06.08.2019 Views

6 тамыз, 2019 жыл №88 (15408)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл БІРТУАР

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІРТҮЙЕР

Жұрт Зейіндей жазушысын

Сирек тағдыр иелері, күрделі мінездер бойында тоғысқан таланттар туралы жазу ойымда

біраз жылдардан бері бар болатын. Жазушы әрі дәрігер Зейін Шашкин туралы қалам тербеу

тосыннан болды. Сыйлы ағамыз, қаламгер Талғат Кеңесбайдың бір ауыз сөзі біздің ниетіміздің

оң болуына септесті (мақала 2016 жылы жазылған). Сонымен біз Зейін Шашкиннің жары Мариям

Шашкинаның үйінен бір-ақ шықтық.

Кіреберістегі қабырғасы тұтас кітаптарға толған үйдің залында көзіміз төрдегі тарихи фотосуреттерге

түсті. Осыны аңғарды ма, жазушының жары әңгімені осынау картиналардың тарихынан

бастады.

«Атам - «киізші

Бисеке» деген кісі»

«Мұхтар Әуезовтің атақты «Абай

жолы» роман-эпопеясында киізші Бисеке

деген кісінің есімі жазылған. Заманында

Семей өңіріндегі ең беделді байы болған.

Көпшілік оны киіз басатын зауыттың иесі

деп білген. Өз әкем Нұрлан да ауқатты

адам болыпты. Әкемді көрмедім, 1928 жылы

қайтыс болғаннан кейін туғанмын. Нағыз

қазақ байларының басына зауал төнген қиын

шақ. Кәмпескелеудің дүрмегімен әкемді,

оның жалғыз бауырын қуғындады, кейінгі

респрессияның тырнағынан да құтылмады.

Үйде еркек кіндіктіден ешкім қалмады,

өңкей қыз, бас көтерері деген менің шешем

Қалиман ғана болатын. Ашаршылық басталған

1932 жылдары шешемнің туыстары -

нағашыларым Семейдің жанындағы ауылда

тұратын, сол бір ауыр кезеңде олардың

барлығы ауып, шаһардағы біздің үйге келді.

Сондағы жайт еміс-еміс есімде: біздің үйдің

үлкен қақпасын ашып кірген адамдар аман

қалды да, ауыр есікті ашуға әл-дәрмені құрып,

аштықтан титықтаған жандар өліп кетті.

Көптеген туыстарымыз сол ашаршылықта

көктей солды, қыршын кеткен қаншама

балалар. Ойласам жаным түршігеді.

Семейдің ет комбинаты – сол кездің

өзінде дүркіреген мекеме. Шешесі, қолөнер

шебері Қалиман қаладағы еткомбинаттың

асханасына жұмысқа тұрды. Ғимараттың

сыртындағы ас қалдықтарын төгетін орында

құрт-құмырсқа секілді құжынаған аш-арық

адамдар жүретін деп еске алады қызы

Мариям апай.

«Қалдықтарды төккенде ішінен жеуге

келетін ас тапса, солармен өзегін жалғаған

адамдар. Осындай ауыр жайтты көзімен

көрген менің шешем асханадан қалдыққа

көбірек кеспе, қамыр, нан қалдықтарын

тастап, аш-арықтарға көмек қолын созыпты».

«Әкем Қажымұқанның

айнымас досы болды»

«Ал әкем Нұрлан Бисекеұлы туралы білетінім

өте аз. Оның мынау тұрған фотосуретін бір

суретші бауырымыз Орталық мемлекеттік

архивтен тапқан. Өзінің жұмыстарымен

мұрағаттарды ақтарып отырып ол кісінің

осы бір елеусіздеу ескі портретке көзі түседі.

«Бұл кім, қайдан жүр? Не істеген

адам?» деген сауалдар санасында тұнып,

автопортреттегі жас тұлғаның кім екенін

анықтауға тырысады. Суретпен бірге ескі

славян тілінде оқу бітіргені, мамандығы

инженер екендігі және аты-жөні жазылған

бір жапырақ қағаз шыққан. Қағазы сарғыш

тарта бастаған тарихи фотосуреттегі жас

жігіттің бейнесі оның қолына қылқалам

алғызып, жаңаша портрет жазып шығады.

Туындыны салып біткен соң Суретшілер

одағына әкеліп әріптестеріне көрсеткенде,

суретшілердің ішінде менің Ерлан Айтуаров

деген жиенім де қызықтаған. Оның өзі де

суретші. Ол сурет авторынан: – Бұл кісі кім?

Аты-жөнін жазып алдың ба? – деп сұрайды.

– Жазып алдым. Арт жағында «Бисекенов

Нұрлан Бисекеұлы» деп жазылған, – деп

жауап береді. – Ой, онда ол менің атам

ғой! – деп Ерлан қатты қуанады. Жанындағы

жігіттер де аң-таң, «мынау не айтып тұр»

дегендей, сенбей қарайды. Ерлан болса өзінің

анасының әкесі Нұрлан болғанын, сіңлісі де

осы Алматы қаласында тұратынын, нағашы

атасы туралы аз-кем білетінін - бәрін айтып

береді. Осылайша менің әкемнің жалғыз

портретінің тарихы өзім танып-білмеген,

араласпаған, алайда жүрегінің оты бар, шамы

шырақ болып жағылған жақсы адамдардың

игілікті істерінің арқасында қауыштым.

1914 жылы Нижний Новгородта алыс-жақынға

сауын айтылған аса думанды жәрмеңке өтеді.

Ол ырду-дырдуға байлар, ауқаттылар да барады,

солардың ішінде біздің әкелеріміз болған.

Олар жай қазақтар емес, көзі ашық, оқыған

адамдар ғой. Осы жәрмеңкеге Қажымұқан

келеді, оның неміс балуаны Шмидпен күресі

жұртқа айтылған. Біздің Мұқан балуанның

батырақтан шыққанын білетін әккі анау күресу

үшін 100 сом тігілуі керек деп шарт қояды.

Табан астында. Қажымұқан отырып қалады,

бірақ оған жұрт қоя ма, қол шапалақтап,

дуылдасып кетеді. Сонда балуан шыдай

алмай, аренаға атып шығып:

– Ау, мұсылмандар, барсыңдар ма? Бар

болсаңдар, кім маған 100 сом ақша береді?

Мынау Шмидт маған сондай шарт қойып

тұр! – деп айқай салады.

Сол кезде залда отырған ағайынды екі

жігіт Нұрлан мен Абдолла қатар шығып,

Қажекеңнің қолына екі жүз сом ақша ұстатқан

екен. Осыдан кейін айбар бітіп, күреске

шыққан Қажымұқан немісті әп-сәтте алып

ұрып, жүлдені қанжығасына байлайды. Ел

тарай бастағанда сол бойында жүгіріп шығып,

өзіне қолдау көрсеткен екі бауырын іздеп

жүріп тауып алған балуан оларға шынайы

ризашылығын білдіріп, ол уақытта әркімнің

қолы жете бермейтін фотосуретке түсуге

шақырған екен».

Мариям апайдың әкесі, біз портреттен

көрген жап-жас бейне Нұрлан Бисекеұлы

даңқты балуанмен кейін де тығыз қарымқатынаста

болған, тіпті төс қағыстырып,

айнымас достарға айналады. Семей шаһарына

келген сайын Нұрлан мен Абдолланың үйіне

түсіп, қон ақ болып, ойын көрсетіп, ұлы

әнші Әміреге ән айтқызып жатады екен.

«Зекеңмен өткен

өмірім – көрген түстей»

Біз өткен шақты тебірене еске алып

отырған сексеннің жетеуіндегі апамыздың

ендігі сөзін аяулы жарына арнауға бұрдық.

«Зейінмен, жазушы Зейін Шашкинмен қалай

таныстыңыз?» деген сауалымызға орай

Мариям апай да кең көсілді.

«Зейінді мен Зекең деймін. Онымен

отасқаныма көп болған жоқ. Бұрынғы күйеуім

соғыстан оралған соң, ауыр жарақатынан

қайтыс болды да, мен төрт баламен қалдым

ғой. Осындай мазасыз шақтарда өмірімде

Зекең пайда болды. Менің бір дос құрбым

Зекеңнің жиен қарындасы болып шықты. Сол

әйел Зейінді үйге алып келді, ол есіктен кіре

сала мені көріп қарындасына: – Мәке, енді

мені ешкімге таныстырмай-ақ қойыңыз, – деді.

З.Шашкин жұбайы Мариям апаймен.

Бұған дейін біраз қыздармен таныстырған

болуы керек, ешқайсысын ұнатпапты. Тек

мені көргенде таңдаған кісісіне жолыққан

болып шығады.

Бізді осылай тағдыр қосты. Бұрын тек

төрт баланың қамымен үйде отырып қалған

басым жаңа өмірге қайта ендім. Жағдайым

түзеле бастады, әдеби кештерге, ғылыми

ортаға келдім, небір айтулы адамдармен

араластық».

«Жазушы өте

балажанды адам еді»

«Зекең орта бойлы, арықша келген

адам болатын. Мінезі де керемет еді ғой

жарықтықтың. Ешкімге дауыс көтеріп көрмеген

адам, әсіресе ол кішкентай балаларды

қатты жақсы көрді. Тіпті балалардың өз

орны бар деп үлкен кісілерше ақылдасып,

сөйлесетін. Менің басқа күйеуден көрген

балаларымды өзінің қанынан жаралмаса да,

өте жақсы қарады. Кенжем Сабырға «сен

- менің баламсың» деп түсіндіріп, құлағына

құйып отыратын. Осы ұлды Зекең өзінің

тегіне жаздырып қойды, жұмыстары шығып

қалса, жұмсап, туған баласындай көрді.

Зекең қайтқанда ол өгей әке деп қарамай,

қайғырды. Бұл Зекеңнің жақсы әке бола

алуынан ғой деп ойлаймын. Ал үлкен ұлды

«сенің әкеңнің атына жазайық, оның ұлы

болмаған екен» деп отыратын марқұм. Тағы

бір ұлды «өз әкесі де бір елдің азаматы

ғой, соның тегінде қалсын» деп бәрін қарап,

реттеуге ниеті болған еді».

Алайда апай осы бір өкінішін де жасырмады:

ұлдардың тегін ауыстыру үшін жүргелі

отырған жазушыны әлдебір шаруалармен

тоқтатып, жолына бөгесін болыпты. Енді

қарап отырса бәрі кеш, тек кіші ұлы Шашкин

болып өзгерген де, қалғандары жоғарыды

айтылғандай болмай шығады. Апай: «Бұл

менің кінәм еді» деді. «Ал өзіміздің ортақ

қызымыз Гүлжан әкесінен бір жарым жасында

қалды. Нағыз Шашкина - осы. Зекеңнің

жүріс-тұрысы, мінезі өте жақсы болды. Ол

кісі қиыншылықты көп көрген адам ғой.

Репрессияға ұшырап, сонда тергеушілердің

ұрып-соғып қинамағаны, көрсетпеген қорлығы

жоқ. Қабырғасын сындырып, тісін қағып алған.

Сонда да қайтпай, кінәні мойындамаған

жан болыпты.

«Совет кезінде өстім, оқыдым, менен

қандай «халық жауы» шығады» деп тайсалмай

жауап қатқан. Ешбір мойындата алмаған

соң, не істерін білмей, жазалаушы жүйе

Зекеңді 17 жылға соттап, Колымаға айдаған.

Семейдің педагогикалық институтына кафедра

меңгерушісі болып қызметте жүрген уақыты

еді, НКВД жендеттері дәріс кезінде қолына

кісенді салып, студенттерінің көзінше алып

кеткен. Өтебай Тұрманжановпен, М.Қаратаевпен

бірге түрмеде болған.

Зекең өте балажанды адам болды дедім

ғой. Осы Гүлжан дүниеге келгенде оған ешкімді

жолатпайды, ешкімге көрсетпейді. Қызық

болды мінезі (күлді). «Көз тиеді» дегенді

шығарып, жан баласын жуытпайтын. Балаға

беретін су, басқа да сусынды алақанына

құйып, температурасын сонымен өлшейтін.

Олай істемесе, балаға сусын бергізбейтін. -

Содан кейін микроб деген бір пәле, жұғып

кетеді, ауру таратады деп шыр-пыр болатын-ды

жарықтық. Отбасымызда алғаш рет қыз

бала туғанда ұлдар жиналып қарындасын

көргісі келеді ғой, сонда Зекең Гүлжанның

басында бақылап отыратын. «Ары жүріңдер,

басына келмеңдер, микробтарың жұғады,

аяғынан сүйіңдер, аяғынан» деуші еді (күлді)».

«Қуғындалып келген

соң тек жазушылықпен

айналысты»

Зейін Шашкин жазушылықтан дәрігерлікке

келеді. Айдалып кеткенде барған жақта

атақты ғалымдар, әдебиетшілер мен жазушылар

абақтыда жатты. Репрессияның тамұқ

лагеріне жазықсыз айдалған жандар үмітпенен

таң атырып, кеш батырды. Біз енді Мариям

ападан Зейін ата қалай дәрігер болғаны

жайлы сұрап білдік. «Тұқымында қасиеті

болған болуы керек, Зекең түрмеде адамдарды

емдей бастаған. Арнайы дипломы

болмағанымен, қажетті жағдайларды жақсы

меңгергендіктен, кез келген ауруды еркін

емдеуіне рұқсаты болған. Түрмеде жүрген

кезінде, соғыстың біткен уақыты, Зекең

«Мен Қазақстанға қайтуым керек», «Мен

Қазақстанға керекпін» деп жоғары жаққа

хат жазып, хабарлама сала береді екен.

Бұл тілегі 1947 жылы орындалған», – деп

еске алды М.Шашкина. Қуғынды көрген,

түрменің тас түнегі әбден қинаған, тәнімен

қоса жанын азаптаған азалы жылдар артта

қалғанымен, жан жарасын жазу үшін әрі

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!