және т.б. қайда екенін де сондағылардан

білесіз. Шектеулерді де біліп қойған жөн.

Сонымен, қазіргі кезде журналистер пленарлық және бірлескен жалпы

отырыстарды баспасөз залындағы арнайы мониторлар арқылы

бақылайды. Телеоператорлар ғана отырыс залында тікелей жұмыс істейді,

ал жазғыштар бригадасы ғимараттың тіпті бөлек қабатында отырады.

Пленарлық отырыс кезінде журналистердің залға кіруіне тыйым

салынған. Депутаттардың пікірін жазып алу қажет болса үзілісті күтуге

тура келеді.

Журналистер «үкімет сағаттарына», «парламенттік тыңдаулар» мен

жұмыс топтарының отырыстарына ғана депутаттармен бірге қатыса

алады. Бірақ, репортерлердің басым көпшілігі егер отырыс трансляцияланатын

болса баспасөз залында отырғанды қалайды. Өйткені, ол

жерде шығып кетуге, телефон арқылы тілдесуге, ақпаратты редакцияға

жеделдетіп жеткізуге мүмкіндік бар. Үзіліс жарияланбайынша отырыс залынан

шығуға болмайды.

Дегенмен, парламенттік тыңдауларды «ішкі жағынан» - залда отырып

тыңдағың келсе жатса, қарапайым қағидаларды сақтауың қажет: ұялы

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 184 |

телефонды өшіру қажет, әрі-бері жүгіруге немесе «су ішуге» шығуға,

баяндамаларды тыңдап отырған депутаттарды алаңдатуға болмайды.

Былайша айтқанда әдептен аспау қажет.

Күзет қызметімен керісудің де қажеті жоқ. Парламентте президент

күзетінің қызметкерлері жұмыс істейді, олар қос палата спикерлерімен

бірге жүреді. Сенат пен мәжіліс төрағалары ерекше қорғалатын

тұлғалар. Конституция бойынша олар мемлекеттегі екінші және үшінші

тұлғалар болып табылады. Сондықтан, президент күзеті жолды босатуды

сұраса тайталаспай, талапты орындау қажет. Өйткені, бұл олардың

жұмысы.

Жас журналистердің арасында әдептен асып кететіндер де аз емес.

Мәселен, олар депутаттардың көмекшілеріне немесе парламенттегі аппарат

қызметкерлеріне дөрекі сөйлейді. Оларға қызмет көрсетушілер,

төмен деңгейлі адамдар деген көзқараспен қарайды. Шын мәнінде, парламент

аппараты мен депутаттардың көмекшілері журналистер үшін

таптырмас ақпарат көзіне айналуы мүмкін. Өйткені, парламентке түсетін

мәліметттердің легі алдымен солардың қолынан өтеді.

Үкіметтің депутаттық сауалдарға жолдаған жауаптарында құпия

ақпараттар сақталады. Мәселен, сауалдарда жер қойнауын пайдалану

жөніндегі келісімдердің шарттары, шетелдік инвестицияларды жанжақты

талдау және тағы да көптеген мәліметтер болуы мүмкін.

Аппараттағылардан кез-келген мәселе жөнінде кеңес алуға болады.

Баспасөз қызметі парламент жұмысының қыр-сыры жөнінде айтып береді.

Заңнама бөлімінде кәсіби деңгейі жоғары заңгерлер, отандық қана

емес, халықаралық заңнамаларды да жетік білетін түрлі сала мамандары

отырады. Парламент аппаратында саясаттанушылар, экономистер,

қаржыгерлер, жалпы барлық сала мамандары бар. Егер жақсы қарымқатынас

жасасаң олар ақпарат іздеуге көмектісіп қана қоймай, білікті

ақыл-кеңес те бере алады.

ЖҰМЫСҚА КІРІСПЕС БҰРЫН

Парламент жұмысы туралы материал жазбас бұрын Конституциядан

басқа тағы да бірқатар білім қорымен жарақтанып алу қажет. Парламентте

жұмыс істейтін журналист «Парламент және депутаттардың

мәртебесі туралы» заң мен Мәжіліс пен сенаттың жұмыс тәртібін білуі

қажет. Бұл құжаттарды парламенттің www.parlam.kz. веб-сайтынан

| 185 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

табуға болады. «Нормативтік актілерді оқып, уақытты босқа кетірудің

қажеті жоқ» деу қате. Керісінше, оны білген адамның материалы сауатты

әрі сапалы шығады.

Өкінішке орай, бүгінде парламентте істейтін көптеген журналистер болмашы

дүниеден қате жіберіп жатады. Мәселен, мәжіліс пен сенатты

«төменгі» және «жоғарғы» палатаға бөледі немесе палатаның атын атауды

«ұмытып» кетіп жатады.

Жиі қайталанатын тағы бір қателік – парламент заңды мәжілістің

пленарлық отырыс қорытындысы бойынша қабылдады деп жазу.

Заң жобаларының парламентте қаралу тәртібі де қарапайым: құжат алдымен

мәжілістің, содан соң сенаттың қарауына беріледі. Мәжіліс заң

жобасын мақұлдайды, сенат – қабылдайды. Содан соң ғана сенаторлар

құжатты бекітеді және ол парламент тарапынан мақұлданған болып табылады.

Ал, заң президент қол қойып, БАҚ-та жарияланғаннан кейін барып

күшіне енеді. Егер сенат депутаттары заңға түзетулер енгізетін болса,

оны қайтадан мәжіліске жөнелтеді. Мәжіліс депутаттары ол

түзетулермен келісетін болса ғана құжат қабылданады. Егер олар

сенаттағы әріптестерінің ұсыныстарын қабылдамайтын болса парламент

палаталарының келісім комиссиясы құрылады, ортақ шешімді сол

комиссия шығаруы тиіс …

Бұндай кемшіліктерді тізіп айта беруге болады. Бұған жол бермеу үшін

жоғарыда айтылған құжаттарды, заңдарды оқып шығу қажет.

НЕ ТУРАЛЫ ЖАЗАМЫЗ

Тақырып ауқымы өте кең. Кейде маңыздылауын жазу үшін кейбір

тақырыптардан бас тартуға да тура келеді. Заң жобаларының талқылану

барысын, депутаттық сауалдар мазмұнын барынша мұқият талдап,

оларды нақты басылымның мүддесіне сәйкес таңдау қажет. Әрине,

көпшілікті бюджет мәселелері: «Республикалық бюджет туралы» заң,

бюджеттің атқарылу есебі қызықтырады.

«Республикалық бюджет туралы» заң жобасында негізгі

макроэкономикалық көрсеткіштер – ІЖӨ өсімі, инфляция, теңге бағамы,

басқаша айтқанда елдің келер жылға арналған макроэкономикалық

даму болжамы қамтылады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 186 |

Әлеуметтік блокқа жұрттың көкейінде жүрген мәселелер - жалақы

мен зейнетақыны өсіру, білім мен денсаулық сақтау салаларына

жұмсалатын шығындарының жиынтығы, мектеп, аурухана салу

мәселелері енеді. Белгілі бір министрліктің қанша көлік сатып алуды

жоспарлап отырғанын, кеңсе тауарларына, жаңа компьютерлерге қанша

қаржы жұмсағалы отырғанын мемлекеттік органдардың шығындар

жөніндегі мағлұматтарынан білуге болады. Бірнеше жыл бойына осындай

мәліметтерді жинап, кейін салыстыра талдауға болады. Бұдан өте

қызықты цифрлар шығатыны сөзсіз.

Негізінде белгілі бір заң жобасының толық мәтінін алып қараған жөн.

Әдетте, бюджетті «Соғыс пен бейбітшіліктің» бір кітабына ұқсайтын,

салмақты том десе де болады. Оны баспасөз қызметінен, парламент

аппаратынан немесе депутаттардың өздерінен сұрап алуға болады.

Құжатты қабылдап болғаннан кейін де оны тастап қоймаңыз. Кейін

ол мәселен, бір-екі жылдан кейін сараптамалық материал жазуға

қажет болады. Бюджеттің атқарылуына қатысты есепетерді де сақтап

қойған дұрыс. Бұл да сараптамалық материалға ақпараттық база рөлін

атқарады.

Бюджеттік-заң жобалық пікірталас кезінде жекелеген материалдарға

арқау болатындай тақырыптар туындайды. Олар үкіметте талқыланып

жатқан немесе қоғамда жиі айтылып жүрген қауесеттермен де сәйкес

келіп жатады. Осы жерде өзімнің жазған бір мақаламды мысалға келтіре

кетейін:

Ұлттық банк ақшаның ірілендірілетіні туралы қауесетті жоққа

шығарды

Алдағы уақытта ақшаның ірілендірілетіні туралы әңгімелер рынокты

тұрақсыздандыруға бағытталған. Бұл туралы үкіметтің дүйсенбі

күнгі селекторлық отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары

Бисенғали Тәжияқов мәлімдеді. Ұлттық банк нөлдерді қысқартуға

«дайындық» жасап жатқан жоқ және осы тақырыптағы алып-қашпа

әңгімелерді тоқтатуды сұрайды.

- Ақшаның ауыспайтыны жөнінде ресми түрде мәлімдеймін. Ақша ірілендірілмейді,

- деп кесіп айтты ол.

Бұған дейінгі сенаттың пленарлық отырысында төраға

орынбасарларының енді бірі – Данияр Ақышев қазір ақшаны ірілендіру

туралы айтудың өзі артық екенін түсіндіріп берген болатын.

| 187 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

- Қолданыстағы ұлттық валютаның бірқатар банкноттары мен монеталары

экономикадағы баға деңгейіне сай, - дейді ол.

Оған қоса, ұлттық валютаның жаңа дизайны бір жыл бұрын ғана енгізілген.

Ал, әлемдік тәжірибеде белгілі бір дизайнмен жасалынған

қолма-қол ақша кем дегенде жеті жыл айналыста жүруі тиіс. Соған

сәйкес, Ұлттық банктегілер ұлттық валютаны өзгерту өте

қымбатқа шығады деп есептейді.

Сонымен қатар Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы да

айтарлықтай өзгермейді деген болжам жасап отыр. Ұлттық валюта

бағамының күрт өзгеруіне себеп те жоқ. Өйткені, энергия көздерінің

бағасы қымбат күйінде сақталып отыр, жыл соңына дейін бір баррель

мұнай бағасы 80 доллардан төмендемейді деп болжануда. Бұл

«экспорттық валюта түсім деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді

және ішкі нарықта шетел валютасына деген сұранысты қамтамасыз

етеді». Оның үстіне, отандық банктер де қиындықтан өз бетінше

шығу жолдарын қарастырып жатыр:

- Қазақстанның коммерциялық банктері өзінің шетелдердегі қайта

қаржыландыру мүмкіндіктерін қалпына келтірді, - деп түсіндірді

Ақышев мырза. – Ұлттық банктің алдын-ала бағалауларына қарағанда,

коммерциялық банктер қызмет көрсету саласында табыстарға қол

жеткізуде. Мәселен, банктер қазан айының алғашқы он екі күнінде 1

млрд 200 млн $ қаржы тартқан.

Ал, мемлекет ішінде несиенің қолжетімділігі төмендейді. Ұлттық

банк келер жылы пайыздық мөлшерлемелердің көтерілу мүмкіндігін де

жоққа шығармайды. Ақышев мырзаның айтуынша, таяуда «Ұлттық

банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне қатысты мәселені

қарастыруды» көздеп отыр.

Оның пікірінше, 2008 жылы банкаралық рыноктағы белгілі бір

мөлшерлемелердің өсірілуі де мүмкін.

Ең төменгі есептік көрсеткішке келсек, Ұлттық банк 2008 жылдың

15-қаңтарына дейін екінші деңгейлі банктер үшін сырттан займ тарту

мәселелеріне қойылатын талаптарды көтермеу туралы шешім

қабылдады. Алайда, Ақышевтың айтуынша, «бұл ақырғы шешім емес,

өйткені бәрі жыл соңына қарай қалыптасқан жағдайға байланысты

болмақ».

Коммерциялық банктер жекелеген қатаң талаптарға кезікпес үшін,

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 188 |

жуық арада Ұлттық банктің «ойын» тәртібі бойынша «ойнайтын»

болады. Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банк таяуда коммерциялық

банктермен агрессиясыз саясат жүргізу туралы келісім бекітуді жоспарлап

отыр.

- Біз коммерциялық банктерді өз қоржындарын әртараптандырып,

операцияларын табысы жоғары салаларға ғана емес, мемлекетке

экономикалық жағынан пайда әкелетін салаларға шоғырландыруға

шақырамыз. Бұл келісімде комбанктер несие қоржыны өсімін, сыртқы

активтердің өсімін шектеу жөнінде міндет алады, деп түсіндірді

Ақышев.

Сонымен қатар ол келісімнің ерікті түрде бекітілетінін атап өтті.

Бірақ, құлықсыздық танытқан банктер «Ұлттық банк тарапынан

толық деңгейде қаржылық қолдау күтпей-ақ» қойсын.

Бірден айтайын: парламенттегі пікірталастарға сүйене отырып жазуға

болатын материал жетіп артылады. Бірақ, картинаны толық көз алдыңа

келтіру үшін пленарлық отырыстарға ғана емес, жұмыс топтарының, парламент

палаталары комитеттерінің жиындарына да қатысу қажет. Кейде

жұмыс топтарының отырыстарына бірнеше айлап қатысқан журналистің

депутаттар талқылап жатқан заң жобасы туралы ештеңе жазбайтын кездері

де болады. Бірақ, пленарлық отырыстан жазылған «қорытынды материал»

барынша толық және ауқымды болып шығады.

Мысал ретінде «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі

бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы»

заң жобасына қатысты атқарылған жұмысты алуға болады. Мәжілістің

жұмыс тобы құжатты талқылай отырып Ішкі істер министрлігі мен Бас

прокуратураның пікірін, ҚР Адам құқықтары жөніндегі өкілетті өкіл мен

Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы сарапшыларының баға беруін сұрады.

Ал, «Ойын бизнесі туралы» заң жобасымен жұмыс істеуге мемлекеттік

органдар өкілдерімен қатар осы бизнес өкілдері де қатыстырылды.

Әрине, бұл қорытындылардың бірі де пленарлық отырыста сөз болған

жоқ. Өйткені, барлық депутаттар онымен комитет отырысында танысып

алды. Заң жобасын парламентке түскеннен бастап назардан тыс

қалдырмай жүрген журналистердің қолында сарапшылар қорытындысы

бар. Олар соның арқасында сапалы материал әзірлеп, өз мақалаларында

мүдделі тараптардың пікірлерін қатар берді. Ал, оқырмандар болса жанжақты

ақпар алды.

| 189 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Жұмыс барысында заң жобаларына енгізілген түзетулердің салыстырмалы

таблицаларын пайдаланған жөн. Онда әзірлеушілер тарапынан

ұсынылған заң нормалары, депутаттың осы норманы өзгерту жөніндегі

ұсынысы да қамтылады. Ұсыныс мәні түсіндіріліп, міндетті түрде негізделеді.

Журналист осы сызбадағы өзгерістерді қадағалап отыруы тиіс. Әйтпесе,

ол пленарлық отырыста ештеңе түсінбей дал болады. Өйткені, талқылау

көбіне былайша көрініс табады: «1-позиция» - «Қабылданды» - «2-позиция»

- «Бұл ештеңеге жарамайды» - «8-позиция» - «Бұған 4-тармаққа

15-позициядан 2 азат жол қосу қажет». Бұндай «талқылаудан» ештеңе

жазып шығу мүмкін емес.

Депутатпен сөйлесу

Депутаттан қорқудың қажеті жоқ. Олар ешкімге тимейді. Депутаттардың

бәрі де журналистермен жақсы қарым-қатынаста және сыпайы түрде

пікір білдіріп, сұрақтарға жауап береді. Парламенттің көптеген депутаттары

журналистермен достасып та кеткен. Біз шай ішіп, өмір жайлы

әңгімелесу үшін депутаттардың кабинеттеріне жиі «қонаққа» барып

тұрамыз.

Журналист те, депутат та жақсы өзара қарым-қатынас орнатуға мүдделі.

Біз үшін парламент депутаты – тұрақты ақпарат беретін ньюсмейкер.

Олар үшін ақпарат құралдары – сайлаушылар алдында есеп беру

тетіктерінің бірі болып табылады. Оның үстіне, депутаттар көптің алдында

жүрген саясаткерлер болғандықтан кейде болса да БАҚ-та көрініп

тұруға міндетті.

Депутаттарды менсінбеу де үлкен ағаттық болар еді. Кезекті пленарлық

отырыста дәл сол депутаттың надандау әңгіме айтқанын біліп тұрсаң да,

үзіліс кезінде оның қасына барып, тақырыпты нақтылауға көмектесетін

бірнеше сұрақ қойған дұрыс. Айталық, депутат қазақ тілінде сөйледі,

ал сен оны аударма арқылы тыңдадың. Бірақ, аудармашының да

қателесуі мүмкін ғой. Немесе депутат орыс тілінде-ақ сөйледі делік,

бірақ сөйлемдер арасында онша байланыс жоқ.

Өйткені, депутаттың негізгі тілі қазақ тілі болғандықтан ойын орысша

жеткізу қиынға соғуы мүмкін. Немесе керісінше. Қалай болғанда да

депутаттың өз аргументтері бар және ол сені сендіре алады.

Ыңғайсыз шыққан сәттерге екпін түсіріп, парламенттің үстінен күлудің

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 190 |

қажеті жоқ. Бұл органға түрліше көзқараспен қарауға болады. Бірақ ол

журналистің жеке пікірі, сондықтан оны жұртқа «жария ете беруге» болмайды.

Егер күлгің келіп бара жатса, мұқият құлақ сал – депутаттардың

өздері де кей мәселелерді күлкі етеді және өз материалыңда соны

пайдалануыңа болады.

Ең бастысы – депутаттардың халық қалаулысы екенін ұмытпау қажет.

Біз «қалта» парламенті, сайлау нәтижелері қолдан жасалған деп қанша

байбалам салсақ та депутаттар билікке халық мүддесін жеткізушілер.

Сайлауда олар үшін де біреулер дауыс берді, ал сайлау қорытындысына

сенер болсақ, оларға халықтың басым бөлігі дауыс берген болып

шығады. Және сайлаушылар бүгінгі таңда дәл осы адамдарға, халық

қалаулыларына барады, хат жазады, проблемаларымен бөлісіп, көмек

күтеді. Әрине, депутаттардың бәрі бірдей емес, олардың мүдделері де

әртүрлі.

Депутаттық қызмет жөніндегі түсініктері де түрліше. Бірақ, бәрін жалпы

қалыппен өлшеу журналист үшін кешірілмес қателік.

Бізге дәйексіз сөйлеуге болмайды. Егер журналистің міндеті парламентті

жер-жебіріне жеткенше сынау болса, оны дәлел-дәйексіз

істеуге болмайды.

Егер нақты бір депутаттан сұхбат алу қажет болса оның түрін, қай

аймақтан сайланғанын, парламентке дейін қай салада жұмыс істегенін

біліп алу қажет. Оның өмірбаяны мен фотосуретін парламенттің webсайтынан

табуға болады. Кездесуге бармас бұрын депутатқа немесе

оның көмекшісіне қоңырау шалып, жолығатын уақыт пен сұхбаттасу

мерзімін нақтылап алған дұрыс.

Егер нақты бір тақырып бойынша кез-келген халық қалаулысымен

әңгімелесу қажет болса, кезіккен депутатқа сұрақтарыңды «құшақтап»

жүгіруге болмайды. Парламенттің қазіргі құрамындағы депутаттардың

қысқаша өмірбаянымен танысып, нақты бір мәселе жөнінде сауатты

түрде баяндап беретін лайықты адамды таңдау қажет. Ізденуге

уақытыңды аяма.

Өйткені, мамандығы дәрігер адам қаржы дағдарысы туралы өз әсерін

ғана айта алса, қаржыгер жағдайды сауатты түрде талдап береді. Әрине,

депутаттардың арасында «сегіз қырлы, бір сырлылары» жетерлік. Олар

| 191 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

кез-келген тақырыпқа – сыртқы саясат пен экономикалық ахуалдан бастап,

памперстің зияндығына дейін әңгімелеп бере алады.

Қорыта келгенде айтарым: журналист үшін парламентте жұмыс істеу өте

қызық және одан қорқудың қажеті жоқ. Онда көп нәрсе үйренуге болады.

Бірақ, тыңғылықты жұмыс істеуге, заң шығару тәртібінің қыр-сырына

қанығып, бюджет тұңғиығына батуға тура келеді. Үйрене келе өзіңнің

әбден ысылғаныңды, жаңа кәсіби қырыңнан жетілгеніңді байқайсың.

Парламентте жұмыс істеуден жүрексініп қалмадыңыз ба? Ендеше, қош

келдіңіз!

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 192 |

САРАПТАМА: МЫНАНЫ ТАЛДАП КӨРІҢІЗ!

Ярослав Разумов

Сараптамалық журналистика тақырыбына арналған оқулықтың осы

бөлімін қазақстандық БАҚ-тағы «мұнай тақырыбы» негізінде жазу

идеясы менің (осы бөлім авторы) және жоба авторы Әділ Желеловтің

ойына бір мезгілде келіпті. Ақпараттық ортада жұмыс істейтін

екі адам проблеманы талдаудың бірдей ракурсын таңдап алды. Бұл

аталған әдістің дұрыстығын дәлелдесе керек.

«ҚЫСҚА СТИЛЬ», АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ «ШОУМЕНДЕР»

МЕН «АРХИТЕКТОРЛАР».

Ең алдымен түсінікті нақтылап алу қажет. «Сараптамалық журналистика»

дегеніміз не?

Біздің кәсібімізде үш әдіс бар (көптеген қосымша түрлерді есептемегенде)

– ақпараттық, көңіл-көтеру-эмоционалдық және сараптамалық.

Біріншісіне – ақпарат агенттіктерінің жұмысы, телеарналар мен

радиодағы ақпараттық бағдарламалар мысал бола алады.

Екіншісі бүгінгі таңда тым көбейіп кетті. Бұл – «жылтыр мұқабалы журналдар;

«таблоидтар» және «сары басылымдардың» өзге де түрлері;

танымал адамдардың тіршілігі мен қылмыстық әлем жаңалықтарынан

«нанын» айырып жүрген басылымдар мен бағдарламалар… Көңілкөтеру

бағдарламаларының негізгі айырмашылығы – онда берілген

ақпарат көрерменнің (тыңдарманның) қабылдауына жеңіл болады. Материал

негізінен адамдардың көңіл-күйіне бағытталады. Мәселен, ол

ресей эстрадасы примадоннасының жас әртіске қалай күйеуге шыққысы

келетінін немесе спорт «жұлдыздарының» қайсысы қанша табатыны,

қандай көлікке мінетіні туралы болуы мүмкін.

Ал осы екі әдіске сыймайтынның бәрін меніңше, «сараптамалық журналистика»

деуге болады. Басқаша айтқанда, түрлі әлеуметтік, саяси,

экономикалық және өзге де проблемаларды зерттеу, сипаттау және соған

қатысты болжам айту. Бірақ бұндай материалдар (бағдарламалар, репортаждар)

адамдардың көңіл-күйі мен сезіміне емес, «ойлау жүйесіне»

негізделген.

| 193 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Осы қалың бұқараға арналған ақпаратпен жұмыс істеудің үш тәсілін

мысалмен сипаттап берейін. Мәселен бірнеше адамның өмірін қиып,

баспанасыз қалдырған табиғи апатты мысалға алайық. Зілзала, өрт, су

тасқыны...

Бірінші ақпараттық тәсіл бойынша бұл туралы барынша нақты, қысқа

ақпаратты барынша тездетіп аудиторияға хабарлау маңыздырақ.

Журналистикадағы ақпараттық тәсіл – біздің мамандығымыздың «қысқа

да нұсқа тілі».

Екінші, көңіл-көтеру тәсілінде, адамдардың қасіреті, құрбандар

саны, фото-бейнематериалдар берілуі мүмкін. Көңіл-көтерушілікэмоционалдық

әдіс дегеніміз – ақпарат деп аталатын «шикізаттан» шоу

жасау. Шоу көңілді немесе қайғылы болуы мүмкін. Бірақ шоу «шоу»

күйінде қала бермек.

Табиғи апат туралы сараптамалық хабарда оның себептеріне көңіл

бөлінеді. Залалдың осынша күшті болуының себебі неде: сейсмикалық

дүмпулердің күштілігінен бе, әлде үйлердің салыну сапасының

төмендігінен бе? Егер мәселе екінші себепке байланысты болса оның

«тамыры» қайда жатыр? Бұған кім кінәлі: құрылысшылардың кәсіби

деңгейінің төмендігі ме, әлде архитекторлардың дұрыс есептемеуі немесе

билік пен құрылыс компанияларындағы жең ұшынан жалғасқан

жемқорлық кінәлі ме? Немесе жарақат алғандарға көмек көрсету шараларын

тездетуге болмас па еді? Немесе бұл қайғылы оқиға аймақтың

(мемлекеттің, әлемнің) экономикалық жағдайына әсер ете ме және

қаншалықты әсер етеді?

Сараптамалық материалға арқау болатын мысал-тақырыптарды тізбектей

беруге болады. Журналистиканың осы саласы үшін қандай образды

таңдап алған жөн? О жағын айту қиын. Мүмкін, ол үшін түрлі құрылыс

және әрлеу материалдарынан барынша ыңғайлы, әдемі және бейінді

ғимарат жасап шығу міндетін арқалаған архитектор қажет шығар?

Бұнда материалды құратын белгілі бір «із» жоқ. Оны әр материал сайын

өзің іздеп табуға тура келеді. Сондықтан, сараптамалық журналистика

– шоу жасау емес, шығармашылық процесс. (*).

«АЛХИМИЯ» МА ӘЛДЕ КӘДІМГІ ЖҰМЫС ПА?

«Сараптамалық журналистика» түсінігінің кәсіби айналымға енгеніне

көп уақыт болған жоқ. Ол 1990 жылдардың ортасымен тұспа-тұс келеді

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 194 |

(әрине, бұл жерде орыс журналистикасы туралы әңгіме болып отыр,

Батыста бұл айтарлықтай ерте басталған шығар – нақты білмеймін). Кешегі

күнге дейін оны қалай жасау керектігінің еш жерде оқытылмауы да

заңды (бүгінгі таңда оқыта ма, оқытса қандай деңгейде оқытылады, о

жағынан да бейхабармын).

Шынымды айтсам, «сараптамалық журналистика» термині менің өзіме

онша ұнамайды. «Сырттағы» адам мұны терең құпиялар мен білімге

толы, «арнайы» журналистер айналысатын «ерекше» кәсіп деп ойлап

қалуы мүмкін. Атауына қарағанда «журналистік киім киген» ортағасырлық

алхимия сияқты бірдеңе.

Шын мәнінде олай емес. Бұндай жұмысты істеу үшін жазатын

тақырып төңірегіндегі білім мен эрудиция деңгейі жоғары болуы керек.

Журналистің логикасы жақсы дамыған, оқиғаларды күнделікті бақылап,

ұғынуға қабілетті болуы керек. Бәрінен де жүйелі түрде жұмыс істеп,

еңбек ете білу қажет.

Ақпараттық та, ойын-сауықтық та болып есептелмейтін сараптамалық

материал жаңалықты жай ғана баяндап қоймайды. Оған мәселеге

қатысты көзқарас, оны қолдайтындар мен қарсы шығатындардың

дәйекті пікірлері қамтылады.

Бұл жерде мынадай маңызды мәселені айта кету қажет: тақырыпқа шындап

кіріскен журналист әрқашан көзқарастар, пікірлер мен ұстанымдар

қақтығысына жолығады. Бұл дегеніміз айтыс-тартыс. Сондықтан сіздің

көзқарасыңызды қолдауға қажетті дәйек қана емес, қарсыластарыңның

пікіріне қайтаратын жауабың да болуы қажет.

Бұл жерде біз сараптамалық материалға арқау етпей тұрып қарастыруды

қажет ететін маңызды проблемаға тоқталдық. Оны – ақпараттық саладағы

(сараптамалық цжурналистикағадағы) PR мәселесі деп аталық.

PR-ҒА АРНАЛҒАН СҮЗГІ

БАҚ-ы «төртінші билік» деген мақалды бріміз де білеміз. Бұның астарында

не жатқаны белгілі. Шын мәнінде бұл құр далбаса: әлемнің бірде-бір

еліндегі БАҚ-ның ықпалын атқарушы немесе сот билігінің ықпалымен

салыстыруға келмейді. Бірақ, БАҚ күші аса қажетті тағы бір сала бар, ол

- халықтың «миына» әсер ету.

| 195 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Қазіргі әлемде ақпарат шектен тыс көбейіп кетті. Бүгінде «ақпарат

ағынынан» гөрі «ақпарат мұхиты» деген дұрыс болар. Адам осы

мұхиттағы шындықты ойдан шығарылған елес пен өтіріктен өз бетінше

ажырата алмайды.

Ал, ажыратуға деген сұраныс бәрінде бар. Мәселен, сіз пәтер сатып

алғыңыз келеді делік. Ал, рыноктағы жағдай тұрақсыз. Оны тездетіп сатып

алу қажет пе немесе күте тұрған дұрыс па? Әлде бұл елде ондай

ойдан аулақ болған жөн шығар? Қарапайым адамдардың сарапшыэкономист,

қаржыгерлерге қолы жете бермейді, олармен ақылдасатын

мүмкіндігі жоқ. Ол мүдделі топтарға, мәселен, риэлторларға сенбейді.

Бұндай қарапайым адам не істеуі керек? Дұрыс – жан-жақты ақпарат

жинап, соның негізінде жылжымайтын мүлік нарығына қатысты болжам

жасайды. Оның ең басты құралы – БАҚ жарияланымдары.

Мұны біздің «қарапайым адамдар» ғана емес, рынок «майталмандары»

- риэлторлар да жақсы түсінеді. Олар да қарап қалмай, ақпараттық саясатта

өзіне тиімді «майдан» қалыптастырып алады. Бұл «қарапайым

адамды» шатастырады. Бізде осыны PR деп атайды.

Мен жылжымайтын мүлік нарығын тектен-тек мысалға алып отырған

жоқпын: өйткені, бұл бүгінгі Қазақстанда елдің «аузында жүрген»

тақырыптың нақ өзі. Саясат пен экономиканың өзге салаларындағы

жағдай да дәл осындай. Бүгінде PR департаменті кез-келген компанияда,

тіпті кішігірім банкте де бар. Ал, ірілері туралы айтпаса да түсінікті.

Бұны «қоғаммен байланыс» (PR) дегеннен гөрі «қоғамдық пікірді тапсырыс

беруші үшін тиімді бағытта қалыптастыру, жоспарлы түрде мақсатқа

жету» деген дұрыс болар еді. Бұл атау ұзағырақ болғанымен шындыққа

бір табан жақын. Бірақ, бұл біздің әңгімелегелі отырған тақырыбымыз

емес.

Бізге керегі мынау: бүгінде ақпараттық ортада PR-дың таралғаны

соншалық, кез-келген мақаланы оқи отырып оның жақсылап дайындалған

«PR» емес, «жай» мақала екенінен сену қиындап кетті. Бірақ,

бақытымызға орай, бізде PR сапасы әлі күнге дейін төмен болғандықтан

оны ажырату да қиынға соқпайды. Неліктен «бақытымызға орай» дегенімізді

төменде әңгімелеп бермекпіз.

Белгілі бір проблеманы зерттеп, ақпарат жинау барысында журналист

PR-ға арналған «сүзгіні іске қосуы керек». Өйткені, әдетте PR

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 196 |

ақпараттың шынайылығына белгілі бір деңгейде кері әсер етеді. Ендеше,

сараптамаға да солай ықпал етеді (айта кетейін - әрқашан олай

емес, бірақ оның ықпалын жиі сезінеміз). Өйткені, егер ол «қара PR»

болса онда біреуге немесе бір нәрсеге қарсы бағытталған жағымсыз

ақпарат бар деген сөз. «Ақ PR»-да керісінше. Екеуінде де шындықтың

бетіне шіркеу түседі. Және PR қанша сапалы шықса, оны шындыққа келтірген

зардабы да соншалықты күшті болмақ.

Бұл «сүзгіні» қайдан алуға болады? Оны кітаптардан, газеттен, журналдардан,

теледидар мен Интернеттен; сіз зерттеп жатқан тақырыпты

жақсы білетін адамдармен әңгімелесу арқылы таба аламыз. Мен

жоғарыда мен журналистің эцрудициясы, ой түйсігі, ақпаратпен жұмыс

істей білу қабілеті қажеттігін айтқан болатынмын. Материалды қанша

жинасаңыз да, сіз бұл сала маманы бола алмайсыз. PR-қармаққа міндетті

түрде түсіп қаласыз. Нәтижесінде сараптамалық емес, сізді «айналдырып

алған» біреудің пікірін насихаттап шығасыз.

Міне, мысал. Жылжымайтын мүлік тақырыбын қозғаған соң соны әрі

қарай жалғастырып көрелік. Елестетіп көріңізші: журналист бір кезде,

мәселен 2006 жылы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының беталысына

қатысты ауқымды материал жазу туралы тапсырма алды делік.

Бірақ, бұрын-соңды ол бұл тақырыппен жұмыс істемеген. Оқасы жоқ,

интернеттің іздеу жүйесіне қажетті сөзді жазсаң болды, осы тақырыптағы

жарияланымдарға қарық болып қаласың. Журналист соларды оқиды

да материал жазады. Бірақ – ақпараттың 90 пайызы рынок әрі қарай

да дами түседі деп тұрған кезде қандай материал жазуға болады?! Ол

ақпараттың ішінде онсыз да қызып тұрған жылжымайтын мүлік нарығын

әрі қарай да «қыздыруға» мүдделі топтардың тапсырысымен жазылған

жасырын PR да бар. Нәтижесінде кәсіби сапасы төмен тағы бір мақала

жазылар еді.

Егер журналист сол тапсырманы қазір алса ше? Интернеттің іздеу

жүйесі оған не берер еді? Тағы да түрлі пікірлерден құралған мақалалар

(оның ішінде біреулердің «тапсырысымен» жазылғандары да бар). Осы

тақырыптағы жан-жақты ақпаратпен жұмыс істеген, өзіндік пікірі жоқ

журналистің ештеңе жазбай-ақ қойғаны жақсы.

Біз қарапайым ғана дүниелер туралы әңгімелеп отырмыз. Көптеген

адамдар мен капитал мүддесі «тоғысқанына» қарамастан, жылжымайтын

мүлік нарығы бірнеше мыңдаған, аса қуатты мүдделерден құралған

энергетикалық ресурс нарығы емес. Бұл рыноктағы пиар-күштердің

| 197 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ақпараттық үлесі орасан зор. Осындай «үлкен» проблемалар жөнінде

сараптама жазатын журналист пиар-күштердің әдемі орамға «оралған»

мүдделер «шиеленісін» шешіп, шындыққа қол жеткізу тиіс. Ол үшін өте

КӨП жұмыс істеу қажет болмақ.

БАСТАПҚЫ НӘТИЖЕЛЕР

Сонымен нәтижелерді қорытайық.

Сараптамалық материал жазу өте күрделі және көп еңбекті қажет ететін

жұмыс. Жұмысыңыз сапалы болуы үшін сіз –

- Зерттеліп отырған проблеманы жазғанда барынша шыншыл болуға

міндеттісіз, тексеріп білмей тұрып «сөзге», тіпті беделді адамдардың

сөздеріне де сенбеуіңіз керек (басқаша айтқанда, сыни тұрғыдан

қарауыңыз керек);

- Дербес ойлауыңыз қажет (сіздің сараптамаңыз – өзге адамдардың,

тіпті асқан кәсіби мамандардың емес, Сіздің сараптамаңыз. Сондықтан

түрлі адамдар мен ақпарат көздерінен жан-жақты ақпарат жинап, оны

салыстыра білу қажет деген сөз;

- Осы проблеманың өткені мен бүгінін білуіңіз қажет; осыған ұқсас проблемалар

өзге елдерде, өзге қоғамдарда қалай дамитынын білуіңіз керек;

- Кез-келген адам, сарапшы да, сіз де қателесуі мүмкін. Ендеше бір

нәрсеге үзілді-кесілді баға беріп, тұжырым айтуға болмайды; оң

өзгерістер де болуы мүмкін, ол жағдайды мүлдем басқа бағытта өрбітуі

мүмкін;

Әзірге осы. Енді тікелей мысалға көшейік.

«ҚАШАҒАН АНАТОМИЯСЫ»

(бірден келісіп алайық – біріншіден, мен бұл жерде Қашаған кенішінің

өзіндік проблемалары жөнінде емес, осы жоба төңірегінде қалыптасқан

саяси және ақпараттық «майдан» туралы айтамын; Екіншіден, мен

нақты бір тақырыпқа тереңдеп бармаймын, бұл көп уақытты талап

етеді; проблемаларға қатысты өз түйсігім мен маңызды нақты

қадамдар туралы әңгімелеуге тырысамын).

Проблеманы көтеру

Қазақстандағы кеңес үкіметінен кейінгі жылдардағы «мұнай»

тақырыбына қарап республикадағы ғана емес, халықаралық ауқымдағы

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 198 |

сараптамалық журналистика мен пиар проблемаларын болжамдауға

болады. Бұл жерде сан-алуан мүдделердің араласып кеткені соншалық,

оларды ажыратып, сипаттап беру оңай емес. Мүдделердің басым бөлігі

Қашаған жобасында шоғырланған.

Алдымен оқиғалардың жалпы негізіне тоқтала кетейік.

Мен әдейі оны көзбен көргенімдей етіп, яғни орташа деңгейде

ақпараттандырылған адам ретінде сипаттаймын.

КСРО кезінде Қазақстанда аз да болса мұнай өндірілді. Қазақстанда

«мұнайлы Эльдорадо» «табылатыны» ол кезде ешкімнің ойына кіріп те

шыққан жоқ.

Қазақстан тәуелсіздік алысымен көп ұзамай Каспий төңірегінде «үлкен

ойын» басталды. Онда негізгі ойыншы рөлін батыстық мұнай өндіруші

компаниялар, АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің үкіметтері атқарды.

Батыстың мұнай бизнесі Қазақстанға келіп, ірі кеніштердің басым бөлігіне

билік жүргізе бастады. Сонымен қатар Каспий теңізінің қазақстандық

қайраңында өте көп мөлшерде қара алтын қоры бар екендігі айтыла

бастады. Оны барлап, кенішті игеруге Қазақстанның экономикалық

және технологиялық мүмкіндігі болмағандықтан батыстық мұнай

компанияларының құзырына берілді.

Олар міндетті түрде орасан зор мұнай қорларын ашып, 2010-2015

жылдарға қарай Қазақстан әлемдік мұнай өндіруші мемлекеттер рейтингінде

«алға шығады» деген түсінік қалыптасты.

Мұнай өндіру басталмай жатып, біздегі беделді адамдар Қазақстанның

«мұнай қоры жағынан әлемде Сауд Арабиясынан кейінгі екінші орынды

иеленетінін» мәлімдей бастады. Біздің БАҚ-ның көпшілігі осы «хорға»

қосылып, жамырай үн қатты. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, осы

мәлімдемелерді сыни тұрғыдан сараптауға олардың құлқы болған жоқ,

бұл оларды қызықтырмады да; Екіншіден, «Мұнайлы Эльдорадо» туралы

айтып жүрген үлкен адамдарға қарсы шығуға батылы бармады;

Үшіншіден «жоғарыдағылардың» айтқанының бәріне бас шұлғитын ескі

әдет те қала қоймап еді.

Күмәндануға не итермеледі

Мен бұған осы «ақпараттық толқын» басталған кезде-ақ күмәндана бас-

| 199 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

тадым. Неліктен? Мүмкін, бұған менің «сөзге сене салмайтын» әдетім,

әр нәрсеге сыни көзқараспен қарайтыным ықпал еткен шығар. Кезінде

КСРО-да геология ғылымы жақсы дамыған болатын, олар кеніштер

ашуды мақұрым емес еді; ендеше, КСРО-ның Солтүстігіндегі кеніштерді

ашқан олар неліктен Каспийдің қазақстандық бөлігін ұмыт қалдырды;

мұнай Одаққа қатты керек болатын (қазіргі Қазақстан сияқты ол да негізінен

мұнай экспорты есебінен өмір сүрді).

Оған қоса Одақ кезінде Каспийдің әзірбайжандық бөлігінен ондаған жылдар

бойы мұнай өндірілді. Сонда Қазақстан мұнайының өндірілмеуінің

өзіндік себебі болғаны ғой.

Менің бар білетінім осы ғана болатын. Бірақ, ресми мәлімдемелерге

күмән келтіруіме осы да жеткілікті еді.

Көріп отырғандарыңыздай, маған жалпылама білімім көмектесті

(Әзірбайжандағы мұнай өндірісі, КСРО экономикасындағы мұнайдың

рөлі). Бірақ, дәл осы мәселе мені күмәндануға мәжбүрлеп, осы проблемамен

әрі қарай айналысуыма ықпал етті.

Ол кезде қазіргідей мұнай проблемасы жазатын сарапшылар да көп

болған жоқ. Осы тақырып бойынша кімнен кеңес алуға болады? Риясыз

сенуге болатын, пиар мен саяси бұрмаланбаған әдебиетті қайдан

табамын?

Бұл маған өте қиын мәселе сияқты көрінді. КСРО кезінде өте мықты Геология

институтының болғаны есіме түсті. Онда осы мәселелерді жіктеп

бере алатын білікті мамандар қалған болар?! Мен солармен байланыс

жасау жолдарын іздей бастадым. Таптым. Ол адамдардан көптеген

қызықты материалдар бере алатын ғылыми журналдар бар екенін білдім.

Қазіргі Интернет заманында бұл ақымақтық сияқты көрінуі мүмкін,

бірақ 1990 жылдардың орта тұсын есімізге түсіріп көрейікші. Қазақстанда

интернет атымен болған жоқ (немесе көпшіліктің оған қолы жете бермейтін),

журналдардың электронды нұсқалары жоқ еді және т.б. Жалпы

айтқанда, мен аса бағалы ақпарат көзін таптым.

Дегенмен, журналдағы ғылыми жарияланымдар мен үшін түсініксіз болатын,

ал ғалымдар маңызды жаңалықты өздері дұрыс танымайтын,

оның үстіне жас журналистпен бөлісуге асықпайтын ақылды адамдар

ғой.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 200 |

Сонда да мені қызықтыратын тақырыпқа қатысты мәселелердің шеті

«қылтиып шығып қалып» жүрді. Екіншіден, жанама ақпараттың өзі мұнай

мәселесін тереңірек түсінуге көмектесті. Мәселен, мен мамандардың

бұрғыланған 7 ұңғымадан мұнай тапқаннан кейін ғана «мұнда мұнай

қоры бар» деген қорытынды шығаратынын білдім. Осыдан кейін дәл сол

сәтте 1 немесе 2 ұңғыма бұрғыланған Қашағандағы орасан зор мұнай

қорына қатысты күмәнім растала түсті.

«Тарамдалған ағаш»

Ал Қазақстанның мұнайлы амбициясы өсіп қана қоймай, «көпіршік» ата

бастады. Мәселен, жағалаулардағы облыстарда мұнай өндірушілерге

қызмет көрсететін инфрақұрылымдық жобалар салу мәселесі айтыла

бастады. Бұны республикадағы үлкен адамдар айтты. Арнайы конференциялар

өткізілді. Бұл да мені сол жобалардың болмысына күмән

келтіруге итермеледі.

Ол тұста Қазақстанда экономиканың барлық саласында кәсібитехникалық

мамандар тапшылығы байқалды. Осыдан кейін мен: елдің

ірі қаласында проблемаға айналып отырған мәселе, халқы сирек

қоныстанған, өнеркәсіптік кәсіпорындары аз болып келетін батыс облыстар

үшін проблема емес пе деген ойға қалдым.

Осыған қатысты ақпарат жинай келе, кадр тапшылығының шынында

проблема екендігіне көз жеткіздім. Сонда ұсынылып отырған

«инфрақұрылымдық консорциум» қандай кадрларға арқа сүйемек?

Тағы бір далбаса идея...

Меніңше, журналист маңызды тақырыпты ұзақ және терең зерттесе ол

«тарамдала» түседі және жаңа проблемалар мен «басты» тақырыптан

тарайтын тақырыптар туындайды.

Үлкен әрі күрделі тақырыптың «тармағы» да соншалықты көп болмақ.

Барлық мәселені кәсіби тұрғыдан зерттеп, жазып шығу мүмкін емес. «Екі

қоянды бір оқпен» атуға болар-ау, бірақ он екі қоянды қуып жету мүмкін

болмас. Оған тырысудың да қажеті жоқ. Өзіңе жақын 2-3 тақырыпты

таңдап алып, солармен айналысқан жөн. Жалпы, жаңа үрдістер мен

соңғы жаңалықтардан журналист әрқашан хабардар болуы тиіс.

| 201 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

«Проблеманың түбіне ғана үңілмей, оны жан-жақты зертте»

Естеріңізде болса, жоғарыда сараптама жасау принциптерінің бірі

ретінде «Проблеманың түбіне ғана үңілмей, оны жан-жақты зерттеу

қажет» деген ұстанымға тоқталған болатынмын. Мен бұл қағиданы

Қашаған мәселесінде қалай пайдаландым?

Бұл жоба мені проблеманы тереңінен қаза бермей, жан-жақты зерттеуге

итермеледі. Онда АҚШ-тың, Еуропа елдері мен Ресейдің, өзге де Каспий

маңы елдерінің мүдделері «тоғысқан» болып шықты. Соған байланысты

түрлі проблемалар белең алды (құбыр желілерін салу, Каспий теңізінің

мәртебесін анықтау және т.б.) Қашағанға тақырыптық жағынан қатысы

бар өзге де проблемалар туындады. Мәселен, мұнай өндірудің теңіздегі

флора мен фаунаға әсері; Қашағанға ықпал ете алатын елдердің өзара

қарым-қатынас проблемалары. Соңғысына қатысты бір мысал келтіре

кетейін.

Иран мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынастың онша жақсы

емес екені белгілі. Бұның Қашағанға ешқандай қатысы жоқ сияқты

көрінгенімен, олардың арасында тікелей байланыс бар. Қашаған Каспий

теңізінде орналасқан, ал Иран Каспий жағалауындағы елдердің

бірі. Қашағанды игеріп жатқан батыстық компаниялар консорциумы

құрамында американдық және британдық компаниялар да бар

(Ұлыбритания – АҚШ-тың жақын одақтасы, оның барлық әскери-саяси

акцияларын қолдайды).

Егер АҚШ пен оның одақтастары қарсы соғыс аша қалса Иран да

тиісінше «жауап» қайтарады. Одан Иран ештеңе жоғалтпайды.

Бірақ, бұл Қазақстан мұнайына міндетті түрде кері әсер етеді. Көріп

отырғанымыздай, Қазақстан жағалауындағы перспективалы мұнай

кеніштерін саралау үшін өзге мәселелермен қоса АҚШ пен Иранның

қарым-қатынасын, Каспий мен Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалды

да бағамдау қажет болмақ.

Проблеманың түбіне ғана үңілмей, оны жан-жақты зерттеу қажеттігін

дәлелдейтін тағы бір мысал келтірейін. Мен жыл сайын Мәскеуде Ресейлік

Мұнайгаз конгресі өтетінін білдім. Халықаралық беделді шара барысында

білікті сарапшылар экономиканың осы саласындағы проблемаларды

ортаға салады. Бірақ, бұл Ресей ғой, ал мен Қазақстан мұнайы

туралы жазамын. Не қатысы бар?

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 202 |

Бірақ, осы екі елдің аталған саласының проблемалары бір. Бәріміздің

«Кеңестік шинельден» шыққанымыз тегін емес қой. Мен журналист

ретінде Конгресске шақырту алдым, сол арқылы аса құнды ақпарат

көзіне қол жеткіздім. Онда Қазақстан, Каспий туралы аз айтылды. Бірақ

мен үшін бастысы бұл емес болатын.

Мәселен, осындай конгрестерден кейін (мен сол конгреске 10 жылдан

бері қатысып келемін) мен Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібінің

ресурстық базасын зерттей бастадым (басқаша айтқанда, елде қанша

мұнай кеніші ашылды, қандай санатқа жатады (өте маңызды тақырып!).

Осының бәрі түптеп келгенде мұнай өндірудің өзіндік құны мен оны

әлемдік рынокқа жеткізу бағасына ықпал етеді.

«Сараптамашы-шебер»

Ресей конгресі жөніндегі мысалдың астарында не тұр? Ол біздің айналамызда

ақпарат көзінің толып жатқанын білдіреді. Оларды іздеп, табу

қажет, пайдалану керек. Әрине, ақпарат атаулының бәрінің шындыққа

жанаспайтынын, сарапшылар берген бағаның үнемі объективті бола

бермейтінін және бет-пердемен тұмшаланған «пиардың» барын

ұмытпаған жөн.

Дегенмен бұл сұрақтардың да жауабы бар. Алдымен алынған ақпараттың

дұрыс-бұрыстығын тексересіз, «тапсырыспен» жазылған тұстарын алып

тастайсыз.

Оны осы тақырыптағы басқа ақпаратпен салыстырасыз. Сонда ғана

ақпарат өңделген болып есептеледі. Енді сіз бұрынғы ақпарат пен осы

өңделген нұсқаны салыстырып талдауға кірісесіз.

Қарапайым ғана мысал келтіре кетейін. Өзіңізді жиһаз жасаушысы, тері

илеуші немесе аспаз ретінде елестетіп көріңіз. Сапалы әрі бәсекеге

қабілетті өнімді жасауға кіріспес бұрын оған қажетті материал мен шикізатты

дайындап алу керек. Шикізатты іріктеп, сапасы нашарларын алып

тастағаннан кейін ғана өнімді жасауға кірісесіз. Шебер атаулының бәрі

солай істейді. Олардың жұмыс принципі мен сараптамалық мақала жазатын

журналистің жұмыс ұстанымы арасында ешқандай айырмашылық

жоқ.

| 203 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Не нәрсенің де «өзгеретінін» ұмытпау қажет

Жоғарыдағы «Бастапқы нәтижелер» деген тақырыпшаны қараңыз. Кезкелген

адам, сарапшы да, сіз де қателесуіңіз мүмкін екендігін ұмытпаңыз,

ендеше, бір нәрсеге үзілді-кесілді баға беріп, тұжырым айтуға болмайды».

Бұл мақаламен жұмыс істеудегі маңызды ұстанымдардың бірі.

Мақалада ешқашан үзілді-кесілді айтылған тұжырымдар болмауы тиіс.

Кезінде Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын тарту идеясын еліміздің

ақпарат кеңістігінде ашық сынға алған бірден-бір журналист мен болатынмын.

Оның мүмкіндіктеріне сенбеуімнің өзіндік себептері де бар еді.

Бірақ, мен оған 1990 жылдардағы жағдай тұрғысынан, мұнай бағасы

қымбаттамай тұрғанда (құлдырап түсіп жатқан тұста) баға берген болатынмын.

2000 жылдары жағдайдың түбегейлі өзгеретінін мен болжап

біле алмадым (ешкім де болжай алмады).

Бүгінде жоба жүзеге асты. Әрине, құбыр тиісінше толтырылған жоқ және

менің осыған қатысты айтқан болжамдарым әзірге орындала бастады.

Бірақ, бұл басқа әңгіме. Дегенмен, менің «қытайлық» болжамымның

қате болып шыққаны рас.

«Сараптама мұхиты»

Есесіне менің тағы бір болжамым орындалды. Ол – Қашағанды

өнеркәсіптік игеруді белгіленген мерзімде, яғни 2005 жылы бастау мүмкін

болмайтыны туралы болжам болатын. Әуелде, Қазақстанның 2010-2015

жылдарға қарай «қара алтын» экспорттайтын әлемдік көшбасшы мемлекеттер

қатарына қосылуы үшін Қашағанды игеру мерзімі 2005 жылға

белгіленген-ді.

Бұл болжамымды мен Қашағанды игеру мерзімдері бірінен соң бірі артқа

шегеріле бастағанға дейін жасаған болатынмын. Соған қарағанда, менің

екінші болжамым да – Каспий қайраңының қазақстандық бөлігі мұнайға

соншалықты бай емес деген пікірім де шындыққа айнала бастаған

сыңайлы.

Осы екі болжам мемлекеттің алдына көптеген жаңа және күрделі міндеттер

қойып береді. Бұл дегеніміз – тәуелсіздік жылдары мұнаймен

тығыз «байланыстырылған» экономикалық стратегиямызды, бірінші кезекте

Каспий қайраңында өндіріледі деп болжанған мұнай көлемдерін

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 204 |

қайта қарау; бұл – Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий аймағы,

ТМД елдері мен әлемдегі орнына жаңа тұрғыдан баға беріп, кеніштерге

иелік етіп отырған шетелдік мұнай өндіруші компаниялармен қарымқатынасты

өзгерту деген сөз.

(*) - әрине, журналистиканың белгілі бір түрлере қатысты «аралық» мысалдар

баршылық. Ресейлік телеарнада А.Малахов жүргізетін сияқты ток-шоуларды мысалға

келтіруге болады. Бұл кәдімгі «көңіл көтеру-эмоционалдық» журналистика. Дегенмен

онда сараптама элементтері де жоқ емес (онда қаралып оқиға себептерін анықтауға

талпыныс жасалады, бірақ ол жеріне жеткізіп талдауға емес, ток-шоудің мәнін ашуға

бағытталған.

| 205 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ТАБЛОИДТА ЖҰМЫС ІСТЕУ

Наталья Соколова

«Таблоид журналисі дегеніміз арнайы қызметте жұмыс істейтін

маман сияқты. Былайша айтқанда, Агент 007». (Арам Габрелянов,

«Твой день» және «Жизнь за неделю» таблоидтарының

шығарушысы)

«… Францияда таблоидтарды «консьерждерге арналған журналистика»

деп атайды: вахтада отыратын тәтейлер аузының суы құып,

Депардьенің ұлының тағы да мас күйінде қолға түскенін оқиды... Олар

өздері дербес өмір сүрмейді, сондықтан өзге біреудің өмірін ермек

етеді... Бұл жақсы да, жаман да емес. Мен бұл жерде медиа өнім туралы

айтып отырмын…»

Леонид Парфенов, «Русский Newsweek» журналының бас редакторы

(«Санкт-Петербургский курьер» басылымына жарияланған

сұхбат, 2005 ж.)

Әрине, Леонид Парфенов өсіріңкіреп айтып отыр. Өйткені, «Сіз таблоидтарды

оқисыз ба?» деген сұраққа адамдардың 99%-ы «жоқ» деп жауап

берер еді және «сары» басылымдарға деген көзқарасының жақсы еместігін

айтады. Ал, таблоидтық басылымдардың тираждарына қарасаң

оны оқымайтын адам жоқ сияқты. Көп адамдар таблоидтарды оқитынын

ашық айтуды әдептілікке жатпайды деп есептейді.

Мен сіздерді таблоид оқырмандарының «әлеуметтік аутсайдарлер»

еместігіне немесе «өзге біреудің өмірін ермек ететіндер» еместігіне,

таблоидтардың алғашқы бетіне жұлдыздардың өмірі туралы өсек-аяң

емес, маңызды жаңалықтар жарияланатынына сендіре аламын.

СОНЫМЕН, ОНЫҢ ТҮСІ ҚАНДАЙ?

Жалпы алғанда, «таблоид» кәдімгі «А3» форматтағы,

өлшемі 270х380мм («Комсомольская правда», «Аргументы

и Факты», «Караван», «Время», «Литер» мен «Экспресс-К»

басылымдарының апталық шығарылымдары) газет болатын.

Бұл газет бизнесінде кең таралған «А2» форматынан екі есе кіші.

Бірақ, қазір бұл термин газет бетінің өлшемін емес, белгілі бір ақпарат беру

стилі, тақырыптық топтама, газеттің дизайны мен беттеу дегенді білдіреді.

«Таблоид» дегенді естігенде көп адамдардың ойында дау-жанжал,

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 206 |

өсек-аяң, күмәнді ақпарат тарататын «сары» басылым деген ой туындайды.

Өйткені, таблоидтық форматқа ең бірінші «бульварлық» газеттер

(бұл да сол сары түсті қағазға шығарылған «сары» басылым),

яғни жеңіл дүниелер жазатын, көңіл көтеруге бағытталған басылымдар

көшкен. Қалың аудиторияға арналған бұл газеттерді оқу өте ыңғайлы

болатын. Мәселен, оны жұмысқа бара жатып қоғамдық көлікте немесе

үзілістерде оқуға болады. Бұл Еуропада 50-жылдардың орта шенінде

болған өзгеріс.

Саяси және бизнес басылымдар, жалпы газеттер үлкен форматты

көпке дейін сақтап қалды. Көптеген газеттер әлі күнге

дейін сол форматпен шығып келеді (мәселен, «Известия»).

Дегенмен соңғы бірнеше жылда әлемдегі беделді деген 50-ге жуық басылым

шағын көлемге көшті. Бірақ, ағылшынның The Times және The Independent

сынды ықпалды басылымдарын ешкімнің «бульварлық» немесе «сары»

басылым деп атамасы анық. 2003 жылы салиқалы басылымдардың

ішінде The Independent газеті таблоидтық форматқа көшуге тәуекел

етті. Нәтижесінде алғашқы бірнеше айда оның тиражы 20%-ға артты.

216 жыл бойына үлкен форматпен шығып келген The Times басылымы араға

бір жыл салып осы үлгіге ауысты. Бұдан сонша уақыт бойына Ұлыбритания

үшін ғана емес, бүкіл әлем алдында беделді күнделікті газет болып

саналған басылым ұтылған жоқ. The Times-тың тиражы аз да болса артты.

Мамандар таблоидтық форматқа көшу міндетті түрде болатын үрдіс деп

есептейді. Өйткені, бүкіл әлем бойынша таблоидтарға деген сұраныс

арта түсуде. Бұл адамдардың интеллектуалдық деңгейінің төмендегенін

көрсетпейді. Оны осыдан бірнеше жыл бұрын «іскерлік таблоид»

түсінігінің пайда болуы дәлелдеп береді. Бүгінде де Ресейдің көптеген

басылымдары барынша ыңғайлы, оқырмандар сұранысына жауап беретін

таблоидтық форматқа көшуді ойластыруда. Өйткені, БАҚ-ы, соның

ішінде газеттер де төртінші билік қана емес, бизнес құралы болып саналады.

Ал, бизнес жұмыс процесінің рахатын сыйлап қана қоймай, табыс

әкелуі тиіс. Әрине, табыс негізінен жарнама мен тиражға байланысты.

Дегенмен, «жүріп бара жатып» қарап шығуға ыңғайлы, материалдары

барынша көп адамдардың мүддесіне сай жазылған, оқырманның

ақпарат беру, көңілін көтеру және кеңес беру сынды басты тілегін орындайтын

газеттің тартымды болатыны анық.

Көптеген жағдайларда таблоидтық басылымдарды дау-дамай қуатын,

өсек-аяң мен қауесетті өсіріп айтуға әуес, танымал адамдардың жеке

өміріне қол сұғатын газеттер деп айыптап жатады. Бірақ бұның бәрі

| 207 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

оқырманға керек қой. Арғы жағы түсінікті: үлкен тираж – көп жарнама –

табыс өседі. Сондықтан таблоидтардың оқырман ойын «жаулап» алуға

деген талпынысына ешқандай таңқалуға болмайды.

Ал, кәсіби беделін қадірлейтін және өз оқырманын құрметтейтін кезкелген

басылым (таблоидтық болсын, үлкен форматты болсын) қолына

түскен ақпаратты міндетті түрде тексеріп алады. Мәселен, «Комсомольская

правда» - кәдімгі таблоидтық басылым, бұрыннан көрермендерге

«айғақтар» ұсынумен айналысып келеді. Сайтында сұхбаттар,

әңгімелесулер, оқиғалар мен пікірлердің аудио тіпті, бейне жазбаларын,

фоторепортаждар жариялап отырады. Өйткені, басылым бетінде фотосуреттерді

көптеп басуға мүмкіндік жоқ. Мен өз басым таблоид дегенді

«дау-дамай қуған баспасөз» деп емес, халыққа жақын, қарапайым

«халықтық» тілмен жазылған «халықтық баспасөз» деп түсінемін.

Ал, төменде таблоидтың стильдік ерекшеліктері жайында бірер сөз

айтылмақ.

«МАТЕРИАЛДЫ КІМ ҮШІН ЖАЗСАҢ, СОЛАР ТУРАЛЫ ОЙЛАН»

Мен «Комсомолканың» барлық журналистеріне осылай деймін. Өйткені,

біз ең алдымен өз оқырманымызға қызмет көрсетуіміз керек: елде, оның

тұрып жатқан қаласында, ауданда болып жатқан оқиғалар туралы хабарлап,

бір нәрсені түсінуге көмектесуге, дер кезінде ескертіп немесе

кеңес беруге, көңілін көтеруге... міндеттіміз.

Дегенмен ең маңызды деген саяси оқиғаның өзін (тағы да айта кетейін

– таблоидтар байлар мен танымал адамдар төңірегіндегі қауесет пен

өсек-аяңнан ғана тұрады деген - қате ұғым) әртүрлі етіп жазуға болады.

Таблоидтық басылымға жанды, эмоционалды, «адами» тіл тән. Және

сүйікті оқырманның жүгін жеңілдету қажет. Оқырман «не-қалай-неліктен?»

деген сұрақтарға бас қатырмасын, оның жауабын журналист

берсін. Ол ақпаратты барынша көп жинап, ҚЫЗЫҚТЫ ЕТІП беруге МІН-

ДЕТТІ. Фототілшінің міндеті де осыған саяды.

Таблоидтың тағы бір ерекшелігі – онда фотосуреттердің маңызы мәтіннен

кем түспеуі керек. Оқырман әсіресе оқиға орнынан және эксклюзивті

жағдайда түсірілген фотосуреттерді оқырман ерекше бағалайды.

Таблоидтық басылымдарға тән ерекшеліктер:

• газет дәстүрлі А2 форматымен емес, көлемі жағынан одан екі есе

кіші А3 форматымен шығарылады, бұл газеттің оқылуын, беттерді

парақтауды оңайлатады;

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 208 |

• таблоид барлық тақырыптарға арналған материалдарды қамтиды:

жаңалықтар (бұл топтаманың көлемі де әжептәуір болады), репортаждар,

зерттеулер, мәдениет пен спорт жайындағы материалдар,

«сабын» деп аталатын материалдар (танымал адамдар

мен қарапайым жандардың өмірінен алынған оқиғалар), криминал,

байқаулар, акциялар, күлдіргі әңгімелер (анекдоттар) және тағысынтағы.

• алғашқы бетке ең қызықты, нөмірдің маңызды материалдары (бұны

«қазық» деп атайды - өйткені оқырманды қызықтыру керек қой) жарияланады;

• тақырыптар мен ақпарат топтамалары бірінші бетке жарияланады

(бұл ішкі беттерге сілтеме жасайды және оқырман ақпараттық

өнімнің ішінде не жазылғанын түсіне қояды да, оны сатып алады);

• ірі қаріппен терілген «менмұндалап» тұратын тақырыптар (ақпаратты

сату үшін алдымен оған назар аударту қажет);

• ырғақты графикалық дизайн (барлық цифрларды таблица, график

пен диаграмма түрінде беру – бұл ақпараттың жеңіл қабылдануына

мүмкіндік береді);

• ақпараттық емес материалдың тақырыптары міндетті түрде

маңызды, талқыланатындай, уақытқа сай қойылуы тиіс;

• мәтіндер қысқа болады: әдетте 1500-2000 белгіден аспайды (бұл

оқырманның мақаланы тез оқып, түсінуіне көмектеседі);

• безендіру жағына басымдық берілуі тиіс: көп жағдайда олар «бұрыс»

пішінде (дәстүрлі төртбұрыш емес), қиып алып жапсырып қойғандай

әсер қалдыруы тиіс, мәтінге «кірігіп» тұрады;

• түсті мүмкіндігінше көп пайдалану, мәтінді басқа түспен

бөліп көрсету. Әдетте назар аударту мақсатында

мақалалар қараның үстіне ақ түспен теріледі;

АГЕНТ 007

Таблоидта қандай адамдар жұмыс істейді? «Комсомолка» - кәдімгі таблоид

болғандықтан соған қатысты мысал келтірейін.

Редакцияға әр түрлі адамдар жұмыс іздеп келеді. Мен кездескен кезде

журфактың дипломын талап етпеймін, тіпті олардың жасын да

сұрамаймын. Журналистикада бір күн еңбек етіп көрмеген адамды да

қумаймын. Өйткені, репортерлік шеберлікті тәжірибе арқылы, еңбек

«алаңынан» үйренуге болатынына сенімдімін. Жұмыс істеуге, үйренуге

деген ниет, адамдарды өзіңе тарта білу, ашық-жарқындық, тіл табыса

білу, тартымдылық, шыдамдылық, эрудиция бәрінен де маңызды

қасиеттер.

Мынаны да түсіну қажет. Біз өз өнімімізді сатамыз. Біздің өніміміз

| 209 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

бәсекелестердің туындысынан артық болса ғана өтеді. Тағы да айта кетейін

– таблоидта жұмыс істейтін журналист материалды оқырманды

қызықтыратындай етіп жазуға міндетті. Шынында, тар шеңберге

маманданған таблоид болмайды. Өйткені, онда қызықсыз, пайдасы жоқ

заметкалар болмауы тиіс. Таблоид әу баста оқырмандардың үлкен аудиториясына

арналған. Ал, түрлі жастағы, кәсібі мен айналысатын ісі

де әртүрлі оқырмандардың бәрі де басылымнан өзіне қажет нәрсе таба

алатындай болуы тиіс.

Жалпы, ірі таблоидтардағы журналистер штаты ауқымды. Олардың әр

қайсысы өз саласы бойынша маманданған. Ал, Қазақстандағы жағдай

сәл өзгеше. Сондықтан алғашқы кеңесіміз мынадай...

ЖУРНАЛИСТ ӘМБЕБАП БОЛА БІЛУІ ТИІС

Таблоидтың тақырыптары әртүрлі болатындықтан материал дайындау

барысында журналистердің түрлі адамдармен байланыс жасауына тура

келеді. Кездесетін адам үнемі жоғары лауазымды шенеунік немесе виптұлғалар

бола бермейді. Кейде эксклюзивті ақпаратты олардан емес,

аула сыпырушыдан немесе ауруханадаға санитаркадан суыртпақтауға

тура келеді.

Адамдардың журналистерге деген көзқарасы әртүрлі болады. Әңгіме

жүргізілетін жағдай да әртүрлі – қуанышты да қайғылы да болуы мүмкін.

Соның әрбірінде әңгімелесушінің ығына жығылып, оның сезгенін сезінуге

тырысуға және тиісті сөз табуға тура келеді. Екіншіден …

ПСИХОЛОГҚА АЙНАЛУ ҚАЖЕТ

Таблоид табиғатынан эксклюзивті ақпаратты талап етеді. Эксклюзивті

табудың түрлі әдісі бар. Оның бәрі журналистің талабы мен

шыдамдылығына байланысты. Алайда, бұрын-соңды ел естімеген

ақпараттың ізіне түсемін деп этика мен заң талаптарын естен шығарып

алуға болмайды. Осыған орай тағы бір мысал келтіре кетейін.

Топ-модель Руслана Коршунова қайтыс болғаннан кейін (Алматыда

туған қыз 2008 жылдың жазында Нью-Йорктегі көпқабатты үйлердің

бірінен құлап қаза болған-ды) онфң ағасы мен құрбылары оны еске алу

үшін шіркеуге барыпты. Сол кезде маған танымал таблоидтарда жұмыс

істейтін шетелдік әріптестерім хабарласты. Бірақ, қыздың ағасы суретке

түсуден үзілді-кесілді бас тартты.

Мен бұны әріптестеріме айттым. Олар менен әлгі жігіттің тым болмаса

аяқ жағын суретке түсіріп алу үшін тағы да шіркеуге баруға көндіруді...

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 210 |

Бұл өте дұрыс. Материал дайындаған кезде оқиғаға тірі пенденің қатысы

барын, ол туралы жазу арқылы біреуге көмектескеніңмен, біреудің өмірін

құртуың мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн. Оған қоса ақпарат

алу үшін біреудің ізіне түсіп, оның суретін рұқсатсыз жариялау арқылы

жауапқа тартылуыңыз да ғажап емес. Бұны әркім қажетінше түсіне жатар,

ал үшіншіден мынаған назар аударған дұрыс:

ЗАҢДЫҚ БІЛІМІҢІЗДІ ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ

Сонымен таблоид журналистері ақпаратты қайдан алады? Оны кез-келген

жерден алуға болады. Айналада ақпарат толып жатыр. Бағыттық

таксилердегі ағайлар мен сәкіде отырған әжейлердің әңгімесінің бәрі

таблоидқа арқау бола алады. Айтпақшы, олардың да ақпарат беруші

рөлін атқаруы әбден мүмкін.

Әрине, ақпарат агенттіктерінің жаңалықтар тізбегін қарап шығу қажет.

Бірақ, репортердің өз ньюсмейкерлері болуы тиіс, жоқ дегенде өзі айналысатын

салада байланыстары болуы қажет. Ол адамдармен тіл

табысып, оларды өзіне тарта білуі және сөйлете білуі керек. Ақпарат

көздерімен үнемі байланыс жасап, тек ақпарат керек болғанда ғана

емес мерекелермен құттықтап тұрғанның да артықтығы жоқ.

Көптеген журналистер ақпарат көздерімен әңгіме-дүкен құрады. Бірақ,

ондай тараптар бір-біріне сенетін болуы тиіс. Журналист ақпарат

берушінің өзіне не себепті «ақтарылып» отырғанын, ақпараттың

қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтаса, ал ньюсмейкер өз

атының бір жерден қылтиып шығып қалмайтынына сенімді болуы тиіс.

Сондықтан…

АДАМДАРМЕН СӨЙЛЕСІП, БАЙЛАНЫС ОРНАТА БІЛУДІ ҮЙРЕНІҢІЗ

Қажетті материал жиналып, ресми және эксклюзивті пікірлерді,

оқиға орнынан түсірілген суреттерді алғаннан кейін оны сату жағын

ойластырыңыз. Неге екпін түсірілген, суретті үлкенірек етіп беру үшін

мәтіннің қай жерін қысқартуға болады. Оған не жетпей тұрғанына назар

аударыңыз. Өйткені, сіздің басқа бәсекелес-әріптестеріңіз де осы

тақырыппен айналысып жатыр. Ал, кімді оқу, кімнің газетін сатып алу

жағы оқырман еншісінде.

Таблоидта жұмыс істеудің жағымды тұстары

тамаша репортерлік мектеп;

араласатын орта мен таныстықтар ауқымы үлкен;

тосын сәттері көп жұмыстан жаныңыз рахаттанады

| 211 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

жағымсыз жақтары

• жұмыс графигі қалыпты емес;

• жүйкеге түсетін психологиялық қысым үлкен;

• айналаңдағылардың жағымсыз көзқарасын жиі байқайсың;

ТАПСЫРМА

Өзіңіздің қызығушылығыңызды тудырған таблоидтық басылыммен

мұқият танысып шығыңыз. Одан осы форматқа тән белгіні табыңыз.

Тақырып пен материал беру тәсіліне мән беріңіз – ол таблоид стиліне

сай ма? Сіздіңше таблоидқа сай келетіндей екі тақырыпты ұсынып

көріңіз.

P.S.

Таблоидта жұмыс істеу бедел әпере ме?

Белгілі бір басылымға жан-тәнімен «берілген» журналист оның саясатын,

талаптары мен форматын түсініп, қабылдай білуі тиіс. Бірақ, қалай

болғанда да бұл ақпарат іздеуді, оның құрамдас бөліктерін өңдеуді,

қажетті сұрақты қою және тиісті жауап ала білуді, түрлі адамдармен араласуды

үйрететін мықты мектеп … Жасыратыны жоқ, таблоидта жұмыс

істеу өте қиын. Әсіресе, басылым күн сайын шығатын болса журналистке

түсетін салмақ еселенеді. Бұл физикалық та, психикалық жағынан

да ауыр жұмыс. Бірақ, ешкімнің қолына тимеген ақпаратқа қолың жеткен

сәтте оның бәрі ұмыт болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 212 |

БІЗ СУДЬЯ ДА, ПРОКУРОР ДА ЕМЕСПІЗ

Мұхтар Жанұзақұлы

Ақпарат құралдарының көмегімен бір ұлттың жалған ар-намысын

қоздыруға болады. Дәл осы БАҚ арқылы ұлттық «ұстанымдар» мен

нәсілдік стереотиптер қалыптасады. Соның кесірінен ксенофобия

ұлғайып, ұлтаралық жағдай нашарлай түседі.

Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің

электронды кітапханасынан.

Екі көршіңіз қызылкеңірдек болып ұрсысып жатса, не істейсіз? Әрине,

оларды татуластыруға тырысасыз. Мұндайда төрелік айтып, кінәліні іздеу

бекершілік. Ол ол ма, біреуін қолдау арқылы сіз кикілжіңді тоқтатудың

орнына оны одан сайын ушықтырып жіберуіңіз ықтимал. Әрқайсысының

өз уәжі, өз шындығы бар. Қиқарбай: «Сенің ешкің менің бақшамдағы

бүкіл жемісті жайпап тастады», – десе, Сотқарбай: «Сендер тұқымтұяқтарыңмен

сараңсыңдар», – деп қасарысады.

Шындығында ешкі Қиқарбайдың бір-екі қырыққабатын сәл қисайтып

кеткен болуы мүмкін. Ал Сотқарбайдың айтып тұрғаны – ауыл-үйдің

өсекшілерінің қалыптастырған «аңызы» болуы ғажап емес. Ашу үстінде

адам қарсыласының тек жаман жақтарын байқап, «фактілерді» сөзін

тұздықтауға ыңғайлы етіп сұрыптайды, асыра айтуға, эмоцияға бейім

келеді. Тіпті күш жұмсауға дайын тұрады. Адам табиғаты солай.

Бұл – тек тұрмыстағы кикілжіңге ғана емес, халықаралық, ұлтаралық

кикілжіңдерге де тән ерекшеліктер. Өкінішке қарай, бұл кикілжіңдердің

ауқымы кең, тауқыметі көп. Ең өкініштісі, оттың тұтануына журналистің

бір ауыз сөзі себепкер болып жатады.

Кавказ журналистика мектебінде әр елден келген студенттер Армения мен

Әзірбайжан ақпарат құралдарының Таулы Қарабақ жанжалына қатысты

ақпараттарын талдап жатқанбыз. Мұғалім – Соғыс және бейбітшілік

институтының (IWPR) аймақтық директоры Маргарита Ахвледиани

қолымызға екі мәтін беріп, екеуіндегі Әзірбайжан дереккөздерінен

алынған ақпаратты – қызылмен, Армения дереккөздерінен алынған

мәтінді – қарамен белгілеуімізді сұрады.

| 213 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Екі ақпараттың бірі қып-қызыл, екіншісі қап-қара болып шықты.

Әзірбайжанның Day.az агенттігі тек өз елінің ресми дереккөздеріне

сүйене отырып ақпарат таратса, армянның «Арминфо» агенттігі тек

өздерінің мәліметтеріне сүйенген. Екі жақтың ақпарат құралдары да

көрші елдің әскерін «жау әскері» деп атайды.

Екі жақ та атысты бастаған қарсы жақтың қарулы күштері екенін нық

сеніммен хабарлайды. «Өзара қырғиқабақ соғыс жағдайында отырған

екі елдің халқы он бес жыл бойы осындай тек біржақты ақпаратпен

сусындап келеді. Соның кесірінен олардың бойында көрші елге деген

жаушыл көзқарас қалыптасқан», – деді Маргарита Ахвледиани.

Шындығында солай екеніне кейін өзіміз қақтығыс аймағына шыға

бастағанда анық көз жеткіздік.

БІЗДІҢ ТҰЛА БОЙЫМЫЗ ТОЛҒАН СТЕРЕОТИП.

Қоғамдық ортада өмір сүретіндіктен, біз ақпарат құралдары арқылы,

күнделікті дастарқан басындағы әңгіме арқылы, көшеде, қоғамдық

көлікте жүріп те түрлі дәлелді-дәлелсіз рас-өтірік ақпаратты миымызға

жинап, қорытып, кез келген нәрсеге, құбылысқа қатысты көзқарас

қалыптастырамыз.

Айталық, «қытайдың тауары сапасыз», «биліктегілердің бәрі жемқор»

деген сияқты. Осыған ұқсас белгілі бір ұлттарға қатысты да қалыптасқан

стереотиптер бар. Мәселен, «еврейлер – қу», «шешендер – бұзық»,

«өзбектер – алаяқ», «орыстар мен қытайлар жерімізді тартып алғысы

келеді», «орыстар Қазақстанның мемлекеттік тілін сыйламайды» деген

сияқты.

Журналист болып, ұлтаралық қарым-қатынас, әсіресе, кикілжің

туралы материал жазғың келсе, ең бірінші ұстанатын қағида – осы

стереотиптерден «құлан-таза» арылу. Әңгіме өз ұлтыңның ар-намысы

туралы болып жатқанда, бұл қағидаға сүйеніп отыру қиын. Әзірбайжан

және армян журналистердің бірін-бірі кінәлап, қырық пышақ болғанын

талай көрдік.

Мұндай жағдайда журналист өз міндетінің не екенін жақсы білуі керек.

Журналистің міндеті – болған оқиға жайлы жан-жақты, объективті

ақпарат беру. Қай жақтікі жөн екенін оқырмен өзі шешеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 214 |

Ең бастысы – кикілжіңнің одан әрі өрши түсуіне жол бермеу.

Сондықтан, қақтығыс аймағынан ақпарат бергендегі ұстанатын бірінші

қағида – объективтілік. Бұл – тек ұлтаралық жанжалдарға қатысты ереже

емес, жалпы журналистиканың алтын қазығы.

Соғыс және бейбітшілік институтының кикілжің туралы жазатын

журналистке айтатын үш ақылы бар:

1. Ешқашан тарихи деректерді пайдаланбау.

Дау-дамай жер туралы болса, онда екі жақтың да бұл жер сол елдікі

екенін дәлелдейтін мысалдары жеткілікті. Екі жақтың да тарихи

деректері субъективті болады. Бұл жанжалды шешуге, тақырыпты

ашуға жәрдемдеспейді. Сіздің міндетіңіз – тарихтан біліміңіздің терең

екенін дәлелдеу емес, бүгінгі күн туралы ақпарат беру.

«Соғыс өртін тұтандыратын – журналистер мен тарихшылар» деген

«қанатты сөзге» терең ой жүгіртіп көріңіз.

2. Мәлімдемеге сыни пікір айтпау.

Ұлтаралық кикілжіңдердің көпшілігі тұтас бір ұлттың қасіретіне айналған

тақырып болып келеді. Әр тараптың өкілі екінші жақтың сөзін жоққа

шығарып, өз жағына шыққаныңды қалап тұрады. Мұндайда екі жақ

өкілдерінің де пікірін қатар берумен шектелген жөн.

3. Ақпаратты салқынқандылықпен беру.

Күшейтпелі, асырмалы сипаттауға, стереотиптерді пайдалануға

жол бермеген дұрыс. Батыстың белді ақпарат құралдарының этика

кодекстерінде «қылмыстық оқиға туралы ақпарат бергенде қылмысты

ашуға септігін тигізеді-ау деген жағдайда ғана күдіктінің ұлтын, нәсілін

айтуға болады» деген қағида жиі кездеседі. Бұл ел ішінде ұлтаралық

жанжалды өршітпеуге жәрдемдеседі.

Ұлтаралық жанжал туралы хабар тарату барысындағы басты

проблемалар:

1. Екі тараптан да ақпарат алудың қиындығы.

2. Журналистің бойындағы стереотиптер.

3. Журналистің ұлты (ол кикілжіңге қатысы бар ұлттың өкілі

болса).

4. Журналистің кикілжіңге қатысы бар ұлттың тілі мен мәдениетін

жетік білмеуі.

Қандай да бір кикілжің туралы жазар алдында осы төрт мәселені

| 215 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

шешіп алған жөн. Ең алдымен бір жақтың ғана ақпаратымен

шектеліп қалмай, екінші жақтан да сенімді ақпар алудың жолдарын

қарастырып алған жөн. Бір тарап екінші тараптың да «дереккөздерін»

пайдаланып жатқан сияқты көрінуі мүмкін.

Дегенмен, олар көбіне бұрмаланған, «сұрыпталған» ақпарат болып

шығады. Мәселен, грузиндер Оңтүстік Осетия туралы хабар таратқанда,

осетин жағының пікірі ретінде ол жақтан Грузияға белгілі бір себептермен

кетіп қалғандардың пікірін береді. Ең бастысы, екі жақтың да дереккөздері

деңгейлес болуы керек. Айталық, бір жақтың үкімет өкілінен бетпе-бет

сұхбат алсаңыз, екінші жақтың пікірін интернеттен тауып бере салуға

болмайды.

Стереотипке келер болсақ... одан арылудың ең оңай жолы – сол елдің

өзіне барып, барлық жайтты көзбен көру. Сондықтан, кабинетте отырып

бір кикілжің жайлы жан-жақты, объективті ақпарат беру мүмкін емес.

Өз басым Грузиядан бөлініп кеткен аймақ – Оңтүстік Осетияны халқы

ұрда-жық, өркениеттен артта қалған, соғысқұмар ел деп санайтынмын.

Себебі, менің бұл аймақ туралы білімім Грузия үкіметінің қадағалауымен

жұмыс істеп тұрған «Алания» телеарнасынан берілген хабарлармен

шектеліп келді.

Бұл телеарнаны мен бар болғаны үш-төрт ай тамашалағанда, ойсанамды

осындай пікір жаулап алды. Ал өмір бойы тек қап-қара түске

боялған жаңалықты «азық» етіп келген оқырман я көрермен қандай

халде?

«Алақандай ғана ел, аумағы біздің бір ауданнан да кішкентай, олар

қалай тәуелсіз ел болмақ?» дейтінмін. Цхинвалиге барып, бәрін көзбен

көрген соң онда да өз мұң-зары бар, білімді, көзі ашық халық тұратынын

көзбен көрдім. Оңтүстік Осетияның Ақпарат және баспасөз комитетінің

төрайымы Ирина Гаглоеваның: «Біз реалист халықпыз, тәуелсіз ел

болып өмір сүру мүмкін еместігін түсінеміз.

Біз үшін ең бастысы – Ресейдің құрамында қалып қойған жартымыз –

Солтүстік Осетиямен бірге өмір сүру. Бұл мақсатқа жету үшін тәуелсіздік

жарияладық. Себебі, Ресей ресми түрде Грузияның құрамында тұрған

бізді «тартып» ала алмайды», – дегені есте.

Цхинвалидегі халық керісінше Грузияны шайқасуға дайын тұрған

соғысқұмар ел деп санайды. Тбилиси мен Цхинвалидің екі ортасында

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 216 |

жүрген Зарина Газзаева-Лапачи есімді әйелдің даналығына таң қалдым.

«Өз басым екі жақтың да телеарналарын көрмеймін, басылымдарын

оқымаймын. Оқысам да оларға сенбеймін. Екі жақтағы туыстарыммен

араласып тұрамын. Газеттерді оқысам, әлдеқашан қан қысымым

көтеріліп, ауырып қалған болар едім», – дейді ол.

Объективтіліктің жоқтығынан аудиторияның ақпарат құралына

деген сенімі азаяды, тіпті оны тамашалаудан, құрметтеуден

қалады.

Журналистің кикілжіңге қатысы бар ұлттың өкілі болмағаны

дұрыс дейді Батыс медиа әлемінің мамандары. «Ал егер өз ұлтың

араласқан кикілжің туралы материал жазуға бел будың екен, онда қай

ұлттың өкілі екеніңді уақытша ұмыта тұрған жөн» дейді америкалық

журналистер. Ақпарат құралдарының өкілдерін ұлтының жоғын

жоқтайтын қайраткерлердің қатарынан көретін біздің халық үшін бұл

– Отаныңды сатумен парапар ұғым. Екі жақтың журналистің қоғамдағы

атқаратын міндетіне деген көзқарасы әркелкі. Бұл қағидамен келіспеуге

болады, әрине. Бірақ,

Батыс журналистикасының қаншалық алға озып кеткенін, олардың

қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін ескерсек керек. Ирак соғысы

кезінде АҚШ ақпарат құралдары патриоттық танытып, тек Ақ үйдің сөзін

сөйлеп отырса, әскери шабуыл кезіндегі АҚШ қорғаныс күштерінің

қателіктері дүйім жұртқа жария болар ма еді? Олар елдің мүддесінен

гөрі кәсіби міндеттеріне адал болды.

Кикілжің аймағынан хабар таратудан тәжірибесі көп мамандардың мына

сөзі есте болсын: «Біреуді кінәлі деп айыптайтын – прокуратура,

үкім шығаратын – сот, ал БАҚ-тың міндеті – оқиғаға қатысты

жан-жақты ақпарат беру».

Біраз жері Арменияның қоластында қалды деп есептейтін әзірбайжандар

үшін бұл мүлде ақылға кіріп-шықпайтын, «ұлтсыз» америкалықтар ойлап

тапқан қағида болып көрінеді. «Әрбір әзірбайжанның міндеті – жерімізді

қайтару», – деп қарсы шығады олар. IWPR директоры М.Ахвледиани

үшін бұл таңсық нәрсе емес. Ол:

– Таулы Қарабақ үшін болған соғыстың кесірінен қанша әзірбайжан

өлді, қанша әзірбайжан босқын болды? – деп сұрады.

– Жүздеген мың.

– Олай болса, халықтың тағы қырылғанын қалайсың ба?

| 217 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Кикілжіңді бейбіт жолмен шешудің жолы тұрғанда, халқыңды

соғысқа айдап салғың келе ме? – деді Маргарита.

– Сонда біз ұлттық мүддені қалай қорғаймыз?

– Ұлт мүддесін қорғап, еліңді жаудан сақтағың келсе, қолыңа қару

алып, әскер қатарына өт. Ал журналистің міндеті – толыққанды

ақпар беру, ешкімге көзқарасыңды таңбау.

Ең күрделі мәселелердің бірі – кикілжіңнің мән-жайын түсініп,

тереңіне бойлау. Жаңсақ кетпеу үшін екі жақтың дереккөздерінен,

беделді сараптама орталықтарынан көп мәлімет алып, салыстыра

отырып талдап алу керек. Келіспеушіліктің табиғатын жете түсінбеу

кейде тіпті журналистің жеке басына қауіп төндіруі мүмкін. Немесе ол

ақпарат беруші адамның ашуына тиіп, діттеген мақсатына жете алмай

қалуы да ықтимал. Оңтүстік Осетия сапар туралы мақаладан үзінді:

«Екі «әлемнің» өкілдерімен сөйлескенде өте қатаң сақтайтын

ереже бар. Ең бастысы – сөзіңе абай болу. Грузиндер «Цхинвали»

десе, осетиндер «Цхинвал» дейді. Оңтүстік Осетия грузиндер

үшін «сепаратистік аймақ» болса, осетиндер үшін ол – тәуелсіз

мемлекет. Грузиндерге Оңтүстік Осетия туралы айтқанда

«уақытша бақылаудан тыс қалған аймақ» деген анықтаманы

қолданған дұрыс, ал осетиндер үшін Грузия – жай ғана көрші

ел. Себебі, олар 18 жылдан бері тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп

келеді». («Жас Алаш», шілде, 2008).

Конфликтологтардың айтуы бойынша, ұлтаралық, мемлекетаралық

кикілжіңнің пайда болуына түрткі болатын факторлар мыналар:

• Ақпарат құралдарының объективті хабар таратпауы

• Биліктегілердің келіссөзден бас тартуы

• Бірін-бірі айыптау

• Мәселені күшпен шешуге құмарлық

Байқап отырғанымыздай, ақпарат құралдары ең бірінші орында тұр.

Қазіргі ұлтаралық кикілжіңдердің көпшілігі осы фактордың кесірінен

тұтанған деп саналады. Мәселен, соғыс басталғанға дейін Сербияның

халқы жылдар бойы Косовоны құбыжық етіп көрсететін ақпаратпен

сусындап келген.

Ұлтаралық кикілжің туралы сапалы материал жазу үшін екі ұлттың

бір-біріне қатысты қалыптастырған «аңыздарын» анықтап алған жөн.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 218 |

Мәселен, грузиндер мен абхаздардың бір-бірі туралы не ойлайтынын

айқындап алайық:

Грузиндер арасындағы абхаздарға қатысты қалыптасқан пікірлер:

• Ресей абхаздарды әрдайым Грузияға қарсы айдап салып отырған.

• Абхаз дегеніміз – грузиндердің бір бөлігі, тамырымыз бір.

• Абхаздар мен грузиндер ешқашан жау болмаған, оларды

жауластырған – сыртқы күштер.

• Грузиндер абхаздарды паналатқан, олар болса сыртқа тепті.

• Абхаздар жалған тарих жасап алған, негізінде біздің тарих дұрыс.

• Жердің қожайыны – біз, абхаздар – қонақ.

• Абхаздар грузиндерді күшпен ығыстырып шығарған.

Абхаздар арасында грузиндерге қатысты қалыптасқан пікірлер:

• Абхаз – грузин емес, мүлде бөлек ұлт.

• Грузиндер мен абхаздар – бір-біріне ежелден жау.

• Бұл жер – абхаздың жері, грузиндерге еш қатысы жоқ.

• Грузиндер абхаздарды кемсіткен.

• Грузиндердің тарихы – жалған, біздікі – нағыз шынайы тарих.

• Грузия Абхазия жеріне грузиндерді күштеп қоныстандырған.

Екі жақтың пікірлерін қорыта келе абхаздар мен грузиндерге ортақ

«аңыздарға» тоқталайық:

• Олар – қонақ, біз – жер иесі.

• Олар тарихты бұрмалады.

• Олар біздің ұлтты дискриминацияға ұшыратты.

• Абхаз – грузин & абхаз – грузин емес.

• Күштеп қоныстандырды.

Кикілжің туралы материал жасау барысында осы ортақ «аңыздарды»

айналып өткен жөн. Бұл – жауабын тарихшылар да, саясаткерлер де

таба алмаған күрделі сұрақ. Оған журналист жауап беруге міндетті емес.

Ал бір жақтың «аңызын» сөз еттіңіз екен, міндетті түрде екінші жақтың

да «аңызын» келтіру керек.

Ұстараның жүзіндей лыпылдап тұрған күрделі мәселені қалай жазған

жөн? «Скай ньюз» (Сидней) телеарнасы мен «Индепендент» газетінің

(Лондон) тілшісі, Джейк Линчтің 2000 жылы Сиднейде шыққан «Peace

Journalism – How To Do It?» деген кітабында журналистерге 17 кеңес

берілген. Сол кітаптағы алдыңғы айтылғандардан артылған ақылкеңестерін

келтірсек:

| 219 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

• Кикілжіңді екі тараптың бір мақсатқа жету (жерді алу – жерді

бермеу) жолындағы текетіресі етіп көрсетуге тырыспау керек.

Кикілжіңге қатысы бар шағын топтарды бөліп алып, әрқайсысының

мақсат-мұраттарын, проблемаларын жеке-жеке сипаттау қажет.

Айталық, әңгіме Таулы Қарабақтағы соғыс туралы болса, Қарабақтан

Әзірбайжанға қашып кеткен босқындарды, Арменияға қашып кеткен

босқындарды, әкесінен айырылған жетімдерді, соғыста жарақат

алғандарды, оқуға бара алмай қалған балаларды бөлек-бөлек алып

қарап, олардың тағдырын баяндаған жөн. Адам тағдырын алға сала

отырып жалпы кикілжің туралы ақпараттарды тастап отыруға болады.

• Материалды екі жақтың бір-біріне қарсы уәжі, бір-бірінен

айырмашылықтары негізінде жазбаған дұрыс. Мұның орнына

екі жақты жақындастыратын ұқсастықтар, ортақ проблемалар, ортақ

тұрмыс-тіршілікке, екі жақты бірдей тебірентетін фактілерге көбірек мән

берген жақсы. Мәселен, Ресейдің «Россия» телеарнасы Абхазия туралы

репортаж бергенде соғыс кезінде грузин баласын бауырына басып

алған абхаз әйелін көрсетті.

• «Соғысты бастаған – осы» деп бір жақты нақты атап көрсетуге

болмайды. Есіңе түсір: біз судья емеспіз!

• Тек бір жақтың шеккен тақсіретін, көріп жатқан қиындықтарын

сипаттап, екінші жақтағы құрбандар туралы ештеңе айтпай қалуға

болмайды. Бұдан оқырман (көрермен) санасында бір жақ – агрессор,

екінші жақ – жапа шегуші деген пікір қалыптасады. Кикілжің кезінде екі

жақ та зардап шегетінін ұмытпау керек.

• Соғыс құрбандарының қазіргі мүшкіл халіне көп мән беріп,

соған ғана арқа сүйеуге болмайды. Оған қосымша соғыс құрбандары

кикілжіңді шешудің қандай жолдарын ұсынады, болашаққа көзқарастары

қандай, осыларға да мән берген дұрыс.

• Ұғымдарды асыра көрсететін, жұрттың ыза-кегін туғызатын

терминдерді пайдалануға әуес болмаған жөн. Әр құбылыстың өз атауы

бар екенін есте ұстаған жөн. «Геноцид» – бүкіл бір халықты ұзақ жылдар

бойы жүйелі түрде, асқан қатыгездікпен қырып-жою. «Этникалық тазалау»

– бір этникалық топ өкілдерін жаппай өлтіру, жер аудару, зорлау,

кемсіту әрекеттері.

• «Жауыз», «қатыгез», «варвар» деген сияқты бір жақтың

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 220 |

өкілдерін құбыжық етіп көрсететін сөздерді қолданбаған жөн. Тіпті,

бұл қарсы жақ өкілдерінің сөзінен цитата болған күннің өзінде оны сол

қалпында бере салмай, тігісін жатқызып, жұмсақ сөзбен жеткізу керек.

• «Терроршы», «экстремист», «фундаменталист» деген терминдерді

қолданғанда сақ болған дұрыс. Себебі, бұл атты «оларға» «біз»

таңғанбыз. Олар өздерін «терроршы» деп атамайтыны айдан анық. Бұл

терминдерді қолдану арқылы біз бір жақтың ұстанымын жақтаған болып

шығамыз.

• Бір жақтың қателіктеріне, адам құқықтарын бұзу фактілеріне

көп тоқталып, екінші жақты көрінеу елемеуге тырыспау керек.

Материал жинап алғаннан кейін екі жақтың да қателіктерін тізіп шығып,

мақаланы сол негізде жазу қажет.

• «Терроршы», «содыр», «қылмыскер» деген сияқты кері

мағыналы терминдерге ұлттың, нәсілдің, діннің атын қосақтамау

керек.

• Белгілі бір пікірді жалпы қоғамда орныққан көпшілікке ортақ

пікір ретінде берген дұрыс емес. Оның орнына бұл пікірді айтқан

адамға немесе органға сілтеме жасау жөн. Айталық, «Югославияда

жаппай қырғынды ұйымдастырды деп саналатын Слободан Караджич...»

дегеннен гөрі «Гаагадағы халықаралық трибунал Югославияда

жаппай қырғын ұйымдастырды деп айыптаған Слободан Караджич...»

деген әлдеқайда сауатты шығады.

• «Жанжал», «ұрыс», «шабуыл» деген сөздерден гөрі «теңдік»,

«өзара түсіністік», «гуманизм», «қайырымдылық», «төзімділік»

сөздерін көбірек қолдануға тырыс.

ТАПСЫРМА

Бірінші тапсырма:

1. Шешен ұлтына қатысты қалыптасқан стереотиптерді тізіп шық.

2. Алматы облысының Маловодное және Қазатком ауылдарында

болған шешен ұлтының өкілдері мен қазақ ұлтының өкілдері арасындағы

қақтығыстарды қазақтілді баспасөздің қалай баяндағанын есіңе түсір.

Стереотиптердің мәселені сипаттауға қаншалық әсер еткеніне мән бер.

3. Ақпарат құралдары кикілжіңді ушықтырмай шешуге септігін тигізе

алды ма?

| 221 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Екінші тапсырма:

1. Алматы қаласының бұрынғы әкімі И.Тасмағамбетовке қатысты стереотиптерді

тізіп шық.

2. 2006 жылдың жазында «Шаңырақ» ықшамауданында тұрғындар мен

полиция жасақтарының арасында болған қақтығысты оппозициялық басылымдар

қалай жазды, билік жағындағы басылымдар қалай жазды?

Қандай терминдерді қолданды?

3. Халықтың билік туралы қалыптастырған «аңыздарын» еске түсір.

4. Билік өкілдерінің полицейлерді жібергендегі уәжін саралап көр.

Бір полицейдің құрбан болғаны үшін кім кінәлі?

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 222 |

«ВИЧ ЖӘНЕ СПИД: ТАНЫЛМАҒАН ТАҚЫРЫП ПА?»

Марина Максимова

«Танылмаған тақарыпты» қорғау

Журналистер бұны көп танылмаған тақырыптар қатарына

жатқызады. Одан сенсация мен «шыжғырылған» фактілер іздейді.

Кейбіреулер оны «әбден жауыр болған» тақырып деп те жүр.

Бұл тақырыпты редакцияның жаңадан келген журналистке бере

салатыны да сондықтан.

БАҚ редакторларының басым бөлігі бұл тақырыпты жылына екі-ақ рет

– Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күнінде және мамырдың 3-ші жексенбісінде,

яғни, СПИД-тен көз жұмғандарды еске алу күнінде көтереді.

Бірақ, әлеуметтанушылардың айтуынша, адамдар ВИЧ пен СПИД туралы

ақпараттың 90%-ын бұқаралық ақпарат құралдарынан алады екен.

Бұл – БАҚ-ы ВИЧ-инфекциялардың алдын-алудағы негізгі құралдардың

бірі деген сөз. Бүгінгі таңда әлем бойынша 33,2 миллион адам ВИЧ пен

СПИД-ке шалдыққан. Қазақстан республикасында 10 мың.

Тағы бір мәселе: шымкенттік журналистке (Шымкенттік сәбилер жаппай

ВИЧ-ке шалдыққан-ды) ВИЧ пен СПИД – танылмаған әрі маңызсыз деп

айтып көріңізші. Оның жауабы бұл тақырыптың қаншалықты маңызды

екенін дәлелдеп берер еді.

Десек те, егер сіз осы тақырыпта сюжет түсіріп, мақала жазуға бел

байлаған болсаңыз:

Мынадай проблемаларға дайын болыңыз:

• ақпараттық негіз болатын оқиғалардың тапшылығы

Бір қарағанда ақпараттық желеу аз. Бірақ проблемаға «бас сұғып»

көрсеңіз, күнтізбедегі күннен басқа ВИЧ-тің алдын-алуға бағытталған

көптеген іс-шаралар өткізілетінін көрер едіңіз. Үкіметтік емес ұйымдар

ашылып, СПИД індетіне шалдыққан адамның өмірін ұзарту қабілеті бар

жаңа медициналық дәрі-дәрмектер ойлап табылуда.

Айықпас дерттің тырнағына іліккендер кей жағдайда медициналық

| 223 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

көмектен бас тартып жатады... Бір сөзбен айтқанда, басқа тақырыптардағы

сияқты бұл жерде де ақпараттық желеу боларлық мәселені табуға болады.

Мәселе басқада – материалды қалай жазуда. Қайткенде оны

қызықты етіп беруге болады? Ақпарат көздерін қайдан табамыз?

• сарапшылардың аздығы

Дереккөздері жылдар бойы жинақталады. Бұл жерде көп нәрсе

журналистің кәсіби деңгейіне, ақпаратты қызықты етіп бере білуге,

тақырыпты барынша тұрақты түрде жазып тұруға, сарапшылардың

пікірлерін дұрыс қолдануға байланысты болмақ. Сарапшылар міндетті

түрде өкілетті маман болуы тиіс.

ВИЧ/СПИД тақырыбы бойынша сарапшы рөлін төмендегі мамандар

атқара алады:

- қалалық, облыстық, республикалық СПИД-орталықтарының мамандары;

- ВИЧ-тің алдын-алу бағытында жұмыс істейтін үкіметтік емес, қоғамдық

ұйымдар өкілдері;

- халықаралық ұйымдардың сарапшылары (БҰҰ ДБ және т.б.);

- Денсаулық сақтау министрлігінің және жергілікті денсаулық сақтау

департаменттерінің мамандары.

• ВИЧ-ке шалдыққандардың тұйықтығы

ВИЧ/СПИД-пен ауыратын адамдар өз диагноздары тура әңгімелеуді

қаламайды. Олар «қоғам бізді қабылдауға дайын емес» деген пікірде.

Газет бетіне немесе кадрге түсуден қашқақтайды. Өйткені олар ата-аналары,

балалары мен туыстарының алдындағы жауапкершілік сезімінен

аттап кете алмай жатады.

Оларды осы үшін кемсітіп, кекетіп-мұқатушылар пайда болады деп

қорқады. Ғасыр дертін жұқтырғандардың бет-жүзін жасырып, атыжөндерін

аудиториядан құпия ұстауының басты себептері осында.

Және сұхбат алдында журналистке осындай шарт қойылса, оны орындау

қажет.

ВИЧ-ке шалдыққандардың жеке өмірі мен құқықтарын сақтай отырып

мына қағидаларды ұмытпаған абзал:

- олардың аты-жөндерін, мекен-жайларын атауға, бетін эфирден келісімсіз

көрсетуге, даусын беруге болмайды;

- қысым көрсетуге тыйым салынады;

- құпия ақпаратты басқаларға беруге болмайды.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 224 |

• редакциялық цензура

Тақырыптың маңызын редакторға дәлелдей білу қажет. Журналистік

зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда лайықты айғақтар іздеп, тек

тексерілген ақпаратты ғана беру қажет. Сонымен қатар халықаралық

ұйымдардың кеңестері мен әдепті лексиканы пайдаланған жөн. Егер сіз

редактормен материалды немесе сюжетті қалай құру керектігін ойластырып

алғаннан кейін сөйлессеңіз ғана жазғаныңыздың жарыққа шығу

мүмкіндігі арта түседі.

БАҚ-та көбіне қандай материалдар жарияланады:

Оларды шартты түрде былай бөлуге болады:

• «статистика»

Бұндай материалдар негізінен СПИД-ке қарсы күрес күндеріне орай

жазылады. Олар әлемдік, мемлекеттік және қалалық (облыстық)

статистикаға негізделген. Яғни, бүгінде жер бетіндегі халықтың қаншасы

айықпас дертке шалдыққан, үстіміздегі жылы қаншасы көз жұмды және

оған қанша адам қосылды деген сұрақтарға ғана жауап беріледі.

Онда фактілерді талдау, біреудің жеке өмірінен алынған оқиға немесе

ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың қандай кедергілерге кезігетіні жайында

мағлұмат жоқ. Бұл материалдар негізінен сарапшылар аудиториясына

арналған ақпараттық мағлұматтар болып табылады.

• «талдау»

Бұндай материалдар авторы тақырыпқа қатысты фактілер мен

құбылыстарды, үрдістер мен проблемаларды сарапшылардың

көмегімен талдап береді. Статистикалық мәліметтер де қолданылады.

Бұндай материалдардың мақсаты оқырмандар аудиториясын ВИЧ және

СПИД проблемаларымен таныстыру, оларды үн қатуға итермелеу. Бұл

көлемі үлкен газет материалы, немесе 15-30 минуттық телерадиоэфир

бағдарламасы.

Алайда, онда нақты бір адамның өміріне қатысты оқиға баяндалып,

ВИЧ-сырқаттар сөйлемейді. Соның есебінен материал барынша құрғақ

болып шығады.

• «өмір оқиғалары»

Нақты бір адамның өмірі негізінде, ВИЧ-ке шалдыққан адамдарға деген

жанашырлықпен жазылады. Бірақ, бұл көп жағдайда аяушылық сезіміне

ұласып жатады. Баяндауда «ақпен-қара» түске басымдық беріледі,

| 225 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

бояулар қоюланып, көз жас «сығып алынады», біртүрлі шарасыздық күй

қалыптастырылады.

Жақсылықтан үміттенудің керегі не? Тығырықтан шығар жол жоқ. ВИЧ

инфекциясын нашақорлар, түнгі көбелектер, еркектермен жыныстық

қатынасқа түсетін ер адамдар жұқтырады деген қағида басымдық

алады. Егер бұл телесюжет болса: қайғылы музыка ойналады, автор

даусынан жасырын діріл байқалады. Бұндай материалдар жүйкеңді

күйзелтетіндіктен оны ақырына дейін оқуға немесе қарап шығуға зауқың

соқпайды.

ВИЧ пен СПИД туралы материлға мүмкіндігінше «Статистика»,

«талдау» мен «өмір» оқиғаларын қосуға тырысыңыз. Бұндай материалдар

аудитория үшін қызықты әрі пайдалы, ал оны жасау/жазу

автор үшін одан да қызықтырақ. Жұмысқа кәсіби тұрғыдан қарау

дегеніміз осы

Қателіктермен жұмыс істеу

СЭМНІҢ «СЫЙЛЫҒЫ

Материалды оқып шығыңыз да, оның жоғарыда айтылғандардың

қайсысына жататынын анықтаңыз. Мақалада қандай қатып қалған

қағидалар кездеседі? Қандай теңеулер жағдайды қиындата түскен?

Сіз аталған әлеуметтік оқиғаны пайдалана отырып материалды қалай

жазуға болады деп ойлайсыз?

ОПЕРАЦИЯ КЕЗІНДЕ МЕДБИКЕ ОҒАН ЖИІРКЕНЕ ҚАРАДЫ.

Ауруханаға күн сайын ВИЧ-ке шалдыққан әйелдер іштегі баласын

алдыртып тастау үшін келеді.

Лена бала кезінен шетелдік бұйымдара қызығатын. Сәндік джинсы,

гүлді майкалар, ашық ораммен қапталған заттар, қаңылтыр

ыдыстағы шырындар, жылтыр мұқабалы журналдар, мұқиттың арғы

жағындағы жұлдыздар бейнеленген плакаттар...

Мектепті бітіріп, университетке түскеннен кейін ол Қазақстанға

оқуға келетін шетелдік жігіттерге назар аудара бастады. Шетелге

кетуді армандайтын өзге таныстары ірі компанияларда жұмыс

істейтін еуропалықтардың немесе американдықтардың етегінен

ұстауға тырысса, Ленаны Үндістан, құпиясы мол Мысыр, аптапты

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 226 |

Алжир қызықтыратын. Бір қызығы, бұл талғамын оның өзі де

түсіндіріп бере алмайтын.

Менің қоңыр қояным

Шетелдік күйеу жігіт іздеген Лена мыңдаған жыл бойы тексерілген

құралды (жыныстық қатынасқа түсу) пайдаланды. Жігіттер бір-бірін

тез ауыстырып тұрды, бірақ олардың арасынан бұған үйленіп, үй

болғысы келетіндер табылмады. Айтпақшы, үнділік бір жігіт онымен

некелесіп, Гименейдің қасиетті салтымен некесін кестірмек те

болған. Бірақ ол Үндістанда өте кедей тұрғандықтан, еліне оралудан

мүлдем бас тартты. Универститеттегі оқу ол үшін өзінен басқа

шиттей жеті баланы бағып отырған отбасынан кетуге мүмкіндік

берген.

Бұл Ленаның көңілінен шықпады. Бәрібір Қазақстанда тұратыны бар

шетелдікпен тұрмыс құрып не керек? Жоқ, маңғаз пальмалармен

қоршалған әппақ вилла жанында түскен суретін дос қыздарына

жолдау туралы ескі арманына жету үшін бұл жерден кетуі керек.

Сондықтан үнді жігітімен қош айтысуға тура келді. Ал, мұны

қармағына ілгеніне мәз болған ол серіңіз бірге өмір сүру жоспарын

құрып та қойыпты. Үнемі аяғына оратыла берген одан Лена

кезекті африкандық бойфрендімен танысқаннан кейін «құтылды».

Осы бір батыл, сұңғақ бойлы, қара нәсілді жігіт Ленаға өмір бойы іздеген

кейіпкеріндей, өзін ертегі еліне алып кететіндей көрінетін. Сэм де

бұған ерекше ықылас танытты, таныстықтан кейін араға бір апта

салып ғашық болып қалғанын білдірді. Бір айдан соң үйлену туралы

ұсыныс та жасады. Лена сабыр сақтап, ойлануға мұрсат алды. Ал,

Сэм болса әлемдегі ең тамаша қызды кездестіргенін анасына айту

үшін еліне аттанды.

Жаздың ыстық күнінде қысқа көйлек киген Лена оны әуежайдан

шығарып салған. Сэмнің ата-анасына алған базарлығын беріп

жатып, тағатсыздана күтетінін айтты. Сэм де тез қайтып

оралатынына сендіріп, қимастықтан көзі жасқа толып

тұрған қызды мығым денесімен құшты. Осы сәтте Лена

өзін әлі түсірілмеген мелодраманың кейіпкеріндей сезінген...

Он күн өтті. Осы уақыт ішінде Сэм бірде-бір рет хабарласпапты.

Кеудедегі үмітін үзгісі келмеген қыз оның жолдастарының біріне

| 227 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

жолықты. Көңілді Джо оған Сэмнің ешқашан Қазақстанға қайтып

оралмайтынын айтты. «Ол оқуын аяқтап, келмеске кетіп қалды!» -

деді қарқ-қарқ күліп. «Оның тағы бір жылы қалды ғой», - деді Лена. «Ол

саған солай айтты. Сен бірақ ренжіме. Саған Сэмнің не қажеті бар?

Қаласаң менің қызым бол»...

Тест нәтижесі

Лена оған ештеңе айтпастан жатақханаға тартты. Қараңғы әбден

қоюланғанша қала көшелерін аралады. Жақында ғана сатып алған

әдемі аяқ киімі де аяғын қажап бітті. Тоңғанына қарамастан, өзінің

қатал мінезді анасының үйіне қай бетімен барарын білмей дал болды.

Ол кіп-кішкентай қызының кездейсоқ жігіттермен «махаббат»

құрып жүргенін білмейді-ау. «Мүмкін менің аяғым ауыр шығар?!» Лена

дәріханадан жүктілікті анықтайтын тест сатып алды. Таңертең

сол ойы дәл шықты.

Жо-жоқ, бала туралы тіпті де әңгіме болуы мүмкін емес.

Өйткені, Ленаның ата-анасы бұндайды мүлдем қаламайды және олар

қызын күйеусіз бала тапқаны үшін өмір бойы жазғырып өтер. Қыз

баладан құтылудың жолын іздеді. Лена бала шағынан денсаулығын

күтіп үйренгендіктен қан тапсырмай, таныс арқылы аборт жасатудан

бас тартты.

Сондықтан да мемлекеттік емханаға барып анализ тапсырды.

Келісілген күні Лена ауруханаға келді. Халат, тәбішкесі мен ақ

жайма салынған пакетті кеудесіне қысқан күйі дәлізге өтті. Аборт

жасайтын бөлмені сұрады. Тіркеу орнында отырған қыз дәліздің

қуысына қарай иегін созып, кабинет нөмірін айтып «міңгір» етті.

Бойын толқу мен үрей билеген Лена гинекологқа жақындады. Ол

анализ нәтижелері сақталған папканы алып, ауыр күрсінді. Дәрігердің

көзіне көзі түскен кезде Лена анализдердің дұрыс еместігін түсінді.

Қыздың төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей болды... Жүрегі

тамағына тіреліп тұрғандай атқақтап соғып, сыртқа шығып

кететіндей. Денесін мұздай тер бұрқ жуып кетті. Ленаның бұған

сенгісі келмеді. Тағдыры неге бұлай болды? Сұлу, жас қыздың шынымен

де айықпас дертке шалдыққаны ма?

Егде жастағы дәрігер бұның қайтадан ВИЧ-инфекциясына анализ

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 228 |

тапсыру керектігін айтты. Мүмкін, қателескен шығар?.. Бірақ,

Лена оны тыңдаған жоқ. Ондай қателіктің болмайтынын сезінді.

Көбелектей ұшып-қонған өмірі мен бір сәттік ләззат үшін құдайдың

берген жазасы осы шығар. Ақыры қанатын күйдіріп тынды. Қанатын

емес-ау, бүкіл өмірін бүлдірді. Ол тағы да қан тапсырды.

Нәтижесі шыққанға дейінгі он күн он жылға айналғандай.

Қорқыныш пен үрейге толы күндер мен ұйқысыз түндерде ол

бұрын-соңды өзі сеніп көрмеген Құдайға жалбарынумен болды.

Бірақ, оның дұғасы да, өзгеретіні туралы уәделері де көмектесе алған

жоқ. Лена сол бұрынғы диагнозды қайталап естіді.

Жер бетіндегі тозақ

Сол сәтте қызға баланы алдырмау туралы ой келді. Кейде

табиғаттың өзі тамаша сыйлық жасап жатады ғой. Мүмкін, ол дені

сау бала болып туылар? Ал, егер ВИЧ-жұқтырған болып туылса

ше... кінәсіз сәбидің тағдыры не болмақ? Шетінеп кетсе ше? Оңы

мен солын әбден бағамдағаннан кейін Лена аборт жасатуға бел буды.

Оның бір кездегі құрбылары баланы алып жатқан хирургтер

әйелдердің намысына тиіп, балағаттайды дейтін. Бірақ, олай

болған жоқ. Дәрігер өзінің жұмысын үн-түнсіз атқарды, ал оның

қасындағы өрімдей медбике Ленаға жек көрушілік пен үрейге толы

жанарымен тесіле қарады. Адамдардың үстін жара қаптаған итке

осылай қарайтыны есіне түсті. Олардың көзінен иттің ауруы жұғып

кете ме деген қорқыныш пен жиіркеніш сезімін байқауға болар еді.

Лена үнсіз егілді. Ол ештеңеден ыңғайсызданған жоқ, абортты да

ауырсынбады. Тән ауруынан жан ауруының күштілігі соншалық, ол

тұншығып қала жаздады.

ВИЧ-инфекция – бұл СПИД деген сөз емес. Ауруханадан шыққаннан

кейін Лена өмірін қайта бастады. Жұмысқа тұрып, анасын бағуға және

еркектер туралы мүлдем ойламауға бекінді. Алғашқы екеуін орындау

оған қиынға соққан жоқ. Жігіттерді де ойламауға тырысатын. Бірақ,

жарты жылдан кейін ол жұмыс істейтін фирмаға жаңа қызметкер

келді.

Лена Сергейге бірден ұнады. Оған сыйлық жасап, кешкі ас ішуге

| 229 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

шақырып жүрді. Бірде Лена оның ұсынысын қабыл алып, кездесуге

келді. Тамаша кештен кейін Сергей оны шығарып салып тұрып,

сүймек болған. Қыз оны итеріп жіберді де үйге қарай жүгіре жөнелді.

Келесі күні ол Сергейге «тыныштық беруін» өтінген. Бірақ жігіт

райынан қайтпады. Бұған ұзақ тесіле қарайтын жас жігіт ақырында

дегеніне жетіп тынды. Лена оны сүйіп қалды. Махаббат отына

күйіп жанған қыз араларында ештеңе болмайтынын түсінеді.

- Мен оны өмірімнен де артық жақсы көремін, бірақ ешқашан оған

сезімімді білдірмеймін, - дейді Лена. - Өйткені, оған бәрін, сырқатым

туралы да айтуға тура келеді ғой. Ол менен бірден теріс айналып

кете ме деп қорқам. Басқа еркектер сияқты Сережа да отбасын

құрып, бала сүюді армандайды. Мен оған бұның бірін де сыйлай алмаймын.

Мен тіпті, өз-өзіме қол салуды да ойлай бастадым. Өйткені,

күнәһарларды қорқытып жүрген сол тозағыңның өзі менің бүгінгі

өмірімнен қорқынышты емес шығар...

Татьяна Аладьина, Алматы қ.

«Экспресс-К» газеті, 11 04.2008ж.

МЫНА ПЛАКАТТАРҒА ҚАРАҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

БАҚ-тағы ақпараттық кампанияларды пайдаланылған осы екі плакатты

салыстырып көріңіз.

Біріншісі (сол жақта) 1997 жылы АҚШ-та шығарылған. Онда: «Мен СПИД-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 230 |

пен ауырамын. Мені құшақтаңыздаршы, өтінемін. Одан менің сырқатым

жұқпайды.» деп жазылған. Бұл әлемде танымал плакаттардың бірі.

Баланың қолымен жасалған сурет өте қарапайым шыққан. Бірақ, оның

мәні тереңде жатыр.

Екіншісі (оң жақта) 2002 жылы Оңтүстік Африкада жасалған. Онда:

«Өлгің келе ме?» деп жазылған. Қорым, бейіттер, ескерткіштер... ВИЧке

шалдыққан адам өлімге біртабан жақындай түседі. Өмірдің мәні

жойылады.

«ҚОРҚЫНЫШТЫ» ДҮНИЕЛЕР НЕЛІКТЕН ӘСЕР ЕТПЕЙДІ

90-жылдардың басында Ұлбыританияда ВИЧ-тестінен өтушілер санын

арттыру мақсатында БАҚ-та ақпараттық кампания өткізілді: плакаттарға

адамның бас сүйегі мен дене сүйектері бейнеленді. Осындай ролик

ұлттық телекомпаниялардың эфирінен берілді.

Нәтижесі көп күттірген жоқ – бірнеше күннің ішінде ВИЧ-тестінен өткісі

келетіндер саны артты. Ұйымдастырушылар мақсатқа жеттік деп

кеуде соқты. Бірақ, араға тағы бірнеше күн салып, тест жасатқысы

келетіндердің саны күрт азайып кетті, тіпті ақпараттық кампанияға дейінгі

деңгейден де төмендеді. Адамдар қорқыныш пен үрейді бастан кешкісі

келмейтіндіктен бұндай ақпарларға көңіл бөлуден қалды.

Психологтардың айтуынша, қорқыныш бастапқы кезде әсер етеді. Содан

кейін керісінше әсер береді. Сондықтан телеарналарда, радио мен

газеттерде берілетін «қорқынышты дүниелердің» пайдасы шамалы.

ТІЛ ҚҰДІРЕТІ

«ВИЧ/СПИД тақырыбын түсініп, сөйлесу үшін пайдаланып жүрген

лексикамыз біздің оны түсінетінімізді немесе түсінбейтінімізді білдіреді.

Ол сондай-ақ біздің ВИЧ/СПИД тақырыбы

мен өзге адамдарға деген қарым-қатынасымызды білдіреді. Лексика

ВИЧ/СПИД-ке және

онымен ауыратындарға, ВИЧ/СПИД-тің ықпалына ұшыраған адамдарға

қатты әсер етеді»

(Тіл құдіреті. Сіз және СПИД. Азиялық Тынықмұхит Аймағының порталы

(БҰҰ ДБ) http://www.youandAIDS.org)

| 231 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Медициналық терминдер

Проблемалық

термин

Түсіндіру

Пайдалануға болатын термин

ВИЧ туралы

әңгімелегенде

– СПИД

термині

ВИЧ/СПИД

СПИД вирусы

ВИЧ вирус

СПИД дегеніміз

адамның иммундық

жүйесі ВИЧ

инфекциясы

салдарынан әбден

әлсіреген кезде

пайда болатын

синдром. ВИЧке

шалдыққан

адамның ВИЧ-ке

қарсы күресетін

ВИЧ/СПИД

терминдерінің

кеңінен

қолданылатынына

және жұртшылыққа

таныстығына

қарамастан,

таяуда ЮНЭЙДС

ұйымы «ВИЧ»

және «СПИД»

терминдерін

мағынасына қарай

пайдалану жөнінде

ұсыныс жасады.

ВИЧ пен СПИД

– екеуі екі басқа

нәрсе, және ВИЧ/

СПИД терминін

(«ВИЧ» және/

немесе «СПИД»

туралы айтқанда)

жиі қолдана берудің

қажеті жоқ. Өйткені,

СПИД вирусы

деген дұрыс емес.

СПИД вирус емес,

синдром. СПИДтің

пайда болуына

ВИЧ (вирус

иммунодефицита

человека –

адамның иммундық

тапшылық вирусы)

әсер етеді.

«Вич-вирусы»

деген терминді

Әңгіме СПИД туралы болып

тұрғанда ғана СПИД терминін

қолдануға болады

ВИЧ туралы айтқанда ВИЧ,

СПИД туралы айтқанда СПИД,

ал екеуі туралы қатар айтқанда

ВИЧ пен СПИД деп қолдану

қажет

ВИЧ

Адамның иммундық тапшылығы вирусы, ол

СПИД-ті пайда етеді

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 232 |

Өлімші ауру

СПИД-ке

шалдыққан адам

міндетті түрде өлуі

тиіс емес. Кейде

адамдар СПИДтен

көз жұмады.

Бірақ, ВИЧинфекциясын

дәрідәрмекпен

емдеу

жолдары жетерлік.

Сондықтан «адам

өміріне қауіп

төндіретін сырқат»

Өмірге қауіп төндіретін сырқат

Эпидемияны сипаттайтын терминдер

Проблемалық

термин

Түсіндіру

Пайдалануға болатын

термин

СПИД – қарғыс;

СПИД – бұл

оба, жаза

Адамның

өмірін қиып

түсетін

ВИЧ/СПИД-ке

қарсы күрес

ВИЧ/СПИД-ке

қарсы соғыс

Бұл сенсация жасау үшін пайдаланылатын

терминдер. Олар ел арасында дүрбелең

салып, кемсітушілікке ықпал етуі мүмкін.

Бұл кеңінен қолданылатын сөз тіркестері.

Бірақ бұлайша сөйлеу аталған науқастар

тобын кемсіту болып табылады. Бұның

соңы ВИЧ/СПИД-пен өмір сүріп жатқан

адамдарға қарсы «күресу», олардың көзін

жою деген мағынаны білдіреді.

Сондай-ақ «күрес», «соғыс» деген

терминдермен қоса кампания, шайқас

және т.б. сөздерді пайдаланудан

аулақ бол. Бұның бәрі ВИЧ пен СПИД

эпидемиясына қарсы қолға алынған

шаралар болып табылады.

СПИД эпидемиясы

немесе СПИД

пандемиясы

ВИЧ пен СПИД

эпидемиясына жауап

Пайдаланғанда абай болуды қажет ететін сөз тіркестері

Проблемалық

сөздер және

сөз тіркестері

Түсіндіру

Пайдалануға

болатын термин

Әлсіз топтар

Бұл тіркес те жиі қолданылады. Соған

қарамастан оның орнына «негізгі топ» деген

тіркесті пайдаланған жөн. Бұл олардың

әлсіздігіне екпін түсірмеуге көмектеседі.

Негізгі топ, ВИЧ-ке

шалдыққандар

Негізгі топтар

| 233 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Қауіптілігі

жоғары топтар

Мінез-құлқы

қауіпті топ

Бұл сөз тіркестерін абайлап пайдаланған

жөн. Өйткені олар кемсітушілікті күшейте

түсуі мүмкін. Сонымен қатар олар бұндай

топқа жатпайтындардың қырағылығын

күшейтіп, олардың бойында бос үрей

тудырады.

Қауіпті мінезқұлық

(сақтанбай

жыныстық қатынас

жасау, басқалардың

шприцтерін

пайдалану және т.б.)

СПИД ықпал еткен

қоғамдастық

Негізгі топтар

Қауіптілігі жоғары

негізгі топтар

СПИД-тен көз

жұму

Мәселен

әлемде 38 млн

адам СПИД

салдарынан

қаза болмақ

Жалпы алғанда бұл қате тіркес емес. Бірақ,

оны да абайлап пайдаланған жөн. СПИД-тен

көз жұмғалы жатқан адам дегеніміз - өмірінің

соңғы жарығын көріп жатқан адам. Бұл

тіркесті ВИЧ-ке шалдыққан адамға қатысты

пайдалануға болмайды.

«ВИЧ-пен өмір сүріп жатқандар» деген тіркес

науқас пен оның айналасындағыларға дем

береді. Қатерлі ісік немесе өзге де ауыр,

қауіпті науқасқа шалдыққандар туралы

айтқанда да осындай ұстаным қолданылады.

ВИЧ дертімен өмір

сүріп жатыр

ВИЧ пен СПИД-ке шалдыққан немесе соның ықпалына түскен адамдар туралы

әңгімелегенде

Проблемалық

сөздер және

сөз тіркестері

Түсіндіру

Пайдалануға

болатын термин

ВИЧ-пен,

СПИД-пен

өмір сүріп

жатқандар

(ЛЖВС, ЛЖС)

СПИД диагнозымен өмір сүріп жатқан

адамдардың бәрінде иммун тапшылығы

(ВИЧ) бар. Бірақ, ВИЧ-ке шалдыққандардың

бәрі СПИД-пен ауырады деп түсінуге

болмайды.

«ВИЧ-пен, СПИД-пен өмір сүретін адамдар»

(ЛЖВС) деген термин де жиі қолданылады.

Бірақ, қысқартудан барынша аулақ болу

туралы кеңес береміз. Ондай науқасқа

шалдыққандар қысқартылған сөздерді

жаратпайды. Кейбір адамдар «өмір сүріп

жатқан» деген сөзді де пайдаланбайды.

«ВИЧ-пен өмір сүріп

жатқан адамдар»

деп пайдалануға

болады

Бұл тіркестің

қысқартылған түрі -

ЛЖВ

СПИД құрбаны,

СПИД-тен

зардап шеккен

адам

Вич-ке шалдыққан адамдардың пікірінше, бұл

терминдер олардың шарасыздығын, өз өмірін

өзі қадағалай алмайтындығын бейшара

дегенді меңзейді.

ВИЧ-ке шалдық-қан

адам, ВИЧ-пен өмір

сүріп жатқандар

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 234 |

СПИД-тен

қайтыс болды

СПИД-тен көз

жұму

СПИД – ауру емес. Ол иммундық жүйенің

әлсіреуінен болатын синдром. Бұл

адамдар негізінде СПИД-ке қатысы бар

туберкулез, бронхит сияқты оппортунистік

инфекциялардан көз жұмады.

СПИД-пен

байланысты

аурулардан қаза

болған,

СПИД-ке байланысты

туындаған

аурулардан көз жұму

Негізгі топ туралы әңгімелегенде

Проблемалық

сөздер және

сөз тіркестері

Жезөкше

Көше кезген

әйел

Есірткімен

ауыратындар

Есірткіден

тәуелді адам

Нашақор

Гомосексуал

(ер адамдар

туралы)

Түсіндіру

«Жезөкше» деген кемсіту, қорлау термині

болып табылады. Және бұл жыныстық

қатынастың олар үшін өмір сүру салты

емес, жұмыс түрі екендігін білдірмейді.

«Көше кезген әйел» деген түсінік те солай.

Сөйтіп, ол «кәсіп» иелерін кемсітеді және

адамдарды қателестіреді.

Есірткі пайдаланатын көптеген адамдар

нашақорлықпен ауыратындар немесе

есірткіге тәуелді жандар емес. Олар

есірткінің пайдаланылуын бақылаушылар

ретінде қарастырылады. Сол адамдарды

«аурулар» немесе «нашақорлар» деу

оларды қоғамға жат етеді. ВИЧ есірткіні

пайдаланудан емес, лас инъекция

құралдарын қолдану салдарынан жұғады.

Оған қоса есірткіні пайдалану – есірткі

тұтынушылардың өмірінің бір жағы ғана.

Өзге еркектермен жыныстық қатынас

жасайтын ер адамдар (МСМ) туралы

айтқанда, қандай лайықты терминді

пайдалану керектігін сұрап алған дұрыс.

Кейбір еркектермен жыныстық қатынас

жасайтын ер адамдар (МСМ) өздерін

гомосексуал деп есептемейді (әсіресе

бір жыныстық қарым-қатынасқа тыйым

салынған елдерде солай)

Басқаша айтқанда, «МСМ» термині тек

еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін

«гейлерге» немесе «гомосексуалдарға»

ғана емес, бисексуалдарға, кейде

еркектермен жыныстық қатынас жасайтын

гетеросексуалдарға да арналған.

Пайдалануға болатын

термин

Секс-қызметкер

Иньекциялық есірткі

пайдаланушы

Есірткі пайдалану

Есірткі пайдаланушы

Еркектермен

жыныстық

қатынас жасайтын

ер адамдар

(МСМ)

Аталған терминдер ЮНЕСКО тарапынан ұсынылған.

| 235 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

ҚАТЕНІ ТҮЗЕТУ

Төмендегі материалда пайдаланылған тұрпайы тіркестерді лайықты

сөздермен ауыстырыңыз.

«ҚАТЕ КЕТІПТІ»

Валентина Сафонованың қызы Екатерина ақпан айының соңында

босануға дайындалып жүрген болатын. Бірақ, Алматыдағы қалалық

СПИД-орталығы мамандарының Катяға қойған диагнозы сәбидің

уақытынан бұрын туылуына ықпал етті. Палаталардың біріне «спидпен

ауыратын» әйелдің келгенін 2-ші перзентхана түгел естіді…

Жүктілерге арналған міндетті ВИЧ-анализін жас келіншек 25-

желтоқсанда тапсырған-ды. Ал, 9-қаңтарда оны қалалық СПИДорталығына

шақыртыпты.

- Катя нашақор емес пе, сырттағы біреулермен қарым-қатынасы болды

ма, осыны анықтады, - дейді Валентина Виктор қызы. – Анализді

республикалық орталыққа жіберетіндерін айтты. Бір аптадан кейін

Катяны тағы шақырды. Сен инфекция жұқтырғансың, сондықтан баланы

сақтап қалу үшін операция жасап, кесіп аламыз депті…

Анасы мен қызы операциядан үзілді-кесілді бас тартады. Дәрігерлер

болса анализ нәтижесін бермейді. Екі сағат дауласқаннан кейін

дәрігерлер не мөр басылмаған, не қол қойылмаған қағазды қолдарына

ұстата салыпты. Болашақ анаға иммун тапшылығының дамуына кедергі

келтіретін ретровиттің бірнеше орамын берген. Касса чегіне

қарағанда дәрі жарамдылық мерзімінен үш күн бұрын сатып

алынған.

Катя күмәнді дәрілерді ішуден бас тартыпты. СПИД-орталықтағы

кезекті лекциядан кейін, 24-қаңтарда оның толғағы басталады. Екі

тәуліктен кейіноның қызы есігін ашты. Баланы емізуге де үзілді-кесілді

тыйым салынған: балаға жұқтырасың...

Араға тағы екі күн салып дәрігерлер қате кеткенін хабарлапты: онда

ешқандай вирустың жоқтығы анықталған.

Анатолий Никольский, Алматы

«Время» газеті, 14-ақпан, 2008 ж.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 236 |

ВИЧ ПЕН СПИД ЖАЙЫНДА ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

ВИЧ дегеніміз не?

ВИЧ дегеніміз адам денесіндегі иммундық тапшылық вирусы. ВИЧ CD4

деп аталатын қан жасушаларын, немесе Т-жасушаларды зақымдайды.

Бұл жасушалар адам ағзасын инфекциядан қорғайды және иммундық

жүйенің қалыпты жұмысы істеуі үшін маңызды рөл атқарады.

СПИД дегеніміз не?

СПИД дегеніміз адам ағзасындағы иммундық тапшылық синдромы.

СПИД иммундық жүйе әбден әлсіреген кезде пайда болады. Адам

ағзасының әлсірегені соншалық онда күрделі инфекциялық аурулар мен

қатерлі ісік белгілері байқала бастайды.

ВИЧ-ті қалай анықтауға болады?

Адамның ВИЧ жұқтырған, жұқтырмағанын көзбен айыру мүмкін емес.

Вирус қан анализдерінің нәтижесі бойынша ғана анықталады. Егер қан

құрамынан инфекцияға қарсы күресу үшін ағзадан бөлінетін белоктар

табылса «ВИЧ инфекция жұқтырды» деген диагноз қойылады.

ВИЧ қандай жолдармен таралады?

ВИЧ негізінен кездейсоқ адаммен сақтанбай жыныстық қатынасқа түсу

салдарынан (қатынастың барлық түрі) жұғады. ВИЧ адам ағзасындағы

төрт физиологиялық сұйықтық арқылы таралады: қан, шәуһәт, әйелдердің

жыныстық мүшесінен ағатын сұйықтықтар және емшек сүті. Вирус сондай-ақ,

есірткі егу үшін пайдаланылған инедегі инфекция жұқтырған қан

арқылы жұғады. Вирус жүктілік кезінде, туу кезінде және емізген уақытта

анадан балаға жұғуы мүмкін. Сонымен қатар ол ВИЧ жұқтырған донор

қаны арқылы да таралады.

ВИЧ қандай жағдайда жұқпайды?

ВИЧ бір адамнан бір адамға оңай жұға қоймайды. Вирус адам ағзасынан

тыс жерде өмір сүре алмайды. Сондықтан ол күнделікті қарапайым

байланыс арқылы, мәселен сүйіскенде, қол алысып амандасқанда

жұқпайды. ВИЧ ізі адамның терінде, көз жасында, дәретінде де болады.

Бірақ, вирустың ондай жолмен таралатыны дәлелденбеген. ВИЧ

| 237 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

жәндіктер шаққанда да жұқпайды.

ВИЧ қанша уақыттан кейін СПИД-ке айналады?

Бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі және көп жағдайда ем қабылдау

мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Жалпы алғанда, егер адам

ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаған болса ВИЧ-тің СПИДке

айналу кезеңі 10 жылға немесе одан да көпке созылуы мүмкін.

ЮНЭЙДС бағалауы бойынша, емделуге мүмкіндік жоқ елдерде бұл

кезең орташа 8-10 жылды құрайды екен.

СПИД-ке шалдыққан кісі мен ВИЧ-жұқтырған адамның арасында

айырмашылық бар ма?

Иә, үлкен айырмашылық бар. «ВИЧ-тесті расталған» адам вирус

жұқтырған адам болып есептеледі. Ол көпке дейін ол ешқандай ауру

белгісін сезінбеуі мүмкін. СПИД иммундық жүйесі қатты әлсіреген адамдарда

тез белең алады. ВИЧ-пен өмір сүріп жатқандардың бәрінің

ағзасында вирус бар, бірақ, бұл олардың бәрі СПИД-пен ауырады деген

сөз емес.

ВИЧ/СПИД-тен айығу жолдары бар ма?

ВИЧ-тен айығу жолдары белгісіз. Вирустың иммундық жүйе жасушаларын

бүлдіруін тоқтатуға арналған дәрілік емдеу әдістері бар. Басқа

емдеу әдістері СПИД салдарынан туындайтын аурулардың алдыналуға

немесе оны емдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда осы мәселеге

қатысты түрлі вакциналар сыналып, зерттеулер жүргізілуде. Алайда,

бұл ауруды емдеу тәсілі жуырда пайда бола қоюы екіталай.

ВИЧ/СПИД туралы сенімді статистиканы қайдан табуға болады?

ВИЧ/СПИД жөніндегі барынша ауқымды статистиканы ЮНЭЙДС

ұйымы береді (www.unaids.org.). Статистикалық мәліметтер түрлі

мемлекеттер сарапшылары мен халықаралық эпидемиологтардың

қатысуымен дайындалады. Әр елдің өзінің статистикалық

мәліметтер жүйесі бар.

РВҚ (АРВ) дәрілер дегеніміз не?

РВҚ дегеніміз «ретровирусқа қарсы» препараттар дегенді білдіреді. Бұл

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 238 |

дәрі-дәрмектер ВИЧ-тің адам ағзасына жайылуын тежеуге арналған.

Ретровирусқа қарсы терапия дұрыс белгіленген жағдайда СПИД-тің дамуы

бірнеше жылға тежеледі. Әдетте, дәрігерлер ретровирусқа қарсы

дәрілерді біріктіріп пайдалануды ұсынады. Нақты ақпаратты дәрілік

перпараттар глоссариінен табуға болады.

ВИЧ пен СПИД проблемалары туралы жазғанда құпиялылықты

сақтау не үшін маңызды?

ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан адамды рұқсатсыз көрсетуге болмайды.

Көптеген елдерде ондай адамдар туралы ашық айтылған жағдайда

отбасындағылар, көршілері мен әріптестері тарапынан кемсітушілікке

ұшырайды. Егер сұхбат берген адам өз аты-жөнін атауға рұқсат берсе

де журналист оған тағы бір рет көз жеткізіп алуы тиіс.

Адам СПИД-тен қайтыс болды деу қате

СПИД – бұл қауіпті ісік жаралары мен түрлі ауруларды қамтитын синдром.

СПИД деп аталатын жеке ауру жоқ. Пациент СПИД-ке немесе ВИЧке

байланысты аурудан, не ВИЧ-тен қайтыс болады. (Кайзер отбасылық

Қорының материалдарынан).

ВИЧ пен СПИД туралы интернеттегі ақпарат (орыс тілді серверлер)

www.aids.ru/

http://infoplus.aids.ru/

www.hiv-aids.ru

www.aidsjournal.ru/

www.positivenet.ru/

www.gay.ru/health/aids/

http://narc.ru

www.narcom.ru/

http://narkotiki.ru

www.swannet.org/ru/

www.morrowind.nm.ru/

www.virtu-virus.narod.ru/no.html

| 239 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ

ТАҚЫРЫБЫ.

Вячеслав Абрамов

Адам құқығы әлемнің кез-келген мемлекетінде, оның саяси

құрылымына қарамастан тартыс нысанына айналады.

Құқық қорғаушының билікпен ымыраласа алмайтыны сияқты,

билік орындары да оны жақсы көре қоймайды. Өйткені, құқық

қорғаушының міндеті – кемшіліктерді тауып, оларды жария ету

болып табылады.

Мемлекет бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Көптеген елдердің

журналистері құқық қорғау ұйымдары мен оппозицияны бір-біріне теңеп

жатады. Құқық қорғаушылар билікті сынайды, ол бірде қатты, бірде жәй

сын болуы мүмкін.

Адам құқықтары жөнінде жазатын журналистерді көп жағдайда құқық

қорғаушылар деуге де болады. Өйткені, олар зерттеу жүргізеді, құқығы

аяққа тапталған жандармен әңгімелесіп, оларға қолдан келгенше

көмектесуге тырысады.

Қазақстанда құқық конвенцияларының қыр-сырына қанық және үнемі

құқық қорғаушылармен байланыс орнатып жүрген журналистер жоқтың

қасы. Бұл машақаты көп, жағымсыз жұмыс, бірақ ол өте маңызды және

халыққа қажетті дүние. Құқық қорғаушы журналист жан түршіктірерлік

болып көрінетін оқиғалармен бетпе-бет келуге дайын болуы тиіс. Ол

оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеп, сеңді қозғайды: жауапты шенеуніктерді

құқығы бұзылған адамдарға көмектесуге итермелеуі тиіс. Ондай журналист

оқиға мен фактілерді баяндап қана қоятындар емес, зәру жандарға

қолұшын беруге талпынатындар.

ТАҚЫРЫП ТАБУ.

Бір қарағанда адам құқығы мәселесінің ауқымы өте тар сияқты көрінеді.

Бірақ, бұл бұрыс пікір. Өйткені, адам құқығы - ауқымды тақырып.

Бұл саланы қалыптасқан бірнеше бағыт бойынша қамтуға болады:

• Сөз бостандығы;

• Діни бостандық;

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 240 |

• Бас қосу және бірігу бостандығы;

• Азаптаудан азат болу құқығы;

• Ақпарат алу құқығы;

• Еркін жүріп-тұру құқығы;

• Әйелдер құқығы;

• Балалар құқығы;

• Тұтқындардың құқығы және т.б.;

Адам құқығы жөніндегі мақалаға арқау болар тақырыпты кез-келген жерден

табуға болады. Ол бір немесе бір топ адам өзге адамға немесе топқа

тәуелді болған жердің бәрінде кездесетін мәселе. Адам құқығы мәселесі

жасырын немесе ашық қақтығыс туындаған жердің бәрінде бар.

Мәселен, қала тұрғындарынан су, электр жарығы мен газдың қаншалықты

өшіріліп тұратынын сұрастыруға болады. Олардың қаладағы көлік тасымалына

көңілі тола ма немесе жөндеу жұмыстары салдарынан

қала көшелерінің ұзақ уақыт бойы қазылған күйде жататынына қалай

қарайды?

Мектеп оқушыларынан мұғалімдердің өздеріне деген қарым-қатынасы

жөнінде, ал мұғалімдерден білім департаменті мен жоғарыдағы

органдардың тексерулердің әділеттілігіне қатысты пікірін сұрауға болады.

Кез-келген қазақстандықты тоқтатып, өзі кезіккен жемқорлық оқиғасы

туралы, оның қалай аяқталғанын сұраңыз.

Адам құқығына қатысты тақырыптарды тереңнен қазбалаудың қажеті

жоқ, олар күнделікті тұрмысымыздың бетінде қалқып жүр. Көп жағдайда

мақала жазу үшін ақпараттық негіз іздеудің қажеті жоқ. Олар сайлауға,

көптеген халықаралық ұйымдар жариялаған есептерге орай жазыла

береді. Кейде көше аралап, адамдармен сөйлесудің өзі мақала жазуға

түрткі болып жататын кездер де аз емес.

Бұндай тақырыпты қолға алған журналистің міндеті «жараның бетін

тырнап» қана қоймай, оқиғаның шынайы картинасын жасау болып табылады.

Құқықтық тақырыптарға жазылған мақалаларда өкпелі тараптың

пікірін беріп қана қоюға болмайды. Белгілі бір жағдайға кінәлі делініп

отырған адамдардың соған қатысты пікірін алу жолдарын табу қажет.

Әрине, сөзбен айту оңай, әрқашан бұған мүмкіндік бола бермейді. Бірақ,

журналист осы талапты орындамаса оған жалған ақпар берді және

салғырттық танытты деген айып тағылуы мүмкін.

| 241 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?

Адам құқықтары мәселесін заңгер-журналистен артық етіп ешкім де

жаза алмайды. Яғни, журналистің заң саласындағы білімі, осы саланы

реттейтін отандық заңдар мен негізгі халықаралық құжаттарды білуі

тиіс. Оларды жатқа білу мүмкін емес, бірақ осы құжаттарды оңай табуға

мүмкіндік беретін папкалардың болғаны дұрыс (пайдалы ресурстар

тізімі осы баптың соңында берілген).

Адам құқығының бұзылуы мен қорғау тақырыбын жазуға бел буған

журналистің сенімді ақпарат көздері болуы қажет. Ақпарат көздеріне

бірінші кезекте құқық қорғаушылар жатады (кейбір құқық қорғау органдары

жөніндегі мәліметтер осы баптың соңында берілген).

Әдетте, оларға журналистер өте қажет. Өйткені, құқық қорғаушының

белгілі бір іске қатысты мәлімдемесі, нақты бір саланы реформалау

туралы тұжырымдары қоғамға жеткізілуі тиіс. Мұны тек бұқаралық

ақпарат құралдары арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ендеше,

құқық қорғаушылармен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы осындай

мәлімдемелерге, хаттар мен нақты фактілерге қол жеткізуге болады деген

сөз.

Құқық қорғаушылар тұтқындау мен ұрып-соғудан бастап колониялардағы

жаппай өз-өзіне қол салу оқиғаларына дейінгі істерді жүргізеді. Егер бұл

құқығы бұзылған адамға кедергі келтірмейтін болса олар сізбен міндетті

түрде бөліседі. Әдетте, құқығы аяққа тапталған жандардың өздері

БАҚ арқылы шығып сөйлеу жолдарын іздейді, құқық қорғаушыларға

жүгінеді.

Сондықтан, заңдық біліммен қоса, құқық қорғау ұйымдары мен олардың

жобаларынан хабардар болып, өзара байланыс орнатқан дұрыс.

Қазақстанда нағыз «құқық қорғаушы-журналист» байланысы орнаған

аймақтар бар. Көп жағдайда заң бұзушылық туралы ақпарды құқық

қорғаушылар емес, журналистер тауып келеді. Содан соң олар сол

мәселені зерттеумен айналысады.

Құқықтық тақырыпта мақала жариялай бастағаннан кейін журналиске

құқығы бұзылған жандардың өздері жолығып жататын кездер де аз

емес. Және мақала қанша көп жарияланса, журналистке өз оқиғасын

баяндап бергісі келетін, қолындағы деректерімен бөліскісі келетін адамдар

да соншалықты көбей түседі.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 242 |

Құқық қорғау органдарымен де байланыс орнатып алған дұрыс. Әрине,

олар көбіне қылмыстық хроника сынды қысқа ақпарат берумен ғана

шектеліп жатады. Дегенмен бұл байланыс белгілі бір іс пен фактіге

қатысты пікір қажет болған жағдайда кәдеге жарайды. Құқық қорғау

органы қызметкерлері ешқашан журналистердің ойындағыдай ашық

құрылымға айнала қоймас. Бірақ, сіз жеке таныстықтың арқасында

барынша толық ақпарат пен пікір жазып алу, сауалыңызға жауап алу

мүмкіндігіне ие боласыз. Мұның құқық қорғау журналистикасына ғана

емес, өзге әріптестерге де пайдасы мол.

Сонымен қатар тақырыпты көзден таса қылмай, үнемі қадағалап отыру

қажет. Парламент тарапынан заңдардың қабылдануы, елбасының қол

қоюы, түрлі азаматтық топтар мен құқық қорғаушылардың бастамалары

мен акциялары жөніндегі ақпаратты үнемі қадағалап отырған дұрыс.

Кейінгі кезде тақырыпты өздерінің Интернет-күнделіктерінде өмірдегі

барлық оқиғаларға пікір жазып отыратын блоггерлер де беріп отырады.

Блогтардағы жаңалықтар мен пікірлер журналист мақаласына арқау болатын

кездер аз емес.

ТЕК ҚАНА ФАКТІ БЕРУ ҚАЖЕТ.

Құқық тақырыбына жазылған журналистік материал зерттеу жанры

бойынша жазылады. Көп жағдайда бұл тақырып экшн жазуға мүмкіндік

береді.

Мәселен, белгілі бір саладағы жағдайды жақсартатын немесе нашарлатып

жіберетін заңның қабылдануына байланысты құзырлы адамдардың

(шенеуніктер, құқық қорғаушылар, саясаттанушылар, қарапайым азаматтар)

пікірін жазып алуды қажет етеді. Кейде бұндай пікірлердің

тыңдарманға берері көп.

Сондай-ақ құқық қорғау тақырыбында оқиға орнынан түсірілген

репортаждардың орны бөлек. Мәселен, қазақстандықтардың

құқықтарының бұзылып жатқандығы жөнінде кабинеттерде емес, митингілерде

жиі айтылады. Бұндай митингтер репортажға негіз бола алады.

Кейінгі кезде құқық қорғаушылар да түрлі акциялар өткізуге машықтанды.

Олар журналистерді колонияларға апарып, тұтқындармен кездестіреді,

флеш-моб (бір сәттік әсер, онда адамдар бір жерге шоғырланып бірдей

қимыл жасайды) ұйымдастыра алады. Мұндай шаралардан құр қалмас

үшін құқық қорғаушымен үнемі байланыста болған жөн.

| 243 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Бұндай материалдар журналист үшін үлкен қиындық тудырмайды.

Бардың, көргеніңді жаздың дегендей, көпшілікке таныс схема.

Қиындық құқық қорғаушы белгілі бір адамның құқығы бұзылғаны

туралы ақпарат беріп, журналистің осы іспен «айналысуын»

сұрағанда туындайды. Бұл көп уақытты талап етеді. Құқық қорғаушы

берген ақпарат - жәбірленушінің мәлімдемесі журналистке жеткіліксіз.

Сондықтан материал жинау қажет. Мүмкіндігінше жәбірленушімен немесе

оның туыстарымен байланыс орнатуға тырысу қажет.

Олар сізге құрғақ мәлімет емес, оқиғаны қарапайым, түсінікті тілмен баяндап

береді. Сіз екі тараптың да – жәбірленуші жақ пен құқық бұзушы

тараптың пікірін қатар беруіңіз керек. Егер құқы бұзылған адам сотталған

және жазасын өтеп жатқан болса, оның адвокатының пікірін беруге болады.

Бірақ, егер іс тергеуде болса адвокат пікір білдіруден бас тартады.

Өйткені, кейін оған тергеуге қысым жасады деген айып тағылуы мүмкін.

Журналист ресми органдардың пікірін білуге талпыныс жасауы

тиіс.

Қалай болғанда да абайлаған абзал. Журналист өзін мемлекеттік

органдарға қысым көрсету құралы ретінде пайдалануға жол бермеуі тиіс.

Журналистің қолында өзі жариялағалы отырған мақала/сюжетке қатысты

құжаттардың (сот шешімі, мәлімдемелер) болғаны дұрыс. Бұны құқық

қорғаушылар «фактілерді құжатпен растау» деп атайды.

ТҮСІНІКТІ ТІЛМЕН БАЯНДАУ…

Құқық қорғау тақырыбына қалам тербейтін журналист өзін қалай ұстауы

тиіс? Оның құқық бұзушылық жайлы «айқайлауға» құқы бар ма немесе

халықаралық журналистикада бекітілген стандарттардан шықпауы тиіс

пе? Халықаралық журналистика оқиғаға қатысушы тараптардың бәріне

сөз беріп, журналист «қақтығыстың үстінде» қалуын талап етеді ғой.

Осы жерде ресейлік «Новая газетаның» 2006 жылы 7-қазанда өлтірілген

үздік құқық қорғаушы-журналисі Анна Политковскаяға қатысты бір мысал

келтірейін. Өз жұмысын «тазалық» журналистикасы деп атаған ол

қылмысын көзбен көрген кісілерді қылмыскер деуден ешқашан қорыққан

емес. Ол ресейлік басылымдар 2000 жылдары бетін жылы жауып қойған

көптеген оқиғаларды зерттеді. Олардың арасында Шешенстандағы

қылмыстар, Беслан мен «Норд-Ост» оқиғалары бар еді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 244 |

Надежда Кеворкова өзінің «Жить как солдат» (ресейлік «Газета» басылымы,

9-қазан, 2006 жыл) деп аталатын мақаласында Анна Политковская

туралы былай деп жазды:

«…ол өзінің барлық репортаждарын өз басынан кешті, оған апарар жолдарды

өз аяғымен басып өтті. Өйткені оған күн сайын адамдар келетін.

Шенеуніктер одан қорқатын. Өйткені, олар Аннаға амалсыз болса да

сенетін. Себебі, ол тапқан зындандар шынымен де өмірде бар болатын.

Ол ақшаға сатылмайтын және ештеңеден қорықпайтын. Өйткені,

ол Шешенстанға алғашқы кампания кезінде емес, екіншісінің тұсында

келді...

Ол адам қолымен жасалған айуандықтар туралы фотосуреттер мен

кадрларды қолға түсірді. Бұлар ер азаматтардың да қарауға жүрегі дауаламайтын

кадрлар болатын.

Одан: бәрібір нәтиже жоқ, несіне жазасыз деп сұрағанда, ол: жазу менің

міндетім деп жауап беретін.

Ол жәбірленген жандар жағында болды. Ол қандай лауазымды адамдармен

кездессе де адами қалпын сақтай білді, менменсіген жоқ. Буш

пен Райстың «Ресейлік демократтарды қабылдау» салтанаты жөніндегі

репортажы саяси сатираның ең үздік үлгісіне айналды.

Оның жазғандары кім-кімді де бейжай қалдырмайтын. Алдыңғы

Қадыровтың кезінде оның қарамағындағылардың бірі астаналық және

жергілікті журналистерге: «Политковскаяның жазғанына ел сенеді, ал

сендер...» деп қолын бір сілтегені бар».

Қазақстанда мұндай «тазалық» журналистерінің көптеп табылуы екіталай.

Бірақ мүлдем жоқ емес және олардың жұмысы маңызды. Өйткені,

олардың міндеті – адамдарға көмектесу. Мұны олар өздері таңдаған

әдіспен – заңнамалық түзетулерді жариялап, мемлекеттік органдардың

бейқамдығы мен адам құқығының бұзылуын баяндау арқылы жүзеге

асырып келеді. Бұл – ең батыл және таңдаулы журналистика.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР.

Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары.

Қазақстандағы адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі

халықаралық бюро www.bureau.kz

Алматы Хельсинск Комитеті www.humanrights.kz

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы www.osce.org

| 245 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Freedom House www.freedomhouse.org

Халықаралық Амнистия www.amnesty.org

Human Rights Watch www.hrw.org

Адам құқықтары жөніндегі Хельсинск Қоры www.hfhrpol.waw.pl/ru

Халықаралық Түрме Реформасы www.penalreform.org

Халықаралық Көші-қон Ұйымы www.iom.int

БҰҰ Жоғарғы Комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы

www.ohchr.org

БҰҰ Жоғарғы Комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы www.

unhcr.org

«Орталық Азиядағы бостандық дауысы» құқықтық порталы www.vof.kg

Адам құқығы саласындағы заңнамалар.

Қазақстандағы адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі

халықаралық бюро кітапханасы www.bureau.kz/action.php?go=biblio

БҰҰ-ның Құжатнама орталығы www.un.org/russian/documen/centre

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің нормативтік-құқықтық базасы www.

mvd.kz/index.php?p=razdel&id1=3

Нормативтік-құқықтық база, заң жоба жұмыстарының жоспары,

заңнамалар Қазақстан Әділет министрлігінің www.minjust.kz/news сайтында

беріледі.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 246 |

ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ

Эдуард Полетаев

Журналистік зерттеу атам заманнан бар дүние болса да, кәсіби

лексиконға жуырда ғана енді. Әлемге танымал Эмиль Золя, Марк Твен

және басқа да жазушылар осы жанр классиктері саналады. Қазіргі кезде

мысал ретінде 70-ші жылдары президент Ричард Никсонды қызметінен

кетірген «Уотергейт» ісін шулатқан американдық екі журналисті мысалға

келтіріп жүр.

Журналистік зерттеуді көпшіліктің журналист үшін «жоғары пилотаж фигурасы»

деп атауы тегін емес.

Бүгінде бұл жанр репортаж, шолу немесе очерк негізінде қолданылып

жүр. Сонымен қатар журналистік зерттеу талаптарын анықтауда аздап

қателесу бар. БАҚ-ы: рұқсатсыз жазып алынған сөйлесулерді жарияласа

да, белгілі бір жолмен алынған құпия құжаттарды да, біреудің атына кір

келтіретін ашық материалдарды да журналистік зерттеу деп атап жүр.

Журналистік зерттеу дегеніміз не?

1. Журналистік қызметтің тек кейбір түрлерін ғана журналистік зерттеу

деп ауыз толтырып айтуға болады.

2. Журналистік зерттеу күнделікті жұмыстық біткен жерінен басталады.

3. Ол шенеуніктердің кез-келген нәрсені құпия ұстайтын және ақпарат

бермейтін «қасиеттерін» елемеуі тиіс.

4. Ол көп уақыт пен күшті, бір тақырыпты ұзақ уақыт зерттеуді қажет

етеді.

5. Тақырып белгілі бір схема бойынша ашылады.

6. Бір ғана проблемаға назар аударылады.

7. Зерттеу дегеніміз өзіндік әшкерелеу әдісі болып табылады.

8. Әдетте, проблема тұңғыш рет назарға ұсынылады.

9. Жинақталған және өңделген материал түпнұсқа болуы тиіс

– қайталанба дереккөздерге немесе «абайсызда» белгілі болып

қалған ресми ақпаратқа негізделмейді.

Табылған цитата

«Журналистік зерттеу - өзіндік бастамаға және жеке дара жұмысқа негіз-

| 247 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

делген, белгілі бір жекелеген тұлғалар немесе ұйымдар құпия сақтағысы

келген маңызды тақырыпқа арналған журналистік материал. Оның негізгі

бөлшектері: журналист өзге біреу жүргізбеген зерттеумен айналысады;

материалдың тақырыбы оқырман немесе телекөрермен үшін аса

маңызды»

Роберт Грин, «Newsday» газетінің орналастырушы-редакторы

Зерттеу не үшін қажет?

Ол қоғамға қызмет етіп, шындық пен әділеттілік үшін күресуі қажет. Журналист

үшін зерттеудің жақсы жақтары да бар: тәп-тәуір бедел жинауға

болады, қызмет бабы өседі, сондай-ақ, зерттеу нәтижелері бойынша

кітап шығарған жағдайда қаржылай пайда табуы да ықтимал. Бұл БАҚның

қоғамдық құндылықтар қорғаны ретіндегі беделін арттырып, өз

оқырмандарының сенімін иеленуге мүмкіндік береді.

Зерттеумен қандай журналист айналыса алады?

Зерттеумен кез-келген журналист айналыса береді. Тек қажетті адамды

«сөйлете» білу қажет және маңызды құжаттарды іздеуге кеткен

уақытымды босқа рәсуә еттім деп өкінбесе болғаны. Қалғанының бәрі

тәжірибе барысында келетін дүниелер.

Жоспар

Зерттеуге материал жинауға кіріспес бұрын жоспар құрып алған жөн.

Зерттеуді жоспарлау сатылары

1. Атауын, тақырыптарын, ең басты ойлар мен негізгі проблеманы

таңдап алу.

2. Зерттеу жауап беруі тиіс сұрақты қалыптастырып алуға

тырысыңыз.

3. Аталған проблема оқырмандарды не үшін толғандыруы мүмкін

екенін ойластырыңыз.

4. Аталған материалға қатысты қоғамдық пікір қандай болуы мүмкін

екендігін бағамдап көріңіз.

5. Өзіңіздің жұмыс істеу әдістеріңізді нақтылап алыңыз: материалды

қалай жинау қажет, кіммен байланысып, қандай сұрақ қою керек, кем

дегенде қандай, қанша ақпарат жинау керек.

6. Материал қашан жарияланады, ол жалғыз бола ма, әлде сериямен

жазыла ма. Сурет қажет пе деген сұрақтарды шешіп алыңыз.

7. Ресурстар мен тапсырмаларды бөліп, күнтізбелік жұмыс жоспарын

жасап алыңыз.

8. Зерттеңіз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 248 |

9. Мәтінін жазыңыз.

10. Материалды жариялауға (редакциялау, құрылымын құру)

дайындаңыз.

11. Жарияламас бұрын фактілерді тағы бір рет тексеріп алыңыз.

12. Материалды жариялаңыз.

13. Сіздің мақалаңыз қоғамда қызу пікірталас тудырған жағдайда ахуалды

басшылықпен талқылаған жөн.

Әдістер

Қазіргі заманғы зерттеулерде экстенсивті сұхбат алу («тарылған

шеңбер» әдісі) жетекші әдіс ретінде пайдаланылып жүр.

Тарылған шеңберлер

Журналистік зерттеу кең ауқымдық бақылауды, құжаттармен тыңғылықты

жұмыс істеуді және күрделі сұхбат алуды талап етеді.

Зерттеу стадиялары: «кең шеңберден» көптеген тұлғалардан сұхбат

алу (журналист тек тақырыпты төңіректеп жүреді...); «орташа шеңберден

сұхбат алу», «аса мүдделілер тобын», яғни проблемаға бір табан

жақын адамдарды нақтылау; «Аталған есім» сатысы. («Кінәліні» табу,

«жағымсыз кейіпкермен» өте жауапты сұхбат жүргізу).

Осы негізгі кезеңдерден соң қайта тексеру, нақтылау және қосымша материалдар

жинақтау басталады.

Экстенсивті сұхбаттасуда қақтығысты сұхбаттасу және құпия

мағлұматтармен жұмыс істеу сынды өткір проблемалар да бар.

«Ақпарат көздері»: мүдделі; мүддесіз; салыстырмалы түрде бейтарап

ақпарат көзі болып бөлінеді.

«ТҮТЕГЕН ҚАРУ»

Істі ағылшын журналистикасына танымал smoking gun («түтеген қару»)

әсерімен аяқтау әр зерттеушінің арманы. Көп уақытын жұмсап тапқан,

әшкерелейтін сенімді дәлелдерін жинап болғаннан кейін журналист

үшін ең шешуші сәт туады. Ол қолдағы материалдарын әңгімелесушіге

көрсетіп, «фактілерді бетіне баса» алады... Бірақ, репортер бұны бірден

істемейді. Ол біраз уақыт өзінің «жағымсыз кейіпкермен» «мысықтышқан»

ойнайды, оның жемқорлыққа, қоқан-лоққыға, бопсалауға

ешқандай қатысы жоқтығы жөніндегі «ертегісін» тағы бір рет тыңдап алады.

Содан соң өзінің бұлтартпас айғақтарын ортаға шығарады. Мылтық

шүріппесі басылды. Міне, осы кезде «түтеген қару» әсері туындайды

– қарсылас жеңіліс тапты. Үзіліс. Қарсыластың айтары таусылды.

| 249 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Журналистік зерттеуді төмендегі белгілері бойынша анықтайды:

1. Журналистің ( немесе өзге біреу) алдына қойған негізгі мақсаттары

бойынша

- тапсырыс берілген журналистика

- коммерциялық зерттеу журналистикасы

- проблемалық журналистика

2. Мақсатты аудиториясы бойынша

- белгілі бір материалдың қандай аудитория тобына, сегментіне арналуы

3. Автордың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуде қолданған құралдары

арқылы

- сұхбаттасу, мұрағатпен жұмыс істеу және т.б.

4. Қызмет әдістері мен технологиялар бойынша

- зерттеу технологиясына сәйкес

ТАҚЫРЫП ІЗДЕУ

Қызықты және көкейтесті тақырыпты қалай табуға болады? Нені

зерттеумен айналысқан жөн?

Мәселен, ең танымал тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлық.

Бұл жерде белгілі бір ұйым ішіндегі жемқорлық туралы мәселені алып

қарауға болады:

- үкімет (жергілікті, ұлттық);

- корпорациялар;

- халықаралық ұйымдар;

- қайырымдылық қорлары.

Зерттеуге түрлі пішіндегі жемқорлық мысал бола алады:

- пара алу;

- қорқытып тартып алу;

- бопсалау;

- пара беру;

- ресурстарға әділетсіз қол сұғушылық;

- төлемдер.

Осының бәрінің ұйымдасқан қылмыспен байланысы болуы мүмкін.

Алайда, жемқорлық тақырыбы журналистік зерттеулерге арқау болар

жалғыз тақырып емес. Қызмет бабын асыра пайдалану, мемлекеттік

өкілеттігін тиісінше пайдаланбау және жеке басының мақсаттарына пайдалану

және т.б. жөнінде тереңірек ойланып көріңіз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 250 |

ТАҚЫРЫП ТАҢДАУ

Мақалаға тақырып таңдауда оңы мен солын таразылап алыңыз. Өзіңізге

төмендегідей сұрақтарды қоя отырып барлық ықтимал аспектілерді

қарастырыңыз:

Ресурстар

1. Сіз аталған тақырып саласының маманы, сарапшысы болып табыласыз

ба?

2. Сіздің қолыңызда қандай байланыстар мен ресурстар бар?

3. Аталған проблема бойынша зерттеуді тиісінше жүргізуге Сіздің

мүмкіндігіңіз бен уақытыңыз бар ма?

4. Егер қажеттілік туындай қалған жағдайда Сіздің қолыңызда

дәлелдеуге қажетті құжаттар мен мәліметтер бар ма?

5. Ақпарат көздері Сізге айтқандарының қағазға түсірілгенін қалай

ма?

6. Сіздің зерттеуіңізге көмектесе алатын ұйымдар бар ма?

Тақырыптың орындылығы

1. Сіздің әшкерелеуші мақалаңыз қоғамға қалай әсер етеді?

2. Аталған тақырып мақала жазуға лайықты ма?

3. Сіздің мақалаңыз жағдайды жақсартуға көмектесе ме?

Тәуекелдік

1. Осы тақырыпта зерттеу жүргізу арқылы Сіз өзіңіз бен басылымыңызды

қандай қауіпке итермелейсіз?

2. Сіз бен сіздің басылымыңыздың қаржылық тәуекелдігі қандай?

3. Сіздің өміріңіз бен отбасыңыздың денсаулығына төніп тұрған қатер

бар ма?

4. Осы қатерді төмендету үшін не істеуге болады?

5. Сіздің мақалаңыздың тақырыбын өзге журналистердің зерттеп қою

қаупі қаншалықты жоғары?

Материалдың ең кішкентай «көлемін» анықтап алыңыз:

- Сіз тақырыптың бастау көзін ғана ашуды қалайсыз;

- Егер Сіз үшін «әрі қарай қазбалау» мүмкін болмай қалған жағдайда,

сіз бір ғана проблеманы жариялап қана қоюға дайынсыз ба;

- Сіз тек бір ғана жағдайдың бетін ашып, көрсете алуыңыз мүмкін;

- Сіз тақырыпты ұлттық емес, жергілікті деңгейде ғана ашуыңыз да

ықтимал.

| 251 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Мақаланың ең үлкен «көлемін» анықтап алыңыз

- Бұл қоғамда қызу пікір тудыратындай «үлкен мақала» болады;

- Сіз жемқорлық көріністердің қаншалықты “қарыштап” кеткенін көрсету

үшін тақырыпты тыңғылықты зерттегіңіз келеді.

Сіз көздеген мақсатыңыздың ізіне түсіп, аз мағлұмат алсаңыз да көп

нәрсеге қол жеткізуге талпынуыңыз қажет.

Есіңізде болсын, Сіз өзіңіздің білетініңізді емес, дәлелдей алатын дүние

жөнінде жазуыңыз қажет.

Абайлаңыз: жеке пікір!

Журналист ешқашан өз материалдарында жеке пікірін айтпауы тиіс.

Журналист заңның бұзылғанын көрсетіп, проблема көзін ашып беру

үшін «біреу бір жерде пара алды» немесе «алаяқтық құрбаны болды»

деп жазбай, фактіге негізделген, нанымды құрылым құруы тиіс.

Темпераментті ескеріңіз!

Өзіңіз әңгімелесіп отырған адамның темпераментін ескеруді ұмытпаңыз.

Белгілі орыс заңгері А.Ф.Кони өзінің “Память и внимание” деген еңбегінде

темпераментіне қарап әңгімелесіп отырған адамыңыздың белгілі бір

оқиға жөніндегі әңгімесін қай бағытта өрбітетінін аңғаруға болады деп

жазады. Қылмыстық хроникадан мысал келтірейік:

“Трамвай рельсті кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кетіп, оны ауыр

жарақаттады, мүмкін ол өліп кеткен болуы да мүмкін. Бұл әйелдің ескерту

дабылына көңіл бөлмеуінен немесе дабылдың тым кеш соғылуы

салдарынан болды”.

Сангвиник айтады: “ Денеңді түршіктірер оқиға болды – жанұшырған

айқай шығып, қан судай ақты, мен бытырлап сынып жатқан сүйектің дыбысын

естідім. Бұл сұмдық оқиға менің есімнен кетер емес, көз алдымда

тұрып алып, денемді түршіктіреді, бойыма қорқыныш ұялатады”.

Меланхолик айтады: “Трамвай менің көз алдымда бір әйелді қағып

кетті. Адамның тағдыры ғой: мүмкін ол сүйікті жарына, балаларына,

ошағының басына асығып бара жатқан шығар-ау, әп-сәтте соның

бәрінің күл-талқаны шықты. Соңында орны толмас қайғы мен көз жасы

қалды. Жетімсіреп қалған отбасының суреті менің жүрегімде ауыр із

қалдырды”.

Холерик айтады: “Бір әйелді қағып кетті! Қалалық басқарманың өз

міндеттеріне салғырт қарайтынын баяғыда-ақ айтқанмын. Алаңғасар

жүргіншілерге дер кезінде дабыл қағып, ескерту бере алмайтын

адамдарға трамвайды жүргіздіруге бола ма! Міне, нәтижесі. Бұндай

салғырттық үшін соттау керек, қатаң жазалау қажет”.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 252 |

Флегматик айтады: “Арбаға мініп келе жатыр едім. Жолда тоқтап тұрған

трамвайды көрдім, айналасы толған адам. Орнымнан тұрып қарасам

– рельстің үстінде көлденеңінен бір әйел адам жатыр, қағып кеткен болса

керек. Мен орныма отырдым да, арбакешке: тезірек кеттік дедім”.

Түрлі типтегі адамдармен сөйлесе отырып оларға темпераментіне

қарай түрліше ықпал жасаған жөн. Холериктер, меланхоликтер мен

флегматиктер оқиғаның кейбір бөлшектерін ұмытып кетіп жатады.

Оларға барынша шыдамдылық, мейірімділік, кішіпейілділік таныту

қажет. Сангвиниктерге талап ете білу, қатаңдық ықпал етеді.

Зерттеу

Сіз тақырыбыңызды ылғи зерттеп жүретін боласыз, бірақ... бұны

бастапқы, зерттеу материалының негізін қалаушы кезеңі деп қараңыз.

1. Тақырыбыңызға қатысты барлық ақпаратпен танысып шығыңыз.

2. Бірізділікпен жұмыс істеңіз: жоспарлаңыз және өзіңіздің іс-әрекетіңізді

қағазға түртіп отырыңыз.

3. Ақпарат көздері бойынша картотека түзіңіз.

4. Сіздің зерттеуіңізге қатыстырылатын мекемелер жайында ақпарат

жинаңыз.

5. Өзіңізді қызықтыратын шешімді қабылдау құрылымы мен тәртібін

меңгеріп алыңыз.

6. Тақырыбыңыз бойынша ақпарат көздерін ешқашан қомсынбаңыз.

Ашық ақпарат:

1. Ашық есептер.

2. Қосымша әдебиет.

3. Баспасөз мәлімдемелері және қоғамдық мәлімдемелер.

4. Компаниялардың есебі.

5. Интернеттегі ақпарат.

Абай болыңыз!

1. Газет қиындыларымен жұмыс істегенде абайлаңыз – оны 10 жыл

бұрын жазған журналистің де қателескен болуы мүмкін!

2. Шамамен болжап айтуға жол бермеңіз. Адамның аты-жөнін нақты

белмей тұрып фамилиясының тұсына бірдеңе жаза салудан сақ болыңыз.

Көрші кабинеттегі журналистен өз біліміңіздің кемістігін толықтыруды

сұраудың да қажеті жоқ, өйткені бұдан ол да хабарсыз болуы мүмкін.

3. Кейде журналистер бұлыңғыр мәлімдемелер арқылы нағыз ақпарат

көзіне көлеңке түсіріп жатады. Бұл нағыз ақпарат көзі – өз пікірін білдіріп

отырған материалдың авторы деген түсінік қалыптастырады. Бұндай

| 253 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

жағдайларды болдырмауға тырысқан жөн.

Репортаждар.

Сіздің қызметіңізге “кабинеттен” шыға бере «жан» енеді.

1. Мемлекеттік емес ақпарат көздерін іздеңіз.

2. Сарапшылармен әңгімелесу барысында жалпылама сұрақтар

қойыңыз. Зерттеу жүргізіп жатқаныңызды байқатып алмаңыз,

әйтпесе оларды үркітіп алуыңыз мүмкін.

3. Ақпарат көздерінің білгенін айтқысы келе ме, соны анықтап

алыңыз.

4. Ақпарат көздері айтқан әңгімесінің қағазға түсірілгенін қалай ма.

5. Олар Сізге құжатты айғақтарын көрсеткісі келе ме.

6. Олардың Сізбен әңгімелесуде айтатын уәжі қандай.

7. Онымен әңгімелесу барысында өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету

үшін қандай сақтық шараларын қолға алған жөн.

Сонымен қатар қарапайым ғана бақылау жүргізіп көріңіз. Зерттеу нысанын

бақылау үшін қолайлы әрі қауіпсіз жер бар ма, соны анықтап

алыңыз. Оқиғаға тікелей қатысып, нақты проблеманың куәсі болу үшін

Өзіңіз клиент бола аласыз ба. Бұл сатыда материалдың шықпай қалу

қаупі арта түседі.

Оған мынадай себептер ықпал етуі мүмкін:

1. Сіздің зерттеу салаңызға тартылған тұлғалар тарапынан қысым

көрсетілуіне байланысты.

2. Өзге басылымдар да осы тақырыпқа қызығушылық танытып, Сізге

кедергі келтіруі мүмкін.

Мүмкіндігінше құпия әрекет етуге тырысыңыз.

СІЗДІ АЛДАП ТҰРҒАНЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Сізді әңгімелесіп отырған адамыңыздың алдап отырғанын әлде,

шынын айтып отырғанын толық анықтау әдісі жоқ.

Алайда, Сізбен әңгімелесушінің шынын айтып отырғанын бірнеше белгі

арқылы анықтауға болады.

1. Егер ол сіздің көзіңізге тіке қарамаса және мұрнының ұшын жиі

ұстаса, оның шындықты жайып салуға құлқы жоқ деген сөз.

2. Жалған сөйлейтін адам бір мәселенің негізін түрліше баяндайды.

Ол нақты емес және екіталай әңгімелескенді қалайды.

3. Жалған сөйлейтін адам тікелей сұрақтарға жауап беруден жалтарып,

өзіне таныс емес нақты фактілерді құпия ұстауға тырысады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 254 |

Шындықтың бетін қалай ашуға болады?

1. Әңгімелесіп отырған адамыңызды шатастырыңыз.

2. Біраз уақыт тікелей және жағымсыз сұрақтар қоймауға тырысыңыз.

Өйткені, оның өзін қолайсыз сезінуі әңгіме желісінің дұрыс бағытта

өрбуіне кедергі келтіреді.

3. Әңгімеге оқиғаны жақсы білетін және мүдделі үшінші тұлғаны

тартыңыз. Содан соң сіздің ақпарат көзіңіз жалған сөйлей алмайды.

4. Сөйлесудің агрессивті түрін таңдап алыңыз. Егер сұхбаттасушы адам

ресми тұлға болса, оны түсінік беруден бас тартты және ақпаратты

қоғамнан жасыруға мүдделі деп жазатыныңызды айтып қорқытып

қойыңыз. БАҚ-ы туралы заңды жақсы білетін шенеунікке бұныңыз

әсер етпеуі мүмкін.

5. Саудаласыңыз! Өз материалыңызда ол туралы ештеңе

жазбайтыныңызды айтып уәде беріңіз. Және бұл уәдеңізді міндетті

түрде орындаңыз. Мұның бәрі американдық “әділ сотпен мәміле

жасасу” жүйесін, яғни айыпталушы шындықты айтқаны үшін жеңіл

жаза алатын немесе жазадан мүлдем босатылатын жағдайды еске

салатындай болуы керек.

Ақпарат көзін жақсы көру керек!

Ақпарат көзін жақсы көру қажет. Олар Сізге үйреніп, Сізді есінде сақтап,

Сізге сенуі тиіс.

1. Тек сізді қызықтыратын адамдармен тек іс төңірегінде ғана

жолықпаңыз. Мереке қарсаңында оған құттықтау хат жіберіп, халін

біліңіз немесе қызықты анекдот айтып беріңіз.

2. Сыйлық жасауда сараңдықтың керегі жоқ – ол да аздап көңіл бөлудің

белгісі.

3. Журналистік ортадағы байланыстарыңызды пайдаланыңыз. Мүмкін,

Сіздің спорттық саладағы әріптесіңіз үшін танымал футбол ойыншысынан

қолтаңба алу түк емес шығар. Әріптесіңізден осыны

жалынсаңыз да сұрап алыңыз және оны футбол десе ішкен асын

жерге қоятын Ақпарат көзіне тарту етіңіз. Содан соң ол адамның

мәңгілік Сіздікі болатынына сене беріңіз.

4. Тұтас бір ұйыммен жақсы қарым-қатынас орнатудың тәп-тәуір әдісі

– оның белгілі бір проблемасының шешілуіне көмектесу. Сіздің белгілі

бір ғимаратқа немесе ұйымға жедел жөндеу жүргізу қажеттігі

жөніндегі материалыңыздан кейін қала басшылығы ғимаратты

қалыпқа келтіруге қажетті қаржыны қалай да іздеп табады. Содан

кейін сіз онда істейтін қызметкерлердің қызықты ақпаратты бірінші

болып Сізге жеткізетініне сенімді бола беріңіз.

| 255 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

МАТЕРИАЛДЫ ЖАЗУ

Әрине, Сіз материалды барынша тезірек жариялауды қалайсыз.

Асықпаңыз!

1. Фактілерді қайталап тексеріп алыңыз.

2. Мақаланы жариялауға белгіленген мерзімнен ауытқымаңыз.

“Нәтижелілікті төмендету заңы”: атқарылған қыруар жұмыс

ақпараттың да сондай көп болуын қамтамасыз етеді деген сөз емес.

Есіңізде болсын:

1. Сіз бұл мәселені бірнеше күн (апта, ай, жыл) бойына зерттедіңіз, ал

Сіздің оқырманыңыз ол туралы тұңғыш рет білгелі отыр.

2. Бұл мәселе жөнінде қарапайым түрде түсінік беру қажет. Ол үшін ең

маңызды деген “әшкерелеу фактісін” беріңіз.

3. Материалды анық және қисынды етіп құрыңыз.

4. Аталған проблемаға оқырман назарын аударып, күрделі мәселенің

оңай түсіндірілуі үшін көркем бейне мен еліктіретіндей түйінді

пайдаланыңыз.

Ақырғы тексеру

Материалды жариялар алдында бірқатар мәліметтерді қайта тексеріп,

нақтылап алу қажет болуы мүмкін.

1. Конфронтациялық сұхбат.

- егер зерттеу барысында айыпталушы тараптан ресми жауап ала

алмаған болсаңыз

- проблеманы әділетті және шынайы етіп көрсету үшін және пікірлер

тепе-теңдігін сақтау үшін жауап алуға тырысыңыз.

Айыпталушы тарап айыптауға жауап беруге құқылы.

Бұл жерде белгілі проблемалар туындауы мүмкін:

- Сіздің ұсынысыңыз айыпталушы жақты сескендіріп алуы мүмкін;

- Сіздің мақалаңыз туралы ақпарат сыртқа “шығып” кетуі мүмкін;

- Сізге қарсы бопсалау жасалуы мүмкін.

Десек те:

1. Түсінік беруден бас тарту түрінде болса да, әйтеуір түсініктеме алуға

тырысыңыз.

2. Сізге қажетті шенеунікпен кездесу жөнінде келісіңіз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 256 |

3. Қажет болған жағдайда оның кабинетіне баса-көктеп кіріп

барыңыз (бұл қылмыс емес, тек есіктің құлпы мен есікті сындырып

жүрмеңіз).

4. Ең ақырғы шара ретінде тапсырыс хат немесе факс жолдаңыз.

Осы конфронтациялық сұхбат нәтижесінде алынған жаңа ақпарат Сіздің

мақалаңызды немесе оның құрылымын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

2. Заңдық аспектілер.

Сізге жалақорлық мәселесі бойынша заңгердің көмегі қажет болуы

мүмкін. Өз мақалаңызда айтылған фактілерді дәлелдеуге алдын-ала

дайын болыңыз.

Заңгермен төмендегі мәселелер жөнінде:

1. Заң бұзу;

2. Сіздің ақпарат көздеріңізді заңмен қорғау;

3. Сізді немесе Сіздің кейіпкерлеріңізді сотқа беретін адамдар жайында

кеңесіп алған жөн.

3. Мақаланың салдары.

Зерттеуіңіз қоғамның байлығына айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін

жасаңыз:

- зерттеуге назар аударту үшін баспасөз мәслихатын өткізуге болады;

- баспасөз мәлімдемесі;

- он-лайын сілтемелер.

Қажет болған жағдайда қауіпсіздік шараларын қолға алыңыз:

- жеке басыңыздың қорғанысын қамтамасыз етіңіз;

- қажетті құжаттарды дайындаңыз;

- заңгерлік қорғауға ақша қажет болуы мүмкін;

- Егер Сізді қоғамнан алшақтатып жатқан жағдайда мән-жайды

мәселені шешуге қол ұшын бере алатын «қажетті» адамға және

басшылыққа түсіндіріңіз.

Жарияланым.

Сіз материалыңыздың:

1. Тепе-теңдікті сақтай отырып жазылғанына;

2. Жан-жақтылығына;

3. Барлық ақпарат көздеріне сілтеме жасалғанына;

4. Жариялай алатын мақала екеніне

толық сенімді болуыңыз керек.

| 257 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Мақалаға деген реакция.

Бәріне дайын болыңыз. Енді Сіздің ақпарат көздеріңізге қатысты жағдай

өзгереді:

1. Сізге жаңадан ақпарат беруге дайын және өзінің атын жасыруды

қаламайтын дереккөздер көбейді ме?

2. Сіздің мақалаңыздан кейін ақпарат көздерінің кейбірі Сіздің

«кесіріңізден» жабылып қалды ма?

Сіздің материалыңызға өзге БАҚ-ы қалай қарайды?

1. Олар Сізді және Сіздің зерттеуіңізді қолдай ма?

2. Олар сіздің материалыңызбен қатар мақалалар немесе қарсы

мақалалар жариялады ма?

Терістеу жариялауға дайындалыңыз, тиісті дәйектеріңізді әзірлеңіз.

Лайықты цитата

«30 рет сотталған қалта ұрысын ұры-рецидивист деп жазып көріңізші,

ол жеке басымды қорлады деп сотқа шағымданады және ол істе сіз

жеңілесіз».

Карл Чапек, жазушы

Маңызды нәрсе: егер сіздікі қате болса – мойындаңыз.

Материалыңыздан өрескел қателер табылған жағдайда онда кеткен

қателерді мойындап жаңадан мақала жазуды ойлаңыз. Бұл жерде

қателіктің қалай жіберілгені жөнінде және оның салдары туралы баяндап

беретін мақала жазуға болады.

Жұмысты ұйымдастыру

Сіздің жазбаларыңыз:

1. Дәл және егжей-тегжейлі жазылуы тиіс.

2. Қажетті байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін сілтемелердің

берілуі;

3. Электронды түрінде де, қағаз түрінде де көшірме жасау қажет;

4. Сенімділік үшін бірнеше жерде (немесе бірнеше серверде) сақталуы

тиіс (электронды құжаттар үшін код енгізген жөн).

Пайдалы сілтемелер мен библиография:

Ресей Журналистер одағының экстремалды журналистика орталығы

www.cjes.ru

Соғыс пен бейбітшілікті ....институты (IWPR)

www.iwpr.net

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 258 |

Журналистік зерттеулер қоры

www.fij.org

Зерттеумен айналысатын журналистер мен редакторлар

www.ire.org

Журналистік зерттеулер орталығы

www.muckraker.org

Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты (әлем бойынша ақпарат еркінідігі жөніндегі

материалдар)

www.gwu.edu/~nsarchiv/

Пойнтер институты

www.poynter.org

«Тереңірек қазыңыз, жоғарырақ көздеңіз!» ISFJ (журналистік зерттеу

өнерін үйрету әдісі – ағылшын тіліндегі нұсқаулық).

http://www.icfj.org/publish.html

С.А.Михайлов. «Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы».

Санкт-Петербург, 2002 ж.

Ф.Мэллет Малькольм. «Справочник для журналистов стран Центральной

и Восточной Европы». Мәскеу, 1993 ж.

Г.В. Лазутина. «Профессиональная этика журналиста». Мәскеу, 1999 ж.

Дж.Уллмен. «Журналистские расследования: современные методы и

техника». Мәскеу, 1998 ж.

1-ШІ ҚОСЫМША

ПРАКТИКУМ

1-ші жаттығу.

Бастапқы (исходный) материал: әлеуметтік өзара қарымқатынастардың

төмендегі тізімін қарап шығыңыз:

- полиция – қоғам;

- жұмыс берушілер – жұмыскерлер;

- оқытушылар – оқушылар;

- бюрократтар – арызданушылар;

- дәрігерлер – пациенттер;

- әскери офицерлер – әскерге жаңадан алынғандар.

| 259 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Ойлану үшін сұрақтар:

А. Жоғарыда келтірілген өзара қарым-қатынастардың қайсысында

өкілеттігін асыра пайдалану көп көрініс береді?

Ә. Өзге қандай салаларда өкілеттігін асыра пайдаланушылық бар, ойланып

көріңіз?

Б. Осы қарым-қатынастар басшылыққа алатын «тәртіптерді» меңгеріп

алыңыз. «Тәртіптер» әдетте:

- заң;

- мінез-құлық кодексі;

- еңбек контрактілері;

- ұйымдар арасындағы контрактілер;

- ауызша келісім және т.б;

түрінде бекітіледі.

В. Осы «тәртіпті» кім, қай жерлерде бұзады, осыны анықтаңыз. Осы

тәртіптен ауытқу фактілерін іздеп көріңіз.

Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз: осы қолданыстағы «тәртіптер» әділетті ме?

Күштірек тараптың әлсіз тараптан артықшылығы болатын жағдайларды

іздеп көріңіз.

Г. Анықтап алыңыз, «тәртіптер» елдің бәріне түсінікті ме? Өзара байланыстар

орнатылған «тәртіп» бойынша нақтыланбаған болса, онда бұл

- өкілеттігін асыра пайдалану болып табылады. Қатысушылардың бәрі

осы «тәртіптен» хабардар ма?

Журналистік зерттеу жүргізуге қажетті жақсы идея жаңалықтардан

туындайды. Ол ең көкейтесті проблемаларды сезіп-білетін сенсация

репортерінен шығатын идея. Зерттеу жүргізуге бірінші қолдан

(зардап шегушінің өзі, оның отбасы және т.б) келіп түскен ақпарат

та түрткі болуы мүмкін. Белгілі бір ақпараттың сыртқа «шығып» кетуін

немесе біреулерден естігеніңді пайдалануыңызға болады. Бірақ,

бұл жерде абай болу қажет, өйткені, сіз белгілі бір топтың немесе

тұлғаның қолындағы күрес құралына айналып кетуіңіз да ғажап емес.

Олар Сізге бұны неге айтып отыр, ойланып көрдіңіз бе?

Есіңізде болсын: жекелеген жағдайларды емес, жүйелі түрде

көрініс тауып жататын проблемаларды іздеген жөн.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 260 |

2-ШІ ҚОСЫМША

ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ҮШ ЕРЕКШЕЛІГІ (Дэвид Рэндаллдың

«Универсальный журналист» атты кітабынан. Мәскеу, 1996 ж.)

1. Бастапқызерттеу

Бастапқы зерттеу дегеніміз – жат мәліметтер мен мағлұматтарды

біріктіріп шолу емес. Бұл – көбіне «шикі» материалмен жұмыс істейтін

репортердің зерттеуі. Бұл сұхбаттар алу, немесе фактілер мен цифрларды

іріктеп, салыстыру түрінде көрініс табуы мүмкін. Көп жағдайда бұндай

зерттеулер нәтижесінде материалда бұрын-соңды ешкім аңғармаған

байланыстар мен құрылымдар анықталып жатады.

2. Таңдап алынған тақырыбыңыз күмәнді істермен немесе

салғырттықпен байланысты, бірақ ешқандай дәлел жоқ.

Өзіңіз қолға алған істе бір шикілік бар екенін немесе оның салғырттық

салдарынан болғанын шамалайтын жағдайлар аз болмайды. Бірақ,

сізде де, басқа адамдардың қолында да мұның ешқандай дәлелі жоқ.

Айғақтар жинау қажет. Ал, бұл күнделікті қызметке қарағанда көп уақыт

пен тұрақты түрде күш жұмсауды талап етеді. Атқарылатын жұмыстың

жүгін бір ғана репортер көтере алмайтындай жағдайлар да аз кездеспейді.

Әрине, егер таңдаған тақырыбыңыз оқырмандар үшін маңызды болса

сіз осынша күш пен уақытыңызды жоғалтудан қашпайсыз.

3. Ақпаратты әлдекім құпия ұстауды қалайды.

Бұл журналистік қызметтің көп түріне тән. Тегінде, жаңалықтар туралы

«жаңалық дегеніміз - әлде біреулер сіздің жариялауыңызды қаламайтын

нәрсе» дейтіні тегін емес. Алайда, репортердің күнделікті жұмысында

қолда бар мәліметтерге тоқтап, соның негізінде мақала жазуға кірісетін

сәттер де болады.

3-ШІ ҚОСЫМША

ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗЕТІН ЖУРНАЛИСТЕРГЕ КЕҢЕСТЕР

(Игорь Иванов, АНО Интерньюс, заңгер, Ресей Федерациясы)

1. Құқық негіздерін білген оңтайлы.

Тиісті құқықтық біліміңіз жеткілікті болмаған жағдайда ақпаратты

жинақтау мен сараптау барысында, жалпы материалды дайындауда

адвокатпен (заңгермен) кеңесіп алған жөн. Тым болмаса «Бұқаралық

ақпарат құралдару туралы» Заң мен Кәсіби этика кодексі талаптарын

қатаң сақтау қажет.

| 261 | МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

2. Жинақталған мәліметтер толық және жан-жақты тексерілуі тиіс (

ақпарат 2-3 тәуелсіз дереккөз тарапынан құжат бойынша расталуы

тиіс).

3. Ақпарат заңды жолмен алынған болуы тиіс. Тұлғаның жеке өміріне

қатысты ақпарат жасырын алынғанда, немесе жазып алынғанда міндетті

түрде сол адамның келісімін алу қажет (егер сіз ақпараттың қоғамдық

мүддеге қатысы жоқтығына сенімді болсаңыз).

Өзіңіздің зерттеу нысаныңыздың, оның туыстары мен жақындарының

заңдық мүдделері мен құқықтарын құрметтеу қажет.

4. Журналистің өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда бүркеншік ат

қолдануға болады.

5. Материалды дайындау кезінде өз зерттеуіңіздің дәлелдемелік базасын

әзірлеген жөн (сот тартысы бола қалған жағдайда фактілер мен

мағлұматтардың растығын дәледеу журналистің (бұқаралық ақпарат

құралының редакциясына) мойнына жүктеледі).

6. Әрқашан есіңізде болсын:

- журналист тарапынан жіберілген заңбұзушылық сіз жұмыс істейтін

бұқаралық ақпарат құралының қателігі болып есептеледі;

- сіздің қателігіңіз үшін жауапкершілік бір ғана мүліктік жауапкершілікпен

ғана шектелмейді (журналист пен редакцияға қаржылай айыппұл салу).

Оның соңы реттеу органының ескертпесі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат

құралының қызметін уақытша немесе біражола тоқтату, лицензия күшін

жою, түптеп келгенде қылмыстық жауапкершілікке келіп саяды.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 262 |

МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

ТЕЛЕВИЗИЯ

Гүлнәр Мұқанова

Журналистика факультетін таңдайтын үміткерлердің көбісі,

осы факультетке негізінен теледидарға қызыққандықтан келеді.

Теледидар танымал етудің кепілі екенін біледі. Ол үміткерлерге

берер кеңесіміз: иә, сенің таңдауың өте жақсы! Бірақ, теледидарды

таңдау арқылы сен газет, радио журналистерінен де жоғары

жауапкершілікті мойныңа алып отырғаныңды ұмытпа! Өйткені,

сенің сюжетіңдегі видео оқиғаның мәнін ашатындай болуы

қажет, мәтінің ұғынықты, даусың жағымды әрі түсінікті болуы

тиіс!

МИФ: «Телевизия ең алдымен – видео!»

Шын мәнінде телевизия - ВИДЕО, МӘТІН, ДАУЫС секілді

компоненттердің ТЕҢДЕЙ қосындысы.

Телевизия – ең алдымен видео, теледидар алдындағы адам ақпаратты

негізінен көз арқылы алады деген ойларды жиі кездестіруге болады.

Иә, видеоның рөлі жоғары. Онымен таласпаймыз. Бірақ, видеоны алға

шығарып, дауыс пен мәтінді кейінге шегеруге еш болмайды. Өйткені,

көрерменің сенің сюжетіңді көрер кезде, даусын өшіріп, тек видеоға

телміріп отырмайды ғой.

Оны сюжетіңдегі табиғи дыбыспен (интершуммен), өз даусыңмен,

сөздеріңмен шақырып аласың. Өзің салыстырып қара, сенің үйіңдегі

кабельдік телеарна 60 арнаны көрсету мүмкіндігіне ие. Сен арналарды

ауыстырып, көретін дүние іздеп отырсың. Сенің назарыңды қаратуға әр

арнаның 2-3 секунд уақыты бар.

Сонда: кадр сыртындағы мәтін мен табиғи дыбысы кешеуілдеп шығатын,

тек ғана видеосы бар бағдарлама сенің назарыңды бірден өзіне аудара

ма, жоқ әлде видео, дауыс, онан қалса, табиғи дыбыс теңдей қосылған

бағдарламаға назар аударасың ба? Әрине, екіншісіне!

Өте ерекше видеоның да көрермен көзін әп-сәтте жаулап алуы мүмкін.

| 265 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Бірақ, біздің бүгінгі телевизияда ондай дүние әзірше көзімізге шалына

қойған жоқ.

Көрерменнің өзін екі топқа бөліп қарастыруға болады.

Теледидардың алдында жайғасып алып, жаңалық күтетіндер және

теледидарды қосып қойып, өзге шаруамен айналысып отыратындар, ия

болмаса, жүре тыңдайтындар. Алғашқы топқа қарағанда, кейінгі топтың

біршама баршылық екендігіне күмәніміз жоқ. Өйткені, қат-қабат шаруасы

бастан асатын XXI-ғасырдың адамы теледидардың алдында отырған

күннің өзінде қосалқы шарумен айналысуға бейім. Ондай көрерменді

дауыспен, интершуммен өзіңе қаратып аласың.

Сондықтан, телевизия ВИДЕО, МӘТІН, ТАБИҒИ ДЫБЫС секілді

компоненттердің теңдей қосындысы.

Телевизия үшін уақыт өте маңызды. Әрине, радио мен газет

журналистеріне де үнемі уақыт жетпей, газет терімі кезінде асығып-үсігіп

мақала жазып отырады. Бірақ, газеттегі әріптесіңнің 200-500 жолдық

мақаласына арқау болатын ақпаратты сен жаңалықтар қызметінде 1.5-2

минутқа, сараптамалық бағдарламада әрі кетсе, 5 минуттық уақыттың

ішіне сыйдыруың қажет.

Радиожурналист пен газет журналисінің видеоға бас ауыртпайтындығын

ескерсек, олардың бойындағы жүк те сәл жеңілдейді. Ал сен, ВИДЕО,

МӘТІН, ДЫБЫС (бұл арада интонацияны ерекше айтса болады,

өйткені, тележурналистерде кездесетін проблема – дауыстың дұрыс

қойылмауы, болмаса, интонациямен жұмыс істемеу) ҮШТАҒАНЫН

қатар алып жүруің қажет.

Газеттегі әріптесің қолына 30 грамдық диктофонмен жалғыз өзі баратын

жерге (күнделікті бірер газеттікі болмаса, қазақ газет журналистерінің

соңынан фотожурналистер көп ермейді. Олар, суретті көбінесе газет

мұрағатынан ия, болмаса, интернеттен алады) бара береді, ал сенің

жаныңа операторды айтпағанда, жарық қоюшы, кейде тіпті, режиссер

де еруі мүмкін.

1.5 минуттық сюжетің жоғарыда аталған адамдардан өзге, монтаж

жасаушы инженер, бейнемұрағат қызметкері, администратор,

үйлестіруші, тіпті, көлік жүргізушісіне тікелей байланысты. Түптің

түбінде, көлік жүргізушісі қаланың бір тығынында кептеліп қалып, кешігіп

жатқанда, түсіруің тиіс іс-шараның басталып кеткендігін, ия болмаса,

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 266 |

сұхбат алатын адамыңның қолындағы сағатына қарағыштап отырғаны

көз алдыңа елестеп, өзіңді өзің қуырып жіберуге дайын боласың.

Маңыздысы сол, біздің қазіргі жағдаймыздағы газет журналистері

«сарапшылардың айтуына қарағанда» деп жалпылама сілтеме жасап,

әрі қарай өз ойын айта беретін болса, сен үшін әлгі сағатына қарағыштап

отырған адам алтыннан қымбат. Өйткені, сен газеттегі әріптесіңнің ондай

оңай әдісін мүлде қолдана алмайсың, саған сол ойды айтатын адамың,

телевизия тілімен айтқанда, сюжетіңнің синхронының болуы шарт.

МИФ: «Редактор мәтінге, оператор видеоға жауап береді»!

Шын мәнінде, редактор видеоға оператормен тең дәрежеде жауап беруі

тиіс!

Сен телевизия журналисі болғандықтан, материалыңдағы бейне сен

үшін аса маңызды. Ал ол бейнені қалай түсіру жөнінде тележурналистер

аса бас ауырта бермейді. «Өйткені, оны түсіретін оператор бар емес

пе?», - деп ойлайды олар. Жо-жоқ, бұл өте қате пікір! Сенің жаныңдағы

оператордың не түсіргені, сен үшін өте маңызды болуы шарт!

Тележурналист мәтінмен қатар, видеоға да жауапты. Жоғарыда айтылған

Үштағанды еске түсір. Бізде, күні бүгінге дейін «мәтінге редактор,

видеоға оператор жауап береді» деген қатып қалған ереже билік құрып

келеді. Бірақ, ондай стереотиптің іргесі сөгілу күні жақын. Редактордың

өзі режиссер, өзі оператор болып жұмыс істейтін процесі басталды.

Батыс тележурналистері өздері түсіріп, өздері мәтін жазып, өздері

монтаж жасау ісіне баяғыда-ақ кірісіп кетті.

Әлемдік теденцияға көз салсақ, әмбебап, бесаспап журналистерге

сұраныс мол. Өйткені, арналар өз тележурналисінің мәселенің мәнісін

толық білетіндігіне, мәтінді жазып қана қоймай, видеоны түсіру

әдістерінен де хабардар болуына ықыласты, екіншіден, бірнеше адамға

бөліп-бөліп ақша төлегеннен, бесаспап адамға қызмет ұсынғанды жөн

көреді. Бұл ең алдымен, экономикалық тұрғыдан тиімді. Онан кейінгі

кезекте, бірнеше адам ортақтасқан дүниеде, әрқайсысы бір-біріне

сілтеп, береке болмауы да мүмкін.

Ал бір дүниенін басынан аяғына дейін өз мойнына алған адам, сілтей

салар серігі болмағандықтан, ұқыпты етіп жасауға тырысады. Қазіргі

| 267 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

қазақтандық телеарналар жағдайына көз тастасақ, режиссерге,

операторға көңілі толмайтын редакторды, болмаса, редакторға көңілі

толмайтын режиссер мен операторды жиі кездестіруге болады. Демек,

бірінің айтқанына бірі иліге бермейтін тенденция хабар беріп қалады.

Мұндай жағдайда сюжет қаншалықты дәрежеде сәтті шығуы мүмкін?

Сондықтан, тележурналистер мәтіннің соңында ғана жүрмей, видеоға

өте жіті көз салуы аса қажет!

Жалма-жан, оператордың камерасына жармас демейміз. Жаңалықтар

қызметінде операторлардың қызметін әлі біраз пайдалануымыз да

мүмкін. Ал өзге бағдарламаларда түсіретін объектіге режиссер мен

оператордың көзімен қарауға, бейнеинженердің қолымен монтаж

жасауға тележурналистертің өзінің-ақ шамасы келеді. Материалыңды

өзің камераға түсіріп, өзің монтаж жасамаған күннің өзінде, оператор

мен видеоинженердің не істеп жатқанын олардан артық білуге ұмтылуың

керек.

Шетел арналарындағы тенденцияның бізге де көп ұзамай келетінін

ескерсек, әрі сол кезде бәсекеге қабілетті болғың келсе, түптің

түбінде, өзіңнің сюжетіңде қандай видео көрсетіліп жатқанынан

бейжай қалғың келмесе, видео түсіру процесіне оператордан

артық болмаса, кем араласпауың тиіс!!!

Ал біздің телевизия жағдайында:

Редактор оператордың не түсіріп жатқанына бас ауыртпайды, оператор

редактордың қандай мәтін жазатынына балтыр сыздатпайды. Ал режиссер

мен бейнеинженер редактордың мәтінін монтаж басталардан

сәл-ақ бұрын алады.

Нәтижесінде: бейнематериал мен мәтіні бір‐біріне қиыспайтын, қырық

құрау мұрағат материалдарынан құралған дүние көрермен назарына

ұсынылады. Ол материалда жаздық планмен қатар кейде күздік план

да жүруі мүмкін.

МИФ: «Түсірілген материалдың көздің жауын алатындай болып

шығуы ең алдымен МОНТАЖҒА байланысты»

Шын мәнінде, сауатты видео түсіре алмасаң, қырық жерден монтаждасаң

да материалыңның шырайын шығара алмайсың.

Ал сауатты видео түсіру, ең алдымен жоспарлауыңа, түсіретін

мәселемен дұрыстап хабардар болуыңа байланысты.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 268 |

«Съемкаға шығар алдында қолыңда дайын жоспарың болуы тиіс»,

‐ дейді америкалық тележурналист әрі семинарлар лекторы Карл Идзвуг.

Оның айтуынша, тележурналистер түсіретін объектісі туралы азмаз

ақпаратты малданып, кімді, нені түсіретінімізді көре жатармыз деген

долбармен-ақ жоспарсыз, съемкаға шыға береді.

Ал жоспар құру – айналып келгенде, тағы да өзіңе байланысты.

Өйткені, түсіретін адамдарыңа режиссерің мен операторың хабарласпайды,

сен хабарласасың.

«Қолыңда дайын жоспарың, не түсіретінің жайлы толық ақпаратың болмауы

– уақытыңды өлтіру деген сөз. Ал съемка алдында хабарласып,

түсіретін адаммен дұрыстап сөйлесіп алу – уақытыңды үнемдейді»,

‐ дейді Карл Идзвуг.

Съемка алдында, тележурналистер кейіпкерінің өзін пәлен күні, пәлен

сағатта қабылдайтындығына ғана жоспар түзеді. Тіпті, өз сұрағына ол

кісінің қалай жауап беретіні беймәлім қалады. Кейіпкері журналистің

өзінен не сұрайтынын жалпылай ғана білуі мүмкін. Сондықтан да,

берілетін жауаптан бейхабар болып барған тележурналист, алдындағы

адам нені айтса, соны камераға жазып қайтады.

Мәселені ашу үшін қосымша сұрақ қоймайтын жағдайлар да кездеседі.

Карл Идзвуг, осындай олқылықтардың болмауы үшін қарапайым ғана

жоспарлау әдісін алға тартады. Уақытты өлтіру емес, уақытты үнемдеу

дегенді айтады.

Ал бізде:

Съемкаға барып келгеннен кейін, мұрағаттан алдына тау-тау кассета

үйіп қойып, әр кассетадан 2-3 план алу үшін, шырқ айналдырған көріністі

режиссерлер мен тележурналистердің тәжірбиесінен жиі кездестіруге

болады. Негізі себеп: олар алдын-ала жоспарлап, нені түсіретінін білмегендігі

себепті, осылайша, мұрағаттан видео іздеп отырады. Иә болмаса,

жазылған мәтін түсірілген видеоға сай келмеуі себепті, режиссер

мәтінді видеомен жабу үшін мұрағатқа жүгінуге мәжбүр. Мұның бәрі, видеоны

бөлек, мәтін жазуды бөлек қарастыратын тележурналистің кемшілігі!

ВИДЕО ТҮСІРУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР

Видеопландар!!!

(суреттерде)

| 269 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Қозғалыс осы пландардан құралады.

Ірі план (өте жақын)

Ірі план (орташа)

Жалпы план (алыстан)

Жалпы план

Орташа кеуделік план

Орташа тізелік план

Деталь

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 270 |

1. Сюжетіңде түсірілген видео мен айтылатын мәтінің бір бірінен

қиғаш болмауы тиіс. Сенің сюжетіңді көріп отырған құлағы мүкіс

жан есту қабілеті жақсы адаммен қатар отырып, ақпарат алатындай

мүмкіндігі болуы керек. Ия болмаса, қазақ, орыс тілін білмейтін шетелдік

турист сенің арнаңды қосқанда-ақ, сюжеттің не туралы болып жатқанын

түсінуі керек!

Бұл дегеніміз – белгілі бір оқиға туралы сюжет түсіруге барғанда, сол

жақтан жинап қайтқан видеоматериалың, мәтінсіз-ақ, оқиғадан хабар

беретіндей болуы тиіс. Яғни, видеодан құрылған ақпараттық материал.

Бейнепланды америкалық тележурналистер clip деп атайды. 2-10 clipтeн

немесе бейнепландардан құралған, іс-қимылды білдіретін толық видеоны

sequence деп атайды. Сюжетіңді монтаждайтын кезде, әр clip

немесе бейнеплан 5 секундтан аспауы тиіс.

Бізде операторлардың съемкаға барған жерінен sequence немесе белгілі

бір мәселеден хабар беретін бейнепландарды емес, қырық құрау

бейнепландар алып келетін мысалдары өте көптеп кездеседі.

Мәселен, құрылыс алаңына барсаң, әр нәрсені бір түсіріп, мазаң кетпей,

бір-екі объектіге фокус жасап, солардың істеп жатқан іс-қимылын

көрерменіңе түсінікті ететіндей видео жинауға тырыс. Табиғи апат

болған жерді барып түсірсең де осы әдісті қолдан.

2. Сұхбатты түсіру тәсілдері

а) Сюжетіңнің кейіпкерін, мейлінше іс-қимыл үстінде түсіріп қана қоймай,

синхронды да сол кезде жазып алуға тырыссаң, сюжетіңде қозғалыс

көбірек болады. Ал егер кейіпкерлерің бір адаммен шектелмейтін болса,

әр қайсысын әр түрлі позицияда түсіруге тырыс!

ә) Ал кейіпкерің кеңседе отыратын адам болса, онда оны міндетті түрде

сұхбат алудың 5 позициясы бойынша түсір! Бұл кезде міндетті түрде

штативке жүгінесің.

Қазақстандық арналарды қарасаңыз, синхронды жалғаған кезде сұхбат

берушінің көзін, жүзін, қолын, қолындағы қаламын, ия болмаса, түптің

түбінде, қабырғадағы сағатты түсіргенін көресіз. Ал шын мәнінде синхронды

бөлу үшін бұлардың ешқайсысының да аса қажеті жоқ.

Монтаждағанда оңай болуы үшін, сұхбаттың 5 позициясын түсіріңіз!

| 271 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Сіздің операторыңыздың бұл 5 позициядан толық хабары болмауы да

мүмкін. Ал бұл әдіс Батыс арналарында кеңінен қолданылады.

Суреттер!

Бес позиция

Бірінші позиция

Екінші позиция

Үшінші позиция

Төртінші позиция

Бесінші позиция

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 272 |

3. Cұхбат алып отырған кездегі өз сұрағыңызды видеокамераға

жаздырыңыз.

Қазақстандық арналарда сұрақ қойған дауыстың бір шеттен шыққанын

көрермен шала пұла естігенімен, журналистің сұрақ қойғандағы жүзі

көрінбейді. Өйткені, сұрақ арнайы микрофонға жазылмай, тек камераның

микрофонына жазылуы себепті дауыс сапасыз шығады. Ал сұрақ қойған

кезіңізді, кейіпкеріңіздің тыңдап отырған бейнепланын да түсіріп алып,

монтаж кезінде пайдалансаңыз, материалыңыз сәттірек шығады.

4. Сұхбат алып отырған кезіңізде оператордың өз видеокамерасын

журналистің арқа жағына орнатқаны абзал.

Сонда, кейіпкеріңізді белуарына дейінгі позицияда алып, екі көзінің

қимылын аулап, қарама-қарсы тұру мүмкіндігіне ие болады. Бұл

интервьюердің видеокамераға қарап сөйлеуі деген сөз емес. Керісінше,

ол журналиске қарап сөйлейді. Бірақ, журналистің арқасында тұрған

оператор оның жүзіндегі, көзіндегі қимылды аңдып тұрады (суретте 2

позиция).

Қазақстандық арналарда оператордың қосымша пландарды

түсірмегендігі себепті, пландарды үсті-үстіне желімдеуден соң,

сюжетіңде ақ немесе қара жолақтар (скачок) пайда болады. Ия болмаса,

сол баяғы үлкен планда түсірілген «көз», «қол», «сағаттарды»

сұхбаттың басында айтылған сөз бен соңында айтылған сөзді байланыстыру

үшін пайдаланады.

5. Видеоңның ерекшелігі әрі сапалығы.

Сюжеттің шымылдығын ашатын видео мен оны жабатын бейнекадрге

аса қатты көңіл бөліну керек. Сюжет басталған кезде телекөрермен

сенің қандай сюжет жасайтыныңды сенің алғашқы бейне clip-теріңнен,

сөзіңнен, интершумнан-ақ көреді. Сюжетіңнің шымылдық ашар видеосы

нашарлау жерде, мәтін көмекке келуі мүмкін. Болмаса, керісінше. Егер

алғашқы видео әсерлі болмаса, көрерменің басқа арнаға ауысып кетуі

мүмкін.

6. Штативсіз түсірген жағдайда, сұхбат алатын кезіңде кейіпкеріңнен

алыс тұрма!

Егер, кейіпкеріңнің киіміне қадап қоятын ілгек-микрофон (петличка)

| 273 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

болмаған кезде, үлкен микрофонмен жұмыс істеуге тура келеді. Сондай

кезде, микрофон ұстаған қолыңның кейіпкеріңе мейлінше жақын

болғаны жөн.

Біздің жағдайда, ілгек-микрофоны болмаған съемкалық топта,

журналистің қолы созылып тұрады.

Микрофонды қалай

дұрыс ұстау керек

Микрофонды қалай

ұстамау қажет

7. Микрофон ұстау тәсілі: егер, видеокамера оператордың оң иығында

тұрса, микрофоның сенің сол қолыңда тұруы керек. Ал егер оның сол

иығында тұрса, сен микрофонды оң қолыңда ұстауың керек. Керісінше

жағдайда, видео сәтті шықпайды.

8. Жалпы (общий) бейнепланды түсірген де дұрыс. Бірақ, детальдарға

көбірек көңіл бөл! Монтаж жасағанда, жалпы пландардың арасын желімдеуге

деталь өте қажет болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 274 |

9. Видеокамераны объектіге барынша жақын ұстауға тырыс. Жақындату

(Zoom) функциясын пайдаланба!

10. Панорама түсіруге аса қызығудың қажеті жоқ. Панораманы

қолданатын жағдайлар болады. Бірақ, қажетті- қажетсіз түсірілген панорама

көрерменнің көзін жалықтыруы мүмкін.

11. Оператор видеокамераны түсіретін адаммен деңгейлес ұстауы тиіс.

Алып адамды түсірсеңіз, видеокамера жоғары тұрады, ойнап жүрген

сәбиді түсірсеңіз, камера төмен тұруы тиіс.

12. Объектіні қақ ортадан еш уақытта түсірмеңіз, қырынан түсіріңіз!

13. Stand-up түсіру

Негізінен, Stand-up-ты Батыс журналистері бір объектіден екінші объектіге

өтер кезде, яғни, сюжетінде айтылып жатқан бір мәселеден екіншісіне

ауысар кезде транзит ретінде пайдаланады. Демек, бағытты өзгерту

үшін керек. Бізде, бұл тәсіл көбінесе, журналистің «айдай жүзін» көрсету

үшін пайдаланылады.

Stand-up-тың әр сөзінде, сөйлемінде ақпарат болсын. Әйтеуір тек

бірнәрсені айту керек екен деп, Stand-up жасаудың қажеті жоқ.

14. Оқиға орын алған жерде интершумның да жақсылап

жазылғандығына көз жеткіз.

Яғни, тақырыбыңның табиғи дауысы да жазылуы тиіс. Қоғамдық тамақ

ішетін жерді түсірсең, сенің сюжетіңде міндетті түрде ыдыс-аяқтың

дыбысы болуы керек. Кітапхананы түсірсең, кітаптарды ақтарғандағы

сусылдаған дыбыс болуы тиіс. Бізде әзірше интершумды тек әншілер

жайлы сюжеттер мен көшедегі көліктер туралы материалды түсіргенде

ғана пайдаланады. Онан қалса, ойнап жүрген балалардың шуын ғана

жазып алуы мүмкін!

15. Сюжетіңде дыбыс деңгейі мен мәтіннің деңгейі бір біріне қарайлас

болуы тиіс. Кей арналарда audio-level бірде жоғары, бірде төмен болады;

16. Кейіпкеріңнен сұхбат аларда жарыққа көңіл бөл. Оны күнге қарсы

тұрғызып, сұхбат алуға болмайды. Бұл әдісті анонимді кейіпкерден

| 275 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

сұхбат алғанда ғана пайдалануға болады. Бірақ, анонимді кейіпкерден

сұхбат алуға машықтанушы болма!

17. Cъемкаға шығып, кейіпкерден сұхбат алатын журналист сұхбаттың

5 позициясын қолданатын жоспары болса, шашын... иә кәдімгі шашын

жинақтап алғаны жөн. Өйткені, оператор кейіпкеріңді сенің сыртқы, арқа

жағыңнан түсірген кезде, шашың жинақы болмаса, көрерменіңнің көзі

кейіпкерден бұрын, сенің шашыңа түседі. Демек, олардың кейіпкерді

дұрыстап көруіне кедергі келтіресің.

МӘТІН МЕН ОНЫ ОҚУ ӘДІСТЕРІ

Мәтін – телевизияда кадрдің сыртында айтылатын сөздер.

Мәтін жазудағы кеңестер:

1. Мәтін жазардан бұрын, оқиға орын алған жерден түсіріп келген видеомен

жақсылап танысып ал.

2. Мәтін мейлінше қысқа, айқын, түсінікті болуы шарт. Сөйлемді

құрмалас етіп емес, қарапайым етіп, құруға тырыс. Өйткені, сенің сюжетің

болып жатқан кезде, көрермен оның видеосына емес, жүре көріп жүріп,

сөзіне ғана назар аударуы мүмкін. Сондықтан, тыңдаушының құлағын

бірден өзің тартып алуың үшін стилің:

а) Күнделікті қолданыстағы тіл болсын!

ә) Әңгіме айтқан, кәдімгі баяндау тілі болсын! Бұл америкалық журналист

Чарльз Райстің кеңесі.

3. Кейіпкеріңнің синхронын таңдаған кезде нақты сөйлемін алуға тырыс.

Сенің мәтініңдегі сөзіңді оның синхроны қайталамасын. Мәселен,

сен өз мәтініңде «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» десең,

оның әрі қарай, «Ия, Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деп

қайталауының еш қажеті жоқ!

4. Синхронды 15-20 секундтан артық берудің қажеті жоқ. Бізде синхронды

30 секундтан артық беретін арналар әлі де бар.

5. Егер сен алда-жалда кейіпкеріңе еш жоспарсыз, яғни, оның не

айтатындығына алдын- ала есеп жасамай бара қалсаң, нәтижесінде

оның айтқан сөздері сенің сюжетіңе жарамайтын болса, ойланбастан,

оның синхронынан бас тарт! «Ыңғайсыз болды» деп, кейіпкеріңнің

көңілін жықпағандығы себепті ғана алынған синхрон, сюжетіңнің шырайын

ашпауы да мүмкін. Бірақ, бұл келесі жолы өзіңе сабақ болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 276 |

Сен кейіпкерің үшін емес, көрерменің үшін жұмыс істеп отырғаныңды

ұмытпа!

6. Біреуді қаралап, жамандайтын синхроннан аулақ бол. Егер,

кейіпкерің біреуді қаралайтын болса, сен екінші жаққа да микрофон

ұсыну қажеттігін ұмытпа. Болмаса, сюжетіңдегі тепе-теңдік принципі

бұзылады.

7. Мәтініңнің қағазда немесе компьютер экранында жазылғаны

маңызды емес, маңыздысы—оның кейін қалай естілетіні. Сондықтан,

естілгенде қалай болатынын білу үшін, алдын-ала оқып, дайындалғаның

дұрыс!

8. Оқу стилің байыпты, түсінікті болғаны абзал. Сөйлеміңе динамика

беремін деп қатты оқысаң, көрерменің сені түсінбей қалуы мүмкін.

Әрине, ежіктеп, өте баяу оқудың қажеті жоқ. Бірақ, артыңнан жау қуып

келе жатқандай асығудың да қажеті шамалы. Америкалық журналист

Чарльз Райс журналистерге «Жақын досыңа әңгіме айтып отырғандай

стильді қолдан» деп ақыл береді.

9. Сюжетіңді бір адам түсінбесе, еңбегің еш болды деп ойла. Өйткені,

сенің мақсатың сенің сюжетіңді көріп отырған барлық адамға ақпаратты

жеткізу емес пе?

10. Сюжет жасағанда, детальдерге көбірек көңіл бөл. Жұрт көретіндей

емес, жұрт бір қарағанда аңдамайтындай нәрсені сенің аңдауың тиіс!

11. Сөйлем құрағанда әр сөйлемің екінші сөйлеміңді толықтырып

тұруына назар аудар. Мәселен, «Қазақстанда жұмыссыздық артып

келеді» деген сөйлемің сол қалпында аяқталып қалмауы тиіс. Ол

қандай көрсеткішпен салыстырғанда артып келеді? Соңғы жылмен

салыстырғанда ма, жоқ соңғы бес жылмен салыстырғанда ма? Бұл

тенденция қалай байқалуда?Ол ақпаратқа қалай қол жеткіздің? Міне, бұл

сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Көрермен сенің жалаң «жұмыссыздық

артып келеді» деген сөйлеміңнен ақпарат ала алмайды.

Графика

Сюжетіңнің графикалық кескіндемесі болуына көңіл бөл. Графикалық

кескіндеме материалды әрлеп қана қоймай, көрерменнің сюжет

тақырыбын дұрыстап түсінуіне мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстаннан

Қытайға бағытталған мұнай құбыры туралы сюжет жасайтын болсаң,

оның ұзындығын көрсету үшін архивтен алынған бейнекадрлерді

пайдалағаннан гөрі, графикалық кескіндеме біраз ақпарат береді. Ия

| 277 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

болмаса, «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деген сөйлемді

былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырар кезде бейнепланыңда

көшедегі жүріп бара жатқан адамдарды көрсеткеннің орнына, ақпаратты

графикалық кескіндеме арқылы берсең, сюжетің ұтымды шығады.

Түйін

Сюжетіңнің қалай болатыны өзіңе, өзіңнің жоспарлауыңа байланысты.

Сюжетіңнің нашар шыққаны үшін операторды немесе режиссерді

кінәлаудың қажеті жоқ.

Продюсеріңе тақырып ұсынарда, оның сенің тақырыбыңды

таңдауы үшін, сюжет туралы жоспарың да өте анық болуы керек.

Продюсер сенің клиентің. Ал сюжет сенің тауарың. Сюжетті сен

кәдімгідей клиентке ұсынасың. Бірақ, клиентіңнің алдында

сенікінен де өзге тауарлардың жатқандығын ұмытпа! Ол сенің

тауарыңды таңдауы үшін...

«Мен мынадай сюжет жасайын деп едім» деп айту жеткіліксіз.

‐ Кімді түсірем?

‐ Кейіпкерлерім маған қандай синхрон береді?

‐ Бейнепландар қалай болмақ?

‐ Сюжетіме бір жерден ғана түсірген бейнеплан жеткілікті болады

ма, жоқ әлде қосымша тағы бір объектілерді түсіру керек пе?

‐ Сюжетімде графикалық қосалқы материалдар болады ма?

‐ Сюжетімнің интершумы не болмақ?

‐ Сюжет түсіруге қанша уақыт кетеді?

Түптің түбінде Сюжетімде қандай мәселені ашамын?

Деген сауалдарға ең алдымен өзің жауап беруің керек!

Сюжетіңнің өзіндік бір дәлдейтін нысанасы болуы тиіс. Мәселені

жан-жақты көрсетемін деп, шашылып қалғаннан гөрі, бір мәселеге

ғана фокус жаса!

Жаңалықтар қызметінде уақыт өте тығыз болуы себепті түсіретін

объектіні алдымен барып көріп келуге мүмкіндігің болмауы

мүмкін. Бірақ, бағдарламаларға сюжет жасар кезде түсіретін

объектіңді алдын ала барып, көріп келуге тырыс. Өйткені, саған

видеоматериал қажет. Қанша дегенмен, сен тележурналист емессің

бе?

Олай болса, іске сәт!

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 278 |

ҚАЗАҚ ТЕЛЕРЕПОРТАЖЫ: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

(кешесі жазылмаған)

Айбар Олжаев

КІРІСПЕ ОРНЫНА ҚЫЗЫҚ ДИАЛОГ

- Тележурналистикаға не үшін келдің?

- Халық пен билік арасына көпір орнатқым келеді, аға!

- Құрылысшылар жәй көпір салу үшін қанша тонна цемент, қанша

арматура керек екенін біледі. Сен айтқан көпірді тұрғызу үшін не

керек?

Бұл өте заңды үнсіздік. Үлкен идеалдардың материяға айналатын

механизмдерін жас буын қайдан біледі? Тек ол үнсіздік ары кетсе жарты

жылдан аспау керек. Сонда ғана заңды. Асса, қазақ журналистикасының

қасіреттерінен құралған шырмау торға тағы бір шала тілші ілінбек.

РЕПОРТАЖДЫҢ ЦЕМЕНТІ МЕН АРМАТУРАЛАРЫ

Сонымен жас досым, екеуміз бір нәрсені анықтадық. Сен алдыңа “ертең

тележурналист боламын” деген үлкен мақсат қойдың. Енді алдағы

жылдарың осы мақсатты іске асыруға арналатын болады. Бүгін сен

бізбен бірге тележурналистикадағы жанрлардың “королі” - репортаж

әлемін аралап қайтасың.

Репортаждың да өзіне тән құрылыс материалдары бар. Технологиялық

жағынан репортаж: подводка, ЗКТ, синхрон, шумовой, стенд-ап, отводка

сынды бөлшектерден құралады. Терминдерді әдейі аудармасыз

бердік.

Подводка (кіріспе)

Әдетте сен теледидар қосып жаңалықтарды көргенде репортаждың бірден

басталып кетпейтінін байқаған шығарсың. Тілшінің дауысы шықпас

бұрын студиядағы диктор алдағы репортаждың түп-төркінін баяндап

береді. Көбіне баяндамасы 3-4 сөйлемнен аспайды. Диктордың осы

сөздері “подводка” деп аталады. Тілші емес диктор оқыса да, подводка

- репортаждың айрылмас бөлігі. Оны тілші, яғни, жақын болашақта өзің

| 279 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

жазатын боласың.

Мысал: (студиядағы диктор) “Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов

қаланың алдағы қысқа деген дайындығын тексерді. Тексеру барысында

қала әкімі екі жылу қазандығын аралап көріп, тиісті департамент басшыларына

дайындықты қарашаның онына дейін аяқтауды тапсырды.

Толығырақ Тісқаққан Жазғышбековтың репортажында”.

ЗКТ

Қазақстанның ең ірі, мемлекеттік телеарнасында тілші болып қызмет істейтін

тәжірибелі Тісқаққан Жазғышбековтың репортажын қарап отырып

сен біраз нәрсені аңғара бастадың. Көбінесе тілші сөйлегенде, тақырыпқа

қатысты түрлі бейнекөріністер көрсетілді. Тілшінің өзі көрінбеді. Мұны

кадр сыртындағы мәтін дейді. Ресми термин бойынша “Закадровый

текст”, қысқартылғаны ЗКТ.

Қалыптасқан тәжірибе бойынша, тілшілердің көбісі репортаждағы негізгі

жаңалықтарды осы ЗКТ арқылы жеткізуге тырысады.

Мысал: (ЗКТ Тісқаққан Жазғышбеков) “Былтырғы қыста қала

тұрғындарының біразы аяз кезінде дірдектеп тоңып шыққан

болатын. Биыл ондай олқылықтарға орын бермеу мақсатында,

Ахметжан Есімов қосымша 40 тонна мазуттың жеткізілгендігін

хабарлады. Ол мазут Алматы сынды үлкен шаһардың жылуға

деген барлық қажеттіліктерін өтеуі тиіс”.

(ЗКТ Тісқаққан Жазғышбеков) “Алдымен қала әкімі нөмірі екінші

жылу қазандығына бас сұқты. Осы қазандық Алматының жартысынан

астамын жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандық басшысы

әкімге нысанды аралап көрсетіп, атқарылған жұмыстар

жайында есеп берді”.

(ЗКТ Тісқаққан Жазғышбеков) “Қаланың қысқа дайындығын

бақылаған әкімнің атқарылған шаруалар барысына көңілі толды.

Ахметжан Есімов қарашаның басында тағы бір келуге уәде берді.

Қазандық басшыларының өз уәдесін орындауға деген қауқарын

сол кезде шындап білетін боламыз деп мәлімдеді, қала әкімі”.

Синхрон

Синхрон дегеніміз кәдімгі сұхбат. Біреудің тілшіге берген сұхбаты, былайша

айтқанда камераға қарап тұрып сөйлеген сөздері. Бейне мен дыбыс

үйлескендіктен (еріннің қозғалысы) - “синхрон” деген ресми техникалық

анықтама берілген. Репортаж мәтінінде СХР деп қысқартылып жазылады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 280 |

Мысал: (СХР: Ыстықбай Суықбеков - Алматы қаласы жылу

департаментінің бастығы) “Ия, осы қысқа қатты дайындалып

жатырмыз. Мазут бізге Ресейден келді. Енді оны жылу

қазандықтарына бөлетін боламыз”.

Мысал: (СХР: Ахметжан Есімов - Алматы қаласының әкімі) “Биыл

жылумен қамтамасыз етуге 2 миллиард теңге бөлініп отыр.

Ол ақша жетеді. Мен бүгін біраз тапсырма бердім. Қысқа деген

дайындықты қатаң бақылауда ұстайтын боламыз”.

Шумовой

Репортажды көріп отырып, кейде Тісқаққан ағамыздың үндемей

қалатынын байқадық. Үйреншікті дауыстың орнына жылу қазандығындағы

жұмысшылардың қалай жұмыс істеп жатқандығы, құрылғылардың

дүрілдеп тұрғандығы бірер секундқа көрсетілді. Арнайы комментарийсіз-ақ

түсінікті көріністер телерепортаждағы термин тілімен “Шумовой”

деп аталады.

Стенд-Ап

Міне, кадрда Тісқаққан ағамыздың өзі де көрінді. Микрофонды ұстап

алып, бірденені баяндап жатты. Тілшінің кадрға шығуын - телерепортажда

Стенд-Ап дейді. Ағылшын тілінен аударғанда тұру деген мағынаны

білдіреді. Негізі, қақиып тұру міндет емес, кейде тілші Стенд-апты жүріп,

отырып, жатып та жасай беруі мүмкін.

Стенд-Ап репортажда орынды, орынсыз жасала бермейді. Ол белгілі бір

ақпаратқа қатысты бейнематериал жоқ болған кезде, немесе тілшінің

артында тарихи құбылыстар орын алып жатқан кезде (өрт, жарылыс,

митинг, концерт, және т.б), репортаждағы әңгіме ауанын басқа бағытқа

бұру қажет болғанда, қортынды пікір білдіру керек кезде ғана жасалады.

Технологиялық тұрғыдан

Стенд-Ап үшке бөлінеді: Кіріспе стенд-ап (репортаждың басында), көпір

стенд-ап (репортаждың ортасында), қортынды стенд-ап (репортаждың

соңында). Төмендегі мысалда тілшінің қортынды пікір білдіретін Стендапы

көрсетілген.

Мысал: (Стенд-Ап Тісқаққан Жазғышбеков) “Биылғы қыс

Алматының жаңа әкімі үшін күрделі сынақ болғалы тұр.

Табиғаттың қандай мінез танытары әлі белгісіз. Қала басшысы

| 281 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

алдымен бөлінген қаржының қалай жұмсалғандығын мұқият

тексермек. Ол үшін алдағы жұмада әкімдікте арнайы жиналыс

өткізетін болып шешті. Тісқаққан Жазғышбеков, Түсіргіш

Басқышбаев - Қазақ телеарнасы үшін арнайы Алматыдан”.

Отводка

Жас досым, сен күнде смокинг кие бермейсің ғой. Сол сияқты репортажда

да өте сирек, тек орынды тұстарда қолданылатын нәрсе бар. Отводка

- репортажға қатысты ақпараттың сол бейнесюжетке симай қалған

жағдайларында артынан студиядағы диктор хабарлайтын ақпарат.

Мысалы тілші футбол матчының басталғандығы туралы репортаж берді.

Репортаж дайындалып жатқанда матчтағы қортынды есеп әлі белгісіз

қалды дейік, сол кезде репортаж көрсетілгеннен кейін студиядағы диктор

қортынды есеп жайлы ақпарат береді. Тісқаққан Жазғышбековтың

жағдайында репортаж дайындалып біткеннен кейін, қала әкімдігінің

баспасөз-қызметі тақырыпқа қатысты жаңа ақпарат таратуы мүмкін. Отводка

сол кезде жазылады. Оның мәтінін не тілші, не диктор әзірлейді.

Мысал: отводка (студиядағы диктор) “Алматыға тағы 2 мың

тонна көмір жеткізілмек. Бұл туралы жаңа ғана қала әкімдігінің

баспасөз-қызметі хабарлады. Көмір мазут жетпей қалған

жағдайда пайдаланылмақ. Екібастұздан шыққан көмір қала

қоймаларына келесі аптада келетін болады. Хабарымызды

жалғастырамыз”.

Біз репортаждың негізгі құрылыс материалдарын шолып шықтық. Енді

осылардан классикалық репортаждың мәтінін (сценарийін - ред.) құрып

көрейік.

Репортаж: Алматының қысқа дайындығы

Автор: Тісқаққан Жазғышбеков

Оператор: Түсіргіш Басқышбаев

Хронометраж: 1,48

Эфир: 06.09.2008 20:00

Подводка: Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың алдағы

қысқа деген дайындығын тексерді. Тексеру барысында қала әкімі екі

жылу қазандығын аралап көріп, тиісті департамент басшыларына

дайындықты қарашаның онына дейін аяқтауды тапсырды. Толығырақ

Тісқаққан Жазғышбековтың репортажында.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 282 |

ЗКТ: Алдымен қала әкімі нөмірі екінші жылу қазандығына бас

сұқты. Осы қазандық Алматының жартысынан астамын жылумен

қамтамасыз етіп отыр. Қазандық басшысы әкімге нысанды аралап

көрсетіп, атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

СХР: Ыстықбай Суықбеков - Алматы қаласы жылу

департаментінің бастығы

Ия, осы қысқа қатты дайындалып жатырмыз. Мазут бізге Ресейден

келді. Енді оны жылу қазандықтарына бөлетін боламыз.

ЗКТ: Былтырғы қыста қала тұрғындарының біразы аяз кезінде дірдектеп

тоңып шыққан болатын. Биыл ондай олқылықтарға орын

бермеу мақсатында, Ахметжан Есімов қосымша 40 тонна мазуттың

жеткізгендігін хабарлады. Ол мазут Алматы сынды үлкен шаһардың

жылуға деген барлық қажеттіліктерін өтеуі тиіс.

СХР: Ахметжан Есімов - Алматы қаласының әкімі

Биыл жылумен қамтамасыз етуге 2 миллиард теңге бөлініп

отыр. Ол ақша жетеді. Мен бүгін біраз тапсырма бердім. Қысқа

деген дайындықты қатаң бақылауда ұстайтын боламыз.

ШУМОВОЙ (жұмысшылар, құрылғылар)

ЗКТ: Қаланың қысқа дайындығын бақылаған әкімнің атқарылған шаруалар

барысына көңілі толды. Ахметжан Есімов қарашаның басында

тағы бір елуге уәде берді. Қазандық басшыларынң өз уәдесін орындауға

деген қауқарын сол кезде шындап білетін боламыз деп мәлімдеді, қала

әкімі.

Стенд-Ап: Биылғы қыс Алматының жаңа әкімі үшін күрделі

сынақ болғалы тұр. Табиғаттың қандай мінез танытары әлі

белгісіз. Қала басшысы алдымен бөлінген қаржының қалай

жұмсалғандығын мұқият тексермек. Ол үшін алдағы жұмада

әкімдікте арнайы жиналыс өткізетін болып шешті.

Тісқаққан Жазғышбеков, Түсіргіш Басқышбаев - Қазақ телеарнасы

үшін арнайы Алматыдан.

Отводка: Алматыға тағы 2 мың тонна көмір жеткізілмек. Бұл туралы

жаңа ғана қала әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлады. Көмір

мазут жетпей қалған жағдайда пайдаланылмақ. Екібастұздан шыққан

көмір қала қоймаларына келесі аптада келетін болады. Хабарымызды

жалғастырамыз.

Мәтінге қарап осы репортаждың формуласын тез шығарып алуға болады:

Подводка(ЗКТ-СХР-ЗКТ-СХР-ШУМ-ЗКТ-Стенд-Ап)Отводка

| 283 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Бұл толыққанды, барлық элементтерден құралған репортаждың формуласы.

Шынын айтсақ мен телевизиядағы тәжірибемде мұндай

формуладағы репортаждарды көп кездестіре қоймадым. Көбіне репортаждар

элементтердің барлығын жинақтай бермейді, әрі ол міндет емес.

Жалпы репортаж дәл осындай болу керек деген қатып қалған қағида

жоқ, репортаждың сценарийін автордың өзі орын алған жағдайға қарап

лайықтай береді.

Қазіргі қазақ телевизиясында жиі кездесетін репортаж формулалары:

Подводка(ЗКТ-СХР-ЗКТ-СХР-ЗКТ)

Подводка(Стенд-Ап-СХР-ЗКТ-СХР-ЗКТ)

ФОРМАТТАР ЖАРЫСЫ

Бала кезімізде ересектер үлкен бөлменің төріне “Горизонт” маркалы теледидар

жәшігін қонжитып кеткен болатын. Содан бергі 16 жылдың ішінде

біз тележәшіктің кем дегенде жеті түрін ауыстырдық. Дүниенің уақыт

өткен сайын жаңарып тұратыны сияқты, телевизиядағы тенденциялар

да өзгеріп отырады.

2000-жылдардың басын - қазақ тележаңалықтарына жаңа форматтардың

ене бастаған уақыты деп санауға болады. Телевизия - сән әлемі сияқты:

кеше макинтош, бүгін джинсы, ертең юбка. Тенденция тез өзгереді,

оларға ілесіп отыру оңай емес. Бірақ Елбасы қойып отырған тапсырмаға

сай бәсекеге қабілетті болу үшін, бағыттарға ілесу, мүмкіндік болса алдында

жүруден басқа жол жоқ екенін байқайсың. Сонымен, жас досым,

енді мен сен әлі түсінбейтін, бірақ телевизия әлеміне келгеннен бастап

лажсыз мойынұсынатын ұлы күш - формат туралы сөз қозғайтын боламын.

Қазіргі қазақ журналистикасын Кеңестік мектептің шекпенінен шықты

десем, ешкімді ренжітіп алмайтын шығармын. Сондықтан, біздің қазір

отандық телевизияда классика деп жүргеніміз де таза кеңестік қалыптың

үлгісімен шыққан дүниелер. Алайда, жаһандану үрдісінің табалдырықтан

бері аттағандығын ескерер болсақ, тележаңалықтардағы жаңа форматтарды

меңгеру күн талабына айналып отыр. Былайша айтқанда, біздің

жаңалықтарға Батыс стандарттары ене бастады. Олардың Кеңестік

үлгіден мүлдем өзгеше екендігін, жас досым, өзің де жақсы білесің.

Қазір Батыстан Ресейге, кейіннен Қазақстанға жеткен репортаж

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 284 |

форматтарының ең ірісі - “Infotainment” деп аталады. Формат атауы -

Information (ақпарат) және Entertainment (ойын-сауық) деген екі ұғымды

біріктірген. Яғни, формат жай ғана ақпарат берумен шектелмей, оны

анағұрлым тартымды етіп жеткізуге негізделген. Ақпаратты тартымды

қылуға бола ма, тіпті оны осыншама сылап-сипаудың не қажеті бар? Бұл

сұрақтарға жауап табу үшін, жас досым, төмендегі қысқа әңгімемді оқып

шығуыңа тура келеді.

Ол уақыт сенің есіңде жоқ шығар, бірақ біз тоқсаныншы жылдардың басында

дүкен сөрелерінен керек тамағымызды таба алмай қайтатынбыз.

Қазір супермаркетке кірсең, тауарлардың көптігінен басың айналады.

Бұл біздің нарық экономикасына көшкеніміздің белгісі - Отан, Намыс,

Ардан басқа бәрі сатылады және сатып алынады.

Бір сөзбен айтқанда - қып-қызыл бәсеке. Бәсекелестеріңнен артта қалып,

банкротқа ұшырамау үшін тауарды өндіру аз, енді оған дұрыстап жарнама

жасау, жақсылығын асырып мақтап сату қажеттілігі туындады. Қазір

осы бәсекелестік зауыттар, цехтер мен фирмалар арасында ғана емес,

телеарналарда да бар. Кеңес заманында Орталық Қазақ телевизиясы

нарықтағы жалғыз монополист болып келсе, қазір кем дегенде 7-8 ірі

арна республикалық деңгейде жаңалық береді. Қай арнаның жаңалығы

көрерменге көбірек жақса, жарнамадан түсетін көлемді қаржы да соның

қалтасында болмақ.

Тілшінің жалақысы да көбінесе жарнамадан түсетін пайдаға тікелей

қатысты. Міне досым, ақпаратты сылап-сипаудың маңызы осыда. Енді

біз жоғарыда айтылған ескі мен жаңа форматтың айырмашылықтарын

мысал жүзінде байқап көрейік.

Қазақстанның ең ірі, мемлекеттік телеарнасында тілші болып қызмет

істейтін тәжірибелі Тісқаққан Жазғышбековтың репортаждарына қарап

отырып, мен оның Кеңестік форматта жұмыс істейтінін байқадым. Оның

репортаждары жалпы алғанда кәсіби болып көрінеді, жаңалық жеткізеді,

қажетті цифрлары мен статистикасы да бар. Кейде Тісқаққан ағамыздың

қортынды пікір айтып, анализ жасауға деген талпынысы байқалады. Бір

сөзбен айтқанда, Жазғышбеков сол телеарнада қызмет істейтін жүзге

жуық тілшілерден аумайтын, репортаждары бір-біріне ұқсас келетін,

бұрқыратып жазып тастауға әбден машықтанып алған стандартты қазақ

тележурналисі еді.

| 285 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Бүгін біз Тісқаққан ағамызбен бірге бір тақырыпта репортаж әзірлеп

көрейік. Биылғы жазда қуаншылық болып, мал ұстайтын фермерлер

әбден қиналған еді. Малдарын қырып алмау мақсатында жаппай сата

бастаған. Шөптің жоқтығы - елдегі азық-түлік қорына төнген орасан

қауыпқа айналды.

Ол туралы репортаж дайындау Тісқаққан Жазғышбековке жүктелді.

Подводка: Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қуаншылықтың

орын алу салдарынан мал шаруашылығымен айналысатын шопандар

ауыр қиыншылықтарға кезікті. Бір аймақтарда шөп мүлдем жоқ болса,

енді бір жерлерде шөптің бағасы екі-үш есеге қымбаттап кеткен.

Жығылған үстінен жұдырық дегендей жанар-жағармай бағасы да аспандап

тұр. Фермерлер малды сатудан басқа жол жоқ дейді. Біздің

меншікті тілшіміз Тісқаққан Жазғышбековтың арнайы репортажында.

Стенд-Ап: Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартады дегенді

қазағым бекерден бекер айтпаса керек-ті. Бензин бағасы аспандап

тұрған мына сұрапыл заманда шөп шықпай қалып онсыз да

күйі кетіп отырған фермерлерді одан әрі пұшайман қылды.

ЗКТ: Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша былтыр

оңтүстік аймақтарда 1 миллион тонна шөп орылған болатын. Биыл

тек он мыңға жуық шөп жиналуы мүмкін. Ол қолда бар малға жетпейді

дейді шопандар.

СХР: Жүндібай Қойшығалиев - еңбек сіңірген шопан

- Біздің пермеге шөп жетпейді.

- Неге?

- Өйткені шөп шықпай қалды. Соқаға ілінбейді, аздап шыққаны

ыстық күнде тегіс күйіп кетті.

ЗКТ: Осы малдың арқасында күнін көріп жүрген шопандар енді малдарын

сата бастамақ. Әйтпесе аштықтан қырып алуы мүмкін. Бұл

жағдайды естіген Үкімет солтүстік аймақтардан қырық тонна шөп

жеткізетін болды. Бірақ ол да жетпейді.

СХР: Жалтақпай Жауапсызов - ҚР Ауыл шаруашылығы

министрінің орынбасары

Біз шара қолданып жатырмыз. Шопандарға көмек көрсетеміз.

Бірақ солтүстікте де аса көп шөп жоқ. Сондықтан бәріне тегіс

жеткізе алмайтын шығармыз.

ШУМОВОЙ (Қой маңырайды)

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 286 |

ЗКТ: Бәрінен бұрын малдың артында жүріп өскен қазаққа ауыр тиді.

Шопандар биыл малды сатып жіберсек, келесі жылдары оны қазіргі

санына жеткізе алмаймыз деп отыр. Осындайда бұрын Қазақстанда

болған 50 миллион мыңғырған қой еске түседі.

Тісқаққан Жазғышбеков, Түсіргіш Басқышбаев - Қазақ теледидары

үшін арнайы Шәуілдірден

Үйінде шәй ішіп отырып, жаңалықтарды қосып қойған адам

Жазғышбековтың бұл репортажына аса елең ете қоймас еді. Өйткені

қашан қоссаң да осылар ылғи дала, шөп, мал, егістікті көрсетіп жатады,

сарыны да бір, бәрі ұқсас. Репортажды тауар десек, Тісқаққан ағамыз

дәл осы тауарын базарға шығарып қойса да сата алмасы анық. Өйткені

оның тауары бәсекеге шыдамайды.

Президент Назарбаевтың бәсекеге қабілетті болайық деп шырылдауы

бекер емес, дәл осы сарынмен ертең көштен қалуымыз мүмкін. Еліміз

халықаралық аренаның есігі - ДСҰға кіруге енді қадам жасап жатқанда,

жаңа технологиялар қазақ тележурналистерін халықаралық ақпарат аренасына

осыдан екі жыл бұрын итеріп жіберген болатын. Нәтижесі күлкілі,

телевизия үшін ДСҰ, яғни спутниктік тарелке келгелі, біз (отандық журналистер)

шетелдік, берісі Ресейлік репортерлерден ойсырай ұтылдық.

Бір сөзбен айтқанда бәсекеге шыдамадық, біз сапасыз тауар болып

шықтық. Оны мойындауымыз керек.

Енді дәл осы тақырыпта Infotainment форматында жұмыс істейтін шетелдік

журналистің репортажын елестетіп көрейік. Оның қолында негізгі

ақпарат бар, енді бұл тілші сол ақпаратты тауар ретінде қалай өткізу

жолдарын іздестіре бастады. Сонымен, шопандар шөптің жоқтығынан

мал сатып жатыр дейік. Қайда сатып жатыр?

Қазақтар етті тәуір көрсе де, соншама қойды бір күнде жей алмасы

анық. Міне, қызық дерек табылды, Қырғызстанмен көршілес фермерлер

қойды Бішкектің мал базарына тасып жатыр екен. Демек, Бішкекте ет

бағасы түскен шығар? Тексеріп көрсе, шынымен де баға едәуір түсіпті.

Оған қырғыздар қалай қарайды? Қарапайым тұтынушылары риза, ал

жергілікті шопандар кәдімгідей қобалжулы екен.

Тағы бір дерек естіді, Қазақстаннан барған біраз шопан қырғыз

әріптестеріне қойымызды бір жыл бағып бер, ал өсімін өзің ал деп ұсыныс

тастап жатқан көрінеді. Бұрын мұндай ұсыныс қырғыздардың түсіне де

| 287 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

кірмеген болатын. Шөп неге шықпады? Күн ысып кетті, жылдағыдай жауын

жаумады. Ғалымдар бұны ғаламдық климаттың өзгеруімен байланыстырып

отыр. Ет өнімдерін шығаратын кәсіпкерлер не істеп жатыр?

Олар шұжықтың бағасын арзандатуға дайын. Ет көбейіп кетсе, бурцеллез

сынды түрлі аурулар жиілеп кетпей ме екен? Эпидемиологтар ондай

жағдайды жоққа шығармайды. Деректердің бәрі жиналды, енді репортаж

жасауға да болатын шығар. Көрейік.

НТВ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Подводка: Қырғызстанда еттің бір келісі жарты долларға төмендеді.

Енді ол бір литр минералды судан да арзан тұрады. Оның бәріне Қазақ

фермерлері кінәлі. Шөп шықпай қалғандықтан, осы елдің шопандары

малдарын көршілеріне сата бастаған. Бұл кімге тиімді және бұрынсоңды

болмаған ет жорығының алғашқы құрбандары туралы - біздің

Орталық Азиядағы меншікті тілшіміз Леонид Парфеновтың арнайы

репортажында.

ШУМОВОЙ (Қой маңырайды)

ЗКТ: Қазақтар “Ақсақ қой түстен кейін маңырайды” дейді. Мына

тоқты ұйқыдан тұра салып маңырай бастады. Аштық қысып барады.

Былтыр ол Қордайдың көк майсасын еркін жайпаған еді, биыл

жағдайы қиын. Жарты сағаттан кейін, базар сөресіндегі етке айналады.

Қожайыны қазақ Жарқынбек бұл тоқтыдан 20 доллар пайда

көрсем де ризамын деп отыр.

СХР: Жарқынбек - қазақ шопаны

Бекер аштан өліп қалады. Тиынға болса да, Бішкекке әкеліп

сатқаным тәуір. Бізде тіпті ырымға шөп жоқ. Қысқа шыдамаймыз.

ЗКТ: Жарқынбектен сараңырақ қазақтар басқа жол іздей бастады.

Елубай кеше ғана бір отар қойын Тоқпаққа айдап әкелді. Қырғыз Соодырбекке

санап берген, келесі жылы дәл осы санын айдап қайтады.

Келісім бойынша, отардың өсімі Соодырбекте қалмақ.

СХР: Соодырбек - қырғыз шопаны

Бұл отардан кем дегенде 150 қозы түсіретін шығармын. Жасыратын

несі бар, қарық болып қалатын болдық. Олар да жетіскеннен

әкеліп отырған жоқ қой. Бізге айдамаса малдары түгел

қырылып қалады. Сондықтан, екеуімізге де тиімді жол осы.

Стенд-Ап: Әне ана қырдан тағы екі отар қой түсіп келеді. Білгіштер

айтып жүрген ет жорығы деген осы. Олардың жар-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 288 |

тысы ет базарына жол тартса, жартысы бір жыл бойы

Қырғызстанда қонақ болмақ. Тек мұндай күтпеген демалыстың

немен аяқталатынын екі жақ та әлі білмей отыр.

ЗКТ: Есесіне бурцеллездің немен аяқталатынын мал дәрігері Динара

Қойшыбаева жақсы біледі. Қазір оның зертханасында 4 қой, сегіз сиыр

жатыр. Динараның мөрі басылса, Алматының көк базарына барады,

басылмаса, хайуанаттар паркінен басқа жол жоқ.

СХР: Динара Қойшыбаева - мал дәрігері

Қойдан аса қорықпауға да болады, ал сиырды мұқият қарамаса

болмайды. Қазір бәрібір бәрінің қандарын тексеріп көреміз.

ЗКТ: Бүгін Беккердің дүкендерінде кезек көп. Қой шұжығының бағасы

арзандапты. Оны естіген кемпірлер көршілерін ерте келген. Олар

жәй тұрмайды, не түрлі өсектің дүниеге келетіні де осы тұс.

СХР: Клавдия - зейнеткер

Қазір бәрі қымбаттап жатыр. Ал шұжық керісінше арзандапты.

Мұнда бір гәп бар. Менің ойымша қой еті деп басқа бірдеңе сатып

жатқан сияқты.

ЗКТ: Ненің еті болса да Клавдия шұжықты толтырып алып қайтты.

Ондай шұжық Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жалтақбай

Жауапсызовтың тоңазытқышында да тұр. Қазақтарда ежелден келе

жатқан дәстүр бойынша бесбармақ жемей тұрып сұхбат беруге болмайды

екен. Жалтақбай Жегішұлы тоғын басқанша екі сағат күтуге

тура келді.

СХР: Жалтақпай Жауапсызов - ҚР Ауыл шаруашылығы

министрінің орынбасары

Шөпті солтүстіктен тасу керек. Оған уақыт керек. Сондықтан

шыдамай сатып жатыр. Біз оларға сатпа дей алмаймыз. Бұл

дағдарыс емес. Бәрі тез оңалып кетеді.

ЗКТ: Қазақтар етті бұған дейін біраз елдерге экспорттап келген

еді. Алайда дәл мұндай жабайы экспортты тұңғыш рет көрдік деп

отыр. Шопандар келесі жылға үмітпен қарайды. Бірақ келесі жылы

шөп шықса да, оны жейтін мал қала ма деген сұрақ, жауаптың орнына

терең үнсіздікке кезіге берді.

Леонид Парфенов, Ксения Ильина, Владимир Меньшиков, Елена

Ханга - НТВ, Алматы-Бішкек-Қаракөл

Ал жас досым, саған қай репортаж ұнады?

Жүз рет айтқанша, бір рет қолмен ұстап көр деген жарнамаша айтсақ, екі

мысалдың өзі жеткілікті сияқты. Ертең сен телерепортер болып жұмысқа

| 289 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

орналассаң журналистердің екі түріне кезігесің. Бір тілшілер алдымен

бұрқыратып мәтін жазып тастайды да, оператордың түсіріп келген бейнематериалын

артынан немқұрайды қарай салады.

Екінші бір топ бар. Олар сөз жазбас бұрын алдымен қолда бар бейнематериалды

жіті зерттеп шығады. Бейнеге қарап артынан мәтін жазады.

Егер Батыстық стильде репортаж жазғың келсе, алдымен бейнематериалды

қарап алуға тура келеді. Infotainment технологиясының ең

алғашқы талабы осы.

Егер Кеңестік стильде қала беремін десең, онда көп әуреленудің қажеті

жоқ. Мұнда бастысы біздің бай тіліміздің түрлі иірімдерін, қалтарыстарын,

кітаптан оқып алған ақылды сөздеріңді қосып құлпырған, қатқан мәтін

жазып шығу. Бірақ сенің сол қатқан мәтініңді ауылда отырған қарапайым

Жарқынбек түсіне қояр ма екен? Қазақ тележурналистикасының қасіретін

білдіріп тұрған ең үлкен сұрақ осы, менің жас досым!

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 290 |

ТВ‐ПУБЛИЦИСТИКА

Дәулетхан Жиенқұлов

ПУБЛИЦИСТИКА – бұл сөздің түбірі публика десек, қазақшалағанда

бұқара, көпшілік деген мағынаны береді. Олай болса бұл жанрдың

сол бұқараның ішіндегі ахуалмен тікелей байланысты екені де даусыз.

Ал, енді публицистиканың көтеретін жүгі қандай? Оның сол бұқараға,

көпшілікке берері не?

Қоғамдағы саяси, экономикалық немесе әлеуметтік актуалды немесе

көкейкесті мәселелер осы біз әңгіме қып отырған публицистика

жанрының жүгі. Публицистикаға қалам тартқысы келетін кез-келген

журналистің басты міндеті қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғалар мен

елдің ахуалын өз көзімен көріп, соны баяндау.

Жәй ғана байындау емес, материалды оқып отырған оқырман немесе

көрермен сол оқиғаның ішінде жүргендей өзін сол қоғамның бір

мүшесіндей сезінуі тиіс. Оқырманның немесе көрерменнің жүрегіне жол

табу үшін қандай басты принциптерді ұстану қажет. Ол белгілі бір образ

арқылы немесе оқиғаның кейіпкері арқылы берілуі мүмкін.

Публицистиканың жанрлары ретінде газет беттерінде жазылатын

фельетондарды, шағын мақалаларды, тұрғындардың болған жағдайды

баяндай отырып жазған хаттары т.б. бола алады. Жалпы публицистика

жанрлары туралы аз айтылып, кем жазылған жоқ. Бұл жанр кеше пайда

болған жоқ, бұл адамдар арасында алғашқы жазу үлгісі қалыптасқалы

бері қоғаммен бірге өмір сүріп келеді деуге болады.

ЕНДІ ОСЫ ПУБЛИЦИСТИКАНЫҢ ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ

ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ ӨРБІТІП КӨРЕЛІК.

Жасыратыны жоқ, қазір қандай жетістігімізді немесе қандай да

кемшіліктерімізді айтқанда Ресейге сүйенетіміз сөзсіз. Сол сияқты,

бұқаралық ақпарат құралдары оның ішінде телевизия саласы да,

ресейлік арналарға қарап бой түзеп келеді. Сөзіміз сылдыр су боп

қалмауы үшін, ресейлік арналардың бір екеуінен мысал келтіре кетейік.

Қазіргі, Ресейдің маңдай алды телеарналарының бірі НТВ. Бұл арнаға

және осы арнаның өнімдеріне қарап, біздің түгіл ресейдің де, өзге

| 291 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

елдердің де журналистерінің бой түзейтіні жасырын емес.

Осы НТВ арнасында журналистердің өздері қандай да бір оқиғаларға

немесе елдің ахуалына қатысты жасап жататын телеөнімдері аз емес.

Солардың бірі «Журналисткое расследование» деп аталады. Осы

бағдарламадағы журналистердің қандай да бір проблемаларды іздеп

тауып өздері сол оқиғаның ішінде жүріп жасаған материалдары қандай

тартымды. Теледидардың тетігін басқа арнаға басуға қолың бармайды.

МЫСАЛ

Бірде осы хабардың тілшісі үйсіз-күйсіз қаңғыбастар туралы репортаж

жасады. Тілші кәдімгі Мәскеудің сыртындағы бәленбай миллион тонна

қоқыстың арасында жүр. Бұл қосқыстар қаладан шығады, сол маңға күніне

бәленбай мың тонна қоқыс төгіледі. Бұл осы күл-қоқыстан қоректеніп

жүрген, ит пен құстан басқа, қаңғыбастардың да басты «табысы».

Сіз үйіңізден шығарып тастаған қоқыс қала сыртына апарып төгілгеннен

кейін сол қоқыс маңында өмір сүретін қаңғыбастардың меншігі боп

саналады. Яғни, қаңғыбастар өздеріне тиесілі аумақтарды бөліп алған.

Оған екінші бір қаңғыбастың кіруіне, сол маңнан қандайда бір қоқыс

алуына рұқсат жоқ. Алған жағдайда, қызыл шеке төбелес, тіпті бірінбірі

өлтіріп тынады. Тілші осы тіршіліктің сыртынан қарап, бұлар осылай

өмір сүріп жатыр деп кетіп қалған жоқ. Ол қоқыс маңынан барып, сол

жердегі қаңғыбастарша киініп, тау боп үйіліп жатқан қоқыстың бір шетіне

өзінің үйшігін тұрғызды.

«Құрылыс материалдары» да сол қоқыстан табылған, ескі ағаштар,

киім кешек, шүберек, салафан секілді ескі-құсқы заттар. Ол үйін

салып, болып, енді қоқыстан тамақ іздеуге шыққанда, алдынан сол

қоқыс маңында көптен бері тұратын өзге қаңғыбастар келді. Бұл жер

солардың жері екенін айтып дауласты. Тілші-қаңғыбасқа тезірек табанын

жалтыратуды бұйырды. /Әрине, өзге қаңғыбастар оның НТВ-ның тілшісі

екенін білмейді./ Тілші-қаңғыбас күні бойы еңбектеніп тұрғызып алған

«үйін» оңайшылықпен берсін бе, ол да тайталасып бақты. Әңгімелері

жараспағаннан кейін, қаңғыбастар тілшінің үйін қиратуға кірісті.

Міне, осы кезде тілші әрі көрермен үшін комментарий бере жүріп,

қаңғыбастармен төбелесе жүріп, «маңдай тері табан ақысымен

тұрғызған баспанасын қорғады». Тілші, бір тәулікте қоқыс терген

қаңғыбастардың арасына барып, сіңіп кету де оңай емес екенін көрсетті.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 292 |

Қалай ойлайсыздар тілші бұл репортаж арқылы не айтқысы келді?

Әрине, ол мен секілді қоқысқа барып, қалай да өз орындарыңды алып,

үй тұрғызыңдар деген жоқ. Ол бір жағынан елде осындай ірі қалалардан

шыққан қоқыстарды паналап жүрген қаңғыбастар барын, олардың күн

көрістерін көрсеткісі келді.

Тілшінің шеберлігі сонда ол өзі қаңғыбас боп көрді, солардың

арасында бірге жүрді, қоқыста түнеді, қоқыстағы лас тамақтарды

да жеді.

Осы секілді, ресейлік өзге арналарды айтпағанда бір НТВ-ның өзінде

бірнеше хабарлар бар. «Женский взгляд», «Борьба за собственность»,

«Чистосердечное признание», «Профессия репортер» т.б..

Публицистика тек журналистиканың ғана емес әдебиеттің де бір жанры

екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұнда да, қоғамдағы белгілі бір мәселелерге

себепкерлер алдын-ала анықталып сол арқылы оқиғаны өрбіте отырып,

өзінің басты нысанын сынап отырады. Көбінесе, сын әдебиетте

тікелей емес жанама түрде, тіпті астарлы ойлар арқылы суреттеледі.

Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі М. Булгаков өзі өмір сүрген қоғамның

кемшіліктерін аты-жөндерін атамай-ақ, тамаша суреттеп берді.

Біздің бұл әңгімеміздегі басты мақсат телевизиядағы публицистка

болғандықтан бұдан әріге бармай-ақ қоялық. Өйткені, әдебиетегі

публицистика туралы ұзақ әрі көп айта беруге болады. Сонымен,

әңгімеміздің ауаны қайтадан телевизиядағы публицистикаға бұрайық.

• Бұндағы басты ерекшелік көрініс және сөз.

• Адам көру арқыры әрі есту арқылы болған жәйтқа қанық болады.

Сыр сандықтың бар құпиясы да осында жатыр. Кез-келген іріліұсақты

телекомпанияның бетке ұстары оның жасап жатқан

жаңалықтары.

Арнаның жаңалықтарына қарап-ақ, оның жалпы аяқ алысы мен

ұстанған саясатын, қаншалықты өткірлігі мен турашылдығын

аңғаруға болады. Жаңалықтардан кейін арнада көбіне

публицистикалық бағдарламаларға басымдық беріледі, әрине

егер ондай хабар болса. Публицистикалық хабарлар кейде тіпті,

жаңалықтарда айтылмай қалған кейбір қалтарыстар мен

бұлтарыстарды ақтарып шығарып жатады.

| 293 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Оның себебі, бұнда хабарлар асықпай, апталап кейде тіпті айлап

ойластырылады, сараптамадан өтеді сосын ғана көрерменге жолдама

алады. Осыдан біраз бұрын, КТК телеарнасында «Ел-жұрт» деп

аталатын бір тамаша тележоба болды. Кейін белгісіз себептермен

жабылып қалды. Осы тележоба телепублицистиканың ішіндегі ерекше

бағдарлама болатын. Олай дейтініміз, онда журналист жоқ.

Яғни, ол кадрде көрінбейді. Ауылдың немесе белгілі бір қаланың

нақты бір проблемасын тұрғындар өз ауыздарымен айтады. Хабардың

жүргізушісі, көрерменді жалпы тақырыппен таныстырады, нақты

деректерін келтіріп болған мәселеге қатысты хабарлама жасайды. Одан

әрі сол оқиғаға немесе белгілі бір жағдайға қатысқан немесе қайсыбір

ауылдың проблемасын бастарынан кешіп отырған тұрғындардың өздері

сөйлейді. Көрініс тұрғындардың әңгімесімен бірге қатар өрбіп отырады.

Міне, бұл құпия көк сандықтың өзге бұқаралық ақпарат құралдарынан

басты ерекшелігі. Бір қарағанда бұнда журналистің жұмысы жоқ

сияқты көрінеді, бар жұмысты студиядағы жүргізуші мен телеоператор

атқарған сияқты. Бірақ, кадр сыртындағы қара жұмыстың бәрі, яғни,

түсіретін нысанды табу, тиісті адамдармен байланыс жасау, түсіру

уақытын белгілеу, сөйлейтін адамдарды табу осының бәрі журналистің

ұйымдастыру жұмыстарына кіреді.

Материалды түсіріп алғаннан кейінгі жұмыстың 70-80 пайызы да

журналистің мойнында. Түсіріп әкелген материал бір емес бірнеше

тіпті, оншақты таспа болып кетуі де мүмкін.

a. Солардың бәрін көріп шығып, аса маңызды немесе қажетті

бейнекөріністерді таңдап алып, телевизияда СНХ - деп аталатын

кейіпкердің өзі сөйлетін кадрларды белгілеп шығуы тиіс.

b. Сосын, жүргізушінің мәтінін дайындап, оның сөздерінің арасында

кететін бейнекөріністер мен СНХ-дарды реттеу керек.

c. Осының бәрі дайын болғанда барып, режиссермен бірге отырып

монтаждайды.

d. Монтаж барысында кейбір көріністердің тиімділігін арттыру үшін, әрі

ұтымды пайдалану үшін арнайы эффектілер қолданылады. Бұл да

журналист пен режиссердың тапқырлығына байланысты.

ТАРИХИ ДЕРЕК

Бұдан кейін, бір кездері «Қазақстан» ұлттық арнасынан эфирге апта

сайын шығып тұрған «Елден хабар» бағдарламасын айтуға болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 294 |

Әрине, арнаның саясатына байланысты кейбір нәрселерді ашық

айта алмаған да болар. Бірақ, жалпы жер-жерлерде болып жатқан

оқиғаларды журналистің өзі барып, көріп жалпы бұқараға тарату

тәсілі өзгеше болатын. Бұндағы бір кемшілік бағдарлама белгілі

бір редакцияның мойнына артылған жоқ. Оны арнаның жергілікті

жерлердегі тілшілері түсіріп, қолдарынан келгенше монтаждап

Астанадағы бас кеңсеге жіберетін де, хабар сосын экранға шығатын.

Хабардың сапасы сәл кемшін тартып қалғаны да содан болар.

Сол хабар жабылғаннан кейін, іле-шала «Ел мен жер» деген

бағдарлама жарыққа шықты. Бұл бағдарламаның «Елден хабардан»

айырмашылығы режиссердың жұмысы көрініп тұратын. Яғни, әуелгі

хабар негізінен ақпараттық тәсілмен тараса, бұл кәдімгі рубрикаларға

бөлінген, көріністерінің бояуы қанық, арнайы эффектілер қолданылған

бағдарлама еді. Бұнда да журналист жылт еткен жаңалық іздеп кең

байтақ елдің түкпір-түкпірін аралап кететін. Нақты бір редакцияға

бекітіліп, журналист пен режиссердың бірлесіп жұмыс істеуінің

арқасында «Ел мен Жер» көп өзгерді, жаңа биіктерге көтерілді.

ТВ‐ПУБЛИЦИСТИКА – ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ

Бұдан басқа телевизиядағы публицистикаға қосылған жаңа жанрлардың

бірі – журналистік зерттеу. Қазір, Қазақстандағы бірқатар телеарналар осы

тәсілмен жұмыс істей бастады және алғашқы аяқ алыстары жаман емес.

Бұл жалынды жас журналистердің табандылығы мен таланттарының,

тынымсыз еңбектерінің арқасы деуіміз керек. Ең бастысы зерттеуді

де әділ, таза әрі шынайы еңбекпен жүргізген, жұмыс істеген абзал.

Жалпы алғанда аяқ алыстары жаман емес. Бірақ, бұл жанрды дамыту

үшін ең басты бір ұстаным бар ол туралы әңгімеміздің барысында тағы

айта жатармыз.

Сонымен, әуелі журналисттік зертеу дегеніміз не, атқаратын қызметі

қандай және оның нысанасы кім немесе не? Осы сұрақтарға жауап

іздеп көрелік.

Журналисттік зерттеу аспаннан түспейтіні мәлім. Ол ең әуелі журналистің

идеясы, бастамасы сол ойларды өрбіту арқылы зертеу жасалады.

Зерттеу – адамдарға қатысты болуы мүмкін, белгілі бір құжаттар

төңірегінде жүруі мүмкін немесе журналисттің белгілі бір ақпарат

көздерінен тіпті, өзінің жеке бақылауларынан туындаған қандай да бір

құпия жағдайларға байланысты болуы да мүмкін.

| 295 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Көп жағдайда зерттеу барысында билік басындағылар немесе

қандайда бір мүдделі топтар жариялағысы келмеген деректер

шығып қалуы да ғажап емес.

Бірақ, кей жағдайларда биліктегілердің өздерінен де аса маңызды

деректер қылаң беріп қалады. Бұндай құнды материалды қолына түсірген

журналист бірден зерттеуге кірісіп, өз бетімен жұмыс істеуі шарт. Бір

ескерте кететін жәйіт, көп жағдайда әсіресе қазақ журналистикасында

белгілі бір ықпалды топтар қарсыластарын жер қаптыру үшін де

журналистерді құнды деректермен ғана емес, құнды қағаздармен де,

яғни, ақшамен де қамтамасыз етіп отырады.

Бұл тапсырыспен жалданған журналист, тіпті әлемдік

журналистикада бұндайларға «киллер» деген лақап ат та тағып

қойған.

Ал, журналисттік зертеудің басты қағидасы әділдік әрі өз кәсібіне деген

адалдық десек, осы жерде әлгі басты принциптер бұзылады. Мәселен,

белгілі бір мекеменің халыққа қызмет көрсетуі өз деңгейінде емес.

НЕГЕ?

Осы сұраққа жауап беру үшін, мәселен қазіргі жағдайда халыққа қызмет

көрсету орталықтарын алайық, бір терезе принципімен жұмыс істеуі тиіс

болатын. Солай-ақ болсын. Бірақ, халық әлі сол баяғы кеңес кезіндегідей

екі-үш сағаттық тіпті, бір-екі күндік кезектен құтылған жоқ. НЕГЕ?

Міне, журналисттің тер төгіп жұмыс істейтін нысаны. Бұнда да әңгіме

зертеу жүргізетін журналисттің ар-ұятына кеп тіреледі.

Ал, журналисттік зертеуді кім жасайды?

Журналисттік зерттеуді кез-келген журналист жасай алады. Басты

талап аз да болса тәжірибесі болғаны абзал. Сосын әрине, ұстамдылық,

табандылық журналисттің белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға

байланысты шындыққа көз жеткізсем деген құштарлығы.

Зерттеу жүргізетін журналисттің басты қаруы кімдер немесе

нелер?

- Ақпарат көздері, олар кәдімгі қызметте жүрген немесе тіпті,

жұмыссыз жүрген адамдар болуы да мүмкін.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 296 |

- Зерттеу нысанына қатысты кез-келген құжаттар, мәліметтер.

Солармен жұмыс істей алу керек. Яғни, оларды кәдеге жарату

қажет.

- Асықпай, төзімділікпен сұхбат жүргізуге тырысу керек.

- Ең бастысы алдыңа қойған мақсатыңның айқын болғаны абзал.

Яғни, зерттеу жүргізгендегі мақсатың не еді, осы принцпитен

ауытқымау керек.

Міне, осы негізгі принциптерді бетке алып істелген жұмыстың негізінде

ғана қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Репортер өз ісін жетік

меңгеруі керек, сосын әрине, тынымсыз еңбек пен табандылық қана

үлкен жетістікке қол жеткізеді. Зерттеу жүргізетін журналист кез-келген

фактіні, айтылған сөздерді, жинаған құжаттар мен материалдарды

мұқият қарап, ақылға сап таразылап барып айтқаны абзал.

Өйткені, зерттеу нысанына айналған мекеме болса оның басшысы, адам

болса оның өзі журналист материалындағы елеусіз, болмашы қателікке

немесе тіпті, кемшілікке бола бүкіл еңбегіңізге күйе жаға салуы мүмкін.

Қашанда қарсылас өз жауын аямайды. Бұл да мылтықсыз майданның

бір түрі.

Яғни, зерттеу жүргізетін журналист сол мылтықсыз майданның

жауынгері болуы үшін үлкен дайындықтан өтуі тиіс. Қарсыласыңның

өзіңе шапқаны оның қорғаныс тәсілі де болуы мүмкін, бірақ, ол

материалдарды оқитын немесе теледидардан көретін миллиондаған

аудитория барын үнемі жадыда ұстау керек. Журналист қаламының

қалт кеткен жері қоғамға, белгілі аса құрметті адамдардың лауазымына

залалын тигізеуі де мүмкін. Бұл да аса маңызды есте ұстайтын жәйіт.

Енді журналисттік зерттеу қалай жүргізіледі дегенге келейік.

Журналисттік зерттеудің табиғаты өте ерекше болғандықтан да, оған

үлкен дайындықпен, білімділікпен келу керек. Бұнда да, ғылымға немесе

өнерге ден қойған адамнан талап етілетіндей басты талап талантқа

тіреледі. Журналисттік зерттеудің өз табиғатына сай заңдылықтары

мен реті бар. Солардың бірі мысалы, журналист ешқашан өз

материалында өзінің пікірі мен көзқарасын білдірмеуі керек.

Бәрі құжатталған болуы тиіс, журналистің орнына оның тапқан, жинаған

нақты деректер мен айғақтары сөйлеп тұруы керек. Мәселен, біреу

пара алады екен немесе пара беріпті, тіпті мемлекеттің мүлкін талан-

| 297 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

таражыға түсіріп отыр екен деп журналист айтқаннан гөрі, белгілі бір

жердегі жұмыстың процессін ашық көрсететін деректер мен дәлеледерге

құрылған материал құрып шығу керек.

• Көрермен немесе оқырман ақымақ емес, шындық пен жалғанды

айыра алады.

Және журналисттік зерттеудің не үшін жасалғанын да бірден аңғара

қояды. Журналист зерттеу жүргізу барысында заңды, ережені

сақтағаннан бұрын, өзінің ішкі этикасына бағынғаны жөн. Егер ол барған

жерінде журналистпін деп кеуделеп отырып, шындыққа көз жеткізем

десе, өзі зерттеп жүрген нысаннан оның еш айырмашылығы жоқ боп

шығады.

Бұл не деген сөз: бұл ешқандай саясат немесе жеке мүдде араласпауы

тиіс деген сөз. БАСТЫ МҮДДЕ - БҰҚАРАНЫҢ МҮДДЕСІ. Жалпы

журналисттік зерттеудің де басты мақсаты мен жететін мұраты осы ғана

болуы шарт.

Зерттеу барысында тағы бір есте ұстайтын жәйіттер:

a. құжаттар ұрланған болмауы тиіс,

b. ақпараттарды ақшаға сатып алмау керек,

c. онда өзіңнің де парақор болғаның.

d. Жеке біреудің меншігіне қол сұқпаған жөн, өйткені, ол сотқа беруі

мүмкін.

Онда ақпарат қайдан келеді деген сұрақтың құлағы қылтиюы заңдылық.

Ақпарат беретін және заңды құжаттарды көрсететін немесе көшірмесін

беретін азаматтар табу керек. Міне, журналисттің шеберлігі шыңдалатын

тұс та осы. Ал, адам тауып, құжаттарды қолға түсірген екен, журналист

ешқашан, ешқандай жағдайда өзінің ақпарат көзін сатпауы керек. Бұл

кейбір елдердің заңдарында да көрсетілген.

Тіпті, АҚШ-та, тағы бірқатар елдерде журналистердің ақпарат көзін

сатпай өздері сотталып кеткен жағдайлар да болған. Сақтық үшін және

ақпарат көздерін аңғартып қоюы мүмкін деген қойын дәптерлер, бейне

немесе дыбыс таспалары өзге құнды құжаттар сенімді жерде мұқият

сақталуы керек. Ол ақпарат көзінің рұқсатынсыз билік өкілдеріне де

берілмейді. Міне, бұл қағидалар тек зерттеу жүргізетін журналистің

этикасы ғана емес, бұл тіпті абыройы мен беделі үшін де аса маңызды.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 298 |

Журналисттік зерттеу жүргізудің қандай тәсілдері бар?

Қазір, бұның мүмкіндіктері өте көп. Көздеген нысана туралы қандай да

бір жылт еткен ақпарат беріп қалуы мүмкін деген күнделікті газеттер,

журналдар тіпті, интернет көздері. Әуелі дайындық жасалуы керек. Ол

не? Өте қызықты детектив жанрындағы кітаптар болуы мүмкін, деректі

фильмдер т.б. шығармашылық жұмыстар журналистің өз нысанасының

қай жағынан келуіне кеңес беріп қалуы мүмкін. Яғни, осындай дүниелер

қосымша бір идеяларға итермелейді.

Қандай құжаттар құнды деп есептеледі?

Көздеген нысанаға қандай да бір қатысы бар құжаттардың түпнұсқалары,

тіпті көшірмелері, фотосуреттер немесе электрондық құралдары арқылы

алынған нақты ақпараттар. Сот шешімдері, өзге шетелдік компаниялар

мен жасалған келісімдер немесе тіпті қол жетіп жатқан жағдайда елдің

мұрағаттарында жоқ, бірақ, халықаралық байланыстар арқылы алынған

ақпараттар да құнды құжаттарға айналуы мүмкін.

Нысананы ұзақ уақыт бойы бақылау да, көп нәрсеге көз жеткізеді.

Мәселен, қызметкерлердің жұмыс уақтысы, белгілі бір мекеменің

басшысының кімдермен араласатыны, кімдермен қарым-қатынаста екені

зерттеу барысында үлкен жігер мен табандылықты талап етеді. Егер

зерттеу нысаны түрме болса, ондағы полиция қызметкерлерінің жүрістұрысы,

сотталғандармен қарым-қатынасы, ондағы бас бостандығынан

айырылғандардың мүмкіндіктері т.б..

Әлемдік журналистикада белгілі бір нәрсеге қатысты зерттеу

жүргізген журналистердің мақсатына жетуі үшін ауру боп ауруханаға

түскен немесе сотталып түрмеге отырып шыққан кездері де

болған.

Сонда жатып, іштегі ахуалды өз көздерімен көріп, бастарынан кешіріп

жазған. Бұл жерде этиканы да ұмытпаған абзал. Журналистердің

зерттеу жүргізу үшін мейрамханаларға, қонақ үйлерге, санаторийлер мен

пансионаттарға арнайы барып жатып немесе жұмысқа тұрып зерттеген

кездері болған. Немесе білгілі бір адамды бақылай жүріп, оның барған

жерлерін, тоқтаған тұстарын суретке түсіріп отыру да материал жазу

барысында жалаң сөз емес, нақты құжатқа айналады.

Журналистердің белгілі бір мекемедегі қызметін атқара жүріп, өзінің

зерттеу жұмыстарын жазып, қандай да бір заңсыз әрекеттерді

| 299 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

әшкерелеген кездер де болған. Бұдан түйетін ой, сол мекеменің немесе

белгілі бір адамның қасында жүріп істеген жұмыс зерттеу барысында

материалдың құндылығын арттырып, журналисттің беделіне жұмыс

істейді. Бір ескеретін жәйіт, зерттеуді жекелеген салаларына емес,

жалпы жұмыс істеу жүйесіне жүргізу керек.

Зерттеудің тағы бір тәсілі өте сауатты жүргізілген сұхбат.

Бұл аса маңызды. Зерттеу әрқилы басталады, кейбіреулер әуелі қолына

түскен құжаттардың негізінде зерттеу жүргізіп, сосын оған қатысы бар

адамдарға шығады. Ал, кейбіреулер әуелі адамның айтқанын тыңдап

алып, сосын оның ақиқатына үңілуге тырысады.

Қалай болғанда да, зерттеу жүргізіп жүрген журналист әйтеуір бір,

жауапты кейіпкермен кездесуіне тура келеді және одан сұхбат алуы

керек болады. Міне, осы кезде журналист нақты қандай сауалдар қояды,

сұхбаттасушының қандай сұрақтарды қойғанда қандай эфмоционалдық

күйге ұшырайды міне, осының бәрін аңғарып, байқап, бақылап отыруы

тиіс. Бір жағынан алғанда журналист әрі психолог мамандығын игергені

артық болмайды. Міне, сондықтан да, сұхбатты телефон арқылы немесе

басқа бір журналистер арқылы алғаннын гөрі, өзінің сұхбат алғаны

абзал.

Өйткені, ол сұхбат барысында тек ақпарат қана алып қоймайды, оның

мінез-құлқы мен сұхбат алу барысындағы қай сөзге мән беріп, қандай

сауалдан қашқақтап отырғанына байланысты қосымша мәлімет алады.

Міне, осы айтылғандардың бәрі журналистік зерттеудің басты

қағидалары. Бұдан басқа зерттеу барысында болуы мүмкін жағдайлар

журналистің білімі мен біліктілігіне байланысты өрбиді.

Енді қазіргі Қазақстандық электрондық ақпарат құралдарындағы

осы бағытта жұмыс істеп жатқан бағдарламаларға тоқталып

көрейік.

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Арнайы бағдарламалар» бөлімі бар,

осы бөлімнің журналистері шама-шарқынша зерттеу жүргізіп жүр.

Өкінішке орай, көп жағдайда тек арнайы тапсырмалармен жұмыс

істейді. Бұл арнаның өз саясаты шығар, бірақ, біздің айтайын дегеніміз

бұл емес.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 300 |

Мақсатымыз осы арнадағы журналистердің зерттеу жүргізу тәсілі.

Біріншіден, арнайы зерттеулер бағдарламасының уақыты тым ұзақ. 26-

минут. Егер журналистің таңдаған тақырыбы қызық болып, өз тақырыбын

барынша ашып, айтатынын белгілі бір мүдделердің қалыбымен ғана

бермесе, әрине көрермен де жалықпайды, 26 минутыңызда көп емес.

Ондағы журналистер өз зерттеулерінің үстүрт екенін білдірмеу үшін, әрбір

5-6 минут сайын немесе әңгіменің бір буынын қайырып қойып, келесі

бөлімге ауысу үшін арнайы телевизиялық эффектілер қолданады.

Бұл әрине, бағдарламаның тым қызықсыз болып кетуінен және сылдыр

сөз боп қалуынан сақтайды. Ал, жалпы алғанда журналистердің жұмыс

істеу принциптері біздің айтқан әлгі негізгі қағидаларымызға жатады. Бір

ескерту, бұндағы журналистер негізінен тапсырмамен жұмыс істейтін

болғандықтан, шығармашылық жағынан еркіндік жоқ екені және белгілі

бір қалыптың ішінде ғана жұмыс істейтіндері көрініп тұрады.

Журналисттік зерттеуге негізделген бағдарламалардың тағы бірі КТК

арнасындағы «Репортер» бағдарламасы. Бұнда сөз жоқ арнаның

ұстанған саясаты да журналистерге көп мүмкіндіктер берген болар,

ізденіс те, тақырыпты ашу жағынан да көп бағдарламаларға қарағанда

көш ілгері. Мәселен, «Репортер» бағдарламасынан шыққан кедендегі

заңсыздықтар мен парақорлық тақырыбы біздің әңгіме қып отырған

зерттеу мәселесінің қағидаларына толықтай сай деуге болады.

Журналистің өзі кеденге барып, жасырын камерамен ондағы астыртын

жүріп жатқан, бармақ басты – көз қыстымен, пагон тағып, еліміздің

қақпасын ашып-жауап отырған кеденшілердің әрекеттерін, «тамаша»

жүргізіп отырған операцияларын түгелдей әшкереледі.

Жалпы жұртқа Қытаймен арада сауда-саттық жасап жүрген саудагерлердің

де, олардың тауарларын ақша арқылы «заңдастырып» елге өткізіп

отырған кеденшілердің де, бар тыныс-тіршіліктері алақандағыдай

көрініп қалды.

Бұнда жұмыс істеген журналистің еңбегін де бағалаған абзал.

Материалда пара беруші де, пара алушы да, оған кездей соқ куә боп

отырғандар да болды. Бұнда да ескеретін жәйіт, журналист оқиға

орнында жасаған СТЭД АП-тарды яғни, журналистің өзінің кадрда тұрып

сөйлейтін орындарын қисынсыз таңдаған. Яғни, журналист дәл сол

бекеттің аса маңызды нүктелерінде, терминалда тұрып сөйлесе әлде

қайда тартымдырақ болар еді. Ал, саудагер боп өз тауарын өткізіп, өзі бір

емес бірнеше күн кеденнен өте алмай, ақыры пара беруге дейін мәжбүр

| 301 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

болып, сосын сол әрекеттерінің әрқайсысын бейнематериалдармен

шегелей түскенде, тіпті тамаша болар еді. Бұл да журналистің кемшілігі

екенін айта кеткен жөн.

Қазір публицистиканың осы журналистік зерттеу жанры қазақстандық

арналарда да кеңірек қанат жая бастады. Ал, қазақ журналистикасына

жасқаншақтамай, ойын ірікпей ашық айтатын жалынды жастар легінің

де қосылып жатқанын ескерсек, бұл жанрдың болашағынан көп үміт

күтуге болады.

Ең бастысы жастарды тәрбиелейтін дұрыс бағыт беріп, жол

сілтейтін қазақ журналистикасының мектебін қалыптастыру

керек. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Логикалық тұрғыдан алғанда

да олардың алдында тәрбие беретін аға буын болмаса соңғы

бұтақтың да қисая беретіні сөзсіз.

Көп жағдайда журналисттік зерттеудің соңы сары түске еніп,

әлемдік журналистикадағы «сары баспасөзге» айналып кетеді.

Ал, «сары басылымдар» мен сол секілді жеңіл-желпі үстірт жасалған

материалдардың соңынан, яғни, сенсация қуалаған ақпарат құралының

ғұмыры да ұзақ болайды. Өйткені:

Біріншіден: басылымның немесе телеарнаның салмағы болмайды,

Екіншіден: сол жеңіл-желпі дүниелер жасап жүрген журналистің де

соншалықты беделі болмайды,

Үшіншіден және ең бастысы да әрі қауіптісі: осындай дүниелер жасап

жүрген журналисттің өзі, аз уақытта рухани «мүгедекке» айналады.

Арзан атақ пен жалған әрі уақытша беделді малданып қалмау

керек.

Шын журналист шынайы ақпарат іздеп, ақиқатқа көз жеткізуге

ұмтылу арқылы ғана шыңдалады.

Өкінішке орай, біздің қоғамда журналиске ондай жағдай жасалмаған.

Әрине, ондай мүмкіндікті ешкім жасап бермейтіні де рас. Журналист

өзі іздену арқылы сол нәтижелерге қол жеткізуі тиіс. Алайда, жалпы

шығармашылық адамдардың жұмыс істеуіне кедергі көп, ол билік

тарапынан болса да, ықпалды топтар тарапынан болса да, тіпті арна

басшыларының ұстанған саясаты жағынан болса да. Міне, осылардың

бәрі журналисті амал жоқ биліктің өзі жасап қойған қалыпқа түсуіне, сол

шеңберде ғана жұмыс істеуіне мәжбүрлейді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 302 |

АҚПАРАТТЫҚ БИСЕР ОЙЫНЫ

Ержан Сүлейменов,

«Информбюро» ақпараттық бағдарламасының

бас продюсері (31-арна)

Ольга Каплина, халықаралық

Internews Network ұйымының менеджері

(«Организация работы службы новостей» кітабынан үзінді)

Герман Гессенің «Игра в бисер» деген романын оқыған адам, өміріндегі ең

маңызды оқиға – Ойынға әзірленген бас кейіпкердің қалай әуреленгенін

жақсы біледі. Ол ғылым мен өнер, философия мен әдебиет тоғысып

жататын ойын партиясын жасауға жанын салады ғой...

Ақпараттық бағдарлама редакторы әрине, көркем шығарма жазатын

жазушы емес, бірақ…ол да күн сайын бірегей туынды жасайды. Жақсы

болсын, жаман болсын, бірақ ол бірегей өнім жасап шығады. Ол сапалы,

қызықты және пайдалы болуы үшін көп нәрсе қажет. Біз бұ жолы сіздің

ақпараттық шығарылымыңызды не бар, не жоқ ететін мәселе – МАТЕ-

РИАЛДАРДЫ РЕТІМЕН ОРНАЛАСТЫРУ туралы әңгімелейміз.

Негізінде материалдарды рет-ретімен орналастыру (верстка) – газет

термині. Ол кезекті ақпараттық бағдарламада материалдарды

маңызы мен ұзақтығына қарай жинақтау деген сөз.

Бір қарағанда, қолда бар материалдарды кезегімен қойып отырудың

қиындығы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Осыдан 20 жыл бұрын, «ресми»

әдіс пайдаланылатын тұста ақпараттық бағдарлама жиындар мен

кеңестер жөніндегі есептен басталатын, соңынан еңбек даласындағы

жетістіктерге, мәдениет пен спорт табыстарына орын берілетін. Кейін

«600 секунд» пен «ТСН» кезеңі басталды да, бірінші орынға оқиғалар

мен қылмысқа қатысты материалдар шығарылды.

Уақыт өте келе «қылмыс тақырыбында» жеке бағдарлама ашылып,

ақпараттық хабарларда әлеуметтік және проблемалық сюжеттерді беріле

бастады. Міне, біздің телевизия

халықаралық стандарттарға жету жолында осындай даму жолдарынан

өтті.

| 303 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Материалдарды қалай реттеу қажет? Оны ойластырған кезде редактор

оны ТҰТАСТАЙ көз алдына елестете білуі тиіс. Бірнеше адамның

еңбегімен әзірлеген материалдың жарқырап көрінуі үшін әрбір ақпаратты

берудің ең үздік тәсілін табу қажет. Ұсақ бөлшектерден құралған мозаика

сынды шығарылым да біртұтас шығармаға айналуы қажет.

Материалдарды орналастыру қағидалары:

Редактор кезекті шығарылым материалдарын төмендегі қағидалар

бойынша орналастырады:

1. Бағдарлама көрермені үшін маңызы

Алдымен ақпараттың не екенін еске түсіріңіз. Ол білуді қажет ететін,

көрерменнің білуі тиіс, оны қызықтыратын дүние. Белгілі бір жаңалықтың

көрермендер үшін маңызы да әртүрлі.

Енді осыны есепке ала отырып, төмендегі материалдарды орналастырып

көрелік:

• Бензин бағасының қымбаттауы

• Көкөніс жәрмеңкесі

• Халықаралық сертификат беретін бала күтушілер мектебі ашылды

• Қалаға 70 метрлік өрт сөндіру баспалдағы сатып алынды

Ер азаматтар 30 + Әйелдер 30 + Зейнеткерлер

Бензин бағасының қымбаттауы

Қалаға 70 метрлік өрт сөндіру

баспалдағы сатып алынды

Халықаралық сертификат

беретін бала күтушілер

мектебі ашылды

Бензин бағасының

қымбаттауы

Көкөніс жәрмеңкесі

Қалаға 70 метрлік өрт

сөндіру баспалдағы сатып

алынды

Халықаралық сертификат

Көкөніс жәрмеңкесі

беретін бала күтушілер мектебі

ашылды

Көкөніс жәрмеңкесі

Бензин бағасының

қымбаттауы

Қалаға 70 метрлік өрт сөндіру Халықаралық сертификат

баспалдағы сатып алынды беретін бала күтушілер

мектебі ашылды

Біз бұл жерде көрерменнің қалауын ғана есепке алдық. Шынында да,

ер азамат үшін бензин бағасының қымбаттауы, әйелдерге халықаралық

сертификат беретін бала күтушілер мектебінің ашылуы маңызды. Ал,

болмашы зейнетақыға күнелтіп жүрген зейнеткерлерді көкөністің қай

жерде арзан бағаға сатылатынын білу маңыздырақ.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 304 |

Төмендегі материалдарды орналастырған кезде де біз осындай

мүдделерді ескердік. Ақпараттық шығарылым ойдағыдай шығуы үшін

сіз өз көрерменіңізді көз алдыңызға елестетіп, белгілі бір материалдың

оған қаншалықты қызықты болатынын ойлап отыруың қажет.

2. Тақырып.

Бағдарлама ішінде тақырыптық жағынан бір-біріне жақын сюжеттерден

(медицина, қаржы және т.б.) тұратын блоктар құрылады.

Мысалы, сіздің қолыңызда төмендегідей материалдар бар:

• Доллар бағамының төмендеуі

• Жүрекке операция жасауға қажетті жаңа аппарат сатып алу

• Мұғалімдердің жалақысын өсіру

• Мектепке жаңа пәндер енгізу

• Астыртын наубайхананы жабу

• Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету

Блок тақырыбы

қаржы

білім

денсаулық

Материалдарды ретімен орналастыру үлгісі

Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету

Доллар бағамының төмендеуі

Мұғалімдердің жалақысын өсіру

Мектепке жаңа пәндер енгізу

Астыртын наубайхананы жабу

Жүрекке операция жасауға қажетті жаңа аппарат сатып алу

3. Мағыналық жағынан байланыстыру (көпір).

Енді тақырып жағынан бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ белгілі бір

оқиғалары ұқсас келетін материалдар қатар орналастырылады.

Мәселен: ҰБТ кодтарын ұрлауға қатысты дау мен жемқор шенеунікті

тұтқындау жөніндегі материал.

4. Араластыру және эмоция.

Бір-біріне байланысы жоқ материалдарды да қатар қоюға болады.

Оларды эмоциялық бояуына қарай орналастыруға болады. Мәселен,

құрылыс қожайындарының салғырттығынан қаза болған құрылысшы

жайындағы материал мен балаға шұғыл операция жасау үшін ақша жинап

жатқан адамдар туралы сюжетті алайық. Мынаған назар аударыңыз:

жағымды сюжеттен кейін адамның еңсесін түсіріп жіберетін материал

берілсе алдыңғысы қалыптастырған көңіл-күй жойылады.

| 305 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

5. Бейнекадрлар.

Телевидение – бұл сурет, бейне, картина. Бірақ, барлық материалдың

бәрінің бірдей картинасы тамаша болуы мүмкін емес. Егер сіздің

қолыңыздағы маңызды материалдың бейнекадрлық жағы нашар болса,

оның қасына бейнекартинасы тартымды сюжет қойған дұрыс.

• Сіздің қаланың тұрғыны бүгін Эверестті бағындырды

• Банкротқа ұшыраған фабрика жұмысын тоқтатты

• Қала тұрғыны гүлзарға өз еркімен ағаш отырғызды

• Қалада инфаркт сырқатына қарсы марафон өтті

• Түнде қала сыртында жарылыс болды

• Полицейлер БАҚ-тың қатысуымен рэкеттер тобын ұстады

Бұрыс нұсқа

Түнде қала сыртында жарылыс болды

Фабриканың банкротқа ұшырауы және

жұмысын тоқтатуы

Сіздің қаланың тұрғыны бүгін Эверестті

бағындырды

Полицейлер БАҚ-тың қатысуымен рэкеттер

тобын ұстады

Қалада инфаркт сырқатына қарсы марафон

өтті

Қала тұрғыны гүлзарға өз еркімен ағаш

отырғызды

Дұрыс нұсқа

Полицейлер БАҚ-тың қатысуымен

рэкеттер тобын ұстады

Түнде қала сыртында жарылыс болды

Фабриканың банкротқа ұшырауы және

жұмысын тоқтатуы

Қала тұрғыны гүлзарға өз еркімен ағаш

отырғызды

Сіздің қаланың тұрғыны бүгін Эверестті

бағындырды

Қалада инфаркт сырқатына қарсы

марафон өтті

Материалдардың маңызы жағынан қарасақ бірінші нұсқа дұрыс сияқты

көрінеді. Бірақ, ойланып көрейік...

«Түнгі жарылыс». Сіздің қолыңызда жарылыс себептерін зерттеп жатқан

комиссияның таңертеңгі жұмысынан түсірілген кадрлар ғана бар. Оның

өзі де өте аз және қызықсыз.

«Фабриканың банкротқа ұшырауы». Өндіріс орнында қалған өнім аз,

түсіретін басқа ештеңе жоқ.

«Эверестті бағындыру». Біздің отандасымыз Эверестті бүгін цғана

бағындырды, оны «Рейтер» немесе «Евроньюс» агенттіктерінің

түсірмегені белгілі. Ендеше материалға қатысты бейнекадр жоқ.

Көріп отырғанымыздай, бұл нұсқадағы алғашқы үш материал бейнекадр

дегеннен жұрдай, ал толыққанды үш материал содан кейін беріліп

отыр.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 306 |

Екінші нұсқа бірден жарқ етіп көзге түседі. Онда қызықты бейнекадр

жетерлік. Әрі қарай шығарылым материалдары картинасының

қызықтылығына қарай ізбе-із беріледі.

5. Екпін мен ырғақ.

Телеарналар үшін маңызды саналатын осы қағиданы редакторлардың

бәрі де біледі. Бағдарлама жалықтыратын ырғақпен берілмеуі тиіс. Тіпті,

қатар берілген екі сюжеттің хронометражы (сюжеттің ұзақтығы) бірдей

болса көрермен жалығып кетеді. Өйткені, үйлесім жоғалады. Бірнеше

қысқа материалды қатар қойсаңыз да осылай болмақ.

• Қалалық стадионды салу барысында жіберілген кемшіліктер

• Премьер-министр Алматы облысының әкімін орнынан алып, өңірге

жаңа басшы тағайындады

• Қоғамды елеңдеткен қылмыстық іске қатысты сот үкімі

• Санитарлық талаптарды бұзған үш базардың жабылуы

• Қала тұрғыны адамдарды жаяу жүруге цшақырды. Сол арқылы экологияны

сақтап қалуға болады.

• Нан бағасының қымбаттауы

• Ішек инфекциясы өршіп тұр

Екпін мен ырғақты бұзу

Дұрыс орналастырылған нұсқа

Премьер-министр Алматы облысының

Нан бағасының қымбаттауы

әкімін орнынан алып, өңірге жаңа басшы

тағайындады

Қалалық стадионды салу барысында

жіберілген кемшіліктер

Санитарлық талаптарды бұзған үш

базардың жабылуы

Қоғамды елеңдеткен қылмыстық іске

қатысты сот үкімі

Нан бағасының қымбаттауы

Ішек инфекциясы өршіп тұр

Қала тұрғыны адамдарды жаяу жүруге

шақырды. Сол арқылы экологияны

сақтап қалуға болады

Премьер-министр Алматы облысының әкімін

орнынан алынатынын жариялады

Жаңа әкімді таныстыру

Қоғамды елеңдеткен қылмыстық іске қатысты

сот үкімі

Санитарлық талаптарды бұзған үш базардың

жабылуы

Ішек инфекциясы өршіп тұр

Қалалық стадионды салу барысында

жіберілген кемшіліктер

Қала тұрғыны адамдарды жаяу жүруге

шақырды. Сол арқылы экологияны сақтап

қалуға болады

| 307 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Бірінші әдістің кемшіліктері

«Әкімнің қызметтен алынуы» - маңызды оқиға, онда синхрондар көп

болуы мүмкін, бірақ бейнекадрлар тым біркелкі (мұрағаттан алынуы да

мүмкін).

«Құрылыс барысындағы кемшіліктер» - проблемалық сюжет, бірнеше

тараптың көзқарасын беруді талап етеді. 2 минуттан асып кетуі мүмкін.

«Үш базардың жабылуы» - бұл да проблемалық сюжет болғандықтан

бірнеше көзқарасты беруді талап етеді. 2 минуттан асып кетуі мүмкін.

«Шулы қылмыстық іске қатысты үкім» - проблемалық сюжет, ол да бірнеше

тараптың көзқарасын беруді талап етеді. 2 минуттан асып кетуі

мүмкін.

Басқаша айтқанда, алғашқы нұсқада хронометражы бірдей, проблемаға

құрылған және құрылымы да ұқсас материалдар берілді. Содан кейін

ырғақтық жағынан бірдей тағы үш репортаж көрсетілді.

Екінші тәсілдің артықшылықтары

Біз «дұрыс» деп бағалап отырған нұсқада репортаждық материалдар

проблемалық сюжеттермен кезектестіріп беріледі.Оның үстіне біз

«Әкімнің орнынан алынуы мен жаңа басшының тағайындалуы» туралы

материалды екіге бөлдік. Бұл проблемалық материал мен ақпараттық

тақырыпты араластырып алмау үшін жасалды.

Біздің кеңестеріміз

Дегенмен, барлық ұстанымды ескергеніңмен де шығарылым дұрыс

шықпайтын кездер болады. Біз өзіміз үшін материалдарды рет-ретімен

орналастырудың бірнеше ережесін әзірлеген едік, соны сіздермен

бөліскіміз келеді .

«Бүгін ғана емес, дәл қазір»

Егер көрермен үшін бірдей маңызға ие екі материал келіп түссе, алдымен

дәл қазіргі сәтте өтіп жатқан оқиға туралы баяндайтын сюжет

беріледі. Егер апатты жағдайға байланысты жарықтың сөндірілуі немесе

көп қабатты үйдегі өрт, ғарышкерлердің жерге қонуы сынды оқиғалар

бағдарлама эфирге шығып жатқан сәтте орын алса, сол оқиғаларды

көрсету қажет болады.

АҚПАРАТ та балық сияқты, ЕСКІРТУГЕ БОЛМАЙДЫ

Жаңа әрі маңызды материалды бейнекадр болмаса да көрерменге жеткізуге

болады. Ол үшін тілшіні тікелей эфирге шығару, телефон арқылы

сұхбат алу, мұрағат материалдарын пайдалану тәсілдерін қолданған

жөн. Ертең бұл тақырыпқа қайтып оралуға болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 308 |

БҮГІН болған оқиғаның бәрі БҮГІНГІ жаңалықтарда берілуі тиіс.

«Шығарылымның алғашқы сюжеті мынадай талаптарға жауап

беруі тиіс: тақырыптың көкейтестілігі, картинасының барынша

қанықтығы, үйлесімділігі»

Үйлесімділік талабына сәйкес, ақпараттық шығарылымның басында репортаждар

немесе үлкен проблемалық материалдарды беруге болмайды.

«Жаңа күн – жаңа ақпараттық желеу»

Белгілі бір мәселені қозғау үшін жаңа ақпараттық желеу қажеттігін

ұмытпаңыз. Егер ақпараттық желеу немесе тақырыптың өзі көкейтесті

болмаса материалды шығарылым басында беруге болмайды. Біріншіден,

бұндай материал өткенге шегініс жасап, түсіндіруді қажет етеді.

Яғни, оның хронометражы 2 минуттан асып жығылады деген сөз. Екіншіден,

көрерменнің ойында материал қайталанып отырғандай әсер

туындайды.

«Эксклюзивті ақпарат қашанда әсерлі шығады»

Материалдың біреуін барлық телекомпания түсірді, ал екіншісі тек

сіздің журналистің ғана қолына түсті. Сіз екінші материалды таңдайсыз.

Адамдар сіздің жаңалықтарыңызды бірегей болғаны үшін ғана қарайды.

Сондықтан ақпарат агенттіктерінің материалдарына сүйенбей, бірегей

тақырыптарды іздеп, эксклюзивті сюжет түсіруге тырысыңыз.

«Блоктар құру қағидасын пайдалану – блоктарды қарабайыр жасай

салу деген сөз емес»

Сіз верстка жасаудың түрлі тәсілдерін пайдаланып қана қоймай,

қызықты шығарылым жасауға тиіссіз. Егер бастапқы материал білім саласы

жөнінде жазылған болса, оның соңынан балалар туралы сюжетті

беру дұрыс емес.

Мысал

· Ауруханада жарықтың сөндірілуі салдарынан пациенттердің бірі операция

үстелінде көз жұмды.

· Оң жақ рульді көлік иелерінің наразылық шарасы

· Қала көшелерінің бірінде болған бензовоз апатының салдары 10

сағатта жойылды. Апат салдарынан аударылып қалған көлік жарылып

кетуі мүмкін еді.

· Дәрігерлер балаларға тұмауға қарсы екпе егуді бастады

· Қала орталығындағы балалар шоуы

| 309 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Медицина

Сәтсіз шыққан нұсқа

Ауруханада жарықтың

сөндірілуі салдарынан

пациенттердің бірі операция

үстелінде көз жұмды.

Дәрігерлер балаларға тұмауға

қарсы екпе егуді бастады

оқиға

Қала көшелерінің бірінде

болған бензовоз апатының

салдары 10 сағатта жойылды.

Апат салдарынан аударылып

Көліктертер қалған көлік жарылып кетуі

мүмкін еді

қоғам

Оң жақ рульді көлік иелерінің

наразылық шарасы

Сәтті шыққан тақырыптар реті

Ауруханада жарықтың сөндірілуі

салдарынан пациенттердің бірі

операция үстелінде көз жұмды.

Қала көшелерінің бірінде болған

бензовоз апатының салдары

10 сағатта жойылды. Апат

салдарынан аударылып қалған

көлік жарылып кетуі мүмкін еді

Оң жақ рульді көлік иелерінің

наразылық шарасы

Дәрігерлер балаларға тұмауға

қарсы екпе егуді бастады

Мәдениет

Қала орталығындағы балалар

мәдениет

шоуы

Қала орталығындағы балалар

шоуы

Алғашқы нұсқада аурухана жайлы сюжет қалыптастырған үйлесімді

екпе туралы ақпараттық материал бөліп жіберген. Оның үстіне, алғашқы

материалдағы жағымсыз эмоция екінші сюжетке өтіп кетуі мүмкін.

«Шығарылымды бір ғана әсерге негіздеуге болмайды»

Журналистік бес зерттеу міндетті түрде жұртты елең еткізеді. Бірақ,

көрермен оның екеуін ғана есте сақтай алады. Сіздің шығарылымыңызда

жетістіктер мен рекордтарға қатысты бес сюжет берілсе де солай болмақ.

Жағымды немесе жағымсыз эмоцияларды шектен тыс көрерменнің

ықыласын төмендетеді.

«Автор талантын ескеріңіз. Жарнамадан кейін шығарылымды немесе

блоктарды үздік авторлардың материалдарынан бастаңыз»

Тұлғаның шығарылымға ықпал жасайтыны рас. Сөзге шешен, кейіпкер

таба білетін және оны «сөйлете» алатын, оқиғаны сауатты түрде баяндап

беру шебері жасаған материал сіздің бағдарламаңыздың тірегі болуы

тиіс.

«Материалдарды орналастыру дәстүрі өзгеріп отырады, бірақ

маңызды материалдар шығарылымның басында беріледі»

90-шы жылдардың орта шенінде аймақтық жаңалықтар қылмыс

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 310 |

оқиғаларынан басталатын. Қазір қылмыстық оқиғалар арнайы

бағдарламада немесе ақпараттық бағдарламаның орта тұсында беріліп

жүр. Материалдарды орналастыру дәстүрі өзгеріп отырады, бірақ

маңызды әрі көкейтесті жаңалық (қылмыс, спорт, әлеуметтік мәселелер)

кез-келген ақпараттық шығарылымның басында тұруы тиіс.

Мысал:

Сәтсіз шыққан нұсқа

Дұрыс орналастырылған нұсқа

Жаңа өндіріс орны ашылды

АЭС-сын салуға қарсылық акциясы

басталды

Жолаушылар мінген бағыттық автобустың

аударылуы

Қала тұрғыны экологиялық жағынан таза

көлік үшін патент алды

Жолаушылар мінген бағыттық автобустың

аударылуы салдарынан жолаушылар қаза

тапты

АЭС-сын салуға қарсылық акциясы

басталды

Қала тұрғыны экологиялық жағынан таза

көлік үшін патент алды

Қала маңында экологиялық аймақ ашылды

Қала маңында экологиялық аймақ ашылды Жаңа өндіріс орны ашылды

Мұнда автобустағы қаза болған жолаушылар туралы сюжет бірінші

берілуі тиіс. Бұл жай ғана криминалдық оқиға емес, әр адамның жүрегін

ауыртатын қайғылы жағдай. Тіпті, сіздің көрерменіңіздің өз көлігі болса

да, оның балалары, ата-анасы, таныстары мен жақындары автобусқа

мінеді. Құлаққа түрпідей тиюі мүмкін, бірақ тас жолдардағы көлік апаттарына

біз әбден үйренгенбіз. Ал, қоғамдық көлік қоғам түсінігінде ең

қауіпсіз орын болып табылады. Ал, бұлай болмаса ше? Онда жағдайды

ашық айту қажет.

Бірінші нұсқада эмоционалды нүкте шығарылымның ортасына

шоғырланған. Көрермен экомобиль мен жаңа аймақ туралы ақпаратты

қабылдай алмайды. Екінші нұсқада эмоция барынша теңгерілген және

көрермен назары жағымсыз материалдан жағымды сюжетке ауысады

(жаңа өндіріс орнының ашылуы).

ҚОРЫТЫНДЫ

Ақпараттық шығарылымды біртұтас дүниеге айналдыру үшін осы

ұстанымдардың бәрін ескерген жөн. Материалдың ішінде не барын,

оның не туралы екенін, оқырман үшін қандай «салмаққа» ие екенін,

бейнекартинасының қанықтығы мен синхрондарының аз-көптігін есте

ұстау қажет. Блок құрып, оның барынша эмоционалды шығуы үшін,

тақырыпты өрбітіп, бағдарлама екпіні мен ырғағын сақтап қалу үшін ол

| 311 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

материалдың қасына қай сюжетті орналастыруға болатынын бағамдау

қажет.

Енді материалдар ретіне ықпал ететін қағидараларды ескере отырып,

ақпараттық бағдарлама жасап көрелік. Айталық, біздің көрерменіміз 30

жастан асқан ер азамат болсын.

Сонымен, бүгін біздің журналистеріміз төмендегі материалдарды түсіріп

әкелді:

• Әлеуметтік қорғау басқармасындағы дау: қарттардың жәрдемақысы

берілмей отыр

• Жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы

• 25 қабаттан тұратын жаңа ғимарат үлкен олқылықтармен салынған

және қирау қаупі төніп тұр

• Ауруханалар кәсіби маман тапшылығын тартуда

• Қалада тұңғыш рет түні бойы жұмыс істейтін супермаркет ашылды

• Қалада жетім балаларға арналцған қайырымдылық шарасы басталды

• Жастар бірлестігі бос жатқан жерлерді баскетбол алаңына айналдыруда

• Дәрігерлер 50 градус ыстықта жұмыс істеуге қарсы

• Жөндеуге байланысты жабылған тас жолдар мен қозғалыс схемасы

• Қалаға жүрек ауруларын емдейтін жаңа аппарат сатып алынды

Верстка

Қалада тұңғыш рет түні бойы

жұмыс істейтін супермаркет

ашылды

Дәрігерлер 50 градус ыстықта

жұмыс істеуге қарсы

Жөндеуге байланысты

жабылған тас жолдар мен

қозғалы схемасы

Верстканың логикалық құрылымы

Репортаж – хронометражы 1.30. Бұл жаңалық біздің

көрермен үшін қыцзық, өйткені, ол осындай дүкендерге

барып сауда жасайды.

Мағыналық байланыс (көпір). Түнде өмір цжандана

түседі. Өйткені, күндізгі аптап апшыңды қуырып

барады. Материалда ыстыққа күйіп жұмыс істеп

жатқан адамдарға қатысты бейнекадрлармен беріледі.

Хронометражы 2.00, бұл шығарылым динамикасын

сақтауға көмектеседі.

Графика. Хронометражы 1.00 Тым жақсы бейнекадрлары

бар екі үлкен материалдың ортасында тұр. Бұл

шығарылымның тартымдылығын сақтауға көмектеседі.

Проблемалық сюжет, апат жағдайындағы үйден

25 қабаттан тұратын жаңа

түсірілген кадрлар өте қызықты. Тексерушілердің,

ғимарат үлкен олқылықтармен

құрылысшылар мен осындағы пәтерлерге қаржы

салынған және қирау қаупі

құйған адамдардың эмоцияға толы синхрондары.

төніп тұр

Хронометражы - 2.30.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 312 |

Жылжымайтын мүлік

бағасының арзандауы

Қалаға жүрек ауруларын

емдейтін жаңа аппарат сатып

алынды

Ауруханаларда кәсіби

мамандар тапшы

Әлеуметтік қорғау

басқармасындағы дау:

қарттардың жәрдемақысы

берілмей отыр

Қалада жетім балаларға

арналған қайырымдылық

шарасы басталды

Жастар бірлестігі бос жатқан

жерлерді баскетбол алаңына

айналдыруда

КТМ (кадрдан тыс мәтін). Тақырып бойынша түсіретін

бейнематериал аз. Сондықтан хронометражы

үлкен және картинасы жағынан барынша қызықты

материалдан кейін тұр. Хронометражы 1 минут. Алдыңғы

сюжет екеуі тақырыптық блокқа («пәтер мәселесі»)

бірігеді

Репортаж, хронометражы - 1.30. Динамикалық сюжет.

Проблемалық сюжет. Хронометражы 2 минуттан асады.

Оның алдындағы сюжет те медицина блогын құрайды.

Репортаж, хронометражы - 1.30. Проблемалық сюжет.

Хронометражы – 2 минут, бейне картинасы жақсы,

эмоционалды синхрондары бар

Хронометражы 2.30. Жастар бірлестігінен көрініс.

Құрметті әріптестер, естеріңізде болсын!!! Саясат міндетті түрде

бірінші блокта, ал спорт соңғы блокта болуы шарт емес. Сондай-ақ,

жаңалықтарды қылмыстық хроникадан, атыс-шабыс немесе

дау-жанжалдан бастаудың да қажеті жоқ. Бұның бәрі сіздің

көрерменіңіз үшін маңыздылық тұрғысынан өлшенуі тиіс. Егер,

сіздің қаладан шыққан спортшы Олимпиадада алтын медаль алса

және осыған қатысты эксклюзивті кадрларыңыз болса ол материалды

мәслихат сессиясы жөніндегі сюжеттен бұрын беруге әбден

болады. Бұл бағдарлама міндетті түрде өзін-өзі ақтайды.

| 313 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

ТЕЛЕСЦЕНАРИЙ

Игорь Братцев

Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын

мамандар жоқтың қасы (жоқтың қасы дейтінім мен ондай мамандарды

кездестірмедім, бірақ оны мүлдем жоқ деуге аузым бармайды). Сценариді

продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер

де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық

бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке

тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс.

Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы

бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ойөрісі

қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды

етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып

отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының

жұмысы өте қызықты болып табылады.

Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Интернет-ресурстар

қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай

жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тартымды

болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана

емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.

Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың

бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және материалды

іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан

тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценариді жазудан

да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке

ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі

заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те

жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценарилер жазатын сценаристің әмбебап

болудан басқа амалы жоқ.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 314 |

Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап

көрелік.

1. Сценарлық өтініш – бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баяндайтын

құжат. Онда міндетті түрде:

- Жобаның атауы (шамамен);

- Мән-мазмұнын нақты баяндау;

- Мақсатты аудиториясы;

- Хронометражы (хабардың ұзақтығы);

- Эфирге шығу жиілігі (күнделікті, апталық және т.б.);

- Авторлық ұжым құрамы;

- Болжамды шығын – барлық шығын;

- Жобаны іске асыру мерзімі

толық көрсетілуі тиіс.

Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы

шешім осы өтініш негізінде қабылданады.

2. Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты

хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға

сай айтылатын диктор сөзі (подводка) мен қонақтарды шақыру тәртібі

нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі.

Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны

монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар

құрамы(қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс.

3. Телеөнімнің түріне байланысты сценарилер - ақпараттық

(танымдық, публицистік, ток-шоу және т.б.) және қойылымдық немесе

рөлдік болып бөлінуі мүмкін. Бұл жерде әртістік өнер мен эмоция жағы

маңызды, ал ақпараттық құрамы онша маңызды болмайды. Сценарлық

жұмыс тәсілдері де соған сәйкес болуы қажет. Енді сценарийдің осы екі

түріне нақты мысалдар келтіріп көрейік.

№ 1-ші мысал (ақпараттық сценарий)

«ВСЯ СТРАНА» бағдарламасының сценариі (үзінді).

«Хабар» агенттігі, 2005 жыл.

| 315 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Тақырыбы: «Қазақстандық туризм»

Студия Мазмұны Ескерту

Шапка

Студия

ВМЗ

Ж1(Жүргізуші): Сәлеметсің бе, елім!

Ж2 Кеш жарық!

Ж1 Алдағы сағатта сіздермен бірге…

Ж2. Және ….

Ж1 Бұл «Вся страна» бағдарламасы.

Бағдарламалық «ойналым» (отбивка).

Ж1 «Турист» сөзі әдеби қолданысқа 1800 жылы еніпті.

Шамамен дәл сол кезде Францияда француз тілінің

сөздігіне турист сөзінің мағынасы енгізілген, онда «турист

– бір нәрсені білгісі келгендіктен немесе уақыт өткізу

үшін саяхатқа шығатын адам» делініпті.

Ж2 Ал, бүгінде «уақыт өткізу» жағымды әрі тиімді бизнеске

айналып отыр.

Ж1 – Дүниежүзіндегі көптеген елдердің табыс көзі де осы

туризм болып табылады. Бұл бақуатты елдер тек қана

туризм есебінен күн көреді және елдің туристік нысан

ретіндегі беделін көтеруге орасан зор ақша жұмсайды.

Ж2 – «Қазақстандық туризм». Бүгінгі әңгіме осы тақырып

төңірегінде өрбімек.

Ж1 – Әлемдегі туризм рыногының көлемі 3 трлн АҚШ

долларынан асып жығылады. Туризмнен түскен табыс

мұнай экспортынан кейінгі екінші орынды иеленеді.

Ж2 – Дүниенің төрт бұрышын аралап, жаңа әсерлерге

бөлену үшін ақша төлейтін адамдар саны күн санап артуда.

Ж1 Кешегі күнге дейін Қазақстан мұнайлы держава

мәртебесіне қанағаттанып, сабырлылық сақтап келді.

Ж2 – Туризм саласының қазіргі ахуалы және оның келешегі

жайында ..... (журналистің аты-жөні) материалынан таныс

боласыздар.

Сюжет – саланың ахуалына қатысты анықтама

Сәлемдесу

Ақпараттық сценарилерді жазуда Интернеттің көмегі шексіз. Алайда,

қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын

уақыттың 2/3 бөлігі жұмсалады.

Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан

кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету

қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп

аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы

түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді

маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпылама

сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін

телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 316 |

Жүргізушілердің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кезде

айтатын сөздері белгілі бір ізбе-ізділікпен жазылуы тиіс. «Жүргізушінің

сюжет алдында айтатын сөзін (подводка) жаңалықтар бағдарламасына

тән дәстүрлі тәсілмен «бұл туралы бәленшенің материалында...» деп

аяқтауға болады. Дегенмен еркін жазу үлгісімен, бірақ қалыптасқан шаблондарды

пайдаланбай, сюжеттің мазмұнына және авторына тоқталмай

жазған дұрыс. Мәселен:

Ж1 (жүргізуші) – Қазақстанда шекара әскерінің құрылғанына он екі

жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, кеңестік дәуірде өмір сүріп,

тәрбиеленгендердің санасындағы алыс және жақын шетел ұғымы өзгерген

жоқ.

Ж2 – Біздің бірге өмір сүріп үйренгеніміз соншалық, Мәскеудегі немесе

Ташкенттегі туыстарға, Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып қиындықсыз

демалып қайтуға болатынын біле тұра, олардың мүлдем басқа мемлекеттер

екенін ұмытып кетіп жатамыз.

Ж1 - Өкінішке орай, жақын шетелдер шекарасында да қақтығысты

жағдайлар жиі орын алады. Бұл – шындық.

Сюжет – қазақ-өзбек шекарасындағы қақтығыс

«Ақпараттық» деген терминді ақтау үшін жүргізуші мәтініне статистикалық

мәліметтерқосу қажет. Бірақ оны бірінен кейін бірін тізбектей бермей,

қызықты фактілермен және түйіндермен бөлген жөн. Дегенмен

қатар оның ақпараттық бағдарлама еместігін естен шығармау керек.

Сондықтан онда эмоция мен субъективтік бағалаудың болғаны абзал.

Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жауабын

алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені, келесі

сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін

жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады

және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді.

Егер телебағдарламаға қонақ шақырылатын болса сценарийде оның

студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейнекадрлар

берілетіні (жұмыс, демалыс кадрлары) толық сипатталады.

Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бірнәрсе ала

келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында). Сценарист

бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына

қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп

беру сұралады. Сценарийге осы іс-әрекеттердің бәрі жазылады.

| 317 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Тапсырма: 2 жүргізуші жүргізетін анықтама-сюжетке сценарлық кіріспе

сөз жазып көріңіз. Сцецнаридің тақырыбы: «Қазақстандағы көп әйел алу

мәселесі. Қолдаушылар мен қарсы шығушылар».

Ресейдің «Телевизиялық журналистика» оқулығының телесценарий

бөлімінде атап көрсетілгендей, сценарийдің драматургияның – тақырып,

идея және композиция сынды элементтерінен тұрады.

Тақырып – бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл

көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапынан

ең маңызды деп табылған мәселе.

Идея – бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық

ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл

автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға

ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея

толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен

психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне

байланысты.

Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше

бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі

болуы тиіс.

Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы

анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең

фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар

мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады.

Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының

біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған

фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий

жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка

ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет

болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады.

«Телевизиялық журналистика» кітабының авторлары «еңбек тәжірибесін

енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен

жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың проблемамен

онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды

іріктей білмеуінен туындайды» деп жазады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 318 |

Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты

дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті материалды

жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады.

Композиция – бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық

құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал

дайындау. Бұл –материалды жазу ұстанымы.

Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: «Автор композицияның

көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты

және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге

тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де

көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу

қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге

болады».

Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да

пайдалануға болады.

экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульминация

(шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі)

– шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.

Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен

қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. «Егер сценарист

қайталанатын болса автор ойы тұншығады» деген пікірдің де

жаны бар.

Кейбіреулер мынадай пікір айтады: «Студияда, жүргізушілер жүргізетін

телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың

қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі

тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті,

ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі.»

Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары

болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен

толықтыра түседі.

Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда,

жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем

білмесе де бағдарламаны «ойнатып» әкететіндей етіп баяндауы тиіс.

Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене

алады.

| 319 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық

сценарий үшін аса қажет.

№ 2 мысал. (қойылымдық сценарий)

«Уже проснулись?» таңертеңгілік бағдарламасының сценарийі

(үзінді). «Хабар» агенттігі, 2001 жыл

Тақырыбы: «Құпиясы мол құбылыстар» (оқиға қазіргі уақытта,

кәдімгі №13-ші пәтерде өрбиді)

Жүргізушілер:

Роза-апай

Валера

Андрей

Реквизит:

«Ильич» кепкасы, кеудеге тағатын қызыл бант, қару салатыны бар қайыс

тағылған екі комиссарлық былғары бешпет, қызыл орамал, сыпырғыш,

ыдысқа отырғызылған үй өсімдігі, шелек…

№1-СЦЕНА

Бөлмеде үстел, оның үстінде орындық тұр. Орындықтың арқасынан

сыпырғыштың басы қылтияды. Бұл – ойдан жасалған «бронекөлік».

Онда Ленинге қойылған ескерткіш құсап тұр (басында кепка, кеудесінде

қызыл бант). Оның алдында таңданысын жасыра алмай Андрей мен

Роза апай тұр. Үстерінде былғары бешпет. Оқиға түс пен өңнің арасында

өтіп жатыр.

Валерка: (сақауланып)

- Жұмысшы және студент, депутат жолдастар және үй бикелері! Біз

ұзақ уақыт бойы күткен революцияның жолы болмады.

Роза-апай:

- Не! Тағы ма!?

Андрей:

- Тағы емес, қайтадан…

Валерка:

Бәрі жақсы деуге болмайды! Империализм акулалары шіріген тістерін

ақситып, пролетариаттың нақ жүрегіне – оның, сүйікті көсеміне ауыз

салмақшы, жолдастар!

Роза-апай:

- Жетер! Мен көмек шақырамын!!

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 320 |

Валерка: ( Роза апайға қарап)

- Қажеті жоқ! Мен қазіргі кезде Кеңестің сеніміне кіріп алған Керенский

үкіметіне қарсы көтерілуге шақырып тұрғам жоқ. Оны құлатуды талап етпеймін,

тынымсыз еңбек пен жүйелі бұғаулау арқылы келісім партиясын

қоғамнан аластауды сұраймын.

Андрей:

- Қане-қане… Мынау сәуір тезистері ғой… Сценарий авторы – Владимир

Ильич Ульянов. Жазылған жылы – 1917.

Валерка: ( Андрейге көзін сүзе қарайды)

- Ал сіз, әкей, кім боласыз… Пролетармысыз!? Ауыл қалай күн көріп

жатыр!?

Андрей: (абдырап)

- Рахмет, жақсы. Бірақ, әлгі «құлақтар» Павлик Морозовты сатып кетті

Валерка:

- Қандай оңбағандық! Мемлекеттік басцқарудың жаңа түрін енгізуді

ұсынамын – пролетариат үстемдік етсін, ал әлгілерді тап ретінде жою керек!

Экономика саласын (саусақтарын бүге бастайды) мемлекеттендіру,

тәркілеу, экспроприациялау (бір таптың өндіріс құралдарын екіншісінің

тартып алуы), мен стерильдеу… жо-жоқ, қалай еді… пайдаға асыру

қажет. Мен №13-ші пәтердегі Жұмысшы депутаттар кеңесін қоғамдық

өндіріс пен материалдық игіліктерді таратуды бақылауға шақырамын.

(Роза-апайға қарап) Наденька! Көгершінім-ау! «Пролетариатты азат

ету одағында» не істеп жүрсіз? Пролетарлық «Искра» газетінде жарнама

жоқ!!! Революциялық күреске қажетті ақшаны бізге неміс империалистері

беруі керек пе сонда?! Сіздіңше, солай ғой!?

Роза-апай: (Андрейге қарап):

- Ұлы адам! Ұлы данышпан… бірақ өте қарапайым… көздері сондай

мейірімді…

Валера (Андрейге):

‐ Ал сіз, көгершінім, студентсіз бе? Неге конспект жазбай тұрсыз!? Бұл

мұрағат үшін маңызды!!! Оның үстіне сәуір айы…

Роза-апай:

- Сәуір!!! Бүгін нешесі…

Андрей:

- 22-сі... Әлемдік пролетариат көсемінің туған күні

Роза-апай:

- Туған күніңізбен Володя…

Валерка:

- Бұл мәселеде де кемшіліктер жетіп артылады... Мойындау керек,

| 321 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

жолдастар, туған күн жылына бір-ақ рет болады.

Бұнымен келісуге болмайды!!! (Андрейге қарап) – Феликс Эдмундович,

шара қолданыңыз…

Андрей:

- Болды, жетер…(Валерканы орындықтан түсіріп, жұлқиды). – Оян!

(Бәрі ояу, кәдімгі киіммен тұрады)

Валерка: ( өз-өзіне келеді)

‐ Жетер, мені жұлқылама… Жынданып кеткеннен саумысың… Демалыс

күні – ұйқы берсеңдерші.

Роза-апай:

- Қайырлы таң, Валерка!!! (Андрейге қарап) – Байғұс-ау! Ол ұйықтап

жүрген екен ғой!

Андрей:

- А, солай ма!!! Қазір оятамыз!!! Қане, жаттығу жасайық…

БОЙЫҢДЫ СЕРГІТ айдары

Қойылымдық немесе рөлдік сценарий жазу көркемдік тұрғыдан алып

қарағанда өте қиын. Онда ақпарат пен көңіл-күй беріп қана қоймай, сценарийді

матефоралармен, әзілмен, ирониямен, сарказммен ... байыту

қажет. Бұл жерде тек Интернет-ресурстармен шектеліп қалуға болмайды.

Сценарий жазғанда білім қорын, көркемдеу мен драматургиялық шеберлік

таныту талап етіледі. Ол үшін афоризмдер, сентенциялар мен

әзіл-әңгіме жинақтарын пайдалануға болады.

Жүргізушілерге келер болсақ, олардың актерлік қабілеті болуы

тиіс, кәсіби актер болса тіпті жақсы. Ондайда сценарист кез-келген

драматургиялық әдісті пайдала алады және оның қалай шығатынын ойлап

бас қатырмайды.

Қойылымдық немесе рөлдік сценаридің бастан-аяқ логикалық байланысы

болуы шарт емес. Бұндай сценаридің бір қойылымы екіншісіне

мүлдем ұқсамауы да мүмкін.Сонымен қатар бұл сценариде: қимылқозғалыс,

ым, дауыс ырғағы, қажетті заттар, жүргізуші киімдері, т.б.

толық жазылады.

Қойылымдық сценариде жүргізушілердің әр қайсысының мінез-құлқын

анықтап, олардың сомдайтын рөлдерін де соған қарай бөлу қажет.

Қойылымдық сценаридің егжей-тегжейлі жазылатынына қарамастан,

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 322 |

онда жүргізушінің ойдан шығару қабілеті болуы шарт. Ақпараттық сценарий

бұны талап етпейді.

Қойылымдық сценарилерде айдарларға немесе сюжеттерге байланып

қалудың қажеті жоқ.

Айтқандай, қойылымдық сценарий жазудың белгілі бір қатып

қалған ережесі жоқ. Бұнда ең бастысы – шығармашылық, тағы да

шығармашылық!

Тапсырма: Төмендегі өлшемдер бойынша қойылымдық сценарий

жазып көліңіз (бір бөлігін). Жанры – көңіл көтеру; тақырыбы

– Жаңа жыл; қатысушылар – үш адам (Аяз Ата, Қар Қыз және Мыстан

кемпір). Олар Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің Қазақстан үшін

маңыздылығын талқылайды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

«Телевизиялық журналистика», Мәскеу университетінің «Высшая Школа»

баспасы, 2002 ж.

| 323 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

ЕЛДІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІН КӨТЕРУ – ЖҰМЫС ПА ӘЛДЕ ШЕБЕРЛІК ПЕ?..

Екатерина Волкова

Егер кәсіби қызмет ретінде радионы таңдаған болсаңыз, айта кетейін:

бұл - өте қызықты және адамның жан-дүниесін еліктіріп әкететін жұмыс.

Бірақ, сіз адамдармен әңгімелесе білетін, өзіңізді және адамдарды жақсы

көретін жан болуыңыз шарт. Және осыны өз дауысыңызбен, жүректен

шыққан сөздермен жеткізе білсеңіз ғана сіз радио журналист бола аласыз.

Бірақ, радиода жұмыс істеу үшін бір ғана шешендік аздық етеді...

РАДИОДА ЖҰМЫС ІСТЕУ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН КЕМШІЛІКТЕР

«Ретро» радиостанциясында бес жыл диджей қызметін атқарып

(оған дейін бірнеше жыл бойы газеттер мен телеарналарда жұмыс істедім)

және эфирдегі әріптестеріммен жақын араласқаннан кейін мен

өзге мамандықтардағы сияқты радионың да өз «кемшіліктері» мен

«артықшылықтары» барын түсіндім.

Бірінші. Бүгінгі таңда қазақстандық радио барынша көңіл көтеретін және

коммерциялық эфирге айналып барады. Әйтеуір мемлекеттік радиостанциялар

саны өте аз (Алматыда біреу ғана). Олардың мүмкіндіктері

де шектеулі. Мемлекеттен бөлінетін дотациялар өкінішке орай, ештеңеге

жетпейді.

Жарнама есебінен күнелтетін коммерциялық радиостанцияларда қаржы

да, мүмкіндік те бар. Бірақ, менің ойымша сұраныс аз. Қазір радио эфирлер

ақпараттық-көңіл көтерушілік сипаттағы хабарлармен толығып отыр.

Бірінші кезекте бұл бағдарламаның мазмұнына қатысты мәселе.

Олардың көбінің мазмұны төмен, немесе сәлем жолдап, анекдот айтып,

футболка немесе диск ұтып алуды ғана қалайтын тыңдарманға

арналған. Қазіргі радио бағдарламаларының тоқсан пайызы осылай

толықтырылады. Радио сараптамалық материалдар мен әлеуметтік

тақырыптарды өте сирек береді. Онда негізінен коммерциялық жағынан

ақталған бағдарламалар қуана қолданады. Радиостанцияны бұдан

өзгесі қызықтырмайды. Бұл бір жағынан түсінікті де - өйткені, эфир үшін

қаржы қажет.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 324 |

Сұраныстан ұсыныс туады. Радиодағы қазіргі ток-шоулар мен

жобалардың да тыңдаушысы бар және аз емес. Өйткені, радио –

бұқаралық ақпарат құралы.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып дауласпай-ақ қоялық. Себебі,

бұл заман талабы. Мүмкін, 5-10 жылдан кейін бәрі де басқаша болар,

бірақ сол өзгерістердің жақсылыққа апаратынына дау айтатындар ол

кезде де табылады. Оның үстіне, меніңше, радионың көңіл-көтерушілік

функциясының маңызды өнімі бар – ол адамдарды эмоциялық тұрғыдан

жігерлендіреді. Жанды ауыртар оқиғалар мен қауіп-қатерге толы бүгінгі

заманда адамдарға жағымды көңіл-күй сыйлау – тек жұмыс қана емес,

шеберлік дер едім. Және бұл – радио.

Екінші. Телеарна немесе баспасөзге қарағанда радиода жас мамандарды

оқытып, дайындау мүмкіндігі аз. Бұл әрине радионың кемшін тұсы.

Біріншіден, радиостанцияның шығармашылық ұжымы әрі кеткенде он

адамнан тұрады. Сондықтан да жас журналистер үшін бос орын мен

бос эфир уақыты жетіспейді. Екіншіден, радиода тәжірибеден өтуге

немесе тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жоқ десе де болады. Газет пен

журналдар тәжірибе жинақтаушыға шағын ғана бағанды сеніп тапсыра

алады. Телеарнада жас журналист кей сюжеттерді монтаждауға немесе

кішігірім блиц-сауалнама алып келуге жұмсалуы мүмкін. Жалпы, жас маман

үшін онша қиындық туғызбайтын, істей жүріп цехтағы әріптестерінен

үйренуге болатын жұмыстар бар. Радиода бұндай жұмыс мүлдем жоқ десек

қателеспейміз. Радиоға жұмысқа кіру үшін өз қабілеттеріңді көрсете

білуің қажет (алда бұған нақтырақ тоқталатын боламыз).

Үшінші. Кәсіби радио журналист атану үшін арнайы білім мен біліктіліктің

қажеті жоқ. Радионың тағы бір артықшылығы осында. Жұмысқа

орналасқан кезде сіздің резюмеңіздің «білімі» деген тұсына ешкім

мән бере қоймайды. Жасыңыз да онша маңызға ие емес. Ең бастысы

– сіздің дауысыңыз бен сіздің адамдарға не айта алатыныңыз. Одан

арғысы сіздің табандылығыңыз бен радио журналист кәсібінің қыр-сырына

қанығуға деген ниетіңізге байланысты.

Төртінші. Радио басқа БАҚ-на қарағанда барынша оперативті сала, бірақ

ұтқырлық жағынан төмен. Түсіндіре кетейін. Радиода ақпаратты эфирге

дайындау мен беру процесі телеарналар мен баспасөзге қарағанда біршама

қысқа. Ақпараттың тыңдарманға жеткенге дейінгі аралықта өтетін

сатылары аз. Оның үстіне, радио барынша қол жетімді БАҚ болып табылады.

Әсіресе бүгінгі заманда ол үйде де, жұмыста да, жолда да, дема-

| 325 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

лыста да, кез-келген радиоқабылдағышта, тіпті ұялы телефонда да сізбен

бірге. Радионың барынша оперативті болуы да сондықтан. Әрине,

бұл тұрғыдан бүгінде оны интернет желісінің ығыстыра бастағанын

жасыруға болмайды.

Ендеше, радио неліктен мобильді емес деп отырмыз? Бұл радионың

сыртқы емес, ішкі ерекшелігіне байланысты мәселе. Радиоэфирдің басым

бөлігі студияда жасалады. Яғни, журналист немесе диджей жұмыс

барысында ешқайда шықпайды, жұмыс процесі толығымен бір орында

жүргізіледі (репортаждар мен жекелеген акцияларды есепке алмағанда).

Бұл әрине, ыңғайлы. Радиода журналист өзінің түр-әлпетіне, өзі-өзі

ұстау жағына бас қатырмаса да болады, өйткені оны ешкім көріп тұрған

жоқ қой.

Ол директорды да күнде көре бермейді. Радиодағы жұмыс бөлмелері

шағын және тыныш (дыбыс өткізбейтін студия), ол жерге бөгде кісілер

кірмейді. Елестітіп көрші, онда сенің сүйікті әуенің ойнап тұрады,

қолыңда – саптыаяққа құйылған кофе, құлағыңда – құлаққап (наушник).

Тамаша емес пе? Бірақ, осы бір қалыпты өмірге дағдыланған адамда

алға ілгерілеуге деген талпыныс төмендейді:) Бұның жақсы әлде жаман

екенін сіздердің төреліктеріңізге қалдырдым.

Бесінші. Радио – акустика. Ондағы негізгі әрекет – дыбыс төңірегінде,

музыка мен дауыстан құралады. Бұл – жаман. Өйткені, онда көрермен

картинасы жоқ, сондықтан оның орнын толтыруға тура келеді. Ал, бұл

– жақсы. Өйткені, бұдан ерекше, барынша сезімге толы, жанды әңгіме

туындайды.

Алтыншы. Радио бір сәттік қана. Қағазға басылған мәтін немесе телесюжетке

қарағанда радионың мәтінін қайта қосып, қайта-қайта тыңдау

мүмкін емес. Радио материалдары да мұрағатта ұзақ сақталмайды.

Бұл да радионың бір кемшілігі. Бірақ ол сөзбен әсер етудің ең терең

тәсілдерін іздеуге итермелейді – бұл жақсы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 326 |

ДИДЖЕЙ ЖҰМЫСЫ

Каждый день, в этот час,

Даже если неохота,

Я готов петь для вас,

Что поделаешь – работа!

«Круиз»

Радиода істейтінімді естігендер менен ең алдымен «Сіз қандай

бағдарламаны жүргізесіз?» деп сұрайтын. Түсіндіру қажет болады.

Радиодағы диджейдің жұмысы «музыкалық бағдарламалар жүргізушісі»

дегенге келіп саяды. Бірақ, диджей атқаратын жұмыс осымен

аяқталмайды ғой. Тек музыка ғана керек болса адамдар радионы емес,

сүйікті дискілерін немесе таспаларын тыңдар еді.

Радио дегеніміз бұл көңіл-күй. Ал, диджейдің жұмысы –

тыңдарманғдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Әдетте, диджей аптасына бірнеше рет, белгілі бір уақытта, ауысым

бойынша жұмыс істейді (орташа есеппен үш-алты сағат). Диджей

эфирден ән жолдап, үзілістерде тыңдарманымен әңгімелеседі. Әңгіме

өзегі болатын тақырып та сан-алуан. Ол мәдени құндылықтар, тұрмыс,

аспаздық, көше тазалығы немесе қарыз беру, махаббат немесе ақылсыз

бастық туралы сөз етеді.

Әрине, музыка, ән-қазына назардан тыс қалмайды. Бастысы әңгіменің

айтылған әнге сәйкес, немесе осы әнді тыңдаған адамның ойына сәйкес

болуы. Тыңдарман езу тартатындай, ойланып, күрсініп, бір нәрсені есіне

алатындай, бір шаруаны тындырып тастайтындай етіп сөйлеу қажет.

Көңіл-күй – ди-джейдің дауыстан кейінгі екінші құралы. Бірде-бір радио

адамдарды қапаландыруды көксемейді. Радиостанция атаулының бәрі

адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Жұрттың эмоциясына әсер етіп, көңіл-күйін көтеру оңай шаруа емес.

Өйткені, ди-джей де шаршайтын, кейде ауыратын, өмірдің қапалы

күндерін бастан кешетін қарапайым адам ғой. Кеше ғана сүйген қызыңмен

ренжісіп қалып, бүгін махаббат туралы айту, немесе жаңа ғана біреу

көңіліңізді қалдырған кезде сыйластық туралы әңгімелеу екінің бірінің

қолынан келе бермейді. Бұл оңай емес. Диджейдің көңіл-күйі әрқашан

тыңдармандарға берілетіні. Сіз микрофон алдында езуіңіз құлағыңызға

| 327 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

жеткенше жымиғаныңызбен бұныңыз шын жүректен шықпаса тыңдарман

сезіп қояды. Және сізге сенбейді.

Көңіл-күй – ұстап көруге болмайтын дүние, ол материалдық игіліктерден

де маңыздырақ. Диджей өзінің көңіл-күйін жұмыс құралы ретінде

пайдалана білуі тиіс. Бұл жұмыстағы бірінші ереже – нашар көңіл-күй

студияның сыртында қалсын.Ол жұмыс халаты секілді. Сіз оны киіп, микрофон

алдына отырдыңыз. Микрофон қосылған соң өзіңіз туралы ойлауды

доғарыңыз. Эфир уақытында сіз тек қана өз тыңдармандарыңыз

туралы ойлауға тиіссіз.

Сіз көптеген адамды бірнеше секундқа өз әлеміңізге кіргізесіз. Оларға өз

әлеміңіздегі ең үздік дүниені беруге тиіссіз және тыңдармандарға барынша

берілуіге тырысыңыз. Сонда ғана тыңдарман сізге риясыз сенеді.

РАДИО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Радио – көптеген адамдардың (олардың көбі «кадрдың сыртында»

қалады) жиынтық қызметінен тұрады.

Кез-келген радиостанцияның штатында:

- жаңалықтар қызметі (жаңалықтар шығарылымдарын әзірлейтін және

эфирден оқитын журналистер) мен бас редактор (журналистердің

жұмысын басқарады)

- диджейлер (музыкалық бағдарламаларды да солар жүргізеді) және

бағдарламалар директоры (эфирдің бағдарламалармен және музыкамен

толығып отыруына жауапты)

- тақырыптық және ойын-сауықтық бағдарламалардың жүргізушілері

(бұны диджейлердің өздері де атқаруы мүмкін)

- саунд-инженерлер (техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз

етеді, сонымен қатар эфирдің техникалық жабдықталуына жауап береді)

- жарнама бөлімі (онсыз радио эфирге шыға алмайды).

Мен радиодағы өзге қызметкерлердің қосатын үлесіне тоқталмай-ақ,

диджейлер мен бағдарлама жүргізушілерінің қызметі туралы айтқым ке-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 328 |

леді. Өйткені, радио – ең алдымен дыбыс. Бұл – музыка мен дауыс.

Жаңалықтарды тыңдай отырып сіз журналистің даусынан гөрі, оның

мазмұнына көбірек көңіл бөлесіз. Ал, диджейдің даусы сіз үшін

радиостанцияның атымен астасып жатады. Өйткені, ол күні бойы сізбен

бірге. Радио – таспаға жазылған дүние емес. Сіз радио құлағын қашан

бұрап қалсаңыз да әндердің арасынан диджейдің даусын естір едіңіз. Ол

сізбен сөйлеседі, дауласады, көңіліңізді көтереді. Тыңдарман эфирдің

сыртында не болып жатқанын көрмейді, ал диджей болса әрқашан

көз алдыңда, дәлірек айтсақ оның даусы құлақтың түбінде тұрады.

Сондықтан да диджейдің дауысы радиостанцияның «келбеті». Радиода

жұмыс істегісі келетіндер осы жауапкершілікті ұмытпағаны жөн.

Алайда, бір жағынан дауыс – диджейді тыңдарманнан жасырып тұратын

перде сияқты. Біздің бәріміз көрерменнің қабылдауына бейімделгенбіз.

Көрермен картинасы болмаса, біздің миымыз ақпаратты өздігінен

толықтырып, оның ойша суретін сала бастайды. Тыңдарман эфирде

отырған адамды көрмейді, бірақ даусына қарап оның бейнесін көз алдына

елестетеді. Ол қандай адам, жасы нешеде, немен айналысқанды

жақсы көреді, не туралы ойлайды және т.б. Яғни, диджей образы – оның

жұмысындағы басты дүние.

ЭФИРЛІК ОБРАЗ

-Сіз мен білетін пираттардың ішіндегі нағыз бейшарасы екенсіз!

- Иә?! Бірақ сіз мен туралы ЕСТІПСІЗ ҒОЙ!..

Командор Норрингтон мен капитан Джек-Воробейдің диалогы, «Кариб

теңізінің қарақшылары».

Радиода жүргізушінің образы маңызды рөл атқарады. Өйткені, біріншіден

ол ЖЕКЕ ТҰЛҒА. Тыңдарман өзін еріксіз түрде диджеймен салыстыра

бастайды, өзіне жақын, ұқсас (ұқсамайтын) нәрселерді табады.

Бұндай жағдайда ди-джей ол үшін әндердің арасына қосылып мезі

ететін шырылдауық емес, таныс әрі жақын адам. Тіпті оның айтқандары

жынына тисе де сіз оның сөздерін өз көзқарасыңызбен салыстыра бастайсыз.

Басқаша айтқанда, сіз эфирге «қосылдыңыз» деген сөз.

Бұл ди-джейдің мақсаты кез-келген құралды пайдалану арқылы

тыңдарманды «іліп әкету» деген сөз емес. Бірақ, егер сізге ешкім назар

аудармайтын болса эфирдегі жұмыс далаға кетті деп есептеуге болады.

| 329 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

Негізінде радионы бір жерде қадалып отырып тыңдаудың қажеті жоқ.

Үй шаруасын істеп жүргенде, көлікте келе жатқанда... радио сөйлеп

тұрады. Тыңдарман оған жақсы ән, жақсы бағдарлама, жақсы диджей

қосылғанда ғана еріксіз құлақ түреді. Ендеше, диджей тыңадусыз қалмау

үшін тыңдарманның ығына «жығылуы» тиіс.

Сіз «зәкір» (якорь) деп аталатын психологиялық түсінікті білесіз бе?

«Зәкір» деп адамды өзіңе тартуға көмектесетін белгілі бір тәсілдерді,

ым мен сөзді, сөзге екпін түсіру амалдарын атайды. Бұл жерде ымдау,

ишара, сөздер, дауыс ырғағы «зәкір» қызметін атқарады. Міне, радио

жүргізушісі тыңдарман ойын осы зәкірмен жаулап алады. Диджейдің

негізгі мақсаты – назар аударту, адамды өзінің айтып жатқандарын

тыңдауға мәжбүрлеу. Сондықтан жүргізушінің тыңдарманға ұнағаны

әлде ұнамағаны жақсы. Эфирде байқаусыз қалғаннан жаман нәрсе жоқ

(ән айтылып жатыр, біреу сөйлеп отыр).

Әрине, назар аударту жағынан телеарналарға қарағанда радионың

мүмкіндігі аз. Сіз адамның көзіне тікелей қарай алмайсыз, сіз оны, ал

ол сізді көрмейді, бір-біріңнің қолыңды қысып, біріңе бірің қарап жымия

алмайсың. Радио жүргізушісінің қолындағы бар қаруы – дыбыс пен

көңіл-күй. Оны дыбыс пен дауыстың көмегімен тыңдарманға жеткізе

білу қажет.

Тыңдарманды эфирге «қосудың» бірнеше мүмкіндігі бар және олардың

бәрі де сіздің образыңыздың ажырамас бөлшектері:

- дауыс (тембр, ырғақ, екпін түсіру)

- мазмұн (айтатын әңгімең)

- тіл (орамдары, сленг)

- ара-қашықтық (тыңдарманға қатысты ұстанған ұстаным)

- харизма (жүргізушінің бедел-ықпалы)

Бұның негізгі рөл атқармайтынын айта кеткім келеді. Радиода адамның

ҚАЛАЙ айтқаны да, НЕ айтатыны да маңызды.

РАДИО ТІЛІ

Визуалдық картинаның болмауына қарамастан (немесе соның

арқасында) радио аудиторияға әсер етудің орасан зор мүмкіндіктерін

ашады. Дауыс үндестігі, сөйлеу ырғағы, логикалық және эмоциялық

екпін түсіру, сөйлеу қарқыны – бұның бәрі де оқырманмен әңгімелесу

тәсілдері болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 330 |

Тіл, музыка, шу, монтаж - радионың түсіндіру құралдары. Осының ішінде

ең басты рөлді сөз атқарады. Өйткені, ол негізгі ақпаратты жеткізу

құралы, қалғаны оны толықтырып, әсерлендіріп тұрады.

Радиодан берілген кез-келген жарнаманы мысалға алып көріңіз. Диктор

тарапынан айтылған жай ғана мәтін тыңдарманды қызықтыра қоюы

екіталай. Бірақ оған музыка, дыбыстық эффектілер (өзеннің сылдыры,

ашылып жатқан қораптың дыбысы, сұйықтықтың бүлкілдеуі) қосылған

жағдайда Сіз оған еріксіз құлақ түресіз (бірақ мәтіндегі ақпарат сол

қалпында қалдырылды).

Бүгінгі радиода монолог басымдықпен қолданылып жүр. Бір жағынан,

монолог - әңгімелесушінің жауабына есептелмеген, адамның өз-өзіне

арналған әңгімесі. Бірақ радио эфиріндегі монологтың айырмашылығы

– ол белгілі бір адреске арналады, оның мақсаты – аудиторияға ықпал

ету.

Радиода айтылған сөздің басты ерекшелігі де осында.

Жүргізуші ӘРҚАШАН белгілі бір әңгімелесушімен сөйлесуге бейімделгендіктен

сол адамның тілінде сөйлеуі тиіс. Сондықтан радионың

тілі кітаптың немесе газеттің тіліне қарағанда өзгеше. Радио тілі

– ауызекі тіл. Ол барынша қарапайым және қысқа, онда күрделі

сөйлемдер мен тіл орамдары қолданылмайды. Оның үстіне ауызекі

тіл жазбашаға қарағанда әңгімеге жанды сипат береді.

Сонымен, радио тілінің айырмашылығы қандай? Ең алдымен,

қарапайымдылық, түсініктілік және қысқалық. Эфирден айтылған

сөз үлкен аудиторияға арналған. Сондықтан радио тілі қарапайым, қысқа

және түсінікті болуы тиіс. Қиындатып, ақылгөйсіп сөйлейтін жүргізуші ешкімді

де қызықтырмайды. Жұртшылық ашық, қысқа сөйлейтін жүргізушіні

қалайды. Радио ұзақ, күрделі тіркестер мен құрмалас сөйлемдерді

көтермейді. Тілді барынша оңайлату дегеніміз – оны «тұрмыстық

деңгейге» түсіру деген сөз емес. Бұл – тілдің барынша түсінікті және

анық болуын қамтамасыз ету.

Радио тілі барынша бейнелі болуы тиіс. Ол тыңдарман миындағы

картинаның орнын толықтыруы қажет. Радио мәтіні тыңдарман эмоциясын,

теңеу тудырып, ақылына емес, жүрегіне, жан-дүниесіне қозғау салуы

тиіс.

Радио тілі ырғақ (интонация) жағынан бай. Сондықтан да ол ӘРҚАШАН

| 331 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

ақпарат пен оны жеткізушінің ақпарға деген қарым-қатынасын, оның

даралығын көрсетеді (бір мәтінді әр адам түрлі етіп, өзінің оқу үлгісімен

оқиды). Сондықтан радиода сөйлеп тұрған адамның (жүргізуші, журналист,

ди-джей) жеке басы үлкен мәнге ие.

Радионың тілі ауызекі тіл. Сондықтан онда ауызекі сөздер еріксіз тіл

ұшына оралады. Мәселен, «сәлеметсіз бе»-нің орнына «сәмәтсіз ба»

сынды күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сөз түрлері еніп кетеді.

Бұны мүлдем болдырмау әрине, мүмкін емес, дегенмен тырысуға болады.

Жүргізушінің сауаттылығы өте маңызды, сол арқылы көрермен

де оның деңгейіне қарай ойысады. Өйткені, ауызшаға қарағанда жазбаша

мәтіндегі қателерді түзеу оңайырақ. Бұрыс айтылған сөзді он рет

естісең, өзіңнің дұрыс сөйлеп тұрғаныңа күмән келтіре бастайтының

рас.

РАДИО ПІШІНІ

Әр радиостанцияның өз пішіні бар. Пішін – бұл радиостанцияның «бетәлпеті»,

оның мазмұны. Әр радиостанцияның өз тыңдарманы бар, оның

пішіні де сол тыңдарманды қызықтыруға, өзіне тартуға бағытталған.

Егер «орташа» тыңдарман (тыңдармандардың көпшілігі осыған жатады)

өзгерсе, радионың пішіні де өзгеріске ұшырайды. Радиостанциялар

тұрақты түрде маркетингтік зерттеулер жүргізіп отырады. Сол арқылы

тыңдарманның, олардың мүдделері мен көңіл қалауының қай бағытқа

өзгергенін бақылайды.

Пішіннің құрамдар бөліктері:

- Аудитория. «Орташа» тыңдарман – оның жасы, жынысы, әуестенетін

дүниелері, әлеуметтік және отбасылық жағдайы және т.б.

- Музыка. Жанрлары, орындаушылар, уақыт кезеңі, әннің тілі, стилі,

бағыты. (Бағдарламалардың әнмен әрленуі, имидждік ойналым да*

осыған жатады).

- Жаңалықтар. Шығу уақыты, тілі, ақпаратты іріктеу және топтастыру,

беру).

- Дауыс. Журналистер, диджейлер, бағдарлама жүргізушілері. Тембр,

екпін, дауыс ырғағы.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 332 |

- Бағдарламалар. Жанрлары, тақырыптары, шығатын уақыты, ұзақтығы,

мақсаты, міндеті.

- Беру.* Ақпаратты беру стилі, әдісі, үлгісі.

- Қамту аймағы. Республика, қала, ауыл.

Пішінге не «сыймайды»:

- Сәйкес келмейтін музыка. (Дима Билан «Ретроға» сай келмейді).

- Сәйкес келмейтін тіл. Тыңдарманға жат сөздер, дауыс ырғағы, беру

тәсілі. («Ретро» радиосында сленг, кекетіп-мұқату, әдепсіз әзілдер айту

орынсыз).

- Сай келмейтін ақпарат. Диктордың кіріспесі сөзінде (подводка),

ақпараттық жаңалықтар мен бағдарламаларда. («Ретро» радиосында

«Нашествие» фестивалі туралы айту орынсыз).

- Жат бағдарламалар. («Ретро» радиосында жыныстық қатынас,

жастардың субмәдениеті туралы айту орынсыз).

Пішін дегеніміз – қалып. Радиоға жұмысқа тұру үшін алдымен өзіңе

қай радиостанцияның пішіні жақын, қайсысы қызықтыратынын анықтап

алған жөн. Және сіз оған сәйкес жұмыс істей аласыз ба немесе не

ұсынасыз, оны немен толықтыра аласыз, осы жағын ойланыңыз.

КЕЛЕШЕК КӘСІПҚОЙЛАРҒА КЕҢЕС

Не надо, не грусти, поставь любимую пластинку

И скажи себе тихо-тихо,

Что ты супердиджей!..

«Дискотека Авария»

Егер сіз радиода жұмыс істейтін болсаңыз нағыз кәсіпқой маманға айналады

деп үміттенемін. Тыңдай білетін, жүректің түпкірінде жасырынып

жатқан сырларды суыртпақтай білетін адамдар болады. Бірақ, оны махаббатпен,

шын ықыласпен және абайлап істеген абзал.

Сонымен, ең біріншіден «жұлдыз ауруынан» сақтаныңыз. Мен

мұны шынымен де айтып отырмын. Сіздің даусыңызды тани бастаған

кезде, эфирге қоңырау соғып, алғыс айтылғанда, туыстарыңыз бен

жақындарыңыз сіздің радиода жұмыс істейтін «бәленше» екеніңізді

| 333 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

айтып, мақтанғанда... бақыттан басыңыз айналатыны рас. Және бұл

әрі қарай ілгерілеуге кедергі келтіреді. Сондықтан, жетістіктеріңіз

үшін қуанбаңыз демеймін, бірақ жеткен биігіңізде қалып қоймауға

тырысыңыз.

Бірден үлкен жобадан немесе радио бағдарламадан бастамаңыз.

Егер сіз бұрын-соңды радиода жұмыс істеп көрмеген болсаңыз өз

идеяларыңызды радио эфирінен шығармақ түгіл, оны елестету де

қиындық туғызады. Ол үшін эфирге шығаруға тұрарлықтай, сұранысқа

ие болатын жоба ойлап табу қажет. Алдымен радионың «ішкі дүниесін»

түсініп, жаныңмен сезіну қажет және қалай жұмыс істейтінін көзбен көріп

алған дұрыс. Меніңше, жұмысты диджейліктен бастаған абзал.

Өз бойыңызда ерекшелік бар ма. Мүмкін сіздің дауыс тембріңіз ерекше

шығар. Немесе «әңгіменің майын тамызатын» шеберісіз бе? Мүмкін, сіз

өте сезімтал жан шығарсыз және елмен бірге қамыға білетін боларсыз.

Әлде күлкіңіз «майдай» жұға ма? Болмаса, еліктіріп әкететіндей тартымды

дауыс иесі шығарсыз. Әркімнің бойында ешкімге ұқсамайтын бір ерекшелігі

болады. Өзіңіздің бойыңыздағы осындай «ерекше қасиетіңізді»

тауып, толықтырыңыз. Сонымен қатар жүргізуші образының радиостанция

пішініне сәйкес болуы керектігін естен шығармаңыз.

Егер сіз енді ғана жұмыс істей бастаған болсаңыз, алғашқы

эфирлеріңізді ерінбей таспаға жазып алыңыз. Бұл өзіңізді тыңдап,

нені өзгерту, нені толықтыру қажеттігін, ненің қызықтырақ шығатынын

түсінуге мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сіздің эфирлік образыңыздың өмірдегі имиджіңізге сәйкес

болуы міндетті емес. Бір жақсысы радиода сізді ешкім көрмейді. Бірақ

кей жерлерде сіздің шынайы табиғатыңыз эфирден байқалып та қалуы

мүмкін. Сондықтан тыңдарманға шынайы, шын жүректен қарымқатынас

жасаған жөн:) Оның үстіне тыңдарман да өзінше сіздің

образыңызды елестетеді. Эфирде өзіңізді батыл ұстауыңызды аудитория

дөрекілік деп, өзіңізді тартымды деп есептесеңіз аудитория сізді

артта қалған адам ретінде қабылдауы мүмкін және т.б.

Кейде хабарласқан адамдар сіздің ұнатпайтынын айтып жатады. Оған

көңіл бөлмей-ақ қойыңыз. Бірден айтайын – аудиторияның бәріне бірдей

ұнау мүмкін емес. Тіпті бір радио станцияның өзінде әр диджейді

«жақсы көретіндер» мен «қаламайтындар» бар. Бірақ «әр саңырауқұлақ

өзінің саңырауқұлақ терушісін күтеді» дейді ғой. Әр диджейдің бірнеше

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 334 |

ондаған/жүздеген/мыңдаған адамнан тұратын өз аудиториясы болады.

Сондықтан бәріне бірдей ұнауға тырыспай-ақ қойыңыз. Бірақ

сіз тыңдармандардың арасында кем дегенде бір адамды ойландыра

алсаңыз онда микрофон алдындағы уақытыңыздың босқа кетпегені.

Осы жерде өз тәжірибемде болған екіоқиғаны айта кетейін.

Бірде менің эфирде айтқан сөздерім өз-өзіне қол салмақшы болған адамды

райынан қайтарған көрінеді (кейін ол маған қоңырау шалып, рахмет

айтты). Тағы бірде бір отбасын ажырасып кетуден сақтап қалыппын,

құттықтау концертінде осындай оқиғаларға қатысты бірдеңе айтқан

болатынмын. Мен бұны тыңдарманды көрмесем де олармен арадағы

эмоционалды, жүректен қозғалған әңгімені өз жұмысымның өзегі деп

білемін.

ДИДЖЕЙДІҢ ЭФИРДЕ ҰСТАНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Енді жас диджейге бірнеше кеңес берейін

1. Эфирге дайындалыңыз.

Менен: «Сіз не айтатыныңызды алдын-ала жазып аласыз ба?» деп

сұрайтын. Мен айтамын: «Алдын-ала дайындалған шығарманың қайқайсысы

да жақсы шығады». Эфир дайындықты қажет етеді.

Егер сіз бағдарлама жүргізушісі болсаңыз, өз бағдарламаңыздың

тақырыбына қатысты ақпаратты (соңғы жаңалықтар, қызықты фактілері,

цитаталар) қарап шығып, жазып алыңыз. Ол сіздің эфирге

шығуыңызға қажетті база болмақ. Сонда ғана сізді тыңдау қызықтырақ

болады. «Көзіме көрініп тұрғанды жырлаймын» деген ұстаным күлкіге

қалдырады.

Егер сіз құттықтау концертін жүргізетін болсаңыз тілектер мен өлең кітаптарды

қарап шығып, өзіңізге ұнағандарын жазып алыңыз. Егер диджейлік

ауысымға шығатын болсаңыз, плей-парақшаны* қарап алыңыз,

қай өлеңнен кейін не айтуға болатынын ойлаңыз. Алғашқы күндері

сасып қалып, айтарыңды ұмытып қалмас үшін оны алдын-ала жазып

алған дұрыс. Радиода ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін не айтып, не

қою керектігі жайын ойламайтын да боласыз. Керекті сөздер өздігінен

көмейге құйылып жатады. Кәсіпқойлық деген осы.

2. Қысқа, бірақ қызықты етіп сөйлеңіз.

Қысқалық – таланттың туысы. Әнді аяғына дейін тыңдатпай көп сөйлейтін

жүргізушінің қалай мезі ететінін еске түсіріңізші. Диджей ең көп дегенде

| 335 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

20-30 секундтан артық сөйлемеуі тиіс. 30 секундтың өзінің көптік ететініне

сене беріңіз. Тыңдарманға сүйкімсіз болмас үшін алғашқы уақытта

айтатын сөздеріңді жазып ал дейтінім де сондықтан.

3. Егер микрофонды қосып, не айту керектігін білмей абдырап қалсаңыз

оны сөндіре қойыңыз.

Эфирді «суға» айналдырып, әйтеуір бірдеңе айта салу – кәсіби деңгейдің

төмендігін білдіреді. Егер айтарыңыз болмаса тыңдармандардың ән

тыңдағаны жақсы.

4. Жымия отырып, сезіммен сөйлеңіз.

Микрофон адамның эмоциясын «жұтып қояды». Сондықтан сіз сергек

сөйлеп тұрсаңыз да радиоэфирден бірқалыпты мыңқылдаған дауыс

естіледі. Дауыс жанды шығуы үшін барынша сезімге беріліп сөйлеу

қажет (ненің жетіспей тұрғанын білу үшін эфирдегі дауысыңызды тыңдап

көріңіз). Жалпы, эфирге шыққанда эмоцияны арттырған жөн.

Күлкі бастапқыда дауысты «бояудың» таптырмас құралы болып табылады.

Екі езуіңіз құлағыңызға жеткенше, көңілді күлкімен күліңіз. Бәрібір

сізді ешкім көріп тұрған жоқ қой. Уақыт өтуімен дауыстағы эмоция жетіле

түседі.

5. Эфирде шектен тыс күлме.

Эфирде күлуге болады екен деп ұзақ уақыт күлудің қажеті жоқ. Егер

күлкіңіздің «майдай жұғатын» қасиеті болса соны пайдаланыңыз. Ал,

әдемі күле алмайтын болсаңыз күлмей-ақ қойғаныңыз дұрыс. Эфирде

алуан-түрлі күлкілі жағдайлар болады. Мәселен, біреудің ат-жөні күлкілі

болады немесе әріптестеріңіз күлкілі бірдеңе айтады (әзілдеу жағынан

радио журналистері ешкімге дес бермейді). Дер кезінде тоқтай білу

қажет. Өйткені, сіздің директорыңыз әзілді жақсы көрмейтін адам болуы

мүмкін. Мәселен, менің бір әріптесімді эфирде отырғанда күлкі қысып,

футбол матчтарының кестесін селкілдеп отырып әрең оқып бітірген. Содан

кейін ол жұмыстан шығып кетті. Сондықтан, микрофон өшірілгеннен

кейін қалағаныңызша күле беріңіз.

6. Эфирге шығып болғаннан кейін микрофонды сөндіруді ұмытпаңыз!

Жас мамандар микрофонды өшіруді жиі ұмытып кетіп жатады.

7. Бір рет эфирге шығу – бір ой айту.

Радионы ешкім қадалып тыңдамайтынын айттық. Оны тыңдап отырған

(жүрген) адам бірнәрсемен шұғылданып жатады не басқа нәрсені ойлап

отырады. Сондықтан оның назарын аударуға тырысу қажет. Ой қанша

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 336 |

күрделі болса оны түсіну де соншалықты қиындайды. Сондықтан ауыр

орамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Сөз тіркесі қанша қысқа болса

соншалықты жақсы.

8. Диджейдің әзілдері елдің бәріне түсінікті болуы тиіс.

Ең үздік шыққан әзіл – диджейдің өзін емес, тыңдармандарды күлдірген

әзіл. Өйткені, жұртқа түсінікті етіп әзілдеуге тырысу қажет және эфирде

«өзара» әзіл айтудың қажеті жоқ (кейде диджейлер өздеріне ғана

түсінікті бірдеңелерді атып күліп жатады).

9. Ыңғайсыз жағдайға қайта оралудың қажеті жоқ.

Эфирде түрлі жағдай болуы мүмкін. Айтылып жатқан ән «тұрып» қалады

немесе эфирдегі журналистке ықылық тиеді әлде диджейдің өзі қате жібереді

дегендей. Ондай сәттерге қайта оралып, кешірім сұрап немесе

түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Бұл арқылы сіз кеткен қатені көрермен

есіне тағы да қайталап саласыз (кейбіреулер ол қатені байқамаған, тіпті

естімеген де болуы мүмкін).

10. Эфирде өткен шаққа орын жоқ.

Бірнеше минут бұрын эфирде не болғанын айтудың қажеті жоқ. Ол

ешкімнің есінде қалмаған болуы мүмкін және бұл тыңдармандардың

ашуын келтіреді.

11. Эфирде «жабық» тақырыптар болады.

Негізінде радиостанция үшін «жабық», қозғауға болмайтын тақырыптар

болса оны сізге алдын-ала хабарлайды. Бірақ, әдетте барлық

радиостанциялардың диджейлері саясат, экономика, соғыс/терактілер,

ұлттық/нәсілдік бөлінушілік, діндер, жыныстық қарым-қатынас жайын

сөз етпейді. Бұл тақырыптарды/оқиғаларды жаңалықтарда немесе

бағдарламаларда әңгімелеуге болады. Ди-джейдің осы тақырыптар

жөнінде пікір білдіруге құқы жоқ.

Тағы бір жабық тақырып – балағат сөздер. Эфирде ондай сөздерді

айтуға диджейдің де, тыңдарманның да қақы жоқ.

Эфирде қажетсіз әңгімелерді қалай «жабуға» болады

Сонымен, егер эфирге қоңырау шалған адам «жабық» тақырыптарды

қозғай бастаса не істеу керек?

Бірінші. Эфирдің қожайыны – диджей. Сіздің қолыңызда ондай адамды

эфирден «алып тастау» мүмкіндігі бар. Сондықтан, ең алдымен әңгіме

| 337 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

арнасын қалаусыз тақырыптан бұрып әкетуге тырысыңыз. Балағаттаған

мас адамды эфирден ойланбай ажыратып тастауға болады.

Екінші. Егер әңгімені басқа жаққа бұрып әкету мүмкін болмаса

ол тыңдарманды да эфирден «алып тастайсыз». Бірақ,

оны өзге тыңдармандарға байқалмайтындай етіп істеу керек.

Мәселен, оның сөздерінің үзік-үзік шыққанын күтіңіз – сол кезде

ол эфирден өздігінен ажырап қалғандай әсер тудырады :)

Үшінші. Әзілдеу. Әзіл кез-келген жағымсыз жайдың қыртысын жаздырып,

тігісін жатқызуға көмектеседі. Эфирде ыңғайсыз жайттың болғанын

көрсетпей, оның орнын жеңіл әзілмен жабуды үйреніңіз.

Төртінші. Ұзақ уақыт бойына кешірім сұрап, тым көп әзілдеудің қажеті

жоқ. Бұл арқылы сіз ыңғайсыз тақырыпты дамыта түсесіз. Бірден ол

жайындағы әңгімені тоқтатып тастаңыз. Тыңдармандардың кейбірі

эфирге жаңа ғана қосылды және ол ыңғайсыз жағдайды естіген жоқ.

12. Өз проблемаларыңды айтып тыңдарманның «басын қатырма».

Өз өміріңізде қандай жағдай болса да – сырқат, ақшаның жоқтығы,

сәтсіздіктер, күйзеліс –ешкімге де қызық емес. Күнделікті күйбең тірліктің

кемшін тұстарын айтып тыңдармандардың мазасын алуға болмайды.

Сіздің жұмысыңыз – жақсы көңіл-күй сыйлау.

13. Жаттанды сөздерден* аулақ болыңыз.

Эфирден сөйлеген сөздеріңді тыңдап, жиі пайдаланылатын сөздер мен

тіл орамдарын анықтап алыңыз. Олардан тезірек құтылған жөн, сонда

тіліңіз қызықтырақ шығады.

14. Эфирде тыныштық орнауына жол бермеңіз.

Эфирде жіберілген кез-келген үнсіздік (тіпті секундтық) «ақау» сияқты

қабылданады. Үнсіздік орнын толықтырудың амалын табыңыз –

радиостанцияның атын тағы да қайталаңыз, имидждік ойналымды (отбивка)

қосыңыз, тыңдармандарға қайырлы күн тілеңіз.

15. Эфирде берілген музыкаға қатысты (өзге радиостанциялардың

пішінін) сын айтпаңыз.

Киркоров немесе Тату тобын қанша жек көрсеңіз де, олар туралы немесе

олардың әндері жайында жаман пікір айтуға хақыңыз жоқ. Олар

тыңдармандарға ұнауы мүмкін.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 338 |

16. Тыңдарманды құрметте.

Адамдардың бәрі бірдей емес. Кейде сөйлескенен кейін көңіл-күйіңді

құртып кететін тыңдармандар болады. Бірақ, қалай болғанда да сыпайы

болыңыз. Тіпті тыңдарман сондай сорақы көрінсе де сіз онымен

де өзгелермен сөйлескендей сөйлесіңіз.

Тыңдарманмен ұрысып, балағаттауға, эфирді «базарға» айналдыруға

жол бермеңіз. Сіз – радиостанцияның «келбетісіз». Әрине, мас немесе

әдептен ада кісімен сыпайылап тұруға міндетті емессіз. Оны да эфирден

«ажыратып» тастауға болады, бірақ өзіңіз ашуға берілмеңіз. Телефон

тұтқасын қойғасын немесе микрофонды өшіргеннен кейін ішіңде

қайнап жатқан ашуды ақтарып салуға болады. Бірақ, тыңдарманмен

сөйлескенде сыпайы және әдепті болған дұрыс.

Ескерту: эфирдің өзіне тән «фейс-бақылауы» болады. Егер

хабарласқан адам мас, мықты акцентпен сөйлейтін немесе тілінің

мүкісі басым адам болса ештеңе түсіндірмей-ақ, оны эфирден «ажыратып»

тастауға толық еріктісіз.

17. Тыңдарманға ақыл айтуға тырыспаңыз.

Әңгіме барысында тыңдарманнан гөрі ақылды болып көрінуге тырысудың

қажеті жоқ. Диджейдің міндеті бұл емес, керісінше, ол тыңдарманды

жақсы жағынан көрсете білуі керек.

18. Тыңдарманды алдамаңыз.

Аудиторияның сенімін қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан

тыңдармандарды алдамаңыз (мәселен, ол сұраған өлеңді қосуға уәде

беріп, оны орындамау).

МЫСАЛДАР

Диджейлердің «ұтымды» шыққан сөздерінен.

«…Диман Билан Евровидениеге дәл осы өлеңімен қатысады. Еске сала

кетейін, әндер байқауы 24-мамырда Белградта өтеді. Ресейдік эстрада

жұлдызына сәттілік тілеуді ұмытпаңыз. Ал, біз ән тыңдауды әрі

қарай жалғастырамыз. Ендігі кезекті Дмитрий Колдунға береміз…»

«…Жаңа ғана Алсу мектеппен қоштасты. Иә, шынымен де көңілді

еді-ау, сол күндер. Мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңыраудың

да соғылар сәті таяп қалды. Алда қоштасу кеші, оның арғы жағында

| 339 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

ересектік өмір күтіп тұр. Ал, біздің эфирде Иванушки тобы «Кукла

Маша» әнімен…

Эфирге бұлай шыққаннан гөрі үндемей қалған дұрыс болар еді. Диджей

жаңа ғана аяқталған ән мен келесі әннің орындаушыларын атап

қана қойды. Тыңдарман бұны диджейсіз де біледі. Диджейдің мақсаты

– тыңдарманмен эмоционалдық байланыс орнату. Көңіл-күй – радионың

негізгі өнімі. Сондықтан тыңдарманды «іліп» әкетіп, эфирге «қосу» үшін

сол өнімді пайдалану қажет.

«Қостанай» радиостанциясы толқынына қосылған тыңдармандарға

көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Сіздермен бірге мен, музыкалық

бағдарламалар жүргізушісі.... К-7 тобының «Танец под дождем» әні

бүгінгі ауа-райымен үндесіп жатқандай. Көлік кептелісінде тұрған

автокөлік иелеріне айтарым – қапаланбаңыздар. Жаңбырлы ауарайынан

бұзылған көңіл-күйді қазір Моранди тобы көтеруге тырысады.

Алда жақсы әңгімелер күтіп тұр, сондықтан басқа толқынға

ауыспаңыздар».

«… Міне, жаңа ғана біз Юлия Савичеваның «Как твои дела?» деп аталатын

керемет әнін тыңдадық. Ал, сіздердің қалдарыңыз қалай, менің

құрметті тыңдармандарым? Келесі ән де сіздерге арналады. Ән «Все

будет хорошо!» деп аталады.

Бірінші сөзінде диджейдің өз есімі мен радиостанциясының атын атағаны

дұрыс. Бұны музыка сағаты барысында бір-екі рет істеген дұрыс.

Диджей мәтінінде фактіні тізгеннен басқа ештеңе жоқ. Мәселен, көктем

келді, одан соң жаз, сосын... деген сияқты. «Ән «Қалың қалай» деп аталады,

ал сіздердің қалдарыңыз қалай?..» Диджей әннің мазмұнын айтып

беріп қана қоймай, соған сәйкес әңгімелеуге, жұрттың көңілін көтеріп,

оны диджеймен және әнмен бірге елтіп, жымиюға, анасына қоңырау

шалуға... итермелеуі тиіс. ӨЗІҢДІ, ӨЗІҢНІҢ бір сәттік көңіл-күйіңді эфирге

алып шығу қажет. Ол біреуге тым ыстық, тым жақын болып көрінуі

мүмкін. Сонда тыңдарман сізді тыңдаудан жалықпайды және басқа радио

толқынға ауыспайды.

«Бүгінгі таң қандай тамаша, құрметті тыңдармандар! Меніңше,

терезеден қарап тұрған немесе көшеде кетіп бара жатқан адамның

бәрі менімен толық келісер еді... Ойлап қараңызшы: тамаша таң, Сіз

және радио. Бақыт дегеніміз осы шығар, ең құрыса бұл – жақсы көңіл-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 340 |

күйдің кепілдігі! Мен оның күні бойы Сізбен бірге болуын тілеймін. Ал,

ауа-райының тамаша әсеріне бөленіп отырған Сіздер үшін Витастың

«Птица счастья» әні орындалады. Бізбен бірге болыңыздар...»

Міне, әбден жаттанды болған сөздерді шектен асыра пайдаланудың

нағыз өзі! «Тамаша таң», «жақсы көңіл-күй», «жағымды әсер», «бақыт

дегеніміз»... Бұл сөздердің ешқандай мән-мағынасы жоқ. Олар тым жалпылама,

тым жаттанды сөздер. Диджей үшін таңның немесе өлеңнің кереметі

неде? Оның жағымды әсер деп отырғаны не? Ол үшін бәр сәттік

бақыт дегеніміз не? Оның әрі қарайғы көңіл-күйі қандай болмақ?.. Міне

жоғарыдағы диджей сөздеріне жетпей тұрған жеке ақпарат осындай.

Достар, эфирге негізінен үндемей қалуға болмайтын, адамды бей-жай

қалдырмайтын әндерден кейін шығуға тырысу керек. Сіз эфирге шығар

алдында және шыққаннан кейін орындалатын әнді елестетіп көріңіз.

Тыңдарманға қандай көңіл-күй сыйлағыңыз келеді? Сіз өзіңізді осы

әннен кейін қалай сезінесіз, өміріңізге қалай әсер етеді? Тыңдармандар

осыны білгісі келеді – Сізді сезінгісі келеді.

Өзіңізді жан-жақты көрсетуден қысылмаңыз. Өз тәжірибеңіз, алған

әсеріңіз туралы, өмірден алынған оқиғалар жайында әңгімелеп беруге

болады. Өзіңіздің бүгінгі көңіл-күйіңіз, орындалған әннен алған әсеріңіз,

еске түскен жайлар туралы айтыңыз.

Өзіңді жақсы көру және эфирде «мен-мен» деп кеуде қағудың

айырмашылығы қандай? Соны іздеп көріңіз. Осыны сөзбен берудің бірнеше

мысалын келтіре кетейін.

«… Білесіздер ме, достар, кейде маған сөз – бұл белгілі бір тәртіппен

құрылған әріптер тізбегі сияқтанады. Өйткені, біз сол 33 әріпті ғана

пайдаланамыз ғой. Ал, олардың айтылуы қандай әр түрлі... Мені үнемі

сөздің астарында НЕ тұрғаны қызықтырады. Адамдар «махаббат»

немесе «мама» деген сөздерді айтқанда қандай сезімде болады...

Құшаққа сыймайтынды құшқың келеді!.. Жер бетінде тұратын

адамдардың әр қайсысының жанын ұққың келеді!.. Мүмкін, біздің

жақынырақ бола түсуімізге сүйікті әніміз көмектесер... Келесі композиция

«…Неліктен екені белгісіз, бұл өлең бірінші сыныбым мен алғашқы

махаббатымды еске түсірді. Оның бойы менен екі қарыс төмен болатын

және өзі сондай бірбеткей еді. Ол мектеп ауласынан менің

қоржынымды көтеріп өткенде қатты ұялатынмын. Бірде, үзіліс

| 341 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

кезінде ол менің алақаныма сақина салды – үлкен және жылтырақ...

қайдан алды десеңізші?.. Мен оған күні бойы қызықтап қарай бердім.

Оқытушы байқап қойды да, бізді тұрғызып біраз «тергеді», содан соң

екеуміз ешқашан сөйлескен емеспіз... Содан бері сонша жыл өтті,

менің күйеуім бар. Бірақ мен әлі күнге дейін сол күнді есіме аламын.

Егер мұғалима апай болмаса осы махаббаттың соңы, менің алдағы

өмірім не болар еді деген сұрақ қызықтырады... Білмедім. Бірақ бір

нәрсені анық белімен – өмірде мүмкін емес деген нәрсенің өзі орындалып

қалуы мүмкін. Біздің эфирімізді Дима Билан жалғастырады…»

«…«Секрет» тобы қоғамдық көлікте жолыққан махаббат тақырын

толғайды. Шынымен де солай болып жататын жағдайлар аз емес...

біздің өміріміз – қоғамдық көліктен айнымайды. Ту сыртыңнан біреудің

тыныс алғанын естисің, енді біреу бос орынға отыруға асығады, біреу

жолақысын қадағалап, төлемегендерге айыппұл салып жатады. Сенің

өзің де... осылай істейсің. Бірақ кейде біреулердің сенікөзбен «ішіпжеп»

тұрғанын аңғарасың да, көлік аузы-мұрнына дейін толып тұрса

да орныңды босатып бересің. Өмірде де солай. Ең қарбалас шақта

да махаббатқа орын табылады. Жақсы әннің де әрқашан жүректерге

жол табары хақ. Сіз ... толқынындасыз»

РАДИОҒА ҚАЛАЙ ЖҰМЫСҚА ТҰРУҒА БОЛАДЫ

1-қадам.

Алдымен радиода кім болып (диджей, журналист, саунд-инженер) жұмыс

істегіңіз келетінін шешіп алыңыз. Қай пішіндегі радиода жұмыс істегіңіз

келетінін анықтаңыз. Сол радиостанцияның эфир кестесін мұқият

тыңдаңыз (апта ішінде қандай бағдарламалар береді, мазмұны қандай,

стилі), жүргізушілері мен диджейлерге құлақ түріп көріңіз (олардың ерекшелігі

қандай, дауыстары, стилі мен тіл орамдары, ақпаратты беру тәсілі

қандай). Әрине, біреуге еліктеп, оны қайталаудың қажеті жоқ. Бірақ,

жұмыс істегің келетін радиостанцияның пішініне сай бола білу қажет.

2-қадам.

Өз дауысыңызды сырттан тыңдап көріңіз. Жалпы, табысқа жеткіңіз

келсе өзіңізді де, өзгелерді де көп тыңдаған жөн. Әуелде өз даусыңыз

бейтаныс және жағымсыз естілуі мүмкін, одан қорқудың қажеті жоқ.

Оған бой үйрету керек, өйткені, кез-келген адамның даусы сырттан

тыңдаған кезде өзіне біртүрлі естіледі. Сіздің дикцияңызда кемшілік*

жоқ па, интонацияларға назар аударыңыз. Мүмкін сіз тым жай немесе

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 342 |

ақырын сөйлейтін шығарсыз? Жұмыс жөнінде сөйлесуге бармас бұрын

дауысыңызды жаттықтырып алған жөн.

3-қадам.

Келесі қадам – қоңырау шалу және жұмыс жайын сөйлесу үшін кездесу.

Қайталап айтамын – диджей болып жұмыс істеу үшін сіздің табыстарыңыз

бен білім дәрежеңіз қажет емес. Дегенмен резюме артықтық етпейді.

Оны факс, пошта арқылы жолдағаннан гөрі алдын-ала хабарласып, өз

қолыңмен апарып берген дұрыс. Табанды болыңыз, бірақ жалықтырып

алмаңыз. Бос орын жоқ па? Жақсы, онда сіздің даусыңызды таспаға жазып

алуға болатын шығар? Әдеттте, кез-келген радионың дауыс базасы

болады. Қалай болғанда да алғашқы кездесуде сіздің даусыңызды міндетті

түрде жазып алады. Жұмыс беруші Сізді соған қарап бағалайды.

Сондықтан да сіз оған толық дайын болыңыз.

Егер ұсыныстарыңыз немесе белгілі бір бағдарламаға қатысты

әзірлегендеріңіз болса ол жайында айтуды ұмытпаңыз. Бағдарлама

идеясының флэш-картаға немесе дискіге жазылғанын айтыңыз. «Резюме»

апарып тастағаннан кейін айына бір немесе үш айда бір рет қоңырау

шалып, хабарласып тұрыңыз. Егер сіздің дауысыңыз бен идеяңыз ұнаса

бос орыннан үміткерлер тізімінің алдыңғы шебінен орын аласыз.

4-қадам.

Егер жеке бағдарлама жасағыңыз келсе оның «бастапқы» нұсқасын

жазып апарыңыз (бұл ауызша немесе қағаздағы мәтінге қарағанда

ұтымдырақ). Егер студияға дауыс жазуға келген болсаңыз өз қабілетіңізді

толық көрсетуге тырысыңыз. Дайын мәтінмен, өз сөздеріңізді дайындап

ала барыңыз.

5-қадам.

Қапаланбаңыз. Дикцияңызды жөндеп, дауысыңызды жаттықтырыңыз

(кез-келген дикцияны жөндеуге болады). Тәжірибеден өту жөнінде

өтініші жасап көріңіз. Ертеде жау жүрек қолбасшылар табандылығының

арқасында мықты деген қалаларды да жаулап алған.

| 343 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

Сұрақтар:

1. Сіздіңше, бүгінгі таңда радиолар неліктен тек көңіл-көтеру функциясын

атқарады?

2. Сіз тыңарманға не айтар едіңіз, радиоэфирге өз тарапыңыздан не

қосар едіңіз?

3. Қызықты жүргізетін радиожүргізушілер туралы мысалдар келтіріңіз.

Олардың ерекшелігі неде деп ойлайсыз? Олар ерекшелену үшін қандай

тәсілдерді қолданады? Немесе оларды сізден бөліп тұратын басты ерекшелік

қандай?

Тапсырмалар:

1. Өз қалаңыздағы радиостанцияларды сипаттап беріңіз. Олардың әр

қайсысына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

2. Өзіңіздің эфирлік портретіңізді «салыңыз», ойлап табыңыз. Бірнеше

образ жасасаңыз да болады.

3. Өзіңізге ұнайтын радиостанция эфиріне арнап сөз дайындаңыз және

оқып, жаттығыңыз. Әрине, алдымен сол радио диджейлерінің сөйлеу

мәнерін, тілін зерттеп алған жөн.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

www.teatr-obraz.ru – «Образ» театр студиясының сайты (дикцияға

арналған тамаша жаттығулар бар).

www.onair.ru – ақпарат агенттігінің сайты (диджейлік тәжірибе, радио тарихына

қатысты қызықты оқиғалар жазылады және белгілі жүргізушілер

өз тәжірибесімен бөліседі, кеңестер береді).

www.europaplus.kz – «Европа + Қазақстан» радиостанциясының сайты

(бастамашыл, келешегі бар жастар үшін жол ашатын аз ғана радионың

бірі).

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 344 |

ГЛОССАРИЙ

Диджей – радиодағы музыкалық бағдарламалар жүргізушісі.

Бағдарламалар директоры – эфирдің әнмен және бағдарламалармен

толықтырылуына жауап беретін адам.

Бас редактор – жаңалықтар қызметінің жұмысына жауапты кісі.

Жүргізуші – ток-шоудың, радиодағы тақырыптық бағдарламалардағы

«басты тұлға».

Саунд-инженер – техникаға және эфирдің техникалық жабдықталуына

жауап беретін адам.

Ақпаратты беру – ақпаратты беру пішіні, мәнері, стилі.

Диджей сөзі (подводка) – диджейдің әндер арасында айтатын қысқа

да нұсқа мәтіндері.

Имидждік ойналым (отбивка) – радионың атауын білдіретін қысқа

музыкалық ойналым. Оның түрі көп, жаңалықтар шығарылымын

рәсімдейтін, белгілі бір айдардың немесе бағдарламаның, музыка

сағатының басталғанын білдіретін түрлері де болады.

Плей-парақ – музыкалық сағат барысында ойналатын әндер тізімі. Оны

әдетте бағдарлама директоры құрастырады.

Дикция – сөзді, тілдегі буындарды түсінікті, нық айту деңгейі.

Пішін – радиостанцияның стилі, түрі, мазмұны.

Жабық тақырыптар – эфирде талқылауға тыйым салынған

тақырыптар.

Штамп – әбден жауыр болған, жиі қайталанатын сөздер мен сөз тіркестері.

Бастапқы нұсқа – радиобағдарлама жобасының үлгілік нұсқасы.

| 345 | МАМАНДАНУ – ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО

МАМАНДАНУ – ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 346 |

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ӨМІРДЕГІ PR

Мария Глебова

Өзің туралы ешқашан жақсы нәрсе айтуға болмайды.

Оны қағазға басып шығару қажет.

Жюль Валле

«Кэрри Брэдшоу не представляет …»

Американдық кинолардың ең үздік эпизодтарындағы сияқты классикалық

жағдай. Кеңесші сатандарт қонақ үйдің үлкен кереуетінде отыр (әркез

айрықша коммуникациялық тапсырмамен іс-сапарға шығатын оның

мақсаты – БАҚ-тағы жарияланымдарға пысқырып та қарамайтын ірі монополист

компанияға PR-дың неге керек екенін түсіндіру). Өйткені, PR

керек. «Өзіңді-өзің мақтағаннан гөрі, сені біреу мақтасын» (Дембирит).

Сонымен, мен стандарт қонақ үйде отырып, қалай тіршілік етіп жатқаным

туралы негізгі бөлімді жазып отырмын. Уақыт өте келе PR-мамандығы

заңгер, өнертанушы, журналист сынды беделді мамандықтармен иық

теңестіре бастады. Дегенмен, PR-маманы дегенді кәсіп емес, өмір сүру

стилі деген деген дұрыс.

Бұл кез-келген дереккөзден ақпарат алу, бұл айналаңдағы әлеммен

жақсы байланыс орнатуға айрықша, философиялық тұрғыдан мән беру,

бұл тыңғылықты тексермей айтқан сөздің дұрыс таңдалмаған галстук

сияқты оқиғаның беталысын түпкілікті өзгертіп жіберетінін жауапкершілікпен

ұғыну. Және бұл дегеніңіз күйзеліс, түптеп келгенде .

Қазақстандағы PR-дың қалыптасу кезеңдері туралы айтпас бұрын PRдың

не екенін анықтап алайық:

PR = public relations = қоғаммен байланыс = жамағатты сенімгерлік

қарым-қатынас қалыптастыру үшін ақпараттандыру.

Бұдан – PR шешім қабылдауға көмектеседі деген қорытынды шығаруға

болады.

| 347 | МАМАНДАНУ – ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС

Publicity = паблисити = еске салу (тегін)

Бұл жердегі негізгі сөздердің бірі «ақпарат беру» болып табылады,

өйткені, ақпарат - PR-менеджердің негізгі құралы. Ақпарат беру және

оның әрі қарай таралуы жанға ақысыз ләззат сыйлайтын құбылыс. Эрнест

Резенфорд айтқандай, «бізде қаржы жоқ еді, сондықтан ойлануға

тура келді».

PR-дың сіз қалаған мамандық екенін анықтау үшін төмендегі

сипаттамаларға көңіл бөліңіз:

- Эмоционалдық интеллект

Тыңдай білу, түсінуге деген құштарлық, сендіру таланты, адамдармен

сөйлескен кезде белгілі бір дәрежеде илігу және «еркіндік»

- Жаңашылдық

Дәстүрлі PR-құралдарын шебер пайдалана білу және ерекше ойлау

қабілеті

- Өз ойыңды сауатты түрде баяндай білу қабілеті

Шешендік пен жазушылық қабілет

- Стратегиялық тұрғыдан ойлау

Мақсатқа және оның құрамдас бөлшектеріне объективті тұрғыдан

қарау қабілеті

- Күйзеліске төтеп бере білу

- Эрудиция

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ PR-ДЫҢ РЕТРОСПЕКТИВАСЫ

1990 жылдардың ортасынан бастап 2000 жылдарға дейін Қазақстанда

PR дегеніміз БАҚ-пен оң қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-шаралар

ретінде қабылданатын. Яғни баспасөз мәслихаттарын, брифингтер

мен баспасөз турларын өткізумен шектелетін-ді. Осы кезде Қазақстанда

алғашқы баспасөз клубтары ашылды. Ол үкімет – бизнес – үкіметтік

емес ұйымдар – БАҚ арасында пікір алмасатын ақпарат алаңына айналды.

Сонымен бір мезгілде мақалаларды БАҚ-на ақылы негізде жариялау

немесе «advertorial» басталды. Осы сәттен бастап «жарнама» мен

«PR» жөніндегі түсінік өзгере бастады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 348 |

PR мамандығы 1994 жылы Қазақстанда алғашқы халықаралық PRагенттіктері

ашылған кезден бастау алады. Ол кезде PR-мамандарының

мақсаты жекешелендіру процесіне қатысып жатқан шетелдік

компанияларға қолдау көрсету болатын. Өкінішке орай, ол кезде рынок

соншалықты қарқынды дамыған жоқ және бюджеттік компанияларға шетелдік

әріптестер тарапынан қызығушылық болған жоқ. Бұл кәсіби PRрыногындағы

ойыншылар санының қысқаруына әкеліп соқтырды.

2000 жылдан бастап компаниялар экономикалық дамумен қатар,

коммуникация саласында өзінің «бизнес-бизнеске» деп аталатын

қызметінің көкжиегін айтарлықтай кеңейтті. Сол арқылы БАҚ үшін ғана

емес, әріптестер мен компания клиенттері арасында конференциялар,

«дөңгелек» үстелдер, тренингтер мен семинарлар іскерлік іс-шараларды

ұйымдастыруға және өткізуге сұраныс туғызды.

Осы кезеңде Қазақстанда өз бизнесін алға ілгерілету үшін PRтехнологияларға

жүгінген компанияларды:

- қаржылық

- ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар

- өнеркәсіптік

- энергетикалық

- фармацевтикалық деп бөлуге болар еді.

2004 жылы Қазақстанда PR-нарығының айтарлықтай алға басқаны

байқалды. Мұны рынокта пайда болған ойыншылар – PR-агенттіктер

санының артуы дәлелдеп береді. PR-менеджері қызметін шетелдік

қана емес, жергілікті ірі компаниялар да енгізе бастады. Осы кезде PRагенттіктері

рынок флагманы ретінде клиент логикасымен ойланып,

компания міндеттерін шешуге ғана емес, рынокта оң өзгерістер енгізуге

бағытталған ұсыныстар жасай бастады.

Агенттіктерді төмендегіше бөлуге болады:

- БАҚ-мен өзара байланыс жасауға маманданған агенттіктер

- көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға және өткізуге маманданған

агенттіктер

- PR-консалтинг саласында маманданған агенттіктер

- PR-құралдарын негізгі қызметіне қосымша ретінде пайдаланатын жарнама

агенттіктері

2006 жылдан бері қарай «бизнес-бизнеске» сегментінде барынша күшті

ақпараттық кампаниялар өткізуге деген сұраныс арта түсті. Сондай-ақ,

өндірістік компаниялар және бөлшек саудамен айналысатын компа-

| 349 | МАМАНДАНУ – ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС

ниялар тарапынан қызығушылықтың артуына байланысты «бизнестұтынушыға»

сегментінде интеграцияланған маркетингтік байланыстар

да алға ілгеріледі.

Нәтижесінде жаңа типтегі төрт агенттік пайда болды:

- іскерлік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге маманданған агенттіктер;

- брендингке маманданған агенттіктер;

- интеграцияланған маркетингтік байланыс орнатуға бейімделген агенттіктер;

- тимбилдингке маманданған агенттіктер.

PR-агенттіктердің дамуымен қатар, PR-менеджердің штаттық жұмыс

кестесі мен компаниядағы рөлі де айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі таңда

компаниялардағы қоғаммен байланыс мамандары төмендегі бөлімдерде

жұмыс істейді:

- маркетинг департаменті

- жарнама және PR департаменті

- қоғаммен байланыс департаменті

- бизнесті дамыту жөніндегі департамент

- әкімшілік бөлімі

- баспасөз қызметі

Сонымен қатар PR-маманының бағыну жүйесі де біртіндеп өзгеріске

ұшырады. Негізінде PR-менеджер тікелей компания басшысына

бағынады. РR-менеджердің қызметтік функцияларын жете түсінбеу салдарынан

олар компанияның беделін нығайту міндетімен қоса жарнамашы,

медиа-планердің жұмысын жасауға мәжбүр болады. Бұл маманның

біліктілігін төмендетпесе де оның алдына қойылған міндеттердің толық

орындалуына кедергі келтіреді.

Үрдістер

Бүгінде Қазақстанда PR-дың келесі бағыттары белсенді түрде дамып

келеді:

- БАҚ-пен өзара байланыс орнату

(?) Кез-келген іскерлік басылымды таңдап алыңыз да, ақпараттық негіз

бойынша жазылған материалдар санын жалпы мақала санына шағып,

пайыздық көрсеткішпен есептеңіз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 350 |

Ақпараттық желеу = компания ұсынған ақпарат

- қаржылық коммуникациялар (инвесторлармен өзара қарымқатынас)

(?) Қазақстанның қор нарығы дамуының басты үрдістері жөнінде пікір

білдіретін негізгі спикерлер тізімін жасаңыз.

(?) Қай компаниялар жиі аталады?

- мемлекеттік PR

(?) Қазақстандағы жағымды «паблисити» үлгісі болып табылатын танымал

адамдардың тізімін жасаңыз. Елдің алға ілгерілеуіне олар қалай

ықпал ете алады?

- іскерлік шараларды ұйымдастыру және өткізу

(?) Қазақстанда өткізілетін іскерлік шаралар арасынан іскерлер

қоғамдастығы үшін маңызды деген үшеуін таңдап алыңыз.

(?) Оларды кім ұйымдастырады?

- ойын-сауықтық шараларды ұйымдастыру және өткізу

(?) Бір мезгілде шыққан 5 жылтыр мұқабалы басылымды алып, олардың

басым бөлігі сөз еткен кешті табыңыз.

(?) Кешті кім ұйымдастырғанын анықтаңыз.

(?) Оған шақырылған танымал адамдардың тізімін жасаңыз.

- өнімді және қызметті тұтынушылармен өзара қарым-қатынас

(?) Негізгі деген азық-түліктік 5сауда желісін таңдап алыңыз. Әр

желінің дүкендеріне кіріп шығыңыз. Компанияның өз тұтынушыларын

жаңалықтарымен таныстыруда қандай тәсілдерді пайдаланатынын

анықтаңыз.

- үшінші сектормен өзара қарым-қатынас (Үкіметтік емес ұйымдар)

(?) Интернеттегі іздеу қызметі арқылы үкіметтік емес ұйымдардың соңғы

бір жылда БАҚ-та барынша жиі аталған ұлттық жобаларының топ-5 рейтингін

құрыңыз.

| 351 | МАМАНДАНУ – ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС

- үкіметпен өзара қарым-қатынас

(?) 3 іскерлік басылымды таңдап алыңыз және экономика/шикізат/

фармацевтика салаларында қабылданған заңдар нәтижесі бойынша

жазылған материалдарды салыстырып қараңыз. Сіздіңше, қабылданған

шешім Қазақстандағы компаниялардың қайсысы үшін тиімдірек болды?

- корпоратив ішіндегі коммуникациялар

(?) 3 корпоративтік басылымды таңдап алыңыз, олардың бір-бірінен

айырмашылығы қандай?

(?) Қандай айдарлар ашылған?

(?) Негізінен мақала авторы кім?

- Интернет-коммуникациялар

(?) Ақпаратты Интернет арқылы жариялауға қажетті 10 құралдың тізімін

жасаңыз.

- дағдарысқа қарсы коммуникациялар

(?) Өзіңізге қызықты көрінген даулы мәселені таңдап алыңыз. БАҚ

пен Интернет-форумдар арқылы осы дағдарыстың шешілу барысын

қадағалап отырыңыз.

(?) Оқиғаға кінәлі адам қалай қарайды, не жауап берді?

- корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік

(?) Қазақстандық компаниялардың қайсысы ойыңыздан шығады? Неліктен?

(?) Сол компания қандай да бір әлеуметтік қызметпен айналыса ма?

- бірінші басшыны ұсыну

(?) Имиджі ұнайтын Бизнесменді таңдап алыңыз.

(?) Бизнесменнің өмірінен/кәсіби қызметінен оны негізгі бәсекелестерінен

ерекшелендіріп тұратын 3 сирек факторды табыңыз.

- БАҚ-пен өзара түсіністік байланыстар қалыптастыру, сондай-ақ

көпшілік алдына шығып сөз сөйлеуге қатысты тренингтер

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 352 |

КАРЬЕРАНЫҢ БАСТАЛУЫ – АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ, ҚАЛҒАНЫ АУЫР

ЕҢБЕКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

PR-маманы атану тәсілдері көп. Соның ішінде ең ақылға қонымдысы

мыналар:

- БАҚ. Тәжірибе жинақтауды мерзімді басылымдардың бірінен бастаңыз.

Бұл бірінші кезекте Сізге ақпарат бизнесін, редакцияның ойлау логикасын

түсінуге, оқиғаларды сауатты әрі шынайы көрсете білуге, мәліметтермен

дұрыс жұмыс істеп, ақпарат көздерін табуға мүмкіндік береді. Ақпарат

әлеміндегі тіршілік ырғағын басыңнан кешкің келсе телеарнада немесе

ақпарат агенттігінде тәжірибеден өту қажет.

«Ақпараттық экономикадағы басты қасиет – фактілерді хабарлап,

ақпаратты сата білу». (Томас Вебер)

- PR- агенттік/ event-агенттік/ баспасөз клубы. Қызметті ірі компанияның

баспасөз қызметінен немесе PR-департаментінен гөрі агенттіктен

бастаған дұрыс. Өйткені, сіз онда «оттан да, судан да» өтіп, жұмыс

стиліңізді нақтылап, өзіңіздің кәсіби қабілеттеріңізді бағамдап аласыз.

Жобалардың, клиенттер мен тапсырмалардың сан-алуандығы адамның

қабілетін шынықтырады. Сіз «агенттік адамысыз ба» әлде, «корпорация

адамысыз ба», осы жағын ажыратып аласыз.

| 353 | МАМАНДАНУ – ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС

КЕҢЕСТЕР

ЖАНАР КЕЗДЕ ӨЗІҢ ДЕ ОТ БОП ЖАНАРСЫҢ...

Асхат Еркiмбай

Балам менің, бұл сөзіме бағарсың,

Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.

Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,

Ал басқасын өзің іздеп табарсың.

Т.Молдағалиев

Бізде қазақта: «Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра»

деген мәтел бар. Мақал-мәтелдерді мектеп партасынан

бері пәлсапалық тұрғыдан қарастыруды үйреткендіктен,

оның күнделікті өмірдегі пайдасын сезіне бермейді екенбіз.

Шындығында қазақ журналистикасына қадам басқан әрбір жас

талант үшін мақал-мәтел, нақыл сөз, ырым-тыйымдардың

пайдасы ұшан теңіз.

Бүгінгі ғаламдасу заманында әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс істеу

стилінде де ерекшеліктер байқала бастады. Менің ойымша, қазақ

журналистикасының бір ерекшелігі – тамырын ұлт болмысынан

өрбітетін мақал-мәтелдердегі астарлы ой мен эмоционалдыэкспрессивті

реңктің көптігінде, оны ұтымды пайдалана білуде.

Төменде келтірілген пайымдауларымда белгілі журналистердің

мақалаларына сараптама жасап, мақал-мәтелді қалай пайдаланғаны

турасында мысалдар келтірмейтіндігімді ескерткім келеді. Себебі

тұрақты тіркестерге тұнып тұрған ойлы мақалаларды кез-келген газет

бетінен табуға болады. Ал оның орынды немесе орынсыз қолданғанын

анықтауды өз еншіңізге қалдырайын.

КӨП БІЛГЕННЕН СҰРАМА, КӨП КӨРГЕННЕН СҰРА

Бірде «НТК» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін жақын

досым тақырып тауып беруін өтінген-ді. Газет шығатын күннің қарбалас

болатынын сылтауратып, сыпайы ғана жауаптан жалтармақшы едім.

Кенеттен таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген тосын оқиға

есіме түсе кетті. Алматының көшелері таңертеңгі уақытта көлікке

кептеліп қалатынын жақсы білесің.

| 355 | КЕҢЕСТЕР

Терезеден сыртқа қарап отыр едім, костюм киген жігіт ағасы роликпен

көше шетіндегі жолмен сырғанап кетіп барады. Иығына жолдорбасын

асып алған. Шетелдікке ұқсамайды. Шамасы бір кәсіпкер болар деп

ойлағанмын. Тележурналист досыма осы оқиғаны, әрі қарсы бөлмедегі

әріптес келіншектің қызы кешікпес үшін жұмысына велосипедпен келуде

әдетке айналдырғанын әңгімелеп бердім.

Кейін ол осы тақырыпты пайдаланған, пайдаланбағанын білмеймін,

алайда мен оған қызық тақырып ұсына алдым деп ойлаймын. Себебі,

ролик киген адам арқылы, Алматыдағы өмірдің «батыстанып» бара

жатқанынын, бұған көлік тығындарының себеп болып жатқанын немесе

таяу арада роликтерге деген сұраныстың қымбаттай түсетінін, көшеде

роликпен арнайы жүруге арналған жолдың жоқтығын т.б. мәселелерді

өрбітіп қызықты сюжет жасауға болар еді.

Журналист үшін көру, байқау, білгенін айту өте маңызды екенін мен

сол жолы өз-өзіме тағы бір мәрте дәлеледеген едім. Қазақ қашан

қалт айтқан?!

ҚАЗАҚ ЫРЫМ ЕТЕДІ, ЫРЫМЫ ҚЫРЫН КЕТЕДІ

Белгілі айтыскер ақын Мұхаметжан Тазабековтің аузынан естілген бір

ауыз сөз оның көзқарасын айқындап тұр. Белгілі адамдардың әңгімесін,

теледидарға немесе баспасөзге берген сұхбаттарын оқығанда қандай

мақал-мәтел қолданғанын байқап жүрген жақсы. Себебі әр адам өзінің

мінезіне, білім деңгейіне сай әдеби сөздер қолданады. Байқасаңыз,

депутаттардың көбісі: «Көш жүре түзеледі» дегенді жиі қайталайды...

Қош, айтыскер ақынның «ырымына» оралайық. Сауд Арабияда

діни білімін толықтырып келген соң, Мұхаметжан Тазабековпен

сұхбаттасудың сәті түсті. Қазақ даласында атеизм шаңын жұтып шалажансар

күй кешкен ислам дінін теріс түсіну белең алғаны бар. Мәкеңнің

«қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп отырғаны осы.

Сұхбат барысында оның осы көзқарасын аңғарғандықтан оған қойылар

сұрақтарымның да жөн-жобасы бір қалыпқа келіп қалды.

ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ТОП ЖАРЫП АЙТ

Қолым қалт еткенде интернет кезгенді ұнатамын. 22 наурыз мейрамы

қарсаңындағы мақалаларымды ертерек әзірлеп қойған соң, өз-өзіме екіүш

сағаттық демалыс жарияладым.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 356 |

Ағылшын тіліндегі сайттарды ақтарып отырып: «Қазақ ғалымы НАТО

жүлдесін жеңіп алды» деген мазмұндағы НАТО хабарын көзім шалды.

Дереу оның растығын білмек болып, НАТО сайтына ендім.

Міне керемт, тек хабардың өзі ғана емес, қазақ ғалымы Мұқаш

Бүркітбаевпен болған сұхбаты, салтанатты рәсімде түсірілген

бейнебаянның үзігі де бар екен. Ағылшын тіліндегі сайттардың озып

тұрғаны осы тұс. Олар жалаң ақпарат берумен шектелмейді, бейне

нұсқасын және сөйлеген кісілердің мәтіндерін де орнатып қояды.

Ағылшын тілінде берілген сұхбат және НАТО мамандарының қазақ

ғалымына берген бағасын жинастырып, айналдырған 20-25 минут

ішінде мерекелік нөмірге мақала әзірлеп қойдым. Мақалам араға бір

нөмір салып: «НАТО қазақ ғалымын мойындады» деген атпен шықты.

Досым Қанаттың (Астана қаласында шығатын «Ел» газетінің бас

редакторы) жиғандарынан:

• Журналист жортса – табады, жазса – шабады

• Дәні бар хабардың мәні бар.

• Ойы бар журналист отырмас.

• Ұйқысы бұзылған журналистің рахаты мол.

• Талантты журналист тақымын суытпайды.

• Лездеме – нөмірге берілетін мінездеме.

• Корректор көргіш болса, кезекші сезгіш болса – құп.

• Сөйлемі олақтың ойы шолақ.

• Сауалына қарай сұхбаты.

• Түннің аржағында күн бар, сөздің аржағында үн бар.

• Көзден қорықпайтындар, сөзден қорқады.

• Макет – газеттің сүйегі, тақырып – мазмұнның тиегі.

• Бұрқыратып көп жазғанша, шындықты шырқыратып аз жаз.

| 357 | КЕҢЕСТЕР

НАЗАР АУДАРТУ. БИЗНЕС-ЖУРНАЛИСКЕ КЕҢЕС

Павел Грудницкий

Іскерлік журналистиканы бизнес процесі ретінде алып қарауға болады.

Онда журналист ауқымды ақпарат массивінен қосымша құн

өндіріп алатын өзіндік компания сынды.

Бүгінгі таңда қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби мамандар

үшін өзара бәсекеге түсуге мәжбүр болып отыр. Білікті мамандардың

тапшылығынан журналистер басшыларға шарт қоятындай деңгейге

жетті.

Меніңше бұл масмедиа беделінің артуына қолайлы жағдай туғызады.

Сіздің осы кәсіби журналистика қоғамына қосылуыңызға төмендегі

кеңестердің көмегі тиіп қалар.

№1-кеңес. Білгілі бір салалармен шұғылданыңыз.

Ғалымдардың айтуынша, адамның миындағы ақпарат әр бес жылда

еселеніп артып отырады екен. Сондықтан біздің заманымызда бәрін

танып-білу мүмкін емес. Мәселен, экономиканың белгілі бір секторын:

энергетика, жер қойнауын пайдалану, IT және телекоммуникация т.б.

тақырыптарын жазуға дағдыланған дұрыс.

Аталған секторлардың әр қайсысы бойынша қызықты материалдар

жазуға болады, ондағы тақырыптар өмір бойы азық етуге жетеді. Кезкелген

іскерлік БАҚ-та журналистердің өз «бақшасы» болады. Басылым

қызметкерлері өздеріне бекітілген экономика секторларын кәсіби

тұрғыдан осылай атайды.

Ұзақ уақыт сол «бақшада» жұмыс істеген журналист өзінің жеке пікірін

беріп қана қоймайтын, тереңнен ойлайтын талдампаз-сарапшыға айналады.

Кәсіби маман өзінің секторға қатысты білімінің арқасында

ақпаратты қажетті өнімге айналдырады.

№2-кеңес. «Бақшаны» қалай таңдаған дұрыс.

Бұның екі түрлі жолы бар.

Біріншісі – редакция тапсырмасымен белгілі бір саланы таңдау. Сіз

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 358 |

жұмысқа орналасқан редакция жазылуы жетіспей, ақсап жатқан

секторлардың бірін беруі мүмкін. Бұл компанияға (редакцияға) тезірек

сіңісіп, ұжымдағы беделді мамандардың біріне айналуға зор мүмкіндік

береді.

Бірақ, уақыт өте келе сіздің аталған секторға деген қызығушылығыңыз

төмендеуі мүмкін. Істеп жатқан жұмысың жаныңа қуаныш сыйламайтын

болса жүйкеге қосымша салмақ түседі. Сондықтан, алдымен өзіңізге қай

саланың жақындығын анықтап, ақпаратты тұтынушылардың сол салаға

деген сұраныс деңгейіне көз жеткізіп алу қажет.

Ғарыш саласына немесе кеме жасау өндірісіне деген құштарлығыңызға

бола сол тақырыптарды таңдай салуға болмайды. Әзірге, өнеркәсіптің

аталған технологиялық салалары Қазақстан экономикасына айтарлықтай

үлес қосып отырған жоқ. Сондықтан ол салада сұраныс тудыратындай

материал жазуға мүмкіндік әркез бола бермейді.

Іскерлік БАҚ-ы қаржы мен жұлдызы жанып тұрған бизнес туралы жазуды

қалайды. Ең дұрысы – экономиканың рыноктар мен компаниялар көп

шоғырланған салаларын бетке алу. Сіз таңдаған саладағы компаниялар

саны қанша көп болса, бәсекелестік те соншалықты деңгейде дамыған.

Сондай-ақ, сол салада жүрген адам саны қаншалықты көп болса, сіздің

журналистік материалыңызға деген сұраныс та соншалықты жоғары

болмақ.

№3-кеңес. Неден бастау керек.

Интернеттің пайда болуымен ақпараттық ресурстар көлемі үлкен

қарқынмен артуда. Ғаламдық торда кез-келген саланың жүздеген,

мыңдаған сайты бар. Ағылшын тілін білетіндердің мүмкіндіктері тіпті

арта түсті.

Журналистің материалы жариялана салысымен өзге әріптестері үшін

ақпараттық шикізатқа айналып жатады. Сондықтан қажетті мәліметтерді

Интернеттен алу аса қауіпсіз емес.

Өзіңіздің салалық «бақшаңызға» қатысты базалық ақпарат көздерін мониторингтен

өткізіңіз. Мәселен, рунетте тамақ өнеркәсібіне арналған

500-ден астам сайт бар. Бірақ, ақпарат алу үшін сізге соның 10-15-і ғана

жетіп жатыр. Оларды төмендегі талаптар бойынша бөліп алуға болады:

| 359 | КЕҢЕСТЕР

Салалық сайттар.

Олар көпбейінді БАҚ-қа қарағанда мамандандырылған ақпаратты барынша

көп береді. Мамандандырылған талдау материалдарын оқу

арқылы саланың оң-солын тез ұғынып алуға болады. Салалық сайттар

компаниялар мен мәмілелер туралы мәліметті, өз секторына қатысты

маңызды деген оқиғалардың бәрін беріп отырады.

Саланы бақылайтын мемлекеттік ведомстволар

(министрліктер, агенттіктер, комитеттер).

Аталған сайттарда сала жөніндегі жалпы ақпарат, осы секторға қатысты

мемлекеттік бастамалар, рыноктарды мемлекеттік реттеу тетіктері мен

ресми статистика жарияланады.

Салалық қауымдастықтар мен одақтар.

Бұл ресурстардан салалық рынок, негізгі компаниялар туралы толық

мәлімет алып, салалық бизнестің күрмеуі қиын мәселелеріне қанығып

алуға болады.

Компания сайттары.

Кейбір компаниялардың Интернеттегі сайттары мазмұндық жағынан

бай келеді. Онда рынокқа қатысты болжамдар жасалады, қалыптасқан

ахуалды талдап, зерттеу жүргізіп отырады.

№4-кеңес. Шикізат базасын жүйелендіріп алыңыз.

Интернет-ресурстарды мониторингтен өткізіп, пайдалы ақпарат көздері

тізімін жасап алуға болады. Шатастырып алмау үшін сайттарды қызмет

қағидасына қарай жүйелендіруге де болады. Мәселен, ресурстарды

төмендегідей етіп жүйелендіруге болады:

Сайттың

атауы

Сектор

(мемлекет/

бизнес/

тәуелсіз

аналитика)

Ақпараттың

жаңартылу

жиілігі

Іздеу

жүйесі

бар

ма

Сараптама

және

жаңалықтар

Рыноктар

мониторингі

Мекенжайы

Бұған ақпарат ресурстарының қызметтік сипаттамасын кіргізуге болады.

Оның неге керегі бар деп ойлайсыз? Себебі кейде берілген тапсырма

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 360 |

бойынша мүлдем басқа бағыттағы ақпаратты іздеуге тура келеді.

Егер сізге жаңа мәліметтер қажет болса ақпараттық базасы үлкен, күн

сайын он-лайын режимінде жаңартылып отыратын сайттарды қараңыз.

Егер сізді рыноктық механизмдер қызықтыратын болса, сараптамалық

материалдар базасы бай ресурстарға ауысқан жөн. Мүмкін, белгілі бір

өнімнің бағасына қатысты ақпарат алғыңыз келетін шығар? Онда рынокты

мониторингтен өткізіп отыратын сайттарды пайдаланған дұрыс.

№5-кеңес. Қалдықсыз өнім өндіру.

Ресейлік танымал бинесмендердің бірі ақпарат құралдарына берген

сұхбатында ғаламдық бизнестің даму үрдістері жайында әңгімелеп берген

болатын. Бұрын табысты компаниялар өндірісті оңтайландыру әдісі

бойынша ілгерілейтін болса, қазір олар қалдықсыз өндіріс деңгейіне

шығуға талпынады. Яғни, кез-келген ресурстан қосымша құн өндіріп

алуға тырысады.

Кез-келген ақпарат құралын белгілі бір көлемде ақпараттық материал

шығаратын конвейер деуге болады. Әр журналист – осы конвейердің

бір бөлшегі. Материалдардың саны мен сапасы, оның дер кезінде жазылуы

журналистің сауаттылық деңгейіне байланысты. Сондықтан бірден

қалдықсыз өнім шығаруға машықтанған дұрыс.

Кәсіби журналист күн сайын ондаған материалды оқып шығады. Ол осы

ақпарат «кенінен» болашақ материалына қажетті фактілер мен цифрларды

алады. Ал, әлгі қарап шыққан «кеннің» халі не болмақ? Оның кей

тұстары миға қонса, кейбірі мұрағатқа салынады.

Енді жинақталған ақпараттық шикізатты сапалық құрылымдарға

бөліп алуға болады.

Ең алдымен өз «бақшаңызды» рыноктарға бөліңіз. Мәселен, ауыл

шаруашылық саласын алып қарауға болады. Бұл сектордағы жүздеген

рыноктың ішінде ең ірісі және маңыздысы – астық нарығы. Бұдан астық

нарығының маңызды мәселелері келіп шығады: егіс алқаптары, өндіріс

құралдары (тыңайтқыштар, техника), элеваторлар. Журналист осының

әр қайсысын жеке рынок ретінде алып қарастыруына болады.

Ақпарат жинау барысында рынок құрылымын жасап алыңыз және оны

фактілермен толықтырыңыз.

| 361 | КЕҢЕСТЕР

Егістік алқаптар

Өндіріс көлемі

Сақтау мүмкіндіктері

Экспорт көлемі

Бөлу

Жем-шөп

Ұн

Нан-тоқаш өнімдері

Бидай рыногының құрылымы

Қазақстан

Ақмола облысы

Уақыт өте келе бұны жаңа элементтермен толықтырып отыруға болады.

Мәселен, оған жанар-жағармай мен тыңайтқыштар тұтыну мөлшері;

логистикалық нысандар туралы мәліметтер қосуға болады. Жалпы, саланы

құрылымға бөліп қарастыру рынок қалтарыстары мен тетіктерін

ұғынуға мүмкіндік береді.

№6-кеңес. Көшбасшылардан көз алмаңыз.

Әр рынок компаниялар жиынтығынан тұрады. Олардың ішінде

көшбасшылар, орташалар және өзге компаниялар да бар. Көшбасшылар

мен орташа компаниялар саланың дамуына айрықша ықпал етеді.

Сондықтан олардың қалай дамып келе жатқаны, қайда қаржы салғаны,

жаңа міндеттерді игеру себептері туралы білудің маңызы зор. Негізгі компаниялар

жөнінде жазылған барлық ақпаратты қадағалап қана қоймай,

оларды құрылымдастырып алған жөн. Жоғарыда келтірілген таблицаға

акционерлер, капиталдандыру, еншілес құрылымдар, бөліс деңгейлері

туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады. Мәселен, компанияның

бизнес-үлгісін «тікелей-интеграцияланған холдинг» немесе «ғаламдық

трейдер» деп сипаттауға болады.

Бұл сізге қосымша ақпараттық нім алуға мүмкіндік береді. Егер астық

компаниясын мысалға алатын болсақ, егістік ресурстар, сақтау

мүмкіндіктері және т.б. рейтингін жасауға болады. Визуалдық құрылым

бизнестегі белгілі бір үрдістерді анықтауға мүмкіндік туғызады. Бұндай

материалдар корпоративтік сектордың өз ішінде аса жоғары сұраныс

қалыптастырады.

№7-кеңес. Байланыс базасын кеңейтіңіз.

Менің ойымша, журналист үшін өте маңызды екі ресурс бар: олар

ақпарат пен дерек көздері. Ол өз өнімін осылардың көмегімен өндіреді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 362 |

Әріптестердің материалдарын оқыған кезде сіз олардың сарапшыларға,

компания директорлары мен маңызды мамандарға сілтеме жасағанын

көресіз. Кез-келген рынокта нақты ақпарат беретін спикерлер саны онша

көп емес. Сондықтан оларға қатысты мәліметтер базасының болғаны

дұрыс. Сіздің мұрағатыңызда спикерлер тізімі қанша көп болса, тиісті

ақпарды бастапқы ақпарат көздерінен алу мүмкіндігіңіз де соншалықты

арта түспек.

Сондай-ақ, кәсіби сарапшылармен жиі араласып тұрыңыз. Олар да айналысатын

саласына қарай бөлінеді: қаржы саласы; компаниялар; макроэкономика;

ғылым мен техника салаларының сарапшылары.

№8-кеңес. Макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдаланыңыз.

Іскерлік БАҚ цифрларға, фактілер мен экономикалық көрсеткіштерге

арқа сүйейді. Материал толыққанды болуы үшін әрқашан салаға қатысты

қосымша мәліметтерді пайдаланыңыз.

Статистика агенттігінен өндіріс көлемі, орташа жалақы мөлшері, компания

өсімі және т.б. туралы жалпылама мәліметтерді алуға болады.

Ұлттық банктің сайтында экономиканың несиелендірілуі жөнінде есеп

беріледі және ол ай сайын жаңартылып отырады.

Кедендік бақылау комитетінің сайтында экспорт пен импорттық

құрылымдарға қатысты статистика берілген. Мәселен, сіз белгілі бір

өнімнің қандай көлемде сыртқа шығарылып/әкелініп жатқаны туралы

біле аласыз.

Компаниялардың қаржылық есебін қор биржасының сайтынан табасыз.

Бұл құжаттар қаралып отырған сектордағы экономикалық ахуал мен

бизнес келешегін көрсетіп береді.

| 363 | КЕҢЕСТЕР

МАТЕРИАЛ БЕРУ ШЕБЕРЛЕРІНЕ

Расул Шыбынтаев

Журналист – конвейерге байланған ақын. Оның екі міндеті бар:

аз уақытта, кішігірім қалыпқа көп нәрсе сыйғыза білу және

сыйғызып үлгеру.

Дегенмен шығармашылық деген біздің мамандығымыз үшін таңсық емес.

«Таңертең газеттер клозеттеріне тұншығып» жатса, телесюжеттер – келесі

сюжеттерге ұласады. Әрине, оларды жасағанда біздің әр қайсымыз

бір сағаттық калифке, бір күндік Байронға айналамыз, бір апта бойы

Пушкинге еліктейміз. Алайда, медиарынок тұрақты түрде аса жоғары

жылдамдықтағы әрі сапасы жоғары ақпарат беруді талап етеді. Міне,

осының бәрінің ебін таба білген журналистің ғана аты шығып, жалақысы

артады және карьера баспалдағындағы тасы өрге домалайды.

Ендеше цехқа қайтып оралайық...

Бір журналистік «туындыны» жасап шығару өндірісі жалпы бес сатыдан

тұрады:

1. Ақпарат іздеу

2. Ақпарат жинау

3. Ақпаратты өңдеу

4. Оны әрлендіру, көркемдеу

5. Жариялау

Ақпарат іздеу жас журналист үшін қиынның қияметі. Әзірге оның аты

таныс емес, өзіндік тәсілі, мекемелердің баспасөз қызметтерімен байланысы

да жоқ. Мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік клубтардың есігі

ол үшін жабық. Ешкім ешқайда шақырмайды. Жеке маркетингінің өзі интернетпен

ғана шектеледі. Ары кетсе қолына ақпарат агенттіктерінің хабарламалары

мен жалпылама шақыру-факстері түседі. Көбіне еститіні

– редактордың «сені қайда жібереміні».

№1-ші кеңес «Ай астындағының бәрі таңсық емес». Бұл оптимистік

қасіретке негізделген пікір. Журналистік тақырыптардың қай-қайсысы да

бұрыннан бар тақырыптар. Мұрағаттар, газет тігінділері мұның миллион

рет жазылып, айтылып, көрсетіліп қойған дүниелер екенін дәлелдеп

береді. Алайда, біздің мамандығымыз велосипед ойлап табуды қажет

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 364 |

ететін кәсіп. Кеше – кеңестік «Октябренок» велосипеді танымал болса,

бүгін – тауға шығатын байк қажет. Қадамын енді ғана тәй-тәй басып

келе жатқан журналистің міндеті: мұрағаттар мен Бүкіләлемдік

ғаламтор арқылы әріптестерінің белгілі бір мәселені көтеру тәсілдерін

саралап, тақырыпты заманға лайықтау, проблеманы жаңаша тұрғыдан

өткірлендіріп, оған қолдағы мәліметтер мен статистика арқылы түсінік

беру және т.б.

Ақпарат агенттіктерінің хабарламалары, шақыру-факстер мен

редактордың «сені қайда жібереміне» келсек, бұл жерде керісінше,

уақыт пен кеңістіктің параллелін тауып, проблеманы ғаламиландырған

жөн болар еді.

Мысал. Рождествоға дейін «Вечерний Рим» басылымы қаладағы су

құбырларын жөндейтін жұмыс қолының жетіспей жатқанын жазды.

Егер сіз ондағы жағдай ендігі түзелген болар деп ойласаңыз, онда

журналистикадан кетуіңіз қажет. Ал, егер бір су құбырын жөндеушіге

мың журналистен келетінін түсінген болсаңыз.... Әлгіндей мамандық

иесінің тоңазытқыш сататын менеджердің көмекшісінен де аз

жалақы алатынын және қалаңыздағы тазарту жүйесі атаулының

біздің дәуірімізге дейін салынғанын білетін болсаңыз... .Үй бикелерінің

бір-бірінен асханалық сүзгіні (фильтрді) қайдан алуға болатынын

сұрастырып жатқанын естіп жүрсеңіз және бұл мәселелерді өзге

елдерде қалай шешетінін білгіңіз келсе... журналистика саласында

қалуға болады.

№2-ші Кеңес: Өмір ақпарат теңізі сияқты. Егер бәсекелестердің материалдарын

ылғи да оқып жүретін болсаң, тіпті танымайтын адамдармен

де тіл бабысып кете алатын қасиетің болса тақырыпты саған өмірдің

өзі-ақ тауып береді.

№3-ші Кеңес: Жұмысты тақырыптық материалдардан бастаңыз. Тіпті,

қарапайым күнтізбе даталарынан бастасаңыз да болады. Өйткені,

жылдың әр күні тарихта белгілі бір оқиғамен байланысты. Белгілі бір

редакция үшін тақырыптық материалдың қаншалықты маңыздылығын

осылайша алдын-ала анықтап алуға болады. Жас журналист үшін бастысы

– өзінің неге қабілетті екенін көрсету.

Ақпарат жинау дегеніміз – ақпарат көзімен жұмыс істеу. Бірақ, жас

журналист көп жағдайда «ақпарат көзінің ақпаратын тасушы» ғана. Ол,

тіпті журналист те емес, тек түсірген ақпаратын редакцияға әкеліп, боямасыз

күйінде беруші стрингер ғана. Кейбіреулердің беті тұмшаланған

| 365 | КЕҢЕСТЕР

жарнамасын, лоббистік немесе қауіпті мүдделерін көп ойланбай өз

БАҚ-ы арқылы қоғамға таратушы ғана. Әрине, редакторлар мақаланы

мүмкіндігіне қарай қайта жаздырады, кей жағдайда жарамсыз деп табуы

да мүмкін. Бірақ, бұл оның журналисті маман ретінде жарамсыз деп

тапқанының белгісі.

№4-ші Кеңес: Тақырыпты жан-тәніңмен сезіну. Ең көңілсіз, қызықсыз

болып көрінген баспасөз мәслихатының өзінен ақпараттық «best» жасап

шығуға болады. Тек ол үшін баспасөз мәслихатына дейін бұл туралы

не жазылып жүр және не жазуға болады деген сұраққа жауап іздеп көру

қажет (Интернет, Ғалами ақпараттық-іздеу жүйесі кез-келген тақырып

бойынша ізденуге мүмкіндік береді). Сонымен қатар редакцияның

осы тақырыпқа қатысты саясатын және редакциядан осы баспасөз

мәслихатында немесе сұхбат барысында қоюға болатын сұрақтарды

біліп алуға бес минут уақыт тапсаңыз жеткілікті.

Ақпарат көзімен кездеспей тұрып тақырыпты меңгеруге үлгермесеңіз

онда стрингер болуға тура келеді. Сонда да ақпаратты жазып болғаннан

кейін тақырыптық ликбезге уақыт табуға тырысыңыз.

№5-ші Кеңес ақпаратты міндетті түрде құжаттандыруға қатысты

болмақ. Материалыңыздағы кейіпкерлердің аузынан шыққан әрбір сөзді

редактордың, сот пен өзіңіздің арыңыздың алдында дәлелдеуге, сондай-ақ,

өз тұжырымдарыңыз үшін жауап беруге дайын болыңыз.

Ақпаратты өңдеу – бұл сіздің жұмысыңыздың ең поэтикалық бөлігі.

Ол ең қысқа мерзімде, белгілі бір жанр мен көлемге тиісті мағына беруді

талап етеді. Бұл бәрінен бұрын редакция үшін аса қажет. Бірақ, бұл

шығарманы күштеп бағындыру деген сөз емес. Өйткені, журналистің

стилі мен оның жеке тұлғасы әрқашан анық байқалып тұрады. Дарынды

журналист – материал беру шебері. Дұрыс іздеп, жинаса ақпарат

дегеніңіз жеткілікті, ал оны бере білу басқа мәселе...

№6-шы Кеңес: бір нәрсені жазбас бұрын:

- тақырыпты бірнеше тақырыпшаға бөліп, олардың ішіндегі редакция

үшін маңыздыларын анықтаңыз және материалда берілу кезегін

нақтылап алыңыз;

- ақпарат сақтау көздерінен (қағаз және электронды ақпарат сақтау

көздері) тек қажетті ақпаратты ғана жазып алыңыз;

- қосымша ақпарат көздерінен мәлімет дайындап алыңыз;

- материалды беру стилі мен жанрын нақтылап алыңыз;

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 366 |

- әріптестеріңізбен темекі шегетін жерде әлі жазылмаған материалдың

мазмұны туралы айтудың қажеті жоқ, әйтпесе, «күйіп кетуіңіз» мүмкін.

№7-ші Кеңесті «өзіңе-өзің редактор» деп атауға болады. Алдымен іске

кірісіп, жүректің қалауынша жазыңыз. Содан соң мәтінді принтерден

шығарып, өзіңіздің бойыңыздағы редакторлық қабілетіңізді оятыңыз...

Міне, енді аяусыз қысқартатын кез жетті, мәтінді «тінтіп шығып»,

қолтаңбаны өзгертуге әбден болады. Бұны міндетті түрді өзіңіз істеңіз,

әйтпесе мәтініңізді редактор «кесіп тастайды», ал ол сізге өте ауыр тиюі

мүмкін.

Көркемдеу – жас журналистердің материал беруде жиі жіберетін

кемшіліктерінің бірі. Олар жазып, редакторға тапсырсаң жеткілікті, содан

соң оны ұмытып, басқа тақырып іздей беруге болады деп есептейді.

Бірақ, мақала дегеніміз – мазмұны ғана емес, сыртқы орамы бар дайын

өнім ғой. Материалды әлі редакторға сатуың қажет! Сонда ғана редактор

оны көрермендерге ұялмай сата алады.

№8-ші Кеңес - өз өніміңді алдын-ала газет бетінен «көре білу» қабілеті.

Құр елестетіп қана қоймай, тақырыптық кешені, тақырыпшасы, үзінділер,

суреттің астындағы жазулары және көркемделуі оқырман «көзін жаулап

алатындай» етіп, журналистік шеберліктің барлық талаптары бойынша

жазылған күйінде көре білу қажет! Өз басылымыңның материал

беру стилі мен дизайнын, мәтін көлемі мен редакцияның көркемдеуге

қатысты ұстанымын меңгеру арқылы сен материалды редактордың

жазу үстеліне өткізу бәсекесіндегі басты көзірді қолға түсіресің. Редактор

– сіздің алғашқы оқырманыңыз. Бұл жерде де кез-келген базардағы

сияқты бәсекелестік жүреді: кім материалын жақсылап көркемдесе және

жеткізе білсе соның тауары сатылады.

№9-шы Кеңес: сандық технологиялар барынша жан-жақты болуға

мүмкіндік береді – жазып қана қоймай, камераға түсіруді де үйреніңіз.

Көркемдеу әдістерін кәдімгі Photoshop бағдарламасынан-ақ үйреніп

алуға болады. Сонда ғана сіздің материалыңыз ойдағыдай болып

шығады. Оған қоса беделіңізді арттырып, «автордың фотосы» есебінен

қаламақыңызды көбейтіңіз!

№10-шы Кеңес Қандай үйлесімді: журналист – мобильді мамандық, ендеше

ұялы телефон (автокөлік болса тіпті жақсы) оның жұмысы үшін ең

қажетті әрі міндетті құрал. Олар байлық пен барлықтың белгісі емес, тек

сенімді байланыс пен қозғалыс құралдары ғана.

| 367 | КЕҢЕСТЕР

Мақала беттеуден басталады. Материалыңды газет бетінен көру мен оны

түзету бетінен (гранка) көрудің айырмасы көп. Байқасаң, бұл жерде көп

нәрсе өзгеріп сала береді: мәселен, принтер қағазында сәтті шыққандай

болып көрінген тақырып, басылым бетіне «үйлеспей» тұрғандай көрінуі

мүмкін. Бұндай жағдай көркемдеу мен мәтінге де қатысты орын алуы

мүмкін. Бұл мақаланың жігін жатқызудың ең соңғы сатысы.

№11-ші Кеңес: Жоғарыда айтылғандардың бәрін редактор мен жауапты

хатшының «ашыған миынан» тілшінің сау басына түскен сақина

деп ойлаудың қажеті жоқ. Газетті жасау процесі журналистің жауынгерлік

қоржынындағы шығармашылық қаруы болуы тиіс. Ылдым-жылдым

жазып бітісімен сыра ішуге кету - өз кәсібінің бетке ұстары болғысы

келмейтіндердің ісі. Яғни, шашың ағарғанша мамандығын енді ғана

бастаған жас журналист деңгейінде қалу деген сөз.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 368 |

Назарларыңызға рахмет!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ БИЗНЕС РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫ МА,

ЖОҚ ПА?

Гүлзат Нұрмолдақызы

Мен кеңестік дәуір журналистикасының соңғы жылдарын көрген және

көріп қана қоймай, аз-маз қалам тартқан адаммын. 1990 жылы Солтүстік

Қазақстан облысының Жамбыл ауданында тұңғыш қазақтілді «Ауыл

арайы» газеті ашылып, сол жылы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетіне

түскенімше, тілшілік қызмет атқару (4-5 ай) «бақыты» бұйырды. Ол

кезде солтүстік өңірде қазақтілді журналистер өте аз болды, сондықтан

жазуға ыңғайы бар өзге де маман иелері тартылды.

Бірақ кеңес дәуіріндегі журналистика мен қазіргі нарық заманындағы

журналистиканы мүлдем салыстыруға келмейді. Екеуі екі басқа әлем.

Сондықтан тәуелсіз Қазақстанның журналистикасына араласып, кәсіби

маман ретінде қалыптасқаныма өзімді анағұрлым бақытты санаймын.

Дегенмен, журналистің аузынан «болдым», «толдым» деген сөз ешқашан

шықпауы керек. Біз оқып жүріп үйренуге, ізденiп жүріп машықтануға тиіс

мамандық иелеріміз. Былайша айтқанда, өмір бойы оқу мен тоқу және

іздену мен жазу бізге тән.

Өткен 17 жыл ішінде Қазақстанның жаманды-жақсылы журналистикасы

қалыптасты. Бұлай деуге, меніңше, негіз бар. Бүгіндері отандық журналистика

жан-жақты дамуда. Ең бастысы, сауатты бәсеке қалыптасып

келеді.

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылы, оған дейін тек қана мемлекеттік БАҚ

боп келсе, одан кейін жүздеген ведомствалық, корпоративтік және меншікті

газеттер, журналдар, ақпарат агенттіктері, телерадиокорпорациялар

ашылды. 1991 жылдың қазан айынан бастап барлық меншік түрінің

жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі басылымдар ұлғайды. Егер

1991 жылы елімізде 97 газет-журнал шығарылған болса, 1994 жылы

олардың ұзын саны 313-ке дейін көбейді» деген дерек бар. (Қазақстан

Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл: даму тенденциялары мен статистика

қорытындылары).

| 369 | КЕҢЕСТЕР

Шынында да солай. Қоғамдық бір формациядан екіншісіне ауысқан кезде

кездесетін әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды біздің БАҚ-та

басынан өткізді. Бірақ шыдап берді.

Ел ішінде 2002 жылы 1754 медиа-компания жұмыс істепті. Ал қазір

Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың

айтуынша, шамамен елімізде 1824 БАҚ жұмыс істеп тұр. Оның ішінде

1202-сі газет, 483-і журнал, 124 телерадио стансалары және 10-12

ақпарат агенттігі бар.

Жасыратыны жоқ, орыстілді аудиторияға қарағанда, қазақтілді

аудиторияның ауқымы тар. Сондықтан бүгіндері қазақ тілінде шығатын

300-ден аса газетке, 50-ден аса журналға оқырман тарту – оңай шаруа

емес.

Оқырманның көңілінен шығу үшін БАҚ-қа қойылатын талаптар да ерекше.

Ең бастысы, шығарып отырған басылым тауар ретінде өтімді болуы

керек. Ал үлкен сұранысқа ие болуы үшін басылымның қандай болғаны

дұрыс?

Біріншіден, нақты әрі сапалы ақпарат беру.

Екіншіден, ішкі-сыртқы әлеуметтік-экономикалық және саяси, мәдени

оқиғаларға сараптама жасау. Үшіншіден, оқырманды бей-жай

қалдырмайтындай аса маңызды, өзекті деген тақырыптарды қозғау.

Төртіншіден, бесіншіден деп кете беруге болады, бірақ біз осы жерде

өндіріп отырған тауарымыз, яғни, қазақстандық БАҚ бизнес ретінде

қалыптасты ма, жоқ па? – деген сауалды төтесінен қоймақшымыз.

Нұртөре Жүсіп, «Айқын» газетінің бас редакторы:

– Бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ бизнес ретінде қалыптасу үстінде

деп айтуға болады. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп

отырғандықтан нарықтық құндылықтар ортамызға еркін енді.

Сондықтан ақпарат кеңістігі де бұл заңдылықты айналып өте алмайды.

Кезінде бизнес-жоба ретінде өмірге келген «Караван» сияқты

газеттер бірнеше сатылулардан өтті, жаңа қожайындар пайда болды.

Осындай жағдай қазақтілді баспасөзге де тән. Бірқатар аймақтық басылымдар,

оның ішінде Шымкенттен шығатын «Айғақ», «Костанайские

новости» секілді газеттер пайдамен жұмыс істеуге ұмтылды.

Бірте-бірте іскерлік басылымдар пайда болды.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 370 |

Бұлардың қатарына «Панорама», «Деловая неделя» «Капитал»,

кейінірек жарық көрген «Бизнес & Власть» газеттерін жатқызуға

болады. Олардың легіне «Қазақстан іскері» де қосылды. Бұл басылымдар

негізінен жарнама, PR мақалалар арқылы табысқа кенелді. Ал

қазақтілді баспасөз негізінен саяси науқан кезінде пайда табады.

Бізде де жарнама бар, бірақ оның шамасы аз. Саяси науқан кезінде

қазақтілді БАҚ бір жағынан саяси белсенділігін арттырады, екінші

жағынан табыс табады. Сол кезде кейбір танымал газеттердің бір

қолдан екінші қолға өтетін кездері де болады. Мұндайда басылымдар

әрі саяси, әрі іскерлік бедел жинауға тырысады. Бірақ күні бүгінге

дейін ірілі-ұсақты кәсіпкерлер, қаржы-өндірістік топтар бизнес жоба

ретінде қазақтілді басылымға ықылас танытып отырған жоқ. Олар

негізінен тәуекел ету арқылы, кейде жолы болуынан, кейде тағы

басқа жағдайлардың ықпалынан табыс табады деп ойлаймын.

Өздеріңіз білесіздер, қаржы-өндірістік топтар БАҚ-ты идеологиялық

қару ретінде пайдаланады. БАҚ көбіне бизнес құрылымдардың

мүддесін қорғауға қызмет етеді. Олардың артында қуатты-қуатты

қожайындар тұр. Ақпарат құралдарында бизнес пен идеология қатар

жүреді. Қоғамдық пікір тудыруға тырысады. Астана мен Алматы

қалаларында, ірі облыс орталықтарында қазір бизнестің жіктелуі

жүріп жатыр. Жекелеген адамдар, топтар, тіпті ол партия болуы

мүмкін өз өңірінде ықпалын жүргізу үшін басылым ашып жатады.

Сондай газеттің бірі – «Алтын Орда». Мұнайлы өңірде ықпалын

жүргізушілер қаржыландырды. Батыста, Еуропада БАҚ-тың артында

тұрған алпауыт күштер, қожайындардың есімі елге белгілі.

Бізде олай емес. Меніңше, шын меншік иесі жария болуы керек. Бізде

бүркемелеу басым. БАҚ-тың артында тұрған «төбелер» өздері жайлы

ақпаратты жасырын ұстайды. Жария, ашық қоғамда адамдар арасында

БАҚ-қа сенім күшейіп, бизнес ретінде қалыптасуға мүмкіншілік

туады. Бүкпелі, қалтарысты қоғамда баспасөз еркін көсіле алмайды.

Сондықтан БАҚ-қа мейлінше бостандық берілгені дұрыс.

Қали Сәрсенбай, Алматы Ақшамы газетінің бас редакторы:

– Қазақтілді БАҚ бизнес ретінде қалыптасты деп толық айта алмаймын.

Өйткені, еліміздегі БАҚ-тың денін мемлекет, мемлекет болмаса

қаржы-өндірістік топтар, әйтеуір мүдделі топ қаржыландырып

отыр.

| 371 | КЕҢЕСТЕР

Өз бетінше күнін көріп, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» боп отырған

басылымды көріп отырған жоқпын. Жалпы газет шығару – шығынды

сала. Жарнамадан, коммерциялық құрылымнан миллиондап табыс

таппаған соң, құрылтайшыға қарайтынымыз рас. Мемлекеттің берген

қаржысын орынды жұмсауға тырысамыз.

Коммерциялық табыс болса, оны мақсатты түрде жұмсағанды жөн

санап отырмыз. Мысалы, біз «Алматы ақшамының кітапханасы»

деген сериямен кітап шығаруды қолға алдық. Осы кітаптарды сату

арқылы пайда түсіруге болады. Демек, қазақтілді БАҚ-тың бизнес

ретінде қалыптасуға мүмкіндігі бар, қажеттілігі де жоқ емес. Бірақ

сол мүмкіншілікті біз толық игере алмай отырмыз.

Еренғайып Қуатайұлы, Жас қазақ газеті бас редакторының

орынбасары:

– Қазақстандық БАҚ оның ішінде қазақтілді БАҚ бизнес ретінде

қалыптасқан жоқ. Бұған басты себеп, қоғамда еркіндік жоқ. Оның бизнес

ретінде қалыптасуы үшін ең алдымен бостандық керек. Бір жағынан

цензура буып тұрса, екінші жағынан демократия болмаса, журналистика

құрсаулы. Ал құрсаулы қоғамда жабық тақырып көп. Оқырманды

ол тақырып қызықтырғанмен, біз ашық жаза алмаймыз. Мәселенің

анық-қанығы жазылмаған соң ол оқырманды қызықтырмайды.

Демек, газетке сенің шығарып отырған өніміңе сұраныс жоқ. Сұраныс

болмаған жерде қандай бизнес болады?

Қуандық Шамақайұлы, Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика

кафедрасының доценті:

– Қазақтілді газеттерді тарату, оқырманға жеткізу механизмі

көңіл көншітпейді. Оқырманға жетпейді. Сұраныс бола тұра, өкінішке

қарай солай болып тұр. Бұл – айналып келгенде, бізде журналистика

менеджментінің қалыптаса алмағанының салдары. Гәп осында болса

керек.

Бүгінге дейін қазақ баспасөзі үкіметтің дотациясына сүйеніп жарық

көруге мәжбүр болды. Соңғы жылдары «Қазақ газеттері» секілді

жекелеген акционерлік қоғамдар құрылып, бір қатары ЖШС арқылы

өз беттерімен күн көруге бағыт алды. Алайда осы үрдісті қазақ

баспасөзі экономикалық тұрғыдан толықтай дербестік алды деп

тұжырымдауға келмейді.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 372 |

Орыстілді ақпарат құралдарына жарнамаға келгенде артықшылық

беріп, монополияға жол ашып отырған ТМД-дағы жалғыз ел –

Қазақстан. Монополияның қай түрін болса да шектеу – нарықтық

экономиканың заңы және демократия мәдениеті. Ендеше, бұдан былай

қазақ жерінде бөтен тілге қамқорсудың еш жөні жоқ. БАҚ саласы

бойынша халыққа тарайтын жарнаманың міндетті түрде мемлекеттік

тілде жасалуын, қазақ баспасөзі мен ақпарат құралдары арқылы

халыққа жетуін қамтамасыз ететін заңдық кепілдік қажет.

(Жас қазақ, №24, 28 маусым 2008 жыл).

Міне, қазақстандық БАҚ-тың құлағын ұстап отырғандар, қазақтілді журналистика

майталмандары осындай пікір айтады. Осы пікір айтушылардың

ішінде «журналистика менеджменті дұрыс қалыптаса алмай отыр» деген

пікір айтылды.

Себебі:

Біріншіден, қазақтілді журналистика саласында бәсеке таяз. Нарық

заманының басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздің

өндіріп отырған тауарымыз бәсекеге қауқарсыз. Рас, бүгінгі таңда әрбір

қазақтілді басылымның қоғамда алып отырған өз орны бар. Белгілі бір

деңгейде қоғам өкілдерінің сұранысын өтеп отыр деп ауыз толтырып та

айта аламыз. Дейтұрғанмен, бізде самарқаулық басым. Мұны меніңше,

ешкім жоққа шығара алмайды.

Екіншіден, шығарып отырған газет-журналымызды тарату мәселесінде

кемшіліктер жетіп-артылады. Жасыратыны жоқ, қазақтілді басылымдар

көпшіліктің баспасөзге жазылуы арқылы таралады. Қазір қымбатшылық

қос өкпеден қысып тұр. Шалғай ауылдардағы табысы төмен ел-жұрт 3-

4 мың (бір жылға жазылу) тұратын газет-журналдарға жазыла бермейді.

Өйткені, қалта көтермейді. Халықтың әл-әуқатының нашарлығынан

бізде баспасөзге жазылу соңғы жылдары бәсеңсіді. Сондықтан аудан

орталықтарына, алыстағы елдімекендерге апталық газеттерді 30-60

теңге аралығында баға қойып, жеткізіп сатса, меніңше, ол өтеді.

Мысал ретінде өзім қызмет ететін «Жас қазақ» басылымын алайық.

Бір жылға Қазақстан қалалары бойынша жазылу бағасы – 2623 теңге,

56 тиын. Егер жыл бойы «Жас қазақты» еліміздің түкпір-түкпіріндегі

ауылдарда 30 теңгеден сатқан күннің өзінде, оқырман өз қалтасынан

бір жылда 1440 теңге шығарады екен. Бірақ, бұл басылымға шығын

әкелуі ықтимал. Сол сияқты, республикалық басылымдарды аймақтық

| 373 | КЕҢЕСТЕР

баспаханаларда басу – газет құнын төмендетеді. Қарап тұрсаңыз, қазір

басылымды таратудың жолдары баршылық, соны ұтымдысын таңдап

алу меншік иелеріне байланысты. Демек, оқырманға арзан өнім жеткізу

жағы бізде жолға қойылмаған.

Үшіншіден, біздің арамызда орыстілді баспасөз бен қазақтілді

баспасөзді салыстыра қараушылар өте көп. Менің ойымша, екі аудиторияны

салыстыруға келмейді. Себебі, орыстілді басылымдар көбіне

ақпараттандыру миссиясын орындаса, қазақтілді басылымдар ұлттық

сана, ұлттық пайым, ұлт болашағы, ұрпақ келешегі сияқты ірі-ірі өзекті

мәселелерді көтереді.

Төртіншіден, орыстілді аудитория кең. Орысша орташа сауаты

барлардың өзі орыстілді газетті тұтынуға қауқарлы. Бірақ бұған қарап

бізге қол қусырып, қарап отыруға болмайды. Орыстілді басылымдармен

ашық бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Алдымызға осындай

міндет қойсақ, оған жетуге журналистердің қарымы да, күш-қуаты мен

білімі де жетеді.

Әңгіме ауаны негізінен қазақтілді баспасөзге байланысты өрбіп

отырғандықтан, қазақтілді ақпарат нарығы туралы сөз қозғауға тура

келіп отыр. Соңғы жылдары ел ішінде қазақтілді журналдар көбейіп келеді.

Алдымен «Жұлдыздар отбасы», одан кейін «Әлия», «Япыр-ай»

басылымдары шықты. Байқауымызша, соңғыларында аздап жарнама

бар.

Сатылу бағалары да шамалас. Оқырмандар аудиториясын игеруге деген

құлшыныстары да жаман емес. Бұл журналдар белгілі бір деңгейде,

белгілі бір оқырмандар легінің сұранысын қанағаттандырып отыр. Себебі,

аудиторияның деңгейі, таңдауы әрқилы ғой.

Мысалы, іргедегі Ресейде бір ғана денсаулық саласына арналған 40-50

газет пен журнал түрі бар екен. Қазақтілді ақпарат нарығындағы осындай

бос кеңістікті әлгі журналдар толтыруды көздеп отырған сыңайлы.

Бірақ бұл басылымдар сапа жағына мән беруі керек, егер дәл бүгінгідей

деңгейде жарық көре беретін болса, оқырмандарынан айырылу қаупі де

жоқ емес. Көзі қарақты оқырманның талабына жауап беруі үшін басылымдар

үнемі ізденіс үстінде болғаны дұрыс.

Қаламгерлер тоқыраса, басылым да бағынан айырылатыны жасырын

емес. Сол сияқты, қазақтілді ақпарат нарығында спорт саласы ойсырап

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 374 |

тұр. Салалық басылым Бейжің олимпиадасы қарсаңында жабылғалы

жатыр деген ақпарат тарады. Меніңше, спорт тақырыбына арналған

журнал шығаруға қазақтілді журналистердің білімі де, біліктілігі де жетеді.

Тек құрылтайшы табылса, білек сыбанып іске кірісетін спорт журналистері

де табылады. Осыдан бірер ай бұрын «Арнамедиа» мемлекеттік

холдингі құрылды. Оның құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская

правда» газеттері, «Хабар», «Қазақстан», «Ел арна» телеарналары,

«Қазақ газеттері» және тағы басқа БАҚ кірді. Бүгінгі таңда ел ішінде мемлекеттендіру

саясаты жүріп жатқаны белгілі. Бұл саясаттың экономикаға,

БАҚ-қа берер пайдасы бар ма, жоқ па? Меніңше, басылымның еркін,

ашық болғаны дұрыс. БАҚ-ты мемлекет қаржыландырғаннан кейін

ақпарат кеңістігі бізде біржақты дамиды.

Сонда мемлекеттің қаржысын алып, ақты ақ, қараны қара дейтін газет

шығаруға болмай ма? Болады. Журналист Жұлдыз Әбділданың пікірінше,

кез келген БАҚ, мейлі ол оппозициялық көзқарастағы басылым болсын,

мейлі ол мемлекеттікі болсын, негізгі принциптерден ауытқымауы

керек. – Мысалы, ақпарат таратқан кездегі объективтілік ескерілуі

тиіс. Ал бізде қалай? Оппозиция билікті, билік оппозицияны қаралайды.

Қоғамды оппозиция немесе билік тұрғысынан екіге бөліп алып, қарауға

болмайды, – дейді Ж.Әбділда.

Қазақтілді БАҚ үшін игерілмей жатқан тың сала – интернет-басылымдар.

Интернет-басылымдарды былай қойғанда, кейбір газеттердің интернеттегі

нұсқасы да жоқ. Қазір ақпаратты-технологиялардың қарыштап дамып

отырған кезеңі. Біз бұл үрдістен де кенже қалып отырмыз. Ел ішінде

«Zonaкz.net», «Dialog.kz» сынды басылымдардың тұрақты оқырманы

бар. Интернет желісін қазақстандықтардың небәрі 11 пайызы ғана

қолданады екен. Бәлкім, компьютерлендіру саясаты одан әрі қарқынды

дамыса, оның мөлшерін 20 пайызға да жеткізуге болатын шығар. Әзірге

бұл болашақтың ісі болмақ.

Ел ішінде ақпарат агенттіктері, баспасөз клубтары, PR-компаниялар

қарқынды қызмет етіп жатыр. Ақпаратты сату одан пайда табу, жарнама

жариялау үрдістері де жақсы дамуда. Мәселе олардың санында

емес, сапасында. Сондықтан тұтынушы ақпарат таратудың қандай

көзін қалайды, соны таңдауға мүмкіндігі бар. Меніңше, қазақстандық

журналистиканың қол жеткізген үлкен жетістігі – осы.

| 375 | КЕҢЕСТЕР

Ал қазақтілді журналистиканың бизнес ретінде қалыптасуындағы

қиындықтардың шешімін табуға болады. Меніңше, ол үшін алдымен

• ынта мен ниет,

• содан соң қаржы көзі,

• одан кейін сауатты менеджмент қажет.

Оның үстіне, ел ішінде мемлекеттік тапсырыстар жайлы берілетін жарнама,

хабарландырулар маңайында мүдделі топ, лоббистердің бары

екені жасырын емес. Сондықтан жарнама, хабарландыру берушілерді

арнайы бір басылымға (мәселен, «Бюллетень .... » бергізуді доғару керек.

Себебі, таңдау болмаған жерде монополия қанат жаяды. Ал монополия

дамуды тежейтін, еркін бәсекеге жол жабатын кедергі. Осы

мәселені жан-жақты шешу үшін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»

заңына өзгерістер мен толықтырулар әлі де қажет. Қазақстандық

сарапшылардың пікірінше, қазіргі қолданыстағы «БАҚ туралы» Заңның

кемшіліктері өте көп.

Ең бастысы, бизнес-элита, билік мемлекеттік тілді меңгеруге мойын

бұрса, іс оңға басатыны анық. Өйткені, сол кезде ғана қазақтілді БАҚ-қа

сұраныс, қажеттілік артады. Сондықтан, көп білімді қажет ететін күрделі

сала болса да, қазақ тілді жас журналистердің білек сыбанып, қолға

алатын, дамытатын саласы осы болса деп ниет етемін.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 376 |

МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТИКАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕР

Кәмшат Тасболатова

Әрбір журналист сөз құдыретін терең түсініп, ұғынуы керек. БАҚтарда

белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты негізсіз

тағылған айып, дәлелсіз айтылған жала кез келген қаламы

қарымды журналисті сот табалдырығына дейін жеткізуі мүмкін.

Десек те, журналистік зерттеудің арқасында қолыңызда нағыз дәйекті

құжаттар болса, «жеке абырой-беделін» миллиондаған теңгеге бағалап

жүргендерден қорықпауыңызға болатын да шығар. Әйтсе де журналистерді

нақақтан-нақақ сотқа тарту жәйттері барын тағы ұмытпаған жөн.

Ал, Қазақстан заңдары БАҚ өкілдеріне қатысты тек әкімшілік жауапкершілікті

қана емес, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікті жүктейтінін ескерсек,

журналистерге заң жағынан өте сауатты болу міндет саналады.

Журналистің тірегі - бақ па, бап па?!

Қазақстанның Ата Заңы цензураға тыйым салады. Сөз бостандығына

кепілдік берілген. 1999 жылы қабылданған еліміздің «Бұқаралық ақпарат

құралдары туралы» Заңына сәйкес, журналист ақпаратты iздестiрудi

жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқылы.

Тағы бір ескеретін жәйт: Қазақстанның Әкімшілік құқықтық заң бұзушылық

кодексіне сәйкес, тиісілі заңдарда көрсетілген журналистің құқықтары

мен міндеттерінің жүзеге асуына кедергі келтіріп немесе оны мұндай

мүмкіндіктен толықтай айырғандарға 50 айлық есептік көрсеткіш бойынша

айыппұл салынады.

Сонымен, журналистің тірегіне айналуы тиіс Ата заң мен тиесілі заңдар

төмендегідей:

Қазақстанның Конституциясынан үзінді (30 тамыз 1995 жыл):

20-бап

1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға

тыйым салынады.

| 379 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн

ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi,

оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi,

соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық

астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды

насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.

Қазақстанның Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңына

сәйкес (23 шiлде 1999 жыл):

20-бап. Журналистің құқықтары.

Журналистiң:

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға

баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға

байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға,

жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн

тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған

жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбысбейне

техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып

жасауға;

4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда,

митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық,

топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына

қатысуға;

5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын

мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат

алуға;

6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;

7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға

жүгiнуге;

8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты

атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;

9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң

жеке сенiмiне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас

тартуға;

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 380 |

10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен

жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға

құқығы бар.

21-бап. Журналистің міндеттері.

Журналист:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi

шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет

бағдарламасын жүзеге асыруға;

2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар

жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн

құрметтеуге;

4-1) азаматтармен сұхбат жүргiзген кезде дыбыс немесе бейнежазбаны

пайдалануға келiсiм алуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге

де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

АЗАМАТТЫҚ ІСТЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚ

Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік беделді қорғау. Журналистерді сотқа

тартуға негіз болатын ұғымдардың негізі осылар. Негізінен кикілжіңді

жағдай мен дау-дамайды реттеудің екі кезеңі бар: бірі – сотқа дейінгі

кезең.

Яки, ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан

келді деп есептеген жеке немесе заңды тұлға заң талаптарына сәйкес,

берілген ақпаратты теріске шығаруды талап етуге құқылы.

Бұл тұста мерзімді басылымда мәліметті теріске шығаратын мәтіннің

шрифті алдында берілген мәтіннің шрифтімен сәйкес келуі керек. Ал радио

мен телевизиядағы теріске шығару мәтіні жалған ақпарат берілген

уақыт тәулігінде берілуі тиіс.

Мәліметті теріске шығаруға қатысты талап келген күннен бастап редакция

бір ай көлемінде нақты жауаптарын беруі тиіс. Теріске шығару құқы БАҚ

туралы заңның 19-бабында нақты көрсетілген: «Егер азаматтың немесе

заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне

нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса,

| 381 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.

Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда,

мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы

мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi

түрде хабарлануға тиiс. Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот

белгiлейдi». Моральдық шығынын өтеуді талап етушілердің кейбірі БАҚтың

жариялы түрде кешірім сұрауын талап етіп жатады.

Бірақ қандайда бір БАҚ-ты белгілі бір жеке немесе заңды тұлғадан жариялы

түрде кешірім сұрауға міндеттейтеуге негіз боларлықтай заң талаптары

жоқ.

Екінші кезең - сот кезеңі. Азаматтық кодекстің Мүліктік емес өзіндік

құқықтарға қатысты параграфы БАҚ-тарға қатысты қатынастарды

қамтиды. Азаматтық Кодекстің 143-бабына сәйкес, «Бұқаралық

ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы

азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы

мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым

жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.

Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне

өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық

iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады.

Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi

орындау мiндетiнен босатпайды».

Қылмыстық кодекстің 129-бабына сәйкес, «Жала жабу, яғни басқа

адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның

беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату - жүз айлық есептiк

көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе

сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге

де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз

сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр

жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады».

Ал Кодекстің 130-бабына сәйкес, «Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы

мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту - жүз айлық есептiк көрсеткiшке

дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi

жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз

жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 382 |

айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады». Азаматтық Кодекс

пен Қылмыстық Кодекстегі БАҚ-қа қатысты баптарды толығырақ

төмендегі қосымша үзінділерден оқи аласыз.

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (үзінді)

Параграф 3. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар

141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау

1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған адамның, осы Кодекстiң

9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi

бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар.

2. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс

жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады.

3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе құқық бұзған

адамның кiнәсiне қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар

қорғалуға тиiс. Қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк

емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс.

4. Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы бұзылған адам өз таңдауы

бойынша оны бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе

бұзушының есебiнен өз бетiнше қажеттi әрекеттер жасауды не

олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды талап етуi мүмкiн.

142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк емес өзiндiк

құқықтар

Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк құқықтар бiр мезгiлде бұзылған

жағдайда мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың бұзылғандығы үшiн

жәбiрленушiге тиесiлi өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның орнын

толтыру мөлшерi ұлғаяды.

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау

1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне

немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды, егер ондай

мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендiгiн

дәлелдей алмаса, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы.

2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiрқасиетiне

немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол

бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.

| 383 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса,

бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi

туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде хабарлана отырып,

мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс.

Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға

қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне

нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық

ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау

туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық

ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде

жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.

5. Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға

бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы.

Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп

пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот

шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.

6. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына,

қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар

таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен

бiрге олардың таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе

моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

7. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне

және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны

анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған

адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы

сотқа жолдануға құқылы.

144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы

1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон

арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры,

бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк

салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар.

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы

мүмкiн.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 384 |

2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды

жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың

авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi.

Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс

болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының

келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.

145-бап. Өз бейнесiне құқық

1. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол

қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға

ешкiмнiң де құқығы жоқ.

2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет,

кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол

қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының

келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi.

Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген

болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.

Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңы (үзінді).

19-бап. Терiске шығару құқығы

1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне

немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтердi, егер

мұндай мәлiметтер таратушы олардың шындыққа сәйкестiгiн

дәлелдемесе, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы.

2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiрқасиетiне

немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер

бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол

бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.

Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда,

мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл

құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы

адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.

Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.

3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында

терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық

ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым

жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.

| 385 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына,

қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер

таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен

қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе

моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (үзінді).

129-бап. Жала жабу

1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан

келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату

- жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке

дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi

жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз

жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға

тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын

шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу - екi жүз

айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi

мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi

кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл

салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге

қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге

түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын

шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

3. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр

қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу - үш

жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе

нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

130-бап. Қорлау

1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз

түрде кемсiту - жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе

сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе

өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма

сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не

алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын

шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау - жүз айлық

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 386 |

есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi

мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан төрт айға дейiнгi

кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға

не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға,

не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас

бостандығын шектеуге жазаланады.

Ал, журналистің заңды кәсіптік қызметін қорғайтын талап

Қылмыстық кодекстің 155-ші бабында айқын көрсетілген.

155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi келтiру

1. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан

бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергi келтiру - елуден жүз айлық

есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр

айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде

айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға

тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып

немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет - екi

жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу

құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас

бостандығынан айыруға жазаланады.

МӘТІНДІ ЖАЗҒАНДА, ҚАНДАЙ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КЕРЕК?

Қорлау, жала-жабу, ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделге нұқсан

келтірді дегендей айыптардан сақтану үшін журналист жазған мәтіннің

әрбір сөзіне жіті назар аударуы керек. Себебі лингвистикалық сараптама

барысында әрбір сөздің астарлы мағынасы ашылары анық. «Мәтіннің

торына» түсіп қалмас үшін не істеу керек? Журналист төмендегідей

нұсқауларды естен шығармауы тиіс:

• мәтін жазғанда, «қауіпті» деп саналатын сөйлемдерде нақты тұжырым

жасауға болмайды. Нақты тұжырымның орнына, «сияқты», «көрінеді»,

т.б. сөздерді пайдаланған жөн.

• эмоцияға беріліп мәтін жазуға болмайды.

• егерде жазған мәтініңіз күдік туғызса, оны жарияламаған жөн. Немесе

күдік туғызған абзацты алып тастаған жөн.

• көпсөзділіктің қажеті жоқ.

• тақырыптан ауытқуға болмайды.

• сөйлемдеріңіз нақты ақпараттан тұруы керек.

| 387 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

• негізсіз, дәйексіз ақпаратты бермеген жөн.

• даулы материал дайындағанда, асығыстыққа бой алдырмаңыз.

Дәлеліңіз толықтай жеткілікті болған жағдайда материалды тағы тексеріп,

мәтіннің «қауіпті» тұстарын тағы сүзгіден өткізіңіз. Бірақ «қауіп»

мәтіннің өзге тұсынан да табыларын ұмытпаңыз.

• ар-намыс, қадір-қасиетке қатысты заң баптарын естен шығармағаныңыз

жөн.

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (үзінді):

318-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен

қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Президентiн жария қорлау немесе оның арұжданы

мен қадiр-қасиетiне қол сұғу – екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен

жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған

адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге

табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз

сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға

дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес айға дейiнгi мерзiмге қамауға

не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл

сол әрекет – бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк

көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан

он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының

мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге

түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өз мiндеттерiн атқаруына кедергi

жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да

болсын нысанда ықпал ету - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын

шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты

туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша

қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.

319-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және

оның қызметiне кедергi жасау

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 388 |

1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын оның депутаттық

мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жария қорлау

– жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi

мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi

жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз

сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылға

дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын

шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға жазаланады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл

сол әрекет – үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық

есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның

үш айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге

табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға

дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге

бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өз мiндеттерiн

атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына

қандай да болсын нысанда ықпал ету – екi жылға дейiнгi мерзiмге

түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын

шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Парламент депутатының депутаттық қызметi туралы сын

тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық

жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Жоғарыда айтылған заң баптарын әсіресе саяси журналистикада

қызмет етіп жүрген тілшілер естен шығармауы керек.

Әрине журналистердің заңнамалық сауатының артуы тек қана

жоғарыдағы заңдар мен кодекстерді білумен шектелмеуі керек.

Бұдан тыс отандық журналистер Еңбек Кодексін, Мемлекеттік

құпиялар туралы, Авторлық құқық туралы, Сайлау туралы,

Жарнама туралы заңдарды, т.б. заңдар мен заңнамалық актілерді

білгені жөн. Үкімет қаулыларын да бақылап отыру керек.

Бұдан тыс халықаралық конвенциялар мен масс-медиа саласына

қатысты шетелдік заңнамалық құжаттарды зерттеп, зерделеп,

естен шығармаған абзал. Заңды толық білмесеңіз, заңның

сізбен айналыспасына кім кепіл?!

| 389 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Сондықтан әрбір БАҚ өкіліне заңнамалық тұрғыдан сауатты

болу әрі міндет, әрі уақыт талабы.

ТАПСЫРМА.

Төмендегі жаттығуларды талдаңыз, сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Дәстүрлі емес діни бірлестік өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп,

құзырлы органдар тарапынан қудалау көріп жатқандарын жария етеді.

Журналистер алдында өздерін «сүттен ақ, судан таза» көрсетуге

тырысқан діни бірлестік өкілдері жоғары деңгейдегі лауазымды

тұлғаларға да жала жабады. Кейіннен олардың берген мәліметтерінің

шындықпен жанаспайтыны белгілі болады. Дегенмен, аталған баспасөз

мәслихаты жайлы ақпарат таратқан, кейін белгілі болғандай, еріксіз

жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдерін жауапқа тартуға бола ма?

Жалған ақпаратты таратпас үшін журналист баспасөз мәслихатының

шеңберінде ақпарат таратуы керек пе, әлде екінші жақты да сөйлетуі

тиіс пе?

2. Бүкіл халықтың назарында болған қылмыстық іске қатысты сот процесі

жабық есік жағдайында өтті. Судья бұқаралық ақпарат құралдары

өкілдерін сот залына кіруге рұқсат бермеді. Процесс жабық есік

жағдайында өтсе, судьяның талабы заңды ма? Журналистер қашан

және қайдан ақпарат ала алады?

3. Республикалық басылымның тілшісі белгілі бір фармацевтикалық

фирманың пайдалану мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек сатумен айналысып

жүргенін әшкерелейді. Бірақ фармацевтикалық фирма, яки заңды

тұлға аталған мақаладан кейін өздерінің іскерлік беделіне нұқсан келді

деп есептеп, берілген ақпаратты теріске шығаруды талап етеді. Әйтпесе

сот арқылы «іскерлік беделінің құнын» өндіріп алатындарын ескертеді.

Бірақ берілген мәліметтің толықтай шындық екендігіне сенімді редакция

оны теріске шығарудан бас тартады. Кикілжіңді жағдай ары қарай қалай

өрбуі мүмкін? Бұл жерде қандай заң баптарын қарастыру керек?

4. Сары басылым өкілдері белгілі әншінің жеке күнделігін тауып алып,

оны көп ұзамай жариялайды. Бұған наразы болған әнші басылымнан

жариялы түрде кешірім сұрауды талап етеді. Басылымның қателігі

неде? Жеке бастың құпиясын жариялау заңмен қудалана ма? Әнші БАҚ

өкілдерінен жариялы түрде кешірім сұрауды талап етуге құқылы ма?

5. Саулау кезінде белгілі бір партияның өкілі өз оппоненттеріне қарсы

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 390 |

қорлау сөз айтып, беделін түсіреді. Саясаткердің оппонентіне қарсы

қорлық сөзін БАҚ-тар жарыса береді. Бұған шыдамаған қарсы жақ

сотқа шағымданады. Қорлау - азаматтық істер санатына жата ма, әлде

қылмыстық істер санатына жата ма? Мұндағы БАҚ-тардың жауапкершілігі

қандай?

ТЕСТ.

Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес, сөз бен

шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілген бе?

а) иа

ә) жартылай

б) жоқ

Журналистің заңды қызметіне кедергі келтіргендер әкімшілік жазаға

тартылуы мүмкін бе?

а) жоқ

ә) жартылай

б) иа

Журналистің құқықтары қандай?

а) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыру, сұрату, алу және тарату,

ә) шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тексермей тарату,

б) кәсіби құпия ақпаратты алу.

Журналист бүркеншек атпен хабар таратуға құқылы ма?

а) иа

ә) жартылай

б) жоқ

Ата заңға сәйкес:

а) Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн

ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.

ә) Әркімнің еркін ақпарат алуға құқы шектеулі.

Материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейiн журналистiң

жеке сенiмiне қайшы келсе, журналист оған өз қолын қойып жариялаудан

бас тартуға құқылы ма?

а) иа

ә) жоқ

Мақаланы жарияламас бұрын ақпараттың дұрыс-бұрыстығын тексеріп,

мамандарға жүгіну дұрыс па?

а) иа

ә) жоқ

| 391 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫҢДЫ ӨЗГЕЛЕРГЕ НҰСҚАН КЕЛТІРМЕЙ

ПАЙДАЛАНУ.

Сергей Власенко

Журналистердің ақпарат алудағы құқықтары мен міндеттері

мәселесіне орай.

1. БАҚ-ның жеке ақпараты.

Журналистік сауал – ресми органға жоkданатын өтініш. Ол ақпарат

алуға ғана емес, қалыптасқан жағдайды кәсіби тұрғыдан ұғынуға

мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми органның берген жауабы

ақпараттың шындыққа сәйкестігін растайды. Бұл журналист үшін өте

маңызды. Өйткені, жауапкершілік ақпаратты берген тұлғаға жүктеледі.

Әрине, мемлекеттік органдар да, өзге ұйымдар да журналист талап

еткен ақпаратты беруге онша құлықты емес. Сұралған ақпаратты беру

мерзімдеріне байланысты проблемалар туындай бастайды. Өйткені,

журналист қызмет барысында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»

заңды, ал мемлекеттік және басқа да органдар «Жеке және заңды

тұлғалардың өтініштерін қарау тәртіптері туралы» заңдарға арқа сүйейді.

Бұған ресми сауалға тікелей қатысы бар «Ақпараттандыру туралы»

заңды қосыңыз.

Сауал ауызша және жазбаша түрде жасалады. Сауалдың жазбаша түрі

заң нормаларымен реттелетін болса, ауызша жолданған сауал заңдық

тұрғыдан реттелмейді.

Енді құрамдас бөлшектерді саралап алайық, өйткені, олардың да

маңызы зор. Ақпарат алу мақсатында сауал жазған кезде журналист

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 18-ші және 20-шы баптарын

басшылыққа алады.

20-бапқа сәйкес, журналист ақпаратқа сұрау салуға, ал 18-бап бойынша

оның жауабы өтініш түскен күннен бастап 3 күн ішінде қолына тиюі тиіс.

Немесе тиісті орган ақпарат беруден бас тарту себептерін көрсетіп жауап

жазуы тиіс. Сауал қосымша зерттеп, тексеруді қажет ететін жағдайлар

да болады. Онда жауап өтініш түскен күннен бастап бір ай уақыт ішінде

берілуі керек.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 392 |

Сонымен, жауап күту мерзімі журналистік сауалдың мемлекеттік

органның немесе өзге ұйымның қолына тиген күнге байланысты.

Сауалдың жеткізілген уақытын дәл білу үшін журналист поштаның арнайы

қызметін (жеткізілгені туралы хабарлайтын) пайдаланғаны абзал.

Немесе сауалдың екі данасын тиісті органға өз қолымен апарып береді.

Олардың бірінде қабылданған күні, құжаттың кіріс нөмірі мен қол

қойылады.

Енді журналистке ресми жауап берілетін мерзім белгіленді. Бірақ, жауап

көп уақытқа созылып кетуі мүмкін. Өйткені, мемлекеттік немесе өзге

ұйымдар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртіптері

туралы» заңмен белгіленген мерзімдерді бетке ұстайды.

Аталған заңның 8-бабына сәйкес, сауалнама немесе өтініш 15 күнтізбелік

күн ішінде қаралады. Егер қосымша зерттеп, тексеру қажет болса бұл

мерзім өтініш түскен күннен бастап 30 күнге дейін созылады.

Көріп отырғанымыздай, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» мен

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртіптері туралы»

заңдар журналист сауалына жауап беру мерзімін екі түрлі белгілейді.

Оларды ортақ бір уақытқа туралау үшін тағы да «Жеке және заңды

тұлғалардың өтініштерін қарау тәртіптері туралы» заңның 8-бабына

жүгіну қажет. Онда «Қазақстан

Республикасының заңдары негізінде өтініштерді қарау мерзімдерін

басқа уақытқа белгілеуге болады» деп атап көрсетілген.

Сондықтан журналист үшін өз сауалында «Бұқаралық ақпарат

құралдары туралы» заңның

18-ші және 20-баптары нормаларына сілтеме жасау өте маңызды.

Енді журналистік сауалға жауап алудың өзге тетіктері жөнінде айталық.

Бұл жөнінде «Ақпараттандыру туралы» заңда жазылған. Заңның 14-бабында

электронды ақпараттық ресурстарға қол жеткізу жөнінде айтылады.

35-бапта сауал негізінде журналисті электронды ақпарат ресурстарымен

қамтамасыз ету жолдары жазылған.

Электронды ақпарат ресурстарына меншік иесінің немесе ақпарат

жүйесі қожайынының атына сауал жолдағанда төмендегі әдістердің

бірін пайдалануға болады:

| 393 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

1) электронды поштаны немесе электронды цифрлық қолмен расталған

электронды құжатты пайдалану арқылы сауал жолдау;

2) тұтынушының жалпыға ортақ ақпараттық ресурстарды пайдалану

жөніндегі тікелей өтініші арқылы.

Жазған адамның қолымен расталған электронды құжат сауал қағаз

түрінде жолданған сауалмен бірдей. Бұндай сауалдар ақпараттық жүйе

қожайыны белгілеген іс жүргізу тәртібіне сәйкес тіркеледі.

37-бап сауалдардың орындалу мерзімдерін белгілейді.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше қаралған болмаса,

журналистік сауалға өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде

жауап берілуі тиіс.

«Ақпараттандыру туралы» заңда бекітілген мерзімдер сауал тіркелген

күннің ертесінен бастап есептелінеді.

Егер сауалды ақпараттық жүйе қожайыны немесе меншік иесінің тексеріп,

растауы қажет болса және электронды ақпараттық ресурстарды

беру үшін қосымша уақыт қажет болса орындау мерзімі бес жұмыс күніне

ұзартылады. Меншік иесі бес жұмыс күні ішінде ресми хат жолдауы тиіс.

Онда жауап беру мерзімінің ұзартылу себептері көрсетіледі.

Көріп отырғанымыздай, журналист үшін өзінің ойын ережелерін ғана

емес, ақпарат талап етіліп отырған тараптың тәртібін де білу маңызды.

Және бұл өз сауалыңа жауап алу мерзімдеріне ғана қатысты қағида

емес. Егер ойын тәртібін білетін болсаң, яғни ақпарат талап етіп отырған

тұлғаның жүгінетін заң нормаларымен таныс болсаң қызықтырып

отырған ақпаратты алу мүмкіндігі арта түседі.

Журналистің жұмысын біршама жеңілдету үшін берілген сауал

үлгісін 9-беттен табасыз.

Аккредитация - бастапқы дерек көзінен ақпарат алу. Бұл журналист

үшін өте маңызды. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралы өз журналистерін

мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда

аккредитациядан өткізуі тиіс. Аккредитацияның тағы бір маңызды тұсы

бар. Журналисті аккредитациялаған орган немесе ұйым оған отырыстар,

кеңестер және өзге де іс-шаралар жөнінде алдын-ала хабарлап, стенограммалармен,

хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз

етуге міндетті.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 394 |

Баспасөз мәслихаты – журналист ақпаратты дерек көзінен алады.

Бірақ, бұл ақпараттың өзіндік ерекшелігі бар. Көп жағдайда ол жағмыды

жағынан беріледі. Бұндай жағдайда ақпараттық жауапкершілік баспасөз

мәслихатын өткізген тұлғаға жүктеледі.

Сұхбат – ақпаратты дерек көзінің аузынан тікелей еститін болғандықтан,

бұл өте құнды жанр болып есептелінеді. Ақпараттық жауапкершілік

те сұхбат берушінің мойнында. Сұхбат алдында әңгімелесушінің атыжөні,

қызметі, сұхбаттың жүргізілген уақыты мен күні, өткізілген орны

толығымен таспаға (диск, диктафон) жазылуы тиіс. Тағы бір мәселе:

сұхбат авторлық құқық нысаны болып табылады: оны екі автор – журналист

пен сұхбат беруші жасайды. Әрине, сұхбат алдында оны жариялау

және әрі қарай пайдалану тәртіптері толық келісілуі қажет.

Бейне- және аудиожазба – «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»

заңның 19-бабына сәйкес журналист материалды таспаға жазып алуға

құқылы.

Осы заңнамалық актілерге жүгініп көрелік. Алдымен Азаматтық

процессуалдық кодекс (АПК) пен \

Қылмыстық-процессуалдық кодекстерден (ҚПК) бастайық.

Азаматтық-процессуалдық кодекстің 19-бабына сәйкес, іске қатысушы

тұлғалар және ашық сот отырысына қатысушы азаматтар сот тартысын

қағазға немесе аудиотаспаға жазып алуға құқылы. Сот тартысын фотоға,

бейнетаспаға түсіру, тікелей радио- және телетрансляция арқылы

жариялауға судья (іске қатысушылардың пікірін есепке ала отырып)

рұқсат етеді. Бұл іс-әрекеттер сот отырысының қалыпты жүргізілуіне кедергі

келтірмейтіндей болуы тиіс және уақыт жағынан сот тарапынан

шектелуі мүмкін.

Бұл мәселенің шешімі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 326-бабында

сәл басқаша көрсетілген. Сот отырысы өтетін залда аудио-, бейне

және кинотүсірілімдер мен суретке түсіру судьяның рұқсатымен жүзеге

асырылады.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Оның 21-бабына сәйкес, БАҚ өкілдері мен өзге де тұлғалар мекеме

әкімшілігінің немесе қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы рұқсаты негізінде

жаза қолданатын мекемелерге, тергеу изоляторларына баруға

құқылы. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің өкілетті органы белгілеген

тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

| 395 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Күдіктілердің, айыптылар мен сотталғандардың қауіпсіздігін және

қорғалуын қамтамасыз ететін нысандарды кино-, фото- және бейне

таспаға түсіру үшін түзеу мекемесінің, тергеу изоляторы әкімшілігінің

рұқсаты қажет.

Сотталғандар туралы кино-, фото- және бейнематериал түсіру, олардан

аудио-, бейнетехникаларды пайдалана отырып сұхбат алу үшін сол

азаматтардың өздерінің келісімін алу қажет.

Ал, енді қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін таспаға түсіруге,

қоғам қайраткерлерін, мемлекеттік шенеуніктерді және қарапайым

адамдарды суретке түсіруге тура келген жағдайда журналистің пайдалана

алатын құқықтары жөнінде әңгімелеп көрейік.

Біз журналистің (шектеулермен болса да) аудиовизуалды техниканы

пайдалануға құқылы екенін білеміз.

Бірақ, журналист өзінің осы құқықтарын пайдаланған кезде түрлі кедергілер

туындайды. Оған Азаматтық кодекстің 145-бабын малданған біреулер

камераға түсіруге, аудиотаспаға жазуға тыйым сала бастайды. Бұл

баптың мазмұны мынадай:

«145-бап. Жеке суретіне құқығы

1. Бірде-бір адамның бейнесін өзінің рұқсатынсыз пайдалана алмайды.

Егер қайтыс болған жағдайда оның туыстарының рұқсатын алу қажет.

2. Өзге бір тұлға бейнеленген өнер туындысын (картина, фотосурет, кинофильм

және т.б.) жариялау, көрсету және тарату үшін сол адамның

өзінен рұқсат алынады, ал егер ол қайтыс болған жағдайда оның балалары

мен жұбайының келісімі қажет. Егер бұл заңмен белгіленген

жағдайда немесе бейнеленген адам суреті үшін ақша төленген болса

бұндай келісімнің қажеті жоқ.»

Түсінікті. Түсіруге болмайды. Бірақ, олай болса журналист өтіп бара

жатқан кісінің бәрінен рұқсат сұрауы қажет болып шығады ғой. Бұл талапты

орындау тіпті мүмкін емес.

Сондықтан жұмыс істеу үшін кімнен рұқсат алу керек, ал кімнің

рұқсатының керегі жоқтығын ажыратып алайық.

Алдымен мынаған назар аударалық: бет-бейне құқығы Азаматтық

кодекстің «Адамның жеке басының мүліктік емес құқықтары» бөлімінде

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 396 |

айтылған. Бұл қоғам қайраткеріне де, мемлекеттік шенеунікке де қатысы

жоқ, тікелей азаматтарға арналған нормалар.

Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылы 21-

маусымдағы №3-ші

«Соттардың моральдық шығынды өтеу туралы заңды пайдалануы

жөніндегі» нормативтік қаулысында былай деп жазылған:

«3. Адамның жеке басының мүліктік емес құқықтары мен игіліктері деп,

одан айырылу немесе бұзу зардап шегушіге моральдық шығын келтіретін,

азаматқа туған сәттен бастап берілген игіліктер немесе оның

жеке басына тікелей байланысы бар заңдық құқықтарды айтамыз.

Адамға туа біткен игіліктер қатарына оның өмірін, денсаулығын, арожданын,

бостандығын, жеке тұлғаның дербестігіне құл сұқпаушылық

жатады.

Ал, азаматтық құқықтарға тұрғын үй немесе меншік құқығы; жеке басы

мен отбасының құпиясы, телефон, телеграф хабарламалары мен хат

алысу құпиясын сақтау құқығы; бейне құқығы; авторлық және аралас

құқықтар жөніндегі заңда қаралған авторлық немесе өзге де жеке

бастың мүліктік емес құқықтары; шынайы ақпарат алу құқығы, сонымен

қатар республика заңнамаларында қарастырылған өзге де құқықтар жатады.»

Көріп отырғанымыздай Жоғарғы сот та азаматтардың құқықтарына ерекше

екпін түсіреді.

Жоғарыдағы жайттарды ескере отырып айта кетуіміз керек: адамдар

көпшілік орындарда журналистің аудиовизуалдық техникаларды пайдалану

құқықтарын шектей алмайды.

Материал түсіріп жатқан журналист жұмысты ашық жүргізуі тиіс.

Яғни, кадрға түсуді қаламаған кез-келген адамның теріс айналып кету

мүмкіндігі болуы қажет. Қоғамдық орындарда ешқандай шектеу болмауы

тиіс. Әрине, өтіп бара жатқандардың бетін үлкен кадрмен беріп жатып,

кадрдың сыртында жағымсыз пікір айтудан аулақ болған дұрыс.

Адамның жеке өмірін бейнетаспаға түсіру үшін міндетті түрде сол

адамның рұқсаты керек.

Заң бойынша, журналист сұхбат алар алдында сұхбаттасушыдан аудио-,

бейнетаспаға түсіруге рұқсат алуға міндетті.

| 397 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік шенеуніктерге «көпшілік алдында

жүрген тұлға екендігін, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының

қызығушылығын тудырып отырғанын» ескерткен жөн. Журналисті

олардың түсіруіне заң да тыйым салмайды.

Хаттар, оқырмандардың, көрермендер мен тыңдармандардың

өтініштері. Осы дереккөздерінен алынған ақпаратты пайдаланған кезде

оның тек кішігірім бөлігін ғана қолдануға болатынын естен шығармаған

жөн. Заң мәтінді қысқартуға және редакциялауға рұқсат береді, бірақ

оның мазмұны бұрмаланбауы тиіс. Екінші жағынан, ешкім де БАҚ редакциясын

белгілі бір материалды жариялауға міндеттей алмайды.

Дереккөздерінің көптігі, ақпаратты қайталап тексеру оның растығына

көз жеткізуге және заңдық кедергілерді болдырмауға көмектеседі.

2. Ақпарат агенттіктері.

Олар да бұқаралық ақпарат құралы, сондықтан ақпарат агенттігі

таратқан ақпарды пайдаланған кезде оған міндетті түрде сілтеме жасауды

ұмытпауға тиіспіз. Ақпарат агенттігінің ақпары теріс болып

шыққан жағдайда заңдық келіспеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Ақпарат агенттігінің материалдарында мәселе нақты талданбауы

мүмкін. Бұл оның қызметіне тән ерекшелік. Олар үшін ақпаратты тарату

жылдамдығы маңыздырақ. Ал, оны егжей-тегжейлі тексеріп, нақтылау

әр бұқаралық ақпарат құралының өз міндеті.

3. Өзге бұқаралық ақпарат құралдары.

Басылымдар – ақпараттық қана емес, сан түрлі талдау материалдарынан

да тұрады. Ондағы ақпараттың қол жетімділігі жоғары. Өйткені, ол

қағазға басылған, көптеген БАҚ-ның жеке сайттары бар, оған газеттегі

ақпарат көшіріп салынады.

Телерадиохабар тарату ұйымдары – бұлар тарататын ақпараттың

өзіндік ерекшелігі бар. Телерадиохабарлардың қабылдану жылдамдығы

жоғары. Оны болашақта пайдалану үшін телерадиокомпанияға хабарласу

қажет немесе ақпарды магнитті дискіге жазып үлгеру керек.

Интернет – ақпарат алудағы ең жедел дереккөзі. Бірақ, ондағы ақпарат

міндетті түрде тексеруді қажет етеді. Егер тексерілмесе, журналист

шындыққа жанаспайтын, адамның ар-ожданы мен іскерлік беделіне

нұқсан келтіретін мағлұматтар таратқаны үшін жауапкершілікке тартылуы

ықтимал.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 398 |

Өкінішке орай, БАҚ шындыққа мүлдем жанаспайтын материалдарды

жариялап та жатады. Олардың бірі мұндай материалды аңдаусызда

жариялап қалып жатса, енді бір басылымдардың белгілі бір мүддесіне

сәйкес жарияланады. Сондықтан, ақпараттың БАҚ-та жарияланғанына

қарамастан өзге дереккөздерін іздестіріп, алынған ақпардың

дұрыстығына көз жеткізу артықтық етпейді.

Өзге мерзімді басылымдардың материалдарын пайдаланған кезде,

оның сол БАҚ-ның меншігі екенін естен шығармаған дұрыс. «Авторлық

және аралас құқықтар туралы» заң шығарманы автордың рұқсатынсыз,

авторлық сыйақысыз пайдалануға рұқсат береді. Бірақ, «әр нәрсенің

шегі бар» болатыны сияқты, оған да белгілі бір шектеулер қойылған.

Ең алдымен міндетті түрде авторға және ақпарат көзіне сілтеме жасау

қажет.

Журналист үшін маңызды шарттар:

- заңды түрде жарияланған шығармалардың түпнұсқасынан цитата келтіру,

ғылыми, зерттеу, сыни және ақпараттық мақсатта аударма жасау,

баспасөз шолуында газет пен журнал мақалаларынан үзінді келтіру заң

бұзушылыққа жатпайды;

- заңды түрде жарияланған шығармалар мен олардан алынған

үзінділерді басылымдарды безендіру үшін, радио-телехабарларда,

оқулық түріндегі дыбыстық-бейнежазбаларда пайдалануға болады;

- ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және діни мәселелер

бойынша газет-журналдарда жарияланған немесе эфир арқылы берілген

жалпы хабарларды (егер автор бұған арнайы түрде тыйым салмаған

болса) газетке жариялауға, эфирге шығаруға немесе кабель арқылы

таратуға рұқсат етіледі;

- саясаткерлердің көпшілік алдында айтқан сөздерін, жолдауларын, баяндамалары

мен осы сипаттағы өзге де өнімдерді белгілі бір көлемде

газетте жариялауға, эфир немесе кабель арқылы таратуға болады.

Бірақ мұндай шығармаларды жинақтарға енгізу құқығы автордың өзіне

ғана тиесілі;

- жалпыға ортақ мағлұматтарды ағымдағы оқиғалар жөніндегі шолуларда

фотосурет немесе кинематография құралдары арқылы жариялауға,

эфирден көрсетуге немесе кабель арқылы таратуға рұқсат етілген.

Ол ақпараттық мақсатты ақтайтындай көлемде берілуі тиіс. Мұндай

шығармаларды жинақтарға енгізу құқығы авторға тиесілі болып қала береді.

| 399 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Ендеше, бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы бетіндегі редакция

сілтемесіне назар аударыңыз. Кейбірінде «газетке сілтеме жасай отырып

жариялауға рұқсат етіледі» деп жазылса, енді бірінде «көшіріп басу

үшін редакцияның рұқсаты қажет» деп көрсетілген болуы мүмкін.

Қосымша (төменде): журналистік сауал үлгісі

Үлгі

Мемлекеттік органның, ұйымның атауы,

лауазымды тұлға

мекен-жайы __________________

жолдаушы _______________________

(журналистің аты-жөні, БАҚ-ның толық мекен-жайы)

Құрметті ___________________________!

Сізден төмендегі ақпаратты беруіңізді сұраймын ___________________

(қажетті ақпаратты нақты көрсету).

Сұралып отырған ақпарат қоғам мүддесін сөз етеді, сондықтан мақала

жазуға қажетті материал ретінде пайдаланылады.

Қызмет барысында мен «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның

20-бабына жүгініп отырмын. Аталған бапқа сәйкес, журналист ақпаратты

іздеуге, сұрауға, алуға және таратуға құқылы.

БАҚ-ты қызықтырып отырған ақпаратты «Бұқаралық ақпарат құралдары

туралы» заңның 18-бабында белгіленген мерзімдерде беруді өтінемін.

Ақпаратты мына мекен-жайға жолдауыңызды сұраймын ___________.

Ақпарат беруден бас тартқан жағдайда «Бұқаралық ақпарат құралдары

туралы» заңның 21-бабына сәйкес жауап беруіңізді сұраймын. ҚР

Әкімшілік заң бұзушылықтар кодексінің 352-бабына сәйкес, бұл Сіздің

әрекеттерің бойынша сотқа шағымдану барысында қажет болады.

Қолы

Күні

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 400 |

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ

ҚАҚТЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ТӘСІЛДЕРІ

Рахила Қарымсақова

Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, оның бұқаралық ақпарат

құралдарында этникалық тақырыптағы ақпараттың өзіндік орны бар.

Республика жұртшылығы сол ақпарлардан бір-бірінің және өз халқының

тұрмыс-тіршілігін біліп отырады.

БАҚ-та этникалық тақырыпта берілген ақпарат бірде оң, бірде кері әсер

беретін жағымсыз қызмет атқарады.

Алғашқысында этникалық ақпарат ізгілік, толеранттылық міндет

атқарады. Ол адамдардың көңіл-көзін ашып, ақпарат береді, оларды

игі істерге бастайды. Бұндай ақпарат оқырмандар бойында басқа ұлтқа

деген құрмет пен сүйіспеншілік тудырады. Өз халқың туралы жазылған

этникалық ақпарат ұлттық сана-сезімді оятады, өз ұлтыңа деген құрмет

пен мақтаныш сезімдерін тудыдрады. Ондай мақала сыни тұрғыда баяндалуы

да мүмкін. Бұл өз кезегінде белгілі бір кемшіліктерді жойып,

проблеманы шешуге ықпал етеді.

Жалпы, БАҚ арқылы таратылған этникалық толерантты ақпарат

ұлтаралық қарым-қатынас саласында дұрыс түсінік қалыптастырады.

Екінші жағдайда, кері әсер ететін этникалық ақпарат белгілі бір ұлттың

кемшілігін жіпке тізіп, оларға деген жеккөрініш пен үрей сезімін тудырады.

Мұндай ақпарат әлеуметтік қақтығыстарды БАҚ-та көрсету кезінде

жиі байқалып жүр.

Кеңестік қоғам санасына біздің елде ешқандай этникааралық немесе

дінаралық проблема жоқ деген қағида әбден сіңірілді. БАҚ-тың бас редакторларымен

ұлтаралық келіспеушіліктерді жариялауға тыйым салатын

құпия келісім жасалғаны жасырын емес. Жарияланымдарды сарап-

БАҚ-тағы этникалық тақырыптағы негізгі ақпараттарцға ұлт атаулары (этнонимдер) жатады.

Мысалы: өзбек, қазақ, орыс және т.б. Кейде мемлекеттердің аты аталады (Грузия,

Татарстан, Қарақалпақстан), сондай-ақ ұлтқа қатысты сөздер: ұлтшыл-патриот,

ұлтшылдық, ұлтшыл-экстремизм және т.б.

| 401 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

тау барысында қазіргі БАҚ-тың көпшілігі осы қағиданы ұстанатынына

көз жеткіздік. Бұл бір жағынан журналист үшін де, редактор үшін де,

газет қожайыны үшін де ыңғайлы. Бірақ, проблема жоқ емес қой. Және

біз «жабулы қазанды жабулы күйінде» қалдырғанымызбен проблема

жойылмайды. Керісінше, дер кезінде көңіл бөлінбеген проблемалар

уақыт өте келе әбден өрши түспек.

2006-2007 жылдар Қазақстан қоғамында қақтығыссыз болған жоқ. Сол

жылдары қазақ-өзбек шекарасында, «Теңізшевройл» компаниясының

жаңа буын зауытын салып жатқан «Сенімді құрылыс» компаниясындағы

қазақ-түрік жұмысшылары арасында қақтығыстар болды. Алматының

«Бақай», «Шаңырақ» ықшамаудандарындағы жағдай, Алматы

облысының Шелек, Малыбай ауылдарындағы, Оңтүстік Қазақстан

облысының Маятас ауылындағы қақтығыстар және т.б. оқиғалардың

қоғамды дүр сілкіндіргені рас. 2008 жыл да қақтығыстан құр алақан

емес.

Бұндай қақтығыстардың себептері де әртүрлі. Олар: әлеуметтікэкономикалық,

саяси, этнопсихологиялық мәселелерге келіп саяды. Біз

қарап шыққан мақалалардың басым көпшілігінде қақтығыс тудырған проблеманы

шынайы ашып көрсетуге деген талпыныс байқалады. Мәселен,

«Теңізшевройлдың» зауытында болған қақтығыс себептері мен оның

шиеленісуі түрліше баяндалды: жергілікті билік орындары проблеманы

тұрмыстық жанжал деп желеулетсе, оны қазақ жұмысшыларының

ұлттық ар-намысын аяққа таптау деп түсінгендер де, оны әлеуметтікэкономикалық

факторлармен байланыстырғандар да болды. Алайда,

журналистер әрқашан мәселенің тереңіне үңіліп, оқиғаның шынайы картинасын

береді деуге болмайды.

Кей мақалаларды оқып отырғанда еріксіз қынжыласың. Ол материал

қандай мақсатпен жазылды және журналистің мақсаты не? Журналист

қақтығысты шынайы көрсетті ме және сол арқылы тараптардың қарымқатынасын

реттеуге көмектесті ме? Жарияланым жаңа қақтығыс тудырып,

отқа май құймай ма?

Қақтығыс туралы ақпарат беру тәсілдері

Қақтығыс туралы берілген теріс ақпарат оның шиеленісе түсуіне, ал

оң ақпарат керісінше әсер етуі мүмкін. Конфликтология ғылымында

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 402 |

қақтығыс туралы ақпарат берудің теріс және оң тәсілдері болады деп

көрсетілген .

Оң тәсіл

- қақтығысқа әкеліп соқтырған нақты

проблемаларды көрсету;

- қақтығыс кезеңіне шынайы баға беру;

- қақтығыс субъектілерінің шынайы

образын ашу;

- баламалы тәсілдерді (тарихи

жағдай мен қазіргі ахуалды көрсету)

пайдалану арқылы қақтығыстың

толық ретроспективасын (бұрынғы

тарихын) беру);

- қақтығыс оқиғалары туралы дәл

және толық ақпарат беру;

- қақтығысқан тараптардың шиеленісті

реттеуге бағытталған бастамалары

мен қадамдарын көрсету;

- қақтығысты әлсіретудің әлеуметтік

технологияларын қолдау.

Теріс тәсіл

- Қақтығыстағы бірсәттік (жалған,

ойдан құралған) проблемаларды

көрсету;

- жалған бағалау (қақтығыстағы

әрекеттер «идеялар күресі» ретінде

немесе керісінше қарым-қатынасы

нашар адамдарды бір-біріне дұшпан етіп

көрсету);

- қақтығыс субъектілерінің жалған

образын жасау (тараптарды

сипаттағанда жағымсыз баға беру);

- баламалы тәсілдерді пайдаланудан

бас тарту арқылы (жалғанғылыми

еңбектерге сүйену) қақтығыс

ретроспективасын қолдан жасау;

- қақтығыс оқиғалары туралы

ақпараттың шынайылығын сақтамау;

- қақтығысқан тараптардың шиеленісті

реттеуге бағытталған бастамалары мен

қадамдарын іріктеп көрсету;

Қақтығысты ушықтыра түсуге

бағытталған қадамдарды қолдау.

Қақтығысқа оң баға беру қоғамның жағдайды реттеуге бағытталған

әрекеттерінің тиімділігін арттырып, ахуалды реттеуге көмектеседі. Бұл

тәсіл журналистің қақтығысқа оң ықпал ете алатындығын көрсетеді.

«Шелек ұйғырлары: мемлекет сіздердікі, жер біздікі» деп аталған мақала

осындай оң тәсілмен жазылған. Онда қақтығыс жағдайы дәл баяндалған,

этникалық таптауырын болған қағидалар (стереотиптер) жоқ, өткен мен

бүгінгі жағдай ретроспективасы берілген. Материалда бір ұлттың ар-намысына

тию, қазақ немесе ұйғыр халқына қарсы әрекетке бағыттайтын

бағалау жоқ немесе белгілі бір адамның жағымсыз пікірі берілмеген.

Қақтығыс жөніндегі теріс ақпарат болса, керісінше қақтығыстың ушыға

түсуіне ықпал етеді. Болған оқиға жөнінде оң және теріс ақпарат беру

тәсілдері кез-келген қақтығыс туралы жазғанда пайдаланылып жүр.

Прикладная конфликтология. – М.: «Права человека», 2006 ж. 22-бет

| 403 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Халықаралық «Әділ сөз» қорының жобалары бойынша жүргізілген

зерттеу шеңберінде БАҚ-тағы көптеген жарияланымдар сарапталған

болатын. Өкінішке орай, авторлардың басым бөлігі кейінгі салдарын

ойламастан теріс ақпарат беру тәсілін пайдаланған. Ешбір ақпарат

көзінің атын атап, түсін түстемей-ақ осы жарияланымдардың бірқатарын

мысалға келтіре кетейін.

Мысалы, «Ала қайғы» деп аталатын мақалада қақтығыс туралы не

жазылған? Онда Бақайдағы ахуал дәл және толық баяндалмаған.

Қақтығыстың туындауына ықпал еткен проблемалар көрсетілмеген;

опоненттер бір-біріне дұшпан ретінде, ал қарым-қатынастың шиеленісуі

жауласу, басқыншылық сынды суреттелген. Қақтығыстағы тараптың

жалған бейнесі жасалады. «Үлестен құр қалған халық» деген бұрыс

қағиданы жамылған автор барлық бәле биліктен деген ой тастайды.

Іштен жау іздей отырып Қазақстанда тұратын аз ұлттардың жағдайы

қазақтардікінен жақсы деген пікір тудырады:

Шыны керек болса Қазақстанда тұратын халықтың қазақтан

басқаларын бәрінің ұпайлары түгел. Кеңес үкіметі кезінде қатаң

шектеулер қойып, әйтеуір қазақтарды қалаға жолатпады. Енді келіп

егемендік алдық деген құр сөзге масайрап, бетімізбен әлденеге шатшадыман

болып отырғанымыз мынау. Тіпті иті де, біті де басынып,

төбемізге секіріп, қазақтарды автоматтан өз жерінде оқ жаудырып,

қырып жатса да үндемеуіміз керек...

Бұл да сонда: «Ұлт жөнінде сөз қозғап қалсаң бәрі өріп шыға келеді,

татулық, ынтымастық деп шулап. Ау, ондай татулықтың атасына

адыра! Кім баспанасыз - қазақ, кім жұмыссыз – қазақ, кім аш-жалаңаш

- қазақ...»

Жарияланым авторының мақсаты не? Мүмкін өз халқына көмектесіп,

оны қорғағысы келген шығар. Бірақ, одан не ұтты? Оқырман бойында

«өзге» ұлттарға деген жеккөрініш сезімін тудырды, жаңа қақтығыстар

дәнін септі.

Толеранттылық пен ксенофобияның журналист

шығармашылығындағы орны

Тәуелсіздіктің нығаюымен қазақтардың ұлттық сана-сезқімі өсіп,

тарихқа, бүгінгі мен болашаққа көзқарасы өзгерді, ұлттардың тарихи

тағдырын ұғына бастады. Бұл тамаша үрдіс. Бірақ, белгілі бір күштер

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 404 |

оның қолтығына су бүркіп, ұлттық сана-сезімді ұлтшылдыққа «аударуға»

тырысқанда бұл үрдіс қауіп тудырады. Ондайда адамдардың бойында

өзге ұлтқа деген жағымсыз пікір қалыптасады.

Толерантты тілді ұстанбайтын журналист ұлтаралық және

дінаралық байланыстар мен қақтығыстардың теріс баяндауға жол береді.

Толерантты болмай демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Ендеше,

оның басты қағидасы қандай?

Толеранттылық сөзінің түпкі мағынасы төзімділік (латынша tolerantia

– төзімділік) дегенді білдіреді. Лингвистикада толеранттылық дегеніміз

– төзімділік, өзгелердің кемшілігіне түсіністікпен қарау деген сөз. Саясаттанушылар

толеранттылықты адамның, қоғам мен мемлекеттің өзгелер

пікірін тыңдай білуі және сыйлау қабілеті деп түсіндіреді, Ал, психологтар

бұл түсінікті өзге адамды түсініп, өзгелердің сезгенін жаныңмен сезіне

білу қабілеті ретінде қарастырады .

Толеранттылық жекелеген адамдардың қарым-қатынасында ғана емес,

кез-келген әлеуметтік топ пен қоғам үшін де аса қажет.

Ксенофобия (грек тілінен xenos «жат» + phobos «қорқыныш»)

толеранттылыққа мүлдем қарама-қайшы дүние. Этноәлеуметтану

ғылымында «ксенофобия – діні, салт-дәстүрі, ұлты бөлек жандардан

қорқу, оларды жек көру» деп түсіндіріледі (мысалы, русофобия –

орыстармен жауласу, антисемитизм – еврейлерге өштесу және т.б.).

«Театр, қоғам және қазақ төңірегіндегі Әшірбектің әңгімесі» деп

аталатын сұхбатты алып қарайық. Сұхбат беруші – белгілі театр

қайраткері, өнертанушы.

- Сөз көп, іс аз. Қанымызда қалған осы бір теріс қасиеттен

құтылмайтын шығармыз...

Мүмкін. Бірақ осыдан не пайда таптық. Әуелі бір орыс немесе кәріс

қазақша сөйлей қалса, өлердей қуанамыз. Оның қазақша сайрағанынан

бізге не келер-кетері бар. Сөйлесе ол өзі немесе тіршілігі үшін

сөйлейді. Оған бола бөркімізді аспанға атуымызды қажеті қанша?

Мысалы, Қазақстандағы белгілі хор дирижері А. Молодов былай дейді: Өз халқыңды

жақсы көру және оның атын шығару – түсінікті дүние. Бірақ авторлар Қазақстанды

алдымен патшалық Ресей, содан соң КСРО бодандықта ұстады деп жазғанда қайран

қаламын. Өйткені, Айтматов Ленин сыйлығының лауреаты, Кеңес одағы тәрбиелеген

жазушы ғой … («Құз басындағы аңшының зары» кітабы туралы. – Р.Қ.) Онымен келіспеуге

де болмайды.

| 405 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Қайта басқалардың қазақша білгенінен сескенуіміз керек. Себебі,

олар тілімізді үйреніп алса, ішіміздегі алауыздық пен жершілдік,

рушылдық сияқты дертімізге қанығып алмай ма. Сосын қарсы

келудің амалын оңай табады ғой. Біз осы сияқты усақ дүниелерді

де сезіне алмаймыз-ау!

Оның ойынша, қазақ тілін өзге ұлттардың үйренгені қазаққа қауіп тудырады.

Бұндай пікір айтуға не түрткі болды? Жалғыз сол ғана осылай

ойлай ма?

Қорқыныш пен бір топтың екінші топқа деген өшпенділіген тудырады,

бұдан асқан қауіп жоқ.

Сөз бостандығы және қылмыстық ксенофобия

Қазақстан республикасының заңдары сөз бостандығына кепілдік

бере отырып, қылмыстық ксенофобияға қатаң тыйым салады. Оған

төмендегідей әрекеттер жатады:

• Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық

алауыздық тудыру

• Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық

алауыздық пен бөлінушілікке итермелеу

• Азаматтардың ұлттық ар-намысын немесе діни сезімін қорлау

• Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық

артықшылықты насихаттау немесе соған үгіттеу

• Әлеуметтік, лауазымдық, тұрмыстық жағдайына, жынысына,

нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни сеніміне қарай кемсітушілік.

Бұл әрекеттерге ҚР-ның Конституциясында (5, 14, 20-баптар), ҚР-ның

Қылмыстық кодексінде (141-бап), сондай-ақ, БАҚ туралы заңда (2; 25-

баптар), «Экстремизмге қарсы күрес туралы» заңда (1-бап), «Діни сенім

бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңда (3, 4-баптар), «Саяси

партиялар туралы» заңда (5-бап), «Қазақстан Республикасындағы

сайлаулар туралы» заңда (27-бап, 8-тармақ), ҚР-ның Азаматтықпроцессуалдық

кодексінде (343, 344-баптар) тыйым салынған.

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе алауыздық

тудыру дегеніміз түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері арасында (олардың діни

Журналистің (немесе редакцияның) бұған қатысты пікірі берілмеген, сондықтан ол да

сұхбаттағы идеяларды қолдайды деуге болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 406 |

сеніміне қарай) алауыздық тудыру болып табылады. Оның арты түрлі

ұлт өкілдерінің бір-бірін қорқытып-үркітуіне, төбелесуіне немесе белгілі

бір топтың қоғамнан оқшаулануына әкеліп соқтырады.

Өшпенділік тудыратын ақпаратқа «жағымсыз эмоциямен

бағаланған және белгілі бір ұлтқа, діни топқа қатысты теріс түсінік пен

қолайсыз жағдай қалыптастыратын ақпарат жатады.

Жік салу дегеніміз жек көрініш сезімін тудыру. Ал өшпенділік біреуді

қатты жек көру, кез-келген жолмен біреудің құқықтары мен заңды

мүдделерін бұзуға деген құштарлық болып табылады.

Ұлттық ар-ождан – халықтың (этностың) ар-ожданын моральдық

тұрғыдан бағалау. Ол белгілі бір халықтың көпұлтты қоғамдастықтағы

рөлін, оның тарихи дамуға қосқан үлесін қоғам тарапынан мойындауға

негізделеді. Ұлттың ар-ождан атрибуттарының ішінде оның тілі ерекше

қорғалады.

Азаматтардың ұлттық намысы мен ар-ожданын немесе діни

сенімін қорлау намысқа тиюге бағытталған тұрпайы әрекеттерден

тұрады. Бұл әрекеттер ұлттың қасиетті саналатын дүниелерін, тарихын,

өмір салтын кемсіту мақсатында жасалады (тұрпайы тіл, ым, менменсу).

Ұлттың (діни) ар-ожданын қорлау дегеніміз – белгілі бір ұлттың немесе

діни топтың өткен тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен психологиясына,

идеяларына, ескерткіштері мен құнды құжаттарына қатысты

жалған мағлұмат тарату және олардан жиіркену.

Журналист белгілі бір мәтіндегі ұлттық, нәсілдік және діни алауыздықты

қандай белгілер негізінде анықтайды?

Оның негізгі белгілері мынадай:

– бір этносқа, нәсіл немесе дінге қатысты теріс пікір қалыптастыру;

– жекелеген адамдардың кемшілігін этникалық немесе діни топқа

тұтастай жаба салу;

– бір ұлттың, нәсілдің немесе діннің артықшылығын немесе өзгелерден

беріктігін насихаттау;

– жекелеген адамдардың әрекеті үшін тұтас бір ұлтқа кінә тағып, сол

үшін жауапкершілікті этникалық, діни топқа жүктеу;

– белгілі бір ұлттың екіншісіне ежелден өш екенін растау;

– бір ұлттың немесе діни топтың өзгелерге қарсы бағытталған құпия

| 407 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

жоспарлары туралы айту;

– өткендегі, қазіргі және келешектегі келеңсіздіктер үшін белгілі бір

ұлтты, діни топты кінәлау;

– қандай да бір ұлтқа, нәсілге. дінге қарсы әрекеттерге үгіттеу;

– қандай да бір ұлт, дін өкілдеріне қарсы бағытталған геноцидті, қуғынсүргінді,

күштеп қоныс аудару оқиғаларын ақтау;

– тбелгілі бір ұлттың немесе дін өкілдерін қызметтен аластауды талап

ету;

– белгілі бір ұлт, дін өкілдеріне қоқан-лоққы көрсету немесе оларға қарсы

күш қолдануға азғыру.

Егер мәтінде осы белгілер болса авторлардың үстінен қылмыстық іс

қозғауға болады.

Этностың теріс образын қалыптастыру

Ұлтқа қарсы теріс пікір түрлі жолдармен қалыптастырылады.

Бірінші, этносқа тікелей ксенофобиялық сипаттама беру. Мәселен, «Дін

және мемлекет!» деп аталатын мақалада этносқа қатысты зоологиялық

жеккөрініш сезімі, тікелей қорлау байқалады: «Конституциямызға

көз жүгіртпеген көр көкіректерді надан демей адам дейміз бе, қалай

дейміз? Өз алдымызға ел болсақ та өрекеңдердің сарымсақ сасыған

қылтанақ қызыл тұмсығынан сүйіп, қолаңса сасыған қолтығынан иіскеп,

шошқаның күлімсі иісі сіңген шалбарының балағын құшақтауды

қоямыз ба, жоқ па? Ар қайда намыс қайда? Азат елміз бе, әлде мазақ

елміз бе?

Бұндай сипаттамалар көп емес, бірақ олардың бұқаралық ақпарат

құралдарында жариялануы этнос туралы теріс пікір қалыптасуына

ықпал етеді.

Екіншіден, ұлт туралы теріс пікір этникалық стереотиптер арқылы

қалыптасады. Этномәдени стереотип – белгілі бір халықтың мінез-құлқы

мен дағдысына қатысты қалыптасқан жалпылама түсініктер. Олар көп

жағдайда теріс пікір қалыптастырып, белгілі бір ұлтқа деген үрей, сенімсіздік

пен күмән тудырады. Мысалы, «Қытай қазақтары қыздарын басқа

ұлтқа бермейді» деген жарияланымда Қытайдан келген оралманның

сұхбаты жарияланған. Ол: «Сөз келісінде, жамандағандай боламын,

айтпаса тағы болмас, сіздерде әлі де болса орысшылдық басымдау

ма деймін. Көшеде, не көпшілік орындарда болсын екі қазақ кездессе

қазақшасын умытып орысша сөйлесіп тұрады. Содан да болса керек,

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 408 |

кейбір жастар арасында ибалылық, инабаттылық, улкенді сыйлау, не

кішіге қамқорлық жетпей жататын сияқты».

Жанама түрде алып қарағанда, мұның астарында: орыстар сыпайылық

дегенді білмейді, тәрбие көрмеген, жасы үлкенді сыйламайды, жасы

кішіге көмектеспейді деген теріс наным жатыр.

Жалған қағидалар ойдан шығарылған, этнос туралы рабайсыз

идеялар арқылы да қалыптасады. «Қауіпті постулаттар» деп аталатын

мақалада саясаттанушы Қазақстанға сырттан келетін қауіпті төрт

факторды атап өтеді (Батыстың кері әсері, Қытай халқы санының шектен

тыс артуы, араб шовинизмі): «Ал, ескі құда Ресейдің мәдени-саяси

иірімнің ішінде отырып (қазір де отырмыз) біз араққа қатты берілдік.

Орыстың тікбақай мінезі қала мәдениетінің негізіне салынып,

қазақты бір-біріне суық сәлемдесетін деңгейге түсірді. Орыстың

жейтін тамағы - шошқанын жаясы қазақтың мінезіне қызғанбауды

әкелді. Өйткені, шошқанын аталығы аналығын қызғанбайды. Қазақ

арасында жеңіл жүріс, ажырасу көбейді. Орыс қызының, орыс әйелінің

тасыр мінезі қазақ әйелін өзгертіп жіберді: қара саңға дейін көрінетін

қысқа көйлек киетін болды».

Көріп отырғанымыздай, аталған үзіндіде «орыстар шошқа етін жейді»

деген түсінік қолданылған және ол этносқа қатысты теріс пікір

қалыптастырады. Сөйтіп, тіпті басқа сыймайтын ойларды айтады

(Орыстың жейтін тамағы - шошқанын жаясы қазақтың мінезіне

қызғанбауды әкелді. Өйткені, шошқанын аталығы аналығын

қызғанбайды.).

Ұлтқа қатысты жағымсыз пікір қалыптастырудың тағы бір тәсілі – жекелеген

оқиғаны жалпыландырып, оны тұтас бір этносқа таңып

қою.

«Скинхедтер қазақ қызын өлтірді» деген мақалада Санкт-Петербургте

қазақ қызы Айнұр Бөлекбаеваның өлтірілуі жайы сөз болады. Қайғылы

оқиғаға белгілі саясаткерлер баға береді. «Ұлт тағдыры» қозғалысы

төрағасының орынбасары Хасен Қожахмет: «Мұндай жағдайлар

бізде 70-ші жылдары болған. Автобуста, коллективте: «Неге

қазақша сөйлейсіңдер?» деп, Қазақстанда талай қазақтарға қорлық

көрсеткен. Ал, енді Ресей халқының санасы сол деңгейден аспағаны

көрініп тұр». 70-ші жылдары орыстар қазақтарға қатысты қылмыс жасады

деген дәлелсіз тұжырымын автордың ар-ұятына қалдырайық.

| 409 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Өкінішке орай, ол: Ал, енді Ресей халқының санасы сол деңгейден

аспағаны көрініп тұр деп, тақырбастар бандасының қылмысын тұтас

орыс халқына жауып отыр.

ҚР парламентінің бұрынғы депутаты Амангелді Айталы фашизм туралы

және Кеңес одағы құлағаннан кейін Ресейде орын алған проблемаларды

айта келе былай дейді: «Жалпы, фашизм орыс халқының идеологиясында

әуелден бар. Бұл осы жылдары пайда болған құбылыс

емес. Қазақ жеріндегі ұлт-азатттық қүреске қатысқандарды қырыпжою

әдістерін біз еске алсақ, неше түрлі фашистік қылмыстар

қазақ топырағында орыстармен жасалды. Мысалы, 1916 жылғы ұлтазаттық

көтеріліске қатысқан қазақтарды киізге орап, устерінен керосин

шашып, өртегені туралы 1917-1918 жылдары «Наша газета»

деген басылым жазған. Бір кездері осыны мен оқып, орыс халқы мен

фашизмнің арасында осындай байланыс бар екен деп ойлағанмын.

Сондықтан оған таң қалмау керек». Бұл пікір ешбір негізсіз айтылған

және ресми ақпарат көзіне, фактіге сілтеме жасалмаған (1917-1918 жылдары

шыққан газеттің атауы сілтеме болып жарытпайды). Саясаткердің

пікірінше, фашизм патшалық Ресейдің қазақ жеріндегі ұлт-азаттық

қозғалыстарға қарсы әрекеттері емес, о бастан орыс халқына тән дүние

болып табылады. Осылайша, екі халықтың өткені тұрпайы сипатталып,

белгілі бір топтың әрекеттері тұтас орыс халқына жабылған.

Ксенофобиялық түсінік қалыптастырудың тағы бір әдісі – белгілі бір

ұлтқа сатқын-этнос деген айдар тағу, оны бұрынғы қылмыстар үшін

айыптау. Мысалы: «…1992-97 жыл аралығында «қайдасың отаным

- Ресей?» деп 1,6 миллион орыстардың көшіп кеткеніне кейбіреулер

қатты қынжылды. Ал туралыққа келсек біз қынжылмай қайта

қуануымыз керек. Себебі «қасқырды қанша бақсаң да ормаңға қарап

ұлиды» дегендей олардың жүрегі Ресей деп соғып тұр. Олар еш

уақытта Қазақстанға жаны ашымайтынын сол көшімен дәлелдеді.

Мұндайлардан аман-есен тыныш қана құтылғанымызға қуанайық.

Өйткені ел басына ауыр жағдай туа қалса бірінші болып сатқындық

жасау солардан шығуы мумкін.

«Атамекеннің» бүлдіргі бастамасы» деп аталатын мақалада журналист

орыс ұлтын отанынан айырғысы келеді: «Біз партияның («Атамекен»)

мақсатымен де тіпті атымен де келіспейміз. Тілдерін мемлекеттік

тіл деп мойындайтындай Қазақстан орыстың да, ағылшынның да

атамекені емес. Орыстар да ата-бабалары патшалық Ресей заманында

ауып келген кірмелер». Көріп отырғанымыздай, кейде баспасөз

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 410 |

қоғамдағы күрделі процестерді этникалық фактордың нәтижесі ретінде

қарастырады.

Саясаткер Амалбек Тшан Қазақстандағы интернет-басылымдардың

біріне берген сұхбатында астарлап болса да этносқа қатысты жағымсыз

пікір айтқан:

- Яғни, сіздіңше аталған аудандардағы күрдтер биліктен

қорықпай, ойына келгенін істеп жатыр ма?

- Ұлттық мәселе өте ауыр дүние. Ол туралы айту да қиын.

Бірақ, 30 миллионнан асқан күрд халқы дербес мемлекет құра алмады.

Бұл нені білдіреді? Мен түріктер күрдтердің қанына соншалықты

құмар дегенге сенбеймін. Түркия – демократиялық даму жолын

таңдаған мемлекет. Олар неге күрдтермен соғысып келеді? Өйткені,

Анкараға күрд диаспорасы тарапынан қысым жасалып отырады. Және

онысы шектен шығып кетуде.

Кейбір жарияланымдар қазақтардың жауларын іздеуге бағытталады.

Сонымен қатар қазақ халқының қайғы-қасіреті этникалық белгілермен

байланыстырылады. Мысалы, «Көрінгенге мазақ - о сорлы қазақ...» деген

мақала авторы қазақтардың ауыр жағдайына Қазақстанды көпұлтты

мемлекетке айналдырған тарихи себептерді кінәлайды: «Бар пәле он

сегізінші ғасырдан басталған тәрізденеді де тұрады маған... Әуелі

патшалық Ресейдің жүздеген мың орысын, татарын еңгіздік. Одан

Кеңес заманында тағы да орыстар, олардан қалмай украиндар, беларусьтер,

молдавандар, еврейлер, өзбектер қаптады. Жер аударылып

латыштар, немістер, кәрістер, шешендер жетті. Ақыр аяғында 100-

ден астам ұлттың екінші Отанына айналдық, «Қазақстан - ұлттар

лабораториясы» деп бүкіл әлемге жар салдық. Қазір бұрынғыдан да

көбейе түсті олардың саны, өйткені тәуелсіздік алғалы әр нәрсені сылтау

етіп қытай, ағылшын, жапон, үндіс, түрік, араб, испан, италян,

португал, негр, француз, парсы, швед, қарақалпақ... кіріп кеткен...

Қонақжайлығынан-ақ көбіне көзі шығатын қазекең сырттан келгендер

ұлтымызды жаман демесінші деп, оларға қалбаңдай-қалбаңдай

өз елінде солардың кейбіріңің мазағына қалғанын, ұлтанына түсіп

кеткенін сезбей қалған секілді. Енді келіп бармағын шайнап, зығыры

қайнап, өз-өзінен күбірлеп, санын сабалап, желкесін қасып, жер шұқып

отырғаны мынау.

Мақалада қазақтың қасіретіне кінәлілер этникалық белгісі бойынша ізделеді.

Автор жау іздеп, тарихи мағлұматтарды (Қазақстанға күштеп

| 411 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

қоныс аудару, көші-қон) беру арқылы өзбектер туралы теріс пікір

қалыптастырады: «Өзбектің достығы үй айналғанша» деп тектентек

айтпағанын әрдайым есімізде ұстағанымыз жөн... Кейбір мас

болғандары, не өжектесіп айтысып қалғандары, Өзбекстанда қазақ

пен орысты қой мен шошқаға балайтындарын, соларша емпеңдетіп

айдайтындарын айтып, кеуделерін соғады. Яғни, жерімізде жүріп,

біздің ұлтты менсінбейді; ... Бірақ өзбек әкалар марғау қазақтарға

қайда болса да тісін қайрап, ызасын сақтап жүретініне таң қаламын.

Өзбектер мен қарақалпақтар қоғамға теріс әсер етеді деп айыпталады

(Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау); олар

қазаққа қауіп төндіреді деп түсіндіріледі. Бір сөзбен, қазақтың бүгінгі

халіне өзге ұлттар кінәлі дейді автор: «Қазақстанда өзге бір ұлт өкілінің

үйі қиратылыпты, не баспанасыз жүр екен дегенді естіген емеспін.

Бұл күнде күйі жоқ та қазақ, уйі жоқ та қазақ болып тұр. О, сормаңдай

қазақ, көргенің азап пен мазақ болды-ау! Ел кімдікі? Жер кімдікі? Сен

кімдікісің?

Мақалада стандартты ксенофобиялық логика жатыр: «олар» («жат

адамдар») «бізді» жек көреді. «Біз» болсақ оларға мейірім көрсетеміз,

жамандық жасаған емеспіз, төзіп келеміз.

«Көпұлттылығымыз мақтаныш па?» деген мақалада журналист

Қазақстанның көпұлттылығы мақтануға тұрарлық құбылыс екеніне

күмән келтіреді. Оның ойынша көпұлттылықтың пайдасынан гөрі, зияны

басым: «Шындап келгенде біздің ұлттық рухымыздың тамырына

құрт түсірген осы көп ұлттылық емес пе?». Бұдан мемлекетті көп

ұлттылықтан жағдайдан құтқару керек деген идея туындайды. Бұл идея

әлеуметтік және ұлттық ахуалды жақсарта ма, әлде ушықтырып жібере

ме? Сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті.

Қазақстан көпұлтты болғанымен оның иесі де, қожасы да - қазақ

ұлты. Қазақ ұлтынан басқа өзгелері ұлыс, не ұлт өкілдері болып саналады.

Көпұлтты деген жалпылама, әлдебіреудің ауызына түсе қалған

сөз («Шайтан түрткен қауымдастықтың сандырағы ел тыныштығын бұза

ма?» деген мақаладан).

Көріп отырғанымыздай, бұндай ақпарат бір ұлттың екіншісінен

басымдығын насихаттайды. Бұндай жағдайда Конституциядағы «атабаба

жерінде мемлекет құрушы», «ортақ тарихпен бірлескен Қазақстан

халқы» деген түсініктер құрғақ сөзге айналады.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 412 |

Этнос мәселесіндегі ауыр тақырыптардың бірі – шетелдік мигранттар

проблемасы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстандағы еңбек

мигранттарының денін өзбектер, қарақалпақтар, тәжіктер мен қытайлар

және т.б. ұлт өкілдері құрайды. Қазақстандықтардың сырттан келгендерге

жылы қарым-қатынасына қарамастан соңғы жылдары мерзімді

БАҚ қоғам санасына теріс этникалық идеяларды сіңіруге тырысуда:

Сырттан келгендер бізге кедергі келтіруде. Солардың кесірінен өмір

сүру қиындап барады. Тұрғын үй мен азық-түлік бағасы қымбаттап,

қылмыс санының артуына да солар кінәлі. Олар біздің жұмыс орындарымызды

алып қоюда. Олар қайырымсыздар.

Қазақ тілі мәселесі де БАҚ-та шынайы тұрғыдан баяндалып жүр деп

айтуға болмайды .

Жоғарыдағы айтылғандарға қарап «сонда ұлтаралық қарым-қатынас

мәселелерін айналып өту керек пе» заңды сұрақ туындайды. Жоқ, проблема

атаулының бәрі БАҚ-та көрініс табуы тиіс. Мәселе оның қалай

жазылғандығында. «Ұлтаралық қатынастар саласының сезімталдығына

орай, басылым беттері мен эфирге барлық мәселені шығара беруге

болмайды, өйткені, оқырман теріс әсер ететін «этникалық» ақпаратты

қабылдауға әрқашан дайын емес» деген қағида бар. Әрине, бұл қағида

сөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы талаптарына

қайшы келеді. Идеяның қоғамға қауіп төндіретін үгіт-насихатқа

айналып кетпеуі үшін мәселе алдымен құқықтық тұрғыдан, содан соң

журналистің кәсіби ар-ожданы (кәсіби этика нормалары) мен қоғамдық

пікір тұрғысынан шешілуі тиіс.

Газеттерге көбіне ақпарат құралын өзінің ұлтшылдық немесе экстремистік

идеяларын тарататын трибуналға айналдырғысы келетін адамдар

хабарласады. Бұл жерде көп мәселе газеттің ұстанымына байланысты

болмақ. Редакция хат авторларымен келісе ме, әлде оның пікірлеріне

қарсы ма? Егер газет мақаладағы оймен келіспейтінін білдіріп,

басын «арашалап» алса жарияланым үшін жауап бермейді .

Мәселенің этикалық жағы да маңызды. Бұл мәселеде «зиян келтірмеу»

талабы басты орында тұруы тиіс. Осы құжаттардағы бір-біріне ұқсас екі

Мақала көлемі тіл тақырыбында жазылған материалдарды талқылауға мүмкіндік

бермейді.

Язык мой… Проблема этнической и религиозной нетерпимости в российских СМИ. М.,

2002. 116-бет.

«Гардиан» газетінің тәжірибесінен үлгі алуға болады (қараңыз: Комментарии свободны…насколько?

– Реакция коллег на опубликование взглядов Усамы Бен-Ладена //

Иан Мэйс. Работа над ошибками: Опыт омбудсмена газеты «Гардиан» - М.: Институт

проблем информационного права, 2005. 248-250-беттер).

| 413 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

қағидадан мысал келтірейік .

«5. Журналист ақпарат субъектісінің нәсілдік, этникалық болмысына,

саяси және діни наным-сеніміне салмақ сала сөйлеуге құқысыз.

Бұл әсіресе қылмысқа қатысты материалдарды дайындағанда ескерілуі

тиіс. Өйткені, күдіктінің немесе қылмыскердің белгілі бір

діни, этникалық топқа жататынын айту өзге ұлттарға деген теріс

көзқарас қалыптастыруы мүмкін»

(Полиэтникалық қоғамдардағы журналистің негізгі жұмыс қағидалары

туралы декларация, Қырымның тәуелсіз журналистер қауымдастығы,

23-сәуір, 2001 жыл).

Нәсілдік мәселелер

Біз әңгіме болып отырған оқиғаға тікелей қатысы болмаса біреудің

нәсілдік, ұлттық болмысынае қатысты мағлұматтарды жария етпейміз.

Жалпыға ортақ талап осы. Біз қылмыс жасады деген күдік

түсіріліп отырған тұлғалардың ұлтына, нәсіліне тоқталмаймыз

(күдіктінің жеке басын анықтауға қажетті болғанда немесе қылмыс

нәсілдік жек көрушілік салдарынан жасалған жағдайдан басқа кезде).

(«Гардиан» редакциясының этикалық нормаларынан)

Енді «Бір қазақты екі ұйғыр неге өлтірді?» деген материалда осы

қағидалар мен ұстанымдар сақталды ма, осыған көз жеткізіп көрелік.

Материал репортаж мәтіні мен «Ұлт тағдыры» қозғалысы төрағасы Дос

Көшімнің қайғылы оқиғаға қатысты пікірінен тұрады.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Малыбай ауылында бір ер

азамат өлтірілді. Құқық қорғау органдары бұны спиртті ішімдік ішу барысында

болған тұрмыстық жанжал деді. Қаза болған жігіттің туыстары

оның ауылдағы ұйғырлар тарапынан өлтірілгенін айтады. Туыстарының

пікірінше, Айдын Халықовтың өліміне оның ұлт мүддесіне берілгендігі

себеп болған. Ауылдағы ұйғырлардың ұлтшылдық әрекеттеріне төзе

алмаған көрінеді. Тергеу-тексеру жүріп жатыр.

Репортажда журналист қылмысқа қатысы бар деп айыпталып отырған

азаматтардың ұлтын ешбір негізсіз (бұл полицейлердің ұсталғандарға

қатысты жазған мағлұматы емес қой) қайталаумен болады. Өлтіру

оқиғасының өзі факт ретінде көрсетілген (екі ұйғыр өлтірд). Басқаша

Біз сараптаған түрлі мемлекеттердің 39 кәсіби-этикалық кодекстерінің 32-сінде осы

ұстаным бекітілген

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 414 |

айтқанда, журналист өзін тергеу органының орнына қойған.

Дәлдік, ойланып сөйлеу – бұқаралық ақпарат құралдары үшін барлық

жағдайда қолданылатын қағидаға айналуы тиіс. Жарияланымда дау тудырмайтын

бір ғана факт бар. Ол – әбден жәбірленген мәйіттің табылуы.

Қалған ақпараттың бәрі бір ғана тараптың пікірінен (өлтірілген

адапмның туыстарынан) құралған. Олар Айдынның қайтыс болуына

байланысты ауылдағы ұйғырларға көптеген айыптаулар таққан. Егер басылымда

журналист тәуелсіз жұмыс істейтін болса да, бұл журналиске

кімнің даусының оқырманға жетіп, кімдікінің жетпейтінін шешу құқығын

бермейді. Өйткені, тараптардың бәрінің пікірі берілуі тиіс. Соның

ішінде құқық қорғау органдарының пікірі де жариялануы қажет (егер органдар

белгілі бір ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда журналист

ол туралы өз мақаласында айта алады).

Тек қана ұйғыр халқына көрсетілетін қайырымдылық көмек туралы пікір

де біржақты жазылған (жеке тұлғалар кімге қаржылық көмек көрсететінін

өзі таңдайды). Журналистің басқа да расталмаған мағлұматтары да

күмән тудырады (мысалы, бұрында ауыл ұйғырларының қырғыздарды

қудалағаны, кейін оған қазақтардың айыпталғаны туралы ақпар).

Мақаладағы Жасырын ұйым не істеп жүр? деген тақырыпша да

күмәнді. Мұнда ауылда құпия ұйымның жұмыс істейтінін растайтын бірде-бір

мағлұмат жоқ.

Жалпы алғанда, жарияланым (соның ішінде Д.Көшімнің пікірі)

төмендегідей коммуникативтік мақсатқа құрылған: қайғылы жағдайға

апарып соқтыратын жергілікті қақтығыстарға қоғам назарын аудару;

билікті ұлтаралық қарым-қатынастың ең өзекті мәселелерін шешуге

итермелеу. Алайда, журналистің қақтығысты баяндаудағы әдіс-тәсілдері

этника аралық байланыстар тақырыбындағы әлемдік және еуропалық

стандарттарға сәйкес келмейді.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы этникалық тақырыпта

жазылған материалдарды талдау барысында біз көптеген жарияланымдарда

Дұшпандық тілінің қолданылғанына көз жеткіздік.

Дұшпандық тілінің негізгі сипаттамасы (түрлері мен нысандары) мына кітапта берілген:

Язык мой… Проблема этнической и религиозной нетерпимости в российских СМИ /

Құраст. А.М. Верховский. – М.: РОО «Центр «Панорама», 2002. 17-19-беттер. Дұшпандық

тілі лексикада, фразеологияда, сөз құрауда, синтаксисте де пайдаланылады.

| 415 | МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯ

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 416 |

МУЛЬТИМЕДИА

Олег Хе

Әмбебап журналист

Мультимедиа - жаңа үрдіс ретінде БАҚ-тағы қалыптасқан

дәстүрлерді жоюы тиіс. Яғни, мәдени төңкеріс жасауы қажет.

Газет журналистері әдетте, өзінің телеарналардағы әріптестеріне сенімсіздікпен,

ал экран «жұлдыздары» мерзімді басылымдардың репортерлеріне

түсіністікпен қарайды. Енді оған Интернет-басылымдар мен мобильді

БАҚ (ұялы телефондарға ақпарат беру) қосылды. Олар да аудитория

үшін күреседі.

Көптеген баспагерлер ақпаратты онлайн арқылы тарату жолдарын білмейді.

Журналистің бәсекеге қабілеттілігі

Қазақстан журналистикасында сала бойынша мамандандыру баяғыданақ

қанат жайған. Іскерлік журналистиканың дамуына байланысты репортерлер

іргелі түрде мамандандырыла бастады. Мәселен, тілшіге мұнай

саласындағы оқиғаларды жазу туралы тапсырма берілді делік.

Бұрын журналистің бәсекеге қабілеттілігі – аудиторияға қызықты

ақпаратты тауып, оны сауатты түрді баяндай білу деп саналатын.

Сондықтан саланы жан-жақты білген журналист білікті маман делінетін.

Алайда, оның айтарлықтай кемшілігі де бар. Баспа компаниясында белгілі

бір салаға әбден машықтанған, бірақ осдан өзгені белмейтін журналист

қайдан өссін? Әрине, ол сенімді ақпарат көздерімен қалай жұмыс

істеу керектігін жақсы біледі, сарапшылармен байланысы бар, терминдерді

дұрыс пайдаланады және салаға қатысты цифрларды сөйлете

біледі. Бірақ, салалық журналист ерте ме, кеш пе өзінің «тығырыққа»

тірелгенін сезінеді.

Ол уақыты келгенде бір ғана жобаның өзіне тарлық ететінін ұғынады.

Бұл дұрыс та. Өйткені, көп уақыт пен күш жұмсай жүріп алған білім енді

пайда әкелуі тиіс.

| 417 | ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯ

Ендеше, белгілі бір салаға маманданған адам алынған ақпарды

түрлі байланыс каналдары арқылы тарата білуі тиіс. Мәселен, журналист

қаржылық ақпаратпен жұмыс істейтін болса және телеарна,

баспасөз бен онлайн стандарттарын беске білсе оның медиа компания

басшыларының көзіне түсері анық.

Қазақстандық БАҚ рыногында медиахолдингтердің ықпалы басым. Медиахолдингтер

ақпаратты түрлі тәсілдермен: телеэфир, радио, газет,

журнал мен Интернет арқылы таратып отырады. Онда ақпарат беру сапасын

мультимедиа күшімен жақсартуға болады. Мәселен, телевизиялық

жоба сәтті шығуы үшін телеарна қызметкерлерімен қоса, газеттер мен

онлайндық БАҚ өкілдерінен тұратын сауатты да білгір команда жинақтау

қажет. Сонда ғана жоба шынайы сараптамалық хабарға айналмақ.

The Arizona Republic (АҚШ) газетінің шығарушысы әрі атқарушы директоры

Сью Кларк-Джонсон мазмұнды интеграциялау туралы былай деп

жазады:

«Телеарналар газет репортерлерін белгілі бір материал қалай

дайынцдалды, немесе оқиғаның алдыңғы тарихы мен себептерін

баяндап беру үшін шақырады. Әйтпесе, бұл телеарнада бір

ғана жолмен айтылып кетуі мүмкін. Мәселен, телекомпаниядағы

спорт редакторы апта сайын газеттегі арнайы айдарды дайындайды,

ал газеттің спорт шолушысы спорттық бағдарламаға

қатысады. Бұның бәрі қарапайым әріптестік шеңберінде жүзеге

асырылатын дүниелер».

Медиа-менеджерлер мультимедиалы болуға қызығады. Өйткені, бір

журналистің немесе редактордың басылымдық, телевизиялық және

онлайн жобалары ақпараттық өнім сапасын жақсартады. Мәселен, беделді

газетте жұмыс істейтін мықты саяси жаңалықтар редакторы өз

білімі мен тәжірибесін пайдалана отырып, телевизиялық немесе онлайн

жобаға жетекшілік ете алады. Бұндай жоба сәтті шығуы үшін командада

басқа да күшті мамандар болуы қажет.

Осылайша, тараптардың бәрі де ұтады: аудитория сапалы ақпараттық

өнімге қол жеткізеді, маман қосымша жобадан ақша тапты, ал

компанияның аудиториясы кеңейіп, рыноктағы беделі артты.

БАҚ-тағы конвергенцция негіздері - ньюзрум

Мультимедианың өзегі - негізгі ақпараттық жобаларды біріктіретін ньюз-

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 418 |

румнан құралады. Ньюзрумның тұрақты отырыстарында (күн сайын немесе

апта сайын) қажетті синергия қалыптастырылады: редакторлар

пікір алмасады, қай жаңалықтың қызықты және маңызды екенін, нені

эфирге беріп, нені газетке басу керектігін, Интернетке не беруге болатынын

талқылайды.

Медиахолдингтерге бірлескен ньюзрум тән. Ол ақпараттық жобаларды

сапалық жағынан дамытуға мол мүмкіндік береді. Ал, барлық коммуникация

каналдары – оффлайндық және онлайндық каналдарды толық

пайдаланатын медиахолдингтердің келешегі тіпті зор.

Бұндай компаниялар өзінің медиаресурстарын кросс-промоушн (біріктіру)

жасау мүмкіндіктеріне ие. Ендеше көп үміт күттіретін жобалар

рынокқа жылдам еніп, алға жылжиды және пайда әкеле бастайды.

Сондықтан да ақпараттық холдингтер түрлі форматтарды конвергенциялауды

(түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестігі

және бірігуі) қолға алған.

Әлемде сәтті шыққан ньюзрумдар конвергенциясының мысалы жетіп артылады.

Скандинавияның, әсіресе Данияның тәжірибесі ерекше назар

аударуға тұрарлықтай. Журналистер газеттерде емес, медиа-компанияларда

жұмыс істейтін Данияда компаниялар оларды кросс-медиалық

жұмыстар үшін пайдаланады.

Nord Jyske компаниясында жүзеге асырылыған конвергенция стратегиясы

бір жыл ішінде мультимедиа компаниясын пайда көзіне айналдырып

берді. АҚШ-та Kansas Lawrence Journal World медиакомпаниясы

сымсыз жобаларды, кабельді телевизияны, баспасөз бен радионы конвергенциялады.

Онысы өте сәтті шықты және өз журналистерін кроссоқыту

бағдарламасына қатыстыру мүмкіндігіне ие болды.

Форматтарды интеграциялау жолында түрлі мүдделер қақтығысы, жекелеген

қызметкерлердің қарсылығы, корпоративтік мәдениетті өзгертудегі

қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Алайда, халықаралық IFRA газет және

басылым индустриясы ұйымының кеңесшісі Сара Шантин Уильямс мобильді

медиа, Интернет, телеарна мен басылымдардың ақпаратты түрлі

пішінмен беретінін айтады. Әр байланыс каналының күшті тұстарына

екпін басымдық беру арқылы өзара тіл табысуға болады.

Уильямс ханымның айтуынша, мобильді медиа мобильді құлақтандыру

мен AGC жүйесіне (аудитория өндірген контент (мазмұн)), Интернет –

| 419 | ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯ

нақты уақытта негізгі ақпаратты беруге және AGC контентіне, телеарналар

– жаңалық тақырыптары мен репортаждарға, басылымдар – басты

жаңалықтар мен сараптамаға мамандануы тиіс. Сонымен бірге Уильямс

ханым барлық медиақызмет бір брендті пайдаланған жағдайда сайтқа

сілтеме жасауды ұсынады. Кросс-промоушн аудиторияны бір бұқаралық

ақпарат құралынан екіншісіне жетелеп апарады. Ол журналистер үшін

де, коммерциялық қызмет үшін де қызықты.

Баспасөз әлде онлайн?

Мультимедианы жақтайтындар рынокқа сіңіп кеткен қағидараларды

бұзу қиын екендігін айтады. Мәселен, көптеген баспагерлер Интернеттің

кеңінен таралуынан қорқады. Шынымен де, адамдардың әсіресе, жас

ұрпақтың Интернетке қызығушылығы артып, газетті оқушылар азайып

барады. 2006 жылы әлем бойынша Интернетті пайдаланушылар саны 1

млрд адамнан асып жығылған.

PricewaterhouseCoopers компаниясы жасаған «Көңіл көтеру индустриясы

мен медиа саласына ғалами шолуға» сүйенсек, 2006 жылы кең

жолақты Интернетті пайдаланатын отбасылар саны қарқындап артқан.

2010 жылы олардың саны 433 миллионға жетпек. Ал, 2001 жылы не-бәрі

30 млн болатын. Яғни, тоғыз жыл ішінде кем дегенде 12 есе артады.

Сондықтан да баспагерлер Интернетпен достасуға тырысады. Олар

тек сайт ашып қана қоймай, алға ұмтылып, Желіде дербес жобалар

жасауда. Мультимедиалық БАҚ тарихындағы алғашқы ереже – басылымдар

мен онлайн арасында өзара байланыс орнату болып табылады.

Мерзімді және онлайн басылымдар бір-бірін толықтырып отырады.

Сондықтан осы екі форматта бірдей жұмыс істей білетін журналистерге

деген сұраныс арта түспек. Қазірдің өзінде Батыста жекелеген БАҚ репортерлері

оқиға орнынан немесе баспасөз мәслихаттарынан сайттарға

тікелей ақпар береді, ал газеттің қағаз түріндегі нұсқасына арналған

сараптамалық материалды редакцияға барған соң дайындайды.

Баспагерлер Интернеттегі контенттерді пайдаланып жүрген

аудиторияның артып бара жатқанын естігенде үстерінен мұздай су

құйып жібергендей күйге түспеуі тиіс. Мерзімді басылым мен онлайндық

басылымдар арасын жіктеп, бірін керек, бірін керексіз деудің де қажеті

жоқ. Бізге мерзімді басылымдар да, онлайндық басылымдар да қажет.

Медиа-менеджерлер түрлі коммуникация каналдарын пайдалана отырып

аудиторияны біріктіре білуі тиіс, ал журналистер осы кеңейтілген

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 420 |

аудиториямен түрлі тілде сөйлесе білуі қажет. Бұған Сью Кларк-Джонсон

былай деп дәл жауап берген: «Біз бір оқиғаны үш рет емес, бір оқиғаны

үш түрлі тәсілмен айтып береміз».

Мен мерзімді басылымдарда 14 жыл жұмыс істедім. Қазір «Территория

тенге» депц аталатын телебағдарламаның сценарлық жоспарларын

әзірлеуге жауап беремін, сонымен қатар www.profinance.kz. қаржылық

порталын дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесімін. Осылайша, мен

өзге форматтардың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинақтау үстіндемін.

Әрине, тіпті Батыс журналистикасының өзі де осындай кросс-медия

үрдісін енді ғана меңгере бастағанын атап өту керек. Бірақ, бұның

болашағы зор. Отандық медиа-менеджерлер осы үрдісті көз алдына

елестетіп, өз қызметкерлеріне тиімді ұсыныс әзірлеуі тиіс. Онымен

қоймай оларды өз күші мен білімін жаңа жобаларға жұмсай білуге

үйретуі қажет. Жас журналистерді оқыту жүйесі де мүлдем жаңа негіз

бойынша жүргізілуі тиіс. Оқу орындары мамандар дайындауда БАҚ-тың

жаңа сұраныстарын ескеруі керек. Кадрларды телеарна, радио, баспа ісі

сынды журналистика форматтарына мамандандырудың қажеті болмай

қалады, керісінше олар салалар бойынша (саясат, экономика, мәдениет

және өзге де журналистика) білім алып шығуы тиіс.

Тапсырма:

1. Бір жаңалықтың телеарнада, радио мен баспасөзде және Интернетте

қалай берілгенін бақылап көріңіз. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында

оқиғаны баяндау ерекшеліктерін анықтап алуға тырысыңыз.

2. Бір жаңалықты алдымен сайтқа арнап, содан соң газет немесе журнал

тілімен жазып шығуға тырысыңыз. Енді сол оқиғаны телеарна мәтіні

етіп жазып көріңіз де, соған сәйкес телевизиялық «картина» (бейнесюжет)

ойлап табыңыз.

Кеңестер:

1. Өзіңіздің қай жерде (телеарна, газет, радио, онлайн) жұмыс істегіңіз

келетінін емес, өмірдің қай саласына – саясат, экономика, мәдениет,

спорт – маманданғыңыз келетінін анықтап алған жөн. Әрі қарайғы білім

өзің таңдаған саладағы оффлайндық және онлайндық БАҚ-та жұмыс

істеу қағидаларын тереңдеп меңгеруге негізделуі тиіс.

| 421 | ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯ

2. Егер Өзіңіз таңдап алған саланы жақсы білетін болсаңыз қызметіңізді

өзге форматтарда жұмыс істейтін әріптестеріңізге ұсынып көріңіз.

Олардың атмосферасына енуге тырысыңыз. Мәселен, газет журналисі

тележобаға сценарий немесе кадрдан тыс мәтін дайындауға қабілетті.

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 422 |

ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР

WWW:

БАҚ

Орта‐Азиялық «Оазис» интернет-журналы http://www.ca-oasis.info

Radio Azattyq - Free Europe-Radio Liberty http://www.azattyq.org

Radio BBC - Kazakh Service http://www.bbc.co.uk/kazakh/index.shtml

«Панорама» газеті http://www.panorama.vkkz.com/

«Экпресс-К» газеті http://www.express-k.kz

«НП» газеті http://www.np.kz

«Деловая Неделя» газеті http://www.dn.kz

«Казахстанская правда» газеті http://www.kazpravda.kz

«Егемен Қазақстан» газеті http://www.egemen.kz

«Жас-Алаш» газеті http://www.zhasalash.kz

«Эпоха» газеті http://epohasite.narod.ru

«Литер» газеті http://www.liter.kz

«Время» газеті http://www.time.kz

«Караван» газеті http://www.caravan.kz

«Мегаполис» газеті http://www.megapolis.kz/

«Комсомольская правда» газеті http://www.kp.kz/

«Бизнес и власть» газеті http://www.and.kz/

«Континент» журналы http://www.continent.kz/

«Эксперт Қазақстан» журналы

«Хабар» телекомпаниясы http://www.khabar.kz

«31 арна» телерадиокомпаниясы http://www.31.kz

«КТК» телекомпаниясы http://www.ktk.kz

«Рахат» телекомпаниясы http://www.rakhattv.kz

«ҚазАқпарат» агенттігі http://www.inform.kz

| 423 | ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР

«Қазақстан Бүгін» агенттігі http://www.kt.kz/

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі http://www.interfax.kz

«Gazeta.kz» интернет-газеті http://www.gazeta.kz

«ZonaKZ» интернет-газеті http://www.zonakz.net

«Nomad» интернет-газеті http://www.nomad.su/

«Свобода» интернет‐радиосы http://www.svobodanews.ru/

ЖУРНАЛИСТІК ҰЙЫМДАР МЕН ПОРТАЛДАР

Орталық Азиның Еркіндік Дауысы http://www.vof.kg/

Ресей журналистер Одағының экстремалды журналистика Орталығы

http://www.cjes.ru/

MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығы http://www.medianet.kz

«Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық Қоры

http://www.adilsoz.kz

Аймақтық журналистиканы қолдау Орталығы

http://www.presscenter.kz/

Интерньюс-Қазақстан http://www.internews.kz

БАҚ‐қа құқықтық көмек көрсету Орталығы http://www.medialaw.kz

Freedom of speech in Central Asia http://www.cafspeech.kz

Қазақстан журналистер Одағы http://www.mediaclub.kz

Пулитцер сыйлығының ресми сайты http://www.pulitzer.org/

Халықаралық журналистер федерациясы http://www.ifj.org/

Әлемдік баспасөз БАҚ каталогы http://home.about.com/newsissues/

(ресурс табылған жоқ)

Журналистерді қорғау комитеті http://www.cpj.org/

(ресурс табылған жоқ)

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 424 |

Журналистермен жұмыс істейтін британдық қор

http://www.thomsonfoundation.co.uk/

Халықаралық мерзімді БАҚ федерациясы http://www.fipp.com/

Нәсілшілдік пен ксенофобияға қарсы халықаралық журналистік топ

http://www.diversity-online.org/

Еуропалық баспасөз институты http://www.eim.org/ (на модернизации)

Еуропалық журналистік тренингтер қауымдастығы http://www.ejta.nl/

Еуропалық журналистік орталық http://www.ejc.nl/default.asp

Журналистика мектебі http://www.writerswrite.com/journalism/jschool.htm

Ресей журналистер Одағы http://www.ruj.ru/

МГУ журналистика факультетінің кітапханасы www.journ.ru/library

Журналист кітапханасы www.journalism.narod.ru/pressa

Пойнтер Институты www.poynter.ru

Жариялылықты қорғау Қоры http://www.gdf.ru/

Журналист мұрағаты, Ресейдегі билік құрылымы туралы.

Саясеткерлерге жасалған құжаттама, телефондар анықтамалығы,

тарихи анықтамалар http://www.dosye.ru/

Журналистер мен үкіметтік емес ұйымдар лидерлеріне арналған оқы

және байқаулар бағдарламалары бар жобаның сайты

http://www.socium.org.ru/

Баспасөздің даму институты http://www.pdi.ru/ (на модернизации)

Неміс журналистерінің интернет-порталы http://www.journalismus.com/

Кәсіби PR-порталы www.sovetnik.ru

| 425 | ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР

Ақпараттық құқық мәселелер институты (Ресей, Мәскеу)

http://www.medialaw.ru/

ТМД елдері заңнамасының кітапханасы

http://lawlib.freenet.uz/laws/laws.html

КІТАПТАР (орыс тілінде):

Дэвид Рэндалл, ӘМБЕБАП ЖУРНАЛИСТ

Кузнецов М. Цыкунов И., КАК ПОЗВОЛИТЬ ДРУГИМ ДЕЛАТЬ ПО-

ВАШЕМУ. Журналистің сөз сөйлеу және жүріс‐тұрыс стратегиялары.

Мәскеу, 1999 (2003ж. қайта басылғаны жақсырақ)

ШЕШЕНСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС. Деректер, құжаттар,

куәліктер. Мәскеу, 1997. «Адам құқығы», авторлас Олег Панфилов.

БАҚ ПЕН ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ,

Аймақтық журналистиканы қолдау Орталығы, Қарағанды 2003ж.

«Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық Қорының барлық

кітаптары www.adilsoz.kz

КАК ПИСАТЬ ДЛЯ IWPR, Оқу құралы (IWPR)

ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС, Оқу құралы, Мәскеу РИОР, 2005ж.

ДЕЛОВОЕ ОБЩЕНИЕ, Оқу құралы, Мәскеу РИОР, 2005ж.

Е.М. Бортник, Э.М. Коротков, А.Ю. Никитина.

ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТЫ БАСҚАРУ. Оқу құралы, Мәскеу, 2002ж.

Орталық және Шығыс Еуропа журналистеріне арналған анықтамалық

Рой Копперуд, Рой Пол Нельсон, КАК ПРЕПОДНОСИТЬ НОВОСТИ,

Мәскеу, Баспасөздің ұлттық институты, «Виоланта» баспасы, 1998

АҰПАРАТТЫ ІЗДЕУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТ, («Журналистика

және заң» сериясы), Мәскеу. «Мельгир» баспасы, 2001

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 426 |

Пол Хемп, ДЕСЯТЬ ПРАКТИЧЕСКИХ СОВЕТОВ, КАК ОСВЕЩАТЬ

НОВОСТИ БИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ. КАК ДЕЛАТЬ РЕПОРТАЖ О

СОБЫТИЯХ В МИРЕ БИЗНЕСА И ОСВЕЩАТЬ ЭКОНОМИЧЕСКИЕ

НОВОСТИ В РАЗВИВАЮЩИХСЯ СТРАНАХ, International Center for

Journalists. Минск, 1998

Тертычный А. А.

МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ ЖАНРЛАРЫ

М., 2000

Том Волек, ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКА Баспасөздің даму институты,

Солтүстік-Батыс, 2002

Маша Гессен, Мэри Назари, ПО ЖИЗНИ. Әлеуметтік журналистика оқу

құралы. UNICEF 2002

ШАГ ЗА ШАГОМ: ЖУРНАЛИСТ ДЕЛАЕТ ВЫБОР, Журналистік этика

туралы оқу құралы (еуропалық баспасөз мысалдарынан), Маастрихт

1996

Сара МакКрэм и Лотт Хью, БАЛАЛАРДАН ҚАЛАЙ СҰХБАТ АЛУ

КЕРЕК, журналистер мен басқаларға арналған нұсқаулық, “Save the

Children” Мәскеу, 2000

Марина Горкина, Андрей Мамонтов, Игорь Манн, «PR НА 100%. КАК

СТАТЬ ХОРОШИМ МЕНЕДЖЕРОМ ПО PR», 2003

Дэвид Филипс , «ИНТЕРНЕТТЕГІ PR», 2004

Сэм Блэк, «PR: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ», 1997

| 427 | ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР

ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

СОРОС-ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫ

1995 жылы қыркұйекте ашылған Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ)

үкіметтік емес қайырымдылық ұйым болып саналады, ол Қазақстан

Республикасында азаматтық қоғамның дамуына және демократилануына

атсалысады.

Елдегі азаматтық қоғамның потенциалын бекіте отырып, СҚҚ құқықтық

жүйені жетілдіру, ашықтық пен қоғамға есеп беруді қалайтын жеке

тұлғалар мен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық саясат

жүргізетін іс әрекетін қолдайды.

CҚҚ әлемдік финансист пен филантроп Джордж Сорос басқаратын

«Ашық Қоғам» Институты қолдауымен қызмет атқарады. СҚҚ Соростың

әлемдегі 60 тан аса мемлекетте жұмыс істейтін ұлттық қорлар

халықаралық жүйесінің бір бөлімі.

СҚҚ құқықтық реформа мен адам құқығын сақтау, бұқаралық ақпарат

құралдарының дамуы, бюджеттік жоспарлау мен өндіріс саласындағы

пайданы тексеру, қоғамдық ұйымдардың потенциалын дамыту сияқты

үкіметтік емес ұйымдардың инновациялық жобаларын қолдайды.

1995 жылдан бергі қызметінің ішінде СҚҚ Қазақстанға 50 млн. артық

АҚШ долларлық гранттық қаржы құйды.

Сорос-Қазақстан

Қазақстан, 050000, Алматы қ, Фурманова көш., 117-20

Тел.: +7 (727) 2503811, Факс: +7 (727) 2503814, E-mail: sfk@soros.kz

| 429 | ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

АСТАНАДАҒЫ ЕҚЫҰ ОРТАЛЫҒЫ

Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығы 1998 жылдың 23‐шілдесінде Тұрақты

кеңес шешімімен құрылған еді, ол өз жұмысын 1999 жылы қаңтар айында

бастады. Оны Орталық Басшысы, ал үш бөлімді (әскери‐саяси,

экономикалық‐экологиялық және адам құқығы) үш халықаралық

қызметкер басқарады. 2003 жылы Орталық Астанада байланыс кеңсесін

ашқан. 2007 жылдың 21‐мамырында ұйым Қазақстанның астанасына

көшіп барды, сөйтіп өз атауын Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы деп өзгертті.

Ал Алматыда оның байланыс кеңсесі орналасқан.

Орталық арнайы мандат негізінде жұмыс жасайды, ол ЕҚЫҰ‐ның

қағидалары мен міндеттерін орындауға көмектеседі және жоғарыда аты

аталған үш сала: әскери‐саяси, экономикалық‐экологиялық және адам

құқығына басты назар аударылады.

Орталық өз жобаларын жүзеге асыру аясында Еуропадағы қауіпсіздік

пен ынтымақтастық Ұйымының негізігі қағидаларының орындалуына

үлесін қосады, мысалы, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес

барысындағы адам құқығын қорғау. Әрине, адам құқығы мен еркіндігін

қорғау, демократия мен заң үстемдігі ЕҚЫҰ қауіпсіздігі кешенді

жұмысының іргетасы болып саналады. Соңғы жылдары Орталық өз

приотритеттерінің арасында жемқорлықпен күрес, ақша жымқыру және

терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру деген сияқты мәселелерді

алға қояды. Сонымен қатар, Орталық адам тасымалымен күрес,

журналистердің кәсіби деңгейін көтеру, экологиялық қауіпсіздікті қолдау

мен гендерлік теңдік мәселелеріне баса назар аударады.

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы,

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Бейбітшілік к., 10

Тел.: +7 (7172) 326804, 321940, Факс: +7 (7172) 328304

Алматыдағы ЕҚЫҰ Орталығының байланыс кеңсесі

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Төле би к., 67

Тел.: +7 (727) 2793762, Факс: +7 (727) 2794388

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 430 |

КОНРАД АДЕНАУЭР АТЫНДАҒЫ ҚОР

Конрад Аденауэр атындағы қор – тәуелсіз қоғамдық‐саяси ұйым, ол 1955

жылы құрылған, оның идеясы христиандық‐демократиялық қозғалыс

қағидаларына жақын болған. Қор өз алдына келесі міндеттерді қояды:

• саяси білім;

• саяси процестердің ғылыми сараптамасы;

• талантты жастарды қолдау мен т.б.

45 жылдан астам уақыт бойы Конрад Аденауэр атындағы Қор

халықаралық ынтымақтастық саласында белсенді жұмыс жасап, қоғам

өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық негіздерін

жақсартуды қолдайды. Қордың халықаралық қызметінің басты

бағыттарына дәстүрлі демократияны нығайту мен экономикалық даму

кіреді. Білім беру мен ақпараттандыру бағдарламалары арқылы Қор сапалы

мемлекеттік басқару, парламенттер рөлін бекіту, орталықсыздандыру,

заң үстемдігі, әлеуметтік нарық экономикасы, тәуелсіз БАҚ және діндер

арасындағы диалог деген сияқты салаларда қолдау көрсетеді.

Әлемнің 120 мемлекетінде 200‐ден аса жобалардың арқасында

Қор демократиялық және азаматтық қоғам құрылымдардың құрылуы мен

тұрақтануын демеп келеді. Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы

Қор Өкілдігі құқықтық мемлекетті, жергілікті басқаруды, парламентаризм

мен парламенттік журналистиканы дамыту және қолдау, сондай‐ақ Германия

мен Қазақстан арасындағы сыртқы саяси серіктестік сұрақтарына

баса назар аударады.. Өкілдік өз жұмысында дарында жас мамандарды,

ғалымдар мен студенттерді арнайы стипендия бағдарламаларына

ерекше көңіл бөледі.

Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың кеңсесі

Қазақстан Республикасы, 010002, Астана қ., Бараев к., 18/2 – 15

Тел./Факс: +7 (7172) 22 40 43, E-mail: kas@kas.kz

| 431 | ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Бизнес&Власть» газеті

«Бизнес&Власть» газеті – қазақстандық іскерлік басылымы, ол саясат,

экономика және қаржы жаңалықтарын, сараптама, комментарий

мен болжамдарды жариялайды. «Бизнес&Власть» аптасына екі рет

Қазақстанда және шетелде бір апта ішінде болған басты оқиғалар

жайында жазады, ел мен аймақтардың алдығы экономикалық өміріндегі

болатын ең маңызды деген өзгерістер туралы хабарлайды. Түпдеректер

арасында – мемлекеттік органдар, қазақстандық және халықаралық

жетекші қаржы институттары, биржалар, банктер, Қазақстанның және

шетелдің ірі корпорациялары.

Редакцияның негізгі фокусы экономикалық өзекті сұрақтар мен

мәселереді талқылауға, сондай‐ақ бірлескен шешім ізденістеріне

бағытталған.

Басылым республиканың және әлемнің жетекші экономистерінің,

саясаткерлерінің, мамандарының, сарапшыларының ой‐пікірін ұсынады.

Бұл оқырмандарға болып жатқан реформалар жөнінде толыққанды

ақпарат алуға көмектеседі.

«Бизнес&Власть»

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., 3 ы/а, 40б үй, 4 қабат.

Тел./Факс: +7 (727) 3152030, 3152031, E-mail: and@and.kz

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕН | 432 |

«Эксперт-Қазақстан» журналы

«Эксперт Қазақстан» - Қазақстандағы апта сайынғы жалғыз іскерлік журнал.

«Эксперт» компаниялар тобына кіреді (Ресей). Холдингтің орталық

кәсіпорны - «Эксперт» журналы, – Ресейдегі апта сайын шығатын ең

беделді сараптамалық іскерлік басылым. Журнал редакциясының

ұстанымы ашық және тәуелсіз, ол жыл сайын абырой жинақтай отырып,

белсенді қоғамдық өмір сүреді.

«Эксперт Қазақстан» журналы ақпараттық ресурс құруды мақсат етеді,

ол иновациялық идеяларды дамыту, бизнестегі сәтті даму стратегиялары

мен табыс, мәселелерге тәуелсіз баға беру мен экономиканың

болашағына баса назар аударады.

Журналдың негізгі оқырмандар тобы – саяси истеблишмент,

кәсіпорындардың жоғарғы жетекшілері, біліктілігі жоғары мамандар,

түрлі деңгейдегі басшылар, өз бизнесін басқаратын немесе жасайын

деп жүрген адамдар.

«Эксперт Қазақстан» журналының таралымы 10 000 дана. Журнал

Қазақстанның бүкіл аймақтарында таралады.

«Эксперт-Қазақстан»

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к., 122, 4 қабат

Тел.: +7 (727) 2952832.

| 433 | ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«КОМСОМОЛЬСКАЯ ПРАВДА - ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ

«Комсомольская правда - Қазақстан» газеті – қазақстандық журналистер

мен ең танымал жалпыұлттық «Комсомольская правда» күнделікті

газет ұжымының бірлескен жобасы.

1925 жылы жарыққа шыққан күнінен бастап қазірге дейін басылым

халықтың сеніміне ие.

Қазақстанда “Комсомолка” 10 жылдан аса уақыт бойы басылып келеді

және газеттің ұжымы ұзақ жылдар тарихындағы ескі жақсы дәстүрлерді

сақтай отырып, қазіргі оқырманның талаптары мен тілектеріне жауап

беруге тырысыды.

«КП»

Қазақстан Республикасы, 050061, Алматы қ., Өтеген батыр к., 21

Тел: + 7 (727) 2774842, E-mail: komskz@mail.ru

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ..................................................................................................... .04

Авторлар.................................................................................................. 12

ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Журналистиканың миссиясы. Гүлнәр Мұқанова...................................44

Журналистика тілші жұмысынан басталады

Ержан Әбдіраман................................................................................... ...51

Өзіңді редакциялап үйрен. Жұлдыз Әбділда .........................................60

Журналистиканың қақтығыс кезіндегі және бітімгершілік рөлі.

Эдуард Полетаев ......................................................................................66

ЖАНРЛАР

Жанрлар араласуы – тенденция, креатив

Есенгүл Кәпқызы.......................................................................................88

Жаңалық жазудың бір тәсілі. Данабек Бименов ...................................119

Очеркті (фичерз) қалай жазу керек?

Эдуард Полетаев ....................................................................................127

Сұхбат алу қағидалары. Гүлнәр Мұқанова............................................134

ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

Ақпараттық агенттіктер. Айбын Шағалақов...........................................138

Журналистерге арналған блогтар.

Марат Шибұтов........................................................................................151

МАМАНДАНУ – БАСПАСӨЗ

Бизнес журналистика. Гүлнәр Мұқанова ..............................................166

Іскерлік журналистика.Юрий Дорохов ..................................................173

Парламентте жұмыс істейтін журналист.

Ирина Севостьянова ..............................................................................181

Сараптама: мынаны талдап көріңіз!

Ярослав Разумов ....................................................................................192

Таблоидта жұмыс істеу. Наталья Соколова .........................................209

Біз судья да, прокурор да емеспіз.

Мұхтар Жанұзақұлы................................................................................212

«Вич және спид: танылмаған тақырып па?»

Марина Максимова ................................................................................222

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы құқық қорғау тақырыбы

Вячеслав Абрамов ................................................................................239

Журналистік зерттеу. Эдуард Полетаев ...............................................246

МАМАНДАНУ – ТЕЛЕ ЖӘНЕ РАДИО

Телевизия. Гүлнәр Мұқанова ................................................................264

Қазақ телерепортажы: бүгін және ертең (кешесі жазылмаған)

Айбар Олжай...........................................................................................278

ТВ-публицистика. Дәулетхан Жиенқұлов ............................................ 290

Ақпараттық бисер ойыны

Ержан Сүлейменов, Ольга Каплина .....................................................302

Телесценарий. Игорь Братцев ...............................................................313

Елдің көңіл-күйін көтеру – жұмыс па әлде шеберлік пе?..

Екатерина Волкова .................................................................................323

ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС

Қазақстандағы және өмірдегі PR. Мария Глебова ...............................346

КЕҢЕСТЕР

Жанар кезде өзің де от боп жанарсың...

Асхат Ерімбай..........................................................................................354

Назар аударту. Бизнес-журналиске кеңес

Павел Грудницский..................................................................................357

Материал беру шеберлеріне. Расул Шыбынтай ..................................363

Қазақстандық БАҚ бизнес ретінде қалыптасты ма, жоқ па?

Гүлзат Нұрморлдақызы...........................................................................368

МЕДИА-ҚҰҚЫҚ

Қазақстан журналистикасы: құқықтық негіздер

Кәмшат Тасболатова ..............................................................................378

Өз құқықтарыңды өзгелерге нұсқан келтірмей пайдалану

Сергей Власенко......................................................................................391

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының

қақтығыстар туралы ақпарат беру тәсілдері.

Рахила Қарымсақова ............................................................................. 400

ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯ

Мултимедиа. Олег Хе............................................................................. 416

ПАЙДАЛЫ РЕСУРСТАР ........................................................................422

ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ ........................................................................... 427

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!