03.10.2018 Views

Шымкент келбеті 78

Сәрсенбі 3 қазан 2018 жыл

Сәрсенбі 3 қазан 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

№78 (1617)

p $ 363,07 p € 420,91 q 5,52

Мегаполис мүмкіндіктері

Газет 1990 жылғы 21 шілдеден бастап шығады Сәрсенбі 3 қазан 2018 жыл www.shymkala.kz

Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа

«Astana Media Week»:

тәжірибе алмасудың

тұрақты алаңы

шымкентте шығарылған

u

4-БЕТ

Н.Назарбаев:

Шымкент Орталық Азияның

экономикалық және мәдени

орталығы болуы тиіс

Отандық өнім –

экономиканың

өрісі

Шымкенттің мегаполис

ретінде дамуға

мүмкіндіктері

мол. Бұл туралы ҚР

Президенті Н.Назарбаев

Шымкентке жұмыс сапары

барысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының

еліміздің үшінші мегаполисіне

жұмыс сапары

алдымен қаладағы мұнай

өңдеу зауытынан басталды.

Президент «Петро

Қазақстан Ойл Продактс»

компаниясының жұмысымен

танысты. Шымкент

мұнай өңдеу зауытын

жаңғырту жобасы 2011

жылы Жаңа индустрияландыру

бағдарламасы аясында

басталған болатын.

Жобаның қуаттылығы жылына

6 млн тонна мұнай

өңдеуге жетеді. Инвестиция

көлемі – 580 млрд.

теңге.

Айта кетейік, Шымкент мұнай

өңдеу зауытын жаңғырту және қайта

құру жобасы екі кезеңде жүзеге

асырылды. Бірінші кезеңде компанияда

Кеден одағы аумағында қабылданған

К4 және К5 экологиялық

класты (аналогы Еуро-4 және

Еуро-5) бензин және дизель отынын

шығару өндірісін құрылды. Ал

15 тамыздан бастап зауытта жоғары

сапалы өнім шығарыла бастады.

Бұған қоса қуаттылығы жылына

2 млн тонна шикізат өндіретін

RFCC каталитикалық крекинг қондырғысын

орнату жоспарланып,

UOP американдық компанияның

технологиясымен жүзеге асырылды.

28 қыркүйек күні мұнай өңдеу

зауытында RFCC кешені іске қосылды.

Ол зауыттың айналымын ұлғайтып,

К-4 және К-5 класты сапалы

бензин мен дизель өндіруге

мүмкіндік береді.

Зауыттан шыққаннан кейін

Елбасы Шымкент қалалық әлеуметтік

қызмет көрсету орталығының

жұмысымен танысты. Жаңадан

құрылған «Shymkent» ӘКК төрағасы

Рашид Аюпов Мемлекет

басшысына үшінші мегаполисті

цифрландыру жобалары туралы

баяндады.

Айта кетейік, Шымкентте цифрландыру

жүйесіне қатысты бірқатар

жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы,

білім беру жүйесінде білім беру

сапасын жақсартуға және ашықтық

қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған

4 жоба іске қосылған. Олар –

бүлдіршіндерді балабақшаларға автоматты

түрде қабылдау, 1 сынып

оқушыларын мектепке қабылдауға

арналған Sakura жобасы,оқушылар

арасындағы құқық бұзушылық санын

азайтуға бағытталған I-mektep

және мұғалімдерді қабылдауға арналған

t-hunter жобалары. Енді қала

әкімінің тапсырмасы бойынша медицина

қызметкерлерін де жұмысқа

қабылдауға қажет осындай бағдарлама

әзірленуде.

Сәтті іске асырылып жатқан

тағы бір жоба – «Damumed». Бұл

мобильді қосымша дәрігерді үйге

шақыруға, дәрігердің қабылдауына

жазылуға және емдеу мекемесінде

есепке тұруға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполистегі

зияткерлік қиылыстар

саны 21-ге дейін артты. Қала аумағында

479 бейнекамера орнатылған.

Енді Астана қаласының тәжірибесі

бойынша «Сергек» жүйесі

орнатылуда.

u

3-БЕТ

МЕРЕЙТОЙ

u

қуыршақтармен

өткен қызық

шақтар

u

5-БЕТ

8-БЕТ

2

№78 (1617)

Апта

www.shymkala.kz

Қауіпсіз қала ынтымақтастық Тағайындау

Жұмысшылардың

еңбек қауіпсіздігі

бақылауда

Шымкентте еңбек қауіпсіздігін ескермеген

79 жұмыскердің өміріне қауіп төнген. Бұл

– соңғы 8 айда қаладағы ірі кәсіпорындарда

тіркелген жазатайым оқиғалар.

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

Жақында құрылған

Шымкент қалалық мемлекеттік

еңбек инспекциясы

және көші-қон басқармасының

қызметкерлері алдағы

уақытта шаһардағы кәсіпорындармен

бірге өндірістегі

жазатайым жағдайлардың

алдын алмақ.

Өткен жылдың 8 айында

шымкенттік 89 жұмыскер

нәпақа айырамын деп

жүріп кәсіпорында зардап

шексе, оның 13-і бақилық

болған. Бұл көрсеткіш биыл

да азаймай тұр. Шымкент

қалалық мемлекеттік еңбек

инспекциясы және көшіқон

басқармасының басшысы

Бауыржан Қалжановтың

мәліметінше, бүгінге дейін

79 оқиға тіркеліп, соның

ішінде 12-і қайғылы жағдаймен

аяқталған. Осы олқылықтың

алдын алу және

өндірістегі жазатайым оқиғаларды

төмендету мақсатында

сала мамандары тарапынан

арнайы комиссия

құрылды. Комиссия мүшелері

әр тоқсан сайын жиын

өткізіп, аталған мәселеде

кінәлілерге шара көрмек.

– Бұл – жұмыс берушілер

мен билік, жұмысшылар

арасындағы үш жақты

комиссия. Еңбек қауіпсіздігі

Ата заңымызда айқын көрсетілген.

Еліміздегі азаматтар

қай салада болмасын

жеке басының қауіпсіздігі

жоғары маңызға ие. Алайда

қаладағы біраз коммуналдық

мекемелерде бұл жағдай

әлі де бақылауды қажет

етуде. Атап айтсақ, өткен

жылы «ЛТД-тұрмыс» ЖШСінде

- 4, ал «Бәйтерек ЛБ»

және «Юкосервис» ЖШСтерінде

бір-бір оқиға тіркелген.

Жалпы жол қозғалысының

ережелерінің бұзылуы,

зардап шегушінің абайздығы,

белгіленген еңбек

режимінің бұзылуы, жеке

қорғану құралдарын дұрыс

пайдаланбау, жұмысты дұрыс

ұйымдастырмау, ғимараттың

техникалық дайын

емес болуы салдарынан жұмыскерлердің

өміріне қауіп

төніп, жазатайым оқиғаға

алып барған, – дейді

Б.Қалжанов.

Сала мамандарының айтуынша,

кәсіпорындарында

жұмысшылар арнайы көлікпен

тасымалданбайды. Ал

зардап шегушілердің арасындағы

ең көбі – құрылыс

саласындағы қызметкерлер.

– Басқарма құрылғалы

күнделікті жазатайым оқиғаларды

тіркеп отырамыз.

Көлемі, мерзіміне қарай

жеңіл, орташа және ауыр

деп 3-ке бөлінеді. Жеңіл

дене жарақатын алған немесе

соған ұқсас жағдайлар

болса, тек жараны таңу

сынды алғашқы көмекті

көрсету керек. Егер бір жұмыскердің

абайсыздығынан

оқыс оқиға орын алса, арнайы

комиссия құрып, өзіміз

тексереміз. Ал үлкен немесе

топтық жағдай тіркелсе,

тергеп-текеру амалдарына

министрліктің өзі араласады.

Коммуналды мекемелер

кейбір жағдайларда өз міндеттерін

орындамай жатады.

Мысалы, санитарлық

тазалық жұмыстарымен айналысатын

қызметшілерін

мекеме басшылығы арнайы

жабдықталған автокөліктермен

тасымалдамай, қарамағындағы

жұмысшылардың

өмірін қауіпке итермелейді.

Жол-көлік оқиғалары

болса, алдымен зардап шегетін

сол жұмысшылар. Бұл

– еңбек қауіпсіздігін өрескел

бұзу, – дейді басқарма

басшысы.

Шымкентте 20 ірі кәсіпорын,

мыңға жуық орта

және шағын компания, ал

ұсақ 20 мыңнан аса мекеме

бар. Өндірістегі жазатайым

оқиғаларды төмендетуге бағытталған

шараға қатысқан

қалалық үш жақты еңбек

комиссиясының төрағасы

Юрий Колесников кәсіпорын

басшылары аталған жағдайларда

жауапкершіліктен қашып,

мәселені жылы жабуға

тырысатынын айтады. Бұл

жастардың техникалық мамандық

таңдауда жолына

тосқауыл болып, кадр тапшылығына

алып келетінін

атап өтті маман.

Ал Бауыржан Қалжанов

жазатайым оқиға тіркелген

мекеме басшылары

ірі көлемде айыппұл арқалайтынын,

егер ол жағдай

2 немесе одан көп қайталанса,

заңға сәйкес жауапқа

тартылатынын айтты.

Жиын соңында кәсіпорындағы

жауапты мамандар

мен басқарма қызметкерлері

сұрақ-жауап арқылы басқа

да түйткілді мәселелердің

басын қайырды.

Дипломатиялық

өкілдермен

сенімді байланыс

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла

Әбдірахымов бірқатар елдердің дипломатиялық

өкілдіктерінің басшыларымен кездесті.

Оңтүстік Кореяның,

Литва және Оңтүстік

Африка Республикаларының

дипломаттарымен кездесу

барысында Шымкенттің

Ұлы Жібек жолы бағытында

ірі көлік хабы ретіндегі

мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік,

ауыл шаруашылығы, туризм,

білім және денсаулық

сақтау саласындағы ынтымақтастықты

дамыту мәселелері

де көтерілді. Шаһар

әкімі Шымкентте шетелдік

инвесторлар үшін әрдайым

Қариялар - қазынамыз

Билік пен бұқара

Тұрғындармен

кері байланыс

Арман СӘДУӘЛІ

as@shymkala.kz

Бұдан былай білім беру

саласына арыз-шағымы немесе

өтініш-тілегі бар тұрғындарға

бұрынғыдай өтініш

жазып, әкімдікке немесе халықтық

кеңсеге барудың қажеті

жоқ. Ата-аналар енді 39-

49-26 нөміріне хабарласа алады.

Сall-орталықтың маман-

ашық екенін атап өтті.

Қалада алдағы уақытта

жаңа индустриялық аймақтар

ашу жоспарланып

отыр. Шетелдік инвесторларды

жан-жақты қолдау

үшін барлық жағдайлар

жасалуда, әкімшілік кедергілер

жойылып, қолайлы

инвестициялық климат

нығаюда.

Кездесу соңында тараптар

екі жақты іс-қимылға

және өзара тиімді жобаларды

бірге іске асыруға белсенді

қатысуға сенім білдірді.

Қарттарым

аман-сау жүрші...

Шымкентте қарттар күніне орай қарияларға

құрмет көрсетілді.

Қала әкімдігінде ардагерлерге

арналған мерекелік

дастархан жайылып,

шаһар басшысы Ғабидолла

Әбдірахымов ардагерлерді

1 қазан – Қарттар күнімен

құттықтап, ізгі тілектерін

білдірді. Мерекелік іс-шара

барысында қарияларға сыйсыяпат

ұсынылды.

А й та ке тейік, бү г інде

Шымкент қаласында 76 мыңға

жуық зейнеткер тұрады.

Оның ішінде Ұлы Отан соғысының

61 ардагері, 4500

тыл ардагері бар. Ардагерлерге

әкімдік тарапынан әлеуметтік,

материалдық, коммуналдық

тұрғыда жан-жақты

көмек көрсетіліп келеді.

Мысалы, 2131 тыл ардагеріне

тегін баспасөз жазылып,

шипажайларға тегін жолдама

беру, демеушілер арқылы қоғамдық

көліктерде тегін жол

жүру, жылумен тегін қамтамасыз

ету сияқты т.б. қолдау

көрсетілуде.

Шымкентте білім беру саласына қатысты

талап-тілектерге арналған call-орталық

құрылды. Бұл туралы қалалық

әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

дары балаларды мектепке

немесе балабақшаға орналастыру,

білім берудің сапасы

және тағы да басқа мәселелер

бойынша сұрақтарға

жауап береді.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше,

ешқандай өтініш

жауапсыз қалмайды, әр қоңырау

автоматты түрде жазылып

отырады. Бұл қадамда

қызмет көрсетудің сапасын

арттыруға арналып отыр.

Журналист –

партия қызметінде

Отан» партиясының

«Нұр

Шымкенттегі

аудандық филиалында

кадрлық тағайындаулар

болды. Белгілі журналист

Әбдез Рахманұлы

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қаласы Қаратау

аудандық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары

лауазымына тағайындалды.

И м а н қ ұ л о в Ә б д е з

Рахманұлы бұл лауазымды

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қалалық филиалы

төрағасының бірінші орынба-

Жолдау жүгі

Болашақ –

білімді жастардың

қолында

Бүгінде білім іздеген жанның жолы ашық.

Елімізде азаматтардың сапалы білім

алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы

үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

сары Бахадыр Нарымбетовтың

бұйрығымен 2018 жылдың 1 қазанынан

бастап атқарады.

Әріптесіміздің жаңа жұмысына

сәттілік тілейміз!

Ж о ғ а р ы б і л і м н е н

кейінгі білім алу саласында

шешімін таппай қордаланып

қалған мәселелер аз

емес. Соның бірі көптеген

азаматтар еңбек нарығында

сұраныс таппай отыр.

Осындай қалыптасқан жағдайлардан

шығудың жолын

Халықаралық бағдарламалар

қолға алуда.

Қазақстандық жастар

шет мемлекетте білім алуға

құмар, өскелең ұр-пақтың

мұндай ұмтылысын

мемлекет те қолдап отыр.

Облыс әкімдігі тапсырмасы

мен «Астана» Халықаралық

ғылыми кешені арасындағы

ынтымақтастық Меморандумы

шеңберінде М.В. Ломоносов

атындағы Мәскеу мемлекеттік

университетінің

Қазақстандағы филиалында

жоғары білімнен кейінгі

білім алуға Республикамызға

100 грант бөлінді. Бұл

бастама дарынды жастардың

келешекте өздерінің

жинақтаған тәжірибелерін

мемлекет игілігіне пайдалануы

үшін шетелде сапалы

білім алуына көмектесу

идеясына негізделген. Бұл

бастаманы алғашқы болып

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

қолдап, өз түлектерін жіберген

болатын.

Білім гранты 4 бағыт бойынша

бөлінген: Табиғатты

қорғау және Экология, Математикалық

және компьютерлік

модельдеу, Өңірлік

даму экономикасы және Менеджмент,

Экономика және

Ұлттық экономика.

Емтихан және құжаттарды

тапсыру, Астана қаласында

өтті. Талапкерлер

әр облыстан келіп, құжаттар

тапсырылды, М.Әуезов

атындағы ОҚМУ-нен барған

үміткерлер саны 20-дан

асты. Олардың 15-і білім

гранттарына ие болды. Емтихан

екі кезеңнен тұрды.

Екі кезеңнен де сүрінбей

өткен конкурс жеңімпаздарының

білім алуына мемлекет

тарапынан барлық жағдай

жасалған, жатақханамен,

шәкіртақымен қамтамасыз

етілген.

М.В Ломоносов атындағы

Мәскеу Мемлекеттік Университеті

жетекші жоғарғы

оқу орны болып табылады.

Әлемдік білім беру жүйесінде

100 жүйріктің ішінде

өз ұстанымын жақсартып

келеді. Жалпы даму

бағыты халықаралық білім

беру стандарты бойынша

қабылданған. Университет

жоғарғы білікті мамандарды

даярлауға, әлемдік білім

кеңістігінде интеграциялауға,

өндіріске енгізілетін іргелі

және қолданбалы зерттеулерді

дамытуға бағытталған

кең көлемдегі білім,

ғылым, рухани-тәрбиелілік,

инновациялық және өндіруші

негізіне ие.

Бұндай бастамар келешекте

де қолдау табады деген

ойдамыз. Сол себептен

биыл өз күшін сынайтындарға

жол ашық.

М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік

университеті

Ғылыми-зерттеу

Басқармасы

Мегаполис мүмкіндіктері

www.shymkala.kz

№78 (1617)

3 қазан 2018 жыл

3

u

Басы 1-БЕТТЕ

Н.Назарбаев:

Шымкент Орталық

Азияның экономикалық

және мәдени орталығы

болуы тиіс

Шымкент қаласының

әлеуметтік қызмет көрсету

орталығы Астана қаласының

20 жылдығына орай

ашылған. Жалпы алаңы -

6 600 шаршы метр. Жұмыспен

қамту және әлеуметтік

қызмет көрсету орталығы

бір терезе қағидаты

бойынша жұмыс істейді.

Мұнда тұрғындарға

кәсіпкерлік, жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бойынша

қызмет көрсетіледі. Орталық

Елбасының «Төртінші

өнеркәсіптік революция

жағдайындағы дамудың

жаңа мүмкіндіктері» атты

Жолдауы аясында іске қосылған.

Күнделікті 1600

адамға дейін қызмет көрсетуге

мүмкіндік бар.

«Қоғамдық көлік» жобасы

аясында 2019 жылы 30

автобус электронды билет

жүйесімен жабдықталады

деп күтілуде. Сонымен қатар

2019 жылдың бірінші тоқсанында

300 жаңа автобус,

2019 жылдың соңына дейін

тағы 700 автобус сатып алу

жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналды

шаруашылық және агро-өндірістік

кешен саласында

да цифрландыруға

арналған жобалар бар.

Сондай-ақ, қаланы басқару

жүйесіне жасанды интеллектті

енгізу жөніндегі

жоба жасалған. Қазір үш

бағытта жұмыс жүргізілуде:

ақылды экономика,

әлеуметтік сенім және АӨК

бағалау бойынша модуль

құру. Стартап жобаларды

жүзеге асыратын "Shymkent

TechGarden" цифрлық орталығын

құру жоспарда

тұр.

Жұмыс сапарының соңында

Мемлекет басшысы

мегаполистің əлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындысы

бойынша жиын

өткізді. Онда Елбасы Шымкенттің

дамуының басты бағыттарын

айқындап, бірқатар

тапсырмалар берді.

– Болашақ – ірі қалаларда,

– деді Н.Назарбаев.

– Мегаполистер арасындағы

бəсекелестік арта түседі.

Шымкенттің де даму көшінен

қалып қоймауы үшін

əлеуеті жеткілікті. Қаладағы

халық саны миллион адамнан

асты, мегаполис Астана

мен Алматы сияқты дамуы

тиіс. Шымкенттің өзінің дамуы

стратегиясын қалыптастыру

керек.

Президент миллионды

қала дамуы тиіс бірнеше бағытты

нақтылап берді. Ең

бірінші, Шымкент Орталық

Азияның ірі экономикалық

жəне туризм орталығы атануы

тиіс.

– Ташкент Шымкентке

жақын, Өзбекстанмен байланыс

нығая түсуде, – деді

Мемлекет басшысы. – Шағын

жəне орта бизнесті дамыту

керек, инвесторларды

жұмылдыру қажет. Туризм

дамуы үшін жақсы дамыған

инфрақұрылым, замануи

əуежай мен теміржол вокзалы

болуы тиіс. Туризм –

əлемдегі ең табысты бизнес.

Ал Шымкенттің мүмкіндіктері

мол: қалада саябақтар,

цирк, дендросаябақ, зообақ,

концерт залдары бар. 2020

жылы Шымкент ТМД-ның

мəдени астанасы атанбақ.

Соған дайындалу керек.

Екіншіден, Елбасының

сөзінше, Шымкентте медицина,

фармацевтика, құрылыс

индустриясы секілді

эконом иканың əлеуе т т і

салалары дамуы тиіс. Ал

үшінші тапсырма ретінде

Мемлекет басшысы жастарды

қолдау мен білім беруді

жақсартуды тапсырды.

– Жастар халықтың 42

пайызы немесе 420 мың

адамды құрайды. Экономиканы

дамыту үшін білікті

мамандар қажет. Ондай мамандарды

Шымкентте әзірлеуге

болады, ол үшін білім

беру сапасын жаңа деңгейге

көтеру қажет, – деді Мемлекет

басшысы.

Н.Назарбаев бұған қоса мегаполистің

сəулеттік келбеті

туралы да айтып өтті.

– Шымкенттің өзіндік қайталанбас

сəулеттік стилі болуы

керек, – деді Президент. – Астананың

стилін көшірудің қажеті

жоқ. Өздеріңіздің мəдени

ерекшеліктеріңіз бар. Ескі

үйлерді сүріп, жаңасын салу

керек. Бұл үшін арнайы мемлекеттік

бағдарламамыз бар.

Ретсіз сауда орындарынан

арылу керек. Шымкент ақылды

қала болуы тиіс. Қала аумағының

кеңеюі емес, тығыз

орналасуы өзекті.

Сонымен қатар Мемлекет

басшысы 2025 жылы Шымкент

халқының саны 1,3 млн адамға

жететінін, осыған орай мегаполиске

жаңа балабақшалар, мектептер

мен ауруханалар қажет

екенін атап өтті. Оларды салу

үшін инвесторларды жұмылдыру

керек деді Елбасы.

– Биылғы 8 айда Шымкент

қаласындағы өндіріс көлемі

102,1 пайызға өсіп, 300

миллиард теңгеге жетті, –

деп мәлімдеді Н.Назарбаев. –

Үшінші мегаполиске тартылған

инвестиция көлемі жаман

емес. Шағын және орта бизнес

дамыған. Қаланың жанынан

халықаралық Батыс Еуропа

– Батыс Қытай көлік дәлізі

өтеді. Шаһардың дамуы үшін

бұдан артық не керек?

Жиынға қатысушылар да

қаланың дамуы туралы пікірлерімен

бөлісті. Нақты айтқанда

қалалық мəслихаттың

хатшысы Н.Бекназаров Шымкент

бюджетінің көлемі 180

млрд теңгеге жеткенін айтса,

депутат Т.Сұлтанова мегаполистегі

медицинаның дамуы

туралы, жас кəсіпкер Аят

Азимов стартаптарды қолдау

қажеттігін жеткізді.

А л Ш ы м ке н т т і ң əк і м і

Ғабидолла Əбдірахымов Мемлекет

басшысына Қала күні

мерекесі ретінде 19 маусым

күнін ресми бекітуді ұсынды.

Айта кетейік, дəл сол күні

Елбасы Шымкентке республикалық

қала мəртебесін беру

туралы Жарлыққа қол қойған

болатын.

Жиын қорытындысында

Президент Шымкент тұрғындарына

сәттілік тіледі.

Әзірлеген:

А.Сәдуәлі

4

№78 (1617)

3 қазан 2018 жыл

Медиа-апталық

www.shymkala.kz

Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа

Байланысы мықты

мемлекеттің

қорғанысы да

қуатты

Медиа-апталықтың ресми

ашылу рәсімінде сөз сөйлеген

еліміздің Ақпарат және коммуникациялар

министрі Дәурен

Абаев осымен екінші рет өтіп

отырған Astana Media Week

елімізде ғана емес, аймақта да

медиа нарықты қалыптастыруға

және одан ары дамытуға

серпін беретіндігіне сенімді

екендігін баса айтты.

– Елбасымыз отандық медиа

саласының дамуына әрдайым

айрықша көңіл бөліп отырады.

Қазіргі күні өңірлік ақпарат

құралдарының алдында

үлкен мақсат-міндеттер тұр.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен

жүзеге асып жатқан

саяси, экономикалық және

«Рухани жаңғыру» жөніндегі

кешенді реформаларға жұртшылықты

жұмылдыру. Бұл шараның

негізгі мақсаты – отандық

медиа нарықты жан-жақты

дамыту ғана емес, мәдени

және ақпараттық байланыстарды

да тереңдету. Байланысы

мықты мемлекеттің қорғанысы

да қуатты. Astana Media

Weekке қатысуға ниет білдіретін

мемлекеттер саны да артып

келеді. Бұл – тілшілердің

шығармашылығын шыңдауға

үлкен мүмкіндік, – деді Д.

Абаев.

Медиа-апталықтың бірінші

күні Media Talks пікірталас

алаңы жұмыс істеп, оған әртүрлі

қызмет салаларының

жетекші мамандары қатысты.

Ток-шоу форматында өткен

шара барысында «Болашақтағы

кәсіптер» тақырыбы,

интернет қауіпсіздігі жанжақты

талқыға түсті.

Интернет демекші, сөз реті

келгенде ата кетейік, қазір

елімізде халықтың 80 пайызға

жуығы интернет қолданады.

Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Қазақстанда

117 қала бар, оларда

10,5 миллионға жуық адам

тұрады. Бұдан басқа аудан

орталықтарын қосқанда, 150-

ге жуық елдімекенде 3,5 миллион

адам тұрып жатыр. Барлығын

қосқанда, 14 миллионға

жуық адам бар. Тұрғындары 10

мыңнан асатын ауылдарда 4G,

жылдам интернет байланысы

бар. Қазіргі жағдай жаман емес.

Ал 2,5 мыңға жуық елдімекенді

министрлік екіге бөліп қарастырып

жатыр. Біріншісі – келешегі

бар саналатын ауылдар.

Тасжол мен теміржол бойындағы

елдімекендерге интернетті

жеткізу жеңілірек болады.

«Мұндай ауылдарға оптиканы

жеткізуді биылдан бастап

үш жылдың ішінде бітіреміз.

Ал қалған екі жарым мыңға

жуық ауылды жердегі халықтың

саны бір-ақ миллион. Жекеменшік

компаниялар ондай

шағын ауылдарға интернет

жеткізуден бас тартып отыр.

Сол себепті мемлекет тарапынан

көмектеспекпіз. Біз қазір

2-3 жылдың ішінде интернетті

қалай жеткізетінімізді зерттеп

жатырмыз. Спутник арқылы

байланыс мемлекетке өте қымбатқа

түседі. Сондықтан, ауылдардағы

бұрынғы телефон байланысын

жаңартып, жаңа технологияларды

енгізіп, үш-төрт

жылда осы мәселені бір жағына

шығарамыз деп отырмыз»,

– деді министр тілшілерге берген

сұхбатында.

«Өңірлік БАҚ форумы»:

Дәстүрлі БАҚ –

мемлекеттік тілдің

қорғаушысы

«Қазақ сөзінің қайнарын

сақтап отырған ол – дәстүрлі

бұқаралық ақпарат құралдары».

Мұндай пікірді Astana

Media Weeк аясында өткен

«Өңірлік БАҚ» форумында

«Айқын» газетінің бас редакторы

Нұртөре Жүсіп айтты.

– Қазақ сөзінің қайнарын

сақтап отырған дәстүрлі БАҚ,

қазақ тілін сақтап отырған

осы газеттер мен журналдар.

Интернет басылымдарға,

жаңа медиаға менің ешқандай

дауым жоқ. Бірақ ол

жерде тілдің шұбарлануы,

тілдік қорымыздың бұзылуы

өте көп және оны күнделікті

көріп жүрміз. Ал дәстүрлі БАҚ

мемлекеттік тілдің қорғаушы-

«Astana Media Week»:

сы, бірден-бір сақтаушысы,

бірден-бір шырақшысы деп

айтуға болады. Дәстүрлі БАҚсыз

мемлекеттік тілдің сақталуын,

одан ары кемелденуін,

дамуын көре алмаймыз, көз

алдымызға елестете алмаймыз.

Қазақстанда жалпы 10

мың сайт тіркелген екен. Соның

10 пайызы ғана қазақша.

Қазір қоғамға индустриалдық

бағытта қаузап жазатын, талдап-сараптама

ұсынатын басылымдар,

сайттар қажет. Кеңес

кезінде "Білім және Еңбек"

деген керемет журнал шығып

тұрды. Кейінірек аты "Зерде"

болып өзгерді. Осы журнал

қаншама жастың жігерін жанып,

талабын ұштады. Қазір

керек еді осы журнал. Кәсіпкер

жігіттер осыны қолға алып,

демеуші болып жатса, қазақтың

сауабына қалар еді, – деді

белгілі қаламгер.

Шараның тағы бір спикері

TNS Central Asia бас директоры

Татьяна Старцеваның дерегінше,

Қазақстанда қала

тұрғындарының 76 пайызы

теледидарды кемінде күніне

бір рет қарайды екен. Сонымен

қатар халықтың 51 пайызы

Интернетте отырып, 36 пайызы

радио тыңдайды, тағы

10 пайызы баспасөзді оқитыны

анықталған.

– Соңғы 3 жылда, әсіресе

интернеттегі көрсеткіштер айтарлықтай

өзгеріске ұшырағанын

көріп отырмыз. Интернетке

күнделікті кіретіндер саны

айтарлықтай артты, соңғы үш

жылда 14 пайызға ұлғайған. Теледидарды

көретін күнделікті

аудитория 5 пайызға, баспасөз

оқитындар саны 5 пайызға

қысқаруда. Ал радио аудиториясы

шағын болғанымен,

өте тұрақты, – деді ол.

Сарапшы:

Журналистика

біртіндеп

роботтандырылады

тәжірибе

алмасудың

тұрақты алаңы

Өткен аптада еліміздің түкпір-түкпірінен

қаламын қару еткен бұқаралық ақпарат

құралдарының өкілдері ат басын

Арқаға бұрып, бас қаламыз Астанаға арнайы

келді. Ондағы мақсат – журналист қауымы

үшін жылдың басты оқиғасы саналатын үш

күндік айтулы «Astana Media Week» қазақстандық

медиа-апталығына қатысу. Қазақстан

мен шетелдегі медиаиндустрияның 60-қа

жуық топ-менеджері, 50-ден астам продакшнкомпанияның

өкілдері, жалпы 2 мыңнан астам

қонақты қарсы алған биылғы жиын

«DIGITAL MEDIA» тақырыбында өтті. Медиа

-апталыққа «Шымкент келбеті» – «Панорама

Шымкента» газеттерінің Директор-Бас редакторы

Айгүл Қапбарова бастаған делегация

да қатысып қайтты. Делегация құрамында

Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы

БАҚ саласының өкілдері болды.

малы болады. Бүгінгі формат

әлеуметтік желі трафигін жасау

ретінде түсіндіріледі және

ол келмеске кетеді. БАҚ әлеуметтік

желілерде платформа

құрады. Тағы бір жағдай, Ресейге

жаңалық агрегаттарының

ықпалы өте зор. Меніңше,

Қазақстанда да дәл сондай

жағдай бар, – деді медиа

апталықтың қонағы.

Оның айтуынша, болашақта

жаңалықтардағы негізгі

тренд – ауқымды роботтандыру

болмақ. «Жалпы, болашақ

жасанды интеллектіде, жаңалыққа

арналған платформаланған

сервистерде және оған

дайын болу керек. Жаңалық

журналистикасы біртіндеп ро-

Astana Media Weeк алаңында

«Татаринформ» ақпарат

агенттігінің бас директоры

Шәміл Садықов болашақта

жаңалық журналистикасы

қандай болатыны жөнінде

ой өрбітті.

– Ең басты трендтердің бірі

– әлеуметтік желілердің дамуы.

Болашақта БАҚ платфорботтандырылып,

ал авторлық

журналистика барынша қызықты

бола түседі. Меніңше,

бұл тренд Ресей мен Қазақстанға

ғана емес, бүкіл әлемге

тән», – деді Ш.Садықов.

Қазір адамдар

планшетке,

смартфонға тәуелді

«Select Communication

Group» СЕО маманы Виктор

Елисеев «МАСС-медиада жалғыз

әрекет ету. Цифрлық БАҚ

кезеңіндегі конвергентті журналистика»

тақырыбында

пікір бөлісті.

– Адам интернетке кіргенде

күніне 47 мыңнан астам хабарлама

көреді. Яғни, осыншама

материалмен сіздің желіге не

сайтқа салған ақпаратыңыз бәсекеге

түседі. Ал сіз суырылып

шығуыңыз керек. Шыны керек,

ол ақпараттардың ішінде

оқырманға керек емесі өте көп.

Сондықтан бүгін журналистикада

тек журналистер бәсекелес

емес, әр желіде отырған

әрбір адам бәсекелес бола алады.

Бұрын ақпаратты кім, қалай,

қай жерде, не арқылы таратып

жатыр десе, қазір адамдар

планшетке, смартфонға

тәуелді. Сол жерде қандай ақпарат

шықса, соған үңіліп кетеді.

Сондықтан бүгінгі цифрландыру

адамның сұранысын

мүлдем басқаша деңгейге шығарды.

Медиада цифрландыру

арқылы ғана сол сұранысқа

жауап бере алады, – деп

бөлісті спикер.

В.Елисеев ақпаратты неғұрлым

тез әрі түзетулерсіз беру

арқылы оқырманның «көзіне

бірінші түсуге» болатынын

айтты.

– Шынында, цифрлық әлем

өте жылдам қарқынмен дамып

жатыр. Бұрын біз телеарнадағы

бағдарламалардың уақытын

жаттап, сол уақытты

күтетінбіз. Бірақ қазір біз уақытқа

бағынбаймыз. Кез келген

уақытта біз қалаған дүниемізді

қарай аламыз. Себебі

интернет торына түскен мәліметті

өзімізге ыңғайлы уақытты

тамашалауға мүмкіндігіміз

бар. Дегенмен, бұл белгілі бір

бағдарламалар мен телеарналарға

арналған. Олардың бағдарламаларының

таспасын

кез келген уақытта сайттан

қарауға болады. Ал күнделікті

жаңалықтар лентасы, қызу

талқыланатын материалдар,

желі «арқау» еткен тақырыптарды

БАҚ жылдам беру керек.

Себебі адам ақпаратты

іздегенде кімдікі жедел, қатесіз,

көп түзетулерсіз шықса,

интернет соны алдыға шығарып

береді. Оның үстіне ақпаратты

шынайы әрі тез берген

сайтқа оқырман екінші

рет сенімді түрде кіреді. Ал

әрі қарай тағы да осы сайт

материалдарын оқыту үшін

осыған ұқсас материалдардың

сілтемесі дайын тұру керек.

Міне, осыдан кейін оқырманның

сенімі одан сайын арта

түседі. Ол үшін бізге БАҚ-ты

цифрландыруымыз керек, –

деді маман.

Медиа сауаттылық:

оны қалай

дамытамыз?

Еліміздегі медиа сауаттылықты

дамыту үшін не істеу

керек? Жас мамандарға

беріліп жатқан білім заман

талабына сай ма? Өңірлік басылымдардың

басымдықтары

мен мүмкіндіктері қандай?

Медиа-апталықта осы

және өзге де мәселелер талқыланды.

Сала мамандарының айтуынша,

бүгінгі күні университеттерде

берілетін теориялық

білім мен тәжірибенің арасында

байланыс аз. Яғни оқу орнын

бітіріп, қолына диплом алған

студенттердің кәсіби біліктілігі

төмен. Дегенмен оларды оқытатын

университтетер саны тым

көп. Сондықтан оларды санын

азайтып, сапасын көтеру мәселесі

де айтылды. Сонымен қатар

журналистердің арасында

тілдік кедергілердің бар екені

де сөз болды.

Белгілі журналист Саят

Жөкенұлының айтуынша,

қазіргі журналистикада проблемалық

мәселелер көп. Әсіресе

кадр мәселесі, теория мен

практиканы байланыстыру

саласында кеңесіп шешетін

іс аз емес.

– Қазір ақпарат ғасыры.

Сондықтан ақпараттың бәрі

ағылшын тілінде, шет тілдерде.

Менің ойымша, қазіргі заман

журналистеріне шет тілдерін

өте жақсы білуі керек.

Қазақтілді журналистерге ең

бірінші кезекте оны ағылшын

тілінен, тіпті орыс тілінің өзінен

жалғастыру керек. Немесе

тағы шет тілдерін, БҰҰ-ның

алты тілі бар, соның біреуін

меңгеріп алса тамаша болар

еді, – дейді ол.

Ал «Хабар» агенттігінің

бағдарламалар өндірісі

бөлімінің бас редакторы Галина

Әлкешова журналистер

дайындайтын ЖОО санын

азайтып, сапасын көтеру мәселесін

қозғады.

– Менің ойымша, журналистикаға

әр саланың кәсіби

мамандарын даярлау тиімді.

Яғни экономика жаңалықтарын

экономист, саясатты

саясаткер, тарихты тарихшы

жазғаны дұрыс. Себебі журналисті

бұл салаларға бейімдегеннен

көрі дайын маманға

тілшіліктің қыр-сырын үйреткен

тиімді. Бүгінде елімізде

журналист мамандығы

25 жоғары оқу орнында бар

екен. Бұл тым көп. Өйткені

біздің нарығымыз әлі кішкентай.

Сондықтан университеттердің

санын қысқарту керек,

– дейді Г. Әлкешова.

Сәбит ТАСТАНБЕК,

Ақмарал ӘШІРОВА

Астана

Р.S.

Медиа-апталықтың жабылу салтанатында Қазақстандағы

үздік баспасөз қызметі жарияланды. Қазылар алқасының

шешімімен «Орталық мемлекеттік органның үздік баспасөз

қызметі» аталымында Қорғаныс министрлігі, «Бизнес және квазимемлекеттің

сектордың үздік баспасөз қызметі» аталымында

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Жергілікті атқарушы

органның үздік баспасөз қызметі» аталымында Алматы

қаласының әкімдігі, «Қоғамдық ұйымдардың үздік баспасөз

қызметі» аталымында ҚР Тұңғыш Президенті қоры, «Жылдың

үздік баспасөз хатшысы» аталымында Алматы қалалық ішкі істер

департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек, «Баспасөз

қызметі - жыл серпіні» аталымында ҚР Бас прокуратурасы,

«Үздік корпоративтік сайт» аталымында ҚР Инвестициялар

және даму министрлігі жеңіске жетті. Жеңімпаздарға алғыс

хат пен кубок табыс етілді.

Шымкентте шығарылған

www.shymkala.kz

№78 (1617)

3 қазан 2018 жыл

5

«Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға

бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін

жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауынан.

ОТАНДЫҚ ӨНІМ –

экономиканың

өрісі

Мемлекет басшысы

Н.Назарбаев 2018

жылғы Қазақстан

халқына арнаған Жолдауында

«Бүгінде әлем

Төртінші өнеркәсіптік революция

дәуіріне, технологиялық,

экономикалық

және әлеуметтік салалардағы

терең және қарқынды

өзгерістер кезеңіне қадам

басып келеді» десе, соның

айқын көрінісін 2013

жылдан бері кілем-тоқыма

өндірісін жолға қоя алған

«Бал Текстиль» ЖШС-інен

көруге болады.

Шымкенттің «Оңтүстік» арнайы

экономикалық аймағында

орналасқан бірнеше өндіріс

орындарының арасынан бұл

фабриканың тәжірибесі мол,

алар асуы биік. Кәсібін түркиялық

«Kartal Carpets» компаниясымен

бірігіп бастаған

басшы Талғат Ысқақовпен

жуырда жаңа технологияның

мүмкіндіктері мен жеңіл

өнеркәсіп жайында сұхбаттастық.

– Талғат Жүнісбекұлы,

«Бал Текстиль» - кілемдері

отандық өнім болғандықтан

ғана емес, еліміздегі

№1 кілем өндірісін жолға

қойған фабрика. Түркияда

жеңіл өнеркәсіптің бұл

түрін дамытқан компаниялар

өте көп. Бауырлас елден

кілем әкеліп сатумен бұған

дейін өзіңіз де айналыстыңыз.

Ендеше, қазақ жерінде

кілем тоқитын цехты

ашу жобаңызға кім қолдау

танытқаны туралы айтып

беріңізші...

– «Kartal Carpets» – түркиялық

кілем өндіру нарығында

өзіндік орны бар компания.

Компанияның кілем және кілем

бұйымдарын өндірумен

қатар осы өндіріске қолданылатын

полипропиленнен жасалатын

жіптерді шығарумен

де нарыққа аты мәлім. Ондағы

технологиялық мүмкіндіктер

де жоғары. Жұмысы жақсы

жолға қойылған.

– Технология демекші,

250-ге жуық қызметкері бар

«Бал Текстиль» кілем-тоқыма

фабрикасында қолданылатын

технология қандай?

– Кілем өндіру процестері

әлемнің түкпір-түкпірінен

келген жоғары технологиялы

машиналарында жүргізіледі.

Атап айтсақ, кілем тоқитын

«VAN DE WIELE» машинасы

Бельгиядан әкелінсе, пропиленнен

жіп шығаруға Германия

мен Францияның «Oerlikon

Neumag», «Allma Volkmann»,

«SUPERBA» машиналары қолданылады.

– Әр машинаның қызметіне

тоқталып өтіңізші.

– Біздің фабрика 1 жылда

5 млн шаршы метрге дейін кілем

бұйымдарын өндіре алады.

Ал машиналар шығарылған

жылына байланысты түрлі

модельдерге бөлінеді. Олардың

ішіндегі ең жаңасы ені

5 метрге дейінгі кілемді тоқи

алады. «Oerlikon Neumag» Германиялық

машинасымен полипропиленнен

жіп өндіреді.

Оның жылдық қуаттылығы –

4000 тонна полипропилен жіп.

«Бал Текстиль» кілемдеріне сұраныстың

артуына байланысты

қазір бұл станок ішкі қажеттілікті

толықтай қамтамасыз

ете алмай отыр. Сондықтан

болашақта тағы бір станок

алу жоспарымыз бар.

– Полипропиленді жіпті

фабриканың өзінде өндіру

қаншалықты тиімді?

– Германиядан әкелген машинаны

орнатып, жіп өндіру

жобасын іске қосқанда кілемнің

өзіндік құны 20%-ға төмендеді.

Оған дейін тоқымаға

қажетті жіптерді шетелдерден

импорттауға мәжбүр болатынбыз.

Қазір жіпті фабриканың өз

цехында өндіру шығынды біршама

азайтты. Бұл біз тоқыған

кілемдерің арзан бағамен сатылуына

да ықпал етті.

– Күріш тәрізді түйіршіктелген

полипропиленнен

жіп өндіру процесінің өзі

қызық екен...

– Иә, алдымен «Oerlikon

Neumag» машинасынан шығатын

жіп талшықтары «Allma

Volkmann» машинасында иіріледі.

Бір жіп 144 талшықтан құралса,

келесісінде 180 талшық

болады. Талшық санына қарай

олардың сапасы анықталады.

Осы талшықтарды түтілместей

етіп ширату үшін Франциядан

алдырған «SUPERBA»

машинасында ширатылады.

Мұнда иірілген жіптер 70-1350 С

ыстық буға піседі. Ыстық буға

піскен полипропиленді жіптер

өзінің бастапқы иірімділік қалпын

сақтайды және кілем бетіне

ауыр зат қойғанда түгі құлап,

сынбай бастапқы қалпын

сақтайтын болады.

– Ал жіп өндіретін шикізаттың

өзін қайдан аласыздар?

– Кілем өндірісінде қолданылатын

негізгі шикізат көзі –

пропилен. Синтетикалық материал

полипропиленнің артықшылығы

- ширатымдылығы

жақсы. Кілемге кететін шығынды

барынша азайтады. Есесіне

өнімнің құны төмендейді.

Ал табиғи шикізат қатарына

мақта және бамбук ағашынан

жасалған «JUT» жіп өнімдерін

атауға болады. Көлемге табиғи

шикізат көбірек қолданылған

сайын оның халықаралық

ISO 9000, ISO 14000, ГОСТ стандарттарына

сәйкестігі арта түседі.

– Талғат Жүнісбекұлы,

стандарт туралы айтқанда,

«кәсіпорындағы негізгі

құжаттардың бірі – кілем

өндірісінде қолданылатын

мемлекетаралық стандарт

ГОСТ 28415-89. Бұл стандартқа

сәйкес өнімдер Қазақстан

Республикасында ғана

емес осы стандарт мойындалған

алыс-жақын мемлекеттердің

барлығына шығарылады.

Сонымен қатар

өнімдер, бұйымдар, қызметтер

ГОСТ ISO 9001-2011, ГОСТ

7000-80, СТ РК ИСО 9001-2009,

ГОСТ 28003-88, ГОСТ 23364-

2001, ГОСТ 29332-2006 секілді

халықаралық, мемлекетаралық,

мемлекеттік стандарттарына

сәйкес» дедіңіз. Сонда

«Бал Текстиль» кілем-тоқыма

фабрикасында өндірілген

кілемдер алыс-жақын

шетелдерге экспортталатын

болғаны ғой?

– Әрине. «Бал Текстиль»

ЖШС 2016 жылы шведтің атақты

«IKEA» компаниясымен сауда-саттық

саласында келісім

жасады. Сонымен қатар Ресей,

Қырғызстан, Әзірбайжан,

Тәжікістан сияқты өз

төңірегіміздегі елдермен қатар

еуропалық Германия мен

Ұлыбритания елдері де қазақ

өнімін тұтынуда. Бұл біздің

фабриканы сапа арқылы қол

жеткізген жетістігі. Өндіріс

орны еліміздің барлық аймақтарында

фирмалық дүкендер

желісін ашып, отандық өнім

саудасын жолға қойған. «Бал

Текстиль» кілемдері 2014 жылы

республикалық «Алтын Сапа»

конкурсында «Халық тұтынатын

ең үздік тауар номинациясы»

бойынша екінші дәрежелі

дипломмен марапатталса, 2015

жылы орта бизнес бойынша

облыстағы субьектілер ішінде

«Ең үздік салық төлеуші»

деп танылды. 2016 жылы Женевада

өткен халықаралық

BID сапа конкурсында «GOLD»

номинациясымен жеңіп алды.

Ал 2017 жылы республикалық

«Алтын Сапа» конкурсында

«Халық тұтынатын ең үздік

тауар номинациясын» екінші

рет иеленді.

– Құтты болсын! «Бірінші

жеңіс – сәттілік, екі дүркін

жеңіс – мықтылығын мойындату»

дейді ғой. Отандық кілемдердің

сапалы болуы тек

шикізатқа байланысты ма

әлде фабрика ұжымының да

елеулі үлесі бар ма?

– Қызметкерлер мұнда шығарылатын

өнімнің сапасына

тікелей әсер ететіндігі айтпаса

да белгілі және оларға қойылатын

талаптар да жоқ емес.

Олар өз ісінің маманы, жауапкершілігі

жоғары мамандар.

Кадр мәселесіне ерекше мән береміз.

Фабриканың дизайнер,

технолог, машинист мамандарын

жоспарлы түрде шетелге

тәжірибе алмасып, біліктілігін

арттыруға жағдай жасаймыз.

Бұл мамандардың көбін Түркияда

оқыттық. Ал бірқатарын

шетелден маман алдырып

шыңдадық. Бұл үрдісті

тоқтатпаймыз. Түркиялық

әріптесіміз «Kartal Carpetsтің»

тәжірибелі мамандары да бізге

бұл бағытта аянбай көмектесіп

келеді. Сондай-ақ, фабрикаға

диплом алмаған жастарды

да тартып, ептілігіне

қарай жастар ұйымының қолдауымен

мамандыққа баулуды

қолға алғанбыз. Бір ғана талап,

мамандық алғаннан кейін сол

жастар біздің кәсіпорынға жұмысқа

тұруы қажет.

– «Бал Текстиль» кілемтоқыма

фабрикасында қызметкерлерге,

жалпы жұмысшы

топқа жағдай жасалған

ба?

– Кәсіпорын қала сыртында

орналасқанымен жұмысшыларды

фабрикаға алып келіп,

жұмыс соңында үйіне жеткізіп

салу үшін арнайы көлік қарастырылған.

Яғни, жолға шығындалмайды.

Таза су, электр

қуаты, жол тағы басқа қажетті

дүниелердің барлығы

бар. Кәсіпорын ішіндегі асхана

күндіз-түні тегін қызмет

көрсетеді. Мұндағы қызметтер

мен аппараттар адам денсаулығы

мен қоршаған ортаның

қауіпсіздігін сақтау және жұмыстарды

барынша оңтайландыру

үшін мүмкіндігінше автоматтандырылған.

Тіпті жіп

өндіру цехында арнайы медициналық

бекет жұмыс істейді.

Дінді берік ұстанушыларға

кәсіпорынның кез келген

бөлімінде намаз оқитын

бөлмелер қарастырылған.

– Әр маусымда «Ұлы дала

кілемдері» көрмесін ұйымдастырып,

өнімдерді жеңілдетілген

бағада ұсыну дәстүрі

жалғаса ма? Тағы қандай

жаңалықтармен тұтынушыларды

қуанта аласыздар?

– Көрме жалғасады. Осы

қазан айының 10-21 күндері

Шымкент қаласы, «Нұрсәт»

шағынауданындағы Көрме орталығында

«Ұлы дала кілемдерінің»

жәрмеңкесін ұйымдастырғалы

отырмыз. Ал фабрика

өндірісін кеңейту мақсатында

жақында тағы да жаңа

технологиялық өзгерістер болады.

Кілемнің қазіргіден де

сапалы түрлерін тоқитын станоктарға

тапсырыс бердік.

Оны орнатып, іске қосқан соң

«Бал Текстиль» кілемдерінің

сапасы бүгінгіден де арта түседі.

Сонымен қатар Д.Қонаев

даңғылындағы «Астана» бизнес

орталығының 2-қабатынан

фирмалық «Elexus» жоғары

сапалы кілемдер дүкенін

аштық. Мұнда шетелден келетін

қымбат кілемдерді сатумен

қатар кеңселерге, балабақша,

мектеп, мешіт, мейрамхана

сынды ауқымды нысандардың

дәлізіне, бөлмелеріне

кең көлемде тапсырыс

беруге болады. Енді тұтынушылар

көп мөлшердегі

кілем өнімдеріне фабрикаға

келмей-ақ, қала орталығындағы

дүкенге барып тапсырыс

жасай алады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Отандық өніміміз арта

берсін!

Сұхбаттасқан

Ақмарал

Молдиярқызы

«шк»-анықтама

Талғат Ысқақов 1968

жылы 3 мамырда қазіргі

Түркістан облысы, Бәйдібек

ауданы, Жамбыл совхозы,

Жүзімдік ауылында

дүниеге келген. 1984 жылы

Шаян ауылы Ленин атындағы

орта мектепті бітіріп,

Жамбыл совхозында шопанның

көмекшісі болып жұмыс

атқарған. 1986-1988 жылдары

Қарулы күштер қатарында

әскери қызметін

атқарып, 1988-1994 жылдары

Шымкент қаласындағы

Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-

Түрік университетінде «Қазақ

тілі мен әдебиеті пәндерінің

мұғалімі» мамандығы

бойынша білім алған. Еңбек

жолын қарапайым мұғалім

болып бастаған Талғат

Жүнісбекұлы кәсіпкерлік

салаға 1994 жылдан бастап

бет бұрған. Жұбайы Бибідүрия

Қалтаевамен 4 перзент

тәрбиелеп өсірген Бәйдібек

ауданының «Құрметті азаматы»

бүгінде түрлі қайырымдылық

шаралардың демеушісі

ретінде де танылып

жүр.

6

№78 (1617)

3 қазан 2018 жыл

Жаршы

www.shymkala.kz

қоғам

Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру

мен нығайту – мемлекеттік жүйені

дамытудың басым бағыттарының бірі.

Мемлекеттік қызметші:

моральдық-әдептік

бейнесі қандай

болуы керек?

Ал мемлекеттік қызметшілердің

оң бейнесіне қойылатын

негізгі талаптар «Қазақстан

Республикасы мемлекеттік

қызметшілерінің әдептілік нормаларын

және мінез-құлық қағидаларын

одан әрі жетілдіру

жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№153 Жарлығымен

бекітілген Қазақстан Республикасы

мемлекеттік қызметшілерінің

әдеп кодексінде

анықталған.

Онда «мемлекеттік қызмет

атқару қоғам мен мемлекет тарапынан

ерекше сенім білдіру

болып табылады және мемлекеттік

қызметшілердің моральдық-әдептілік

бейнесіне жоғары

талаптар қояды» деп тайға

таңба басқандай көрсетілген.

Сонымен қатар осы Әдеп кодексінде

Ата Заңға, 2015 жылғы

23 қарашадағы «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

қызметі туралы» және

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы ісқимыл

туралы» заңдарға сәйкес,

жалпы қабылданған моральдық-әдептілік

нормалармен

мемлекеттік қызметшілердің

моральдық-әдептілік

бейнесіне қойылатын негізгі

талаптар, сондай-ақ олардың

тәртіптерінің базалық стандарты

белгіленеді. Ол мемлекеттік

органдарға қоғамның сенімін

нығайтуға, мемлекеттік қызметте

өзара қарым-қатынаста

жоғары мәдениетті қалыптастыруға

және мемлекеттік қызметшілердің

әдепсіз қылықтарының

алдын алуға бағытталған.

Және ең маңыздысы,

мемлекеттік қызметшілер өз

қызметінде Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың саясатын

ұстануы керек және оны

сабақтастырып жүзеге асыруы

қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің

әдептілік тәртібі және

олардың өз міндеттеріне қатысты

әділеттілік деңгейі жалпы

қоғам жағдайының, ондағы

сыбайлас жемқорлық деңгейінің,

инвестициялық ахуал

жағдайының және т.б. маңызды

көрсеткіштерінің бірі болып

табылады. Бұл ретте Елбасының

«мемлекеттік қызметші,

басшы берілген билікті қолдануы

керек, бірақ оның құмарлыққа

салынбауы керек», «Кейде

лауазымға тағайындайсың,

ал ол аяғының астына қарамайды»,

«Мемлекеттік органдардың

басшылары мен мемлекеттік

қызметшілер жалпы

«өз мүддесін емес, халықтың

игілігін ойлауы керек» деген

сөздерін жадыңызда мықтап

ұстаған жөн.

Әдеп жөніндегі уәкілдің

негізгі функцияларына мемлекеттік

қызметшілердің қызметтік

әдеп нормаларын сақтау,

мемлекеттік қызмет туралы

заңдарына түсіндірме және

кеңес беру, сыбайлас жемқорлық

құқық бұзушылықтардың

алдын алу және ұжымда қолайлы

моральдық-психологиялық

ахуалды қалыптастыру жатады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің

дербес атқаратын лауазымының

енгізілуі «100 нақты қадам»

Ұлт жоспарының 12-қадамын

жүзеге асыруды көздейді.

Ал мемлекеттік қызметшінің

моральдық-әдептік құндылықтарын

дамыту арқылы оның оң

имиджін қалыптастыру идеологиялық,

саяси және мәдени

аспектілерді қарастырады.

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби

шебер болуы жеткіліксіз.

Оның тартымды, әлеуметтік

топтардың көпшілігіне қолайлы

бейнесі болуы қажет. Оның

бейнесі - мемлекет бейнесінің

бір бөлігі. Мемлекеттік қызметшілердің,

жалпы мемлекеттік

органдар басшыларының

жұмысы бойынша биліктің

пәрменділігі, олардың қарапайым

халықтың мұңы мен мұқтажына

жауап бере білу дейгейі

бағаланады. Мемлекеттік

қызметшілерге жүктелетін жоғары

жауапкершілік осыдан

туындайды.

Мемлекеттік қызметшінің

бейнесі адамның сыртқы келбетімен

қатар оның ішкі мазмұны

мен психологиялық түрінен

құралады; ол уақыт пен қоғамның

талабына сай келеді.

Әлбетте, ішкі философия сыртқы

келбетіне, мінез-қылығына

және әріптестерімен қарымқатынасына

әсер етеді. Осыған

байланысты кейбір саясаткерлер

мен іскер адамдар бейне

идеясын дұрыс түсінбеген.

Олар «импорт костюм, көбелекгалстук

киіп, ұқыпты қырынсам,

жылы жымисам, іс бітті –

әріптестерім жақсы көріп сыйлайды»,

деп ойлайды. Бұл - қате

және сенім психологиясы туралы

өте жеңіл көзқарас.

Ал Әдеп кодексі мемлекеттік

қызметшінің моральдық-этикалық

бейнесіне жоғары

талаптар қоя отырып, қоғамның

мемлекеттік қызметшіге

сенімін жоғарылатуға бағытталған.

Сондай-ақ онда мемлекеттік

қызметшінің жүріп-тұруы,

жұмыстан тыс уақытта,

қызметтік жағдайда, халық

алдында сөйлеу кезінде өзінөзі

ұстауы сияқты жалпы стандарттар

белгіленген.

Қоғаммен қатынас кезінде

мемлекеттік қызметшінің сырт

бейнесі мен моральдық құндылықтары

да аз рөл атқармайды.

Сол себепті қала әкімдігіндегі

барлық кадрларға пара беру,

сыйлық алу фактілерін болдырмауды,

әлеуметтік желілерде

сыни тұрғыдағы фотоларды

жарияламауды ұдайы ескерту

қажет. Кез келген мемлекеттік

қызметші мынадай міндеттерді

сақтау қажет: Біріншіден,

басшылар қол астындағы

лауазымды тұлғалармен тәртіп

бұзушылықты болдырмау мақсатында

тұрақты түрде профилактикалық

іс-шаралар жүргізуі

тиіс. Екіншіден, жұмыстан

тыс уақытта ішімдік ішкен

ортада болуды шектеуі керек.

Үшіншіден, «Жемқорлықпен

күрес туралы», «Қазақстан

Республикасындағы мемлекеттік

қызмет туралы» Қазақстан

Республикасының Заңының

және мемлекеттік қызметшілердің

Әдеп туралы кодексінің

талаптарын бұзбау,

жемқорлық фактілерін кесу

және анықтау. Төртіншіден,

киім кию үлгісін сақтау, жемқорлыққа

қарсы шектеулерді

сақтау, соның ішінде сыйлықтарды

қабылдамау.

Жалпы, билік пен қоғамның

байланысын нығайту екі бағытта

жүргізілуі мүмкін. Бірінші,

қоғам өзінің құндылықтары

мен идеалдарын, моральдық

нормаларын танитын билікті

көргісі келеді. Сондықтан билік

халықтың сенімінен шығуға

ұмтылып жалпы құндылықтар

мен идеалдарды ұстануы қажет.

Екінші, билік өкілдері жай

ғана жарқыраған көшбасшылар

емес, қоғамда кең тараған ділді

жақсы меңгерген, халықтың

арасынан шыққан, оларға қол

жетімді және биліктің дәлізінде

олардың мүддесін жақтайтынын

көрсетуі қажет.

Билік құрылымдарының

бейнесін жақсы жағына өзгерту,

осы құрылымдарға деген

көзқарасты да өзгертеді,

мемлекеттік биліктің жұмысының

тиімділігін арттырады.

Әрине, бұл өзгерістер қоғамның

мемлекеттік органдарға

деген сенімін арттырып

қана қоймайды, сонымен қатар,

тұтас мемлекетке сенімін

арттырады. Ал өз мемлекетіне

сенімді азаматтар, оның болашағына

да сеніммен қарап, өз

елінің игілігін арттыруға бар

күшін салады.

М.Акишев,

Шымкент қаласы әкімі

аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкілі

Рухани жаңғыру

№7 Қ.Спатаев атындағы

мектеп-лицейінде 5-15

қыркүйек аралығында

Қазақстан Республикасының

Тілдер күні мерекесіне

арналған «Рухани

кодтың түп-тамыры

– мемлекеттік тіл» атты

тілдер онкүндігі өтті.

Бұл онкүндікте іс-шаралар

қазақ, орыс және ағылшын

тілдерінде өткізілді.

Мектебіміздің білікті ұстазы

қазақ тілі мен әдебиеті

б ір л е с т і г і н і ң ж е т е к ш і с і

Л.Бекбосынова апталықтың

жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Жиында сөз алған мектеп

директоры Раушан Алмаханқызы

тәуелсіз елдің мемлекеттік

тілі мәртебелі де тұрақты

болып, өрістеп дамуына

үлес қосу-жас жеткіншектердің

жауапкершілігінде болатын

міндет екендігіне тоқталып,

ана тіліміздің мерейлі

мерекесімен құттықтады.

Мерекенің алғашқы күні

А.Байтұрсынұлының 145

жылдығына орай барлық

сыныптарда «А.Байтұрсынұлы

– қазақтың рухани көсемі»

атты тәрбие сағаттары

жүргізілді. Тәуелсіздігіміздің

тұғырына көтерілген жылдар

ішінде елдің бірлігі

артқандай. Елімізде ұлтымыздың

ұлы тілімен қатар

әлемдік тілдердің де құндылығы

жоғары. Осы мақсат-

заң және заман

Статистикалық мәліметке

сүйенетін болсақ, елімізде

көптеген әйелдер мен балалар

тұрмыстағы зорлықзомбылықтың

құрбаны болады.

Бала бойындағы табиғи

қасиеттер, адамгершілік

құндылықтар, отбасында,

мектепте, әлеуметтік ортада

қалыптасады. «Баланы бастан

деген халық даналығы

бекер айтылмаған. Көп отбасында

ішкіліктің, жұмыссыздықтың,

жалқаулықтың

әсерінен шаңырақтың шай-

денсаулық

Науқанның мақсаты –

азаматтардың емдеу мекемесін

еркін таңдауына

мүмкіндік беру. Сонымен

қатар, бұл шара жаңадан

қосылған медицина ұйымдардың

келер жылы халыққа

қызмет көрсетуге тапсырыс

алуына жағдай жасауға

байланысты өткізіледі. Өткен

жылы тіркеу науқаны барысында

емхана таңдау құқығын

25934 тұрғындар пайдаланған.

Жалпы, Түркістан

облысы және Шымкент қаласы

бойынша 3 млн-ға жуық

халық бар. Биыл тұрғындардың

тіркеу кампаниясына

деген қызығушылы-

Тіл – құнды қазына

Зорлық-зомбылықсыз

отбасы – ұрпақ болашағы!

Шымкент қаласы

әкімдігінің «Тұрмыстық

зорлықзомбылық

құрбандарына

арналған дағдарыс орталығы»

коммуналдық

мемлекеттік мекемесі отбасылық

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа

ұшыраған

және өмірлік қиын

жағдайда жүрген тағдыр-тауқыметіне

түскен

жандарға көмек көрсетіп

келеді.

қалып, қаншама жазықсыз

әйелдер мен бейкүнә балалар

отбасылық зорлық-зомбылықтың

құрбанына айналуда.

Ұрпаққа сапалы білім мен

саналы тәрбие беріп, отбасындағы

келеңсіз жағдайларға

тосқауыл болу мақсатында

ҚР Бас Прокуратурасының

қолдауымен облыстар

мен аудан, қалаларда

дағдарыс орталықтары ашылып,

жұмыс істеуде. Отбасында

зорлық –зомбылыққа

ұшыраған және өмірлік

қиын жағдайда жүрген азаматтар

мен азаматшаларға

орталық тарапынан арнаулы

әлеуметтік сегіз түрлі

ақысыз қызмет көрсетіледі.

Олар:

1. Әлеуметтік-психологиялық

қызметі (психологиялық

кеңес беру).

2. Әлеуметтік-құқықтық

қызметі (азаматтардың мүдделерін

қорғау құқығымен

байланысты кеңес беру).

3. Әлеуметтік-экономикалық

қызметі (жәрдемақыларды,

өтемақыларды және басқа

да төлемдерді алуға, тұрғын

үй мәселелерін шешуге

та қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын

тілі пәнінің мұғалімдері

Г.Сейтбекова, Б.Асылбекова,

Л.Қалыбаевалар

9 «А»сыныбында «Өсе

бер,тілім,өркенде!» атты үш

тілде кіріктірілген ашық сабақ

өткізсе, Ж.Зиябекова мен

Ж.Кеулімжаева «Үш тұғырлы

тіл - қоғам сұранысы» тақырыбында

мектеп ұстаздарымен

жаңа үрдісте коучинг

сабақ жүргізді.Сонымен қатар,

қазақ,орыс,ағылшын

тілі мұғалімдері А.Сүлейменова,

Г.Куандыкова, Д.Альтаева,

Р.Апатанова, Ж.Мырзабековалардың

ұйымдастыруымен

«Үш тұғырлы тіл саясаты-жастардың

болашағы

мен мүмкіндігі» атты полиглот

сайысы өтті..Сайыстың

жеңімпаздары мақтау қағаздарымен

марапатталды.

Мектебіміздегі қазақ

тілі, орыс тілі,ағылшын

тілі пәндерінің мұғалімдері

А.Мамырбекова,

С.Тұрсынбекова, Г.Орынбаева,Ж.Сейденова,

Г.Рүстемова,

Г.Тазабекованың ашық сабақтарында

жаңартылған білім

беру мазмұнына сай критериалды

бағалау жүйесін енгізу

тәсілдерін көрсете білді.

Мектеп кітапханасында сыныптарының

қатысуымен«

А.Байтұрсынов мысал жанрының

хас шебері» атты танымдық

сабақ өтіп, оқушылар

А.Байтұрсынұлының мысалдарын

үш тілде еркін айтып,

көрініс көрсетті. Мұражайда

өткен «Өз тарихынды

тану-рухани жаңғырудың

даңғылы» атты сыныптан

тыс саяхат сабақтың оқушыларға

берер тәрбиелік мәні

зор болды.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

11 «А»сыныбында өткен

«The Kingdom of three

languages» сабағында оқушылар

тілге қызығушылықтарын

білдіріп белсенді қатысып

отырды.

Онкүндік барысында А.Ақылбек,М.Мусакулова,А.Кунекееваның

ұйымдастыруымен

8-11 сынып оқушылары

арасында «Қазақ тілі-рухани

негізіміз» тақырыбында эссе

жазу сайысы өтті. 9 «Б» сынып

оқушысы Керлібек Диананың

эссесі үздік деп танылды.

А.Ақылбек, Қ.Жұмабекованың

ұйымдастыруымен

8-11 сыныптар аралығында

«Латын әліпбиі – уақыт

талабы» тақырыбында

өткен дөңгелек үстелде латын

әліпбиіне көшудің маңыздылығы

туралы пікір

талқыланды.

Тіл мерекесінің жоғары

деңгейде өтуіне бастауыш

сынып ұстаздары, оқушылары,ата-аналары

да атсалысты.

«Сөзмерген» атты ісшараға

4 сынып оқушылары

арасында отбасылық сайыс

өткізіліп, жеңімпаз топтар

мақтау қағазымен марапатталды.

Онкүндіктің жабылуында

қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын

тілі бірлестіктерінің

жетекшілері А.Жақсыбай,

А.Токумбаева,Б.Изекеева,

А.Ходжамуратова,М.Еркіннің

ұйымдастыруымен «Рухани

кодтың түптамыры – мемлекеттік

тіл» тақырыбында

атты тілдер онкүндігінің

әдеби-танымдық қорытынды

кеші өтті.

Кеш барысында оқушылыр

тіл туралы ақындардың

шығармаларынан өлеңдер

оқып, ұлттық аспаптардың

сазымен құйқылжыта

ән айтып, мың бұрала билеп

өздерінің өнерлерін көрсете

білді.

Мектебіміздің ғылымиәдістеме

ісінің меңгерушісі

Р.Ибраева құттықтау сөзінде

маңызды онкүндікте белсенділік

танытқан топтарды,

жеңімпаз топтарды, жеке

тұлғаларды атап, тіл мамандарына

өз ризашылығын

білдірді.

Мұндай игі шаралар жас

буынның дүниетанымы мен

сана сезімдерін,өмірлік көзқарастарын

қалыптастыруда

тәрбиелік мәні бар шаралар

білімнің шыңдалуына

негіз болады.

Г. Сеитбекова,

қазақ тілі

пәнінің мұғалімі

көмек беру).

4. Әлеуметтік-тұрмыстық

қызметі (тұрғын үй кезегіне

тұруға және жатын орынмен

қамтамасыз етуге көмек

беру).

5. Әлеуметтік-медициналық

қызметі (наркологиялық

және психиатриялық

сараптамаға жолдау үшін

құжаттар дайындауға жәрдемдесу).

6. Әлеуметтік-еңбек қызметі

(кәсіптік білім алуға

және жұмыспен қамтуға көмек

беру).

7. Әлеуметтік-мәдени қызметі

(түрлі іс-шараларға және

қайырымдылық акцияларға

қатыстыруды қамтамасыз

ету).

8. Әлеуметтік-педагогикалық

қызметі (мінез-құлық

дағдыларын қалыптастыру

зорлық-зомбылықтың қайталануының

алдын алу мақсатында

сабақтар өткізу).

Қазіргі таңда Шымкент

қаласы әкімдігінің «Тұрмыстық

зорлық–зомбылық құрбандарына

арналған дағдарыс

орталығы» КММ-нің

әлеуметтік жұмыс жөніндегі

қызметкерлері, психологтары

мен заңгерлерінің құқық

қорғау мекемелерімен, білім

мекемелерімен, Шымкент қалалық

емханаларымен бірлесе

отырып түрлі іс–шаралар

ұйымдастырып келеді.

Орталыққа өтінішпен

келген қызмет алушылардың

ойын жақсы жағына

өзгерту, әдемілікті сезіндіру,

көтеріңкі көңіл-күй сыйлау

мақсатында сұлулық салондарына

ақысыз түрде өтілетін

акцияларға, театрда

өтілетін мәдени іс-шараларға

қатыстырылып отырады.

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық

құрбаны болсаңыз

немесе қоғамдағы келеңсіз

жағдайларға куә болсаңыз

мына мекен-жайдағы

Шымкент қаласы, Абай

ауданы, Самал-3 м/а, 1928/

1 дағдарыс орталығына келуіңізге

немесе мына байланыс

нөмеріне хабарласуыңызға

болады.

8(7252) 27-34-79, 8705-212-95-

00, 8778-992-98-81.

Емханаға тіркеу науқаны басталды

Жыл сайын дәстүрлі

жүргізілетін

емхананы

таңдау науқаны қыркүйектің

15-інде басталып,

15-қараша айлары аралығында

жүргізіледі.

Қатира Иманәлиева,

Шымкент қаласы

әкімдігінің

«Тұрмыстық

зорлық–зомбылық

құрбандарына

арналған дағдарыс

орталығы» КММ-нің

әлеуметтік жұмыс

жөніндегі

консультанты

ғы басым.

Отбасылық қызмет көрсету

және медициналықсанитарлық

көмектің қолжетімділігі

принциптерін

іске асыру үшін емхананың

үйге жақын маңда болғаны

дұрыс. Бұл үйде біреу

ауырып, өзін жайсыз

сезінген жағдайда дәрігерлердің

жедел көмек көрсетуіне

мүмкіндік береді. Сонымен

қатар, дәрігерлерге

түсетін жүктеме мен емханалардағы

кезекті азайту

мақсатында тіркеу шегі

белгіленіп отыр. Ол бойынша

1 жалпы практика дәрігеріне

тіркелетін адам саны

1700-ден аспауы тиіс. Бұрын

бізде бір дәрігер 2000 адамға

қызмет көрсететін. Бұл

жаңа учаскелердің ашылуына

түрткі болады деп үміттенеміз.

Және бұл мәселеде

медицина бизнесі өкілдері

белсенділік танытады

деп сенеміз. Өткен жылдың

өзінде қормен келісімшарт

бекіткен жеткізушілер

саны едәуір артты. Қазіргі

таңда Қордың жеткізушілер

тізімінде Түркістан облысы

және Шымкент қаласы

бойынша 165 медицина

ұйымы бар. Оның 82-сі -

жеке меншік.

Азаматтар үш түрлі жолмен,

яғни, таңдап алған

медицина ұйымына тікелей

барып, электронды үкімет

порталы арқылы онлайн

режимінде және Халыққа

қызмет көрсету орталықтары

арқылы тіркеле

алады. Емхана арқылы тіркелу

үшін жеке куәлік пен

бас дәрігердің атына жазылған

өтініш талап етіледі.

Ал, egov.kz порталы арқылы

тіркелу үшін жүйеге кіріп,

электронды өтінімді толтырасыз.

Қызметтің нәтижесі

өтініш берушінің Жеке

кабинетіне жолданады. Халыққа

қызмет көрсету орталықтары

арқылы тіркелу

үшін Connection Points

бөлімінің қызметін пайдалануға

болады.

Халықты тіркеумен айналысатын

емханалардың

тізімі Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының

fms.kz сайтындағы «Клиника

таңдау» бөлімінде орналасқан.

Биылғы тіркеу науқанына

бастапқы медициналықсанитарлық

көмек көрсететін

67 ұйым қатысып жатыр.

Ахмет Беден,

«Әлеуметтік

медициналық сақтандыру

қоры» КЕ АҚ

Оңтүстік Қазақстан

облысы бойынша

филиалының

бөлім басшысы

Сара Оспанова,

№8 Шымкент

қалалық емхананың

бас дәрігері

Денсаулық

www.shymkala.kz

№78 (1617)

3 қазан 2018 жыл

7

Тегін медициналық көмектің

жаңа модулінен не күтеміз?

Елімізде кепілдендірілген

медициналық көмек

көрсетудің тізімі

он жылға жуық уақыт өзгермеген.

Денсаулық сақтау

саласына түсіп жатқан

қаржының 41%-ы халықтың

қалтасынан шыққан.

Бұл туралы «Әлеуметтік

медициналық сақтандыру

қоры» қоғамының өңірдегі

филиалы мамандары жаңа

жүйенінің тиімділігін халыққа

түсіндіру жұмыстары

барысында жеткізді.

Медициналық сақтандыру

жүйесінің қарапайым халық

үшін пайдасы қандай?

Ескі жүйеден арылуға не

себеп болды? Жаңа реформаның

жай-күйі мен болашағын

тарқатып көрсек.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Ескі тізім

шығынға батырды

Елімізде халықтың денсаулығын

жақсартуға жылдар

бойы қомақты қаражат бөлініп

келгенімен медицина саласында

проблемалар азаймауда.

Дәрі-дәрмек қымбаттады, емдом

алу халықтың қалтасына

салмақ салды, созылмалы аурумен

ауыратын науқастардың

өлім-жітімі көбейді. Саладағы

өзекті мәселелердің шешімін

табудың жолы қандай?

Елбасы Н. Назарбаев соңғы

Жолдауында «Қазіргі заманғы

денсаулық сақтау жүйесі көп

шығынды қажет ететін стационарлық

емнен профилактикаға

көшіп, аурудың алдын алуға

ден қоюы тиіс. Мемлекет міндеттемелерін

шеті мен шегін

нақтылай отырып, тегін медициналық

көмектің жаңа үлгісін

жасап шығу қажет» деп тапсырма

да берген болатын. Салаға

жауаптылар тығырықтан шығуда

талдау-зерттеу жүргізіп,

сараптап, дамыған елдердің

тәжірибесіне сүйеніп, міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесін енгізуді қолға

алды.

– Елімізде тегін кепілдендірілген

медициналық көмек

көрсетудің тізімі 2009 жылы

бекітілген. Тоғыз жыл ішінде

елімізде әлеуметтік жағдай өзгерді,

адамдардың өмір сүру

жасы ұзарды, халық саны артты.

Бұдан бөлек қатерлі ісік,

қант диабеті, тыныс жолдарының

кеселі, жүрек-қан тамыр

ауруларымен ауыратын науқастар

(өлім-жітімнің 74%-құрайды)

көбейді. Сонымен бірге

халық тегін ем-дом алады дегенімен,

денсаулық сақтау саласына

түсіп жатқан қаржының

41%-ын тұрғындар өз қалтасынан

шығарған. Салаға мемлекеттік

бюджеттен өткен жылы

940 млрд теңге бөлінсе, ал халық

қалтасынан медициналық

көмек алуға 646 млрд теңге

жұмсаған. Ал бұл өз кезегінде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымы белгілеген деңгейден

екі есе көп (20%). Осындай

жағдайлардың барлығын саралай

келе, міндетті әлеуметтік

сақтандыру жүйесін енгізу

және оның ішінде тегін медициналық

көмек алудың тізімін

жаңарту қажеттілігі туындады,

– дейді «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының ОҚО филиа-

лы директорының орынбасары

Найля Дабысқызы.

Басшының мәліметіне жүгінсек,

халықтың қалтасынан

шыққан қаражаттың 58, 4 млрд

теңгесі – стационарлық, 146,7

млрд теңге – емханалық амбулаториялық

көмекке, оңалту

қызметіне – 11,3 млрд, стоматологиялық

қызметке – 19,6 млрд

теңге, дәрі-дәрмекке – 299,2

млрд теңге жұмсаған. «Мұндай

көрсеткіштермен кете берсе,

ұлттың денсаулығын жақсарту

мүмкін емес» дегенді алға

тартты жауапты маман.

Жаңа пакет...

Не өзгереді?

Тізімдегі тегін консултативтік-диагностикалық

көмек

тізіміне 2000-ға жуық (1949) қызмет

кіреді екен. Онда маманның

қабылдауы, кеңес беру, зертханалық

қызмет, диагностикалық

зерттеулер, процедуралар

т.б. бар. Найля Дабысқызы «осы

тізімдегі көптеген қызметтер

ескіріп, тиімсіз және нәтижесінде

мемлекетті шығынға батыруда»,

– дейді. Оған маман мынадай

деректерді келтірді:

– Аталған тізімде керексіз

қызметтер өте көп. Бір ғана

мысал, денсаулық сақтау саласы

250-ден аса ауру түріне динамикалық

бақылау жасауды

міндетіне алған. Бүгінде мұндай

бақылауға 5 млн 800 мың

науқас алынған. Бірақ олардың

арасында остеохондроз, ревматикалық

емес артрит секілді аурулар

бақылауға жатпайды. Сол

секілді диагностика жасаудың

ешкім қолданбайтын ескірген

әдістері көп және емханаларда

кейбір мамандардың қызметіне

адамдар мүлдем жүгінбейді.

Бұлардың барлығы өз кезегінде

қаржыны желге ұшыруда.

Керісінше дәрігерлік бақылауды

қажет ететін артериялдық

гипертония, буын ауыстыру,

инфаркт, инсультке шалдыққан

науқастарды медициналық

оңтайландыруға қаржы жетпеген.

Өткен жылдың өзінде 180

мың науқас оңтайландыру көмегінсіз

қалды.

Сонымен, Н. Дабысқызы 2020

жылы міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесі

толығымен қолға алынып, тізім

жаңарса, мынадай өзгерістер

болатынын жеткізді. Атап айтқанда,

диагностикадағы ескірген,

тиімсіз 959 қызмет тізімнен

алынып тасталады. Емханалардағы

трансплантолог,

анестезолог, иммунолог, диетолог,

клиникалық фармаколог

(маманның айтуынша бұл

дәрігерлердің қызметіне ешкім

жүгінбейді) болмайды. Ауруханаларда

тек тәулік бойы бақылауды

қажет ететін науқастар

ғана емделеді.

Қандай нәтиже

күтеміз?

Қазір халықта «медициналық

сақтандыруға жарна салмасақ,

дәрігерге көріну мұңға

айналады. Медициналық қызметтің

барлық түрін ақылы аламыз.

Ертеңіміз не болады деген»

күдік бары рас. Жаңа жүйені

енгізудің 2020 жылға қалуының

бір ұшы осында жатыр.

Қазір елімізде «сақтандырылмаған»

1,7 миллион адамның

әлеуметтік статустары анықталуда.

Ал жауаптылар екі жылдан

кейін толықтай іске қосылатын

жүйенің төрт тарапқа пайдалы

тұсын былай жеткізді:

Мемлекетке тиімділігі –

өлім-жітім көрсеткіші азайып,

мемлекет міндеттемелерінің

шеті мен шегі анықталады;

Азаматтарға тиімділігі – медициналық

қызметке аз қаржы

жұмсап, дәрігерлік көмек алуда

қолжетімділік артады;

Медицина қызметкерлеріне

тиімділігі – дәрігерлерлік жүктеме

азайып, оларға төленетін

еңбекақы көлемі артады.

Медициналық ұйымдарға

тиімділігі – медициналық қызметтер

нарығының ашықтығын

қамтамасыз етеді, бәсекелестік

орнайды және ақылға сыйымды

тарифтер қалыптасады.

Халықтың денсаулығы –

мемлекеттің байлығы. Дені сау

ұлт қай елдің болмасын жақсы

көрсеткіші деуге болады. Ендеше

саладағы өзгерістер тұрғындардың

саулығын жақсарту

бағытындағы жылдар бойғы

«сеңді» қозғалта ала ма? Оны уақыт

еншісіне қалдырайық...

Емханаға «Дамумед»

арқылы жазылуға болады

Елімізде «Цифрлы Қазақстан»

бағдарламасы

аясында ақпараттық

технологияның

маңызы арта түсті. Шаһарда

цифрландыру бойынша

ауқымды жобалар

жүзеге асырылуда. Соның

ішінде медицина саласында

емханаға жазылу

науқанында шымқалалықтар

«Дамумед» жаңа

қосымшасының игілігін

көре бастады. Тұрғындар

қосымша арқылы дәрігер

қабылдауға жазылып, емханаларға

тіркелуде.

Азамат ЖАППАР

azamat.zhappar@mail.ru

Жуырда Елбасы үшінші мегаполистегі

сапарында қаладағы

цифрландыру бойынша

атқарылып жатқан жұмыстармен

танысты. Мемлекет басшысы

денсаулық саласындағы

мобильді қосымшаның жұмыстың

өнімділігін арттыруда

жақсы бастама екенін атап өткен

болатын. Қалалық №4 емханасы

бас дәрігерінің орынбасары

Райхан Жаңабекованың

айтуынша, Шымкентте

мобильді қосымшаны қолданушылардың

қатары күн санап

арта түсуде.

– Біздің емханамыз да

цифрлы жүйеге көшіп, науқастарымыз

электронды тіркеу

арқылы дәрігерлердің қабылдауына

жазыла алады. Бұл

қосымшаны «Даму» IT-орталығы

дайындаған. Онда тұрғындардың

дәрігердің қабылдауына

жазылуына немесе науқастар

сала мамандарын үйлеріне

шақыруына мүмкіндігі бар.

Зертханалық тексерулер нәтижелері

мен тиісті дәрілер

тізімін, сондай-ақ, ауырғанын

растайтын парақтың электронды

нұсқасын пайдалана алады.

Еліміз бойынша 12 өңірден

236 медициналық мекеме

аталған қосымшамен жұмыс

істеуге көшті. ДамуМед

Apple және Android операциялық

жүйелерінің пайдаланушылары

үшін қолжетімді, –

дейді дәрігер.

Айта кетейік, тұрғындарға

ақпараттық және электронды

көмек көрсету мақсатында

«ДамуМед» медициналық ақпараттық

жүйесінің мобильді

қосымшасы қаламызда ақпан

айынан бастап енгізілді. Қазір

кез келген адамның қолында

смартфон бары баршамызға

белгілі. Осы смартфон арқылы

емханаға бармай-ақ, дәрігер

қабылдауына жазылуға,

көмек алуға мүмкіндік барын

бірі білсе, бірі білмейді.

«ДамуМед» медициналық

мобильді қосымшасындағы емделушінің

жеке кабинеті медициналық

ұйымның электронды

қызметіне қолайлы қол

жеткізу үшін арналған. Сіз

өзіңізге және отбасыңызға арнап

электронды қызметке тапсырыс

бере аласыз. Ал қабылдауға

жазылу үшін таңсәріден

емханаға барудың және тіркеу

бөліміне телефонмен қоңырау

шалудың қажеті жоқ. Үйден

шықпай-ақ қабылдауға жазыла

аласыз. Дәрігерді үйге шақыру

қызметін де өзіңізге кез

келген қолайлы уақытта тіркей

аласыз. Сіздің өтінішіңіз

дәрігердің жеке кабинетіне түседі.

Тіркеуді алған дәрігердің

жұмыс күні ішінде сізге көмек

көрсетуге мүмкіндігі болады.

Емханаға сауыққаннан

кейін тек өзіңіздің еңбекке жарамсыздық

парағыңызды алу

үшін де барудың қажеті жоқ.

Аталған қосымша арқылы

ашылған еңбекке жарамсыздық

парақтардың мәртебесін

қадағалап, жабылған еңбекке

жарамсыздық парағын жүктеп

алуыңызға болады.

Осылайша цифрлық жүйе

арқылы қызмет көрсетуге

көшкен аталған емханада

бүгінде 100-ге жуық дәрігер

болса, оның ішінде жоғары

санаттағы – 24, бірінші санатты

– 13, екінші санатты

10 білікті маман бар. Ақ халаттылар

жергілікті халыққа

дер кезінде қол ұшын созуға

әзір. Дәрігерлердің айтуынша,

емхана заман талабына

сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ал ұялы қосымша

дәрігерлердің қағазбастылықтан

арылтып, науқаспен бірге

болуына жағдай жасайды.

Бұл емхана дәлізіне жиналған

халықтың азаюына да

мүмкіндік береді. Науқастар

ауруханада сабылып жүріп

алмай, қажетті сауалдарына

онлайн түрде жауап алып, қажетті

құжаттарын электронды

үлгіде алуына болады.

– «Дамумедке» жалпы халықтың

15%-ы жазылды. Біздің

емханамызға да жүкті келіншектер

мен балалы ата-аналар

қоңырау соғып, ақпарат

алып үлгерді. Пилоттық жоба

аясында бұған дейін жалпы

100 мың қолданушы онлайн

жазылуға тіркелсе, 180 мыңға

жуық науқас терминал арқылы

тіркеуден өтті. 30 мыңға

жуық адам үйіне дәрігер шақыртқан.

Бұл жоба қала тұрғындарының

уаықытын үнемдеуде

пайдалы жағын көрсетсе,

біздің жұмыстың жүйелі әрі

дереу орындалуына мүмкіндік

бермек. Ал 2019 жылдан бастап

қағазсыз медициналық

қызмет көрсетуге көшеміз, –

дейді Р.Жаңабекова.

Бұл денсаулық саласындағы

цифрландыру бағытындағы

жұмыстардың бірі ғана екенін

ескерсек, алдағы уақытта медицина

саласында көптеген

жаңа технологиядағы жаңалықтар

мен ауқымды жұмыстардың

куәсі болмақпыз.

Екпеден бас тартқан

ата-аналарға түсіндіру

жұмыстары күшейтілді

Шымкенттік дәрігерлер екпеден бас тартқан

ата-аналарға түсіндіру жұмысын

жүргізуде. Қаладағы №46 мектептің өзінде

38 ата-ана баласына екпе салдырудан бас

тартқан. Түсіндіру жұмысының нәтижесінде әзірге

солардың 10-ы баласына екпе жасатуға келісім

берген.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Дегенмен, инфекциялармен

күресте вакцинаның маңыздылығы

айтылғанымен,

қарсылық білдірушілер саны

азаяр емес.

№46 мектепке жиналған

санитар мамандар, емхана

дәрігерлері мен дін саласының

өкілдері ата-аналарға екпенің

маңыздылығын бүгешігесіне

дейін түсіндірді.

– 15 қыркүйектен бастап

6-7 жас аралағындағы балаларға

туберкулезге қарсы

манту сынамасы мен БЦЖ

екпесі егу басталды. Ата-аналар

арасынан бұл екпені егуге

қарсылық білдіріп отырғандар

көп. Екпе салдырмағаннан

қоғамға қауіпті аурулар

тарайтынын ескеріп,

балалардың болашағын ойлау

қажет, – деді Шымкент

қалалық көпсалалы аурухананың

балалар бөлімшесінің

меңгерушісі Жанар Молдабекова.

Шымкенттегі бір ғана Еңбекші

ауданының өзінде соңғы

бір жылда 84 адам туберкулезбен

ауырған. Оның алтауы

(3 бала, 3 жасөспірім)

туберкулезге қарсы екпені

алмаған. Осылайша сала мамандары

қаладағы барлық

білім мекемелерінде түсіндіру

жұмыстарын күшейтпек.

Себебі, екпені алу мерзімі бітуге

таяу.

8

№78 (1617)

3 қазан 2018 жыл

Әр алуан

www.shymkala.kz

Рухани

жаңғыру

мерейтой

Шы м кен т қ а л а л ы қ

қуыршақ және жасөспірімдер

театры

өнер ордасының 35 жылдық

мерейтойын атап өтті. Мерейтойларында

театр әртістері

көрермендерге «Бізге –

35 жыл» атты мерекелік музыкалық

кеш сыйлады.

Қуыршақтармен

өткен қызық шақтар

Кеш барысында әртістер қуыршақтар

арқылы театр тарихынан

сыр шертетін, әр жылдары қойылған

қойылымдардың кейіпкерлерін,

режиссерлары мен суретшілердің

есімдерін атап, өткен

тарихына шолу жасап, 35 жылдық

тарихында сахналанған қойылымдардан

көңілді көріністер

көрсеті. Концерттік бағдарламада

театрдың көркемдік жетекшісі,

ҚР Мәдениет қайраткері Антонина

Малюченконың «Сказка о любви»,

«Птица счастья», белгілі сатирик

Оспанхан Әубәкіровтың «Қожа

мен спорт» т.б. қойылымдарынан

үзінділер көрсетіліп, қуыршақтардың

түрлері ұсынылды.

Салтанатты іс-шараны театр

директоры Бахтияр Әбілұлы өз

құттықтауымен ашып берді. Мұнан

соң Түркістан облыстық салалық

мәдениет, спорт қызметкерлерінің

кәсіподағы филиалының

төрағасы Бастарбек Пірімбетұлы

өнер ұжымын мерейтойымен

құттықтай отырып, театр

директоры Б.Әбілұлын «Облысқа

сіңірген еңбегі үшін» медалімен

марапаттады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының

Шымкент қалалық филиалы

атына режиссер Мақпал Малдыбаева

мен актриса Ақбөпе Тултаеваға

Алғыс хат табысталды. Облыстық

мәслихаттың «Құрмет грамотасымен»

труппа меңгерушісі

Ғ.Нарымбетова, облыстық «Нұр

Отан» партиясының Алғыс хатымен

актриса Е. Юрьева және цех

меңгерушісі З.Грибова, облыстық

салалық мәдениет, спорт қызметкерлерінің

кәсіподағының Алғыс

хатымен тігін цехының меңгерушісі

У.Эгамсапарова, дыбыс режиссері

Ү.Алтаев марапатталды.

Сонымен қатар Ұ.Тәшібекқызы

мен дыбыс режиссері Ж. Абдихадиров

Қазақстан театр қайраткерлері

одағының Шымкент қалалық

филиалының Алғыс хатына

ие болды.

Мерейтойлық кеште Жұмат Шанин

атындағы қазақ академиялық

драма театры, Сатира және

әзіл-сықақ театры және қалалық

орыс дарама театры мен қалалық

өзбек драма театры өз өнерлерін

көрсетті.

А.САПАРБЕКОВ,

театрдың әдебиет бөлімінің

меңгерушісі

Театр

жетістігі

Шымкент қалалық қуыршақ

және жасөспірімдер

театры 1983 жылы құрылды.

Қазақ сахна өнерінде өзіндік

тарихы қалыптасқан театрлардың

бірі. Репертуарында

150-ге жуық қойылым бар.

2014 жылдың қорытындысы

бойынша театр ұжымы

«Жылдың ең үздік мәдениет

және өнер мекемесі»

атанды.

2015 жылы ҚР орташа

кәсіпорындары арасындағы

үздік үштікке еніп, республикада

үздік үшінші театр атанды,

«Сала үздігі - 2015» ұлттық

сертификатымен марапатталды.

2018 жылы Елбасының

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» бағдарламалық

мақаласы аясында «Театр

көктемі – 2018» облыстық

театр фестиваліне А.Малюченконың

«Птица счастья»

қойылымымен қатысып, «Актерлік

ансамбльдік тұтастық»

номинациясын жеңіп

алды, ал актриса Людмила

Лушина «Екінші пландағы

үздік әйел ролі» номинациясының

иегері атанды.

Қолөнер –

ұлтымыздың өрнегі

Шымкенттегі Көрме орталығына еліміздің

және өңірдің түкпір-түкпірінен ұлттық қолөнерді

сақтап, дамыту жолында еңбек етіп

жүрген 40-тан астам қолөнер шеберлері жиналды.

Жәрмеңкеге қатысушылар өздерінің қолынан жасаған

ұлттық дүниелерін көрсетіп ғана қоймай, насихаттауға

мүмкіндік алды.

– «Халық мұрасы – халық

қазынасы» жәрмеңкесі

Елбасының «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» мақаласы

аясында ұйымдастырылды.

Мұнда шеберлердің

еңбектерін көрсетіп, үздіктерін

халыққа таныстырғымыз

келді, – деді Көрме орталығының

өкілдері.

Шеберлер заман талабына

сай былғарыдан, жүннен,

қыштан, ағаштан жасалған

туындыларын және зергерлік

бұйымдарын ұсынды.

Солардың бірі – Алматыдан

келген таза былғарыдан

ұлттық үлгіде аяқ киім

тігетін «Қадам» фабрикасының

нарыққа шыққаны біраз

уақыт болған.

– Аяқ киімдерді ұлттық

нақышта тігеміз. Бағасы да

қолжетімді. Мұндай жәрмеңкелер

жиі ұйымдастырылса,

тұтынушыларымыз

көбейер еді, – дейді алматылық

шеберлер.

Осымен төртінші рет

ұйымдастырлып отырған

жәрмеңкенің биылғы ерекшелігі

– үздік қолөнершілердің

еңбегі ескерілді. Қазылар

алқасы шымкенттік

ағаш шебері Мұратәлі

Өтеуліұлын қолынан шыққан

туындыларын ерекше

бағалып, бас жүлдеге лайық

деп таныды. Еңбегі ерекше

қолөнершілердің барлығына

алғыс хат пен сыйлықтар

табысталды. Жалпы, ұлттық

дүнеиелерімізге деген сұраныс

азаймағанын жәрмеңке

барысында байқадық. Әсіресе,

ұлттық киімдер, ыдысаяқтарға

қызығушылық танытып,

сатып алып жатқандар

аз болмады.

А. КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

С´бит ТАСТАНБЕК

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 2985 Таралымы: 8037 дана

Кезекшi редактор – С´бит ТАСТАНБЕК

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!