23.11.2019 Views

23 қараша, 2019 жыл №135 (15455)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

ЖЕЛҚАЗЫҚ 23 қараша, сенбі, 2019 жыл 13

Шахталы шаһардағы

шаттық

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жас ұрпақты туған жерін сүюге, қадірлеуге

үйрету жайлы айтылған. Осы талап үдесінен шығатын өңірлік жобаның бірі - «Saryarqa samaly»

газеті ұйымдастырған дәстүрлі «Айналайын» фестивалі. Фестиваль жуықта Екібастұз қаласында

жалғасты. Аталмыш шара есімі елге танымал жерлесіміз, белгілі кентанушы Қосым Пішенбаевтың

175 жылдық мерейтойына арналды.

Нұржайна ШОДЫР

Шахталы шаһардағы С.Торайғыров

атындағы №22 гимназия-мектебінде өткен

«Айналайын» фестиваліне қала және ауыл

мектептерінің ұстаздары мен оқушылары

қатысты. Кеш қонақтары алдымен қара

тастың сырын ашқан кентанушы, зергер

Қосым Пішенбаевқа және облыстық «Saryarqa

samaly» газетінің мерейтойына арналған

көрмені тамашалады. Онда белгілі кентанушы

жайлы сүбелі еңбектер, оның әр

кезеңдегі тарихи суреттері, күйдірілген

саз балшық пен гипстен жасалған шағын

мүсіндер, сондай-ақ, балалардың «Айналайын»

қосымшасына арнап жазған шығармашылық

жұмыстары қойылған. Мазмұнды көрме

көпшілік көңілінен шықты.

Фестиваль қатысушыларын Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз

қаласының Құрметті азаматы Жұмағали

Қоғабай құттықтап, газет ұжымына

жүрекжарды лебізін білдірді.

- Түсіне білген адам үшін бүгінгі

шараның мағынасы терең, берері мол.

Әсіресе, желкілдеп өсіп келе жатқан жас

буынға Қосым Пішенбаев сынды біртуар

тұлғаларымызды танытып, үлгі етуіміз керек.

Ол кісі кенді таппағанда, Екібастұз қаласы

бүгінгідей дәуірлеп тұрар ма еді?! Оқымаса

да табиғатты зерттеп, өз еңбектерін дәлелдей

білген асыл азаматты ардақтап, еске

алу - ұрпақ парызы. Осы бағытта елеулі

еңбек етіп жүрген облыстық басылымның

ұжымына алғыс айтамын. Еңбектеріңіз

жемісті, мерейтойларыңыз құтты болсын!, -

деді Жұмағали Бижанұлы.

Шара барысында көпшілік назарына

кентанушы Қосым Пішенбаевтың

өмір жолы мен еңбектері жайлы арнайы

әзірленген бейнекөрсетілім ұсынылды.

Сондай-ақ, облыстық басылымның шығу

тарихы мен жетістіктері туралы слайд

көрсетілді. Басылымның бас редакторы

Нұрбол Жайықбаев жиналғандарды фестивальмен

құттықтады.

- Балаларға арналған «Айналайын»

қосымшасының жарыққа шыққанына

20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында

«Айналайынның» шекпенінен талай жас өсіп

шығып, биік белестерден көрінуде. Солардың

ізін басушы - бүгінгі оқушылармен жүздесіп,

өнерлерін тамашалап, шығармашылық қолдау

көрсетуді жөн санадық. Сонымен қатар,

фестиваль барысында әр өңірден шыққан

дара тұлғаларымыздың мерейтойын да атап

өтіп, балалардың рухани ләззат алуына

мүмкіндік жасасақ деген ойымыз бар. Міне,

бүгін сол мақсатымызға жетіп, рух тұнған

қасиетті Екібастұз жерінде өздеріңізбен

қауышып отырғаныма қуаныштымын, -

деді Нұрбол Қанатбекұлы.

Айтулы шара барысында бас редактор

оқушылардың шығармашылықпен айналысуына

бағыт-бағдар бергені үшін С.Торайғыров

атындағы №22 гимназия-мектебінің директоры

Дулат Тыныбековті және Солнечный

кентіндегі Абай атындағы №28 жалпы білім

беру мектебінің директоры Айман Кенжебаеваны

Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, «Айналайын» қосымшасына өз

жұмыстарын жіберіп, белсенділік танытқан

бір топ оқушы марапатталды. Олардың

қатарында №18 мектептің 6-сынып оқушысы

Дамир Дамиль, Ақкөл жалпы орта білім

беру мектебінің 4-сынып оқушысы Құралай

Мақсұт, №26 гимназия-мектебінің 7-сынып

оқушысы Ерасыл Қамаш, Солнечный кентіндегі

С

Абай атындағы №28 мектептің 6-сынып

оқушылары Еренғайып Сұлтанмахмұт пен

Аида Ахметова бар екенін атап өткен жөн.

Фестивальға жиналған қауымды аудандық

білім беру бөлімінің бас маманы Қарлығаш

Тәшенова да құттықтап, жас буын үшін

мұндай мазмұнды іс-шараның маңызы

зор екенін атап өтті.

Кеншілер қаласындағы «Айналайын»

фестивалі мұнымен ғана шектелген жоқ.

Кеш С.Торайғыров атындағы №22 гимназиямектебінің

өнерлі өрендерінің қатысуымен

ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға

ұласты. Аталған мектептің әншілері Ризат

Қабдықайыров, Армангүл Нұрлыбекова және

«Асыл» тобы әуелете ән салса, көркемсөз

оқу шебері, жас ақын Бексұлтан Қайдаров

өлең оқыды. Ал мектепішілік «Домбырадастан»

ансамблінің жетекшісі Дәметкен

Ақшамбаева шәкірттерімен бірге тәтті күй

шертіп, көрермен ықыласына бөленді.

Екібастұз қаласы.

ФУТБОЛ - 2019. ҚОРЫТЫНДЫ

«Еrtis» елді елең

еткізе ме?

Келер маусымда павлодарлық «Ertis» футбол клубының бапкерлік

құрамында өзгеріс орын алмайды. Команда басшылығы серб

маманы Милан Милановичке сенім артып отыр. Ең маңыздысы –

қысқы оқу-жаттығу жиындары кезінде шебер ойыншыларды

қатарға қосу.

Оралхан ҚОЖАНОВ

«Ertis» футбол клубының спорттық директоры

Эдуард Глазунов баспасөз мәслихатын

өткізіп, журналистердің сауалына жауап

берді. Оның айтуынша, биылғы маусым

сәтсіздіктермен есте қалды. Тек үшінші айналымда

ғана павлодарлықтар есін жиып,

турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта

алды. Бұған, әрине, бас бапкер Милан

Милановичтің сіңірген еңбегі зор. Өзімен

бірге алып келген сербиялық ойыншылар

да жаттықтырушыны жерге қаратпай, команданы

жеңіске жетеледі. Сол себепті, бас

бапкермен келісімшарт мерзімі ұзартылыпты.

- Легионерлерден Фонсека мен Стаменкович

командада қалады. Қалған 6 шетелдік

ойыншы жақын уақытта нақты жауабын айтады.

Қазақстандықтардан Шмидт, Кеңесов, Заруцкиймен

келісімшарт жасалды. Екібастұздан

қақпашы Серікбол Қапанов қайта оралды.

2020 жылдың 8-24 қаңтар аралығында

Түркия жерінде алғашқы оқу-жаттығу жиыны

өткізіледі. Дайындық барысында 2 жолдастық

кездесу ұйымдастырылады. 30 қаңтар-

22 ақпан аралығында екінші оқу-жаттығу

жиыны жоспарланған. Осы аралықта

команданың 80 пайызын жасақтау мақсат

етілуде, - дейді Э.Глазунов.

Келесі жылдың басты жаңалығы – Ресей,

Армения, Беларусь және Қырғызстан елінің

футболшылары легионер болып саналмайды.

Енді қазақстандық аяқдопшылар нарықтық

бәсекеге түсіп, «бағасы» арзандайды деп

күтілуде. Әйтпесе, қымбатшылықтың салдарынан

қазақстандық командаларға отандық

футболшылармен келісімшарт жасасу қиынға

соғатын көрінеді.

Эдуард Глазунов басқа командаларда

өнер көрсетіп жүрген павлодарлық футболшыларды

қатарға қосқысы келетінін, алайда

ойыншылардың талабы жоғары екенін

айтады. Легионерлерге келсек, тиімдісі –

ел чемпионатында шеберлігімен көзге түскен

ойыншыларды тарту. Жоқ дегенде, ТМД-ға

кіретін ел біріншіліктерінен шақыртқан абзал.

Себебі, басқа мемлекеттен қоныс аударған

футболшылардың бейімделуіне 4-6 ай уақыт

кетеді екен.

- Біздің биылғы қателігіміз – маусымды

орталық шабуылшысыз аяқтадық. Көбіне

стандарттық жағдайларда қорғаушылар доп

соғып, «жыртығымызды жамап» отырды.

Бүгінде орталық шабуылшымен қоса, орталық

жартылай қорғаушы, орталық қорғаушы қажет.

Милан Миланович 2-3 шепте еркін ойнайтын

әмбебап футболшыларға сенім артуды көздеп

отыр. Біз ойыншыларды ұсынамыз. Соңғы

шешімді бас бапкер қабылдайды, - дейді

Суретті түсірген - Оразбек Саяхат.

«Ertis» футбол клубының спорттық директоры.

Павлодарлық команданың бюджеті әлі

нақтыланған жоқ. Бірақ, артпаса, кемімейді,

деп отыр Э.Глазунов. Ең бастысы – клубтың

еш қарызы жоқ. Ойыншылардың жалақысы

толығымен беріліп, еңбек демалысына

жіберілген.

Жиын барысында бұрынғы бас бапкер

Димитар Димитровпен жалғасып жатқан жанжал

жайы айтылды. Журналистер «Жағымсыз

жағдайдан кейін «Ertis» «Ақтөбе» командасының

тағдырын қайталап, ұпайы шегерілмей ме?»

деген сауал қойды. Э.Глазуновтың айтуынша,

бүгінде іс сотта қаралуда. Дау-дамайдың

шешімі жақын уақытта белгілі болмақ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!