26.11.2019 Views

26 қараша, 2019 жыл №136 (15456)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

МЕДИЦИНА 26 қараша, сейсенбі, 2019 жыл 5

Әлеуметтік сақтандыру:

жаңашылдыққа дайынбыз ба?

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағытында

қызу жұмыс жүргізілуде. Бұл бағытта аймағымызда атқарылып жатқан іс

аз емес. Әсіресе, емхана тіркеуіне алынбаған адамдарды анықтау, халықты

ақпараттандыруда ауқымды жұмыс тындырылуда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Төртінші

орынға ие

Ағымдағы жылдың қыркүйек

айындағы жағдай бойынша Павлодар

облысы адамдардың емханаға

тіркелу деңгейі бойынша 15-ші

орынды алған еді. Өйткені 49043

адам тұрғылықты мекенжайы

бойынша тіркеуге тұрмаған екен.

Аймағымыздың жауапты мамандары

бұл бағытта жұмысты күшейтті.

Нәтижесінде 38447 адамның

мәртебесін анықталған. Оның ішінде

35928 адам мемлекетімізден қоныс

аударған, 1579-ы қайтыс болған,

15-і із-түссіз жоғалған, 823-і тіркеуге

алынған. Нәтижесінде облысымыз

тұрғындардың емханаға тіркелу

деңгейі бойынша 4-ші орынға ие

болған. Қазіргі уақытта қалған

10590 адамды анықтау бағытында

жұмыстар жалғасуда.

Кез келген адам міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесінің жемісін көруі үшін

жұмыс істеуімен қатар, емханаға

тіркелуі шарт. Облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының

міндетін атқарушы Ардақ Күзеков

аймағымыздағы жұмыс өз деңгейінде

жүргізіліп жатқанын айтады.

- Жергілікті медициналық

ұйымдар жаңашылдықты қабылдауға

әзір. Бұл ретте техникалық база

нығайтылған. Барлық ұйым компьютермен

жабдықталып, ғаламтормен

қамтылған. Аймақ дәрігерлері

электронды жүйеде еркін жұмыс

істейді. Тұрғындардың 100 пайызында

электронды төлқұжат бар.

Бұл да жұмысты жеңілдетеді, -

дейді А.Күзеков.

10,2 млрд.

теңге аударды

Павлодар облысының жұмыс

берушілері мен жеке кәсіпкерлері

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру жүйесіне 10,2 млрд.

теңге қаржы аударған. Бұл ретте

аймағымызда Павлодар қаласы

көш бастап тұр. Сонымен қатар,

Баянауыл, Шарбақты және Павлодар

аудандары үздіктер қатарында.

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік қоғамы Павлодар

облысы бойынша филиалының директоры

Айдар Сейіттқазиновтің айтуынша,

2017 жылдың 1 шілдесінен

бастап барлық жұмыс берушілер

өз қызметкерлері үшін қаражат

аударып келеді. Жеке кәсіпкерлер

де қарамағында жұмысшыларына

төлем жасайды. Жинақталған

қаржы Ұлттық Банкте сақталады.

Барлық ақша міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру шеңберінде

медициналық қызметтер пакетін

қаржыландыруға бағытталады.

- Бүгінде медициналық сақтандыру

қорына 224 млрд. теңге жарна түсті.

Оның 215 млрд. теңгесі жұмыс

берушілердің аударымдары болса,

8,8 млрд теңге жеке кәсіпкерлер

мен азаматтық-құқықтық келісімшарт

негізінде еңбек ететін тұлғаларға

тиесілі. Сондай-ақ, 2019 жылдың

қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен

қамтыған тұрғындар бірыңғай жиынтық

төлемін төлей алады. Оған төрт салық

түрі – жеке табыс салығы, міндетті

зейнетақы жарнасы, әлеуметтік

сақтандыру жарнасы және әлеуметтік

медициналық сақтандыру қорына

төленетін жарна кіреді. Бірыңғай

жиынтық төлем жеке тұлғаларға

қызмет көрсететін азаматтарға

арналған, - дейді А.Сейітқазинов.

Бірыңғай жиынтық төлем ай

сайын төленеді. Бұл ретте қала

тұрғындары 1 АЕК (2525 теңге)

аударса,аудан мен ауыл тұрғындары

0,5 АЕК (1263 теңге) көлеміндегі

қаржыны төлеуі тиіс.

Жүйелі жұмыс

жалғасады

Аймағымыздағы міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

бағытында жүргізіліп жатқан

жұмыстар облыстық қоғамдық кеңес

мүшелерінің тұрақты бақылауына

алынған. Аталмыш кеңестің

әлеуметтік-мәдени даму мәселесі

жөніндегі комиссия төрайымы

Гүлбарам Науразбаеваның айтуынша,

биыл көктем және күз айла-

Дерек мен дәйек

рында арнайы мониторинг тобы

құрылып, өңірдегі қала-аудандардағы

дайындық барысымен танысқан. Бұл

ретте кеңес мүшелері аймақтағы

ауруханалардың тыныс-тіршілігімен

танысып, халықты ақпараттандыру

бағытындағы жұмыстарға мән

берген. Аудан тұрғындарымен

кездесу өткізілген.

- Қоғамдық кеңесте өңірде халық

арасында түсіндіру жұмыстары аз

жүргізіліп жатқаны туралы айтылған

еді. Осы орайда, жергілікті қалааудан

әкімдері мен орынбасарлары,

емхана басшылары бірлесіп,

• Павлодар облысы республикада адамдарды емханаға тіркеу

деңгейі бойынша 4-ші орынды алады.

• Тұрғындардың 100 пайызында электронды төлқұжат бар.

• Өңірдегі медициналық ұйымдардың техникалық базасы

100 пайыз дайын.

• Аймағымыздың жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 10,2 млрд. теңге

қаржы аударған.

• Облыс тұрғындарының 92,9 пайызы құлақтандырылған.

• Жергілікті халықтың 61,4 пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру

жүйесіне оң көзқарас танытқан.

жүйелі іс атқарды. Халық арасында

жаңа жүйені толық білмейтін

адамдар бар. Сондықтан олармен

жүздесіп, толғандырған сұрақтарына

толымды жауап бердік. Мәселен,

462 семинар өткізілді. Оған өңірдегі

мемлекеттік қызметшілер, жұмыс

берушілер, студенттер, өзін-өзі

жұмыспен қамтығандар, зейнеткерлер,

шаруа қожалығының

басшыларынан құралған жалпы

саны 15376 адам қатысты. Бұдан

бөлек, қала-аудан әкімдіктерінің

көмегімен 134 ауылды аралап,

4155 адаммен кездесу өткіздік.

Бұқаралық ақпарат құралдарында

653 мақала жарияланды. Ағымдағы

жылы өңір тұрғындары үшін

4 брифинг, 25 тікелей эфир, 45 телевизиялық

бағдарлама, 65 радио

бағдарлама ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желіде 882 ақпарат орналастырылды.

Бұдан бөлек, өңірдегі

үш қаланың орталық көшелерінде

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру бойынша хабар тарататын

26 билборд, Павлодарда

5 LED-экран орнатылған. Сонымен

қатар, қоғамдық көліктерде де

видеороликтер көрсетілуде, - дейді

Г.Науразбаева.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде

аймақ тұрғындарының 92,9 пайызы

құлақтандырылған. Жаңа жүйеге

жергілікті халықтың 61,4 пайызы оң

көзқарас танытқан. Бұл - жоғары

нәтиже. Аталмыш жұмыстар әлі

де жалғасуда.

Инсулин тапшылығы жоқ

ДЕНСАУЛЫҚ

Ағымдағы жылы Павлодар облысында дәрі-дәрмек сатып алу барысында

609 млн. теңге қаржы үнемделген. Аталмыш қаражат өзге қажетті препараттарды

алуға жұмсалмақ.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг

барысында облыстық денсаулық

сақтау басқармасы басшысының

орынбасары Сәуле Арыстанова

айтты. Оның айтуынша, өңірде

тұрғындарды амбулаторлық дәрідәрмекпен

қамтамасыз ету мәселесі

ерекше назарға алынған.

- 2018 жылдан бері қажетті

дәрілерді «СК Фармация» ЖШС

тасымалдайды. Биыл халықты

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

мақсатында 4,5 млрд. теңге қаржы

бөлінді. Аталмыш қаражаттың

3,9 млрд. теңгесіне қажетті препараттар

сатып алынды, - дейді

С.Арыстанова.

Маманның айтуынша, арнайы

құрылған мониторинг тобы

медициналық ұйымдардың жұмысына

сараптама жүргізеді. Бұл

құрамға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз

ету бөлімінің мамандары, «СК

Фармация» ЖШС және тауарлар

мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

комитетінің мамандары кіреді.

Тегін амбулаториялық дәрідәрмек

диспансерлік есепте

тұрған науқастарға 46 сырқат түрі

бойынша беріледі. Мысалы, биыл

жергілікті медициналық ұйымдар

621 млн. теңгеге инсулин дәрісіне

өтініш берген. Қазіргі уақытта

аталмыш препарат толық көлемде

жеткізілген. Өңірде қант диабетіне

шалдыққан науқастардың саны

3 мыңнан асады. Олардың 1 мыңнан

астамы осы дәріге тәуелді

көрінеді. Бұл ретте әрбір науқас

диспансерлік тізімге алынған.

Облыстық тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаменті басшысының орынбасары

Әлия Шұғайыпова дәрілік

заттарға қатысты туындаған

мәселер бойынша 8 (7182) 55-44-16

нөмірі бойынша сенім телефонына

хабарласуға болатынын айтады.

Бұл ретте адамдардың өтініші

бойынша тексеру жұмыстары

жүргізіледі. Сонымен қатар,

дәрі-дәрмекті іздеуге арналған

«DariKz» мобильді қосымшасы

жұмыс істейді. Бұл қосымша

арқылы шағым жазуға болады.

Сенім телефонына жыл басынан

бері 85 өтініш түскен. Оның ішінде

21 шағым амбулаторлық дәрідәрмекке,

12-сі баға бойынша,

6-ы рецептке байланысты түскен.

Мамандар өтініштерге жедел жауап

беруге тырысады. Егер мәселе

күрделі болса, тексеру шарасын

ұйымдастырады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!