29.10.2021 Views

Сарыарқа самалы, 30 қазан, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

30 қазан, сенбі

2021 жыл

№125 (15743)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Бағаға тежеу бар ма?

ӨНДІРІС

Мерзімінен

бұрын

аяқтады

Павлодар мұнай-химия зауыты

жөндеу жұмыстарын мерзімінен

бұрын аяқтап, іске қосу

операцияларын бастады.

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.

Соңғы уақытта қалааралық жолаушылар тасымалы да дағдарыс

кезеңін бастан кешіруде. Тұрғындар жолақы бағасының тым шарықтап

кеткенін айтып дабыл қағуда. Екібастұз қаласы былай тұрсын,

Ақсу шаһарына қолжетімді бағамен жетудің өзі мұңға айналған.

Құрметті оқырмандар!

2022 жылға арналған қоғамдық-саяси, ақпаратты-жарнамалық

«Saryarqa samaly» газетіне жазылу жалғасуда!

Жалғасы 3-бетте

Газетке жазылуды ұмытпаңыз! БАСПАСӨЗ - 2022

Жазылу мерзімі

6 ай

(аптасына үш нөмір)

12 ай

(аптасына үш нөмір)

«Қазпошта» АҚ–ның

бөлімшесі арқылы

жазылу

«Alash Press» ЖШС–

нің бөлімшелері

арқылы жазылу

Редакцияда

ресімделу және

алу мен жазылу

Индексі 55441 Павлодар қ. Павлодар қ.

қала ауыл

6 924,20

теңге

13 848,40

теңге

7 242,40

теңге

14 484,80

теңге

6 915 теңге 5 940 теңге

13 830 теңге 11 880 теңге

Зейнеткерлерге, мүгедектерге және ҰОС қатысушыларына арналған жеңілдікпен жазылу

Индексі 55442

3 084 теңге

қала ауыл

12 ай

(бейсенбілік нөмір)

4 035,60

теңге

4 259,20

теңге

4 025 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге

немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен

кез келген пошта бөлімшесінде,

пошта қызметкері арқылы

немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев

к-сі, 50 (тел. 87182 32-40-37) мекенжайы

бойынша орналасқан «Қазпошта»

ғимаратында, Ак.Марғұлан

к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша

орналасқан «Alash Press» ЖШС-де

(тел. 8 7182 61-63-18) жазыла аласыз.

Одан басқа, баламалы жазылу

арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы

бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан

алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың

назарына! Біздің кез келген басылымға

50 данадан кем емес жазылған

жағдайда кәсіпорынға дейін

жеткізумен ұжымдық баламалы

жазылуды ұсынамыз, тел.: 8 (718 2)

66-15-41.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның

баспасөз қызметінен мәлім етті.

1 қарашадан «Павлодар мұнай-химия

зауыты» ЖШС барлық өнім түрлерін

қайта шығара бастайды. Қолайсыз

климаттық жағдайларға қарамастан, зауыт

жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын

орындап шықты. «Барлығы 933 бірлік

технологиялық құбырдың, 19 бірлік техникалық

бу құбырдың және 300 бірлік құралжабдықтың

техникалық куәландырылуы,

ревизиясы мен сараптамасы жүргізілді.

Зауытты жөндеу барысында бірқатар ірі

жұмыстар атқарылды: мұнайды бастапқы

өңдеу өндірісінде колонна ауыстырылды,

құрамында сутегі бар газ желісі мен су

қайнатқышы жөнделді, мұнайды терең өңдеу

өндірісінде пештердің газ өткізгіштері,

трансферлік желі, қосарланған жылу

алмастырғыш пен сепараторлар ауыстырылды.

Мұнайды бастапқы және терең

өңдеу өндірістерінде биіктігі 180 және

120 метр түтін мұржаларының коррозияға

қарсы қорғау жұмыстарын атап өткен жөн.

Жөндеуге кәсіпорын қызметкерлерінен

бөлек, мердігерлік ұйымдардың 1241 жұмыскері

жұмылдырылды», - делінген компания

таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, биыл Павлодар мұнайхимия

зауытын жөндеу жұмыстарының

мерзімі үш рет кейінге қалдырылған

болатын. Жергілікті шаруаларды арзан

жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді

мақсат ету мақсатында көктемгі және күзгі

мезгілде кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеді.

Нәтижесінде биылғы егістік және жиынтерім

науқандарында астық өсірушілер

арзан дизель отынын іздеп, сабылған

жоқ. Екіншіден, ішкі нарықтағы жанаржағармай

қорын реттеуге септігі тиді.

Қазіргі күні зауыт аймақ экономикасын

дамытуда және бюджетке кіріс кіргізуде

маңызды рөл атқарады.

Өз тілшіміз.


2 30 қазан, сенбі, 2021 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

COVID-19

Дерт

дендеп тұр

Өткен айда облыста коронавирустан 98 адам

көз жұмса, қазан айында 62 адамның ажалы

қауіпті індеттен болған. Бақилық болғандардың

ішінде 21 жастағы жас азамат та бар.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен

брифингте облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының

орынбасары Гүлнәр

Буратаева мәлім етті. Оның

сөзіне сүйенсек, өткен тәулікте

өңірде 252 адам КВИ

жұқтырған. Оның ішінде 235-сі

симптомды вируспен ауыруда.

Қауіпті кеселді жұқтыруда

облыс республикада үздік

үштікті толықтырып тұр.

Қазіргі уақытта 1193 науқас

стационарда ем алуда. Ондағы

төсек-орындардың жүктемесі

52 пайызды құрайды.

95 адамның жағдайы ауыр деп

бағалануда. Олар жансақтау

бөліміне жатқызылған. Аталмыш

бөлімнің жүктемесі 47 пайызға

тең. 15 науқас өкпені

жасанды тыныс алдыру

құрылғысына қосылған.

- Облыс әлі күнге дейін

«қызыл» аймақта қалып отыр.

Нақастарға медициналық

көмек көрсетуде 165 мобильді

бригада үздіксіз жұмыс істеуде.

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

ПТР-сараптамасын жүргізетін

7 зертхана бар. Тәулігіне 2300

сараптама жасалады. Бүгінде

екпенің алғашқы дозасын 317

мыңнан астам адам алса, екінші

компонентті 292 мыңға жуық

адам салдырды. Тұрғындар үшін

153 екпе егу бөлімшесі жұмыс

істеуде, - дейді Г.Буратаева.

Облыста 52 жүкті әйел

КВИ-мен күресуде. Оның

ішінде бір әйелдің жағдайы

ауыр деп бағалануда. 27 әйел

үйден ем алуда. Сонымен

қатар, 132 бала коронавирус

жұқтырған. Оның 42-сі стационарда

емделуде. Облыста

тұмауға қарсы екпе де өз

деңгейінде жүргізілуде. Бүгінде

112 мың адам аталмыш індетке

қарсы вакцина салдырған.

- Өңірде эпидемиологиялық

жағдай күрделі болып

отырғаны рас. Осы орайда,

тұрғындардан санитарлық

талапты қатаң сақтап,

жақындарының аман-дығы

үшін адам көп жиналатын

орындарға бармауын сұраймыз.

Науқастардың саны

көбеймесе, азаймай отыр.

Жақында «Ashyq» жүйесі бойынша

да өзгеріс енгізілді. Одан

нәтиже шығады деген ойдамыз.

Жұртшылықтан санитарлық

дәрігердің қаулысындағы ережелерге

бағынуды сұраймын, -

дейді Г.Буратаева.

Мамандар коронавирус

жұқтырушылардың қатары

қараша айының соңында

азаяды деп болжауда.

ОҚЫС ОҚИҒА

Балалар

дін аман

Кеше түнде Павлодар облыстық балалар

жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратында

өрт оқиғасы орын алды. Оқыс оқиға түнгі сағат

3:36 шамасында тіркелген.

Медициналық мекеменің

мамандары дереу өрт

сөндіру қызметіне және жедел

медициналық көмек қызметіне,

аурухана басшылығына

хабар береді. Сонымен қатар,

облыстық денсаулық сақтау

басқармасының басшылық

құрамына да хабар жеткізіледі.

Төтенше жағдайдың мәнісін

түсіндіру мақсатында жауапты

мамандар Өңірлік коммуникациялар

қызметінде арнайы

брифинг ұйымдастырды.

Павлодар қалалық төтенше

жағдайлар басқармасының

басшысы Ренат Валишановтың

айтуынша, облыстық балалар

жұқпалы аурулар ауруханасының

«А» корпусында өртену

фактісі орын алғаны жөнінде

хабар түскен. Оқиға орнына

10 бірлік техника мен жеке

құрамнан 37 адам жөнелтілді.

Медициналық мекемеден жалпы

саны 188 адам оқшауланды.

Құтқарушылар келгенше

аурухана қызметкерлері өздері

балаларды қауіпсіз орынға

жайғастыра бастаған. 17 адамға

алғашқы медициналық

көмек көрсетілді. Оның ішінде

7 бала бар. Оқыс оқиға

кезінде пластикалық есіктің

жанғаны анықталды. Қазіргі

уақытта түтіннің шығу себебі

анықталуда. Алдын ала болжам

бойынша өрт кіреберістегі

жарық шамынан шыққан.

Өйткені аталмыш электр

құрылғысының шамадан

тыс қызғаны белгілі болды.

Өткен жылы осы мекеме өрт

қауіпсіздік ережесін сақтау

бойынша толық тексеруден

өткен. Бірқатар ескертулер

де жасалған. Келесі аптада

мамандар аурухана ішінде тағы

тексеріс жүргізетін болады.

Облыстық балалар ауруханасының

басшысы Ардақ

Күзеков оқиға орнына жедел

түрде жеткенін айтады. Өртену

фактісі кезінде мекеме ішін

түтін жайлаған. Медицина

мамандары 10 минуттың

ішінде балаларды екінші корпусқа

орналастырған. Жалпы

саны 112 бала, 76 қызметкер

оқшауланған.

Түтін палаталарға жетпеген.

Себебі балалар жататын әр

бөлме арнайы бокс сияқты

жабдықталған. Түтіннен уланып

қалған, күйік шалғандар

болған жоқ. Ешқандай шығын

келтірілмеді. Тек өрт шыққан

есік қайта ауыстырылуда.

Мамандар өрттің шығу

себебі анықталған соң, арнайы

шешім шығарылатынын

айтады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

ҚҰРМЕТ

Бауырмал болу -

борышымыз!

ТӘРБИЕ

Елімізде қазан айының соңғы бейсенбісі Қорғаншы күні деп белгіленген. Аталмыш

мерекеге орай облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов балаларды асырап алған атааналар,

қорғаншылар, патронатты тәрбиешілер және тәлімгерлермен кездесті.

Салтанатты жиын бейресми форматта

өтті. Аймақ басшысы Ә.Сқақов

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

баланы отбасына қабылдап алу

зор жауапкершілік пен еңбекті қажет

ететінін атап өтті.

- Тәуелсіздік жылдарында өңірімізде

оң динамика байқалды.

Қазіргі таңда Павлодар облысында

1043 бала қамқоршылық пен қорғаншылыққа

алынып, 111 бала

патронатты тәрбиемен қамтылған.

Сондай-ақ, 29 бала 7 асырап алушы

отбасылардың мүшесі атанды.

Соның нәтижесінде соңғы 10 жыл

аралығында жетім және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балалар

тәрбиеленетін мекемелердің саны

екі есеге, ондағы балалардың саны

үш есеге азайды. Бұл біздің қоғамда

мейірімді адамдардың көп екенін

көрсетеді. Болашақта балалар үйі

мүлдем болмаса екен деп тілейміз, -

деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы 2020 жылдың

өзінде 200-ден астам жетім бала

мемлекеттік қордан пәтер алғанын

атап өтті. Биыл тағы да шамамен

осынша павлодарлық баспаналы

болды. Ерте кезден қиын өмірлік

жағдайға тап болған балалар мен

оларды қамқорлығына алған отбасыларды

қолдау жалғасын табады.

Кездесу барысында асырап алушы

ата-аналар мен қорғаншылар өздерінің

оқиғаларымен бөлісті. Мәселен,

Валерий Доронин зайыбы екеуі

анасынан айырылған соң Кенжекөлдегі

балалар ауылында тұрып жатқан

төрт баланы бауырына басты.

- Қазір үлкен қызымыз би үйірмесіне,

ұлдарымыздың үлкені дзюдо

секциясына, кішісі футболға барады.

Ал кенже қызымыз қолөнермен

айналысады. Олар әрдайым бір-біріне

көмектеседі, - дейді В.Доронин.

Тағы бір асырап алушы ана Зура

Жүсіпбаева бөтен балалардың болмайтынын

еске салды. Жұбайы екеуі

өздерінің екі ұлы мен бір қызымен

қатар, асырап алған екі баланы

тәрбиелеп отыр.

- Мен олардың бәрін туған балаларымдай

көремін. Әр бала отбасында

өмір сүріп, оның әке-шешесі,

бауырлары болуы керек деп есептеймін,

- дейді З.Жүсіпбаева.

Облыстық төтенше жағдайлар

жөніндегі департаменті өрт сөндіру

қызметінің аға инженері Есенжол

Қарабалин өңірде тәлімгерлік институты

қызмет ететінін атап өтті.

Өрт сөндірушінің өзі де облыстық

балалар ауылының тәрбиеленушісі

Алексей Сороколеттің тәлімгері

ретінде оған ақыл-кеңесін беріп,

қамқорлық көрсетуден аянбайды.

- Мен осы қоғамға пайдамды

тигізіп, өмірге оң өзгерістер енгізуді

қалаймын. Сондықтан тәлімгер

атандым. Лешамен аптасына бір-екі

рет кездесіп, түрлі мәселеге қатысты

пікір алмасамыз. Ол өрт сөндіру

бөліміне келіп, техниканың рөліне де

отырған. Сондықтан алдағы уақытта

Ардагер 104 жасқа толды

Шарбақты ауданында тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының

ардагері Ефим Петренко 104 жасқа толды.

Аудан әкімі Әзілхан Әбеуов Ұлы Отан соғысының

ардагерін төл мерекесімен құттықтады.

Петренко Ефим Емельянович

1917 жылдың 5 қазан күні бұрынғы

Цюрупинск, қазіргі Шарбақты ауданында

дүниеге келген. Соғысқа

дейін 9-сыныпты бітіріп, ауданда

пошталық бөлімнің бастығы болып

қызмет атқарған. 1939 жылы әскер

қатарына шақырылып, Финляндия

соғысына қатысқан. Кейін неміс

басқыншыларына қарсы майданда

соғысты. 1942 жылдың қыркүйегінде

Ефим Емельянович қатты жараланып,

медициналық батальонда аяғын

ампутациялауға тура келеді. Ұзақ

өрт сөндіруші боламын десе, таң

қалмаймын. Алексеймен таныстық

маған да пайдалы болды. Екеуіміз

кездескен кезде күнделікті күйбең

тіршілікті ысырып қойып, тұрмыстық

мәселелерді ұмытып, көңіл-күйім

көтеріліп қалады, - дейді өрт сөндіруші.

Балалар үйі мен балаларды

қолдау орталығының қызметкерлерін

қорғаншы күнімен тәрбиеленушілері

де құттықтады. Мичурин балалар

үйінде өскен Руслан мен Ардақ Каракулиндер

- бүгінде үш баланың атаанасы.

Олар әлі күнге дейін өздерінің

тәрбиешілері, ұстаздарымен байланысты

үзген жоқ.

- Сіздер бізге қамқор болып, өмірде

дұрыс жол таңдауға көмектестіңіздер.

Біз өмірдегі жетістіктеріміз үшін

сіздерге қарыздармыз, деп лебізін

білдірді Ардақ Каракулина.

Мереке иелері үшін кішігірім концерт

ұйымдастырылып, балалар үйлері

тәрбиеленушілерінің Тәуелсіздіктің

30 жылдығына арнап салған

суреттері көрмеге қойылды. Сонымен

қатар, асырап алушы ата-аналар,

қорғаншылар, патронатты тәрбиешілер

мен тәлімгерлерге Павлодар облысы

әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

уақыт емделуден кейін 1943 жылы

ауруханадан шығарылып еліне оралды.

Шарбақты ауданында 1945 жылдың

соңына дейін байланыс кеңсесі

бастығының көмекшісі болып қызмет

атқарады. Кейін отыз жыл бойы

Шарбақты ауданында жер қатынастары

маманы болып қызмет атқарған.

Сержан ИМАНҚҰЛОВ,

аудандық ішкі саясат және

тілдерді дамыту

бөлімінің басшысы.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 30 қазан, сенбі, 2021 жыл 3

АУЫЗСУ

Бір кәсіпорынға бағынады

Өңірде барлық сумен қамтамасыз ету жүйелерін бір орталықтан басқаратын мекеме құру

көзделіп отыр.

Торғын ОРАЗАЛЫ

2025 жылы облыс тұрғындары сапалы

ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

Бұл жөнінде облыстық энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

басқармасы басшысының орынбасары

Марсель Ұзақов Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен баспасөз

мәслихатында мәлімдеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыста

236 ауыл орталықтандырылған сумен

жабдықтау жүйесіне қол жеткізген. Қазіргі

уақытта 34 ауылдың тұрғындарын сапалы

ауыз сумен қамту жұмысы жүргізілуде.

Әрқайсысында екі жүзге жуық тұрғыны

бар 32 ауылға кешенді блок-модульдер

орнатылуда. Осы мақсатқа 240,8 млн

теңге қаражат бөлінген.

Облыс тұрғындарын ауылдарды сапалы

ауызсумен қамту мәселесі үш жылдан

соң толық шешімін таппақ. Нақтылай

айтқанда, 2022 жылы республикалық

бюджеттен ауыл тұрғындарын орталықтандырылған

сумен қамтамасыз етуге

арналған 13 жоба қаржыландырылып,

қосымша 9 кешенді блок-модуль орнатылады.

2023 жылы 19 жоба жүзеге асырылса,

2024 жылы 22 жоба іске асырылмақ.

Баянауыл ауданында қолға алынған

тоғыз жобаның алтауы мердігерлердің

жауапсыздығынан кешіктірілуде. Оның

ішінде Құркөл, Сұлужон, Майкөбе,

Қызылшілік ауылдарының жобалары

бар. Бірнеше жобаны іске асыруды

қолға алып, соңына дейін жеткізбеген

«Көлсай строй» ЖШС мердігер ұйымын

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ

Бағаға тежеу бар ма?

Басы 1-бетте

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жыл басында автовокзалдан шығатын

Павлодар-Ақсу бағытындағы шағын

автобустардың жолақысы 420 теңгені

(1 жолаушы үшін) құраған. Қазір 500 теңгеге

тең. Бағаның не үшін көтерілгенін

білмекке жолаушыларды тасымалдауға

жауапты мердігер «Зейін» ЖШС

директоры Балтабай Қаппасовқа

хабарластық.

- Жанар-жағармай бағасы қымбаттамаса,

тариф өспейтін еді. Қазір дизель

отыны қымбат. Соған орай шығынымыз

артты. Нарықтың заңдылығы бұл. Жолаушылар

түсіністік танытады деген

сенімдемін, - дейді ол.

Облыстық жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы

басшысының орынбасары

Диана Мұқанованың айтуынша, жыл

басында бекітілген жолақы тарифі жанаржағармай

бағасының қымбаттауына

байланысты жыл бойы өзгеруі заңға

қайшы емес.

- «МАИС» ЖШС Екібастұз бағыты

бойынша қызмет көрсетсе, «Зейін»

ЖШС-нің шағын автобустары Ақсу және

жауапсыз мердігер деп тану туралы іс

сотқа жіберілген.

Марсель Ұзақовтың айтуынша,

Лекер ауылында құрылыс жұмыстары

аяқталғанымен, мердігер жүйені іске

қосып үлгермеген. Нысанның резервуары

мен құбырлары қыста жарылып

қалмауы үшін жүйенің ішіндегі суды

ағызып тастау керектігі ескертілген.

Торайғыр ауылында сумен жабдықтау

жүйесінің құрылысы жобалау кезінде

жіберілген кемшіліктерге байланысты

созылып кеткен. Себебі жобада жер астында

тас емес, топырақ деп көрсетілген. Жобаны

аяқтау үшін қосымша қаражат қажет.

2019 жылы қолға алынған Ақсу

ауылдық округі Еңбек ауылының сумен

Екібастұз қалаларына қатынайды. Жанаржағармай

бағасының қымбаттауына

байланысты қос мердігерден де

тарифті көтеруге өтініш түсті. Ережеге

сәйкес, олар шығындарын көрсетеді.

Кейін басқарма тарапынан өтініштің

негізді екеніне көз жеткізу үшін тексеріс

жүргізіледі. Осыдан бірнеше ай бұрын

«Зейін» ЖШС басшылығының өтініші

мақұлданып, жолақы бағасы 500 теңгеге

көтерілді. Қазір екібастұздық мердігердің

өтініші қарастырылуда. Бензин бағасы

қымбаттады екен деп тарифті өсіре

беруге болмайды. Тарифті бекітер кезде

жолаушылардың да жағдайы әрдайым

назарға алынады, - дейді Д.Мұқанова.

Бүгінде Павлодар-Екібастұз бағыты

бойынша күніне 14 рейс жасалады екен.

Екібастұздан «МАИС» ЖШС автобуспен

жолаушыларды тасымалдаса, қарсы

бағытта «Зейін» серіктестігінің шағын

автобустары жолға шығады. «МАИС»

ЖШС директоры Сергей Войцицкий

жолақы құнын 1050 теңгеден 1500 теңгеге

көтеруге өтініш білдіргенін айтады.

- Жанар-жағармайдың, қосалқы

бөлшектердің, майдың, шинаның тағы

басқа қажетті заттардың бағасы аспандап

кетті. Тариф бағасын амалсыздан өсіруді

сұрап отырмыз. Басқарма өтінішті

мақұлдауы тиіс. Әйтпесе, соттың көмегіне

Сурет газет мұрағатынан алынды.

жабдықтау жобасы да әлі аяқталар емес.

Алматылық «Кельма 05» ЖШС жобаны

бекітілген кестеден кешіктіргендіктен,

сотта жосықсыз мердігер деп танылып,

ортақ келісімшарт бұзылған.

«Ақсу су арнасы» жобаны өз күшімен

соңына дейін жеткізуге уәде беріпті.

Ал бұрынғы мердігерден бюджетке

70 млн теңге қаражат өндірілген.

Елді мекендерді сумен жабдықтау

мәселесі энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына

шілде айында берілген. Қазір

облыстың барлық сумен жабдықтау

жүйелеріне қызмет көрсететін

орталықтандырылған кәсіпорнын құру

мәселесі қарастырылуда.

жүгінуге мәжбүрміз. Жауапкершілікті

мойнымызға алғаннан кейін жолаушылар

тасымалын дұрыс ұйымдастыруымыз

қажет. Екі жолаушы болса да жолға

шығуымыз керек. Олқылық жіберсек,

айыппұл арқалайтынымыз белгілі.

Бүгінде әр автобустағы жолаушылар

саны 30 проценттен аспайды. Шығынды

ақтау үшін тариф бағасының өскені

маңызды. Негізі, бұл іске жауапты

мамандар тасымалдаушыларға да,

жолаушыларға тиімді жолды іздестіру

қажет. Жанар-жағармайды алыпсатарлардан

аламыз. Оны өз бағасымен

алсақ, тариф бағасы да тұрақты болар

ма еді? – дейді С.Войцицкий.

Тасымалдаушылармен әңгімелескенімізде

өздеріне сенімді екенін

аңғардық. Жолақы бағасы өссе, жұрт

«Индрайвердің» көмегіне жүгінеді-ау деп

қорықпайды да. Себебі, «Индрайвер»

таксишілері де бағаны өсіретінін іштей

сезіп отыр. Сосын облыста тасымалдаушылар

нарығында бәсекелестіктің

жоғы жасырын емес. Әкімдіктер тасымалдаушылардың

қас-қабағына қарап

отыратыны рас. Не десек те, жолақы

құны қарапайым жолаушылардың

қалтасына салмақ салмауы тиіс. «Өгізді

де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын»

тариф бекітілсе құба-құп.

ҚЫС – ҚЫР АСТЫНДА

Қалқандар орнатылуда

Қысқы маусымда автомобиль жолдарын күтіп-ұстау - маңызды

іс. Бүгінде бұл іске жауапты мекемелер барынша қамдануда.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың

жағдайын назарда ұстауға 29 мердігер жұмылдырылмақ.

Облыстық жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы басшысының

орынбасары Арслан Айдархановтың

мәліметінше, бүгінде

335 тонна жанар-жағармай (67 процент),

7000 тонна (93,3 процент) көктайғаққа

қарсы материалдар әзірленген.

- Қысқы маусымға дайындық жұмыстары

жүйелі жүргізілуде. Маңызды

шаралардың бірі – қар ұстайтын учаскелерге

қалқан орнату. Бұл ретте, Ақтоғай-

Шолақсор бағытындағы жолдың 55-56

шақырымында ұзындығы 600 метрді

құрайтын қалқан орнатылды. Бұдан

бөлек, Шақат-Шығыс-Шалдай автомобиль

жолының 36-38 шақырымында

терек пен үйеңкі ағаштары отырғызылды,

- дейді А.Айдарханов.

Өткен қысқы маусымның қорытындысы

бойынша облыста 158 қар

ұстайтын учаске анықталыпты. Бүгінде

барлық учаскелерде тиісті шаралар

қолға алынуда.

О.АХМАДИЯ.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін

электронды түрде ұсынудың

маңыздылығы аз айтылып жүрген

жоқ. Тиімді тетік «Цифрлық Қазақстан»

бағдарламасының сәтті орындалуына

және сыбайлас жемқорлықтың алдын

алуға мүмкіндік бермек.

Тиімді тетік

Оралхан ҚОЖАНОВ

Бұл бағыттағы жұмыстар аймағымызда да

нәтижелі орындалуда деуге негіз бар. Еліміз

бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін электронды

түрде үлестіру көрсеткіші 90 проценттен төмен

болмауы тиіс. Ал бұл көрсеткіш өңірде 91,7 процентті

құрап отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы

Ержан Қарымсақов биылғы 9 айдағы мемлекеттік

қызмет көрсетудің барысына тоқталды.

- Тоғыз айдың ішінде 7 250 182 адамға қызмет

көрсетілді. Былтырғымен салыстырғанда 1,5 миллионға

көп. Басым бөлігі электронды түрде (6 647 629)

жүзеге асты. Қызметтің сапалы көрсетілуі әрдайым

бақыланады. Бұл ретте, тұрғындар тарапынан жер

қатынастары саласы бағытында шағымдар көп

екенін атап өткен жөн. Кемшіліктерді жою бойынша

тиісті жұмыстар атқарылуда, - дейді Е.Қарымсақов.

Сапа демекші, тексеріс жұмыстары кезінде

926 ереже бұзу фактісі анықталған. Бір ғана Ақсу

қалалық жер қатынастары бөлімінде 470 олқылық

орын алыпты. Шикіліктің басым бөлігі мерзімге

байланысты екен. Яғни, тұрғындар дер кезінде

қызметті ала алмайтын көрінеді. Осы орайда,

35 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

ЖАҢА БАСТАМА

Жастар бастамаларын дамыту орталығының

ұйымдастыруымен «YoProject»

облыстық Start-up байқауына өтініштер

қабылдау аяқталды. Алдағы уақытта

қатысушылар төрт кезең бойы

бақ сынамақ. Аймақ бойынша жалпы

саны 68 қатысушының жобалары қорғауға

ұсынылды.

Start-up

байқау

басталды

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Шараның басты мақсаты - жас кәсіпкерлердің

әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау

және жастар ортасында кәсіпкерлікті тиімді өмірлік

стратегия ретінде танымал ету.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының

инспекторы Ақбота Мәшеннің айтуынша, ісін жаңа

бастаған және қалыптасқан кәсіпкерлер, стартаперлер,

студенттер мен тіпті мектеп оқушылары

қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушылардың жасы

14-29 жас аралығын қамтыды.

- Байқау бойынша іріктеуден өткен қатысушыларға

арнайы тренингтер ұйымдастырылды. «Бизнес

презентацияны жазу және құрастырудың кешенді

алгоритмі» және «Көпшілік алдында сөйлеу

дағдылары. Тиімді презентация құрылымы» атты

тақырыптарда байқау қазыларының алдында

сөйлеу, жобаны қорғау мен таныстыру бойынша

тәжірибелік кеңестер берілді, - деді А.Мәшен. Бұл

тренингтердің барлығы арнайы платформа Zoom

және Skype арқылы өткендігін атап өтті.

Аталмыш байқау агроөнеркәсіптік кешен, экология,

медицина, білім беру, IT саласы, көлік, телекоммуникация,

сонымен қатар әлеуметтік жобалар

сынды түрлі салаларды қамтыды.


4 30 қазан, сенбі, 2021 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

31 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Вакциналаудың

нәтижесі қалай?

- Айдар Кенжетайұлы,

облыс тұрғындарының жартысына

жуығы коронавирусқа

қарсы екпе алды.

Бірақ індет жұқтырушылардың

саны күн сайын өсуде.

Өткен жылы осы кезеңдегі

көрсеткіш төмен еді. Мұны

қалай түсіндіресіз?

- Коронавирусқа қарсы

екпенің екі дозасын алғаннан

кейін тек екі аптадан соң адам

ағзасында індетке қарсы иммунитет

қалыптасады. Вакцина

КВИ-ден 100 пайыз қорғамайды.

Оның тиімділігі 92 пайызға тең.

Қазір екпе алушылардың қатары

артқаны рас. Өңірдегі халықтың

40 пайызға жуығы вакцина

салдырды. Эпидемиологиялық

жағдайдың ушығуына себеп көп.

Тұрғындар санитарлық талапты

дұрыс сақтай алмай отыр.

Екпенің алғашқы компонентін

қабылдағандардың өзі адам көп

жиналатын орындарға жиі барады,

медициналық масканы тақпайды.

Бұл уақытта оның ағзасындағы

препарат әлі вирустан қорғамайды.

Осыны естен шығармау

керек. Эпидемиологиялық

жағдайдың күрделі екеніне

қарамастан той, жабдық өткізіп

жатқандар да азаяр емес. Осы

салғырттық жағдайды ушықтырып

отыр.

- КВИ-ге шалдыққандар

санының өсуіне тұрғындардың

санитарлық талапты

сақтамауы ғана себеп пе?

- Қазір көршілес Ресей Федерациясында

індеттің таралуы

бойынша рекордық көрсеткіштер

орын алуда. Елімізде

Ақмола, Солтүстік Қазақстан

және Павлодар облыстары қызыл

аймақта қалып отыр. КВИ-дің

Сала қызметкерлері қиындығы

мол жұмысты қайыспай атқарып

келеді. Жалғызілікті қарттардың

көңілін аулап, әрдайым қолдау

білдіреді. Мүмкіндігі шектеулі

жандарға көмек көрсетіп, демеу

бола біледі. Бейнетінің зейнетін

көрер шақта, тағдыр жазуымен

Аймағымыз коронавирус жұқтырушылардың

саны бойынша республикада алғашқы үштіктен

түспей келеді. Эпидемиологиялық ахуал күрделі

күйде қалып отыр. Осыған қарағанда КВИ-ге қарсы

ұжымдық иммунитет қалыптастыру туралы

айту әлі ерте сияқты. Вакцина алушылардың

саны артқанмен, нәтиже байқалмайды. Өңірдегі

жағдайдың бұлай күрделенуіне не себеп? Осы

орайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының

басшысы Айдар Сейітқазиновпен тілдескен

едік.

өршуіне осы өңірлердегі ахуал да

себеп. Себебі арада қатынайтын

адамдар көп. Мұнымен қоса, бас

санитар дәрігердің қаулысындағы

ережелердің сақталмауы да

себеп. Тіпті, «Ashyq» жүйесін

қолданбайтын адамдар да

бар. Қазір тұтас отбасы болып

ауыратындардың қатары артуда.

Бұл да адамдардың жаппай

той-томалақтарға, жабдықтарға

қатысуының салдары.

- Облыста желтоқсан

айында ревакциналау науқаны

басталады делінуде.

Препарат саны жеткілікті

ме?

- ҚР Денсаулық сақтау

министрлігі осы мәселемен

айналысуда. «Спутник V» екпесін

салдырғандар 9 айдан кейін тағы

осы екпені салдыра алады. Ал

басқа екпе түрлерін қабылдағандар

6 айдан кейін қайта вакцина алады.

Бұл бағытта жаппай түсіндіру

жұмыстары желтоқсан айында

жүргізілетін болады. Препарат

қоры жеткілікті. Екпе тегін салынады.

- Көршілес Ресей Федерациясында

локдаун енгізілді.

Сол елден өңірге келіп жатқан

жолаушылар бар ма?

өмірдің түрлі қиындықтарын көрген,

өмірден түңілген адамдармен

жұмыс істеу, тіл табысу өте қиын.

Сондықтан ауыр міндетті арқалап

жүрген әлеуметтік қызметкерлердің

еңбегі ересен.

Барша әлеуметтік қызметкерлерді

кәсіби мерекелерімен

- Ресейден Қазақстанға

келіп жатқан жолаушылар бар.

Өңір шекарасына келгендер

ПТР-сараптамасы арқылы кіргізіледі.

Ал сараптама нәтижесі

жоқтар карантинге жатқызылады.

Бұл ретте облысымыздың

шекаралас аумақтарында карантиндік

стационарлар жұмыс

істейді. Ондағы төсек-орындардың

жүктемесі әлі артқан емес. Яғни,

бұл жолаушылардың басым көпшілігінің

екпе салдырғанын көрсетеді.

Жалпы осы мәселені облыстық

санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің мамандары

бақылайды.

- Жағдай күрделенсе,

өңірде локдаун енгізілуі

мүмкін бе?

- Бұл мәселе тұрғындардың

жауапкершілігіне байланысты.

Олар барлық санитарлық талапты

қатаң сақтаса, жағдай тұрақталуы

мүмкін. Сонымен қатар, адамдар

«Ashyq» жүйесіне бағынулары

керек. Мәртебесі жоқтар үйде

отыруы тиіс.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

ЖҮРЕК ЖАРДЫ

Еңбегі ерен қызметкерлер

2011 жылдан бастап қазан айының соңғы жексенбісі Елбасы Жарлығымен

әлеуметтік қызметкерлер күні болып белгіленді. Әлеуметтік қорғау –

елімізде өзекті бағыттардың бірі. Әрбір көмекке зәру жандарға мемлекет

тарапынан көмек көрсетіледі.

құттықтап, зор алғысымызды

білдіреміз. Отбасыларыңызға

ырыс-береке, еңбектеріңізге

мол табыс тілейміз!

Амангелді ХАМИТОВ,

Бөпежан ОМАРОВА.

Алғыс

арқалаған

Алмагүл

Халыққа қызмет көрсетіп, елдің алғысына

бөлену – үлкен бақыт. Көптің көңілінен шығу оңай емес,

жалғызілікті қариялар мен мүгедек адамдардың тілін

табу тіпті қиын. Әлеуметтік қызметкер мамандығын

иеленіп, жүгі мен жауапкершілігі мол істі қайыспай

атқарып келе жатқан жандарға алғыстан басқа

айтар жоқ.

Алмагүл Нұрсиханова жиырма

жылға жуық уақыт әлеуметтік салада

қызмет етіп келеді. Бастапқыда

әлеуметтік қызметкер болып

жұмысқа орналасқан Алмагүл

Тахиқызы адал еңбегінің арқасында

қызметтік сатымен жоғарылады.

Павлодар қалалық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің халыққа әлеуметтік

қызмет көрсету орталығының

мүгедек балаларға үйде әлеуметтік

көмек көрсету бөліміне әлеуметтік

жұмыс бойынша кеңесші болып

табысты қызмет етті. Қазіргі

уақытта осы орталықтың қарттар

мен мүгедектерге үйде әлеуметтік

көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі.

Қарамағындағы 12 әлеуметтік

қызметкердің жұмысын қадағалап,

көмекке мұқтаж жандардың

мәселелерін шешу бағытында

қызмет етуде.

- Павлодар қалалық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің халыққа әлеуметтік

қызмет көрсету орталығында

134 әлеуметтік қызметкер еңбек

етеді. Бүгінде орталық 944 адамға

қызмет көрсетеді. Оның 694-і -

қарттар, 163-і - мүгедек балалар.

Сонымен қатар 18 жастан асқан

психоневрологиялық аурулары бар

87 бала бар, - дейді А.Нұрсиханова.

Алмагүл Тахиқызы Май ауданы

Жалтыр кеңшарында туып-өскен.

Орта мектепті ойдағыдай бітірген

соң Павлодар педагогикалық институтына

оқуға түседі. Биология пәні

мұғалімі мамандығын меңгеріп, ауыл

мектебінде еңбек жолын бастады.

Кейін Павлодар қаласына қоныс

аударады. 90-жылдары тоқырау

кезеңінде мамандығы бойынша

жұмыс табылмаған соң бірнеше

жыл балабақшада қызмет етті.

Бірақ жүрек қалауы бұл емес-ті.

Ата-анасы отбасындағы алты

баланың абыройлы болып, елге

қызмет етуін қалайтын. Қашанда

«Қолыңнан келсе, аянба, көмек қыл,

мұқтаж жанға қол ұшыңды бер!»

деп қайырымдылыққа баулушы

еді. Жастайынан жадына жаттап,

бойына сіңірген осы өсиет сөздердің

әсері болса керек. Үйдің кенжесі

Алмагүл өмірлік қиыншылыққа тап

болған адамдарға жаны ашып, көмек

бергісі кеп тұратын. Елжіреген жүрегі

оны қарттар мен мүгедектерге

қызмет көрсету орталығына жетелеп

әкелгендей.

2003 жылдан бастап әлеуметтік

салаға келіп, жалғызілікті қарттар

мен мүгедек адамдармен жұмыс

істеуге бел байлайды. Қақаған

қыстың аязына, жайнаған жаздың

ыстығына қарамастан қиын жағдайға

тап болған жандарға барынша

көмектесуге тырысты. Қарттар

мен мүгедектерге коммуналдық

төлемдерді жеңілдікпен төлеуге

мүмкіндік беретін құжаттарын

түгендесіп, мемлекет тарапынан

берілетін көмекті алып отыруларына

жағдай жасады.

Әлеуметтік қызметкерлер қарауындағы

әр адамның тұрмыстық

жағдайымен танысып, қандай көмек

керектігін анықтайды. Көмекке

мұқтаж жандарға күніне екі сағаттан

уақыт арнап, шаруаларын тындырып

беруге тырысады. Сонымен қатар

олардың ішкі жан дүниесіне үңіліп,

алаңдатқан мәселелеріне құлақ

түре білуі керек. Қандайда бір

мәселе туындаса, оның шешімін

тауып беруге тырысуы қажет.

Бірде Алмагүл Тахиқызынан

мүгедек жандардың бірі өздігінен

жүріп-тұра алмайтындықтан үздіксіз

күтімді қажет ететінін айтып, көмек

сұрайды. Сол кісінің өтінішін құп

алып, қажетті құжаттарын жинап,

көп ұзамай қарттар мен мүгедектер

үйіне орналасуына ықпал етеді.

- Әлеуметтік қызметкер болу

үшін адамға ең алдымен жанашыр

жүрек керек. Мейірімді жандар

ғана көмекке мұқтаж адамның

көңілін таба алады. Алмагүл

Тахиқызы – көптің көңілін тауып,

алғыс арқалап жүрген жан. Адал

қызметі үшін көпшілік алғысын

айтып, батасын беріп жатады.

Жұмысына тиянақты, білікті маман.

Біз ол кісіге қарап бой түзейміз, -

дейді әріптесі Динара Тілебалдина.

Кейіпкеріміз адал еңбегінің

арқасында бірнеше мәрте марапатталған.

«Үздік әлеуметтік қызметкер»

атанған күні де есінде. Жас

әріптестеріне мейірімді, жұмысқа

тиянақты болу керектігін айтып,

тәжірибесімен бөлісуден жалықпайды.

Оның айтуынша, адамға

жылы қарап, жылы сөз айтсаң

да - ем. Сондықтан қарттармен,

мүгедектермен қарым-қатынаста

осыны ұмытпау керек. Әлеуметтік

қызметкерге керек ең басты

қасиет – төзімділік. Қандай жағдайда

да қиналған адамды тыңдап,

мәселесін шешуге барынша көмектесу

керек.

Еңбек жолында түрлі сындар

мен сынақтардан сүрінбей өткен

Алмагүл Нұрсиханова бүгінде адал

еңбегінің жемісін көруде.

Торғын ОРАЗАЛЫ.


SARYARQA SAMALY

МӘДЕНИЕТ

Театр – адамның рухани серігі болса, әртіс – театр жауынгері екені сөзсіз. Қазіргі кезде

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының

жас жауынгеріне айналған Нұржан Әбіласан есімі өнер сүйер қауымға жақсы таныс.

Қырағы көзді көрерменге ойы мен сөзінің шымырлығын танытып, ерекше ықыласқа

бөленіп жүрген жайы бар.

«Ақырын жүріп, анық

қадам басамын...»

Нұржан Әбіласан – Темірбек Жүргенов

атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының

түлегі. Театр өнері факультетінің музыкалық

драма әртісі мамандығын тәмамдаған ол

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақжарқын

Оразалының шәкірті. Дипломдық қойылымның

барысында Ж.Аймауытов атындағы

Павлодар облыстық қазақ музыка-драма

театрының басшысы Арман Темірбек пен

бас режиссер Әділет Ақановтың назарына

ілігіп, театрға шақырылған екен.

2019 жылдан аталмыш театр ұжымының

белді де таланты әртістерінің қатарында.

Алғашқы театр сахнасындағы бастамасы

Г.Хугаевтің «Қара шекпен» қойылымында

Тұзар рөлімен, ал қойылымның басынан

аяғына дейін сомдаған алғашқы қадамы жас

Абайдың рөлімен басталды. Жас әртістің

тұсауы М.Әуезовтің «Абай жолы» романы

желісі бойынша, Кенжебай Ахметов пен

Жанат Хаджиевтің инсценировкасымен

сахналаған Әділет Ақановтың «Ерте ояндым,

ойландым» трагедиясында кесілді.

- Актер үшін әрбір сомдаған рөлі –

туған баласындай деп бекер айтылмаса

керек. Сол себепті, әлі де ауыз толтырып

айтарлықтай жетістіктерім көп емес.

Дегенмен, жас Абайды сомдаған рөлім –

маған берілген мүмкіндік. Әлі де театр

сахнасында шеберлігімді шыңдап, алға

қойған жоспар мен қажырлы еңбектену

еш зая кетпейтіндігіне сенемін. Сол үшін де

еңбектенуден, жаңа ізденістерден шаршамаймын,

- дейді Н.Әбіласан. Нұржанның ең

сәтті рөлі - Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясында

Хлестаковты сомдауы. Тіпті, осы

қойылыммен Көкшетау қаласында өткен

аймақтық фестивальда топ жарып, «Үздік

режиссерлік қойылым» номинациясын жеңіп

алған болатын.

Театрдан бөлек кино саласында да бой

көрсетіп жүрген сегіз қырлы, бір қырлы

актер 2016 жылы «Ұлы дала зары» атты

толықметражды фильмге түсті. 1930 жылы

ашаршылық пен халық басынан өткен тарихи

оқиғаларға негізделген аталмыш фильмде

Кәміл рөлін сомдады.

- Жаз айында Қазақстан Халық

Ассамблеясының мерейтойына орай көп

ұлт өкілдерінен тұратын «Ынтымақ ауылы»

атты сериалға түскен болатынмын. Мұнда

басты рөлдердің бірі Марат Қалыбеков деген

жігітті сомдаймын, - дейді Нұржан Әбіласан.

Жақын уақытта ұлттық арна көрермендеріне

жол тартуы мүмкін екендігін де атап өтті.

«Театр – хас сұлудың көз жасындай

мөлдір өнер» деп Ғабит Мүсірепов театрға

ерекше баға берді. Расымен де, театр -

адамға рухани азық сыйлай білетін киелі

орда.

- Театр - еріккеннің ермегі емес, еңбектің

ең көркемі. Өзімнің замандастарыма, қадам

басып келе жатқан өнер сүйер қауымға

айтар кеңесім – еңбектену. Театрдың көңіл

көтеру мен ойын-сауықтың ғана ортасы

емес, нағыз мәдениеттің ошағы екенін

ұғынып, еңбектің наны қашанда тәтті

екендігін білсе, нұр үстіне нұр болмақ, -

деп Нұржан өзінің азды-көпті тәжірибесімен

бөлісті. Сонымен қатар, барша қазақы

көрерменді театрға шақырып, мәдениет

пен өнерді қолдауға шақырды.

Жас келсе – іске демекші, бүгінгі күні

әртістің болмыс-бітімі мен қабілеті үлкен

еңбекке арқау болары анық. Осы тұста,

мақсаты айқын, нық қадам басып келе

жатқан жас актер Нұржан Әбіласанға толағай

табыстар мен асқаралы асулар тілейміз.

Бойдағы бар жақсы қасиетті жоғалтпай,

өнер дейтін жолда шығармашылық табыстар

тілейміз.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

1992 жылғы бесінші

қазанда БҰҰ Бас

Ассамблеясының

47-ші сессиясында

тәуелсіздігін енді ғана

алған Қазақстанның

көшбасшысы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев

Азияда қауіпсіздік

жүйесін құру идеясын

тұжырымдамалық

тұрғыдан баяндады.

Сол кездің өзінде

Елбасы Азиядағы өзара

іс-қимыл және сенім

шаралары жөніндегі

кеңестің негізгі

бағыттарын белгіледі.

Әрине, бұл өте батыл,

өршіл сөз болды.

Мұндай бастама көптеген жылдар

қылаң беріп жүрген, бірақ Кеңес

Одағы болған кезде, «қырғиқабақ

соғыстың» геосаяси жағдайында

ол көптеген басқа елдерде, ең

алдымен Қытай мен АҚШ-та теріс

қабылданар еді. Алайда, тәуелсіздік

алғаннан кейін біздің еліміз әлемдік

қоғамдастықта жаңаша қабылданатын,

сондықтан АӨСШК шақыру

идеясын өз бетінше алға ілгерілету

мүмкіндігіне ие болды – бұл Елбасының

жақсы ойластырылған, сындарлы

қадамы болатын.

АӨСШК құрудың пайдасы

туралы дәлелдерді баяндап тұрып

Бір мақсатқа бастайтын

екі процесс

Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық

тарихта бетбұрыс кезеңі басталғанын,

енді мемлекеттердің қауіпсіздік

саласындағы ынтымақтастығының

бүкіләлемдік тәжірибесін Азия

құрлығына жұмсау қажеттігін атап

өтті. Бұған барлық мемлекеттер

мүдделі болуға тиіс, бұл біздің

ортақ игілігіміз, аман-есен дамуымыз

үшін өмірлік қажеттілік, деді

ол. Тұңғыш Президент жұрттың бәрі

Азия елдері арасындағы өркениеттік

айырмашылықтарды тым жиі көрсетіп,

сонымен бір мезгілде ЕҚЫҰ-ның

табысты тәжірибесін мысалға

келтіретінін атап өтті. Бірақ, ежелгі

шығыс даналығына сәйкес, «Мың

ли қашықтықты еңсеру алғашқы

қадамнан басталады», сондықтан

қиындықтардан қорқудың қажеті

жоқ. Алдымен күш-жігерді бір саяси

өлшемге – жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз

етуге жұмылдырған дұрыс.

Нұрсұлтан Назарбаев АӨСШК-ті

қалыптастыру жоспарын бірнеше

кезеңге бөліп, осы тұғырнаманы

дамыту туралы өз ойымен бөлісті.

Елбасының ұсыныстарын бүкіл әлем

алақайлап, қуана қабылдады деу қате

болар еді – бұған күмәнмен қарайтын

көптеген скептиктер болды, соның

ішінде ондайлар әлемдегі ірі мемлекеттер

басшыларының ішінде де бар

еді. Сондықтан Тұңғыш Президенттің

тапсырмасы бойынша Қазақстан

дипломатиясы осы бастаманың

оң жақтарын ілгерілетумен және

түсіндірумен белсенді және табанды

түрде айналыса бастады.

Бұл жұмыс 1993 жылдың күзінде

Алматыда осы мәселе бойынша

көптеген мемлекеттер өкілдерінің

қатысуымен алғашқы жұмыс кеңесін

өткізуге алып келді. Ол кезде мұндай

кездесуді ұйымдастыру оңай емес

еді – қалада тиісті инфрақұрылым

да жоқ болатын, шетелдік делегациялар

үшін көлік пен тамақтандыру

проблемалары туындап қалып жатты.

Қонақтарды «Алатау» шипажайында

қарсы алдық, бірақ таудың

көрікті көріністері мен тыныш

атмосферасы, әрине, сол кезде

дұшпандық қарым-қатынаста болған

көптеген елдерді автоматты түрде

тыныштандыра алмайтыны анық.

Бұл жерде «Азиядағы қауіпсіздік»

ұғымын Қазақстан құрлық шекарасынан

гөрі кеңірек тұрғыда

қарастырғанын, сондықтан кездесуге

Израиль, Палестина, Египет

делегациялары да шақырылғанын

айта кету керек.

АӨСШК-ті институттандыру процесі

басталған және біз 1999 жылы

кеңесті Сыртқы істер министрліктері

деңгейінде өткізу кезеңіне жақындаған

кезде, біздің кейбір әріптестеріміз

ШЫҰ мен АӨСШК функцияларының

ықтимал қайталануына қатысты

алаңдаушылық білдіре бастады.

Атап айтқанда, мұндай пікірді Қытай

өкілдері білдірді. Сонда біз бұл

жерде екі түрлі процесс туралы

әңгіме болатынын түсіндірдік.

Болат НҰРҒАЛИЕВ,

Дипломат, ШЫҰ-ның

2007-2009 жылдардағы

Бас хатшысы.


6 30 қазан, сенбі, 2021 жыл тарих

SARYARQA SAMALY

Қ.Тоқаев өз үндеуінде ХХ

ғасырдың 20-50 жылдарындағы

саяси қуғын-сүргін зобалаңы –

халқымыздың тарихындағы қасіретті

кезең болғанын атап, тарихи

әділеттілікті қалпына келтірудің

маңызына тоқталған еді.

«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан

кейін осы нәубеттің құрбандарын

мәңгі есте қалдыру

үшін мемлекеттік деңгейдегі

тиісті шараларды жүзеге асыра

бастады. 1993 жылы «Жаппай

саяси қуғын-сүргін құрбандарын

ақтау туралы» заң қабылданды.

1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың

Жарлығымен 31 мамыр Саяси

қуғын-сүргін құрбандарын еске

алу күні ретінде белгіленді.

Кеңес заманында өмір сүрген

халықтарға «үлкен террордың»

орасан зор қасірет әкелгені есімізде.

Зұлмат жылдарда Қазақстанға

КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес

миллионнан астам адам жер

аударылды.

Естеріңізде болса,

2020 жылғы 30 мамыр күні

Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев

Саяси қуғын-сүргін және

ашаршылық құрбандарын

еске алу күніне орай үндеу

жасады. Президент саяси

қуғын-сүргін құрбандарын

ақтау үшін арнайы мемлекеттік

комиссия құруды

тапсырды. Бүгінгі өңірлерде

арнайы комиссиялардың

жұмысы Президенттің алға

қойған міндеттері мен мүддесі

жолында іске асуда.

Тарихи әділдікті

қалпына келтіру -

міндет

ризашылықтың белгісі. Тарихи

әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын

аяқтап, саяси қуғын-сүргін

құрбандарын ақтау үшін арнайы

мемлекеттік комиссия құруды

тапсырдым.

Біз жазықсыз жазаланғандардың

әрқайсысын есте сақтау

арқылы ғана кемел келешекке

жол ашамыз. Болашақтың берік

негізі Тәуелсіздіктен бастау алады.

Өткен ғасырдағы ең қилы

кезеңнің бірінде жазықсыз

жапа шеккендердің рухына тағзым

ету – баршамыздың перзенттік

борышымыз», деген еді Үндеуінде

ҚР Президенті Қ.Тоқаев.

Осы орайда 2020 жылдың

24 қарашасында Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын

толық ақтау жөніндегі мемлекеттік

комиссия туралы» Жарлыққа қол

қойған болатын.

Мемлекеттік комиссия құрамына

ҚР Президент Әкімшілігі мен

Түркістан

легионерлерін

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі Кеңес одағында Н.С.Хрущевтің

билігі тұсында қолға алынды. Нәтижесінде, біздің елде Сәкен Сейфуллин,

Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сияқты қазақ кеңес қайраткерлерінен

бастап, жазықсыз жапа шеккен жүздеген азамат «халық жауы» деген

айыптаудан арылды.

100 мыңға жуық азаматымыз

қуғын-сүргінге ұшырап, соның

20 мыңнан астамы атылды.

Жазықсыз жазаланғандардың

қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,

М.Тынышбаев, М.Дулатұлы,

Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин,

І.Жансүгіров, Б.Майлин,

С.Асфендияров сияқты көрнекті

мемлекет және қоғам қайраткерлері,

басқа да ұлт зиялылары бар.

Отанын сатқандар әйелдерінің

Ақмола лагері («АЛЖИР») сол

жылдардағы қатыгездік пен

жауыздықтың қара таңбасындай

болды. Мұнда саяси тұтқындардың

жақын туыстары, әйелдері мен

балалары қамалды.

Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында

аштыққа ұшырағандарды,

сондай-ақ туған жерінен кетуге

мәжбүр болғандарды да еске

аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін

үш миллионға жуық адам тартты.

Сол жылдардағы орасан зор адам

шығыны мен тағдыр тауқыметі

әрбір азаматтың жүрегіне жара

салды.

Тоталитаризмнен зардап шеккен

көптеген ұлт өкілдері үшін

қазақ жері құтты мекенге айналды.

Ата-бабаларымыздан дарыған

қайсарлық пен төзімділіктің арқасында

қатаң сыннан абыроймен

өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге

мүмкіндік алдық.

Бүгінде республика өңірлерінде

«Қазақ халқына – мың

алғыс» монументтері орнатылған.

Бұл – қазақ жұртының ақ пейілі

мен даналығына деген шексіз

Үкіметінің өкілдері, ҚР Парламенті

Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары,

мүдделі мемлекеттік ұйымдардың

басшылары, қоғамдық

ұйымдардың өкілдері мен еліміздің

ғалымдары бар. Барлығы Комиссия

құрамына 49 адам кіреді.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек

Көшербаев алғашқы комиссия

отырысында сөйлеген сөзінде

Мемлекеттік комиссияның басты

міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси

қуғын-сүргін құрбандарының барлық

санаттарына қатысты тарихи

әділеттілікті толық қалпына келтіру

екенін атап өтті. Материалдарға

жан-жақты әрі кешенді зерделеу

жүргізгеннен кейін, халықаралық

тәсілдер мен стандарттар негізінде

толықтай заңды, ал жекелеген

санаттарға қатысты – қуғын-сүргін

құрбандарын саяси ақтау жоспарланып

отыр.

Мемлекеттік комиссияның қызметін

ұйымдастырудың міндеттері

мен негізгі сәттері, оның

2020-2021 жылдарға арналған

жұмыс жоспары, қуғын-сүргін

құрбандарының түрлі топтарын

ақтау жөніндегі қызметті әдіснамалық

қамтамасыз ету мәселелері

қаралды. Қуғын-сүргінге ұшыраған

әр түрлі топтарды ақтау бағыттарын

пысықтау үшін арнайы жұмыс

топтарын құру ұсынылды.

Айта кетелік, Павлодар өңірінде

аталмыш бағытта арнайы комиссия

мүшелері тынымсыз еңбек етіп,

бүгінде алғашқы нәтижелер туралы

сөз бастауға негіз бар.

Өз тілшіміз.

М.С.Горбачевтің кезінде, ҚазКСР

Жоғарғы сотының 1988 жылдың

4 қарашасындағы шешімімен Алаш

арыстары ақталды. Қазақстан Республикасында

1993 жылы Президент

Н.Ә.Назарбаев қол қойған «Жаппай

саяси қуғын-сүргін құрбандарын

ақтау туралы» заң да елеулі нәтиже

берді. Ал 2020 жылы Президент

Қ.К.Тоқаев қол қойған «Саяси қуғынсүргін

құрбандарын толық ақтау

жөніндегі мемлекеттік комиссия

туралы» Жарлыққа орай жүргізіліп

жатқан іс-шаралар мейлінше нәтижелі

болуға тиісті. Өйткені, республикалық

мемлекеттік комиссияны айтпағанда,

өңірлік комиссия мүшелеріне

жабық мұрағаттар қорындағы «Өте

құпия» белгісі соғылған құжаттармен

жұмыс істеуге рұқсат етілді. Рас,

әлгіндей құжаттарды фотоға түсіруге,

көшірмесін алуға, тергеушілердің

сұрақтары мен айыпталушылардың

жауаптарын сөзбе-сөз жазып алуға,

ақталмаған азаматтардың аты-жөнін

жария етуге рұқсат етілмейді. Бұл

жарияланымда тергеу және сот

процестері деректерін нақты көрсетпей,

жалпылама баяндауымыздың

себебі осы.

* * *

Павлодар облысы полиция

департаментінің мұрағаты қорында

ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде

неміс әскерлерінің тұтқынында

болған жерлестерімізге қатысты

біршама құжаттар сақталыныпты.

Қордағы №;№ 2312, 2313, 2316,

2319, 2321, 2333, 2327, 2351, 2578

істерді зерделеу барысында ұлты

қазақ соғыс тұтқындарының көбі

Түркістан легионында қызмет

еткендер екенін анықтадық.

Легионерлердің соғыс жылдарындағы

әскери іс-әрекеттері

алғашқы рет 1968 жылы мемлекеттік

қауіпсіздік органының полковнигі

Серік Шәкібаевтың «Үлкен

Түркістанның күйреуі» деректі

романы арқылы жұртшылыққа

белгілі болды. Ал қазіргі кезде

де көпшілікке беймәлім материалдарда

легионерлердің соғыстан

кейінгі жылдардағы тағдыры көрініс

тапқан.

ОГПУ жүргізген қылмыстық

істерден соғыс тұтқындарының

тағдыр-талайы бір-бірінікіне

өте ұқсас екенін аңғардық.

Олар соғыстың алғашқы ауыр

жылдарында тұтқынға түсіпті.

Одан соң концлагерлерде адам

төзгісіз қиын жағдайларда зардап

шеккен. 1942-1943 жылдары неміс

әскерилері тарапынан жасалған

қысым салдарынан Түркістан

легионының құрамына кіріпті.

Сөйтіп, Германияның Нойхаммер

қаласында әскери тұтқындар

қатарынан жасақталған №162

дивизияда қызмет еткен. Ақыры,

1945 жылы Америка әскерлерінің

қолына түсіп, соғыс тұтқындары

ретінде Кеңес әскерлерінің құзіретіне

өткізілген. Біршамасы қандай

да бір себептермен қамауға

алынбай, тұрғылықты мекенжайларына

қайтарылыпты. Бірақ

1949 жылы ОГПУ-дың Павлодар

облыстық бөлімі тұтқындап, әрқайсы

25 жылға бас бостандығынан

айыру жазасына кесілген.

Мұрағат қорындағы қылмыстық

істерде 1953-1954 жылдары Сібір

мен Қиыр Шығыстағы еңбекпен

түзеу лагерлерінде мерзімді жазасын

өтеп жүрген соғыс тұтқындарының

жоғары органдарға жазған арызшағымдары

тіркеліпті. Тұтқынның

бірі арызын КСРО Бас прокуратурасына

жолдаған екен. Екіншісі

Май ауданының тумасы, өтінішін

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының

төрағасы К.Е.Ворошиловтың

атына қазақ тілінде жазыпты.Бұл

құжаттардан тергеушілер хаттамаға

түсірмеген, сот төрағасының назарына

ілінбеген көптеген жайттардың

көрінісі байқалады.

Арыз-шағымдарда құқық қорғау

органдарында айыпталушылардың

тұтқынға түсуіне себеп болған

мән-жайлардың ескерілмегені

айтылған. Шындығында, командирлердің

қоршауда қалған әскери

бөлімдерді тастап кетуі, сырттан

қандай да бір көмек жасалмауы,

шайқас алаңдарынан шалғайда

қалған штабтармен байланыстың

толық үзілуі, қорғаныс құрылғылары

(окоптар, блиндаждар, т.б.) мен ірі

атыс қаруларының (зеңбіректер,

минометтер, пулеметтер) істен

шығуы, оқ-дәрі мен азық-түліктің

таусылуы, сарбаздардың жаралануы,

жауынгерлік қабылетсіздікке

ұшырауы, моральдық-психологиялық

күйселіске түсуі тәрізді көптеген

жайттар тергеу материалдарында

көрсетілмепті. Сондай-ақ кейбірінің

неміс концлагерінен қашып шыққаны,

әйтсе де көп ұзамай ұсталып ауыр

азаптау арқылы жазаланғаны да

сот процесінде қаперге алынбапты.

Айыпталушылар өз өміріне

қауіп-қатер төніп тұрған жағдайда

Түркістан легионы құрамына

жазылуға мәжбүр болғанын, түпкі

ойы мүмкіндік туған күні Кеңес

әскерлеріне қосылу екенін айтқан.

Сонда да тергеушілер хаттама

қорытындысында «өз еркімен

жау жағына өткен», «күманды

жағдайда тұтқынға түскен», «өз

ықтиярымен легионға қабылданған»

деп көрсетіпті. (Айыптаушылардың

арасында қазақ елінде большевиктер

билігінен арылып, егемен елдікке

қол жеткізу идеясын көздеген

легионерлердің болуы әбден

мүмкін. Келешек зерттеушілер

ондай жүрекжұтқан жанкешті

жерлестеріміз жөніндегі деректерді

май шамның жарығымен іздейтін

шығар).

Осы тұста ескеретін бір жайт,

павлодарлық тұтқындар қызмет

еткен Түркістан легионы бөлімдері

Шығыс майданына жіберілмеген.

Негізінен Батыс майданында әскери


SARYARQA SAMALY

зобалаң 30 қазан, сенбі, 2021 жыл 7

толық ақтау керек

нысандарды күзету, қорғаныс

құрылғыларын орнату, жүк тасымалдау,

қалалардағы қоғамдық

тәртіпті қадағалау тәрізді қызметтерді

атқарыпты.

Партизандар жасақтарына өтіп

кетіп, неміс әскерлеріне қарсы

ерлікпен шайқасқан легионерлердің

бейбіт кезеңде құрмет-қошеметке

бөленгені рас. Солай бола тұра,

өкінішке қарай, кейбірі өздерінің

аңғал мінезінің салдарынан опық

жеген екен. Мысалы, аман-есен

ел ішіне оралған жерлестеріміздің

бірі ағайындарының ортасында

«Немістердің әлеуметтік тұрмыс

деңгейі Кеңес халқынікінен әлдеқайда

жоғары, АҚШ қарулы күштерінің

әскери әлеуеті Кеңес әскерлерінікінен

мықты» деген сөздер айтқан.

Бұл әңгімені құпия мәлімдеушілер

дереу тиісті органға жеткізіпті.

тастай қылып қатырып қоятыны

белгілі.

«Немістердің тұтқынында Кеңес

жауынгерлері жоқ, тек сатқындар

ғана бар» деген бір ауыз сөзімен

миллиондаған адамдардың тағдырын

сындырған Сталин өлген соң соғыс

тұтқындарына рақымшылық жасалса

да, олардың кеңестік қоғамдағы

жағдайы қиын болды. ГУЛАГ

мекемелерінде мерзімді жазасын

өтеп жүргенінде кейбірінің әйелдері

басқа адамдарға тұрмысқа шығып

кетті. Неміс концлагерлеріндегі

азапты бастан кешірген олар Кеңес

концлагерлерінде қылмыс әлемінің

қандыбалақ серкелерімен тартысты

жағдайда тірлік кешті. Жұртшылық

олардың ата-анасына, бауырларына,

балаларына «сатқынның туысы»

деген оймен суық қарады. Солай

бола тұра, сотталған, қудаланған,

Фашистер

тұтқынындағы

қазақтар

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда фашист

тұтқынына түскен 47 мыңнан астам қазақ аман

қалған. Оның 23 мыңы Қазақстанға қайтарылды,

ал қалғандарының тағдыры белгісіз. Бұл туралы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау

жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі,

комиссия қызметін қолдау жөніндегі жобалық

кеңсенің басшысы Сабыр Қасымов ғалымдар

мен сарапшылардың тұжырымдамаларын және

зерттеулерін негізге ала отырып айтып берді.

Іле әлгі адам Америка барлау

қызметінің тыңшысы деген айыптаумен

тұтқындалып, Кеңес үкіметіне

қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін

25 жылға сотталыпты.

Арыз-шағымдарда баяндалған

жайттардан ОГПУ өкілдерінің бұрынғы

легионерлерге қоқан-лоқы көрсетіп,

оларды бір-біріне қарсы куәлік

етуге мәжбүрлегені аңғарылады.

Тергеушілердің айыпталушыларға

күш қолданып, алдын ала дайындаған

жауап алу хаттамасына қол

қойғызғаны да арыз-шағымдарда

айтылыпты. Осындай азаптаудан

өткен легионерлердің бірі фашистерге

адал қызмет еткенін, соның

нәтижесінде ефрейтор әскери

атағына қол жеткізіп, бөлімше командирінің

орынбасары дәрежесіне

дейін өскенін және қола медальмен

марапатталғанын «мойындапты»...

Амал не, олардың бәрі әділдікке

қол жеткізе алмай, өмірден озды.

Кейбірінің ұрпақтары ҚР прокуратурасына

әкелерін, аталарын

ақтау жөнінде өтініш жазыпты. Бірақ

өтініштері қанағаттандырылмаған.

Өйткені прокуратура соғыс тұтқындарының

қылмысы қылмыстық

кодекстің тиісті бабына сәйкес

саралануының дұрыс-бұрыстығын

ғана тексереді. Ал сотта куәлардың

айтқаны және айыпталушының

өз қылмысын мойындауы оның

қылмыс жасағанының бұлтартпас

дәлелі ретінде назарға алынады.

Бұл жағын ОГПУ тергеушілерінің

ар-ожданы қорланған азаматтар

туған жерлеріне оралған соң халық

шаруашылығында аянбай тер төге

еңбек етіп, елдің экономикасы

мен әлеуметтік тұрмыс деңгейін

көтеруге өз үлестерін қосты.

Әуелде жауынгер, сонсын тұтқын,

кейін жұмысшы болған олар

Н.С.Хрущевтің «жылымығы» кезінде

де, М.С.Горбачевтің қайта құру

жылдарында да ақталған жоқ.

Еліміз егемендікке қол жеткізген

кезеңде де соғыс тұтқындарын

ақтау мәселесі күн тәртібіне

қойылған емес.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын

толық ақтау жөніндегі

республикалық комиссия енді

соғыс тұтқындарын саяси қуғынсүргін

құрбандарының санатына

жатқызатын заңның қабылдануына

ықпал етсе дұрыс болар еді. Соғыс

тұтқындарына РСФСР Қылмыстық

кодексінің 58-бабының саяси реңкі

бар тармақтары 58-1 (Отанға

опасыздық), 58-10 (Кеңес үкіметіне

қарсы үгіт-насихат) бойынша айып

тағылды ғой. Демек, оларды әскери

қылмыскерлер емес, саяси қуғынсүргін

құрбандары ретінде тануға

құқықтық негіз бар. Сондай-ақ өткен

ғасырдағы қазақстандық кеңестік

соттардың соғыс тұтқындарына

қатысты шығарған әділетсіз

үкімдерінің күшін жоятын заң

да керек деген ойдамыз.

Кейбіреулер Түркістан легионерлерінің

іс-әрекеттерін моральдік

тұрғыдан қарастырып, «Олар

қазақтың қас батырлары: Әлия

мен Мәншүкке, Бауыржан мен

Рақымжанға қарсы оқ атқан ата

жауларымыздың қатарында жүрді ғой,

демек оларды ақтау - қателік!» –

деп наразылық білдіруі ықтимал.

Рас, солай болды, бірақ...

Біздің бабаларымыз ІІ дүниежүзілік

соғысқа дейін де, қилы

тарихи кезеңдерде бір-бірімен

талай рет шайқасты ғой. Олар

соғыс жағдайында бірін-бірі аяған

жоқ. Отырар ойранында, Бейбарыс

сұлтан мен Кетбұға ноянның шайқасында,

Әмір Темір мен Тоқтамыс

ханның, тіпті Кутузов пен Наполеоның

ұрыстарында жауынгер бабаларымыз

бір-біріне қанды қылыш

сермеді. Кенесары хан мен аға

сұлтандардың арпалысында қазақ

сарбаздары бірін-бірі бауыздап

өлтіруге дейін барды! Азамат соғысы

жылдарында да бірін-бірі қанға

бояды! Сондай қырғындардың қақ

ортасында жүрген қаһармандардың

қайсысын мадақтап, қайсысын

айыптайық?.. Бірін асқақтатып,

екіншісін төмендетуге моральдік

құқымыз бар ма?

Уақыт барлығын өз орнына

қояды.

Біздің міндетіміз – өткен

шақтан сабақ алып, егемен елдігіміздің

іргетасы болып тұрған

ынтымағымызды бекемдей түсу

емес пе?

Арман ҚАНИ,

Павлодар қаласы.

Суреттер ғаламтордан алынды.

Өкінішке орай, Қазақстан

тәуелсіздігін жариялағаннан кейін

соғыс уақытында саяси қуғынсүргінге

ұшырағандарды ақтау

немесе әскери тұтқындардың

істерін қайта қарау туралы

бірде-бір акт қабылданбады.

Біздің қазақстандықтар қандай

жағдайлар мен себептер бойынша

тұтқынға түскені зерттелмеді.

Германияға қызмет етуге ант

қабылдаудан бас тартқаны

үшін, тұтқыннан қашқаны үшін

атылған азаматтарымыздың саны

мен аттары да анықталған жоқ.

Осы уақытқа дейін қаза тапқан

қазақстандықтардың нақты саны,

фашистік лагерьлерде қаза тапқан

отандастарымыздың саны, олардың

қаншасы тірі қалып, қаншасы

ақталып шыққаны белгісіз», -

деді Сабыр Қасымов «1939-1945

жылдары фашистік Германияда

және «Түркістан легионында»

уақытша болған қазақстандық

әскери тұтқындар бойынша

материалдар жинау» жөніндегі

семинарда.

Оның айтуынша, Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси

қуғын-сүргін құрбандарын,

оның ішінде 1939-45 жылдары

фашистік Германияда, Финляндияда

және Еуропаның басқа да

елдерінде тұтқында болған, Кеңес

одағында қайта қуғынға ұшыраған

әскери тұтқындарды толық ақтау

туралы тапсырма берді. «Шын

мәнінде соғыс тұтқындары, оның

ішінде қазақстандықтар, бірінші

рет тұтқынға түскенде Гитлер

режимінің ұлттық шовинистік

фашистік саясатының құрбаны

болды. Оларды жаппай атты,

газ камераларында өртеді,

ғылыми мақсатта пайдаланды,

аш ұстады, құл ретінде мәжбүрлеп

ауыр жұмыстарға салды, себебі

Совет Одағы 1929 жылғы әскери

тұтқындарды қорғау жөніндегі

Женева Конвенциясына қол

қоюдан бас тартты.

Ал соғыс аяқталып, тірі

қалған кеңестік тұтқындар

отанына оралғаннан кейін екінші

рет тоталитарлық сталиндік

биліктің құрбаны болды. Совет

одағының сол кездегі басшылығы

өз азаматтарын қуғын-сүргінге

ұшыратпауға уәде беріп, соңынан

оларға қайтадан жүйелі саяси

қуғын-сүргін шараларын жүргізді.

Германияда неміс халқы өткен

іске өкініп, әлі де кешірім сұрап

келеді. Олар Гитлер режимінің

нақты құрбандарына және олардың

ұрпақтарына моральдық және

материалдық өтемақылар төледі.

Ал сталинизмге саяси репресия

жүргізгені үшін өкінішке орай,

тиісті баға берілмеді», - деді

С. Қасымов.

Ресми деректер бойынша,

1941-45 жылдары 1 млн 200 мың

қазақстандық соғысқа шақырылған.

Оған қоса, сол кездегі қызыл

әскер қатарында 178 мың азаматымыз

қызмет еткен.

«Сонда Қазақстаннан барлығы

1 млн 378 мың сарбаз соғысқа

аттанған. Қазақстандағы жұмылдыру

коэффициенті 22 пайызды

құрады, бұл бұрынғы одақтас

республикалар арасындағы ең

жоғары көрсеткіштердің бірі

болды. Өздеріңіз білетіндей,

соғыстың алғашқы айларында

Беларусьті және Украинаны фашистер

басып алды. Біздің сарапшы

ғалымдар ғылыми-аналитикалық

әдістердің негізінде 255 мыңнан

астам қазақстандық Германия

басып алған аумақтарда тұтқында

болғанын есептеп шығарған

және бұл тұжырымға Ресейлік

және шетелдік сарапшылар

да қосылды. Тұтқында болған

128 мыңнан астам қазақтың соғыс

аяқталғанда 47 мыңнан астамы

ғана аман қалған. Оның ішінде 23

мың 143 әскери тұтқын соғыстан

кейін Қазақстанға қайтарылды.

Қалғандарының тағдыры белгісіз.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес,

олардың бір бөлігі америкалық

және ағылшын билігінің көмегімен

басқа елдерге жіберілген. Бір

бөлігін Кеңес әскерлері Батыс

одақтастарынан тұтқындарды

алған кезде-ақ атып тастаған.

Ал кейбіреулері КСРО-ға тасымалдау

кезінде қайтыс болған

немесе өз-өзіне қол жұмсаған», -

деді Сабыр Қасымов. Бұған дейін

С.Қасымов 3 миллион 900 мың

кеңес әскері тек бес айдың ішінде

КСРО басшылығының кінәсінен

фашистердің тұтқынына түскенін

айтқан еді.

inform.kz сайтынан

ықшамдалып алынды.


8 30 қазан, сенбі, 2021 жыл КӨКЕЙТЕСТІ

SARYARQA SAMALY

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

Әскерден босбелбеу

бозбалалар жалтарады

Соңғы жылдары «әскерге шақыру» десе әккі әрекеттерге көшіп, сап

түзеуден үркитін жастардың қатары артуда. Бүгінде облыста 1300-ден

астам шақырылушы әскерден жалтарып жүр екен. Оның себебі неде?

Оралхан ҚОЖАНОВ

Әскерге міндетті борышкерлердің

статистикасын сараптасақ,

60 пайызы енжарлық немесе

қорқақтықтан бас тартса,

30 пайызы жарамсыздық себебінен

әскерге бармайды екен. Тек

10 пайызы ғана өздігінен әскерге

баруға сұранатын көрінеді.

Жақында облыста «Әскерге

шақырылушы» жедел алдын алу

шарасы ұйымдастырылып, әскерден

жалтарып жүрген 24 жас анықталған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше,

шара шеңберінде тұрғылықты

мекенжайы бойынша 441 әскерге

шақырылушы тексерілген. 1593

азамат іздеуде болса, еліміздің

өзге өңірлерінде жүрген 148 жасқа

шақырту жіберіліпті.

Павлодар облысы бойынша

сарбаздар аналары комитетінің

төрағасы Лилия Хайруллинаның

айтуынша, жастардың әскерден

жалтаруының бірнеше себебі бар.

- Негізгі себептердің бірі – қазір

жастардың барлығы банктерге

берешек. Яғни, мойнында бір

емес, бірнеше несиесі бар.

Әскерде болған уақытта несие

төлеу уақытша тоқтатылса екен

деген тілек бар. Ондай жеңілдіктің

жоқтығынан сарбаздар әскерде

болған кезеңде несиенің өсімақысы

өсетіні белгілі. Сол себепті, жастар

әскерге барғаннан гөрі жұмыс істеп,

несиесінен құтылғанды жөн көреді.

Екіншіден, жастардың денсаулығында

ақаулар көп. Бұған экологиялық

фактордың да әсері бар. Ол аздай,

карантин уақытында тренажерлік

залдар жұмыс істемеді. Қазір

жастардың көбі семіздік ауруына

шалдыққан. Салдарынан, өзіне

сенімсіз жастар көбеюде. Үшіншіден,

әскердегі жағдайды реттеу керек.

МӘСЕЛЕ

Ас мәзірі, киім-кешек мәселесі

шешілмей, жастардың ынтасын

арттыру мүмкін емес, - дейді

Лилия Хайруллина.

«Ауған және жергілікті соғыс

ардагерлерінің Павлодар облыстық

одағы» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Байғабыл Майкотов әскер

– соғыс майданы емес, шыңдалу

ортасы екенін айтады.

- Әскер - ел басына күн туған

шақта туған жерді қорғай білуге

баулитын орта. Жігіттік жігері

жоқтығынан әскерден қашқандар

елдің дамуына үлес қосады дегенге

сенбеймін. ҚР Конституциясының

36-бабында «Қазақстан Республикасын

қорғау – оның әрбір

азаматының қасиетті парызы және

міндеті» деп тайға таңба басқандай

көрсетілген. Бұл – Отан, отбасы

алдындағы парыз. Сондықтан да,

дені сау, ақыл-ойы жетілген әрбір

азамат Отан алдындағы борышын

өтеуге міндетті. Келешектің тұтқасы

болар ер азаматтарымыздың жасынан

жігер-қайраты толысып, ширақ

қимыл иесі атануы отбасындағы

тәрбиеден бастау алмақ. Тәуелсіз

еліміздің еңсесін тік ұстайтын

жастарымыздың патриоттық сезімі

биік, күш-қайраты толық, жігері

жалынды болғаны жарасымды емес

пе?! – дейді Байғабыл Майкотов.

Бүгінде әскерге шақырушылардың

денсаулығынан бөлек,

білімі мен біліктілігіне де сұраныс

артып отыр. Себебі, ел әскері жаңа

технологиялармен жасақталуда.

Сарбаздардың компьютерлік

біліктілігі, сауаттылығы мен кәсіби

шеберліктері қажет. Жай ғана қару

ұстап, жаттығудан бөлек, логикалықинтеллектуалды

білімінің бар болуы

заман талабына айналған. Бастысы

– әр азаматтың бойында патриоттық

рух болуы тиіс. Төл әскеріміздің

әлеуеті артып, абыройы асқақтап

келе жатқан шақта дені сау, шымыр

да шыныққан, мығым жігіттердің

саны молайса игі. Тәуелсіз еліміздің

шегедей нық тірегі, құрыш қамал

қорғаны – айбынды әскері екенін

естен шығармайық!

Соңғы жылдары жайылым мәселесі солтүстік өңірлерде өзекті бола түсуде.

Жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын

жер де тарылғаны жасырын емес. Аталған проблеманы Павлодар

ауданының шаруалары бастан кешіруде.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жақында Чернорецк ауылының

шаруалары төрт түлік жайылатын

жердің жоқтығын айтып, дабыл қақты.

Мал баққан ағайын жердің басым

бөлігі егіс алқабына айналғанын

айтады. Белгілі болғандай, аталған

ауылдағы 73 мың гектар алқаптың

16 мың гектары ғана жайылым жер.

Қалғаны өсімдік шаруашылығымен

айналысатын диқандардың иелігінде

екен.

Шаруашылық басшылары

Қуандық Тутбаев пен Сергей Лидер

егін шаруашылығын дамытамыз

деп мал шаруашылығын құртуға

болмайтынын айтады.

- Жерді алып, мақсатты

пайдаланбайтын кәсіпкерлер

көп. Кәсібін дамытамын деген

Жайылым жоқ...

азаматтарға үлестірілуі тиіс. Өсімдік

шаруашылығын өркендетеміз

деп мал шаруашылығы тасада

қалды. Төрт түлікті қайда жаятынымызды

білмей дал болудамыз.

Малды сатудан басқа амал жоқ.

Осылай жалғаса берсе, ауылға

кім қоныстанады? Ауыл қайдан

жаңғырады? – дейді шаруалар.

Чернорецк ауылының әкімі

Серік Омаровтың айтуынша,

елді мекенде 53 шаруа қожалығы

мал шаруашылығымен айналысады.

Аталған мәселені жергілікті

қауымдастықпен ақылдасып шешуге

тырысатынын айтады.

Ал аудандық жер қатынастары

бөлімінің басшысы Хамза Оразбеков

әр жер учаскесінің өз иесі

бар екенін алға тартып отыр.

- Жергілікті шаруалар тілге

тиек етіп отырған учаскелер елді

мекеннің жері емес. Сондықтан да,

жерлерді тартып алу туралы әңгіме

қозғалмауы тиіс. Біз өз тарапымыздан

жерді жалған азаматтардың

талапқа сай жұмыс істеп, жердің

құнарлығын сақталуын бақылайтын

боламыз, - дейді Х.Оразбеков.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ауылдық елді мекендерде тұрғындар

мал жаятын жер таппай қиналуда.

Үкімет берілген жерлерді бақылауға

алып, жеке азаматтар мал жаюға

мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті

ұстануы керек», деген болатын. Осы

орайда, жайылым таппай отырған

Чернорецк ауылының шаруаларының

мәселесі оң шешілетініне сенім

мол. Бұл – барлық ауылға ортақ

проблема!

ТҮЙТКІЛ

Еліміз бойынша 1 қазаннан бастап жұқпалы

аурулар ауруханасында, яғни қауіпті аймақта

жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің

үстемеақысы төрт есе қысқартылды. Онымен

қоса, көпшілігіне арнайы қорғаныш киімдері

берілмейтін болды. Осы арқылы Денсаулық сақтау

министрлігі қыруар қаражатты үнемдемек. Ал

ақ желеңділер аз еңбекақыға бола денсаулығымызды

қатерге тікпейміз деп отыр.

Қосымша төлем

неге қысқарды?

Тіпті, олар бұл уәждерін алға

тартып, Мемлекет басшысына

да хат жолдаған. Бұлай жалғаса

берсе, аймағымызда коронавирус

одан әрі өршіп, ал оны

жұқтырған науқастарды емдейтін

мамандар таба алмайсыздар,

дейді дәрігерлер қауымы.

Расында, инфекциялық госпитальда

еңбек етіп келе жатқан

дәрігерлердің жалақысы кісі

қызығарлықтай еді. Оларға ай

сайын өз еңбекақыларынан бөлек,

850 мың теңге көлемінде үстеме

ақы беріліп келді. Осылайша,

бір дәрігер айына 1 млн. теңге

шамасында айлық алатын еді.

Алайда бұл - айтуға ғана оңай.

Былтыр коронавирус қыспаққа

алып, әркім өз денсаулығын ғана

күйттеп қалған кезде қауіпті

аймақта жұмыс істейтін медицина

мамандарын табу қиынға

соққаны есімізде. Сондықтан

оларды қомақты жалақымен

қызықтырды. Жалақының көп

болғаны жақсы-ақ. Жұмыс та оңай

емес. Инфекциялық госпитальға

аяқ басқан әр дәрігер өз өмірін

қатерге тікті. Енді ше?

Енді жоғарыда аталған

үстемеақы 180-200 мың теңгеге

дейін азайтылды. Бұдан бөлек,

реанимация бөлімінде жұмыс

істейтін дәрігерлерден басқалары

арнайы қорғаныш киімдерімен

қамтамасыз етілмейтін болды.

Бұл тұрғыдан алғанда, еліміздің

Денсаулық сақтау министрлігінің

ұстанымы түсініксіздеу. Инфекциялық

госпитальге түскен

әрбір науқас вирус тасымалдаушы

болып есептеледі. Демек,

оны емдеу шарасына қатысқан

әрбір дәрігердің ауру жұқтыру

қаупі жоғары. Ендеше, медицина

қызметкерлерін бір-бірінен бөлежарып

қараудың не қажеті бар?

Инфекциялық госпитальдың

жұмысына жауапты Ғ.Сұлтанов

атындағы Павлодар облыстық

ауруханасының директоры

Арман Мұсабековтің айтуынша,

дәрігерлердің соншалықты байбалам

салатындай жөні жоқ.

- Әрине, дәрігерлеріміз

пандемияның қызып тұрған

шағында қомақты жалақы алып

үйреніп қалған. Бірақ, бұл да аз

қаражат емес. Мысалы, қарапайым

емханалардағы медициналық

қызметкерлер бұдан екі-үш есе

аз еңбекақыға және арнайы

қорғаныш киімдерінсіз жұмыс істеп

келеді. Олардың да денсаулығына

қауіп төнуде. Адамдар әртүрлі

сырқатпен келеді. Араларында

коронавирус жұқтырғандар да

болады. Сондықтан бұл мәселеге

тек сын көзбен қарауға болмайды.

Онымен қоса, инфекциялық госпиталь

мамандары мүлде қорғаныш

киімінсіз қалды деуге келмейді.

Тек бұрынғыдай бас-аяғын қымтап,

орап жүрмейді. Оның орнына

арнайы халаттар береміз, - дейді

А.Мұсабеков.

Бұл жаңашылдықтан қанша

қаражат үнемделеді?

Арнайы қорғаныш киімінің бір

данасының құны 3000 мен 3500

теңге шамасында. Талап бойынша,

дәрігерлер бұл киімді әрбір 2-3

сағат сайын ауыстырып отыруы

тиіс. Осылайша, облыстық аурухана

бір ауысымда тек қорғаныш

киімдерінің өзіне 9 млн теңге

көлемінде қаражат жұмсап келген.

Ал жаңашылдық 4 млн теңгеге

дейін үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қауіпті аумақта жұмыс істейтін

дәрігерлер үстемеақыларының

қысқарғанына, қорғаныш киімдерінен

қол үзіп қалғандарына

наразылықтарын білдіріп, ел

Президентіне хат жолдады. Онда,

«Тек шілде айында коронавирустан

250 медицина қызметкері

көз жұмды. Өкінішке қарай, бұл

көрсеткіш өсіп келеді. Бірақ,

оны ешкім ашып айтпайды», -

делінген. Аман Мұсабеков бұл

көрсеткішпен келіспейді. Оның

сөзінше, аймағымызда екпе

науқаны басталғалы коронавирустан

көз жұмған дәрігерлер жоқ.

- Үстемеақыны қысқартуға

мәжбүр болдық. Ойлап қараңыздаршы,

пандемияға дейін

облыстық аурухана медициналық

персоналдың жалақысы, дәрідәрмек

пен басқа да шығындарды

қосқанда жылына 4,5 млрд. теңге

жұмсайтын еді. Ал пандемиядан

кейін тек екі инфекциялық госпитальда

жұмыс істейтін дәрігерлердің

еңбекақысына бір айда ғана

1,2-1,3 млрд. теңге шамасында

шығындалдық. Жалпы республика

бойынша алғанда бұл -

тым қомақты қаражат. Әрине,

барлығы жақсы жалақы алғысы

келеді. Бірақ мүмкіндігімізді де

ойлау қажет, - дейді А.Мұсабеков.

Инфекциялық госпитальдың

дәрігерлері уақыт өте келе коронавирустан

емдейтін мамандар

қалмайды, деп ескертуде. Ал,

облыстық аурухана басшылығы,

үстемеақыны азсынып, медбикелер

мен санитарлардың біраз бөлігі

жұмыстан кетуі мүмкін екенін

жоққа шығармайды. Дегенмен,

адам жанына араша түсуді өмірлік

ұстанымдары ретінде таңдаған

тәжірибелі дәрігерлер қауымы өз

орындарында қалатынына сенімді.

Себебі, үстемеақы азайтылғанымен,

олардың жалпы жалақысы өзге

емханалардағы әріптестеріне

қарағанда әлдеқайда жоғары

болып сақталады, дейді аурухана

басшылығы.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 30 қазан, сенбі, 2021 жыл 9

АҚСУ ҚАЛАСЫ

-

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Қыста қиындық болмайды

Биыл Ақсу қаласына қарасты ауылдық аймақтардағы

шаруашылықтар мен жеке аулалар мал азығынан таршылық

көрмеуі тиіс. Себебі елді мекендерде жем-шөптің 1,5 жылдық

қоры дайындалды.

Ақсу қалалық ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы Ринат Тлявкаев алдын

ала болжамға сәйкес өңірде 36 мың

бастан астам төрт түлік қыстайтынын

айтты. Оларға 80,2 мың тонна көлемінде

шөп керек. Бүгінде бұл жоспар асыра

орындалып, 126 мың тонна дайындалды.

- Бүгінде 150 мың гектар шабындық

жерден 126 мың тонна шөп шабылды.

Шығымдылығы гектарынан 8,5 центнерді

құрайды. Оның 75 мың тоннасы, яғни

60 пайызы қыстақтарға жеткізілді, -

деді Р.Тлявкаев.

Сонымен қатар, ақсулықтар 3 мың

тонна пішендеме, 12 мың тонна сүрлем

және 2,4 мың мың тонна сабан әзірлеп,

қыстың қамын жасап қойды.

Жалпы, шабындық жұмыстарына

394 техника жұмылдырылды. Оларды

жанармаймен қамтуда қиындық туындамас

үшін 175 мың тонна арзандатылған

дизель отыны қарастырылып, шаруаларға

үлестірілді.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Асфальт жолдар көбейеді

Екібастұз қаласында қала көшелерінің жолдарын ретке

келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мердігерлер

қар түскенге дейін тиісті істерді аяқтауға ниетті.

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы

жанынан құрылған қоғамдық кеңес өкілдері

Жол картасында көрсетілген жұмыстардың

іске асу барысымен танысты. Аталмыш

карта аясында 12 көшенің жолы қалпына

келтірілуде. Бұл мақсатқа 869,6 млн

теңге бөлінген болатын.

Бүгінде Королев, Кеншілер және №10,

11 Линейная көшелеріне асфальт төселді.

Бөгенбай батыр, Баянауыл, Рассветная,

Петренко және тағы бірқатар көшелердегі

жолды тегістеу ісі әлі жалғасуда. Қоғамдық

кеңес мүшелері мердігер компаниялардың

өкілдеріне жұмыс қарқынын күшейтуге

кеңес беріп, бірқатар ескерту жасады.

Айта кетейік, өткен жылы кеншілер

шаһарында жол сапасына қатысты

ауқымды талдамалық жұмыс жүргізілген

болатын. Соның нәтижесінде 219 көшенің

72-сінде ғана асфальт бары анықталды.

Ал қалған 147 көшедегі 80 шақырымға

жуық жолдың жағдайы сын көтермейді.

Сондықтан жергілікті билік тиісті

жұмыстарды атқарып, 2025 жылға дейін

жолдардың 90 пайызына асфальт төсеуге

мүдделі.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

-

МАЙ АУДАНЫ

Жоспар орындалды

Биыл аудан бойынша 104,1 мың тонна мал азығын дайындау

жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш асыра орындалған.

Бұл ретте 110 мың тонна шөп әзірленді.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің мәліметінше,

шөптің шығымдылығы гектарынан

10 центнерді құрады. Тұрғындар мал

шаруашылықтардан сатып алуда. Сондай-ақ,

шөп шабатын жеке тұлғалар да бар. Биыл

мал азығы бағасы қымбаттаған. Шөптің

бір бумасы 4-6 мың теңге аралығында

сатылуда. 2,5-3 тонна болатын бір арба

Отбасыларға көмек

Май ауданы бойынша қысқы маусымға қажетті азық қоры

мөлшері 122 мың тонна делініп отыр. Қазіргі таңда аймақ

жұртшылығы мал азығымен, жем-шөппен қамтамасыз етілуде.

шөп 35-40 мың теңгеден саудалануда.

«Үрлітөбе орман шаруашылығы»

мемлекеттік мекемесі де өз аумағын

шөп шабуға беріп отыр. Биыл шөп шабу

науқанына 385 тонна дизельдік отын

жеңілдетілген бағамен үлестірілген.

А.АСҚАРҚЫЗЫ

Ертіс өзенінің тоғай шөбін тасу

жұмыстары жалғасуда. Қоймалау орындарына

97,6 мың тонна шөп жеткізілді.

Бұл 80%-ды құрайды.

Сонымен қатар, шабындық алқаптарға

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

мен тұрғындардың қолжетімділігін бақылау

үшін арнайы шаралар қолға алынды.

Осы мақсатта Ертіс өзенінің жайылмасында

қосымша шабындық жер телімдері

беріліп отыр.

Оған қоса, шаруа қожалықтары мен

жеке кәсіптің тұлғалары тарапынан аудан

бойынша әлеуметтік жағдайы төмен

отбасыларға қысқы мал азығына көмек

берілді.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Қыстақтарға жеткізілуде

Биыл Аққулы ауданында 143 мың гектар көлемінде шабындық

жерлерге шалғы түсірілді. Өңір бойынша 159 мың тонна

шөп дайындалды.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Зоя Жантинованың айтуынша, шабындық

алаңдарының орташа өнімділік көлемі

гектарына 11,1 центнерді құрады.

- Қазіргі уақытта мал азығын

қыстақтарға жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Шаруа қожалықтар өздерінің жоспарларын

орындағаннан кейін артылған шөпті ауыл

тұрғындарына сатады. Жамбыл ауылдық

округінің шаруалары аудан орталығын,

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Қарақала ауылының кәсіпкерлері Ямышев

ауылдық округі мене Қызылағаш ауылдық

округінің тұрғындарын қысқы жем-шөппен

қамтитын болады, - дейді Зоя Адамқызы.

Биыл Аққулыда тоғай шөбінің тоннасы

12,5 мың теңгеден, қырдың шөбі

13,5 мың теңгеден сатылып жатыр. Қысқы

жем-азықпен айналысатын кәсіпкерлерге

180 мың тонна арзандатылған жанармай

берілді.

Т.САХАБА.

Қамданған қапы қалмас

Ақтоғай ауданында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде

төрт түлік саны артып келеді. Сәйкесінше, қысқы маусымға

мал азығын молынан әзірлеу жоспарлануда.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің басшысы

Нұрсұлтан Жылқыбаевтың айтуынша,

былтыр қыстаққа 30,2 мал кірсе, биыл

42,5 мыңға жетіп отыр.

- Төрт түлікке 127,6 мың тонна шөп

әзірленуі тиіс. Мал ұстаған ағайынға

қырдың да, тоғайдың да шөбін кәдеге

жаратуға мүмкіндік мол. Шабындық

жердің алқабы 135 мың гектарға жетіп

отыр. Мал азығын әзірлеуге 294 техника

жұмылдырылуда, - дейді ол.

Бүгінде шөп дайындау жоспардан

1 процентке артығымен орындалыпты.

Әлі де болсын шабындықта техника үні

тынбаған. Шөптің шығымдылығы орташа

есеппен 6,8 центнерді құрап отыр. Ал

тоғайда бұл көрсеткіш 19,9 центнерге

тең. Шөп дайындауға ауданға 294 тонна

арзандатылған жанар-жағармай бөлінгенін

атап өткен жөн.

О.АХМАДИЯ.

-

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Мал азығы мол

Шарбақты ауданында мал азығын жеткілікті мөлшерде

дайындау мақсатында биыл 7,4 мың гектар алқапқа

жемшөптік дақылдар егілген еді. Жергілікті шаруалар

несібесін молынан көруде.

Оның 2,4 мың гектары – біржылдық

шөптер, жүгері және сүрлем –

3,1 мың гектар, 1,9 мың гектарға көпжылдық

шөптер егілген. Жалпы аумағы 117,5 мың

гектар шабындық жер орылып, 120,1 мың

тонна ірі азық жиналды. Ауданда 10,4 мың

тонна пішен дайындалып, 2,6 гектар

аумақтан жүгері және сүрлем орылды.

Барлығы 15,4 мың тонна өнім дайындалды.

Орташа өнімділігі - гектарына

60 центнер.

Шөптің бір тіркемесі 40-50 мың теңге,

300 келіге дейінгі орамасы 60-70 мың

теңге тұрады.

С.ШАЯХМЕТОВ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл

шаруашылығы бөлімінің басшысы.

-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Жем-шөп жеткілікті

Биыл ауданда шабындық жердің жалпы аумағы 97,5 мың

гектарды құрады. Өңір бойынша 115,9 мың тонна мал

азығын әзірлеу жоспарланған. Бүгінде 125,6 мың тонна

шөп дайындалған.

Шөптің шығымдылығы гектарынан

9,4 центнерді құрап отыр. Ең жоғары

көрсеткіш өзен алқаптарына тиесілі.

Бұл аумақтарда гектарынан 18 центнер

шөп шабылды. Аудан бойынша мал

өсірумен айналысатын 3341 тұрғын

бар. Селолық округтер толығымен мал

азығымен қамтамасыз етілген. Бұл

ретте жергілікті шаруа қожалығы

иелері тұрмысы төмен 5 отбасын тегін

шөппен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек,

былтырдан қалған 5,6 мың тонна шөп

бар. Өткен жылы мал азығына деген

баға тоннасына 10 мың теңгені құраса,

биыл бұл сома 12 мың теңгеге жетіп

отыр.

А.АСҚАРҚЫЗЫ


10 30 қазан, сенбі, 2021 жыл МЕЗГІЛ

SARYARQA SAMALY

КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

«Арғымағыңыз»

қысқа дайын ба?

Қыс жақындап келеді. Алғашқы қар жауа сала дөңгелек жөндеу

шеберханаларының алдындағы көліктердің «кептелісіне» куә боламыз.

Оған көзіміз үйреніп қалған. Автокөлік иелерінің де кезектің көптігіне

қарамай, күтуге еттері үйренген. Жүргізушілердің біразы қар түспей

тұрып дөңгелек ауыстыруға асықпайды. Бұл жөнінде мамандар не

дейді? Қысқы дөңгелек таңдағанда ең алдымен нені ескерген жөн?

Еліміздің

инфрақұрылымын

жаңартуға бағытталған

«Нұрлы жол» бағдарламасы

бүгінде елдің экономикасын

дамытуға орасан зор

септігін тигізуде.

Толағай

жұмыстар

жүзеге асты

- Дөңгелектерді маусымына сай

ауыстыру – қауіпсіздік шарттарын

орындаудың бір түрі. Көлік иесі

жеке басы мен айналасындағы

адамдардың өміріне қауіп

төндірмей, темір тұлпарларының

төрт тағандап сенімді жүруі үшін

қысқы дөңгелекке ауысқаны абзал.

Осы орайда, автокөлік иелерінде

«дөңгелектің қайсысы жақсы?»

деген заңды сауал туындайды.

Тікенекті түрі ме, әлде, жабысқақ

шиналар ма? Жоқ, бүкілмаусымдық

түрі қолайлы ма? Осы сұрақтар

төңірегінде ой бөліскен «Ақ жол»

автоорталығының дөңгелек жөндеу

шеберханасында жұмыс істейтін

Антон Прокофьев былай дейді:

- Әр дөңгелекті қолданудың

өзіндік ерекшеліктері бар. Қысқы

дөңгелектер орташа есеппен

алғанда 3-4 маусымға төзімді.

Дегенмен, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз

үшін 60 мың шақырымнан асырмаған

дұрыс. Тікенекті шиналар қар мен

мұз үстінде өздерін жақсы ұстайды.

Яғни, жылдам тоқтауға мүмкіндігі

жоғары. Ал, жабысқақ шиналар

асфальтты ұнатады. Таза асфальтта

тікенекті шиналарда тежелу қасиеті

төмендеп, доңғалақтардың сіресу

қаупі артады. Қысқасы, қысқы

дөңгелекті таңдап алу көліктің

қандай жол жағдайында жүретініне

байланысты болуы керек.

Өзінің еңбек жолын шебердің

көмекшісі қызметінен бастаған

Антон Прокофьев автомеханик

болып 15 жылдан астам уақыт

жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша,

дөңгелек ауыстыруда негізгі

жұмыс құрал-жабдықтармен жүзеге

асырылады. Ол үшін «Ақ жол»

авто-орталығының шеберханасында

көлік доңғалағын монтаждайтын

қондырғы, гидравликалық

домкрат, компрессор, вулканизатор

сияқты тағы да басқа

құрал-жабдықтар орнатылған.

Көліктердің «тілін» тапқан маман

қысқы дөңгелектердің түрлеріне

тоқталып, шинаның маркаларын

да «жіліктеп» берді:

- Көлік дөңгелектерін ауыстыру

қызметінің құны дөңгелек резеңкесінің

көлеміне байланысты.

Автокөліктердің түріне қарай

бағасы да жоғарылай береді.

Қысты күні қолданатын дөңгелек

түрлерінде: M+S (Mud+Snow –

Лай+Қар) немесе W белгілері

болады. Бұл жазулар бұлт не

болмаса қар ұшқынының пиктограммасымен

бірге көрсетілуі

мүмкін. AS (All Seasons) маркасы –

барлық маусымға арналған.

Сондай-ақ, AW (Any Weather)

маркалы бүкілмаусымдық шиналар

бар. Негізінен олардың қыс кезінде

артықшылықтары төмен. Кейбір

жағдайда жүргізушілер машинаның

жетекші дөңгелектеріне тікенекті

шина кигізіп, жетектегісін жазғы

шиналармен қалдырады. Бұл өте

қауіпті. Әртүрлі шина болғандықтан

олардың тежелу коэффициенттері

де әр түрлі болады. Бұл автокөліктің

жолдан шығып кетуіне апарып

соғуы мүмкін. Бүкілмаусымдық

шиналардың қыста қауіпсіз жүруі

үшін протекторының тереңдігі

қалың болуы қажет. Протектор

– ішкі қалыпты сақтап, жолдағы

кедергілерге қарсы тұруды

қамтамасыз етеді. Сол үшін

материалы жұмсақ, нормасы

1,6 келетін дөңгелекті таңдаған

абзал.

Қыс мезгілі біраз адамды әуреге

салатыны рас. Әсіресе, автокөлік

иелерінің машақаты еселене түседі.

Сондықтан аязды күні темір

тұлпарыңыз аяғына жем түскен

аттай кібіртіктемесін десеңіз, күні

бүгіннен бастап қамданғаныңыз

жөн. Дөңгелек ауыстырудан басқа

көлік қозғалтқышына қысқы май,

әйнегін жуар жүйесіне қатпайтын

сұйықтық құю, беріліс қорабы

мен гидрокүшейткіштердің майын

қадағалау, аккумулятордың қуаттылығын

тексеру, жанармай сүзгілерін

айырбастауды да ұмытпаңыз.

Қысқасы, уақытылы қимылдап, авто

арғымағын сайлап алған жүргізуші

қыстан қысылмай шығатыны анық.

Көлік иесі Ілияс Сейдахметов

тұлпарын қысқа дайындау барысында

дөңгелектерге баса назар

аударатынын айтты.

- Өзіміз жылы киім киіп, қысқа

дайындалған секілді күнделікті

қозғалыс құралына айналған

темір тұлпарыңызды да қысқа

дайындау керек. Өз басым бұл

дайындықты ерте бастаймын. Қар

жауып, жолдың көктайғақ болғанын

күту дұрыс емес. «Сақтансаң,

сақтайды» деген бар. Сол

себепті, қысқы дөңгелек таңдауда

алдымен сапаға қараймын. Әрине,

барлығы қаражатқа келіп тіреледі.

Алайда, өмір қымбаттырақ, -

дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, көлік

дөңгелектерін уақытылы ауыстыру

Кедендік одақтың регламентінде

де қарастырылған. 2011 жылғы

9 желтоқсандағы №877 Кедендік

одақ комиссиясы шешімінің

5.5-тармағының талаптарына

сай қысқы мерзімде қысқы

дөңгелектермен жабдықталмаған

көлік құралдарын пайдалануға

тыйым салынады. Жазғы

дөңгелектерді қысқы мерзімдікке

айырбастамаған автокөлік иелері

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық

кодексінің 590-бабының 5-бөлігі

бойынша айыппұл арқалайды.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Тұңғыш Президент - Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен

өміршең етілген осы

жоба аясында толағай жұмыстар

іске асырылды. Экономикалық

өрістің алға жылжуында басты

фактор болып табылатын теміржол

инфрақұрылымы дамытылып,

мыңдаған шақырым жолдар

салынды. Қоғамдық игілік үшін

«Тальго» жүрдек пойыздары

жолға шықты. Нәтижесінде жол

уақыты үнемделді, қызмет көрсету

сапасы жайлылық тапты. Мысалы,

Павлодар - Защита, Павлодар -

Алматы бағытында қатынайтын

жолаушылардың жолға шығындалатын

уақыты едәуір қысқарды,

жолаушыларға арналған вагондар

паркі жаңартылуда, шағын станциялар

ғимараттарына күрделі

ж ө н д е у л е р ж ү р г і з і л д і , с о н д а й - а қ

Павлодар–Қызылорда жаңа

теміржол бағыты іске қосылды.

Міне, осының барлығы - көңіл

қуантарлық жағдай, тәуелсіздік

жылдарындағы осы салада қол

жеткен табыстар.

Қазіргідей алмағайып кезеңде

азаматтардың денсаулығын қорғап,

нығайту мәселелеріне үлкен

маңыз беріліп отырғаны аян.

Еліміздің осы жүйесінде де елеулі

өзгерістер орын алды. Ақпараттық

жүйелер біріздендіріліп, біріктіріліп,

мобильдік, сандық қосымшалар мен

Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы

жерлерін беру бөлігінде жер

заңнамасындағы өзгерістер

Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша ҚР Жер кодексі

жобасының нормаларын талқылау

және ағымдағы жылдың наурыз –

сәуір айларында ұсыныстар әзірлеу

үшін жер реформасы бойынша

комиссия отырыстары өткізілді.

Комиссияның ұсынымдары

негізінде ағымдағы жылдың

13 мамыры мен 30 маусымында

«Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне

жер қатынастарын дамыту

мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы»

заңдар қабылданды.

Мәселен, а.ж. 13 мамырдағы

заңда шетелдіктерге және шетелдік

компанияларға, шетелдік үлесі

бар қазақстандық компанияларға,

азаматтығы жоқ адамдарға,

халықаралық қатысуы бар

ғылыми орталықтарға, сондай-ақ

қандастарға ауыл шаруашылығы

жерлерін беруге толық тыйым

салу көзделген.

Бұдан басқа, егер шетелдіктер

Қазақстан Республикасы заңды

тұлғасының қатысушыларының

(акционерлерінің) құрамына

кіретін болса не Қазақстан

Республикасы заңды тұлғасының

қатысушысы (акционері) болып

табылатын тұлғада Қазақстан

Республикасының азаматтығы

тоқтатылса (яғни ол шетелдік

болады), онда ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жер учаскелеріне

жеке меншік немесе уақытша жер

электрондық денсаулық паспорты

енгізілді. «Цифрлы Қазақстан»

жобасы шеңберінде мемлекеттік

қызметтердің барлық түрлері онлайн

форматқа көшірілді. Осының бәрі -

азаматтарға жасалған оңтайлы

жағдайлар, қолайлы мүмкіндіктер.

Әрине, мұндай игіліктер заң

тұрғысынан реттелетіні даусыз.

Бұл ретте жоғарыда аталғандай

мүмкіндіктерді жүзеге асыру

мақсатында «Халық денсаулығы

және денсаулық сақтау жүйесі

туралы» ҚР Кодексі жаңа редакцияда

қайта бекітілді.

Бұрын бизнес өкілдеріне

қарасты мекемелердің тәуекелі

жоғары дережедегі нысандарына

қатысты санитарлықэпидемиологиялық

қорытынды

алу үшін өтініш жасау, қорытынды

алу тек жазбаша түрде болса,

қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің

бұл түрі электрондық негізде

жүзеге асырылады. Мұның өзі

мемлекеттік қызметшілердің ғана

емес, сонымен қатар бизнесқауымдастық

өкілдерінің жұмысын

жеңілдетті.

Еліміз тыныш болсын, бірлігіміз

арта берсін!

Т.АЯЗБАЕВ,

Павлодар бөлімшелік көліктегі

санитарлықэпидемиологиялық

қадағалау

басқармасының басшысы.

пайдалану құқығы Жер кодексінің

66-бабының нормаларына сәйкес

иеліктен шығарылуға жатады.

Сондай-ақ, заңда шетелдіктер

мен шетелдік үлесі бар

қазақстандық компаниялар бұрын

жалға алған ауыл шаруашылығы

жерлерінің мерзімін ұзарту мүмкін

емес және оларды пайдалану

мерзімі аяқталғанға дейін ғана

иелігінде болады деп көзделген.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жер учаскелерін

шетелдіктермен немесе азаматтығы

жоқ адамдармен некеде тұрған

(ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының

азаматтарына жеке

меншікке және жер пайдалану

құқығымен беруге жол бермеу

жер заңнамасына ағымдағы

жылғы 30 маусымдағы Заңмен

толықтыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының

азаматтары шетелдіктермен

немесе азаматтығы жоқ адамдармен

неке қиған (ерлі-зайыпты

болған) кезде ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жер учаскелеріне

жеке меншік немесе жер пайдалану

құқығы осы Кодекстің 66-бабының

нормаларына сәйкес иеліктен

шығарылуға жатады.

Қабылданған 2021 жылғы

13 мамырдағы ҚР Заңы қолданысқа

енгізілді, ал 2021 жылғы

30 маусымдағы ҚР Заңы 2022

жылғы 1 қаңтардан бастап

қолданысқа енгізіледі.


SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 30 қазан, сенбі, 2021 жыл 11

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ақтоғай ауданының білім

бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ҚР Экологиялық кодексінің 57-2-бабының

талаптарына сәйкес, 2022 жылғы 05 қаңтар күні 16.00-де, Павлодар облысы,

Ақтоғай ауданы Бейбітшілік к-сі 20 мекенжайы бойынша ашық жиналыс

нысанында «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі»

КММ ғимаратын күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру» жұмыс жобасына

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар

өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/

directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды

өкізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық

порталында, сондай-ақ Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17, 307-каб. мекенжайы

бойынша, эл.мекенжай temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел.

32-93-79, «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта

және су ресурстары басқармасы» ММ-де қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты 87768002512 мекенжайы бойынша және mbimakova@

mail.ru - телефондары арқылы алуға болады.

(20189)

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы «Ертіс ауданының экономиканың

нақты секторы бөлімі» КММ, ҚР Экологиялық кодексінің 57-2-бабының талаптарына

сәйкес, 2021 жылғы 29 желтоқсан күні 16:00 сағ -00 мин, Павлодар

облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы Бөгенбай к-сі 99 мекенжайы бойынша -

ашық жиналыс нысанында «Павлодар облысы Ертіс ауданының Ертіс ауылында

қазандығы бар жылу трассасын салу» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны

қорғау» бөлімін қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/

directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды өкізу

күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17, 307-каб. мекенжайы

бойынша, эл.мекенжай temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79,

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су

ресурстары басқармасы» ММ-де қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты 87768002512 мекенжайы бойынша және mbimakova@

mail.ru телефоны арқылы алуға болады.

(20186)

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысының «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі»

мемлекеттік мекемесі ҚР Экологиялық кодексінің 57-2-бабының талаптарына

сәйкес, 09.12.2021 жылы 15.00-де, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,

Энергетиктер к-сі 65, 4-қабат, акт залы мекенжайы бойынша ашық жиналыс

нысанында «Екібастұз қаласында қолданыстағы магистральдардан ЖТҚ-ға

жеткізуші су құбыры желілерін салу» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны

қорғау» бөлімін қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/

directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды өкізу

күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17, 307-каб. мекенжайы

бойынша, эл.мекенжай temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79,

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су

ресурстары басқармасы» ММ-де қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты mbimakova@mail.ru мекенжайы бойынша және

87768002512 телефоны арқылы алуға болады

(20187)

ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар облысының «Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет

және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Экологиялық кодексінің

57-2-бабының талаптарына сәйкес, 2022 жылғы 17 қаңтар күні 16.00-де,

Павлодар облысы, Успен ауданы, Қаратай а.о., Қаратай ауылы, Алтынсарин

к-сі 1 мекенжайы бойынша ашық жиналыс нысанында «Қаратай ауылында

ауыл мәдениет үйін салу» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін

қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ «https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/

directions?lang=ru» сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды өкізу

күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17, 307-каб. мекенжайы

бойынша, эл.мекенжай temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79,

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су

ресурстары басқармасы» ММ-де қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты mbimakova@mail.ru мекенжайы бойынша және

8(776)800-25-12 телефоны арқылы алуға болады.

(20188)

Торайғыров университетінің ұжымы педагогика ғылымдарының

докторы, «Тұлғалық даму және білім» кафедрасының профессоры

Әубәкірова Рахила Жұматайқызына

анасының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20192)

Торайғыров университетінің ұжымы ауыл шаруашылығы ғылымдарының

докторы, «Агротехнология» кафедрасының профессоры

Ұлан Хамзаұлы Альмишевтің

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен

жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20193)

СҮЙІНШІ!

«Grammy» жүлдесі –

Иманбекте!

Еліміздің мақтанышы, жерлесіміз Иманбек Зейкеновке

Grammy сыйлығының «Ең үздік ремикс» аталымы

бойынша граммофон жүлдесі жеткізілді.

Пандемия жағдайына байланысты

онлайн ұйымдастырылған шараның

сыйлығы араға 7 ай салып иесіне

табысталды. Бұл қуанышты хабар

туралы музыканттың Мәскеулік достары

әлеуметтік желіде бөлісті. Жалтыраған

граммофон мүсінін қолына табыстаған

сәтінен видео жарияланды.

Музыкант Иманбек бұл жүлдені

наурыз айында жеңіп алған болатын.

Оның рэпер Сэн Джонстың Roses

композициясына жасаған ремиксі

үздік деп танылып, қазақ баласының

ХАБАРЛАНДЫРУ

жеңісі өнер тарихында тың серпіліс

болды.

Атап өтерлігі, бұл туынды бірқатар

чарттарда көшбасшы. Мәселен,

20 апта бойы Billboard Hot 100-дің

ондығында болса, Apple Music-тің

үздігі де болды. Shazam-да 22 млн

адам жүктеп үлгерді. Оған қоса,

«Яндекс.Музыка» чартында бірінші

орында тұрды.

Қазір ол Мәскеу қаласында

шығармашылықпен айналысуда.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

«Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын

бейіндік мектебі» КММ, ҚР Экологиялық кодексінің 57-2-бабының талаптарына

сәйкес, 03.12.2021 жылы 16.00-де, Павлодар қаласы, Сәтбаев к-сі

65, 411-кеңсе мекенжайы бойынша ашық жиналыс нысанында Павлодар қаласының

«№17 ЖОБСОБМ» КММ аумағындағы спорттық алаңдарды күрделі жөндеу»

жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін қарау бойынша қоғамдық

тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ

«https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru»

сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдауларды өкізу

күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталында,

сондай-ақ Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 17, 307-каб. мекенжайы бойынша,

эл.мекенжай temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел.32-93-79, «Павлодар облысының

жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы»

ММ-де қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтында ұсынылатын болады.

Қосымша ақпаратты mbimakova@mail.ru мекенжайы бойынша және

8(776) 800 25 12 телефоны арқылы алуға болады.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

(20190)

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ШЖҚ «Павлодар облыстық

кардиологиялық орталық» КМК хабарлайды, 2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат

14.30-да Павлодар қаласы, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы,

Ткачев көшесі 10/3, конференц-зал мекенжайы бойынша «Ткачев көшесі

10/3 ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК ғимаратын

күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу» жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде

қоғамдық тыңдау өтеді.

Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ

«https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/activities /directions?lang=ru»

сайтында танысуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін

күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай экологиялық порталда,

сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта

және су ресурстары басқармасы» ММ-де, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы

17, 307 каб.мекенжайы бойынша қабылданады, эл.мекен-жайы temirgalina.

aliya@pavlodar.gov.kz, тел.32-93-79.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген

жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memleket/entities/

pavlodar tabigat/activities/directions?lang=ru» сайтта ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

8 705 376 59 27,

8 778 669 94 04.

(20191)

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су

ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының

Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, сағат 15.00-де хабарлайды. 2021

жылғы 10 желтоқсанда: Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б, (конференц-зал)

мекенжайы бойынша «Клиринг, тереңдету, жағалауды қорғау» Жұмыс

жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жобасы бойынша ашық

отырыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтеді. Павлодар облысы шекарасындағы

Селета өзенінің».

Жобалық құжаттаманың пакетін Бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ

«https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar tabigat/Activities/бағыттары?

Lang=ru» веб-сайтынан табуға болады.

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық

порталда, сондай-ақ «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде

қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей

қабылданады. мекен-жайы: Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы 5Б, e-mail

temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz, тел. 32-93-79.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары, оның ішінде карантиндік,

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде

қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі. Белсенді сілтеме: https://

us02web.zoom.us/j/6264403377?pwd=cHZja0F5NWVMK1ZxbUxUUmdENyszdz09,

Бірыңғай экологиялық порталда және «https://www.gov.kz/memlekdar/

entities/pavlugar/entities/pages/pages/pages/news».

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар

облысы, Павлодар қаласы, лесная көшесі, 1-үй, «Концерн АЙ-СУ» ЖШС;

және 87751072124 телефоны бойынша.

(20184)

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген уақытта,

мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта» АҚ ПОФ-ның

жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны: 32-35-35.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8235 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1900

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 30 қазан, сенбі, 2021 жыл ӨНЕР

SARYARQA SAMALY

САУАЛ – СІЗДЕН

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

«Қағандық» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы Еркеғали

Жанғазының айтуынша, жобаны

ұйымдастыру идеясы

Елбасының

«Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру»

мақаласы алғаш жарық

көрген уақытта пайда

болған.

- Бастапқыда фестиваль

ретінде емес, ұлттық қолөнер

жанашыры Жиенхан Қаманай

ағамызбен «Қолөнер және

ұлттық дәстүр орталығын» ашу

мақсатында жұмыс атқардық.

Ағамыз дүниеден өткен соң, осы

жобаны соңына дейін жеткізу

үшін әуелі өңіріміздегі қолөнер

«Ertis» музейінде он саусағынан өнер тамған дәстүрлі ер қолөнершілердің фестивалі

өтті. «Шеберлікке шек жоқ» атты шарада келушілер назарына Павлодар облысының

түкпір-түкпірінен жиналған үздік қолөнершілердің бірегей туындылары

ұсынылды.

Қолы білген құм

үстінен кеме жүргізер...

шеберлерінің басын қосып, арнайы

фестиваль ұйымдастыруды жөн

көрдік. Ал түпкі мақсатымыз -

жантақтан - ине, жаңқадан

түйме жасаған шеберлердің

шәкірт тәрбиелеуіне ықпал ету,

ұлттық өнердің жаңғырып, қайта

гүлденуіне атсалысу, - дейді

Е.Жанғазы.

Аталмыш шараға Баянауыл

ауданынан келген Бақытжан

Жүнісов көлөнершілікпен 15 жылдан

бері айналысады екен. Жастайынан

жылқыға құмар болғандықтан

ат-әбзелдерін жасап,

қазақтың дәстүрлі өнері құсбегілікпен

де айналысатындығын

айтты. Ол фестивальде 30-ға

жуық бұйымын ұсынды.

- Қылыш, шоқпар, айбалта

сынды батырлардың қару-жарағымен

қатар, қолдан жасалған

ер-тоқымды да алып келдім.

Ер азаматқа жетпіс өнер де аз

демекші, бұл сүйіп шұғылданатын

іс болғандықтан, кемінде бір

туындыны жасауға екі аптадан

артық уақыт жұмсалады, - дейді

қолөнер шебері Мақсұтбек

Көпжасаров.

Ал Ертіс ауданынан келген

Салтанат Шәмейұлының әкелген

диірмен, келі-келсабы мен

шаруашылықта қолданылатын

қамшы, жүген, ноқта сынды

құрал-жабдықтары көрерменнің

назарын ерекше аудартты.

Фестиваль аясында қолданбалы

өнер шеберлерінің туындыларынан

жәрмеңке, шеберлердің

музыкалық аспаптарды

жасау, ағаш ою, саз балшықпен

жұмыс істеу бойынша шеберлік

сабақтары өтті.

Еңбегін

бермей отыр

Алуа, Ақсу қаласы:

- Бауырым жергілікті шаруа

қожалықтарының бірінде күзгі

жиын-терім жұмыстарына уақытша

қызметке алынған болатын.

Қожалық иесі күн сайын 4 мың теңге

төлейтінін айтқан. Өкінішке қарай,

соңғы үш аптаның қаражатын ала

алмай жүр. Арада еңбек шарты да

жасалмаған. Бауырымның құқығы

қалай қорғалады?

Облыстық еңбек басқармасының

басшысы Асқар ҚАПАНОВ жауап

береді:

- Егер жұмыс беруші жалақыны

төлеуден бас тартса, бауырыңыз сотқа

жүгінуі керек. Еңбек басқармасы

заңдық тұрғыдан көмек көрсете алады.

Мамандар қаражатты өндіріп алу

жөніндегі өтінішті дұрыс толтыруға

жәрдемдеседі. Ал шешімді тек сот

қана қабылдайды. Бұл жерде тағы

бір мәселе - күн сайынғы төлем

4 мың теңге болғанын дәлелдеу қиын.

Себебі арада келісімшарт болмаған.

Сондықтан жұмыс беруші бұл соманы

азайтып көрсетсе, қызметкерлер

жоғарылатып айтуы мүмкін. Осы

жағдай қиындық туғызатыны сөзсіз.

Бауырыңызға сотқа жүгінуден басқа

амал жоқ.

ПТР-тест

тапсыра ма?

ТҰСАУКЕСЕР!

Жүректерді тербеген

алғашқы махаббат...

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкадрама

театры Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат»

қойылымының премьерасын жасады. Мектеп өмірінің

мөлдір сәттері мен бейкүнә сезімдер суреттелген

қойылым көрерменді қуанышқа бөледі.

Театрдың әртістеріне үздіксіз шапалақ соғылып,

жұртшылық жылы лебіздерін ерекше білдірді.

Басты кейіпкер Гүлзаттың

рөлін сомдаған театрдың жас

әртісі Айкүн Бодаубек алғашқы

рөл болғандықтан, қобалжудың

барын жасырмады.

- Өнер - мінсең ат, ұшсаң -

қанат, кисең - жанат, ішсең –

тамақ дегендей, жөтел сияқты

сыртқа шықпай қоймайды. Яғни,

қиындығы да бар. Десе де,

өзіме артылған жауапкершілік

сезімі басым болды, - дейді

А.Бодаубек.

Ұстазына ғашық оқушы

Қанаттың рөлін сомдаған театрдың

талантты әртісі Нұржан

Әбіласанның айтуынша, комедия

деген - бір адамның басындағы

қайғы. Бұл қойылымдағы ерекшелік

– кейіпкер басынан өткен

сезімді гитарамен және сахнада

хормен шырқалып жеткізеді.

Әндер көрерменге ерекше әсер

қалдырады. Жас талғамайтын

қойылым болғандықтан залдың

лық толы болуы актерлердің

жеңісі екендігін атап өтті.

Театрдың тұрақты көрермені

Қантай Әлменұлы жастық шақтың

қызыққа толы кезеңдерін еске

түсірген қойылымға өте жақсы

деген бағасын берді.

- Сахнада өрімдей жас

16 әртіс ойнады. Қойылымның

басынан соңына дейін езуіміз

жиылмады. Әртістер құрамына

ризамыз. Оларға аға-апаларының

жолын тіледім. Халықтың ықыласы

мен шапағатына бөленіп,

Ж.Аймауытов театрының беделін

арттыра берсін, - дейді зейнеткер

әже Балапаш Садығазина.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.

Қойылымды Павлодар қаласының

әкімі Асайын Байханов

пен өңіріміздің зиялы қауым

өкілдері тамашалады.

М.ТӨЛЕБАЙ.

Жандос, Павлодар қаласы:

- Коронавируспен ауырған адаммен

байланыста болғандардан ПТРтест

алынып, 2 аптаға карантинге

жатқызылатынын білемін. Екпе

алған адамдар да оқшаулана ма?

Сауалға облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау

департаментінің бөлім басшысы

Гүлмира ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

жауап береді:

- Екпенің екі дозасын алған адамдар

коронавирус жұқтырған науқаспен

байланыста болса, ПТР-тест тапсырмайды.

Екі апталық карантиннен де

босатылады. Бірақ ағзасында КВИ-ге

ұқсас симптомдар болса, ПТР-тест

тапсырады.

Айдарды жүргізуші -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Редакциядан:

Құрметті оқырман!

Егер сізді мазалаған

сұрақтар болса,

ssamaly29@gmail.com

поштасына немесе

87011316900 WhatsApp

нөміріне жолдауыңызға

болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!