26.08.2019 Views

24 тамыз, 2019 жыл №96 (15416)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 Жас times

24 тамыз, сенбі, 2019 жыл САРЫАРҚА САМАЛЫ

Тамұқ жыры

немесе ақиқатты іздеу

О, мүмкін сәл ілгері жыл санаудан,

Аппақ тәні кебінмен тұмшаланған.

Маңайынан таппай бір мұң шағар жан;

Маңдайынан тұнық тер тамшылатып,

Байыздамай басына тамшы бақыт,

Зұлымдықтың жүрегін қансыратып,

Елесім кезген шығар ен даланы...

Ғасыр сонда құсадан қанжілік боп,

Әңгелек басым кетті ақыр әңгүдік боп,

Ал кім келді өмірге мәңгілік боп?

Тағдырымның жазуы одан бөлек,

Тумай қалсам ғаламға обал демек!!!

Осыны жаратсам ба, жоқ әлде... - деп,

Тәңір мүмкін сан ойға шомған шығар...

Содан бері жер шары сан айналып,

Құлқынының құзырын шарайна ғып,

Құмға сіңіп жоқ болды талай халық.

Көштен қалмай кеткенмін мен де жоқ боп;

Тасқа айналған ғаламда пенде көп деп,

Тас мүсінім көнді ақыр көрге де ептеп,

Аян берер бұл жайлы бейіштен кім?...

Ғайып болдым мен солай тамұқты аңсап,

Жарығынан әлемнің жалыққан сәт,

Алмау үшін жарық үй, көлік, мансап:

-Ең жайлы орын - жер асты деп естідім

Сездім тағы бұл сөзге сенбес бұрын,

Өлімнің де ақиқат еместігін.

Паруадігер бұл неткен сорлы уайым?

Енді қайдан табылар соңғы тұрақ,

Ең бір ұлы әуенді жел жұтып ап,

Мен шығарып салғанмен, ол күтіп ап,

Тағдыр дейтін ажалсыз бойжеткенді,

Кебінсіздер лыпасыз көмбек болды.

Қараңғылық басады жер-көкті енді.

Деген ұран келмейді, ә, аспан жақтан?

Соңғы есікті ашпадым, ашпаймын мен,

Жанға жылу табам деп тастай гүлден,

Ажалды да мен едім жасқай білген.

Құдайға құл болмасаң, басқа мән көп,

Маңдайыңнан сүйгенше жас балаң кеп...

Ақиқат ол - соңғы есік, ашпадым мен,

Ең бір ұлы қасірет басталар деп.

Сауабыңды көп

алғаным - зор күнәм

Кейде жұрттың ең дарақы күлкісі,

Менің тәтті мұңдарымды сорлайды.

Сенің ғана жанарыңда кілкісін,

Мен шарапқа қосып ішкен шер-қайғы.

Қара аспаным пысқырмайды қайғыға еш,

Сауабыңды көп алғаным - зор күнәм…

Екеумізді адастырған айлы кеш

Және бізді табыстырған жол бұраң.

Көз жасыңа ғашық едім мен сенің,

Күпір ойды сен де өлерше сүйіп пе ең?

Мен сүюді сағынышпен өлшедім,

Ал сағыныш бар сәтімнен биіктеу.

Тағдыр маған көне қоймас, көнсе егер,

Мен өлеңнен бақыт жасап алар-ем.

Сұлулықтың жоқтығынан өлсе өлер,

Жанарыңа тоғытылған бар әлем.

Пенделіктің құзырымен қонған бақ,

Ібілістің шаттығынан несі кем?

Сенде мендей мұңая алсаң, мен бейбақ

Тәңір кешпес күнәңді де кешірем.

Нұрбек Кеңесбайұлы 1991 жылы 17 наурыз күні Қытайдың Іле

аймағында туған. 2014 жылдан 2018 жылға дейін Түркістандағы

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университетінде журналистика мамандығы бойынша білім

алған. Қазақ-қытай тілі бойынша аудармашы. Қазір Павлодар

облысы, Успен ауданы «Аймақ ажары» газетінің шығарушы

редакторы, журналист.

Бақытты болып көріну

үшін жүрмін мен

Бір күнім ащы мәнісі қашқан бір күннен,

Жайқалып барып қуарған сен де

бір гүл ме ең?

Жұрт "жалғыз екен" демеуі үшін екеу боп,

Бақытты болып көріну үшін жүрмін мен.

Гүл ең ғой әттең, қара тас болдың,

шер кеудең,

Жаныңда жүрсем жаныңды мүмкін

емдер ме ем.

Өзектің отын өртердей мұңға батырсаң,

Мен соны барлық шаттығымменен

тең көрмен.

Махаббат маған, саған да бәлкім жұмбақтау,

Сағыну, сүю, жолықпау мүмкін тіл қатпау.

Отірік күліп ойқастап жүрген бұл күннен,

Сен үшін азап арқалағаным қымбаттау.

Беймаза күйге беріліп бір сәт кешкенде ой ,

Қажытқан тағдыр, күніңді күйбең

жек көрмей ...

Мән іздеп жүріп мәз қылам сені дегенше ,

Сендегі мұңды бөлісіп алып, шексем ғой.

Онсыз да талай бокалдар толы мұң ішкем,

Тәрк етсе шаттық, мүжілмейді екен

кім іштен?

Қап-қара түнек басса да мынау әлемді,

Сен ғана күліп, күндей болуға тиісті ең,

Бақытты болып көрінуге енді тырыс сен...

ЖАСТАР ЖЫРЛАЙДЫ

Мен сүюді

сағынышпен

өлшедім

Ұлыма хат

Іңгәлап бір күн дара бөтен үн,

Белгілі болды балам екенің.

Балалығыммен қоштастырдыңдар,

Жабылып жүріп анаң екеуің.

Анаң да сенің тым балауса еді,

Менде бір тынбай

жұлмалаушы едім...

Қызғалдақ күнін көп аңсағанмен,

Тағдырға мойып, тыңдады, ә, сені?

Тәп-тәтті үніңе құлақ түргенбіз,

Тек қуаныштан жылап-күлгенбіз...

Өмірге сен кеп, ата-ана болып,

Есейіп кеттік бір-ақ күнде біз.

Болмаса дейміз көрмегің бұрыс,

Қона берсе екен

жөргегіңде ырыс!

Әжең аузынан түстің дегенге,

Ержеткеніңше сенгенің дұрыс.

Соныңа жүрсін күліп анашың,

Әкеңнің талай жыры боласың.

Аһ..дегенде ауыздан түспегеніңді,

Мендей болғанда біліп аласың.

Онсыз да бөтен бөктері жаттың,

Өзекке бүгін тепкені қатты...

Тілерім атаң бірі болмасын,

Немересіне өкпелі қарттың.

Молайған шақ бұл дана күмәні,

(Ол үшін мүмкін бала кінәлі...).

Түн жұтқан талай

сұмдықтың бәрін,

Үйретеді өзі-ақ заманың әлі.

Ал сені Құдай бергесін маған,

Шүкір етем де көл-көсір болам.

Әкеңнің кейбір кешпес күнәсін,

Құдайдан кейін сен кешір, балам...

ТЕМІРҚАЗЫҚ

«Жас times»-тың

жауапты

шығарушысы -

Қарлығаш

ХАШЫМҚЫЗЫ

Тел: 8(7182)-66-15-32

Басы

таудай еді...

Биыл «Жастар жылы» деп

жарияланған түста бөркін

аспанға атып қуанбаған жан

қалмаған шығар. «Ел ертеңі -

жастардың қолында», «Оларға

жағдай жасау керек», «Баспанасыз

талай жастың өз отауы

болатын болды-ау» деген

тәрізді неше түрлі болжаулар

мен пікірлерден құлақтың

құрышы қанды. Міне, содан

бері зулап 8 ай өтті. Кім неге

жетті? «Жастар жылы» не

берді? Саралап көрелікші...

Жуырда ел ағаларының басы қосылған

үлкен жиынға тап болдым. Өзара ұлттық

мәселелерді сөз етіп, емен-жарқын тұрған

ағалардың ойын «Достық үйіне» кіріп

келген, шашы көк пен қызылға боялған

бір топ қыз-жігіт бұзды. Түрлеріне қарасаң,

қазақтың қаракөздері. Бірақ «қазақ баласы»

деген сөзді оларға қимайсың. Кенет бір

ағамыз жұлып алғандай:

- Көрдіңдер ме, «Жастар жылында»

қазақ жастарының жеткен жетістігі, ұлттық

мәдениетіміздің шарықтау шегіне жеткен

жері осы. «Ел болам десең, бесігіңді

түзе» деген еді. Бұлар бесіктің не екенін

біле ме? - деп кейіді.

Ел сыйлаған ағамыздың сөзін қасындағылар

да құптап ала жөнелді. Сол

кезде еріксіз ойыма «Жастар жылы» кімге

не берді? Неге қол жеткізіп жатырмыз?

деген сауалдар орала берді.

Неше жылдан бері өңірдегі жастар

тақырыбын қаламыма арқау етіп жүргеннен

кейін, бұл салада атқарылып жатқан

істерге қанықпын. Ондағы мамандардың

мәдениетіне де! Біздің өңірден жалынды

жастар көптеп шықты. Олар оқу мен

білімде, спорт пен мәдениетте, ғылым

саласында жетеді. Бірақ солардың ерен

еңбегін, үлкендердің есінен шығарып,

өздеріне назар аудартып жүрген «қызыл,

жасыл, көк бастылардың» арзан тірлігінің

жеңіп кетіп жүргені өкінішті.

Енді ағамызды күрсіндіріп, ойға жетелеген

дүниелерге жауап іздеп көрелікші.

«Жастар жылында кім неге жетті?». Ешкім

ештеңеге жетпеді десек, түк көрмес

болармыз. Бірақ баяғы жартастың сол

жартас екені бәрімізге аян. Аймақта

облыстың атын ғана емес, әлемге Қазақ

елін танытып жүрген жерлес жастарымыз

бар. Бірақ олар елде тұрақтап қалуды

жөн санамайды. Неге? Мүмкіндіктің

жоқтығынан, әлеуметтік әлсіздіктен. Оны

қойып, ауылға түрлі бағдарламалармен

кеткен жастар кері қалаға қашып жатыр.

Ал бұны назарға алып, жастардың

мәселесін мінберден көтеріп жүрген

облыстық жастар ісіне жауапты басқарма

басшысын немесе жастар бастамаларын

дамыту орталығының жетекшісін көрмедік.

Қашан көрсең, флешмоб билегендердің

суреті мен түрлі жиындардың сметасын

көтеріп жүргендері.

Жыл басында осы салаға жауапты

басқарма басшысы аты дардай «тамаша»

жобаларды атқаратынын айтып мақтанған-ды.

Қайдам, әзірге мақтаған қыздың тойдағы

қылығын көріп отырмыз. Себебі «баспаналы

болдым» деп қуанған жастар аз,

екі қолға бір күрек таппай жүргендер әлі

де жетерлік, табақтай дипломын сандық

түбіне сақтап қойып, түрлі жерлерде

қара жұмыс істеп жүргендер тіптен

көп. Не керек, аты дардай болғанымен,

игілігін көре алмаған «Жастар жылының»

аяқталуына да 4 ай ғана ғалды. 8 айда

түйіні шешілмеген дүниеден енді бірдеңе

күтудің өзі күлкілі тәрізді.

Сіз не күтіп едіңіз бұл жылдан? Ой

қосыңыз, оқырман!

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!