26.08.2019 Views

24 тамыз, 2019 жыл №96 (15416)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Жас times

САРЫАРҚА САМАЛЫ 24 тамыз, сенбі, 2019 жыл 7

Басы 5-бетте

Жаз бойы қалалар мен аудандарды

көгалдандыруға, өңірде бой

көтеріп жатқан ғимараттардың құрылыс

жұмысына, әлеуметтік салада, оқу

мен білімде, археологиялық қазба

істеріне белсене атсалысқан «Жасыл

елдіктердің» еңбегі ерен. Осы маусымда

бұған дейін сарбаздар аяқ баспаған

өңірлерде де штаб ашылып, ондағы

жастар жұмысқа асқан белсенділікпен

қатысқан. Облыстық «Жасыл ел» штабы

аппаратының басшысы Абай Уахиттің

мәліметінше, небары 2 айдың ішінде

700 сарбаз еңбекке қатысып үлгерген.

- Өкінішке қарай, «Жасыл ел» десе

көбіміздің түсінігімізде жасыл форманы

киіп алып, арам шөп жұлып жүрген,

қоқыс жинаған жастар ғана елестейді.

Осы бір қате түсініктің жойылатын кезі

келді. Себебі, бізде жұмыс істейтін

жастар өз елінің нағыз патриоттары.

Биылғы жазғы маусымда біздің

саламыз кеңейіп, жаңа бөлімдер пайда

болды. Атап айтар болсақ, осы маусымнан

бастап Медиа жасағы іске кіріскен

болатын. Мұндағы сарбаздар «Жасыл

елдің» атқарған жұмысын күнделікті

БАҚ өкілдеріне хабарлап, әлеуметтік

желілерде кең көлемде насихаттап

келді. Сонымен қатар, Майқайың

кентінде алғаш рет штаб құрылды.

Оның құрамында 16 жасқа толған

10 сарбаз жұмыс істеді, - дейді Абай.

А.Уахиттің сөзіне сүйенсек, жуырда

еліміз бойынша бірінші болып «Жасыл

елдің» «Ханшасы» мен «Ханзадасын»

анықтапты. Яғни, жұмыс істеп

жүрген жастардың көңілін бір мезгіл

көтеріп қою да артық етпейді дейді

ұйымдастырушылар.

- Биыл біз спортқа көп көңіл бөлдік.

Жылдың басында волейболдан «Жасыл

ел» кубогын сарапқа салсақ, жуырда

жасақтар арасынан құрылған 12 команда

Күзгі маусымға

дайынбыз!

арасында футболдан турнир өткіздік.

Сонымен қатар, ерекше атап өтетін

жобамыздың бірі - ашық аспан астында

өтетін «Грим-фитнес». Біз бастаған

іске олимпиада чемпионы Елена

Хрусталева арнайы келіп қатысты.

Тағы бір атап өтерлігі, осы жылы

Екібастұз қаласының әкімдігі «Жасыл

елдің» жұмысына ерекше мән берді.

Онда жұмыс істеген 220 сарбаздың

7 командирі бар. Осы командирлерге

велосипед, сарбаздардың барлығына

жаз бойы қоғамдық көліктерде тегін

жүруге мүмкіндік берілді. Осы бастама

өңірімізде кеңінен қолдау тапса игі, -

дейді А.Уахит.

Осындайда халық даналығы

«Еңбегіне қарай өнбегі» дейді. Жазғы

уақытын бос қыдырыспен өткізбей,

ата-анасына көмектесуге талпынған

жастар да жақсы жалақы алған.

Штабтан тұрақты түрде 31 700 теңге

жалақы алып отырса, оған қоса

мердігер компанияның да төлейтін

төлемі бар. Мәселен, құрылыста

жұмыс істеген сарбаздар айына

100 мың теңгеге дейін еңбекақы алып

келген.

Бірнеше жыл бұрын жыл бойы

жұмыс істеуді қолға алған өңірлік

«Жасылелдіктер» алдағы уақытта күзгі

жұмысқа шығады. Оған тартылатын

сарбаздар қазірден бастап іріктелу

үстінде екен. Мамандардың айтуынша,

күзде тек бір ғана жасақ, яғни

«Еріктілер» жұмыс істейтін болады. Олар

аймақтағы егістіктер мен шөп-шалаңды

жинап алуға шаруа қожалықтарына

көмекке барады. Бұдан бөлек, ауылдар

мен қалаларда тұратын жалғызбасты

қариялардың үйлеріне барып қысқы

дайындықтарына көмектеседі. Қысқасы,

«Жасылелдіктер» күзгі жұмысқа шығуға

сақадай саймыз дейді.

Ұлы далаға саяхат

БІЛІП ЖҮР

Деген екен...

Басты қасқаламай тартуға қатысты

қазақтың қаһарманы Бауыржан

Момышұлының келіні Зейнеп

Ахметованың «Бабалар аманаты»

кітабынан үзінді.

«Әдеттегідей, қонақтар кеткен соң жаңалап шай

жасап, енді өзіміз дастарқан басына отырдық. Байқаймын,

атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы, үнсіз

темекі шегіп отыр. Бір кезде:

- Дастарқаның толымды, астарың дәмді болды.

Әсіресе, «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп, әсіп

пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның

бәрін сен жіберген төрт қателік жуып кетті. Қонақтар

оны байқады-байқамады дей алмаймын. Ал мен анық

көрдім, — дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып

кетті. Бүріскенім соншалық, құрттай тесікке сыйып-ақ

кетер едім.

- Ол не, папа? — деп Бәкең әкесіне қарады. Бірақ

ата маған қарап, маған арнап сөйледі:

- Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас

көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын басың аман.

Екінші қателігің - басты шүйде жағымен әкелгенің. Қой

шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді. Үшінші

қателігің - қойдың тісін қақпай әкелгенің. Бұл - ең

алдымен, тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын

қайдан білесің?! Шөп жейтін, жем жейтін мал ғой. Содан

кейін мұның екінші мағынасы бар. Қазір ұмытылған,

көнекөздер болмаса, көпшілік біле бермейтін жағын

да айтайын. Қазақтар - талай нәрсені ым, тұспал,

ишара арқылы білдірген текті халық. Соның бірі осы

қағылмаған тіске байланысты. Сыйласып жүрген екі

адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны «сөз

көбейер» деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген

адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған

басты қояды. Сонда бас ұстаған адам: «Ә-ә, мынаның

ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып

жүріпті-ау», - деп ұға қояды. Ары қарай реніштің түйінін

шешіп, түсінісуге бет түзейді. Ал төртінші қателігің -

басты қасқаламай әкелгенің. Талайлар мұның мәнін

ұқпайды. Ол - «төрт құбылаң тең болсын, маңдайың

ашық болсын» деген ізгі тілек...» деді.

Павлодардың белсенді жастары өзгеге үлгі боларлық ерекше

жобаны жүзеге асырды. Бір топ ұл-қыздар «Ұлы далаға саяхат»

атты экспедиция аясында Қазақстанның киелі жерлерін аралап

қайтты. Олар жалпы ұзындығы 4 мың шақырым жолды жүрген.

Ұлы даламыздың қойны-қонышында тарихынан

талай сырды шертетін киелі жерлер,

құпиясы көп қасиетті мекендер көп-ақ.

Алайда, сол ерекше орындардың нендей

қасиеті мен маңызы бар екенін сырттан

келген туристер түгілі, өзіміздің замандастарымыз

да толыққанды біле бермейді, дейді

«Рухани Тour» жобасының бастамашылары.

Сондықтан туған жеріміздің тариxын танып,

табиғатын және ел аумағындағы тариxимәдени

ескерткіштер мен нысандардың

ерекшелігін насихаттау мақсатында Павлодар

қаласындағы Жастар шығармашылығын

дамыту орталығының өкілдері «Ұлы далаға

саяхат» жобасын қолға алған.

- Бұған дейін павлодарлық жастар

облысымыздың киелі орындарын аралап,

тарихымызды тереңірек танып, ұлыларымыздың

рухына тағзым етіп қайтқан болатын. Енді

сол жастардың ұсынысы бойынша рухани

сапарымыздың географиясын кеңейтуді

шештік, - дейді жастар бастамаларын

дамыту орталығының ресми өкілдері.

Экспедицияға спорт, мәдениет, білім

беру, журналистика сияқты өзге де салаларда

жетістіктері бар, қатарларынан оза

шауып келе жатқан жастар қатысты. Ұзақ

сапарға жеңіл көліктермен шыққан. Табиғатқа

етене жақындай түсу және туған жердің

сұлулығын, қасиетін ерекше түсіну үшін

жол-жөнекей ашық аспан астында, таудың

бөктерінде қонған.

- Бұл – біз үшін ұмытылмас шара болды.

Қазақ даласының кеңдігіне, сұлулығына куә

болып қайттық. Осынау байлықты мұраға

қалдырып кеткен ата-бабамыздың қайтпас

қайсарлығына, даналығына, батырлығына

басымызды иеміз. Тек ұлан-ғайыр жерге

ғана емес, тарихи, рухани мол мұраға

да ие екенімізді шынайы сезіндім. Өз

халқымызды айтпағанда, әлем елдерінен

туристер ағылып іздеп келетіндей киелі

мекендер бар. Соны бағалай, дәріптей

білсек екен, - дейді экспедиция қатысушысы

Еркебұлан Күнтуған.

Жастар «Рухани Тour» аясында маңызы

жоғары, халық тарапынан ерекше құрметке

ие табиғи немесе мәдени мұра және сәулеті

айрықша діни мәнге ие ескерткіштер мен

кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының

жадында өшпес із қалдырған тарихи және

саяси оқиғалармен байланысты орындарды

аралады. Павлодар қаласынан аттанған

олар жол-жөнекей Баянауыл ауданындағы

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне ат басын

бұрды. Кейін Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев

сияқты қалаларды басып өтті. Жошы хан,

Алаша хан, Домбауыл кесенелерінде, Хан

Орда қалашығында болды. Ұлытау тауында

болып, оның ең биік шыңы - Ақмешітті

көзбен көріп қайтты. Сапар барысында

жалпы ұзындығы 4 мың шақырымдық сапар

шегіп қайтты.

Д.АЙТПАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!