26.11.2019 Views

26 қараша, 2019 жыл №136 (15456)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 3

БАС ТАҚЫРЫП

Көмек - шын мұқтажға!

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

жаңа форматта көрсетіле бастайтыны белгілі. Яғни,

мемлекеттің басты мақсаты - нағыз мұқтаж жандарға

жәрдемдесу. Ал жұмыс істеуге жарайтын жандардың

еңбекке араласуы талап етіледі. Осы ретте, атаулы

әлеуметтік көмек аясында Павлодар қаласында

атқарылып жатқан жұмыстар жайында қалалық

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек секторының

меңгерушісі Айнұр Мұқашбековамен тілдескен едік.

ӨНЕРКӘСІП

Алғашқы

қарлығаш

Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургтері

№64 инновациялық пешті іске қосу арқылы өнім

шығару көлемін арттыруға қадам басты. Бұл - №6

балқыту цехын қайта жаңарту жобасының алғашқы

агрегаты. Оның құрылысына 27 млрд. теңгеден

астам (70 млн. АҚШ доллары) инвестиция бөлінген.

- Айнұр Әбілқайырқызы,

қазіргі таңда облыс орталығында

қанша отбасы атаулы

әлеуметтік көмекпен қамтылған?

Еңбекке жарамдыларды

жұмысқа тарту ісі

қалай жүргізілуде?

- Павлодар қаласында 3365

отбасыға атаулы әлеуметтік көмек

көрсетілді. Бұл дегеніңіз - 14 мыңнан

астам адам. Оларға жалпы сомасы

1 млрд. 271 млн. теңгенің жәрдемі

жасалды. Қазіргі таңда 491 көмек

алушы жұмыспен қамтудың белсенді

шараларына тартылуы тиіс. Олардың

294-і, яғни, 65,2 пайызы бүгінде

жұмыспен қамтылды. Қалғандарын

да еңбекке араластыруға әрекет

жасалуда.

Айта кету керек, 2020 жылдан

бастап көмек жаңа форматқа

көшеді. Бұл ретте, мемлекетіміз

шын мұқтаждарға жәрдемдесуді

басшылыққа алып отыр. Яғни,

жұмысқа жарамды азаматтар

жұмыс істеуі тиіс. Оларды жұмысқа

орналастыруға немесе шағын

бизнеспен айналысуға билік қол

ұшын береді. Демек, отбасының

жұмысқа жарамды мүшелері отбасын

асырауы тиіс әрі жауапты саналады.

Мемлекет көмектің ашық, әділ

тағайындалуына мүдделі. Қазіргі

таңда АӘК алты айға немесе бір

жылға тағайындалса, ендігі жылы

бұрынғыша тоқсан сайын үш айға

белгіленетін болады. Көмектің

мөлшері кедейлік шегі мен отбасының

жан басына шаққан кірісі арасындағы

айырма ретінде анықталады.

Бүгінгі күні әр балаға бекітілген

сома тағайындалса, енді еңбекке

жарамды азаматтарға кедейлік шегі

мен жан басына шаққандағы кіріс

арасындағы айырма берілмек.

- Тағы қандай талаптар

күшеймек?

- Сонымен қатар, еңбекке

жарамды азамат жұмысқа орналасудан

бас тартса, көмектен ол

және отбасы мүшелері толығымен

қағылады. Бала күтімімен отырған

аналар баласы үш жасқа толғанға

дейін көмек алу құқығына ие.

Бүгінде бұл көмек 7 жасқа дейін

тағайындалып отыр. Учаскелік

комиссиялардың жұмысын күшейту

көзделген. Енді комиссия отбасының

материалдық жағдайын үш күнде

емес, жеті күнде егжей-тегжейлі

саралайтын болады. Отбасыларға

көмек беруден бас тарту негіздері

заң деңгейінде бекітілмек.

- Жаңа форматтағы атаулы

әлеуметтік көмек кімдерге

беріледі?

- Атаулы әлеуметтік көмек алу

құқығы ҚР азаматтары, оралмандар,

босқын мәртебесіне ие тұлғалар,

ықтияр хаты бар және тұрақты

тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ

тұлғаларға беріледі. Бастысы, олардың

жан басына шаққандағы орташа

кірісі ағымдық тоқсанға бекітілген

кедейлік шегінен аспауы тиіс. 2019

жылдың төртінші тоқсанындағы бұл

шек – 19 294 теңге.

- Атаулы әлеуметтік көмек

алу үшін азаматтар қай мекеменің

жәрдеміне жүгінеді?

- Павлодар қаласының тұрғындары

көмектің бұл түрін алу үшін қалалық

әкімдіктің жұмыспен қамту орталығына

барып, өтініш жазады. Аталмыш

мекеме Академик Бектұров көшесі,

115 мекенжайында орналасқан.

21-54-85 телефоны арқылы қосымша

ақпарат алуға болады.

- Тұрғындарды жаңашылдықтардан

хабардар ету мақсатында

жұмыстар жүргізіп

жатқан боларсыздар?

- Бөлімімізде және жұмыспен

қамту орталығында ақпараттықтүсіндіру

жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендерде көшпелі

жиындар ұйымдастырылуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары

арқылы да хабарландыруға күш

салып жатырмыз. Сонымен қатар,

АӘК-тің жаңа форматы жайында

ақпарат бөліміміздің сайтына,

Instagram, Facebook әлеуметтік

желілеріндегі парақшаларымызға

орналастырылды.

- Ақпаратыңызға рақмет!

С

Сұхбаттасқан -

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Ақсу ферроқорытпа зауытының №6 балқыту цехының ең

ірі балқыту бөлімшесін реновациялау – кәсіпорынның барлық

негізгі өндірісін ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі. Қайта құру

жұмыстары №64 балқыту пешінен басталды. Ол толығымен

бөлшектеліп, қайтадан тұрғызылды. Жабдықты әзірлеуші және

негізгі жеткізуші оңтүстікафрикалық «Tenova Pyromet» компаниясы.

Құрылыс алаңында қазақстандық мердігерлер де жұмыс істеді.

Посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ, қуаты 81 МВА заманауи

агрегат әлемдік металлургия саласының бірқатар озық

жетістіктерімен ерекшеленеді. Герметикалық құрылым электр энергиясы

шығынын төмендетеді, сондай-ақ атмосфераға жағымсыз

шығарындыларды толығымен жояды. Екі сатылы сүзу жүйесі

бар пештің газ тазарту қондырғысы шикізат материалдарының

шаңын ғана емес, технологиялық процесс барысында пайда

болған жанатын ферроқорытпа газын да қармап қалады және

өндіріске қайтарады. Соңғысы шикізатты алдын ала қыздыру

және шөмішті қыздыру үшін қолданылады. Бұл технологиялар

пештің өнімділігін орта есеппен 35% арттырып қана қоймай,

электр энергиясын тұтынуды 20%-ға дейін төмендетеді.

- Пеш толығымен автоматтандырылған және барлық балқыту

процесін электроника бақылайды – яғни шикізатты мөлшерлеуден

бастап, металл шығаруға дейін. Бұл адам факторының араласуын

болдырмай-ақ, әрбір өндірістік кезеңді бақылауға мүмкіндік

береді. Балқытушы енді оператор болды, мониторлар арқылы

пештің барлық көрсеткіштерін қадағалап отырады, – деп атап өтті

«Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

Айта кету керек, кәсіпорын тарихында жаңа пешке алғаш

рет металлургтер ат қойып отыр. Ауқымды байқаудан кейін

бірауыздан «Қарлығаш-Ласточка» нұсқасы таңдалды. Өйткені

пеш бірегей ауқымды жобаның алғашқы қарлығашына айналған.

№64 пешті іске қосу осы жылдың жазында өтті. Қазір қарқынды

іске қосу кезеңі жалғасуда. Оны жыл соңына дейін аяқтауды

жоспарлап отыр. Қайта жаңғырту жобасы №6 цехтың тағы үш

пешін қамтып, 2024 жылға қарай аяқталады.

АГРОСЕКТОР

Тегін кеңес береді

Төрт түліктің түрлі ауруға шалдығуының алдын алу, емдеу үшін

бірқатар медициналық препарат қолданылады. Бірақ олардың

барлығы бірдей пайдалы емес. Кейбірі ірі қараның қанына әбден

сіңіп алады екен. Соның салдарынан сүттің сапасы нашарлап,

тұтынушылар дертке ұшырап жатады. Мұның алдын алу үшін

қандай шаралар қолдану қажет? Шағын шаруашылықтарға

тегін кеңес берудің тетіктері бар ма? Осы және өзге де мәселелер

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен семинар-жиын

барысында талқыланды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Келесі жылдан бастап медициналық

препараттарға қатысты қолданылатын

техникалық регламенттер өзгереді. Яғни,

талаптар қатаңдана түспек. Өңірлік кәсіпкерлер

палатасында өткен жиын барысында «Қазақ

мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі

ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің филиалы - Мал

шаруашылығы ғылыми-инновациялық орталығының

директоры Болат Сейсенбаев емдік

препараттарды қолдануда тиянақтылық

қажеттігін алға тартты.

- Өкінішке қарай, соңғы уақытта тұрғындар

арасында аллергиялық аурулардың саны

көбейді. Бұл дерттің белең алуына сүт

өнімдерінің де кесірі тиіп отыр. Себебі,

ғылыми орталықтар өндіріске жіберілетін сүттің

әдетте сапасын, майлылығын, құнарлылығын

ғана тексереді. Ал сол сүттің құрамында

медициналық препараттардың үлесі назарға

алынбайды. Соның салдарынан адамдар

сырқатқа шалдығады. Техникалық регламент

осындай жайттардың алдын алуға

оң әсерін береді, - деді Б.Сейсенбаев.

Бұл ретте Шарбақты ауданындағы «Победа»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас

зоотехнигі Денис Мелиховтың айтуынша,

сиырға салынатын әр екпе қатаң қадағаланады.

- Бүгінде шаруашылықта 3 мыңға жуық

ірі қара бар. Тәулігіне олардан 15 тонна

сүт алып, облыс орталығындағы «Сүт»,

«МолКом» кәсіпорындарына жеткіземіз.

Аталмыш өңдеу орындарына сүтті тапсырар

кезде оның құрамындағы дәрілердің үлесін

міндетті түрде тексереміз. Бұл ретте малдың

қанына сіңбейтін отандық және ресейлік

препараттарды қолданатынымызды атап

өткен жөн. Оларды мүлде қолданбасақ тағы

болмайды. Себебі, қазіргі таңда сиырдың

бағасы қымбат. Олардан төл мен сүт алу

үшін түрлі екпе жасап, аурулардың алдын

аламыз, - дейді Д.Мелихов.

Сонымен қатар, жиын барысында

Қазақстан мен Германияның ауылшаруашылық

министрліктері бірлесіп жасаған жоба

таныстырылды. Германиялық «ADT Projekt

Consulting» компаниясының сарапшысы

Марие Кюнстлингтің айтуынша, жоба

аясында 50-400 бас малы бар шағын,

орта шаруашылықтарға өнімділікті арттыру

бағытында кеңестер берілмек.

- Бұл жобаға ел бойынша тек төрт

облыс – Павлодар, Солтүстік Қазақстан,

Ақмола және Қостанай қатыса алады.

Аталмыш аймақтардың әрқайсысынан

3-4 шаруашылықты іріктеп алып, 3 жыл

аралығында кеңестік қызмет көрсетуге

ниеттіміз. Егер шаруа қожалығының

басшысы келісімшартты ұзартуды қаласа,

оған дайынбыз. Бұл ретте Павлодар

облысының әлеуеті жоғары екенін атап

өткім келеді. Төрт өңірдің қатарында

дәл осы аймақ ауыл шаруашылығын

тұрақты түрде дамытып, белсенді жұмыс

атқарылып келе жатқаны байқалады.

Біздің білікті мамандардың бағыт-бағдар

беруімен агроөнеркәсіптік кешен одан

әрі дами түсеріне сенім мол, - дейді

шетелдік маман.

Сурет ғаламтордан алынды.

Осы орайда өңірлік кәсіпкерлер палатасы

директорының орынбасары Жомарт

Сембаев жергілікті шаруаларды мүмкіндікті

қалт жібермеуге шақырды.

- Облыстағы ірі шаруашылықтар шетелдік

және отандық сарапшыларды арнайы шақыртып,

сол арқылы оң нәтижеге қол жеткізіп келеді.

Кәсіби мамандар төрт түліктің азығынан бастап,

малдарға арналған базалардың желдетуіне

дейін саралайды. Себебі өнімділік соған

тікелей байланысты. Шаруалар сарапшылардың

осындай қызметі үшін қыруар қаржы төлейді.

Ал қазақстандық-германиялық жоба арқылы

кеңесті тегін алуға болады. Бұл - өңірдегі

шаруашылықтар үшін таптырмас мүмкіндік, -

дейді Ж.Сембаев.

Жиынға қатысқан шаруа қожалықтары

өкілдерінің басым бөлігі жобада бақ сынап

көруге бел буып, өтініш беруге ниет білдірді.

Кейін олардың жұмысына арнайы комиссия

талдама жасап, лайықтыларды іріктейді. Ал

келесі жылдың наурыз айынан бастап кеңес

беруге кіріседі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!