14.05.2019 Views

Turk-Dövletleri-Birliyi-Qazax

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

11. ЕУРАЗИЯНЫҢ ӨЗГЕРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӨЗГЕРМЕЛІ

БАТЫСТЫҚ САЯСАТЫ

Ренессанс, Реформация мен Ағартушылық қозғалыстары қоғамдық, саяси,

экономикалық және мәдени өмірді түбегейлі өзгертуге дайындалу үстіндегі

Еуропаның барлық қапталындағы үдерістерге қозғау салды: еуропалықтар

жүздеген жылдар бойы билік жүргізген корольдерді орындарынан кетіруден

және оларды жазалаудан, әулеттерін өлтіріп тастап, жаңа саяси жүйе

қалыптастырудан (Француз революциясы), саяси тәжірибеде – парламенттік

мәдениетті күшейтуден (британдық реформа), өндірісті революциялық

әдістермен өзгерте отырып, экономиканың капиталистік жүйесін қалыптастыру

және оны бүгінгі күннің тұрғысында жүзеге асырудан еш уақытта қашқан

емес. Вестфальд бітімі (1648) жасалғаннан кейін Еуропада ұлттық

мемлекеттердің пайда болу үрдісі қайталанбайтын болды. Әрине, осыдан кейін

аймақтардағы соғыстар бірден тоқтап қалған жоқ, дегенмен құрлықтық өзінөзі

ұйымдастыруының саяси қисыны Еуропа ішіндегі жанжалдарды Еуропа

сыртындағы бәсекелестік алаңына қарай бағыттай бастады. Планетаның

географиясы және оның түрлі аймақтарында тіршілік етіп жатқан адамдардың

өмір сүру салты жөніндегі тың ақпараттарының легі «еуропалықтарды оятты».

Олар өз уақытында Александр Македонский, одан кейін Рим империясы

кеңейтіп кеткен сонау шекара аймақтарына қайтадан оралуды қиялдады.

Бұдан әрі, олар қалыптасқан шектеулерден аттап өтіп, ендігі жерде Азия,

Африка, сондай-ақ Америка құрлықтарында «өздерінің үкіметін» құрудың

мүмкін екендігіне шексіз сеніммен қарай бастады. Еуропалық мемлекеттердегі

экономиканың дамуы саяси құрылымдардың ілгерілеуіне, оның ізін ала әскери

өнеркәсіптің дамуына жол ашты.

Еуропаның қатты дамыған елдері Еуропадан тыс алып геосаяси кеңістіктердегі

өзінің «өркениеттік артықшылықтарын» әскери-саяси өктемдіктерімен

алмастыру үшін бір-бірімен қатал бәсекелестік күреске кірісіп кетті. Тарихы

XVIII ғасырдан басталып, өзінің шырқау шыңына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ

ғасырдың басында көтерілген Еуразиялық империализм, планетаның басым

бөлігін өздерінің саяси экспансиясының желісіне тартып алды. Планетамыздың

батыс бөлігінің жарты шары ХХ ғасырға дейінгі уақытта әлемдік саясатты

басқаруға қатысқан жоқ. Есесіне, осы кездерге дейін бұл саясаттың негізгі алаңы

Шығыстың жарты шары бөлігінің, нақтылап айтқанда, Азия мен Еуропада

бірін-бірі алмастырып жатқан гегемон-мемлекеттердің қолында болды. Тек

Құрама Штаттары мен Батыс жарты шары ғана, гегемондардың менмендігінің

басымдығына айналған «нақты саясаттың» бағытын жүргізе асырылған сәттен

бастап қана, олар әлемдік саясатқа шықты (272. 17-55, 137 беттер).

151

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!