29.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 қазан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 30 қазан, сенбі, 2021 жыл КӨКЕЙТЕСТІ

SARYARQA SAMALY

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

Әскерден босбелбеу

бозбалалар жалтарады

Соңғы жылдары «әскерге шақыру» десе әккі әрекеттерге көшіп, сап

түзеуден үркитін жастардың қатары артуда. Бүгінде облыста 1300-ден

астам шақырылушы әскерден жалтарып жүр екен. Оның себебі неде?

Оралхан ҚОЖАНОВ

Әскерге міндетті борышкерлердің

статистикасын сараптасақ,

60 пайызы енжарлық немесе

қорқақтықтан бас тартса,

30 пайызы жарамсыздық себебінен

әскерге бармайды екен. Тек

10 пайызы ғана өздігінен әскерге

баруға сұранатын көрінеді.

Жақында облыста «Әскерге

шақырылушы» жедел алдын алу

шарасы ұйымдастырылып, әскерден

жалтарып жүрген 24 жас анықталған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше,

шара шеңберінде тұрғылықты

мекенжайы бойынша 441 әскерге

шақырылушы тексерілген. 1593

азамат іздеуде болса, еліміздің

өзге өңірлерінде жүрген 148 жасқа

шақырту жіберіліпті.

Павлодар облысы бойынша

сарбаздар аналары комитетінің

төрағасы Лилия Хайруллинаның

айтуынша, жастардың әскерден

жалтаруының бірнеше себебі бар.

- Негізгі себептердің бірі – қазір

жастардың барлығы банктерге

берешек. Яғни, мойнында бір

емес, бірнеше несиесі бар.

Әскерде болған уақытта несие

төлеу уақытша тоқтатылса екен

деген тілек бар. Ондай жеңілдіктің

жоқтығынан сарбаздар әскерде

болған кезеңде несиенің өсімақысы

өсетіні белгілі. Сол себепті, жастар

әскерге барғаннан гөрі жұмыс істеп,

несиесінен құтылғанды жөн көреді.

Екіншіден, жастардың денсаулығында

ақаулар көп. Бұған экологиялық

фактордың да әсері бар. Ол аздай,

карантин уақытында тренажерлік

залдар жұмыс істемеді. Қазір

жастардың көбі семіздік ауруына

шалдыққан. Салдарынан, өзіне

сенімсіз жастар көбеюде. Үшіншіден,

әскердегі жағдайды реттеу керек.

МӘСЕЛЕ

Ас мәзірі, киім-кешек мәселесі

шешілмей, жастардың ынтасын

арттыру мүмкін емес, - дейді

Лилия Хайруллина.

«Ауған және жергілікті соғыс

ардагерлерінің Павлодар облыстық

одағы» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Байғабыл Майкотов әскер

– соғыс майданы емес, шыңдалу

ортасы екенін айтады.

- Әскер - ел басына күн туған

шақта туған жерді қорғай білуге

баулитын орта. Жігіттік жігері

жоқтығынан әскерден қашқандар

елдің дамуына үлес қосады дегенге

сенбеймін. ҚР Конституциясының

36-бабында «Қазақстан Республикасын

қорғау – оның әрбір

азаматының қасиетті парызы және

міндеті» деп тайға таңба басқандай

көрсетілген. Бұл – Отан, отбасы

алдындағы парыз. Сондықтан да,

дені сау, ақыл-ойы жетілген әрбір

азамат Отан алдындағы борышын

өтеуге міндетті. Келешектің тұтқасы

болар ер азаматтарымыздың жасынан

жігер-қайраты толысып, ширақ

қимыл иесі атануы отбасындағы

тәрбиеден бастау алмақ. Тәуелсіз

еліміздің еңсесін тік ұстайтын

жастарымыздың патриоттық сезімі

биік, күш-қайраты толық, жігері

жалынды болғаны жарасымды емес

пе?! – дейді Байғабыл Майкотов.

Бүгінде әскерге шақырушылардың

денсаулығынан бөлек,

білімі мен біліктілігіне де сұраныс

артып отыр. Себебі, ел әскері жаңа

технологиялармен жасақталуда.

Сарбаздардың компьютерлік

біліктілігі, сауаттылығы мен кәсіби

шеберліктері қажет. Жай ғана қару

ұстап, жаттығудан бөлек, логикалықинтеллектуалды

білімінің бар болуы

заман талабына айналған. Бастысы

– әр азаматтың бойында патриоттық

рух болуы тиіс. Төл әскеріміздің

әлеуеті артып, абыройы асқақтап

келе жатқан шақта дені сау, шымыр

да шыныққан, мығым жігіттердің

саны молайса игі. Тәуелсіз еліміздің

шегедей нық тірегі, құрыш қамал

қорғаны – айбынды әскері екенін

естен шығармайық!

Соңғы жылдары жайылым мәселесі солтүстік өңірлерде өзекті бола түсуде.

Жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын

жер де тарылғаны жасырын емес. Аталған проблеманы Павлодар

ауданының шаруалары бастан кешіруде.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жақында Чернорецк ауылының

шаруалары төрт түлік жайылатын

жердің жоқтығын айтып, дабыл қақты.

Мал баққан ағайын жердің басым

бөлігі егіс алқабына айналғанын

айтады. Белгілі болғандай, аталған

ауылдағы 73 мың гектар алқаптың

16 мың гектары ғана жайылым жер.

Қалғаны өсімдік шаруашылығымен

айналысатын диқандардың иелігінде

екен.

Шаруашылық басшылары

Қуандық Тутбаев пен Сергей Лидер

егін шаруашылығын дамытамыз

деп мал шаруашылығын құртуға

болмайтынын айтады.

- Жерді алып, мақсатты

пайдаланбайтын кәсіпкерлер

көп. Кәсібін дамытамын деген

Жайылым жоқ...

азаматтарға үлестірілуі тиіс. Өсімдік

шаруашылығын өркендетеміз

деп мал шаруашылығы тасада

қалды. Төрт түлікті қайда жаятынымызды

білмей дал болудамыз.

Малды сатудан басқа амал жоқ.

Осылай жалғаса берсе, ауылға

кім қоныстанады? Ауыл қайдан

жаңғырады? – дейді шаруалар.

Чернорецк ауылының әкімі

Серік Омаровтың айтуынша,

елді мекенде 53 шаруа қожалығы

мал шаруашылығымен айналысады.

Аталған мәселені жергілікті

қауымдастықпен ақылдасып шешуге

тырысатынын айтады.

Ал аудандық жер қатынастары

бөлімінің басшысы Хамза Оразбеков

әр жер учаскесінің өз иесі

бар екенін алға тартып отыр.

- Жергілікті шаруалар тілге

тиек етіп отырған учаскелер елді

мекеннің жері емес. Сондықтан да,

жерлерді тартып алу туралы әңгіме

қозғалмауы тиіс. Біз өз тарапымыздан

жерді жалған азаматтардың

талапқа сай жұмыс істеп, жердің

құнарлығын сақталуын бақылайтын

боламыз, - дейді Х.Оразбеков.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ауылдық елді мекендерде тұрғындар

мал жаятын жер таппай қиналуда.

Үкімет берілген жерлерді бақылауға

алып, жеке азаматтар мал жаюға

мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті

ұстануы керек», деген болатын. Осы

орайда, жайылым таппай отырған

Чернорецк ауылының шаруаларының

мәселесі оң шешілетініне сенім

мол. Бұл – барлық ауылға ортақ

проблема!

ТҮЙТКІЛ

Еліміз бойынша 1 қазаннан бастап жұқпалы

аурулар ауруханасында, яғни қауіпті аймақта

жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің

үстемеақысы төрт есе қысқартылды. Онымен

қоса, көпшілігіне арнайы қорғаныш киімдері

берілмейтін болды. Осы арқылы Денсаулық сақтау

министрлігі қыруар қаражатты үнемдемек. Ал

ақ желеңділер аз еңбекақыға бола денсаулығымызды

қатерге тікпейміз деп отыр.

Қосымша төлем

неге қысқарды?

Тіпті, олар бұл уәждерін алға

тартып, Мемлекет басшысына

да хат жолдаған. Бұлай жалғаса

берсе, аймағымызда коронавирус

одан әрі өршіп, ал оны

жұқтырған науқастарды емдейтін

мамандар таба алмайсыздар,

дейді дәрігерлер қауымы.

Расында, инфекциялық госпитальда

еңбек етіп келе жатқан

дәрігерлердің жалақысы кісі

қызығарлықтай еді. Оларға ай

сайын өз еңбекақыларынан бөлек,

850 мың теңге көлемінде үстеме

ақы беріліп келді. Осылайша,

бір дәрігер айына 1 млн. теңге

шамасында айлық алатын еді.

Алайда бұл - айтуға ғана оңай.

Былтыр коронавирус қыспаққа

алып, әркім өз денсаулығын ғана

күйттеп қалған кезде қауіпті

аймақта жұмыс істейтін медицина

мамандарын табу қиынға

соққаны есімізде. Сондықтан

оларды қомақты жалақымен

қызықтырды. Жалақының көп

болғаны жақсы-ақ. Жұмыс та оңай

емес. Инфекциялық госпитальға

аяқ басқан әр дәрігер өз өмірін

қатерге тікті. Енді ше?

Енді жоғарыда аталған

үстемеақы 180-200 мың теңгеге

дейін азайтылды. Бұдан бөлек,

реанимация бөлімінде жұмыс

істейтін дәрігерлерден басқалары

арнайы қорғаныш киімдерімен

қамтамасыз етілмейтін болды.

Бұл тұрғыдан алғанда, еліміздің

Денсаулық сақтау министрлігінің

ұстанымы түсініксіздеу. Инфекциялық

госпитальге түскен

әрбір науқас вирус тасымалдаушы

болып есептеледі. Демек,

оны емдеу шарасына қатысқан

әрбір дәрігердің ауру жұқтыру

қаупі жоғары. Ендеше, медицина

қызметкерлерін бір-бірінен бөлежарып

қараудың не қажеті бар?

Инфекциялық госпитальдың

жұмысына жауапты Ғ.Сұлтанов

атындағы Павлодар облыстық

ауруханасының директоры

Арман Мұсабековтің айтуынша,

дәрігерлердің соншалықты байбалам

салатындай жөні жоқ.

- Әрине, дәрігерлеріміз

пандемияның қызып тұрған

шағында қомақты жалақы алып

үйреніп қалған. Бірақ, бұл да аз

қаражат емес. Мысалы, қарапайым

емханалардағы медициналық

қызметкерлер бұдан екі-үш есе

аз еңбекақыға және арнайы

қорғаныш киімдерінсіз жұмыс істеп

келеді. Олардың да денсаулығына

қауіп төнуде. Адамдар әртүрлі

сырқатпен келеді. Араларында

коронавирус жұқтырғандар да

болады. Сондықтан бұл мәселеге

тек сын көзбен қарауға болмайды.

Онымен қоса, инфекциялық госпиталь

мамандары мүлде қорғаныш

киімінсіз қалды деуге келмейді.

Тек бұрынғыдай бас-аяғын қымтап,

орап жүрмейді. Оның орнына

арнайы халаттар береміз, - дейді

А.Мұсабеков.

Бұл жаңашылдықтан қанша

қаражат үнемделеді?

Арнайы қорғаныш киімінің бір

данасының құны 3000 мен 3500

теңге шамасында. Талап бойынша,

дәрігерлер бұл киімді әрбір 2-3

сағат сайын ауыстырып отыруы

тиіс. Осылайша, облыстық аурухана

бір ауысымда тек қорғаныш

киімдерінің өзіне 9 млн теңге

көлемінде қаражат жұмсап келген.

Ал жаңашылдық 4 млн теңгеге

дейін үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қауіпті аумақта жұмыс істейтін

дәрігерлер үстемеақыларының

қысқарғанына, қорғаныш киімдерінен

қол үзіп қалғандарына

наразылықтарын білдіріп, ел

Президентіне хат жолдады. Онда,

«Тек шілде айында коронавирустан

250 медицина қызметкері

көз жұмды. Өкінішке қарай, бұл

көрсеткіш өсіп келеді. Бірақ,

оны ешкім ашып айтпайды», -

делінген. Аман Мұсабеков бұл

көрсеткішпен келіспейді. Оның

сөзінше, аймағымызда екпе

науқаны басталғалы коронавирустан

көз жұмған дәрігерлер жоқ.

- Үстемеақыны қысқартуға

мәжбүр болдық. Ойлап қараңыздаршы,

пандемияға дейін

облыстық аурухана медициналық

персоналдың жалақысы, дәрідәрмек

пен басқа да шығындарды

қосқанда жылына 4,5 млрд. теңге

жұмсайтын еді. Ал пандемиядан

кейін тек екі инфекциялық госпитальда

жұмыс істейтін дәрігерлердің

еңбекақысына бір айда ғана

1,2-1,3 млрд. теңге шамасында

шығындалдық. Жалпы республика

бойынша алғанда бұл -

тым қомақты қаражат. Әрине,

барлығы жақсы жалақы алғысы

келеді. Бірақ мүмкіндігімізді де

ойлау қажет, - дейді А.Мұсабеков.

Инфекциялық госпитальдың

дәрігерлері уақыт өте келе коронавирустан

емдейтін мамандар

қалмайды, деп ескертуде. Ал,

облыстық аурухана басшылығы,

үстемеақыны азсынып, медбикелер

мен санитарлардың біраз бөлігі

жұмыстан кетуі мүмкін екенін

жоққа шығармайды. Дегенмен,

адам жанына араша түсуді өмірлік

ұстанымдары ретінде таңдаған

тәжірибелі дәрігерлер қауымы өз

орындарында қалатынына сенімді.

Себебі, үстемеақы азайтылғанымен,

олардың жалпы жалақысы өзге

емханалардағы әріптестеріне

қарағанда әлдеқайда жоғары

болып сақталады, дейді аурухана

басшылығы.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!