23.05.2018 Views

Шымкент келбеті 40

Сәрсенбі 23 мамыр 2018 жыл

Сәрсенбі 23 мамыр 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Әлеумет

www.shymkala.kz

№40 (1579)

23 мамыр 2018 жыл

3

Қазақстан-Өзбекстан:

әріптестік арта түседі

u

Басы 1-БЕТТЕ

– Қазақстан мен

Өзбекстан – өздерінің

тәуелсіздіктерін нығайтып,

болашаққа батыл қадам жасап

келе жатқан мемлекеттер.

Өткен жылдарда қос тараптың

дипломатиялық қатынастары

өзара сенімге негізделе

отырып дамыды. Бұл бағыттағы

жұмыстар бүгінде жаңаша

қарқын алып, уақыт талабына

сай жалғасын табуда.

Өзбекстан Республикасы – Орта

Азиядағы Қазақстанның негізгі

стратегиялық әріптестерінің

бірі. Мәселен, өткен жылы екіжақты

сауданың көлемі 30 пайызға

артып, 2 миллиард АҚШ

долларын құрады. Ал екі елдің

көшбасшылары биылғы сауда

айналымын 3 миллиард

долларға арттыруды, 2020

жылға қарай 5 миллиард

АҚШ долларына дейін ұлғайтуды

тапсырды. Сондықтан

қазіргі таңда екі елдің кәсіпкерлеріне

нақты қолдау көрсету

маңызды. Бұл іс-шара

осы айтылған міндеттемелерді

жүзеге асыруда септігін

тигізері анық. Бұл өзара ынтымақтастыққа

және екі ел

арасындағы берік бауырластық

қатынастарды орнатуға

бағытталған тағы бір қадам,

– деді облыс әкімі.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының

ұйымдастыруымен

өткен форум барысында

тараптар бірлескен бизнес

жобалар мен инвестициялық

ұсыныстар жайында

ынтымақтастықты дамытуды

сөз етіп, экспорт пен

импорт бойынша үшінші

елдерге кіру жайын талқылады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік

Қазақстан облысы мен

Өзбекстан Республикасы

арасындағы сауда-экономикалық

қатынас қарқынды

дамып келеді. Биылғы соңғы

үш айдың көрсеткіші бойынша

ОҚО мен Өзбекстан

арасындағы тауар айналымы

125,7 млн АҚШ долларын

құрап отыр. Сонымен қатар

Оңтүстіктен Өзбекстанға 73,1

млн АҚШ доллары болатын

өнім экспортталса, көрші елден

бізге 52,5 млн АҚШ доллары

көлеміндегі тауар импортталған.

Форумның басты идеяларының

бірі – өнімдерді ең ірі

әлемдік нарықта, соның ішінде

Қытай мен ЕЭО-да бірлесіп

шығару және дамыту.

Жиында Адхам Икрамов

екі елдің ғасырдан бері жалғасқан

достық қарым-қатынасы

одан әрі жандана түсетінін

айтып, бүгінгі өтіп

жатқан іскерлік жиында ОҚО

кәсіпкерлері мен өзбекстандық

бизнесмендер арасында

сауда-экономикалық байланыс

нығая түсетініне сенімді

екенін жеткізді.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының

директоры Асқар

Әбубәкіров аймақтық ынтымақтастық

форумын тұрақты

негізде өткізу туралы ұсынысын

жеткізді. Аталған ұсынысты

Өзбекстан тарапы бірауыздан

қолдады.

Бизнес-форум кезінде екі

ел кәсіпкерлерінің қатысуымен

бетпе бет жүздесу форматында

келіссөздер жүріп, бірқатар

бағытта іскерлік әріптестікті

дамыту мақсатында

екі жақты құжаттарға қол

қойылды. Қатысушылар өзара

іс-әрекеттер жақын болашақта

өз нәтижесін береріне

сенім білдірді. Сонымен қоса

форумға қатысушылар отандық

тауар өндірушілер ұсынған

өнімдер көрмесін тамашалады.

ҚҰРЫЛЫС

Монша

бұзылып жатыр

Ауыз су мәселесі

шешімін табады

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес Д.Қонаев даңғылын

созу жобасы «Түркістан» моншасына байланысты

тоқтап тұрған еді.

Ақмарал Молдиярқызы

aashirova@shymkala.kz

u

Басы 1-БЕТТЕ

Бұған дейін бірнеше рет қаралған

мәселе бойынша сот шешімі

заңды күшіне енді. Монша бұзылады.

2016 жылдың 3 тамызында Шымкент

қаласының сәулет және қала

құрылысы бөлімі шаһар басшысына

ұсыныс жасаған болатын. Ұсыныста

Д.Қонаев даңғылының І кезең

құрылысы жұмыстарын бастау

үшін қажетті жер телімін мемлекет

мұқтажына қайтару туралы мәселе

қозғалған. Шымкент әкімінің қаулысымен

жылжымайтын мүлікті

иеліктен шығару жұмыстары 2016

жылдың 26 тамызында басталған.

Алайда, Шымкент қалалық жер қатынастары

бөлімі мемлекет мұқтажына

қайтару секторының меңгерушісі

С.Мұратов мемлекет мұқтажы

үшін қайтарылуы тиіс 73 жер

телімінің бірі – «Түркістан» монша-

сының иесі күні бүгінге дейін өтемақыға

келіспегенін айтады.

– Кәсіпкерлік нысанның үйреншікті

жұмысын тоқтату оңайға

соқпады. Дегенмен, мемлекетті дамыту,

шаһар сәулетін арттыру жолындағы

жобалар бәрінен маңызды.

Себебі, мұндай құрылыс миллионды

қала игілігі үшін қолға алынбақ.

Нысанды бағалау жұмыстарынан

кейін меншік иесі келіспейтіні жайлы

сотқа талап-арыз берді. Апелляцияға

да берді, – дейді сектор меңгерушісі.

Сұлтан Даниярұлының айтуынша,

қазіргі таңда сот шешімі заңды

күшіне енді. Шымкент қаласы

Түркістан көшесінде орналасқан

№20 үйдің иесіне өтемақы төленді.

Осылайша, Д.Қонаев даңғылын

ұзарту жұмыстары құрылыс

жобасына сәйкес жалғасады.

Қала аумағына 2014 жылы енген

Тұрдыабад елдімекенінің тұрғындары

ауызсуға зәру. Жақында

Еңбекші ауданына қарасты елдімекен

тұрғындары БАҚ өкілдерін

шақырып, арыз-шағым айтты.

«Ауылымызды Шымкентке қосқанда

ең әуелі коммуналды сұрақтар

тез шешімін табады деп

қуанғанбыз» дейді ауыл биі Розмат

Рызаев.

– Алайда, «Тұрдыабадқа ауызсу

тартылады» деп басталған жұмыстар

дәл қазір тоқтап тұр. Жаз

маусымы басталғаннан су қажеттілігі

екі есеге артады. Ал біз

әлі күнге 60 тонналық цистернаға

су жинап ішеміз. Соның зардабынан

балалардың іші ауырады.

Электр жарығы болмай қалса,

цистернадағы суға да жете алмай

қаламыз, – дейді тұрғын.

Мәселенің мән-жайын білу

үшін бұрғылау жұмыстары жүріп

жатқан құрылыс алаңына бардық.

Мердігер – алматылық «ПК

Геотерм» ЖШС екен. Бұрғылау шебері

Серік Малдыбаев тапсырыс

берушілердің жоспарына сәйкес

50 метр тереңдікте ұңғыма бұрғылау

жұмыстары аяқталғанын

айтты.

– Бұған дейін Оңтүстік

Қазақстан облысының энергетика

және тұрғын үй-коммуналды

шаруашылық басқармасының

тапсырысына сәйкес Базарқақпа,

Өтеміс елдімекендерінде бұрғылау

жұмыстарын аяқтадық. Базарқақпада

80 метр қазылған

соң су шықты, қазір секундына

12 литр су беріп тұр. Ал Өтеміс

елдімекеніндегі ұңғыманы қазу

барысында тасты жердің қаттылығынан

бұрғылау жұмыстары

ұзақ уақытқа созылды. Қазір ол

жақта да 135 метр тереңдіктен

секундына 3 литр ауызсу шығып

тұр, – дейді С.Малдыбаев.

Оның айтуынша, Тұрдыабад

елдімекенінде 25 метрге дейінгі

бұрғылау жұмыстарын 2 тәулікте

аяқтаса, одан кейін тасты бөліктің

жұмыстары қиындап, тәулігіне 1

метр ғана тереңдетіп отырған.

Қазір 50 метр тереңдікте қазылған

ұңғымада су жоқ. Ары қарай тек

тапсырыс бойынша жұмысқа кіріспек.

Осы орайда Оңтүстік Қазақстан

облысының энергетика және

тұрғын үй-коммуналды шаруашылық

басқармасының басшысы

М.Зұлхарнайұлына хабарласып,

ауызсумен қамту жұмыстарының

«тоқтап қалмағанын» білдік. Бұл

жобаға жетекшілік ететін басқарманың

бас маманы Асылбек Құрманбеков

тақырыптың түйінін

тарқатып, түсіндіріп берді.

– Тұрдыабад елдімекенінің

жер асты су қорын бекіту жобасы

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға

дейінгі бағдарламасы» аясында

жүзеге асырылуда. 2018 жылдың

сәуір айында басталған жоба

бойынша алғашқы тереңдік 50

метр деп бекітілген. Қазір осы

тереңдікке темір құбырлар отырғызылды.

Сондай-ақ, ұңғыманы

саз балшықтан тазалау мақсатында

деглинизация жасалып,

сулы қабаттың су беру және су

өткізгіштігі қалпына келтірілді.

Ендігі кезекте тәжірибелік-сүзгілеу

шаралары қолға алынады.

Жоба бойынша іздеу-барлау жұмыстары

2019 жылдың соңына

дейін жүргізіледі деп жоспарланған,

– деді маман.

Ендеше, тұрғындарға әлі де

күтуге тура келіп тұр.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!