06.08.2019 Views

6 тамыз, 2019 жыл №88 (15408)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8

6 тамыз, сейсенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

«ЕРТІС PROMENADE»

Өткен сенбі күні

Павлодардың орталық

алаңындағы «Ертіс

Promenade» сахнасында

қазақ эстрадасының жарық

жұлдызы Дастан Оразбеков

пен елге енді танылып келе

жатқан «Alem Band» тобы

өнер көрсетті.

ТУРНИР

Тілеуберді САХАБА

Бұл жолы Ертіс жағалауына адам көп

жиналды. Павлодарлық әнсүйер қауымға

«Орда» тобының құрамында жүріп жақсы

танылған Дастан Оразбеков өзінің екі жаңа

әнін тарту етті. Олар – «Қара қарындас»

және «Бұл жарық» деп аталатын туындылар.

Ол өз сөзінде біздің өңірге алғаш

рет 1999 жылы келгенін және содан кейін

бұл шаһарға жиі жолы түсетінін жеткізді.

Ал 2015 жылы ғана құрылып, аз уақыт

ішінде бірнеше хит шығарып үлгерген

«Alem Bаnd» тобы павлодарлықтардың

құрметіне «Менi қоспа», «Love», «Ерке мадам»

әндерін шырқады. Сонымен қатар, осы

Бұл - «Ertis» футбол

командасының бас бапкері

Милан Милановичтің өз

шәкірттерінің кезекті сәтсіз

ойынына берген бағасы.

Әбден лайықты. Жергілікті

жанкүйерлер павлодарлық

аяқ доп шеберлерінен ерлік

күткен еді. Үміт ақталмады.

Өз алаңымызда алматылық

«Қайратқа» есе жібердік.

Есеп 0:2.

Бұл жеңіліс жанкүйерлердің жанына

соншалық бата қоймас еді. Тек павлодарлық

футболшылар «Қайраттың» екінші құрамына

да төтеп бере алмады. Еуропа лигасы

аясындағы іріктеу ойындарынан кейін

алматылықтардың бас бапкері Алексей

Шпилевский команданың негізгі құрамына

демалыс берген сыңайлы. «Ertis»-ке қарсы

кездесуге көбіне жас ойыншылар шықты.

Соған қарамастан павлодарлық аяқ доп

шеберлері қарсыластарынан айласын

асыра алмады.

Жерлестеріміз ойынды белсенді бастады.

Шабуыл шебінде жүрген Карлос Фонсека

мен Жереми Манзороға доп шығарып

беріп, жылдам гол соғуға тырысты. Алайда

бұл көздегендері жүзеге аспады. Онымен

қоса, уақыт өте келе әуелгі қарқындары да

басылып қалды. Ойындарынан жаңылған

«Ertis» футболшыларының қателіктерін

алматылықтар ұтымды пайдаланды.

Кездесудің 20-шы минутында қорғаныс

алаңы сыр беріп, «Қайраттың» жартылай

қорғаушысы Сұлтанбек Астанов есеп ашты.

Бірінші таймның ортасында қатарынан

екі ескерту алған алматылық Небойша

Косович ойыннан қуылды. Осылайша,

қонақтар алаңда он ойыншымен қалды.

Бірақ павлодарлықтар сан басымдықтарын

да ұтымды пайдалана алмады. Тіпті,

екінші таймда тағы бір гол жіберіп алды.

Бұл жолғы голдың авторы – Айбол

Әбікен.

Павлодарлықтардың есеп айырмасын

қысқартатын, тіпті, теңестіретін де мүмкіндігі

болды. Өкінішке қарай, барлық шабуылдар

сәтсіз аяқталып жатты. «Ertis» сапында

Карлос Фонсека, Жереми Манзоро мен

Камиль Мингазовтың ғана жақсы ойын

өрнегін көрсетуге тырысқанын атап өтуге

Әсем әндер әуеледі

С

кеште жергілікті өнерпаздар – И.Байзақов

атындағы облыстық филармонияның және

«Шаңырақ» халық шығармашылығы және

мәдени сауық орталығының әншілері ән

айтты.

Ұйымдастырушылардың сөзінше,

келесі аптада Павлодарға аты аңызға

айналған «МузАрт» ансамблі келеді деп

күтілуде. Сонымен қатар, FM тобы да

павлодарлықтармен қауышатын болады.

«Балабақшадағыдай»

болады. Бірақ футбол командалық ойын

ғой. Кездесуден кейін болған баспасөз

мәслихатында павлодарлық команданың

бапкері Милан Миланович шәкірттерінің

Суреттер «Ertis» футбол клубынан алынды.

ойынына көңілі толмайтынын атап өтті.

- Бүгінгі жеңіліс өз қателігімізден

болды. Қақпамыздың алдында қауіпті

сәттердің туындауына жол бердік. Өз

айып алаңымызда доптан айырылып

қалып жаттық. Сасқалақтап, дұрыс

ойын өрнегін көрсете алмадық. Құдды

бір балабақшадағы балалардың ойыны

сияқты, - деді М.Миланович.

Кезекті жеңілістің кесірінен «Ertis»

командасы Премьер-лигадағы турнирлік

кестеде 11-ші орынға түсіп қалды. Ал

«Қайрат» командасы керісінше, жағдайын

түзеп алды. Қазіргі кезде алматылықтар

өз алаңында Қарағандының «Шахтер»

командасына есе жіберіп алған «Астанамен»

ұпай теңестірді.

Жалпы, астаналық команданың азуы

қарағандылықтарға батпай тұр. Олар

«Шахтер» командасынан осымен үшінші

ойын қатарынан жеңіліс табуда. Салдарынан

Нұр-Сұлтан қаласының командасы

Премьер-лигадағы көшбасшылық

орнын «Тобылға» беріп қойды. Осылайша

«Астана» мен «Қайрат» әзірге

41 ұпаймен екінші сатыда тұр («Тобылдан»

1 ұпай қалып тұр). Ал қарағандылық

команда - жетінші орында.

Д.АЙТПАЙ.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Ардагер

шахматшылар

бақ сынады

Жақында Аққулы ауданында

ардагерлер арасында

шахматтан облыстық турнирдің

ашылуы өтті. Оған

аймағымыздың түкпір-түкпірінен

зейнет жасындағы

40 шахматшы қатысып, бақ

сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,

аталмыш шараның мақсаты – жасы егде

тартқан азаматтар арасында осындай

турнир өткізу арқылы қалың бұқараға

спорттық ойындарды насихаттап,

олардың да бос уақыттарын қызықты

өткізуіне ықпал ету. Сондай-ақ, алысжақындағы

ардагерлердің бір-бірімен

танысып, жастарға үлгі-өнеге көрсетуіне

мүмкіндік жасау көзделуде.

Шахмат турнирі ардагерлердің жас

ерекшелігіне байланысты 3 санат бойынша

ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ,

1-ші санатта 63-69 жастағылар, 2-ші

санатта 70-75 және 3-ші санатта 76-дан

асқан ақсақалдар сынға түсті. Ойын

өте қызықты әрі тартысты өтті. Зейнет

жасындағы шахматшылар ой-өрісінің

тереңдігімен, зеректігімен өздерін көрсете

білді. Адамның логикалық қабілетін сынға

салатын шахмат ойынының барлық

жастағы азаматтар үшін берері мол,

дейді ардагерлер.

Спорттық шараның қорытындысы

бойынша 76 жастан асқан ардагерлер

арасында 1-орынды Қадыр Әмірханов,

2-орынды Анатолий Арышев, 3-орынды

Дмитрий Каблов иеленді. Ал 70-75 жас

аралығындағылардан 1-орынды Жасқайрат

Ахмадиев, 2-орынды Шәкен Намазбаев,

3-орынды Қайролла Молдағалиев алды.

Сондай-ақ, 63-69 жас шамасындағы

шахматтшылар арасында 1-орын Ғабиболла

Есімовке, 2-орын Иосиф Левтовке және

3-орын Николай Мякинькийге бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлделі орын иелері

грамоталармен марапатталып, облыстық

спорт және туризм басқармасының

медальдары табысталды.

Айта кетерлігі, өткен жылы бұл

турнирге Аққулы ауданының іргесінде

жатқан Шығыс Қазақстан облысының

ардагерлері де қатысып, өз қабілеттерін

сарапқа салған екен.

Алғашқы үштікте!

Алматы қаласында жеңіл

атлетикадан 28-ші Қазақстан

чемпионаты өтті. Павлодарлық

команда ел біріншілігінде

үшінші орынға ие болды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен және

Тәжікстаннан 160 спортшы қатысты.

Солардың қатарында Павлодар облысының

намысын қорғаған спортшылар 13 медальді

қанжығасына байлап, алғашқы үштікке

енді.

Жетістікке жеткен жерлестерімізге

тоқталар болсақ, ерлер арасында Сергей

Русак, Дамил Сүтжанов, Артем Добросмыслов,

Даниял Оспан, Никита Оссинский,

Сергей Степанковский, Сергей

Зайков, Александр Безруков, Виктор

Рябов жүлделі орындар алды. Ал әйелдер

арасында ұлттық құрама мүшесі Ольга

Сафронова, Ирина Паршкова, Юлия

Сүтжанова, Роксана Оспанова, Анна

Дубина, Александра Залюбовская, Диана

Гейнц, Роксана Оспанова сынды спортшылар

үлкен жетістікке жетті.

Н.АҚЫТЕГІ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!