07.12.2019 Views

7 желтоқсан, 2019 жыл №141 (15461)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ХАБАРЛАМА 7 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 15

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебіміздің технология

пәнінің мұғалімдері Махмет Қайнарбек және Ақбота Паятова «Ұлттық

қолөнер – тәрбие көзі» атты ұлттық нақыштағы қолдан жасалған бұйымдар

көрмесін ұйымдастырып, оқушылар үшін шеберлік сағаттарын өткізді.

Шеберлік сағатында ер балалар мүйізді

ойып, өрнектеп, ұлттық нақыштағы бұйымдарды

өз қолдарымен шебер орындап, қамшы тоқуды

үйренді. Қыз балалар Елбасының «Ұлы даланың

жеті қыры» мақаласындағы «Қазақстан – алма

мен қызғалдақ Отаны» тақырыбы бойынша

түрлі түсті киізден алма мен қызғалдақ гүлін

жасады.

Оқу жылының басынан бері жасалған

оқушылардың қолөнер бұйымдары мәнді әрі

үйлесімді екені байқалды. Өрнектердің әсемдігі

ЖАҢҒЫРЫҚ

Өнегелі азамат еді

Мен Қаныш Сәтбаев ауылына 1962 жылы келін болып түстім. Жұбайым

Төлеу бес жасында жетім қалыпты, әкесі екі рет үйленіпті, өздері еді,

төрт ағайынды еді. Төрт ағайынның ішінде ең ширағы және бәріне

қамқор болып жүретін ортаңғы қайын ағам Аман аға еді. Бұл туралы

Төлеу де үнемі айтып отыратын.

Біз Төлеу екеуіміз студент кезімізде таныстық.

Шаңырақ көтеріп, үш ұл, үш қыз көріп, тәрбиелеп

өсірдік. Өміріміз қиындықсыз болмады. Бірақ,

тәубе, бүгінгі күні балаларымның бәрі шаңырақ

иесі, тоғыз немерем, алты шөберем бар.

Төлеу 2008 жылы қайтыс болды, марқұмның

көрмеген қызықтарын менің көріп жатқан

жайым бар. Айтайын дегенім, Аман аға туралы

еді...

Бірде Баянауылға тойға бара жатып,

жолдағы Малдыбұлақ мекеніне бұрылдым.

Бұл жер маған өте ыстық, өйткені Аман

аға Әбушахманов - осы Малдыбұлақта елу

жылдан астам уақыт қой бағып, еліміздің қой

шаруашылығының өсуіне аса қомақты үлес

қосқан адам. Еңбегі жанып, талай марапаттарға

ие болды. Балаларының бәрі жоғары білімді,

өсіп-өнді. Аман аға балаларына жақсы тәрбие

берді, бәрін еңбекқорлыққа, мейірбандыққа,

көз тартады. Оқушылардың композициялық

шешімі, қиял ұшқырлықтары да байқалды.

Жасөспірімдерді қолөнер ісіне баулып, шәкірттерін

ұлттық дүниелерді жасауға үйретіп жатқан

ұстаздарымызға табыс тілейміз!

Сағыныш ЖАҚАНОВА,

№1 орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Павлодар қаласы.

қонақжайлыққа баулып өсірді. Өзінің бойында

асыл қасиеттері көп, батыл, өжет болатын.

Екі рет қасқырмен айқасып, біреуінде дала

тағысын жер жастандырды. Ол былай болған

еді... Бірде аға сенекке шықса, қасқыр жүр

дейді. Екеуі бірден айқаса кетеді. Көкжал

ол кісіні алып соғады, бірақ ағам беріле

қоймайды. Алысып жатып, қолына ыдыстың

қақпағы ілінеді, сол қақпақпен көкжалдың

басынан соға береді, соға береді. Ақыры

қасқыр жан тапсырыпты. Екінші жолы тағы

дәл осындай оқиға орын алыпты. Қыстың

бір күнінде далада иттің үргені естілген соң,

«Ойпыр-ау, бұл ит неге үрді екен?» деп, ағам

далаға шығады. Сол мезетте бірдеңе шап

беріп, аяғынан тістеп, сүйретіп ала жөнеледі.

Сүйретіліп бара жатып, оның қасқыр екеніне

ағамның көзі жетеді. Жолда қолына бір тасты

іліп алып, көкжалдың басынан ұра беріпті.

Сонда әлсіреген хайуан тастай салып, қаша

жөнеліпті. Міне, Аман ағаның осындай батылдық

істерін қалайша ұмытарсың?! Ол өмірге құштар

азамат еді.

Сол жылдарда Малдыбұлаққа» жол-жөнекей

соқпайтын жолаушы кемде-кем-ді. Қонақжай

абысыным Күлеке еңбекқор балаларымен бірге

мұнтаздай тап-таза, қонақжай шаңырағында

талай мейманды күтіп алып, мол дастарқанын

жайып, риза етіп, шығарып салатын. Күлеке

абысын бүгін де сол өнегелі қасиетін жоғалтқан

жоқ, қарттық меңдесе де, жастарға өнеге

көрсетіп отыр. Аяулы абысыным Алланың

берген жасын жасай берсін, ғұмыры ұзақ

болсын!

Қайын ағамның ортамыздан кеткеніне

20 жылдан асты. Бейнесі көз алдымыздан

кетсе де, ізгі істері жадымызда. Облыстық

«Сарыарқа самалы» газеті арқылы Аман ағаның

есімін, жақсы қасиеттерін оқырманның есіне

салуды мақсат еттім.

Жақсының ісі өлмесін, кейінгілерге үлгі

болсын!

Майра ОРАЗБЕКОВА,

Нұр-Сұлтан қаласы.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

«Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

ММ лауазымдық тұлғаларымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп

Кодексін, Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік қызмет туралы»,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу

фактілері туралы хабарлау үшін 32-11-08 сенім телефоны орнатылған.

(20260)

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар

облысы департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде, Қазақстан

Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексін, «ҚР Мемлекеттік

қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл туралы»

Қазақстан Республикасының Заңдарын, департаменттің мемлекеттік

қызметшілерінің бұзу фактілері орын алған жағдайда хабарлау үшін

32-47-43 сенім телефоны жұмыс істейді.

(20259)

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар

облысы білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп

кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары),

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын

бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің 61-82-75,

61-82-66 сенім телефондары жұмысын жалғастыруда.

(20261)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және

ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысының Білім саласындағы

бақылау департаменті мемлекеттік қызмет көрсетудің екі түрін көрсетеді.

Білім туралы құжаттарға (тұпнұсқалар) апостиль қою.

Апостиль тек білім туралы құжаттың түпнұсқаларында қойылады.

Өтініштерді қабылдау Халыққа қызмет көрсету орталығы және «Электронды

үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі -15 жұмыс күні.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және/немесе оған

қосымшаны беру.

Білім беру қызметіне лицензия беру www.elicense.kz порталы арқылы

тек электронды нысанда жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі:

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын беру - 30 жұмыс күні.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта рәсімдеу -

3 жұмыс күні.

Мектепке дейінгі барлық ұйымдар «Е-лизенциялау» порталы арқылы

мектепке дейінгі білім беру саласында қызметті бастағандығы туралы

хабарламаны беруге міндетті.

Білім саласындағы бақылау департаменті. (20258)

Утерянные договор аренды земельного участка №2690 от

27 января 2015 г. кадастровый №14:218:101:138, а также госакт

№0343134 от 21 апреля 2015 г. кадастровый №14:218:101:138 выданные

на ТОО КХ «Kenes Agro» считать недействительными.

Куплю а/м УАЗ (Буханка) на ходу, в хорошем состояний. До

500 тыс. тенге Тел. 8701 512 90 35

(1261)

Искакова Айтбану Әубәкірқызын

еске аламыз

Аяулы анамыз, ардақты әжеміз Искакова

Айтбану Әубәкірқызының өмірден өткеніне

жыл толып отыр. Анамыз 2018 жылдың

29 желтоқсанында 80 жасында дүниеден

өтті. 10 баланы өсіріп, жетілдіріп, білім

алуына жағдай жасады. Немере, шөбере

сүйді. Ақылды, сабырлы, көпшіл болды.

Анамыздың жарқын бейнесі мәңгі жадымызда

сақталады. Жатқан жері жарық,

топырағы торқа болсын!

Аяулы ана, жүрміз сізді сағынып,

Бір Алланың қалауына бағынып...

Бір жыл міне өте шықты, жан Ана,

Жатқаныңа қара жерді жамылып.

Жүруші едің салтанатты сән құрып,

Әрбір атқан таңымызды мәнді қып.

Жарқын жүзді, кең пейілді анашым,

Жадымызда сақталасыз мәңгілік.

Айтбану Әубәкірқызының жылына арналған ас 15 желтоқсан

күні сағат 15.00-де Усолка шағын ауданы, Майра көшесі 43/9

мекенжайындағы «Халал» хатымханасында беріледі.

Еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, келіндері,

күйеу балалары.

(65)

(1259)

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12 373 дана,

бүгінгі көлемі 4 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 2461

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!