14.11.2017 Views

Eurasian education №6 2015

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Ïåäàãîãèêà

¹6 (6) 2015

АЛИЕВА АНАР

МАРТАЕВНА

Алматы қ.

Халықаралық

"Мирас" мектебінің

бастауыш сынып

мұғалімі

KLARA

SADGALINA

English teacher

at Miras Almaty

International

school

Мақала бастауыш мектеп оқушыларын ізденіс жүргізуге

баулу, зерттеу жұмыстарына ынталандыру мәселелеріне

арналған. Мақала авторлары Алматы қаласындағы

Халықаралық "Мирас" мектебінде жүзеге асырылатын

жобалар негізінде, бастауыш сынып оқушыларының арасында

тақырыптық көрмелер ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі.

Статья посвящена вопросам приучения учащихся начальных

классов к исследовательской работе, мотивации их к

изысканиям и проектированию. Авторы статьи делятся

собственным опытом по организации и проведению

тематических выставок среди учащихся начальной школы на

примере проектов, реализуемых в Международной школе

"Мирас" города Алматы.

An article is devoted to habituation of elementary school's pupils

to research work, motivation to surveys and projecting. The authors

of the article share with own experience in organization and

conducting of thematic exhibitions among elementary school's pupils

based on the example of project, which is realizing in Miras

Almaty International school.

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КӨРМЕ

ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ - ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСКЕ

ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ӘРІ ОЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

"Көрме" дегеніміз не? Әрине, көрме деген сөз ешкімге

де таңсық емес. Көрменің түрі сан алуан. Мектеп

қабырғасында, әсіресе бастауыш мектепте

ұйымдастырылатын көрме - бұл оқушылардың өздері

таңдаған тақырып аясында жүргізетін ізденіс

жұмыстарының жемісі. Ол - БАҚ-тағы ақпараттардан

жинақталған, жүйелі түрде зерттелген, тақырыптары

әлем елдеріндегі мәселелермен ұштастырылған, қазіргі

заман мен жергілікті проблемалармен байланыстырыла

отырып жасалған, аясы кең, күрделі жобалық жұмыс

түріндегі көрнекі туынды. Бала өзі теориялық әрі

практикалық тұрғыдан жасаған туындысын белгілі уақыт

көлемінде зерделеу арқылы бүге-шігесіне дейін жақсы

меңгергендіктен, көрермен атты көпшілік қауым алдына

шығып, оны қорғайды және зерттелген тақырып

төңірегінде оларды қызықтырған сұрақтарға мүдірмей

жауап береді. Міне, осыны "Көрме" дейміз. Ол PYP

бағдарламасының барлық негізгі талаптарын қамтуы

тиіс. Халықаралық мектепте ұйымдастырылатын

көрменің бір ерекшелігі осында.

Көрме жұмысына қойылатын талаптар да жоқ емес,

олар:

- оқушы жеке дара өзі ғана немесе топпен бірлесіп

зерттеуге болады;

- жеке өзінің ой-пікірінен бастап, ауқымды проблемаға

ауысатын зерттеу жүргізетіндей болуы керек;

- зерттеу кезінде, бастауыш мектепті бітіргенше, алған

білімі мен дағдыларын пайдаланулары тиіс;

- жобалық жұмысын қорғап шыққан соң, оқушы

бастауыш мектептен орта мектепке ауысады.

"Көрме" жұмысының маңызы неде?

- Көрменің тақырыбы ауқымды, қазіргі уақыттағы үлкен

проблемалармен байланысты болу керек. Ең бастысы -

өзекті проблеманы таңдау. Оқушылар зерттеу жұмысына

жергілікті проблемаларды арқау етуі үшін мұғалімдермен

және сыныптастарымен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс

(проблемалардың жаһандық мәні болуы мүмкін, бірақ

олар жергілікті тәжірибеге негізделуі тиіс).

- Барлық оқушы өзекті тақырыпты таңдауға, өз

жұмысын жоспарлауға қатысу керек. Жоспарлау

дегеніміз не? Олар жұмыстың ретін, орындалатын ісәрекеттерді,

қалай бағаланатынын ойластыру қажет.

- Оқушылар тұжырымдаманың негізгі сұрақтарын

түсініп, оларды зерттеу барысында қолдана алулары

керек: түрі, қызметі, себебі, өзгеруі, байланысы,

болашағы, жауапкершілік, ойлану.

- Олар оқушы бойында қалыптасатын 5 дағдыны:

әлеуметтік, зерттеу, ойлау, коммуникативті, өзін-өзі

басқару дағдыларын көрсете алулары тиіс;

- Оқушылар басқалармен сыйластық қарымқатынаста

бола алатынын, өзінің бойында шыдамдылық

қасиеті бар екенін, алдына қойған мақсатына жету үшін

өз міндеттерін біліп, ынтымақтаса отырып жұмысты

шығармашылықпен орындай алатынын көрсете алуы

керек.

Көрмеде қандай жұмыстар болуы керек?

- жазба жұмыстар: мәліметтер, сұхбат және сауалнама

қорытындылары, диаграммалар, суреттер болса, оған

түсініктемелер;

- компьютерлік технологияларды қолдану;

- драма, би, видеоға түсіру немесе тақырыпты

ашатындай дайын видеоны көрсету, фильм, макеттер,

кестелеу, ойындар, сөзжұмбақтар, ребустар, өлең

шығару, сурет салу арқылы көрсету;

- ауызша айту.

Көрме кезіндегі оқушылардың рөлі қандай?

Оқушылар төмендегі талаптарды орындауы тиіс:

- көрменің мақсаты мен талаптарын ең бастапқы

кезеңінен түсіну (талдау, мақсат қою, жұмыс барысын

жазу);

31

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!