08.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 9 қазан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 9 қазан, сенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

10 ҚАЗАН - ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ КҮНІ

Аққулы ауданына қарасты

Ямышев ауылында соңғы

30 жылда алғаш рет мәдениет

үйі ашылды. Балабақша мен

елді мекен ішіндегі жолдар да

жөнделді. Мұның барлығы -

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы

аясында атқарылған игі

істер.

Алғашқы

мәдениет

үйі

Ямышево ауылындағы мәдениет

үйі 1991 жылы жанып кеткен болатын.

Сол уақыттан бері мерекелік шаралар

әкімдіктің аядай бөлмесінде немесе

далада ұйымдастырып келді. Енді

жергілікті жұртшылыққа Тәуелсіздіктің

30 жылдығы қарсаңында тамаша тарту

жасалып отыр.

- Бұған дейін кез келген шаралар

әкімдікте өтетін. Себебі одан басқа

орын болған жоқ. Оның өзінде Наурыз,

Масленица сынды мейрамдар кезінде

адамдар ғимарат ішіне сыймай, кейбірі

сырттан тамашалайтын. Енді мұндай

қолайсыздықтар болмайды. Екі қабатты,

кең, жайлы мәдениет үйінде түрлі шара

ұйымдастыруға болады. Балалар мен

жастардың бос уақытын тиімді өткізуге

де мүмкіндік туды, - дейді ауыл тұрғыны

Анна Городничева.

Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы бойынша балабақша

күрделі жөндеуден өтті. Электр желілері

толығымен ауыстырылып, қабырғалар

тегістелді. Бүлдіршіндерге арналған

мекеменің қасбеті де жаңарып, ауласы

абаттандырылды.

Бағдарламаның тағы бір игілігі - ойлышұңқырлы

жолдардың тегістелуі. Жалпы

ұзындығы шамамен 6 шақырым болатын

бес көшенің жолына асфальт төселді.

Қазіргідей жаңбырлы, қарлы күндері

бұл көшелердің жолдары бұрынғыдай

ми-батпаққа айналмайды.

Айта кетейік, «Ауыл - ел бесігі»

бағдарламасы арқылы биыл 22 елді мекенде

70 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Олар әлеуметтік нысандар мен жолдарды

қалпына келтіріп, ауылдағы ағайынға

қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Жергілікті биліктің есебінше, бүгінде

жобалардың басым бөлігі аяқталды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Арнайы кеңес –

жастардың жанашыры

Еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға қатысты, соның ішінде білім саласы бойынша

заң бұзушылық жиі орын алады. Мұндай кезде алдымен облыстық салалық білім және

ғылым қызметкерлері кәсіподағының көмегіне жүгінуге тура келеді. Аталған кәсіподақ

ұйымы жанындағы жастар кеңесі бүгінде аймақтағы жүздеген жас маманға кәсіптік және

құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп келеді. Жалпы, аталған жастар ұйымы қандай бағытта

жұмыс жүргізуде? Кеңес құрамына кімдер қабылданады? Осы және өзге де мәселелер бойынша

жастар кеңесінің төрағасы Айнұр Әбілдиновамен әңгімелестік.

Тілеуберді САХАБА

- Айнұр Еркінқызы, кәсіподақ

ұйымының жастар кеңесі қашан құрылан,

қай бағытта жұмыс істейсіздер?

- Павлодар облыстық білім беру саласы

кәсіподағының жастар кеңесі 2014 жылы

құрылып, содан бері жүйелі жұмыс жүргізіп

келеді. Кеңестің басты мақсаты – жас

педагогтер мен студенттердің құқықтары

мен мүдделерін қорғау. Бұл – Кәсіподақтар

федерациясының Стратегиясында,

салалық, өңірлік келісімдерде және ұжымдық

шарттарда айқындалған. Ресми деректер

бойынша, біздің облыстық кәсіподақ ұйымы

мүшелерінің 35 пайызға жуығы - жастар.

Оның үштен екі бөлігі - мұғалімдер, қалғаны –

студенттер. Қалалық және аудандық жастар

кеңес-терінде кәсіби шебер ғана емес,

сонымен қатар көшбасшылық қабілеттері

жоғары жас мұғалімдер бар. Облыстық білім

және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

мұғалімдердің еңбек, экономикалық және

әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытында

кешенді жоспар әзірледі. Олардың басым

бөлігі жас ұстаздарға бағытталған.

- Жас мамандарға қатысты орын

алған заң бұзушылықтарға да жиі араласатын

шығарсыздар...

- Әрине, қандай жағдай болса да

бейжай қарамаймыз. Қолымыздан келгенше

көмек беруге, араша түсуге тырысамыз.

Әсіресе, шалғай аудандар мен ауылдарда

тұратын әріптестеріміз жиі көмек сұрайды.

Мысалы, жақында мектеп директоры мен

жас маман арасында кикілжің туындап,

жас маман жұмыстан себепсіз шығып

қалған. Осы іске араласып, оң шешімін

табуға ықпал еттік. Жас маман бүгінде

өзінің орнында жұмысын жалғастыруда.

Сонымен қатар, жаңа жұмысқа тұрғандар

арасында еңбекақыға қатысты сұрақтар жиі

туындайды. Мұны да назарымыздан тыс

қалдырмаймыз. Сондай-ақ, ауылдық жерде

тұратын жас мамандарға қысқы отын алу

үшін берілетін жәрдемақылары да әртүрлі

екен. Міне, осы мәселені көтердік. Жалпы,

мұғалімдер алғаш онлайн білім беруге

көшкен кезде олардың еңбекақыларын

тұрақты сақтап қалу мәселесін бірінші

болып біздің кәсіподақ көтерген болатын. Біз

жыл сайын жас мамандар арасында сауалнама

жүргізіп, оларға тәлімгерлері қандай

көмек көрсетіп жатқанын анықтаймыз. Яғни,

осындай бір сауалнаманың өзі көптеген

кемшіліктің алдын алады.

- Жастар кеңесінің бастамасымен

қандай іс-шаралар ұйымдастырылып,

нендей жаңа жобалар қолға алынуда?

- Білім беру саласында еңбек жолын

бастаған жас педагогтарды республикалық

және халықаралық семинарлар мен

форумдарға жиі жіберіп тұрамыз. Жыл

сайын жас педагогтардың жол картасы

жүзеге асырылады. 2019 жылы «Кәсіподақ!

Мұғалім! Жастар!» атты бейнероликтер сайысы

ұйымдастырылса, 2020 жылы «Кәсіподақ

репортері» байқауы талай жас маманның

өнерін айшықтады. Ал биыл басталған

«Жас педагогтардың бейімделуіндегі

мәселелер» Оpen Space форматындағы

онлайн-дискуссияның тиімділігі зор болды.

Бұл әрбір қала, ауданда және ауылаймақтарда

еңбек ететін жас мамандардың

пікір алмасатын үлкен алаңына айналды.

Сонымен қатар, осы жылы ауылдық жерді

таңдаған мұғалімдер арасында «Ауылым –

алтын бесігім» велошеруі өткізілді. Кеңес

құрамындағы белсенді жастар Ресей Федерациясы

Новосібір облыстық кәсіптік одағы

ұйымдастыратын «Кәсіподақтық ЗАИМкаға»

жыл сайын қатысып, кәсіптік сала бойынша

білімдері мен ой-өрістерін кеңейтеді, тәжірибе

алмасады. Бұл 2015 жылы Павлодар және

Новосібір облыстарының кәсіподақ басшылары

арасында жасалған меморандум

негізінде жүзеге асырылуда. Сондай–ақ,

ұстаздарды жастар кеңесі жұмысына көптеп

тарту мақсатында «KASIPODAQжаSTAR»

жобасы іске асырылды. Аталған іс-шараның

қорытынды кезеңіне қала, аудандардан

69 өтініш келіп түскен. Қазылар алқасының

шешімімен жеңімпаз атанған 20 жас маманмен

жоба мақсатына сай жұмыс жүргізілуде.

Ал өзім жастар кеңесінің төрайымы ретінде

ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

республикалық «30 еңбек елшісі» жобасына

қатысып, жеңімпаз атандым.

- Жобаларға негізінен қай өңірдің

жас мамандары белсенді атсалысып

келеді?

- Кәсіподақ қозғалысының жұмысына

белсенді атсалысып жүрген жас әріптестеріміз

баршылық. Мәселен, облыстық жастар

кеңесінің мүшелері, Павлодар қаласы №36

орта мектептің мұғалімі Дмитрий Карпеченко,

Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің

мұғалімі Фархат Еңсебаев, №16 мектеплицейінің

мұғалімі Әсет Серікбаев, №8

орта мектебінің мұғалімі Құмар Тілеужан,

№33 орта мектебінің қосымша білім беру

педагогы Нұрғиса Теміржанов, Тереңкөл

ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Бекжан

Әмірқашев, Торайғыров университетінің

студенті Жаслан Узыканов секілді азаматтарды

атап өтуге болады. Қоғамдық

жұмыста белсенділік танытып жүрген жас

мамандарымызды ынталандыру, сауықтыру

мақсатында кәсіподақ тарапынан

жыл сайын демалыс орындарына жолдама

беріледі. Яғни, Жасыбай, Бурабай демалыс

орындарында тегін демалуға мүмкіндік

алады.

- Кәсіподақ ұйымының жастар

кеңесіне қандай мамандар қабылданады?

Сіздермен бірге жұмыс істеуге ниетті

жастар алдымен қайда барады?

- Жастар кеңесінің мүшелігіне 35 жасқа

толмаған кез келген педагог өте алады.

Олар өздерінің тұрғылықты жеріндегі, яғни,

қалалық немесе аудандық жастар кеңесінің

өкілдерімен байланыс орнатуы керек.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

БҮГІН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОШТА КҮНІ!

Пошташы қызметіне сұраныс көп

Аққулы ауданына қарасты

Қарақала ауылындағы «Қазпошта»

бөлімінің басшысы Бақыт Борисқызы

Нурконың негізгі мамандығы есепші.

Жылдар бойы өз ауылында қажырлы

еңбек етіп жүрген маман.

Ол 2010 жылдың маусым айынан

Ақпараттық технологияның қарқынды дамығанына қарамастан, поштаның орнын

ешнәрсе алмастыра алмайтындығы сөзсіз. Газет-журнал оқитын оқырман үшін де

поштаның орны бөлек. Осы орайда қоғамдағы ежелгі мамандықтың бірі - пошташылардың

еңбегін ерекше атап өткен абзал.

пошта бөлімінде қызмет атқаруда.

Он бір жылдан астам уақыт ауыл

тұрғындарына жедел түрде газетжурнал

мен тапсырыстарын жеткізіп

отыр. Зейнетақысын поштадан

алатын қарттар үшін коммуналдық

қызметтерді уақытылы төлеуге

де көмек көрсетеді. Айтуынша,

«Қазпоштаның» көмегіне жүгінетін

тұрғындар әлі де жетерлік.

- Бұл салада қызмет етіп

жүргеніме он жылдан астам уақыт

өтті. Біз поштада жұмыс істеп

жатқан соң, соңғы жаңалықтардан

хабардар болуымыз керек. Кесте

бойынша ауыл тұрғындарының

үйлерін аралаған уақытта тың

жаңалықтан қалыс қалмауға тырысамын.

Қазіргі кезде ақпараттық

тұрғыдан жаңашылдық көбейгенімен,

әлі шет мемлекеттен хаттар

легі түсіп жатады, - дейді

Б.Нурко.

Жұмыспен қатар отбасының

қамын назардан шығармаған

пошта маманы - бір ұл мен екі

қыздың анасы. Бүгінде ұл-қыздары

мен жиендерінің қызығына кенеліп

отырған Бақыт апай өз жұмысына

деген ерекше ықыласы бар екендігін

жасырмады.

- Әр жұмыстың өз қиындығы

бар. Дегенмен мамандыққа деген

сүйіспеншілік болса, кез келген

қиыншылықты еңсеріп өтуге болады.

Бұл жұмысқа алғаш келгенімде

біраз уақыт үйренісе алмағаным

есімде. Алайда, күнделікті адамдармен

тығыз қарым-қатынас,

үлкендердің алғысының арқасында

еңбектің наны тәтті болатындығын

түсінемін, - дейді Б.Нурко.

Сонымен қатар, Қарақала ауылындағы

«Қазпошта» бөліміне түскен

хат-хабарды, газет-журналдарды

шұғыл жеткізуге тырысатындығын

айтты.

«Оқырманның қуанышын көргенде

жұмысымның маңыздылығын

түсінемін» деген Бақыт

Борисқызына толағай табыстар

тілеп, Дүниежүзілік пошта күнімен

құттықтаймыз. Елге қылған жақсылықтың

еленбей, ерінбей еңбек

еткен жанның кенелмей қалмайтындығына

сенім білдіреміз.

М.ТӨЛЕБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!