14.05.2019 Views

Turk-Dövletleri-Birliyi-Qazax

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Шашыраңқылықтың біртұтастығы

мақсаты санайды. Солтүстік және Оңтүстік Әзербайжанның жалпы аумағы

Түркияның жер көлемімен бірдей деп есептелгенімен, біздің қолымызда

Әзербайжан Республикасының (Солтүстік Әзербайжан) жер аумағы 86600

шаршы шақырымға тең деген нақты ақпарат бар. Осы көрсеткішке сәйкес

Әзербайжан жер көлемі жағынан әлемдегі 113-ші мемлекет, 9 327 000 халқы

бар, ол адам саны жағынан – 83 орында. Адамның даму индексі бойынша

(0,713) көрсеткішіне ие болған халық әлемде - 67 орында. Экономикасының

даму қарқыны бойынша 2005 жылдан бері Әзербайжан жетекші мемлекеттердің

біріне айнала алды. Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдық көлемі 62 млрд 321 млн

АҚШ долларын, ал халықтың тұтыну көлемі – 6 832 долларды құрайды. 1996

жылы экономикалық дағдарыс ауыздықталғаннан кейін ІЖӨ деңгейі 5,7 есе,

оның ішінде өнеркәсіп – 5,5 есе, ауылшаруашылығы шамамен 2 есе, құрылыс

секторы 41 есе, көлік қатынасы – 4 есе, байланыс саласы – 19 есе, сауда –

6 есе өсті. Бүкіл әлемді тығырыққа тіреп қойған дағдарыстан Әзербайжан мейлінше

аз шығынмен шыға алды. Салыстыру үшін айта кететін жайт, егер де

2009 жылғы дағдарыс кезінде ТМД елдеріндегі өндірістің құлдыру көрсеткіші

6 пайыз құраған болса, дәл сол мезетте Әзербайжан 10 пайыздық өсімге қол

жеткізе алды. Небәрі 14 жыл (1996-2001 жылдар) ішінде Әзербайжан экономикасына

55 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Бұл инвестициялардың

жылдық көлемі уақыт өткен сайын арта келе, 2010 жылы ең жоғарғы деңгейге,

яғни 8,2 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы алғанда, тәуелсіздікке ие болған

жылдар ішінде ел экономикасына 90 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция

тартылыпты. Сонымен қатар, өткен он жыл ішінде банктік-несиелік ұйымдар

тарапынан берілген несие көрсеткіші де 20 есеге дейін өскен. Әзербайжанның

мұнайы мен газын әлемдік нарыққа тасымалдау мақсатында қолға алынған Баку-Тбилиси-Джейхан

және Баку-Тбилиси-Эрзурум тасымалдау құбырларының

құрылысы аяқталып, Әзербайжан мен Еуроодақ арасындағы энергетикалық

жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде аталған екі тасымалдау құбыры

арқылы 150 млн тонна мұнай және 17 млрд текше метр газ тасымалданды. Сонымен

қатар тасымалдау фазаларының жүзеге асырылуы нәтижесінде Қазақстан

мен Түрікменстан секілді бауырлас елдердің мұнайлары да тасымалдана бастады

(90,89). Қазіргі уақытта Әзербайжанның табиғи газ қорының мөлшері

2 трлн. шаршы метр құрайтыны белгілі болып отыр. Таяудағы Трансанадолылық

және Трансадриатикалық жаңа газ тасымалдау құбырларының құрылысын

салу жөніндегі қол қойылған келісімдер біздің еліміздің экспорттық және тасымалдау

әлеуетін айтарлықтай арттырып қана қоймайды, сонымен қатар Еуропаны

көгілдір отынмен қамтамасыз етуде Ресейді монополиялық ету мәртебесінен

айыруға да айқын мүмкіндік туғызады.

Әлемдік өркениеттің тарихи жетістігінің бірегейі саналатын «Жібек жолы»

идеясының өзектілігі қайта жаңғырып, ол бүгінгі таңда әлемдік тасымал

жобаларының ішіндегі ең іргелі күретамырының біріне айналды. Бұл жобаның

ауқымында жүзеге асырылуы тиіс маңызды мақсаттардың бірі, сөз жоқ,

59

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!