06.08.2019 Views

6 тамыз, 2019 жыл №88 (15408)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

6 тамыз, сейсенбі

2019 жыл

№88 (15408)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Көш келді...

ӨҢІР

Нақпа-нақ

Павлодар

қаласында

2625

отбасы атаулы

әлеуметтік

көмек алады

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ»

30 пайызға

өседі

Осы жылдың қыркүйек айынан

бастап қоғамдық жұмыспен

айналысатын волонтерстуденттердің

шәкіртақысы

30 пайызға өспек.

Біртуар

ЖҰРТ ЗЕЙІНДЕЙ ЖАЗУШЫСЫН НЕГЕ ҰМЫТТЫ?

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

Баспана мен жұмыссыздық мәселелерінен мезі болған, жаңа жерде

жаңаша тірлік етуге талпынған тағы 35 отбасы Нұр-Сұлтан қаласынан

Екібастұзға қоныс аударды. Кезекті көшті кеншілер шаһарына жұмыс

сапарымен барған облыс әкімі Болат Бақауов өзі қарсы алып, отбасыларға

пәтер кілттерін табыс етті. Осылайша биыл мамыр айынан басталған

аталмыш көш аясында Елордадан Екібастұз қаласы тұрғындары қатарына

137 отбасы қосылды.

Жалғасы 2-бетте

Сирек тағдыр иелері, күрделі мінездер бойында тоғысқан таланттар туралы жазу ойымда

біраз жылдардан бері бар болатын. Жазушы әрі дәрігер Зейін Шашкин туралы қалам тербеу

тосыннан болды. Сыйлы ағамыз, қаламгер Талғат Кеңесбайдың бір ауыз сөзі біздің ниетіміздің

оң болуына септесті (мақала 2016 жылы жазылған). Сонымен біз Зейін Шашкиннің жары

Мариям Шашкинаның үйінен бір-ақ шықтық...

Толығырақ 4-5-беттерде

ҚР Білім және ғылым министрлігі

мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік

кредит» жобасын іске асыру аясында

ынтымақтастық туралы меморандумға

қол қойылды. Жоба бойынша жоғары

оқу орындарының студенттері ақшалай

сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс

нәтижелері үшін академиялық кредиттерді

қайта есепке ала алады.

Студенттер еріктілер ретінде балалар

үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру

және басқа да әлеуметтік мекемелерде

көмек көрсетеді. «Әлеуметтік студенттік

кредит» жобасын іске қосу 2019 жылдың

қыркүйек айына жоспарланған, ал

оның тақырыптық модулі «Qazvolunteer.

kz» волонтерлердің бірыңғай интернет

тұғырнамасында орналасады. Оған

кез келген адам онлайн-тіркеуден өтіп,

волонтерлік қызметке қосыла алады. ҚР

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

Данияр Есиннің айтуынша, қазіргі уақытта

тұғырнамада 1,4 мыңнан астам адам мен

60-дан астам еріктілер ұйымы тіркелді.

«Қаржы орталығы» АҚ департаменті

директорының орынбасары Ақжол

Құрмансейіт бұл бастама волонтер жастарды

қолдау және жоғары оқу орындарының

күндізгі бөлімі студенттерінің шәкіртақысын

30 пайыз деңгейінде көтеру бағытында

іске асырылатынын айтты.

- Биыл аталмыш жоба бойынша

10 мыңға жуық жас азамат қамтылады.

Алдағы жылы олардың санын 44 мыңға

жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ одан

кейінгі жылдары жобаның қатысушысы

ретінде 50 мың адамды жұмылдыру

ескерілген. Ерікті жастарды тек тегін

жұмыс жүргізуге емес, сонымен қатар

оларды ынталандыру мақсатында, яғни

университетте оқып жүрген жастардың

елімізге тигізіп жатқан пайдасын мемлекет

тарапынан қолдау тұрғысында жүзеге

асырылып жатыр, - деді А. Құрмансейіт.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке

волонтерлікпен айналысатын ЖОО

студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға

арттыруды тапсырған болатын.

Әзірлеген – Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

2 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Басы 1-бетте

Көш келді...

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Бастысы –

баспана!

Кезекті көш легімен қоныс

аударған жандардың бірі – Айдарбек

Мәменов. Алты баланың әкесі

отбасымен 2012 жылы Түркістан

облысының Шардара қаласынан

Нұр-Сұлтанға көшкен. Содан бері

пәтер жалдап, басқаның босағасын

пана еткен.

- «Nurly Ertis» бағдарламасының

шарттары қатты ұнады. Ойланбастан

көшуге бел будық. Үш бөлмелі

пәтердің кілтін берді. Балаларымызды

мектеп-балабақшаға тегін

орналастырады. Өзім краншымын,

осы мамандығым бойынша жұмысқа

орналасуға әзірмін. Әйелім бала

күтімімен үйде отырады. Өйткені,

кіші балам 1-ден енді асты. Бастысы

баспана ғой, қалғаны бола жатар.

Осы өңірге сіңісіп, тұрақтап қалуға

ниеттіміз, - дейді А.Мәменов.

Ал осыдан бір ай бұрын көшіп

келген Бибігүл Бекманова бүгінде

жұмысқа орналасып үлгерген.

Қалалық аурухананың реанимация

бөлімшесіне медбике қызметін

атқаруда. 46 жастағы бес баланың

анасы өмірінде алғаш рет жеке

баспанасына қол жеткізіп, билікке

дән риза.

Отбасыларға пәтер кілтін салтанатты

түрде табыстаған облыс

әкімі Болат Бақауов жайлы қоныс

тіледі.

- Әрбір отбасы үшін ең бастысы –

жеке шаңырақ. Қалған әлеуметтік

жағдай жасалады. Өңірімізде

25 мың жұмыс орны бос тұр. Оның

10 мыңы - тұрақты жұмыс. «Nurly

Ertis» бағдарламасы пилоттық негізде

қолға алынды. Елбасы, Үкіметіміз

құптады. Екібастұзда салынған

үйлер біраз уақыт өз құнына

да өтпеді. Енді осы бағдарлама

бойынша үлестірілуде. Үш бөлмелі

пәтерлер таратылып, таяу қалды.

Екі және бір бөлмелі пәтерлерге

өңірімзде тапшы мамандар тартуға

да пайдаланылады. Мәселен, келген

35 отбасының ішінде бір кардиолог

және екі жалпы тәжірибе дәрігері

бар. Қоныстанушыларға барлық

жағдай жасалады. Балаларды

«Мектепке жол» акциясы аясында

жаңа оқу жылына дайындау қарастырылмақ,

- деді аймақ басшысы.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар

және жұмыспен қамтуды

үйлестіру басқармасының басшысы

Қайрат Нұрмағамбетовтің мәліметінше,

мамыр айынан бері кеншілер

шаһарына 137 отбасы, яғни,

825 адам көшіп келген. Олардың

569-ы – балалар.

- «Еңбек» бағдарламасына

Нұр-Сұлтан қаласы да жұмыс

күші көп өңір ретінде енгізілді.

Жоспарымыз бойынша алда тағы

көшіру бар. Өйткені, Екібастұзда

318 пәтер бос тұр. Қоныстанушыларға

әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жол

шығыны өтеледі. Пәтерде алғашқы

жыл тегін тұрады. Ол шығындар

республикалық бюджеттен төленеді.

Одан кейін төрт жыл отбасылар

коммуналдық қызмет құнымен

қатар ай сайынғы жалға алу құнын

төлейді. Мәселен, үш бөлмелі

пәтерге ай сайын 14 мың теңге

төлейді. Бес жылдан соң пәтер

құнының қалған сомасын төлеп,

баспананы атына аударып алуға

құқылы. Олай жасауды қаламаса,

жалға алу шартын ұзартып, ары

қарай тұра береді, - дейді басқарма

басшысы.

Мамандардың мәлімдеуінше,

көшіп келуге ниеттілер өте көп.

Алдымен көпбалалы отбасылар

таңдалады. Басында ешбір жерде

тұрғын үйдің болмауы тексеріледі.

Сонымен қатар, мамандығының

бар-жоғына да мән беріледі. Бүгінде

алғашқы келгендердің ішінде жұмысқа

жарамды азаматтардың елу пайызы

еңбекпен қамтылған. Қалғандары әлі

жұмыс таңдауда, кейбірі құжаттық

мәселелерін реттеуде. Жұмысқа

орналасқан жандардың бірі –

Мұрат Мұстафин. Ол «KazTomat

Greenhause» кәсіпорнында қызмет

етеді. Жылыжайда қораптарды тасымалдайтын

техниканың тізгінінде.

Бұл кәсіпорында қоныс аударған

15 азамат еңбек етеді.

- Бес балам бар. Солардың

болашағы үшін Нұр-Сұлтанға

Қостанайдың Ұзынкөл ауылынан

осыдан үш жыл бұрын көшкен

едім. Пәтер жалдап жүрдік. Өте

тиімді бағдарламаны естіп, бірден

көшуді ұйғардық. Жұмысым да,

пәтеріміз де жайлы. Жылыжайда

қолыма 140-150 мың теңге айлық

аламын.

Кешен кеңейеді

Бұл жылыжай кешені тағы

22 гектарға ұлғаймақ. Жылыжай

құрылысын облыс әкімі Болат

Бақауов арнайы барып, көріп

қайтты.

- Жарты жылда көп көлемде

жұмыс атқарылғаны аңғарылады.

Жуырда тұқымдық көшет өсірілетін

бөлігі аяқталмақ. Жыл соңына дейін

жалпы 22 гектарлық кешен ашылады.

Кәсіпорын желтоқсан айында күніне

өнім тиелген 8 жүк көлігін аттандырып

отырмақ. Осы ретте,

жылыжай мен облыстық жолды

байланыстыратын 5 шақырымдық

жолды жөндеу керек.

Жауапты органдар мәселені қысқа

мерзімде біржақты етсін, - деді

облыс әкімі.

Жылыжай кешенінің өкілі «Nurly

Ertis» бағдарламасымен келгендерді

көптеп қабылдауға әзір екендерін

алға тартты. Тек бір ғана кедергі

барын жасырмады. Бағдарлама

бойынша қоныстанғандар міндетті

түрде өз мамандығы бойынша

жұмысқа орналасуы керек екен.

Осы талап реттелсе, кешен кеңейсе,

бірнеше жүздеген адамға жұмыс

орны ашылмақ.

Индустриялық

аймақ

Облыс әкімі Б.Бақауов

Екібастұз өңірінде қолға алынатын

индустриялық аймақ орналасатын

жерді де көріп, оған инженерлік

желілерді қай жақтан тарту тиімді

екенін салмақтады. Бұл аймақ

Б.Нұржанов атындағы кәсіпорын

маңында орналаспақ. Шамамен

350 гектар аумақты алады. Бүгінде

оған электр желісімен қамтудың

бірнеше нұсқасы қарастырылуда.

Энергетика мәселелері бойынша

ГРЭС-1 станциясында жиын өтті. Айта

кету керек, бұған дейін өндірілетін

электр қуатының 800 мегаваты

бос тұрғаны жиі сөз етіледі. Осы

жолы бүгінде станциялар шығарған

энергия толық тұтынушыға жетіп

жатқаны белгілі болды.

- Екібастұздың индустриялық

аймағының болашағын шамалап

отырмыз. Оның әрбір учаскесін

егжей-тегжейлі қарадық. Екі жыл

ішінде барлық инфрақұрылымды

толық салсақ, мұнда энергияны

молынан пайдаланатын кәсіпорындар

салуға дайын компаниялар бар.

Біз бәсекеге қабілетті, яғни,

10,7 теңгемен электр энергиясын

ұсынып отырмыз, - деді Б.Бақауов.

Облыс әкімі индустриялық

аймақтың нақты аумағын белгілеуді

де жеделдетуді тапсырды. Яғни,

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

сазды жерлер мен «ҚазТрансОйл»

кәсіпорнына тиесілі қорғау аймағын

бөліп алуды ескертті.

Жиында облыстық энергетика

және тұрғын үй шаруашылығы

басқармасының басшысы Ержан

Иманзаипов индустриялық аймаққа

электр желісін тартудың екі нұсқасы

ұсынылып отырғанын айтты. Бірі -

ГРЭС-1 станциясының АТҚ-500-ден

(Ашық тарату қондырғысынан)

жеткізу. Екіншісі «миллионник» деп

аталатын 1150 киловольттік қосалқы

станциядан тарту көзделген. Бірінші

нұсқасын «KEGOC» АҚ қолдап отыр.

Оған шамамен 23,1 млрд. теңге

қажет. Бүгінде құжаттар әзірленуде.

Қысқасы, индустриялық аймақты

электр қуатымен қамту үшін

500 кВ-тық қосалқы станция

салынуы тиіс. Сондай-ақ,

3,5 шақырымдық электр желісін

тарту қажет. Енді осы алдын ала

есептелген соманың қаншасын

«KEGOC», қаншасын республикалық

және қаншасын облыстық бюджет

мойнына алатынын ажыратып

ал керек, деді аймақ басшысы.

Бүгінде электр желілерін басқаратын

кәсіпорын шамамен 10,5 млрд.

теңгесін көтеруге келісіп отыр.

Жобаның құжаттарын мемлекеттік

сараптамадан қазан айында қолға

тиеді деп межеленген.

Сонымен қатар, индустриялық

аймақ орналасатын тағы бір

200 гектарлық орын ұсынылуда.

Бірақ, оның жобасы әлі әзір емес.

Сондай-ақ, қосалқы станция мен

электр желісін тартуды іске асыруға

ниетті кореялық инвесторлар

да табылып отыр. Бірақ, ол әлі

пысықталуы тиіс. Жалпы, электр

станциялары маңынан индустриялық

аймақтар құрудың мәні мұндағы

электр қуатының арзандығымен

әрі көптігімен байланысты екені

белгілі.

Кластер күйі

Екібастұзда теміржол кластеріне

елеулі үлес қосу үміті артылған

«Қазақстан вагон жасау компаниясы»

тағы да тұралап қалды.

Кәсіпорынның жай-күйімен танысу

үшін аймақ басшысы арнайы

барды. Компанияның бас директорының

міндетін атқарушы Азамат

Өтепбергеновтің айтуынша, бүгінде

380 жұмысшы мәжбүрлі демалысқа

кеткен. Кәсіпорын қызметкерлері

алдында 1 тамыздағы мәлімет

бойынша 135 млн. теңге қарыз.

Олардың еңбекасының 50 пайызы

өтемақы ретінде аударылуда.

Бірақ, компания өкілінің сөзінен

ұққанымыз, аударылғанымен ол

ақша азаматтардың қолына тимейді.

Бәрі қағаз жүзінде. Яғни, кәсіпорын

оларға қарыз екенін растап қана

отыр. А.Өтепбергенов айлықтарын

төлеуге қаржы жоқтығын, зауытқа

бүгінде ешқандай кіріс кірмейтінін

алға тартты. Сондай-ақ, бұған

дейін жасалған тапсырыстарды да

орындамаған. Мәселен, Теміржолдың

Павлодарлық бөлімшесі 2014 жылы

500 вагонға тапсырыс беріп, 75 млрд.

теңге көлемінде алдын ала төлем

жасаған. Бүгінде соның 96 вагоны

әлі жеткізілмеген. Демек, 1,5 млрд.

теңгенің тауары қалып отыр. Оның

өсімі тағы бар. Тараптар арасында

сот жүріп жатыр. Компанияның

мүлкіне тыйым салынған. Жартылай

вагонға да түскен тапсырыс

орындалмаған. Кәсіпорын өкілі

бұл мәселелер жаңа тапсырыспен

қана шешілетінін алға тартты.

Алайда, аймақ басшысы Болат

Бақауов компанияны оңалтудың

жаңа жол картасын түзуді тапсырды.

Қазіргі құрылтайшылардың істі

оңалту қолынан келмейтінін де

кесіп айтты. Жауапты органдарға

жағдайды қатаң бақылауға алуды

тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі

«Проммашкомплект» кәсіпорнының

былтыр іске қосылған теміржол

дөңгелектерін илемдейтін цехқа

барды. Мұнда бүгінде 109 секунд

ішінде бір дөңгелек өндіріліп

шығарылады. Демек, қазіргі

уақытта тәулігіне 120 дөңгелек

дайын. Жобалық қуатына шықса,

тәулігіне 650 дөңгелек өндіріледі.

Кәсіпорынның атқарушы директоры

Игорь Голтвенконың айтуынша,

цехты іске қосу, жабдықтарды

бейімдеу сынды жұмыстарға біраз

уақыт кетті. Енді өндірістік қуатқа

бет алып отыр.

- Өндірістің қуаты - жылына

200 мың дөңгелек шығару.

Келесі жылдың сәуір айында осы

өндірістік қуатқа қол жеткіземіз

деп межелеп отырмыз. Қарқынды

біртіндеп қосамыз. Әлемде мұндай

кәсіпорындар жылдап іске қосылады,

бізде небары жарты жылға жуық

уақыт кетті, - дейді И.Голтвенко.

Толық қуатына шықса,

480 адамды жұмыспен қамтиды.

Бүгінде 125 екібастұздық еңбек

етуде.

Екібастұз қаласы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 3

ҚҰРЫЛЫС

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ

«Birge – Taza Qazaqstan!»

Сенбі күні облыс көлемінде «Birge – Taza Qazaqstan!» экологиялық акциясы

ұйымдастырылып, мыңдаған адам қала көшелерін, қоғамдық демалыс орындарын,

саябақтар мен жағалауларды және Ертіс өзенінің шомылу аумақтарын

қоқыстан тазартуға шықты.

Тілеуберді САХАБА

Акцияның ашылу салтанаты

Усолка шағын ауданындағы Ертіс

өзені арқылы өтетін ескі автомобиль

көпірінің маңында болды. Шараға

облыс әкімі Болат Бақауов қатысып,

тазалық шарасына атсалысуға

шыққан барлық ұжымға сәттілік

тіледі.

- Былтыр облысымызда Экология

жылы деп жарияланды. Соның

нәтижесінде көп мәселе шешімін

тапты. Біз балаларды мектеп қабырғасынан

бастап қоқысты жеке

жинауға үйреттік. Ал бүгін облыс

бойынша барлық аудандар мен

қалаларда «Birge - Taza Qazaqstan!»

акциясы басталды. Бұл бастаманы

жаңадан құрылған ҚР Экология

министрлігі қолға алып, барлық

өңірде өткізуді ұсынды және оған

барлық облыстар қолдау көрсетіп,

белсенділік танытуда. Бұл бірреттік

шара болып қалмай, бұдан ары

жалғасын табуы тиіс, - деді Болат

Жұмабекұлы.

Тазалық акциясына аудандық,

қалалық және облыстық деңгейдегі

барлық мемлекеттік мекеменің,

жеке кәсіпорындардың, коммуналдық

ұйымдардың, білім ордалары мен

жоғары оқу орындарының өкілдері

қатысты. Облыстық төтенше

жағдайлар жөніндегі департаменттен

20-дан астам адам шығып, Ертіс

өзені жағалауын және судың ішін

қоқыстан тазартты.

- Бүгін павлодарлықтармен қатар,

біздің әріптестеріміз де тазалық

акциясына қатысып, қаламыздың

тазалығына, көркеюіне өз үлестерін

қосуда. Тазалық шарасына біздің

департаментке қарасты жедел

құтқару жасағының, өрт сөндіру және

авариялық құтқару бөлімшелерінің

қызметкерлері арнайы шығып, өзен

жағасында адамдар ең көп демалатын

жерлерді тазалауға кірісіп кетті.

Атап айтқанда, қаланың жоғарғы

жағындағы «Жұмысшы» аралының

аумағын, шамамен 1,5-2 шақырым

аумақты қоқыстан тазартпақшымыз, -

дейді облыстық ТЖД жедел құтқару

жасағы басшысының орынбасары

Серік Шериязданов.

Павлодар қаласы әкімінің

баспасөз қызметінің хабарлауынша,

сенбілікке шамамен 10 мыңға

жуық адам қатысып, 60-тан астам

арнайы техника жұмылдырылды.

Ауқымды тазалық жұмыстары

барысында қатысушылар қалаға

қарасты барлық елді мекенді,

әуежай, Усолка өзенінің жағалауын,

Ертіс өзенінің орталық жағажайын,

«Зеленая роща», «Қазқонақ»

палеонтологиялық мұражайы сынды

аумақтарды қамтыды. Осы күні

барлық қоқыс қабылдау полигондары

тегін жұмыс істеді. Сенбілік

шарасы аясында 5 мың тоннадан

астам қоқыс жиналып, полигондарға

жеткізілді.

Жылу мен жұмысшы аз

Жергілікті құрылыс компаниялары Павлодар қаласында тұрғын үй салуды қолға

алуға ниетті. Бірақ инфрақұрылым, әсіресе жылу энергиясы жеткіліксіз. Оған

қоса, жұмысшылар аз. Осы және өзге де мәселелер облыс аумағында құрылыс

саласының қарқын алуына кедергі келтіріп отыр.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

ЖАЗ-2019

Отбасылық демалыс

ойдағыдай

Облыс әкімі Болат Бақауовтың бастамасымен

аймақта алғаш рет «Отбасылық демалыс»

атты әлеуметтік жоба жүзеге асуда. Аталмыш

акция аясында өткен жексенбі күні өңірдегі

көп балалы және аз қамтамасыз етілген

13 отбасы Баянауылға аттанды.

Нұржайна ШОДЫР

Облыстық білім беру басқармасының

мәліметінше, бұл

отбасылары Баянауыл ауданы

Жасыбай көлінің маңында

орналасқан «Жан» демалыс

үйінде 5 күн бойы демалатын

болады. Олардың жатын орны,

тамағы тегін. Осы мақсатқа

жұмсалатын барлық шығын

облысқа қарасты қалалар

мен аудандардағы демеушілер

есебінен төленеді.

- Әр аудан мен қаладан бір

отбасынан таңдап алынды. Бұл

жолы 13 отбасы мүшесімен бірге

16 бала демалуда. Олардың

демалысын көңілді әрі қызықты

өткізу үшін барлық жағдай жасалады,

- дейді облыстық білім

беру басқармасының бас маманы

Лаура Дүйсіпова.

Сондай-ақ, демалушылар

демалыс барысында Баянауыл

ауданындағы мәдени орындар

мен тарихи ескерткіштерді тамашалап,

табиғат аясына саяхат

жасайтын болады. Балалардың

бос уақытын қызықты өткізуі үшін

арнайы ойын-сауық бағдарламасы

мен интелектуалдық іс-шаралар

ұйымдастыру жоспарланған.

Гүлжан АЯҒАНОВА:

- Мен Баянауыл ауданына қарасты Жұмат Шанин ауылында

тұрамын. Мектепте техникалық қызметкер болып еңбек

етемін. Екі балам бар, жалғызбасты анамын. Маған қолдау

көрсетіп, осындай тамаша демалыс сыйлаған қайырымды

жандарға, әсіресе мектеп басшылығына айтар алғысым

шексіз. Демалыс өте қызықты өтіп жатыр.

Айым ИМАНҒАЗИНОВА:

- Екібастұз қаласының тұрғынымын. Төрт баланың анасымын.

Қазіргі таңда елімізде және облысымызда көпбалалы отбасыларын

әлеуметтік тұрғыда қолдауға айрықша мән беріліп

жатқаны қуантады. Бүгінгі демалыс - соның дәлелі екені

сөзсіз. Көңіліміз көтеріңкі, жақсы демалып жатырмыз.

Осындай қайырымдылық шарасының өтуіне ұйытқы болған

жандарға алғыс айтамын.

Жаңа жолдармен

жүйткиді

МӘРТЕБЕ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Павлодар облысының құрылысшыларын

бірқатар маңызды мәселе

алаңдатады. Айталық, жеке инвестор

Руслан Қалымқұлов 2017 жылы

облыс орталығында өз қаржысына

9 пәтерлі үй салған. Жалпы аумағы

700 шаршы метрден асатын

баспананың тең жартысын сатып

үлгеріпті. Алайда әлі күнге дейін

жылу тартуға техникалық шарттар

алған жоқ. Себебі жергілікті билік

жылудың аз екенін алға тартып,

кәсіпкердің өтінішін кері қайтарып

келеді.

- 9 пәтер әлі күнге дейін орталықтандырылған

жылу жүйесіне қосылған

жоқ. Әкімдік магистральдер жабық

деп рұқсат бермейді. Үй салуға

Усолка шағын ауданында тағы бір

алаң дайындап қойған едім, ол да

жылусыз бола ма деп қауіптенемін. Ал

кейбір өзге компаниялар құрылысты

еш алаңсыз жүргізіп, баспаналарды

қолданысқа тапсырып жатыр. «Егер

қалада жылу жеткіліксіз болса,

басқалары қайдан алады?» деген

заңды сауал туындайды, - дейді

кәсіпкер.

Облыстық құрылыс басқармасының

басшысы Рүстем Раисовтың

айтуынша, шынымен қалада жылумен

қамтуға қатысты проблема

бар. Сондықтан қазіргі уақытта

қазандық салып, жылу магистралін

жүргізу бойынша құжаттар дайындалуда.

Тек тағы бірнеше жыл күтуге

тура келеді.

Қазақстан құрылысшылар одағының

төрағасы Талғат Ерғалиев

бүгінгі күні ел көлемінде тұрғын

үй құрылысын мықтап қолға алу

қажеттігін айтты. Ол үшін алдымен

күрмеулі мәселелер оң шешімін

табуы тиіс.

- Ресми деректерге сүйенсек,

Қазақстанда 2,5 млн. адамға баспана

қажет. Қазіргі қарқынмен құрылыс

компаниялары бұл сұранысты алдағы

10 жылда да қамти алмайды.

Жағдайды жақсарту үшін осы

саладағы күрмеулі мәселелерді

шешу керек. Мәселен, еліміздің

қай аймағына барсаңыз да, құрылыс

алаңында жұмыс істейтін маман

тапшы. Соның салдарынан жұмыстың

басым бөлігі тұралап қалады,

белгіленген кестеден кешіктіріледі, -

дейді Т.Ерғалиев.

Құрылысшыларды толғандырған

осы және өзге де мәселелер Инвесторлар

үйінде өткен жиында жан-жақты

талқыланды. Тығырықтан шығу

жолдары қарастырылды. Аталмыш

сала мамандары бір басқосумен

мәселе әп-сәтте шешіліп кетпейтінін

алға тартып, бұл ретте бизнес пен

әкімдік бірлесе қызмет атқарғаны

дұрыс деген байламға келді. Бұл

бағыттағы жұмысты атқаруға жаңадан

ашылған «Қазақстан құрылысшылар

одағының» Павлодар облыстық

филиалы қолдау көрсетпек.

Павлодардың трамвай басқармасы өткен

жексенбі - көлік қызметкерлері күнін жағымды

жаңалықтармен қарсы алды. Алдағы уақытта

облыс орталығында жаңа маршруттар, трамвайға

арналған жіксіз жолдар пайда болады.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Болашақта қала көшелеріндегі ескі трамвайлардың өзі жүруге

қолайлы бола түседі. Аталған қоғамдық көліктерге арналған

темір жолдар қайта қалпына келтіріліп, жіктері тегістелмек.

- Қазіргі кезде біз алюмотермиттік дәнекерлеуге арналған

құрал-жабдықтарды сатып алуға келісімшарт жасадық. Үстіміздегі

айдың ортасынан бастап олар Павлодарға жеткізіледі. Аталған

құрылғылардың көмегімен трамвай жолындағы жіктерді дәнекерлеп,

тегістейтін боламыз. Нәтижесінде, трамвайларымыз түп-түзу

жолмен тарсылдамай жүретін болады. Бұл қала тұрғындарына

ыңғайлы болуы үшін жасалуда, - деді «Павлодар қаласының

трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Муслим Махмудов.

Трамвай жолдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылынан бастау алады. Бұдан бөлек, тамыз

айының соңына дейін қаламызға Белоруссия елінен үш, ал

қыркүйек айында тағы екі жаңа трамвай жеткізіледі. Өткен айда

қала көшесіне төрт жаңа трамвай шыққан болатын. Осылайша,

Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкімен

жасалған келісімшарт аясында Белоруссиядан әкелінуі тиіс

23 трамвайдың барлығы пайдалануға беріледі. М.Махмудовтың

айтуынша, алдағы уақытта Павлодарда құрылысы басталған

жаңа Достық шағын ауданына трамвай бағыттары ашылмақ.

Көлік қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында

осындай жағымды жаңалықтар айтылды. Демек, жергілікті трамвай

басқармасы қызметкерлерінің алдында маңызды міндеттер тұр.

Бұл күні үздік трамвай қызметкерлеріне Павлодар облысының

әкімі, қала әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының,

«Павлодар» ӘКК және «Павлодардың трамвай басқармасы» АҚ

атынан марапаттар табыс етілді.

4 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл БІРТУАР

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІРТҮЙЕР

Жұрт Зейіндей жазушысын

Сирек тағдыр иелері, күрделі мінездер бойында тоғысқан таланттар туралы жазу ойымда

біраз жылдардан бері бар болатын. Жазушы әрі дәрігер Зейін Шашкин туралы қалам тербеу

тосыннан болды. Сыйлы ағамыз, қаламгер Талғат Кеңесбайдың бір ауыз сөзі біздің ниетіміздің

оң болуына септесті (мақала 2016 жылы жазылған). Сонымен біз Зейін Шашкиннің жары Мариям

Шашкинаның үйінен бір-ақ шықтық.

Кіреберістегі қабырғасы тұтас кітаптарға толған үйдің залында көзіміз төрдегі тарихи фотосуреттерге

түсті. Осыны аңғарды ма, жазушының жары әңгімені осынау картиналардың тарихынан

бастады.

«Атам - «киізші

Бисеке» деген кісі»

«Мұхтар Әуезовтің атақты «Абай

жолы» роман-эпопеясында киізші Бисеке

деген кісінің есімі жазылған. Заманында

Семей өңіріндегі ең беделді байы болған.

Көпшілік оны киіз басатын зауыттың иесі

деп білген. Өз әкем Нұрлан да ауқатты

адам болыпты. Әкемді көрмедім, 1928 жылы

қайтыс болғаннан кейін туғанмын. Нағыз

қазақ байларының басына зауал төнген қиын

шақ. Кәмпескелеудің дүрмегімен әкемді,

оның жалғыз бауырын қуғындады, кейінгі

респрессияның тырнағынан да құтылмады.

Үйде еркек кіндіктіден ешкім қалмады,

өңкей қыз, бас көтерері деген менің шешем

Қалиман ғана болатын. Ашаршылық басталған

1932 жылдары шешемнің туыстары -

нағашыларым Семейдің жанындағы ауылда

тұратын, сол бір ауыр кезеңде олардың

барлығы ауып, шаһардағы біздің үйге келді.

Сондағы жайт еміс-еміс есімде: біздің үйдің

үлкен қақпасын ашып кірген адамдар аман

қалды да, ауыр есікті ашуға әл-дәрмені құрып,

аштықтан титықтаған жандар өліп кетті.

Көптеген туыстарымыз сол ашаршылықта

көктей солды, қыршын кеткен қаншама

балалар. Ойласам жаным түршігеді.

Семейдің ет комбинаты – сол кездің

өзінде дүркіреген мекеме. Шешесі, қолөнер

шебері Қалиман қаладағы еткомбинаттың

асханасына жұмысқа тұрды. Ғимараттың

сыртындағы ас қалдықтарын төгетін орында

құрт-құмырсқа секілді құжынаған аш-арық

адамдар жүретін деп еске алады қызы

Мариям апай.

«Қалдықтарды төккенде ішінен жеуге

келетін ас тапса, солармен өзегін жалғаған

адамдар. Осындай ауыр жайтты көзімен

көрген менің шешем асханадан қалдыққа

көбірек кеспе, қамыр, нан қалдықтарын

тастап, аш-арықтарға көмек қолын созыпты».

«Әкем Қажымұқанның

айнымас досы болды»

«Ал әкем Нұрлан Бисекеұлы туралы білетінім

өте аз. Оның мынау тұрған фотосуретін бір

суретші бауырымыз Орталық мемлекеттік

архивтен тапқан. Өзінің жұмыстарымен

мұрағаттарды ақтарып отырып ол кісінің

осы бір елеусіздеу ескі портретке көзі түседі.

«Бұл кім, қайдан жүр? Не істеген

адам?» деген сауалдар санасында тұнып,

автопортреттегі жас тұлғаның кім екенін

анықтауға тырысады. Суретпен бірге ескі

славян тілінде оқу бітіргені, мамандығы

инженер екендігі және аты-жөні жазылған

бір жапырақ қағаз шыққан. Қағазы сарғыш

тарта бастаған тарихи фотосуреттегі жас

жігіттің бейнесі оның қолына қылқалам

алғызып, жаңаша портрет жазып шығады.

Туындыны салып біткен соң Суретшілер

одағына әкеліп әріптестеріне көрсеткенде,

суретшілердің ішінде менің Ерлан Айтуаров

деген жиенім де қызықтаған. Оның өзі де

суретші. Ол сурет авторынан: – Бұл кісі кім?

Аты-жөнін жазып алдың ба? – деп сұрайды.

– Жазып алдым. Арт жағында «Бисекенов

Нұрлан Бисекеұлы» деп жазылған, – деп

жауап береді. – Ой, онда ол менің атам

ғой! – деп Ерлан қатты қуанады. Жанындағы

жігіттер де аң-таң, «мынау не айтып тұр»

дегендей, сенбей қарайды. Ерлан болса өзінің

анасының әкесі Нұрлан болғанын, сіңлісі де

осы Алматы қаласында тұратынын, нағашы

атасы туралы аз-кем білетінін - бәрін айтып

береді. Осылайша менің әкемнің жалғыз

портретінің тарихы өзім танып-білмеген,

араласпаған, алайда жүрегінің оты бар, шамы

шырақ болып жағылған жақсы адамдардың

игілікті істерінің арқасында қауыштым.

1914 жылы Нижний Новгородта алыс-жақынға

сауын айтылған аса думанды жәрмеңке өтеді.

Ол ырду-дырдуға байлар, ауқаттылар да барады,

солардың ішінде біздің әкелеріміз болған.

Олар жай қазақтар емес, көзі ашық, оқыған

адамдар ғой. Осы жәрмеңкеге Қажымұқан

келеді, оның неміс балуаны Шмидпен күресі

жұртқа айтылған. Біздің Мұқан балуанның

батырақтан шыққанын білетін әккі анау күресу

үшін 100 сом тігілуі керек деп шарт қояды.

Табан астында. Қажымұқан отырып қалады,

бірақ оған жұрт қоя ма, қол шапалақтап,

дуылдасып кетеді. Сонда балуан шыдай

алмай, аренаға атып шығып:

– Ау, мұсылмандар, барсыңдар ма? Бар

болсаңдар, кім маған 100 сом ақша береді?

Мынау Шмидт маған сондай шарт қойып

тұр! – деп айқай салады.

Сол кезде залда отырған ағайынды екі

жігіт Нұрлан мен Абдолла қатар шығып,

Қажекеңнің қолына екі жүз сом ақша ұстатқан

екен. Осыдан кейін айбар бітіп, күреске

шыққан Қажымұқан немісті әп-сәтте алып

ұрып, жүлдені қанжығасына байлайды. Ел

тарай бастағанда сол бойында жүгіріп шығып,

өзіне қолдау көрсеткен екі бауырын іздеп

жүріп тауып алған балуан оларға шынайы

ризашылығын білдіріп, ол уақытта әркімнің

қолы жете бермейтін фотосуретке түсуге

шақырған екен».

Мариям апайдың әкесі, біз портреттен

көрген жап-жас бейне Нұрлан Бисекеұлы

даңқты балуанмен кейін де тығыз қарымқатынаста

болған, тіпті төс қағыстырып,

айнымас достарға айналады. Семей шаһарына

келген сайын Нұрлан мен Абдолланың үйіне

түсіп, қон ақ болып, ойын көрсетіп, ұлы

әнші Әміреге ән айтқызып жатады екен.

«Зекеңмен өткен

өмірім – көрген түстей»

Біз өткен шақты тебірене еске алып

отырған сексеннің жетеуіндегі апамыздың

ендігі сөзін аяулы жарына арнауға бұрдық.

«Зейінмен, жазушы Зейін Шашкинмен қалай

таныстыңыз?» деген сауалымызға орай

Мариям апай да кең көсілді.

«Зейінді мен Зекең деймін. Онымен

отасқаныма көп болған жоқ. Бұрынғы күйеуім

соғыстан оралған соң, ауыр жарақатынан

қайтыс болды да, мен төрт баламен қалдым

ғой. Осындай мазасыз шақтарда өмірімде

Зекең пайда болды. Менің бір дос құрбым

Зекеңнің жиен қарындасы болып шықты. Сол

әйел Зейінді үйге алып келді, ол есіктен кіре

сала мені көріп қарындасына: – Мәке, енді

мені ешкімге таныстырмай-ақ қойыңыз, – деді.

З.Шашкин жұбайы Мариям апаймен.

Бұған дейін біраз қыздармен таныстырған

болуы керек, ешқайсысын ұнатпапты. Тек

мені көргенде таңдаған кісісіне жолыққан

болып шығады.

Бізді осылай тағдыр қосты. Бұрын тек

төрт баланың қамымен үйде отырып қалған

басым жаңа өмірге қайта ендім. Жағдайым

түзеле бастады, әдеби кештерге, ғылыми

ортаға келдім, небір айтулы адамдармен

араластық».

«Жазушы өте

балажанды адам еді»

«Зекең орта бойлы, арықша келген

адам болатын. Мінезі де керемет еді ғой

жарықтықтың. Ешкімге дауыс көтеріп көрмеген

адам, әсіресе ол кішкентай балаларды

қатты жақсы көрді. Тіпті балалардың өз

орны бар деп үлкен кісілерше ақылдасып,

сөйлесетін. Менің басқа күйеуден көрген

балаларымды өзінің қанынан жаралмаса да,

өте жақсы қарады. Кенжем Сабырға «сен

- менің баламсың» деп түсіндіріп, құлағына

құйып отыратын. Осы ұлды Зекең өзінің

тегіне жаздырып қойды, жұмыстары шығып

қалса, жұмсап, туған баласындай көрді.

Зекең қайтқанда ол өгей әке деп қарамай,

қайғырды. Бұл Зекеңнің жақсы әке бола

алуынан ғой деп ойлаймын. Ал үлкен ұлды

«сенің әкеңнің атына жазайық, оның ұлы

болмаған екен» деп отыратын марқұм. Тағы

бір ұлды «өз әкесі де бір елдің азаматы

ғой, соның тегінде қалсын» деп бәрін қарап,

реттеуге ниеті болған еді».

Алайда апай осы бір өкінішін де жасырмады:

ұлдардың тегін ауыстыру үшін жүргелі

отырған жазушыны әлдебір шаруалармен

тоқтатып, жолына бөгесін болыпты. Енді

қарап отырса бәрі кеш, тек кіші ұлы Шашкин

болып өзгерген де, қалғандары жоғарыды

айтылғандай болмай шығады. Апай: «Бұл

менің кінәм еді» деді. «Ал өзіміздің ортақ

қызымыз Гүлжан әкесінен бір жарым жасында

қалды. Нағыз Шашкина - осы. Зекеңнің

жүріс-тұрысы, мінезі өте жақсы болды. Ол

кісі қиыншылықты көп көрген адам ғой.

Репрессияға ұшырап, сонда тергеушілердің

ұрып-соғып қинамағаны, көрсетпеген қорлығы

жоқ. Қабырғасын сындырып, тісін қағып алған.

Сонда да қайтпай, кінәні мойындамаған

жан болыпты.

«Совет кезінде өстім, оқыдым, менен

қандай «халық жауы» шығады» деп тайсалмай

жауап қатқан. Ешбір мойындата алмаған

соң, не істерін білмей, жазалаушы жүйе

Зекеңді 17 жылға соттап, Колымаға айдаған.

Семейдің педагогикалық институтына кафедра

меңгерушісі болып қызметте жүрген уақыты

еді, НКВД жендеттері дәріс кезінде қолына

кісенді салып, студенттерінің көзінше алып

кеткен. Өтебай Тұрманжановпен, М.Қаратаевпен

бірге түрмеде болған.

Зекең өте балажанды адам болды дедім

ғой. Осы Гүлжан дүниеге келгенде оған ешкімді

жолатпайды, ешкімге көрсетпейді. Қызық

болды мінезі (күлді). «Көз тиеді» дегенді

шығарып, жан баласын жуытпайтын. Балаға

беретін су, басқа да сусынды алақанына

құйып, температурасын сонымен өлшейтін.

Олай істемесе, балаға сусын бергізбейтін. -

Содан кейін микроб деген бір пәле, жұғып

кетеді, ауру таратады деп шыр-пыр болатын-ды

жарықтық. Отбасымызда алғаш рет қыз

бала туғанда ұлдар жиналып қарындасын

көргісі келеді ғой, сонда Зекең Гүлжанның

басында бақылап отыратын. «Ары жүріңдер,

басына келмеңдер, микробтарың жұғады,

аяғынан сүйіңдер, аяғынан» деуші еді (күлді)».

«Қуғындалып келген

соң тек жазушылықпен

айналысты»

Зейін Шашкин жазушылықтан дәрігерлікке

келеді. Айдалып кеткенде барған жақта

атақты ғалымдар, әдебиетшілер мен жазушылар

абақтыда жатты. Репрессияның тамұқ

лагеріне жазықсыз айдалған жандар үмітпенен

таң атырып, кеш батырды. Біз енді Мариям

ападан Зейін ата қалай дәрігер болғаны

жайлы сұрап білдік. «Тұқымында қасиеті

болған болуы керек, Зекең түрмеде адамдарды

емдей бастаған. Арнайы дипломы

болмағанымен, қажетті жағдайларды жақсы

меңгергендіктен, кез келген ауруды еркін

емдеуіне рұқсаты болған. Түрмеде жүрген

кезінде, соғыстың біткен уақыты, Зекең

«Мен Қазақстанға қайтуым керек», «Мен

Қазақстанға керекпін» деп жоғары жаққа

хат жазып, хабарлама сала береді екен.

Бұл тілегі 1947 жылы орындалған», – деп

еске алды М.Шашкина. Қуғынды көрген,

түрменің тас түнегі әбден қинаған, тәнімен

қоса жанын азаптаған азалы жылдар артта

қалғанымен, жан жарасын жазу үшін әрі

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІРТУАР 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 5

неге ұмытты?

денсаулығын түзеу үшін өмірінің 7-8 жылын

тыныш өткізеді. Қазіргі Бурабай аймағында

ел көзінен тасада ғұмыр кешеді. Тек 50-інші

жылдардың басында Алматыға оралып, бірыңғай

шығармашылық жолға түседі. Шағын ғана

үстеліне отырған жазушы содан өмірден

озғанына жазумен шұғылданған. Мариям

апа: «Зекең жазу барысында тамақ ішу үшін

ғана орнынан тұратын. Аз ғана үзіліс жасап,

демалып алатын да, кабинетіне қайта кіретін.

Кешкі бір серуенде де көп қыдырмайтын,

кейде бір телефон қоңыраулары ұзаққа

созылғаны болмаса, негізгі уақыты тек

жазумен өтті. Советтік Қазақстан тарихында

аты қалған Тоқаш Бокиннің өмірі

Зейін Шашкиннің шығармашылығына арқау

болды. Ол Тоқаш Бокинді зерттеп, көлемді

роман жазды. Кейін Панфиловшылар паркінің

жанына революционердің бюстін орнатуда

Зекеңнің көп еңбегі сіңді. Алматы

облысындағы бір совхозға Тоқаштың есімін

берді және Әуезов театрында жазушының

пьесасы сахналанды. Онымен тоқтамай, «Таң

алдында» атты көркем фильм шығарды», –

деді.

Өзінің саналы ғұмырын игерген тақырыбына,

кумиріне арнау деген осы шығар. Жазып

қана қоймай, басқа да қоғамдық жұмыстарды

түгелдей атқару бүгінгі жазушы қауым үшін

де таптырмас құрал еді-ау.

«Ол тақырыбын әбден игеріп, пісірген

соң, үстелге отыратын»

«Зекең жазуды тез жазатын, ұзақ ойлану

мен толғануды көтермейтін. Жазуы да жатық

болды, бастаған кітап тез оқылатын еді»

деді Мариям апай. Ол шығармаларын тез

жазатыны сондай, 5 жылда бес романды

жарыққа шығарыпты. Әр түрлі тақырыптарда

жазылған туындыларында оның өзіндік

қолтаңбасы айқындалып тұрды.

«Доктор Дарханов» – ұлттық әдебиеттегі

медицина тақырыбын көтерген тұңғыш роман.

2006 жылы алтын қорға кірді. Соңғы романы

«Сенімді» жазғанын көзіммен көрдім ғой.

Ол жазуға отырғанда шыбынның ызыңы

ғана естілетін, сондай тыныш ахуалды

қалыптастыратынбыз. Өзі де айтатын:

«Менің жазатындарым көп, әлі де көптеген

шығармалар жазамын, сондықтан тыныштық

керек» деп.

Бірде жазуда отырғанында

білдіртпей арқа тұсына барып қарап тұрдым,

менің келгенімді біліп тұрған ол қаламын

ақ қағаздан босатпай сөйлемдерді төге

берді. Таң қалдым. Оған жазу деген өзі

құйылып жатқандай көрінуші еді.

Қазір Зейінді ешкім іздемейді, ұмытты.

Кейінгі ұрпақ түгіл, өз замандастары ауызға

алмайды. Өз кезінде де жазушылар арасында

толастамайтын бақталастық, күндестік деген

бәлелер гүлденіп тұрған шақ қой, Зекеңнің

талантын да көре алмаушылар болды. Тамұқтың

отынан аман шығып, ел танымын кеңейту

үшін әр қилы бес роман жазған Зейіндей

жазушы болған жоқ дейді. Қазір жұрт Сәбит

Мұқановты айтады, Әбдіжәміл Нұрпейісовті

айтады, ананы-мынаны айтады, бұлардың

ешқайсысы Зекеңе жетпейді. Зейін өте

білімді, мәдениетті, аса сауатты жазушы

болды».

Біз кейінгі буынның өкілі болғандықтан,

апай айтқан шындықты көзіміз көргендіктен,

қарсы ештеңе айта алмадық, тек үнсіз

бас изедік. Шындығында да солай болуға

тиіс еді.

«Зекең өмірден

озғанда...»

Мариям апай өмірінің жарқын да азалы сәттері

таңбаланған отбасылық фотоальбомды ақтарып

отырып, жазушыны ақтық сапарға шығарып

М.Шашкина.

салу шарасының көріністерін көрсетті. Онда

Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Сәрсенбаев,

С.Бегалин, Ә.Шәріпов, К.Оразалин, т.б. біршама

қаламгерлердің қоштасу рәсімінде болғанын

көрдік. «Зекең қайтқанда көңіл айтқан бірінші

адам батыр Бауыржан Момышұлы болды.

Ол кісі үйге келіп, көңіл айтып, Зекеңнің

басында тұрды. Басында ақбурыл шашын

жасырған ақ сұр папахасы болды ғой, соны

шешіп, басын иіп тұрып: «Азамат едің ғой

сен, Зейін!» деді. Сөйлеу мәнері жан баласына

ұқсамайтын Баукеңнің сол сөзі жадымда

қалыпты», – деді Мариям апай. Және бір

апайдың айтқаны: жазушы қайтқанда жоқтау

«Доктор Дарханов» романын жазған дәрігер-жазушы.

айтуы. Оны апайдың өзі сол уақытта сезбеген,

кейін бір ел аяғы басылып, туыс-туғандар

келгенде естиді. Бұрын орысша оқыған әрі

қалалық бай-бағланның қызы болғандықтан,

қазақы танымы шектеулі екенін білетін таныстары

расымен де таң қалған деседі.

«Алайда үш жыл отасқан жарым аяқ астынан

қайтыс болғанда айтқаным – жүрегімнен

шыққан шынайы жыр, жыр ғана емес, жан

баласына айтпас сырым, зарым еді ғой»

деп егілді Мариям апай. Апаймен болған

кездесуде уақыттың қалай жылдам өткенін

аңғармаппыз. Бір жарым сағат ішінде жазушының

барлық ғұмырын айтып тауыстық демейміз,

ол мүмкін емес те. Тек өзіміз білгіміз келген,

жұрт естіп-көргісі келген жайттарға қандық.

Өзінің текті әулеттен шықса да, өмір бойы

қиындық көргенін, тек жазушымен отасқан

3 жылын өмірінің ең сәулелі шақтары екенін

тебірене еске алды. Қызығы мен қуанышы

астасқан ғұмырын баяндаған апамыз араарасында

қамыға күрсінгенін, көз жасы іркіліп

қалғанын да, тіпті бір ащы өксіктің тамаққа

келіп тірелгенін де сездік. Жазушы балалары

мен басқа да туыстарының мұрагерлік

құқыққа таласуы, жазушының өз заманында

әріптес қаламгерлер мен бәсекелестерінің

қара мысықтай қызғанышына тап болуы, ақтық

сапарындағы ұмытылмас фотосуреттер және

музейге өткізген жәдігерлердің қолды болуы –

бәрі-бәрі де айтылмай қалмады.

Ақырында тоқсанға тақаған Мариям

Шашкина апамыздың аяулы жары туралы

әсерлі әңгімесі үшін игі тілектерімізді айтып

шыға бердік.

Заңғар КӘРІМХАН,

e-history.kz сайтынан.

МЕРЕЙТОЙ

Тамаша адам

8 тамыз күні КСРО тұтынушылар кооперациясының Үздігі,

КСРО кеңес сауда саласының Үздігі, Қаныш Сәтбаев атындағы

каналды пайдалану Павлодар учаскесі ЖЖБ-ны ұзақ жылдар

бойы басқарған Бүркіт Жұмабекұлы Бекболатов 75 жасқа

толмақ.

Баянауыл ауданы Жаңажол ауылының

тумасы Бүркіт Жұмабекұлы Ескелді

шатқалында дүниеге келген, яғни

Мәшһүр атамыздың кесенесінің

түбінде туған деп айтуға болады.

Еңбек жолын «Жаңажол» және «Қарасу»

совхоздарының еңбеккерлеріне қызмет

көрсететін автодүкеннің жүргізушісатушысы

болып бастайды. Целиноград

кооперативтік техникумын, содан

кейін сырттай Қарағанды кооперативтік

институтын бітірді. 1973 жылдан бастап

Жаңажол сауда бірлестігінің директоры

қызметін атқарды. Бірнеше жыл

қатарынан социалистік жарыстың

жеңімпазы атанып, аудандық тұтыну

кеңесінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп

алды.

– Мен үнемі тамаша адамдармен,

өндіріс озаттарымен, өз ісінің

шеберлерімен еңбек еттім, сол үшін

тағдырға шексіз ризамын, - дейді

Бүркіт Жұмабекұлы.

Ол 1981 - 1983 жылдар аралығында

облыстық тұтынушылар одағының ет

дайындаушылар қатарына ауысты. «Жұмыс

нашар жүргізіліпті. Мал шаруашылығына

арналған үйлер салу қажет болды, бірақ

трактор, кран сияқты арнайы техника болған

жоқ. Мені тәжірибелі сауда қызметкері

ретінде осы салаға жабдықтаушы ретінде

жіберді. Қиындықты жеңіп, құрылысты

барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз

еттім. Кейін «Экибастузэнергострой»

тресінің жұмыс жабдықтау бөліміне ауысып,

кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.

1985 жылдың тамыз айынан бастап

Екібастұз аудандық партия комитетінің

бірінші хатшысы Оралбек Қожановтың

ұсынысымен «Ертіс-Қарағанды» каналы

жұмысшыларына қызмет көрсететін «Главриссовхозстрой»

Шідерті жұмыс-шыларды

қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып

тағайындалды. Павлодар аудандық арнаны

пайдалану басқармасының бастығы Леонид

Баталов бірінші кездесуден-ақ өзінің

сабырлы, батыл адам екенін көрсетті.

Оның біліктілігі мен ұйымдастырушылық

қабілетінің арқасында құрылған «Водник»

ірі қосалқы шаруашылығында үш мың бас

ірі қара мал, он мың бас шошқа кешені,

қой отары болды. Бұл салада Бүркіт

Жұмабекұлына қысқа көкөніс дайындау,

қоймаларды талапқа сай сақтау міндеті

жүктелді. 22 қызметкер жұмыс жасайтын

картоп қоймасына 150 тонна картоп, қызылша

және сәбіз сыятын еді. Қысқа дайындық

ерте көктемде басталатын. Картопты егіпжинауға

канал жұмысшылары мен техника

бөлінетін. Ал күзде дайындалған картоп

келесі көктемге дейін шекара маңындағы

совхоздардың тұрғындарымен бөлісуге

жететін. ЖЖБ базасының аумағында тәулігіне

бес жарым тонна нан өндіретін үлкен

нан зауыты орналасқан еді. Нан-тоқаш

өнімдерінің ондаған түрі шығарылды.

Жергілікті Кеңес депутаты, бесінші дәрежелі

шебер В.В.Назаренко жетекшілік ететін

зауытта 40 адам еңбек етті. Бұл кәсіпорын

кенттегі жеті мың тұрғыннан басқа, көрші

төрт совхозды нанмен қамтамасыз етті.

Осы қарқынмен 1994 жылға дейін, яғни

әлеуметтік-экономиканың жаңа түріне

көшкенше еңбек еттік. Бұл бір қиын

кезең еді, қолма-қол ақша төлеу, кенттің

тіршілікті қамтамасыз ететін нысандары

тоқтатылды, өзге ұлт өкілдері тарихи

отандарына көше бастады.

- Арнаның өміршеңдігін сақтау үшін

білікті кадрлар өте қажет болды және

мамандарды ұстап қалу мақсатында

Л.Баталов басқарма жанынан материалдықтехникалық

қамтамасыз ету және жинақтау

учаскесін құрды, мені жабдықтау жөніндегі

өзінің орынбасары етіп тағайындады, -

деп еске алады Бүркіт Жұмабекұлы. 2002

жылға қарай бізде жеке наубайхана мен

жұмыс асханасы болды, онда күн сайын

қызметкерлерді тамақтандырып, мерейтойлар

мен үйлену тойлары, жерлеу мен

еске алулар өткізілетін еді. Кестеге сәйкес

жұмысқа шыққан жұмысшыларға ақысыз

ас-ауқат беретінбіз. Көбінесе адамдар

жалақының орнына азық-түлік алды.

Леонид Иванович Баталов Қарағанды

және Павлодар облыстарында азық-түлік

тауарларын, көкөністерді жеткізушілерді

тауып, үнемі келісімшарт жасайтын.

Арнадағы екі мыңыншы жылдарға дейін

жалғасқан қиын жылдар артта қалды.

Беловка, Қызылқұрама, Қалқаман мен

Шідертіде тұратын каналдың 1500 қызметкері

үшін «тапсырыс үстелі» үрдісі бойынша

өнеркәсіптік тауарлармен қызмет көрсету

енгізілді. Сауда мамандары міндеттерін

абыроймен атқарды. Н.М.Блинова

миллиондаған ақшаға алынған тауарды

шатастырмай, «тапсырыс үстелі» бойынша

қатесіз босатып отырды. Тәулік бойы жүздеген

километрге шығып, кез келген тауарларды

жеткізетін. Өлшеуі ең күрделісі күнбағыс

майы мен ет болды. Кез келген маман

оларды дәл өлшей алмайтын. Галина

Гертер жұмысын абыроймен атқарып, қиын

жағдайдан шығу жолын тауып, басшылықтың,

әріптестердің және достардың құрметіне

ие болды. Осы секілді қоймада сатушы,

жеткізуші, тасымалдаушы болып еңбек

еткен адамдар сол бір қиын-қыстау кезеңде

ауыртпалықты бірге көтерді, ұжымда бірлік

болды. Тауарлардың үздіксіз жеткізілуін

қамтамасыз еткен жүргізушілер де уақытпен

есептеспей еңбек етті. Асханаға ерекше

көңіл бөлінді: қызметкерлердің тамағы тоқ

болса, жұмыс жақсы жүреді. Еңбек адамдарымен

біз қайғыда да, қуанышта да

бірге болдық. Реймер Валентина Леонидовна

25 жыл бас аспаз болды. Каналдың

қоғамдық тамақтануының негізін қалаушы

Якуб Захарович Журабаев болды. Кентте

Якуб Захаровичті ерекше құрметтейтін.

Ол жоғары мәртебелі меймандарды

қабылдауға «Радуга» дәмханасын салды.

Зайыбы Валентина Васильевна №1 асхананы

басқарды. Осы асхананың технологы

және ауысым шебері Г.К.Акулова

жұмысқа бірінші болып келіп, ең соңғы

болып кететін. Біздің қоғамдық тамақтану

қызметкерлері үнемі толық жауынгерлік

дайындықта болатын. «Кентке бір кәсіби

слеттің 250 қатысушысын кенеттен

жіберген жағдай болды. 25 адам шұғыл

дастарқан жайып, күтпеген қонақтарды

тамақтандырып жіберген еді. Каналдың

барлық мерейтойларын мерекелеу асхана

аспазшыларының мойнында болатын, –

деп жымияды Бүркіт Жұмабекұлы. - Өмір

бойы мен бірде-бір қызметкерді кабинетке

шақырып, ұрсып, жұмыстан босатқан

емеспін. Егер тамақтану орындарында

бұзушылықтар болса, мәселенің мәнін

анықтау үшін технологтарды ғана жинайтынмын,

содан кейін олар ұжым ішіндегі

жағдайды талқылап шешетін. Бізде кәсіподақ

комитетімен тығыз жұмыс жасаған еңбек

ұжымының кеңесі болды. Басты ұстанымым

қызметкерлерді ұстап қалу, кадрлардың

кетуіне жол бермеу болды. Содан да болар,

мен зейнеткерлікке 47 жыл сауда саласында

жұмыс істеп, 67 жасымда шықтым,

оның ішінде 30 жыл бір жерде еңбек

атқардым, - дейді мерейтой иесі.

Бүркіт Жұмабекұлы зайыбы Закишпен

бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Закиш

апа қазір өмірде жоқ. Балалар таңдаған

мамандықтарын иеленді. Үлкен қызы Гүлнар

Астанада кеден басқармасында жұмыс

істейді. Қызы Бақыт - мемлекеттік кірістер

басқармасының маманы. Ұлы Талғат -

қаланың жетекші құрылыс компаниясы

басшыларының бірі. Бүркіт Жұмабекұлы екінші

зайыбы Әлия Назмұханқызымен 22 жыл

бірге өмір сүріп келеді. Алты немересі –

өмірлерінің жалғасы. Ақсақал сан жылдар

өмірін арнап, туғандай болған кентінің

қоғамдық өміріне әлі де белсене араласады.

Медет СЕРІКҰЛЫ,

Шідерті ауылы,

Екібастұз қаласы.

(809)

6 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл АҚ ҚАУЫРСЫН

САРЫАРҚА САМАЛЫ

СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 125 ЖЫЛ

Дархан даланың дарыны

Қазақ әдебиетінің поэзиясы мен прозасы, аудармасы мен балалар

тақырыбына танымдық-тағылымдық дүниелерін жүзжылдықтарға

еншілеп кеткен жерлесіміз Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдық

мерейтойы ақынның атамекен-туған жері Ақсу қаласына қарасты

Құркөл ауылында кеңінен аталып өтті.

Сая МОЛДАЙЫП

«Ұлы тойдан ұлағат із қалады», тойда

ақын жерлестері дабыра думаннан гөрі

алқалы отырыс, келелі кеңеске көбірек

көңіл аударып, Дөнентаев есімін жаңғыртып,

ғалымдарымыз шығармашылығы хақынан

сөз қозғады, өлшем-пішімін таразылады.

Бұл жиынға Сәбит Дөнентаевтың қызы

Сәулеттің баласы Жарқын Дайрабаев отбасымен

және Дөнентай ұрпақтары келді.

Сексенінші жылдардың соңына қарай Ақсуда

(бұрынғы Ермак кезінде) басшы қызметте

болған, сол кезден бастап қаламгер есімін

жаңғырту ісіне қомақты үлес қосқан Ақсу

қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері

Қуат Есімханов, Ресей Федерациясы Алтай

өлкесіндегі Байғамұт орта мектебінің директоры

Сапарбек Маусымбаев, облыстық ішкі

саясат басқармасының басшысы Ернұр

Дәуенов қатысты.

Ақсу жұрты алыс-жақыннан келген

қонақтарды қазақы ақжарма салт-дәстүрмен

әр ауыл жасау–жабдығымен киіз үй тігіп,

дастарқан жайып қарсы алды. Көрмелер

ұйымдастырыпты, күш сынасқан балуандар

сайысы, ат жарыс, ән-жыр, концерт, т.б.

қызықтар той салтанатын арттырды.

Мерейтой «Дархан даланың дарыны»

атты ғылыми-практикалық конференциямен

басталды. Ақсу қаласының әкімі Балғабай

Ыбыраев құттықтау сөз сөйлеп, тойға келген

қонақтар мен көпшілікке ақ тілегін айтты.

Қуат Есімханов қаламгердің шығармашылығы

жайлы айта келіп:

- Кезінде Сәбит атамыздың есімін жаңғырту

мақсатында ел болып бірқатар істер атқардық.

1989 жылы 100 жылдық мерейтойында Құркөл

мектебіне Сәбит Дөнентаевтың есімі берілді,

еңбектерін жарыққа шығардық, бюстін қойдық.

«Сарыарқа самалы» газеті мәселе көтеріп,

Семейдегі зираты қалпына келтірілді, туған

жеріне белгітас орнатылды, - дей келе,

С.Дөнентаевтың замандас қаламдастары

жайлы сөз қозғады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің қазақ

тілі және журналистика кафедрасының

меңгерушісі Айман Зейнуллина конференция

тізгінін қолға алып, С.Дөнентаев жайлы баяндама

жасады, келелі сөз қозғап, қаламгер

шығармашылығы туралы әңгімеледі.

- Сәбит Дөнентаев - сатира жанрында

айрықша тұлғаланған талант. Қазақ әдебиетіндегі

фельетон, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының

дамуына айтарлықтай үлес қосты. Кейін оны

жинақтап, «Аузы қисық» атты атаумен баспаға

Алматыға апарып берген екен, бірақ, өкінішке

қарай, баспадан шықпай қалған. Ол білікті

аудармашы болды, еркін аударманың озық

үлгісін жасады. Ақын мысал өлеңдері арқылы

қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық,

қаскөйлік, парақорлық сияқты жағымсыз

қасиеттерді өткір сынға алды.

Конференцияда сөз алған филология

ғылымының докторы, профессор,

мәшһүртанушы Айтмұхаммет Тұрышев

қаламгер шығармашылығының көркемдік

табиғатына тоқталды.

- Бір айғақ – Сәбит Дөнентаев

туындыларының өміршең екендігі. Бір

айғақ – Сәбит Дөнентаев – реалист, демократ

ақын екендігі. Ол халықты оқып-білім

алуға шақырды. Қалың бұқараның мүддесін

көздеді, азаттық, еркіндік, әділ өмірді көкседі.

Қай өлеңін, қай шығармасын алып қарасақ

та, бүгінгі күннің мәселесін қозғап тұр.

Расында да, олай жазбаса, көрсетпесе,

ақын ақын болар ма?! Немістің ойшыл ақыны

Гете бір жазбасында: «Егер жұмыр жердің

қиян бір шетінде титтей сызат білінсе,

ол сөз жоқ. Ақын жүрегі арқылы өтеді...»

депті. Сәбит Дөнентаев та өз заманының

жаршысы бола білді, ақиқатты айтты, сөз

қаруын қолданды.

Алтай өлкесі Байғамұт ауылынан келген

ұлтжанды азамат, Ақсу өңірінің тумасы, РФ

Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Титов

сыйлығының лауреаты Сапарбек Маусымбаев

та келелі ойларын айтып, көпшілікті

мерекемен құттықтады. Ресей жеріндегі

қазақтар жайлы сөз қозғады.

- Әкем - осы ауылдың тумасы. Сондықтан

осы жерде туып-өскен Сәбит ақын маған

да жақын, мақтаныш етемін. Заманында

Байғабыл Жылқыбаев атамыз Байғамұтқа

келіп, сахнада өнер көрсететін. Бұл өңір -

Сәбит, Байғабыл секілді тарихи адамдар

шыққан киелі өңір, - деді. Айта кетейік,

ұлтжанды азамат Сапарбек Шайхымұлы

Байғамұт ауылындағы ат төбеліндей ғана

қазақтар үшін қазақ мектебін сақтап отыр,

«Сарыарқа самалы» газетін Ресейдегі Славгород,

Бурла, Құлынды, Михайловка қала,

аудандарындағы қандастарға таратады.

Құркөл ауылдық округінің әкімі болған,

еңбек ардагері, Ақсу қаласының Құрметті

азаматы Қаршыға Шаяхметов те қаламгердің

өмірі мен шығармашылығы жайлы ойын

айтып, өлеңін оқып берді. Айта кетерлік бір

мәселе, осыдан бес жыл бұрын ақынның

120 жылдық мерейтойы қарсаңында

«Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында

Павлодардағы ақын, жазушылардың басын

Ақын мұражайы

Той көрінісі

Жарқын Дайрабаев пен Балғабай Ыбыраев гүл шоқтарын қоюда

қосып, С.Дөнентаев туралы дөңгелек үстел

өткіздік. Сол кездегі Павлодар педагогикалық

институтының (бүгінгі ПМПУ) ректоры Нұрғали

Аршабеков қаламгер шығармаларының

жарыққа шықпай қалған немесе ертеде

жарияланғандарын іріктеп, кітап етіп шығару

туралы ұсынымызды қолдады. Айтқандай,

осы оқу орнының Е.Бекмаханов атындағы

ғылыми-библиографиялық кітапханасының

төрағасы Қарлығаш Төлеубаева Шығыс

Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап

кітапханасы мен Абай қорық-мұражайында

болып, тарихи деректер, мәліметтер, фотосуреттер

әкелді. Бұл еңбектер жинақ болып

басылып шықты. Дегенмен, бір ғана дана

болғандықтан көпшілікке тарай қойған жоқ.

Қаламгердің 125 жылдық мерейтойына

арналған ғылыми-практикалық конференцияда

жасалған баяндамалар және жоғарыда

сөз болған жинақты да енгізіп, жыл соңына

дейін кітап етіп шығару туралы көпшіліктің

ұсынысын Ақсу әкімі Балғабай Ыбыраев

қолдады. Бәрекелді! Егер жүзеге аса қалса,

бұл қаламгер туындыларын бүгінгі ұрпаққа

таныстыруда ақсулықтар атқарған қомақты іс

боларына дау жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай,

«ұлы тойдан із қалдыру» деген осы болмақ.

Тойға жиналған қауым бұл күні басқа

да игілікті істердің куәсі болдық. Ақынның

жиені Жарқын Дайрабаев пен әкім Балғабай

Ыбыраев бастаған жұртшылық мектеп

алдындағы ақын бюстіне гүл шоқтарын

қойды. Оқушылар өлеңдерін оқыды. Тағы

бір игі жаңалық С.Дөнентаев атындағы орта

мектепте осы білім ордасының мұғалімі Қорлан

Сүйіндікованың жетекшілігімен ақынның өмірі

мен шығармашылығына арналған мұражай

ашылды. Мерейтой қаз–қатар тігілген киіз

үйлер төріндегі салтанатты сахнада жалғасты.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма

театрының артистері «Ұрпағыма айтарым»

атты Сәбит Дөнентаев өмірінен сахналық

көріністер көрсетті, өлеңдері оқылды. Белгілі

айтыс ақыны Қуанышбек Шарманов ақынға

«Арнау» айтты:

Жасынан айналған ел ағасына,

Бірінің-бірі жеткен бағасына.

Жиырмасыншы ғасырдың

алыптары-ай,

Сыймай кеткен қазақтың

кең даласына.

Соның бірі ұрпағы Дөнентайдың,

Сәбит қой салған жолы дара, сірә..., -

деп той мерейін асқақтатқан ақын жігітке

ел риза болды.

С.Дөнентаевтың 125 жылдығына орай

қала әкімі Балғабай Ыбыраев бір топ азаматтарды,

мәдениет қызметкерлерін, мұғалімдерді

марапаттады. Ресейден келген қандасымыз

С.Маусымбаевқа шекаралас достықтың белгісі

ретінде киіз үй жабдықтарын табыс етті.

Екібастұздық әнші Жәнібек Мәліков,

павлодарлық Нұржан Сарқамбаев, И.Байзақов

атындағы облыстық филармония, ақсулық

өнерпаздардың өнерін көпшілік биік сахнадан

тамашалады. Ұлттық спорт түрлері де тартысты

өтті. Той көркі - аламан бәйге мен теңге

алу ұйымдастырылды.

Қорыта келгенде, Сәбит Дөнентаевтың

туғанына 125 жыл мерейтойын ақсулықтар

мәнді, маңызды ұйымдастырды. «Сәбит

Дөнентаев» атты ақын өлеңдерінің жинағын

да шығарып, таратты. «Бір кем дүние» деп

Шерхан жазушы айтқандай, «әттеген-ай» деген

өкініш көңіл сыздатты. Павлодарлық үлкендікішілі

қаламгерлер, осы ауылдан шыққан

басқа да әр саланың белгілі азаматтары

Сәбит тойында төбе көрсеткен жоқ. Бәйге

тігіліп, мүшәйра, айтыс ұйымдастырылғанда

тайлы-таяғы қалмай баратын ақындар осы

тойдың мәртебесін көтерулері тиіс-ақ еді.

Бүгінгі, ертеңгі ұрпақ, бар қазақ

жадынан жаңылмаса игі! Әдебиетіміздің

туы жығылмасын, сол туды биіктетіп кеткен

Сәбит сынды әдебиет алыптары халықпен

бірге жасай берсін деп тілейік!

Ақсу қаласы.

С

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАРНАМА 6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл 7

Павлодар қалалық мәслихатының

шешімінің жобасы

Павлодар қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды

жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және

қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық

кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының

6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі

«Құқықтық актілер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Энергетика

министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі «Тұрмыстық қатты

қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге

және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы»

№404 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,

әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке

алмай) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес

бекітілсін.

2. Павлодар қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші

жойылды деп танылсын:

1) Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі

«Павлодар қаласының аумағынан коммуналдық қалдыктарды шығару

тарифтерін бекіту туралы» №147/19 шешімі (№3545 нормативтік

құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Реестірінде тіркелді, 2013

жылғы 7 маусымда «Шаһар» газеті және 2013 жылғы 10 маусымда

«Версия» газетінде жарияланды);

2) Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі

«Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі «Павлодар

қаласының аумағынан коммуналдық қалдыктарды шығару тарифтерін

бекіту туралы» №147/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №58/7

шешімі (№5217 нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу

Реестрінде тіркелді, 2016 жылғы 27 тамызда «Звезда Прииртышья»

газеті және 2016 жылғы 30 тамызда «Сарыарқа самалы» газетінде

жарияланды).

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына

жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қалалық мәслихаттың хатшысы З. МҰҚАШЕВА.

Павлодар қалалық мәслихатының

2019 жылғы «__» _________ № _____шешіміне қосымша

E-commerce

мүмкіндіктері

(808)

Павлодар қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,

әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке

алмай) арналған тарифтер

1

2

3

р/н

Атауы

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін

қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық

қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге

арналған тариф.

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары

үшін қосылған құн салығын есепке алмай

тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,

әкетуге және көмуге арналған тариф.

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия

төлемақысын есепке алмай, қосылған

құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты

қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге

арналған тариф.

Есептік

бірлік

1

тұрғын

1

тұрғын

Бағасы

теңгемен/айына

288,15

295,54

1 м 3 1773,25

(808)

2025 жылға қарай виртуалды сауда көлемі

153 миллиард теңгеден 2-3 триллион теңгеге дейін

ұлғаяды, ал электронды коммерция саласындағы

жұмыс орындарының саны 200 мыңға жетеді.

Жақында ғана Қазақстан Республикасында электрондық сауда

бөлшек айналымының жалпы үлесінде тек 1%-ды ғана алды.

Электрондық коммерцияның сұранысқа ие болуы мынадай іс-шаралар

ықпал етеді: пошта инфрақұрылымының халық үшін қолжетімділігін

жақсарту, клиенттердің сәлемдемелерді алу уақытын қысқарту,

жөнелтілімдерді үздіксіз жеткізуді жолға қою, клиенттік аналитиканы

кеңінен пайдалану, тауарлар ассортиментін кеңейту және ұтқыр

коммерцияның танымалдығының өсуі.

Электрондық сауданы дамытуда 2018 жылғы 1 қаңтардан

бастап (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) кәсіпкерлер үшін, егер

сату электрондық түрде жүзеге асырылған және тауарлар үшін

төлем жылдық жиынтық табыстың кемінде 90% қолма-қол ақшасыз

төлеммен жүргізілген жағдайда, корпоративтік және жеке табыс

салығын төлеуден кірістерді 100%-ға дейін босату бөлігінде күшіне

енген салықтық преференциялар да маңызды рөл атқарды.

Осылайша, 2017 жылы Павлодар облысында интернет арқылы

тауарлар мен қызметтерге тапсырыс алатын 76 ұйым жұмыс істеді.

Тауарлар мен қызметтерді өткізудің жалпы көлемі 1895,0 млн. теңгені

құрады. 2018 жылы Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерге

тапсырыс алатын ұйымдар 251 бірлікті құрады (ұқсас кезеңге 330%).

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы осы басылымның

тілшісі Қарлығаш Хашымқызына

әжесі Күлзидің

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Бастысы – қауіпсіздік

Жыл басынан бері Павлодар облысында 21 адам суға

батып, ажал құшты. Олардың қатарында кәмелеттік

жасқа толмаған 8 бала бар. Өкінішке қарай, биыл бұл

көрсеткіш былтырғыдан жоғары.

Өткен жылдың дәл осы уақытында 19 адамның денесі судан табылған

болатын. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс

басқармасы бастығының орынбасары Рустам Жанастың айтуынша,

былтыр барлығы 24 адам суға батып кеткен. Оның сегізі – бала.

- Кәмелеттік жасқа толмағандардың дені жағалауға ата-аналарсыз

барып, рұқсат етілмеген жерлерде шомылған. Ал ересектердің 80 пайызға

жуығы суға түсу кезінде мас күйінде болғаны белгілі болды. Оқыс

оқиғалардың алдын алу үшін үнемі үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.

Осы уақытқа дейін 300-ден астам рейдтік шара ұйымдастырылып,

32 мыңнан астам адамға, олардың қатарында 20 мың балаға судағы

қауіпсіздік ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді, - дейді Р.Жанас.

Жедел құтқару жасағының мамандары әр 30 минут сайын Ертіс

өзенінде патрульдік шараларды, күн сайын рейдтік жұмыстарды жүргізеді.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері

алғашқы медициналық көмекті қалай жасау керек екенін іс жүзінде

көрсетеді. Таяуда Павлодар қаласындағы жағажайда демалушыларға екінші

шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Рейдтік шараларға құтқарушылармен

қатар жергілікті полиция қызметі, білім беру басқармасының өкілдері

мен еріктілер де қатысады.

Рустам Жанастың айтуынша, әдетте шомылу маусымы 20 тамызға

дейін жалғасады. Бүгінгі күні облыс аумағында 30 жағажай ресми

түрде тіркелген. Олардың 16-сы – жеке. Ал облыс орталығында

екі аумақта – Орталық жағажай мен Усолка өзенінің маңында ғана

шомылуға рұқсат етілген.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

БӘРЕКЕЛДІ!

Ыстамбұлда Әл-Фараби

музей-үйі ашылды

Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған шығыс ғұлама

ғалымының мұражайы Түркі әлемі этнографиялық

музей-кешенінде бой көтерді.

Аталмыш шара ғалымның 1150 жылдығына арналып отыр. Әл-Фараби

музейінің ашылу салтанатына түрік елінің белді саясаткерлері, қоғам

қайраткерлері мен дипломаттар қатысты. Жобаны ҚазҰУ мен Ыстамбұл

губернаторлығы бірлесе отырып, Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ және Түркиядағы

Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды.

- Әл-Фарабидің үлкен ғылыми тұжырымдамалары қазіргі уақытта

ерекше бағаланып отыр. Өйткені бұл кісінің адамзат жайлы, жалпы

алғанда, адамзаттың болашағы қандай болу керек деген негізде

тұжырымдама жазып, ғылыми тұрғыдан дәріптеп, асыл мұра ретінде

қалдырып кеткен. Әл-Фарабидің рухани мұраларын дәріптей отырып,

біздің өзіміздің ұлтымызды, мәдениетімізді, рухани әлемімізді халықаралық

деңгейге көтереміз, - дейді Қазақ ұлттық университетінің ректоры

Ғалым Мұтанов

Ыстамбұл муниципалитеті бас хатшысының орынбасары Шенгүл

Арсланның айтуына қарағанда, ғұламаның музей-үйі бірнеше бөлімнен

тұрады. Мұнда Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірінен алынған деректер

көрсетіліп, құнды тарихи мәліметтер берілген. Сонымен қатар мүсіндік

композициялар, тарихи жәдігерлер, ғалымның еңбектері және ойшыл

туралы кітаптар қойылған.

Надуралиев Таиб Низамеддин Оглы Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 24/3 мекенжайы

бойынша «Көпсалалы кешеннің құрылысын салу» жобасы бойынша ОВОС

бөлу жөнінде ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарлайды.

Тыңдау 05.09.2019 жылы Бакинская көшесі, 3 мекенжайы бойынша сағат 15.00-де болады.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру үшін жауапты тұлға «Павлодар облысының

жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ

М.К.Балтабаева болып табылады (329379, 652559), электронды мекенжайы: baltabaeva.

dpr@pavlodar.gov.kz.

Тапсырыс беруші: Надуралиев Таиб Низамеддин Оглы, 87014443287

(812)

ÆÀÐÍÀÌÀ

66-15-40 66-15-42

С

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12531 дана,

бүгінгі көлемі 2 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1539

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

8

6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«ЕРТІС PROMENADE»

Өткен сенбі күні

Павлодардың орталық

алаңындағы «Ертіс

Promenade» сахнасында

қазақ эстрадасының жарық

жұлдызы Дастан Оразбеков

пен елге енді танылып келе

жатқан «Alem Band» тобы

өнер көрсетті.

ТУРНИР

Тілеуберді САХАБА

Бұл жолы Ертіс жағалауына адам көп

жиналды. Павлодарлық әнсүйер қауымға

«Орда» тобының құрамында жүріп жақсы

танылған Дастан Оразбеков өзінің екі жаңа

әнін тарту етті. Олар – «Қара қарындас»

және «Бұл жарық» деп аталатын туындылар.

Ол өз сөзінде біздің өңірге алғаш

рет 1999 жылы келгенін және содан кейін

бұл шаһарға жиі жолы түсетінін жеткізді.

Ал 2015 жылы ғана құрылып, аз уақыт

ішінде бірнеше хит шығарып үлгерген

«Alem Bаnd» тобы павлодарлықтардың

құрметіне «Менi қоспа», «Love», «Ерке мадам»

әндерін шырқады. Сонымен қатар, осы

Бұл - «Ertis» футбол

командасының бас бапкері

Милан Милановичтің өз

шәкірттерінің кезекті сәтсіз

ойынына берген бағасы.

Әбден лайықты. Жергілікті

жанкүйерлер павлодарлық

аяқ доп шеберлерінен ерлік

күткен еді. Үміт ақталмады.

Өз алаңымызда алматылық

«Қайратқа» есе жібердік.

Есеп 0:2.

Бұл жеңіліс жанкүйерлердің жанына

соншалық бата қоймас еді. Тек павлодарлық

футболшылар «Қайраттың» екінші құрамына

да төтеп бере алмады. Еуропа лигасы

аясындағы іріктеу ойындарынан кейін

алматылықтардың бас бапкері Алексей

Шпилевский команданың негізгі құрамына

демалыс берген сыңайлы. «Ertis»-ке қарсы

кездесуге көбіне жас ойыншылар шықты.

Соған қарамастан павлодарлық аяқ доп

шеберлері қарсыластарынан айласын

асыра алмады.

Жерлестеріміз ойынды белсенді бастады.

Шабуыл шебінде жүрген Карлос Фонсека

мен Жереми Манзороға доп шығарып

беріп, жылдам гол соғуға тырысты. Алайда

бұл көздегендері жүзеге аспады. Онымен

қоса, уақыт өте келе әуелгі қарқындары да

басылып қалды. Ойындарынан жаңылған

«Ertis» футболшыларының қателіктерін

алматылықтар ұтымды пайдаланды.

Кездесудің 20-шы минутында қорғаныс

алаңы сыр беріп, «Қайраттың» жартылай

қорғаушысы Сұлтанбек Астанов есеп ашты.

Бірінші таймның ортасында қатарынан

екі ескерту алған алматылық Небойша

Косович ойыннан қуылды. Осылайша,

қонақтар алаңда он ойыншымен қалды.

Бірақ павлодарлықтар сан басымдықтарын

да ұтымды пайдалана алмады. Тіпті,

екінші таймда тағы бір гол жіберіп алды.

Бұл жолғы голдың авторы – Айбол

Әбікен.

Павлодарлықтардың есеп айырмасын

қысқартатын, тіпті, теңестіретін де мүмкіндігі

болды. Өкінішке қарай, барлық шабуылдар

сәтсіз аяқталып жатты. «Ertis» сапында

Карлос Фонсека, Жереми Манзоро мен

Камиль Мингазовтың ғана жақсы ойын

өрнегін көрсетуге тырысқанын атап өтуге

Әсем әндер әуеледі

С

кеште жергілікті өнерпаздар – И.Байзақов

атындағы облыстық филармонияның және

«Шаңырақ» халық шығармашылығы және

мәдени сауық орталығының әншілері ән

айтты.

Ұйымдастырушылардың сөзінше,

келесі аптада Павлодарға аты аңызға

айналған «МузАрт» ансамблі келеді деп

күтілуде. Сонымен қатар, FM тобы да

павлодарлықтармен қауышатын болады.

«Балабақшадағыдай»

болады. Бірақ футбол командалық ойын

ғой. Кездесуден кейін болған баспасөз

мәслихатында павлодарлық команданың

бапкері Милан Миланович шәкірттерінің

Суреттер «Ertis» футбол клубынан алынды.

ойынына көңілі толмайтынын атап өтті.

- Бүгінгі жеңіліс өз қателігімізден

болды. Қақпамыздың алдында қауіпті

сәттердің туындауына жол бердік. Өз

айып алаңымызда доптан айырылып

қалып жаттық. Сасқалақтап, дұрыс

ойын өрнегін көрсете алмадық. Құдды

бір балабақшадағы балалардың ойыны

сияқты, - деді М.Миланович.

Кезекті жеңілістің кесірінен «Ertis»

командасы Премьер-лигадағы турнирлік

кестеде 11-ші орынға түсіп қалды. Ал

«Қайрат» командасы керісінше, жағдайын

түзеп алды. Қазіргі кезде алматылықтар

өз алаңында Қарағандының «Шахтер»

командасына есе жіберіп алған «Астанамен»

ұпай теңестірді.

Жалпы, астаналық команданың азуы

қарағандылықтарға батпай тұр. Олар

«Шахтер» командасынан осымен үшінші

ойын қатарынан жеңіліс табуда. Салдарынан

Нұр-Сұлтан қаласының командасы

Премьер-лигадағы көшбасшылық

орнын «Тобылға» беріп қойды. Осылайша

«Астана» мен «Қайрат» әзірге

41 ұпаймен екінші сатыда тұр («Тобылдан»

1 ұпай қалып тұр). Ал қарағандылық

команда - жетінші орында.

Д.АЙТПАЙ.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Ардагер

шахматшылар

бақ сынады

Жақында Аққулы ауданында

ардагерлер арасында

шахматтан облыстық турнирдің

ашылуы өтті. Оған

аймағымыздың түкпір-түкпірінен

зейнет жасындағы

40 шахматшы қатысып, бақ

сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,

аталмыш шараның мақсаты – жасы егде

тартқан азаматтар арасында осындай

турнир өткізу арқылы қалың бұқараға

спорттық ойындарды насихаттап,

олардың да бос уақыттарын қызықты

өткізуіне ықпал ету. Сондай-ақ, алысжақындағы

ардагерлердің бір-бірімен

танысып, жастарға үлгі-өнеге көрсетуіне

мүмкіндік жасау көзделуде.

Шахмат турнирі ардагерлердің жас

ерекшелігіне байланысты 3 санат бойынша

ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ,

1-ші санатта 63-69 жастағылар, 2-ші

санатта 70-75 және 3-ші санатта 76-дан

асқан ақсақалдар сынға түсті. Ойын

өте қызықты әрі тартысты өтті. Зейнет

жасындағы шахматшылар ой-өрісінің

тереңдігімен, зеректігімен өздерін көрсете

білді. Адамның логикалық қабілетін сынға

салатын шахмат ойынының барлық

жастағы азаматтар үшін берері мол,

дейді ардагерлер.

Спорттық шараның қорытындысы

бойынша 76 жастан асқан ардагерлер

арасында 1-орынды Қадыр Әмірханов,

2-орынды Анатолий Арышев, 3-орынды

Дмитрий Каблов иеленді. Ал 70-75 жас

аралығындағылардан 1-орынды Жасқайрат

Ахмадиев, 2-орынды Шәкен Намазбаев,

3-орынды Қайролла Молдағалиев алды.

Сондай-ақ, 63-69 жас шамасындағы

шахматтшылар арасында 1-орын Ғабиболла

Есімовке, 2-орын Иосиф Левтовке және

3-орын Николай Мякинькийге бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлделі орын иелері

грамоталармен марапатталып, облыстық

спорт және туризм басқармасының

медальдары табысталды.

Айта кетерлігі, өткен жылы бұл

турнирге Аққулы ауданының іргесінде

жатқан Шығыс Қазақстан облысының

ардагерлері де қатысып, өз қабілеттерін

сарапқа салған екен.

Алғашқы үштікте!

Алматы қаласында жеңіл

атлетикадан 28-ші Қазақстан

чемпионаты өтті. Павлодарлық

команда ел біріншілігінде

үшінші орынға ие болды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен және

Тәжікстаннан 160 спортшы қатысты.

Солардың қатарында Павлодар облысының

намысын қорғаған спортшылар 13 медальді

қанжығасына байлап, алғашқы үштікке

енді.

Жетістікке жеткен жерлестерімізге

тоқталар болсақ, ерлер арасында Сергей

Русак, Дамил Сүтжанов, Артем Добросмыслов,

Даниял Оспан, Никита Оссинский,

Сергей Степанковский, Сергей

Зайков, Александр Безруков, Виктор

Рябов жүлделі орындар алды. Ал әйелдер

арасында ұлттық құрама мүшесі Ольга

Сафронова, Ирина Паршкова, Юлия

Сүтжанова, Роксана Оспанова, Анна

Дубина, Александра Залюбовская, Диана

Гейнц, Роксана Оспанова сынды спортшылар

үлкен жетістікке жетті.

Н.АҚЫТЕГІ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!