18.11.2021 Views

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

14 18 қараша, бейсенбі, 2021 жыл ДӘУЛЕТ

SARYARQA SAMALY

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Оңтүстіктен солтүстікке

қоныс аударған қандастарымыздың

арасында

Успен ауданын таңдайтындар

көп. Себебі, бұл

ауданның аумағы ауыл

шаруашылығы кәсібін

дамытуға қолайлы.

Тілеуберді САХАБА

Алма өсірсем

деп едім...

Оңтүстіктен көшіп келіп, Успен ауданын

таңдағандардың бірі – Жалғас Құлсариев

есімді азамат. Ол келген бойда Равнополь

ауылына қоныстанып, Кенже және

Кеңпейіл есімді ұлдарымен бірлесіп мал

шаруашылығын құрып, қара мал өсіруді

бастап кетеді. Небары үш-төрт жылдың

ішінде шаруалары алға жүріп, кәсіптері

кеңейе түскен. Бүгінде әкелі-балалы

кәсіпкерлердің иелігінде екі бірдей шаруа

қожалық, онда 100-ден астам қара мал

бар. Біріншісі фермерлік қожалығы, екіншісі

жеке кәсіпкерлік мәртебесіне ие.

- Біз мемлекеттік бағдарламалардың

және аудандағы осы салаға жауапты

мамандардың көмегінің арқасында өз

кәсібімізді дөңгелетіп келеміз. Биыл

«Телеу» фермерлік қожалығының атына

Нәсібін солтүстіктен табуда

«Сыбаға» бағдарламасымен 8 млн теңге

көлемінде жеңілдетілген несие алып,

27 бас қара мал сатып алған. Ал екінші

«Кенже» жеке кәсіпкерлігі арқылы 22 млн

теңге көлемінде несие алуға берген өтінім

мақұлданып, оған Ресейден симментал

тұқымды сиырлар сатып алуға шешім

қабылдадық. Асыл тұқымды қара малдың

біреуінің өзі 650 мың теңге тұрады екен.

Егер, мемлекет несие бермегенде бұған

қол жеткізу мүмкін емес еді, - дейді

Жалғас Құлсариев.

Жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарына да

шама-шарқынша қолдау көрсетуде. Биыл

бидай үгетін цех ашып, малдың жемін

дайындап, оны ауыл тұрғындарына төмен

бағамен сатып жатыр. Сонымен қатар,

өздерінен асқан шөпті де ауылдастарына

қолжетімді бағамен үлестіреді.

- Жалпы, алдымызға қойған жоспарымыз

көп. Ең бірінші мақсатымыз - ауылға

наубайхана ашу. Себебі, ауылдағы азықтүлік

дүкендері нанды аудан орталығынан

тасып отыр. Нан тұрғындарға 5-10 теңгеге

болса да қымбатқа жетеді деген сөз. Ал

наубайхана ауылдың өзінде орналасса,

бағасы қолжетімді болар еді. Екінші жоспарымыз

- алма бағын құру. 10 гектар

алқапқа алма өсіруді жоспарлап, жерін

қазірден қарастырып жатырмыз. Себебі,

Ертіс жағалауы алманың қай түрін өсірсе

де қолайлы. Сондықтан келесі жылдан

бастап шаруашылыққа ауылдан жұмысшы

тартамыз, - дейді ол.

Шұбатқа

сұраныс көп

Түркістан облысынан қоныс аударып

келіп, кәсіп ашқан ағайындардың қатарында

«Әбдімәжит ата» шаруа қожалығының иесі

Әбдікәрім Әбдімәжитұлы да бар. 2017

жылы Константин ауылына қоныстанып,

бірден мал шаруашылығын бастаған.

Бүгінде шаруашылық иелігінде 25 бас

жылқы, 30-ға жақын сауын сиыры бар.

Кәсіпкер үш адамды тұрақты жұмыспен

қамтып отыр. Барлығы - жергілікті ауыл

тұрғындары.

- Жаңа қонысқа келіп, ата кәсіппен

айналысуымызға жергілікті аудан әкімі

және ауыл шаруашылығы бөлімі айрықша

қолдау көрсетуде. Алдағы мақсатымыз -

сауын сиырының санын 100-ге жеткізу.

Одан бөлек тағы бір үлкен жобамыз бар.

Ол – түйе бағып, шұбат дайындау. Себебі,

біздің ауданда шұбат жоқтың қасы, тапқан

күннің өзінде бағасы қымбат. Бір литрін

2 мың теңгеге әзер табасыз. Бұл қазақтың

ұлттық сусыны болғандықтан, сұраныс

көп боларына сенімдіміз. Сонымен қатар,

келесі жылдан бастап жер өңдеп, астық

өсірсек деген ойымыз бар, - дейді ол.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының

директоры Салтанат Арынованың айтуынша,

биыл оңтүстік өңірден 43 отбасы

(212 адам) көшіп келген.

Успен ауданы.

Үздік 30 ауылдың қатарында

Нұр-Сұлтан қаласында «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы жарыққа шығып,

оқырман қолына тиген болатын. Жоба, аты айтып тұрғандай, ел Тәуелсіздігінің

30 жылдық мерейтойының құрметіне жүзеге асырылған. Еліміз бойынша үздік

отыздыққа енген елді мекендер қатарында Ақсу қаласының Евгеньевка ауылы

мен Шарбақты ауданының Орловка ауылы да бар.

Мақсаты – үздік

ауылды үлгі ету

Жинақ авторы, ақын, «Тұлғадостық»

қоғамдық қорының директоры

Мұратхан Шоқанның сөзінше,

ең үздік 30 ауылды анықтау мақсатында

еліміздің бүкіл облысын

аралап, дамыған ауылдарда өз

көзімен көріп қайтқан.

- Ауыл – қазақтың қасиетті

мекені, алтын бесігі. Ауылдың

орны қашанда бөлек. Қазақстан

Тәуелсіздігінің отыз жылдығына

орай осы альбомды шығаруды

жөн көрдім. Бұл кітапта еліміздің

әр облысында ең үздік саналатын

ауылдардың тыныс-тіршілігі

сипатталған. Басты мақсат – осы

альбом арқылы сол үздік ауылдарды

өзге ауылдарға үлгі ету,

сонымен қатар, ауылын көркейтуге

өлшеусіз үлес қосып жүрген іскер

азаматтарды дәріптеу. Әрі осы жоба

арқылы кәсіпкер азаматтардың,

жастардың назарын туған ауылына

бұру, – дейді Мұратхан Шоқан.

Евгеньевка

несімен

ерекшеленді?

Евгеньевка - ежелден бері

көп ұлттың өкілдері шоғырланып,

олар бір шаңырақ астында татутәтті

өмір кешіп жатқан тарихы

терең елді мекен. Қарттарының

сөзі баталы, жастарының ісі

сапалы, тұрғындары татулық пен

тұрақтылықты берік ұстаған, өзгеге

паш етер өнегесі мол, өркенді

ауыл. Міне, ауылдың көркеюіне,

елдің өркендеуіне осы қасиеттер

де жеткілікті. Онымен қоса, ауылда

егін шаруашылығымен айналысатын

14 ірі аграрлық кәсіпорын

бар. Соның нәтижесінде Евгеньевка

ауылы облыстың көкөніс

белдеуіне айналды. Яғни, осы елді

мекен өнімі бүгінде «Гагариннің

картобы» деген брендтік атаумен

танымал.

Ауыл әкімі Аршат Халықовтың

сөзінше, елді мекенде 2000

нан астам тұрғын бар. Мұнда

1 орта мектеп, 1 балабақша,

1 дәрігерлік амбулатория,

2 кітапхана, 1 мәдени-сауық орталығы,

6 дүкен, 1 жанармай құю бекеті,

14 шаруа қожалығы бар. Өткен

жылы ауылдық кітапхана ішінен

«Коворкинг орталығы» ашылды.

Мұнда шалғайдан келген құрметті

меймандармен және ауылдың

үлкендерімен кездесулер, әртүрлі

мерекелік шаралар өтіп тұрады.

Бір сөзбен айтқанда аулылдың

мәдени-рухани және демалыс

орнына айналып үлгерген.

- Ауылдағы еңбекке жарамды

адамдардың 60 пайыздан астамы

елді мекендегі шаруа қожалықтары

мен серіктестіктерде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Ақсудағы зауыттарда

еңбек ететіндер де бар.

Тұрғындардың 10 пайызы әртүрлі

саладағы жеке кәсіппен шұғылданып,

өзін өзі жұмыспен қамтып

отыр, - дейді Аршат Саржанұлы.

Тазалық –

зор байлық

Бұл ауылдың өзге ауылдардан

тағы бір артықшылығы – тазалығы

мен реттілігінде. Яғни, көшесінен

құлап жатқан қоршау, шашылып

жатқан қоқыс байқамайсыз.

Сонымен қатар, әлеуметтік

маңызы бар нысандардың ауласы

да тап-тұйнақтай, есік алдына

кеспетастар төселіп, қоршаулары

сырланған. Мектеп, мәдениет

үйі, емхана және спорттық алаң

сынды мекемелердің ауласындағы

көрініске көз тояды.

- Мектепте 400-ге жуық бала

білім алса, 50-ден астам мұғалім

жұмыс істейді. Оқушының сапалы

білім алып, өнер-ғылыммен

шұғылдануына барлық жағдай бар.

Талапты балалардың ізденістерін

шыңдайтын 3 зертхана жұмыс

істейді. Сонымен қатар, компьютермен,

интерактивті тақтамен

және проекторлармен қажетті

деңгейде жабдықталған. Одан бөлек,

23 мың қоры бар кітапхана жұмыс

істейді. Мектепте тоғызқұмалақ,

асық ату, ән-би, домбыра, шахмат,

волейбол, «Жас сарбаз» үйірмелері

Аршат Халықов

жас жеткіншектердің өнерін

шыңдауда, - дейді ауыл әкімі

Аршат Саржанұлы.

Көптеген ауылдарға арман

болған шағын емхана 2017 жылы

Евгеньевкаға салынды. Мұнда

медициналық қызметкерлер де

жеткілікті. Тұрғындарға ақысыз

медициналық көмек көрсету

бойынша 100 пайыздық көрсеткішке

қол жеткізді. «Достық»

мәдени–сауық орталығында жастарды

өнерге баулу жұмысы жақсы

жолға қойылған.

Мәдениет үйінде 10 үйірме

жұмыс істеп, 142 адамды қамтып

отыр. Мысалы, «Надежда», «Компанелла»

вокал топтары, «Жұлдыздар»,

«Экшен» би топтары, «Магия рукоделия»

қолөнер үйірмесі, «Очарование»

сән театры, «Динамит» көңілді

тапқырлар клубы, «Балауса» домбыра

ансамблі, «Блог Фактор»

бейнеблогинг мектебі және бильярд

үйірмесі бар. «Достық» мәденисауық

орталығында әр сала

бойынша маманданған 14 қызметкер

жұмыс істейді.

- Евгеньевканың осы деңгейге

жетуі жеке шаруашылықтардың

көмегінің арқасы. Яғни, жеке

кәсіпкерлер ауылдың дамуына

жиі атсалысып, әртүрлі әлеуметтік

жобаларға демеушілік жасап

келеді. Олар қайырымдылық жұмысымен

де айналысады. Бүгінде

тұрғындардың басым көпшілігі

ауылдағы шаруа қожалықтарында

еңбек етеді. Жазда егін алаңына

шықса, қыста көкөніс қоймаларында

жұмыс істейді. Айлық табыстары

да жоғары мөлшерде. Тұрақты

жұмыскерлер үймен қамтамасыз

етілген. Тұрғындардың да берекебірлігі

мығым. Үлкендер мен жастар

арасында жақсы байланыс пен

сыйластық қалыптасқан.

Биыл «Ауыл – ел бесігі»

жобасы аясында ауылда футбол

алаңына толығымен күрделі жөндеу

жұмысы жүргізіліп, тұрғындардың

спортпен тұрақты шұғылдануына

жағдай жасалды. Округке

қарасты Үштерек ауылының жолдары

қалпына келтірілді. Сонымен қатар,

бұқаралық жаттығу алаңдары

орнатылған. Алдағы уақытта

да ауылда дамыту, көркейту,

көгалдандыру жұмыстары тұрақты

жүргізіле бермек.

Тілеуберді САХАБА,

Ақсу қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!