18.11.2021 Views

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

16 18 қараша, бейсенбі, 2021 жыл БІЛІМ

SARYARQA SAMALY

ТАУТҰЛҒА

Шыққан шыңы биік еді

Ғалым-филолог Қуандық Жүсіптің туғанына – 80 жыл

Асылы, қазақтың «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген өсиетнама

сөзі ата дәстүрін берік сақтап, ұлттық мұрат-мақсаттар жолында

жанкешті еңбек етуші жандарды әспеттеуден туғаны айқын. Осындай

ұлағатты ұлы сөзге лайықты ғұмыр кешкен, әлі де кешу үстіндегі өнгенөскен

ұрпақтың бірі - Мәшһүр Жүсіп әулеті. Сол әулеттің бас көтерер

үлкені, елге танымал атақ-абыройы, беделі бар белгілісі Қуандық Пазылұлы

Жүсіп еді.

Ол әдеби қауымға, қала берді

бүкіл жұртшылыққа өзінің көркем

шығармаларымен, елеулі ғылыми

еңбектерімен танылған қаламгер

әрі ғалым болатын.

Шынында, Қуакең - ата жолын

өмірлік мұрат етіп, осы жолда

аянбай тер төгіп, кейбір тұстарда

саз да кешкен жандардың бірі.

Әрине, мұны өмір жалғастығы,

дәстүр сабақтастығы десек те,

ол қасиетті екінің бірі бойына

дарыта бермесі анық. Мұның айғағы

ретінде біз Қуандық Пазылұлының

шығармашылық өмір жолы мен

адамдық болмыс-бітімін, алға қойған

мақсат-мұратын айтсақ болады.

Ендеше аталмыш қаламгердің ізгі

қасиеттеріне, үлгілі іс-әрекеттеріне

бір сәт тоқталып өтелік.

Қуакең қазақтың киелі жері,

жаннатты өңірі - Баянауылда туыпөскен.

Баянауылды қалайша киелі

мекен, қасиетті жер демейсің?!

Осы өңірдің бір өзінен ғылымның

әртүрлі саласы бойынша жиырма

бес академик шыққан болса,

өнер майталмандарын санауға

саусақ жетпейді. Расында, қазақ

мемлекетінің айбынды ханы -

Абылайдың кеңесшісі, көмекей

жырау Бұқардан бастап, атағы

әлемге әйгілі бүгінгі Олжасқа

дейінгі әдебиет пен мәдениет

қайраткерлерін тізсек, олардың

тізімі жазылар қағаз бетіне сыймасы

анық.

Қуандық Пазылұлы 1959 жылы

Баянауыл қазақ орта мектебін

бітірген соң, Алматыдағы Абай

атындағы мемлекеттік педагогика

институтына оқуға түседі. Институт

қабырғасында жүргенде-ақ ол

өлең-әңгімелер жазып, мерзімді

басылымдардан көріне бастайды.

Әдебиетке деген ынта-ықыласын

байқаған ғалым-ұстаздар оның

терең білім алуына мүмкіндік жасап,

Ғылым академиясының М.О.Әуезов

атындағы әдебиет және өнер

институтының аспирантурасына

түсуге жолдама береді. Сөйтіп

1969 жылы аспирантураны тәмамдай

салысымен, білгір ғалым,

танымал әдебиетші Қажым

Жұмалиевтің жетекшілігімен «Қазақ

прозасындағы тартыс және жаңа

адам» деген тақырыпта кандидаттық

диссертация қорғайды.

Бірақ Қуакең айтыс-тартысқа

толы әдеби қауымның қалың

ортасынан қашып, тыныштықты,

татулықты сүйетін қалпымен Семей

педагогика институтына жолдама

алады. Осы жоғары оқу орнында

табаны күректей жиырма жеті жыл

жұмыс істеп, аға оқытушы, доцент,

кафедра меңгерушісі қызметтерін

атқарды. Ұстаз алдын көріп, дәріс

алған шәкірттердің өзі қаншама?!

Қазіргі кезде олардың алды -

академик, ғылым докторы мен

кандидаттары болса, артқылары

мектепте оқытушы атанып, халыққа

қалтқысыз қызмет етуде. Егер

атап көрсетер болсақ, олардың

қатарында танымал ғалым, академик

Ғарифолла Есімт, тағы басқалар

бар.

Осы орайда, Қуандық Пазылұлының

ерекше бір қырына тоқтала

кеткен жөн. Ол – болашақтың білікті

мамандарын даярлау жолындағы

қажырлы еңбегі. Түптеп атағанда,

өзіндік ұстанымы бар ұстаздығы.

Егемен еліміздің ертеңгі ұл-қыздарын

тәрбиелейтін педагог кадрларын

дайындау – өте бір маңызды іс

екені сөзсіз. Бұл істі, яғни атадан

балаға мирас болып қалған

(Қуандықтың әкесі Пазыл – «Ленин»

орденімен марапатталған майталман

мұғалім – С.С) абыройлы жұмысты

жалғастырып қана қоймай, оны

ақ жүрек, адал ниетімен атқарды.

Және де бұл жолда Темірқазықтай

бұлтартпас турашылдығынан бір

танған емес. Бұл оның асылдың

сынығы, тұлпардың тұяғы екенін

дәлелдемек.

Шығармашылық өмір жолындағы

бір шыққан белесі - проза

саласындағы жемісі. Көркем

шығарма жазумен сонау студенттік

кезден айналыса бастаған қаламгер

70-жылдары өнімді еңбек етіп,

біршама тәуір туынды берді. Таратып

айтатын болсақ, «Қара кемпір»

(1974), «Бір әйелдің өмірі» (1975),

«Армандастар» (1979), «Қыздар,

жігіттер» (1981), «Однокурсники»

(1989) атты повестері мен әр

жылдары баспалардан басылып

шықты. Сөйтіп, еңбегі еленіп,

1979 жылы Қазақстан Жазушылар

одағының мүшелігіне сайланды.

Аталмыш қаламгер драматургия

саласында да қалам қарымын

танытып, «Ұл мен қыз» атты пьеса

берді. Драманың Семей облыстық

драма театрында үш жүз реттен

аса қойылуы көрерменнің туындыны

жылы қабылдағанын байқатады.

Қуандық Пазылұлының бүкіл

творчествосын таразылайтын болсақ,

салмақты жағы, әрине, оның

ғылыми, сыни еңбектеріне тиесілі

екенін байқаймыз. Онысы әдебиеттану

саласында тосын тұжырымдамалар,

соны ізденістер ізін салып,

қазақ лирикасының жанрлық сипаты

мен көркемдік ерекшеліктеріне

тоқталған туындыларымен

айғақталады. Мәселен, «Өлең -

сөздің патшасы» деген кітабына

әдебиет теориясының мәселелеріне

арналған зерттеулері топтастырылған.

Автор көрнекті қазақ ақындарының

лирикалық шығармаларына

теориялық талдау жасап, өлең

табиғатын ашуға талпыныс жасайды.

Сондай- ақ, сол тұстағы поэзияның

жетістіктері мен кемшіліктері туралы

да ой саралайды.

Қай қаламгердің болса да,

ізденістер мен іркілістерге толы

шығармашылық өмір жолында

шыққан биігі, белгілі бір белесі

болады десек, бұл тұста Қуакең

асуға арындап, қоржынын толтыра

шыққанға ұқсайды. Бұған оның

қанжығасына бөктерген жүзден

астам ғылыми мақаласы мен бес

кітабы куә.

Шынында да, Қуандық Пазылұлы –

ұстаздық пен ғылыми жұмысты

ұштастыра жүріп, әдебиеттану

мен әдебиет тарихына қатысты

толғақты мәселелер төңірегінде

өз ой-пікірлерін мерзімді баспасөз

беттерінде білдіріп келген қарымды

қалам иесі. Әсіресе, әдеби мұрасын

әспеттеуге кеңес үкіметі тұсында

тосқауыл қойылып келген өз атасы

Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы

жазған зерделі зерттеулері әдеби

қауымды елең еткізді. Тіпті Мәшекең

(Мәшһүр Жүсіп) шығармалары

мен қолжазбаларының жариялануы

мен насихатталуына әрі жан-жақты

арнайы зерттелуіне де өзі мұрындық

болды. Өз отбасын, яғни ұлдары

мен қыздарын тікелей осы іске

жұмылдыруы осыны айғақтайды.

Атап айтсақ, өткен ғасыр басында

«ұлтым» деп ұлардай шулаған ат

төбеліндей аз ғана шоғыр – Алаш

ардақтыларының бірі – Мәшһүр

Жүсіптің мол мұрасының жиырма

томдық шығармалар жинағының

топтамасы.

Әдебиеттің проза, драматургия

салаларында қажырлы еңбек

еткен қаламгер кейінгі кезде біржола

ғылыми зерттеулер жүргізуге

ден қойды. 1999 жылы Қуакеңнің

«Қазақ лирикасындағы стиль

және бейнелілік» (Павлодар,

ИПФ «ЭКО», 1999ж.) атты көлемді

кітабы баспа бетін көрді. Бұл -

ауыз толтырып айтуға тұрарлық

қомақты да салмақты еңбек.

Олай дейтініміз, біріншіден, монографияда

әдебиеттану саласында

әлі де жете зерттелмеген

лирикадағы стиль және бейнелілік

мәселелері төңірегіндегі ойлары

тұжырымдалған. Екіншіден, қазақ

лирикасын көркемдік әдіс, стиль,

бейнелілік тұрғысынан байланыстыра

зерттеу мәселесі қарастырылған.

Сондай- ақ, еңбек – қазақ өлеңінің

көркеюіне көмегін тигізген ақтаңдақ

ақындарымыз – Ш.Құдайбердиев,

М.Ж.Көпеев, М.Жұмабаев және

тағы басқалардың шырмашылығына

тоқталуымен құнды.

Бұл кітап таралып үлгермей,

іле-шала келесі жылы осы баспадан,

«Алтын тіл» бағдарламасы бойынша

Қуакеңнің «Көркем сөздің құдіреті»

деген еңбегі жарыққа шықты.

Кітапта қазақ әдебиеті мен тілін

оқытудың көкейтесті мәселелері

төңірегінде ой қозғалады. Жіліктеп

бөліп айтсақ, өлең мен эпостық

шығарманы оқытудың жайы, сондайақ

көркем шығарманың тілін

түсіндіріп, сараптауы сөз етіледі.

Зерттеуші ұзақ ұстаздық жолында

көкейге түйгенін ғылыми тұрғыдан

дәйектеп, тың тұжырымдамаларын

маман ұстаздарға, жалпы әдебиетсүйер

оқырман қауымға айқын

жеткізе білген. Бүгінгі күннің тұрғысынан

қарағанда, әдебиеттану

әдістемесінің кем тұстарын кертіп

алып, кернеуіне салып, ой елегінен

өткізген. Онысы қарапайым да

жатық тілде шыққан.

Қуандық Пазылұлының осындай

қырлары бар десек те, негізінде,

оның адамдық болмыс-бітімін

ұстаздығы мен ғалымдығы құрайды.

Тіпті бүкіл өмірдегі мақсат-мұраты

да осыған негізделген десек,

жаңылыспаймыз. Әсіресе, оның

халықтың жарқын болашағын ойлаудан

туған келер ұрпақтың тәрбиесіне

деген адал ниеті, адамдық

қасиеті кімді болса да тамсандырмай

қоймасы анық.

Қуандық Пазылұлы Жүсіпов

қабілет-қарымының арқасында

артына айтарлықтай мол мұра

қалдырды. Ол еңбектер өзінің

құндылығымен бағаланып, ұрпақтанұрпаққа

жетері сөзсіз! Сондай-ақ,

«Артында бар оңалар» дегендей,

бүгінгі күндері Қуакеңнің ұлдары

мен қыздары ол жазып қалдырған

мол мұрасы том-том кітап болып,

жарық көретініне біз сенімдіміз!

Сейфетдин

СҮТЖАНОВ,

әдебиетші-ғалым.

Ауылға келген мұғалім

Ауданда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында Оңтүстік өңірден

көшіп келген отбасылардың саны артуда. Қоныс аударғандарға әлеуметтік тұрғыдан

барлық жағдай жасалуда. Солардың қатарында Динара Сыздықова да бар.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Ол Түркістан облысы Бәйдібек

ауданына қарасты Шаян ауылында

туған. Шымкент әлеуметтік педагогикалық

университетінің филология

факультетін тәмамдаған. Жолдасы

екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.

Ерлі-зайыптылар қоныс аударғанына

еш өкінбейтіндерін, ауылға тез

үйреніп кеткендерін айтады. Жайлы

баспанаға ие болып, тұрақты

жұмыспен де қамтылған. Динара

Сыздықованы мектеп ұжымы жылы

қарсы алған. Ол көмек пен қолдау

көрсетіп жатқан жергілікті әкімдікке,

жұмыспен қамту бөліміне, ауыл

тұрғындарына, мектеп ұжымына

алғыс айтады.

- Мемлекеттік бағдарлама туралы

естігенде көшу жөнінде шешім

қабылдадық. Қазір еш өкінбейміз.

Барлық қажетті әлеуметтік көмек

көрсетілді. Баспанамыз жайлы.

Жағдайымыз жақсы. Ризамыз.

Үлкен балам дайындық тобында

оқиды, кенжем шағын орталыққа

барады. Үкіметтен тиесілі бірреттік

жәрдемақыны да алдық. Бүгінде

солтүстікке үйреніп келеміз. Ең

бастысы, ауыл тұрғындарының

ниеті түзу, - дейді мектеп мұғалімі.

Жоғары білімді ұстаз енді

шәкірттеріне сапалы білім, тәрбие

беріп, ауданның әлеуметтік–

экономикалық дамуына өзіндік

үлес қосамын деп отыр.

Оңтүстік өңірден қоныс аударғандардың

қатарында Федоровка

орта мектебінің ұстазы Жұлдыз

Аманбаева да бар. Ол балаларға

еңбек сабағын оқытады. Бүгінде

4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған

көпбалалы ана. Ардақты ұстаз

тоғызқұмалақ, қазақ күресі, спортпен

айналысқанды ерекше ұнатады.

Аудан көлемінде өтетін қоғамдық

іс-шаралаға белсенді қатысады.

Талай мәрте спорттық жарыстан

жүлде ұтып алған. Балалары да

спортқа құмар. Үлкен қызы Ақниет

Алматы қаласындағы спорт және

туризм институтында оқиды, қол

күрестен талай мәрте жүлдегер

атанған. Жұлдыздың ұлдары жазғы

демалыста бокс пен қол күресі

секциясына қатысқан.

- Отбасымызбен спортқа жақынбыз.

Спорт адам өмірін ұзартады,

денсаулығын жақсартады. Федоровка

ауылында ұл балаларға

арналған бокс, қол күресі, қазақша

күрес секциялары ашылса екен

деймін. Ауыл халқы өзімізді өте

жылы қабылдады. Тұрғындармен,

әріптестеріммен тез тіл табыстым.

Балаларым да өздеріне дос тапты.

Бастысы, баспана мен тұрақты

жұмысымыз бар. Көпбалалы анаға

одан артық не керек? Бағдарлама

бізге бақыт сыйлап отыр, - дейді

Ж.Аманбаева.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!